Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: PEPE.kz — интернет-бутик детской обуви. Бренды: VERSACE, PUMA, CAVALLI, VANS, CULT, NEW BALANCE.
Общение: Список форумов
Форум: Мәдениет, өнер, дәстүр, әдебиет, БАҚ
Тақырып: Мұқали Мақатаев ақынның өлеңдері

страницы:    « в конец    10    9   8    7    6    5    4    3    2    1    в начало »   

Авторы Xабарлама
Асқар Ш
12-08-06 21:07
Мұқағали ақынның өлеңдерін осында жинақтайық.
АЛЛА барлықтарыңыздың жүректеріңізге иман ұялатсын*

ҚАЗАҚ ЖЕРІ

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!

Мына өлке, мына аймақ, бұл маңда
Құлшылық етемін тұрғанға,
Құлшылық етемін құмдарға,
Тағзым жасаймын қырларға!
Шүкірлік етемін қашан да
Осы бір Отанда тұрғанға!

Жазы бар жалынмен жандырған,
Қысы бар аязға қардырған.
Көктемі - балауса, балдырған,
Ал күзі - алып бір ақ қырман,
Ақ дәннен ақ нөсер жаудырған,
Күрең нан жаңа алған тандырдан.
Көлденең көлбеген көкжиек
Қыранның қанатын талдырған.

25-желтоқсан, 1974-ж.


Авторы Жауап
Rufat
23-12-13 13:37
- Махаббат бар ма? – дейсің.
- Бар, білемін.
Әйтеуір тыныш емес жан–жүрегім.
Бүгінде есейсем де, сол сезімнің
Бойымда ұшқындары қалды менің.Өмір жоқ махаббатсыз деп білемін,
Оған да талай есем де кетті менің.
Махаббат – сезімдердің серкесі ғой
Әркімнің елжіреткен ет–жүрегін.
Жарқыным, махаббатты жоқ дегенің,
Жастықтың тозағынан өтпегенің.
Сұлтаны сезімдердің – махаббатты
Тұрады теңегім кеп өртке менің.
Екі оттың бірде қалып ортасында,
Азабын кейде аямай тартасың да.
Дүние боп дүниенің тұрғандығы –
Махаббат пен мейірім арқасында.
Авторы белгісіз


Rufat
Rufat.giastin.97@mail.ru
23-12-13 13:34
Ерінімде дәмің қалды,
Көңілімде дағың қалды өшпейтін.
Өзегімде күмән қалды,
Өз-өзімде кінәм қалды кешпейтін.
Құшағымда елес қалды,
Құса мұңда белес қалды біз барған.
Күлкі, қызық ғайып болды,
Кілт үзіліп, майып болды ізгі арман.
Тұман қамап жарық таңды,
Қыран қанат шабыт қалды сілкінбей,
Қабағымда жасын қалды,
Жанарыңда жасым қалды сүртілмей,
Сабасында сәнді үміттің
Арасында сан жігіттің, сан қыздың
Сен есімнен жұтылғанша,
Елесіңнен құтылғанша
Жалғызбын.
Тілек қалды орындалмай,
Жүрек қалды тоқ ұрғандай сілейіп.
Жөн болды ма, соның айнам,
Сор болды ма, оны қайдан білейік?..

Rufat
Rufat.giastin.97@mail.ru
23-12-13 13:29
Махаббат па?
Махаббат болған еді.
Таудың мен еркін жүрген тағысы едім,
Тапты да,түсірді ғой торға мені.
Махаббат па?
Махаббат болған менде.
Жиі барғам аққулар қонған көлге,
Ал қазір тоңған жүрек,солған кеуде.
Ғашықтық па?
Ғашық та бола білгем.
Бір-ақ жанға ғашықпын бала күннен,
Жанымменен сүйемін,жанарыммен.

Сағыныш па?
Қалай оны тауыса аламын.
Сағынғанмын,шөлдегем,
Ақыры шаршағаным,шаршағаным.

Сүйгенім бе?
Сүйгенім өмірде емес.
Ұйықтасам, түнде түсім, көңілде елес,
Өлгенше кетер емес көңілден еш...

Rufat
Rufat.giastin.97@mail.ru
23-12-13 13:27

О, махаббат!
О, махаббат, сен әлі тірі ме едің?
Көзімнен ғайып болған күнім едің!
Гүлім едің,
Елтіген түнім едің.

О, махаббат сен әлі тірі ме едің?!
Мен сені ұмытқанмын
Жылытқаның есте жоқ, суытқаның,
Суып қаным,
Жинағам құрып хәлім.

Құлаған отауымның уықтарын,
Содан бері мен сені ұмытқанмын.
О, махаббат, сен әлі тірі ме едің?

Тірі болсаң, мен де енді тірілемін
Ақ періште алдына жүгінемін,
Қолдай гөр, ғашықтардың пірі мені!
Мұқағали Мақатаев

Улданай
22-12-13 18:28
О, поэзия!

"Поэзия, менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесін бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан.
Сені іздедім досымнан, қасымнан да,
Ақша бұлттан іздедім, жасыннан да.
Сен бе дедім ақ нөсер ашылғанда,
Қызыл - жасыл шұғыла шашылганда,
Көк жиек пен көк жиек косылғанда.
Махаббаттан іздедім, сагыныштан,
Арманымнан іздедім алып ұшқан.
Сәттерімнен іздедім жаңылысқан,
Сені іздедім жадырау,жабығыстан,
Сені іздедім зеңбірек гүрсілінен,
Күннен, түннен, гүлдердің бүршігінен.
Қуаныштан, түршигу,күрсінуден,
Сені іздедім жүректін дүрсілінен.
Сені іздедім сезімге у шараптан да,
Минуттардан іздедим, сағаттан да.
Сені іздедім, іздеймин тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?"

нұрлыбек
nmuslim13.02@mail.ru
20-12-13 19:02
белгісіздік есімдіктен құралған ақын өлендерің тауып беріңдеш

Айжан
aizhan24_95
20-12-13 13:26
Қаншама жан болғанмен соры қалың,
Әйтеуір, саған бір күн жолығармын.
Әзірге зарығармын, торығармын,
Білемін, болар бір шақ жолығар күн.
Мен сені сүймеймін де,
Сүйген де емен,
Тағдырдан шын сүюді үйренбегем.
Жанымда лапылдаған жоқ махаббат,
Тек қана тірлігім бар күйбеңдеген.
Сүюден күйген ерін, күйген денем,
Жаралы жолбарыспын киреңдеген.
Арзанқол достарым көп, құрдасым көп,
Мен сені сағынамын мұңдасым деп.
Жоқ менің өліп-өшкен махаббатым,
Жанымды жылытсаңшы сырласым боп.
Басқадан өзің бөлек, сөзің де ерек,
Сорлаттың сорлап жүрген кезімде кеп.
Мен сені сағынамын, сезесің бе,
Сезімді сезу үшін сезім керек.
Сондықтан зарығамын, торығамын,
Әйтсе де төзу керек,
Төзу керек!

Гулдария
Guldariya1007@mail.ru
07-12-13 10:21
Салем.Мұқағали Мақатаев толық өлеңдері бар ма я болмаса қайдан табуға болад айтып жиберіңдерш
Гулдария
Guldariya1007@mail.ru
07-12-13 10:17
салем.Мұқағали Мақатаев толық өлеңдері бар ма я болмама қайдан табуға болад айтып жиберіндерш
лаура
lauritta__96@mail.ru
06-12-13 15:26
Ана сен бақыттысың
Ukimetova dana
Danadana0@mail.ru
06-12-13 15:13
Mukagali agamizdi kitap okp kelem magan katty unadi,menin akindigim bar,otiniw magan anawim turali jazp jberinizwi
Бакытгуль
bahitgul.hairi.93@mail.ru
06-12-13 08:14
осы сайыттағы ет жүректі адамдар отініш білсеңдер жазып жіберіңдерші ааа!!!
Бакытгуль
bahitgul.hairi.93@mail.ru
06-12-13 08:11
Фариза қыз өлеңінің толық нұсқасы қажет!!!осы екі өлеңнің толық нұсқасын жазып жіберсеңіздер!!!
Бакытгуль
bahitgul.hairi.93@mail.ru
06-12-13 08:07
Сенің көзің ақта емес көкте емес өлеңінің толық нұсқасын тез арада тауып жазыа жіберсеңіздер!!!
диана
05-12-13 10:12
поэзия менимен ен егиз бедин
сенимен сезесин бе
аида
05-12-13 10:09
олен оте тамаша

Нұрсұлу
zhakybay@inbox.ru
04-12-13 14:35
Омір керек
Қалтарысы,бултарысы мың саң қабат,
Қызық омір ақырын турсаң қарап,
Біреулердің енбегі еш,тузы сор
Біреулердің бақыты жур сорғалап
Қызық омір кім білсін сонысымен
Аласымен ,құласы, торысымен
Тағдыр турлі болған мен омір біреу
Ұнатамын омірді сол ушін мен
Ұнаиды омір ынтымақ күресімен
Құр қалмаиды ешкімде үлесінен
Өліп талып жеткенде бақытына
Шорт үзіліп кей тағдыр тугш кесілген
Өміріме озімнің таңданамын
Қалмаимын деп қатардан қарманамын
Бугінімді откізсем кыиндықпен
Ертеніме умітпен алданамын
Унатамын омірдің ой-қырларын
Сауық қурып сайраңдап той қылғанын
Өмір керек колеңке шуағымен
Өмір керек басқасын қоидым барин
аружан
aruzhan_alpysbai01
27-11-13 07:13
отан
сен болмасаң не етер ем?
мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем
өмірден бұл өксуменен кетер ем
сымбат2004
symbat.nurzhau@mail.ru
24-11-13 17:24
өтінем,өмір туралы өлең жазыңыздаршы
ерик
erik.sambo@mail.ru
22-11-13 20:08
сенің көзің қарада емес көкте емес ол бірғажап тұныптұрған отты елес
альбина
albina...rei@mail.ru
19-11-13 13:22
таба алмай жатырмын көмектесіңдер
ару
sagingalieva.aru@mail.ru
19-11-13 03:14
мукагали макатаев менин ен суикти акыным менин ол кисиге деген алгысым шексиз мен озимде олен шумактарын шгарамын арине мукагали агамздаи бола алмазпыз бирак сол кисидеи болу менин ен улкен арманым мен озимде ан аитпы олен шгарп улкен сахналардан корингим келеди бул менин басты арманым ьирак азирше бик сахнада журмегениммен киши сахналарга шгп журмин.курметти достар агент деп тил баилгмзды жогалтканша оданда олен шумактар ангмелер окып тил баилгмзд кобеитеик болашагмзд оилаиык бде болашак ана немесе аке боламз биздин бул тарбиемизбен келешекте балалармзга кандаи тарбие беремиз.али де кеш емес ойлавнаык достар.
Ulzhan
uka_ulzan@mail.ru
18-11-13 18:21
Жылдарым менің, жылдарым,
Жазылмай қалған жырларым.
Айтылмай жүрген сырларым,
Ақтармай жүрген мұндарым,
Жылдарым, қайран, жылдарым
Жылысып өткен жылымды,
Жоғалтқан өмір дер едім.
Айта алмай қамап мұңымды,
Шерменде болып келемін.
Көргенім ылғи өгейлік,
Қуанам неге тоқсынып.
Жыл өткен сайын кедейлік,
Жыл келген сайын жоқшылық.


Ulzhan
uka_ulzan@mail.ru
18-11-13 18:20
Өмір жайлы
Өмір жайлы сұрай берме сен менен,
Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем.
Өмір жайлы білгің келсе, қартқа бар,
Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген.
Жесір келін, бір нәресте көрмеген,
Жетім шалды бала орнына тербеген.
Өмір жайлы не түсінем мен деген...
Өмір жайлы сұрай берме сен менен.
Өмір жайлы білгің келсе қартқа бар,
Өміріне кегі кеткен, өлмеген,
Жалған айып таңылғанда көлденең,
Ақиқаттың аппақ туын бермеген.
Содан сұра, содан сұра өмірді,
Нені көрді, нені сезді, не білді.
Heгe ақылды ақымақтан жеңілді,
Біреу жылап, біреу неге көңілді

Ulzhan
uka_ulzan@mail.ru
18-11-13 18:18
Қара өлең
Қалқам,Мен Лермонтов, Пушкин де емес,
Есенинмін демедім ешкімге мен,
Қазақтың қара өлеңі - құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.
Жат жерді жастанғанда жазатайым,
Қанымен жазды, мүмкін, ағатайым.
...Қасиетіңнен, қара өлең, айналайын,
Қазақтың дәл өзіндей қарапайым.
Түзу-түзу тілінген таспадайын,
Қамшы өремін таспадан басқадайын.
Қаламасаң қамшымды аулақ жүргін.
Қараша үйдің есігін ашпа, ағайын!
Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,
Аңызыма неге нәр тамызбайын.
Қара өлеңі қазақтың қаза болса,
Қара көзден неге қан ағызбайын.
Іздемпаздық менің де бар өнерім,
Будан жасап бидай мен тары егемін.
Қазан-миым бәрін де қайнатады.
Дара қойып қазақтың қара өлеңін.
Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.
...Күпі күйген қазақтың ңара өлеңін,
Шекпен жауып, өзіне қайтарамын

Gulnar
Gulnar_98_98@mail.ru
13-11-13 18:12
Мұқағали Мақатаев өте керемет ақын,оның өлеңдері де тамаша.М.Мақатаев менің сүйікті ақыным,оның өлеңдерін жатқа оқығанды ұнатамын.
Бектасқызы Айсәулеш
aisaulesh_26_09
13-11-13 18:04
Өр руыхты батыр атамыз,
Өлеңнен шабыт аламыз.
Жігерленген сөздерден ,
Жігерленсін санамыз!

Бектасқызы Айсәулеш
aisaulesh_26_09
13-11-13 18:00
Туған жер алтын бесігім,
Ашқан дүние есігін.
Жүрегімде жаңғырар,
Отаным мәңгі есімің!
Гүлдана бекбергенқызы
guldana_98.10
12-11-13 11:25
Мұқағали Мақатаев Қазақтың ұлы ғалымы десек те болады, оның өлеңдерң өте керемет
Асылзат
asylzat_21_92@mail.ru
09-11-13 16:10
АНАШЫМ
(Оқу бітірген студент хатты)

Анашым!
Асыл анам, есіл анам,
Елжіреп есіркеймін, есіме алам.
Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді
Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам.

Алыс жолда жүрсем де арып-ашып,
Ағат ойлап түсірмей жаныңа шық,
Оқытып кешеу барған хаттарымды
Отырмысың үрпиіп, жаның ашып?

Өткізіп талай жылды, ай, аптаны,
Оқуын ұлың жақсы аяқтады.
Анашым, білем сені, қарсы емессің
Кеттім мен тың даланы оятқалы.

Анашым!
Қайда жүрсем сен - күш, арым,
Сүйемін дидарыңды, мен құшамын.
Қайда барсам, өзіндей қарсы алады
Кең байтақ Отанымның кең құшағы.

Анашым!
Жаратылдың бағыма шын
Білемін көңілсізсің, сағынасың.
Қайда жүрсем, қамқоршым Отаным бар.
Қапа болма мен үшін, неғыласың..

Асылзат
asylzat_21_92@mail.ru
09-11-13 16:06
АНАШЫМ
(Оқу бітірген студент хатты)

Анашым!
Асыл анам, есіл анам,
Елжіреп есіркеймін, есіме алам.
Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді
Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам.

Алыс жолда жүрсем де арып-ашып,
Ағат ойлап түсірмей жаныңа шық,
Оқытып кешеу барған хаттарымды
Отырмысың үрпиіп, жаның ашып?

Өткізіп талай жылды, ай, аптаны,
Оқуын ұлың жақсы аяқтады.
Анашым, білем сені, қарсы емессің
Кеттім мен тың даланы оятқалы.

Анашым!
Қайда жүрсем сен - күш, арым,
Сүйемін дидарыңды, мен құшамын.
Қайда барсам, өзіндей қарсы алады
Кең байтақ Отанымның кең құшағы.

Анашым!
Жаратылдың бағыма шын
Білемін көңілсізсің, сағынасың.
Қайда жүрсем, қамқоршым Отаным бар.
Қапа болма мен үшін, неғыласың..

Gulzada
Tolep1962@mail.ru
09-11-13 11:36
Бүгін менің туған күнім, ой, пәлі-ай!
Мына адамдар неғып жаты тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай.
Мына дүние неге жатыр үндемей,
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.
Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,
Міне, шапан, міне атың, мін,-демей.
Мына жұртқа жақпады ма әлде нем,
Текке өмір сүргенмін бе әлде мен.
Халқым, сенің қасиетіңді білем деп,
Текке өмірім өтті ме екен әуремен.
Айтамын деп қасіретіңді, мұңыңды,
Басқа арнаға бұрдым ба, әлде жырымды.
Мен бәрібір өзіңменен бір бодлам,
Өзегінен тепсең дағы ұлыңды.
Тойланбаса, тойланбасын не етейін,
Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ өтейін.
Қаламымды берші маған, бәйбіше,
Болашаққа арыз жазып кетейін.
Серик
intusu.89@mail.ru
02-11-13 18:15
Пәк қыз.

Қараңғы, тыныштық өңгерген,
Екеуміз мекендеген кеш.
Сен шықтың арғылау бөлмеден,
Бұл жолы киімен емес…

Жалаңаш ақ денең көрінді,
Көзге от тамызған елес.
Еріксіз сілекей төгілді,
Бұл жолы ауыздан емес…

Сезімге өртендік сан ыстық,
Махаббат тұрыстық емес.
Екеуміз бір талай алыстық,
Бұл жолы ұрысып емес…

Басқаша біз кеттік білемін,
Басқаша жолменен дөңес.
Қаттырақ ұрғылап жібердім
Бұл жолы қолыммен емес…

Кеудеме кеудеңмен тайқыдың,
Ләзәтқа берілдік елес.
Ып-ыстық екенін байқадым,
Бұл жолы ерніңнің емес…

Қалайша көндің сен таңқалдым,
Қылығың өзіңнен егеш.
Пәктігін, пәктігін аңғардым,
Бұл жолы сөзіңнің емес!!!
өлең
NAZERKE
nazii_i@mail.ru
28-10-13 15:27
Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағың!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағың, жыламағың!

Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасындамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағың,
Байырғы берекеңді қашырмағың.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

(Тәңірім кеше көрсін кесірімді)
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…
Бибигул
Bibi_9595@bk.ru
25-10-13 00:04
Оте,оте керемет!
Улпан
jumadilla_ulpan@mail.ru
24-10-13 21:12
Махаңдар жоқ, Махаңдардың сарқыты МҰҚАҒАЛИ МАҚАТЕВ бар мұнда!...
Сико
Seka-ms@mail.ru
24-10-13 09:51
Тағыда түн !!!!!


Тагы да тун мен отырмын мунайып

Сол бир сатти есиме мен жиі алып

Шабытымды келтирдау сол бир сат

Уйкы келмей, келседагы бир калгып


Тусимненде жыкпай гойдын кунде кунде

Сулусын сен,гажапсын,периштемсин

Саган тен келе алмас типти гулде

Мен саган олермендей гашыкпын гой !!!!!

Унсиз гана естип ап бир кулимде!


Мен отырмын далада олен жазып

Жулдыздарга караймын тангажайып

Карап турып сени есиме аламын

Сенинде сол жулдызга карайтынын айдан анык,


Жулдызды да белгиледим сен ушин

«Жетикаракшы»ол биздин жулдызымыз мен ушин

Оны корсем сени коргендей куй кешемин

Бир сат болсын куанып калатыным да шын ,,,,,

Ескерту!
Мұқағалидың өлеңі емес болған соң, басқа айдарға жазу керек еді ғой, құрметті Сико бауырым... Және де бұл - жазғанын кез келген жерге жібере салып жүрген барлық жандарға құлаққағыс. Келешекте ескерерсіздер деген оймен әдейі осы жерге жазып отырмын. Сіздерге деген құрметпен, модератор.


Қараш
karash.01@mail.ru
18-10-13 19:59
Құста болғым келмейді
Қанатым бар
Қанатым бар күмістен жаратылған
сәби болғым келеді
сәби болғым
бұл өмірден хабарсыз жаңа туған


камшат
kamshat_95.95
17-10-13 14:21
Мукагали макатаевтын кайырлы тан атты оленин тауып бериниздершии
Бибі
11-10-13 16:57
Мұқағали Мақатаев менің сүйікті ақындарымның бірі,маған қатты ұнайды
Ұлан
akimov.ulan
04-10-13 07:30
сендер мағана Мұқағали Мұқатаевтың 15 шумақты өленын тауып беріндерші
Лида
a_06.11.97@mail.ru
03-10-13 10:58
Мұқағали атамыздың ең үздік махаббат туралы шығармасын жазып бере аласыздарма
Togjan
Togjan_90
02-10-13 21:42
Menin jyrlarym
Арайлым
araika_14.05
02-10-13 18:38
комектесиндерши маган куз туралы олен керек мукагали немесе абаи мили жалынам
Гулбаршын
gulbarshyn.nurlankyzy.01
28-09-13 08:40
bul pikirler magan yyadu
Гулбаршын
gulbarshyn.nurlankyzy.01
28-09-13 08:38
бул олендердин барлиги маган унади
малика
aishamalika@mail.ru
27-09-13 14:27
kandai olen mukagali makataev

Улпан
Ulpan.94
20-09-13 12:47
Мукагалидын замандасы болсам озим соз салар едим
nurik
nurik01_01@bk.ru
13-09-13 08:28
avtr jiberinderwi
Raushan
k.raushan_95@mail.ru
11-09-13 20:04
Уш бакытым М.Макатаевтин толык нускасы
Улпан Абдикарим
real_abdi@mail.ru
07-09-13 02:40
макатаев
лыбек Жнісалиев
uondasynov@mail.ru
07-09-13 02:00
Маали атамызды созіне жазылан Табыл Досымов аамызды натамын мен сені ні бар еді. Соны мтінін назарларыыза сынам.
натамын мен сені,
Дегенменен,
Крмегенді басадан сенен крем.
з обалы зіе зінене кр,
айып болсам бір кні егерде мен...

натамын мен сені,
Арманымдай еселі.
мірімні лшемі,
натамын,
натамын мен сені
Дегеніні брінде жасап жріп,
Крсетпеймін зіе асау ылы.
Сені ана еркіе бас алдырып,
Жре берем бл неткен жасандылы...

натамын мен сені,
Біра біра,
Мейірімді айтейін жылап срап.
натамын дегенім жасандылы,
Саан деген жрегім ра-ра....
Ajar
Ajoka-93@mail.ru
15-08-13 23:32
Mukannyn olenderi TAMASHA
Мейрим
i-love_rap@inbox.ru
15-08-13 13:47
Махаббатым өзімде Жүргенде қатал тұрмыс илеуінде,
Білмеймін, сүйдім бе мен, сүймедім бе...
Жастықта жалын атып сүйсем егер,
Түспес ем дел мынадай күйге мүлде.
Мен нағыз махаббатты армандаймын,
(Оны мен жоғалтып та алғандаймын...) Ақ қаздар арасынан аққуымды
Ажырата білмеген сормаңдаймын.
Өтінем сенен ғафу, асыл жарым,
Көрсетпе тарпаң мінез, тасынбағын.
Сен менен от іздеме, құрмет ізде,
Өртеніп жана-жана басылғамын.
Jansaia
Jan.kz.98@list.ru
14-08-13 00:30
Magan mukagali makataevtin olemderi ote katti unaid.Misaliga sezim,ake,esine meni algaisin siakti olemderi katti unaid jane ol kisinin"amanat","kow bol maxabbat" atti kittaptarin okigan sain okigin kele bered kolim bos kezderi demals kezderi m.makataevtin kitaptarin kitapxanaga barip alp okim. Jastarga aitarim tek"agent","internet"pen kunderin otkize bermei bir uakit kitap betine karasa deim sonda mumkin olar akinnin jan duniesin tusiner...salemmen Ontustik kazakstan oblisi kazigurt audani kazigurt aulnan zhansaya kuanishkizi. Kieli kazigurt onirinen.
Абылай
bekbayev_abylay@mail.ru
11-08-13 13:57
М.Мақатаевтің «Сен жыладын...» өлінінің мәтіні керек еді достар, кімде бар, көмектесіндерші
нурлытан
noka.jan4ik@mail.ru
03-08-13 10:06
dostar magan mukagali aganyn tyrnak degen olenin matini kerek edi bolsa...
бейбарыс
m.sulimenuly
29-07-13 19:32
курметти достар мукагали олендерин осы потчтадан ала аласыздар m.sulimenuly@mail.ru
Перизат
e.perizat.96
29-07-13 15:40
М.Макатаевтин олендерин тауып бериндерши
Нұрлыбек Ағабекұлы
nurba_1992_92@mail.ru
17-07-13 12:47
МАХАББАТ ДИАЛОГЫ


- Құс боп үшып жоғалсам, не етер едің?
- Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.
- Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?
- Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.
- Бұлдырасам сағымдай не етер едің?
- Жел боп қуып, ақыры жетер едім.
- Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?
- Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін.
айда
aidok_aikosh@mial.ru
14-07-13 20:34
DOSTAR OTINISH MAGAN MUKAGALIDN DIALOG BARGO KYS BOL YSHSAM NETER EDN DEP AITATN SOO KEREKK KIN BOLMASA AIDOK_AIKOSH@MAIL.RU PO4TA LAKTRNDAW OTINIWWWW(((
саят
sayat88_88@mail.ru
12-07-13 16:33
ДОСТАР АРМЫСЫНДАР!!!ДОСТАР МЕН ОСЫ ОЛЕН ШУМАКТАРЫНЫН АЛДЫНГЫ ЖАНЕ АРТКЫ ЖОЛАКТАРЫН ИЗДЕП ЖУРМИН. ЕГЕ
Р БИЛСЕНИЗДЕР ЖАЗЫП ЖИБЕРИНИЗДЕРШИ??? РАХМЕТ!!!

Бир тыйында артыкта берме маган
Арланбаймын жогымды елден алам
Бул омирге жаланаш келген адам
Конген адам баринде женген адам
Бейнет тугил бакытты берме маган
Нұрлыбек Ағабекұлы
nurba_1992_92@mail.ru
12-07-13 08:54
жолаушы өлеңі осы
Нұрлыбек Ағабекұлы
nurba-1992-92
12-07-13 08:45
Жолаушы
Шат күлкісі қоңыраудай сыңғырлар
Жансың ақын тебіреніп мың жырлыр
Бар сұлулық ұя салған бойында
Сырға толы бір ғажайып үңгір бар
Сол үңгірге қатты ғашық жолаушым
Сенде оны сезінетін боларсың
Үңгіріңе жолаушымды апарсам
Бір бал ләззаттың есігі мүлде тым ашық
Махаббат па
Махаббатқа қарамайық жәй адам
Махаббаттан сенде менде сай адам
Ал ол үшін жолаушым
Жасасыншы бес минуттық саяхат
Ал жолаушым ашық үңгір қақпасын
Табалдырықтын ол имене аттасын
Содан кейін көсесінші жүйріктей
Тізгін тартпай коя беріп ат басын
Бар әлемге Бар әлемге
Жар салсыншы қуанып
Үңгіріңнен қызыл бұлақ аққасын
Кенет үңгіріңнен ағып шығар ақ өзен
Жолаушым еш тыным бермей жатқасын
Ал жолаушым одан сайын алды артқа
Шалқыласын ешбір тыным таппасын
Барған сайын қазғалыста үгер шың
Қозғалыссыз калай өмір сүрерсің
Шалқылаудан шаршамаган жолаушым
Мың сыртқа және мың іш кетсін
Ақырында риза болып саяхатқа
Ақ алғысын төгіп төгіп жіберсін
М.Мұқатаев
Перизат
perizat_11.1995@mail.ru
11-07-13 20:45
Мұқағали Мақатаев дврв ақын және де менің сүйікті ақыным
Перизат
perizat_11.1995@mail.ru
11-07-13 20:45

Мұқағали Мақатаев дврв ақын және де менің сүйікті ақыным
назерке
abutalip.nazerkenn@maill.ru
07-07-13 09:15
ӘЙЕЛЕР АЙ
ӘЙЕЛДЕР АЙ
ӘЙЕЛДЕР АЙ КАНДАЙСЫН?
ӘДЕМІ БОЛДЫП КЕТЫПСНДЕР ГОЙ ӘРКАЙСЫСЫН
ӘЙЕЛДЕРДІ ЕРКЕКТЕРДЕН КОП ДЕЙДЫ
МЕЙЛЫ МЕЙЛЫ БОЛА БЕРСІН КОП МЕЙЛЫ
ӘЙЕЛ ДЕГЕН ӘДЕМІ ГОЙ ӘДЕМ ГОЙ ӘДЕМІ
ӘДЕМІЛЫК БЫЗГЕ КОПТЫК ЕТПЕЙДЫ?????
Жако
zharaskan94@mail.ru
06-07-13 15:19
махаббат кызыл озен асыл арна
омирде шын гашыктар косыла ма
козы корпеш баяндай суйе алмасан
махаббатта атаннын басы бар ма?!
Айгерим
aika_naz12@mail.ru
04-07-13 11:05
Өсіңіз, жетіліңіз, тасқындаңыз,
Бірақ та биікпін деп асқынбаңыз.
Сен мықты, анау осал, мен орташа,
Бәріміз бір аспанның астындамыз.
Сіздің ой біздің оймен бірікпейді,
шайқаңыз осы өмірді жүріп мейлі.
Ойлаңыз, арзан атақ, сасық ырыс
Сіз өлгенде қайтадан тірілтпейді...
анель
a.n.e.l.02@mail.ru
30-06-13 15:38
– Туған жерің?

– Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.

– Туған жылың?

– 1931. Құрдасымын Шәмілдің.

– Жынысың кім?

– Еркекпін ғой, еркекпін!

Және-дағы тәуірмін...

– Партияда барсың ба?

– Жоқпын.

Бірақ коммунистік көзқараспен қараймын.

– Шыққан тегің?

– Шаруамын.

Бар тірліктен бағалы оны санаймын.

– Білімің ше?

– Орташа ғой.

Алайда өзім жоғарыға балаймын.


– Ана тілің?

– Қазақша.

Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.

– Қайда істедің?

– Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.

Оқымаған, дипломсыз демесең,

Бір басымнан бар мамандық табылар.


– Міндеттісің бе әскерге?

– Міндеттімін.

Біздің әлі жас кеуде.

Жауынгердің ұлымын ғой,

Жанын қиған Мәскеуге.


– Сөгіс алып көрдің бе?

– Ол жағынан періште едім дей алмаймын

Мен мүлде.

Ойлы-қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету,

Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де...


– Шетелдерде болдың ба?

– Болғамын жоқ.

Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.

Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен,

Осы отырған орнымда-ақ.

– Мекен-жәйің?

– Мекен-жәйім – жер менің.

Жерде жүрген ақын деген пендемін.

Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,

Мен өмірді жырлау үшін келгемін!


Нені аңсаймын
Мұқағали Мақатаев
Нені аңсаймын?..
Туған өлке, туған жұрт, сені аңсаймын,
Heгe аңсаймын, білмеймін, неге аңсаймын
Ұл де, мейлің, адасқан құл де, мейлің,
Сені аңсаймын, туған ел, онан сайын!
Қуат берген дәмің мен тұзың маған,
Қаймағыңды аңсаймын бұзылмаған.
Гүлін сүйем, шалғынның бүрін сүйем,
Үнін сүйем масаңның ызыңдаған.
Сені аңсаймын, қайнаған ақ бастаулар,
Ақ бас таулар - самайын ақ басқандар.
Сені аңсаймын, қазіргі ақ бас шалдар,
Бұрынғы өреден құрт ап қашқандар,
Су кешіп, жалаң аяқ от басқандар!
Несіне асығады?!
Мұқағали Мақатаев
Күн қайда асығады?!
Нендей күш күннің нұрын жасырады?!
Қызарып соңғы сәуле шашырады.
Күн түйе алмай барады шашын әлі.
Несіне асығады?!
Көкжиекке ымырт кеп асылады,
Түн келіп, дүниені басынады.
Күн неге асығады, асығады?!
О, жарық дүнием-ай! Мен сені сағынғанда...
Мұқағали Мақатаев
Мен сені сағынғанда,
Қарамай жауындарға, дауылдарга,
Қарсы қарап жүземін ағындарға,
Кеудемде қимылдаған жаным барда,
Мен сені сағынғанда,
Бір минут та қақым жоқ дамылдарға.
Мен сені қызғанамын,
Қызғаныштан мұз шайнап,
Тұз жаладым.
Шаңқылдап алдымнан шық,
Ана-қыран,
Алыстан келеді ұшып мұзбалағың.
Тәкаппар ең, өрлікке бола туған,
Жет тездеп,
Дауыл тұрғыз қанатыңнан.
Сен - мендік, мен - сендікпін, ана-қыран,
Қыранбыз, қырандардан жаратылған!
Сағыныштың сағымын жамылғанда,
Қарамай қара нөсер қағынғанға,
Саған ұшам,
Қалмайды сабыр жанда,
Мен сені сағынғанда, сағынғанда...
Көктем де келер
Мұқағали Мақатаев
Көп кешікпей көктем де келер енді,
Көгеретін тіршілік көгереді.
Қу бұтағы арса-арса кәрі еменге,
Келер көктем, білмеймін, не береді?
Көп кешікпей көктем де келер енді,
Көгереді ауылдың төңірегі.
Ерте кеткен досымның қабірі тұр,
Келер көктем, білмеймін, не береді?
Көп кешікпей көктем де келер енді,
Барлық нұрын көл-көсір төгер енді.
Сағынышын сарыққан, жапа-жалғыз,
Менің жесір жеңгеме не береді?
Көгереді...
Барлығы көгереді:
Ой да, қыр да, даланың төбелері.
Әлі құрып баратқан ауру досқа,
Осы көктем, білмеймін, не береді?
Көп кешікпей көктем де келіп қалар,
Есінетіп, есіртіп, ерікті алар.
Азан-қазан аспанның қоңырауы,
Жақсылықтан тұрса игі беріп хабар...
Біздің көктем
Мұқағали Мақатаев
Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт,
Таң-тамаша дүние, дабырлап жұрт.
Көктем келді. Өмірдің келешегі -
Көкпен бірге дүркіреп төл өседі.
Сағым қыздың ап қашып орамалын,
Асыр caп тентек жігіт - жел еседі.
Көктем келіп ауылға қыз көрікті,
Таң-тамаша дүние жүзге еніпті.
Асқар ала таулардан асып әрі,
Аяз атаң барады мұз бөрікті.
Көктем, көктем! Қыз - көктем ауылдағы
Өлең-жыр, әзіл-күлкі ауыл маңы.
Тиянақ таппай ұшқан көк көбелек,
Көк гүлге қонды-дағы дамылдады...
Адасқан шағала
Мұқағали Мақатаев
Жаным-ау, қайдан жүрсің, ақ шағала,
Келсең кел, бұл өлкені жат-санама.
От-суы мол осынау байтақ алқап,
Сая болған батырға, патшаға да.
Қылша мойын жаным-ау,қылыш қанат.
Қимай мені келдің бе туыс санап?
Ақ ниетпен келдің ғой қалайдағы,
Шашсам ба екен күн нұрын уыстап ап.
Айдыным жоқ төсіңмен шимайлаған,
Аялайды, әлдилеп мидай далам.
Толқынға қонақтаған ерке-тотай,
Толқынсыз қара суға қимай барам.
Кім екен саған еткен зорлық, қысым,
Адасқан Атыраудан зарлықпысың?
Көлшігім, бұлақтарым - бәрі саған.
Адасқан Отанынан зарлық құсым.
Қонбасыңды білемін қыр басыңа,
Толқының жоқ жаныңмен сырласуға.
Бөрі де табылар-ау бүл өмірден,
Тек Отаның жетпес-ті бір басыңа...

Қуатым-ай!
Несіне асығасың, тұра тұрмай.
Өмірді басқа арнаға бұратындай.
Түннен қорқам...
Мәңгілік тұратындай.
Тоқташы!
Тоқтай тұршы, қуатым-ай!
Білмеймін асығатын Жер ме, Күн бе?!
Белгісіз, не күш мені тербетуде?!
Қара жер қашан өткен күнді айналып?!
Қозғалмай-ақ тұрмын ғой жер бетінде.
Жетпедім ұшығына күнде ойланып,
Жер қайда асығады, күнді айналып?!
Тірлікте қара түннің керегі не,
Кетпей ме онан-дағы күнге айналып.

гоха
goxa__96_96@mail.ru
24-06-13 10:01
unatamin men seni degen olendi kim biled dostar?????
SeRik
kazaly.ru@mail.ru
21-06-13 11:33
мұқағали мақатаев қазалы желі атты өлеңін тауып беріндерші.
тауып жатсандар мына почтага жазып жибериндерши.
kazaly.ru@mail.ru
SANDUGASH
SANDUGASH_1811
10-06-13 19:32
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ,
ҚАРА ӨЛЕҢ
ҚАЛҚАМ МЕН ЛЕРМОНТОВ пУШКИН ДЕ МЕН
еСЕНИНМИН ДЕМЕДМ ЕШКИМГЕ МЕН
ҚАЗАҚТЫҢ ҚАРА ӨЛЕҢИ ҚҰДИРЕТИМ
ОНДА БИР СҰМДЫҚ СЫР БАР ЕСТИЛМЕГЕН
Армангүл!
armangul-93-93@mail.ru
10-06-13 19:14
Өмірдің азабы
Жолдардың торабын,
Қиылысып қалатын.
Кей кезде өмірге,
Қырсығып қарадым.
***
Анамды ренжіттім,
Кешірім сұрамай.
Көз жасты көлдеттім,
Қатемді ұға алмай.
***
Жалғызлік анамды,
Қадірлеп өтемде.
Жүрегін ауыртпай,
Аялап кетемде.
***
Алланың алдында,
Көп күнә мойнымда.
Қалайша өтеймін?
Сол ғана ойымда.
***
Ойдағы сан сұрақ,
Жүректі шаншымақ.
Оқуға түсе алмай,
Миымда ашымақ.
***
Ақшамен түсетін,
Жағдай жоқ төлейтін.
Мұндайда не істейін?
Амандық тілеймін,
Анама Алладан.
назерке
10-06-13 08:23
Кереметі ай мына ижарық сәуленің
керемет ай мына жарық сәуленің
езу тартып барады әне әлдекім
алатау да жатыр әне сәнденіп
ал мен болсам бір жаныммен әуремін
Азамат
azamat_95_29@mail.ru
05-06-13 22:32
жолаушы деген оленин тауып бериндерши

karlygash
rakhat7805@mail.ru
02-06-13 11:28
Mukhagali Makataevtyn barlyk olenderi osy saitta bar http://koshpendi.kz
Кайрат
kairat_1994-fg@mail.ru
31-05-13 23:26
Менің сүйкті ақыным Мұқағали
Асыл
asil_alua
30-05-13 15:21
Дара акын, дана акын Макатаев
Акбота
akbota-janym
29-05-13 18:55
Мукагали Макатаев менин суйкти акыным олендери катты унайды

Думан Әуесхан
duman29.92@bk.ru
28-05-13 14:31
пәк қыз өлеңінің сөзі осылай бауырым!!!
Думан Әуесхан
duman29.92@bk.ru
28-05-13 14:30
Қараңғы тыныштық өңгерген.
Екеуміз үйіңде кеш,
Сен шықтың арғылы бөлмеден.
Бұл жолы киіммен емес.
Жалаңаш ақ денең көрінді.
Көзге от тамызған елес.
Еріксіз сілекей төгілді.
Бұл жолы ауыздан емес.
Сезімге өртендік сан ыстық.
Махаббат дұрыстықта емес.
Екеуміз бірталай алыстық.
Бұл жолы ұрысып емес.
Басқаша кеттік біз білемін.
Басқаша жолменен дөңес.
Қаттырақ ұрғылап жібердім.
Бұл жолы қолменен емес.
Кеудеңмен кеудеме тайқадың.
Ләззатқа берілдік кеп ес.
Ып-ыстық екенін байқадым.
Бұл жолы ерніңнің емес.
Қалайша көндің сен таңқалдым.
Қылығың өзіңнен егеш.
Пәктігін пәктігін аңғардым.
Бұл жолы сөзіңнің емес!
sundet
boy-sundet
26-05-13 10:35
пәк қыз өлеңінің сөзін кім біледі жазып жіберіңдерші
аида
Aida_s_01@mail.ru
23-05-13 09:52
Кешір алла Мұхаммедке теңедім
Ақындардың пайғамбары дер едим
Өлең жардың ошағына от жағып
Лаулап жагған аруақты тербедім

Тұңғиықтан асыл айды ким білген
Мағжан болар ел-журтына дем берген
Қамкорлыкка кудыретин зор екен
Енбегинди багалайды -ел крген

Калай киды кырык бесте олтирип
Жерленди ме тарихтагы отирик
Арашашы болалмаган сол халык
Кала берди заманына окинип

Олген адам сойлейди гой илансан
Акталганда елу еки жылдан сон
Ози риза шындык ушин сотталып
Жан журегин олимгеде киган сон

махабаттын олим куймен алдилеп
тирилесин кайта жасап ан болеп
сагыныштын дастарханын жаямыз
мерекесин талай жылдан азирлеп
Алашым деп туби бирге туригин
магжанына аянбады тирлигин
куншил болма оянганла казагым
егеменди ел болганда бирлигин
сылшыл адам Пушкинмен де тилдесип
Горкийменен ой орбитти бирлесип
ер азамат кадирине жеткенде
кетпейкши бурма жолга илесип
Урей ундер кокытпасан сезимди
барин корген казак едик тозимди
ар- намысын таска басып оленмен
дауылпазым жыр жолына серпелди
магжан тири ортамыздан орын ап
кайта жасап ел тиршилигин орындар
алау отты жарып откен батырсын
гул жайнаган заманына акын боп
гульнар
inrai1984@list.ru
22-05-13 18:48
Не айтам саган, жаным-ау н атйтам саган
Кете бердың жолменен шайтан салган
Колда барда алтыннын кадыры жок,
Киыны екен, косылып кайта ансаган,
Сен кеттің қадіріме жетпей менің
Шын сүйсең күдер үзіп кетпес едим
Сол шақтан көз алдымда қалғаны тек,
Үстіңде желбіреген көк көйлегің


Айка
aika9797@list.ru
20-05-13 22:57
Фариза!

Фаризажан, Фариза-қыз,
Омірде ақындардың бәрі жалғыз.
Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,
Бірімізден біріміз арылармыз.
Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз.
Сен мені білесің бе, білесің бе?
Жаралмаған жан екем күресуге.
Жылай жүріп, өтірік күлесің де,
Жүресің де қоясың, жүресің де.
Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып
Тастағысы келеді күресіңе.
Фаризажан, сен соны білесің бе?
Жанарымды тұманмен тұмшаладым,
...Серіппесі үзіліп тұр садағым.
Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын.
Ауырлар деп ойлап па ем мұңша халім...
Ақын болып несіне жаратылдым,
Арасында қап қоймай қара тұннің.
Қасиетін сезем деп Ана тілдің,
Қауырсыны қалмады қанатымның.
Қу тірлікке құл болып аяң басып,
Құлашымды жая алмай баратырмын
Момын едім, жақсы едім, ұяң едім,
Аттап өттім олардың қия белін.
Енді, міне, қауқарсыз құр ашуды,
Жия бергім келеді, жия бергім.
Маңдайымнан сипаған бір жан болса,
Енді қалғган өмірімді қияр едім.
Білмеймін, бұзықпын ба, жындымын ба?!
Кеп тұрады телігім мұңды-мұңға.
Енді қалған өмірдің құрдымында,
Өлтірсе де көмбеймін жырды құмға!
Нөл болады деп айтам, жалтармаймын,
Көбейтсең де қаншама мыңды-мыңға.
Айналаға қарайық анық барлап,
(Түн кеткесін, күн шығып, жарық болмақ),
Не туралы жырласақ, Фариза-қыз,
Бағыштайық бәрін де халыққа арнап.
Фариза, Фаризажан, Фариза-қыз,
Бірімізден біріміз арылармыз.
Том-том болып дүкенде тұрмасақ та,

серікбай маханұлы ақын - сазгер .
Serikbay.mahanov@mail.ru
11-05-13 12:42
АҚЫН ЖҮРЕГІ .
( Мұқағали Мақатаевқа )
Күлкіңді жырмен жыйып келсең үйге ,
Кетушең кейде ұқсап Есенинге .
Көз тоймас қабағыңды жадыратып
Көрікпен от жағасың өлең – күйге .

Дауысың іңкар болды кілнң досқа ,
Дарының өрнек салды тілім тасқа .
Даламның дауылпазы өзің болып
Дабылсыз сайрамады тілің босқа .

Жеттім деп бақытыңа айталмадың ,
Жыр жазып дос көңілін қайтармадың .
Жүрегің жалын отқа жалындады
Жастық шақ бірге кетті – қартаймадың .

Көк аспан бұлт ойнатса дүркіреген ,
Күйретіп шабытыңнан жыр тілеген .
Көңілің астан – кестен бұршақ төгіп
Кей – кезде өлең мінез күркіреген .

Өрлетіп өлеңменен бердің жүлде ,
Өлгендер тіріледі кейін мүлде .
Өмірге қайта еніп жасап жатыр
Өсиет сөзін айтып берген күнде .

Естелік болашағың «Өмірдастан» ,
Ерінбей өрге басты ойланбастан .
Еліңнің тыныштығын еске сақтап
Ерлердей дара тудың айнымастан .

Арманың барлық жерде сенімділік ,
Адамнан көрген жоқсың көңілсіздік .
Ақ боз үй керегесін керіп тастап
Ақтардың жүрегіңнен өлең – көрік .

Әр бір таң ақындықпен өмір сүрдің ,
Ән салып , достарыңды іздеп жүрдің .
Әлемнің пенделері құлақ түргін
Әперген әділетін кәзір білдің .

Төрінен жүрек соғып нұр жайнайды ,
Тіршілік қазанына жыр қайнайды .
Туған ел өз ақынын ұмытпайды ,
Той жасап құдыретіне күй ойнайды .

Өлді деп , кім айтады соқса жүрек ,
Өлеңнен өрілгенде жақсы тілек .
Өзгермей ар атымен болашақта
Өзіңдей туармекен жаңа түлек .

Әсерлі ой құралса қой демеспін ,
«Әр кіммен» сөз қуалап егеспеспін .
Әспеттеп өлең жырды жазар едім
Әйтеуір Мұқағали мен емеспін ! .


ҚАЙТАРЫҢДАР .
( Мұқағали Мақатаевқа арнаған
өлеңімді түсінбеушілерге .)

Өзіме қайтарыңдар өлеңімді ,
Білмедім қалай ғана көнерімді .
Көрінсем бұрын – соңды өлең жырда
Қабылдап алар едің өнерімді .

Бар шығар өлеңімнің жарайтыны ,
Түсінбес жұмбақ емес сынайтыны .
Қыдырып Мұқағали келсе үйге
Ән менен өлең еді сұрайтыны .

«Нәрлі сөз» - түсінбесең жүрек болар ,
Көңілден от жанбаса түнек болар .
Ойымды ұрламаңдар кейбір ақын
Өнерге қалдырғаным өрнек болар .

Соғылар «сұлу күмбез» олжаменен ,
Жүлдені шатастырма моламенен .
Өлеңмен ел намысын сақтай біліп
Жыр жаздым ақындықты қолдауменен .

Ардақтап елі үшін жолын салған ,
Тірі ғой бұл фәниде жыры қалған .
Нөсерлі дауылдатқан жырларынан
Өзі боп , Күннің көзін қабыл алған .

Салыстыр ойларымды жыр жебеуін ,
Іздеп көр маған деген ер тілеуін .
Әзірге жарамаса жазғандарым
Тыңдап көр ел ішінен кейбіреуін .


karagoz Askarovna
karagoz_96.kz@mail.ru
10-05-13 10:20
ote tamawa.keremet akyn
Maxambet
mahat__1992@mail.ru
09-05-13 22:03
Барi де таныс маган:
Ана таныс-алдына бала устаган,
Бала таныс-басынан багы ушпаган.
Аспан таныс неғұрлым көп қарасаң,
Соғұрлым шыңырауда алыстаған.
Бари де таныс маған жер бетiнiң,
Бәрiмен бiр бесiкте тербетiлдiм.
Кордiм мен,ақ аспанда мамық ұшып,
Көл-көсiр ақ жауынның,селдетуiн.
Көргемiн жай отының жарқылында,
Қақтығысын бұлттардың,қалқуын да,
Шұғыласы шұбалып қалып қойған,
Алқа болып аспанның алқымында.
Кун таныс-күмiс шашы таратылған,
Ай таныс -ашың түнде жаңа туған.
...Бәрi таныс,бәрiн де көргендеймiн,
Сiрә,мен бұрынырақ жасасылған.
Бәрi таныс,бәрiн де көргендеймiн,
Сiрә,мен бұл өмiрден ауыспағам.
Сiрә,мен қарсы ап жүрмін ұрпақтарды
Таныспаған әлi де қауышпаған.
asel
aselek01@bk.ru
09-05-13 13:18
м макатаевтин 100 гежуык оленин ким биледи? менен баска
Дана
dana-97-kz@mail.ru
08-05-13 20:38
Бір жігіт бар
Бір жігіт бар...
Момын емес, тентек те...
Ақылды емес, ақымақ деп те ейта алман.
Мінезі бар тән намысты еркекке,
Сөздері емес, істерінен байқалған.
МАКСА
28.12.1995@MAIL.RU
06-05-13 12:37
МАГАН МУКАГАЛИДЫН СЕНИН КОЗИН ДЕГЕН ОЛЕНИ КАТТЫ УНАЙДЫ ЖАНЕ ЕСИНЕ МЕНИ АЛГАЙСЫН ПОЭЗЗИЯ ЖАЛПЫ ОНЫН ОЛЕНДЕРИНИН БАРЛЫГЫ КЕРЕМЕТ МАГНАСЫ БАР
Nurzada
98_nurzada_98@inbox.ru
06-05-13 09:33
Бақыт деген
«Мұғалима бізге бақыт туралы
шығарма жаздырды. Бақыт деген
не екенін мен қайдан білейін...»
Бақыт деген - сенің бала күндерің
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,
Бақытын да, басқасын да білмеуің
Бақытсыз-ақ ойнағаның-күлгенің.
Бақыт жайлы менің мынау білгенім.
Бақыт деген - бірде шаттық, бірде мұң.
Бақытты сол - тәрік етіп түндерін,
Бақыт іздеп азаптанса, кімде-кім.
Бақыт деген - әркімдерде бір арман,
Сол арманның шыққан жері құмардан.
Ал сен үшін бақыт деген - дәл қазір,
Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң.
Бақыт іздеп мал бақ, мейлің, тас қала,
Бірақ, балам, мынаны естен тастама:
Бақыттысың бақыт іздеп сорласаң,
Бақытты боп сорлап жүрсең масқара!
Бақытың - мен, бақытым деп біл мені,
Мені білсең, бақытыңды білгенің.
Ал мен үшін ең бақытты күндерім -
Балам, саған бақыт іздеп жүргенім!


Nurzada
98_nurzada_98@inbox.ru
06-05-13 09:13
Тұра қара көзіме, тұра қара,
Тұра қара көзіме, тұра қара,
Ашық айтқан сөзімді бұрмалама.
Ақиқаттың алдында бүгежектеп,
Тағасыз байталдайын сырғанама.
Тірі жансың айлаң бар, шалымың бар,
Көрсетші қанша сенің қарымың бар.
Адалдық ақиқаттан сомдап соққан,
Тасқа салсам мұқалмас қаруым бар.
Тұра қара көзіме, тұра қара,
Арамдығың бұғынып тұр ма, бала?!
Қалжасын жеп қуанып, шілде жасап,
Сені де перзентім деп туды-ау Ана..
Жансая
Jansaia_kz_99@mail.ru
06-05-13 09:10
Сатқан емен.
Сатпаймын дінімді мен,
Өлмейтұғын, өшпейтін күнім білем.
Алла есімі - жүрегім жұдырықтай,
Жүрегімнің соққанын біліп жүрем.
Мұхаммедтің үмбеті - мұсылманмын,
Пайғамбарым қолдайды қысылған күн.
Алсын тағалам, ант етем, ант етемін,
Алла есімін кеудемнен ұшырған күн!
Алла — ақиқат. Аллаға сөніп өтем,
Адалдық пен ақиқат серігі екен.
Адаспаймын, аллама сеніп өтем,
Арамдыққа баспаймын - жолы бөтен!
Жансая
Jansaia_kz_99@mail.ru
06-05-13 09:06
Мұқағалидің \"Қандай рақат! Жүрейік достар күнде өстіп\" деген өлеңін білесіңдер ма

айс
toka___99@mail.ru
05-05-13 18:26
м,макатайвтын омирбаяны туралы олен
Айгерим
Papina_edinka@mail.ru
04-05-13 13:39
О, поэзия!

"Поэзия, менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесін бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан.
Сені іздедім досымнан, қасымнан да,
Ақша бұлттан іздедім, жасыннан да.
Сен бе дедім ақ нөсер ашылғанда,
Қызыл - жасыл шұғыла шашылганда,
Көк жиек пен көк жиек косылғанда.
Махаббаттан іздедім, сагыныштан,
Арманымнан іздедім алып ұшқан.
Сәттерімнен іздедім жаңылысқан,
Сені іздедім жадырау,жабығыстан,
Сені іздедім зеңбірек гүрсілінен,
Күннен, түннен, гүлдердің бүршігінен.
Қуаныштан, түршигу,күрсінуден,
Сені іздедім жүректін дүрсілінен.
Сені іздедім сезімге у шараптан да,
Минуттардан іздедим, сағаттан да.
Сені іздедім, іздеймин тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?"
Ақмаржан
akmarjan96.kz@mail.ru
02-05-13 21:02
ең бірінші бақытым халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін
Ол бар болса мен бармын қор болмаймын
Қымбатрақ алтыннан нарқым менің.
ъАл екінші бақытым тілім менің
Тас жүректі тіліммен тілімдедім
Кей кейде дүниеден түңілсемде
Қасиетті тілімнен Түңілмедім
жансая
02-05-13 11:06
өлеңдері күшті
мадиНАА
m-adilova@inbox.ru
01-05-13 20:33
Отан

Мұқағали Мақатаев

Отан!!
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды.
Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға - сол қайғы!
Күн көреді,
Әкесіз де, анасыз,
Өмір сүрер.
Әйелсіз де, баласыз,
Ал Отансыз -
Нағыз сорлы панасыз?
Білесің бе,
Отанның сен не екенін?
(Екі өмір жоқ, әрине, жоқ екі өлім.)
Екі Отан жоқ.
Жалғыз Отан - мекенің!
мадиНАА
m-adilova@inbox.ru
01-05-13 20:23
Сыр

Мұқағали Мақатаев

Күрсініп көкірегім, жылайды ішім,
Өсем бе, өшемін бе құдай білсін.
Қанды дағын жүректің қалдырайын,
Қаласа біреу-міреу сұрай жүрсін.
Көрсін де жүрегімнің аққан қанын,
Ақ қағазда жол-жол боп жатқан дағын,
Байқап бір қарасын да, іздегендер,
Жаудырсын мақтауларын, даттауларын.
Еркелеп мен өмірді кешіп жүрем,
Шаттығым, мұқым да бар,
Несін бүгем.
Кей-кейде сүріндім де, түңілдім де,
Алайда, жоғалтпадым есімді мен.
Жақпадым жауыздықпен аққа қара,
Жатсынып жатқаным жоқ жатқа нала.
Гаваньға құлап түскен ақ шағала -
Жырымды тірілтем деп әурелендім,
Мастанбай ақын деген атқа ғана.
О, Муза!
Тағдырыма иемісің?!
Күрсініп көкірегім, күйеді ішім.
Мен сені жаңартам деп келгенім жоқ,
Сен мені жаралғансың сүю үшін.
Нұрахмет
nurahmet_1996@mail.ru
01-05-13 17:42
Болашаққа арыз жазып кетейін!!!

Бүгін менің туылған кунім ой пәләй
Мына жұртым неге жатыр тойламай?
Банкет жасап берер едім озім ақ
Тәңірім бір жаратпай ақ қойған ай

Мына жұртым неге жатыр үндемей?
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей?
Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып
Мынау шапан, мынау атың мін демей

Мына жұртқа жақпадыма әлденем?
Бекер өмір сүргенім бе әлде мен
Халқым сенің қасиетіңді білем деп,
Босқа өмірім өтті мекен әуремен?

Айтайын деп қуанышым мен мұңымды
Басқа арнаға бұрдымба әлде жырымды
Мен бәрібір өзіңменен бір болам
Өзегінен тепсеңдағы ұлыңды

Тойланбаса тойланбасын, нетейін
Той көрмей ақ, сый көрмей ақ өтейін
Қаламымды берші маған бәйбішем
Болашаққа арыз жазып кетейін!!!
Ернур
n.alban_ernat@mail.ru
30-04-13 08:22
Керемет оқый бергің келеді оқый бергің
Guldana
Guldana.97-97@mail.ru
28-04-13 15:22
Мукагали аГамыз казактын акиык акыны.Достар Мукагали агамиздин есiне менi алГайсын оленiнiн МИНУСЫН Тауып берини3дершi
мадина
963963963
24-04-13 08:29
олен
Жазира
zhazira_e93@mail.ru
19-04-13 16:30
салем достар Мұқағалидың махаббат жайлы олендерін жазындаршы!!!!!
guljaina
janim20_97@list.ru
17-04-13 20:12
tamawa noo magan bakit turali kereeeek
олжас
oljik001@mail.ru
15-04-13 20:16
такпак жоккой
Казактын ерке кызы
Shinarka_9393kz@bk.ru
15-04-13 07:20
Мукагали бар мунда....

Атамекен намысым,
Арысым деп жылады.
Арнасында донбекшип
булагы.
Оксик куйин шертти кеп
Жери, жели, курагы,
Неге менин ак алмасым
Мезгил жетпей сынады?
Неге менин байтерегим
Тым ертерек кулады?
Тенселип туп тебиренип
Мунга баткан шын али.
Шыныменен сонгени ме
Поээия шырагы!


Шулы орман
Мулгип калган,
Жок сайрайтын булбулы,
Кимди издейди?
Неге сонша
Базарып тур кыр гули?
Булыгады неге сонша
Домбыранын сырлы уни?
Оралмайтын сапарга алып
Кеткен екен ким муны?
Мойынына тусти ме рас,
Сум ажалдын шылбыры,
Аттен жалган,
Мын кун сынбай,
Сынып кеткен бир куни,
Дал Абайга тартып туган
Олен-жырдын дулдили.

Тарау-тарау
Жолда жатыр
Озин салган алдымда.
Аяулы ага,
Менин мунша сала берме зар-мунга.
Тостым канша
Кеудемди канша
Молдир жаска-жанбырга.
Тили болса мен казир-ак
Сойлесер ем тагдырга
Орте мына журегимди
Жыр отымен жандыр да.
От басынан оза алмайтын
Ойсыздыкка калдырма.
Болашакка сый усынар,
Жас урпакка тан нурга.
Мукагали бар екен-ау,
Мукагали бар мунда.....


Ерасыл
erasy_kaueskenov
14-04-13 16:25
маған"төлегенге" деген өлең қажет еді Тауып бересіздерме?
али
ali_98.kz.kz@mailru
13-04-13 19:22
болмагандай журмегендей сенде биз кетемиз ау ай кетемиз пендемиз урпактарга беремизде кезекти биз кетемиз кету ушин келгенбиз
Бибинур
bibka_94j
12-04-13 19:45
Ең бірінші бакытым халкым менин
соган берем ойымнын алтын кенин
ол бар болса мен бармын кор болмаймын
қымбаттырак алтыннан наркым менин
ал екинши бакытым тілім менин
тас журекти тилиммен тілім деди
кей кейде дуниеден тунилсемде
касиетти тилимнен тунилмедим
бакытым бар ушинши отан деген
ким мыкты десе отан дер ем
оты сонген жалганда жан барсан да
ойланбай-ак кел дагы от ал меннен
Айымгул
aiko_gul-97@list.ru
09-04-13 15:37
ертегі, ғажайып жайлы өлеңдер тауып бере аласыздар ма?
Казактын улымин
Rusik_rusik91@mail.ru
04-04-13 02:12
Жан ушырып издедин.
Жалт карадын жалганга.
Кол жетпейтин умит пе,
Кол жетпейтин арман ба?
Сонан кейн озин де...
Айналып шын арманга.
Бурылмай-ак кеттин-ау
Келе жаткан тандарга.
Ауылыннын бойында...
Кайырылмадын талдарга.
Уа,Арайлым-ай мына созин ким билген...
Солай суйген жан бар ма?
Жылады олар анырап...
Сиздер айырылып калганда!!!
АРАЙЛЫМ
arai.02
02-04-13 21:11
Сезбейсің ғой, сезбейсің ғой сен мені
Көрмейсің ғой кереметті мендегі
Түсіншеңші сарсан болған пендені
Түсіншеңші ақыл-ойын кем бе еді
Неге бұлай, неге жүрміз көңілсіз
Кетем бе деп қапаланып өмірсіз
Шын ғашықпын, шын ғашықпын сол адамға
Мен болмасам, бола ма сол аман ба?
О, тәңірім неткен жан едің
Жүрегің еттен бе алде қоладан ба
Шын ғашықпын несіне оны жасырамын
Әр бір алтын ғой бір тал шашы маған
Сырымды айтып ән арқылы өзіңе
Сүйдім сәулем құлақ салшы сөзіме
Кездескенде күлімдеші сен маған
Кім қызықпас мөлдір қара көзіңе
Жаным, сені еш бір жаңға қимаймын
Сені көрсем бұл әлемге симаймын
Бір сен үшін осы әнді арнаймын
Сен үшін дала гүлін жинаймын
Бір-ақ бұл өмірде қыздар деген көп екен
Көп болған мен бұрынғы жоқ екен
Аққу болып, көктем болып келші сен
Көп кідірмей жауабын берші сен
Жүрегің тастан ба әлде мұздан беді
Әлде менен жақын бір жан бар ма еді
Көңілімді суыттын үнсіз қалып
Мен енді жұмбаққа айналсам қызғанба енді
Қызғанба енді біреумен билесемде
Шақыра ғой басқаны биге сенде
Мен жүрейін жанында жат біреудің
Өлен оқып берейін сүймесем де
Ішімнен ондай ешкім жоқ десем де
Басқа жанды бақытты етсем бе
Қайғыдан қалай аман жүр екен деп
Қайран қалам қасірет шекпесем де
Кетер болсаң тезірек ұмыт бәрін
Көз алдыңдатұрмасын қылықтарым
Ұмыт бәрін жиам деп әуре болма
Таңғажайып сәулесін сылықтарын
Кездерді ұмыт бөлмеде симай күлген
Кездерді ұмыт ерекше силай білген
Өкпелеймін сені осылай сүйгендіктен
Шынымды айтсам, мен сені ешкімге де қимайды екем
Шәміл досым қал жағдайымды білесің бе?
Білмейсің
Қайтерімді кім сенеді он жетімде өшіріп алған отым
Қайтер ең қайта қарып жүрсем мені
Мәлім ғой саған менің маубастығым
Сабырсыз аузы күйген албастымын
Кесімді алдым міне үрлеп алам
Ыстық шайді аузыма алмас бұрын
Ойласам талай-талай қыр басыппын
Достым деп доңызбен де мұңдасыппын
Шәміл-ай қал бастан қалдын сен-ақ
Қайтер ең мен шын ғашықпын
Кеше мен махаббатқа ішіп бардым
Бардым дағы отырдым қарсы қарап
Ол да отыр түрі жоқ хал сұрамақ
Сұқтанғаны жат көзіне жасқандым да
Тайып тұрдым қашанғы хал шыдамақ
Шаміл-ау Шәмші қайда?
Шәмші қайда Шәмшіге айт тағыда бір таңдандырсын
Жандандырсын жүректі жандандырсын
Мәңгі өлмейтін махаббатым айта жүрсін
Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырсын
Бүгін және махаббат қарамады
Қарамады жанымды жаралады
Шәміл білесің бе?
Шын махаббат қарамаудан жаралады
Мейлі ол қарамасын, түсінбесін
Осылай асқақ болып кешірмесін
Бастан ауып бара жатқантал ьұсымда
Тағдырым көлеңкесін түсірменсін
Қазір түн, көктем түні маужырап тұр
Отырмын жазбай, сызбай қалжырап тұр
Тереземнің алдында кәрі қайын
Көктей алмай бұтағы салбырап тұр
Ай, қайран күндер, сайран күндер

Мұқағали Мақатаев.
Акерке
superbat13@mail.ru
02-04-13 18:52
мукагали атаннын аты мангы ошпей сакталады
Тілек
tike@mail.ru
02-04-13 14:24
дана ақын
Алтынгул
altingul-jan@mail.ru
01-04-13 20:47
cоқ жүрек солқылда ми деп басталатн оленді жбернша отнем срочно керек болп тур достар
Алтынгул
altingul-jan@mail.ru
01-04-13 20:43
керемет менин суйкти акнм гоо мукагали макатаев
дильназ
dilia.02@mail.ru
01-04-13 18:05
Өлең деген тумайды жайшылықта,
Өлең деген тулайды қайшылыңта.
Ақын болсаң жарқыным, алысқа аттан,
Күнделікті тірлікке бой суытпа.
Айшылық жол...
Шөлдейсің, зарығасың,
Армандайсың, аңсайсың, сағынасың.
Жол азабын көресің, көресің де
Ашынасың, біресе бағынасың.
Даламенен жүресің, тау асасың,
Сезесің биігін де аласасын.
Кенезең кепкенде бір, лай суға
Кез келген мақұлықпен таласасың.
Сапар ұзақ.
Тағы да аяңдайсың,
Алыпқашпаң басылып, баяулайсың.
Ел шетіне жетесің, жетесің де
Көргеніңнің бәрісін баяндайсың.
Міне, осылай өлеңнің кілті деген,
Құйттай жүйең қалмайды сілкімеген.
Аттанам деп алысқа, айдалада
Адаспайтын болғай-ды шіркін өлең.
Токи
togji_jan@mail.ru
01-04-13 10:01
маган Мукагали атанын Журектен шыккыан жырларым атты шыгарма керек тауып бериниздерш отиниш
Ержан
karahmetov86@mail.ru
31-03-13 21:19
керемет акын
Муқағалый қарақалпақ
31-03-13 09:01
Мени "қазақ ақыны Муқағалиға уқсағай" деген нийет пенен атымды Муқағалый деп қойған. Муқағали Мақатаев не жазған болса, соларды ядлап журмен. Ол киси ҳаққында қызықлы ҳикаяларды жазсанызлар.
Әлішер
Alisher_02.07
30-03-13 16:14
Маған Мұқағали М-тың өлеңдері ұнайды
gulzat
gul.1998.98@bk.ru
30-03-13 15:48
M.Makataevtin anderi jurekti tebirentpei koimaidi ne degen ander.....
султан
Saka.a.k.a.pirat@mail.ru
28-03-13 18:22
тәуелсіздік сақтай бергің даңқыңды
сақтай бергің қазақ деген халқыңды
тәуелсіздік алып келдің бақытты
жұмысымыз жүріп келнд қарқынды


ата-бабам орындалды армандарың
арқасы елбасымен ағалардың
соғыста туды тіккен,желбіреткен
рахмет тәуелсіздік тарландарым
тағыда 15 куплет бар ендігі жолы жазам
SULTAN
Saka.a.k.a.pirat@mail.ru
28-03-13 18:20
M.Makataev olenderi oi salar jaks wumaktar
аружан
arujan.15.02.03
28-03-13 10:44
Мұқағалидің өлеңдері керемет!!! Маған ең ұнайтыны "сәби болгым келеді өлеңі"
Әсем
asem_97_kaz
27-03-13 11:15
Мен Мұқағали атамыздың жастык шақ туралы олеңін іздеп жүрген едім егер дәл осы тақырыптағы өлеңді білсеңіздер осы саитка енгізулерінізді сұраймын
Азиза
aziza_1703@mail.ru
18-03-13 07:53
Мұқағали Мақатаевтың тәуелсіздік,туған жер туралы өлеңдерін жазып жіберіңіздерші,өтініш.
Ләззат
lazzka-95@mail7ru
17-03-13 19:00
Керемет Мұқағали атамыздың өлеңдері қашанда керемет ко.Журегіңді тебірентіп,алпыс екі тамырыңды иіріп жібереді.

жансая
jansi.love.95@mail.ru
17-03-13 17:34
армандап өткен,сол бір көктем келді міне тағыда
көркиетін,гүлденетін уақыты болар қалада
не деймін енді, жүректе барғой бір жара
жүрмін күнде сырдариянын бойында
көрідім шанды толқынменен тағыда
кунде түнде неше түрлі ойды алдым
сонда қалай,биліктегі адамдар???
айтып едің көп сөздерді боқ қылып
өзгертеміз,гүлдетерміз шоқ қылып
бірақтан да түк өзгеріс болмады
калай сонда,айтындаршы үлкендер
админ
ahmetzhan.ov@mail.ru
15-03-13 12:07
пәк қыз деген оленин тауып бериниздерши!!!!
NuR...
nurbek_01_91bk.mail.ru
14-03-13 20:54
Мукагали атамыздын бир оленин издеп едим атын бимим... Танымаймын, билмеймин есиминди... Сондада кагып турмын есигинди...-деген соз бар ишинде...
нурлыбек
nmuslim022MAIL.RU
14-03-13 19:21
УШ БАКЫТЫМ МАКАТАЕВ КОМЕКТЕСЫНДЕРШЫ
aizhan
aizhang_2002
14-03-13 18:15
3 бакитимнин магинасы керек еди
456
marat_0799@mail.ru
13-03-13 16:22
андери кайсысы аитып жиберинздерши
Айжан
aizhanka_1997@bk.ru
13-03-13 07:39
тау дитин алып журек ана туган
мен таулыкпын таудан мен жаратылгам
киктин сутин емип ер жеткенмин
куат алып кыраннын канатынан

мен таулыкпын таудан мен жаратылгам
булт буркенип жай отын ала туган
кун алгашкы саулесин маган шашып
маган келип тунейди кара туман

тау улымын тау менин дау бесигим
мен онын ауресимин саулесимин
аскар шындар желпиди бесигимди
бир орамын агытып салдесинин

мен таулыкмын таудан мен жаратылгам
тау дген ана туган дара тулгам
тауга барып кокке ушып кетсем бекен
устап алып кыраннын канатынан
Айжан
aizhanka_1997@bk.ru
13-03-13 07:29
бул болмеде еки орыс бир казак
ушеумизди бир гана дерт тур кажап
кемедеги адамдардын жаны бир
сондыктанда ынтымак бар бир гажап

ушеумизде жалгыз гана кауып бар
ким биледи тагдырымыз аыктар
дала кунгирт жатырма алде жауып кар
желме ушып барама алде мамыктар

тургындары он жетинши болменин
аз гой али кормегенин коргенин
сагымдайын сайран дуние сен бе един
сайран салын саган неге конбедим

бул болмеде уш тагдыр бар уш адам
торда отырган торгайларга уксаган
уш адамда уш турли емес жаргыз дерт
жалгыз тузак алты аякты тусаган
Айжан
aizhanka_1997@bk.ru
13-03-13 07:20
дуниенин агында карасында
мынк етпейсин кабылдан аласында
карасымен шаман жок таласуга
ей омирим зымырап барасын ба

жел мен коктин желпинип арасында
желигесин тусесин кара суга
куйын куган канбактай ааласура
ей омирим зымырап барасынба

мен отырмын тениздин жагасында
бересим жок оган аласымда
мени тастап толкындар барасынба
толкындатып омирим барасынба

шан шыгарып изинен куйындаган
барасынба омирим киындаган
сиын маган
ей омир сиын маган
сыйынды алам мен сенин буйырмаган
Айжан
aizhanka_1997@bk.ru
13-03-13 07:03
шеше сен бакыттысын жылымыгын
жай тусип жаткандада куламадын
танириннен мен едимгой сураганын
сондыктан жиламагын жиламагын

бармын гой
тиримингой
касиндамин
олмеймин озиндей асылданмын
таусылып оз озиннен шашылмагын
байыргы берекенди карынмагын

мен сенин каныкпынгой коз жасына
озим кепил тот басып тозбасыма
еки жыр жазсам бирин саган арнап
\"шеше\" деп жаздым ылги соз басына


Shako Aral
Shako_9696
12-03-13 12:57
Мухагали ғ асыр адамы енді ондай алып журек ешқашан тумайтын шуғар..... Махаббатты жырлаған олендерін оқығанда тула бойығ бір билеп сала береді,,,,, Мен Мухағали өлеңдерін оқығанда озгеше бір куйге боленем ..... достарым менин ол бір пейіштін періштесі, шамшырағымыз ғоооой
әсемгүл
asemka_2002@mail.ru
08-03-13 20:14
Егеменді Қазақстан
Туып өскен туған жер
Алдыма ашық жол ашқан
Тәуелсіз біздің Қазақстан
Максат Алматы
мах_91соm@mail.ru
07-03-13 15:47
ӘЙЕЛДЕР-АЙ
Әйелдер-ай
Әйелдер
Қандайсың
Әдемі боп кетіпсің ғой әрқайсың
Біреу жеріп тұрса-дағы қалмайсың
Біреу сүйіп тұрса-дағы бармайсың
Әйелдер-ай
Әйәйлар-ай қандайсың
Әйелдер-ай
Әйәйлар-ай қулар-ай
Жанарлардың жауын алып тұрғаны-ай
Біле тұра бүйректерің бүлк етіп
Кетесіңдер тыңдай тұра тыңдамай
Әйелдер-ай
Әйәйлар-ай қулар-ай
Әйелдерді еркектер көп дейді
Ойбай
Ойбай
Бола берсін көп мейлі
Әйел деген әдемі ғой әдемі
Әдемілік бізге көптік етпейді ! ! !
Texas
Yassy_85
05-03-13 20:44
Біз енгізбейміз біз тек скачать етеміз достар солай емеспе, енгизетиндер енгизе берсин
ботагөз
bota_09.16@mail.ru
04-03-13 17:36
мұқағали өлеңі өте-өте керемкеремет
ұлар
ular.94.16
04-03-13 08:35
салем достар


ернур
Ernur_104@mail.ru
01-03-13 19:55
шеше сен бакыттысын
БАКЫТ
bakyt.kaktaeva@mail.ru
01-03-13 17:41
\\ БАКЫТЫМ МЕНІҢ АЛЫСТА\\

АЛДАНБАЙМЫН АРЗАНҚОЛ ЖҰБАНЫШҚА,
АЛДАНЫП ЖҰБАНЫШҚА,ҚҰРАҚ ҰШПА!
ҚАЗІР МЕНЕН ҚАШЫҚТАП ҚУАНЫШТА,
ӘЙТЕУІР,БІР БАҚЫТЫМ ТҰР АЛЫСТА.
БЕЛГІСІЗ ЖЕТЕМ БЕ ОҒАН,ЖЕТПЕЙМІНБЕ,
ҚАЛАМ БА ОРТА ЖОЛДА ЖЕТПЕЙ МҮЛДЕ?
ӘЙТЕУІР ,БІР БАҚЫТЫМ ТҰР АЛЫСТА,
КӨРЕМ БЕ,КӨГЕРЕМ БЕ,КӨКТЕЙМІН БЕ?!
БОЛҒАНМЕН ҚАНША МҰҢЫМ,ҚАНША ҚАЙҒЫМ,
ІЗДЕУДЕН БАҚЫТЫМДЫ ШАРШАМАЙМЫН.
ӨМІРІМ,БЕРЕР БОЛСАҢ,ҰЗАҒЫНАН,
ӨТКІНШІ БАҚЫТТЫ МЕН АҢСАМАЙМЫН.
ӨМІРІМ!СЕН ДЕП КЕЛГЕМ,СЕН ДЕП КЕЛГЕМ!
АҚ ЕДІЛ АРМАНЫМДЫ ТЕҢДЕП КЕЛГЕМ.
АЙЫРМА АЛЫСТАҒЫ БАҚЫТЫМНАН,
АРМАНДАП АҢСАП КӨРГЕН,ШӨЛДЕП КӨРГЕН.
ЖЫЛДАРДЫҢ ҰЗАРУДА ТІЗБЕКТЕРІ,
ЖАЗ ӨТТІ.БАРА ЖАТЫР КҮЗ ДЕ ӨТКЕЛІ.
ҚЫС ТА ӨТЕР,ҚЫСПЕН БІРГЕ МЕН ДЕ ӨТЕРМІН...
БАҚЫТЫМ ЖҮРСЕ БОЛДЫ ІЗДЕП МЕНІ.


AKGUL))))))))))))
A.K.G.U.L_9.8@MAIL.RU
01-03-13 17:11
маған Мұқағали атамның Аққулар ұйықтағанда өлеңі қатты ұнайды
Айнұр
Ainura_kz.9696@mail.ru
27-02-13 17:38
Tamawa! Men Mukagali atani ote katti jaksi korem,oni pir tutam!ol kisinin olenderi magan kuw beredi! Men de akinmin birak Mukagalidai akin bolu kaida?
акерке
akerke_99_07@mail.ru
27-02-13 12:21
керемет олендер!!!!! ерекше асер аласын
олжас
oljik001@mail.ru
26-02-13 20:04
оооо кушти!
рии
аraika0809
26-02-13 14:28
Шыда!
Шыда,шыда шыдай тус шыда тагы мыны омир шыдамдыны унатады умитын кулан иек кула таны айтеур быр атадыо\Окынбе окпелеле омырыне Омир Омир болмайды тунылуге мангы сены жазбаган суруне кайта турып хакын бар жугуруге
Али
ali_1995.11@mail.ru
23-02-13 21:06
MUKAGALI MAKATAEVTIN ANNNDERI OTE KETEMET AR ADAMNIN KONILINEN WIGAT!
Жупар
star_girl96
23-02-13 18:07
бариде керемет мен де бир куни олендеримди жазармын сау болыныздар
Beknur
Beknur1999@bk.ru
23-02-13 10:53
Мукагали Макатаевтін туган кун деген оленін кайдан алуга болады
Нурия
2001_nuriya@mail.ru
23-02-13 10:06
Күрсініп көкірегім, жылайды ішім,
Өсем бе, өшемін бе құдай білсін.
Қанды дағын жүректің қалдырайын,
Қаласа біреу-міреу сұрай жүрсін.
Көрсін де жүрегімнің аққан қанын,
Ақ қағазда жол-жол боп жатқан дағын,
Байқап бір қарасын да, іздегендер,
Жаудырсын мақтауларын, даттауларын.
Еркелеп мен өмірді кешіп жүрем,
Шаттығым, мұқым да бар,
Несін бүгем.
Кей-кейде сүріндім де, түңілдім де,
Алайда, жоғалтпадым есімді мен.
Жақпадым жауыздықпен аққа қара,
Жатсынып жатқаным жоқ жатқа нала.
Гаваньға құлап түскен ақ шағала -
Жырымды тірілтем деп әурелендім,
Мастанбай ақын деген атқа ғана.
О, Муза!
Тағдырыма иемісің?!
Күрсініп көкірегім, күйеді ішім.
Мен сені жаңартам деп келгенім жоқ,
Сен мені жаралғансың сүю үшін.
Нурия
2001_nuriya@mail.ru
23-02-13 10:05
Фариза!
Фаризажан, Фариза-қыз,
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.
Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,
Бірімізден біріміз арылармыз.
Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз.
Сен мені білесің бе, білесің бе?
Жаралмаған жан екем күресуге.
Жылай жүріп, өтірік күлесің де,
Жүресің де қоясың, жүресің де.
Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып,
Тастағысы келеді күресінге.
Фаризажан, сен соны білесің бе?...
Жанарымды тұманмен тұмшаладым,
...Серіппесі үзіліп тұр садағым.
Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын.
Ауырлар деп ойлап па ем мұнша халім...
Ақын болып несіне жаратылдым,
Арасында қап қоймай қара түннің.
Қасиетін сезем деп Ана тілдің,
Қауырсыны қалмады қанатымның.
Қу тірлікке құл болып, аяң басып,
Құлашымды жая алмай баратырмын.
Момын едім, жақсы едім, ұяң едім,
Аттап өттім олардың қия белін.
Енді, міне, қауқарсыз құр ашуды,
Жия бергім келеді, жия бергім.
Маңдайымнан сипаған бір жан болса,
Енді қалған өмірімді қияр едім.
Білмеймін, бұзықпын ба, жындымын ба?!
Кеп тұрады тілегім мұңды-мұңға.
Енді қалған өмірдің құрдымында,
Өлтірсе де көмбеймін жырды құмға!
Нөл болады деп айтам, жалтармаймын,
Көбейтсең де қаншама мынды-мыңға...
Айналаға қарайық анық барлап,
(Түн кеткесін, күн шығып, жарық болмақ),
He туралы жырласақ, Фариза-қыз,
Бағыштайық бәрін де халыққа арнап.
Фариза, Фаризажан, Фариза-қыз,
Бірімізден біріміз арылармыз.
Том-том болып дүкенде тұрмасақ та,
Подвалдағы архивтен табылармыз...
Нурия
2001_nuriya@mail.ru
23-02-13 10:03
Өлең деген тумайды жайшылықта,
Өлең деген тулайды қайшылыңта.
Ақын болсаң жарқыным, алысқа аттан,
Күнделікті тірлікке бой суытпа.
Айшылық жол...
Шөлдейсің, зарығасың,
Армандайсың, аңсайсың, сағынасың.
Жол азабын көресің, көресің де
Ашынасың, біресе бағынасың.
Даламенен жүресің, тау асасың,
Сезесің биігін де аласасын.
Кенезең кепкенде бір, лай суға
Кез келген мақұлықпен таласасың.
Сапар ұзақ.
Тағы да аяңдайсың,
Алыпқашпаң басылып, баяулайсың.
Ел шетіне жетесің, жетесің де
Көргеніңнің бәрісін баяндайсың.
Міне, осылай өлеңнің кілті деген,
Құйттай жүйең қалмайды сілкімеген.
Аттанам деп алысқа, айдалада
Адаспайтын болғай-ды шіркін өлең.

Ермек Тұрғанбек шаян ауылы
eroma_aroma.kz@mail.ru
22-02-13 19:08
туған жерім байтақ далам кең далам
туып өскен топырағым сай салам
шаянымдай туған жерге не жетсін
ұлан байтақ бәйдібегім бұл аудан

туған жер сен болмасаң не етер едім
сенсіз мен осы күнге жетер ме едім
туған жер бақытымсың байлығымсың
туған жерім шаяным сенсің менің

ермек шаян ауылы
eroma_aroma.kz@mail.ru
22-02-13 18:44
тәуелсіздік сақтай бергің даңқыңды
сақтай бергің қазақ деген халқыңды
тәуелсіздік алып келдің бақытты
жұмысымыз жүріп келнд қарқынды


ата-бабам орындалды армандарың
арқасы елбасымен ағалардың
соғыста туды тіккен,желбіреткен
рахмет тәуелсіздік тарландарым
тағыда 15 куплет бар ендігі жолы жазам
Akmaral
Akmaral_jan.99
21-02-13 23:15
M.Makataevtin olenderi keremet.
Акжайнак
akonni_98@mail.ru
21-02-13 19:11
ана туралы олен шумактар болса , жарыска катысатын едим соган жылдамырак табылса катып кетер ед
МАДИНА
madina.elubaeva@mail.ru
21-02-13 16:24
маған мұқағали мақатаевтің махаббат туралы жазған өлеңі қатты ұнайды ол кісі өмірден кеткелі қай заман бірақ ол кісінің өлендері естен кетпес
тазабай
gangster.95.95.kz@mail.ru
21-02-13 14:27
Қиындық ұсынса да бес күн жалған,
Мәпелеп ұл-қыздарын өсіре алған.
Әкемізге орнаттық жыр- ескерткіш,
Жалғаумен жақсылықтың көшін аман.
Қыздарыңның арнауын қабыл алғын,
Ардақты асқар тауын есіне алған.

Тербеткен тектілікпен бесігімді,

Адил
Adil_000@list.ru
21-02-13 09:52
Достар сайттын озі мукагали агамыздын фанаттарына арналган сайт емеспе,ендеше неге мунда мукагали агамыздын шыгарган олендері,немесе ол кісіге арналган арнау олендер,жанеде сол кісінін омірбаянынан сыр шертер ангімелер гана жазбаймыз.Ал осы сайтка кіретін кейбір кісілеріміз улы создін уяты жок деп койып бір уятсыз олендерді мукагали ага шыгарган деп жазасыздар,білемін онын барі акынсымак болган бауырларымыздын шыгарган олендері,ондайды менде білем алайда ол олендерді мунда жазып акын агамыздын аруагын корлап жатырмыз деп ойламайсыздарма,уят меспе,казагымыз жаксысын асырып,жаманын жасырып журетін халык емеспізбе кішкене беттерініздін кытыгы болса екінші олай жазбассыздар деп ойлаймын,артык кетсем кешірерсіздер....
Гулайым
gulaim_92_02@mail.ru
19-02-13 06:58
Мен сені сағынғанда,
Қарамай жауындарға, дауылдарга,
Қарсы қарап жүземін ағындарға,
Кеудемде қимылдаған жаным барда,
Мен сені сағынғанда,
Бір минут та қақым жоқ дамылдарға.
Мен сені қызғанамын,
Қызғаныштан мұз шайнап,
Тұз жаладым.
Шаңқылдап алдымнан шық,
Ана-қыран,
Алыстан келеді ұшып мұзбалағың.
Тәкаппар ең, өрлікке бола туған,
Жет тездеп,
Gulzhaina
gulka_95.29@mail.ru
17-02-13 23:09
ӨМІРІМЕ

Қысқа өлең сияқтанып қысқа болар
Деп ойлап ем,
Ұзын болдың, өмірім.
Ұрдым-пердім ұлым болар
Деп ойлап ем,
Ұзатылар қызым болдын, өмірім.
Қара аспаннан жалт еткен бір
Жасыным ба деуші едім.
Қара көздің мөлт еткен бір
Жасымын ба деуші едім.
Қара қарға ғұмырымен неге мені өлшедің?
Неткен жанмын таусылмайтын талқаны мен кеусені?
Ей, Өмірім,
Түсінбеймін,
Түсінбеймін мен сені!!!

* * * * * * * * * * * * * *

ТҰНҒЫШЫМ
(Бірінші жарыққа шыққан өлеңім үшін)

...Не болар екем, япырай!
Қызбысың әлде ұлмысың?
Болмады тыныш көңіл жай,
Туғанша қашан тұңғышым.

Бебеулеп ұзақ толғаттым,
Қиналдым, қайтем, туа алмай.
Жаныммен әлек боп жаттым,
Жүрегім күліп қуанбай.

Шыр етіп кенет түңғышым
Ашты дүние есігін.
Сайраған сәби жыл құсым,
Іңгәлап іздейді несібін.

Тұңғышым, ер жет, қанаттан,
Өмірге жаңа сый әкел!
Қақ канатты, талаптап!
Не болса да тәуекел!

* * * * * * * *
ХАЛЫҚҚА ХАТ

Туған халқым!
Қатемді кешір менің.
Сенің арқаң — сескенбей, есіргенім.
Егерде жырың болмай, ұрың болсам,
Алақанға саласын несін мені
Жоқ!
Менің жүрек емес төсімдегі
Ол бір от сенің ұлы көшіндегі
Өзіңнің жандырғаның, өшіргенің
Әзірге тастаған жоқ есім мені,
Уа, жұртым!
Кешір мені!
Кешір мені!

Зәредей қылығың жоқ мен сенбеген,
Жасудамын жаныммен көрсем деп ем.
Жасымнан жамандықты жеңсем деп ем,
Жасырмай бәрін айтып берсем деп ем.

Жамандық көре алмайсын сенсең менен,
Өзіңнің қалыбыңмен өлшенген ем,
Аманат бір өзіңе өлсем денем.
Аманат бір өзіңе жырым-сырым,
Аманат Асан-жүрек жырым-жырым,
Жолсызбен жортамын деп,
Орта жолда
Жете алмай жетеріне жығылды ұлын,
0, менің
Желпілдеген туырлығым!
Желбіреп, жетіле бер Туың бүгін!

Ой-қырыңа мың сәлем мен көрмеген,
Шөлдер менен тауларға, көлдерменен.
Құмда отырған қойшының қараша үйін,
Кайсыбір сарайлардан кем көрмеп ем.
Жетім қалған қозыға жем берген ем...
Жетіліп, жетісіп ем сендерменен,
Кешір менің жанымды емделмеген!

Самал сырын жеткізіп, бұлақ сөзін,
Болсам деп ем өзіңнің құлақ-көзің.
Бастап кетті басқаға шуақ-сезім,
Шуақ-сезім — секірген лак кезім.
Менде өзіңдей болмады тұрақ-төзім.

Неге бұлай?
...Білесің бірақ та өзің.
Несін білдім өмірдің, несін көрдім?
Көз жазып қалмайын деп көшіңе ердім.

Туған ел, көз жасы үшін кешір мені,
Кешегі жетімдер мен жесірлердін?
Ортасында өшу мен өсулердің
Таяғын тарттым талай кесірлердің,
Туған ел, сол үшін де кешір мені!

Жаманын да болса егер жатсынбадым,
Мен жақсы көрдім, мені жатсынғанын.
Мен сеземін жаманын, жаксың барын,
Барлығы үшін, бәрібір, ақсын қаным.
Барымды ойымдағы тапсырмадым.
Бәрін де бір өзіңе аманаттап,
Кеудемде тыныш ұйықтап жатсын жаным.

Туған халқым!
Қатемді кешіре гөр!
Кешіре гөр!
Кеш қылмай несібе бер.
Ақынды ая,
Өмірге ақын бергін!
Көрікті болсын десең көшің егер Ал мені...
Кешіре гөр!
Кешіре гөр!..

* * * * * * * * * * * * * *
ШЫДА, ШЫДА

Шыда, шыда!
Шыдай түс, шыда тағы!
Шыдамдыны мына өмір ұнатады.
Үміттің құлан иек құла таңы,
Әйтеуір бір атады, бір атады...
Өкінбе, өкпелеме, бүгініңе,
Өмір, өмір!
Болмайды түңілуге,
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге.

Түсінемін жаныңның ауырғанын,
Шыдадың ғой, шыдай түс, дамылдағын.
Иогтардың тәсілін қабылдағын,
Басқасына бас ұрып, табынбағын.
Шыда, шыда!
Шыдай түс, тағы шыда!
Тау құлатқан тасқынның ағысына,
Кір жуытпай, кіршіксіз намысыңа,
Қарысуға болады, алысуға...

* * * * * * * * * * * * * *
ЖЫЛДАРЫМ МЕНІҢ, ЖЫЛДАРЫМ

Жылдарым менің, жылдарым,
Жазылмай қалған жырларым.
Айтылмай жүрген сырларым,
Ақтармай жүрген мұндарым,
Жылдарым, қайран, жылдарым

Жылысып өткен жылымды,
Жоғалтқан өмір дер едім.
Айта алмай қамап мұңымды,
Шерменде болып келемін.

Көргенім ылғи өгейлік,
Қуанам неге тоқсынып.
Жыл өткен сайын кедейлік,
Жыл келген сайын жоқшылық.

Кедейдің көңілін жасытып,
Мұң басады екен мұндайда,
Дәулетімді тасытып,
Бақытқа бөлер жан қайда?

Жылдарым менің, жылдарым,
Айтылар ма екен сырларым.
Ашылар ма екен мұндарым,
Жазылар ма екен жырларым.

* * * * * * * * * * * * * *
МЫНА ҚАСҚА..

Қор болған жылдарым-ай, күндерім-ай!
Асауға ауыздықсыз мінгенім-ай!
Мына қасқа бәрін де біле тұрып,
Мына қасқа бірін де білмеуін-ай!
Шынымен түсінбей ме мына қасқа,
Мына - көз, мына - жүрек, мына - басқа?!
Мына қасқа шынымен түсінбей ме,
Бұлбұлдың қонбайтынын қу ағашка?!
Мына - жүрек, мына - көз, мына баста,
Ненің барын біледі мына қасқаң...
Сезгіштігін білдіріп алам ба деп,
Тас жүрегін жасырар қына басқан.
Аламын деп қасқаның тас қамалын,
Тас жүрекпен қашанғы тас боламын.
Тас жүрекке табынтып, тастамағын,
Жүрегін бер, тәңірім, жас баланың!
Сағындым сені, сәби кездерім-ай,
Сандалтып, мені тастап безгенің-ай.
...Мына қасқа бәрін де сезіп тұрып,
Мына қасқа бірін де сезбеуін-ай!

* * * * * * * * * * * * * *
ӨЗІММЕН ӨЗІМ

(Басқаларға қатысы жоқ)
Өзімнен өзім аса алмай,
Өзімді өзім баса алмай,
Ауыздық салған асаудай,
Барар жер, басар ізім жоқ,
Бұғалықтан босанбай,
Байлауда тұрам қашанғы-ай?!

Өзіммен өзім алысып,
Болмайтын жерде қарысып,
Жаны игі жақсы жандардың
Жағасына жабысып,
Жамандықпенен табысып,
Жабыларменен жарысып,
Секілді күндес абысын -
Өләпат менің намысым.

Өзімді өзім танымай,
Өзгеге көңіл жарымай,
Жақсылығыма қорымай,
Жамандығыма налымай,
Тауыққа шашқан тарыдай
Таусылар болды шаруа-ай!

Өзіммен өзім жүз жыртып,
Өзіме өзім мұз бүркіп,
Өзімнен өскен балуанға
Өз мойнымды үздіртіп,
Табынтқан мені тағдыр-ай,
Өзгеге кезді сүздіртіп!..

* * * * * * * * * * * * * *

ЖИЫРМА

Келгелі жиырма жыл мен өмірге,
Қызығын жиырманың көремін бе?
Кім білсін, жасай алмай енді бес жыл
Жабығып жайбарақат өлемін бе?


Жиырма!
Қуанамын келгеніме!
Бірақ сен айналдырма ермегіңе.
Аллама тәуба етейін әлде қалай...
Ырзамын бұл өмірді бергеніңе.
Жиырма!
Тағы мені шиырласа,
Қайтемін еш қуаныш бұйырмаса?
Тез жойып оннан өткен қателікті,
Өмірді бастар ма екем жиырмаша...

* * * * * * * * * * * *
ПЕНДЕЛІК

Арылайын десем де пенделіктен,
Арылатын болмадым - ол неліктен?
Жүгіріп те көрдім ғой, жығылып та,
Ұрынып та жүрмін ғой, бұғынып та.
Жаныма өгей жасанды қылығымен
Жағынып та көрдім ғой, жұғынып та...

Жауыма да жатсың деп айта алмадым,
Бала қаздай алдында байпандадым.
Талай-талай сөзімнің әкесі өліп,
Талай сөздің кезегін қайтармадым.

Жақсылық та етпедім адамға көп,
Жамандығын айтпадым жаманға кеп.
Пенделіктің іргесін қалай бердім,
Капелімде құлатып алам ба деп.

Ашу да айтып көрмедім, басу да айтып,
Ақиқатын, шындығын жасырмайтын.
Ақыл сұрар адамды таба алмадым
Пенделіктің алдында бас ұрмайтын.

* * * * * * * * * * * * * *
АЖАЛҒА

Менің досым, болсаңшы кешірімді,
Сабыр етші, тауысайын несібімді.
Басталмаған ісім көп. Аялдашы!
Қақпашы тым ертерек есігімді.

(Алам десең, пендеңнін жаны дайын)
Тоқташы, тіршіліктен жалығайын.
Рақатқа белшемнен батпасам да,
Қалтам толы сорымнан арылайын.

Осынау азын-аулақ тәтті өмірді
Қайтер еді өткізсем сәл көңілді!
Аялдашы, бой жазып, бір түзейін
Өкінішпен ұзатқан күндерімді.

Баянсыз жылдарым бар текке кеткен,
Бишара жандарым бар өкпелеткен.
Әлде мені тірлікте масқаралап,
Өмірдің азғыны боп өт демек пе ен?!

Қапаста жатса-дағы күрсінбеген,
Жомарт менің жүрегім дүрсілдеген.
Міне, соның жасырмай алуан сырын,
Ақтарайын, ел-жұртым білсін деп ем.

Риза етіп досым мен қастарымды,
Жастанайын сонан соң жас қабірді.
Тым болмаса сөнейін бір жарқ етіп,
Қишы маған әзірше жас жанымды.

* * * * * * * * * * * * * *
КЕШІРІҢДЕР

Кешіріңдер, туыстар,
Кешіріңдер, ағайын,
Өр көкірек бейбаққа өкпеледің талайың.
Кірсіз көңіл ақ туын
Жоғары ұстап, ағайын,
Ақ киімге оранып, алдарына барайын.
Кешіріңдер, жарандар,
Қошаканың болайын.

Сый сұрағам жасыңнан,
Мейір күткем картыңнан.
Еркелеп ем сендерге,
Емін-еркін шарқ ұрғам,
Екенмін ғой антұрған.
Сөз өргізіп артымнан,
Арыла алмай келемін
Бала күнгі қалпымнан.
Кешіріндер, достарым,
Кешіріңдер, қастарым.
Есім кіре бастады,
Мен-мен емес, басқамын...
Еркелікті тастадым.
Естеріңе алғайсың еркін жүрген қалқаны.

* * * * * * * * * *
...Сонымен күндер өтті,
Күндер өтті...
Кімдер кеп, кімдер етті?
Жонынан майы тамған жомарт елім
Бәрін де қабылдапты, күндемепті!

Күндемепті бәтірің, талғамапты,
(Өмір үшін адамдар қанға батты.)
Кеткендердің артында айғыз-айғыз
Біреуден із, біреуден таңба қапты.

Біреулерден із емес, жол қалыпты,
(Өмір жолын олардың оңғарыпты.)
Артында тұғыры жоқ пақырлардың
Алдында апандайын ор қалыпты.

Өтті күндер, кетті кім құрағынан,
Ит өлімді еріксіз мұра қылған.
Адамдардың өмірі жаралсашы
Радийдің өзінің шуағынан...

* * * * * * * * * * * * * *
Өкпелетті дей алман өмір мені,
Кейбір ойым ұшқанда көңілдегі
Салауат боп, сал денем жеңілдеді.

Қуантты да дей алман өмір мені,
Кезбе бұлттай кей ойлар көгімдегі
Нөсерлетіп, қайтейін, төгілмеді.

Өкпелетті дей алман өмір мені,
Барды-жоқты бөлістім елімдегі,
Соны көрдім, көрсе егер елім нені...

Қуантты да дей алман өмір мені,
Көп несібем кұныға желінбеді,
Жалтақ бақыт жалт етіп көрінбеді.

* * * * * * * *
Өмірімді несіне жек көремін,
Ауыр-жеңіл болса да өткеремін.
Өмір қашып барады құска мініп,
Мен артынан жетем бе деп келемін.

Тақдырыма несіне өкпелейін,
Мойын бұрмай келіп ем көпке дейін.
О, өмір, ұстатпаған уың бар ма?
Әкел, әкел, оны да жеп көрейін!

* * * * * * * *
ӨЗІМНІҢ ЕСЕБІМШЕ...

Өзімнін есебімде
Мен биыл дәл қырықтың бесеуінде.
Кім біледі...
Ендігі қалған өмір
Неше жылға жетерін,
Неше күнге?
Ұмыт болып есебің, есегің де,
Ұйықтап кетсем болғаны төсегімде
Қырықтың бесеуінде.

Адал едім,
Артынан «арам» болдым,
Адам едім,
Ақыры «надан» болдым.
Жиылып бұл жалғанның жамандығы
Ақыры маған қонды.
Жаман болды...

Айтындар,
Қайсысың бар ардақтаған,
Таразыға тен қойып, салмақтаған?
Басылған мандайыма қарғыс танба,
Қарауға жан батпаған.
Жапалақ емеспін мен жалбақтаған,
Қыранмын екі көзін қан қаптаған!

* * * * * * * *
Егерде айта алмасам айтарымды,
Алжыдым.
Ақылымды сайтан ұрды.
Қынына қылышымды салам онда,
Ақ жүзі алмасымның қайтарылды.

Егерде айтып кетсем айтарымды,
Ақылым арнасына қайта кірді.
Қынынан қылышымды алам онда,
Кағамын албастынды, сайтанынды!
Бітті серт, кегім менің қайтарылды!

...Ыркыңа сенің деген көніп келдім,
Енді сен ерік бергін, ерік бергін!
Сөзден өлген атамды тірілтпесем,
Қос мені қатарына өліктердің.

Бәріміздің бабамыз сөзден өлген,
Әнердің кереметін сөзбен өрген.
Мен тынбаймын солардың кегін алмай,
Сен мені салыстырма өзгелермен!

Қалай да айтарымды айтып өлем,
Айта алмасам, жасайды қайтіп өлең?
Тәңірім мені қоңсы қондырмағай
Тіл білмес дуанамен, шайқыменен.

* * * * * * * * * *
НЕНІ КӨРДІМ

Не көрмедім демеймін,
Нені көрдім?
Маған, өмір,
Көрсін деп нені бердің?
Ештеңе де көргем жоқ,
Көрмей, білмей,
Жөніме елгім келеді, жөніме елгім.

Көргемін жоқ қуаныш, қайғыны да,
Қуануға мұрса жоқ, қайғыруға.
Жоқшылық та жат маған, байлығың да,
Қонысым бар қос жолдың айрығында.

Махаббатты білмеймін, сүюді де,
Сүймей өмір өткерген күйім міне.
Жүрегіме біреулер ғашык болып,
Иілді ме, білмеймін, күйінді ме?

Жақсылығын біреудің, қорлығын да
Көргемін жоқ, білмеймін барлығын да.
Қуанышым белгісіз, зар-мұңым да,
Таң нұры да белгісіз, тағдырым да.

Не көрмедім демеймін,
Не көрдім мен?
Көрермін деп бәрін де келер күннен,
Айрығына қос жолдың қосым тіктім,
Қос еркешті түйемді шөгердім мен.

* * * * * * * *
Толқын-көңіл тоқырап, таусылуы-ай,
Тасып-тасып басылған тау суындай.
Жетім жүрек жастықтын жұртында қап,
Ұлиды кеп берінін қаншығындай.

Қырық күздін қырқада бұлты аунайды,
Қырық көктем келсе де жылыта алмайды.
Қылын шертсен күмбірлеп күй төгетін,
Қырт көнілден бұл күнде дым тамбайды.

Қырқасына шыққанда қырық белдің,
Мойынымды артыма бұрып көрдім.
Жатыр екен жиырма мекенінде,
Мен несіне қырықты қуып келдім?!

Қырық...
Қырық...
Қай жерге тоқтар екен,
Жайлауында жастықтың жоқ па мекен?!
Жастық — өлең, жігіттер,
Жастық — өмір,
Қалғанының барлығы оттау екен!

* * * * * * * *
Бәрібір,
Бізді ішкіш деп жүр ғой,
Аяулым,
Ішіп қайталық,
Басына барып Һәйәмның.
Көземіз майға,
Көзіміз жасқа кенеліп,
Азан салайық:
- Оянғын, баба, оянғын.

Хан менен бектен,
Молда мен шонжар, күштіден,
Дейді ғой Сізді қиянат көріп ішті деп.
Оянғын, баба,
Отырайық бір кәйіп қып,
Біздің шараптар
Сіздің майлардан күштірек.

Сіз көрген, баба,
Қиянаттарды көрмей біз,
Рақаттарды кешіп жүріп-ақ шөлдейміз,
Тірі пенденің тілін алмаймыз, көнбейміз.
Қоймайтын болдық,
Өзіңізге ұсап өлмей біз.

Көрдіңіз қиянат,
Көрмей-ақ біздер ішеміз.
Басымыздағы бақыттардан да күсеміз,
Қазылған орға өзіміз іздеп түсеміз.
Қайтеміз енді?

...Бәрібір бізді,
Ішкіш деп жүр ғой, аяулым,
Көтеріп жібер,
Көнілің неден қаяулы?
Не деген екен?
Несі бар осы заһардың?
Оқышы тағы, оқышы Омар Һәйәмды.

* * * * * * * *
ОРТА ЖОЛДА

Көңіл де пәс, пәс кеуде,
Аэропортта даң-дұңмен
Затым кетті Мәскеуге,
Ақтөбеде қалдым мен.

Алдан шығып достарым,
Тоса берді тостағын.
Ұсынғасын тостағын,
Сілтеп-сілтеп тастадым.

Адал ас пен көңілін
Қалай қиып кетерсің?!
...Айхай, менің өмірім,
Армансыз-ақ етерсің!

Маған жоқ-тын жат, дұшпан,
Бәрі бауыр, тұстасым.
Қалып қойдым ақ құстан
Ақтөбеде, қысқасы.

Көңіл, неге мұздадың?
Асықпа, әлі жетерсін.
Қазағынның тұз-дәмін
Қалай қиып кетерсің?!

Қарсы алар ма бір адам
Сонау алыс шалғайда?
Мына көңіл, мына дәм
Бола ма алда, болмай ма?!

Бірге күліп, жыласқан
Пәк көңілдер бір жүрсін.
...Мына дала, мына аспан
Қимай тұр ма, кім білсін?!!

* * * * * * * * * * * * * *
МЫҚТЫМЫН ҒОЙ ДЕГЕНМЕН..

Мықтымын ғой дегенмен
Қорғасындай бір салмақ кетер емес денемнен.
Басады кеп төбемнен. Қош айтысып өлеңмен,
Терезеге төнем де Алатауды көрем мен
Басы қарға бөленген.
Бауыры көкке кенелген - Алатауды көрем мен.
(Қорғасындай бір салмақ арылмайды денемнен.)

Мықтымын ғой тегінде!
Қорқытарың өлім бе, оранарым кебін бе?!
Түкірдім мен оларға!
Ей, жүрегім, жеңілме!
Ана тұрған көгінде - жұлдызың бар сенің де,
Басын иген өлімге, түкірдім мен өмірге!
Ей, жүрегім, жеңілме!
Ей, жүрегім, жеңілме!

...Мен несіне жерінем?!
Қорқатыным өлім бе?!
Қорықпай-ақ берілем
Өкінішті...
Амал не...
Өлмейтіндей келіп ем...
Мына жарық дүнием бірге туған менімен
Бірге өледі менімен!!!

* * * * * * * *
Қысқа жіп келмей күрмеуге,
Қысқа жіп келмей байлауға,
Қысылып жүрген құр кеуде
Қыжылдап босқа қайнауда.

Өзімді бітеп өз демім,
Өзді өзін сезім қамауда.
Өткізген сәтсіз кездерім
Өрт болып ішті жалауда.

Қамықпа дейсің сен маған,
Қамықпай қалай тұра алам?
Жел айдап, алға самғаған
Қайықты қайтіп бұра алам?

Қамықпа дейсін, жарқыным,
Қамықпан, мақұл, қамықпан.
Қамыққан жүрек, ал тыным,
Ал тыным, жүрек жалыққан.

* * * * * * *
КЕТЕР МЕ ЕКЕМ...

Бірде олай ауытқып, бірде бұлай,
Бір байламға келе алмай жүргенім-ай.
Таулы аймақтың ауасы секілденген
Аумалы да төкпелі күндерім-ай!

Аяз қарып, аптаптың жандыруы-ай,
Бірі шаттық, бірі мұң қалдыруы-ай.
Не туары белгісіз жүкті әйелдей
Не болары белгісіз тағдырым-ай!

Өз-өзінен өзегім өртенгенде,
Өз-өзімнен түңіліп, жеркенгенде,
Сары ауру сарғайтқан науқастайын
Үміт күтем бүгіннен, ертеңнен де.

Нені күтем,
Не керек осы маған?
Аяқ-қолым, жанарым, басым аман.
Шаруаның баласы емес пе едім
Күшіменен тамағын асыраған?!
Өмір деген осынау майданда бұл
Қолбасы да, қорқақ та сайрандап жүр.
Өмір менен өлімнің өртасында
Кетер ме екем келе алмай байламға бір?!

* * * * * * * * * * * * * *
АЛДАМА МЕНІ, АҚ САҒЫМ

Алдама мені, ақ сағым,
Арбама енді алыстан.
Өзімше мен де патшамын,
Өзімше мен де данышпан.

Алдағын, мені арбағын,
Жалғанды кезер жоқ жайым.
Сыбаға сенен алғанмын,
Ілессем енді онбайын!

Алданып саған тау асып,
Алданып саған құм бастым.
Хайуандарменен санасып,
Айдаһарлармен сырластым.

Тұяғы күйген құланнын
Шөлдерде мені қалдырдын.
Ысқырған ұлы жыланнын
Уымен сусын қандырдым!

Арбама енді,
Алдадың!
Алданып саған барғамын.
Адасып өлмей жапанда,
Қалайша тірі қалғанмын?!

* * * * * * * * * * * * * *
ТАНЫС ӘУЕН

Сірә, бізге тыныштық жоқ тұрмыста,
Іздеме оны,
Табамын деп тырмыспа.
Тыныштық жоқ,
Тыныштық бар - мәңгілік,
Тындырып бақ, ғұмыр қысқа, күн қысқа.
Тіршілікте тыныштық жоқ тұрмыста.

Демалыс ап, Кавказ, Қырым барғанын -
Бәрі өкініш,
Өзіңді өзің алдауың.
Қалай үзіп, қайда тығып, тыншисың,
Тыным бермес ойларынның жалғауын!?

Тіршілікте анау жүрек, мынау бас
Сая бағып, сірә, тыныш тұра алмас,
Желік көніл,
Жетім ойлар тұрғанда,
Тыншып бейқам сауық-сайран құра алмас.

(Бұл — қағида қайталаған тіл біткен)
Тыныштық жоқ!
Тыныштық жоқ тірлікте!
Тыныштық сол —
Үлкен жердің үстінде
Өткен ғұмыр,
Біткен сөйлем,
Бір нүкте...

* * * * * * * * * * * * * *
ЖОЛЫМ МЕНІҢ БОЛМАЙ ЖҮР

Жолым менің болмай жүр көпке дейін,
Тағдырыма сондықтан өкпелеймін.
Алды тартып, өмірдің арты теуіп,
Ығыстырып тастайды шетке, кейін.

Айбын, ашу, жоқ менде адам қанау,
Менде жоқ жағымпаздық - табан жалау,
Менде - төзім,
Сірәда, жүйкем менің
Өгіздің терісінен жаралған-ау.

Жо, жоқ!
Менің өкпем жоқ тағдырыма,
Өміріме, өзіме — барлығына.
Нан батырып жесем де ризамын
Көз жасымнын бір тамшы қалдығына.

Жүректе қан, кеудеде жан тұрғасын,
Көңілден күй, көзден жас сарқылмасын,
Көз жасымен тағдырым суарылып,
Жарқылдасын өмірім, жалтылдасын.

Көтеріліп көңілім шарқ ұрғасын,
Көз алдымда тағдырым қалтылдасын!
Ішек үзілсін, домбыра сынсын мейлі
Шер тарқатар шемен күй тартылғасын!

* * * * * * * *
ШАЛҚЫ, МЕНІҢ ШҰҒЫЛАМ

Тағы, тағы,
Тағы да, тағы да кел,
Ағыла бер, жырларым, ағыла бер,
Бағына гөр, жүрегім, бағына гөр.
Анда-санда қанынды бір тасытқан
Сағына гөр жырынды, сағына бер.

Мазалай бер, мазала,
Тыным берме.
Әбігерге сала бер, ұрын кел де.
Желпіп жібер шаттықтың шәйісімен,
Бүкіл мына ғаламның мұңын бер де.

Үйіп-төгіп басыма, жұбанышым,
Бүкіл мына ғаламның қуанышын,
Жарамасаң, жүрегім, жарылып кет,
Қуанышым алдында кінәлісің.

Сок, соқ, жүрек!
Соқ, жүрек, қозғал, миым,
Ми қозғалмай, ойды да қозғау қиын.
Жырсыз өмір — мен үшін өмір емес,
Жырсыз өмір — мен үшін тозған бұйым.

Шалқы, менін шұғылам, көк белдеуде,
Көпір бол да, тартып ал, көк пен жерге.
Нөсерлетіп, сөндір де таста мені,
Баяу жанып баратса от кеудемде.

* * * * * * * * * * * * * *
ЕСТІ КҮНДЕРІМ

Көңілде
Кептен бері мен
Өмірді көктем көріп ем.
Енді-енді түсініп келем,
Өткенде өткелдерінен.

Кей-кейде жығылып барып,
Кей-кейде жығылып та алып,
Өмірдің сырын ұқпадық,
Ол бізден бұғынып қалып.

Тыңнан жол таппақ та болдық,
Тыңнан нәр татпақ та болдық...
Ақыры батпаққа қондық,
Сонан сон ақ мақта болдық.

...Беу, менің есіл күндерім,
Білмедім есім кіргенін.
Әйтеуір, есіп жүргенмін,
Өмірді кешіп жүргенмін.

Әйтеуір, есті білмедім,
Білмедім кештің кіргенін.
Қош енді, ескі күндерім!
Келе ғой, есті күндерім!!!

* * * * * * * * * * * * * *
СІРӘ, МЕН БАЙҚАМАСПЫН

Сірә, мен байкамаспын, байкамадым,
Қайтейін, айтарымды айта алмадым.
Шындықтын көзі шығып кете ме деп,
Әлі де тайқудамын, тайқудамын.

Осынау шуақ шашқан кең өлкеде,
Сірә, мен қаламын-ау көлеңкеде.
Шынымен жұртым маған шын өкпелеп,
Із-түзсіз мәнгілікке жөнелте ме?

Өлемін деп өкініп, сескенбеймін,
Өлмек парыз, өмірден өшсем мейлі.
Айта алмаған сөзім бар, арманым бар,
Арманымды қалдырып кетсем деймін.

Түсінем, Қасым-тағдыр қасымда жүр,
Басымда жүр, көзімнің жасында тұр.
Тым құрыса қалса екен бір шумағым
Басымдағы туған жер тасында бір.

Қайтейін, айыптымын алдарында,
Айта алмаған сөзім бар, арманым бар.
Дөстарым, жаман ақын жазған жырдың
Тым құрыса бір парағын аударындар!

* * * * * * * * * * * * * *
ЖАНАШЫРҒА

Білем...
Білем...
Сендерді, туыстарым!
Өзімсініп дұрыс қой ұрысқаның.
Көкпар тартсаң өзімді — өздерің біл,
Жырларымда болмасын жұмыстарың!

Жырым менің - өзімнің асау жаным,
Іздемей-ақ қой оның осал жағын.
Жырым менің алтын да, асыл да емес,
Білесің бе не заттан жасалғанын?!

Келесін сыртымнан тон пішуменен,
Жеңбексің желеуменен ішу деген...
Ақын ба от пен суды түсінбеген?!
Ақын ба жанына ақау түсірмеген?!

Ішу деген, шынында, осал жағым,
Осал жақтан іле бер, шошандағын. ...
Құлы болсаң өмірдің — өзің болғын,
Қара басым құлдықтан босанғамын!

Сөз сенікі, сөйлей бер, нан табарым,
Әлі-ақ ертең әләуләй тарқар әнің.
Тұғырыңды бәйгеге қоссаң — сен қос,
Тұлпарымды қор қылмай, қаңтарамын.

* * * * * * * *
Түн маған ұйықтау үшін жаралмаған,
(Ұйықтасын сапарларын тамамдаған).
Алдымда сапар жолы тарам-тарам,
Ұйықтасам, барлығынан қаран қалам.

Түн менің ұйқым үшін жаралмаған,
Түн келсе, түйсік түсіп, алан болам.
Іздеймін жоқтарымды таба алмаған,
Ансаймын жерлерімді бара алмаған.

Алдандырып, әлдилеп кеше-бүгін,
Неше жылым өтті екен, неше күнім?
Қаншама ойлар қалды екен қаза болып
Жастығымның астында, төсегімнің?

Түкілдірігі түсімнен сиқыр ашқан,
Қаншама ойлар қалды екен ұйқы басқан?
Қанша сәттер ғажайып Ғайып болды
Оянғанда сүренсіз сиқы қашқан?

Түн маған ұйықтау үшін берілмеген,
Ұйқы тен шала-жансар өлімменен.
Қанша менін өлді екен уақытым
Ақ төсек, ала жастық кебіндеген?!

* * * * * * * *

ЖЕР БАСЫП ЖҮРГЕНІҢДЕ...

Кұрып кетпей, жер басып тұрғанында
Қалай ғана жағарсың бұл қауымға?
Талай рет мойныма арқан салып,
Талай рет шақ қалдым жындануға.

Біле тұра бірісі білмегендей,
Теріс қарап кетеді, тілге келмей.
Жабыла кеп жармасып, олжалайды,
Жаудан түскен түйені жүндегендей.

Түйткіл ой жүр түнерген көкейімде,
Қайтсем екен!
Жоқ болып кетейін бе?!
Сырымды да жырымды ашпай барып,
Қалсам ба екен қап-қара тасқа айналып!

Қалай ғана жағармын бұл қауымға,
Бірдемесін бүлдіріп, ұрладым ба?
...Қандай еді серінін салған әні —
«... Бектергінін қор болған тырнағында»...

* * * * * * * *
Жиылып ой қазағы, қыр қазағы,
Ақын боп Алматыда жыр жазады.
Біреулер жырыменен сарай салып,
Біреулер жырыменен ін қазады.

Әйтеуір бір келер деп дүр етер күн,
Алданып мен де босқа жүр екенмін.
Атаққа алан болған, тиынға күл,
Өзім де ақымақтын бірі екенмін.

Қалай да қатарымнан озамын деп,
Қатындай күндестігім қозады кеп.
Сабылтып, сайқал үміт қолын бермей,
Көзін қысып, саусағын сөзады тек!

Несіне?
Несіне мен? Несіне мен?
Жазды екем, жанды қинап, несіне өлең?!
Жүрегіме жүк арттым несіне мен,
Жүре бермей өмірдің кешіменен?!

Соры қалың жан екем, соры қалың,
Сірә да, көп кешікпей, төрығармын.
Несіне жолды қумай, сөзді қудым?
Сірә, мен бір пәлеге жолығармын!

* * * * * * * * * * * * * *

Егін салдым,
Мал бақтым,
Тас қаладым,
Сағынам да,
Жұртты да басқарамын.
Жалығам да,
Жабырқап, пәс қаламын.
Жырды бірақ,
Жырды мен тастадым,
Жырдан бөлек қалмады басқа амалым.

Аласартты тағдырым, биіктетті - Бәрі өткінші.
Қуаныш, күйік те өтті.
Екіталай кезенде енсем бұққан
Күйсандыққа саусағым тиіп кетті.
Күйсандықтан күңіреніп үн шығады,
Күй аңсаған ку көңіл тыншығады.
Қарғып шығып кетердей аласұрып,
Тұтқын жүрек кеудемде тұншығады!

* * * * * * * *
Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін,
Алынбаған ақым бар сенде менің.
Бұйрат құмдар — бұйығып шөлдегенім,
Бура бұлттар — бусанып терлегенім.

Аспанындай кей сәтте күрсінемін,
Жас талындай жауқазын бүршік едім.
Кең дүние, керемет қалпыңменен,
Жүрек болып кеудеме кірші менің.

Байтақ ел, балауса тау, бозаң далам,
Секілді бөрі менен көз алмаған,
Кең дүние кенде етсең сыбағамнан,
Шырылдаған сәбидей мазаңды алам.

* * * * * * * * * *

Кем болып жаралғам жоқ мен ешкімнен,
Кейбіреуге қарыздар емеспін мен.
Пейілімді теңізбен таластырып,
Тереземді аспанмен теңестірем.

Досқа сыйын, заһарын шашар жауға,
Қарыздармен халқыма қашаннан да.
Қабырғасы қайысып қарт әжемнің,
Қалай тұрам, көзіне жас алғанда.

Қайғы түссе басына бір ағаның,
Қалай ғана шыдап мен тұра аламын.
Жасын сүртіп солардын, бірге жылап,
Бірге күліп солармен, жұбанамын.

Ести тұра шырылын жас баланын,
Қалай ғана алшандап, мастанамын.
...Тік көтеріп сәбиді уатпасам,
Сәби-халқым, саған мен масқарамын.
Сәби-халқым, сарыла сыр ақтарам,
Жалған ой, жасырын күй жырақ маған.
Сенің үнің мендегі, сенің жырың,
Сенің ойың санамда тұрақтаған.

* * * * * * * * *
ЖОҚ, ДӘРІГЕР

Жүрегіме жүк артып жүргенімде.
Қажыдың ба, байғұсым, білмедім бе?
Шайпау тиіп, шаршатып кім көрінген,
Уландың ба білмеймін, кірледің бе?

Бары ақиқат бір дерттің жүрегімде,
Дәрігер-ау, арқалап жүремін бе?
Сорлайтындай соншама кім едім мен,
Неге аяныш атасың іренінңен?

Айтып өлтір, қайтесің босқа ойланып,
Жүрек дерті өлімге бастай ма анық?
Адасам ба өмірден жастай қалып?
Ет жүрегім кете ме тасқа айналып?
Неге айтпайсың, тұрғанша босқа ойланып?

Пері соққан пендедей есі жарым,
Тамырымда тулайды есіл ағын.
Бұл жүректің білмеймін, несін алдым,
Несі жоғын білмеймін, несі барын?

Қаным қайнап барады, қаным қайнап,
Бір амал тап, дәрігер, халімді ойлап.
Алауыртқан ақынның қолын байлап,
Әкетпесін ажал кеп, өлімге айдап.
...Жоқ!
Дәрігер!
Орнатпа басқа жүрек!
Басқа лүпіл жасама, басқа леп.
Қалай айтам, бүлінген жүрегімді,
Білдірмей доғдыр алып тастады деп?!

Өңгеріп өгей жүрек қайда барам,
Өзгенің ғұмырын қалай пайдаланам?
Сыйыңа рақмет, қайран Адам!
Өзімнің жүрегімдей қайда маған?

Алмастырам!?
Дедің-ау, алмастырам!..
Сірә, менің жұлдызым жанбас бұдан.
Өзімнің жүрегімді жерлеп келіп,
Өзгенің өмірін қайтіп жалғастырам?

Тула, Жүрек!
Өкінем мен несіне!?
Туған жүрек,
әрине,
өлмесін бе?
..Жоқ!
Дәрігер!
Қозғама,
дамылдасын,
Әрбір жүрек өзінің кеудесінде!

* * * * * * * * *
Ойым бар менің,
Ойым бар менің ерекше.
Жақсылық жауып,
Дүниені мынау сел етсе,
Жауыздықтардың, жамандықтардың барлығын
Керге алып кетем керексе.

Адамның бүкіл айыбын
Арқалап алып,
Азабын өзім көрер ем.
Жамандық басқан денемен,
Жандырып жатқан,
Тондырып жатқан тамұққа
Жамандығыммен төнер ем.

Бүкіл дүние жамандықтарын
Артындар маған, көтерем!
Қарызым болсын өтеген,
Жауыздық біткен менімен ғана бірге өлсе,
Бүгін-ақ өліп кетер ем.

Армансыз барып,
Көрімнің аузын жапқасын,
Дүниедегі тірілер
Жамандық іздеп бақпасын!
Жауыздық жатқан,
Арамдық жатқан көрімнің
Қақпас-ын келіп қақпасьін!

* * * * * * * * *
Санаулы менің сағатым,
Санаулы менің күн, айым.
Асығам қалмай тағатым,
Асықпай қайтіп шыдайын.

Шау тарта жаным бастады-ау,
Айларды қуып жылдарым,
Айтылмай қалса масқара-ау,
Ашылмай жүрген сырларым.

Күні ертең өліп кетердей,
Жастыққа қорқа бас қойдым.
Өмірім босқа кетер ме ей,
Өруін таппай таспа ойдың?!

Күндер-ау, күндер, көктемдер,
Қасымнан менін кетпендер?!
Әуелде неге жараттын,
Көпсінсең мені көк пен жер?!

* * * * * * * * *

ШАРШАДЫМ БІЛЕМ

Шаршадым білем.
Жантая кеткім келеді.
Миыңды жеген, кұрысын бүйткен өлеңі!
Күйзеліп тапқан көңілімдегі көрікті ой,
Аузымнан түссе адыра қала береді.

Өлеңі құрысын,
Таппадым одан миятты,
Жазбай-ақ қойдым,
Жазғаным енді ұят-ты.
Менсіз де мына ғаламат жырау-дүние,
Өзінен-өзі жырланып жатқан сияқты.

Өткізіп жылдар,
Өткізіп айлар,
Бекер күн,
Болғансып ақын,
Мұрнымды несін көтердім?!
Өлмей-ақ жүр ғой,
Өлең жазбаған адамдар,
Өлеңсіз мен де,
Өмірді бірдене етермін.

Жанды да жансыз,
Көрінген заттан сыр бағып,
Өлетін болдым,
Өзімнен-өзім ұрланып.
Шаршадым білем,
Жатпасам енді болмас-ты.
Жұрт кетіп жатқан
Қара теңізге бір барып...

* * * * * * * * *
АВТОГРАФ

Көрер едің,
Шаламын ба, отпын ба,
Білер едің,
Ақынмын ба, жоқпын ба?..
Кектендірген хан Жәнгір де жоқ мұнда,
Кектенетін Махамбет те жоқ мұнда.

Түсінер ең,
Езбін бе, әлде ермін бе,
Байқар едің,
Артықпын ба, кеммін бе?..
Мен Спартак бола алмадым, не шара,
Сенің өзің Цезарь болып көрдің бе?!

Сырым да — осы,
Жырым да — осы,
Алдында.
Байқашы бір,
Бықсыдым ба, жандым ба?
...Махандар жок,
Махаңдардың сарқыты - Мұкағали Макатаев бар мұнда!

* * * * * * * * *
Бір күні,
Бір жылдары,
Бір заманда,
Уақыт қуатымды ұрлағанда,
Шабыттың ақ бастауы құрғағанда,
Шынымен қалам алып, жыр жазам ба!?

Жүректе от,
Ойда жасын қалмағанда,
Тағы да жыр жазам деп қарманам ба?!
Жастықта жазып кеткен жырымды оқып,
Танданам ба, кім білсін, алданам ба?!

О, Муза!
Мәңгі жастық!
Қайран досым!
Қай күні ауар екен сайран қосым.
Поэзия — жастық қой жалын ұшкан,
Жас күнде жазғанындай қайдан болсын.

О, Жастық!
Сен өлгенде, мен өлемін,
Сенсіз мен қиылған бір бөренемін.
Көнеремін, білемін, көнеремін.
Көгере бер мәңгілік сен, өленім!..
Жырсыз менің өмірге не керегім,
Жырдан басқа жұртыма не беремін.

* * * * * * * * *
СЕЗІМ

Арпалысып ақылмен, төзімменен,
Бір сәт те дем алмайды сезім деген.
Шыр етіп жерге түскен шілдехана,
Келеді дүниені кезуменен.

Жанымды тыншытпайды сезім деген,
Қалай жүр, япыр-ау, төзіп денем?!
Қаншама күндер өтті дамылдамай,
Қаншама түндер өтті көз ілмеген,
Білмеймін, не іздейді сезім менен?!

Белгілі шегі де жоқ, жоқ тұрағы,
Белгісіз, қайда апарып соқтырары.
Не, сезім, мені бір күн от қылады,
Не, сезім, мені бір күн жоқ қылады!..

Қаншама көлдененнен өтті қарғып,
Әлемге өмір беріп, етті жарлық.
Ғаламдық зандылықты мойындамай,
Жүргені, барды жоқ қып.
Жоқты бар ғып.

...Адамның сезімінен сезіктенбе,
Сезімді сезіне біл, төзіп, көн де.
Ақыл менен парасат бұғынады,
Шынайы шын сезімге кезіккенде...

* * * * * * * * *
АЙЫҒЫП КЕЛЕМ

Айығып келем.
Айығып келем бәрінен.
Емделіп жүрмін,
Жақсылар берген дәрімен.
Мен үшін өмір тарылған емес, әлі кең,
Кеңістіктерге сапарға шығам әлі мен.

Сауығып келем,
Жинап та келем есімді.
Сағынып қалдым,
Саламат өмір кешуді.
Тағат таппастан,
Тартамын алға көшімді,
Жанып бітпестен жазбаған маған өшуді.
Қиын ғой қиын...
Көшіңді жолға доғарған,
Жана алмай бықсып, ошақта отын жоғалған,
Жаға алмай сөнсең жалын мен отты -
Сол арман,
Жалындап тұрып,
Өртеніп кетсең, жоқ арман!

* * * * * * * * *
Жаз едім кеше,
Айналып күзге барам ба!?
Жалын жоқ,
От жоқ, жасыған мынау жанарда.
Ауытқып кетті аймалап тұрған самал да,
Кеулеп тұр міне,
Дауыл ма, әлде боран ба?
Бұлттанып кеттім,
Бусанып, әлде жауам ба?!
Жел айдап, әлде жердін түбіне ауам ба?!
Қалса екен нәрім ауамда, мына даламда,
Түспесе екен көлеңкем тірі адамға.

Күз болса, болсын!
Үмітімді әсте үзбен мен.
Көктемнің сепкен жемісін маған күз берген.
Сырласып тұрам,
Орылған алқап,
Сыбызғы тартып қурайдан,
Куарған құла түздермен.

Күз болып тұрып,
Бақтарды ойға батырам.
Күз болып келіп,
Қасыңа, калқам, отырам.
Отырам-дағы, жазынды сенің шақырам,
Аймалап тұрып,
Сөйлеймін жаздың атынан.

* * * * * * * * *
Айтатын саған сырым бұл,
Ертеңім менің бұлынғыр.
Әлсіреп, дымым құрып жұр.
Адасып менен кеткен бе?
Айналайын құлын-жыр.
Айтатын саған сырым бұл,
Бастаудың мұздай суымен
Мерт бола кетсем жуындыр.
Өртенген жанды суындыр.

Ерте келіп, ерте өліп,
Шарамды таусып, төңкеріп,
Кетем бе деп қорқамын,
Өз отыма өртеніп.

Бұлақтың мұздай суымен
Жуындыр мені, жуындыр.
Қауышып жаным жырыммен,
Алайын сосын тыным бір...

* * * * * * * * *
Не пайда күрсінгеннен, өкінгеннен,
Не пайда дәтке қуат бекінгеннен,
Алайда, емханада көз жұмғаннан,
Жақсы еді ғой майданның өтінде өлген.

Құрбан ғып жастығымды, жас ғұмырды,
Жауымнан жасыра алмай қастығымды.
Жанымды аямаған жауларымнан,
Ала жатар едім ғой жастығымды.

Өкінбен, мұңайман да, өксімеймін,
Өмірім, осылай-ақ өтші мейлің.
Алайда, аласапыран тіршіліктің,
Алдында күресе алмай тек сілейдім!

Күнін көріп жүргем жоқ жетім құлдың,
Бірақ та не бітірдім, не тындырдым.
Шөп жинаған ініне суырдайын,
Әйтеуір тіршілікке бетім бұрдым.

Қара саз, қара шалғын өленде өстім,
Қырға шығып ырысқа кенелмеспін...
Өлсе өлер Мұкағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім!

* * * * * * * * *

Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.

Аңыз ғып айтар мүмкін қылығымды,
Қылығымды ұнатқан жұлынуды.
Жақсы көрген дер мүмкін «жылынуды»
Әйтеуір қазбас былық-шылығымды.

Жоқ жанды қиған емес жамандауға,
(Сол үшін рақмет адамдарға!!!)
Білемін, әйтеуір бір замандарда,
Жүреді жүз жыл жасап жаман қарға...

Жазылар естеліктер нешелеген,
Көрерміз оның бәрін пешенеден.
Әйтеуір, білетінім бір-ақ нәрсе -
Кешеді өлең немесе өшеді өлең!

...Қулары, таудың қызыл түлкісі дер,
Момындар, біздің үйдің кірпіші дер.
Мәңгілікке өзіммен ала кеткен,
Менің нәзік жанымды кім түсінер!?

* * * * * * * * *
Өзгеден емес,
Өзімнен қорқам,
Сезем мен.
Көзімнен қорқам,
Ернімнен қорқам кезерген.
Мінерге көлік, ұшарға қанат жоқ менде,
Дариға-ай, шіркін!
Қалдырып бәрін безер ме ем...

Басым бір шойын, аяғым менің қорғасын,
Мерзімі толмай ілгері кетті он жасым.
Неге сезбесін?!
Сезеді жаным, сезеді,
Баяғы жылдар қайтадан енді болмасын.

Тұйыққа келіп,
Тіреліп тұрмын бір түрлі.
Көзімнің нұры — көңілімде қалды іркулі.
Жылай да алмаймын, күле де алмаймын,
О, дөсым!
Тауып әкелші ұмыт қалдырған күлкімді.

Өзімнен қорқам,
Өлтірген өзімді өзім ғой...
Басымда ми жоқ,
Тиянақ таппай кезуде ой.
О, досым менің!
Күлкімді тауып әкелші,
Сүретін өмір, күлетін нағыз кезім ғой...

* * * * * * * * *
ЖҮРЕК АРЫЗЫ

Оу, ием менің,
Өзіңнен бұрын жаралғам.
Алдымен — менмін,
Сонан соң — сенсің жаралған.
Басың мен миың, ақылың, есің, кимылың,
Аяқ пен колың —
Барлығы менен нәр алған.

Балғын шағында, өмірге жаңа аттанған,
Бағыңа бастар адамдық жолға ап барғам.
Кезім де болды қайғырған әрі шаттанған,
Кезің де болды, кайтейін, маған дақ салған.

Келеді сенің кей-кейде мені мұз еткің,
Бәріне көндім,
Қателігіңді түзеттім.
Төсек тартқызып, төнгенде қатер басыңа,
Айнымай соқтым, аялап сені күзеттім.

Жалындым саған жақыны бол деп баршаның,
Жан-ием, сенің жақсылығынды аңсадым,
Өткіздім сені қаншама қауіп-қатерден
Ал енді, маған, демалыс берші, шаршадым!..

...Кақың жоқ сенің дем алуға да соқпауға,
Қарсы барамыз оқтарға, әлі оттарға.
Қакым жоқ менің демалыс саған беруге,
Какың жок сенің қалдырып мені тоқтауға!!!

* * * * * * * * *
СЫР

Күрсініп кекірегім, жылайды ішім,
Өсем бе, өшемін бе құдай білсін.
Қанды дағын жүректің қалдырайын,
Қаласа біреу-міреу сұрай жүрсін.

Көрсін де жүрегімнін, аққан қанын,
Ақ қағазда жол-жол боп жатқан дағын,
Байқап бір қарасын да, іздегендер,
Жаудырсын мақтауларын, даттауларын.

Еркелеп мен өмірді кешіп жүрем,
Шаттығым, мұңым да бар,
Несін бүгем.
Кей-кейде сүріндім де, түңілдім де,
Алайда, жоғалтпадым есімді мен.

Жақпадым жауыздықпен аққа қара,
Жатсынып жапқаным жоқ жатқа нала.
Гаваньға құлап түскен ақ шағала —
Жарымды тірілтем деп әурелендім,
Мастанбай ақын деген атқа ғана.

О, Муза!
Тағдырыма иемісің?!
Күрсініп көкірегім, күйеді ішім.
Мен сені жаңартам деп келгенім жоқ,
Сен мені жаралғансың сүйеу үшін.

* * * * * * * * *
АРЫЗ ЖАЗЫП КЕТЕИІН

Бүгін менің туған күнім.
Ой, бәле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай.

Мына дүние неге жатыр үндемей?!
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.
Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,
«Мынау - шапан,
Мынау - атың, мін» демей.

Мына жұртқа жақпады ма әлденем?!
Бекер өмір сүргемін бе, әлде мен?
Халқым,
Сенің қасиетіңді білем деп,
Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?!

Айтамын деп қуанышың, мұңынды,
Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?!
Мен, бәрібір, өзіңменен бір болам,
Өзегіне тепсең-дағы ұлыңды.

...Тойланбаса тойланбасын,
Не етейін.
Той кермей-ақ, сый кермей-ақ етейін.
Қаламымды берші маған, бәйбіше,
Болашаққа арыз жазып кетейін...

* * * * * * * * *
МЕНІҢ МАҚСАТЫМ

Мен жырламаймын,
Сырласамын.
Сыры бар замандаспен мұндасамын.
Асыққан уақытпен,
Адымымды
Абайлап, анда-санда бір басамын.

Көгендеп жыр қосағын,
Келмейді жыр жасағым.
Бөгендеп бетонменен қоя алмаймын,
Өзінше емін-еркін туласа ағын.

Ғайыптан пайда болған сайтандайын.
Жыр туса, қайтармаймын.
Улатып май тандайын,
Ащы тіл ақиқатын айтар дөйім.

Жаныңнан жалындаған өрт кетпеген,
Жалықпай өзімді-өзім зерттеп келем.
О, жүрегім!
Орныңнан қобалжыма,
Жарамсақ жалғандыққа беттетпеген!

Тіптен де мен емес-ті,
«Мен» дегенім,
Сендірмеймін,
Сенбеңдер сенбегенің.
Басқаның жаны-сырын ұғу үшін,
Өзімді зерттегенді жөн көремін.

Мендегі бар,
Сенде бар, онда да бар.
Демек, сенің,
«Менің» де сонда қалар...
Өз жанынды алдымен жайып таста,
Жақсылықтың көкесі сонда болар.

Не шығады бәрін де сүйем деуден?
Бәрін де сүйемін деп, иемденген.
Бәрін де мен де сүйем,
Айтпан бірақ,
Отырып оңашада күйер кеудем...

Күйер кеудем...
Сондықтан күйінемін.
Жасырман, жырым да сол жиі менің,
Жыр жазу, кім біледі, ермек шығар?!
Ақын болу —
Неғылған қиын едің!!!

* * * * * * * * *
Жырым көп әлі менің жазылмаған.
Кенім көп әлі менің қазылмаған.
Қалдырып болар-болмас қазынамды,
Неліктен бір күні мен жазым болам?!

Қуалап тіршіліктің көбелегін,
Қап қойды капелімде көп өлеңім.
Жалғызым, жаным менің — жырым менің,
Қалдырып сені артыма неге өлемін.

Жазайын, жалықпаймын, жасырмаймын,
Қашан қалғып кеткенше басылмаймын.
Ая деп ажалға мен бас ұрмаймын,
Шоқ шайнап, от бүріккен Қасымдайын!

* * * * * * * * * * *
ҚИЬІН НЕ БАР?..

Мың құбылған қуаныштан, дерттерден,
Қиын не бар, адам жанын зерттеуден?
Мен келемін өз жанымды зерттеумен,
Бірде аяз, бірде жалын, өрт кеудем.

Арзан не бар ойнау менен күлуден,
Қымбат не бар, адам сырын білуден?
Мен әуремін, өз сырымды білумен,
Кеше бұзып, өкінемін бүгін мен,
Жылдарымды еске аламын бүлінген.

Адамдардың жаны менен жүрегін,
Ойлайтын ем, бір кісідей білемін...
Ажырата алмай шуақ, түнегін,
Танығанға мәз болыппын іреңін.

Ертең басқа, бүгін жақсы көргенім,
Өз көзіме өзім,
Ғажап!
Сенбедім.
Кесірткедей ауыстырған өңдерін,
Түсінбеймін қылығына пенденің.

Жылдар бойы бірге жүріп, бір күлген,
Жақыныңның жат боларын кім білген.
Адамдарды зерттей алмай жүрмін мен,
Оны зерттеу мүмкін емес, білдім мен...

* * * * * * * * * * * * * *
ӨКІНБЕЙМІН

Өшем деп өкінбеймін, жыламаймын,
Жыласам да жұбат деп сұрамаймын.
Қыранның құдіретін қимасандар,
Кайтейін, тағдырын бер құрадайдың.

Тағдырын бер, тағдырын құралайдың,
Қашан атып алғанша құламаймын.
Сусындатып тұп-тұнық тау бұлағы,
Жанарымда жайнаған тұнады айдын.

Сайрандаймын сайларда, қырды асамын
Сынсыған ну орманмен сырласамын.
Қарауылға іліксем, ілігейін,
Кұзғынға ұқсап келмейді мың жасағым.

Өшем деп өкінбеймін, қайғырмаймын,
Өткен өшті.
Енді оған қайырылмаймын.
Қыран да, құралай да болмақ емен,
Атымнан адам қойған айырылмаймын.

...Арпалысып жүргенде өмірменен,
Қай-қайдағы әкетпес көңіл деген.
Өлсем өлем, өзімнің жерімде мен.
Қалсам қалам, өзімнің елімде мен!
Жыламаймын, сондықтан көңілденем.

* * * * * * * * *
БӘРІНЕ ДЕ ТҮСІНЕМ

Бәріне де түсінем,
Бәрін білем,
Бірақ білмен өзімнің әлімді мен.

Пайдам да жоқ ешкімге, зияным да,
Ұялтуға қақым жоқ, ұялуға.
Жаяулатып жүріп-ақ, дәмем күшті,
Құрық салам құланға қиялымда.

Қалқасында жүріп-ақ қалтарыстың,
Күшім бар деп, күшіндей Алпамыстың,
Келсін шамам келмесін, шаруам жоқ,
Геркулеспен келеді арпалысқым.

Олай көрем өзімді, бұлай көрем,
Өзімді-өзім патша, құдай көрем.
Кесілмеген тұсауы нәрестедей,
Кездескеннің бәрінен құлай берем.

Шабыт, ашу, шаттық, мұң, ұят қалып,
Жүрген жай бар, осылай күй ақтарып.
Билей алмай жүрмін мен бір басымды,
Роботы біреудің сияқтымын.

Бәріне де түсінем,
Бәрін білем,
Бірақ білмен өзімнің әлімді мен...

* * * * * * * * * * * * * *
СОҚ, ЖҮРЕК!

Қалай-қалай соғасың, қан жүрегім?!
Соғасың, әлі өмірің бар білемін.
Дем ала ғой, байғұсым, дем ала ғой,
Бұл тірлікте құмарым қанды менің.

Мазалама кеудемді, ойнақ салып,
Хал жоқ менде көнетін қайраттанып.
Қаншама рет суындын қайнап барып,
Қаншама рет тірілдін жайрап барып?!
Мен сені әлсіретіп алдым білем,
Болмашы нәрселерге айдап салып...

Өртенбей қалып едің от-жалыннан.
Көздеп атқан кімдердің оқтарынан.
Қорқамын, қорқам сенің, қан-жүрегім,
Қалжырап ойпы-тойпы соққаныңнан.

Түсінемін сенің қажып тұрғанынды,
Соқ, жүрек!
Бұзбай соққын ырғағынды!
Сыңғырлаған сиқырлы үн естиін,
Бұрап қой босап қалған сымдарыңды.

Қалай-қалай соғасың, қан-жүрегім?!
Білмеймін, қанша өмірім қалды менің.
Торға түскен торғайдай боп барасың,
Қаршығадай самғаған алғыр едің...

* * * * * * * * *
Мен бүгін көп қиналдым,
Еш нәрсе жаза алмадым.
Бірдеңе мазамды алды, мазамды алды...
Көңілім қоқыстан бір тазармады,
Қоқыс сатқан жандайын базардағы.
Елегізіп, еске түсіп қай-қайдағы.
Көңілдің іріп кетті бал қаймағы.
Кегі кеткен жандайын әлдекімге,
Іш өртеніп, қайнайды қан бойдағы.
Сам жамырап, келеді құлап іңір,
Мен ойлаймын ананы-мынаны бір.
...Алыста, Абайлардың жайлауында,
Жайылып поэзия пырағы жүр.
Жүрсін, жүрсін жануар...
Жүрсін, мейлі
Әлі жеткен жан ұстап, мінсін, мейлі.
...Мен бүгін көп қиналдым, көп қиналдым,
Неге?!
Неге жүрегім дүрсілдейді!?

* * * * * * * * *
Өміріммен өтер болды-ау бұл өлең,
Бір маза жоқ, кілем тоқып, гүл өрем.
Асқар тауға ақша бұлт боп қонақтап,
Қара жерге қара аспандай түнерем.
Өміріммен өтер болды бұл өлең.

Таңмен атып, күнмен бірге жатамын,
Таусылмайды, бітпес сірә сапарым.
Өзегінде өлең ағып жатпаса,
Өгейситін сияқты осы Отаным.

Олеңімсіз өмір сүрмес болыппын,
Олеңімсіз өмір де жоқ, борықпын.
Ақындық бір жазылмайтын дерт екен,
Ақындық бір ауру екен, соны ұқтым.

Ақын деген лапылдаған өрт екен,
Ақындардың жанып өту — серті екен.
Бықсымаспын, шалам қалмас артымда,
Жана алмасам, ерте келдім, ерте өтем.

Жанып өтем, жанбай қайтіп тірі өлем,
Жаумай қайтіп, жаумай қайтіп түнерем.
Тіл тиылмай, жүректынбай тынбайтын,
Өміріммен өтер болды бұл өлең...

* * * * * * * * *


ҚАЗЫНАМ БАР

Қазыным бар.
Біреуге берсем бе екен?!
Өкпелейді-ау бермесем,
Берсем, - бөтен.
Бар байлықты қойныма тығып алып,
Әлде мына құмдардай өлсем бе екен?!

Қазынам бар,
Біреуге қисам ба екен?!
Ренжиді-ау қимасам,
Қисам, - бөтен.
Әлде мына даладай бар байлықты
Бір өзім иемденіп, жисам ба екен?!

Қазынам бар.
Тәуекел, сатсам ба екен?!
Өзіңдікін өзгеге сатсаң, - бөтен.
Әлде мына таулардай бүркеніп ап,
Бүк түсіп, теріс қарап жатсам ба екен?!

Қазынам бар.
Қисапсыз шектеледі.
Қызғанады біреулер, жек көреді.
Бермеймін де сатпаймын, көрсетпеймін!
Алам десең,
Алдымен зертте мені...

* * * * * * * * * * *


akon
akezhan-9811@mail.ru
17-02-13 18:48
Мұқағали Мұқағали махаббат
Максат Алматы
мах_91соm@mail.ru
17-02-13 13:23
Қадiрлi дос!

Қайтесiң ренжiме,

Айтпай-ақ қой,

Халiңдi бiлем, бiлем...

Таппай жүрсiң сырласар сыңарыңды,

Жiбi түзу жан iздеп жылы өңдiден.

Айтпасаң да халiңдi бiлем, бiлем...


Жанның бәрiн жаныңа дос санадың,

Дос санадың...

Қалмады басқа амалың.

Ал, жүрегiң?...

Жүрегiң тулап жатыр,

Қирата алмай кеудеңнiң тас қамалын.


Бәрi де алдыма бас иер менiң,

Бiр құдiрет…
Максат Алматы
мах_91соm@mail.ru
17-02-13 13:19
Ойхой, қазақ даласы!
He көрмедің? !
Қанша қурап, қаншама көгермедің?!
Қорқыттың қобызымен боздаттың ғой,
Асанның шерге оранған өлеңдерін.
Ойхой, қазақ даласы!
He көрмедің?!
Қорқыт, Асан тіріліп, қайта келсе,
Сенің мына кейпіңе сенер ме еді?..
Мына бақты көргендер төбеңдегі
Қуанғаннан көз жасын төгер ме еді?
Қуаныштан кеудесі қарс айрылып,
Кім біледі, қайтадан өлер ме еді?!
Ойхой, қазақ даласы,не көрмедің?!
Өткеніне үңіліп отыра алман,
(Біздің қазақ өлмеген, оты жанған...)
Үзік-үзік естимін сараң хабар,
Тірідейін көмілген Отырардан.
Айта жатар басқалар өткенімді,
Қан мен жасты қайтіп мен төккенімді,
Жаңа дәуір алдында,жөн көремін,
Максат Алматы
мах_91соm@mail.ru
17-02-13 12:49
Досым саған сенемін

Дос болам десең досыңды сыйла қымбаттым
Досыңа сонда досыңмен ғана қымбатпын
ДОс болам десең мендегі доспен достасқын
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын

Достарың көп пе апырау неткен жақсы едің
Досым аз менің досым-ау менің тапшы емін
Достарыңменен достастыр мені асылым
Достастыр мені болайын құлың нақ сенің

Достыққа жүрмін,Достыққа жүрмін құмартып
Өлгелі жүрмін өзіме-өзім мін артып
Жауыздың барып жанына уәзір болғаннан
Достардың барып ауласында өлген мың артық.

Досым саған сенемін сеніп өтем
Жолы бөтен демеймін жөні бөтен
Достық деген адамның көрігі екен
Достық деген ақылдың серігі екен

Қыран күлкі тамаша бәрі осында
Отырмын думан тойдың арасында
Береке бойдан асып жатқанымен
Олқы тұр көңлім менің нанасың ба! ! !
Арайлым
t,araika_91_25@mail.ru
16-02-13 11:44
Дос туралы оленин жазындаршы отиниш
Әділет
15-02-13 09:04
Өмір
Өмір өтесін-ау бір күні.
Қиясын-ау қуанышты, күлкіні,
Өмір деген бір жарқ еткен найғазай,
Өмір деген көк аспанның күркүрі.
Пай-пай өмір өтесін-ау бір күні.

Болмағандай, жүрмегендей сенде біз,
Кетеміз-ай, кетеміз-ау пендеміз.
Ұрпақтарға беремізде кезекті
Біз кетеміз кету үшін келгенбіз.

Өмір деген бұйым емес қолдағы,
Өмір деген ұлы бекет жолдағы.
Қаның кеуіп қаталаған кезінде
Сусынынды қандырсан бір болғаны.

Мына күнде, мына аспанда, дала мынау
Бәрі бізден, бәрі бізден қалады-ау.
Өмір деген тағатсыз бір қозғалыс,
Өмір деген өлемін деп қарамау.


Кайрат
kairat_s@hotmail.com
14-02-13 23:34
Мукагали агамыздын бул оленин толыгырак ким биледи, жазып жиберизши:
Ой-гой казак даласы,
Не кормедин,
Канша курак,
Каншама когермедин,
Коркыттын кобызымен боздаттынгой ...
Максат Алматы
мах_91соm@mail.ru
14-02-13 21:48
Ақиық ақын Мұқағалидың өзі өлседе, Өлеңі өлмес мәңгіге

Ақынның бір қыры
Дін-ғылымның анасы,
Дін-ғылымның әкесі,
Ғылым-діннің баласы,
Қоқыс та,гүл де бар.
Адам Ата өлмесін,
Ақыр заман келмесін.
Қол қусырып Құдайға,
Ғылым мен дін,бірге бар
Максат Алматы
мах_91соm@mail.ru
14-02-13 21:46
ПОЭЗИЯ

Менімен егіз бе едің
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан...
... Сені іздедім.
Іздеймін тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?

Осы өлең жолдарын оқыған кезде алып жырдың жаратылысын, жаңа қыры мен сипатын танығандай күй кешессіз... Ақын өзінің қысқа ғұмырында өзіне-өзі сенген. Ары таза, жаны мөлдір, жүрегі отты, рухы асқақ жырлары мен көркем дастандары сол сенімінің жемісі.
Максат Алматы
мах_91соm@mail.ru
14-02-13 21:44
Халыққа хат

Туған халқым!
Қатемді кешір менің
Сенің арқан-сескенбей,есіргенім
Егерде жырың болмай,ұрың болсам
Алақанға саласың несін мені
Жоқ!
Менің жүрек емес төсімдегі
Ол бір от сенің ұлы көшіндегі
Өзіңнің жандырғаным,өшіргенің
Әзірге тастаған жоқ есім мені
Уа,жұртым!
Кешір мені!
Кешір мені!
М.Мақатаев
Максат Алматы
мах_91соm@mail.ru
14-02-13 21:42
Мінезім

Бір мінезім бар еді аңқылдаған
Дұшпанға да, досқа да жарқылдаған,
Ол да әншейін жастықтың жалыны екен,
Шикі киіз секілді қарпылмаған.

Бір мінезім бар еді көкке өрлеген
Адылдықты шындықты жек көрмеген
Ол да әншейін жастықтың жалыны екен,
Ауыздықсыз әзірше тек қағам.

Пайда болды бір мінез енді маған
Алып қашпам басылды, бітті шамам,
Кімдер қандай қабақпен қарайды деп
Асыранды тазыдай жылмаң қағам ! ! !
Максат Алматы
мах_91соm@mail.ru
14-02-13 21:40
Жұмыстан соң

Қажып тұрмын несіне жасырайын
Әкелші ата бар болса насыбайың,
Азан-Қазан шулаған қапақ бастан,
Құрып кеткір даң-дұңды қашырайын.

Айтшы ата әкемді көріп пе едің
Ол да мендей жанба еді желікпелі
Ол да мендей шақшаңа құмар болып
Сергіп бір қайту үшін келіп пе еді.

Ол да мендей шолжаңдап жүріп пе еді
Саяқ па еді болмаса күлік пе еді
Болмаса дүйім елді дүбірлеткен
Бағзы біреулердей бүлік пе еді ! ! !
Назерке
nazikow_10@mail.ru
14-02-13 19:56
Мукагали Макатаевтн Сени калаймын деген оленин тауып бериниздерши!!!11
mikon)
missis.mikon98
14-02-13 19:02
маган мукагали макатаевтин меним бугин туган куним деген оленин тауып беринизши?
ILES
iles.jankissiev@mail.ru
14-02-13 08:17
Жок, дарiгер!
Жүрегіме жүк артып жүргенімде
қажыдың ба, байқұсым, білмедімбе?
шайпау тиіп, шаршатып кім көрінген,
Уландың ба білмеймін, кірлендің бе?
Бары ақиқат бір дерттің жүрегімде,
Дәрігер ау, арқалап жүремін бе?
Сорлайтындай соншама кім едім мен,
неге аяныш атасың іреңіңнен?
Айтып өлтір, қайтесің босқа ойланып,
Жүрек дерті өлімге бастай ма анық?
адасам ба өмірден жастай қалып?
ет жүрегім кете ме тасқа айналып?
неге айтпайсың тұрғанша, босқа
ойланып?
Пері соққан пендедей есі жарым
Тамырымда тулайды есіл ағын
бұл жүректің білмеймін несін алдым
несі жоғын білмеймін, несі барын?
қаным қайнап барады, қаным қайнап,
бір амал тап дәрігер, халімді ойлап
алауыртқан ақынның қолын байлап
әкетпесін ажал кеп өлімге айдап.
...Жоқ! Дәрігер! Орнатпа басқа жүрек!
басқа лүпіл жасама басқа леп
қалай айтам бүлінген жүрегімді
білдірмей доғдыр алып тастады деп?!
Өңгеріп өгей жүрек қайда барам
өзгенің ғұмырын қалай пайдаланам?
сыйыңа рахмет, қайран Адам!
өзімнің жүрегімдей қайда маған?
алмастырам?! дедің ай алмастырам!
сірә, менің жұлдызым жанбас бұдан
өзімнің жүрегімді жерлеп келіп
өзгенің өмірін қайтіп жалғастырам?
Тула жүрек! өкінем мен несіне?
туған жүрек әрине, өлмесін бе?
жоқ дәрігер, қозғама дамылдасын
әрбір жүрек өзінің кеудесінде!!!
Адина
adina.kasimbekoba
12-02-13 17:38
Мұқағали атамыздың өлеңдері маған қатты ұнаиды
Оңталап
onti_90@mail.ru
12-02-13 14:11
Бәлкiм өзiм, бәлкiм жүрек айыпты,
Мына маған өзiң ғана лайықты...
Алдымыздан күтер дегем жарық таң,
Таң орнына түнек қанат жайыпты!
Жолдасов Оңталап Жексембайұлы
акжол жакешов
mr.zhakeshovich
12-02-13 07:53
o,махабат
Динара
Dina-sa@mail.ru
11-02-13 15:54
\"Сезім\"
(Мұқағали Мақатаев)
Арпалысып ақылмен, төзімменен,
Бір сәт те дем алмайды сезім деген.
Шыр етіп жерге түскен шілдехана,
Келеді дүниені кезуменен.
Жанымды тыншытпайды сезім деген,
Қалай жүр, япыр-ау, төзіп денем?!
Қаншама күндер өтті дамылдамай,
Қаншама түндер өтті көз ілмеген,
Білмеймін, не іздейді сезім менен?!
Белгілі шегі де жоқ, жоқ тұрағы,
Белгісіз қайда апарып соқтырары.
Не, сезім ,мені бір күн от қылады.
не, сезім, мені бір күн жоқ қылады!...
Қаншама көлденеңнен өтті қаргып,
Әлемге әмір беріп, етті жарық.
Ғаламдық заңдылықты мойындамай,
Жүргені, барды жоқ қып,
Жоқты бар ғып
... Адамның сезімінен сезіктен бе,
Сезімді сезіне біл, төзіп, көн де.
Ақыл менен парасат бұғынады.
Шынайы шын сезімге кезіккенде.....
Айша
aika_2000.kz@mail.ru
11-02-13 14:19
Мұқағали ақынның өлеңдерін осында жинақтайық.
АЛЛА барлықтарыңыздың жүректеріңізге иман ұялатсын*

Жас кайын

Өмір сүрейік алмасып _ (ЖАс қайың)


Жапырақ-жүрек жас қайың!
Жанымды айырбастайын.
Сен адам бола бастасаң
Мен қайың, бола бастайын.
Келісесің бе, жас қайың?
(Көрінер,мүмкін, кімге ерсі.)
Өміріңді маған бір берші!
Дүрбелең мына дүниені,
Адам көзімен бір көрші.
Қайың боп мен де бағайын,
Орманнан орным табайын.
Беймәлім маған өмірге,
Қайың көзімен қарайын.
Сен-дағы жерден нәр алдың,
Мен-дағы жерден нәр алдым.
Біреуден сен де жаралдың,
Біреуден мен де жаралдым.
Тілің жоқ, жанды қайың сен,
Айырмашылығым - Адаммын.
Мендегі бары бір жүрек.
Беріпті жүрек саған мың,
Сондықтан ұзақ жасайсың -
Құрдасы келер заманның.
Бар-жоғы менде бір жүрек,
Ол өлсе мәңгі кеткенім.
Сендегі: семсе мың жүрек,
Келгенде жасыл көктемін
Тірілер қайта дүруреп.
Жапырақ-жүрек, жас қайың!
Жанымызды айырбастайық?
Адам боп жүрсең қасқайып,
Қайың боп тұрам қасқайып,
Тәуекел, айырбастайық.
Өмірге-өмір жалғасып,
Анамыз жерге жармасып,
Бірде адам, бірде қайың боп,
Сүрейік өмір алмасып...


Мұқағали Мақатаев
Айша
aika_2000.kz@mail.ru
11-02-13 14:16
Жапырақ-жүрек жас қайың!
Жанымды айырбастайын.
Сен адам бола бастасаң
Мен қайың, бола бастайын.
Келісесің бе, жас қайың?
(Көрінер,мүмкін, кімге ерсі.)
Өміріңді маған бір берші!
Дүрбелең мына дүниені,
Адам көзімен бір көрші.
Қайың боп мен де бағайын,
Орманнан орным табайын.
Беймәлім маған өмірге,
Қайың көзімен қарайын.
Сен-дағы жерден нәр алдың,
Мен-дағы жерден нәр алдым.
Біреуден сен де жаралдың,
Біреуден мен де жаралдым.
Тілің жоқ, жанды қайың сен,
Айырмашылығым - Адаммын.
Мендегі бары бір жүрек.
Беріпті жүрек саған мың,
Сондықтан ұзақ жасайсың -
Құрдасы келер заманның.
Бар-жоғы менде бір жүрек,
Ол өлсе мәңгі кеткенім.
Сендегі: семсе мың жүрек,
Келгенде жасыл көктемін
Тірілер қайта дүруреп.
Жапырақ-жүрек, жас қайың!
Жанымызды айырбастайық?
Адам боп жүрсең қасқайып,
Қайың боп тұрам қасқайып,
Тәуекел, айырбастайық.
Өмірге-өмір жалғасып,
Анамыз жерге жармасып,
Бірде адам, бірде қайың боп,
Сүрейік өмір алмасып...
мукагали макатаев
samgat 97
samgat_97@mail.ru
11-02-13 12:42
okirmandar tansa otiraik

тұрсынмұрат
Tursinmurat_98
11-02-13 07:17

О, махаббат!

О, махаббат, сен әлі тірі ме едің?

Көзімнен ғайып болған күнім едің!

Гүлім едің,

Елтіген түнім едің.


О, махаббат сен әлі тірі ме едің?!

Мен сені ұмытқанмын

Жылытқаның есте жоқ, суытқаның,

Суып қаным,

Жинағам құрып хәлім.


Құлаған отауымның уықтарын,

Содан бері мен сені ұмытқанмын.

О, махаббат, сен әлі тірі ме едің?


Тірі болсаң, мен де енді тірілемін

Ақ періште алдына жүгінемін,

Қолдай гөр, ғашықтардың пірі мені!

Мұқағали Мақатаев
тұрсынмұрат
Tursinmurat_98
11-02-13 07:15

Білектей арқасына өрген бұрым...

Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?
Аласы аз қара көзі айнадайын,
Жүрекке ыстық тиіп салған сайын,
Үлбіреген ақ етті, ашық жүзді,
Тісі әдемі көріп пе ең қыздың жайын?
Бұраң бел, бойы сұлу, кішкене аяқ,
Болады осындай қыз некен-саяқ.
Піскен алма секілді тәтті қызды
Боламын да тұрамын көргендей-ақ.
Егерде қолың тисе білегіне,
Лүпілдеп қан соғады жүрегіңе.
Бетіңді таяп барсаң тамағына,
Шымырлап бу енеді сүйегіңе.
тұрсынмұрат
Tursinmurat_98
11-02-13 07:13
...Махаббат па?
Өлеңді жазған: Мұқағали Мақатаев
2006-07-24
...Махаббат па?
Махаббат болған еді.
Таудың мен еркін жүрген тағысы едім,
Тапты да,түсірдіғой торға мені.

Махаббат па?
Махаббат болған менде.
Жиі барғам аққулар қонған көлге,
Ал кәзір тоңған жүрек,солған кеуде.

Ғашықтық па?
Ғашық та бола білгем.
Бір-ақ жанға ғашықпын бала күннен,
Жанымменен сүйемін,жанарыммен.

Сағыныш па?
Қалай оны тауыса аламын.
Сағынғанмын,шөлдегем,
Ақыры шаршағаным,шаршағаным.

Сүйгенім бе?
Сүйгенім өмірде емес
Ұйықтасам,түнде түсім,көңілде елес,
Өлгенше кетер емес көңілден еш...
Айжан
ayzhan.almazbek@mail.ru
10-02-13 20:27
Жұмбақ сағыныш
Бір сағыныш көкірегімді кернейді,
Бір сағыныш көкірегімді кернейді…
Көптен бері, көктемдегі күннің асыл сәулесіндей тұп-тұнық.
Көптен бері түсіме ешкім енбейді,
Бір беймаза сағынышым өңімде жүр күттіріп.


Бір сағыныш көкірегімде пәтер жалдап тұрады:
Кімді, Нені сағынамын, Белгісіз.
Күнәсі жоқ күндерге артып кінәні
Мұңаямын, жоқсыз бірақ енді Сіз.


Жо-жоқ, сізді сағынбаймын, сағынышым бөлек тым,
Ол түу шырқау ғарыштардан кеп жатқандай құйылып.
Жүрегімді тұншықтырды зор екпін,
Ішіме еніп алғандай боп күллі әлемнің сағынышы жиылып.


Сағынушы ем құстарды,
Келді олар да, дүниенің түгі де жоқ құбылған.
Шекті шаққа ұзарды да, күндер қайта қысқарды,
Тамшылаған су секілді тесігі көп құбырдан.


Сағынушы ем, көктемді,
Ол да міне жалақыдай таусылуға таяды,
Сағынушы ем, өткенді, оның несін аңсаймын?
Кешегімнен айырмасыз бүгінгім, тіршілік қой баяғы.


…Бір сағыныш… қуаныш та, мұң да өзі,
Ұғынықсыз шырқайтұғын кейде әнін.
Бір сағыныш… куәгері – күн көзі һәм түн кезі…
Бір сағыныш… болашағы беймәлім.


Сүйретілген арман, қиял, бос елестер көшімен
Арасында сенім менен күмәннің,
Босып жүріп осы мен
Ақыретті сағынатын шығармын?


Мүмкін…
Ақырғы күн сағыныш боп орын тапса, көңілден…
Қайтарғысы келмегені болар ғазиз бетімді.
Күнә жиып күн кешетін өмірден
Періштемен тілдесетін қабір артық секілді.


Иә, иә, сағынышым бөлек тым,
Ол түу шырқау ғарыштардан кеп жатқандай құйылып.
Жүрегімді тұншықтырып бара жатыр зор екпін,
Ішіме еніп алғандай боп күллі әлемнің сағынышы жиылып.


Сағынамын, жанымды мұң торласа,
Әлденені, әлдекімді, әлдеқандай әлемімді сағынам…
Иә, бір жұмбақ сағынышым болмаса,
Өмір сүріп нағылам?

Ербол Шымкалалык.
Еbo_s.t.bаdаm
10-02-13 18:32
Асик саган жауап!
Мукагали олендерин болип жару болмайды.
Болип жару журекти жаман козгайды.
Мукагали тумасы жок азирше.
Ондай акын бугин болса ертен тумайды.
Мине былайша ол Абай олендеринен сабак алган.
...Куат алып Абайдын тил кушинен.
Жыр жазамын Абайдын улгисимен.
Абай болып табынсамда бир кисиге.
Абай болып тунилем бир кисиден...
Мукагалидын ози айткандай \\" Абай жаккан бир сауле сонбеу ушин\\" жанын салган акыннын бейнеси танылады.
Егерде достар олен жолдары немесе анге соз жазу немесе сценари жазу кажет болган жагдай да еbо_s.t.bаdаm@mаil.ru
немесе 771 32 952 64
номесине хабарласыныздар!
Аман болыныздар алаш журтым!

ular
olen_jurek.94
10-02-13 16:33
kalaisindar soz kadirin biletin kazak jastari maxabbat jaili olenderin jazip berinderw dostar
Жандос Шукирбаев
Altin_001@mail.ru
10-02-13 12:04
Ассалаумаалейкум окырман кауым акыннын мына оленын толык жазып жибере аласыздарма отинем : Ей тагдыр мен саган багынбаймын багынбаймын, Барма тагы корсетер зарын кайгын... Осы оленди толык жазып жибериныздерши Аltin_001@mail.ru
Қуралай
Kuralai.99@inbox.ru
10-02-13 10:35
Сәби болғым келеді деген олеңінің минусын қайдан алуға болады


страницы:    « в конец    10    9   8    7    6    5    4    3    2    1    в начало »   


Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube