Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Қазақ тілі
Тақырып: Елбасы және тіл


Авторы Xабарлама
Томаға
amed_74@list.ru
26-10-06 13:22
Елбасының тіл тағысындағы жолдауы, дәл қәзір орайы келген қозғау болды. Енді біраз кешіккенде түтін жалынға айналар еді. Тек арты сыйыр құймышақтанып кетпесе игі!

Авторы Жауап
Каракоз
karakoz.aitanova@mail.ru
21-04-15 06:38
Елбасымыз Нурсултан Назарбаев алға! Сіз нағыз кандидат! Аман бол! Халқымызға байлық байлық емес, бірлік байлық деп- барлығымыз бірге болайық, жұмыла елбасымызға дауыс берейік дегім келеді.
потомок Жалантос батыра
e.alishev@mail.ru
19-01-14 18:40
Мен озим оралманмын каракалпакстаннан кошип келдим, мен биринши рет алматыга келгенимде тан калдым, бир жактан кулким келди екинши жактан жылагым келди Казактар бир биримен орысша сойлейди Сеним отырган елбасынын ози орысша лепиреди.
Динара
dinaraak-85@mail.ru
04-12-13 21:15
Елбасының тіл саясаты халық арасында қолдау тауып жүр. 22 жыл ішінде елбасының тіл мәселесіне байланысты жасаған жағдайларын еш бір елде, еш бір президент жасап көрмеген. Жастар өздерің елбасының тіл саясаты туралы хабардар болмасаңдар, білмеймін, мына жерге не беттеріңмен жазып жүргендеріңді.
Eskendir
abekbau@mail.ru
26-03-11 19:50
Menimshe, kazak tildin birinshi zhaui ol bizdin prezidentimiz. Nureke magan sogus aldindagi Stalidi elestetedi : ol baygus sogustan korkip, bile tura kashan bastaladi, buyrik soguska daidalu bergen zhok. 26million adam kirildi. Al aliska ushatin aviacia zhane askeri flottin sonday buyruk berdi. Bizdin aviaziyamis tura sogustin ekinshi kuni Berlindi bombaladi, al teniz floti baska teniz tugil Baltik tenizdi zhauga bergen zhok. Birak, negizinen, kazak tili koterilmey zhatkanina barimiz kinali. Katti talap etpeymiz.
Анель...
aneka90@mail.ru
13-03-11 17:21
Тілің қайда,дінің қайда, қазағым?
Кей халықтың мазағына айналдың.
«Қазақстан» деп аталған соң еліміз,
Қайда сенің ана тілің,қазағым?!
«Қазақпын,қазақпын деп мақтанамын»
Деп жырлаушы еді ғой қазақ ақын.
Қазір сол тіл шалалыққа тым жақын.
Шалаланып,ала тартып тіліміз,
Даңғылданып,жол секілді дініміз,
Дараланған ағымдарға толып жүр.
Көрмей жүрміз дүбәрә болған жастарды,
Тілмен сөйлеу түгіл,білмейтұғын ойлауды,
«Қазақпын» деп тәкаппар мінез көрсеткен,
Ана тілін құрметтемей,тәрк еткен...
Әп – әдемі қазақшамен бастайды,
Арасында орысшасы қостайды,
Ортасына сөзінің кеп тоқтап қап,
Қиналып.. Бір қазақша сөз таппайды,
«Қазақпын» деймісің сен өзіңді?!
Еһ,қазағым,ашшы маңдайдағы көзіңді!
Сүйесің бе тіліңді,жерің,еліңді?
Бересің бе Отан үшін кеудеңдегі жаныңды?
Сүймек түгіл,жаныңды бермек түгіл...
Ойлай білші,сөйлей білші,ұмытпашы тіліңді.
Мәдениет шыңына мен жетемін деп,
Балаңды сен орысшаға бердің кеп,
Кіші кезден сіңіп кеткен қанына
Қазақ зары батпайды оның жанына!
Ойланшы бір сәт,қазағым,
Алып ұшпай болашаққа,тоқтағын.
Болашаққа қараймын деп жүріп,
Ана тілің ақсаң қақты,қазағым...
Тәкаппарсың,мақтанасың құр босқа,
Сабырсыз боп,басыңды ұрып әр тасқа.
Салтың қайда,атадан қалған ғұрпың қайда?!
Не таптың сен ақшадан да,атақтан да?!
Атақ қуып,уландың сен ақшаға,
Мансап дедің,шапқыладың түз жаққа,
Туған жерді тастадың сен,ұмыттың,
Туған тілді ұмытып,айналдың «шала қазаққа».
Әкесін «папа» дегізіп,
Анасын «мама» дегізіп,
Қай жағдайға жеттің сен?
Отырмашы,әйтеуір,шошқа етін жегізіп...

Авторы: Тулеушева Анель Алтынбек қызы

Динара
10-03-11 09:09
.....Колик жургизуши орысша тарбиеленген адам екен, тили де орысша. Ангимелесип отырып маселе тилге келип тирелди, мен оган осы коп адам казак тилин оте дореки (грубый) тил дейди гой дедим. Сондагы ол кисинин айтканы: Казак тили оте адеми тил, сиз казакша китап окып па единиз? Онда кай нарсе болса да жетик, таза, адеми суреттеледи деди. Ал, казак тилинде кимдер сойлейди билесиз бе? Казак тилинде кобине сауатсыз адамдар сойлейди, олар тек боктык соз бен тилди ластауды гана биледи деди. Алги кисинин айткан сози мени катты ойландырды. Ози орысша сойлеп турган адамнын казак тилин булай катты курметтуи гажап нарсе екен. Сол жерде омир бойы казакша окып, омирди казакша танып билген мен, оз тилиме деген курметимди жогалтып алганыма катты уялдым. Биз бул жагдайга калай жеттик?
Қылжақбас
14-02-11 13:21
Екі шенеуніктің диологы:

- Ұлтбасысының нұр­лы сәу­лесіне иланғымыз ке­леді. Сізді нұр­­лы тіршілікке, нұрлы бо­ла­шақ­қа, нұр­­лы білімге, нұрлы ден­сау­лық­қа, нұр­лы жемқорлыққа бастайтын нұр­лы көш­бас­шы етсек деп едік...

- Нұрыс, НҰРыс.
Динара
altinmami@mail.ru
09-04-09 10:27
Ол орысша сойлейди, сойлейбередида оны казакпын дегендер котерилип орнынан алып тастау керек
Azamat
azemsa83@mail.ru
10-03-09 10:27
Елбасына тойганшыгар казактар кургак уадесине
Azamat
azemsa83@mail.ru
16-02-09 09:28
Алдынгы арба кайда барса сонгысы да сонда барады ! Елбасымыз ТАН-нан КЕШКЕ-дейин орысша сойлегенше КАЗАК ша сойлесе ООО сонда бари баскалай болады
Айгерім
10-02-09 10:49
мынадай мысал: мен жасайтын компанияда 70 пайызы орыстар. әрине жұмыс жөнінде және үстел басындағы әңгімелер орысша жүретіні түсінікті. Отырыстарда кұттықтауды қазақша айтам деп, қазақтарға қазақша сөйлеймін деп көзге шыққан сүйелдей болып жүрмін. Бір қызығы басқа ұлттар өздерін жоғары қойып, өз ұлтын мақтап, өз тілінде сөйлеп жатқанда біз үндемейміз, ал қазақ тілі немесе дәстүрі туралы ауыз аша қалсаң саған өзгені қойып өзіміздің мәңгүрттер ит көрген ешкідей үрке қарап: сен националист екенсің ғой, құрсын не керек үйтіп? деп қалады.
Жәй ана
05-02-09 07:35
Елбасы өзі білмесе. қалай сөйлетеді? Бұл қазақтың кәзіргі таңда ең үлкен қателігі. Назарбаев қазақ және қазақша біледі деген. Ол 20 жыл бойы бір-екі ауыз сөзімен Қазақты алдап келе жатыр. 5 минут қазақша сөйлейді. 50 минут орысша сайрайды. Қазақша көп сөйлесем өтірігім шығып қалады ма деп аз ғана. бірдеңе айта салады. Біз қазақ соған мәз болып қаламыз. Ай аңқау қазағым ай.
дәулетбай
bs.
02-02-09 12:54
қазақ халықының байлары мен билері қазақша сөйлемей,қазақ тілі мандымайды.оларды күшпен тек қана елбасы сөйлете алады.
болды
карлигаш
karligash_almaly
30-01-09 10:42
информатикадан тест сурактары. Арсен деген есим кандай магына береди.
Қырсық қазақ
Найман@mail.ru
28-01-09 09:48
Ол оны істемейді,істегісі келмейді, істесе баяғыдан бері істемейма? Мен кейде ойлаймын осы пәленің бәрі өзінен шығып отыр ма деп. Егер адамды істеген ісімен бағаласақ, Қазақтың бүкіл жерін неше түрлі еврей,орыс бәле-батарға сатып жіберді, тіл өлейін деп жатыр, жанына жинап алғаны ылғи түкке тұрмас шалақазақ.Олар өзінің кім екенін да білмейді, бірақ қазақты билеп отыр.. Не екінші вариант, онда билік жоқ, жәй отырған біреудің қуыршағы. Ана жанында жүрген мәңгүртттерде билік бар деп тағы айта алмаймын, тілі жоқ , ұлты жоқ адамдарға ондай күш қайдан келсін.Бұлардың бәрінің артында МАшкевич,тағы басқа өндірісті басып қалған қулар отыруы мүмкін. Біздің көкеміз оларға жәй қазақты алдап ұстап отыруы үшін керек.Көкеміздің үндемеңдер ойбай үндемеңдер деп айта беретіні сондықтан. Әйтпесе қазақ ешкімге тиісіп жатқан жоқ қой, қайта бізге тиісіп жатыр ғой.Олардың бұл жерде қорқатындары да қазақ халқы, өйткені біз бұл жердің иесіміз.Сондықтан оларға қазақтың басын көтертпейтін адам керек.Егер біз қазақ кәзір көкемізге қарсы шыға бастасақ,олар оны өздері құртады да, қазақты алдай алатын басқа адам іздей бастайды.
Елдіңұлы
27-01-09 20:29
Қазақстанда қазақ тілі үстем болуы дамуы кәзір тек Елбасына байланысты, шағарған заңнан іске көшпей отыр, ал қара халық аузына қарап отыр. Өзінде патриоттық сезімнен кеңес дәуіріндегі интернационалдық сезім қатты дамыған. Жай халық не істей алады, істей алса осы 17 жылда қазақшаға басқа көрші ұлттар сияқты өтіп кеткен бола едік. Халық үреді де қала береді. Ол үлкен іс бәрібір президентке байланысты. Өзімен бірге қоластындағы 200-300 шала маңгүрт қазақтарды қазақша сөйлетіп, ұлттық сезім оятса болғаны.
Адай
Serikbol_k@mail.ru
25-01-09 22:06
Көкеміздің өзі қазақша сөйлей алмайды, мұқият тыңдасаңдар білінеді. Көке жаман емес жақсы, бірақ қазақ емес, сол ғой құртып тұрған. Әй бірақ өзімізден де бар, бір-екі ауыз қазақшасымен қазақты осы күнге шейін алдап келе жатыр ғой, мен сендердікімін деп.
Тауқұдірет
tau
24-11-07 12:57
Қанат сенікі дұрыс қой, бірақ Елбасымыз қазақша біледі ғой, қасындағылары түсінбесе қалай айтады, қоғам кнәлі ғой, 70 жылдық бодан кінәлі ғой қара көздердің тілін байлап қойған, өзің болсаң да Елбасының орнында солай етер едің. Ойланшы...
альбинусик
barbi-super
26-09-07 20:45
қожанасыр
қандай әңгімелері бар
Алмабек
20-03-07 13:08
Елбасымыздың мерейі басқа президенттерден үстем болсын! Оның ішкі-сыртқы саясаты оңға бассын! Нұрсұлтан ағамыз халқына мейірімді, әділ патша болсын! Үй-іші, отбасы аман болсын! Шекарамыз тыныш, еліміз аман-сау болсын.! Келе жатқан НАУРЫЗ мерекесі Құтты болсын!
Бақыт
24-12-06 19:02
Қазіргі кезде тіл мәселесіне келсек Нұрлсултан патшамыз әлі ұлтаралық тілде мінбелерден шүлдірлеп жүргенде оңала қоймас деп ойлаймын.

Хандар
handar_h@yahoo.com.tr
28-11-06 14:02
Елбасы жалғыз өзі не істей алады, ортасы қазаққа, қазақ тіліне жанашырларла тола бастаса ғана мұз еріп сен жүрер еді!
Мырқымбай
02-11-06 12:19
Елбасы және тіл тақырыбына жауап:
Баяғыда Хан Қожанасырды шақырып алып
- Саған мың діллә берем , мына есекке он жылда тіл үйрет , - депті.
- Айтқаныңызға құлдық - деп , Қожа бір қап ділләні
арқалап , есекті жетектеп келе жатса кемпірі алдынан
шығып:
- Ей , алжыған ! Қай заманнан көрдің есектің тіл үйренгенін-
депті . Сонда Қожанасыр:-
- Саспа , кемпір ! Он жылда не есек өлер , не мен өлем, не
хан өліп бір жөні болар - депті жарықтық.


Kanat
30-10-06 01:30
Козгау болуына козгау болды-ау бірак Президенттін озі басқа улттарга жалаккыны кобірек беру керек деп жагымпазаданып жатыргой. Соны мен катар 15 жылда аюды да сойлетуге болатын еді дейді сойлететін болса кайда жур. Озі казагына 15 жыл бойы орысша сойлеп келді.



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов