Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Қазақстанның рәміздерін өлең жолдарымен суреттейік


Авторы Xабарлама
Ақынсымақ
30-11-06 14:34
Сом мен теңге айтысы

Сом мен теңге айтысыпты
Түсіп бірде қалтаға,
Осы кезде сом сөйлейді
Керіліп сірә шаттана

Теңге болса мән берместен
Ысқырып отыр бұрышта
Бұған қарсы сом да отыр
Былдырап бір орысша:

Әңгіме былай басталды,
Сом: Әй, теңге, сәлем қайда, көрмедің бе?
Сом сияқты атаңа кеуде кергенің бе?
Біле білсең жердің жүзі маған қарап
Табанымның астында болғанын білмедің бе?

Кеудем толған Ленин менен Сталин еді,
Онымен қоса Креміл де миды жеді
Бірақ та мен жер бетінде жалғыз өзім
Доллардың өзі құйрығымды искеп еді

-деп сөзін доғара бергенде, теңге тұрып:

Әй, сом неменеге мақтанасың,
Шіріп тұрып, бұрынғыға мақтанасың
Біле білсең менің қазір мерейім үстем,
Әйт десем, шохам болып сен қаласың

Сенің кеудең Ленинге орын берсе,
Ол дінсізді көтергенің соншалық
Ал егер ақиқатты білгің келсе
Мақтанбас ең кеуде керіп мұншалық

Ол Исламды құртты, жойды бірақ та
Ислам нұры сөне қоймас мәңгілік
Ислам нұры алыстарда шырақта
Ал Ленинің кәпір болды мәңгіріп

Сталин дейсің мақтан тұтып грузинді
Оданда сен мақтан тұтқын Путинді
Болмапты олар мақтан тұтар тұлғалар
Есімдері керексіз боп, айдалада құр қалар

Менің кеудем Әл Фарабиды қамтиды
Екінші Аристотель, білім оған бас иді
Ленинің мен Сталинің болсын қоса Кремілің
Фарабидың әрі кетсе тырнағына татиды


Одан кейін Сүйінбайым шерткен дала данасын
Домбырасын күмбірлетіп, отын елдің жағасың
Мәдениет төрін алған өзің және Дина апам
Бізге өзің үлгісің, әкесің бәлки бабасың

Сосын көрші Құрманғазы, атамыз біздің салмақты
Орысыңның балалайкасы бәлки гармоны
Оның қос шекті домбырасына теңесе алмапты

Сосын қара Шоқанға бір, көздің нұрын қада да
Оқыды ол елі үшін қалада да далада
Елі үшін ілім іздеп, ұшырады нәбетке
Есімін сақтап қалады атасы да бала да

Абай атам, дана атам жан атам
Атыңды сенің мақтан тұтам, жан бабам
Даналығың, қара сөзің әрдайым
Естимін де орысқа оны тыңдатам"-деп, сомға қара сөзді оқып береді.

Сосын сөзін жалғап:

Әбілхайыр, Абылай хан бабалар
Петрің мен Сухов, Мухов әдірам қалар
Бұлар елді қорғаған қасық қаны қалғанша
Берілмеді ешкімге сатқындар аяқтан шалғанша

Деп теңге сөзін аяқтап, енді отыра бергенде қалтаға қол кірді де теңгені алып кетті.
Ал сом болса қалтаның түбінде шіріп, бүрісіп, ұмытылып қалды.


Авторы Жауап
Аяз
2o13_97@mail.ru
07-12-13 03:31
Іздегенге сұраған деген осы шығар, сірә))))) РАХМЕЕТ!!!!! талабыңыз оңынан болсын, қолыңыз дерт көрмесін!!
гүлнұр
gyli-04-02@mail.ru
09-06-13 15:01
өте күшти маған ұнады катты ұнады
дина
dina_220401
18-02-13 14:35
отан туралы таппак тек балалардики емес тауып бриниздерши

бекзат
bek_krassava@mail.ru
20-01-13 12:55
ақынсымақ андағы келіспейті әнінді құрт
кошка
06-12-12 16:49
окырмандар маган рамиздер туралы олен керек тауып бериндерш

Жамила
janek-2000@mail.ru
19-09-12 17:40
достар мектепке маган рәміздер туралы тақпақтар керек еди! бар болса отиниш жіберсениздер!
такпак дегенде сәл толыгырак ұзындау етіп! алдын ала алгыс білдірем!
kritik
02-12-11 18:22
ozge ulttyn nyshanyn korlau ne sumdyk?бұл деген барып тұрған НАЦИЗМ ғой(((((
kritik
02-12-11 17:51
jazsan nakyshuna keltirrip jazbaisyn ba!
Жұлдыз
szhuldyz @mail.ru
12-01-10 12:07
Қазақстан рәміздері туралы (елтаңба,герб,ту, әнұран) таппақ
БАУБЕК
30-04-08 12:43
Жақсы тақырып екен!
Мен өз тарапымнан үлесімді қосармын болашақта.

Ақынсымақ
01-12-06 20:17
Ассаламу алейкум, Дала.
Ойыңа қосыламын.

Дала
01-12-06 07:20
Егер, осы таќырыпты сєл к‰рделендіріп кµрсек ќалай болады.
Осы ќазіргі к‰ні мектептерде мемлекеттік рєміздер туралы µлењ, таќпаќтар жаттады ма екен?
Б±рын мынадай тамаша бір µлењ бар еді. елтањба жµнінде
Ќ±т береке шањыраќ,
Орын алѓан ќаќ тµрден.
Ќанатты ќос арѓымаќ,
Екі жаќтан кµмкерген.
Ақынсымақ
30-11-06 14:38
Теңге отыр шалқайып,
Сом отыр шай құйып,
Доллар отыр қан-жоса,
Франк болса далбаса,
Лира жатыр ес түссіз,
Ен жатыр үн түнсіз,
Жунәйһ отыр жымиып,
Риял келеді тыриып,
Бәрі теңгеге қарайды,
Оған бата алмайдыб
Аузына қарайды,
Айтқанын орындайды,
Теңгеден озбайды,
Оны тыңдайды,
Артық іс қылмайды,
Себебі теңге
Жамандық қылмайды,
Әділдік қолдайды



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube