Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Общение: Список форумов
Форум: Қазақ тілі
Тақырып: Қазақ тілінің қолданыс аясы қандай?


Авторы Xабарлама
Нұреке
yessengazy@mail.ru
01-11-17 08:01


Қазақстан Респубикасының мемлекеттік тілі –
қазақ тілінің қолданыс аясы!

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласына байланысты Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе медициналық колледжі жанынан 2017-2018 оқу жылына «Абзал жандар» клубы құрылған болатын.
Мақсатымыз: Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасына сай, қазақ ұлттық құндылықтарын насихаттау, медицина қызыметкерлерінің кәсіби және әлеуметтік бейімділігін дамытуға жағдай жасайтын тәрбие жұмысын ұйымдастыру, жоғары мәдениетті, адамгершілігі мол, шыныққан жоғары интелектуальді, азаматтық көз қарасы жоғары жастарды тәрбиелеуге ғылыми-әдістемелік ұйымдастырушылық және ақпараттық жағдай жасау.
Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Самал Мұсақызының қолдауымен «Абзал жандар» клубы 31.10.2017 жылы сағат 11.00-де «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын стаденттерге түсіндіру мақсатында медициналық колледждің мәжіліс залында қазақ тілі жан ашырларымен кездесу ұйымдастырылды!
Қазақ ұлттық кодының ең маңыздысы Қазақстан Респубикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілінің қолданыс аясы деген тақырыпты талқылауға алдық.
Кездесуді «Абзал жандар» клубының жетекшісі Нұрлан Ізденұлы жүргізіп тұрды. Рухани жаңғыру Тәуелсіздік алған жылдардан бастау алғанын көзі ашық, көкірегі ояю азаматтар біледі. Студенттер осыған дейін халыққа қызымет көрсету орталығында, банктерде, емханалар мен ауруханаларда т.б. халық көп баратын мекемелерге барып қазақ тілінің, яғни мемлекеттік тілдің қолданыс аясы қанша пайыз екеніне көз жеткізу үшін сауалнамалар жүргізгенін жеткізді. Қазақ тілінің қолданыс аясы әлі де жүз пайызға жетпегенін түсіндік. Анықтамаларды алу, келісім шарттарға отыру, құжаттарды толтыру, тіпті банкоматтан ақша алғанда қазақ тіліндегі мәтінді қолданудың өзі жүз пайыз қазақ тілінде емес екен. Жалған патриоттық көріністері әлі де болса бар екен. Соған байланысты осындай кездесулерді жиі өткізіп тұру қажеттілігі туындап тұрғанын айтты.
Алғашқы болып сөз алған директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Самал Мұсақызы мақаланың маңыздылығына тоқталып, онда айтылған мәселелердің елге, халыққа берері көп екенін жеткізілді. Елбасының бағдарламалық мақаласы — халықтың, қазақтың үлкен, елдің ұлы мәселесі. Сондықтан бұл мақала санасы сергек, болашақты ойлайтын азаматтардың барлығына өте түсінікті деп ойлаймын. Онда халыққа барлық мәселелер өте нақты түрде айтылған. Елбасы өз мақаласында бүгінге дейін елімізде қазақ тілі саяси реформа, экономикалық даму мен өркендеу мәселесі айтылғанын, ендігі уақытта солардың негізгісі — қазақ тілінің қолданыс аясын мәселесін көтеру керектігін айтады. Дүние жүзінде көптеген ұлттар осындай ұстанымның жоқтығынан, әркімнің жетегінде кетудің кесірінен, болмаса адами, пенделік адасудан келіп жердің бетінде жойылып, тек аттары қалғанын тарихтан білеміз. Не болмаса, олардың бөлшек-бөлшек болып бөлінгенін де білеміз. Бұл бағдарлама біздің халқымызға керек, бұл — рухани, мәдени дамуымыздың бағдарламасы. Сондықтан Елбасы айтқандай, қазақ тіліне қатысты мәселелер бәрінен ең бірінші орында тұруға тиіс. Халықтың рухының бүтіндігі, халықтың жоғын тауып беру — бұл мәңгілік мәселе. Міне, осы мәселелерге Президент нақты тоқталып, өз мақаласында негізгі проблемаларды және оларды қалай өзгерту керектігіне тоқталды деді.
Кездесуге Ақтөбе қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Әбдіраш Есмаханұлы, Ақтөбе облыстық өлкетану музейінің жанынан бес жыл бұрын құрылған «Шолпы» клубының жетекшісі Алмагүл Сүндетқызы және көмекшілері Жібек Османғалиқызы мен Орынгүл Ідірісқызы, колледждің ардагер оқытушы Есен Өтешұлы, колледж оқытушылары мен студенттері және «Абзал жандар» клубының мүшелері сөз сөйлеп, ойларын ортаға салды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан кейін бұл бағытта ұлт жанды азаматтардың ұсынысы және Елбасының қолдауы бойынша бірнеше ауқымды іс атқарылды.
Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады дегендей Тәуелсіздік алған жылдары Қазақ халқының қалыптасқан дәстүрлеріне сай ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің аты жазылуы өзгерген жағдайда (-ов, -ев,- ин және т.б. жалғауларсыз, әкесінің атына ұлы, қызы сөздерін қосу арқылы) азаматтар таза қазақ тілінде жаздыра алады деген Елбасының Жарлығы шықты. Кеңес Одағының орыстандыру саясатының кесірінен кезінде қате-қате жазылған аты-жөнімізді таза қазақ тілінде жазуға мүмкіндік туды. Тегімізді дұрыстағанымызға ата-баба әруағы риза болған шығар деп ойлаймын.
2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғыртты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғауына алды. Қобыланды батыр, Есет батыр, Әлия батыр, Сынықшы Сүлеймен ата т.б. қазақтың мемлекет және қоғам қайраткерлеріне кесенелер салынып, ескерткіштер орнатылып, саяжай, оқу орындарының, көшелердің аттары беріліп ауқымды жұмыстар жүргізілді.
2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағ¬дарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттеді, деректемелерді саралап, том том тарихи кітаптар шығарылды. Ата-бабаларымыз Сақ, Түркі, Алаш, Қазақ, Алаш арыстары тарихы түгелденді.
Латын әліпбиіне көшу Қазақ елінің Тәуелсіздігінің мәртебесін көтереді!
Елбасының қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы, 2017 жылғы 26 қазанындағы № 569 Жарлығымен Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі дер кезінде бекітілді! Құтты болсын!
Біздің мақсатымыз Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, бағытымыз Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту болуы шарт! Латынға көшу арқылы дүние жүзіндегі қазақ ағайындардың басын қосуда үлкен жеңіске, жетістікке жетуге болады. Қазақ тіліндегі жазуының бірлікке келуі арқылы Қазақстан Республикасының бірлігін нығайтуға, дүниежүзі қазақтарының мәдениет және тәжірибелерін алмастыруда игі істер атқарылады деп сенемін. Латынға көшудің үлкен арнасы қазақ ұлттық құндылықтарына жақын батыстың адамгершілігі мол мәдениетін және дамыған өнеркәсіп техникасын қабылдауда және қазақ халқының дүниежүзі өркениеті мен руханиятына үлес қосып, Қазақ елінің мемлекеттік идеологиясын бекемдеуде тарихи рөлі зор болмақ деп ойлаймын.
Латын әліпбиіне көшірудің 2025 жылға дейінгі нақты кестесін жасауға Елбасы тапсырма берді. Ең бастысы, сең қозғалды. Латын әліпбиінің қазақ тіліндегі нұсқасын қабылдау үлкен жетістік болатынын ескеруіміз қажет! Қазақ жастары өте сауатты: ағылшын, неміс, француз т.б. тілдерді латын әліпбиімен оқыды. Көзі ашық, көкірегі ояю азаматтар телефондарда, компютерлерде қазақ латын әліпбиі орнатылғанша өздерінің қол жазбаларын қаламмен жазып қолдарын жаттықтыра беретіндеріне, дайындалатындарына сенімдімін.
Қазақ елі тілдік реформа жасауға кірісті. Бұл дүниежүзінде қалыптасқан қазіргі заманға сай қажеттіліктен туындауда. Зиялы қауым өкілдері, қазақ тілі мамандары, жастар одағы тілдік реформаның қажеттігін өздері ғана түсініп қоймай халыққа жеткізсе, ұғындырса, насихаттаса нұр үстіне нұр болар еді.
Қазақ елі мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қа¬лай қадам басатынымыз және бұқаралық санବны қалай өзгертетініміз туралы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы өз көзқарас¬тарын ортаға салды.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламаны маңызды саяси-идеологиялық құжат деп айтуға болады. Себебі бұл мақалада ұлттық кодымыз, яғни қазақ ұлттық құндылықтарымыз, мемлекеттің ұлттық құрылымы, қазақ елінің тарихи мұралары туралы айтылады. Біздің бүгінгі ең басты мақсатымыз — қатардан қалмай Қазақ елін дамыған 30 елдің қатарына енгізу. Сондықтан Елбасы мақаласында заманға сәйкес жаңғыру, оның ішінде рухани жаңғыру мәселесі жан-жақты талданып, таяу жылдарға ауқымды міндеттер қойылып отырғаны айтылды.
Кездесуде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы туралы жиналғандар өздерінің ой-пікірлерін ашық білдірді. Қарсы 1-2 пікір айтқандар да болды.
Қазақ халқының дәстүрінде балаға әр кезеңде сапалы қазақ тілінде білім беруге тырысқан. Еліміздің Тәуелсіздік жылдарында бұл салада күрделі өзгерістер енгізілді.
Кездесуде Елбасының мақаласында айтылған қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі бұған дейін де бірнеше рет көтерілгенін, сондай-ақ бұл бастама еліміз үшін үдемелі ілгерілеушіліктің қадамы екенін жеткізілді.
Латын әліпбиіне көшу – заман талабы. Өйткені, әлемнің 100-ден астам мемлекетінде латын әліпбиі қолданылады. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясында латын әліпбиіне көшу 2025 жылдан басталатыны туралы жарияланды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында қазақ әліпбиін латынға көшіру мәселесіне қайта оралу керектігін айтып, қазақ тілі мамандарына мәселені зерттеп, нақты ұсыныстар айтуды тапсырған еді. Елімізде латын әліпбиі туралы мәселе көтерілгенде, қазақ жастары, әсіресе шетелдерде жүрген қазақ жастары қатты қуанды.
«Абзал жандар» клубының мүшесі студент Еркебұлан өздері дайындап келген сұрақтарды мәжіліс залына жиналғандарға қойып «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы қызу талқыға салып, кездесудің бір шырайын шығарды.
Кездесудің сәнін Қазақстан Респубикасының танымал ақыны Есентүгел Аманкелдіұлының термесі және колледждің бірінші курс студенттерінің күй тартуы мен өлең жолдарын оқуы жаңғыртып жіберді.
Еліміздің қайта түлеуіне бағытталған көлемді мақалада айтылған бастамаларды алдағы уақытта жұмыла жүзеге асыруға шақырды. Рухани жаңғыру дегеніміз қазақ үшін саяси реформа екеніне тағы бір көз жеткізгендей болдық! Біздің басты мақсатымыз Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілінің мәртебесін көтеру, бағытымыз қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту керек деген тұжырым жасадық!


Кеңес Одағының Батыры
Мәншүк Мәметова атындағы
Ақтөбе медициналық колледжінің
Хирургия пәнінің оқытушысы,
Ата-аналар комитетінің төрағасы,
«Абзал жандар» клубының жетекшісі,
Колледж медиаторы: Нұрлан ЕСЕНҒАЗЫ.


31.10.2017 жыл.

В этой теме ответов еще нет. Ваш ответ будет первым.




Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube