Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу

Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+

полная версия

Общение

Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: дебат туралы не білесің

Авторы Xабарлама
Гульжанат
www.erke@mail.ru
16-10-06 14:50
Дебат туралы не білесің

Авторы Жауап
Айдана
25-04-18 18:59
Ұлттық біріңғай тестілеуді алып тастау керек деп есептейді
Аяжан
kairjan230579@gmail.com
07-11-16 21:16
Кешіріңіздер. Маған " Шет ел азаматтары Қазақстандық компаниялардың акция иелері болуына тиым салу керек деп есептейді" деген тақырыпқа байланысты СТАТУС КВО тауып бере аласыздарма..?
Нуршат
aydar_70@mail.ru
12-10-15 17:42
Дебаттың бұл түрі ЖОО студенттері арасында кең таралған, кейде “студенттік” деп те айтылып жүреді. АПФ форматында спикерлер (ойыншылар) саны 1 палата (топ) 2-у болып табылады: 1 – үкімет тобының пример-министрі; 2 – үкімет мүшесі. Оппозиция тобының көшбасшысы және оппозиция тобының мүшесі.

АПФ форматы 2-ге бөлінеді: саяси және құндылық. Саяси форматта нақты проблема бар және оны шешу жолдары қарастырылған. Мысалы, бұл палата оқушылардың мектепке кешігу проблемасын шешеді. Құндылық форматында құндылықтар сайысқа түседі, бұнда проблема жоқ және палаталар иә/жоқ, келісемін/келіспеймін деген позицияларды жақтайды. Мысалы, бұл палата оқушылардың мектепке кешігуі дұрыс деп ойлайды))).

Ендеше, жүйелілік танытып, әрбір формат түрін бөлек қарастырайық.

Саяси формат

Саяси форматта нақты проблема (мәселе) бар, және үкімет тобы оны шешу керек. Оны шешу үшін үкімет тобы механизм енгізеді.

Үкімет тобының премьер-министрінің жұмысы барлық механизмнің презентациясын жасау. Презентация келесі нәрселерден тұру керек:

Сәлемдесу, қарарды (тақырып) айту;

Өз сөздеріңіз барлық қауымға түсінікті болу үшін қолданатын терминдік сөздерге анықтама енгізіп кетесіз, бұл диффиниция немесе кілттік сөз деп аталады. Мысал: инфляция – ақшаның құнсыздануы т.б. Кілттік сөздерге көп уақыт жіберіп керек жоқ, қарапайым сөздерге анықтама керек жоқ.

Келесі айтатын нәрсе қарардың өзектілігі. Яғни, неге біз бұл тақырыпты қарастыруымыз керек, міне соны айтуыңыз керек.

Келесі маңызды нәрсе бұл Status Quo немесе қалыптасқан жағдай деп аталады. Бұл жерде көбіне статистикалық мәлімет енгізіледі. Мысалы, қарар банктер туралы болса, онда: ҚР бір мемлекеттік және 12 жекеменшік банктер бар. олар 10 млн. халыққа қызмет көрсетеді. Осы қалыптасқан жағдайды 2 минуттан кем емес уақыт жұмсау керек және проблема осы қалыптасқан жағдайдан шығу керек.

Мысалы: ҚР азаматтары көбінесе жекеменшік банктерге барады, ал олардың банкрот болып қалу қаупі бар.

Содан кейін осы проблеманың шығу себептері туындайды және оларды айтып кету керек, олар бірнеше болу мүмкін, бастысы сіздің механизмізден кейін осы себептер проблемамен қоса жойылу керек.

Себептерін айтып болғаннан кейін үкіметтің басты жұмысы Шешу жолдары басталады.

Шешу жолдарында басты 4 сұраққа жауап беру керек: Кім?Қашан?Қалай?Қанша?

Ең соңында нәтиже айту өте маңызды, нәтижені айтпаған топтың жеңілу мүмкіндігі мол.

Міне, жоғарыда айтылғандардың барлығын премьер-министр 7 минутта айтып үлгеру керек. Уақыттың қайта қалып қалуы үлкен минусты білдіреді. Осы жерде айтып кету керек әрбір спикер өзіне сөзін айяқтау үшін жарты минут уақыт ала алады. Бұл негізгі уақыттан бөлек.

Осыдан кейін оппозиция тобының көшбасшысы шығып, 8 минут бойы қарыслық сөзін сөйлейді.

Ол өз сөзінде (әрине, амандасу және өзін таныстыру) қарарды айтып кету керек. Ең бастысы – оппозиция тобы кейсті еңгізу міндетті емес екенін білу керек. Ол тек үкіметтің кейсін құлатумен болады. Ал кейбір жағдайларда Үкімет тіптен кейс еңгізбесе, немесе өте әлсіз кейс ұсынса, оппозицияның қарсылық келтірер сөзі болмаған жағдайда ғана өз кейсін ұсыну мүмкіндігі бар.

Әдетте үкіметпен келісе салудың арты нашар. Төреші “бұлар дайын емес шығар” деп жеңіліс бере салуы мүмкін немесе ол жақсы ойын көруге келді, ал сіз барлығымен келіссеңіз – бұл дұрыс емес және жеңілгеннің белгісі.

Сонымен оппозиция неден бастайды? Қарарды айтқаннан кейін кілттік сөзден, яғни диффинциядан бастау тәуір болады. Диффиницияға мұқият болу керек, А4 форматты қағазға жазып, қасына өз диффиницияңызды бірден жазып үлгеру керек, шық одан қарау оңай болады және қағазға үңіліп тұрмайсыз төрешінің алдында (бұл жайт төрешілрерге және отырған парламентарийлерге ұнамайды). Алайда кейбір келтірілген кілттік сөздер дауласуға жатпайды, яғни олар дұрыс келтірілген, бұларды мойындау керек, “біз келісеміз” деп айтып кету керек. мысалы: жастар – бұл 14-29 жастар аралығындағы ҚР азаматтары (бұл заңда осылай жазылған, сондықтан қарсы шығып керек жоқ). Ары қарай барлық кейстің жақтары бойынша тоқталып, қарсылық келтіріп кету керек, бірақ осында да барлығына бірдей келтіре беріп керек емес, нақты түсініп алу қажет.

Саяси форматта басты орында Шешу жолдары орын алады. Сондықтан ең басты қақтығыс нүктелері шешу жолдарында болу керек. Бұнда барлық Кім? Қашан? Қалай? Қанша? деген барлық сұрақтарға арсы шығу міндетті емес, алайда пікір-сайысшылар әдетпен барлығына тиісе береді. Және маңыздысы – ол нәтиже! Нәтижеге міндетті түрде қарсылық келтіру керек, оны жасамасаңыз, төреші сізге жеңіліс қоюға құқылы. Осының барлығы 8 минутта жасалатын жұмыс, сондықтан қағазға не айдалаға қарай бермей арасында тайм киперге қараған да абзал.

Келесі сөз сөйлеу кезегі – үкімет тобының мүшесінде, оның уақыты 8 минут. Ол жаңа ғана қарсылық келтіріп кеткен оппозиция тобының көшбасшының сөздеріне қарсылық келтіріп, өз кейстерін қалпына келітіріп, ары қарай жалғастыра, дамыта алады.

Осыдан кейін 8 минут бойы оппозиция мүшесі сөз сөйлейді. Ол тек үкімет тобының екінші спикерінің сөзіне қарсылық келтіреді.

Міне, ойынның негізгі бөлімі аяқталды, оны сіздерге төреші айтады, ал сіздер тұрып кетпей оны тыңдап отырасыздар. Келесі келген адамдар, яғни парламентарий сөз сөйлейді, әрбіреуіне 1 минуттан уақыт беріледі. Оған сіз еш қарсылық білдіре алмайсыз, ол өзінің жеке ойын айтады. Кейін сараптама кезінде сіздер “мана парламентарий осылай айтты” деп оның сөздерін қолдана алмайсыз, бұл ережеге қайшы.

Осыдан кейін ойынның сараптама бөлімі басталады, сараптамаға бірінші болып оппозиция көшбасшысы шығады, оның уақыты 4 минут. Ол тек ойынды сараптайды, ешқандай жаңа аргумент енгіуге болмайды.

Содан соң үкімет тобының премьер-министрі сөз сөйлейді, оның уақыты 5 минут. Ол алғашқы уақытын ребатлға алуға құқылы, яғни оппозицияның 2 спикерінің сөзіне ребатл жасайды. Кейін сараптамаға көшеді.

Қарсылықтар:

3 негізгі түрі бар:

1. Жаңа аргумент – сараптамада жаңа аргумент енгізілсе, қарсылас топ төрешіге осы туралы тұрып айту керек, айтпаса, төреше бұл туралы жаза алмайды.

2. Уақыт лимиті – төреші уақыт аяқталғаны туралы белгі берсе, ал спикер ары қарай сөйлей берсе, қарсылас топ қарсы шығу керек, тек қана сонда қарсылық саналады.

3. Жеке басқа қолсұғушылық – спикерлердің біреуі сіздің жеке басыңызға тиіссе, онда тұрып қарсылық білдіресіз. Мысалы: сіз естіген жоқсыз – бұл қарсылық ретінде қабылдамайды; Сіздің құлағыңыз естімейді – бұл қарсылық қабылданады.

Алғашқы және соңғы минуттарда сұрақтар қойылмайды. Сараптамада тіптен сұрақтар қойылмайды.

Міне, алғашқы оқығанда бұл бірден қиын көрінеді, алайда 1-2 ойыннан кейін бірден үйреніп кетесіз.

Сәттілік!
Асем
asemok.a.01@gmail.ru
28-09-15 15:20
barine salem, magan debatka ademi bir tanystyru kerek edi.Otinem, komektesip jibersenizder
жулдыз
Bekkyzy1996@mail.ru
02-04-15 13:18
Барлыктарынызга салем!маган дебаттын шарттарын толык және накты айтсаныздар, ар турды да болек болек айтып жиберсендер
дильназ
87753727671
12-03-15 06:15
салем достар мен бірінші рет дебатқа қатысайын деп отрм көмектесіндерш ереже билмим
арайлым
87784242128
13-02-15 12:49
Халықтар достығы бейбітшілік кепілі деген тақырыбында не айтуға болат
шынара
shynar_2010.kz
20-12-14 17:23
жалбы дебатта форматтар көпе. дегенменде қазіргі таңда БПФ форматы белең алып келе жатыр. ойын ережесі 4 команда ойнайды. ар спиккерге берілетін уақыт регламенті 4 минут. яғни ашушы үкімет, жабушы үкімет, ашушы оппозиция және жабушы оппозиция. сұрақ қою регламенті 45 секунд, 3ші сұрақ міндетті. формат: 1. амандасу 2. қарар 3. дифиниция 4. философия 5. статистика 6. аргумент 7. қорытынды
Жанар
jan.kur@mail.ru
10-12-14 16:53
Құрметті қызыл жастар!
Сіздерге дебат такырыбын айткым келеді өз пікірлеріңізді білдірулеріңізді өтінемін."Баспана мәселесі ажырасуға әсерінтигізеді ма?"
debat
debat@mail.ru
06-12-14 13:53
Akwa wewedeigo debatti yty ywin torewini satyp alasyn .
саян
saian togaibek
04-12-14 17:36
иаған ақша керек

(шутка)
назерке
23-11-14 10:06
мен ертен дебат жасауым керек. бирак мен калай жасау керек екенин билмеймин. еликтейтин тулга туралы. отинем маган комектесиндерши
""""""""""""
boxes_777@mail.ru
23-11-14 04:01
салем достар мен дебатка биринши рет катыскалы отырм дебаттын максаты билим соган комектесииныздеошы опазиция мушесимын"!!алдынала рахмееет!!!!!!
Бакберген
bakbergen.2000
20-11-14 11:07
Бала кукыгын коргау
Мейірім
meirim_02
16-10-14 18:35
барлыгына салем.Мен ертен дебатка катыскалы отырмын.Бізге берілген тақырып(бұл өмирде адал достық бар ма?)бізге амал достықты қорғауға берілді.өтінем бірдене білсеңіздер жазыңыздарш
Егенбердиева Арайлым
arailym_98_99
26-09-14 19:36
Салем создинта патшасы деп соз басын бастайын Б.п. когамдык коликтердеги женилдиктердин алынып тасталуы Дурыс деп есептиди такырыбын да пикирлеринизди айтсаныздар курметти дебат суйер кауым.
Мадина
janym_99.jan@mail.ru
01-03-14 09:54
Маган ертенги дебатка таныстыру тауып бериниздерши,катты керек болып тур.
аружан
aruka_09.97@mail.ru
09-02-14 09:33
Дебат белгили бир форматка болинеді.Мысалға:оқушылар мен студенттерге 2014 жылдан баста АПФ форматын өткізу басталып кетти ол калай деп оилаисыздарго ол былай:ол 2-2 адамнан оинатылады 1 жақ ҮКІМЕТ ал 2 жақ ОППОЗИЦИЯ яғни ҮКІМЕТКЕ қарсы пікір айтады.Оның басты жоспары 5 ке бөлінеді 1.Сәлемдесу 2.Таныстыру 3.Дифиниция ол термин сөздерді жалпақ сөзбен түсіндіреді 4.Кіріспе 5.Негізгі ой айтылады.Ал тағыбір айта кететіні шамаларыныз келгенше миндетти түрде фишка қолдануға тырысыңыздар.Жәнеде басты ережелердің бірі ХАНЫМ және МЫРЗА деп сойлесуі шартты.Мен ақтөбе облысынанмын биз биринши АПФ дебатын өткізіге дайындалып жатырмыз 1 жети уақыт берди дайындалуға.
наргиза
nargiza_baby@inbox.ru
25-01-14 16:41
Жастар саясатын жандандыру жолдарын ұсыну
наргиза
nargiza_baby@inbox.ru
25-01-14 16:37
Жастар саясатын жандандыру жолдарын ұсыну
наргиза
nargiza_baby@inbox.ru
25-01-14 16:35
сәлем түзелмей-әлем түзелмес дегендей Армысыздар құрметті жастар!маган көмектеріңіз қатты керек болып тур.МАган жастар саясатын жандандыру жолдары туралы .өз ой пікірлеріңізді жазып жиберсеңіздер.Алдын-ала рахмет
Arai
araika_14.04@mail.ru
21-01-14 15:37
дебат оте керемет ойындардын бири.барлыгын катысындар
Асылзат
Asilzat_10@mail.ru
01-01-14 17:01
Жастардың билікке араласуы оте орынды деп есептеймін. Себебі Жастар елдің болашағы. Ал билікке араласып журген жастар мен айтар едім нағыз ел жанашырлары деп. Елбасы айткандай біз мемлекет маган не береді деп емес, мен мемлекетке не беремін деген оймен жүрсек сонда еліміз коркейер еді... Ал билікке араласып, ел болашағына алаңдайтын әрбір жас мемлекеттің дамуына өз үлесін қосып жүр деп ойлаймын. Мен 2курс студентімін жане дебатер ретінде айтарым мен мемлекетте болып жаткан нарселерге птриот ретінде немқұрайлы қарап отыра алмаймын.
Арайлым
arailym_97.97@mail.ru
16-12-13 20:09
Дебат- бұл қарама-қарсы көзқарас ұсынатын топтардың белгілі бір ережелермен шектелген қақтығыс және интелектуалды ойын түрі.

Айдана))
prosta_zhanik@mail.ru
11-11-13 15:13
достар маган Хэллоуин жайли аныктамма тауып бериндерши)))))
Нурик
09-11-13 17:17
Білім беру сапасын қамсыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің ғылыми жетекшісі, профессор, педагогика ғылымдарының докторы
Соңғы он жылда жаңадан пайда болып, дамып отырған жаһандық тенденциялар Қазақстандық жоғарғы білім жүйесінің алдында жаңа тосқауылдар қойып отыр. Білім беретін ұйымдардың қызметін бағалау әрі салыстыру құралы ретінде қолданылатын рейтингілер жоғарғы білім жүйесін жетілдіру төсілдерінің бірі болып табылады. Олар жоғарғы оқу орындарды бәсекелестікке ынталандырып, біздің мемлекетіміздің ЖОО-ның сапасын қамтамасыз ету жүйесінде өз орнын тапты. ҚР Президентінің жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қойылған мақсаттардың біреуі – кем дегенде екі Қазақстандық ЖОО-ң халықаралық рейтингіге ілігуі. Қазақстандық ЖОО-дар ғаламдық рейтингілерге белсенді қатысуда. Солардың ішінде ең жақсы нәтижелерді QS рейтингінде көрсетуде. Екі Қазақстандық ЖОО-ы 2012 жылы британдық QS агенттігінің ең үздік 400 ЖОО-ның қатарына кірді. Дегенмен, ұлттық рейтингілер білімнің сапасын көтеру, әрі отандық ЖОО-н алға тарту құралы ретінде маңызы одан да зор болуы мүмкін, себебі олар жоғарғы оқу жүйесін толығымен қамтиды.

2008 жылдан бастап Білім беру сапасын қамсыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі жыл сайын Қазақстанның ЖОО-ң жалпы рейтингісін ұйымдастырып, басып шығырады. Осы жалпы рейтингілер ұлттық рейтингілер болып саналады, себебі мемлекеттің түкпір түкпірінде орналасқан ЖОО-ның сан қырлы қызметтрін қамтиды. Бүгін Білім беру сапасын қамсыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі академиялық статистикалық көрсеткіштерді талдау, эксперттік бағалаулар, жұмыс берушілер сауалдамасы негізінде құрылған Қазақстанның ең үздік ЖОО-ның 2013 Ұлттық рейтингісін ұсынып отыр. Ұлттық рейтингінің аудиториясы сан түрлі, олар – талапкерлер және олардың ата аналары, жұмыс берушілер, академиялық қоғам және ЖОО-дың басшылары, халықаралық ұйымдар және мемлекеттік органдар. Дегенмен, біз бұл рейтингілердің нәтижесі Қазақстандық талапкерлерге әр түрлі ЖОО-ның арасында дұрыс таңдау жасауға көмектеседі деген үміттеміз. Алғашқыда қоғамға мәлімет беру үшін қолданылғанмен, бүгінде ЖОО рейтингілері олардың сапасының көрсеткіші ретінде де қолданыла алады. Рейтингілердің пайда болуының жақсы жақтарына келесілерді жатқызсақ болады: ЖОО алдарына өз қызметтерінің сапасын әр қашан жақсартып отыру деген мақсат қоюда, жұмыс берушілермен тығыз бірлесіп әрекет ете бастады, өзара таланттарға және ресурстарға бәсекелесуде. БСҚТҚА-ң Ұлттық рейтингісі Қазақстандық ЖОО-ң әралуандығын ескере отырып, білім ұйымдарын бұрынғыдай келесі бағыттарға бөледі: көппрофильді, техникалық, гуманитарлық-экономикалық, медициналық, педагогикалық және өнер ЖОО-ы.

Ұсынылып отырған рейтинг көп өлшемді рейтинг болып табылады, себебі академиялық статистикалық көрсеткіштер профессор-оқытушы құрамының жұмысының сапасын, студеттер құрамын және олардың оқу нәтижелерін, ЖОО-дың ғылыми инновациялық қызметін, халықаралық ынтымақтастығын, және сонымен қатар интернетте олар туралы ақпараттың мөлшерін қамтиды.

Жалпы институционалдық рейтингінің есептеу тәсілі өзгеріссіз қалды. Рейтинг бұрынғысынша үш бөлімнен тұрады: 1-ші сауалнама - ЖОО-дың академиялық ресурстарының сапасын статистикалық көрсеткіштер негізінде бағалау. Бұл жалпы көрсеткіштің 60% құрайды. 2-ші сауалнама – ЖОО-ң қызметіне академиялық қоғам тарапынан эксперттік бағалау беру. Бұл 20% құрайды. 3-ші сауалнама – жұмыс берушілермен мемлекеттік органтарға таратылатын социологиялық сұрақ жауап. Бұл тағыда 20% құрайды. Жалпы алғанда, ұлттық рейтингінің 2-ші әрі 3-ші сауалнамалары ЖОО беделін көрсететін бөлімдері. Пайыздық өлшемдердің әр статистикалық индикаторларға үлестірілуі БСҚТҚА-ң ғаламтордағы мына парақшасында егжей тегжейлі көрсетілген http://www.nkaoko.kz/rankings/rating-2013 /.

Әр сауалнама нәтижесі мөлшерленіп, кейін жиынтықтау арқылы интегралды, ақырғы қосындысы табылды. Осы қосынды арқылы әр ЖОО-ң тобы үшін рейтингідегі орындары табылды, яғни жалпы рейтингілері шығарылды. Рейтингтің методологиясы рейтингілеу бойынша халықаралық эксперттер тобымен мақұлданған (IREG-3). Оған сонымен қатар АҚШ-тың, Еуропаның, Қытайдың беделді эксперттері желеуретеді. Методология көрсеткіштердің ашықтығын, релеванттылығын, сенімділігін қамсыздандыру мақсатында IREG обсерваториясының халықаралық эксперттері дайындаған Берлин қағидаттарының стандарттарына сәйкес келтірілген.

Агенттік өз тарапынан ақпаратты жинау, дәйектеу, өңдеу және түзету бойынша үлкен жұмыс атқарды. Жұмыстың үлкен бөлігі ақпараттардың дұрыстығын тексеру бойынша аудиттан тұрды, себебі ол уақыт бойынша да, жұмсалған ресурстар бойынша да көп еңбекті қажет етті. Кейбір ЖОО-дың біршама көрсеткіштер бойынша өздері туралы мәліметтерді әдейі не кездейсоқ бұрмалайтыны ешкім үшін құпия емес. Өте маңызды айта кетерлік жайт, кейбір мәліметтерді біз объективті үшінші тараптардан алып отырдық. Мысалы, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ әр ЖОО-ң Болашақ стипендиаттары туралы мәлімет берді, Ұлттық тестілеу орталығы студенттердің оқу жетістіктерін сыртқы бағалау туралы мәліметтерді ұсынды, Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғарыдан кейінгі білім департаменті ЖОО-на қатысты «Жылдың ең үздік оқытушысы» конкурсы бойынша мәлімет берді. Қазіргі таңда, тек 1-ші - ЖОО-ң академиялық ресурстарын бағалайтын сауалнама бойынша біз алты индикатор, отыз алты критерий енгіздік. Қосымша шетелдік дипломы немесе ғылыми дәрежесі бар отандық профессор-оқытушы құрамының үлесі атты критерий енгізілді.

Профессорлардың Thomson Reuters және Scopus дерекқорларында табылатын шетелдік рейтингілік журналдардағы публикацияларына ерекше назар аударылуда, себебі бұл ғылыми зерттеулер жүргізудегі жалпы мемлекеттік саясаттың бірі болып саналады.

ЖОО-ң қызметінің рейтингісі келесі индикатормен есептелді: 1 индикатор – студенттер контингенті, 2 индикатор – оқу нәтижесі және білім беру программаларының саны, 3 индикатор – академиялық кадрлардың сапасы: профеесор-оқытушы құрамы, 4 индикатор – ғылыми зерттеу және инновациялық жұмыстар, 5 индикатор - халықаралық ынтымақтастық, 6 индикатор – ақпараттық қамсыздандыру, яғни сайттың талапкерлерге, оқытушыларға және басқа да қызыққан тұлғалар үшін қажетті ақпаратпен толтырылуы. Ұпайлардың әр критерийге егжей-тегжейлі үлестірілуі сайтта көрсетілген http://www.nkaoko.kz/rankings/ratings-2013 .

6-шы индикатор ЖОО-дың сайтына байланысты олардың ақпараттық қамсыздандырылуын көрсетеді. Бұл критерийдің индикаторлары сайттың ақпаратқа толымдылығын ескереді, интернет парақтарының саны, құжаттардың саны, жаңартылу жиілігі, сайтқа нұсқаулардың саны және сайтқа кіріп-шығулардың саны, сайттың безендірілуі мен навигацияның ыңғайлылығы, ақпараттың үш тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) ұсынылуы: Қазастандық ЖОО-ның 70-ке жуық интернет-ресурстары эксперттік талдаудан өткізілді. Ең үздік бестікке Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ, КИМЭП, Қ.Сатбаев атындағы ҚҰТУ, С. Торайғыров атындағы ПМУ. Жүктелген құжаттар саны бойынша көшті Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, С. Торайғыров атындағы ПМУ, Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, ПМПИ бастап келеді. Барлық ЖОО-ы сайттарындағы құжаттарды word, rar немесе pdf форматтарында жүктеуге болады. Бұл құжаттарды бір басып жүктеп алғанға өте ыңғайлы. Баспасөз бетіндегі ескерулерді есептегенде ең беделді электронды БАҚ-тар ескерілді, олар: http://www.kazpravda.kz/ ;http://www.egemen.kz/; http://tengrinews.kz/; http://www.zakon.kz/; http://www.inform.kz/; http://www.newskaz.ru/; http://www.aikyn.kz/; http://www.zhasalash.kz/; http://www.liter.kz/; http://www.nur.kz/
Сонымен қоса, ЖОО-дың атауы түлектерінің жоғарғы лауазымға тағайындалғанында БАҚ-та көп аталып өткен. Жоғары лауазымға тағайындалған тұлғаларды қозғағанда, БАҚ сол тұлғаның қысқаша өмірбаянын беріп, сол жерде айтылып жатқан тұлғаның білім деңгейін көрсетіп кетеді.
Рейтингінің 2-ші және 3-ші бөлімдірінде бағалау эксперттер мен жұмыс берушілер тарапынан жасалды. Эксперттер өздері кездескен, ішінен жақсы танитын ЖОО-ға баға берсе, жұмыс берушілер олардың түлектерінің дайындығын бағалады. Эксперттер ретінде ЖОО-дың ректорлары, проректорлары, құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, кафедра жетекшілері және профессорлар қатысты. Жалпы сауалнамаға 400-ден астам эксперт қатысты. Бұл былтырғыдан екі есе көп.
Өкінішке орай, биыл ЖОО-ды оңтайландырумен байланысты өздері жайлы деректерді ұсынған ЖОО-дың саны қысқарды. 2012 жылы статистикалық деректерді 89 ЖОО ұсынса, биыл агенттіктің сауалнамасын бар болғаны 70 ЖОО толтырды. Дегенмен, агенттік өз зерттеулерімен ашық дереккөздерден Қазақстанның барлық 130 азаматтық және 1 азаматтық емес ЖОО қамтыды.
Жұмыс берушілермен сауалнама әр түрлі жолмен жүргізілді: поштамен министрліктерге, әкімдіктерге, ұлттық компанияларға жіберу арқылы; шағын және орта бизнес өкілдерін орнында сұрау арқылы және электронды түрде. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде бізге 1000-ға жуық толтырылғын сауалнама келіп түсті.
Барлық жұмыс берушілерге сауалнамаға қатысқандары үшін алғысымызды білдіреміз. Сонымен қатар келесі мемлекеттік органдардың белсенді қатысқанын айта кеткіміз келеді: Әділет министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Мұнай және газ министрлігі, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Көлік және коммуникация министрлігі, ҚР статистика агенттігі, Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, Алматы, Астана қалаларының, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері. ЖОО-ы бағалау жобасына келесі ұлттық компаниялар үлкен қолдау көрсетті: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік Қоғамы, «Самрук-Қазына Инвест» ЖШС, «Самрұқ-Энерго» АҚ, «КАЗАТОМПРОМ» Ұлттық атом компаниясы, «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамы, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ,«KazExportGarant» АҚ, «Қазтелеком» АҚ, Тобол» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы және басқалары. Былтырғы жылдағыдай «Фактор» жүйелі зерттеулер компаниясы ақысыз түрде бағдарламалық жасақтамаға түзетулер енгізіп, жиналған деректерді өңдеді.
Қазақстанның ең үздік ЖОО-ның жалпы рейтингісінде 60 ЖОО ұсынылып отыр. Биыл біз кейбір мамандықтар тобы бойынша рейтингілер құру жобамызды бастадық. Бұған байланысты деректер бір аптаның ішінде біздің агенттіктің сайтында ұсынылады.
Рейтингінің әр сауалнама бойынша біріктірілген нәтижесі ең үздік ЖОО-ң жалпы рейтингісі түрінде бағыттарына байланысты агенттіктің мына сайтына шығарылады: www.nkaoko.kz/rating. Жоба Білім беру сапасын қамсыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің өз қаражатына жүргізілді.
Ең үздік ЖОО-ң ұлттық рейтингісіне іліккен және келешекте ілігетін барлық ЖОО табыс тілейміз.
Біз барлық талапкерлерге, олардың ата-аналарына табыс тілей о

Дәстүрлі байқау жыл сайын мұнай-газ өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі құрметіне ұйымдастырылып келеді. Биыл маңызды шара Шымкенттегі оқу-курстық комбинатында және «Интергаз Орталық Азия» компаниясына қарасты «Ақбұлақ» желілік-өндірістік басқармасының базасында өтті. «Басты мақсат – өзара тәжірибе алмасып, қызметкерлердің кәсіби біліктіліктерін арттыра түсу», – дейді ұйымдастырушылар.

Есенбай ҚАЛИЕВ, «ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ, КОМИССИЯ МҮШЕСІ:
- Өз мамандығы бойынша үздік сайыс – жылда өткізілетін дәстүр. Биыл да өтіп жатыр. Бұл 13 мамандық бойынша 81 адам қатысып жатыр. Оның ішінен үздікті таңдау өте қиын, себебі бізде ең үздік деген мамандар жұмыс жасайды.

Аймақтағы филиалдардан алдын ала іріктеліп алынған үміткерлер 2-ші айналымда теориялық сауалдарға жауап беру мен өндірістік нысандарда нақты тапсырмалар арқылы сыналады. Орындалған жұмыстың көлемі мен сапасы, білікті және қауіпсіз еңбек әдістерін қолдану, қауіпсіздік техникасы ережелерін білу, міне осындай күрделі кезеңдерден сүрінбей өткендер ғана жеңімпаз атанады. Байқау тартысқа толы әрі қызықты өтті.

Арыстанбай ТӨРЕМҰРАТОВ, БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ:
- Бірінші мәрте қатысып отырмын. Жұмысымыз өте қауіпті, газбен жұмыс жасаймыз. Соған өте маңызды конкурс. Адамның өмірі, денсаулығы мына сайыста пайдасы көп, оқисың, көп білесің. Бұл қаражатты енді бала-шағамның несібесі, балаларымды оқытам, үйлендірем дегендей.

Барлық жеңімпаздарға жоғарғы кәсібилігі үшін диплом, бағалы сыйлықтар және ақшалай сыйақылар табысталды. Компания басшылығы болашақта да газ саласында үздік нәтижелерге қол жеткізіп қана қоймай, адам өмірі мен денсаулығына баса назар аударыла берілетіндігін

Халықаралық қатынастар»

мамандығы

Жаһандану – ХХІ ғасырда аса жоғары қарқынмен, күрделілігі және көп шамалылығымен айрықшаланатын қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардың міндетті сипаты. Осындай күрделі жағдайларда түлектер нарығында жоғарғы әлемдік стандарттарға сәйкес келетін креативті ойлайтын мамандарға сұраныс артуда. Аталмыш мамандық бойынша білім алу халықаралық қатынастардың жаңа бейнесін анықтайтын қазіргі таңдағы әлемдік саясаттың маңызды аспектілері бойынша сапалы білім алуға мүмкіндік береді.

«Халықаралық қатынастар» мамандығы студенттерге Азия мен Африка, Еуропа мен Америка елдерінің жаңа және бүгінгі таңдағы тарихы саласында, халықаралық құқық, ХЭҚ, ҚР сыртқы саясаты, халықаралық ұйымдар, дипломатиялық этикет және хаттама, тәжірибелік шет тілі саласында білімдер кешенін меңгеруге мүмкіндік береді.

^ Академиялық дәреже – халықаралық қатынастар бакалавры. Халықаралық қатынас студенттері ҚР сыртқыэкономикалық мемлекеттік басқару органдары мен сыртқы саяси органдарында, сыртқы экономикалық және мәдени байланыстары бар трансұлттық корпорацияларда, өкілдікті ұлттық компанияларда және шетелдегі ұлттық мәдени орталықтарда жұмыс істеп, шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізіп, ақпараттық-сараптамалық, ғылыми-зерттеу орталықтарында, халықаралық үкіметтік емес ұйымдарда іскерлік келісімдер өткізе алады.

«Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бакалаврларды сапалы дайындау үшін Университет бай материалды-техникалық базаға, білікті ғылыми-педагогикалық кадрларға ие және АҚШ, Италия, Германия, Австрия, Латвия мен ТМД елдерінің алдыңғы қатарлы әлемдік университеттерімен халықаралық қызметтестікті белсенді дамытуда.

«Халықаралық қатынастар» мамандығының студенттері университетте жүзеге асырылатын ТАСИС пен ТЕМПУС бағдарламалары шеңберінде студенттермен алмасу бағдарламаларына қатысудың кең мүмкіндіктеріне ие.

Білім беру бағдарламасын табысты меңгергеннен кейін әлемдік экономика бакалаврлары экономикалық бағыттар бойынша магистратурада білім алуды жалғастыру мүмкіндігіне ие болады.

Бакалаврларды оқытуға университеттің ең үздік оқытушылары, сонымен қатар әлемдік экономика саласындағы шетелдік мамандар тартылған.

Жетекші кафедра – экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасы – экономика саласындағы ғалымдар мен мемлекеттік қызметкерлер, табысты бизнесмендер, дипломаттардың альма-матері.

Нурик
09-11-13 17:13
Дебат біздің керемет,
Болашақ саясаткерге керек ет.
Ойнау керек әрқашан,
Оған қайсы тең келет.

акмарал
monti.97
04-11-13 21:37
Мен Кызылорда каласында турамын дебатка катыскам ал каз ережесин умытып калдым билетиндерин болса айтып жибериндерш
Ажар
A_askarovna@list.ru
07-10-13 22:05
Оралдың Пікірсайысшылары Оралда!)))) Мадина ең әуелі ниет керек қалғаны бола жатады!!!! Оралда өтетін пікірсайыстарда сізді көремін деген үміттемін!
мадина
madina_kasimxan
20-09-13 16:01
мен ешкандаи ережесин билмеим ким биледи
мадина
madina_kasimxan
20-09-13 16:00
оралдык дебатшылар каидасындар?!!!!!
мадина
madina_kasimxan
20-09-13 15:56
салем достар калаисындар!мен дебатка жанадан катысп журмин ережесн толык билетндер болса аитындарш отиниш
Жанар
djanar_love@mail.ru
16-09-13 18:29
Менің түсінуімше дебат дегеніміз қалайда жеңіп шығу емес ең басты адам осы пікір таластан озіне қажетті рухани азық алып кетуі. Біздің жоғарғы оқу орнымызда да дебат клубы жұмыс істейді. Мен онда әрбір барған сайын рухани демалып, ойыма кемінде бір маңызды проблемаларды іліп кетемін. Дебат адамның ойлау қабілетін жақсартып, тіл мәдениетін арттырға улкен септігін тигізеді. Сіз онда ең алдымен озиңізді құрметтеуді уйренесіз. Баріңізді дебатқа қатысуға шақырамын.
Ажар
A_askarovna@list.ru
15-09-13 22:40
Баршаңызға салем! Дебат - бұл керемет өмір мектебі. Жұртшылықтың алдында емін еркін өз ойынды бүкпесіз айта алудың өзі ғажап дүние! Студенттік өмірімнің қызықты өтіп жатқаны міне дебаттың арқасында! Дебатты ойнағаныма биыл 4 жыл болады үйренген білгенім өте көп! Баршаңызды Дебат пікірсайыс ойнауға шақырамын!
Қайсар
kazakhbaev_97@mail.ru
14-04-13 18:45
Дебаттың форматтары туралы нақты жауап керек .
жанна
soni_96.20@mai.ru
11-02-13 12:49
салеметсіздерме құрметті қауым№маған дебат ережелері өте қажет болып тур,оны қаидан алуға болады

Айзат
aizat_aiari@mail.ru
11-02-13 11:08
Сәлем баршаңыздарға! "Мен жастарға сенемін" деп Мағжан ағамыз айтқандай дебат ол жастардың болашағы. Мен өзім "Ахмет Ұрпақтары" деген пікірталас ұйымының мүшесімін. Дебатқа биыл 1 курсқа келгеннен бері қатысамын. Қазір төреші болуды да, барлық форматтарды да толықтай меңгеріп алдым. Жастар сіздерге айтарым дебатқа барыңыздар.
Айнура
Аinura_97_28@mail.ru
08-02-13 14:10
меніңше дебат ол адамның ой-өрісін дамытып,болашаққа жетелейтін жол десек қателеспейміз.Себебі адам өз ойын жеткізе алады бұл бір,жанжақты болуға үйретедібұл екі,әрі көптеген қарсылас адамдармен яки достарыңмен танысып көп нәрсе білесін.Жалпы көп нәрсеге үйрететін ойынның түрі.Достар дебатқа қатысыңдар,құр қалып қоймаңдар көп нәрсе үйренесіңдер жаман болмайсыңдар.жақында менде дебатқа барғалы жатырмын,маған сәттілік тілеп жіберіңдер.
Асланбек
adik.boy@inbox.ru
04-02-13 11:16
Салем Барша Мусылмандар..меным Отінішім, Оз класымнын Ішінде Дибат Откызеиын деп едім соган кандаида Такырып боладі,Комегым осы сіздерге.
Aidana
aidok_98.1998@mail.ru
03-02-13 18:52
1 karar бул палата казакстан республикасынин жастар саясатынън тУЖЫРЫМДАМАСЫНЫН ЖАНА МЕХАНИЗИМИНИН УСЫНЫЛАДЫ ,АПФ ФАРМАТЫ ФОИНША ОИНАТЫЛАД
Ислам Асель Саматкызы
asel.17.12
10-01-13 21:26
Сөз басы сәлем демекшіб Армыссыздар Алаштың қазақтың намысты ұлдары,арлы инабатты қыздары Мағжанның ағамның сенген жастары,болашақ бірге қалааушылар! Дебат бұл түсініп беріліп ойнаған адамға өте жақсы қызықты, жалпақ тілмен айтқанда азартты ойын! Бұл ойын кез-келген адамның деребесін қоздырып ойнатады. Бұл ойында адам өз ойын шебер жеткізі алу керек! Нақты дәйекті аргументтер сіздің ойында жеңіске жетуіңізге толықтай кепіл бола алады! Мен озім дебат ойнап жүргеніме 4 жыл болды! Барлық Тәуелсіз елдің зерделі ұл-қыздарын дебат пікірсайыстарын ойнауға шақырамын!
Акерке
akerke9638
26-12-12 18:49
Мен осының алдында дебатка катысатынымды айткан болатынмын! мен катыстым дебатка менімен 1 бала катысты. тореші озіне назар аудармаганы ушін ренжіген болатын. ал біздің карсыластарымыздың артык кеткен создері мен кылыктары ушін баллдары томендетілді. Бірак, біз женіске жеткен жокпыз окініше орай ! одан кейін алі бір дебат откен жок калалык !
МиКА
Meruert_97a@mail.ru
18-12-12 13:17
Достар)) ДЕБАТ ол тек ойын гана емес,ол СенИН АРтыкшылыгын>>>>Мен клубынын мушесимин!!
Кызыл тилдин канжары жанашырым,
Уйрететин дебАТтын дара ШыНЫН..
Кашанда тулеп ушкан оренин боп...
Мен СенИ ЖЫРЛАП ОТЕМ "ОРАТОРЫМ"
Гүлнұр
guka.1995@mail.ru
05-12-12 11:00
дебат бул оз ойынды нактылы жеткизе билу. мен озим дилмар дебат клубынын мушесимин. 2ши спикермин. дебат ойнагалы мен озиме керек крп акпарат ала аллдым жане коп достар таптым. дебаттын сабакка еш кедергиси болмайды керисинше пайдасы коп. артурли итакырыптардва кобинесе саяси такырыптарды ойнаймыз. негизи кундылыкты форматты жаксы билсен болды
Олжас
oljas.89@mail.ru
01-11-12 20:15
ассалаумагалейкум құрметті достар!!! маған сізердін көмектерінеіз қажет қазыргі танда дебат Карл Попперін қағидасы мен ойналам ма немесе басқа ойын турлери болса және ойын ережелері туралы мәлімет керек еді? жауаптарынызды асыға күтем
Біржан Абдималик
birzhan.b@mail.ru
31-10-12 17:22
құрметті дебат сүйер қаым маған кұндылық және саяси форматын тусиндіріп беріңіздерш менде қызылордаданмын?!

Индира
usenbek.indira@mail.ru
19-10-12 18:21
Слем достар!!! Мені дебат жайлы ойым млдем сіздердікімен келіспейді! Быра мен дебата атысамын!! Мені ойымша дебат ол тек сз талас ешандай шешім болмайды жне де дыма керегі жо!! Дебатты мнін маан тсіндірулеріізді тінемін!!!
Jalgasbek
jalgas_98_98@mail.ru
17-10-12 17:39
erlik sozin nin antonimi katindik iagno korkaktik
Jalgasbek
jalgas_98_98@mail.ru
17-10-12 17:31
Салем достар жансезімге айтарым балалардын кукыгын коргау департаментты барю сіз қайдан болва
ыз
гулдидар
guldidar.krg@list.ru
10-10-12 15:25
жалпы дебат ой сананын калыптасып,оны терен жеткзе билуге жалпы айтканда создик корымыздын жетилуине комектеседи.Әри кызыкты да тартысты ойын,жениске деген умтылыс!!!!!
Жасулан
abilda.96
02-10-12 10:50
Обшем дебат кугынбайский ангимен

НАРГИЗА
miss_nargiza_94-2011@mail/ru
05-09-12 11:57
Debat adamnin oilau kabiletin osiretin amal desek te boladi. Oytkeni songi kezderi jastardin kobi agent degen aurymen ayiradi, agentti molwerinen artik koldanadi sondiktan jastardin oilau kabileti de sana sezimi de dyris emes. Al debatka katisip tyrsa ol jastardin jan jakti oz oyin osiryi dep sanaymin. debatta kazakwa taza soyleydi, madeniyetti jane adebi soyleydi uakitti unemdeu men senimdi turde oz oyin jetkizedi.
Debat jayinda usinis ne syrak pikir aytip soyleskileriniz kelse drujba jeberinizder Miss_nargiza_94-2011@mail/ru Al jastarga aytarim agentte de oz oyimizdi sanamizdin duris jumis jasauin kadagalaiyik

молдир
molya_97_09
25-06-12 15:12
МЕН ҚЫЗЫЛОРДАДА ТҰРАМ.БІЗДЕ ДЕБАТ ӨТЕ ЖАКСЫ ДАМЫҒАН.ДЕБАТ АДАМНЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ЖАҚСЫ ДАМЫТАДЫ.ДЕБАТ ДОСТАРДЫ ЖАҚЫНДАСТЫРАДЫ.
Жансезим
janymka_sat@list.ru
20-04-12 20:02
Салем достар ертен маган дебат,маган комек берулеринизди отинем.Дебаттын карары "Мемлекет бала кукыгын коргауды кушейту керек".Отинем комектесиниздерши.

Алтынай
altuwa_s@mail.ru
18-04-12 15:23
Кандай такырыпта дебат откізген кызыкты? Мектеп окушыларына
Акерке
akerke9638
07-04-12 15:40
Дебатка ертен катыскалы отырмын не боларын коре жатармыз осы жерден коп адамдар оз ойларын калдырыпты. Менінше дебатта женіске жететін болармыз. создін шынын айтып далелдеу басты максат. озиме женіс тілеймін!!!!
asemai
asem.97.28
03-04-12 09:49
барине салем мен жакинда дебатка катисканмин ал енди тагида дебет болаин деп жатыр сендердин жазгандарина карап менин дебатка деген коптеген оиларим паида болди дебар деген ози оишыл балалар тапкырлыктарымен женеді соган орай әр баланин ойы кенеиып тапкырлыктары молаиады осында дебарт сиакты коптеген тапкырлык саиыстары паида болса деимын мен дебатка катисканда ен жас спикер болганмин биз 3 камандамен жарыстык сол жерде ен биринши рет болганнан кеин сасип калдаик бирак енди дебат турали коптеген малементтен издедік енди келеси жолдари сол кателиктеримизди дуристап женемиз деген оидамиз,
айгерим
aigerim.miss.2011mail.ru
03-04-12 09:41
salem dostar men en jas spikermin bizde jakinda debat ottedi . biz jenetinimizge senemiz . sizderdin bizge koldaulariniz kerek dep oilaimin .komek berulerinizdi otinem .komek kerek bolsa komektesuge dainmin

Aliya
aliya-milawka-96
02-03-12 17:28
Жалпы,дебат-біріншіден шапшаң ойлауды және сол ойыңды дұрыс,ұтымды жеткізу ойыны.Бүгін мен алғаш рет дебат ойыншыларының пікірталасын көрдім.Мен үшін бұл өте қызықты болды.Мен бірінші ойынымда тайм-кипер боламын.Келесі ойындарда мүмкін скипер болармын...Қазақша дебаттың орысша дебаттан айырмашылығы жоқ.Қазақша дебатта ақылды және тапқыр адам жеңіске жетеді.Ұятсыз немесе көргенсіз адамдар дебатта жеңіске жетуі әділқазыларға байланысты.Бізге үш мемлекеттік маңызы зор тақырыптар берді.Енді осы бірінші дебатта мен үшін бастысы жеңіс емес өзімді жақсы қырымнан көрсете алу.Жеңіле білу де - өз алдына жеңіс.Келесі дебаттарда біздің команда жеңіс тұғырынан көрінетіндігіне сенемін!
Мақсат
94_abbac@mail.ru
26-02-12 15:43
жастардың патриотизмі қай дәрежеде достар?

Айгерим
kayrat.aygerim
19-02-12 16:13
Достар кайсысыларыныз \\"Тіл\\"мағлұмат білесіздер???
Аида
aika31.07.98@mail.ru
09-02-12 13:00
барине салееееем)))) жастардың билікке келуі туралы не айтуға болады өтинем көмектесинизші
алмат
almat_96_2010
02-02-12 16:16
ЖАСТАР БИЛЫККЕ АРАЛАСУ ДЕГЕН ТАКЫРЫПКА ОЗ ОИЛАРЫНЫЗДЫ АЙТЫНЫЗШЫ ОТИНЕМ
алмат
almat_96_2010
01-02-12 20:08
маган жастарга билыкке отыру манызды емес деген такырыпка оз оиларынызды аитасыздарма отинем маган ертенге керек еди кутем егерде ойларыныз бар болса almat_96_2010mail.ru
Акжана
akzhan_96_47@mail.ru
01-01-12 09:50
Дебатсыз менің күнім жоқ!!!!!
Жансая
Zhansaya-95-95
18-12-11 14:31
Достар ортага бир такирип тастап, пікір таластирип корсек кайтеди. Мен озим де дебат ойынына катисип журмин, маган оте катти унайды. Карл Поппер ережеси бойынша. Ол казирги жастарди шыдамди, адипти, билимди болуга тарбиелейди.
Казакстан тауелсиздигинин 20 жылдыгин 20 санимин байланистиру дурис па? оси такирипта оз ойларинизди билдирсениздер. Мысалы 20 жылдыкка 20 мын тал егип, 20 ис шара откизип ос дурис па?
Аяжан
aika_yo@bk.ru
30-11-11 14:19
салем достар) дебат ол соз онери)))дебат оиынында еки топ болады) биреуи жактауши екиншисин даттаушы))) маган комектесиндерши такырыбы: орта мектеп нагыз омирге даиындайды_ дегенге)) осыыган оз оиларынызды жазыныздарш) келиспесендер ягни даиындамаиды дегендерге неге даиындамаиды деген сурак алдын ала рхмкет
салтанат
29-11-11 13:48
болашаќ біздіњз ќолымызда дебаты
Жансезим
jan_sezim.97@mail.ru
27-11-11 16:29
Иа Карлл Поппердін
Жансезим
jan_sezim.97@mail.ru
27-11-11 16:27
Сәлеметсіздер ме!Өтінем маған дебат ережелерін айтындаршы

Kanagat
mrcross12@mail.ru
24-11-11 17:01
salem halaik! debatka katisain degen aram oiym bar =)))) magan takiriptary men talkilaitin adam kerek... koli bos adamdar bolsa tiptim jaksi..jas araliginda muldem wek jok..komektesem deuwilerge esik awik...
самат
boss.camat@mail.ru
11-11-11 08:06
дебат ойынның ережесин білсендер жіберіңдерші маган,
Айна
ice_ice_miss@inbox.ru
24-10-11 16:20
маган дебаттын ережесин тусиндириниздерши!мен 1 рет дебатка катысайын деп жатырм!
жансулу
jansulu.96.kz@bk.ru
23-10-11 16:36
мен дебат дегенді тусынбеймін
Үміт
k-umit@mail.ru
10-10-11 22:00
men debatka birinwi ret katisain dep jatirmin.winimdi aitsam debatti muldem tusinbedim.men uwin kizik emes sekildi. bergen takiripkiun eken muldem uga almai jatirmin
Айгерім
aiko_azalek@mail.ru
08-10-11 08:11
Қазақстандағы 1930 жылдардағы саяси репрессия
нартай
nartai_96_96@mail.ru
05-10-11 16:25
алгашкы рет катысайын деп оотырмын
Дебатер
17-06-11 21:02
Карагандыда Турсынбаев Олжас деген мыкты пікірсайысшы жаксы жатттыктырушы бар дебаттын барлык форматын біледі жетік тусіндіреді
Акмоншак
Akmon.kz@mail.ru
02-06-11 16:29
~Ереке
technosyndrom@yahoo.com
17-07-07 23:12
Дебат - екі адам айтысқан да, ұятсыз бен көргенсіздеуі ұтатын пікірталас...
Әйтеуір, қазақша дебаттардан түсінгенім осы...~
Өте өкінішті, себебі дебат ол адамның өмірін жаңа достарға, жаңа ойларға, тіпті жаңа ақпаратқа толтыратын ойын! тіпті ойын емес ол өмір стилі десе де болады!!!

Айдана
aidance_96
25-02-11 09:05
менің ойымша дебатта адам өз пікірін толық жеткізуі тиіс; қандай тақырып болмасын, еш уақытта өз ойынан айнымай, пікір-таласты соңына дейін жеткізуі тиіс, Қазіргі кезде біздің республикамызда көптеген дебат клубтары ащылуда, себебі дебат клубтары жастарды болашақ саяси өмірге дайындайды
Айнур
D_Aika93@mail.ru
27-12-10 18:03
Ерлік сөзінің антонимін айтыңыздаршы.
Арайлым
arailim260993
25-11-10 01:44
Дебат. Дебат туралы неше турлі ойлар кп рине,біра оны брі дрыс немесе дрыс емесдеп айту иын. Мен де дебата атысамын аза лигасында. Турнирлерге де барып жрміз. азаша ойында кретініміз шынымен де кргенсіздік,тірік кп болады жне \"квн\" болып кетеді. Мені ойымша азаша дебатты екі топты рысы ылмай, кеш болмай транда дрыстауымыз ажет.
Айнана
kissska_miau
04-11-10 06:47
Дебат ойынының ережелері
Сабит
09-10-10 18:18
неге осы адамдар негізгі тақырыптан алыс
Сабит
baitenov_90@mail.ru
09-10-10 18:16
көбісі карл поперден баска фоматтан хабарсыз боп шыкты
Салтанат
29-06-10 02:50
Карл Поппер форматында ким билгиси келеди
Актобеде оте кушти Байсанова Нургуль деген спикер бар.оны адам женген емес шыгар....озы спокойный тым жаксы кыз адеми.катты утымды спикер деп ойламай каласын...сол кыз оте тажирибели
Бекмолдақызы Мөлдір
Mikiosh93new
28-05-10 12:01
Дебат-пікір-талас. Ол жерде жасқану деген болмайды. Тек өз көз-қарасыңнан айнымау керек. Дебат оқушыны келешек "депутат" қылып тәрбиелейді. Ал ойынның механизмдеріне келер босақ, ұқсас келеді. еш қандай қиынды жоқ
ЙОДЖЙК...
damir-89.kz@mail.ru
29-03-10 09:14
ЛД- форматтын толык канды ережелерін кім біледі?
Abzal
Abzal_adai__kz
25-02-10 17:41
Хасен Қожа-Ахмет 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі туралы.

Әшейінде Желтоқсан көтерілісі мәселесін ауызға алуға қорқатын бірнеше лауазымды қызметкерлер бізбенен пікірлескісі келіп Жоғарғы кеңес үйіне шақырыпты. Сөйтсек, оларды мазалап жүрген мәселе желтоқсандықтардың қамаудан босатылып ақталуы емес, КСРО билігінің қазақ халқын «ұлтшыл» деп атаған қаулысын түзеттіру, сол арқылы қазақтың «ұлтшыл емес, интернационалист» екендігін дәлелдеу екен. «Ау, ұлтшыл дегеніне қиналып жүрген біз жоқ, Мәскеу қаулысын өзгертпесе қойсын. Бізге керегі – түрмедегі азаматтардың тез арада босатылуы!» – деген едім, «Қазақ ұлтшыл атанудан қорқады» деген түсінік саналарына сіңіп қалған әлгілер өз құлақтарына сенбегендей: «Солай ма, солай ма?!» дей берді. (1990 ж.)

* * *
Өздерін зиялы санайтындардың 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі кезінде халыққа төбесін көрсетпеу себебін олардың жадында 1930 жылдар репрессияларынан қалған үрейден көрушілер бар. Шындығына келсек, сол «оқығандарымыздың» көпшілігі, тек естігені болмаса, 30-шы жылдар репрессияларын көрмек түгіл, ол кездері әлі дүниеге де келмеген жандар. Ал көтеріліске қатысушылар негізінен жоғары оқу орындарының студенттері болғандықтан оларды 30-шы жылдар тарихынан хабарсыз деп кім айта алады?! Сондықтан, мәселе «зиялыларымыздың» тарихи жадының мықтылығында емес, ұлттық намыс шіркіннің тым төмен, ал жекебастық бақай есебінің басым жатқандығында-ау! (1990 ж.)
* * *

1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне саяси баға.

Отаршыл-тоталитарлық жүйеге қарсы Қазақстаннан бастау алған қозғалыс кешікпей Балтық бойы, Кавказ, Шығыс Европа елдерiн оятты, сөйтіп ССРО үкiметiн ұлт мәселесiне, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатына жаңаша қарауға мәжбүр еттi. Ауғанстаннан, Шығыс Европа елдерiнен совет әскерлерiнiң әкетiлуi, соғыс блоктарының арасындағы текетiрестiң бәсеңдеп, дүниежүзiлiк ядролық апат қаупiнiң сейілуі – осының бәрiне ССРО-дағы «қайта құру» саясатына үлкен қозғау салған Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан көтерiлiсiнiң әсерi болды. («Желтоқсан» газеті,1990 ж.№ 1).

* * *
«Көтергенің құрысын,.. саусағыңды тығып алдың!» демекші, үкіметтің 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісін зерттеуге комиссия құрғаны бар болсын, күллі фактілерді бұрмалап бітті. «Алматы алаңына шыққан халық «Қазақстанның бірінші басшысы қазақтан өзге ұлттан болса да, қазақстандық болсын» деген талап қойды» дейді билік ығындағы комиссия мүшелері. Мен екі күн көтеріліске қатыстым, бірақ әлгіндей талап жазылған транспорант көрсем – көзім соқыр болсын. Бұл – қазақ шенеуніктерінің әлі де қазақты интернационалшыл халық етіп көрсету үшін ойлап тапқан кезекті өтірігі ғана.(1991 ж.)

* * *
М.Шаханов өз сөздерінде 1986 жылы желтоқсанда Кремль жарлығына наразылық білдіріп алаң, көшелерге шыққан халықты: «Қайта құру саясаты уәде еткен демократия идеясына алданып қалған аңғалдар еді» деп жүр. Жарайды, 1970 жылдарда-ақ «зұлымдық империясының» қанқұйлылығына көзім жеткен менен өзге қазақтар, Шаханов айтқандай, «қайта құру» саясатына сеніп қалып, жазаланамыз деп ойламай шықты делік көшеге. Егер солай болса, 17 желоқсанда кешкісін басталған әскерилердің алғашқы сойылдауынан кейін-ақ, халық: «Ойбай, біз қателесіппіз, демократия жоқ екен!» деп тарқап кетер еді, ертесіне де алаңға жоламас еді ғой!..
Өйтіп желтоқсандықтарды қорғағаныңа болайын – ұлттық намыс үшін бір рет көтерілгенін де қазаққа қимай, оны «аңғалдыққа» айналдырып жіберді
Әрине, билікке қазақ халқының намысшыл болғаны емес, аңғалдығы тиімді.(1991 ж.)

* * *
Желтоқсан көтерiлiсi мәселесі қазір Қазақстандағы автократия мен демократияның (ескi мен жаңаның) күшiн анықтайтын барометр рөлiн атқарып отыр: тоталитарлық КСРО империясының қабырғасын қақыратуды бастап берген желтоқсандықтардың еңбектерiн тәуелсiз Қазақстан үкiметi қалай бағалап, халыққа қалай насихаттауда, көтерiлiс ресми түрде әдiл бағасын алды ма, ұлттық намысты ту еткен азаматтарды жазалауға ұшыратқандар жауапқа тартылды ма, әлде қызметтерiнде қалып, халықты әлі де 1986 жылдардағы тәсiлмен басқарып отыр ма? Мiне, Желтоқсан көтерiлiсiне қатысты осындай мәселелердiң шешiлген я шешiлмегенiне қарап халық Қазақстан үкiметiнiң демократияға шын мәнiнде бет бұрғанын я болмаса әлi де тоталитарлық санадан арылмағанын бiле алады. ( «Желтоқсан» газеті, 1991 ж. №2)

* * *
1986 жылы Желтоқсанда алаңға шықпақ түгіл, жылға жуық уақыт жүргізілген желтоқсандықтарды соттау процестеріне бір келіп тыңдауға жүректері дауаламаған жандар қазір Желтоқсан көтерілісі туралы ділмарсып, барған жерлерінде өңмеңдей төрге ұмтылып, желтоқсандықтарды кеудесімен итеріп жүр. (1993 ж.)

* * *
1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне байланысты қаншама адамдардың тағдыры бүлініп, тәлкек болды!.. Осыған Мәскеу саясатын кінәлаймыз-ау! Шын мәнісінде, Мәскеу Колбинді Қазақстанның бірінші басшылығына тек ұсынды. Ал оны бір ауыздан 18-ақ минут жиында бекіткен өзіміздің Қазақстандағы лауазымды «ел ағалары» екенін неге «ұмытып» қала береміз осы?! (1993 ж.)

* * *
Нұрсұлтан Назарбаев «Әділеттің ақ жолы» деген кітабында 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі жайында: «Алаңға жиналған халық қалаға қарай бет алған кезде мен тап осындай таңдаудың алдында тұрғанымды түсіндім: не батыл қылық көрсетуге бел бууым керек, не Орталық Комитеттің үйіне жайбарақат қайтып баруым керек. Мұның екіншісі маған халыққа кешірілмес сатқындық жасау болып көрінді – өйткені олардың ісі әділ еді! Мен колоннаның алдында халықпен бірге кете бардым»,– деп, өзін Мәскеу билігіне наразылық шеруіне шыққан желтоқсандықтар қатарына қосыпты. Сондықтан ел ішінде: «Назарбаев 1989 жылы жазда Колбиннің орнына Қазақстан компартиясының Бірінші секретары, ал 1991 жылдан тәуелсіз Қазақстанның президенті бола тұра, өзімен шеруде бірге жүргені үшін сотталған желтоқсандықтарды неге бірден түрмеден босатып, ақтамай, халықты митинг, аштық жариялау акцияларын жасауға мәжбүр етті,ә? «Олардың істері әділ еді» дей тұра неге өтемақыларын бәлен жыл бойы төлемей сенделтіп келеді? Неге КСРО империясы жүргізген 1941-1945 жылдардағы, Ауғанстандағы соғыстарға қатысқандарға оң қарап, ал желтоқсандықтарды тентіретіп жіберді?»– деген сұрақтар гу-гу.(1994 ж.)
* * *
”Саяси репрессиялар науқандарына толы тарихымызды зерттеп, сондай-ақ Желтоқсан көтерiлiсiн мысалға ала отырып: осы оқиға кезiнде үкiмет қызметкерлерi тарапынан заң бұзушылықтар нелiктен мүмкiн болғанын, болашақта халыққа қарсы қиянаттар қайталанбау үшiн қандай заңдар болуы керек екендiгiн анықтайтын комиссия құру қажет. Бұл комиссия бүкiл милиция, әскер, ОМОН-дарды биліктің халыққа саяси репрессия жасауға пайдалануына жол бермейтiндей етiп жарғыларын өзгертуi, сондай-ақ, Қылмыстық процессуалдық, Қылмыстық кодекске, прокуратура, тергеу, сот, уақытша қамау, колония, т.б. адамды тұтқындайтын, жазалайтын мекемелердiң жұмыстарына түбегейлi реформа жасауды жедел қолға алуы қажет. Және де, болашақта мемлекет билiгiн бiр партияның, топтың немесе жеке адамның басып алуына мүмкiндiк бермейтiндей заңдар мен ол заңдардың мүлтiксiз орындалуын қамтамасыз етер механизмдер жасалуы керек” (Ғылыми конференциядағы баяндамадан. 1996 ж.)

* * *
Қазақтың сөзқұмар, жиыншылдығын, бірақ өз айтқандарын істеуге жоқ, бастары қосылмас «жекебатырлық» мінезін көргенде әрдайым Ахмет Байтұрсынұлының «Жұртыма» өлеңіндегі:
Бірлік қып іс етуге шорқақ, жұртым,
Табылса оңай олжа ортақ, жұртым.
Сияқты қара қарға шуылдаған,
Үрейсіз, қоян жүрек қорқақ, жұртым.–
деген жолдары ойыма келеді. Бірақ, орыс отарындағы жүзге тарта ұлттардың ішінен бірінші болып «зұлымдық империясына» 1986 жылы Желтоқсанда «мінез көрсеткен» қазақты қорқақ деуге болар ма?! Ал қазіргі, өз құқықтарының орындалуын биліктен талап ете алмай жүрген мазақ күйін қазақтың қорқақтығынан емес, адамша дұрыс өмірдің қандай болатынынан хабары жоқтығынан және білгісі де келмейтін баяғы еріншектігінен дер едім. (1996 ж.)

* * *
«31-ші телеарна Желтоқсан көтерілісіне арналған хабарына шақырыпты. Хабары орысша екен. Оппозицияшыл екі-үш адам: «Желтоқсан көтерілісін ұйымдастырушылар – Қазақстан басшысы болудан дәмеленіп, бірақ Мәскеу Кобинді жіберген соң ойлары іске аспағанына ызаланған Камалиденов пен Назарбаев» деген пікір айтты. «Ау, азаматтар, өздеріңіз қоғамдық ұйым серкелері бола тұра халықтың ынта-жігеріне сенбей, еш нақты дәлелсіз «үкімет шенеуніктері ұйымдастырды» деулеріңіз қалай?» деген едім, жүргізуші Г.Ерғалиева сөзімді «кесіп тастапты». Мені «айтар пікірі жоқ, тек қатысушы адам» ретінде көрсеткілері келгендіктен хабарларына бармайтын болдым.
Мүмкін әлгі айтқыштар «Желтоқсан көтерілісін ұйымдастырған Назарбаев» деп, оны еліміздегі орыс ұлты өкілдеріне жеккөрінішті еткісі келген болар. Бірақ, тек өзге ұлт өкілдерін оппозицияға одақтас етпек саяси ойын үшін 1986 жылы желтоқсандағы қазақ халқының ерлік ісін еш дәлелсіз билікке таласушыларға телуге, түрлі мақсатпен саудаға салуға жол беруге әсте болмайды! (1996 ж.)
* * *
Жұрт 20 жыл бойы билікте отырып алған Назарбаевты сынайды. Дұрыс-ақ. Бірақ Қазақстан билігінде 25 жыл бойы, 75 жасына дейін отырған Қонаевты мүсіркеп, оны қызметтен босатқаны үшін «қиянат жасады!» деп Горбачевті лағынеттейміз! Логика қайда?!.
Қазақстан билігіндегілердің уәдесінде тұрмайтынын сынаймыз. Ал, біреулердің «Халық қаһарманы» атағына ұсынып жүрген адамының Желтоқсан көтерілісіне еш қатысы жоқ екенін айтсаң: – «Е, қайтер дейсің, бір өтірік жүре берсін-дағы»– дейді, қоғамды жалғандықтан тазартуға атсалысып жүрген азаматтарымыздың өздері. Өзімізге тиім сәтте жалғандықты өзіміз де қолдар болсақ, онда үкіметтің жалғандымен күресіп несіне әуре болып жүрміз?! (2003 ж.)

* * *
2006 жылы көп адам қатысқан бір жиында М.Шаханов: «1986 жылы желтоқсанда Алматы алаңында милиция, әскерилерге тас лақтырғандар халық емес, жай киім киіп алған КГБ қызметкерлері еді» – деді. Ау, сонда халықты сойылдаған милиция мен әскерилер, ал оларға қарсы тас лақтырып тойтарыс берген батырлар КГБ қызметкерлері болса, онда жұртшылық бәлен жылдар бойына желтоқсандықтарды несіне «қаһарман» деп марапаттарға ұсынып әуре болып жүр?! Шахановтың осы: «Тас лақтырғандар КГБ еді» деген сөзін естісе, көтеріліс кезінде тас лақтырған сәті суретке түсіріліп қалып, бәлен жылға сотталып келген желтоқсандық жігіттер не дер еді?.. Иә, КГБ арандатушылары да болған шығар. Бірақ әлгіндей, желтоқсандықтарға күдік келтіретін желсөз таратқанша, кезінде комиссия басшысы ретінде Шахановтың КГБ архивінен 1986 жылы алаңға арандату мақсатында баруға қанша қызметкерге бұйрық берілгені туралы құжатты талап етіп, әлгі қызметкерлердің нақты аты-жөндерін де білуіне мүмкіндігі болып еді ғой!
Мүмкін Шаханов бұл сөзін желтоқсандықтарды «бұзақылық жасамады» деп қорғамақ оймен айтқан шығар делік. Бірақ көтерілістен соң 20 жыл өткенде өйтіп «қорғау» – желтоқсандықтардың ерлігін жоққа шығаруға саяды емес пе!? (2006 ж.)

* * *
Алматы қаласы әкімшілігінің Желтоқсан көтерілісінің 20 жылдығына арнап өткізген пікірлесу жиынында 1986 жылы желтоқсандағы оқиғаны «көтеріліс» деп татау керектігіне дәлелдерімізді айтып жатқанымызда «Бас желтоқсандық» ретінде әрдайым төрде отыратын Мұхтар Шаханов тағы былықтырды. 1932 жылы Украинада болған ашаршылықты президент Ющенко «украин халқына жасалынған геноцид» деген заң қабылдапты. Желтоқсан оқиғасына да «геноцид» деген баға берілуін талап етуіміз керек!» – деп салды. Сонда «тәуелсіздік жаршылары, демократияның алғашқы қарлығаштары» делініп марапаттауға ұсынылып жүрген Желтоқсан көтерілісінің қаһармандарын да 1931-32 жылдары аштықтан өлген 2 миллион халықпен бірдей «геноцид құрбандары» деу керек дегені ме? Аштықтан өлгендерді марапатқа ұсынғанды кім естіген?! Қаһармандық пен геноцид құрбаны болу – мүлде екі басқа нәрсе емес пе?!
«Біреудің жоғын біреу өлең айтып жүріп іздейді» дегендей, Желтоқсан көтерілісі туралы жаны ауырып ойланып-толғанбастан, әйтеуір сөйлеп көзге түсіп жүріп басқа шаруаларын реттеп алуды мақсат еткендерді төрге жіберіп сандырақтата беру – Желтоқсан көтерілісіне қатысты мәселелердің шешілмеуі үшін арнайы істелініп келе жатқан қитұрқы саясат болар!?
Жалпы, «Көтере алмас шоқпарды беліне байлап әлектенген», саяси түйсіктен мақрұм жандардың белсенділігінен қоғамға пайдадан зияны басым болмақ. (2006 ж.)

* * *
Оқырманға сұрақ: – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысты сотталғандар халықты сабаған әскер мен милицияға тас лақтырып тойтарыс бермепті. Сондықтан көтерілісшілерді «батыр» емес, 1930-шы жылдардағы аштықтан қырылғандардай: «гено-цид құрбандары» деп атау керек екен. Ендеше, Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы деп кімдерді атауға тиіспіз?
Оқырман жауабы: –1986 жылдың Желтоқсан көтерілісінің (сондай-ақ Арал теңізі мен Балқаш көлін суға толтырып, бүкіл қазақты қазақша сөйлетуші де) нағыз Қаһарманы – 1986 жылы 17-19 желтоқсан күндері КСРО астанасы Мәскеуде, қалың жаудың ортасында ақындық кешін өткізіп жүріп желтоқсандықтардың бірде-біреуінің сотына бас сұғуға уақыты болмаған, бірақ 1989 жылы жазда, желтоқсандықтардың түрмеден босап шыққандарына қарамастан, «Ештен – кеш жақсы» деп, тағы да Мәскеуде: «Алматыда бұдан үш жарым жыл бұрын Желтоқсан оқиғасы болды» деп хабарлаған нағыз батыр – Мұхтар Шаханов.

* * *
«Самғау» АҚ басшысы 2008 жылы Қуатбаев деген қызметкерін бірер айға жұмыстан шығарып жіберген екен, көп ұзамастан сот арқылы үкіметтен 6,3 миллион теңге өндіріп алыпты. Дәл осындай мәселемен Ержан Шәріпов деген қызметкері де 5 миллионнан аса өтемақы өндіріп алды» деп жазыпты газет. Пай, пай,бұл не деген батпан құйрық?! Ал, Желтоқсан көтерілісіне байланысты екі жыл түрмеде отырып қайтқан Жансая Сәбитова 10 жыл қуынып жүріп үкіметтен небәрі 250 мың теңге ғана өтемақы алды емес пе!?
Осылай бола тұра, ел ішіндегі: «Үкімет желтоқсандықтарды жарылқап жатыр» деген қаңқуға не дерсің?! (2009 ж.)
* * *
Қазақтың ұлттық намысын қорғап, ел тәуелсіздігі үшін күресіп қуғын-сүргінге ұшыра-ған Желтоқсандықтар да, өзге азаматтар да азапты еңбектері үшін марапаттан дәмелен-бесе де болады. Тәуелсіз Қазақстан үкіметінің әлі де 1941-1945 жылдардағы соғыста Мәс-кеуді кеудесімен қорғағандардың кеудесіне орден тағудан қолы тимей жатыр.(2008 ж.)

* * *
1941-1945 жылғы, Ауғанстандағы, т.б. КСРО үкіметінің империялық соғыстарына қатысқандардан жақсылығын аямайтын Қазақстан билігінің «желтоқсандықтарға» іші жылымайтын себебі – желтоқсандықтардың саяси әрекетке үкімет бұйрығымен емес, өз ынтасымен азаматтығын танытып шыққандығынан. (2008 ж.)

* * *
Желтоқсан көтерілісіне қатысты сотталып келген азаматтардың бірнешеуі о дүниелік болып кетсе, ал тірілері ауруханаларды жағалап жүр. «Ау, сталиндік репрессияға ұшыраған азаматтардың көпшілігі «түрмеде шыныққаннан» ұзақ өмір сүрген еді, желтоқсандықтарға не болған?!» – деген сөздер де естиміз. Меніңше, мұның себебі – сталиндік жекебасқа табынушылық сыналып, репрессияланғандар бостандыққа шыққанымен, КСРО – ның негізгі – тоталитарлық-отаршыл саясаты мызғымай жалғаса бергендіктен, бостандыққа шыққандар өздеріне арнап 1955 жылы шығарылған – бірінші кезекте пәтермен, қызметпен қамтамасыз ету, өтемақы туралы хрущевтің заңдарын пайдаланып, ел қатарлы тірлікке кіріп кеткен. Ал желтоқсандықтар бостандыққа шыққан мезгіл КСРО-ның отаршыл саясаты әшкереленіп, көп халықтар тәуелсіздігін жариялай бастаған тұсқа дөп келіп, желтоқсандықтар «демократия мен тәуелсіздіктің алғашқы қарлығаштары» деп ауызша әспеттеліне тұра, шын мәнінде бәлен жыл бойына өтемақысын ала алмай, жұмыссыз, үйсіз-күйсіз қалдырылды. Сондықтан, отаршылдардың түрмесіне шыдаған азаматтар, тәуелсіз үкіметтің біресе мадақтап үміттендіре тұра, біресе мазақтап сергелдеңге салған екідай аярлығына күйінгендіктен денсаулықтан айрыла бастады.

* * *
Желтоқсан көтерілісіне байланысты сотталып түрме, этаптарда жүргенде айдауылшы орыс офицерлері бізге: «Знаете ли вы чем отличаються казахские декабристы от русских декабристов?» деп сұрайтын да, ізінше өзі жауап беріп: «Русские декабристы – остались в истории, а казахские – влипли» – деп өз тапқырлығына мәз болатын. Иә. Сол жылдары: «Орыс халқы немісті де жеңген, ал сендерді бит сияқты сыға саламыз!» –деген жирен шаш, тұз көз әскерилер Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң да погондарына жұлдыздар қосылып тайраңдап жүрсе, ал желтоқсандықтардың шашына ақ қосылып, жұмыссыз тентіреп жүр.(2005 ж.)

* * *
Қазақ халқының ұлттық намысы үшін қорғау жолында жапа шеккен желтоқсандықтарды еліміз тәуелсіздік алған кезде биліктің тентіретіп жібергеніне бей-жай қараған жұртшылық, енді сондай күйге өзі де түсіп отыр. «Күлме досқа, келер басқа» деген ғой. (2008 ж.)

* * *
1992 жылы 5 қыркүйекте Алматы облысы Жамбыл ауданында Мұхтар Шаханов пен Қазақстан үкіметі бірігіп Желтоқсан көтерілісін желеу етіп ұйымдастырған бір «мереке» өткізіліпті. Осыған байланысты ел аузында мынадай пікір, сөздер айтылып жүрген көрінеді:
* * *
– Ау, Назарбаев пен Қырғызстан президенті Ақаев қатысқан той қалай өтіпті?
– Желтоқсан көтерілісіне қатыспағандарды сахнаға шығарып, иықтарына шапан жауыпты. Ал көтеріліске қатысқаны үшін сотталып келгендер төменде тұрып оларға ду қол шапалақтапты.
* * *
– Шаханов «тойда» «Желтоқсан» партиясының төрағасы Хасен Қожа-Ахметке неліктен сөз бермеді екен?
– Егер Хасенге сөз бергенде Шаханов Назарбаевтан екінші рет шапалақ жеген болар еді.
* * *
– М.Шаханов Желтоқсан көтерілісіне байланысты келесі «мерекесін» қалай өткізер екен?
– Ендігіде Мәскеуден Горбачев пен Колбинді шақырып, оларға ат мінгізіп, шапан жауып, Назарбаевпен сүйістіретін шығар. («Азат» газеті, 1992 ж.№ 13).

* * *
1990 жылы Мұхтар Шаханов өзін біреулердің қорқытып жүргенін, пошта жәшігіне «М.Шаханов! Как только поднимешь трупы – умрешь совсем от другого повода» деген хат тастап кеткенін айтты. Бүкіл қоғамдық ұйымдар «Тарт қолыңды М.Шахановтан!» деп ұран көтеріп, жиындар өткізді.
1992 жылы М.Шахановтың үйінің пошта жәшігіне «М.Шаханов! Если не поднимешь трупы – умрешь совсем от другого повода» деп тағы да хат тастаған екен дейді. Бірақ бұл жолғы хатты Шаханов жұртқа неліктен жария етпей, ержүректік танытты екен,ә?!. Мұның жауабын «Желтоқсан» газетінің 1993 ж. № 7 санандағы «Жұмбақ хаттардың сыры» деген мақаладан біле аласыздар.
* * *
«Желтоқсан көтерілісінің ақиқатын ашамын!» деп үш жарым жылдан соң жұлқына кіріскен Мұхтар Шахановтың қарқыны 1991 жылы күрт басылып, желтоқсандықтарға: «Осы сендер бір адамға неге тиісе бересіңдер?!» – деп ұрсып, президент Назарбаевқа жанашыр боп шыға келді. Ау, ол «бір адам» дегені жай адам емес, Президент қой?! Желтоқсандықтарды түрмеден босату, ақтау, қазақтың қанын шашқан жендеттерді, оларға бұйрық берген лауазымды қызметкерлерді жауапқа тарту мәселелерін шешпей отырған Президентті сынамағанда, ауылдағы қойшыны сынамақпыз ба?!
Сөйтсек, Шахановтың Назарбаевты қорғай қалу сыры – елшілік қызмет алуға репетициясы екен. Нәтижесі жаман болмады – 12 жыл тыныш жағдайда шығарма-шылығымен айналысып қайтты...
Бозбала кезінен депутат болып жылы-жұмсақ қызметке үйренген Мұхтар Шаханов 2007 жылы депутаттыққа «тағайындалмай» қалып, енді Назарбаев туралы бірдеме «деп» жүрген көрінеді...
* * *
Кейбір, түсінігі төмен азаматтар: «Мұхтар Шаханов 1986 жылы Алматыдағы Желтоқсан көтерілісіне қатыспақ түгіл Қазақстанда да болған жоқ қой, сөйте тұра жұрттың оны Желтоқсан көтерілісінің № 1 қаһарманы деп санайтыны несі!?»–дейді. Солай екені рас-ау. Бірақ 1986 жылдың 17-19 желтоқсан күндері Шаханов Алматыдағы көтеріліске қатысудан әлдеқайда маңыздырақ іс тындырып, жау тылында – империя астанасы Мәскеуде... шығармашылық кешін өткізіп жүрген. Оның сол қаһармандығымен салыстырғанда Алматыдағы көтерілісшілердің ісі – көппен көрген ұлы той емес пе, тәйірі!
* * *
Желтоқсандықтардың назарына: – қазіргі заманда батыр атану үшін басыңды қатерге тігіп ерлік жасау керек емес. Өзгенің атқарған ісін «мен атқарғанмын!» дейтін терісі қалың беті болса, сол «бетті» бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамалауға билік «жасыл светофор» жасап берсе – ол адам жұрт түсінігінде «нағыз қаһарман». Биліктің жарнамалаған адамын «қаһарман емес, жалған!» дер, өле алмай жүрген қай қазақ бар дейсің!?
* * *
Қазақстан. 2011 жыл. Астана. Конгресс-холл.1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің 25 жылдығына арналған алқалы жиын.«Ештен, кеш жақсы» дегендей, үкімет көтеріліске қатысы бар азаматтарға тиесілі сыйлық, атақтарын бермекші. Нәтижесінде: көтерілістен кейін 4 жылдан соң оқиға туралы сиезде хабарлаған депутатқа «Халық батыры» атағы, 10 жылдан соң көтеріліс туралы поэма жазған ақынға «мемлекеттік сыйлық» беріліпті, ал көтеріліске шығып шайқасқаны үшін сотталып келген азаматтар «жертво» (құрбандық) деген статусқа ие болыпты! (2008 ж.)

* * *
1990 жылы 16 мамырда «Желтоқсан” ұйымы мүшелерi қазақ тарихында тұңғыш рет саяси аштық жариялап, түрме қалған төрт желтоқсандықты босатуды талап етедi. Аштықтың төртiншi күнi Үкiмет үйiн қоршап алған халықтан сескенген билiк депутаттардан топ құрып, желтоқсандықтармен келiссөз жүргiзедi. Бiр кезде топ басшысы Заманбек Нұрқадiлов: – «Жiгiттер, қоғамда заң бар емес пе, “Түрмеден тез арада босатып берiңдер!” деген талаптарың заңға қайшы ғой?! Істерін қайта қарап, шешiм шығару үшiн Жоғарғы сотқа 40 күн мұрсат берiңдер”, – дегенде, алдында бiр сағат бойы айтар талап, дәлелдерiн айтып болған желтоқсандықтар мен оларды қолдаушылар бұған келіскендейүнсiз қалады. Кенет Хасен Қожа-Ахмет: – “Бiздi 1986 жылы жедел түрде топырлатып соттағанда Заң қайда қалып едi? Желтоқсандықтарды қалай заңды бұза отырып жылдам соттаған болсаңдар, дәл солайша – заңды бұзып жылдам босатуға тиiссiздер!” – дейді нық дауыспен. Сөзге тоқтаған комиссия басшысы: “Жарайды, мен талаптарыңызды жеткiзейiн” – деп, жүрiп жатқан Жоғарғы Кеңес жиынына мәлiмдеуге кетедi. Ертесiнде-ақ түрмедегi екi жiгiттi жедел босату, қалған екеуiнiң жаза мерзiмдерiн азайту туралы үкiмет бұйрығы желтоқсандықтардың қолына берiлдi. ( Р. Спанованың “Бiз бiлетiн Желтоқсан” кiтабынан)

* * *
Ақтөбе облысында сотталған үш желтоқсандық жiгiттiң ақтау туралы арыздарын Хасен 1993 жылы Конституциялық Сотқа әкелiп тапсырады. Бiрнеше күннен кейiн нәтижесін бiлмекке келген Хасенге судьялар: – «Хасеке, ақтөбелiк жiгiттердiң «Қылмыстық iстерiн» алдыртып, танысқан едiк, сөйтсек олар Желтоқсан көтерiлiсi кезiнде үй қабырғаларына бояумен “Бейте, убивайте русских!” – деп жазғандары үшiн сотталған екен. Оларды ақтау туралы мәселе көтерсек, бiздегi орыс судьялар қарсы болары анық. Не iстеймiз?” – дейдi. Сонда Хасен: – “Оған несiне қиналасыздар? Желтоқсан көтерiлiсiне қатысты репрессияланғандарға байланысты Қазақстан Президентiнiң 12.12.1991 жылғы Жарлығында: “Милиция қызметкерлерiнiң, сондай-ақ жасақшылардың өмiрiне қастандық жасаған азаматтардан өзгесi түгелдей ақталсын” делiнген ғой! Бәлен-түген сөздер жазғандар ақталмасын деп Жарлықта айтылмаған. Сондықтан: “Әлгiндей қызметкерлердiң өмiрiне қастандық жасамағандықтан, Президент Жарлығына сәйкес ақталсын”, дей салмайсыздар ма?! ”– дегенде, сот жiгiттер: “Ту-у, бұл тiптi де ойымызға келмептi-ау!” – деп, әлгi үш ақтөбелiк желтоқсандықтарды толық ақтау туралы Жоғарғы сотқа тиiстi құжаттарды жіберіпті. ( Қ.Ақордаұлының. «Бірінші» атты мақаласынан).

Екі жағдайда ғана жалған сөйлеппін.

– Өмірімде екі жағдайда ғана шынымды айтпаған кезім болыпты. Біріншісі – 1977 жылы және 1986 жылы ұзақ мерзімге сотталып кетпеуім үшін КГБ тергеушілеріне астыртын жазған саяси шығармаларымның мезгілдерін бертіңгі жылдарға жылжытып, істеген әрекеттерім туралы да өзгеше айтуыма тура келген. Сөйтіп өзіме өзім көмектеспесем, ол кездері кім менің жазамды жеңілдетуге жәрдем ете алмақ?!
Екіншісі жағдай – үйге кешігіп келген кездерімде, отбасы шырқы бұзылмасын деп, үйдегі «тергеушіме» (әйеліме) ептеп жалған айтуға мәжбүр сәттер де болған...
(«Жетісу» газеті 19.08 2000 ж.)

Бастаған ісіңді – тастама.

1998 жылдың күзінде Қырғызстанға іссапармен барған Хасен Қожа-Ахметті Қазақстан елшісі қызметінде жүрген Мұхтар Шаханов қонақ етіпті. Араларындағы түсініспеушілік себебін ашып алмақ болған Хасен: – Мұха, мен сіздің ақындығыңызға, тіпті композиторлығыңызға да тәнті адаммын. Кейде өзімдікін емес, сіздің әндеріңізді ыңылдап айтып кетемін. Бірақ халықтық, саяси мәселелерге келгенде бастаған ісіңізді аяқсыз қалдырып сенім артқан жұртшылықтың тауын шағатын әдетіңіз бар. Кезінде: «Арал! Арал!» – деп теңіз жағдайын, «Балқаш!» – деп көл экологиясы мәселесін қозғадыңыз да, қойдыңыз. Желтоқсан көтерілісі жайы да солай болды... Бұл менің ғана емес, «Бастайды да тастайды» деген көпшіліктің сіз туралы пікірі. Сізге бұдан өзге жеке ренішім жоқ» – депті.
Сонда Шаханов: «Сен сияқты інілерім аяқтайды деп сенгендіктен сөйтемін де!»– деп әзілге айналдырған екен.
* * *
1986 жылы Желтоқсан көтерілісі кезінде Алматы алаңында халықты сойылдағаны үшін үкіметтен марапат алған бір милиция қызметкері бәлен жылдан кейін «Желтоқсан» атымен ұйым ашып, өзін «желтоқсандықтардың құқықтарын қорғаушы» деп жариялап БАҚ беттерінен түспей сайрапты. Бет терісі қалың әлгіні үкімет әкімшілігі де жиындарға желтоқсандықтармен қатар шақырып құтырта беріпті. Оның бұл қылығын моральдық тұрғыдан қалай бағалар едіңіз деген газет тілшісінің сұрағына Хасен Қожа-Ахмет: – «Оны көргенімде қан сіңген дөңбек ағашқа отырып, балтасын жанына сүйеп қойып, қолына қалам алып, өзі бұрын бастарын шапқан адамдар туралы «Тамаша адамдардың өмірі» («Жизнь замечательных людей») атты естелік кітап жазып отырған жендет көз алдыма келеді» – деген екен. («Ана тілі» газеті, 22.04.2004 ж.)
* * *
Желтоқсан көтерілісінің 20 жылдығына байланысты Алматы қаласының әкімшілігі ұйымдастырған жиында «Аллажар» фильмін түсірген Қалдыбай Әбенов Мұхтар Шахановқа оның 1989 жылы жазда Мәскеудегі сиезде Желтоқсан оқиғасы туралы айтып ерен ерлік жасағанына рахмет айтып толқи сөйлепті. Сонда Хасен Қожа-Ахмет қасында отырғандарға естірте: «Япыр-ай, егер Шаханов Мәскеуде 1989 жылы жазда сөйлемегенде, 1986 жылы Алматыда Желтоқсан көтерілісі болмай қалады екен-ау, ә?!» – деген екен.

* * *
1986 жылы желтоқсанда КСРО билігінің қаулысына наразылық білдіріп көтеріліске шыққан азаматтар қазақ халқының азғана бөлігі ғана – көп дегенде 50 мың адам болар. Егер 8 млн. қазақтың жартысы көтерілгенде үкіметтің қамар түрмесі де, жазалар әскері де шақ келмей, дәл анадай репрессияға бара алмас еді.

* * *
Желтоқсандықтарға көзқарасынан-ақ қазіргі биліктің еліміздегі пассионарлық мінезді (қоғам үшін белсенді, өзін құрбан етер әрекетке баратын) азаматтарды қажетсінбейтінін аңғарамыз.
* * *
1986 жылы желтоқсанда Кремльдің қаулысына наразылық көрсеткендерге қосылмағандар өздерінің қызметіне, жанына зақым келе ме деп қорыққандарын мойындайды. Сөйте тұра көтеріліске шығудан қорықпаған азаматтарды «батыр» деуге тілдері бармай келеді. Ау, әр сөздің антонимі бар емес пе: жаман – жақсы, төмен – жоғары, бар – жоқ,,т.б.сияқты?! Әлде «қорқақ» сөзінің «батыр» деген антноимі бар екені олардың естеріне түспей жүр ме?!
* * *
Қазіргі сөз жүзінде «Тәуелсіздік жасасын!» деп жүрген билік те, халық та Желтоқсан көтерілісі мәселелерін сотталып келген 99 желтоқсандықтың өз проблемасы деп есептейтіндей. Олар түгіл, бүгінде «ұлтшыл-патриотпыз» деп жүргендердің көпшілігі 1986 жылы желтоқсанда көтеріліске шыққандарды үлгі аларлық тұлға деп есептемейді екен. (2009 ж. «Ұлт тағдыры» қозғалысы шығарған «Ұлтым деп соққан жүректер» деген жинақты қараңыз). Біздің қазақ «патриоттарының» жүректері әлі де Ленин, Конфуций, Джефферсон, Че Гевара, Гете, Каддафи, т.б. деп соғады екен. Қазақтан атағандары атам заманда өткен тұлғалар. ( Тірі желтоқсандықтарды атаса тілі түсіп қалардай). Бұл – қазақтың тәуелсіздікті, сол үшін күрескен азаматтарын бағалаудағы өресінің айқын көрсеткіші. (2009 ж
Бану
banu92_92@mail.ru
15-02-10 22:29
дебат туралы ресми түрде емес айтатын болсақ, онда ол сөз еркіндігі мен шындығы, дәлдігі мен туралығы, сонымен қатар тіл тазалығы десек болады. Себебі спикерлер таза қазақ тілінде сөйлеп, тілді датттамайды. Егер дебатерлар болса хабарласып тұрайық. Пікір алмасамыз!!!
Viva
makoshok@mail.ru
15-02-10 16:18
дебат адамның логикалық, аналитикалық, сыни ойлацын дамытатын ойын.
Жанара
abdramanowa@mail.ru
19-01-10 13:35
Дебат деген не?
Ержан
erzhan_asker@mail.ru
25-11-09 13:52
Дебат дегеніміз пікірталас, еркіндік.Жастардың мәселелерді қарастырып, шешу жолдары мен механизмдерін ұсынуы.Бір сөзбен айтқанда дебат ДОСТЫҚ мекені!!!
Сека
ceka--@mail.ru
25-11-09 09:22
мен дебат ережелери туралы китаптар бар болсы керек еди
Гума
20-05-09 12:42

Қазіргі сөз жүзінде «Тәуелсіздік жасасын!» деп жүрген билік те, халық та Желтоқсан көтерілісі мәселелерін сотталып келген 99 желтоқсандықтың өз проблемасы деп есептейтіндей. Олар түгіл, бүгінде «ұлтшыл-патриотпыз» деп жүргендердің көпшілігі 1986 жылы желтоқсанда көтеріліске шыққандарды үлгі аларлық тұлға деп есептемейді екен. (2009 ж. «Ұлт тағдыры» қозғалысы шығарған «Ұлтым деп соққан жүректер» деген жинақты қараңыз). Біздің қазақ «патриоттарының» жүректері әлі де Ленин, Конфуций, Джефферсон, Че Гевара, Гете, Каддафи, т.б. деп соғады екен. Қазақтан атағандары атам заманда өткен тұлғалар. ( Тірі желтоқсандықтарды атаса тілі түсіп қалардай). Бұл – қазақтың тәуелсіздікті, сол үшін күрескен азаматтарын бағалаудағы өресінің айқын көрсеткіші. (2009 ж.)

Нұрхан
nurkhan-93
19-05-09 20:53
Дебат деген керемет нәрсе, ол пікір сайыс, ол пікір талас. Саясатқа, өмірге деген көзқарасыңды, ойыңды кеңейтіп, мәдениеттілікке көзіңді ашатын керемет бір дүние.
Жансая !!!
zhansaya11@mail.ru
21-02-09 12:10
Дебат деген керемет нәрсе, ол пікір сайыс, ол пікір талас. Саясатқа, өмірге деген көзқарасыңды, ойыңды кеңейтіп, мәдениеттілікке көзіңді ашатын керемет бір дүние. !!!! Мен өзім Астананың Қазақ Лигасында ойнайтын пікірсайысшымын, оқушылардың пікір сайысқанын көріп, соларға қатысқанда өзімді өте жақсы сезінемін, себебі шынымен де мен Дебатты ұнатып, оның өзіме жақын жұмыс екенін түсіндім. Дебат дегенде тек қана Карл Поппердің дебат механизмін емес, сонымен қатар саяси форматта ойналатын дебаттарды айта кету керек, нағыз пікір талас сол болады !!!
динара
07-11-08 12:24
дебат
Ереке
technosyndrom@yahoo.com
17-07-07 23:12
Дебат - екі адам айтысқан да, ұятсыз бен көргенсіздеуі ұтатын пікірталас...
Әйтеуір, қазақша дебаттардан түсінгенім осы...
Дамир
damirhistory@mail.ru
13-04-07 17:56
Дебат ойыны біздіњ мектепте ‰немі µтіп т±рады. Ауылдыќ жастар ±йымыныњ ќолдауымен осындай клуб ќ±рылѓан. Оны ќазір мен басќарып келемін, біраќ оныњ ќатысушылары 8-11 сынып оќушылары. Болашаѓы бар ойын. Біздіњ балалардыњ ой-µрісініњ, сµйлеу ќабілетініњ, µз ойын ќорѓай алуѓа ‰йрететін ойын.
-= Baur =-
26-03-07 08:04
мен дебатка қарсымын
дебаттың шырқау шегі СОФИСТИКА га алып келеді
---
Софистика - сознательное применение в споре или в доказательствах неправильных доводов, так называемых софизмов - всякого рода уловок, замаскированных внешней, формальной правильностью. Характерными приемами софистики являются вырывание событий из их связи с другими, применение закономерностей одной группы явлений к явлениям другой группы, одной исторической эпохи к событиям другой эпохи и т.д.
---
дебаттың орнын басқа бір формалы сұхбатпен алмастыру керек не дебаттың форматын өзгерту керек
Дана
Danagul777Aktobe@mail.ru
18-03-07 16:27
барлык малиметти казакстаннын дебат сайтынан карамайсындар ма
екинин бири биледи дебат туралы0 бирак солардын бари соз шешендери емес арине
баринин кулшинисы бар, бирак соз онерин алып журу екинин биринин колынан келе бермейди
аяулым
dgj@ok.kz
10-03-07 07:15
"Карл Поппердіѕ" ойын ережесі бойынша Ќазаќстандаєы мемлекеттік тіл мјселесі жґнінде мјлімет білгім келеді

Алма
27-10-06 10:09
Дебат туралы толыќ мјліметті Ўлттыќ Пікір-сайыс орталыєыныѕ "Азамат" клубынан білуге болады єой. Айтпаќшыдай, жуырда білікті пікірсайысшыларды іріктеу ґтпекші. Рахат пен Јселге хабарласындар. 70 00 43.
Гамбит
s.zhanashev@rambler.ru
19-10-06 19:39
Дебат туралы бірдене білем бірақ айтпаймын
тiлектес
19-10-06 14:48
кандай дебат туралы? Карлл Поппердин ба, алде баска ма?

Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 
© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube