Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Құлжабай Бекқұлыұлы


Авторы Xабарлама
Нұрлан ЕСЕНҒАЗЫ
yessengazy@mail.ru
16-03-18 16:59
Аманғали Әміржанұлының «Ақиық арман» атты төрт том кітаптарынан үзінді:
Құлжабай Би Бекқұлыұлы (ХҮІІІ-ХІХ ғғ.)
Қазақ халқының орыс отаршылдығынан құтылуы үшін 30 жылдай уақыт (1773-1801 жылдары) күрескен ұлы күрескер Сырым бабаның сенімді серіктерінің бірі болған Құлжабай би Бекқұлыұлы Кіші жүздегі он екі ата Байұлының Таз деген руының Келдібай атасының ұрпағы болатын. Ардақты азаматтың есімі бүгінде тұтас бір арысқа – Құлжабай арысына негіз болып отыр. Ол да тегін емес. Парасатты басшы, ақылман аға, көреген көсем ретінде өз елін талай рет тағдыр соққысынан аман алып шықты, үнемі ел қамын жеп, оларды ұлттық азаттық көтеріліске көтерді. Бүкіл Таз руының бетке ұстар азаматы, сол кездегі білікті биі ретінде мемлекеттік маңызды істерге үлкен жігермен араласты.
Тарихи құжаттарды бағамдасақ, Құлжабай би өзінің тұрғыластары Тұрмәмбет, Көккөз, Сегізбай билер сияқты пәтуалы сөзімен, берік билігімен қозғалыстың бүкіл барысына өзіндік ықпал еткен ардақты ақсақалдардың бірі болғандығына көңіл тоғайтамыз. Қазақ елінің азаттығы үшін көппен бірге ұлы істерге араласқан абзал азаматтың тұлғасы ерекше көрінеді.
1783-1797 жылдары отаршылдыққа қарсы көтерілген қазақ халқы Нұралы ханды отаршылармен сыбайлас деп түсінді. Олардың атынан орыс патшасына жазылған хатқа – “55-тің талапхатына” барлығы 55 батырлар, билер мен ақсақалдар қол қояды, бұл хат Кіші жүз ханы Нұралының тағдырын шешеді, ол хандықтан түсіріледі.
Көтерілісшілердің қозғалыстың алғашқы кезеңіндегі екінші бір ірі жеңісі – қазақтардың Жайық өзенінің оң жағалауына көшіп-қонуға рұқсат алуы еді. Патшаның 1756 жылғы жарлығымен әлгіндей өтуге тыйым салынған болатын. Өкімет орындарының жергілікті халыққа оң жағалауға еркін жүруге ризашылық берген 1787 жылғы 5-ші сәуірде құрастырылған ведомостісіне сенсек, Құлжабай би Бекқұлұлына 3000 шаңырақ бағынды, бұл осындай рұқсат алған барлық 45 мың шаңырақтың саны жағынан үшінші орын алатындарының бірі еді “ең көбі – 10 мың, одан кейінгісі – 7 мың шаңырақ болатын). Бидің ауылы өз руластары Күрті (Құртқа — ?) ұлы Есенбай бидің (орысша құжатта “Курткин” делінген –А.Ә.) және Мыңдәулет батырдың ауылдарымен бірге (олардың әрқайсысында бір мың шаңырақтан болды) Гурьев қалашығына қарсы Ақтөбе шатқалын жоғары өрлеген аумақта көшіп-қона алатын болды (Сонда, 87-бет).
Құлжабай бидің көтерілісшілер арасында беделді болғандығын тағы да мыналардан көреміз: ол 1785 жылдан кейін де көпшілік болып қабылдаған шешімдерге ризашылығын бүкіл ру атынан беріп отырды: 1792 жылы да, 1794 жылы да осылай болды.
Би көбінесе Сырым батырды қолдап жүрді. Бұл әсіресе, Ералының хандық таққа отыруына қазақтың игі жақсылары қарсы болған тұсында айқын аңғарылды.
Ресейдің патша өкіметі демократиялық сипатта болған 1789 жылғы Ұлы француз буржуазиялық революциясының ықпалынан қорқып, Кіші жүзде хан өкіметін қайта орнатуға ұмтылды. Самсаған әскердің және қоқан-лоқының күшімен Ералы Әбілқайырұлы 1791 жылы хан болып “сайланған-ды”. Сырым бастаған азғантай топ оған бірден-ақ қарсы болды. Зеңбіректен қорыққан көпшілік ағаман келісімін алғашқыда берсе де, кейін Сырым бастаған көтерілісшілердің ықпалымен Ералыға қарсы шыға бастады. Олар 1972 жылдың 10-маусымында Орынбор шекаралық істер экспедициясына жолдаған хаттарында халық қалауын былайша жария етті: “…Егер патша ағзам Әбілқайыр әулетінен біреуді хан етіп сайлағысы келсе, біз оған қарсы болмас едік, бірақ біз, қырғыз-қайсақ (қазақ – А.Ә.) жұрты, Ералының хан болғанына қарсымыз, себебі, ол жасының едәуірге келгеніне байланысты бұл орынға лайық емес. Сондықтан, Ералы жүз ішіндегі айтыс-тартысты, тағы да басқа толып жатқан істерді шешуге шамасы келмейді. Осы себептерден оған халық риза емес…” (“Казахско-русские отношения в ХҮІІІ-ХІХ в.в.(1771-1867 г.г.). Сб. документов и материалов. А.-А., 1964, 135-137-беттер).
Хатқа қол қойған 14 ағаман (старшындар – А.Ә.) өздерінің қалаған басқа бір адамын халықтың сайлап қоюына рұқсат берілуін талап етті. Кейіннен олар сұлтан Есентайды өздеріне хан сайлап алады. Аталмыш хатқа Шекті Сегізбай, Ысық Сұлтанбек, Шеркеш Тұрмәмбет, Беріш Бөдене билермен қатар Құлжабай би де өз мөрін соқты. 14 ағаманның бұл ісі Сырым тобының азайып қалғанына қарамастан батыл әрекеттерден бас тартпаған өжеттігін, табандылығын әйгілейді.
“14-тің” тобының мұндай ісі нәтижесіз кеткен жоқ, көпшілік бірте-бірте олардың жағына шыға берді. Сөйтіп, патшаға тағы да хат жазылып, Ералыны өзгерту талабы қойылғанда, яғни, 4-қаңтар 1794 жылы олардың қатары 200-ге жуықтады.
Аталмыш деректер Құлжабай бидің ел өміріндегі аса маңызды оқиғаларға белсене араласып, өзіндік үлес қосқандығына, жұртшылықтың лайықты құрметіне бөленіп келгендігіне тура меңзейді.
Құлжабай бидің ұрпақтары да оның өзі сияқты отаншыл азаматтар, білікті билер болып өсті. Құлжабайұлы Қалыбайдан туған жеті баланың ең үлкені Масақбай да би атанды. 1824 жылы 3-қаңтарда Кіші жүз зиялылары Орынбордың генерал-губернаторы П.К. Эссеннен Жәңгір сұлтанды хан етіп бекітуді сұрап хат жазғанда ол өз мөрін басады (“Материалдар”, 461-бет).
Масақбай бидің төртінші інісі Қалмырзадан(Құлжабайұлы Қалыбайдың баласы) туған Дәден болыс(Қалмырзаның балалары Аймырза, Жолжан, Қауленнің інісі), би, батыр, әулие ретінде халық құрметіне ие болды.
Ал, Құлжабай бидің төртінші ұрпағы Бектұрлиев Байшығанның жерлесі Байжан Атағожиевпен бірге Атырау облысының Жылыой ауданы жерінде 1944 жылы неміс фашистерінің диверсант-десанттарына қарсы күресте жасаған ерлігі Республика Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 50 жылдығына арналған мерекелік баяндамасында аталып өтті.
Атақты күрескер бидің, абзал азаматтың алтыншы бір ұрпағы Есенгелді Нұршаұлы Нұршаев Атырау облысы әкімінің орынбасары ретінде Отанына қызмет жасады.
Атырау облысының Жылыой ауданы мен Ақтөбе облысының Ойыл ауданында Құлжабай би ұрпақтары көптеп саналады.
Сырым бабаның ұлы күрестегі бір серігі Құлжабай би Бекқұлұлы, міне, осындай азамат, билікті би, білікті ел басшысы болған адам еді.
Ақтөбе қаласынан бір көшенің атын, Ойыл ауданында бір көшенің атын Құлжабай би атамызға беретін уақыт та болған сияқты.
Нұрлан Ізденұлы ЕСЕНҒАЗЫ,
Ақтөбе медицина колледжінің оқытушысы, дәрігер,
87014552854, 87774088898

В этой теме ответов еще нет. Ваш ответ будет первым.




Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube