Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Елдi мекендер, ауылдар, калалар
Тақырып: Ағынды менің Ақсуым!


Авторы Xабарлама
Назым
17-12-06 09:20
Мен Ақсуданмын, кім бар форумда ақсулық?

Авторы Жауап
Ербол
erbol_simchanov@mail.ru
27-05-15 07:12
Мен де ақсулықпын аудандық "Ақсу өңірі" газетінің тілшісі Ербол Сымхановпын танысқаныма қуаныштымын
Жансугуров
15-06-14 22:39
назерке
nazerke.sultanakhmetova @mailru
04-04-14 18:25
илияс атанын олени керек?
назерке
nazerke.sultanakhmetova @mailru
04-04-14 18:22
ілияс ата ағынды менің ақсуым өлеңінде ақсуды айтқан
нұрсұлу
nursulu_super00
24-12-12 18:36
Ақсу ауданы әкімшілігі Қазақстан Жазушылар одағымен бірігіп, ауданның 80 жылдығы қар­саңында жазба ақындардың республикалық «Ағынды менің Ақсуым» атты жыр мүшәйрасын жариялаған болатын. Осы жобаның заңды жалғасы ретінде бұған қоса Алматы облысы мен Ақмола облысының ақындары арасында «Сараның сіңлілері – Біржанның інілері» деп аталатын республикалық ақындар айтысын да өткізу жоспарланған.

Бұлар – тамыры тереңде жатқан бай әдеби мұрамызды халық арасында кеңінен насихаттау арқылы жас ұрпақтың бойына отаншылдық дәнін егіп, рухани тынысымыздың ашылуына септігін тигізетін жобалар. Аталған екі жоба да алдағы 5-7 мамыр күндері аралығында Алматы облысы Ақсу ауданының 80 жылдық мерейтойы күндері қорытындыланбақ. Мүшәйра мен айтысқа қатысуға ниетті шығармашылық иелері қосымша ақпарат алу үшін 8(727) 2 61 12 52 телефонына хабарласуына болады.

Мүшәйра жөніне келсек, оның негізгі мақсаты – Алматы облысы Ақсу ауданының шежірелі тарихын, өткені мен бүгінін, елден шыққан тұлғалардың бүтін бітімін жыр тілімен насихаттау, жұртшылықтың поэзияға деген құштарлығын арттыра отырып, өлең сөздің құдіретін жанымен сезініп, жүрегімен түйсінуге ықпал ету, Ақсу ауданының әлеуметтік әдеби-мәдени саладағы табыстарын жырға қосу. Ағынды Ақсу елі Алаштың арынды ақындарын шақыра отырып, өткен тарихын той тағылымымен сабақтастыруға ниетті болып отыр.

Аталған мәдени шараны ұйымдастырушылар таратқан ақпараттық парақшада «Ілияс Жансүгіров 45 жасында өмірден озғандықтан, мүшәйраға 45 жасқа дейінгі ақындар ғана қатыстырылады. Мүшәйраға ат қосқан ақын үш өлеңін жолдауы тиіс. Оның біреуі – Ақсу ауданына, екіншісі Ақсу ауданының тумасы, қазақ поэзиясының құлагер ақыны Ілияс Жансүгіровке арналып, үшінші өлең еркін тақырыпта болуы міндетті. Бәйгеге ұсынылатын туын­дылардың көлемі бес беттен аспауы шарт» делінген. Шығармаларды қабылдау бүгін кешке аяқталады. Сондықтан да жүлдеден үміткерлердің әлі де мүмкіндіктері бар.

Мүшәйра қорытындысы Ақсу ауданының 80 жылдық мерейтойы қарсаңында шығарылады. Жүлдегер ақындар мерейтойға арнайы шақырылады.

Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды. Мүшәйра жүлдегерлері төсбелгі-медальдармен, дипломдармен және Ақсу өңірінен шыққан әдебиет пен мәдениет қайраткерлері Ілияс Жансүгіров, Қабызшы Молықбай, Ғали Орманов, Сайын Мұратбеков, Құдаш Мұқашев, Қанипа Бұғыбаева, Өтепберген Ақыпбеков, Жамау Бұқарбаев, Ораз Жұмашев, Сағын­болат Тінтаев, Свет Оразаев атындағы арнайы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Жазушылар одағы ұйытқы болып отырған екінші жоба – «Сараның сіңлілері – Біржанның інілері» деп аталатын республикалық ақындар айтысы да өз деңгейінде өткізілмек. Қазақтың атақты ақын қызы Сара Тастанбекқызының туған өлкесінде тарихта із қалдырған әйгілі «Біржан мен Сара айтысын» жаңғыртуды, дәстүрлі қыз бен жігіт айтысын дамытуға үлес қосуды, елден шыққан тұлғалардың бірегей болмысын сара сөз арқылы насихаттауды мақсат тұтқан айтыс та өз тыңдаушысын табады деген сенім бар. Алдын ала іріктеуден соң айтысқа қатысқан «Сараның сіңлілері» мен «Біржанның інілеріне» қазақ өнерінің белгілі тұлғалары Біржан мен Сара атындағы және Ақсу ауданының аузымен құс тістеген суырыпсалма шайырлары қарт Тол­­ғамбай, Қуат Терібаев, Иманғали Қалиасқарұлы сынды халық ақындары атындағы арнайы қаржылай сыйлықтар табыс етілмек.

Шығармашылық одақ пен жергілікті әкімшіліктердің бірлесіп қолға алып жүрген мұндай игі бастамалары мен руханиятымызға дем беретін жобалары алдағы уақытта да өз жалғасын тауып отырса деген тілек бар. «Ағынды менің Ақсуым!» деп жыр жүйрігі Ілияс жырға қосқан Ақсудағы той аламаны аясында өтетін айтыс пен мүшәйраның қорытындыларын газетіміздің ал­дағы сандарында жариялайтын боламыз.


Асель
26-12-11 16:38
арине ,Жер жәннәті Жетісу жеріндегі Ақсу ауданы жайында ...
айна сатыпалдиевна
aca-59
30-12-09 17:16
мен аксу ауданына карасты матай станциясында турамын,І,Жансугіровтын мына создері унайды, Оз улын , оз ерлерін ескермесе , ел тегі кайдан алар кеменгерді
Талгат
talgat_otegen@mail.ru
10-10-07 11:35
Ағынды менің Ақсуым,
Арқырап әлі ағарсын,
Ақиланған ашумен,
Ақтарды өзен сабасын... деген екен І.Жансүгіров атамыз. Алматы облысы Ақсу ауданы болар шамасы
Милана
05-07-07 09:34
Аќсу дегеніѕіз ќай Аќсу? Талдыќорєандаєы ма,јлде Павлодардаєы ма? Аєынды дегеніѕе ќараєанда Талдыќорєандаєы шыєар...
Естуім бар, кґрген жерім емес, біраќ таныстарым бар сол жерден.Сосын І.Жансїгіровтіѕ ґлеѕдерінен білемін.

Еркінбол
26-06-07 19:53
Қай Ақсуды айтасың?



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов