Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Елдi мекендер, ауылдар, калалар
Тақырып: Егіндібұлақтар қаидасыңдар


Авторы Xабарлама
Руслан
ruslan.temir@mail.ru
16-10-06 15:31
824791549 824791478 Манаш

Авторы Жауап
Гулзада
gulzada_1976@inbox.ru
20-04-15 21:23
Мектебімізді көркейтіп, ауылымызды үлкетейік. Арқалық ауылы жабылып қалмасын. Соған көмек көрсетейік ауылдың бір тума азаматтары.
Жансая
04-11-14 06:58
Бәріңізге сәлем айтамын!адасканы калай сондаа
сункар
87787910317
24-10-14 09:52
калаисындар жерлестер
сункар
87787910317
24-10-14 09:45
Салам ЕГИНДИБУЛАК
Куанышбек
Bahriden_krg
30-04-14 13:03
Едирейліктерге жалынды салем,казымбет балапан рулары барма мында?
Куанышбек
Bahriden_krg
30-04-14 13:00
Жерлестер калайсындар?
Шежіреші
25-01-14 21:29
Жерлестер салем !
көшім
19egindibulak95@mail.ru
18-10-12 17:17
Егіндібұлақ...
Айгерім
aspandiyartyzy
30-07-12 13:39
Қаинар-Бұлаққа жалынды сәлем
Шежіреші
15-05-12 05:38
ә. Илья Жақановтікі
с. Шаймерден Әлдибековтікі

Сен – Балқанда , мен – мұнда , ара қашық ,
Сағынышым күн сайын барады асып.
Мақпал кештер кетіпті-ау тым алыстап,
Сағым қуған жылдармен араласып.

Мен кеткенде Балқанда көктем еді,
Бел-белестер құлпырып көктеп еді.
Жадыратқан жанымды лебің болып,
Жібек желі Арқаның өпкен еді.

Балқан таудың баурайына ұзап барып,
Қос көңілден жүруші-ек сыр ақтарып.
Асыл еркем, өткеннің белгісіндей,
Жүрегімде қалыпты шырақ жанып.

интернетке енгізген, Жанар Омарова (Павлодар)
МЕЙІРЛАН
egindibulak_95@mail.ru
15-04-12 23:14
САЛАМ ЕГІНДІПАРИЖ!!!!!
Торгаева Дарига
dariga_uzen@mail.ru
12-11-11 14:36
Саламатсыздарма Егіндібұлақтар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Ауылыңыз берекелі болсын! Мен Маңғыстаудан. Сіздің жерлесіңіз Тештібаев Мақсат "Туркменістан Республикасының Ашхабад қаласының Бикрова поселкесіндегі" әскерде болған. Сәлемдемемді оқыса хабарлассыншы.
Ислам
18-05-11 20:40
Көктасжалға (тау-кен комбинатына) жұмысқа қалай орналасуға болады ? Телефон, мекен жайы туралы мағлұматты қайдан алуға болады ?
Ғайса
gaisa_@mail.ru
07-05-11 13:07
библиотеканың адресы:
www.Egin.Book
Тел: 8-72-147-91-4-58. E-mail, egin.book@yandex.ru .
Ғайса
gaisa_@mail.ru
07-05-11 12:52
Ауылдағы библиотеканың сайты ашылапты. Елдегі мектепке Мегалайн қасылған екен. Бырақ сайты көркемдеу үшін көмек қажет сияқты... Жұпынылау екен.Кім, не ұсына алады ?
Ая
aya-1992_92
24-04-11 00:56
Салем Егіндібұлақтықтар! Егіндібұлаққа ешқандай жер жетпейді.Қазір жастар Егіндіпариж деп атап кетті. Париж десе-Париж гой.
айнура
01-03-11 12:55
салем
Saltanat
10-02-11 06:25
Салем, Егиндибулак! Мади ауылына салем! жиендерин Салтанат Жезказганнан
Кайса
kaisa_@mail.ru
04-02-11 07:08
Елдегі жаңалық, Теректінің маңайында (бұрынғы Қазақстанның 40 жылдығы атындағы совхоз) тау-кен комбинатын салмақшы. Менімше бұл қуанарлық жаңалық. Елде жұмыс орындары ашылады. Қосалқы кәсіптер ашуға себеп боладығой. Жергілікті жастар соның мамандығына оқып алса тамаша болар еді. Екібастұздан электр желісін тартып қойды деп есітідім. Соған қарағанда құрылыс қауырт жүргізілетін сияқты.
Кайса
08-01-11 11:03
Жаңа жыл құтты болсын жерлестер !
Ностальжи
16-10-10 15:56
Салем жерлестер ! Елде на жаңалық бар екен ?
Таттимбет
hydrografer@mail.ru
07-10-10 21:38
Жерлестерди корип отырганыма оте куаныштымын!!! Санкт-Петербургтен салем!!! мен кезинде Айрыкта турганмын
Балкан
12-09-10 10:22
Салем жерлестер !
Кайса
21-05-10 19:09
Егіндібұлақ ауданның жабылуына не себеп болды ? Қайта аудан орталығы болып ашылуы мүмкінбе ? Қалай ойлайсыздар ?
Кайса
18-05-10 05:31
Биылғы жазда Мәдидің атамыздың тойы өткізіледі деген әңгіме бар... Қандай уақытта отеді екен ? Кім біледі ?
Мадина
madina945@mail.ru
13-01-10 19:11
Мадинаның атынан жазып отырған Асель, Астана қаласынан Ағам Бақытбектен Жалынды Сәлем!!!!! :)
Мадина
madina945@mail.ru
13-01-10 19:08
Салем Егіндібұлақ!!!!! Қалайсындар???? Асель
ТОҚТАР тайшыбай
zarkyn-42@mail.ru
30-06-09 23:14
2009 жылғы !! маусымда Егіндібұлақтың 100 жылдығы тойланады деп естіп отырмыз,Барайық,өз аулыңа шақырмайөақ барсаң,айыбы жоқ,ол жақта шақыратын адам да қалған жоқ қой,Егіндібұлағым МЫҢ жасасын
Жаныс
17-01-09 06:56
Бөкен,
Сен Балқанда мен мұнда ара қашық...

Осы өлеңнің толық мәтіні барма ?
Нұргүл
06-09-08 08:56
Есенсіздер ме,менің туған жерім-Тәттімбет?Әкем-Бәкібайға,анам-Машакарға және әпкелеріме,бауырым-Ернұрға,сіңілім-Толғанайға Үлкен сәлем жолдаймын.Қатты сағындым.
Бөкен
31-08-08 06:32
Сәлем, баурларым !

Менде Қу елінің ұлымын. Елде болдым, тау араладым. Аталарымыздың басына барып дұға оқыттым. Форумдағы ұсынытарың құптарлық... Іске сәттілік тілеймін. Бырақ осыларын атқамінер азаматтардың құлағына шалындыма екен ?
Мереке құтты болсын !

Сен Балқанда мен мұнда ара қашық...
Санжар
29-06-08 08:21
Қолынан іс тігу келетін апа әжелеріме

Егіндібұлақ елді несімен қалай қызықтыруы керек ?
Бір интернет форумдағы пікірден үзінді...

Шетелдік туристермен жүргенде бір байқағаным, ауылда болсын, қалада болсын олар бірінші кезекте қазақ халқына ғана тән ұлттық ерекшеліктерді көргісі келеді. Сол себепті олардың көбісіне Алматы мен Астанадағы Еуропа мен Батыс үлгісінде салынып жатқан ғимараттар қызық емес. Мәселен, мына апалардың үстіндегі оюлы қамзол, басына таққан ақ орамал Дэвидті ғана емес бізбен бірге болған Джулия мен Линиді де қатты қызықтырды. Киімнің тарихын, оюдың мәнісін сұрап, тұс тұстан сұрақ жаудырғандары бар. Ағылшын әжелер мен қазақ әжелерінің арасындағы айырмашылық жер мен көктей екені айтпаса да түсінікті ғой.


Жаныс
29-06-08 06:26
Облыстық Н.В.Гоголь атындағы ғылыми әмбебап кітапхананың "Қарағандының әдеби өмірі" сайтында біздің ауылдың тумаларының өмірбаяндары негізіліп, өмірбаяны жазылған
http://www.adebiet.freenet.kz/
Ғаббас Айтпаев, Кәрім Сауғабаев, Тұрсын Жұмашев т.т. туралы Ғаббас Смағұлов жазған қысқа деректер бар. Әліде архивте іздеуін күткен материалдар көпқой.

Егіндібұлақтың архивы қайда екен ?
Жаныс
27-06-08 05:02
ЕНТ қалай өтті ?
Егіндібұлақтық өрендер қадамдарың құтты болсын !
Біздің жігітер мен қыздардың қасиеттері - РУХ пен НАМЫС.

Қайса
27-06-08 04:38
Есенсіздерме !
Елде қандай жаңалық боп жатыр ?
Кәсіптіктехникалық мектеп қайыра ашылған екен, құтты болсын. Ел азаматтарына дұғай сәлем- осындай ізгілікті істерді жаңғырта берсін. Алыста жүрсекте тілегіміз, көңіліміз бір ! Егіндібұлақ алға !


Аңсар
17-06-08 17:24
Сәлем бердік!
Теледидардан Егіндібұлақты көрдік, бабамыздың шапанын " шығарып салу тойында". Бір бірімізден шүйнші сұрағандай, телефон шалып мәз мәйрам болдық қой...
Әжептауыр "қасқалар" барыпты, не жаналық айтты екен ?
Осындағы бір сайтта Қаракес шежіресін көрдім, онда да кілең біздің елдің азаматтары тіркеліпті...

Табысты болыңдар бауырлар !

Медет
13-06-08 20:53
Сәлем бауырластар менде Егіндібұлақтың Абай көшесінің 11үйінен боламын. Егіндібұлақты көріп елең ете қалдым. Ағайын туған жерге деген махабат ерекше болады екен. Ағам кішкентай кезінде айтушы еді ТУҒАН ЖЕРІМ ЕГІНДІБҰЛАҒЫ СУ АҒЫП ЖАТҚАН СИЯҚТЫ деуші еді. Ағайын туған жерді ұмытпайық хабарласып тұрайық жерлестер.
Karim
24-05-08 23:53
Salem , barmyz.
El kalai, kandai tirshik jasap jatsyndar?
... Kizil Taska bary kerek edi...
Амантай
23-05-08 19:23
Қарағандының Егіндібұлағынан Ашим Кенжебаевпен әскерде бірге болдық. Білсеңіздер, хабарлассын.
Жолаушы...
04-05-08 22:05
Егіндібұлақтың қулары, саудалары өрлеген екен !

Бабаларыңның шапанын қаншаға пұлдағансың !
Саудаға салынбай қалған құндылықтарын қалса алдын ала жәриялаңдар ! Құры қол қалмайық...
Серик
26-04-08 19:37
№ 5 мектеп форумында кездесейік
КЫЛЫШ
ОТКИР
22-04-08 20:40
Егіндібулаќтар адасып кетіпті.Ренжеме жањалыќтан тыњдадым.
Кайса
02-04-08 21:31
В 1839 году в долине реки Тундык он начал строительство Благодатно-Стефановского (Кувского) завода (в 24 км. от с. Егиндыбулак), ...

www.library.karaganda.kz/saryarka/history/history_saryarkarus.pdf
Серік
31-03-08 20:17

Жерлестер, кітапхана не басқа жерде интернет, электронды почта барма ? Болған жағдайда маглумат алысып тұруға болар еді.
Серік
31-03-08 20:00
Елден еш үн жоқ...
Тым-тарыс...
Не -бәрің плотина салуға кеткесің бе ???
Қандай бір мәлімет керек болса жазыңдар
Балқан
31-03-08 19:54

Зауре, бұл бетте Қарағанды облысының бұрынғы Егіндібұлақ ауданының орталығы Егіндібұлақ ауылы турасында жазылған. Кейінен Қазыбек би ауданы деп аталған. Қазырғы уақытта аудан орталығы есебінен түсіп қалған, Қарқаралы ауданының құрамында. Ертеректе Қу елі деп аталған.
Зауре
29-03-08 02:19
жалпы бул кай Егіндібулак. мен павлодар облысы ма деп отырмын.
Зауре
27-03-08 12:51
Егіндібулактын ул-кыздары!!! Сіздер жактан мен жан курбымды іздеймін. Бибінұр Әденова. 1977 жылғы. Алматыдагы екінші мектепті бітірген. Жен Пиден сон Егіндібұлакка мугалім болып кеткен.Бір хабар алып беріндерші Отінем.
Балқан
25-03-08 17:38
Егіндібұлақ Қу тауының бауырында орналасқан шағын ауыл еді. Біздер әр түрлі жағдаймен- кім тіршілік қамымен, енді біріміз оқудың соңында, т.т. жағдайлармен жырақта жүрміз.
Бырақ көңіліміздің төрінде біздер Қу елінің азаматы екенімізді ұмытқан емеспіз ! Қу десе, Балқантау десе елең ете түсіп, туған жеріміздің әр бір жетістігіне қуанамыз !
Бауырлар, Наурыз - Ұлыстың ұлы күні мерекелерің құтты болсын !
Рома
15-03-08 19:46
Салем !
Пушкин кошесіненмін.
Қазақ
27-02-08 16:17
Менің туған жерім Егіндібұлақ ! Есенбісіңдер бауырлар ?
Жәнібектерге сәлем!
Справочная Капакесек
22-02-08 17:27
Салем жерлестер !
Ой мына жақсы хабар екен, Ақыжанов Женістің иә болмаса Хасен ақсақалдың қалжыңы емеспе ?

Жаныс
16-02-08 05:38
Сәлем бердік !
Ауылда бұрыннан өндіріс жоқ еді енді тіптен тұралап қалдығой. Бырақ естеріне салайын, еңбірнші мыс балқыту зауыты осы біздің өңірде ашылып жұмыс жасаған. Орналасқан жері Бастал ауылының тұсында. Түндікті өзеніндегі плотина жұрнағы әлі де болуы тиіс.
Ол туралы Адоль Янушкевич естелігінде де жазылған. Ол кезде плотина тұрғызу оңай болыппа?
Бұл идейдің бастамасы ғой. Бырақ плотина тұрғызсандар, қосылам. Сау!
Науқан қалай өтуде (омыртқаға шақыруды айтам)
Мектептердің бірінің эл.поштасын таптым
karkarschool5@yandex.ru
Средняя школа №5 с.Егиндыбулак деп жазылған.
Асан қайғы
01-02-08 18:09
Теміір Жол салу құптаймын.
1. Аул қолындағы өнімін өткізу,базарға жеткізу, женілдейді.
2. Жұмыс орындары ашылады.
3. Босаған ауылдар қалпына келеді.
4. Полигон кесірінен дамымай қалған аймақ, қазақтың ең бір шұрайлы жерлері
ел қатарлы өсіп өнер еді
5. Аудан жабылғаннан бері босып кеткен ел туған жерімен табысар еді.
Бір сұрақ бар- Айрық қайда Дегелең қайда ?
Қосыламын-ТЕМІРЖОЛ САЛАЙЫҚ!!!
Жерлес
12-01-08 19:44
Жерлестер сәлем !!!
Аспан ашық, ел іргесі берік болсын ! Идея ?
Нарыққа жақын болайық, бизнестегі біздің жігіттерден ұлгі тұтарлық кімдер бар ??
Ойланып көрсек ең бір оңтайсыз нәрсе Егіндібұлақтың ұлкен, күре жолдардан алшақта жатуы.
Сондықтан Талды-Егіндібұлқ -Өсібайө-Арқалық-Айрық-Дегелең теміржолын салу керек.
Қиял ғой !
Қазақ
07-01-08 11:50
Елдің, жердің жақсы атын шығаратын азаматтар бар ғой. Идеялар керек. Оларды іске асыруға қол күші, қаражат табылады деп сенем. Біз көппіз.
Елді аралағанда көргенімізді айтайын. Оңтүстік азаматтары ұлы аталарына тәу ететін жұртқа арнайы кесенелер салған. Мысалға Қорқыт Атаға арнап Казалыға барар жолүстінде көмплекс салынған, т.б. бар. Ескерткіштің орыны бір бөлек. Қазыбек биге арнап, Қу елінде бір орын ашса артықпа ? Бірінші тасын мен жазда жеткіземін, орынын сайлаңдар !
Тағы қандай идеяларың бар ?


Балқантаулық
05-01-08 04:36
Қу елінде туып өскен, жерін мекен еткен ұлы адамдар көп қой.
Әріде Қазыбек би бабамыз, Тәттімбет атамыз, беріректе Нығмет Нурмаков, Жусіпбек Елебеков т.т...
Бері де Мақпал Жунусова, Эльмира Толеубаева, Қазыбек ("Тарлан" тобы"). Ал ел ішінде олар қаншама еді ? Сыздыков Есен Кабирұлы (ФФК РК басқарады), Иманбаев Хаби Атаханұлы (Қазақстан футбол федерациясы комиссары)... Және осы форумға келушілер де осы елдің тумалары. Сәлем Азаматтар!
Қу елінің ұлдары
30-12-07 20:01
Қабышұлы Кенжеберген Абикеев Арқалық ауылының тумасы (Командующий пограничной морской дивизией контр-адмирал Кенжеберген Абикеев) Мақтан тұтайық, амандық тілейік!
Жаңа жыл табысты болсын !


Сағынған
24-12-07 21:24
Сәлем бердік туған жерге !

Егіндібұлақ дегенді оқып елең ете қалдық.
Менде Балқантау баурайынан боламын. Жаңа жыл құтты болсын жерлестер !


asselok
assel2783@mail.ru
16-03-07 09:35
bosh, sen kimsin?
asselok
assel2783@mail.ru
16-03-07 09:34
Salem, jerlester! Manash meni tanydyn ba? Men senin klasstasynmyn. Egindibylak degende ote kuandym. Habarlasyp tyraiyk, jerlester.

bosh
bosh_@mail.kz
05-02-07 13:31
Мен Егіндібұлақтың тумасымын.




Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов