Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Общение: Список форумов
Форум: Шежipe
Тақырып: Ер Шоштан


Авторы Xабарлама
досжанов
doszhanov50@mail.ru
15-02-18 20:23
Кербалақ атты Ер Шоштан бабамыз туралы ғаламторға жүрген біршама мағлұматтар бар.
Бірақ Ер Шоштан атамызға арнайы жазылған, оны зерттеп жазған ақпараттар жоқтың қасы. Атамыздың есімін басқа жазылған ақпарат беттерінде батырлар мен ел қайраткерлерін жазғанда ғана атап өткен.
Ер Шоштан атамызға арнайы жазылған бірақ ақпар бар екен, ол белгілі қаламгер Қ. Ахметовтың «Кербалақ атты Ер Шоштан» деген еңбегі (Ахметов Қ., Түркістан. – 2002, 31 қаңтар(N5).
Ғаламтордағы ақпараттарды сараптағанда Ер Шоштан атаның үрім-бұтағын әр-түрлі етіп таратады.
Бір шежіреде Ер Шегедек Ер Шоштанның әкесі десе, біреуінде Ер Шегедек Ер Шоштанның баласы дейді. Кейбір баспасөзде Шоштан атадан Бағаналы руы тараған дейді, тағы біреуінде Шоштан атаны Ер Үрбінің баласы деп те жазады.
Атамыздың есімін Ер Шостан, Ер Шоштан деп атаса, астындағы тұлпарын Кербалақ, Кершолақ деп атайды.
Шоштан атаның өмір сүрген уақытын да әртүрлі көрсетеді.
Бір ақпаратта Шоштан атаның өмір сүрген уақыты шамамен ХV ғасырдың ортасы десе, бір ақпаратта ХIII ғасырдың басында дейді, тағы бірінде VIII-IX ғасыр немесе XVI ғасыр деп көрсетілген.
Бұл ақпараттардың қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін білетін, қолында нақты деректері бар Ер Шоштанның ұрпақтары болса, осыны бір жүйеге келтіру керек сияқты.
Жезқазған өңірінің азаматтарына мың да бір рахмет. Елін, жерін жаудан қорғаған батырлар мен ел қайраткерлері туралы мақалалар жазса, белгілі бір мерекелік іс-шаралар өткізсе, Ер Шоштан бабамызды қалдырмай айтады.Оған ғаламтордағы ақпараттаттарды оқып, көзім жетті.Бабамыздың атын көшеге де берді.
Осыдан жиырма жыл бұрын Жезқазған газетінде: «Потомки Ер Шоштана живут в нашем регионе и в Кызылординской области. Есть надежда, что и они внесут свой вклад в изучение и создание полного портрета Ер Шоштана как батыра и главы рода»-деп жазған екен.
Тағы бір ақпаратта, Бұланты шайқасындағы: «Ұлы Жеңістің хас батырлары кім?
Әрине, бұл тікелей сұраққа бірекі ауыз сөзбен жауап беру қиын. Бір басы ашық нәрсе сол, осы тақырыпқа қалам тербеп жүрген тарихшылар мен жазушы, журналистер Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Тама Есет батырлар есімдерін және оларға Райымбек, Қарасай батырларды қосып атайды. Қыпшақ Тілеулі, Түйте, Найман Сағындық, Төлек, Жаулыбай, ер Шоштан батырлар есімдері қаламгерлер шығармаларында көмескілеу ғана аталады. Бұған басты себеп – аталған есімдердің соңғы шоғырындағы батырлар туралы тарихи деректердің аздығы, екіншіден – олардың артындағы жоқтаушы ұрпақтың өз атабабаларының тарихына тереңдеп ден қоймауы»-депті. Осы сияқты ұсыныстар көп-ақ, бірақ бұл сұрақпен айналысып жатқан ешкім көрінбейді.
Шынында да солай, ғаламтордағы азаматтардың жазғанын оқысаң(форумдарда, т. б.), менің руым осындай,немесе ұрпағымын дегеннен басқа сөз жоқ. Оны не үшін жазған?

В этой теме ответов еще нет. Ваш ответ будет первым.




Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube