Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Түрлі түсті ойлар


Авторы Xабарлама
Сана
09-12-16 17:30
Денсаулығыма байланысты кітап оқи алмай қалдым бұрынғы кезімдегідей дегенім ғой бірақ қазіргі оқып отырған кітаптан түйгенім діннің де діні бар дін ұстанушының да ұстаушысы бар дін ұстанудың да түрлері бар. Негізі ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің дейді ғой бұл мақал дінге де байланысты айтылуына болады ұяда қандай тәрбие көрсең дінді де солай ұстанасың. Ұяда көрген мәдени деңгей тамыры терең діңгек сияқты жүрегіңді тамырдан алған нәрге бұрып тұрады. Тәй тәй басқан жас бөбекке өткір пышақ ұстатсаң не болады? әлбетте бір жерін кесіп жарақаттанады немесе біреуді жарақаттайды ғой сол сияқты надан адамға дінді ұстатсаң жан жағын өртеп жіберуден тайынбайды сондықтан дінді де абайлап әркімнің деңгейіне қарай аялап ұстату керек екен. Шолақ белсендіге ел басқартпау керек деген сияқты түсінігі төмен ілімі таяз адамды да дін басына да шығартпау керек екен деп ойлаймын. Көп оқыған көп біле ме көпті көрген көп біле ме? Қазіргі заманның адамдарының оның ішінде өзім де бармын ісінен сөзі көп амалға іске өте аз көңіл бөлініп жатыр. Сөзді азайтып іске кірісу керек сияқты.

Авторы Жауап
Сана
31-08-17 11:59
Мұсылман әйелдер ер адамдар жалпы еркектер туралы сөз айтқанда абай болуы керек әсіресе Әкесі тірі болса. Айтылған сөз атылған оқ өз ұлына аға інілеріне тиіп кетуі мүмкін. Ер адамдар да әйелдер туралы сөз айтпас бұрын аналары әпке қарындастары қыздары жайында ойланғаны абзал. Қазақта мақал бар ойланбай сөйлеген ауырмай өледі деген бұл әсіресе лауазымы жоғары адамдарға қатысты.
Сана
30-08-17 14:25
Парламентке куш берсең қазақтың қанына біткен мінез ғой бас басына би болып елдің берекесін кетіреді сосын биліктен айрылып қалады биліктен айрылса кім көрінгенге жетім балаша жалтаңдап қалатын сол баяғы қазақ қара көз қара халық. Патшайым болам деп шыңғырып жатқаным сондықтан. Қазақ қана емес күллі түрк халықтарын уысыма ұстап жинай алатын сияқтымын. Халық мені қолдай ма білмей отырмын қолдамаса сайлай берсін президентім жақсы адам болса мен де жай отырмаспын көмегімді аямаймын. Әттең денсаулығымда ақау бар әйтпесе талай шаруаны атқаруға атсалысар едім. Шұкір мұның да бір хайыры бар шығар. Бір туға жиналудың бастамасын айтып берейін. Мұсылман ер адам мұсылман әйел алғаны дұрыс. Қазақтар қызын бермесе де қыз алған. Берсе түрк халықтарына ғана берген. Министр депутат деңгейіндегі жоғары лауазымды қазақтар қырғыз өзбек туркмен әзербайжан татар башқұрт туріктерден деңгейі лауазымы сәйкес адамдардан қыз алып қыз беріп құдаласыңыздар. Жер су кәсіпорын сынды маңызды нәрсе беруге болмайды бизнесті де беруге болмайды\\ қалыңмалына ақша алтынды аямаңыздар құдалар риза болатындай дүркіретіп той жасаңыздар. Тойға шақырсаңыздар барамын. батамды беремін. Мұны Алла разылығы үшін ел игілігі үшін істеңіздер.
Сана
24-08-17 14:19
Ауыл адамына байлықтан бұрын Имандылықты қару етіп ұстату керек имандылыққа үйрету керек . Ауылға көбірек имамдар жіберіңіздер. Мен ауыл адамдарының байлықты көтере алмай арақ шарап ішіп мас болып құрдымға кетіп бара жатқанын көрдім. Қазақтар өзіміздің қара көз қазақтар ораза айында арақ су боп аққан масләйліп жүр, керсінше сары шаш көк көз орыстардың мешітте намаз оқып жуздері бал бұл жайнап имандылықтың нұрын төккенін көрдім.
Сана
15-08-17 16:16
90 шы жылдары Кеңестік үкімет құлап жекеменшік пайда болды. Бұрын дүниенің барлығы өкіметтің қолында болатын үкімет деген кім? Кәдімгі адамдар яғни сіз бен біз сықылды. Сол кезде пысықтар дүние жинай бастады Дүниені жинағанда қай адам жиенім үшін қарындасым үшін немесе үкімет үшін деп жинайды? Кез келген адам дүниені балам үшін баламның болашағы үшін деп жинайды. баласы жоқтар дүние жинамақ түгілі не үшін өмір сүру керектігін білмей дал боп қалады. Сол заманда қандай заң болса адамдар сол кездегі заңмен жүрді кейін заң қабылдап өткен жылғы заңсыздықты заңмен қуалау бассыздық.жаңа жылда Жаңа заңмен жүрмесе басқа мәселе. Ешбір бала әке шешесінің күнәсі үшін жауап бермейді жазаласаң әкесін жазала баланың мал мүлкінде не шаруаң бар? Баланың дүние мүлкін тартып алып үш қайнатса сорпасы қосылмайтын біреуге тартып әперетін сен кім едің? Кім саған ондай рұхсат берді? Әлде бизнесті басқаруға туған туысы табылмады ма? Өз ақылымен білімімен бизнес аша алмайтын бірақ біреудің ақылмен ашқан дайын бизнесті тартып алып бөтен біреуге беруің қай әділеттілігің? Дипломы бар оқыған тоқыған көзі ашық туысқанның барлығын түрмеге психбольницаға қаматқаның қиянат емес пе? Ендеше біліп қой көзден аққан әрбір тамшы жас аққан қан қиянатың үшін Алланың алдында жауап бересің. Мен кешірдім Құдай кешірсін .
Сана
15-08-17 15:55
Әй Мұхаммед сғс сен кім едің? Жетім едің өсірмедік пе? Кедей едің байытпадық па? Ендеше Рахымды Иеңе сыйын құлшылық қыл дәріпте.
Сана
18-07-17 21:22
Алланың алдына бәріміз барамыз біреу президент болып барады біреу қойшы болып барады және әркім өз деңгейінде сұралады. мәселе сонда сіз кім болып барғыңыз келеді және сіз сол деңгейге лайықтысыз ба? мен қорқамын менің деңгейім өте төмен ау деп
Сана
27-06-17 11:33
Жастарды қолдау керек қаншалықты қолдап жатырмыз? Жастарға берілетін ең үлкен көмек жақсы тәрбие мен жақсы білім. Ақыл кеңес бағыт бағдар. Жастарда күш те бар жігер де бар тек тәжірбиелі ұстаздар олардың қабілетін ашып дұрыс бағыт бағдар ақыл кеңес берсе жастар өздері ақ алып кетеді.Одан кейін денсаулық денсаулық болса бәрі де болады. Жастықтың буымен көп жастар денсаулыққа мән бермейді де кейін өкініп қалады.
Сана
30-05-17 19:52
Бұрын мен ой Қазақтың қыздары Қытайдың қыздарынан әдемі деп ойлайтынмын енді қателесіп отырған жоқпын ба деп күдіктеніп қалдым. Әрине жан сұлулығы бір әңгіме ғой бірақ Ислам діні тән сұлулығына да мән беруді насихаттайды. Аллах тағала сұлу сұлулықты жақсы көреді. Көркем мінезге ие адам тән тазалығы мен сұлулығына да мән беруі керек. Қаланың көп жігіттері біле бермейді Хас сұлулар негізінде ауылда. Бәрін салып жатырмыз ғой Аллаға шүкір енді мемлекет те қалталы азаматтар да атсалысып ауылдарға Монша салып берсе тіптен тамаша болушы еді.
Сана
19-05-17 18:11
Әйел ретінде айтарым Қазақстанда мақта мата өндіріледі неге жақсы төсек орын орамал жоқ? Саз балшық та шыны да бар неге жақсы ыдыс аяқ шығарылмайды? Бұл заттар өте қажет және жиі ауыстырылып тұратын заттар тез тозып кетеді сондықтан өтімді тауарлар. Фабрика ашудың қажеті жоқ шағын ғана бірнеше шеберханалар ашып сауда орындарына шықса ақ Қазақстанның нарығын қамтуға болар еді. Шымкентте шығарып Қарағандыға әкеп сатсаңыздар тамаша пайда табар едіңіздер. Түркияның бағасы Қытайдың сапасы көңілімнен шықпай тұр.
Сана
14-04-17 09:56
Мұрагерлік
Шариғаттың заңында әке шешеден қалған мұраға мал мүлік жер телімі үй жай ұл ғана емес қыз баланың да хақы бар. Ұлға екі есе беріледі де қызға бір есе жаңылыспасам. Ұлға екі есе берілу себебі ұл бала ер адам ретінде басқалардың жағдайын жасап қарайласуға міндетті.қыз бала міндетті емес. Қазіргі біздің қоғамда жанұяда бірнеше бала болса соның күштісі бар мал мүлікті бір өзі иеленіп әлсіздерді далаға қаңғыртып жіберіп жатыр. Көшеде үйсіз күйсіз көбейіп кеткен кезбелердің салдары көбінесе осыдан. Менің ойымша мұндай жағдайда мұрагерлік ісіне мемлекет сот жүйесі арқылы араласуға міндетті. Менің ойымша мұндай әлсіз адамдарға психолог психиатр емес заңгер қоғамдық организация ЦОН яғни халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандардың көмегі қажет. Әлсіз адамдардың кемшілігі өз хұқықтарын қорғау үшін әрекет қылмауында. Мұндай адамдарға арнайы мамандар арқылы мемлекет көмектесуі керек. Олардың тиесілі мал мүлкін бөліп алуына көмектесуі керек. Өйтпесе мұндай адамдармен теріс ағымдағы идеалогия өкілдері айналысуы мүмкін. Тарихта Ленин жасаған революция бүгінгі саясаткерлерге ащы сабақ болуы керек еді. Ауруын елемеген өледі дауды елемеген төлейді. Көше кезіп далада қалған адам әлсіз адам. Әлсіздердің қамын кұшті ойлауы керек. Ол күшті - мемелекет болмаса кім болмақ?
Сана
07-04-17 13:13
Әскерде арнайы мұсылман полкін немесе ротасын құру керек сияқты. Джихад жасап шахид болып қайтыс болуды армандайтын кейбір намазхан жігіттер мен қыздар үшін. Негізі ол айып емес Отан қорғап қайтыс болса. Тек мұны көпшілік намазхандар дұрыс түсінбейді де өздерін суицидке апарады ал суицид үлкен күнә. Мүсылман ротасының армиядағы ерекшелігі бес парызды әскерде жүріп орындауға мүмкіншілік беру намазын оқысын оразасын ұстасын және мұсылман полкі немесе ротасы соғыс болған жағдайда майданның ең қиын тұсына қайнар көзіне жіберілуі керек. Әскери борышын өтегендерге ерекше мәртебе де берілсін құжат берілсін. Контракт арқылы әскери қызметкер болса уй берілсін.
Сана
18-02-17 12:29
Кезекті бір дәрісінде адамның екі ақылы жайлы айтып берген еді:
Адамда екі ақыл болады: бірі әл-ғақлу әл-ғатифи (сезім ақылы), екіншісі әл-ғақлу әт-тахлили (анализ жасайтын ақыл).
Мысалы, біз үйге барып бала-шағамызға Құран үйретейік десек, олар бізді бәрібір "ұстаз" деп емес, "әке" деп қабылдай береді екен. Сондықтан, басқа адамға, ұстазға беруге мәжбүр боламыз. Өздері үйретуі сирек кездеседі.
Яғни, біз оларға мұғалім сияқты ұрсайын десек те, әке деп, ана деп қабылдайтын болып тұр.
Себебі олардың анализ жасайтын емес,сезім ақылдары жұмыс істейді.
Ал, мекемедегі бастық адам қол астындағы адам берілген тапсырмаларды орындамайтын болса бірінші рет ескертсе, екінші ретінде жұмыстан шығарады. Өйткені, бұл жерде сезім емес, анализ жасайтын ақылы жұмыс істейді.
Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (Алланың игілігі мен сәлемі оған болсын) да өмірінде осындай жағдайға кездескен.
Хижраның алтынша жылы Расулалла (Алланың игілігі мен сәлемі оған болсын) умра жасау ниетімен жанында мыңнан аса сахабасымен Меккеге сапарға шығады.
Мекке мүшриктері Худейбия келісімін жасап, оларды Меккеге кіргізбей қояды. Сол кезде Хазреті Омардың (Алла оған разы болсын) "сезім ақылы "жұмыс істеп, биылғы жылы умра жасамай қайтпаймыз деп, бұл келісімге риза еместігін білдіреді. Алла елшісін (Алланың игілігі мен сәлемі оған болсын) ең жақсы көрген жан сезіміне беріліп: "Алла бізге Меккені алатындығымызды сүйіншіледі емес пе?", - дегенде, Алла елшісі (Алланың игілігі мен сәлемі оған болсын): "Иншалла Меккеге кіресіңдер" (Фатх, 27) деген аятты оқып, "иншалла" үкімі орындалатындығын айтып, шатырына кіріп кетеді.
Ертеңінде Расулалла (Алланың игілігі мен сәлемі оған болсын) не істерін білмей тұрғанда, жұбайы Үммү Сәлама (Алла оған разы болсын) анамыздың анализ жасайтын ақылы орынды болып: "Иә, Расулалла! Ешнәрсе демей, есік алдына шығып, құрбандықтарыңызды шалыңыз", - дейді.
Алла елшісі (Алланың игілігі мен сәлемі оған болсын) тура солай жасайды. Сахабалар да, солай етіп, құрбандықтарын шалады. Мәселе осылайша шешіледі. Барлығы құрбан шалып, Худайбия келісіміне сәйкес Мәдинаға қайтады.
Үммү Сәлама (Алла оған разы болсын) анамыздың салмақты ақылын тыңдаған Алла елшісі (Алланың игілігі мен сәлемі оған болсын) және сахабалар (Алла олардың баршасына разы болсын) осы шешім арқылы соңында жеңіске жеткеніне тарих куә.
Жаратқан Иеміз баршамызға әр уақытта салмақты да дұрыс шешім шығаруды нәсіп етсін!
Қуат Қабдолда
Сана
16-02-17 14:27
Біз Қазақ халқы сонау Алтын Орда заманында Ислам дінін мемлекеттік дін деп қабылдап Мұхамедті Пайғамбар Қасиетті Кітабымыз Құран деп танып өзімізді мұсылман қауымының бір бөлшегі ретінде таныстыратын халықпыз. Мекке мен Медине қалалары Аль Ақса мешіті тек қана Сауд Арабия мен Палестина халқының емес күллі өзін мұсылманмын деп қабылдайтын қауымның қасиетті мекені, рухани байлығы, мұрасы. Бұл рухани қасиетті құндылықтарға төнген қауіп біздің яғни қазақ халқының да рухани өміріне дініне сеніміне қолсұғушылық болып есептеледі. Біз діни терроризмге алауыздық пен надандықты тудыратын теріс ағымды жат ұғымдарға қарсымыз. Бірақ біз мұсылман қауымы ретінде өз рухани құндылықтарымызды қорғауға құқылымыз.
Сана
15-02-17 06:19
Елімізге туристерді тартқымыз келсе азық түлік пен жатын орынның бағасын түсіру керек. 1 евро 50 цент деген сандарға үйренген адамдарды 500 2000 деген сандармен шошытып жіберуге болады. Туристердің психологиясын тереңірек зеттеу керек. Адамдардың көпшілігі көзбен көргеніне қарап шошуы мүмкін оймен саралап есептеп жатпайды.
Сана
14-02-17 09:34
Ұлытауда Құрылтайға шақырып бас қосатын уақыт келген сияқты. лдің заңы ойыншық емес қой. Құрылтайға шақыратын уақыт пісіп жеткен сияқты.
Сана
14-02-17 09:31
Бірлікті сақтаудың әр түрлі жолдары бар соның бірі қыз алып құда түсу деп ойлаймын елдерді елдестіретін көбінесе қыздар Оңтүстіктің қыздарын Солтүстіктің жігіттері солтүстіктің қыздарын оңтүстіктің жігіттері алу керек және шығыстың қыздарын батыс Батыстың қыздарын Шығыстың жігіттері алса тамаша болар еді ау деп ойлаймын.
Сана
12-02-17 12:32
Үйсіз күйсіз жұргендердің көбісі қазақтар қолымнан келсе Қазақ үй деп аталатын улкен үй салып үйсіз қаңғырып жүрген қазақтарды сонда тұрғызып қояр ем сосын сол үйде тіркелгендерді ақысыз бір кәсіпке үйретер ем колледжге оқуға орналастырар ем. Қаңғып жүргендердің деншілігі қараңғы қазақтар. Олар оқу оқыса ғана кәсіпті үйренсе ғана тамақ берер ем.
Сана
12-02-17 09:50
Мінезім қатал екен қатты болмаса да тәртіпті жақсы көрем әр зат өз орныныда тұрғанын ұнатам.
Сана
12-02-17 09:46
Жүрегім жылылықты мейірімді іздеп тұрады. Өзімді онша жақсы адаммын деп есептемеймін бірақ жақсы мейірімді жұмсақ адамдарды ізетті парасатты білімді иманды көркем мінезді адамдарды жақсы көремін, онша жақсы болмасам да сондай жақсы адамдардың қасында жүргім келеді. Сондай парасатты иманды қоғамда өмір сүргім келеді. Бос уақытымда Құран оқуға ағылшын тілін оқуға талпынамын. Ұстаз болмаса қиын екен өз бетімше кейде ерінем сонда да өзімді өзім қамшылап тырысамын.
Сана
01-02-17 15:27
Қоянды қамыс өлтіреді еркекті намыс өлтіреді Намыс өлтірмейтін еркектерді не істеуге болады?
Сана
28-01-17 12:31
Мемлекет қызметкерлері бизнеспен айналысуға құқығы жоқ ал Патша әулеті Бизнеспен айналысуға міндетті бұл дегеніңіз дипломатиялық қатынастар дипломатиялық қатынастар мықты болған жерде ғана жақсы бизнес болуы мүмкін. Ақорданың шығыны бизнеспен айналысуға мәжбүрлейді.
Сана
28-01-17 12:28
Жоғарғы әскери билік Премьер Министрдің қолында болу керек деп ойлаймын.
Сана
17-01-17 12:28
Халықтың махаббатын қорқытып та сатып та ала алмайсыз. Аллах кімді сүйсе халық та соны жақсы көре бастайды. Ол үшін Аллах кімдерді жақсы көреді нені жақсы көреді деп ойланып сұрап біліп сол Алланың сүйгенін сүйіңіз сонда сіз де халық қалаулыларынан боларсыз.
Сана
17-01-17 12:24
Бюджеттегі артық ақшаға ауылдағы көп балалы аналарға үлкен үй салып беру керек деп ойлаймын сонда үйсіздер мәселесі де шешілер болашақта.
Сана
17-01-17 12:21
Негізі Аллах Тағалаға қайтатынын Оның алдында жауапқа тартылатынын білетін мұсылмандар билікке таласып әуре болмайды бірақ Аллах кімнен қаласа билікті алады кімге қаласа билікті береді және әр халық өз билеушісіне лайықты болады. Адамгершілікке ізгілікке білімге ұмтылыңыздар әділетті сүйіңіздер Билеушіңіз де сондай болады. Әркім өзінен бастауы керек.
Сана
12-01-17 14:54
Әттең билік басында емеспін билік басында болсам әр Министрді әр шенеунікті әркімді ата салт дәстүр заң бойынша жасына қарай өз орнына отырғушы едім ешкім ешкімге жалтақтап босқа жағымпазданып әуре болмаушы еді. Қолымнан келетін сияқты денсаулығым ғана мүмкіндік берсе. әттең...
Сана
29-12-16 17:28
әбден дағдарысқа күйзеліске ұшыраған адамды медресеге әкелгенде 40 күн жайына қалдыру керек еті үйренсін, 40 күн жуынып шайынуды ұсті басын ретке келтіруді үйрету керек, 40 күн уағыз айту керек, 40 күн зікір салуды үйрету керек, 40 күн уағыз айту керек, 40 күн суре жаттату керек, 40 күн намаз үйрету керек, 40 күн кәсіп үйрету керек тамақ істей алса тамақ киім тіге алса киім етік тіге алса тағы да басқа кәсіп түрін үйретіп сосын ғана медреседен жіберуге болады.
Сана
21-12-16 16:23
неден қорқам Мінезімнен
ә десе мә дейтін тік мінезім бар иілуді білмейтін қырсықпын иіле алмаймын қиналам мұным дұрыс емес екенін жақсы білем қолымнан келмейді иіле салу. өзгенің затын аламаймын өзімдікін бермеймін. бір шыдаймын екі шыдаймын үшіншіде қоймаса шашын жұлын басын кесіп қолына берем маған тиіскен адамның.
Сана
21-12-16 16:13
Бос отырған жоқпын ойларым бар мысалы мынадай
Проект Қазақ Патшайымы
Ұсынылатын жүйе Конституциялық Монархия
Ел үкіметі Патша жанұясынан және сенат, мәжіліс, Министрлер кабинетінен құралады.
Патша жанұясының міндеті елдегі бірлікті тепе теңдікті жүздер рулар жоғарғы және төменгі таптар арасындағы тепе теңдікті сақтау және халықаралық қатынстарға қатысу.
Патшаның міндеті тақ мұрагері, елдің экономикалық ахуалын жақсарту, халықаралық қатынастар.
Патшайымның міндеті ең әуелі тақ мұрагерін дүниеге әкелу оның тәрбиесі , үкімет пен елдің тығыз қарым қатынасы, халықаралық қатынастар.
Премьер Министр Министрлер кабинетін басқаратын атқарушы орган. Министрлерді Премьер Министр тағайындайды. Бес жылға сайланады. Өмір жасы және елдегі ахуалдың тұрақтылығына байланысты екі және үш маусымға сайлануға хұқығы бар. Мажилис депутаттарының арасынан іріктеледі және депутаттардың сайлауымен тағайындалады , сенат бекітеді, Патша қол қояды.
Сенат пен мәжіліс заң шығарушы орган.
Сенат әр обылыстан 2 адамнан құралады. Мәжіліс ұсынған Заң Сенат бекіткенде ғана күшіне енеді Патша қол қояды. Жасы 45-75 арасындағы жоғары білімді, еңбек тәжрибиесі бар адамдар, кандидаттарды депутаттар ұсына алады Патша тағайындайды. Бес жылға сайланады әр бес жыл сайын Патшаның үкіміне байланысты қайта сайлануға хұқығы бар.
Мәжіліс депутаттардан құралады әр обылыс тың халық санына байланысты, халық сайлайды.
Мемлекеттің өзге ұлттарға деген саясаты өзге ұлт өкілдері Алланың бұйрығымен жерімізге келген сондықтан оларға қамқорлықпен қарау ұлттың қазақ ұлтының мұсылмандық борышы. Оларға жақсы қарасақ өз бауырымыздай болып кетеді. Оларды төртінші жүз деп те атауға болады. Өзге ұлт өкілдеріне Министр лауазымына дейін көтерілуге рұхсат. Тек тақ мұрагерлігіне қол сұғуға болмайды. Тақ мұрагері тек қазақ ұлтынан болуы шарт.
Сана
19-12-16 14:38
Шыңның басына шыққым келе ме ? иа егер Алланың қалауы сол болса қарсы болмаймын яғни халық соны қаласа бас тартпаймын. Бірақ мен Президент те Президенттің әйелі де болғым келмейді. Болсам Патшаның әйелі Патшайым болып қана Ақордаға кіргім келеді. Бұл дегеніңіз билік менің ұрпағыма берілуі керек сонда ғана келісем әйтпесе осы тағдырыма ризамын шүкір бұл дүниеден маған көп нарсе қажет емес. Халыққа бұл керек пе ? Халық мұнымен келісе ме? Келесі Президент иманды қазақ болса болды шәркеін тасысам да қызмет қылуға дайынмын.
Сана
19-12-16 14:18
Әлемдегі әр мұсылманға өзіме тілейтін барлық жақсылықтарды тілеймін. Сол тілектердің ішінде Егемендік пен Бейбітшілік те бар.
Сана
19-12-16 14:14
Әр ұлттың өз шыңы бар. Қазақтың шыңында тек қана қазақ отыруы керек оның әйелі де балалары да қазақ болуы керек сонда ғана жүрегім қазақ үшін тыныш болады.
Сана
09-12-16 17:31
Өзіммен өзім күресіп келем күресіп келе жеңе алар емеспін... қиын екен...



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов