Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Общение: Список форумов
Форум: Мәдениет, өнер, дәстүр, әдебиет, БАҚ
Тақырып: 14 наурыз көрісу мерекесі


Авторы Xабарлама
Nurlan Izdenuly ESENG’AZY
yessengazy@mail.ru
14-03-18 12:47
Көктемнің алғашқы күні - 14 Наурыз көрісу мерекесі, жаңа жыл құтты болсын!
Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.
Қазақ халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз – көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол – өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.
Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз.
Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!
Шығыс халықтарына ортақ үлкен мейрам Наурыз – бірліктің, татулықтың, ізгіліктің, бақыттың мерекесі саналады. Олай болса барлықтарыңызға татулық, береке-бірлік тілейміз. Ұлыстың ұлы күні елімізге, жерімізге құт-береке ала келсін. Ұлыс оң болып, әрбір күніміз Наурыз күніндей шуақты болсын!
Көне парсы тілінен қазақша аударғанда «Жаңа күн» деген мағына беретін Наурыз – жыл басы. Қыстың көбесі сөгіліп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып, жаңаратын, табиғат-әлем көгеріп, көктейтін шақ.
Қыстың қыспағынан құтылып, арқа-бас кеңейетін, мейрам-шаттыққа кенелетін осынау жайдарман шаққа жеткен әрбір жанды шығыстың жаңа жылымен құттықтаймыз!
Наурыздың өзіне тән салтына бағына отырып, әрбіріміз өткен жылғы өкпемізді ұмытып, татуласайық. Соның айғағы ретінде бір-бірімізбен көрісейік. Үлкендердің ақ батасын алып, бір-бірімізге ізгі тілек айтайық. Наурызда айтылған барлық жақсы тілек орындалады, Наурыз барлығыңызға құт әкелсін!
Табиғат, жер-дүниенің жаңарып, жасанатын көктем мезгілінің ұлы мерекесі – Наурыз құтты болсын!
Әр отбасына денсаулық, қуаныш, дəулет, қайрат, жігер, тыныштық, татулық, береке-бірлік, бақыт тілейміз!

Мерекелік сəлеммен: Нұрлан-Болған ЕСЕНҒАЗЫ əулеті.

Ақтөбе қаласы 2018 жыл.

В этой теме ответов еще нет. Ваш ответ будет первым.




Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube