Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Мәдениет, өнер, дәстүр, әдебиет, БАҚ
Тақырып: Тәрбие тал бесіктен!


Авторы Xабарлама
Нұрлан ЕСЕНҒАЗЫ
yessengazy@mail.ru
30-08-16 19:02
Тәрбие тал бесіктен!
Қоғамның басты байлығы – адам! Елбасымыз халыққа Жолдауында «Адам елдің басты байлығы» - деп атап көрсетті. Жан-жақты жетілген, білімді, саналы азаматтар қалыптасқан қоғамның болашағы зор. Ал, болашақтың иесі – жастар. Сондықтан да жас ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берілуі тиіс. Жастарды Отан сүйгіштікке, патриотизмге, адамгершілікке, мәдениетке, өзара сыйластыққа тәрбиелеу қажет.
Әр ұлттың өзінің ұлттық құндылықтары болады. Бір ұлтты екіншілерінен ерекшелендіріп тұратыны өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері. Тілі, ертегілері, мақал-мәтелдері, лиро-эпостық және батырлар жырлары, әдет- ғұрпы, салт-дәстүрі, менталитеті, мәдениеті, өнері, тағамдары, ұлттық қолөнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары, т.б.
Қазақтың ұлттық бұйымы бесіктің пайдасын өмірдің өзі дәлелдеп, осы уақытқа дейін жетіп отыр. Баланың таза болуы, ұйқысының тыныш болуы өз алдына, баланың ана құрсағынан жарық дүниеге келген соң табиғи өсуіне әсер етеді. Сәби өмір есігін ашпас бұрын, ана құрсағында жүріп тербеліске түседі. Алайда өмір есігін ашқан соң жарық дүниеге бірден үйлесе алмайды. Сондықтан оны ана құрсағындағыдай әлдилеп, тербетіп отыру керек. Міне, қазақтың ұлылығы! Өкінішке орай қазір (әсіресе қалалы жерде тұратын) жас келіншектер баланы бесікке бөлеуге ерініп, памперсті күні-түні қолданатын болып жүр.
АҚШ пен Еуропа елдерінде озық ойлы дәрігерлер памперсті қолдануға қарсы «Келініңізге күйеу іздеңіз!» деген акциялар ұйымдастырып, жасанды жаялықтан бас тартуға үндеуде. Бұның мағынасы: «Сіздің памперс кигізіп өсірген ұлыңыз белсіз, ұрпақ әкелдіре алмайды» дегенді білдіреді. Себебі памперстің балаға зияны ұшан-теңіз. Памперстің кеселінен нәжісті өзіне сіңіріп, химиялық жолмен буландырып жіберетін қоспалар адамды белсіздік пен бедеулік ауруына душар етеді.
Памперстің нәресте денсаулығына өте зиян екенін бәрі біледі. Оның құрамындағы «суперадсорбент», «полиакрилатнатрий», «трибутилен» деген у түрлерін химияны оқыған әрбір бала біледі. Памперстің негізгі қабаты жұқа пластикадан тұрады. Сырты «суперадсорбентамен» қапталған. Сұйықты сорып алып, «жоқ қылатын» құрал осы. Бұның құрамында «полиакрилатнатрий» бар. Бұл затты 1985 жылдан бастап, медицина саласында қолдануға әлемдік Денсаулық сақтау ұйымы тыйым салған. Әсіресе, сәбидің жыныс мүшесін болашақта белсіздікке ұшырататын зат – «трибутилен» дейтін пәле. Бұл химикат адамның иммундық қабілетін орасан әлсіретеді.
Соңғы жылдары мектеп жасындағы оқушылардың өз-өзіне қол жұмсау оқиғасын жиі қайталануының дендеп кетуінің бір ұшы памперстің кесапатында жатыр. Себебіне үңілсек: «памперс» киіп ержеткен бала қай кезде, қай жерде, қандай күйде болғанына қарамастан(ұйықтап жатып та) дәретінке отырып қояды. Өйткені, ол балада дәретін уақыт пен орынға қарай реттеп, ұстап жүру қабілеті жойылған. Яғни, рефлекс әлсіз немесе қалыптаспай қалған. Сәби кезінде орнықпай қалған рефлекстің зардабын есейгенде тартпақ. Қысқасы, «памперстің» салдарынан дәрет сындыру рефлексі жойылып, «Энурез», яғни шыжың дертіне ұшыраған жасөспірім ақыры өзін-өзі мерт етіп тынады. Шыжың дерті балабақшаны қойып, мектептің жоғарғы сынып оқушылары арасында да көптеп кездеседі. Әрі жыл сайын көбейу үстінде. Дәретіне ие болмаудың ақыры қасіретті жағдайға әкеліп соғады. Ондай жағдайға ұшыраған баланың ішкі күйзелісін әдетте әркім түсіне бермейді.
Соңғы 25 жылда Еуропа елдерінде бала туудың азаюының бір себебі бедеулік пен белсіздіктің әсері деп жүр. Себебі, памперс киіп өскен баланың қуаты қырыққа жетер-жетпесте тоқырап қалады екен. Алла тағаланың жаратуы бойынша, ұл баланың мүшесінің ұшы мен ен қалтасының қалыпты температурасы болады. Жас бала памперске кіші дәретті жіберген кезде дене температурасы бірден жоғарылайды. Аздан кейін памперске сіңген зәр қайтадан суиды. Сөйтіп, қысқа аралықта бір күйден екінші күйге алмасқан температура аталық бездің дамуын тежейді. Демек, табиғи қуатын жойып жібереді. Бұндай жағдай қыз балаға да кері әсер етеді. Осыдан барып белсіздік пен бедеулік ауруына ұшырайды. Бұл – ұлтқа төнген үлкен қауіп. Халықты өсіретін де, өшіретін де – әйел! Қазіргі жас келіншектердің өз жанын аялап, жалқауланып, баласын бесікке бөлемей, памперс кигізуі қазақ халқын «өшіріп» жіберуі мүмкін. Сондықтан ері бар, әйелі бар «ұрпағым болса екен» деген әрбір қазақ қатты ойланулары керек.
«Тәрбие тал бесіктен басталады» - деп дана халқымыз тегін айтпаған. Ұрпақ тәрбиесі отбасынан басталып, мектепте жалғасады. Әсіресе, отбасының тәрбиесі жүйелі болуы тиіс. Әр ата-ана өзінің мінез-құлқымен, жүріс-тұрысымен, адами қарым-қатынасымен, бүкіл болмысымен балаға үлгі болуы тиіс. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген халқымыздың қанатты сөзі бар. Біздің халқымыз жас ұрпақты тәрбиелеудің қарапайым түрін шебер пайдаланған. Әжелеріміз баланы ұйықтатқанда батырлар туралы жомарттық, мейірімділік, Отансүйгіштік тағы да басқа тәрбиелік мәні зор ертегілер, дастандар айтып ұйықтатқан. Мұның өзі баланың құлағына жақсы істерді сіңіру еді. Бала мұның барлығын есіне сақтап қалады да, адамгершіліктен аспайтын, жамандыққа баспайтын, елін-жерін сүйетін азамат болып шығады. Жастар тәрбиесі күрделі іс. Жастарға қамқорлық жасау елдің болашағына қамқорлық жасау болып табылады. Ұрпақтарымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар, елін-жерін сүйетін ұрпақ өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық дамудың негізін келешек ұрпақ тәрбиесіне бағыттауымыз қажет.
Жазушы Мұхтар Әуезов: «Ел болам десең, бесігіңді түзе!» деп айтқан. Ал, бесіктің құрылымы балаға гигиеналық тәрбие беруге лайықталған әрі алып жүруге жеңіл, ықшам және берік. Ол баланың тазалығына өте қолайлы, өйткені арнайы қойылатын түбек пен шүмек баланың дәретін жаймай, таза және ұзақ ұйықтауына жағдай жасайды. Бұл үй шаруашылығымен айналысып жүретін анаға қалай қолайлы болса, көшіп-қонып жүргенде, баланың өзінің де денінің сау болып өсуіне де тиімді.
Бесіктің жабдықтары – түбек, шүмек, төсек, жастық, жөргек, қолбау, тізебау, тізе жастық, екі тартпасы. Шүмекті қойдың асықты жілігінен жасаған, ол айрықша аппақ болу үшін сүтке қайнатылған.
Жалпы ата-бабамыз бесікті қасиетті, құтты мүлік деп есептеген. Мұны Төле бидің мына бір әңгімесінен байқауға болады: Жоңғарлар шапқыншылығынан соң тоз-тоз болған ел таулы жаққа қарай босып, үдере көшкенде, екіқабат жас келіншек бос бесікті арқалап бара жатқан көрінеді. Сонда Төле бимен қатар келе жатқан кісі: «Мына бейшараның көрпе-жастығын тастап, бос бесікті арқалап келе жатқаны-ай», – дегенде, Төле би: «Баланың бесігі – кең дүниенің есігі ғой», – деген екен.
Қазіргі жан-жақты дамыған заманда адамның қажеттілігі үшін әртүрлі заттар, техника, жиһаздар шығып жатыр. Оның ішінде сәбилерге арналған кеуеттер де жоқ емес. Бұлар атам қазақ пайдаланған бесіктің орнын ауыстыра алмайды. Бесік баланың денсаулығына, ми қызметінің дұрыс дамуына үлкен септігін тигізеді. Бала бесікте таза әрі жылы жатады. Жаялығы құрғақ болғасын ұйқысы да тыныш болады. Арасында шешіп алып, аяқ-қолын созып, жаттығулар жасау керек. Бала бесікте жатпаған уақытта бесік көрпешелерін далаға күннің көзіне, қыста аязға жайып алу қажет.
Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбие беру. Тәрбие тал бесіктен басталады. Баланы бесіктен тәрбиелеу қажет.
Бесікке жатқан бала дені сау, ұйқысы тыныш, дүниетанымы кең, өмірге құштар болып өседі. Тілі де ерте шығып, балабақшаға барғанда қатарластарынан оқ бойы озық тұрады. Олай болуы орынды да. Өйткені, бесікте жатқан бала ана әлдиімен ұйықтап, ана әлдиімен оянады. Бала бесікте жатып әуезді әнді тыңдап қана қоймайды, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі. Айналаны бағдарлайды, өмір сүру қағидаларымен танысады, әкесі мен анасын, атасы мен әжесін, бауырларын таниды. Олармен тілдесуді бастайды. Алғашқы айлардан бастап-ақ бала жекелеген буындарды айтып, сөйлей бастайды. Анасының еркелеткенін, кейіген сәттерін ажырата алады. Әкесінің жұмыстан келіп, құшағына алған сәттердің бәрі бала зердесінен өтеді. Уақыт келе, бала өскен сайын, көп нәрсені үйренуге айналадағы құбылыстарға зер сала бастайды. Баланы бесікке салып, өсіру аналарға көп көмек. Кейде анасы бар шаруаға үлгере алмай жататыны бар. Жас баланы тамақтандырып, бесікке салып қойып, әлдилей отырып, тамақ әзірлеуге уақыт табуға болады. Дер кезінде қажетті істерді атқарып жүріп, сәбимен ұзақ тілдесуді дағдыға айналдырған жөн.
Бесіктің ұрпақ үшін пайдасы ұшан-теңіз:
Біріншіден – қол-аяғын ербеңдетіп бос жатқан сәбидің ұйқысы тыныш болмайды. Киіндіріп бос жатқан бала тоңады. Ұйқысы қанбаған баланың зердесі толық жетілмейді. Бала ауру, әлсіз болып өседі.
Екіншіден – баланың мазасыздығы ананың психологиясына әсер етедi. Бұндай жайсыздық сүт арқылы сәбиге беріледі. Сондықтан бесікке жатпаған бала болашақта сабырсыздау болады.
Үшіншіден – баланы бесiктен шешкен кезде сәби керiлiп-созылып, рахаттанады. Денесінің әртүрлі күйде болуы оған демалыс сыйлайды.
Төртіншіден – сәбидің тұлабойы таза болып, тазалыққа бойы үйренеді.
Бесіншіден – бесіктегі баланың денесіне дымқыл, сыз дарымайды. Құрғақ болады. Ол мықты денсаулық кепілі. Әрі қол-аяғы сыптай болып өседі.
Алтыншыдан – бесік белгілі бір ритммен ғана тербетіледі. Баланың жүйке – жүйкесі бір жүйе, тәртіпке түседі.
Жетіншіден – бесіктегі балаға ана әлдиі, бесік жыры әбден сіңеді. Қайырымды, иманды, инабалы мінез қалыптасады. Бесік жырын тыңдаған баланың қанына ұлттық рухани –мәдени қасиет дариды.
Сегізіншіден – бесік сәбиді сырттан келетін кері энергия немесе тiл-көзден сақтайды. Кім болса сол, балдырған – балауса аға – апалары ойнатамын, жұбатамын деп көтеріп кете алмайды. Құлатып алу қауіпі жоқ.
Тоғызыншыдан – жаман айтпай жақсы жоқ, бала ауыра қалса, дәрі-дәрмек бергеннен гөрі, халық емін, әсіресе мал майымен, балмен сылау пайдалы екені белгілі. Ал осы емдік шараларды қолдану үшін бала ораулы, жылы жабулы болуы шарт. Ал жыбырлақ баланы орап қою да оңай шаруа емес! Осындай кезде бесік бірден бір көмекші болып табылады.
Оныншыдан – ұйықтап жатқан баланы бір бөлмеден бір бөлмеге көшіру, бір жаққа алып бару керек бола қалған жағдайда керуеттегі немесе жерде жатқан баладан гөрі, бесікте бөлеулі жатқан сәбиді көшіру оңайырақ.
Он біріншіден – кейбір аналар жас нәрестені қасына алып ұйықтайды. Ұйқы өліммен тең деседі халық. Көзі ұйқыға кеткен ана жанындағы баланы басып кету және оны тіпті байқамай қалу қаупі бар. Ал бесік одан сақтайды.
Он екіншіден – алаңдаған ананың ұйқысы да тыныш болмайды. Ал бесікте жатқан баласының қауіпсіздікте екенін сезген ана тыныш ұйықтайды.
Жас аналарға, балалы болғалы отырған болашақ аналарға айтар пайдалы кеңесім – сәбилеріңіздің бойын бесікке үйретудің қамын ерте жасаңыздар.
Алла Тағалаға шүкір, қазір егеменді ел болғанымыздың 25 жылдығының қарсаңында көп шаруа тындырылды. Алдағы уақытта Қазақ ұрпағының міндеті – экономикамызды дамыта отырып, ұлттық құндылығымызды қорғап, дамытып, сақтай отырып әлемдік қауымдастыққа кіру. Егер ұлттық құндылығымызды сақтай алмасақ жаһандануға жұтылып кетеміз. Жаһандануға жұтылып кетпей, Президентіміздің алға қойған мақсаты «Мәңгілік Ел» болып қалу үшін ұлттық құндылықтарымызды сақтап, қорғай білуіміз керек. Себебі, қазағымның ұлттық құндылықтары –ұлттың тірегі!
Ақтөбе медициналық колледжінің оқытушысы, дәрігер Нұрлан Ізденұлы ЕСЕНҒАЗЫ, 87014552854, WhatsApp, 87774088898, 87477532420, e-mail: yessengazy@mail.ru 30.08.2016 жыл.


В этой теме ответов еще нет. Ваш ответ будет первым.




Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов