Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Общение: Список форумов
Форум: Шежipe
Тақырып: Киши жуз, Алимулы, Шекти, Енен Жекей


Авторы Xабарлама
Мыржакып
Myrzhakypdulatov@mail.ru
27-01-18 16:15
Жекейдің тарихы, әсіресе Енең Жекейдің тарихы.

Пролог

Бұрынғы заманда Өріс деген адам тұрған. Ол адамда екі әйелі болған: Қоңыр және Зеріп. Қоңырдан Айдарбек деген ұл болған, Зеріптен Бөлек пен Есенәлі туылған (кіші шекті).

Кезінде Зеріп Мәкудің әйелі болған; ал Мәку Шыңғыстың асырап алған баласы болған. Шыңғыс Мәкуді орта жүз қаракесек руынан Зеріп деген ақылды қызға үйлендіреді бірақ Мәку жылға жетпей қайтыс болады. Қайтыс болар шағында әкесіне (Шыңғысқа) Зеріптің аяғы ауыр ұл туса атын Бөлек деп қойыңыз дейді. Мәку қайтыс болғасын Шыңғыс Зеріпті Өріске атастырады.

Бөлектен 3 балалы болады – Айт, Бұжыр, Алатай; Бұжырда екі әйелі болған, 1-нен Шүрен мен Назар туылған, 2-нен 5 бала туылған (Жөкейден туылған балалар Жекей деп атанған). Қалмаққа қарсы бір жорықта (Жорытпас) Шаңқан деген бабамыз (орта жүздің батыры Назарға сіңген) қалмақтың ханы Қонтажыны шауып екі қызы – Қасай мен Жекейді олжалайды. Елге келгесін Қасайды қаракесекке қосып одан бір бала – Қасаболат, Жекейді Бұжырға қосып одан 5 бала Ақмалай, Олжабай, Боғалай, Шағатай, Жаңабай туылады. Боғалайдың екі әйелі болған. 1-ші әйелінен Сырымбет, 2-ші әйелінен – Енең (бір барымтада орыс қызын ауыл сыртында жүрген жерінен ұстап ат сауырына отырғызып алып келіп үйленген). Енеңнен 5 бала туылған – Жантай, Жандос, Жаңқара, Боран және Қаржаумас. Қаржаумастан – Мойнақ, Үдер, Қалдыбай туылған.

Үдер жастайынан би болған, Қара жорға атанған, жастай қайтыс болған. Әйелі аяғы ауыр қалып іште қалған баланы Тұяқ деп атаған.


В этой теме ответов еще нет. Ваш ответ будет первым.




Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube