Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу
English talk
Правила
Поиск по разделу
Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия












Общение

Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Магынасы жок хаттар мұрағаты

страницы:    4   3    2    1    в начало »   

Авторы Xабарлама
kazakh.ru баскармасы
info@kazakh.ru
21-07-03 04:06
Магынасы бойынша такырыбка сай емес, алде такырыбы тусiнiксiз хат жодамаларды осы форумда жинаймыз. Алгашкы кезде ондай хат жолдамаларды мулдем ошiрiп тастайтын едiк.

Авторы Жауап
Сұлтан
07-02-13 10:32
Ассалаумалейкум, ҚазақРу басқармасы!
Осыдан біраз уақыт бұрын осы сайттың Жалпы қазақша форум бөлімінен "Менің де ам жалағым келеді" деген тақырып ашқан едім.
Біраз күн болды сол тақырыбым жоқ. Таба алар емеспін.
Егер өшірілген болса неге өшірілгені туралы жауап жазсаңыздар.
казашка
06-02-13 13:52
Сендердин буларын дурыс емес кой !! казактар естеринди жиындар! жигиттин намысын кызыдардын арын аякка таптаттпандар!
nursulu
nursulu.19
09-05-12 20:28
Салем барлеріңнің жағдайында бір тауқымет бар екен, Айкерим акенди табасын деп умуттенем
Альбина
albina
30-05-11 11:23
Оқуды жаңа бітірген жастардан неге тажірбие сурайды,егер оларды ешкім жумыска алмас
Альбина
albina
30-05-11 11:20
Ауылымнын тагдырына аландаймын
мен
22-05-11 11:14
не деп жатсындар?
Ақмарал
09-02-11 15:52
Ең таза жол "Сопылық" жол.
korkemka
korkemka.nurgalievna@mail.ru
21-01-11 22:38
magan adamdar drujba jasanwi
aigerim
01-12-10 12:10
salem menin esimim aigerim 1991 jili duniege kelgem magan barmisin bauirimnin komegi hajet ogan halai habarlsudi bilmei hoidm men oskende turam mongoliadan kelgem men akemdi izdeimin magan komektesinzderwi estuimwe ol kisi hostanaida turadi eken ati Dauletbai akesinin ati Abdigaji ainalain ake bilem sende meni korgin kelet nege meni izdemeisin ake johtin azabin hatti tarttim sizdi korsem deimin 1 ret bolsada dostar magan komektesinderwi barvisin bauirima halai wigatinimdi bilmeimin amalsiz osilai jazuga tura keldi menin nomerim 87052817902 otinem
Кудайберген
SAIRAHBEK@mail.ru
20-02-10 07:56
меніңде жолдасым 2001-2002 жылдары исматулла тақсырдан сабақ алған!
Мереке
mereke-berish@mail.ru
18-10-09 02:25
Bauyrym durys aitasyn! Mende sagan kosylamyn. Mende Alawty zhaktaimyn. Arnaiy Berlin kalasyna Mustafa Wokai afamyzdyn basyna bardym. Kazak eli mangi zhurekte. Ar adamga namys, patriottyk sezim kerek. 70 zhyl bodan boldyk. Oiyan KAZAK!
Kari Doso
jaski23@mail.ru
16-10-09 20:51
Kazaktar ne bolip baramiz?Oyan kazak jetpis jil jeter uykin,bul uykimen ne kuytirki keshirmedin,dinnen bezdin tilden bezdin jerden bezdin bezbegen jandarga da kez kezedin>Tusingen adamga jalgasin jazam.Oytkeni Men Alash tin urpagimin
Ахмет
NURIA .86
27-03-09 20:14
Ораз Әлімбеков ахиқатпен алспа шапаның шұрық тесік болады
Ғашықтарға
05-12-08 15:00
ЖАРИЯ ЗІКІРДІ НЕГЕ ЖАТСЫНАМЫЗ?!


Бүгінгі әңгіменің иесі – белгілі өзбек ғалымы, Өзбекстан Республикасы ғылым академиясы, Шығыстану институтының бөлім меңгерушісі, исламтанушы, тарих ғылымдарының докторы Бахтияр Бабажанов. Орта Азия мен Қазақстан өңіріндегі сопылық дәстүрді терең зерттеп жүрген танымал ғалымға жүздескен жас ғалым, шығыстанушы Темір Жұман оқырмандарды мазалап жүрген бірнеше сауалды қойған еді.


– Бақтияр Бабажанұлы, сұхбат беруге келісіп, уақыт бөлгеніңізге рахмет. Жақында Сіз сопылық ілімге қатысты жаңа кітап шығарғалы жатыр екенсіз. Сол туралы толығырақ білсек?!

– Йә, жария зікірдің шариғатқа сәйкестігіне арналған пәтуалар жинағы «Джами уль Фатауа ли-ибахати Зикр-и Джахр уа самаа» деген атпен жарық көрейін деп отыр. «Пәтуа» деп арнайы мәселелер бойынша жасалған діни-құқықтық шешімді айтады. Аталмыш тарихи құжат орама қағаз (свиток) күйінде табылды, ұзындығы 6 метр шамасы. Мұнда XVIII-XIX ғасырлар арасында әр аймақта өмір сүрген атақты дін ғұламаларының жария зікірдің шариғатқа сай екенін негіздеген жеке пәтуәлары жинақталған. Бұл құжаттың қалай және неліктен, қандай жағдайда пайда болғаны шын мәнінде өте қызық.

Әртүрлі тариқаттың рәсімдік дәстүрі төңірегіндегі тартыс сопылық ілім пайда болған кезден бері бар. Яғни, бұл дәстүрлерге мың жылдан аса уақыт болды. Сондықтан жария зікірді қолдаушылар мен құпия зікірдің (хафи) жақтаушылары үшін бүгінгі талас-тартыс жаңалық емес.

Бұл құжаттар негізінен Бұқарада жинақталған, ал ол жерде жария зікір салушы ясауиа, қадариа және кубрауиа топтары болған еді. Олар өз заманының атақты қазыларынан осындай пәтуәларды жинақтауға көп күш салды. Бұл авторлардың арасында атақты адамдар бар. Біз олардың барлық мөрін оқыдық және оларды да басып шығарамыз. Бұл ғұламалар мен қазылар туралы мәліметтерді біз басқа да тарихи және діни дереккөздерден таптық. Міне, сол заманның барлық атақты ғұламасы жария зікірдің шариғат заңдарымен сәйкестігін растаған.

– Сонда сопылық ислам дінінің негізгі қағидаларына қайшы келмей ме?

– Еш қайшы емес. Өйткені біз дайындаған осы кітапта барлық дәлел Құраннан келтіріледі және ханафит мазхабының бағытына толық сәйкес келеді. Әрине, дереккөздің көбі арабтікі. Ханафит құқығының негізі немесе әдісі – қияс, истихсан және басқалары ханафит мазхабында мойындалған. Бір қызығы, соңғы пәтуәларда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кей қызметкері бұл әдістерді мойындамай, қарсы шығады. Егер Діни басқарма қияс пен үкімді (бұрынғы діни ғұламалардың шешімін) мойындамаса, кешіріңіз, онда ол ханафи мазхабына жатпайды.

Бұл кінә тағу емес (бірақ осындаймен жиі ұшырасуға тура келеді). Мен дәл осы мәселеден қайшылық тудыруға қарсы адаммын. Бір ғұлама маған ислам дінінің жүйесі мен шарттары алуан түрлі және кез-келген ортаға өте бейімделгіш келетінін айтқан еді. Бірақ біз, мұсылмандар, көп жағдайда осы әмбебаптықты (кешіріңіз!) әңгіртаяққа айналдырып жібереміз. Сіздегі кейбір ресми дінбасы өкілдері көне хүкімдерді неге мойындамайтыны – басқа мәселе. Менің ойымша, бұл шетелдің әсері.

Қоғам өзіне не керегін өзі таңдауы керек. Тағы қайталап айтамын, ислам ілімі өте икемді, ол жергілікті ортаның ерекшеліктері мен дәстүріне, белгілі бір тарихи-мәдени жағдайға тез бейімделе алады. Исламда «аз-заман уә л-мәкән» деген түсінік бар. Ал біз оны салафиттік айтаққа еріп, сыңарезу сойылға айналдырамыз!

Мысалы, шейх Исматулла Мақсұм тақсырды алайық. Мен ол кісі негізін салған Шәкәрім атындағы медреседе болып, ондағы шәкірттермен таныстым. Тақсыр ешқашан біреудің сыртқы киіміне тиіспейді. «Сен неге джинсы киесің?» демейді. Исматулла Мақсұмның әйелдерге: «аурухана мен дәріхана бар екенін де ұмытпаңдар» деген сөзін өзім естідім. Егер ол кісі ескішіл болса, осылай дер ме еді? Ол: «Компьютерде жұмыс істеп үйреніңдер, барлық заманауи мамандықты жоғары деңгейде игеріңдер, бірақ жүректі ұмытпаңдар! Оны тазалаңдар!» дейді.

Бұл бүгінгі дамушы Қазақстан мемлекеті үшін әлеуметтік этикалық қажетсіз, пайдасыз нұсқау ма? Қазір көп адам қарапайым жүріс-тұрыс қағидасын да ұмытып барады. Ал Тақсыр дәстүрлі, бірақ өте тиімді этика нормаларын қазіргі заманның ыңғайына лайықтап жаңғыртып отыр. Міне, ең кереметі осы емес пе?! Амал қанша, біз жаппай жаһандану және әркім өз қарақан басының қамын күйттеген қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Бұл ақиқат, одан қашып құтыла алмайсың. Бұл кісі ұсынып отырған тәсіл бәлкім тым қарапайым көрінер. Бірақ фактінің өзі ден қоярлық: егер әлдекім моральдық тұрғыда емделуге, рухани түлеуге шақырса – бұл қоғамның рухани дерттен айығуына әкелмей ме? Пайдалы саясат бар екен, неге оны тиімді пайдаланбасқа? Сондықтан мен бұған көңіл аудару керек деп есептеймін, үкімет маңындағы кейбіреулер бекер қауіптенеді. Қауіптің астарында негіз болуы керек, ал негіз мәселені өз көзіңмен көріп, зерттеп, толық танысқан соң ғана қалыптасады. (Қандай да бір сыпсың сөз бен қыңыр пікірге сүйеніп, дәлелсіз, асығыс қорытынды жасауға болмайды).

– Аталған кітап бұған дейін жарық көріп пе еді?

– Жоқ, бұл алғашқы басылым. Негізінде, осыған ұқсас еңбекті неміс зерттеушісі, Халле университетінің профессоры Ю.Пауль баспаға ұсынған болатын. Ол 2001 жылы жарық көрді. Бір қызығы, ол жариялаған құжат – Нақышбанд тариқатындағы ең танымал теоретиктердің бірінің пәтуасы. «Бір қызығы» деуімнің себебін түсіндірейін: Жария зікірдің шариғатқа қайшы еместігін, яғни заңдылығын негіздеген ғалым-ғұламаның аты – Мухаммад Парса. Ол қазіргі жыл санауға сәйкес 1419 жылы дүние салды, ол Орталық Азия аймағындағы ең танымал сопы, нақышбанд тариқатының негізін қалаған Багауаддин Нақышбандтың шәкірті. Дәл осы адам жария зікірдің шариғатқа сәйкестігін негіздеп бірнеше пәтуа құрастырған. Бұл біртүрлі түсініксіз сияқты. Неліктен?

Мәселе мынада, бір кездері Нақышбандия тек құпия зікірге (зікір-хафи) негізделеді делінетін. Ал шын мәнінде бұл пәтуа мүлде басқа пікірді көрсетеді! Мен кейін атақты ғалым Мағдуми Ағзамның шығармаларын арнайы қарап шықтым. Ол қазіргі жыл санаумен 1542 жылы дүниеден өткен. Айта кететін жайт, ол Қожа Ахмет Яссауи туралы өте қызық пікір қалдырған. Сонымен қоса ол жария зікірді құптап, өзі де соған қатысқан. Міне ол – нақышбандия тариқатының жарқын өкілі, оған артында сақталып қалған өмірбаяны мен 30-дан аса шығармасы дәлел.

Бұхарада Түркі Джандидің атақты ханакасы (рухани орталығы, медресесі) бар. Оның негізін қалаушы Джендіде туған, Бұхарада тұрған. Міне, осы ханакада Махдуми Ағзам жария зікірді меңгерген. Бізге сақталып жеткен құнды деректе жария зікір кезінде оған қатысушылардың экстазға жетіп, ең жоғарғы рухани ләззатты сезінгені айтылады – оны сопылар «хәл» деп атаған. Бұл ерекше психологиялық, психофизикалық экстаз жағдайы. Сол дерекке сүйенсек, зікір кезінде зікір алқасынан «нұр», яғни ерекше қуат шығатын болған, сөйтіп төңірегіне халық жиналған. Әйел адамдар еркінен тыс өздері де түсінбей, жария зікірді орындай беретін болған. Біз сыры терең осы бір діни сезім күшін әлі толық зерттеген жоқпыз. Болашақта зікірдің жекелеген қатысушыларға әсерін және тұтас қоғамға қаншалықты пайда әкелетінін жан-жақты зерттеп, тану қажет.

Махмуди Ағзамға келсек. Ол кісі бәсекелес Нақышбандия тариқатының өкілі бола тұра, Қожа Ахмет Яссауи және жария зікірдің ерекшелігі туралы көңіл аударарлық еңбек жазған. Ол былай дейді: Қожа Ахмет Яссауи Бұхараны қалдырып, Түркістан жеріне аяқ басқанда, мұндағы адамдардың дүниені өзгеше қабылдайтынын, олардың өзгелерден бөлектеу екенін т.б. байқайды. Махдуми Ағзам осы жерде «Исти’дад», яғни, басқа, өзгеге ұқсамайтын қабылдау қабілеттілігі деген терминді қолданады. Ахмет Яссауи бұл түркі тайпаларының көзқарасы мен менталитетін зерттегенде, олардың исламды тек жария зікір арқылы қабылдайтынын ұғады. Неге? Өзіңіз елестетіп көріңіз. Махмуди Ағзамның еңбегі бұдан бес жүз жыл бұрын жазылған, ол сіз бен бізге қарағанда мұны жақсырақ түсінген. Оның айтуынша, сол кездегі қоғамның қабылдау дәрежесі сондай. Ол өмір сүру салтынан туындаған жергілікті мәдениетті, дәстүр мен ғұрыпты негізге алып отыр. Екінші жағынан, дінді күштеп енгізуге болмайды дегенді анық тұспалдайды. Махмуди Ағзамның жазуынша, ислам – зорлықшыл дін емес.

Қараңызшы, осы сөз бүгін айтылғандай! Оның жазуынша, ислам әлем халықтарының мәдени ерекшелігін жоққа шығармайды. Сондықтан жергілікті түркілер исламды нақ осындай түрде қабылдады. Бес жүз жыл бұрын адамдар мұны түсінді, ал қазір бізге неге түсінуге тырыспасқа? Бұл туынды, айта кетейік, қазіргі санаумен 1500 жылы жазылған.

Қазіргі зерттеушілер «исламның жергілікті түрі» туралы айтып жүр. Өйткені кез-келген этнос исламды қабылдағанға дейін қандай да бір мәдени дәстүрді ұстанды ғой. Қазіргі таңда оларды архаизм деп айыптау, одан бас тартуға тырысушылық – мен үшін нонсенс!

Жария зікірді жау көріп, айыптау тек білімсіздіктен туындайды. Мен ешкімді айыптайын деп отырған жоқпын. Бірақ факт факт күйінде қалады. Мамандардың пікіріне құлақ асу керек, ал сіздерде мұны терең зерттеген ғалымдар бар. Мен Әшірбек Муминовты атадым, пікірімен санасуға тұрарлық өзге де ғалымдар жеткілікті.

Негізі, жария зікір – өте қызықты феномен болып табылады. Көптеген көне деректемеде зікірдің емдік қасиеті туралы жазылған. Бұған сенбеске амалымыз жоқ, себебі біз нағыз жария зікірді көріп отырмыз. Зікірші жамағат тек Қазақстанда ғана емес, өзге мемлекеттерде де бар.

Мәселен, Наманғанда әріптесім Әшірбек Муминовпен бірге мынадай оқиғаға куә болдым. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Гулам-ото Норматов ауыр жараланады. 1942 жылы Харьков маңында оның алдынан мина жарылған. Майданнан оралған соң ол Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барып, зікір салады. Сенесіз бе: аяғын әрең басып жүрген адам зікір кезінде, одан кейін теректей сымбаттанып кетеді, ешқандай ауруды сезінбейді. Ал бір апта зікір салмаса қайтадан мүгедекке айналады. Бұл феномен емес пе! Адам таңқаларлық жайт!

Сондықтан, қазір зікірді айыптап, «бұл ескіліктің қалдығы, бізге қажеті жоқ» деп жүргендердің сөзі түсініспеушіліктен туған. Бізде модернизация үрдісі, жаңару жүріп жатыр дейді олар. Сонда жаңару жүрексіз, рухсыз, бәрінен бос болуы керек деп кім айтты? Сіз Исматулла тақсырдың не дейтінін, қайда шақыратынын тыңдаңыз: бұл адам жанын тазартудың терең тамырлы, көне тәсілі ғой. Сіз жаһандану мен модернизация дәуірінде адамға рухани тазалық керек емес дегенді қайдан естідіңіз? Және осы жаһандану үрдісінде жүйкеге түсетін қысымды серпіп тастайтын психологиялық технология керек емес деп кім айта алады? Модернизация, индустриализация жүйкеге, санаға аса ауыр психикалық жүк салады. Жолдан өтесіз бе, автокөлік руліне отырасыз ба, күн сайынғы стресс, мұның бәрі – жүйкеге түсетін салмақ екенін дәрігерлер баяғыда-ақ дәлелдеген. Қарбалас қала өмірі, абыр-сабыр тірлік жүйкені жұқартпай қоймайды. Ал рухани тынығу, жария зікірдің арқасында дем алу жағдайы «тасқын» деп аталады. Яғни рухани және психологиялық тұрғыда дем алу деген сөз. Мұны түсініп, сопылыққа бет бұрған жандар Батыста да бар (олар зиялы және өте білімді адамдар).

Бұған мысал көп. Бүгінде Еуропа үрдісіне көз жүгіртіңіз: мыңдаған, он мыңдаған адам зікірге, соның ішінде жария зікірге қатысады. Олар күнделікті жан күйзелтер қобалжу мен технократтық өркениет қысымынан осылай арылады. Мен бұл феноменді де зерттедім, Америка мен Еуропада көптеген адамнан сұхбат алдым. Жапонияда, мысалы, буддизм ішкі жан-дүниеге үңілуге, рухани қуат алуға жәрдемдесіп, психологиялық тұрғыда күш беретін құрал тәрізді көрінеді. Бірақ ол жақта зікірге деген ықылас күрт артып отыр. Мен Жапонияда болғанда осыны көріп, таң қалдым. Сенесіз бе, ұлттық бас киімін киген жапондықтар «ля илаһа илля Алла» деп зікір салады. Бұл деген ғажап қой!

Біз сопылық ілімді қаншалық көнерді дегенімізбен, суфизмнің қазіргі үлгісі, Исматулла тақсыр ұсынып отырған үлгі қазіргі ортаға ыңғайланған, лайықталған ең тиімді жолдың бірі екенін есте сақтау қажет.

– Сонда оның құпиясы немесе ерекшелігі неде?

– Ең алдымен таза психологиялық аспектіде алып қаралық. Мен, өкінішке қарай, бұл тұрғыда толыққанды зерттеу жүргізе алмадым, бірақ ол қажет. Бір таңқаларлығы, мұндай әрекетті жүз жыл бұрын орыс психологтары да жүргізіпті – олар зікірді тек қана оң тұрғыда сипаттаған. Содан соң орыс психологы Позднев кітап жазды. Осы әрекеттен кейін зікір салуға қатысатын (қай үлгісі болса да) зікіршілерді зерттеп, олармен сұхбаттасып және өз тәжірибемнен (мен бірнеше рет зікірге қатыстым) олардың ортағасырлық деректемелерде жазылғандай, ерекше психологиялық хәлге түсетінін байқадым. Ал біз, мамандар, көне қолжазбаларды оқып, көбіне түсіне алмай дымымыз құриды ғой. Мен бұл құбылысты Қазақстан мен Өзбекстаннан ғана емес, Еуропадан да көрдім – уақыт пен мекен бұл жерде ешқандай рөл ойнамайды. Қысқасы, зікір салу – адамға психологиялық тұрғыдан өте оң әсер береді. Сондықтан оған тыйым салғанша, оны зерттеу керек. Ал, «болмайды» деп жаба салу – ең оңай жол.

Екінші өте маңызды мәселе – біз посткеңестік елдерміз. Бірақ қазір Орталық Азия елдерінде, соның ішінде Қазақстанда «түп тамырды» іздеу процесі жүріп жатыр. Өзбекше айтқанда – «ozlikni anglash», қазақша – «өзіңді өзің тану». Міне, осы факт өте маңызды. Кезінде «жаңа адам» жасамақ болып, бізге қаншама тәжірибе жүргізілді. «Қазақ жоқ, өзбек жоқ, тек «кеңес халқы» ғана бар» деп сендіруге тырысты. «Бұл жаңа тарихи қоғам» деп мінберлерден жар салды. Құдайға шүкір, біз өз ұлтымызды ұмытпай, салт-дәстүрімізді сақтап қалдық. Кеңес келмеске кеткен соң біз өзіміздің дәстүрлі рухани құндылықтарымызға қайта ораламыз деп жарияладық. Ұрандап, «Диуани хикметті» жариялайық, сопылық шығармаларды аударайық, тағы басқа жұмыстарды атқарайық дедік. Осылайша біз барлық өткеніміз бен тарихымызды түсіне қоямыз деп ойлаған едік…

Бірақ мұнымен шаруа тынбайды. «Ежелгі дәстүр» деген не осы?! Бұл – осы сопылық, соның ішінде жария зікір ғой! Бұл – нағыз мәдениеттің, қайталап айтам, нағыз мәдениеттің бай қабаты. Саф, яғни таза және алғашқы үлгідегі мәдениет. Мұны түсініп, бағалай білу керек. Құдайға шүкір, Президент Н.А.Назарбаев мұны түсінді, ол өз сөзінде нағыз ұлттық мәдениетке қайта оралу керектігін анық айтты. Бұл тамаша сөз, ақылды және мықты басшының пікірі. Бірақ іс жүзінде ол қалай болады? Осы сопылық пен зікір дәстүрі қайта жандана бастағанда, неге екені белгісіз, біз одан шошып кеттік.

Жаңа пайда болған «кеңестік идеологтар»: «көрдіңіздер ме, бұл жамағат, бұл қауіпті нәрсе» дейді. Жоқ! Мен сіздерге айтайын, бұл қауіпті емес! Сіз әуелі оларды тыңдаңыз, таспаларын алып көріңіз, зікіршілер тығылып жүрген жоқ қой. Таспалар сатылып жатыр, тіпті олардың медресесіне барғыңыз келсе де – есік ашық. Жария деген сол.

Сіз олардың қазақ тілінде қалай сөйлейтінін тыңдап көріңіз бе?! Қандай терең дәстүр, қандай ғибрат! Зікір алқасынан шыққан балалармен сөйлесіңіз, олардың қоғамдағы орнын көріңіз. Мен сондай қыз-жігіттің он шақтысымен әңгімелестім.

Түркістанда бір жігіт темекі тартып, арақ ішіп, әйелін сабаған екен. Қанша тырысса да жаман әдетінен арыла алмаған. «Екі рет зікір салдым» – дейді өзі, – «Содан кейін жүрегім тыныш тапты». Міне, ғажап өзгеріс! Қоғам осыны неге пайдаланбасқа? Біз үнемі «қазақшылық», «қазақшылық» дейміз. Ал кеңестік кезеңнен кейін сол қазақшылық қайда қалды? Иә, әдебиет бар. Иә, Сізде Абай бар. Бізде, Өзбекстанда да ауқымды әдеби дәстүр бар. Бірақ олардың барлығы қандай да бір дәрежеде кеңестік ықпалда болды. Ал қазақтың нағыз дәстүрі қайта жандана бастағанда, кедергілер қойылады, теріс ақпарат жүреді, жала жабу басталады…

Мен мемлекеттік органдардың неден қорқатынын түсінемін. Бірақ, әуелі бұл не деп зерттеу керек емес пе? Мақтанды демеңіз, мен мұны зерттеп келемін. Әзірге ешбір теріс жағын көре алмадым. Мүмкін кейбіреуге жамағат деген сөз ұнамайтын болар, ертең олар саяси деңгейге көтеріліп кетеді деп сақтанатын болар. Бірақ, басқару тетігі мемлекет қолында ғой, қадағалап отыруға күш-қуаты жетеді. Бұл – біріншіден. Екіншіден, мен жария зікіршілердің мың жылдық тарихын білемін. Жай сыбыстан емес, түпнұсқа деректерден оқыдым. Көне қолжазбаларды зерттедім. Сондықтан мен жария зікіршілердің әрқашан бітімшіл болғанын айта аламын. Олар кез-келген билікпен мәмілеге келе алатынына көзім жетеді. Олардың мақсаты саясат емес, дәстүрді сақтау. Міне, Исматулла тақсыр сол дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу міндетін арқалап отыр. Мен осыны байқадым. Қалаған адамға мұны тексеру оңай. Зерттеу керек.

Мен Қазақстанда оларға Діни басқарма тарапынан қысым жасалып отырғанын нақты байқадым. Зікіршілерге қарсы шығарылған пәтуа – салафиттердікі, оны біз қазіргі тілмен «уаххабиттер» деп атап жүрміз. Және сол пәтуа, кешірім етіңіз, Интернеттен алынған. Мен оны «екі жерде екі төрт» дегендей дәлелдей аламын. Осыдан кейін Діни басқарманы «уаххабиттер» деген пікір қоғамда, соның ішінде діни ортада да қалыптасып кетті. Менің түсінбейтінім, Діни басқарма осыны сезінбей ме? Әлде сезінгісі келмей ме? Зікіршілерге келіп, дұрыстап әңгімелесуге, пікір алмасуға тырысқан біреу бар ма? Бәлкім ойыңыз өзгеретін болар. Ал Исматулла тақсырдың айтуынша, мұндай әрекетті олар бірнеше мәрте жасаған, бірақ муфтият қабылдамаған да.

Ал неге солай етпеске? Мүмкін біз нағыз пайдалы, керек нәрсеге кезіккен шығармыз? Ол қоғамға қажет пе? Қазір қоғам ұлттық мәдениетті жаңғыртамыз деп жар салуда. Ал сопылық дәстүрсіз қазақтың ұлттық мәдениеті – қанаты қырқылған құс сияқты. Сіз қаласаңыз да, қаламасаңыз да солай. Мен сырт көз адаммын, сондықтан мұны жақсы түсінемін. Мен мұнда болып жатқан оқиғаларға «күл болмаса бүл болсын!» деп қарап отыра алмаймын. Қатты алаңдаймын. Өйткені, Қазақстан – тұтас аймаққа үлгі болардай ел екенін байқап отырмын. Ел көркейсін, дамысын, бірақ капитализм мен индивидуализм шектеусіз өсіп, мәдениет пен дәстүр жойылып кетпесін!

Еуропа қазір рухани жұтаңдықтан шаршады! Батыс тұрғындары біресе кришнаизмге, сопылыққа бет бұрып жатыр. Біз Еуропаның қателігін қайталамауға тырысайық. Олар өз ұлттық ерекшелігін сақтап қала алмады. Қазір олар рухани құндылықтарды жаңғырту үшін миллиардтаған доллар құйып жатыр. Ал сіздерде, Қазақстанда ондай тамаша мүмкіндік бар және болашақта бұл мүмкіндіктің қайта келуі екіталай! Мен мәдениет тек сопылықпен жаңғырады демеймін. Әрине, олай емес. Бұл алуан қырлы процесс.

Бірақ бұл сопылық – бүгінгі мәдени құбылыстың бірі, нақты айтқанда қазақы ұлттық дәстүр құбылысы.

Ал «уаххабиттер» немесе «салафиттер» не дейді? Олар: «ұлттық еш нәрсе жоқ, тек қана ортақ ислам бар» дейді. Жоқ, кешіріңіздер! Міне, мен бүгін Исматулла тақсырмен сөйлесіп, осы сұрақты қойдым. Ол кісі қазір Меккеде фундаментализмнен бас тарту басталғанынан хабардар екен. Салафиттер бұрын құтпа мен уағыз тек араб тілінде жүруі керек дейтін. Қазір бұдан бас тартып жатыр. Ал біз, неге екені белгісіз, олардың өткен қателігін қайталаудамыз. Олар исламның жергілікті дәстүрлі формасы болатынын мойындады және онымен санасу керектігін айтты. Мекке, «Рабита аль-исламийа» мұны мойындап отыр: мысалы, малайзиялық ислам бар. Яғни, ислам ортақ, бірақ ол алуан қырлы.

Мен Исматулла қаридің іліміне қатысты соңғы пәтуәларды мұқият зерттедім. Ол дәйектер маған несімен ұнамады? Біріншіден, ешқандай қабылдауға тұрарлық, келісуге боларлық аргумент жоқ. Ең бастысы, бұл «пәтуа» интернеттен, салафиттердің сайтынан алынған. «Бұлай емес» деп дәлелдеп берсінші! Мен өзге мамандармен де сөйлестім. Біз арабша мәтінді қазақша нұсқамен салыстырып шықтық. Салафиттердің сопылыққа қарсы риторикасы мұнда толық пайдаланылған. Сонда бұл пәтуаны құрастырған кім? Бұл екінші мәселе.

Үшіншісі де өте маңызды. Біз қайтадан ұлттық мәдениетке ораламыз. Мен Шымкентте бірнеше жігітпен әңгімелестім. Олар Пәкістанда «Дибанд» жүйесі бойынша тәжірибеден өткен. Олар маған сұмдық нәрселерді айтты. «Егер менің еркімде болса», – дейді біреуі, – «мен Қожа Ахмет Яссауидың кесенесін бульдозермен күреп тастар едім». Себебі ол – бидғат (жаңашылдық) және хурафат (көне)». Бұл – жабайылық қой, варварлық! Мұны кез-келген мұсылман, тіпті дінсіздер де түсінеді! Бірақ ең қорқыныштысы, «пәкістандық өңдеуден» өткен жас имам соншалық қаныпезер болғаны…

Сондықтан да діни саясатты жүргізетін адамдарға таңдау жасау қажет: міне, мынау – агрессивті уаххабизм, ал мынау – ұлттық, сан ғасырлық тарихы бар, сынақтан өткен, мәмілешіл, саяси тұрғыда сенімді балама. Айта кетейік, қазіргі таңда Араб түбегі мен Сауд Арабиясында және өзге араб мемлекеттерінде уаххабилер бұрынғыдай беделді емес. Олар халықтардың ұлттық, мәдени ерекшелігін жоюға тырысады. Егер менің өзіндік мәдениетім болса, мені исламға қарсы деген ой тууы керек пе? Олай емес! Мен өз ата-бабамның ислам дамуына өзіндік үлес қосқанын білемін. Сығанақи сияқты өте танымал ғұламаны еске алайық. Оның ғылыми өмірбаянын Р.Б.Сүлейменов атындағы шығыстану институты директорының орынбасары Әшірбек Мүмінов өз диссертациясында тамаша сипаттап жазды. Міне, сізге мысал. Егер сол кезде ондай термин болмаса, оны қазақ емес немесе қазақтың тегіне жатпайды деп кім айтады?! Бұдан бас тартуға болмайды.

Сондықтан мемлекет сопыларды қолдамаса да (себебі мемлекет шартты түрде діни ұйымдардан бөлінген ғой), оған бөгет болмауға тырысқаны жөн болар еді. Әрине, діни және діни емес ұйымдардың іс-әрекетін бақылау, назарда ұстау қажет. Саясат саналы, ұтымды, таңдаулы шешімдерге құрылуы керек. Ал оны басып тастауға тырысу, тіпті әшейін сөзбен, уағызбен болса да жоққа шығару қарама-қарсы реакция тудырады. Көптеген қалыпты діни ағымдар қысым басталғанда экстремизмге өтіп кеткені белгілі. Бұл жауап реакция. Мұны халықаралық тәжірибе де дәлелдеп отыр. Міне, содан қорқу керек.

– Қазір Қазақстанда сопылықты экстремизмге, тіпті терроризмге жатқызу құбылысы байқалады. Сіз қалай ойлайсыз, тарихи тұрғыдан алғанда ол мүмкін бе?

– Сіз білесіз бе, шындығын айтсақ, сопылық әртүрлі қырынан көрініс берді. Қауіп-қатер төнген сәтте ол экстремальды да болды. Мұны Кавказдағы имам Шәмілдің мысалынан көруге болады. Бұл орыс отарлаушыларының қысымына жауап болатын. Бірақ, менің білуімше, Қазақстанда да, Орталық Азияда да жария зікіршілер тарапынан мұндай әрекет туындаған емес. Олар әрқашан мемлекет заңдарын мойындайды. Егер мемлекет белден басып мешіттерді жаппаса, дөрекі түрде қысым көрсетпесе болғаны. Орыс отарлауы кезінде жергілікті сопылар бас көтерді. Бірақ сол кезде де жария зікіршілер мәмілеге келу жолын іздеді, себебі олар күш тең еместігін сезді. Бұл жария зікіршілердің негізгі ұстанымы. Мұны дәлелдейтін көптеген дереккөз бар. Оның бір бөлігін мен жарияладым. Олар орыс отаршылығын монғол шапқыншылығы секілді қабылдады. Олар Шыңғыс тұқымының алғашқы толқыны «кәпір» болса да, екінші толқын билеушілері мұсылманға айналғанын айтты. Яғни, «дінсіздермен» бейбіт қарым-қатынас жасасаң, түбінде олар исламның артықшылығын түсінеді дегенді айтқан. Ислам саяси шынайылық пен бейбітшілік әкеледі, адамзаттың рухани тазаруына жетелейді деген.

Міне, сіздердің Исматулла тақсырларыңыз да «жүрегіңе қара», «жүрегіңді тазала», «жүрек», «жүрек», «жүрек» дегенді өте жиі айтады. Бұл өте маңызды. Міне, осы тұрғыдан алғанда мен сопылықты экстремизммен байланыстыру бәсекелестіктен туындаған, ойдан шығарылған бұрмалаушылық деп есептеймін. Қарапайым діндәрлар мүфтиатты мемлекеттік құрылымның бір бөлігі деп қабылдайды. Сондықтан қарапайым діндәр мен мүфтиаттың арасында біраз алшақтық жатыр. Ал суфизмде бұл қашықтық жоғалады. Себебі шейх өзінің барлық мүридін туған баласындай қабылдайды. Бәрі бауырмалдық сезімнен туындайды. Бұл өте маңызды.

Ең бастысы Тақсыр әрқашан өз шәкірттерін ұлттық қасиетін, «қазақшылығын» жоғалтып алмауға шақырады. Бұл құр жадағай ұлтшылдық, шектелу емес. Жоқ, ол нағыз дәстүр, мәдениет туралы айтып отыр.

Әлде Сізге нағыз дәстүр, мәдениет керек емес шығар?! Онда, қатты айтсам кешіріңіз, одан безініңіз, жойыңыз, құртыңыз!

Мен «қазақшылықты» жалғыз ғана Исматулла Тақсыр іске асырып жатыр демеймін. Бірақ бұл кісі осы мәдениеттің аса маңызды тасымалдаушысының бірі болуы мүмкін. Ол кісі Ислам дәстүрімен қатар, ұлттық сыр-сипат та бар дейді. Ол мәдениет, әдет-ғұрып және салт-дәстүрді жақсы түсінеді. Бұл өте маңызды.

– Жалпы, сопылық ілім Орталық Азияда қай кезден пайда болды?

– Ең ерте мәліметтерді біз Бұқарадағы «Тарихи Гунжар» дерегінде кездестіреміз. Ол сопылардың IX ғасырдың басы мен ортасында болғаны туралы айтып кеткен. Олар «таңдаулы сопылар», басқаша айтқанда теоретиктер болғанға ұқсайды. Оларды «заххиди» деп атады, яғни дәруіш болған, Құдайды жеке-жеке іздеген. Ал ұйымдық құрылым, толыққанды тариқат ретінде моңғолдық кезеңнен кейін әрекет жасай бастады. Моңғол билеушілерін исламға кіргізуге кубрауия, ясауиа және аз мөлшерде нақшбандия шайхтары атсалысқан. Мұны ұмытпаған жөн. Шыңғыс хан тұқымы жақсы ұйымдасқан жүйені көріп, исламды құшақ жая қарсы алды. Біріншіден, бұл әлеуметтік және саяси ынтымақтастық. Себебі, империя құрамында әртүрлі тайпалар болды. Міне, осы ынтымақтастықты көптеген билеушілер, соның ішінде қазақ хандары да жақсы пайдалана білді. Екіншіден, қоғамның әлеуметтік реттеушісі ретінде тамаша пайдаға асты. Сопылық – әлеуметтік реттеуші ретінде ғасырлар сынынан өткен өте тиімді құрал болды.

Қазір қоғамда әлеуметтік жікке бөліну күшті. Оны байқау қиын емес. Көп адам өз жағдайына қанағаттанбайды. Міне, бұл – беймаза бүліктерге апарар алғашқы қадамның бірі. Бізге оның керегі жоқ. Мемлекеттің дамуы кезінде әлеуметтік реттеуіш керек. Неге осы сопылықты әлеуметтік реттеуіш ретінде пайдаланбасқа? Сіздер тыңдап көріңіздер, Исматулла шайх не дейді?! Иә, ол кісі қарапайым сөзбен айтады, бірақ қандай тиімді және түсінікті! Ол кісінің қазақшасы қандай тамаша. Оның дәлелдері қарапайым және түсінікті – «Алладан», «Алла берген». Осыған риза болу керек. Сонымен қатар, Алла саған ақыл берді, Ол саған аяқ-қол берді. Тақсыр өз шәкірттеріне айтады: «Қолың бүтін бе? – бүтін», «аяғың бар ма? – бар», «құлағың бар ма? – бар». Онда әрекет қыл.

Мен бұл сөздің ескілікті ұғым екенін жоққа шығармаймын. Бірақ ол кісі түптеп келгенде экономикалық белсенділікке шақырып отыр ғой. Енді не керек? Бұл керемет емес пе? Барлығын үкіметке сілтеп қойма дейді.

Мұнда екі нәрсені терең түсіну керек: әрекет қыл да ізден, ізден де әрекет қыл. Бұл қарапайым, бірақ өте тапқыр философия. Міне, күнделікті тірлікте осы қарапайым сопылық ұстаным өте қажет. Осыны неге өмірде пайдаланбасқа? Себебі жемісі жоқ насихат машинасы (сіздің елде де, бізде де) мол ақшаны жұтып жатыр. Сондықтан, жан-жағымызға қарайық, қазіргі қазақ қоғамына, күнделікті өмірге қажет, пайдалы нәрсе бәлкім, тарихымызда бұрыннан бар шығар?!

– Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбаттасқан Темір Жұман,

Шығыстанушы,

Алматы.


Акикат
oka@mail.ru
28-07-08 07:52
Шындыќтан шыќќан шындыќ
немесе
Аспаннан Иса тїседі, жерден Мјді шыєады

• Адамзаттыѕ кїткен сїйеніші, јзіреті Мјді:

1. Хорасаннан шыєады.
2. Пайєамбар јулетінен болады.
3. Тїрі арабќа, кґзі израйыл ўрпаєына ўќсайды.
4. Орта бойлы, денелі.
5. Тістері аппаќ.
6. Саќалы ќалыѕ.
7. Бетінде меѕі бар.
8. Жїріс-тўрысы елден ерек.
9. Сґз саптауы ерекше.
10. Жўмысын 1979 жылы бастайды.
11. Екі рет ќамауда болады.
12. Ќамауы ўзаќќа созылады.
13. Кейбір шјкірттері ол кісі ґліп ќалды немесе бізді тастап кетті деп,
їміттері їзіліп, жамаєаттан ўзаќтайды.
14. Еѕбекќор.
15. Ілімі – лјдунни болады.
... Осы сияќты таєы да басќа ерекшелейтін сипаттары, белгілері кґп.

• Ал ол кісініѕ жјрдемшісі:

1. Шыєыс елінен болады.
2. Саќалы сирек.
3. Сары нјсілді.
4. Єажамнан, араб емес.
5. Аяєын сылтып басады.
6. Ілімі – лјдунни болады.
7. 1991 жылы аќиќат таѕыныѕ шапаєы єана кґрінеді. Адамзатты ќаптаєан ќараѕєылыќ пердесі жыртылады.
8. 2001 жылы аќиќат таѕы атады.
9. 2001 жылы јзіреті Мјдініѕ ілімі ќоєамєа кеѕінен тарайды.
10. 2010 жылы кґптеген елге жайылады.
11. 313 шјкірті болады.
12. Шјкірттерініѕ ќатарында јйел-еркек аралас.
13. Олар бір ата-анадан туєандай бауыр болады.
14. «Мен болмайын – сен бол» деген ќаєиданы берік ўстанады.
15. Тїнімен ќўлшылыќ жасап, кїндіз арыстандай ќайратты, айбынды, алєыр (шаруаларына берік) болады.
16. Ќоєамныѕ тїсінбеушілігінен зардап шегеді, сґйте тўра ќоєамєа риясыз адал ќызмет етеді.
17. Саны аз болєанымен орасан зор кїш-ќуатќа ие болады.
18. Ќарсы болып, ќасарысќанныѕ бјрі ќўрдымєа кетеді.
19. Ќоєамы оларды жаќсы кґргенімен ќастарына жолай алмайды. Оєан екі себеп бар:
– байлыєымыздан айрылып ќаламыз ба?
– мансабымыздан айрылып ќаламыз ба? – деп ќауіптенеді.
20. Ќоєам тарапынан орынсыз жала жабылады, біраќ тырнаќтай зияны тимейді.
21. Кґпшілігі жастар болады.
22. Арасындаєы ќарттар тамаќќа салєан тўздыѕ мґлшеріндей єана.
23. Мамандыќ иелері, жўмыстарына бекем, білікті болады.
24. Јзіреті Мјдіні жеѕіске жеткізгенше тыным таппайды.
25. Бїкіл адамзат баєыт-баєдар кґрсетуші јзіреті Мјдіні кїтіп, їміт артады, ал јзіреті Мјді 313 адамына їміт артады.
26. Пайєамбарлардыѕ арасында пайєамбарымыз артыќ, їмбеттер арасында пайєамбарымыздыѕ їмбеті артыќ, ал оныѕ ішінде јзіреті Мјдініѕ 313 шјкірті еѕ абзал адамдар болып саналады.
27. Оларєа берілген артыќшылыќ бўрынєылардыѕ ешќайсысына, кейінгілердіѕ ешбіріне берілмейді.
28. Кґпшілігініѕ кґзі ќысыќ боп келеді.
29. Тулары кґк.
30. Ат ќўлаєында ойнаєан елдіѕ ўрпаєынан.
31. Мауреннаћрден (ќос ґзенніѕ арєы жаєынан) шыєады.
32. Сол кездегі адамзат ќоєамыныѕ еѕ аќ кґѕіл ќауымынан болады.
33. Осы кїнге дейін миллиондаєан ќўрбандыќ берген.
34. Патшалары јзіреті Мјдініѕ ілімін таратуєа кґмектеседі.
35. Тїнніѕ бір мезгілінде олардыѕ тўратын жерлерінен ґтсеѕ араныѕ ызыѕына ўќсаєан дауыс естіледі.
36. Кґп зікір салады, кґп жылайды.
37. Олардыѕ айбаты ґздерінен їш ай алдын жїреді.
38. Оларды Алла таєала ќоєам ішіне жасырєан, јркім таба алмайды, нјсіп болєандар немесе ізденіп тапќандар єана олармен бірге болады.
39. Їш мыѕ періште оларды ќорєап-ќоршап жїреді.
40. Христиан јлемі сол елдіѕ їстінен жаќсы белгілер кґреді де араласа бастайды, жаќындап достасуды маќсат етеді.
41. Сол кезеѕдерде “Арман ќала” деген ќала ќалыптасады. Бўрынєы атаќты єалымдардыѕ бјрі сол ќала туралы ишаралар жасап кеткен. Мысалы, јл-Фарабидіѕ “Ќайрымды ќала тўрєындары” атты трактатыныѕ негізінде осы идея жатыр.
42. Ол ќалада (мемлекетте) дін жјне ўлт мјселесі жан-жаќты шешілген.
43. Алєашќы сапарын Тїркия еліне бастайды.
44. Тїркиядан ќасиетті аманаттарды алуєа јрекет ќылады, Тїрік ґкіметі бўєан ќарсы шыєады.
45. Аспаннан арнайы “ќол” келіп, јзіреті Мјдініѕ шын Мјді екенін дјлелдеп, аныќтап береді.
46. Ґкімет сол ќолдыѕ шешіміне тоќтап, аманаттарды алуєа рўќсат етеді, аманаттар алынады.
47. Олар жаяу-жалпы Меккеге барады.
48. Жолда Мўса пайєамбардыѕ мўєжизасы ќайталанады, яєни бір теѕіз екіге жарылып жол береді.
49. Меккеге барып ќўлшылыќ жасайды.
50. Туы ќара.
51. Киімдері ќара болады.
52. Аќиќатты жариялай бастайды.
53. Сириядаєы ќырыќ шілтен мен пайєамбар јулеттері оларєа барып ќосылады.
54. Одан кейін Ирактаєы јулие-жаќсылар да оларєа ќосылады.
55. Одан кейін жер жїзіндегі бїкіл јулиелер олармен бірігеді.
56. Кґпшілік бірге Меккеге ќайта барады.
57. Аќиќатты жариялайды.
58. Бїкіл јлемге жаќсылыќ сол жерден тарайды.
59. Јзіреті Мјді ґзін жариялаєаннан кейін 7, 8 не 9 жыл ґмір сїреді, одан кейін ќайтыс болады.
60. Жўмысын Иса (є.с) пайєамбар жалєастыра береді. Таєысын таєы...
Зерттеушілердіѕ тїйінді ойына ќараєанда јзіреті Мјдініѕ ілімі осы жобамен дамиды, ал жария болуы 2008 – 2013 жылдыѕ аралыєында одан јрі ўзмайды деп болжанады.
Ескерту: жоєарыдаєы мјліметтер тек јћлі сїннет уал жамаєат кґзќарасы бойынша зерттелген деректерден алынды. Оныѕ їстіне Јзіреті Мјді туралы тїсінік тек шиєаларєа єана тјн мјселе емес екенін адамзаттыѕ баршасы біліп жїргені абзал. Барша адамзат їшін Јзіреті Мјдініѕ шыєуы ќўтты болсын!!!

ДЕРЕККҐЗДЕР:
Кез келген іздеу программасына кіріп жазыѕыз:
Мјді
Мјди
Хз. Махди
Хз. Мехди
Hz. Mehdi
Hz. Mahdi
Таєы да Јзіреті Мјдіге жјне аќырзаманєа ќатысты мјселелерді кез-келген тілмен іздесеѕіз табылады!!!
www.mahdi.ru, www.beklenenmehdiveisa.com, www.ahmetdemir.com, www.ahirzaman.net, www.islamkutuphanesi.com, www.harunyahya.org, www.beklenenmehdi.com, www.mehdininozellikleri.com.
Асем
21-02-08 11:44
Махаббат деген ќиын іс,µз екінші µмірлік жолдасынды табу да ќиын.Махаббатта ењ ќиыны,бірінші махаббатынды ±мыту.Мен µзіме келетін болсам ењ бірінші махаббатымды сегізінші сыныпта кішкене ±мытќан сияќты болѓанмын,біраќ єлі болса да ±мытпаппын.
динара
1985
06-02-08 08:48
динара мухамбетьярова избасаровна б‰кіл ќазаќтарѓа ќазаќша сµйлеуге шаќырамын
Нурболат
gulgina_k.
06-01-08 23:13
Маѓжан Ж±мабаевтыњ µлењдері
Серик Б
angel_81.81
19-12-07 19:04
Ей ойларыња не т‰седі соны жаза бермењдер .Ќазаќ деген аттарыња ±ят емеспе! Намыс ќайда ойланайыќ. Танысасыњдар ма д±рыс жаза беріњдер...
Мұқат
mykat2005@mail.ru
09-05-07 15:08
+++
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақша сайттарды қолданушылардың Алматы қаласында кездесуі ұйымдастырылады.
Кездесуге барлық қазақша сайттардың жанашыр қолданушылары шақырылады.
Кездесуді ұйымдастыру, ой-пікірлер, ұсыныстар, ескертулер Пікірталаста Кездесу бөлімінде талқыланады. Кездесу уақыты белгіленеді.
Мерзімі: 2007 жыл. Мамыр-Тамыз айлары.
Пікірталасқа белсене қатынасып, ойларыңызды жазыңыз.
Ұйымдастырушы: Қазақ Интернеті қоғамдық бірлестігі.

http://www.tor.kz/modules.php?name=Forums&file=viewforum&f=27
+++
Қазақша сайттардың құмарлары,
Айтайын мен сіздерге бір хабарды.
Алматыда сайтшылар жиналсып,
Танысып бір құмардан шыға алады.

Ой-пікір, ұсыныстар, ескертулер,
Сол жерде, арамызда тексерілер.
Ойыңыз болса жазып жіберіңіз,
Көргенде "сіз бе бұл"-деп еске түсер.

Мархабат! осы сайттың арулары,
Менікі қазинернет қамыдағы.
Келіңіз кездесуге Алматыға,
Ол жерде сізге керек табылады!
+++
http://www.tor.kz/modules.php?name=Forums&file=viewforum&f=27

Мархабат етіңіздер!
+++
Ата - баба даңқына мақтанам десең: http://www.almerek.sn.kz/
+++


Өлең жазуға әуес жастарды мына сайтқа тіркеліп ақындық қабілеттерін үштауды ұсынам. http://www.tor.kz/ "Пікірталас" -тың "айтыс" бөліміне келіңіз
Айнұр
aikosha87@list.ru
05-03-07 22:36
салем қазақ жастары! менің көкейімде көп бар.ол мынадай: ұйқыны жақсы көресіз бе? берік,сенімді,қайратты болып шаршамай жүру үшін,еріншектікті тыю үшін не істеуге болады? және алғашқы өзің жұмыс істеп алған айлығың қаншалықты ыстық болады? жұмыс істеуден қорқамын. алғашқы мамандыққа байланысты істеген жұмысың ауыр бола ма? безіп кететін күндеріңіз болды ма?
Гаухар
gauhar-kz@mail.kz
08-06-05 19:24
Ақылбек кімге ұнайды?

kazaK
04-06-05 22:32
Yozgatli
04-06-05 21:38
іслам огуз
04-06-05 21:29
web sitemi deрiюtirmeye karar verdim son halini gцrmek iзin biraz beklemeniz gerekecek.Bir sьre hizmet veremeyeceрim iзin цzьr dilemekle birlikte size daha gьzel bir site bulacaрэnэzэn mьjdesini vermek gerektiрini dьюьnьyorum . ANA SAYFAM linkine tэklayarak sitenin deрiюmemiю haline ulaюabilirsiniz . зoook daha gьzel


http://islamoguz.sitemynet.com/

маржан
кйтай
03-06-05 08:22
салеметсыэдег

Кайрат
27-05-05 09:37
-Єке. Америкаѓа дейін алыс па?

-Аузында жап та ж‰з.

Щдярфы
19-05-05 12:09
Кфрьуе!

муыл
08-05-05 18:02
12345567874521456749423313

59685413212

ЗАРО
www.sayasat.kz
05-05-05 13:09
“Діни экстремизмнің сопылық синдромы”. Ораз Әлімбеков




"Ислам – это образ жизни, построенный на мире, это чистая вера в Бога-Аллаха. Нельзя этим пренебрегать и использовать веру - самое сакральное и святое для человека - в политических целях. Терроризм же должен пресекаться светским государством в рамках закона», - имам Валерия Порохова. Сказано во время встречи в Алматы во время встречи с журналистами 28 апреля с.г.



Былайғы жұрт оларды «йассауишілдер», «зікіршілер» немесе «сопылар» деп атайды. Қожа Ахмет Йассауи хикметтерін қасиетті Құранмен қатар ұстайды. Алқа қотан отырып зікір салуды мұсылманның бес парызынан жоғары қояды. Пірлері — Пәкістаннан келген Исматулла. Сопылар өздерін “жамағат” деп, басқаларды “жамағат емес” деп бөліп қарайды. Тіпті соңғы кезде йассауишілдердің өздерін “Мәдінің сарбазымыз” деп, ақирет күнін жақындатуы да діни экстремизмге бейімдігін аңғартады.Соған қарап, мұндай ұйымдарда діни-ахлақи насихаттан гөрі саяси пиғылдың басымдығын көруге болады. Дінтанушылардың пікірінше, жұрттың мұндай топтарға еруінің екі себебі бар, бірі – діни сауатсыздық, адасушылық. Екіншісі, бұл материалдық байлық, ақшаға қызығу немесе қызмет, жұмыс, т.б.


Қазақстанда экстремистік пиғылдағы сопылық ағымның күш алып келе жатқаны туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нартай Дүтбаев 2004 жылдың 1-қыркүйегінде айтқан болатын. Бірақ бұл ақпарат тиісінше талданбай, талқыланбай қалды. Неге? Мұның өзіндік себептері бар. Біріншіден, сопылар қазақ тілді ақпарат құралдарына тікелей қысым көрсетіп немесе жанама ықпал етіп отыр. Екіншіден, орыс тілді БАҚ бұл проблеманы түсіне бермейді және қазақ қоғамын іштей ірітіп бара жатқан бұл дертті талдауға құлықты емес. Үшіншіден, сопылардың сектаға тән жабықтығы — өздерінің ықпалындағы ақпарат құралдарынан басқаларға ешқашан сұхбат бермейді, дін мәселесіне қатысты жиындарға келмейді, ашық пікірсайысқа шықпайды. Солай болса да қазіргі қазақ қоғамында іштей “пыш-пыш” талқыланып жатқан мәселенің бастысы — осы. Жаңа заманғы қазақстандық сопылар туралы тақырыптың қойыртпағы мен шиыртпағы өте күрделі. Олар туралы толық түсінік беру үшін орта көлемдегі кітап жазу керек. Өйткені сопылар туралы жинақталған бес жүзге таяу материал соған сұранып тұр. Солай болса да, мәселенің маңыздылығын ескере отырып, газет оқырмандарына аз да болса мағұлмат бере кетейік.


Исматулла кім және ол Қазақстанға қашан келді?


Исматулла Мақсұм – қазақстандық «сопылардың» рухани ұстазы, пірі. Оны «тақсыр» деп атайды, «қасиетті әке» cанайды, жамағаттың әрбір мүшесі құлдық ұрып, қолын сүйеді.


Исматулланың бұған дейін кім болғаны, не істеп, не қойғаны, не кәсіппен айналысқаны туралы ақпарат жоқтың қасы. «Кеңес-ауған соғысы кезінде Ахмад Шах Масуд әскерінің діни идеологы болды» деген сөз бар. Жақында ғана жарық көрген оның «Құран сырларының әліппесі» кітабында келтірілген деректерде «түкті қошқардың тұқымы» екені, ата-бабалары – Шалқар әулие, Маймақ ишан Сыр бойы, Ақтөбе өңірінде жасағаны айтылған. Естіп, білетіндер болар, бұл дерек әлі екшелене жатар.


Бізге анығы – 1944 жылы туған, ауған-пәкістандық азамат. Қазақстан азаматтығын алған-алмағаны белгісіз.


Исматулланың Қазақстанға келуіне бірден бір себепші болған адам - Ғалым Боқаш. Ғ.Боқаш — қазір Алматы қаласы әкімінің идеология жөніндегі орынбасары. Бұған дейін ол “Қазақстан” ұлттық телеарнасының ақпаратты-сараптамалық бағдарламалар дирекциясын басқарды, апталық «Мезгіл» хабарын жүргізді.


1997 жылы, ол кезде Ғ.Боқаш ҚазМҰУ-дің шығыстану факультетінің студенті, тәжірибеден өту үшін Пәкістанның Пешевар университетіне барады. Сонда Исматулланы жолықтырып, арбауына түседі. «Ақырзаман боларда пір мүридтерін іздейді» дегендей, Исматулла 1997 жылы Алматы жанындағы Қарасу мешітіне келіп, «медресе» ашып, мүридтер дайындай бастайды. Мүридтер арнайы қырық күндік оқудан өтеді. Оны «қырықтық», «шілхана» деп атайды. (Бұл турасында мақаламыздың келесі бөлімінде толығырақ айтылады). Бірақ Исматулланың «бірінші крест» жорығы сәтсіз аяқталды. Қазақстан заңдарына қайшы әрекеті үшін 1999 жылдың күзінде құқық қорғау органдары «медресе-шілхананы» жауып, Исматулланы Пәкістанға депортациялап, Қазақстаннан аластады. Сол кезде ақпарат құралдарында айтылып, қоғамда үлкен дүрбелең туғызған бұл оқиғаны тағы бір еске сала кеткеннің артықтығы болмас: сонау Торғайдан «медреседе» оқып жатқан ұлы Алмастан хабар алуға келген Бақытжан Фазылова бірнеше күн бойы баласына жолыға алмай әуре-сарсаңға түседі. Ақырында құқық қорғау органдарына шағымданады. «Тақсырдың» тұтқынындағы Алмасты құтқару үшін Алматы қаласы Жетісу ауданының ішкі істер бөлімі арнайы операция ұйымдастырды: полиция отряды мешітке басып кіріп, «жамағатты» таратты, Исматулладан басқа төлқұжаты жоқ екі ауғандық азамат ұсталды. Тақсыр «дін таратып, имандылық уағыздап жүргенін» айтып, біраз қарсылық көрсетті. Ал Алмас көзінше өзін ұрып-соғып, қолын қайырып, тілін тартқанын полиция мен журналистерге зар жылап тұрып айтты. Бұл сюжеттер НТК мен 31 – телеарнаның архивінде сақтаулы. Прокуратура қылмыстық іс қозғап, «сопылар» бүркеніп жүрген «Төле би» қоғамдық қорын жапты.


Былтыр осы оқиға турасында сол кездегі идеологиялық сектордың жетекшісі - ақпарат және қоғамдық келісім министрі болған Алтынбек Сәрсенбайұлынан сұраған едім. Ол Қарасу мешітінде расында да діни фанаттар, экстремистер дайындалғанын айтты.


Осылайша Исматулланың Қазақстандағы миссиясына нүкте қойылғандай еді. Бірақ тамыр тартып, желі салып үлгерген «сопылық» ағым біржолата жойылып кеткен жоқ. Исматулланың орнын Нарымбай Разбекқажыұлы басты. Елде қалған шәкірттері студенттік жатақханаларда астыртын жиындар өткізіп, кейбірі оны қорғап мақалалар жаза бастады. Соның бірі – Ғ.Боқаш. Оның «қасиетті адамның қадірін білмедік» деген сыңайдағы мақалалары «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланды. Санжар Керімбай, Елдос Еміл сияқты мүридтер оңтүстік, батыс өңірлерді адақтап, үгіт-насихат жұмыстарын тоқтатпады. «Жамағат» мүшелерінің өзара жазысқан хаттары мен басқа да материалдарға қарасақ, Исматулла ретін тауып Қазақстанға келіп-кетіп жүрген. С.Керімбай былай дейді: “… тақсыр болса бүгін міне сағат үште Алматыға Пакистаннан ұшып келе жатыр. Ал шәкірттерінің ол кісіні алып барып қондыратын оңаша үйі жоқ. Осыны сен ұят деп сезініп көрдің ба?.. Бүкіл жамағаттың “Менмін” деген жігіттері тақсырды қайда кіргізерін білмей бастары қатып, дал болды. Ал қайдағы бір ақшалы қазақтың Сматулла тақсырға менің көзімше. “Ей Сматулла, мына шұбырынды қаңғыбастарыңды алып үйімнен жоғал” дегені есіңнен шығып қалды ма?! Тақсырдың түн ішінде алтын басымен қайда барарын білмей біздің көзімізше намыстан жарылып өле жаздағыны саған әсер етпей ме?”. (Хаттың стилі мен орфографиясы қаз-қалпында сақталды, бұдан кейін де берілетін хаттар да солай — О.Ә.).


Бұл хатта айтылған «ақшалы қазақтың» үйі (Школьный-2, 240 үй, “Мамыр” ықшам ауданының маңы – О.Ә.) қазір «зікірші-сопылардың» штаб-пәтері, әрі қырық күндік курстан өткізетін «шілханасы». Басқосу, мәслихат, алдағы аптада жасалатын шаруаның жоспарын талқылайтын жиын, оны өздері «кіші құрылтай» деп атайды, осында өтеді. Исматулла да, одан кейінгі “тақсыр” Нарымбай да, өзін олардың “баспасөз хатшысымын” деп таныстыратын «Қазақ» радиосының ақпарат бөлімінің жетекшісі Еркін Стамшалов та осында отырады.


Бұл үйдің иесі Қарақалпақстаннан келген оралман, ауқатты адам деседі. Әуелде ыңғай бермей жүрсе де, артынан мүкаммалын «жамағатқа» басыбүтін беріп тынды. Бұдан кейін «Адамның басын айналдырып тастайтындай Исматулланың не құдіреті бар?» деген сұрақтың туары сөзсіз. Бұл туралы мақала барысында айтылады. Әрі оның еш құпиясы жоқ. Адамды мұрсатта зомби қылып, діни фанатқа айналдырып жіберетін «Аль-каеда» мен ваххабшылардың технологтары туралы айтылып та, жазылып та жүр. Исматулланы да солардың қатарына қоюға әбден болады.


Оны мүридтері әулие санайды. Нарымбай «ол – бос жолдыбай адам емес, әулие адам, оған иманымыз кәміл» дейді. Тіпті кейбір «зікіршілер»: «Мәді пайғамбар, біз – сарбаздарымыз» дейді.


Әрине, оның елді аузына қаратып, ұйыта алатындай харизмалық тұлға екенінде дау жоқ. Шау тартқанына қарамай шапшаң, оқыс қозғалады. Дембелше, ызбарлы жүзі дін адамынан гөрі, шайпау, ыссы адам екенін байқатады. Дауысы өткір, зәрлі, шаңқылдап сөйлейді. «Зікір» салып жатқан бейнетаспаны көріп отырып, бір досымның «мынау аумаған Гитлер ғой» дегені бар.


Жалпы, «Исматулла кім, неғылған адам?» дегенде, белгілі бір сыртқы саяси күштердің «жансызы», дәлірегінде, діни-конспирологиялық массондық ложаның өкілі деген де пікір бар.


Шілхана, зікір және Исматулланың «құдіреті»


Ең алғаш қырық күннен өткендер - ҚазМҰУ-дің филология, шығыстану, журналистика және тарих факультетінің студенттері мен аспиранттары. Арасында Оңтүстік Қазақстан облысынан, Атырау, Торғайдан келгендер, кәмелет жасына жетпеген балалар да болды. Шілханаға бір кірсең оңайшылықпен шығу мүмкін емес, тәртіп өте қатал, тақсырдың рұқсатынсыз көшеге шығуға, бөгде адамдармен сөйлесуге болмайды. Тіпті газет-журнал, әдеби кітап оқуға, теледидар көруге де қатаң тыйым салынған. Қырық күн бойы тақсырдың уағызын тыңдап, алқа-қотан отырып, зікір салады. Бұған шыдай алмаған, иә көнгісі келмегендерді ұрып-соғып, тіпті төсекке таңып, байлап тастайды. Мұны олар адам бойындағы “шайтанды қуу” дейді. Таяқ жеп, зәбір көрушіге «біз сені ұрып жатқан жоқпыз, сені азғырып, иектеп жүрген жын-шайтаныңды қағып жатырмыз» деп түсіндіреді. Мұндай инквизиция бұрын-соңды ислам дінінде болған жоқ. «Медресе-шілханаға» бөтен-бөгде адамның кіруі мүмкін емес, айнала қысы-жазы қатаң күзетіледі. С.Керімбайдың мына хатына қарағанда күзетшілердің де, қырық күндік курстан өтетін шәкірттердің де жағдайы мәз емес: “Қаншама біздің жігіттер медреседе қыстың күні күзетте жүріп суық шалып, ауру боп құлап, көбісі мүгедек боп қалды. Емделуге ақшалары да жоқ. Мына жақта медреседе тұла бойын үсік шалған Серғали сандырақтап суық бөлменің ішінде тұра алмай жатқанда мен Жапонияда жылы жерде сенімен қол ұстасып жүруім керек пе еді? Нұртас, Серіктердің әйелімен барып қосылатын жері жоқ. “Бізде бала қайдан болсын. Күйеуіммен айында бір рет жатпаймын” депті Нұртастың әйелі. Олардың керек десең ғұсыл құйынатын да жері жоқ”…


Зікіршілер” Қарасу мешітінен қуылғаннан кейін Алматыдағы автодромға қарсы бір жарым қабатты және қасында қосалқы сарайы бар үлкен үйге ??? орнықты. Бұл Нарымбайдың үйі болса керек-ті. “…Нарымбай тақсырды отырған үйінен шығарып, ол үйді медресе қылып жіберді. Ал өзін алты баласымен Қарасудың арғы жағындағы екі бөлмелі сарайға қуып тықты. Ол үйдегі күйеу баласы үш қызымен квартира іздеп қаңғып кетті. Нарынбай тақсыр айлап, жылдап үйінің бетін көрмейді…” (24.02.04 ж). Өткен жылдың күзіне қарай бұл үй сопы қыздардың монастыріне айналды. Бұған дейін олардың «шілханасы» Қаскелеңде болды.


Зікір ұғымы Құранда бар. Зікір (зикр) – құдіретті жаратушы Алланы еске алып, еске тұтып жүру деген мағынаны білдіреді. Бірақ бұл ұғымның мағынасын кейіннен пайда болған мистикалық секталар өзгертіп, зікірді енді «еске алуға жіберудің техникасы мен әдісіне» айналдырады (Ислам. Энциклопедический словарь. – Москва, 1991., 77-бет). Сөйтіп, уақыт өте келе суфизмнің ең қатал, тоталитарлық ордендері зікірді «еске алудың медитациясы» деген ұғымға ұластырады. Кейіннен «жүректі тазалау» деген мистикалық ұғым пайда болған. Сопылар үшін зікір – адамның рахатты күйдегі трансқа түсуі болып есептелген. Тіпті кейбір секталарда адамның жүйкесіне әсер ететін есірткі шөптер, кофе, наша, алкоголь секілді күшейткіш дүниелерді де пайдалана бастаған (Ислам. Энциклопедический словарь, Москва, 1991., 77-бет). Адалын айту керек, бірақ бұл сопылық ағымның бәріне бірдей тән емес.


Ал қазақстандық «сопылардың» «зікірі» – мүлдем басқа нәрсе. Оны өздері «алқа зікір» және «ара зікір» деп бөледі. Жалпы, қазақ халқының ұғымында бақсылар зікір салады, «зікір», «зікірлеу» сөздері жағымсыз экспрессивті мағынада қолданылады.


Теология ғылымдарының докторы, дінтанушы Мұхиддин Исаұлының айтуынша, «йассауишілдердің» «зікір» салу формасы дәстүрлі дінге жат. Ол «бұлайша соқыр сенімге берілу діни фанатизмге ұрындыруы мүмкін екенін» айтады. (“Айқын”, 07.11.04 ж.) Бұл пікірмен толық келісуге болады. Екі-үш сағатқа созылатын «зікір» кезінде адамдар «Алла ху!», «Алла хай!» деп айғайлап, трансқа жеткенше бастарын бұлғақтатып, селкілдеп билейді. Ара тұра бірі еңкілдеп, бірі өкіріп жылайды. Тіпті кейбірінің аузынан ақ көбік-жыны ағып, есінен танып, талып қалады. Исматулланың өзі «зікірге» тым елітпейді, залды, кімнің қандай күйде екенін көзінің астымен жіті қадағалап, барлап отырады.


«Исматулланың гипноз жасау қасиеті бар және оны «зікір» салып отырған адам масаң күйге жеткенде қолданады» деген сөздің жаны бар. Ол тақсырдың «зікір» кезіндегі әрекетінен де, кейбір адамдардың естелігінен де байқалады. Қарасу мешітінде қырық күндіктен өткен алғашқы мүридтердің бірі ақын Батырболат Айтболатұлы көре-біле келе «тариқатшылықтың» ата-баба дініне жат ағым екенін түсініп, «жамағаттан» кеткісі келеді. Мұны естіген «пір» шәкіртіне «кетсе, қиын болатынын» ескертеді. «Неге екенін білмеймін, оның осы сөзі ойымнан еш кетпейді» дейді Б.Айтболатұлы. Ол кетуін кетсе де «жамағаттың» жігіттері қатынасып тұрады. «Пәкістаннан келе жатқанын есіткенде дегбірім кетіп, «тақсырдың қолын алып, сәлем беріп келсем бе екен, әлде бармай-ақ қойсам ба?» деп түні бойы дөңбекшіп шығам» дейді ол. Ертесіне бәрібір сәлем беруге барып қайтады – жүрегі орына түсіп, өрекпіген көңілі басылады. «Исматулладан қорқасың ба?» деген сұраққа Батырболат: «жоқ, қорқамын демеймін, бірақ неге мұндай күйге түсетінімді өзім де білмеймін» деп жауап берді.


«Нұр мүбарак» ислам университетінің оқытушысы Мадияр Меңлібековті Исматулла екі рет шақырып әңгімелескен. «Тақсырдың» оған құсы түсіп, ащы ішектей айналдырғанындағы гәп мынау: М.Меңлібеков - Ливиядағы «Исламға шақыру» университетін тәмәмдаған Құран тарихы ілімінің білікті маманы. Ал «сопылардың» бірде бірінің терең діни білімі жоқ. Тіпті «тақсырдың» да қайда оқып, білім алғанын ешкім тап басып айта алмайды. Баспасөз мәслихатында сұрағанымызда Нарымбайдың өзі «Медресе бітірген» деп күмілжіді. М.Меңлібековтың айтуынша, екінші кездесу кезінде Исматулла «дәретім жоқ еді, алып келейін» деп, 15 минутқа кетіп қалған. Қайтып келгесін Исматулла бір мүридіне көк шәй алдырады. Кездесуден кейін дәріс оқу үшін университетке оралған М.Меңлібековке студенттер көзі қызарып, түрі бұзылып кеткенін айтады. Кешке қарай басы ауырып, жедел жәрдем шақыртады. Алғашында «өкпе қабынған» дегенмен, қойылған диагноз дәлелсіз болып шығады. Дәрігерлер бір апта бойы оның басы неліктен ауырғанын анықтай алмайды. «Ауруханада жатқан кезде Исматулланың соңынан еріп кеткім келіп, апта бойы қиналып жүрдім» деп еске алады М.Меңлібеков.


«Сиқыршылық, тұмар тағу, дуалау – Аллаға шәк келтірушілік болады» деген Мұхаммед (с.ғ.) пайғамбарымыз бір хадисінде.


Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының (ҚМДБ) оқу-ағарту, діни-уағыз бөлімінің меңгерушісі Әбдімүтәліп Дәуренбекұлы «сопылықтың негізгі канондары: шариғат – тариқат – мағрифат – ақиқат екенін, «йассауишілдердің» шариғатты білмей тұрып, тариқатқа бой ұратынын» айтады.


Ахмет Йассауидің өзі 79-хикметінде:


«Тариқатқа шари атсыз кирганларни,


Шайтан келип иманын алур ермиш»,


яғни, «Тариқатқа шариғатсыз кіргендердің,


Шайтан келіп иманын алады екен», («Ежелгі дәуір әдебиеті», Алматы, «Ана тілі», 1991, Құр. А.Қыраубаева) демей ме?


Ә.Дәуренбекұлының айтуынша, «Йассауи тариқаты» деген болмаған, бұған кезінде дін ғұламалары «жаһили тариқат» – «надандық жолы» деп баға берген. «Зікірші»-«йассауишілдердің» дінбұзар жат ағым екені туралы ҚМДБ-нің екі жыл бұрын шығарған арнайы пәтуасы бар.


“Дін жолында қатын-бала, әке-шеше, туыс-бауыр – құрбан”?..


Ислам дінінде отбасы, туыс-бауыр бәрінен жоғары тұр. Тіпті, «жұмақ – анаңның табанының астында» деп айтылады. Ал Исматуллаға еріп, жұмысы мен қызметін, бизнесін тастап, отбасы ойран болған адамдар қаншама?! Кейбір хаттарда айтылған оқиғаларды тіпті жариялауға болмайды — жан түршігерлік. Сондықтан хаттардың жеңіл-желпісіне кезек берейік – С.Керімбай:


“Мені жұмысы мен семьясын қатар алып жүре алмайтын адам” деп айыптайсың. Өте дұрыс. Дін мен жеке басының шаруасын қатар реттеп келе жатқан кім бар осы айналада? Бүкіл Қазақстанды алмастай жарқыраған ақылымен таңқалдырып, дүниенің жүзінің дүмшелерін шошытып біткен Хазреті Саматтулла тақсыр ма? Ол кісі бойындағы кереметтерді қазып алу үшін айлап емес, жылдар бойы үйінен қаңғып дуана боп кетті ғой. Сондықтан да оны бүкіл ағайын туыстары күні бүгінге дейін “Жынды, қаңғыбас Смтаулла” – деп атайды. Сматулла тақсыр бала шағасын жиып алып: “Мені өлді деп есептеңдер”- деп үйінен шығып кете беретін кісі болғанын сен менен гөрі жақсы білесің. Өмір бақи өзін асырып баққан шешесі жат елде туған жерден топырақ бұйырмаған күйі көз жұмғанда әулие баласы қасында болып, моласына бір уыс топырақ тастай алған жоқ. Міне енді екі ай бұрын тақсырдың туыстарын асырап отырған інісі, яғни Нығметулланың әкесі қайтыс болды. Тақсырдың Пешевардағы үйіне тексерушілер келіп: “Светтің ақшасын төлемепсіңдер”- деп айып салып, сымын кесіп тастады. Содан бері тақсырдың үй іші тас қараңғы қапаста қамалып отыр”.


«Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң Отаныңа жақсылық жаса!» демейтін бе еді Мұхаммед (с.ғ) пайғамбарымыз хадисінде. Тағы бір хадисте «Қартайған шағында ата-анасын разы етіп, күтпеген перзент қор болсын!» дейді. Ал «сопылар» болса, үйінен безіп, бала-шағасын тастап кеткен Исматулланы мақтан тұтады:


“Боқашқа: “Ей Ғалым еліңе ұлы өзгеріс келе жатыр. Мұндай кезде сыртқа кетуге болмайды” деп тақсыр ғой оны Аңглияға жібермей алып қалған. Саят ағайды Канадаға кетіп бара жатқан жерінен “Саятжан қала гөр. Құдайдың мұғжизасы келе жатыр туған жеріңнен кете көрме”- деп қолқа салды. Саят ағай тақсырдың бір ауыз сөзіне тоқтап, кетпей қалды. Қазір не болды. Қазір Саят ағай бүкіл Қазақстанға танымал арлы азамат болды. Амал нешік енді ол да үйіне қонбайтын қаңғыбасқа айналды. Оны күн сайын кездесу болады - деп Қазақстанның түкпір-түкпіне алып кетеді. Үйіне барсаң быт-шыты шығып шалшылып жатыр. Салып жатқан тамы сол күйі бітпей адыра қалды. Әйелі 4 баласымен ата-енесін баға алмай қиналып, титықтып кетті. Оның да әйелі тыныш өмірінің қалай бұзылып кеткенін түснібей қалды. Әйелі бір шақырым жерден суын өзі тасып ішеді. Саят ағайдың үйіне барып бас қоса алмайсың. Себебі ол кісінің жігіттердің басын қосып, жоспар жасауға менікіндей жағыдайы жоқ. Оның да әке шешесі “Балам-ау мына бәлені қайдан тауып алдың. Тастайсайшы осы дін деген нәрсені. Не жетпей қалды саған” - деп күінге зар илейді. Бірақ оған дес беретін баласын көріп тұрғам жоқ”…


«Адалсынған молданың үйінен алты қабанның басы шығады» деген осы болса керек, бұдан кейін сөз айтып жату да артық болар. «Әркімнің өз көңілі - өзіне таразы», не ойлап, не айтуды оқырманның өзіне қалдырдық.


Сопылық сектаның құрылымдық жүйесі


Қазір сопылар өздерінің жұмысын “Сенім. Білім. Өмір” республикалық қоғамдық бірлестігі арқылы жүргізеді. Бірлестік Әділет министрлігінде 2002 жылы 27 мамырында тіркелген (тіркеу нөмірі 4748-1900-00, мекен-жайы Семей қаласы, Шлеева көшесіндегі 14 үй), барлық облыстарда және Алматы қаласында бөлімшесі бар. Бірақ негізгі идеологиялық үгіт-насихат жұмыстары “Қазақстан” телерадиокорпорациясы мен оның облыстық филиалдары арқылы жасалады. Ұлттық телерадиокорпорацияны «сопылардың» ақпараттық-техникалық базасы, негізгі плацдармы деуге болады. Бүткіл қаржы-техникалық, адами-шығармашылық ресурс сопыларға қызмет етеді. “Қазақстан” телеарнасы мен “Қазақ” радиосындағы “Дін және біз”, “Ой түйін”, “Күлтөбе”, “Ақиқат сыйы”, “Ауызашар”, “Мезгіл” хабарлары осы “ілімді” уағыздайды. Өйткені бұл хабарлардың жүргізушілері Санжар Керімбай, Рахат Мамырбек, Болат Мүрсәлім, Саят Ыбыраевтар – “жамағаттың” белсенділері. Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар да Исматулланың мүридтерін жарнамалап қалуға мүмкіндік туа қалса, қалт жібермейді. “Түнгі қонақ”, “Ақжүніс” хабарлары да осы ыңғайда. Бұл бағдарламалардың продюсері, “Жан” шығармашылық бірлестігінің жетекшісі Базарбек Атығай «жамағат» басшылығының алғашқы бестігіне кіреді. «Қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса» - «сопылардың» «Қазақстанды» билеп-төстеп алғанының мысалы ретінде С.Керімбайдың мына бір хатын келтіруге болады. Хатта 2004 жылдың 20-ақпанында болған “Ақжүніс” хабарының қалай жасалғаны туралы айтылады: “Айтпақшы кеше қызық болды. Ауылдан бір аптаға Мұрат келген. Тура сол кезде “Ақжүніс” телефон соғып, жалынып отырып алмасы бар ма. Ойбай Санжар тағы да шығып бер деп, Сәуле (С.Әбединова,“Ақжүністің” жүргізушісі-О.Ә) әпкеміз күніге қолқа салады.


-Ей маған апта сайын шыға беруге болмайды. Мен сендерге Анна ханым емеспін десем түсінбейді. Сосын жігіттер ақылдасып ақыры менің орныма Мұратты шығаратын болдық. Сәуле де қуана, қуана келісті. Сөйтіп оның атағын дардай қылып, “Сенім. Білім. Өмір” Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі деп таныстырып, студиға тығып жібердік. Екі күн Рақат (Р.Мамырбек, “Ой түйіннің”, қазір “Мезгілдің” жүргізушісі –О.Ә) екеуіміз әбден дайындалдық. Содан не керек құрметті қонақ боп төрде шікірейіп Мұрат отырды. Сөйтіп діннен сөз сөйлеп, пәтуа айтып хабарды түйіндеп тастады…»


Соңғы жылдары Исматулланың “оң қолы” Нарымбай “тақсыр” Ораза, Құрбан айт мейрамы кезінде ұйымдастырылатын эфирден түспейтін болды. Есесіне Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының өкілдерін, мешіт имамдарын теларнаға тіпті маңайлатпайды. Муфтияттың баспасөз хатшысы Оңғар қажы Өмірбектің айтуынша, эфир сұрап, телеарна басшылығына, Баспасөз министрлігіне бірнеше рет өтініш хат та жазған. Бірақ ешбір нәтиже жоқ.


Екі жылдан бері «Қазақстан» сопылардың “Йассауи” діни-вокалды тобының концертін ұйымдастыруға демеуші болып жүр және оны әрдайым жарнамалап отырады. Корпорация басшылығына бір табан жақын жүретін И.Жұбаевтың айтуынша, ансамбльдің былтырғы Құрбан айт мейрамындағы «Аллажар» концертіне корпорация президенті Ғалым Доскен 500 мың теңге берген. «Сенім. Білім. Өмір» бірлестігінің бүткіл шаруасы — хат-хабар жазу, оны жан-жаққа жіберу, керекті әдістемелік материалдар - аудио-видео таспаларды жазып, көбейтіп, тарату телеарнаның есебінен жасалады. Неге? Өйткені корпорация қызметкерлерінің бірқатары --шамамен 65-70 пайызы, Исматулла “жамағатының” мүшесі болса, қалғандары да солардың ыңғайында немесе ыңғайынан шыға алмайды. Әрине, корпорация төрағасының бұрынғы орынбасары Сламбек Тәуекел, «Қазақ» радиосының директоры Нұрлан Өнербаев, Маңғыстау облыстық телернасының бастығы Иманбай Жұбаевтың «зікір» салып, сопы болып кетпегені анық. Бірақ бәрін көріп-біліп отырса да ешбір шара жасай алмайды. Сөзіміз дәлелді болу үшін мына бір жайды айта кетейік: Өткен жылдың желтоқсан айында Нарымбай «тақсыр» «діни» семинар өткізуге Ақтауға барды. Мұны жергілікті телеарна бір апта бойына насихаттады. Нарымбай «Маңғыстау мейманы» хабарының қонағы болды. Бағдарламаның тұрақты жүргізушілері М.Медиева мен Н.Оразғалиевті былай ысырып тастап, хабарды аяқастынан Әнуар Бимағамбет жүргізді. Ол телеарнаның қызметкері емес, бар болғаны «Сенім. Білім. Өмір» бірлестігінің жергілікті жетекшісі болатын. Ә.Бимағамбеттің аяқасты телегладиаторға айнала кетуінен екі жәйтті аңғаруға болады: бірінші, Нарымбайды барынша жарнамалау болса, екіншіден, телеарна басшысы И.Жұбаевтың сопылардың алдында пұшайман дәрменсіздігі. Н.Өнербаевтың да жағдайы осындай болса керек-ті. Өткен жылдың көктемінде Б.Мүрсәлім өзі басқаратын редакциядағы журналист қыздарды «жамағатқа» кіруге үгіттейді, тіпті қызмет бабын пайдаланып қысым да жасаған. Мәселе ушығып, әңгіме Н.Өнербаевқа жетеді. Ал ол болса, Б.Мүрсәлімге ескерту жасаумен шектеліп, кейіннен оны телеарнаға ауыстырып жіберді.


Әу бастан «зікіршілердің» ошағы болған ҚазМҰУ-де қазір «сопылардың» «Темірқазық» сосын «Шұға» деп аталатын қыздар клубы бар. 2004 жылдың 14 қыркүйегіндегі «кіші құрылтайдың» хаттамасында «Әбжат» клубының жұмысын жүргізу айтылған. 21 қыркүйектегі хаттамада Алматы қалалық әкімшілігі жанынан «Мирас» жастар клубын ашу көзделген. Мұның бәрі - декаденттік клубтар емес, секталық құрылымның ячейкалары.


«Жақсынікі – жария, жамандікі – құпия»


Исматулламен көзбе-көз кездесіп,ауызба-ауыз сөйлесуге бірнеше рет әрекет қылдым. Осы орайда басымнан өткен бірер жайды айта кеткім келіп тұр. Былтыр, ол кезде «Қазақстан» телеарнасында жұмыс істейміз, Б.Қосбармақов екеуміз Қасым Аманжоловқа да қолқа салдық – «тақсырмен» көрістіруін сұрадық. Өйткені, «жамағаттың» бір адамы ертіп бармаса, «тақсыр» кез-келген адамды қабылдай бермейтінін түсініп қалған едік. Әрі әріптес, әрі «ағалы-інілі» боп іштартып жүретін Қасым алғашқыда ыңғай танытқанымен, артынша біздің зікір салу үшін емес, журналистік зерттеуді мақсат тұтқанымызды білсе керек, бас тартты.


«Дәстүрлі дін дегеніміз қайсы?» деген тақырыпта сұхбат алмақ болып, екі «тақсырды» іздедім. 4-5 рет жолықтыруын сұрап, баспасөз хатшысы Е.Стамшаловқа хабарлассам да нәтиже болмады. 2004 жылдың желтоқсанның 9-ы күні «Нарымбай «тақсыр» Ақтаудан Алматыға ұшып кетті» дегенді ести сала түнгі сағат ондардың шамасында әуежайға жеттім. Ұшақ келіп қойыпты. Нарымбай мен С.Ыбыраев жүктерін күтіп, керме-белдеушенің арғы жағында тұр екен. Жүк келді. Нарымбай алшаң басып шығар есікке қарай аяңдады. Екі сөмкені қоларбаға салып алған Саят қағаздарын тексертіп, сәл кейіндеп қалды. Нарымбай бері өтіп, өздерін күтіп тұрған әлдебір адаммен амандаса бергенде мен де жетіп, төрт айдан бері іздеп жүргенімді айтқаным сол-ақ екен, «Мен ештеңе білмеймін, мен ештеңе білмеймін» деп алақтап, тұра қашты (тура мағанасында). Оның бойындағы бірер минут бұрынғы тәкәппарлық, тіпті үлкен кісіге тән салиқалылық әп-сәтте ізім-ғайым жоқ болды. Қапталдасып, бірер минут кідіріп, жөнін айтуын сұрасам да құлақасар ол болмады.


Исматулламен тілдесу мен үшін және осы тақырыпты зерттеп жүрген екі-үш журналиске мұң болды. Тіпті біздерді «қара тізімге» жазып қойыпты» деген де сөз бар. «Тақсыр» осы жылдың 7 қаңтары күні Қазақстан баспасөз клубында өткен «40-45 жыл бойы ізденіп жазған» (сол кітаптан – О.Ә.) «Құран сырларының әліппесі» кітабының тұсаукесеріне де келмей қалды. Мұны Нарымбай мен С.Ыбыраев «көзінше мақтағанда дін адамы қиналады» деп түсіндірді. Бірақ кітапқа, оның авторының білімдарлығына тәнті болып, мақтау-тілек айтқан адам болған жоқ. Қайта журналистер өткір-өткір сұрақ қойып «сопылардың» қоясын ақтарып, бетпердесін сыпыруға тырысты. Баспасөз мәслихаты аяқталған соң дәлізге шыққан бізді сопылыр қоршап алды. Әлгі кітапқа пікір жазғанның бірі —тарих ғылымдарының кандидаты Зікірия Жандарбек Б.Қосбармақовқа «Енді еліне –Маңғыстауға барса, аяғы сынатынын, онда білегін сыбанып жүрген 4-5 жігіт барын» да айтты. Сөз райынан «сопылардың» «тіміскі» журналистерге тісін қайрап жүргенін және неден болса да тайынбайтынын байқау қиын емес. Бұл сектанттыққа тән. Секта (лат. sekta – ілім, бағыт, мектеп) – орталық шіркеу немесе мешіттен бөлектенген діни топ, қауым; бас пайдасы, жеке мүддесі үшін халықтан қол үзген адамдардың тобы. Діни сектанттық фанатизмге, догматизмге, өшпенділік пен бұра тартуға бейім. («Энциклопедический словарь», Москва, 1997 ж).


Сопылар туралы ақпарат неге аз?


Жоғарыдағы баспасөз мәслихаты туралы бірді-екілі ақпарат құралы ғана хабар берді: «сопылардың» ықпалындағы БАҚ-тар кітапты барынша дәріптеп көрсетті. Басқалары «сопыактіге» - кезекті қысымға ұшыраса керек, материал дайындағанымен, эфирге шығара алмады, газет бетіне баса алмады. Мәселен, «Литердің» журналисі Әлжан Құсайынованың «Секта что ли?» деген мақаласы гранкіден ұшып кетті. Тіпті, баспасөз мәслихатына қатысқан «Хабар» агенттігінің журналистері де сюжет бере алмады. Ал «Айқын» газетінің журналисі маған редакцияға оралғанда басшылық материал дайындау бос әурешілік екенін айтты. Түсінікті жайт, себебі 1-қыркүйектегі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіның төрағасы Н.Дүтбаевтың экстремистік пиғылдағы сопылық ағым туралы айтқан мәлімдемесіне қатысты Б.Қосбармақовтың материалы («Тахриршілдер, ваххабшылдар, сопылар – діни экстремизмнің қазақстандық синдромы», «Айқын», 07.11.04 ж.) шыға салысымен «Литер-меdiа» басшылығына Ғ.Боқаш телефон шалып «ренішін» білдірген еді. Одан сәл кейінірек мен Ә.Дәуренбекұлымен сұхбат жасадым Сұхбатта Ә.Дәуренбекұлы бар болғаны «дін туралы дін адамы айту керек» деп, «Қазақстан» арнасындағы «Ақиқат сыйы» хабарының жүргізушісі С.Ыбыраевтың атына сын айтқан болатын. Бұл сұхбаттан кейін «телефон- терроршы» Ғ.Боқаш тағы да редакцияны «бомбалай» бастады. Содан бері «Айқында» «сопылар» туралы жазу мүмкін болмай қалды.


Әрине, бұл жерде барлық ақпарат құралдарының басшылары «сопы» екен», болмаса, «зікір» салып кетіпті» деген ой тумаса керек. Гәп мынада – БАҚ басшылары өздерін медиа-элита санайды, «тең-теңімен, тезек –қабымен» дегендей, бір-бірімен әмпей. «Қарға – қарғаның көзін шұқымайды», бір-бірімен жүз шайысуға, бір-бірі туралы сыни материал жариялауға қай-қайсысы да құлықты емес. Мұны тіпті жазылмаған корпоративті мүдделестік деп біледі. Ара-тұра жылт-жылт етіп «Қазақстаннан» көрініп қалғысы келетін пендешілік дәме тағы бар. БАҚ басшылары арасындағы мұндай «көңілжықпастық» ұлт тағдырына, ұлт тұтастығына қатысты проблемалардың айтылмай қалуына себеп болып отыр.


Сопылардың тактикасы немесе «аңқау елге – арамза молда»


Исматулла елден қуылып, бір рет аузы күйгеннен кейін «сопылар» жаңа тактикаға көшті. Шәкәрім өлеңдерінің өздеріне ыңғайлысын іріктеп, редакциялап, «Иманым» деген атпен кітап етіп шығарды. Қазақ фольклорын, аңыз-әпсәналарды бұрмалап өз идеологиясына ыңғайлап алды. Батыстағы Бекет атаны А.Йассауидің «шәкірті» етіп жіберді. Абайды да сопылықтың уағыздаушысы етіп көрсетуге тырысып жүр. Мұның бәрі өз нәтижесін берді. Өйткені фольклор мен әдебиет – қазақтардың ең жанды жері. Аңыз ертегілердің кейіпкерлерін қазақтар идеал санайды. Өзін қазақпын деп айтатын әр адам осы арқылы есейеді. Қазақтың осы бір жанды жерін дөп басқан сопылар өздерінің “зікір”, “жүректі тазарту” сияқты ілімдеріне бүркеншік етіп алды.


“…Қызылорда облыстық филиалы жұмысы діни, рухани мұралардан, Йасауи жолының ұлттық дүниетанымдағы орнын түсінбейтін мемелекеттік қызметкерлер тарапынан қысымға алынып отыр. Қызылорда облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы Б. Ұзақбаев мырза біздің бірлестіктің мақсат-мұраттарын жете түсінбей, әрі діни білімінің аздығынан филиал қызметіне теріс сараптама беріп, заң орындарын айдап салып отыр.


“Сенім. Білім. Өмір.” РҚБ-нің бірнеше мыңдаған мүшелерінің атынан мемлекеттік саясаттың талабынан туған осы ізгі бастамамыздың Қызылорда облысында өрістеуіне кедергі қойып отырған облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы Б. Ұзақбаевтың қысымынан арашалап алуыңызды сұраймыз”… (22.04.03ж).


ҚР Бас прокуроры Р.Түсіпбековтың атына жазылған бұл хат болсын, басқаларында болсын сопылар өздерін Президент Н.Назарбаевпен бір діни ағымда кетіп бара жатқандай етіп көрсетеді. Түркістанда өткен қазақтардың 2-құрылтайында Ахмет Йассауи туралы Президенттің айтқан сөзінен хаттарға үзінді қосып, оны “сопы” етіп қояды. Осы арқылы өздерінің ыңғайына көнбеген «басы асау» оқу орындарының басшылары мен мемлекеттік шенеуніктеге сес көрсетіп отырады.


«Шынның жүзі» хабарында қоғамдық-саяси мәселелер жайында әңгіме айтып отырған Алтынбек Сәрсенбайұлына жүргізуші Қ.Аманжолов бас-көз жоқ кенет «Йассауиге көзқарасыңыз қалай?» деп сұрақ қойды. Әрине, мұндайда кез-келген адамның «дұрыс» деп жауап берері сөзсіз. «Сопылар» осындай қитұрқы жолмен «тілінен тартып», пікір айтқызып, қазақ зиялылары мен қоғам қайраткерлерін де “өздерімен бірге” екенін, “сопылықты олардың да қолдайтынын көрсетуге тырысады. «Күлтөбе» хабарының көздейтін басты мақсаты — сол. Хабарға міндетті түрде 3-4 «сопы» қатысады. Күнібұрын дайындалып, өзара сөз байласып алған олар әңгіме ыңғайымен қақпайлап, аты дардай академиктерді, мүйізі қарағайдай жазушыларды өздерінің «сопылық қорасына» кіргізеді.


Бұл тактика «сопылардың» апта сайынғы «кіші құрылтайында» нақтыланады. Айталық, анау-мынауға елітпейтін, басқалар сияқты эфирде жылтыңдай бермейтін, бірбеткей, принципшіл жазушы Мұхтар Мағауинді «арбау» екі рет 2004 жылдың қыркүйек айындағы «кіші құрылтайдың» жоспарына кіріпті. “Б.Атығай Зікірия аға мен Саят ағаны М.Мағауинге жолықтыруға тиіс. +” . Мұндағы “+” таңбасы тапсырманың барынша маңызды екенін және шаруаны тездетіп бітіру керектігін білдіреді. Бұл тізімде белгілі жазушылар Қ.Жұмаділов, Т.Әбдікұлы, Қ.Ысқақтың да аттары ұшырасады.


Дінтанушы М.Меңлібеков «Кезінде Бағдатта саяси билікке келген сопылық ордендердің сұхбат-жамағат-шухрат-опат тактикасын қолданғанын айтады. Сұхбат – адамдарды тарту, жамағат – қауымға ұйысу, шухрат – мәшһүр болу, қоғамның басым бөлігіне ықпалын жүргізу, опат – «жамағат» еместерді мәжбүрлеп өз қатарына қосу, көнбегендерін опат қылу. Исматулланың сопылары қазір Алматыда, Семей өңірінде, Түркістан маңында «жамағат» деңгейінен асты. Ал Маңғыстауда сопылар өздерін «шухрат» деңгейінен астық» деп сезінетін сияқты. Бұл жорамалға қисынды дәлел айту үшін «Адай ата» кесенесін салу идеясының қайдан шыққанын және екі жыл бұрын Өзенде болған кейбір жайттарды талдау керек. Материалдың ауқымын ескере отырып, бұл мәселені жеке қарастырған жөн деп тамтым.


Сопылардың артында қандай күштер тұр?


Бұл турасында екі жорамал бар.


Кезінде Ауғанстандағы талибтерді қолдаған Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Беназир Бхуттоның идеологтары Орталық Азияны да өзіне ықпалды ету мақсатында түрлі жоспарлар жасағаны белгілі. Мушаррафтың әскери төңкерісінен соң олар шашырап кетсе де кейбірі әлі бой тасалап жүр. Болжам айтушылардың кейбірі қазақстандық сопыларды бхуттошылармен байланыстырады. Айтатын аргументі – Исматулла Пәкістаннан келген. Енді бір болжам жасаушылар “Жоқ, бұлардың артында шейіттер, яғни Иран тұр” деп қарсы дау айтады. Өйткені, қазақстандық сопылардың идеологиясында шииттік ағымның элементтері бар. Осыдан екі жыл бұрын Түркістанда өткен сопылардың құрылтайында (пірге қол беру рәсімі) Исматулла “әділеттік орнату үшін жер бетіне Мәді шықты, қазір ол Пәкістанда жүр” деп мәлімдеме жасапты-мыс. Мәді – шииттер үшін жоғалып кеткен он екінші ғайып имам. Сондай-ақ, Исматулла өзінің кітабында суниттер әділ халиф санайтын Омарды анекдотқа қосып әжуә етіп қойыпты. Осы және басқа да шиизмге қатысты дәлел айтушылар Исматулланы Иранмен байланыстырады. Ал Иранның әлемдік саясатта Ресеймен мүдделестігін ескерсек, «сопылық жоба» Мәскеу арқылы жүргізіліп жатыр ма?» деген пікір қылаң береді. Әрине, сырт көзге бұл пікір қисынды болғанымен, нақты, әрі дәлелді фактілер жоқ. Жоғарыда айтылған екі болжам көп зерттеуді талап етеді.


Кезінде елден аласталған Исматулланың артынша Қазақстанға оралуына, «сопылардың» еркін жұмыс істеуіне, тіпті күшейіп кетуіне қатысты болжам айтушылар “зікіршілерді мемлекеттің жоғары лауазымды шенеуніктерінің кейбірі қолдап отыр” дейді. Соның бірі деп Иманғали Тасмағамбетовтың аты аталады. Өйткені Исматулланы өткен жылдың басында И.Тасмағамбетов қабылдаған. Ол Ғалым Боқашқа да әрдайым қолдау жасап жүреді. Сопылықты уағыздауда белсенділік танытып жүрген Е.Еміл, Б.Атығай, Б.Мүрсәлім және тағы басқалардың әлеуметтік проблемасын шешуге қол ұшын созып, үй алып берді. Бұл аргументерде де қисын болғанмен, дәлел жоқ. Бұл жерде мәселенің бәрі сопылардың құйтырқы тактикасында жатыр: үлкен лауазымды немесе қоғамда беделді адамдарды қалқалап, өздерін солармен бірге етіп көрсетеді. Кейде солардың атынан сөз айтып, былайғы жұртқа доқ көрсетіп қоятын тәсілді де қолданады. Сопылардың қарқын алып бара жатқанын әзірше олардың осы тактиканы жақсы меңгеріп алғанымен ғана түсіндіруге болады. Сондықтан сопылардың артында мығым күш бар деп болжам жасауға әлі ерте.


Менги
29-04-05 03:08
Шпионка
25-04-05 07:36
2Мурат

Вай! Сумырай Бекболат оз!нд! Муратпын деп жазу к!мге керек ед!?

Берік
22-04-05 12:00
Соңғы 3-4 жылдың көлемінде ұлттық иісі бар сапалы бағдарламалар дайындап, көрерменнің назарына ұсынып жүрген бұл арнаның қазірде басына бұлт үйіріле бастаған сияқты. Оған "Жас алаш"-тағы сопыларға қарсы жазылған материалдар мен 31-арнаның бұл тақырыпқа қайта-қайта соғуынан аңғаруға болады. Мұның артында басқа біреулер тұрғаны анық. Сондықтан, енді еңсесін тіктеген ұлттық арнаны қайтадан "өшіріп" тастамас үшін, ондағы бірен-саран "сопыны" (Санжар, Рахат, Болат сияқтыларды) жұмыстан қууды ұсынамын.

Shoka
Shoka@ok.kz
19-04-05 17:39
Калайсындар братья как ваши дела меня зовут Шокан я из Астаны Учусь в Аграрном универе на 1 курсе мне 19 лет

Долана
18-04-05 12:44
Жiгiттер елдiн ендiгi президентi туралы рубриканы кiм кордi. Мен коре алмай отырмын. Машкевич алып тастады ма

Улжан
Lapachka@lust.ru
15-04-05 13:33
Я хорошо воспитанная девушка.

У меня очень много друзей.

Для меня в жизни самое ценное это дружба.

Пишите, будем хорошими друзьями!

Улжан
Lapachka@list. ru
15-04-05 13:13
Я хочу познакомиться с тобой.

Я хочу узнать о тебе по больше.

Надеюсь мы хорошо пообщаемся. Да?

Мой адрес: Lapachka@list. ru

Напиши писмо!!!

ХХХ
14-04-05 14:28
шпионка сен дурыс истедин,Бекболат сиякты сумырайларга катал тим салмасак

котине коныс таба алмай жур екен!!! :)



Шпионка
14-04-05 14:24
Толык малимет алгыныз келсе томендеги силтемелерге кируинизге болады!!!

Общение: Список форумов -

Форум: Танысу -

Такырып: Үйленгім келеді! Маған тиетін қыз барма



Бекболат (neo_bek@ok.kz)


Шпионка

05-03-05 07:54

Так, Бекболат жайында айтайын,

Ол мулде сулу емес, алдайды

1984 жылгы, кыздармен жург!ш

Ташкентте,Юнус Абадда турады

к!мге керек болса дом, квартирасын жазамын

просто ол Казахстаннын отырып калган кыздарынын уст!нен кулмекш! болып бул топикт! ашкан

кыздар бул топикке к!рмендер



Шпионка

10-03-05 12:17

Жакпады ма? Я же шучу

Мен сени 1984 жылгы кыздармен байланыста болгансын демед!м

Оз!н 1984 жылгы болсан пацан, цапляк

Ю-Абад 6, Д.9, Кв.7

В этом адрессе живет сексуальный маньяк - Бекболат :)



Шпионка

11-03-05 09:30

Томендег! создерд! Админ емес Бекполат жазган

Енд! кыздар оны захар 12 карыз т!л! бар екен :)

Я же шучу

Не нервничай

Это тебе вредно малы


Имам Шамиль
13-04-05 23:06
Жакинда Амангелди Айтали котерген парламентеги тил маселесинин натижесин коргеннен кейн.Намисим козип осиндай парламенттин бизге каншаликти пайдаси бар деген ойга келдим.

Курметти жамагат сиздер не ойлайсиндар сони билгим келеди.

Оз басим Айтали Шаханов Кайсаров секилди депутаттарга кажимас кайрат тилеймин.Ултин саткан опасиз иттерге айтар созим жок.



страницы:    4   3    2    1    в начало »   


Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail: (будет виден всем)
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2014   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Интернет-агентство «Браффорд»Реклама | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создание и управление —
«Ижанов и Партнеры»