Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Тұрғын үй алу жайлы мағлұматтар


Авторы Xабарлама
Кәмшат
08-01-07 08:49
Мемлекеттік тұрғын үй алу жайлы бағдарламаның қабылданғанына 2 жылдай уақыт болды. Осы Бағдарлама арқылы үй алып жатқан адамдар көп пе? Менің ойымша өте аз. Олар қалай салынып үлгереді, солай сатылып жатқаны. Сонда қандай азаматтың қалтасы 1 текше метрге 350-400 АҚШ ақшасы сай болып жатқаны бәрімізге мәлім. Әрине жай қызметкердің қалтасы мұндай бағаны қақпас.
Елбасының елу ел қатарына қосылу саясаты нені мақсат етеді? Еліміздің халі жақсармай, балаларымыз дұрыс білім алмай, жартысы саудада, жартысы құрылыста жүрген халықтан қандай талапқа сай болуымызды күтеміз?

Авторы Жауап
Мадина
Мадина.@mail.ru
04-04-18 12:18
Салеметсіздерме мен студентпін менің турмысқа шықтым куйеуім ғана жумыс істейді алғашқы төлемсіз қалай тұрғын уй алуға болады?өзімның аяғым ауыр қандай жеңілдіктер бар уй алуға?
Раушан
Raushantajibaeva 19031988@gmailru.
11-03-18 20:38
Менің 6балам бар көп балалылар қатарынанмын мен кредитке болсада баспана алғым келеді.кандай кеңес бересіздер.рахмет сіздерге
Айгерим
zasybaevaa@mail.ru
13-04-16 08:57
салеметсиздерме мен жалгыз басты анамын бир кызым бар мектеп интернатында жумыс истеимин менин жагдайымдагы аналар калай баспанага кол жеткизе алады
Айгерим
aigera_tursunbaeva@mail.ru
16-08-13 20:29
Мен Алматы қаласында мектепте жұмыс істеймін квартирада тұрып жатқаныма төрт жылдан асты. Сіздерден білейін дегенім мұғалімдерге жеңілдетілген түрде тұрғын үй берілеме:
жанар
ms.janarkaangel@mail.ru
28-02-12 08:32
мен студентпин. Ата анам жок. Камкорлыктан шиктим. Кредитке уй алгым келеди. Маган кандай кенес бересиздер?
Жанара
s.jani@mail.ru
03-09-11 07:05
Тұрғынүйжинақ банкынен кезекке тұрып патер алуға қайда құжаттарымды тапсыруға болады екен?
Жангали
Zh.M.Moldabekov@mail.ru
26-08-10 11:11
Мен мемлекеттік жұмысқа жас маман ретінде енді тұрдым. Мемленкеттік қызметкер ретінде мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасынан үй алуыма бола ма? Документтерімді өткізсем. Әлі үйленбегенмін айлық орташа табысым 30-35 мынды құрайды.Алматыда уақытшы пропискадамын. Осығын жауап берсеніздер екен. Алдын ала рахмет
Жарқын
11-01-07 22:32
Бұл бағдарламаға халық енді ғана қызығушылық тудырып жатыр, бірақ басқа аумақтарда, ал Алматыда оған қол жеткізу оңай емес. Мысалы ШҚО орталығында былтыр 40 шақты пәтерді кімге берерлерін білмесе, биыл кезекте тұрғандар өте көп көрінеді. Осы бағдарламаны іске асыру үшін екі жыл бұрын мемлекет Қазақстан ипотекалық компаниясын (КИК) құрған болатын. Бұл бағдарламада несие беретін дәл осы компания, ал басқа екінші деңгейдегі банктер бұнда тек оператор болып жұмыс істейді. Сондықтан осы компанияның несиелері 6-9 пайызбен беріледі.
Қазіргі банкілердің осы ипотека саласында жұмыс істеп жатқандары алысқа апармайды. Бағалардың көкке кетуінің де себептері осы. Сатушы мен алушы болған соң араларына Банктер түседі, әйтпесе жай халық текше метріне 1500-2000 АҚШ ақшасын қайдан алады. Бұның соңы не болары белгісіз, мысалы ертең ақша құнсызданып, не үйдің бағасы түскен жағдай болса банкілер ұшады, немесе үйдің бағасы бүгінгіден де жоғары болып, өзі жарты өміріне қарыз болып отырған қарапайым халықтың ұрпақтары да сол ата-аналарының қарызын өтеумен болады.
Қазақстанда үй тұрғын мәселесін шешудің тағы бір бағдарламасын Марченко мырза ұсынған еді, бірақ оны әлі елеп-ескеріп жатқан ешкім жоқ. Бұл Әлемдік тәжірибеде сыналып өткен бағдарлама.
Бұл мынадай: Мысалы қазіргі кезде тұрғын үйлерін салып жатқан компаниялар өте көп, оларды бәрі өз ғимараттарын қаланың салтанатты аудандарында тұрғызғылары келеді, өйткені сатқан жағдайда оларға өте тиімді. Сол үшін де олар үкіметтің тұрғылықты басқармаларынан келіп тендерлер арқылы, немесе пара беріп жақсы жақсы аудандарына үй тұрғызуға жер алады. Сол кезде Марченконың ұсынуынша үкімет өз тарапынан оларға келесі шарттарын қою керек. Мысалы: "Егер де сіздер мына, мына және мына аудандарға үй тұрғызу үшін жер алғыларыңыз келсе? Мақұл біз сіздерге бұл жерлерді береміз, тек сіздер оған қосымша мына, мына және мына аудандардағы жерлерден екі-үш үй тұрғызатын жер аласыз да, оған мемлекеттік бағдарлама бойынша мына кезге дейін мынша, мына кездерде аяқтап үй салып бересіздер." - деу керек. Әрине оның шығындарын да мемлекет өзі көтереді. Сонда мемлекеттік бағдарлама бойынша берілетін үйлер саны да көбейеді, бағалары да төмен болады, халық та риза болады.
Бәлкім егер Марченко мырза премьер бола қалған жағдай болса осы бағдарламаны жұмыс істетуі мүмкін еді. Ұйғырдан қандай қайыр болады екен қазаққа? Уақыт көрсетер.
Досай
maza.77@mail.ru
10-01-07 10:58
Кәмшат! Тәңірдің көзі бар! Бір күні үй бере салады. Тек адал еңбек ете бер!
Жадыра1
09-01-07 09:54
Жилстройсбербанк депозит сияқты, айырмасы, 10 мыңға шартқа отырсаң, ай сайын міндетті түрде сол ақшаны салып тұрасың, көп салуға да болады. Ал пайдасына келсек, ақшасы көп адам болмаса, айлықтан салған ақша ештемеге жетпейді. Мысалы, бір жылда 130 мың теңге салсаң, олар қарызға сонша ақша береді. Ол үшін крупный ақша салу керек, 50 мың доллар + елу мың доллар қарызды банк береді. Толық білгің келсе, звондасаң, олардың агенттері офисіңе келіп түсіндіріп, шартқа отырғызып кетеді.
Жадыра1
08-01-07 15:09
Кәмшат, қазір оны айта алмай отырмыз ғой. Өйткені, таныстарымыз (олар да өзіміз сияқты, қарапайым госслуж) қалайда сол 350-ден үй алып қалу үшін сұрағанын беруге (сол алатын адамды табудың өзі қиын) мәжбүр болып отыр, әрине ондай 5-6 алманы табу әркімнің қолынан келмейді. Туыстарынан, машинасы болса соны сатып, кредитке әйтеуір жинап беріп жатыр. Бірақ, солар алаяқтың алдауына түсіп қалған жоқпыз ба деп, күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айрылуда. Ал былай алуға, тіпті де күйлері жоқ. Ондайларға жаза қолданылып та жатыр, бірнеше рет команда да ауыстырылған. Бірақ, қайыр жоқ болып тұр ғой. Көбінесе, үйі-күйі барлар, таныс арқылы тағы алып жатқанда, ішің күйеді. 2005 жылы декретке шыққандарға банк кредит бермеді ғой, шын мәнінде бағдарлама соларға шығарылды емес пе? Біздікілер, шаш ал десе, бас алады.
Кәмшат
08-01-07 14:00
Тұрғын үй жинақ банкі деген тағы банк ашылыпты. 100 пайыз мемлекеттің қолдауындағы дейді. осы банк жайлы не білесіздер?
Кәмшат
08-01-07 12:44
Жадыра!
сол арадағы ақша табушыларға еш жаза қолдануға болмас па екен?
Коррупцияға қарсы жасақталған тобымыз не қарап жатыр сонда?
Кәмшат
08-01-07 12:39
Менің дос қызым 4 балалы ана. Өзінің жасы жаңадан 25 ке толды. Осындай Қазақтардың санын көбейтіп жатқан жанұяларға неге мемлекет тарапынан көмек бермейді екен. Ең болмағанда жекешелендірілген жатақхана болса да бермей ма. Қашан қарасаң балаларын тасып квартира іздеп жүргені. Одан кейін ауруханада жатады. біресе өзі, біресе баласы ауырып. Әділетсіздік міне қайда жатыр...
Жадыра1
08-01-07 12:32
Кәмшат, осы бағдарламаның арқасында қоныс тойын тойлағандардың бірі менмін. Және де Алматыда екі құрбым осыған қол жеткізді. Бірінші жылғы (2005) құжат тапсыру ешқандай-да таныс-тамырсыз жүргізілді. Және де көпшілік бұған ат-үсті қарады әрі сенбеді. Ал биылғы (2006ж) халықтың реальный екеніне көздері жеткен соң, сұраныс та көбейіп, арасынан ақша табушылар да шыға бастады. Ал Кәмшат, 350 дегенің ең төменгі баға ғой. Қазір текше метрі 600-1800 дейін болып кетті, оның жанында 450-дің өзі айналайын
Назерке
08-01-07 11:50
ия келешекті ойласам, екі баламнын келешегін ойласам шошып кетемін, озімізді былай койганда, неге тауелсіз ел бола тура жагдайымыз томендеп барады, бурынгы капитализм заманы шынымен де орнаганы ма Казакстанда, ел басы біздін келешегімізге, казіргі тагдырымызга жауапты екенін біле ме екен? казылып, казылып, асты унгір болган жер, ушкан зымырандар біздін елдін болашагынын кандай боларынан сыр шертіп тургандай. Айтылды не, айтылмады не, натиже шыгарылмаган сон
Мари
08-01-07 11:02
Не дегенмен тұрғын үй бағдарламасы дер кезінде қабылданды деп ойлаймын. Алғашқы жылы онда әділетті үй алуға болатын, биылғысын қайдам. Біз алдық, алғанымызды қайтейік 3 комплекс тапсырылмай жатыр. Бір алатын үйіміз ғой, құдай қаласа, деп жүрміз.
Сауда мен құрылыста жүрген қазақтарға жаным ашиды. Арасында достарым көп. Тұрмыстарын жақсы білемін. Үкімет назарын салмаса, біздің қолдан не келеді
Алем
08-01-07 10:52
Міне керемет, еркексіңғой Камшат!



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube