Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Шежipe
Тақырып: Ұлы жүз, Шақшам болсаң қабарлас


Авторы Xабарлама
Бейбіт
beibit@taxtaraz.mgd.kz
09-03-07 09:20
Ұлы жүз... Байдолла, Шақшам туралы мәліметтер және нұсқаулар болса Үлкен Рақмет. Қазақ шежірелерінде кездестіре алмадым. Ауыл ақсақалдары ШАҚШАМ АТА Бәйдібектің бауыры Байдолладан тарайды деседі.. Жамбыл, Меркі, Тілеміс батыр ауылы, Шымкент, Ташкент Шыршық кенттерінде тұрады екен. Сіз не қосасыз.

Авторы Жауап
Айдана
10-07-17 10:22
менің де руым шақшам.ОҚО Бәйдібек ауданы Қошқар ата ,Кеңсай ауылында тұрамын .Біздің ауылда шақшамдар тұрады Шақшам шежіресін тарихын білгіңіз келсе интернеттен ''шақшам шежіресі ''деп ізденіз сол жерден ''шақшам-уикипедия '' оқып шығуыңызға болады.Барлық сұрағыңызға жауап таба аласыз
Серик
bekeev serik@mail.ru
13-01-17 18:29
мен Бекеев Серик 1972ж. Бекыден тараган Садыктын немересымын Исажаннын улымын. Актоган ауылынын ШАКШАМЫ болам.
Сұлтан Нұртөре Қолғанатұлы
nurtore.sultan.99@mai.ru
26-10-16 04:55
Менің есімім Нұртөре. Əкемнің есімі Қолғанат. ОҚО, Бəйдібек ауданы , Кеңсай ауылында өстім. Қолғанат>Өмірбай>Сұлтан>Қисық>Қожагелді>Мыңбай>Шабақ> 87755645966 nurtore.sultan.99@mail.ru Қазір Астанада,ЕҰУ(ЕНУ)-да оқимын.
Ержан
Ezhan88@mail.ru
08-10-16 07:45
Менде жамбыл облысы Мерейлі Мерке ауданының тумасы Шақшам елінен Тілеміс батыр яғни Ақтоғанның шақшамы Акшақшам дегенимен мен ол ауылда тұрмадым Меркеде турамын Жамбыл Колхозында орталығында дегенимен Шақшам руы туралы кеңінен ақпарат алсам деген едім, қазір алматыда жумыс истеймин алматыда шакшам бауырлар болса хабарласып турайык 87756862015 ватсап
Ержан
Ezhan88@mail.ru
08-10-16 07:40
Шақшам руы туралы нақты мәліметтер мен деректерді қайдан алуға болады?
Нұрсұлтан
Nurikorken9698
24-04-16 07:41
Мен Бәйдібек ауданы, Борлысай елді мекенінің тумасымын Руым - Шақшам
Мерей
merei_love.96@mail.ru
08-04-16 21:06
шақшамдар ози кандай руы жузі маған айтыныздаршы мен елім шакшам брақ ештене билмим елім жайды
Мерей
merei_love.96@mail.ru
08-04-16 20:57
Асанкулова Мерей Ерболкызы акемнин фамилиясы Досанов екен мен ешкимди танымаймын елим шакшам мерки ауданынын большивик ауылында турган екен туыскандарымды здестирип кориниздерши отнем
Мерей
merei_love.96@mail.ru
08-04-16 20:51
Салам мен Шақшаммын Мерки жақтағы большивик жактан екенмин билмим аке шешем ажырасып кеткен Досанов деген фамилия барма ол жакта туыстарымды здеп жур единмин мен Ақпаратпен Мерей Ерболкызымын
серік парманкулов
parmankulov.serik@mail.ru
10-02-16 11:26
Салам бауырлар, мен Ташкент облысы, Бостандық ауданы Шақшам елінен болам хабарласайық.
нурдаулет
daulet.97
04-07-15 17:09
Асаламалейкум агаиндар мен Уз.Ташкент Шыршык каласы бостандык ауданы Газалкент.Шакшам ауылында дуниеге келгем. Казыр Шымкентте турамын.Шакшам.
Айдос
Aidos14_9292
27-06-15 11:54
Men. Bolwivikte turamin wahwammin. 4
Айдос
Aidos14_9292
27-06-15 11:48
Assalaumagaleikym jamagat
Askhat
as_akm@mail.ru
16-03-15 07:16
Асаламалейкумдер! Актау каласынан шашкшам болса хабарласайк. сот тел 8 775 000 88 64.
Сауле
cool.mereyka@mail,ru
14-03-15 21:06
Баймбетов Нурбол менің туысым ба? Әкем баймбетов Батырханның мұрат деген кластас туысы бар екенін анамнан естіген едім. Актогандағы Большевиктегі Баймбетовтар мен сіздердің Сауле деген ҚАРЫНДАСЫҢМЫН. ХАБАРЛАСЫҢЫЗДАР.!!!!!
Аман
abeke_tb@mail.ru
13-02-15 05:47
Шақшам бауырлар! Баспадан көптен күткен "Шақшам елінің тарихы" шықты. Кітап саны санаулы, 300 дана. Ұялы сымтетік 8701763 6221
Еркебулан
eka_tn@mail.ru
07-11-14 07:56
Мен Жамбыл облысы Мерке ауданы Актоган (Большевик) ауылынды тугам. Кизир Тараз каласында турам. Шамшам Шежиресинде бир куни колыма алып окимын деген умитим зор. Биз ҚАЗАҚпыз бириншиден, бизге жузге. елге болинудин кажети жок, бирак дегенмен озимиздин шежиремизди билген жон. Жети аталарынызды билип журиниздер солардан тарагандар агайындарынызды жогалтпай курметтеп журиниздер.
Еркебулан
eka_tn@mail.ru
07-11-14 07:49
Ассалаумагалейкум Шакшам ели. Мунда небир коментарияларды окып шыктым арине биз накты малиметти билмеймиз кытай тарихшылары баскаша жазган ташкент тарихшылары баска жазган казак тарихшылары анызды тарих кылып жазган. Мен жакында Туп Тукиянын Озиме Шейн деген китап окыдым авторы Шапырашты Казыбек би Тауасарулы. Ол китап восновном шапыраштылар туралы солардын шежиреси бирак ол китапта жаксы казах тарихы жазылган жане шежиреде жаксы жазылган. сол китапта биздин бабамыз Шакшам туралы да айтылады. Биз кайдан тараганбыз кимдермен турган кай онирде турган бари жазылады. Еринбей сол китапты алып окып кориниз козиниз жетеди мунда жазылганнын бари ертеги екенине.
Таслима
tasyatsm@mail.ru
22-07-14 10:17
Салем бауырлар! Мен Меркенин шакшамымын.
Габит
gava-085@mail.ru
02-07-14 11:21
Шакшам шежіресі туралы кітапты алмай калдык ендігі кітап кашан шыгады екен
Аман
abeke_tb@mail.ru
18-03-14 08:54
Сәлем шақшамдар! Шақшам шежірелік кітабы баспадан 2014 жылдың сәуір-мамыр айларында шығады. Шақшам тарихы жыл аяғына дейін жарық көруі мүмкін! Аман.
Гульайым
gyltaraz@mail.ru
07-02-14 09:37
Cәлем шақшамдар, мен Меркідегі шақшам елінің президенті - Үсенқұлов Әділ Сейдкрамұлының қара қызымын))))

Аруна
aruna_17@mail.ru
12-12-13 22:26
Я с Мерке тоже Шакшам,щас в Москве((кто здесь из наших в Москве пишите aruna_17@mail.ru
Ерлан
Erla.74@mail.ru
08-12-13 20:26
Аталған жылнамаларда Шақшам тайпасы қытайдың грамматикалық ерекшеліктеріне байланысты Шато деп көрсетілген.( Жұңғо тарихи сөздігі, түрік тарауы») Шақшам сақтар мен ғұндар тайпалық одақтары тарағанда, солардың қалдықтарынан құралып пайда болған тайпа...Осының бірі Үйсіндер құрамындағы Шақшам болса керек. Сондықтан Үйсін-Бәйдібек әулетін таратқанда, авторлар шежіреде Шақшамды ескерте бермеуі де кездейсоқ емес.
Ерлан
Erla.74@mail.ru
08-12-13 20:22
Шақшамдар
Ерлан
Erla.74@mail.ru
08-12-13 20:21
Шақшамдар
Шаханов Мұхтар Маратович
muha.1990mail ru
17-10-13 19:27
Ауылым Меркі Ақтоған Алдешбаев Марат Шаханович акемнін аты шахан .қазір Тараз қаласындамын.Тел.87013629080.
Ернур Толендиев
Tolendiev-82@mail.ru
06-09-13 21:46
Ассалаумуагалейкум буырларым, мен актас жактын шакшамымын Меркеде болгам Актоганда шежире жазуга барганбыз.бир топ ауылда шакшамдар туратынына базар жок ризамын. Шымкенте турам бундада бауырлаымыз коп Арласайык бауырлар!!!

zhan
15-07-13 00:09
Актауда сварщик болып жумыс истеитин шакшам жигитти тауып бериндерши,есими Талым,алдап кетти
zhan
15-07-13 00:05
тапап
Муратхан 80
30-06-13 17:29
мен Тілеміс-батырдын тікелей шобересімін салам шакшам бауырларга

Ермек
ermek_edil@mail.ru
15-05-13 16:44
Салаумалейкум бауырлар Жамбыл обл Кулан ауылынан болам дружба жибериндер Улы ЖуЗ Шакшамын!

карлыгаш
karla-26.74@mail.ru
08-05-13 19:23
шақшамдар, армысыңдар
erbolat
jumali1997@mail.ru
07-05-13 14:28
менде шакшаммын. Баримиз туыспыз

Нариман Даулетов
nkdpt@mail.ru
30-04-13 20:27
Шакшамнын шежиреси керек болып жатса хат жазыныздар жиберемин

Улбосын Азимбекова
ulbosi_94@mail.ru
24-04-13 07:34
Ассалямуалейкум шакшам бауырларым!сиздермен сойлеским келеди.мен жамбыл обл талас ауданынан боламын.oз руым жайлы толык малимет алгым келеди.

Алима
mechta_love_92@mail.ru
23-04-13 08:50
Сәлеметсіздерме! сіздерге не болған шақшаммын деп бөлініп, бәріміз бір қазақтың баласымыз ғой?! қажеті қанша бөлінудің? Шақшам елін тек қана аты шулы бұзықтар деп естиміз соған сіздер мақтанасыздарма? артық кетсем ренжименіздер!
рауан
shaxsham_merke.kz@mail.ru
12-04-13 20:03
ассалаумагалейкум ШАКШАМ бауырлар!!!
Серикболсын Талим улы 15.01.1999 жыл
31-03-13 10:39
мен шакшам руынан тарагамын аталарым Тлеу,Борибай,Кадыр,Турланбек шакшам агалар аман болындар Мерк! Актоган Абай кошеси 48 уй
Талым Турланбек улы
31-03-13 10:28
салам бауырлар ШАКШАМДАР кобеиндер жане аман болаиык
Жумаханов Мейiржан
meka-93.93@mail.ru
27-03-13 23:53
Мен ШАКШАММЫН!!! Меркi ауд Актоган ауылы(большевик)
гульнара
istambekovna1965@mail.ru
10-03-13 22:10
салем бердик,меркелик шакшам бауырларым,ким шакшам туралы дурыс шежирени биледи екен,сондай билгим келеди,сураган адамдарым дурыс малимет бермейди
Ахат Әсілбайұлы
ahat--90@mail.ru
28-02-13 15:00
Хабарландыру!!!
Шақшам бауырлар!!!
Құрметті шақшам бауырлар! Ассаламағалейкум! 3-наурыз күні Меркі ауданы Меркі ауылы \"Астана\" мейрамханасында ауыл азаматтарының қолдауымен және ұйымдастыруымен Ақтоған ауылы аналарын 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен салттанатты түрде құттықтау іс-шарасы өтеді. Осы іс-шараға бір ауыздан ауыл азаматы ретінде бір атаның баласындай жең түре ат салысуға шақырамын. Іс-шараға ауыл азаматтары, алыс-жақындағы Шақшам бауырлар және ауданның беделді аналары және азаматтары қатысады. Салтанатты кеште дастархан жайылып, ас беріліп, концерттік бағдарлама қойылымы көрсетіледі. Барлығы 300 дей адам қатысады деп жоспарлануда. Ауыл әкімі Олжабек Қосубаев ағамызбен Аудан әкімі аппараты басшысы,ауыл ағасы Мейірхан Өмірбековтер бастамасымен іске асырылатын шараға қатысуға шақырамын. Осы жақындағы Тілеміс батырдың тойын беріп, ат шаптырып, ас бергенімізді білесіздер. Аталған шараның көлемі кіші болғанымен ауылдың беделімен-бірлігін көрсетудегі ауқымы аз емес. Осын игі бастамалардың басы-қасында жүруге шақырамын. Ауыл азаматы ретінде осы іс-шараның жүргізушісі ретінде, және аудан әкімшілігі жастары атынан қойылатын қойылымға қатысу, маған артылған міндет және абырой деп білемін. Судың өзі тамшыдан құралады демекші бір қол ұшын беріп атсалысу барлығымыз үшін азаматтық борыш. Қыздың елі- келін болып түскен жері демекші, Аналар мерекесі құтты болсын Ағайын! Дендері сау болып ұзақ жасауларына шын жүректен тілектеспін.

Ақпаратық қатысушылар: \"Қазақстан-Тараз\" телеарнасы және \"АқЖол\" газеті редакциясы.
\"Қазақстан-Тараз\" телеарнасы ауыл тыныс-тіршілігімен танысып 2-күн ақпараттық демеушілік жасайды.

Меруерт
meltem.kz@list.ru
05-02-13 10:36
Salemetsizderme.Ryum-Wakwam.akem Merki oniri Aktogan ayulunan.Wakwam wejiresi jailu bilgim keledi
еркебулан
naiman_karakerei95@mail.ru
28-01-13 13:26
шақшам руға кірмейді ғой ұлы жүз 11 ата болу керек 12 ата болып кетті онда орта жүз 15 ата болсын ұлы жүз 11 ата орта жүз 6 ата 25 ата кіші жүз
Руслан
r7007777007
25-01-13 20:38
Ассалямуалейкум Шақшам атадан тараған бауырлар! "Ынтымағы жарасқан елдің алмайтын асуы жоқ"- деп ауыл округтық мекеменің алдына өте орынды жазып қойған екен. Бірліктеріңді одан әрі қарай нығайта берсеңдер,расында көптеген жетістіктерге ие боласыздар деп сенемін. Алға АҚТОҒАН!
Зулпыхар Ал-ШАКШАИМ
PERNEEVZULFIKAR@MAIL.RU
21-12-12 19:54
шакшамдар хабарласындар!
Нуржан
kosa.taraz89@mail.ru
27-11-12 07:39
Шакшам манголиядан келген 14-15гасырлар аралыгында.Оны Ошакты руынан бир киси тауып алып асырайды!Тауып алар алдында ол киси насыбайын десе шакшасын таппай калады,сон алги бала шакшасын тауып алып келеди содан ол баланын атын шакшам деп кояды.Cодан кейин Ошактынын атасы оз баласы ретинде шежиреге жазайын десе бузыкшылык жасап кашып кетеди.Сондыктан шеширеге туспей калган!
Динара
asylhanova_dinara@mail.ru
12-11-12 09:04
Ќайырлы кїн баршаѕызєа!!!
Меніѕ руым тґре, біраќ јкемніѕ айтуынша біз жїзге жатпаймыз, ал басќа елдер жїзге жатат бейді , маєан шежіре тўралы аз-маз маєлумат алуєа кґмекстессеѕіздер екен.
Рахмет с/н Динара
Айдос
aidos_sh-er@mail.ru
12-11-12 08:45
ШАҚШАММЫН Меркі ауданы Ақтоған ауылынан
Камила
kamichok_93@mail.ru
12-11-12 08:42
Меркі жеріненмін
Камила
kamichok_93@mail.ru
12-11-12 08:40
Мен шақшамға жиенмін
Медетбеков Мейрбек Нурбекович
meirbek._88@mail.ru
06-11-12 14:31
Шақшамдар жиналыңдар
Медетбеков Мейрбек Нурбекович
meirbek._88@mail.ru
06-11-12 14:28
Шақшамдар 9-10 қарашада Меркі ауданы Ақтоған ауылында өзіміздің Тілеміс Батыр атамызга арналган ас болады
Иемберді Айдан
aidan_97.31
25-10-12 12:03
Салам бауырлар шақшамдар туралы білгілеріңіз келсе жақында Ақтоған ауылында шежіре ашылады келіп коріңіздер,мен Ақтоғаннанмын

шахшам
serikzhan_oserov@mail.ru
09-10-12 18:21
Мен Меркі ауданы Ақтған ауылында тұрамын
Гулжаухар
guljauxar_tap@mail.ru
02-10-12 08:38
салем барыне!!! мен де шакшаммын)))
Гүляат
arzieva_gulzat_91@mail.ru
19-09-12 21:12
достар \"тарих\" сөзінің грекшесі мен арабшасын кім біледі? маған қазір керек коргендер болса жауап жазсыншы
Нурбол Байымбетов
nurbol_198398
31-07-12 20:45
Бауырлар аман болындар. Бiз 5 агайындымыз мен Нурбол iнiм Нурбек Максат Нуркен Бекмырза
Бiз Шакшамбыз акем Мураат атам Тунгышбек
Нурбол Байымбетов
nurbol_198398
31-07-12 20:14
Мен Нурбол менде шакшамын Жамбыл обл Мерке Ауданы Актоган Ауылы
Нурбек
n_f06.07.09@bk.ru
01-06-12 09:39
Салам алеукум бауырлар!!! Менде шакшаммын, Қаратаудан боламын!!! Аталарым байдибектен!!! Хбарласындар агайындар!!!
arman
zhapalaq@ok.kz
31-05-12 14:48
Дулат Шымыр Темир Кокирек Богежил Жаныс т.б. барлыгын мына жерге кириндер: http://dulat.maxbb.ru
Бул Дулатар форумы http://dulat.maxbb.ru

Осы жерге тиркелип жазсаныздар , бирге араласамыз

омиали
omka_BOTA
03-05-12 01:01
МЕН МЕРКЕДЕН ЮБИЛЕИНЫИДА ТУРАМЫН ХАБАРЛАСЫНДАР
Ләззат
lyaka_st@mail.ru
29-03-12 12:55
Сәлем шақшам бауырлар! Мен Жамбыл облысы Меркі ауданы, Ақтоған ауылында тұрам. Менің әкем Құралбаев Серік, нағыз шақшам!!!! Бауырлар хабарласып, хат жазысып тұрайық.
Janerke
janym98@mail.ru
16-03-12 09:14
Салеметсиздер ме)) КАМБАР бар ма екен бул жерде?
Ермек
ermek_edil@mail.ru
09-03-12 16:57
Мен озімнін жеті атамды білгім келеді бауырлар комектессендер Жамбыл обл Тұрар Рыскұлов ауданында тұрам.

дархан
darhan_toi
25-02-12 23:13
ассалаумағалейкум шақшам бауырларым менде шакшаммын мен жамбыл облысы Тұрарысқұлов ауданы Кұлан аулында тұрамын енің ауылым меркі ауданы Ақтоган аулы.Менің агайындарымның бәрі Ақтоған ауылында тұрады.Мен жеті атамды білгім келеді озім екі атамның атын білем Тойлан,Орынбек қалған аталарымды білмеймін қалған аталарымның атын іздестіріп комектесіндерші бауырларым. Білген естігендерің болса мынаған хабарласындар e-mail: darhan_toi ДРУЖБА ЖІБЕРІҢДЕР ОБЩЕНИЯ ҰСТАЙМЫЗ.
Аман
21-02-12 10:05
«Жебе-шақшам»
қоғамдық қоры

ҚҰРМЕТТІ БАУЫРЛАР!

Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ақтоған ауылында, өз туған жерімізде Тілеміс бабаға арналып құны 3-5 млн. тенге болатын Тілеміс мектебі жанынан биіктігі 9 метр болатын монумент – стелла тұрғызылуда. Сол сияқты құжаттары түгел дайындалып 11(он бір) гектар жерді алатын үлкен саябақ қоршалып, декоративті ағаштар егіліп, аквапарк, атракциондар, жүзу бассейндері бар демалыс орталығының құрылысы жүруде. Үш жылда
жағдайы ең төмен төрт отбасына жаңа үйлер соғылып берілді. Алдағы уақытта ұлан- асыр жұмыстар атқарылмақшы. Осыған сәйкес «Жебе-шақшам» қоғамдық қоры ашылды. Егер туған жерге қол ұшын берем, көмек көрсетем десеңіз қордың реквизиттері төмендегідей:

Банковский счет
Наименование:
Общественный фонд
«Жебе-шақшам»
РНН 600300598945 КБЕ 18
ИИН/БИН 111140010789
В национальной валюте (тенге)
КZT- КZ70856000004912753
Доллар – КZ77856000005022528
Евро- КZ39856000005022533

БИК(код банка) KCJBKZKX
Реквизиты нашего банка
(только для оплаты в тенге)

Наименование банка
АО Банк Центркредит
РНН Банка 600300022316
КБЕ 14
Сұрақтар бойынша
«Жебе-шақшам» фондының
төрағасы Жүнісалиев
Темірғали Теңізбайұлына
хабарласуыңызға
болады:
8 702 135 82 37
8 705 445 76 39


СУЛТАН ҚАРАТАУ
SULTAN_95.01@MAIL.RU
11-02-12 12:17
MENDE KARATAUDAN BOLAM. WAKWAMMIN
Ыдырыс
01-02-12 04:45
Сонда не, шақшамыз болмаса, хабарласпайық па?
Әліби
EMPTY_97
30-01-12 15:57
Менде ШАҚШАММЫН!!!!! Атам АҚТОҒАННАН!!!! АТАЛАРЫМ ШАҚШАМ, САРЫ, МӘЙІМГЕН, КҮНТУБАЙ, ОРАҚБАЙ, МӘСІРӘЛІ,САПАН
Бахтияр
Bahtiyar_388
08-01-12 14:04
Assalaumagaleikum againdar kalaisindar men karataudan bolam shakshammin
Нурлан Отарбаев
08-11-11 22:12
Шакшам Атамыздын аргы тег! \\" Мерейл! Мерке\\" к!табында бар.
Болат
bolat.orazimanov.76@mail.ru
27-09-11 08:50
Қытайға 20-30 жалдары кеткен атамызды табалмай жұрмін, іздеу жолын айтыңызшы, ақысын берем. ағайын bolat.orazimanov.76@mail.ru хабарласындар
Нуркелди
nurgeldi.96_kz
10-09-11 22:44
Салам ШАХШАМДАР мен АКТОҒАННАНМЫН, Русик сен кайдансын бауырым
Жандос
Zhandos140@mail.ru
26-08-11 10:34
Ассалаумалейкум бауырлар! Мен Албан руының ішіндегі жарты ели туралы білгім келеді, Байзақ атаның әкелері туралы білетіндер болса жазып жіберсеңіздер және "түп тұқиянымнан өзіме шейін" атты кітапты кайдан табуға болады?
Асқар
Askar_2191
15-07-11 18:50
ассаламу алейкум бауырлар шақшам туралы мәліметтер болса askar_2191 @mail.ru ге лактырындаршы өтініш
Талғат
Tbekmurza
01-06-11 12:22
Алашта бабам Ойсыл ағалаған,
Хас қылып хан Жәнібек жаралаған.
Шақшам мен Шапырашты, Ысты, Ошақты,
Сол кезде Дулат барып паналаған.
аман
aman_tb@mail.ru
20-05-11 14:50
Шақшам тайпасы Дулат тайпалар бірлігіне жатады деген ол жаңсақ пікір! Ойдан құратырылған пікірді теріске шығарып , оны дәлелдеудің ешқандай қажеті жоқ. Тарих пен шежіре мәліметтері түбінде Шақшамдарды Сіргеліден бөлініп шыққанын растайды.
Руслан
rusik18_93kz@mail.ru
05-05-11 07:07
Мен де шақшаммын Меркі өңірі Тілеміс батыр ауылынанмын. Шақшамдардың шежіресі биыл жарық көреді. Қорықпаңдар. Аталарыңды табысыңдар.
Тұрсын
Tyrsun@mail.ru
19-03-11 07:46
шақшамнын арғы аталары туралы мәлімет кайдан алуға болады? нақты дерек керек еді,т достар көмектесіңдерші
Айнура
uigurkaa
14-09-10 15:57
Қазахстанның этниқалық тәрбиесінің мақсаты, міндеттері негізгі мақсаттары
Алоуддин Уринбаев
aladin61@mail.ru
16-07-10 15:43
Ассалому алейкум братья и сестры.Очень жаль что я не владею писменным языком.Хотя очень стараюсь говорить сносно. Но язык временами клониться к узбекскому.Для узбекских казахам это как сама-собой , как в порядке вещей , а вот скажем "шистые казахи" и Казахстана просто не воспринимают (чувствуеш даже какое-то презрения), еще раз очень жаль...Коротко о себе : Улы жуз , шакшам предки из мерки...Помню папа всегда твердил "Жалпетег Дулат Меркиден шиккан Шакшам".В нашем (Таш.обл.) Чиназском районе в общем наберется 100-150 семей.У некоторых идет процесс "обузбечивания" , но никто не забывает что он из Шакшамовских кровей...
Ashat
as_akm@mail.ru
25-06-10 10:21
salamaleikum! Karatauda turatin adam barma plz v lichku jazinshi.
dulat balasi
05-04-10 18:35
ассалаумалейкум!!! dulat.flyfolder.ru осындай адреске келиндер шакшамдар, муше болып тиркелиндер!! кеиин улкен сайт жасаймыз
Кай
11-03-10 11:00
Қазақ тарихын ру-тайпа тарихын зерттемей білу мүмкін емес. Қазақ ұлты, Қазақ хандығынан көп бұрын болған, бәрі бір Қазақ деген адамның тұқымы. Үш жүзге қазақты бөлген Шыңғыс хан, өзі Үйсіннің Жалайырынан болғандықтан, Үйсіндер мен Қаңлыны ұлы жүзге жатқызған, қалғандарды біріктіру кезегі ретімен өрта және кіші жүз деген. Үйсінді кішкенесінде қасқыр емізгендіктен, Шыңғыс ханды бөрі жиені (бұрмаланғаны-боржигин) елінен деген. "Түп тұқияннан өзіме шейін" деген кітаптың қолжазбасы бар, ол Қазақстанның мемлекеттік архивінде сақталған.Балғабек Қыдырбекұлы араб әрпімен қазақша жазылған ол кітапты, кирилицаға көшіріп шығартқан.Қазыбек бек Тауасарұлы сол кезде өтірік жазды деп айтуға, бүгінгілердің хақы жоқ.
Meirambek
koishimanov.meir@mail.ru
22-01-10 11:58
Salammaleikum bauirlar!! Men Zhambul obl Merke audani Aktogan(Tilemis nemese Bolshevik!) auilinanmin!! Men SHAKSHAMMIN!! Elim Shaksham ruim Aitim!! Koishimanovtar aulietinenmin!!! Mende zhastaimnan Ong tustik oblisinda bizding negizgi shikkan zherimiz ekenin estip kelgenmin!! Biz Tilemis ata tukimimiz sizderdi tapkanimizga kuanishtimiz!! Bizding uide nagiz 1950zhili zhazip ketken shezhire bar!! Men Karagandida okudamin auilga barganda osinda tusirip zhiberem!! Menin uiali tell 87022542323

Ѓабит
gabit.fm@mail.ru
05-12-09 09:28
Мен Оњт‰стік Ќазаќстан облысы,Бєйдібек ауданы,Ќошќарата ауылында т±рамын,Єрине менде Шаќшаммын.Біздіњ ауылда шаќшам кµп.
Тµлендиев Ѓабит Ќайсар±лы
Алтынбек
Altunbek__91
05-11-09 11:20
Ќањлы елініњ ару ќыздары, шежіре тарихы туралы білетіндеріњіз барма?
Ермұхан
Ermukhan-94
19-09-09 10:59
Біз Бәйдібектің бауыры Байтулының ұрпағымыз! Атамыз Болат . Менің естуімше шақшамдар батыр, қайратты, жүректі де білекті болған деседі. Шақшамдар бірге болайық!!!!!
Жолдасов Аман
aman_tek@mail.ru
18-09-09 13:06

14.09.09
А . Жолдасов


Қазақ ұлтының атауы туралы
(тың пікірлер жинағы)
«Қазақ» атауы ғасырлар сынынан өткен сөз, халық арасында іріктеліп таразыланып бекітілген сөз, тазарып таңдалып орныққан сөз.
Сырт жақтан ешкім мұндай дәлдікпен мәні мен әлеуметтік мағынасын туралап көптеген ғасырлар жауынгер болып келген көшпелі халықты дәлме дәл сипаттайтын «қазақ» деген атауды айнытпай, дәл тауып қойуы мүмкін емес. «Қазақ» атауы халықпен бірге біте қайнап, ел ішінен пісіп кемеліне жеткен сөз, ал тарихи кезеңі келгенде, орнын тауып ел арасында тарихи заңдылықпен орныққан сөз. Сондықтан жаңадан жарық көретін қазақ халқының ұлттық идеясы «қазақ» атауының мәні мен мағынасына сай келуі керек.
Бүкіл елдің көптен көкейін тескен сауалға қатысты : өзінше ерекше тұрпаты бар, өзіне ғана тән мінез-құлпы қалыптасқан екі жүз баулы ру тайпалардан құралған ұлтымыздың атауы, яғни «қазақ» сөзінің түп төркіні мен мағынасы туралы жеке пікірімді ғылыми деректерді сараптай отырып, оқырман қауымының назарына ұсынғанды жөн көрдім.
Зерттеуші ғалымдарымыз «қазақ» сөзінің мән - мағынасы жөнінде көп жылдар бойы дәл басып, нақтылап айтпай, жалтақтап күмілжіген сыңай танытып келеді, ал кәзіргі заман талабына сай бұл мәселе туралы нақтылап батыл айтатын мезгіл жетті. Бүгінгі таңда оны негіздеп дәлелдейтін деректер мен мағлұматтар жеткілікті жиналды деп есептеймін.
Осыдан 2300 жылдан бергі бабаларымыздың тарихын, олардың құрған мемлекеттерін, тұрған жерлері жағдайын, әдет - ғұрпын, салт - санасын жазып қалдырған негізінде көне қытай тарихшылары және олар тіл ерекшеліктеріне байланысты сөз соңында дауыссыз дыбыстарды айтпайтын болғадықтан, қазақты «қаса» деп атаған. Орхон - Енисей «сына жазбасы» аталған көне түркі жазбаларында «қазғақ ұғлым» яғни «ержүрек- батыр ұлым» деген сөздер көне түркі заманынан,
V-VII ғасырлардан, жетіп отыр. Сонымен, XV ғасырдың соңына қарай дербес хандық дәрежесіне қолы жеткен халық «қазақ» атауын ресми түрде мемлекеттік өз атауына айналуына негізгі себеп болғаны - сөздің мәні мен мағынасы, сипаты мен әлеуметтік жағдайы осы сөзге дәлме дәл тура келуінде. «Қазақ» атауының шығу тегін, біз төменде келтірген сөздердің мәні мен қисыны, мағынасы айнытпай дәлелдейді.
Белгілі тарихшы ғалым М.Ақынжанов «қазақ» атауы қос сөзден яғни «қас сақ» деген сөз тіркесінен құралып «қайсақ - қазақ» сөздеріне үндестік заңмен айналған деп жорамал жасайды, бірақ дәл басып нақтылап сендіріп, түсіндіріп айтпайды, себебі өзі де ақырына дейін сенімді болмаған сияқты. Сонымен қатар Кеңес заманының ықпалына қарай батылсыздық байқатқан шығар.


Біріншіден, «қазақ» атауының мағынасын алдымен сөздің әлеуметтік мәнінен іздеу керек. Аталған нұсқада «қас» дегеніміз қайтпас - қайсар өжет ержүрек батыр, ал «сақ» дегеніміз көне сақ тайпасын атауымен қатар, мұнда нақты мағына беріп тұр. Туралап айтқанда сақ дегеніміз: «әрдайым дайын, сақадай сай, яғни жауға қарсы тойтарыс беруге дайын, от басын қорғап қалуға дайын» деген мағына беріп тұрғаны анық .
Сонымен «қассақ – қайсақ- қазақ» сөз тіркестігінің әлеуметтік мағынасын іздесек ол: елін, отанын, жанұясын жаулардан ержүректікпен, қайсарлықпен, сақтықпен қолындағы қарумен қасық қаны қалғанша қорғап қалу үшін
« әрдайым өте сақ, әрдайым қас» тұрған нағыз «қас сақ» батыр, немесе жоғарыда айтылғандай нағыз «қазғақ ұғлым» болып шығады.
Ал қорғай алмасаң, яғни әрі «қас», әрі «сақ» бола алмасаң- қор боласың, малыңнан, жанұяңнан тіпті жаныңнан да айрыласың, себебі, жаугершілік сұрапыл заман талабы солай болған. Өмір сүргің келсе , әрине амалсыз «қассақ» яғни «қазақ» боласың.
Сонымен, біздің «қассақ» деген атауымыздың ішіндегі «қас» және «сақ»
деген сөздер тіркесі айналып шыққан жаңа сөз тіркесі «қазақ» болады. Осы келтірілген өте қарапайым, әрі ықшамды және өзі алыстан айқайлап шақырып тұрған дәлелді неліктен анықтап, шегелеп ресми түрде бекітуге ғалымдардың көп жылдардан бері батылдары бармай, күмілжіп келгені түсініксіз.
Екіншіден, «қазақ» сөзінің шығу тегі туралы әр заманда, әркімдер айтып келген басқа да, неше түрлі жорамалдар бар: мысалы «ақ қаз» (әділ қазылар) немесе «қашақ» (қашқын деген мағынада). Сол сияқты көптеген басқа жорамалдар дыбыстық жағынан ұқсайды, бірақ мағынасы «қазақ» сөзіне тура келмейді. «Қазақ» дегеніміз- «ақ қазылар- әділ қазылар» деген жорамал қожалардың, дін ұағыздаушылардың халықты мұсылмандыққа тартуы үшін әдейі жасаған қуақы әрекеттерінің бірі. Қазақ елінде құрметті ақсақалдар, билер дінге етене жақын болған емес, ал қарапайым жәй халық ең алдымен билердің, елден шыққан белсенділердің бетіне қараған.
Сонымен қатар, соңғы жылдары жаңа деректерден белгілі болғандай, 1206 жылы Шыңғыс ханға бағынған түркі тайпалардың көпшілігі елдегі құрметті билердің бастауымен, Қара Ертістің жағасында құрылтайға жиылып, қазақ ұлты жайында ортақ шешім қабылдаған. Сол ортақ шешімге қатысты, енді Ежелгі Үйсін жерін және Дешті Қыпшақ даласын мекендеген түркі тектес, тілі мен ділі бір, салт-дәстүрлері ұқсас көптеген көшпелі түркі тайпалары – арғын, жалайыр, қаңлы, қият, меркіт, қарлық, шымыр, сіргелі, шақшам, қоңырат, найман, уақ, керей, адай, тама, шимұғұн т.б.тайпалар ресми түрде бәріне ортақ «қазақ» атауын қабылдап, «қазақ» атанатын болған.
Құрылтайға бір тұтас топқа жиып, аталған көшпелі тайпаларды ұлт дәрежесіне көтеруге зор ықпал жасаған, өзі боржиған руынан, қият тобындағы түркі тайпасынан шыққан ( маңғолға қатысы жоқ) Шыңғыс хан еді.


Сондықтан еліміздегі түркі тектес көшпелі тайпалары «қазақ» деп аталуы 1206 жылдан басталған.
Ал «қашақ» атауы болса, ол қанаушы қожайындардан қашып, бас сауғалап жүрген, еркіндікті аңсаған орыс-украйн казактарына «қашақ- қашқын» деген мағынада қатысты екені ежелден белгілі. Орыс «қашақтарына» яғни казактарына қатысты атау XV- XVI ғасырларда пайда болған. Ақ Орда ханы Әбілхайыр Шейбани, қолы астынан өз еркімен бөлініп кеткен көшпелі халықты – қазақтарды, әдейі кемсітіп «қашақ» деп атаған. Хан сол заманда Солтүстік Кавказ бен Днепр өзендерінің төменгі жағында босып жүрген, еркіндікті көксеген орыстың «қашақ- казак» аталып кеткен нағыз қашқындары туралы жақсы білген.
Бұл әрине, Әбілхайырдың қазақтарды қысастықпен, өз еркімен бостандыққа кеткен халықты «қашып кеттіңдер -қашқынсыңдар- қашақсыңдар» деп өзінше кемсітіп табалағаны . Ақ Ордадан 1465 -1466 жылдары Әбілхайыр Шейбани ханға бағынбай бөлініп кеткен көшпенділерге, қатты ашумен каһарын төндіріп түйілген хан, сол кезде бүкіл көшпенділер елін жойып жіберуге дайын тұрып, қалай ғана қазақтарды жақсы атасын .
Дешті Қыпшақты билеген Әбілқайыр хан өзіне қарсы шығып, Жетісуға қоныс аударып өз алдына қазақ хандығын құрып, оған көптеген тайпалардың ағылып барып қосылғанына, кіжініп азуын басып, қылышын қайрап отырды. Ол жаңа құрылған қазақ хандығын тарпа бас салып, жойып жіберуге сұқтанды. Зұлымдықпен зәрлі каһарына мінген хан, қазақтарды сол мезгілде түп тамырымен қырып тастап, жер бетінен жойып жіберуді арман еткен.
Дегенімен, Әбілқайыр хан бөлініп кеткен көшпенділерді әдейілеп « қашақ» яғни «қашқын» деп кемсіткенінен, оның бостандық сүйгіш көшпенділердің тарихтан тиісті орнын алып, өздері іштерінен бүкіл ел болып таңдаған « қазақ» деген өзатауының шын мәні мен мағынасын жақсы білгенін де анық байқауға болады.
Айтпағымыз, толассыз талас тудырып келген, ал сондықтан күрделі мәселеге айналған « қазақ- қашақ –қашқын» сөздерінің үндестік жағынан кездейсоқ ұқсас болуында. Қазақтарға теріс көзқараспен қарайтындар, «қазақ» сөзінің мәні мен мағынасын біле тұра « қашақ» сөзін әдейілеп, кемсітіп мұқату мақсатында пайдаланып, тіпті сөзге саяси сипат беруге әрекет жасауында .
Кейбір тарихшылар «қазақ» сөзі «еркіндікті сүйген кісі» немесе «қашақтану- қазғақтану» деген мағынада пайда болған деген пікірдің айналасында көптеген мысалдар келттіріп дәлелдеуге тырысады, ал шындығында бұл пікірлер «қазақ» сөзін емес, керісінше «қашақ» сөзін яғни қазактарға, орыс қашқындарына қатысты атаудың шығуына ғана дәлел бола алады. Біздің аталарымыз көшпелі ел болғанымен, еркіндікті қанша сүйгенімен, долы сығандар секілді немесе казактар сияқты ешуақытта «қашақтанып қазғақтанбаған». Сонымен «қашақ» атауы кекесінмен, қазақтарды кемсіту мақсатымен, әрі арамдық пиғылмен дұшпандардың әдейілеп жапсырған лақап атауы.
Халық арасына барлық заманда қисық, қыршаңқы сөздер оңай есте сақталып, ел арасына тез тараған. Сол мезгілде жаңа құрылып жатқан дербес мемлекет «Қазақ хандығы» аталатыны туралы да Әбілқайыр хан, жансыздары арқылы алдынала хабардар болғаны сөзсіз. Өзі хан болып тақта отырған Әбілқайырға « қас-өжет әрі сақ тұрған жауынгер» деген мағына беретін «қазақ» сөзі жаңа құрылған «қазақ хандығының» атауы болғаны, ханның жаңа пайда болған жарасына, ашы тұз құйғандай әсер етуі түсінікті. «Қазақ» атауы сырттан қойылған болуы керек деген пікір шындыққа жанаспайды, керісінше халықтың ғасырлар тұңғұйығынан өздері таңдап - негіздеп алып шыққан өзатауы екенін тарихи деректер дәлелдеп тұр.
Ертеден белгілі тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди» деген кітабында, өзі Моғолстандағы хан сарайында, ақсүйек тұқымынан шыққан оқымысты болғандықтан, Ақ Орданың қожайыны Әбілқайырдың қыршаңқы қатыгездікпен кемсітіп айтқан пікірін қайталап, «қазақ» атауы «қашақ- қашқын» деген сөзден шыққан дегені айқын көрініп тұр .
Әрине, Мырза Мұхаммед Хайдар қоршаған ортасынан білгенін және естігенін жазған. Ұлы тарихшының аталған кітабындағы пікіріне қарасақ, ежелгі «қазақ» атауы және ертедегі түркілердің тарихы туралы көне деректер мен Қытайдың тарихи жылнамалары оқымысты ғалымға мүлдем белгісіз болғаны айқын.
Бұл аз болғандай, ол кітабында «сол кезеңде мыңнан мың болып (миллион ) құралған қазақтар бірнеше жылда жер бетінен жоғалып кетті» деген пікір келтірген. Сонда қалай болғаны? Қазақ халқы атымен, жаңа атауымен жоқ болып кеткен бе? Бұл туралы ұлы ғалым ештеңе түсіндіріп айтпайды, себебі қолында тиянақты сенімді деректері болмаған, ал сондықтан бұл мәселе туралы айтары да, білгені де аз болған сияқты.
Осы тұста біз 1499-1551 жылдары өмір сүрген Мырза Хайдар Дулатидің «Тарих-и рашиди» (Өзбекстан Республикасы ғылым Академиясы,Фан баспасы, Ташкент қаласы, 1996 ж ) кітабынан бірнеше үзінділер келтіруді жөн көрдік, себебі қазаққа «қашақ» атауының жапсырылуына Әбілхайырмен бірге аталған кітаптың заманында теріс ықпалы болғанын мойындаған орынды болар.
Мысалы :
« И поэтому я .... известный среди людей как Мирза Хайдар , несмотря на отсутствие возможностей и недостаточность знания, приступаю к этому большому делу .... потому что никто из могольских ханов не написал истории
( вступление стр.19 )»
Қазақша аудармасы :
« Сондықтан ..... елге Мырза Хайдар есімімен белгілі болған мен , мүмкіндіктерімнің жоғына қарамай және білімімнің жетіспейтініне қарамай ,
осы үлкен іске кірістім .... себебі моғол хандарының ешқайысы өздерінің тарихын жазбаған » ( кіріспе 19 бет)
Бұл сөздерімен М.Х. Дулати қолдағы деректердің аз болғандығын және бұл мәселені кең түрде талқылайтындай білімінің жеткіліксіз екенін мойындап тұрған жоқ па ?
Мысалы:
« Некоторые султаны ,как Кирай и Жанибек султан и другие с малым
количеством людей бежали от Абу-л –Хайр хана и прибыли в Моголистан ..... Они обрели здесь безопасность и дни их протекали в спокойствии. После смерти Абу-л –Хайр хана (1468 г. ) в улусе узбеков возникли разногласия .Каждый по мере возможности ради безопасности и спокойствия прибегал к помощи Кирай хана и Жанибек хана и они окрепли. Поскольку вначале они уходили от людей , отдалялись от них и некотороевремя бедствовали и скитались, то их назвали казахами. Это имя закрепилось за ними ( глава 33, стр.348 )».
Қазақша аудармасы :
« Кейбір сұлтандар , Керей мен Жәнібек сұлтан және басқалар аз ғана халықпен бірге Әбілқайырдан қашып Моғолстанға келді …… Бұл жерқауіпсіз болғандықтан олардың күндері жайбарақат өте бастады . Әбілқайырдың (1468ж. ) өлімінен кейін өзбек ұлысында түрлі қарама қайшылықтар пайда болды. Әркімдер өздерінің шамасы келгенше тыныштық пен қауіпсіздік сақтау мақсатында Керей мен Жәнібек хандардың жәрдемдерін пайдалануға тырысты , ал сонымен олар тым күшейіп кетті. Алғашқы кезде олар елден бөлініп кеткендіктен,алыста жүріп біраз уақыт кезбе болып сандалып қиналып жүргендіктен олар « казақтар» деп аталды . Осы сөз олардың түпкілікті атауы болып кетті». ( 33 тарау,348 бет )
Бұдан түсінеріміз Мырза Хайдар Дулати қазақты «кезбе- қашқын (скиталец)» дегені . Міне осы тұста, біздің ойымызша, ақиқаттан айныған үлкен мәселе бар.
Әрине, біз ұлы ғалым туралы келеңсіз пікір айтудан аулақпыз. Керісінше, М.Х. Дулати бізге жеткізген, өз ортасынан алған осы пікірінің өзі бізге біраз мәселелердің бетін ашуға себебі тиді, себебі біздің талдауымызға қарсы пікірдің өзі «қазақ» атауы туралы тұжырымның дұрыс екенін екінші жағынан нықтап дәлелдей түседі .
Бірақ ұлы ғалымның Өзбек мемлекетінің ханы Әбілқайыр Шейбаниден және оның төңірегіндегілерден қабылдаған осы қате пікір әсерінен «қазақ» сөзінің мәні мен мағынасына уақытында қалың бұхара арасында дұрыс түсініктеме берілмегендіктен, әдейі қысастықпен «қашақ» деп айтылғандықтан, сол заманнан бері кейбір Орта Азия халықтарының арасында осы дақпырт атауымен теріс пікір қалыптасып келді. Осы күнге дейін қазақты «қашақ» деген сөзден шыққан деп есептейтіндер көрші елдер арасында аз емес.
Тағы бір мысал:
« Что касается Касим хана, то он подчинил своей власти весь Дашт-и Кипчак так , как никто после Джучи хана не смог этого сделать. Например численность его войска превышала тысячу тысяч ( миллион )человек. В конце концов после 1518 года он отошел в вечность. Среди казахских султанов началась борьба .... В итого злой рок сделал так , что вот уже четыре года , как нигде не осталось и следа от тех людей.
В 1524 году казахов было тысяча тысяч (миллион ) человек , а в 1537 году из этого числа людей не осталось на земле и следа ..... Такова краткая история казахов , как мы уже изложили( глава 33, стр.349 )
Қазақша аудармасы :
« Ал Қасым хан болса бүкіл Дешті қыпшақты өзіне қаратты. Мұндай іс Жошы ханнан соң ешкімнің қолынан келмеген еді. Мысалы оның әскеріндегі адамдардың саны мың мыңнан(миллионнан) асты. Ақырында 1518 жылдан кейін ол мәңгілікке кетті . Қазақ сұлтандарының арасында өзара күресбасталды …… Соңында қатал тағдырдың әмірімен ол адамдардың өздері түгіл іздерінің де жоқ болып кеткеніне міне 4 жыл болды. 1524 жылы қазақтардың саны мыңнан мың ( миллион )еді, ал 1537 жылы ол адамдардың жер бетінде іздері де қалмады.....Міне, біз келтірген қазақтардың қысқаша тарихы осындай».
Бұл туралы не дейміз, сонда қазақтар қайда кетті? Әлде төрт жылда басқа ұлтқа айналып кетті ме? Міне мақтаулы М. Х.Дулатидің қазақтар туралы білген тарихы, ал кейбір ғалымдар «қазақ атауын анықтауда соның дәлеліне сүйенбекші болған. Сонымен қатар «Моғолстан мен Өзбек хандығын бөліп тұрған Балқаш көлінің ұзындығы жеті – сегіз айлық жол» деп жазғанына қарағанда, жағрапиядан да ғалымның хабары азырақ болса керек. М. Х. Дулатидің осы біз мысал үшін келтірген бірнеше жаңсақ деректері, ол кісінің шындығында, өзі айтқандай мүмкіндіктерінің азырақ болғанының дәлелі. Сондықтан ұлы ғалымның ұлы есіміне бас иеміз деп, біз қате қорытынды жасағанымыз тарихқа қиянат болар еді, ал ол кісі қоршаған ортасынан естігенін және білгенін жазып кеткен.
Осы келтірген дәлелдерге байланысты, « қазақ» атауының шығуының түбірі мен мағынасын халықаралық дәрежеде түсіндіріп, ресми түрде өзіне лайықты орнына қоятын уақыт жетті деп санаймын.
Алдағы жылдарда көрнекті тарихшы ғалымдарымыз, халықаралық деңгейде арнайы ғылыми жиын өткізіп, «қазақ» сөзінің шығу тарихы мен мән мағынасы туралы тиісті ресми құжаттар қабылдар деп үміттенемін.
Өздерін «қазақпыз» деп бірінші мыңжылдық басында бірнеше тайпа ғана атаған болса, VII ғасырда « Он оқ түрік елі» одағында қазақтар үлкен екі аймақ ел екені белгілі болды, ал сонан соң «қазақ» атауы «түрік» атауы секілді, сипатымен мағынасына қарай, біртіндеп бүкіл елдің атына айнала бастаған яғни «түркі» атауымен қосарлана жүріп соңында көптеген көшпелі тайпалар бірлестіктерінің ортақ этниқалық атауына айналған.
Мысалы «түркі» дегеніміз сол заманда мемлекетке ғана қатысты атау болса, үйсін , қаңлы, арғын , қоңырат cияқты тайпалар аты этниқалық туыстықтың белгісі болды, ал « қазақ» деген атау көшпелі халқымыздың барлығына ортақ әлеуметтік сипатын білдіретін, еліміздің мағыналы қасиеттерін көрсететін , қоғамдық мінездемесін анық дәлдеп білдіретін, жоғары дәрежедегі бірегей этникалық санат болып қалыптасты. Бір сөзбен айтқанда, «қазақ» сөзі көптеген ру тайпалардан тұратын халыққа ұлттық сипат беретін өздері іштен қойылған атауына айналды .
Батыс түрік кағанатынан (VI ғасыр) бастап Қазақ хандығы құрылғанға дейінгі аралықта (XVғасыр) «қазақ» атауы біртіндеп көшпенділерді кеңірек қамти бастады .
Шыңғыс хан өткізген құрылтайдың арқасында еліміздегі түркі тектес көшпелі тайпалардың «қазақ» деп аталуы 1206 жылдан басталды. Керей мен Жәнібек өткізген «Ұлытаудағы ұлы жиынға» дейін қазақ атауы халық арасында кең тарап бүкіл ұлттың өзатауына айналып пісіп дайын тұрған, сондықтан жаңа құрылған қазақтар хандығы «Қазақ хандығы» аталғаны заңды емес пе?
«Қазақ» атауы біздің халқымызға сырттан қойылуы мүмкін емес деп кесіп айтамын. Ол қиын да азапты жылдардан қиналып өткен , езілгеніне қарамастан « қассақ» батыр болған ержүрек халқымыздың іштен қойылған өзіндік атауы яғни халықтың таңдап алған атауы. Сырт жақтан ешкім мұндай дәлдікпен мәні мен әлеуметтік мағынасын туралап, жауынгер көшпелі халықты дәлме - дәл сипаттайтын «қазақ» деген атауды айнытпай тауып қойуы мүмкін емес.
Ал «қазақты» «қашақ , аққаз» деп атап, сыртымыздан көз алартқан бейбақтар әрине таза оймен атай қоймаған.
Сондықтан «қазақ» атауы ғасырлар сынынан өткен сөз, халық арасында іріктеліп таразыланып бекітілген сөз, тазарып таңдалып орныққан сөз. Мыңдаған жылдар тарихында, жауынгер болып қалыптасқан халыққа, басқа ұлттық атау лайықты болуы тіпті мүмкін емес. «Қазақ» атауы халықпен бірге біте қайнап, ел ішінен пісіп- өсіп кемеліне жеткен сөз, ал кезеңі жеткенде орнын тауып ел арасында тарихи заңдылықпен орныққан сөз .
Кесіп айтар болсақ, «қас» дегеніміз- ержүрек жауынгер, ал «сақ» дегеніміз «әр уақытта дайын» яғни «сақадай сай» деген мағына береді, ал кеңірек әлеуметтік мағынада «жауды тойтаруға, жан ұясын ерлікпен сақтап қалуға дайын» деген тұжырымға келеді. Орысшасында «отважный воин, готовый отразить врага» деп келтіруге болады.
Нақты тұжырымдап келтіргенде «қазақ» яғни «қассақ» сөзінің әлеуметтік мағынасы- ол елін, отанын, отбасын ержүректікпен қорғауға дайын, ал дәлірек айтсақ «қас-өжет, әрі сақ тұрған жауынгер» деген мағына беретіні айқын.
Сондықтан қазақ халқының ұлттық идеясы да «қазақ» атауының мәні мен мағынасынан шығу керек деп ойлаймын.
Сонымен қатар тақырыбымызға қатысты «қазақ» атауына мағынасы жағынан жақын «түркі» және «түрік» сөздері туралы қосымша түсінік бергеніміз дұрыс болар, себебі «түркі» мен «түрік» түсінігі екі басқа.
Біздің бабалар шежіресі көне заманда ескі әлемге «түркі» деген атпен белгілі болып, ғасырлар тұңғиығынан бізге жетті. «Түркілер» деп VI ғасырда Шығыс және Батыс түрік кағанаты құрамында болған тайпаларды жалпы атаған және бұл этникалық құрам емес, әскери- әкімшілік құрам еді.
«Түріктер» деп сол заманда Ашина Дулу тайпасындағы ақсүйектер саналған шағын топты атаған, ал «түркі елі» дегеніміз кағанаттағы халықтарға қатысты болса, «түркі тектес» деп көптеген түрік тіліне ұқсайтын тілде сөйлейтін халықтарды айтқан . Соңғылардың арасында тіпті Түрік кағанатының құрамына кірмегендер болған.
Ерте заманда қытайлар бабаларымыздың ерекше жауынгерлігіне таңғалып түріктерді «тукю»- «күшті , мықты» деп атаған (қытайлар «тукю» сөзінде сөз ортасында «р» әрпін айтпайды). Кәзіргі заманда, өзіміздің ана тілімізде «түркі құлақ », «нағыз қас түрік » деген сөздер кездесіп тұрады яғни олар «мықты құлақ» немесе «нағыз күшті жауынгер» деген мағына береді. Осы салыстырудан байқайтынымыз- «қазақ» атауы сияқты «түрік» атауы да жауынгер болған халқымыздың сипатын анық береді. Мысалы халқымызды «қазақ- түрік» деп қос атаумен атасақ- тура мағынасы « қас сақ әрі күшті жауынгер» болып шығады яғни халқымызды суреттейтін бейне сипаты әсерлене түсіп, мағынасы толықтырыла түседі, ал әлеуметтік сипаттамасы тіпті анық тура келетінін атап өту керек .


Жолдасов Аман
aman_tek@mail.ru
18-09-09 12:39


Ата шежіре - тарихи мұра , көне дәстүрдің көзі.
(Шақшам еліне қатысты пікірлер)

Шежіре ата тарихымызды есте сақтауға бейімделген, халықтың даналығы арқылы шыққан ең жеңіл ықшамдалған нұсқасы , еліміздің нағыз теңдесі жоқ асыл мұрасы .
Кейбір түсінбейтін кісілер шежірені рушылдықты, жікшілдікті қоздыратын құрал деп есептейді. Ал шындығында шежіре тарқату ұлтымызды бауырмашылдыққа ,туысқандыққа , сыйластыққа баулитын асыл тәлімдердің бірі (ел ақсақалдары аузынан).

Аталарымыздан бізге ғасырлар аралап жеткен шежіре еліміздің қастерлі қазынасы. Шежіре тарихтың бір тармағы болып саналады, тарихымыздың бастау көзі және ерте заманнан келе жатқан халқымыздың рухани азығы. Тарихымыздың өзегі көне түркі халықтар дәуірінен басталады, бірақ оқу мен жазудың жоқтығынан қазақ халқында тасқа таңба басқандай анық жазылған шежіре болмағандықтан елдің терең ортасынан шыққан ұқпа құлақ жандар ауызша айтумен үлгі өсиет етіп шежірені келер ұрпақтарға жеткізіп отырғаны белгілі.
Арғы, көне дәуірде жасаған бабаларымыз жайында дау тудырмайтын, нақты анықтама беретін жазбалардың аздығынан, соңғы жылдары түрлі қияли, шындыққа жанаспайтын шығармалар баспалардан шығып, бір біріне сәйкес келмейтін деректемелер көптеп пайда болып халық арасына тарап кетті. Олардың ішінде тарихи дерек көздерін немесе шежіре мәліметтерін дұрыс тарата алмағандықтан пайда болған үстірт, әрі жаңсақ ой пікірлер көптеп ұшырасады, ал шежірелерді барлық елімізге ортақ жүйеге түсіру көптеген жылдарға созылатын күрделі іс екені айқын. Сондықтан шындық пен ақиқат болашақта өзіндік шынайы бағасын алатын кезең - келер ұрпақтар заманында деп сенеміз.
Ежелгі замандағы озық ойлы қайраткерлер мен білікті кісілер ұрпақтан- ұрпаққа жалғасқан ата бабалар шежіресін - өзінің ұлттық тарихын жасап қалдырған. Әрбір ру- тайпаның, әрбір жүздің өз шежірешісі болған. Кейін келе осы ауыздан - ауызға көшіп келген тарих- шежірелердің біразы қағазға түсіп, ру басылар мен билердің , хан- сұлтандардың қолында сақталыпты, соңынан оларды Ресейдің отаршыл үкіметі жинап алып, архивтерге өткізіпті.
Бізге белгілі қазақ халқының шежірелері VI ғасырдан бастап XX-шы ғасырға дейінгі мезгілді қамтиды. Бірақ, ұзақ заман бойы ауыздан- ауызға көшіп келгендіктен, шежіреде көптеген жаңсақтықтар, қарама-қайшылықтар, дәуірі мен жыл мезгілі белгісіз қисынсыз аңыздар және неше түрлі жол-жөнекей ойдан қосқан жамау- жасқаулар көптеп кездеседі.
Сонымен қатар қазақ халқына ислам дінінің келуімен бірге шежіреге діни аңыздар көптеп араласты. Шежіреде әр түрлі өзгерулерге ықпал еткен себептер- көшпелі елдің жазу мәдениетінің кем дамығаны , дін басылардың қожалық әрекеттері, өз мүддесін қорғау мақсатындағы ру аралық айтыстар , қазақ әйелдері кайындарының есімдерін бұрмалап атауы арқылы есімдердің өзгеруі және ондаған ғасырлар барысында кәзіргі ана тіліміздің ежелгі тіліміз -көне түркі тілінен шамалы өзгергендігіне байланысты болды.
Соңғы жылдары ғана ашық айтуға мүмкіндік алған халқымыздың тарихында «талай өліп, талай тірілген қазақтың» аласапыран азаптар мен таусылмас тауқыметтерді бастан кешкендері туралы көптеген деректер белгілі бола бастады.
Өткен Кеңес дәүірінде қазақ халқының байырғы тарихына және әйгілі мәртебелі тұлғаларына деген салқын көзқарастар көп болды. Енді біраз уақыттан соң тілімізден, ата мекенімізден, ұлттық ерекшелігімізден айырылатын күнге жақындағап қалған едік. Қазақ мектептерін жабуға кіріскен кейбір бейбақтар, ұлты қазақ бола тұра, қазақша сөйлеуді ар көретін еді. «Ақ патша» заманында басталып, кеңес дәуірінде жалғасқан, отаршылдық саясат ойдан шығарған жер дауын, ел дауын арнайы ұшықтырып, елді өзара қырқыстыру нәтижесінде, еліміздің атамекенін бірінен соң бірін ақырындап басып алып жатқан еді. Тапқа бөлуді, топқа бөлуді, жерге бөлуді шығарған отаршылдар, ал оның астарында арам зымияндық жатқаны белгілі .
Сонымен қатар, соңғы жылдары қазақтар арасында ерекше бір жиренішті құбылыс етек ала бастады. Халықты аяусыз қанап келген мансапқор - жемқорлар елдің мойнына мініп , сөл қанын сорып келгені аз болғандай, енді қасиетті асыл мұра - шежірені өз мансаптарында пайдалануға кірісті. Олар шежірені саясаткершілікке ұрындырып , қасиетті мұраға қол салуды бастады. Мансапқорлар тек қана өздерінің ататектерін мадақтап, елден ерекше артық тұлғалар екенін дәлелдеу мақсатында шындыққа жанаспайтын, мыйға кірмейтін деректер ойлап тауып, арам пиғылмен әдейілеп елдерді жаңылыстыруда.
Сондықтан жікшілдік, рушылдық , трайбализм деген қазақ елі үшін жиренішті құбылыстарға қарапайым халық пен зиялы қауым барынша жол бермей , ол құбылыстар тек қана мансапқорлардың жеке мүдделері үшін қажет екенін елге түсіндіріп, мезгілінде оларға тойтарыс беру зиялы қауымның бірінші кезектегі міндеті. Кәзіргі жағдайда руға бөлінуді, оны білуді жеке бастың мансабы үшін саясаткершілікке шатастырмай шежірені ел игілігіне жаратуды қолға алу мәселесі кезектегі маңызды іс. Кеңес заманының тәрбиесін көргендіктен ел ішінде руды білудің не қажеті бар деген теріс пайымдаулар кездеседі. Руға бөлінуді- жікке бөліну деп түсінетіндер аз емес, сондықтан руды рушылдықпен шатыстыратындарға мезгілінде тойтарыс беріп тұру қажет.
Сонымен қатар көне тарихпен қатарласып келе жатқан халқымыздың қасиетті дәстүрлерін бағаламау ұрпағымызды надандыққа апарып соғатыны сөзсіз . Мысалы, бір себеппен ру жойылса, онымен бірге біздің халқымызға тән - мейірім, адамгершілік, ағайын ішіндегі ынтымақ, ұйымшылдық және туыстық сезім жойылатыны күмәнсіз яғни қазақ халқына тән ұлттық ерекшеліктер сонымен бірге жоғалады .
Қазақты ерекше бейнелейтін қан сақтаудағы дәстүрі көне заманнан, аталардан ұрпақтарға жалғасқан рулық тәлім тәрбие негізінде қалыптасқан, ал сондықтан біздің халқымызда көптеген жақсы қасиеттер рулық дәстүрге сүтпен кіріп, барынша сүйекке сіңген. Мысалы: жомарттығы, бауырмашылдығы, ерлік қимылдары , өнер мен мәдениетке құштарлығы және қан тазалығын сақтаудағы мызғымас бағыты. Ұлтымызға тән тағы бір жақсы қасиет- ерекше меірмандығы. «Қазақты мейірімі ұшқындаған көзінен танимыз» деп ел ақсақалдары тегін айтпаған.
Атап өтетін бір ерекшелік- ертеден жалғасқан қасиетті дәстүрімізде, ардақты салтымыздың тағы бір дәлелі: мысалы, кез келген екі бейтаныс қазақ бір-бірінен жөн сұраса қалса, әйтеуір бір ағайындығы немесе құда- жекжаттығы бар болып шығатындығы. Сонымен ешкімді сыртқа теппейтін бауырмал халқымыздың өз тарихын білуге, түп-тұқияннан бастап тектерін түгендеуге қолқабыс жасайтын шежіре тарқату үрдісін- еліміздің игілігіне айналдыруды қасиетті іс деп санайды еліміздің зиялы қауымы .
Кәзіргі заманда қазақ халқы ру тайпа болып бытырап, шашырап көшіп жүрген жоқ. Бір ауылда бірнеше рудың басы қосылған жинақы елміз, қалаларымыз көп еңселі халықпыз, ал сондықтан жаңа жағдайда байланысты ұлтымыздың қан тазалығын, бауырмашылдығын, намысқойлығын және басқа да жақсы әдеттерін сақтап, нығайту үшін үстіміздегі заман сипатына қарай шежіренің орны ерекше.
Еліміздің тарихына, көне дәуірге қатысы мол шежіреміз арабтың «шаджарат» яғни «бұтақ», «тармақ» деген сөзінен шыққан. Персіден бізге ауысып келген көне «руй» деген сөз қазақша «бет, келбет, түр- тұлға» деген ұғымдар береді, ал ана тіліміздегі үндестік заңға сәйкес «руй» сөзі біртіндеп «ру» сөзіне айналып кетті .
Тағы бір атап өтетін мәселе, көптеген ғасырлар бойы қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа асыл мұра ретінде табыс етіліп келген шежіре ісінде қателесу көптеген қолайсыз жағдайларға әкеліп соғатыны өкінішті жағдай, сондықтан тарихи деректерді, терең ой сынынан өткізіп, қисынға келтіріп сараптама жасап, орынды дұрыс пайдалану көптеген қателерден сақтайды. Кейде арасын көптеген жылдар ажыратып тұрған тарих өкілдерінің есімдері, қызметтері, лауазымдары, кәсіптері сәйкес келетін жағдайлар кездеседі. Мұндайда, зиялы қауым, халықты жаңылыстырмау үшін, түсіндірмелер жазып, олардың өмір сүрген ортасын , қоныс мекенін, қай дәуірдің өкілі екендігін нақтылап көрсетуі қажет. Біз көріп шыққан көптеген шежірелерде халықтық қауымдық сипат жоқ, себебі әр түрлі заманда жеке адамдардың ыңғайына қарай яғни әр бір заманның белсенділері тапсырмасымен құрастырылған.
Ата тарихымызда бір әулеттің ұрпақтары өніп өрбіп, өзге елдермен қатарласа алатын дәрежеге жеткенде, оныншы буынға ру атауы берілетін . Сондықтан қазақтар кез келген жерде, кездесіп қалғанда, ру сұрастыруды барлық уақытта бірінші кезекке қойған .
Біздің заманымыздың ақын-жазушылары, ғылым мен өнер қайраткерлері халықтың мақтанышы, бірақ халқымыздың нағыз «шамшырақтары» - ел ақсақалдары, ал өкініштісі, шежіреші ақсақалдар жылдан жылға азайып таусылуға айналды. Шежіреші ақсақалдар еліміздің бел ортасында жүріп, халқымыздың барлық жақсы қасиеттерін өз бойына сіңіріп, жас ұрпаққа шаршамай шежірені көптеген замандар арқылы өткізіп, таратып келген еді .
Ғасырлар бойы үлкен сыннан өтіп орныққан салт дәстүріміз адам сезімінің ықпалымен сарапталып бекіген. Ерте заманнан бастап адамдардың қарым қатынасынан өзек алған туыстық сезім пайда болып, соның себебімен рулар мен тайпалар қалыптасқан.
Туыстық, туысқандық сезімдерді- адам көңілінің мейірбандылық пен адамгершілік нұрының шыңы деуге болады. Бабаларымыз әулеттеріміздің, аталықтардың қан тазалығын сақтау мақсатында туыстық сезімді орнықтырып, қайырымды, мейірбанды болуды насихаттап өткен. Олар әйел алуды, уйленуді тек неке қию тәртібімен заңдастыруды қатал қадағалап келді.
Қазақта қан тазалығын сақтаудың тағы бір жақсы көрінісі - бір кезде бірін бірі танымайтын рулардың, тайпалардың кісілері қыз алысу арқылы, құда- жекжат болу арқылы, екі ел арасында ынтымақ орнату болды. Ұзатылған қыз алыс жатқан елдердің, тайпалардың, рулардың арасындағы достықтың дәнекері болды. Қан тазалығын сақтау мақсатында, қаны жақын, әулеттес, рулас қыз бен жігіттің өзара уйленуіне, некеге тұрып, тұрмыс құруына аталарымыз жол бермей келді .
Халқымызда ертеден қалыптасқан дәстүр – ел арасындағы қиын дауларды үш жүздің билері жиналып, бірігіп шешуі. Билер ру ақсақалдарының теріс әрекеттерін түзетіп, соған байланысты рушылдықты болдырмай келген. Қарапайым халық билердің шешімдерін барлық уақытта дұрыс қабылдап, ешкім рудың теріс мүддесін қолдамаған, әділетті жақтаған.
Көне шежіре деректерінде қан тазалығын сақтамаудың салдарынан өте сорақы масқара қылықтардың орын алғандары белгілі. Жақын ағайындар арасында туыстық сезім болмаса, ерлердің де әйелдердің де ұят пердесін ұстап тұратын тежеуші жоғалуы мүмкін, ал сонан соң олар нәпсіге тез жол беріп, қан тазалығын бұзады. Аталас кісілер арасында туыстық сезім, әсіресе , әйел адамдардың барынша биязы мінез ұстауына, ұятты жерлерін жасырып жауып жүруіне ерекше ықпалын тигізеді. Халқымызда қандас әулеттердің өніп өрбіген оныншы буыны ғана ел ақсақалдары жиналып, тиісті рұхсат рәсімін жасаған соң қыз алуына болады және бұл тәртіп ерекше қатаң қадағалауда болатын басты ереже. Сондықтан қазақ халқының әр перзенті жеті атасын жатқа білуімен қатар бабаларының шежірелік тармақтарын да білуге тиісті .
Ата тарихымыздың бастау көзі шежіре ғасырлар бойы халқымызға рухани азық болып келді. Барлық заманда шежірені түсініп білген кісілердің жан дүниесі кеңіген, бауырмашылдығы мен адамгершілігі артып, ұлттық намысы оянған.
Ескі шежіре бойынша ру дәрежесіне көтерілген әулеттер, аталықтар сол бастапқы кісінің есімін меншіктенеді деп көрсетеді . Меншіктенген есім соңынан ру атына айналатын, сонымен дербес ел атану құқын алатын да, соған байланысты рулар бірлестігінің (тайпаның ) құрамына қосылатын .
Осыған байланысты аталарымыз бізге өсиет етіп қалдырған шешіре талдау тәсілі : « әке, бала , немере , шөбере , шөпшек , немене , туажат , жүрежат, жұрағат, жекжат» болып келеді .
Әрине, қазақ бар жерде әрдайым ру бар, ал ру бар жерде шежіре қатар жүруі заңды. Өкініштісі , біз оқып танысқан шежірелерде тарихи деректерден ауытқулар көптеп кездеседі, тіпті кейбір шежірешілердің 2000 жылдан асатын тарихымызды, 700 жылға дейін қысқартып жіберген олқылықтары бар.
Көптеген шежірелердің халықтық қауымдық сипаты жоқ, себебі жеке адамдардың ыңғайына қарай жазылған яғни әр заманның белсенділерінің тапсырмаларымен жазылған. Белгілі қазақ жазушысы С. Мұқанов : «Қазағымыз әдетте есімі ұранға айналған адамдарды арғы атасына санайды», - деген, ал тарихшы ғалым Ә. Қоңыратбаев: «Қазақ феодалдары өздерін ру басы санап, есімдерін ұранға шығарған» - деп жазған .
Осы мәселеге байланысты Қазыбек бек Тауасарұлы :
«Қашанда жұрт арасында , тіпті тарихтың өзінен көрінетіндей , белгілі адам аталады да , біздің замандастарымыздың көбі атасынан , не бабасынан арғысын білмейді . Бабасына әке етіп үш- төрт ұрпақ өтіп кеткен әлдеқандай бір батырлықпен , әлде байлықпен , тағы қандай бір ел алдындағы беделімен атағы шыққан бабасының бабасын әке етіп бере салады . Мұның бәрі батыстағы жұрттардың немесе араб парсы жұртындағы сияқты жазба үлгісі жоқтықтан, көп соғыстың кесірінен жазу өнерінен айырылып, тұл қалғандықтан болып отыр» - деген.
Шежіре халықтың арасынан жиналып , халықтың өзіне таратылатын асыл мұра. Біздің заманға жеткен шежірелердің барлығы тайпалардың шығуы мен оның ұрпақтарының тарауын толық қамти алмаған және олар бір жүйеге түспеген. Шежірелік мағлұматтарды ел ішінен толықтырып жинау, қисынды сараптама жасап реттеу, түп тұқияннан бастап ел тарихын түбегейлі зерттеу- өте күрделі, ұзақ жылдарға созылатын қиын жұмыс .
Бұл біздің болашақ ұрпақтарымыз атқаратын жауапты іс, ал біз бастап жазған шағын еңбектеріміз келешек ұрпақтар үшін жол бастар соқпақ қана екені айғақ.
Аталар тарихына қатысты көне заманнан жеткен әңгімелер тарихи ақиқаттың негізінде пайда болған өмір шындығы, олар бізге сонысымен өте құнды. Бірақ кейбір шежіре тарқататын әңгімешілер оқиғаның желісі мен құнды деректердің өзара байланыс қисынын байқамай, өзгертіп жіберетіні тіпті өкінішті, ал сол себепті бабалар тарихын зерттеуші ұрпақтары, кейбір сәттерде, жаңылысып адасуы заңды құбылыс. Өкініштісі шежірені шала білетін, тарихтан бейхабар көркөкірек біреулер білгішсініп бірдемені біреуге айтады да, содан өтірік етек алып кете береді. Кейбір сауатты «білгіштердің» өзі нақты құжаттарға сүйенбеген соң шежірені шатастырады . Сондықтан Шақшам елінің тарихы мен ататек шежіресіне қатысты кейбір үлеспеушіліктер туралы бірнеше мысал келтіреміз.
Мысалы шақшамдарға жақын саналатын сіргелінің шежірешісі Зайыр Сәдібеков 1994 жылы Ташкент қаласында шығарған «Қазақ шежіресі» кітабында Шақшам еліне қатысты бірнеше қисынсыз аңыз- әңгімелер келтірген.
Бірінші мысал (70 бет) :
«Байдыбектің ағасы Байдуылдан Шақшам деген ұл туып, оның ұрпақтары өз алдына ру болып қалыптасады. Шақшамнан – Асанбай, Есенқұл, ал Асанбайдан – Айтқұл, Төле, Тілеген, Табан, Мақа, Аян деген аталар тарайды» деп жазған.
Бұл туралы айтарымыз, бүкіл қазақ елін үш айналып шықсаңызда, аталған есімдерге ұқсайтын аталықтар таппайсыз. «Бұндай жаңсақ деректерді З.Сәдібеков қайдан алды?» деп таңғалғаннан басқа амалымыз жоқ.
Екінші мысал (67 бет) :
Бір жаугершілікте Үйсін елі қалмақтармен шабысып қайтқанда, қалмақтың азамат болып қалған бір баласын қолға түсіріп алып келіп, Қараша биге тарту етіп: «Құл қылып ал»-дейді. Қараша би: «Байдыбегім жалғыз еді, мұны құл еткенше, соған серік етейін»- деп боз бие сойып, ел жинап той жасайды да, әлгі жігітке асықты жілік ұстатып өзіне бала етіп алады. Атын Байдуыл қояды. Оның жасы үлкен болғандықтан Байдыбекке аға атанады.
Осы Байдуылдан Шақшам туады. Содан кейін көп ұзамай Байдыбек өледі.
Домалақ ене Байдуылға кісі жіберіп: «Әменгерім еді, мені алсын, мен әлі бала туамын, ол баланың ұрпағы Жарықшағымның ұрпағынан екі есе көп болады»,- дейді. Байдуыл Домалақ енені алуға намыстанады. Содан Домалақ ене өкпелеп: «Бір баланың обалына қалдың, сен де өсіп- өнбессің. Бір жерде отыруың жүз уйге жетпесін, жетсе күзге жетпесін!»- деп қарғайды. Сол қарғыстан шақшам руы жүз үй болып отырмайды екен.
З.Сәдібековтың кітабынан алынған бұл үзінді, аталарымыздан жеткен деректі аңыз емес, ауыл аралайтын өсек әңгімеге көбірек ұқсайды. Бұл негізсіз әңгімені автор «Төлеби шежіресінен» алдым деп көрсеткен, ал Байдулы есімін Байдуыл деп келтірген.
Көне тарихи деректерге сәйкес Байдулы (толық есімі Бахадыр Дулу хан) VII ғасырда Батыс Түрік кағанатын басқарған ірі тарихи түлға. Шақшам нақты кісінің есімі емес, ол осыдан екі мың жыл бұрын қалыптасқан көне түрік еліне жататын тайпа. Батыс Түрік кағанаты ататек кестесінде Байдыбек (толық есімі Барыс Дулу хан) Байдулының інісі Шері Қошбар батырдың (Ел арыстаны) ұлы деп көрсетілген. Сонымен Байдулы Қараша бабамыздың үлкен ұлы, ал Байдыбек оның немересі, сондықтан аңыз-әңгімедегі Домалақ ененің Байдулыға деген «әмеңгерлігі», немере келіні болғандықтан, ешқандай қисынға келмейді.
Сол сияқты З.Сәдібеков алты рудан тұратын көне заманда қалыптасқан Шақшам тайпасын ру дәрежесінде қалған деп, тарихын қолдан қысқартып отыр, себебі ру дәрежесінде қазақтар қыз алыспайды. Осы заманға дейін Шақшамдар қыз алыспай келгендігі санының аздығынан емес, аталар салған жолдың мызғымас бағытын ұстап, қан тазалығын сақтау мақсатында туыстық сезімді насихаттап келгендігі.
Сонымен қатар ұлы бабаларымыз жасаған дәуір мен қалмақтардың арасын мың жыл бөліп тұр.
Қисынсыз әңгімеге арқау болған негігі себеп – аңыз құрастырылған кезеңде Шақшам санының аз болғаны. Қазақ халқына зор апат әкелген «Ақтабан шұбырынды» жылдарында Шақшамдардың оннан бірі ғана тірі қалған. Елімізді түп тамырымен жойып жіберу мақсатында жасаған жоңғарлардың қанышерлік жорығына, бірінші тосқауыл жасаған тайпалардың арасында Шақшамдар болған. Отан қорғап, сұмдық қырғынға ұшырап, жер бетінен жойылып кете жаздаған тайпаның ерлігін атап өтудің орнына, қатыгез біреулер, Шақшамдардың аздығын кемістік санап, теріс пиғылмен қисынсыз аңыз-әңгіме шығарғанын кәйтерсіз. Ерте заманда Шақшамдардың бабалары Шатолар, көне түркілер арасында дүниені тітіренткен өжет жауынгер жұрт болғаны көне тарихтан белгілі. Шақшамдар мен жоңғарлар арасындағы 1723 жылдың көктемінде болған жойқын қырғын, ерте заманда өткен (808 жылы ), саны аз болғанымен жауынгершілігімен әлемге танылған, өжет халық - Шатолардың тарихта теңдесі жоқ ерліктерін, ұрпақтары шақшамдар ғасырлар өткен соң тағы да қайталағаны, кейінгі ұрпақтарға естен кетпес
ерліктің үлгісі ретінде сақталуға тиісті.
Ұзақ жылдар қытай империясында болған Шақшамдар, Үйсіндерге қайта келіп қосылғаны туралы деректер халық есінде сақталып, соған байланысты Шақшам Үйсінге кірме деген пікір қалыптасқан.
Ғасырлар тұңғиығңынан бүгінгі күнге аман-сау келіп жеткен қазақтың барлық тайпасына бас иіп, мәртебесін жоғары көтеруге болады. Ата заманнан қалыптасқан дәстүрдің бірі- ұлы тойларды бастау рәсімін Жалайыр, Сарыүйсін, Ошақты тайпалары өкілдеріне бірінші кезекте берілуі. Дегенімен, көпті көрген шежіреші ақсақалдардың айтуынша: «Ақтабан шұбырынды» жылдарынан бұрын, үлкен елдер қатарына жататын Шақшамдардың өкілі, той бастар рәсімін орындауға бірінші шақырылатын. Қайғы-қасіреті мол замандардан, «Ақтабан шұбырынды» апатынан және от жалынды кезеңдерден саны азайған Шақшамдарды тойларда кездестіру сирей бастағандықтан, «қайдасыңдар Байдулы – Шақшамдар!» деп қанша шақырғанымен ортаға ешкім шыға қоймаса, біртіндеп шақыру да тоқталып, соңынан ел есінен шыға бастаған.
Той бастауға биік мәртебе берілуі Шақшам тайпасының ұраны Бақтияр (Бахадыр-Байтулы) ұранын бүкіл Үйсін атаулы ортақ ұранға айналдыруына байланысты, ал Шақшамның тайпалық таңбасы оқ-жебені Түргеш кағанаты мемлекеттік таңба етіп қабылдағандығы. Оның себебі Шақшамдар ерте заманда жауынгершілігімен әлемге танылған, дүниені тітіренткен өжет жауынгер жұрт болған.
Ал аталмыш кітап болса, Шақшам тайпасы туралы халыққа теріс пікір қалыптастыру міндетін толық орындады, себебі ел арасында қисық пікірлер қашанда тез қабылданып, жылдам тарайтыны белгілі. Сол сияқты Шақшамдар туралы келеңсіз, қисынға келмейтін аңыз шындығы аралас пікірлер, басқа шежіре авторларында кездеседі. Олар қисынсыз аңыздарды бірінен бірі көшіргені байқалады. Бірақ тарихи әңгімелерді, аңыздарды жәй біреулердің ойдан құрастырған хикаялары деп қараған бабаларымыздың мұрасына жасалған қиянат болар еді, себебі әрқашанда аңыз түбінде өмірден алынған тарихи шындықтың бір ұшы жатады.
Сонымен, ел ақсақалдарының тұжырымына сәйкес- Шежіре халық аузындағы шындығы мен аңызы аралас деректерден құралған, ұзақ мерзімде есте сақтауға бейімделген, халықтың даналығы арқылы шыққан ең жеңіл ықшамдалған нұсқасы, халықтың нағыз теңдесі жоқ асыл мұрасы .
Кейбір түсінбейтін кісілер шежірені рушылдықты, жікшілдікті қоздыратын құрал деп есептейді. Ал шындығында шежіре тарқату ұлтымызды бауырмашылдыққа, туысқандыққа, сыйластыққа баулитын асыл тәлімдердің бірі.
Кәзіргі жағдайда руға бөлінуді, оны білуді жеке бастың мансабы үшін саясаткершілікке шатастырмай, ұлтымыздың қан тазалығын, бауырмашылдығын, намысқойлығын және басқа да жақсы әдеттерін сақтап, нығайту үшін шежіренің орны ерекше.
Сонымен,соңғы уақытта, интернет жүйесінде, Шақшам еліне қатысты көптеген сұрақтар пайда болуына байланысты, осы мәселе туралы білгісі келетіндерге арнап қысқаша ақпарат жолдадық. Б.Әтемов бастаған Шымкент қаласындағы бастама топ, ұрпақтар кітабын шығару мақсатында, мәліметтер жинауда. Бастама топ мүшесі А.Жолдасов, көне қытай деректеріне сүйеніп, Шақшам елінің қысқаша тарихын жазып шықты. Бұл жазылған тарих, көпшіліктің санасында бұрын қалыптасқан ескі түсініктерге мүлдем сәйкес келмейді, сонымен қатар ойдан құрастырылған аңыз-ертегілермен арасы алшақ. Сондықтан, бүгінгі таңда бұл еңбек білікті тарихшы мамандардың тексеруінде. Сараптама жасалынып біткен соң баспаға берілу мәселесі көпшіліктің шешімімен қабылданады.
Шақшам елі ру емес, Абыша, Қара, Айтым, Сары, Иман және Жанібек аталған алты рудан құралған тайпа. Бұлар нақты өмірде болған кісілер есімдері деп шамалаймыз. Нақты есімдер тек ру дәрежесінде ғана болады Қытайдың «Ганму», «Таншу» және «Батыс Лиау патшалығының тарихы» жылнамалары арқылы белгілі болған тарихы деректері бойынша, Шақшам елі «Алты Шу елі» аталған тайпалар одағы құрамында біздің жыл санауымыздың VII ғасырынан бастап болғаны анықталды. (Жаң Шиман, «Батыс өңірі тарихындағы ұлттарды зерттеу», 1947 ж. Хи Шиутау, «Үйсін ұлтын зерттеу», Жұңғо қоғамдық ғылым академиясының этнография институты құрастырған, 1949ж.)
Аталған жылнамаларда Шақшам тайпасы қытайдың грамматикалық ерекшеліктеріне байланысты Шато деп көрсетілген.( Жұңғо тарихи сөздігі, түрік тарауы») Шақшам сақтар мен ғұндар тайпалық одақтары тарағанда, солардың қалдықтарынан құралып пайда болған тайпа.
Сонымен қатар, тарихшы ғалымдар мен халық жазушыларының пікірінше, Шахшам ата тайпа басшысы- көсемнің нақты есімі (мағынасы Шудағы жауынгер елдің көсемі), сондықтан шежіре кестелері Байдулы-Шақшам аталарымыздың есімдерінен басталады. Дегенімен бүкіл қазақ-түрік тайпалары арасында нақты кісі есімімен аталатындар жоқ, нақты есім аңыз-ертегілер арқылы әдейі құрастырған және ру дәрежесіндегі елдер ғана нақты адамдар есімімен аталған.
Мысалы Шақшамнан тарайтын бес ата рулар : Иман, Абыша, Қара, Айтым, Сары және Жәнібекті дәл сол Шақшамның балалары деп қараған дұрыс емес . Шындығында олардың арасын көптеген буындар мен дәуірлер бөліп тұр. Жалпы алғанда, шежіре кестелерінде көрсетілген кейінгі аталардың өзі де, оның алдында тұрған кісінің өз белінен шыққан баласы болуы да міндетті емес. Мұндайда жеке ру дәрежесіне көтеріліп (Иман , Абыша , Қара , Айтым , Сары , Жәнібек ) бір аталықтың атауына айналып кеткен кісі есімі, нақты баласы ретінде шежірелерде атала береді. Негізгі, шежіре кестесінде көрсетілген аталарымыздың артында бірнеше қауым ел тұрғанын білгеніміз жөн, себебі кестелерде тек белгілі атақты кісілер есімі ғана сақталған.
Бүгінгі күні Шақшам елінің негізгі үш тобы белгілі. Шақшам ұрпақтарының соңғы тарихи кезеңде бастау алған елді мекендері- Жамбыл облысындағы Ақтоған ауылы (Меркі ауданы), Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қошқарата, Кеңсай ауылдары (Байдыбек ауданы ), Ташкент облысындағы Шақшам ауылы (Бостандық ауданы ). Сонымен қатар Қырғызстанда, Түрікменстанда және Қытайда бауырлас ағайындарымыз- Шақшамдар тұратыны туралы деректер бар, бірақ олармен кәзірше байланыс жоқ.
Шақшам елі туралы табылған тарихи деректер мен шежіре арқылы бізге жеткен мәліметтерді сараптап, ой елегінен өткізіп, қорытындалған тұжырымдарды көпшілікке ұсынар алдында айтарымыз, біз ұсынатын ататек кестелері ғылыми дәрежеде дәлелденген шежіре емес, ел арасында қалыптасқан шежіре желілері арқылы, ағайындар жинаған мәліметтер бойынша жасалынуда. Шежіре шертетін үлкен кісілер дүниеден өтіп таусылуға айналған заманда ұрпақтар кітабы өз ата тегінің кім екенін білу үшін, ұрпақтарымызға өте қажет деп санаймыз, ал
шындық пен ақиқат болашақта өзіндік шынайы бағасын алатын кезең - келер ұрпақтар заманында деп сенеміз.

Қымбатты бауырлар!

Қазақстан елі тәуелсіздікке қолы жеткен соң біздің халқымыздың көптеген тамаша дәстүрлері қайта дамып жандана бастады. Біз өзіміздің тарихымызды жаңа тұрғыдан біле бастадық және сонымен қатар ұлы ата – бабаларымыздың мерейлі жетістіктерін мақтаныш ететін мүмкіндіктерге ие болдық.
Елімізді бүкіл әлем жұртшылығы тұрақтылық пен тыныштықтың жаратымды үлгісі есебінде тани бастады. Бұл қазақ халқының Республикамызда тұратын басқа ұлттарға ықыластық көзқараспен қарап, достық қатынас жасауының арқасында іске асуда.
Азабы көп жылдардан, қиямет қиындықтардан өткен қазақтар, ұлт дәрежесін сақтап қалу жолында алапат қырғындардан жеңіп шығып, тек біздің ұлтымызға тән адамға деген шексіз мейірімділік пен адал аққөңілдік қасиеттерін ғасырлар тұңғиығынан алып келді. «Мың өліп мың тірілген» ержүрек халқымыз меймандостық пен ақжарқындықтың үлгісі ретінде танылып, әлемде теңдесі жоқ адамгершілік пен ізгіліктің ерекше психологиясын қалыптастырды. Халқымызға тән асыл қасиеттер, ата – бабамыздың атамұрасы - шежірені зор құрметпен қастерлеп, оның қағидаларын бұлжытпай орындау арқылы елге терең сіңді.
Біздің аталырымыз шежірені аса қадырлеп, туысқандық қарым қатынастар қалпын бұзбай таза сақтап, жеті атасын міндетті түрде білуді мәртебелі парыз санап өткен. Әрбір кісі халық шежіресі арқылы өзінің кім екенін, бабаларының қайдан шыққанын және оның туған руы ел тарихында қандай орын алғаны туралы біліп келген.
Ар - намыс пен мәртебесін биік ұстаған қазақ, төңірегіндегі елдің барлығын туысқан – бауыр немесе құда – жекжат санаған, шежіре арқылы ешкімді бөтен көрмеген. Бауырмашыл мейірімділігінің арқасында қазақ басқа ұлттарды да жақын санап, туысқанындай көріп осы қасиеттердың себебімен тұрақтылық пен тыныштылықтың елімізде мықтап қалыптасуының кепілдігі болып отыр.
Туған елінің тарихын білмеген, ата жолын қастерлемеген бейбақтың имандылығы мен адамгершілігі болмайтындығын, отанды сүйетін сезімдерінің тіпті өшіп қалатындығын - өткен өмір және көп азаппен өткерген тарихымыз дәлелдеп берді.
Атадан қалған асыл сөз: «Жеті атасын білмеген ұл – жетесіз» дегенді бетке ұстап, ел шежіресін білу бәрімізге міндет, әр кісі өз елінде көптің бірі екенін, басқалар үшін жауапты екенін терең түсініп, дүние табу жолында рушылдықты пайдаланатын масқаралық жайға жол бермеуі керек.
Бүкіл әлемде ру басыларды, өткен ұрпақтың белгілі есімдерін аса үлкен құрметпен қастерлейтіндігі белгілі, ал шежіре қазақ үшін тек рулар мен оның тармақтарының тізбегі ғана емес, ол ерекше төлтума өркениеттің бірегей даналық үлгісі, салт жоралар желісі және имандылық қатынастардың кағидасы.
«Шақшам» елінің шежірелік кітабын жасау – заманымыздың тарихи талабы, келер ұрпаққа қалдыратын жауапты хат мұрамыз. Болашақ ұрпақ біз арқылы қазақ тарихындағы өздеріне тиісті мәртебелі орнын біліп, аталарының елге сіңірген зор еңбектерін қастерлеп, зор мақтанышпен еске алуы үшін қажет.

Туған елге қызмет жасауға әрқашанда дайын замандастарыңыз
Аман Жолдасов деп білерсіздер. 17.09.09.
Нұрбану Елшібайқызы
Nurbanu_1981
07-07-09 09:36
Мен Шақшаммын, оның ішінде Болат баласынан тарағанбыз. Менімен бірге туған 15 бауырым бар. Шымкент облысы, Бәйдібек ауданы, Қошқара ата ауылынан шыққанбыз. Қошқар атада Шақшамдар баршылық.
Шато
zholdasov_aman@mail.ru
06-07-09 14:20
Қоқан хандығында
Бір кезде қазақ хандығының, одан кейін ұлы жүздің астанасы болған Ташкент пен оның маңайын Дулаттың төрт баласы саналатын сиқым, жаныс, ботбай және шымыр билейтін. Бірақ, олардың арасында қашаннан бері жалғасып келе жатқан бітпес дау-жанжалдар орын алып, ақыры олар 1798 жылы өзара келісіп, билікті бір-бірінен қызғанғандықтан, оны қазаққа емес, бейтарап басқа адамға беруге шешім қабылдаған. Сонымен олар билікті, Төле бидің бір әйелінің інісі, сарттан шыққан Жүніс қожаға берді. Ол болса Ташкент қаласының күшбегісі (бектердің бегі) атанған соң, көп уақыт өтпей-ақ, билікті өз қолдарымен берген қазақтардың өзіне, әңгіртаяқ ойнатты. Біразын Ташкенттен қуып шықты, біразына қастандық жасап өлтірді, көп уақыт өтпей көрші жатқан көптеген қазақ тайпаларына шабуыл жасады.
Ол кенеттен аңсыз отырған қазақтарға шабуыл жасап, көп адамды топтап тұтқынға алды. Қанышер Жүніс қожа тұтқындардың басын кесіп, олардың басынан мұнара тұрғызды. Оның бұл орынсыз жауыздығы Ұлы жүз қазақтарын қатты түршіктірді. Жақын маңайда орналасқан ұлы жүз қазақтарының біразы үрке көшіп Арқа жеріне қоныс аударды. Басқалармен қатар, шақшамдардың Ташкент маңына жақын орналасқан тобы да Жүніс қожаның қазақтардан бөлініп кету үшін жасаған жауыздығының құрбаны болды.
Алайда, оңтүстік жерін жаңа қонысқа айналдырған шақшамдар, басқа ру-тайпалар басшыларымен келісіп, ортадан үлкен жасақ ұйымдастырды. Біріккен жасақ Жүніс қожаны Шымған тауына жақын жердегі жайлауда, жайбарақат жатқан жерінде, кенеттен шабуыл жасап, қолға түсірді. Соңынан оны билердің әділ үкімен қасындағы нөкерлерімен бірге жазалаған. Жүніс қожаны ұстауға шыққандар арасында Шыршық маңайын мекендеген шақшамдардың Абыша атасына жататын ержүрек жігіт Өтеш бар болатын.
Сонымен, көп ұзамай, 1801-1809 жылдары Қоқан ханы Әлім қазақтың өңтүстік өңірінің біраз жерін Ұзын ағашқа дейін және қазақтардың ескі астанасы Түркістанды жаулап алды. Сондықтан бұл жерлердегі қазақтар Қоқан хандығына бағынатын болды. Бұл өлкедегі шақшам елінің үш тобы (Жаңажол, Шыршық, Шыназ, Меркі, Қошқарата) толығымен Қоқан хандығының қол астында қалды. Зорлық-зомбылық көріп жерінен айырылған шақшамның бір кішірек бөлігі Ферғана өлкесіне өтіп, жергілікті иран тектес халықтармен араласып құрама шала қазаққа айналды.
Қоқан хандығының Ташкенттегі әскері негізінен қазақтардан құралып, олардың жалпы саны сол жылдары 30 мыңға жетті. Мұнда, әсіресе ұлы жүз тайпалары шанышқылы, қатаған сияқты тайпалар қатарында шақшамдардың атқарған маңызы зор болды. Қоқан әскерінің құрамындағы өзбектер (сарттар), тиянақсыз табансыз болмыстарына байланысты, соғысқа онша бейімді болмаған. Олар қарсыластарын екі- үш есе артық санымен ғана жеңіп үйренген. Бірақ жеңілгендерге аяумай жауыздық көрсетуге келгенде, алдарына жан салмайтын. Осыны жақсы білетін Қоқан хандары сыртқы елдермен жүргізілген қиын соғыстарға, қазақтан және қырғыздан шыққан сарбаздарды пайдалануға тырысатын. Ташкенттегі Қоқан хандығының әскері құрамындағы саны шамалы ғана шақшамдар шетінен өжет, бірі ондаған өзбекке (сартқа) қарсы тұруға жарайтын, қайсар жауынгерлер болатын. Саны жүздеген есе көп қоқандықтарға, үрім-бұтағы жойылып кетпес үшін амал жоқ бағынған шақшамдар, басқа да ру-тайпалар қатарында басқыншылардан құтылар күнді жақындатуға, бар амалдарды қарастырумен болді.
Қоқан ханы Әлім соғыс жорықтарын жүргізуге өте құмар басшы болған, оның бүкіл есіл- дерті көрші елдермен тек қана соғысу еді. Оның жасаған жорықтары халықтарға ешқандай пайдасы болмағандықтан, соғыс зардабы оның қарамағындағы елдерге өте ауыр тиді. Сондықтан хандықтың құрамындағы қазақ билері Әлімге қарсы қастандық жасауды ойластыра бастады. Билердің шешімен, шақшамнан шықан, Шыршық маңайынан келген ержүректі жас жігіт Аманкелді, Әлім ханның өзі қатты әжуалайтын, Рақым Хикмет бақсының сеніміне кіріп алыпты. Сонымен Аманкелді 1809 жылдың қазан айында, кезекті зікір салу кезінде Рақым бақсының қасында қызмет жасағансып жүріп, аңсыз отырған Әлімді қысқа қанжармен екі жерінен жаралады. Қашып құтылатын амалы болмағандықтан, есіл ер сол қанжарды өзінің жүрегіне салып қаза болған. Ел үшін басын құрбандыққа тіккен ержүрек шақшамның қолынан ауыр жарақаттанған Қоқан ханы Әлім, ел басқару тізгінінен айрылып, көп ұзамай хандықты күшпен тартып алған туған інісі Омардың бұйрығымен басы алынды. Ел үшін құрбан болған есіл ер Аманкелдінің артында қалған жалғыз ұлы Жаңбырбайдан соңынан бір қауым ел тарады.
Хан тағына отырған Омар, өзі бауыздатқан ағасының төңіректегі елдерді жаулап алу саясатын жалғастырып, 1810 жылы негізінен қазақтар тұратын Шымкент қаласына шабуыл жасады. Үш қақпасы бар, бекінісі мықты қаланы қоқандықтар бірден ала алмады. Ақырында Қоқанның жаңа ханы Омар Шымкентке жаңа күш төгіп, әскерлер қалаға тұс-тұсынан лап қойып, қоршаудың 20-шы күні тіке шыққан шабуылмен қаланы басып алды. Басқыншыларға қарсы жан аямай күрескендер арасында, қала қорғаушыларының өтінішімен Шыршық маңайынан көмекке келген, ел үшін қаза болған Аманкелдінің туған інісі ержүрек Есенкелді бастаған шақшамның бір топ жігіттері бар еді. Қаланы басып алған қоқандықтар жараланып, қолға түскен қорғаушылармен қатар жазықсыз қала тұрғындарын аяусыз қырып, қандарын судай төкті. Қырғын соғыс аяқталуға жақындап, басқыншылар қамалға қаптап кіре бастағанда, жеңіл жараланып тірі қалған Есенкелді бастаған шақшамның бес сарбазы, абыр-сабыр топалаң сәтті пайдаланып, қоршаудан шығып үлгерген.
Қазақтарға аяусыз жауыздық жасаған басқыншыларға әбден кектенген Есенкелді мен оның серіктері, кең далаға кетіп ізін жасырудың орнына, жараларын таңып, біраз әлденіп алған соң, қоқандықтармен соғысты жалғастырмақ болып Сайрамға беттеді. Көне Сайрам қаласының тұрғындары қоқандықтармен үш күн бойы берілмей соғысты. Көп әскер қойсын ба, төртінші күні қалаға басып кірген басқыншылар қорғаушыларды аямай қырып, бау-бақшалар мен егіншіліктерді қиратып, үйлердің тек қана топырақ үйінділерін қалдырды. Соңғы демдері таусылғанша дұшпанмен айқасқан Есенкелді мен бес серігі, ұрыс үстінде қаза болып, олардың ел үшін жасаған ерліктері елімізге көп жылдарға дейін белгісіз болып қала берді.
Қоқандық билеушілер қазақтарды басып алған жерлерінде алғашқы кезден-ақ мейлінше қаталдық танытып, олардың қазақтарға көрсетпеген зорлық-зомбылығының түрлері қалмады. Салық салушылар тіпті шектен шығып, адамгершіліктен кетіп, тұрмысқа шығатын әр бойжеткен қыз үшін бір ділладан салық енгізді. Амалы құрыған қазақтар бой жеткен қыздарына қызыл орамал орнына, ақ жаулық тартқыза бастады. Осыны біліп қойған қоқандық зекетшілер, жас әйелдердің қыз екенін анықтаймыз деп, олардың кеуделерін қолдарымен қысып ұстап, тексеретін болды. Бұл шектен шыққан қорлау, қазақтардың намысын келтіріп, ашу-ызасын қоздырып, халықты 1821 жылы көтеріліке шығуға мәжбүр етті. Көтеріліске Меркі маңайын мекендеген шақшамдардан Ақмырза, Байсейіт, Байқұл, Рай, Жұмабай, Құдайғұл, Райымжан аталарымыз қатысқан, ал Қошқарата маңайын мекендеген шақшамдардан Мыңбай, Қозыке, Өрікбай аталарымыз қатысыпты. Сол сияқты бұл көтеріліске көппен бірге, шақшамның Жаңажол, Шыршық, Шыназ маңайын мекендеген Абыша, Сары, Иман, Жәнібек аталар ұрпақтары да қатысқан. Оларды ел үшін ерлікпен қаза болған Аманкелді ұлы Жаңбырбай басқарыпты.
Қоқан ханы Омар 20 мыңдай әскерін көтерілісшілерге қарсы төккенімен, саны аз болса да қазақтар еш қайтпастан, күші басым отаршыларға қарсы аяусыз күресті. Бірақ өздерінің қара бастарының ғана қамын ойлаған, төре тұқымынан шыққан қазақтың үстемтап өкілдері, көтеріліс өзімізді таптап кетер деген қауыппен, қоқандықтармен тіл табысып келісімге келген. Опасыз басшылар өз еркімен берілен көтерілісшілерге кешірім жасалынады деп алдап, оларды қаруларын тастауға көндірді. Көтерілістің қарапайым қазақтардан шыққан басшылары ұсталып, зынданға салынды, көпшілігінің бастары шабылды, ал енді біреулері істік қазыққа отырғызылды.
Қоқандық бекіністер саны елімізде барған сайын өсіп, қазақтардың жайлауы мен қыстаулары арасын үзіп, ауылдар арасында тіке өтетін жолдарды бөгеп тастады.
Осыдан кейін қоқандықтар Шымкент маңайындағы шұрайлы жерлерді қазақтардан тартып ала бастады. Сайрам, Қарамұрт, Тұрбат, Тассай сияқты шаруашылыққа қолайлы, егін егу үшін суы мол, әрі құнарлы жерлерді қазақтардан тартып алып, оларды құнарсыз жерлерге көшірді. Әсет пен Қосет билер заманында, XVI ғасырдан бастап мал шарушылығымен қатар егінмен де айналысып, көп жылдар аралығында зор тәжірибе жинаған олардың ұрпақтары бастаған шақшамдардың бір тобы Тассай елді мекенін гүлдендіріп, саябаққа айналдырған. Олар бұрын суы тапшы, бірақ топырағы құнарлы жерлерге жаңа арықтар жүргізіп, ағысы күшті өзендер бойына тоғандар орнатып, кең алапты егін шаруашылығымен қамтыған. Тассай алабы ортасымен өткен кең арық «Шақшам арық» аталып, оның ескі орны бүгінгі күнге дейін сақталған.
Сонымен, көп еңбекпен қолдан жасап, гүлденген алапқа айналған шақшамның шұрайлы Тассай жерін, қоқандықтар зорлықпен тартып алды. Жақында ғана болған қанды көтерілістен басылып, әбден жаншылып қалған қазақтар қатарындағы шақшамдар, осы кезде қайтадан бас көтеруге шамалары келмеді. Сондықтан ел сыйлаған, құрметті ақсақалдар Қараша, Базарбай, Бекман бастаған шақшамның Абыша, Қара, Иман аталар ұрпақтары Тассай жерінен көшіп, Қаратау жотасының шығысында Қошқарата өзені бойына «ақтабан шұбырынды» заманында орналасқан ағайындарына барып паналады. Бұл жер Қоқан хандығы қол астында болғанымен, таулы жерде жол қатынас қиындығына байланысты, басқа өлкелерге қарағанда, шақшамдар үшін сәл еркіндеу және тыныштау болатын. Жоңғар қырғыны кезінде таулы өлкеге келіп орналасқан ағайындар арасына, Шымкент маңайынан келіп жайғасқан Қараша, Базарбай, Бекман ақсақалдар бастаған шақшамдар, жаңадан арықтар тартып, су көтерілетін тоғандар жасап, көп жерге егіндер егіп, өңірді гүлдендіре бастады. Олардың епті қолы мен табиғи жаратылысының зеректігі терең шатқалдағы өзендерден суды тартып, үстіртке шығарып, егістіктерге таратты. Соңынан, Ресей елінен «переселендер» аталған келімсек орыстар көшіп келіп, Ақ патша бұл жерлерді арнайы актымен, оларға өткізіп бергенше, бұл алап шақшамдардың арқасында, гүлденіп тұрған. Дегенімен, бұл өңірдегі шақшамдар да Қоқанның алым-салығынан ауыр азап шегіп, көп қиналған еді.
Қоқанның қысымында қалған елдің шаруашылық жағдайы тіпті нашарлай түсті. Соның салдарынан Шымкент, Шыназ, Шыршық, Меркі бекіністері төңірегіне орналасқан шақшамдардың біразы, жердің тарылуына байланысты мал бағуды, егін егуді тастап, күн көріс үшін әртүрлі кәсіп іздеушілердің қатарына қосылып, кедейшіліктің ең сорлы түріне тап болған жағдайлары болды.
Сонымен қатар, ағайындарымыз жақын орналасқан Шымкент, Әулиеата, Шыршық, Меркі, Қарабұлақ бекіністер жанында базарлар пайда болып, біртіндеп сауда орындары көбейе бастады. Ағайындарымыз енді малдарын сатып, орнына түрлі өнеркәсіп тауарларын сатып алып, алыс-жақын елдерден келген бұйымдарды иеленіп, солар арқылы біртіндеп шағын өркениетке қолдары жете бастады.
Алыста, жүрер жолы қиын таулы өлкеде орналасқан Қошқарата өңірінен, Қарабұлақ базарына тау арқылы төте жолмен малдарын айдап шақшамдар Абыша, Қара, Иман аталар ұрпақтары келе бастады. Сол кезде тау шақшамдары үшін жаңа ашылған өркениет жолы басқа елдермен қатысудың негізгі соқпағы болатын. Осы соқпақ XX ғасырдың 70 жылдарына дейін таулы шақшамдар үшін шаруашылық маңызын жоғалтпай келді. Сонымен, уақыт өте ауылдар арасында автокөлік жүретін жаңа айналма жол ашылып, ескі жол шаруаға керексіз қалғандықтан, соқпақтың өзі түгіл ізі де жоғалған.
Дегенімен, шақшамның ата бабалар тарихын зерттеп жүрген олардың бірнеше ұрпақтары, арада ширек ғасыр өткенде, 2004 жылы сол жоғалып кеткен ескі аталар соқпағын қайта тауып, енді жыл сайын аталар құрметіне 45 шақырым жерді тау аралап, жаяу жүріп өтуді аталық дәстүрге айналдырды.
Тарихтан белгілі 1845 жылы Кенесары хан қазақтың бүкіл оңтүстік өңірін билеп отырған Қоқан хандығына қарсы соғыс бастады. Соған байланысты қоқандықтарға қарсы қазақтардың әр жерде көтерілістері бас көтерді. Сол кезде Қоқан билігіне қарсы Әулиеата өңірінде де үлкен көтерілістер болды. Соның бірі Меркі өңірінің қазақтарын басқарған Сыпатай Әлібекұлы бастауымен болған көтеріліс еді. Ботбай руынан шыққан ол қазақтар мен көршілес орналасқан қырғыздарды қоқан билеушілерінің шектен тыс езушілігіне қарсы күреске бастады. Қоқандықтарға қарсы шайқастарда, алғашғы кезде Сыпатайдың оққағары болып, кейіннен халықтың тәуелсіздігі үшін жасаған тамаша ерліктерімен белгілі болған шақшамнан шыққан Тілеміс батыр жүрген.
Шақшам Тілеміс батырды Сыпатай батыр «Жолдым» деп атап ең қиын, ең шешуі қиын дауларға, жорықтарға жіберіп отырған. Сыпатай әрі Тілемістің Әуес деген қарындасын алып, шақшамдарға күйеу болған. Өзі батыр, сөзге шешен Сыпатайдыңшақшамнан алған Әуес әйелінен аты жомарттығымен елге жайылған Ноғай деген ұл туған.
Тілеміс батыр тек күштілігімен емес, ақылдылығымен, сөзшеңдігімен, білгірлігімен қоса, ұрыс әдісін игере білгендігімен ерекшеленген. Содан Сыпатай батыр Тілеміске қарасты ағайындар қоныстанған жерге үш шыбықты қадап, белгі қойған екен. Ол жерлер: «Ойранды», «Молалы», «Ақтікен».
Шақшам тайпасынан тараған үш аталық - Жәнібек, Жанбазар, Майемген(Сары) ұрпақтары осы жерлерге қоныстанған. Жәнібек- Ойрандыға, Жанбазар- Молалыға, Майемген- Ақтікенге ие болған. Тілеміс батыр қоқандықтарды қуып, еліне жер алып берген. Шақшам тайпасынан шыққан үш аталыққа өз қоныстарын тауып берген. Тілеміс батырдың қылышы бұл күндері аудандық мұражайда тұр. «Ақтікен» ауылы қазір «Ақтоған» деп аталады.
Осы кезде Ресей патшалығы Қоқан хандығының езгісіндегі, негізінен қазақтар мекендеген, оңтүстік өңірді басып алуды ойластыра бастады. Орыстар біртіндеп, қоқандықтар салдырған қамалдарды шетінен басып алып, оларды бұл өңірден біржолата қумақшы болды. Адам айтқысыз қанаудан бостандық алу үшін біртіндеп Ресей қарамағына ұлы жүз тайпалары жалайыр, албан, суан, шапырашты, ысты, ошақты, қаңлы өте бастады. Меркі маңаңайын мекендеген шақшамдар Абыша, Қара, Айтым, Сары, Жәнібек ұрпақтары Бекі, Байқабыл, Қалыбай, Оразбай және Өмірбек Ресей қарамағына өтуге тілек білдірді.
Әулиеата маңында 1858 жылы зекет жинауға Ташкенттің билеушісі Мырзахмет келіп қазақтардан қосымша салық төлеуді талап етті. Бұған наразы болған қазақтар бүкіл Алатау бойындағы Қоқан билігіндегі каңлылар, шапыраштылар, дулаттар, шақшамдар және басқа тайпалар көтеріліске шығып, Әулиеатаны жан жақтан қоршады. Меркі маңайындағы шақшамдардың Абыша, Қара, Сары, Жәнібек аталар ұрпақтары туған жерді қоқандықтар езгісінен азат ету үшін Черняев әскері қатарына қосылды. Оларды басқарып орыс әскеріне бастап алып барған Бекі, Байқабыл, Қалыбай, Оразбай және Өмірбек шақшам азаматтары болатын. Ташкенттік билеушілер, тек қана әлсіздерге ғана күш көрсетіп үйренгендіктен, қорыққандарынан не істерін білмей, олар әскерімен бекініске барып жасырынды. Орыс патша үкіметі оңтүстік өңірді қоқандықтардан тартып алу үшін бар әскерін жұмылдырды. Әулиеата қаласын қарудың күшімен басып алу үшін 1864 жылдың ерте көктемінде Верный қаласынан полковник М.Черняев бастаған әскерлер шықты. М.Черняев басқарған отряд мамыр айында Меркі бекінісі түбінен шығып, жолай ешқандай қоқандықтарға кездеспей Ұзынбұлаққа жетті. Меркі шақшамдары Бекі, Байқабыл, Қалыбай, Оразбай және Өмірбек жер жағдайын жақсы білгендіктен, барлаушылар қосынына кіріп, орыс әскерлерінің ешқандай қиындықсыз Әулиеата маңайына жетуіне мүмкіндік жасаған.
Зәресі қалмай қорыққан қоқандықтар бар күштерін жинап Әулиеата бекінісіне тығылды. Орыстар қаланы басып алған сәтте әскербасы Ниязәлі өзінің 400 әскерімен бекіністі тастап қашып кетті. Соңдарынан жедел құғынға шыққан орыс-қазақтардан құралған шағын қолдың құрамында Меркі шақшамдары Оразбай мен Өмірбек қоқандықтар мықтап бекінген Шымкент қаласы маңайынан кейін қайтқан.
Енді орыстар бүкіл оңтүстік өңірінің кілті саналған Шымкент қаласын алуға дайындалды. Қаланы орыстарға бермей, оларға тойтарыс беру үшін, Қоқан ханы қыпшақтан шыққан аса дарынды қолбасшы Әлімқұлды әскер басшылығына тағайындады.. Сол кезде қыпшақ Әлімқұл хандықтағы бар биліктің иесі еді. Шымкент қаласы қорғанысын басқаруды басқаға сенбей, Әлімқұл өз қолына алды.
Орыстар Шымкентті басып алуға екі жақтан әскер жіберді. Әулиеата жақтан полковник М.Черняев бастаған әскерлер, Түркістан жақтан полковник Н.Веревкиннің әскерлері қалаға жақындады. Шымкент маңына бұрынырақ жеткен полковник Н.Веревкиннің қарамағындағы капитан Л.Мейер, М.Черняевтің әскерлерін күтпей-ақ, атақ даңқын арттыру мақсатында, қаланы өз күшімен басып алмақ болды. Бірақ Шымкент маңындағы Ақбұлақ, Алтынтөбе ауылдарына жақындап келгенде, 14 шілде күні капитан Л.Мейер бүкіл төңірегін қоршап алған, саны 10 мыңнан асатын қоқандық әскердің қоршауында қалғанын байқады. Қоқан қолбасшысы Әлімқұл орыс әскерлерімен шайқасуға дайын тұр екен.
Әлімқұлдың жер қайысқан қолының ортасында қалған капитан Л.Мейер не істерін білмей жанталасты. Зеңбіректердің бірнеше дүркін атқылауынан кейін орыс әскерлері тіпті қатты састы. Түнге қарай Мейер көмек сұрап Черняевке жер жағдайын жақсы білетін шақшамның Әлмембет деген бір жігітін жіберді. Түнделетіп жеткен шақшам жігіті Әлмембет арқылы, Ақбұлақ түбіндегі жағдайды, білген М.Черняев, отандастарының өте қиын жағдайда қалғанын түсінді. Сондықтан полковник Әлмембеттің жолбасшылығымен шұғыл түрде Мейерге көмекке 50 орыс-казак әскерін және атпен тартып жүретін екі зеңбірек жіберген. Әлмембет алып келген қосымша күш арқасында капитан Мейер таң атқанша қоқандықтарға төтеп беруге шамасы келді.
Келесі күні орыстардың барлық әскерлерінің басы қосылып, Ақбұлақ аймағы үлкен ұрыс даласына айналды. Он күнге созылған шайқас 24 шілдеде Черняев әскерінің жеңілуімен аяқталды. Бұл үлкен шайқасқа екі жақтан да көптеген қазақтар қатысқан. Ұрыста жан аямай соғысатын олар, туған жерді азат ету үшін қырылып кетсек арманымыз жоқ деп, екі жақтан да көп қаза болды. Ел ақсақалдары айтуы бойынша, шақшамдардан бұл ұрысқа екі жақтан жүзден аса адам қатысып, жартысына жақыны жаралы немесе қаза тауып, шығын болыпты. Жанға өте қатты бататыны, осы сұм заманның қатыгездігінен, екі қарсылас жақтағы туыстас-бауырлас шақшамдар ұрыс кезінде біріне бірі қарсы «Бақтияр, Майемген!» деп тайпалық ұрандарын айқайлап, шапқандарын кәйтерсіз.
Жеңіліске ұшырап, 405 адамынан өлідей айырылған орыс әскерлері Алтынтөбені тастап, Бадам өзені бойымен Қараспанға қарай шегініп кетті. Соғысуға бейімсіз, ұрыс кезінде бірінің артына бірі тығылып көршісінің арқасын паналайтын, бірақ жеңілгенді жауыздықпен аямайтын қорқақ, көпшілігі сарттардан тұратын Қоқан әскері, қыпшақтан шыққан үздік қолбасшы Әлімқұл мен жан аямай соғысқан қазақ сарбаздары арқасында ғана он күндік шайқаста жеңіске жетті.
Орыс әскерлерімен болған Ақбұлақ және Алтынтөбедегі шайқас кезінде елден шыққан қарапайым жігіт- белгілі Қараша бидің ұлы шақшам Бәйімбет бірнеше ерліктерімен елге белгілі болды.
Соның бірі былай болған екен. Бір шайқастан кейін, әбден өшігіп кегі кеткен орыс әскерлерінің бір тобы, қырғын ұрыстан соң оқ тиіп өліп, шашылып жатқан қазақтардың бастарын қылышпен шауып, доп құсатып домалатып тепкен. Ал енді тағы біреулері өлі жауынгерлердің көздерін мылтықтарының найзасымен шұқып бара жатқан. Мұндай жан шыдаспас қорлауды көріп тұрып, шыдай алмаған Бәйімбет, шегініп бара шатқан қоқандықтар шебінен суырыла кейін шапқан. Ол астындағы жирен атына қамшыны басып, аққан жұлдыздай зулап келіп, орыстар тобының алдында келе жатқан, өліктерді қорлағандардың біреуін шоқпармен басына сілейте соққан. Сөйтіп, көзді ашып жұмғанша құйындатып, алыстап бара жатқан қоқандықтар шебіне қайтып қосылып кете барған. Орыс әскерлері қазақ жігітінен мұндай көзсіз ерлікті күтпегендіктен, ауыздары ашылып не істерін білмей, аңырып тұрып қалған. Қолында шоқпардан басқа қаруы жоқ жалғыз сарбаздың мұздай қаруланған орыстың бір топ әскерінен қорықпай, тапа тал түсте көздерін бақырайтып қойып, жауынгерін өлтіріп, өзі аман сау құтылып кеткені, көпті көрген қарт жауынгерлерді де таң қалдыртқан. «Бұл адам ба, әлде жын ба?» деп көргендер таңғалып, жағасын ұстаған. Сонымен қатар Ақбұлақ пен Алтынтөбедегі шайқас кезінде орыстарға көп көмек көрсеткен қазақтар ішінде 12 жігіт соңынан патша үкіметінің түрлі марапаттауына ие болған.Соның бірі шақшам азаматы Бәйімбеттің туған інісі Әлмембет полковник Черняевтің бірнеше қиын тапсырмаларын орындап, cоңынан ерекше марапатталған.
Арада екі ай өткен соң генерал шенін алған М.Черняев бастаған орыстың қарулы әскерлері Шымкент қаласын басып алуға қайтып келді Шымкент қаласын алған кезде патша әскерлеріне көмек көрсеткен қазақтар көп болды. Шабуыл басталар алдында генерал М.Черняевке қаңлы, дулат, сіргелі, шақшамдардың жарты мыңдай жігіттері келіп өздерінің қоқандықтарға қарсы соғысуға дайын екендіктерін білдірген екен. Сонда генерал: «Қаруларың жоқ, қалай жәрдем бересіңдер?»,- дегенде, олар: «Айқайлап орыс әскеріне күш беріп тұрайықшы»,- депті. Бұл жігіттердің мақсаты қоқандықтардың жарты ғасырлық билігі кезіндегі адам айтқысыз зорлық-зомбылығынан, олардың отаршылдық езгісінен елмен бірге азат етілу болды.
Олардың арасында шақшамның Абыша, Иман, Қара аталарына жататын таулы жер Қошқарата, Кеңсай елді мекендерінен келген Қожакелді, Базарбай, Сасық және Сәрсен есімді азаматтар бастаған жігіттер болды.
Сонымен, шақшамдардың жері енді толығымен орыстардың қоластына көшті.. Ашкөз басқыншы жоңғарлар, одан кейін бір жағынан Қытай, екінші жағынан қоқандықтардың қоршауында болған аталарымыз, сол қиын кезеңде тіректі орыстардан іздеуге мәжбүр болды. Енді жаңа тәртіпке байланысты рулар мен тайпалар арасындағы тартыстар азайып, барымталарға жол берілмегендіктен, мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы дами түсті, әр жерде өндіріс орындары пайда болып, еліміздің әл- ахуалы дұрыстала бастады.
Бірақ, арада жылдар өткен соң, бұл өңірге қоныс аударған орыстар саны көбейе бастады. Енді жаңа заман басталып, орыстарға қарап, солардың ауыздарынан шығар сөзді аңдитын, ел басына күн туды.

Пайдаланылған әдебиеттер мен жиналған деректер:

1.Л.Н.Гумилев, Көне түріктер, «Москва» баспасы, Москва қ., 2004 жыл.
2.Н.Я.Бичурин (Иакинф), И.Бичурин. «Ерте заманда Орта Азияны мекендеген халықтар туралы деректер жинағы» I том, ТОО Жалын баспасы, Алматы қ, 1998ж.
3.О.О.Сулейменов, Көне замандағы түріктер, көне түріктер тілдері мен жазуларының шығу тегі, «Атамұра» баспасы, Алматы қ, 2002 ж.
4.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы, құрастырған Р.Т.Сырғабаева, «Сенім» баспасы,Тараз қ., 2007 ж.
5.Нығмет Мыңжан, «Қазақтың қысқаша тарихы», «Жалын» баспасы, Алматы қ, 1994 ж.
6.Тауасарұлы Қазыбек бек, дайындаған Б.Қыдырбекұлы, «Түп тұқианнан өзіме шейін», «Жалын» баспасы, Алматы қ, 1993 ж.
7.Б.Қ.Албани, «Тарихи таным», «Ататек» баспасы, Алматы қ, 1994 ж.
8.Мырза Хайдар Дулати, «Тарих-и рашиди». Өзбекстан Республикасы ғылым Академиясы, Фан баспасы, Ташкент қаласы, 1996 ж.
9.А.Бушков, «Шыңғысхан, беймәлім Азия», «ОЛМА Медиа групп» баспасы, Москва қ., 2007 жыл.
10.В.В.Бартольд, «Жетісу тарихи очерктері», «Түркістан тарихы туралы дәрістер», «Еркін қоғам» Қазақстан институты баспасы, Астана қ., 2005 ж.
11.Е.Тұрысов, «Бәйдібек», тарихи хикая, «Нұрлы әлем» баспасы, Алматы қ, 2000 ж.
12.С.Жолдасов, «Қазақстанның оңтүстік өңірінің тарихы», «Үш қиян» баспасы, Алматы қ, 2009 ж.
13.Б.Жолдасов, «XIX ғасырдың ортасындағы Оңтүстік Қазақстан: ішкі және сыртқы жағдайы», «ҚАЗақпарат» баспасы, Алматы қ, 2003 ж.
14.М.Әбдәкімұлы, «Сіргелі шежіресі», «Алтын алқа» баспасы, Алматы қ, 1997 ж.
15.Б.Қ.Албани, «Мұхаммед Хайдар Дулати», «Ататек» баспасы, Алматы қ, 2000 ж.
16.Д.Дүйсенбаев, «Домалақ ана», «Мұраттас» баспасы, Алматы қ, 1991 ж.
17.З.Сәдібеков, «Қазақ шежіресі», «Узбекистон» баспасы, Ташкент қаласы, 1994 ж.
18.М.Жолдасбекұлы, Қ.Салғарұлы, А.Сейдімбек, «Елтұтқа», «Күлтегін» баспасы, Астана қ., 2001 ж.
19.Қалыбек Данияров, «Өткенге көз салу- тарих», «Типография Комплекс» баспасы, Астана қ., 2009 ж.
20.С.Жолдасов, «Шілдедегі шайқас», тарихи роман, «ҚазАқпарат» баспасы, Алматы қ, 2008 ж.
21.Мұхамеджан Тынышпайұлы, «Қазақ шежіресі», «Қаламгер» баспасы, Целиноград қ, 1991 ж.
22.А.К.Акишев, М.Х.Асылбеков, К.М.Байпаков, «Ерте заманнан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы», «Дәуір» баспасы, Алматы қ, 1993 ж.
23.А.Досымбаева, «Мерке- Жетісу түркілерінің киелі жері», «Сенім» баспасы,
Тараз қ., 2002 ж.
24.Б.Әбілқасымов, Әбілғазы ханның «Түркі шежіресі» және оның тілі», «Арыс» баспасы, Алматы қ, 2001 ж.
25.Б.Қ.Албани, Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр, «Бабырнама», «Ататек» баспасы, Алматы қ, 1993 ж.
26.Б.Әбілдаұлы, «Жауғаш батыр- Абылай ханның елшісі», тарихи роман, «Мерей» баспасы, Алматы қ, 2004 ж.
27.Тұрыс Әжібекұлы, 20 ғасырда Қошқарата өңірінде жасаған ақсақалдың ауызша деректері
28.Жолдас Әжібекұлы, 20 ғасырда Қошқарата өңірінде жасаған ақсақалдың ауызша деректері
29.Әбдірахман Мұхитдинов, 20 ғасырда Боралдай өңірінде жасаған ақсақалдың ауызша деректері
30. «Тұңғышбай ата шежіресі», Меркілік шақшамдар жинаған деректер.
31.Меркіден табылған «Тері кітап» шежіресі, Меркілік шақшамдар жинаған деректер.

Шато
zholdasov_aman@mail.ru
06-07-09 14:17
Қазақ хандығы тұсында
Қазақ хандығының негізгі мекені 1465-1466 жылдары батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Керей мен Жәнібекті алдарынан шығып, қошеметпен қарсы алған тайпа көсемдері арасында, сол кезде үш аталықтан тұратын шақшам тайпасының ел басшылары – құрметті ақсақалдар Баймұрат, Бекмұрат және Саймұрат билер болатын.
Ақ орда (Өзбек ұлысы) Әбілқайыр хан жақында құрылған қазақ хандығын өзіне қаратпақ болып 1468 жылғы қыста Жетісуға жорыққа аттанды. Қазақ тайпалары бірігіп қарсы шыққан жорыққа тайпа көсемі Сүйіндік бастаған шақшам қолы да қатысқан. Әбілқайыр ханның сапары сәтсіз болып, ол жорық жолында қаза тапты. Бұдан соң ел ішінде аз уақытқа береке орнағандай болды. Сондықтан тоқтаусыз қырқыстар мен аласапырандардан адам саны көп азайып қалған шақшамдар, белі бекемденіп, беделі мен күш қуатын осы кезеңде арттырды.
Қасым хан кезінде, 1511-1523 жылдары Жетісу жерінің дені Шу, Талас, Іле өзендері алаптарында көшіп қонып жүрген шақшамдар тұған өлкеде көшіп қыстап, жайлап арыстап жүрген. Мамыражай, бейқұт заман 12 жылға созылған. Көп жыл ұрыс көрмеген шақшамдар көршілерімен ежелгідей ерулік берісіп, құда түсіп, құйрық бауыр асасып, жағасы жайлау, етегі қыстау болған дейді. Осы бейбітшілік заманда шақшамдар арасында әділ көсемдік танытып, даналығымен белгілі болған Жаңабай бидің атағы қазақтарға кең тараған.
Жаңабай би аса көрегендіктің арқасында басқа тайпалармен арадағы қатынастарды жақсартып, шақшамдардың мүддесін шеберлікпен қорғай білді. Ол бейбіт өмірді ұзақ жылдар сақтап тұруға бар күшін салған. Сондықтан 1501- 1599 жылдар арасында, бейбіт өмірдің арқасында, шақшам тайпасында жанұялар саны 10 мыңға жетіпті. Бұл аралықта шақшамдар саны көбейіп, екі қауым ел болып бекіген.
Екі қауымды басқарған елге қадірлі билер Әсет пен Қосет және соңынан олардың кейінгі ұрпақтары болды. Олардың жүргізген бейбіт саясатының арқасында бұл жылдары шақшамдар өсіп-өніп, қарулы күштері көбейіп, соғысқа дайындық өнерлері дами түсіп, әлеуметтік жағдайлары жақсарған. Еңсесі көтерілген шақшамдар, көрші отырықшы елдерден өнеге алып, мал шарушылығымен қатар егінмен де айналыса бастады. Шақшам ауылдары кәсібінің арқауы мал болды және бұйым жасау өрістеді. Ол заманда тері илеу, өрмек, кілем тоқу, киіз басу сияқты, өз шаруасына керектінің бәрін бабаларымыз өздері істеген.
Ондаған жылдар өткен соң қазақтар мен ойрат тайпаларының арасында 1635 жылдан бастап қарулы қақтығыстар күшейе түсті. Мал шаруашылығы үшін көшпенді екі халық көшіп қонатын жерлерді кеңейтуі керек болды. Сонымен Тәуке ханның ұлы Болат хан тұсында, 1718 жылдың көктемінде, Аягөз өзені бойында қазақ жасақтары мен жоңғар әскерлерінің арасында қырғын соғыс болды. Ескі қорған шығысында, кішірек тау етегінде үш күндік қантөгіске айналған, қатты кескілес ұрыс болған. Сол кезде қазақ хандарының ауызбіршілігі болмағандықтан ұрыс қазақтар үшін сәтсіз аяқталды.
Бөлшектенген бытыраңқы хандар мен сұлтандар жауға қарсы күш біріктіре алмай жеңілді. Ержүрек жауынгер Нарбота бастаған шақшамдардың шағын қолы үш күндік қантөгіске қатысып жан аямай соғысты, бірақ қазақтар оңбай жеңілгендіктен, жауынгерлер шығыны көп болды. Есіл ер Нарбота қаптаған жаудың қоршауында қалып, дұшпанның атқан садақ оғы өкпесін тесіп, осы шайқаста көз жұмған.
«Ақ табан шұбырынды» қасіреті
Қыстан жұтап, күйзеліп шыққан қазақ еліне 1723 жылдың көктемінде, жоңғарлар тұтқиылдан шабуыл жасап, әскерін қара құрымдай қаптатты. Бұл кезде шабуыл бола қояды деп ойламай қаннен-қаперсіз жатқан ел, енді ғана жайлауға көшуге қамдана бастаған болатын. Жоңғарлардың қарулы күштері қорғануға мұршасы келмеген бейбіт елді шауып-жаншып, қырғындап, үйін-мүлкін тонап, малын айдап кетті. Жаудың тұс-тұсынан жасаған шапқыншылығына ұшыраған ел, барар жер, басар тауы қалмай қысылып, қатты күйзеліске ұшырады.
Бүкіл ел өміріндегі аса ауыр апат, адам шыдамас зор зобалаңға тап болып, айтқысыз аянышты күндерді басынан кешірді. Атақоныс, құтты мекен, мал-мүлкінен және баспанасынан айырылып, аш –жалаңаш, жаяу шұбырған халық жаздың қайнаған ыстығында далада қаңғырып, шөлден қиналып қырылды. Ол аз болғандай қыстың мұз қақаған аязында малын жұтатып, үсіп өлді. Ашаршылыққа ұшыраған қалың жұрт жабайы өсімдіктерді теріп жеді. Әйелдер мен балалар және қарт кісілер адам төзгісіз жол азабына шыдай алмай, жапан түзде қараусыз қалып аштан қырылды. Бұл қазақ халқының мойнына түскен ауыр сын- қасіретті оқиға тарихта «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деп аталды.
Дегенімен, қасірет қанша ауыр болса да, қиын кезеңге қарамай, жаумен соңғы демдері таусылғанша арпалысқандар да болды. Ең алдымен ауыр соққыға тосқауыл болғандар Жетісу мен Тарбағатайды мекендеп, жаудың нағыз қасқа өті тұсында тұрған шақшамдар мен жақында ғана қоныс аударып келген арғындардың бірнеше рулары еді. Осы кезде адам саны 55 мыңға жақын шақшамдар, қайтадан көбейіп, үлкен тайпалардың қатарына жататын.
Жоңғардың тұтқұйылдан жасаған жойқын шабуылын ел шетінде -Жетісудың шығыс солтүстік шекарасына орналасқан, сондықтан ауыр тепкіні бірінші қабылдаған шақшамдар, ондаған есе саны көп, жарақтанып дайындалған, жалаңдаған дұшпанның аяусыз соққысының астында қалды. Аталары талай қилы заманды жаугершілікпен өткерген батырлардың ұрпақтары шақшамдар, ентелеген жоңғарлармен жан аямай қырқысып, табан тіреп, аянбай ұзақ соғысты. Олар өлген-тірілгеніне қарамай, өліспей беріспеді. Қырылған жаулар өлігі жойқан төбе болып қалды.
Дегенімен жау көптігін істеді, ақырында қанша өжет батыр болғанымен, шақшамдарға толық қырылып, жер бетінен біржола жоғалып кету қаупы төнді. Қандай соғыс болмасын оның арқауы өзіңнен адам аз шығындап, дұшпанды көп шығындатып жеңіске жету, ал өзің де қырылып, ол да қырылып жеткен жеңіс емес деген аталарымыз.
Сондықтан оннан бірі ғана тірі қалған, әбден қансырап қалжыраған шақшамдардың 5,5 мыңнан зорға асатын тобы батысқа қарай кетуге мәжбүр болды. Еліміздің батысына қарай шегінген шақшамдар қаптаған жоңғарлардың қалың әскерімен бір ай бойы жүре соғысты. Бала шаға мен қолда қалған азырақ малды сарбаздар ортаға салып, айналасын қорғаштап сақтап қалуға тырысты. Ентелеген жоңғардың алғы шептегі әскерлерімен күн сайын қантөгіс ұрыстар тынымсыз жүрді.
Бұл қиямет қырғын, от жалынды кезең тудырған қауіп-қатері шексіз, зор қиыншылық пен қайғы-қасіреті мол заман, шақшамдардың әр шаңырағына ғасырлар бойы ұмытылмайтындай таңба салып кетті.
Сол сияқты, шақшамдар мен жоңғарлар арасындағы 1723 жылдың көктемінде болған жойқын қырғын, ерте заманда өткен, саны аз болғанымен жауынгершілігімен әлемге танылған, өжет халық - шатолардың тарихта теңдесі жоқ ерліктерін, ұрпақтары шақшамдар ғасырлар өткен соң, тағы да қайталағандай еді.
Сонымен, жоңғарлармен жүре соғысқан шақшамдардың бір бөлігі Алатаудың Меркі тұсындағы Ойранды аталған құз-шатқалды таулы жеріне мықтап бекініп, берілмей күрес жүргізе берді. Бұл тарихы бай, атақты өлке VII ғасырда қытайдан тәуелді болу үшін, азаттық жолында арпалысқан, шақшамдар өздеріне ұлы баба санаған, Айшыкелдің ордасы Мың бұлақ бекінісі орналасқан киелі жердің төңірегі болатын.
Шақшамның екі аталығының жаудан қираған қалдығы - Бекмұрат және Саймұрат бабалардың ұрпақтары алғашқыда Ауғанстаннан ары Иранға өтіп, ондағы жергілікті халықтар күн көрсетпегендіктен, соңынан тіпті Индияға ауып кетуге мәжбүр болған. Индияға өтіп кеткендер Келдібек, Бақтыбай, Жаманбай, Бекалы және Бекет аталардың балалары.
Жойқын қырғыннан қалған шақшамдардың үш тобы Сырдария, Амудария өзендерінің арғы жағына өтіп, Қарақалпақ пен Түрікпен жеріндегі құмдарды паналады. Қарақалпақ пен Түрікпен елдеріне кеткен Көсеттің ұрпақтары Құдайберді, Тілеуберді, Дәулетберді билер бастаған үш топқа жататын аталықтар: Тілен, Тоғызақ, Жанұзақ, Малдыбай, Жидебай, Шаншар,Төлебай, Жылқышы және Атбағар болатын. Соңынан олар Түркей еліне асып кеткен деген дерек бар.
Атақты би Ақталдың ұрпақтары Тыңғыұлы би бастаған шақшамдардың үлкен тобы Шыршық өзені маңайындағы тауларға барып қоныстанды. Ақталдың тағы бір ұрпағы Тыныбек би, «Ақтабан шұбырындыдан» аман қалған тайпалармен бірге шақшамдардың бір тобын бастап сихым тайпасы жауынгерлерімен бірге шығыс Қаратаудағы Боралдай жотасы сілемдерінің құз –жартастарына мықтап бекінді. Олар соңдарынан жеткен жоңғарлардың ірі қосынымен жан аямай соғысып, соңынан дұшпанды бұл маңайдан кетуге мәжбүр етті. Боралдай жотасында «Көк сеңгір» сілемдернің құз –жартастары ұшар биік шың-құзы «Көк тұра» аталған. Бұл адам таңғаларлықтай ерекше көріністі табиғи қамалдың үш жағы бірдей тік шыңырау. Төртінші жағында ғана жалғыз кісі қиындықпен өтетін соқпағы бар бекініске мықтап бекінген шақшамдар мен сиқымдар, жаңбыр суын ішіп, азығы таусылғанда арқар- елікпен көректенген. Шыңды айнала қоршап, жалғыз соқпақты аңдыған дұшпанды, шақшамдар мен сиқымдар қосыны тік құздан арқан тастап түсіп, ту сыртынан келіп, бас салған. Көк тұра жанында жоңғарлар шақшамдар мен сиқымдардан оңбай таяқ жегені туралы аталары ұрпақтарына аңыз-әңгіме түрінде жеткізген.
Сол қиын заманда, жоңғардың зор зобалаңынан тірі қалған шақшамдардың бір тобы Боралдай жотасына іргелес, шаруаға жайлы, Қошқарата өзені бойында қалыпты. Үш жүздің атақты билері бастаған жорыққа, бүкіл қазақ елімен қоса, бірнеше аймаққа бөлініп бытырап кеткен қалған күштерін жинап, жоңғар басқыншыларына қарсы ерлік күреске елмен бірге жаппай шықты. Олар бабаларымыз ат шаптырып, той қылып, көкпар тартып жүрген жерін қанымен, жанымен, қасық қаны қалғанша қорғады.
Қазақ қашанда жауға ұраны есімге айналған атасын атап шабатын. Халық басына зор зобалаң, қиын- қыстау күндер туғанда, басын бәйгеге тігіп Ақсақ Темір заманында ел қорғаған, шақшам батыры Майемген есімі ұрпақтары үшін жоңғарға шапқанда қосымша ұранға айналды. Енді шақшамдар үшін Майемгеннің ұранға айналған есімі, көне бабамыз Бақтияр (Байтулы- Бахадыр) есімімен қатар айтылатын болды, ал Бақтияр ұранын естігенде бүкіл қазақ тұқымының арқасы шымырлап кететін.
Бұланты өзенінің жағасында 1728 жылы қазақ жасақтары жоңғар әскерлеріне күйрете соққы беріп, ауыр жеңіліске ұшыратқан ұрысқа қатысқан шақшамнан іріктеліп шыққан сарбаздар ішінде, ерекше көзге түскен нағыз қас жауынгер жүзбасы Жақсыкелді бар еді.
Жақсыкелді ел дегенде еңіреген, халық үшін қабырғасы сөгіліп тұратын қайтпас-қайсар, нағыз өжет батыр болатын. Ол жоңғарлармен болған көптеген ұрыстарға қатысып, жаңа соғыс тәсілдерін үйреніп, ұрыстарда түрлі айла –амалдарды шебер пайдалана білген.
Замандастарының айтуынша, ол дұшпанның түрегеп тұрғанын қылышпен шауып, жата қалғанын найзамен түйреп, жауды тұрлі амалмен жауқазындай жапырып кететін. Ұрыс кезінде оның ту дегенде түкірігі жерге түспей, қылышынан қаны тамып, жеңіске жетіп, көңілі тасып тұрады екен. Оның ерлігімен қатар түрлі соғыс амалдарын өте шебер пайдаланғанына қатты сүйсінген жолдастары Жақсыкелдіні өте сақ қымылдайтын, айлакер жыртқыш-аң қабыланға теңеп «Қабылан батыр» деп те атаған. Жақсыкелді батыр бастаған жасақ, жауға шапқанда тайпа ұраны «Бақтияр, Майемгенге» қосып, «Қабылан» деп те шапқан. Келесі 1729 жылы Балқаш көлінің оңтүстігінде жоңғар әскерлерімен болған тағы бір шешуші айқасқа шақшамдар қосыны қатысып, Жақсыкелді сонда теңдесі жоқ ерлік жасаған. Жау қатарына сенімді серіктерімен сыналап кіріп кеткен Жақсыкелді, шешуші сәтте қылышы сынып, атынан айырылып, ондаған дұшпанның қоршауында жалғыз қалған. Бірақ саспайтын ер жүрек батыр, болат үшкүрлі көк найзасын басынан асыра шыр айналдырып жау оғын дарытпай, дұшпандар арасында жаяу тұрып, түрлі амалмен ондаған жоңғарды түйреп өлтірген. Батырымыз қалың жаудың ішінде жалғыз қалғанымен, асқан шеберліктің арқасында, тіпті жараланбаған. Жақсыкелді батыр өзінің нағыз «Қабылан батыр» екенін осы жолы бүкіл елге танытқан. Көрер көзге бір қора сарбазынан айырылып, жалғыз батырға ештеңе істей алмаған дұшпан, шошып кеткендіктен, ұрыстан мысы қайтып, бұл айқаста оңбай жеңілген.
Түркістандағы Қожа Ахмет бабаның кесенесі жанында, 1735 жылдың жазында, үш жүздің билері мен ел басылары, хандары мен сұлтандары жиналып Абылайды хан сайлады. Сайлауға қатысқан 73 қазақ тайпаларының 69 Абылайға қол беріп, сөзін сөйлеп, сойылын соққанны белгілі. Абылай хан ақ киізге отырғызылып, үстіне шентон, басына мұрақ кигізілді. Хан сайлауына ұлы жүз тайпалары қатарында сіргелі мен шақшамдар толық қанды мүшелері есебінде қатысты. Шақшамдар атынан сайлауда салынатын шарды бүкіл ел сыйлаған, сөзі шешен, өзі көсем, құрметті Ақшал би салған.
Бұл кезде «ақтабан шұбырынды» зор зобалаңы салдарынан адам саны көп азайған шақшамдардың қалған ұрпақтары алты атадан құралған тайпа болып бекіген. Қиямет қырғыннан тірі қалған тайпадағы жанұялар саны 1735 жылы 4 мың түтіннен аспаған. Ел сыйлаған құрметті Ақшал би осы жылы шақшамдардың қырғыннан аман қалған алты атасына рулық таңбаны қайта бекітіп, аталықтарға ақ батасын берген. Сол жылы Ақшал бидің батасын алған алты ата шақшамдар- Абыша, Қара, Айтым, Сары, Иман және Жәнібек еді. Бұдан бұлай осы өлкеде қалған белгілі шақшамдар, осы алты аталық атымен белгілі болды.
Жұңғоның (Қытайдың) жан түршігерлік жауыздығымен, жоңғар мемлекеті жер бетінен жойылып, халқы бұрын адам көрмеген қырғынға ұшырады. Кең далада, майдан үстінде қырылған жоңғар сарбаздары қан сасып, ит пен құсқа жем болып, төбе болып өліктері қалды. Соғыс даласына соңынан барған, талай сұмдық қырғындарды көрген, Жақсыкелді бастаған шақшам қосыны, үймелеген құзғын-қарға, қалықтаған қарақұс, жалақтаған шүйебөрі қаптағанын көріп, адам баласы көрмеген сұмдықтан шошып, жағаларын ұстап қайтқан.
Алапат соғыс аяқталғанымен, жаңа қоныстарға орналасып, жайғасып үлгерген тайпалар тегіс тарихи мекендеріне қайтып орала қоймады. Сол сияқты Алатау баурайындағы Ойрандыға бекінген шақшамдар, бір заманда ұлы бабамыз Айшыкел Мың бұлақ атты қамал салдырып, бекінген Меркі төңірегін иемденіп қалды. Олардың Ташкент, Шыршық өңіріне жетіп қоныстанған бауырлары, тау табиғаты көркем, жер жанатындай жайлы өлкені тастап кетуге қимады. Қаратау асып жоңғармен жүре алысқан шақшамдар, соғыс бітісімен өте шұрайлы жер Қошқарата өзені маңайын жаңа мекенге айналдырды.
Жоңғар апатынан құтылған қазақтар мен Жұңғо арасында қатынастар 1757 жылдан бастап жақсарып 1830 жылға дейін аралықта Бежінге қазақ елшілері барып тұрды. Қазақ елшілігі құрамында Ұлы жүз атынан Меркі маңын мекендеген шақшамдар елінен Еркебай би болған. Олар ішкі қытайдағы Ежен ханға барып, тарту тартып қайтқан. Қытайлар қазақ елшілерін салтанатпен қабылдап, сый-сияпат көрсетіп, шен-шекпен беріп қайтарып отырды. Сонан соң 1758 жылы Төле бидің ұлы Жәулен әкесінің тапсыруымен Бежінге барғанда Еркебай бидің ұлы Кемпірбекті бірге алып барып гүлшырақты (фейерверк) тамашалап қайтқан.

Шато
zholdasov_aman@mail.ru
06-07-09 14:15
Ежелгі ескі отанға оралу
Кидань мемлекеті шүршіттер бастаған бірнеше тайпалардың бірлестігімен 1114 жылы соғысып, ауыр жеңіліске ұшырады.
Сонымен 1115 жылдары жойқын соғыстардың нәтижесінде осы империяның қалдығынан құралған киданьдар Жоңғария, Тарбағатай және Жетісудың жеріне көшіп келіп Батыс Лияу патшалығын құрды. Олардың арадағы 2 мың шақырымнан асатын қашықтыққа қарамай, тым алыс жерге қорықпай ауып келген себебі – түбінде көшпенді түркілер еліне жатқандықтан, Үйсіндер жеріне -тарихи отанына қайтқан. Шатолардың шығысқа ауып кеткен бабалары Жетісудағы, Шу бойындағы және Тарбағатайдағы ежелгі Үйсін жерінен келгенін ұрпақтарына өсиет етіп айтып, ұмытпаған. Олар өздерімен бірге кидань қарамағындағы басқа түркі тайпаларының қалдықтарын бірге алып келген. Тарихи отанына қайтар жолда оларды құрметпен қарсы алып, шығарып салған түркі тектес халықтар арасында ұйғырлар да бар еді. Шатолар ұйғырлармен ертеде бір одақта болып бірге соғысқан. Сондықтан олардың ұрпақтары туыс болмаса да, түркі тектес көшпенді елдердің жаңа одағын қызу қолдады.
Дәл осы сәт «шақшам үйсінге кірме» деген аңызға арқау болған сияқты. Ал шындығында шақшамдар ежелі үйсін жеріне яғни тарихи отандарына қайтқан.
Қытай мемлекетінің дұрыс аталуы - Жұңғо, ал халқы жұңхуа деп аталады . Қытай деп оларды атаған солтүстікті мекендеген көршілері- орыстар, ал оған негіз болған Қара қытай елінің аталуы. Орыстарға осылай атау ыңғайлы болса керек. Өздеріне шығыста жақындау тұрған ел көрші Қара қытай болғандықтан оның аржағындағы Ұлы империяның халықтарын да солай атап кеткен.
Шүршіттер бастаған көптеген тайпалардың бірлестігімен соғысып ауыр жеңіліске 1114 жылы ұшырағандықтан, басқа елге тәуелді болмас үшін 1115 жылы кидань мемлекетіндегі түркі тайпаларының перзенті- белгілі қолбасшы Елуй Дашы көшпелі тайпалардың бір бөлігін бастап батысқа қарай яғни тарихи отандары Бесбалыққа (шато-шақшамдардың ежелгі астанасы) қарай көшеді. Елуй Дашы аз ғана көшпенді түрік тайпаларымен Алтайдың өңтүстік сілемдеріне жетіп жергілікті түркі тайпаларын жинап құрылтай өткізеді. Бұл құрылтайға Елуй Дашымен бірге келген шатолар мен қораластар сияқты керейлер, ұйғырлар, татарлар, уақтар, меркіттер, шашыраттар қатысқан.
Құрылтай кидань елінен қайта оралған шатолар және қораластармен бірге келген Елуй Дашыға барынша қолқабыс етіп, қолдау көрсету керек деп шешті. Елуй Дашының Бесбалыққа келіп бекінуіне шатолардың ықпалы зор болды, себебі бұл қала олардың ежелгі астанасы болғаны белгілі. Шатолардың ертеректе бұл өлкеде қандай батыр халық болғаны туралы халықтар арасында түрлі аңыздар сақталған . Жаңа құрылған кидань мемлекеті – Батыс Лиау патшалығы деп аталды . Мемлекет негізін құраған түркі тайпалары болғандықтан, жаңа патшалық солардың ықпалымен күшейді. Оның құрамына кірген шатолар ежелгі әдет ғұрыптарын, көне түркі тілін қоралас тайпасымен қатар таза түрінде сақтай білген.
Жұңғо (қытай) патшалығы 1130 жылы Батыс Лиау патшалығын күйретпек оймен оларға қарсы ондаған түмен әскер аттандырды, дегенімен ұзақ жылдар бойында әскери тәжрибені мол жинап, соғыс өнеріне машықтанған шатолар бастаған түркілер қолы оларды оңдырмай талқандап, бас көтерместей етіп жеңді.
Жұңғоның қаупынан құтылған Елуй Дашы енді мемлекетті күшейтіп, алқабын кеңейту мақсатымен батысқа қарай жаңа жорық бастады. Осы жорыққа қатысқан шатолар 1133 жылы өздерінің ата бабалары ерте заманда өсіп- өнген, түпкілікті көне отаны- Шу өзені бойына жеткен. Шато-шақшам (шу оқ шам) тайпасының аталуы осы Шу өзеніне байланысты екені белгілі. Шатолардың қатысуымен мұнда жаңа астана Құзорда қаласы бас көтерді. Кеңейген Батыс Лиау патшалығының жерлері Жетісу өңірін, Батыс өлкені және Мауараннахрды алып жатты. Шатолар өсы аталған өлкелерде емін – еркін, қонып- көшіп жүру мүмкіндігіне ие болды. Елуй Дашы 1143 жылы қайтыс болып , орнына патшалыққа оның ұлы Іле отырды.
Іле 1150 жылы көшпелі түркі тектес тайпалар құрылтайында гөрхан болып сайланып, тақты иеленді. Шыңғыс ханнан жеңіліп батысқа ойысқан найман кағаны Таян ханның ұлы Күшлік хан киданьдарды 1212 жылы жеңіп, патшалықты Іледен тартып алды. Артынша, көп ұзамай 1218 жылы бүкіл әлемді дүр сілкіндірген Шыңғыс хан бір ғасырға таяу өмір сүрген Батыс лияу патшалығын өзінің империясына қосып алды. Көптеген түркі тектес тайпалармен бірге шатолар енді тек қана шақшам елі атанып Шыңғыс ханның қол астына өтіп, кейінгі тарихы сонымен жалғасты.
(Осы тұста Ганму, Таншу және «Лиау патшалығы тарихы» жылнамалынан алынған деректер тәмәм болып, әрі қарай халық арасында сақталған мәліметтер, қазақ тарихшылары мен жазушыларының еңбектерін басшылыққа алдым)
Шағатай ұлысы, Моғолстан хандығы
Шыңғыс хан 1206 жылы Алтай тауы күңгей бетіндегі найман Бұйрық ханның еліне қалың қолмен аттанды. Бұйрық хан бұрын Шыңғыс ханнан жеңілген Таян ханның ұлы болатын. Тұтқиылдан тиген сұрапыл шабуылға тап болған Бұйрық хан жеңіліп тұтқынға түсті. Оның інісі Күшлік хан қанды қырғыннан құтылып шыққан адамдарымен бірге Бесбалық атырабына 1208 жылы келді. Осындағы жауынгер халықтар арасындағы шақшамдармен жараса алмай алғашқыда бірнеше қақтығыс болғанымен, соңынан олар тіл табысып одақтас болды.
Сонымен Күшлік хан Бесбалық, Еміл, Қойлық өңіріне қоныс аударған тайпалармен бірге шақшамдарды қосып, ат-көлік жинап күшейіп алып, үкімет билігін тартып алуға қарманды. Ол 1212 жылы Батыс Лиау патшалығында билікті қолына алды.
Шыңғыс хан 1218 жылы Жебе ноян бастаған жиырма мың әскерді Таян ханның ұлы Күшлікке қарсы аттандырды. Жебе ноян келісімен дін бостандығын жариялап, әрбір адамның ықтият бостандығы болады және әркім өз ата-бабаларының діни әдет-ғұрыптарын сақтауға ерікті деді. Бұл саясатты мұсылмандыққа өткен жергілікті тайпалар, әсіресе шақшамдар қызу қолдап қарсы алды. Олардың қолдауымен Жебе ноян тез арада Күшлікті тұтқындап, ұзамай оны өлім жазасына кесті.
Шыңғыс ханның қарулы күштері қатарына өз еріктерімен шақшамдар да кірді.
Әлемді тітіренткен жиһангер Шыңғыс ханның қасында, он мың сайлауыттан сараланған кешігіне, шақшамнан шыққан ержүрек жауынгер Бұғыбек 1219 жылы жетекші болып тағайындалды.
Бұғыбек қолбасшылық қызметін мыңбасыдан бастап, одан түмен басы дәрежесіне көтерілді, ал соңынан Бату хан бастаған батыс жорығында қаза тапқан.
Сөйтіп Жоңғария мен Жетісу өңіріндегі түркі тектес тайпалармен бірге шақшамдар өз еріктерімен Шыңғыс хан патшалығы құрамына 1221 жылы қосылды. Ежелден бері Іле алқабы мен Жетісу, Шу өңірін мекендеген үйсін, дулат тағы басқа тайпалармен бірге шақшамдар, Шағатай хандығы құрамына кірді. Шағатай хандығы ыдыраған соң, одан бөлініп шыққан Моғолстанға бағынды. Біраз уақыт бейбітшілік заман орнап тыныштық тапқан шақшамдар, басқа тайпалармен бірге көшіп-қонып, көп елмен еркін араласып , қыз алысып, құдаласып отырды.
Шағатай ұлысы 14 ғасырдың ортасына қарай өз ішінен дербес екі иелікке – шығыс және батыс бөлікке айырылды. Шығыс бөліктің билігі іс жүзінде Дулат тайпасының әмірі Болатшының қолында болды, себебі Моғолстан хандығығының әскери және әкімшілік билігі Дулат әмірлерінің қолына өткен еді. Көне Батыс түрік қағанаты басшылары Дулу-дулат тобынан шыққаны туралы тарихтан мәлім. Моғолстан мемлекетінің негізгі халқы түркі тілдес тайпалар- дулат, уйсін, шақшам, қаңлы, керей, арғын, барын, барлас, шымыр, сіргелі т.б.құралды. Осы аталған тайпалар 14 ғасырда моғол тайпалары деп аталғанымен, олардың ұлты нағыз қазақ болған, ал бірақ мемлекет, соңынан пайда болған Қазақ хандығы құрамына кіргенше, Моғолстан аталды.
Сол кезде Қамариден Дулатидың қарамағына өткен шақшамдар Шу өзені бойын, Іле алқабынан Тарбағатай тауына дейінгі жерлерде көшіп-қонып жүрді.
Әйгілі жиһангер Ақсақ Әмір Темір 1371 жылы Моғолстанға шапқыншылық жасап, халықты ауыр апатқа ұшыратты. Басқа тайпалар сияқты шақшамдардың шаруашылығы бүлініп, мал басы кеміп кетті. Барлық қазақ атаулы көшпенді тайпалар Әмір Темірге қарсы күрес жүргізіп, Моғолстанның ерікті елдігін ерлікпен қорғады.
Атақты көсем, әрі тайпа басшысы, шақшамнан шыққан қолбасшы Майемген батыр басқыншыларға қарсы соғыста көптеген ерліктер жасап, бірегей әскери дарындылығының арқасында ұлы қолбасшы екенін елге танытты. Майемгеннің есімі ұлы бабамыз Бақтияр (Бахадыр дулу- Байдулы ) есімімен қатар тайпалық ұранға айналды. Бұдан кейін шақшамдар жауға Бақтияр, Майемген деп ұрандап шабатын болды.
Майемген секілді ел үшін еңіреген ерлердің арқасында, 1399 жылы барлық әскер күші жауға қарсы жұмылып, халықтар ауыр апаттан құтылып, Моғолстанның тәуелсіздігі сақталып қалынды.
Жоңғармен болған алғашқы ұрыстарға қатысқан түркі тектес тайпалардың (қазақтардың) арасында, шақшамнан шыққан Майемгеннің немересі, ерекше ерліктер жасап елге белілі болған нағыз қас жауынгер Рыскелді еді.
Рыскелді өліспей беріспейтін, жаудың талай сарбаздарын ат жалын құштырған, тамаша сайыскер, жекпе жектің майталманы болатын. Ол жекпе жекке шыққан ондаған жоңғар сарбазын найзаға түйреп аттан ұшырып, жер жастандырған екен.

Шато
zholdasov_aman@mail.ru
06-07-09 14:12
Арпалысып өткен Айшыкел
Байдулу- Айшыкелдің ұрпағымыз деп бүгінде шақшамдар ғана айтады. Себебі тарихи деректерге қарағанда Қытай империясымен табан тіресіп ұзақ жылдар азаттық үшін соғысқан Айшыкелдің жеке қосыны негізінен шақшамдардан құралған. Сол заманда шатолардың мекені Баркөл көлінің маңайы, Тарбағатай өлкесіндегі кең жазық, ал орталық қаласы шуми, шуюйелермен бірге Бесбалық (қытайша Бхейтинь) еді. Қытай императоры Тайцун Бесбалық қаласын мекендеген халықтарды басқаруды Айшыкелге арнайы жарлығымен 651 жылы тапсырған. Қытайлардың оған қойған есімі Ашина Хэлу, көне түркі тілінде Ашына қойлы, ал ресми есімі Ышбара хан (каһарлы хан) болатын ал кейінгі ұрпақтары есімін қысқартылған түрде Айшыкел деп атап кеткен.
Ел басқарған ұлы бабаларымыздың өмірі шежіредегі аңыз әңгімелердегідей кең -жайбарақат, шалқыған өмір болмаған. Қытай деректеріне сүйенсек- үздіксіз қырғын соғыстар, таусылмас дау, шексіз қасірет, ат үстінен түспейтін жорықтарға толы қилы заман болған. Шақшам елінің тарихына қатысты ұлы бабаларымыздың ішінде туған жерге топырағы бұйырғандар Қошбар батыр мен Байдыбек ғана. Қараша би Тоғонда қайтыс болған, Байтулы Шығыс Жетісуда жерленген, Айшыкелдің мәйіті ішкі Қытайда қалған.
Жан сақтау әрекетінде, туған жерді тәуелсіз ұстап қалу максатында, үздіксіз соғыстар мен таусылмас қырғынардың аяғына жету қиын. Қилы кезеңде жан сақтап, бала шағамен малыңды қорғап қалу үшін өмірдің өзі « қас» әрі «сақ» болуға яғни «қассақ- қазақ» болуға мәжбүр еткен. Сондықтан «қазақ» атауына негіз болған «қас-сақ» сөз тіркесі осыны дәлелдеп тұрғанын атап өту қажет. Сонымен қатар ол заман ағайын -туысқан тайпалар арасында дау- жанжалмен бірге, билікке таласу, жайлымға таласу, бақталастық, өзара кек алып қанға - қанмен қайтару рәсімдері кең етек алған заман болатын.
Сол заманда шато - шақшам тайпасы аталған «он оқ» одағына кірмеген, бірақ 651- 657 жылдары Қытайға қарсы азаттық соғыс ұйымдастырған Батыс Түрік кағаны Айшыкелдің (қытайша Ашина хэлу ) қарамағына кіріп шуми, шуюйе тайпаларымен қатар азаттық үшін күрескен әскерлердің алдыңғы қатарында болды.
Батыс Түрік кағаны Барыс дулу хан 634 жылы қайтыс болған соң қаған тағына отырған Ышбара Төліс хан үш тайпаны: шуйюе -сіргелі, шуми – шымыр және шато- шақшамдарды кағанат құрамына кіргізіп, оларға үстемдік жүргізуге әрекет жасады. Аталған тайпаларға жаңа қағанның саясаты ұнамағандықтан, олар тәуелсіздігін сақтап қалу мақсатында шығысқа қарай яғни Баркөл көлінің батысындағы Шато аталатын кең даланың қиыр шығысына қоныс аударып, қытай императоры Тайцунның қол астына кіріп паналауды ұйғарған. Сол кезеңде олардың табиғи көсемі яғни тайпалар жетекшісі Түріктің Ашина ақсүйектер қауымынан шыққан Мұқа ханзада болатын. Алайда қытай императоры Тайцунның жүргізген күрделі саясатынан қауыптенген шуйюе, шуми және шато тайпалары ежелгі тарихи отаны Шу өзені бойындағы ежелгі мекендерін, ертеректе тартып алған нушуби тайпаларынан босатып алуға талпынды. Шу өзенінің батысын мекендеген нушуби аталған бес аймақ түркі тайпалары VII ғасырда «он оқ елі» құрамында болған. Ежелгі елді азат ету жорығын басқаруға шыққан көсем- Қараша бидің төртінші ұрпағы (неменесі) Айшыкел еді.
Аса дарынды қолбасшы Айшыкел 651 жылы шатолардың қолдауымен Батыс түрік кағандығын Ышбара Төліс ханнан күшпен тартып алды. Сол жылы Батыс өңірдің негізін қалаған «Он оқ елі » тайпалар әскери-әкімшілік бірлестігі және «Алты Шу елі» тайпалар бірлестігі толық оның қарамағына өтті. Айшыкел Түрік кағандарының жазғы жайлауы, оңтүстік тауларын қар басқан, тоғайы қалың, сылдырап аққан бұлақтары мыңға жеткен шуақты жерге бекініс салдырып, ордасын сонда көшіріп, мықтап күшейтті. Бұл берік қамал өте шұрайлы жердің атына сәйкес Мың бұлақ бекінісі аталды (кәзіргі Меркі тұрған жер). Жаңа каған алдыңғы қатардағы сенімді қосындарын шуйюе, шуми және шато тайпалары сарбаздарынан саптады. Айшыкелдің ең таңдаулы жеке қосыны бүкіл түркі тектес тайпалардың ішінде ерекше жаугершілігімен, батырлығымен белгілі болған, ал дұшпандар тіпті өздері түгіл атынан қорқатын, шато-шақшамдардың сарбаздарынан құралды. Шуйюе, шуми және шато тайпалары Айшыкелдің арқасында Шудың шығыс жағасындағы көне мекендерін нушуби тайпаларынан қайтарып алып, өрістері кеңи түсті.
Сонымен қатар Айшыкелдің шақшамдардан құралған арнайы қосыны ерекше жаугершілігімен соғыс өнерін жете меңгерген тайпа ретінде, көшпелі түркі тектес елдер арасында атағы кең жайылып, тіпті Қытай императоры Тайцзунның көзін қыздырған.Сол заманда араб елінен келген елші шатолардың соғыс өнерін тамашалап, оның сүреттегені сақталған. Оның айтуынша, ат үстіндегі шато жауынгеріне төтеп беру өте қиын болған. Ат үстінде емін еркін ойнаған жауынгер алға да, артқа да бірдей шаба алатын және садақпен үздіксіз тоқтамай ата білген. Дұшпан садағымен бір жебе атып үлгергенше шато жауынгері он оқ атып үлгіретін. Астындағы атын аяғымен амалмен басқаратын шато жауынгерлері, босаған қос қолы бірден екі қару ұстауға икемделіп, дұшпанды ойсырата соғатын. Шато сарбаздары шабуылға туралап шыққанда, арақашықтары он қадамнан кем болмайтын. Бұл біріншіден өз күшіне сенген ерекше өжеттіктің белгісі болса, екіншіден дұшпанның жаудыра атқан оқтары сирек тиетін әдісін пайдаланған.
Ежелгі ескі дау- жер үшін 652 жылы Батыс өлкені азат ету мақсатында Жұңғомен ұзақ жылдарға созылған соғыс басталды. Қытайдың жаңа императоры Гаоцзун 70 мың сарбаздан құралған әскерін сол жылы Айшыкелге қарсы шығарды. Кескілескен ұрыс нәтижесінде адам санының артықшылығын пайдаланып қытайлар 653 жылы Бесбалықты басып алды. Сол ұрыста Айшыкел әскерінен үш мың адам қаза болды. Қанша қиын болса да, ол бар күшін салып, 655 жылы Іле өзені бойында құмырсқадай қаптаған қытайлардың шабуылын тоқтатты. Ашынып, намысқа тырысқан император Гаоцзун, ішкі Қытайдан жаңадан көп әскер шығарды. Батыс өлкені жаулап алуға, соғыс өнеріне тәжрибесі мол жаңа қолбасшылар жіберді. Әскер саны 100 мыңнан асқан қытайлар 657 жылдың басында Тарбағатайда орналасқан хан ордасына жан жақтан шабуыл жасады. Іле өзенінен Шуға дейінгі аралықта табан тірескен, жан шыдаспас қырғын соғыс болды. Ақырында саны ондаған есе көп, ордалы жыландай қаптаған қытайларды тоқтату мүмкін болмағандықтан, Айшыкел зор қырғыннан қалған әскерімен Шаш ( Ташкент) қаласына барып паналамақ болды. Ұзақ, адам шыдатпас ауыр соғыстардан шаршап жеткен Айшыкелді Шаш қаласының тарханы алдынан шығып, жылы жүзбен қабылдаған. Соңынан аңдусыз демалып жатқан Айшыкелді ұлымен, сенімді серіктерімен, сатқын тархан жауға тірідей ұстап берген.
Сонымен империямен арпалысқан ауыр соғыс 659 жылы Айшыкел мен оның үлкен ұлы Түйенді, саны ондаған есе көп қытай әскерлерінің, тұтқындауымен аяқталды. Ертеректе қытай еліне сіңірген бұрынғы еңбектерін ескеріп, тұтқындағы Айшыкелге, қытай императоры Гаоцзун үлкен құрмет көрсетіп, оған көптеген жеңілдіктер жасады. Бірақ еркін елге басшы болып үйренген Айшыкел, азаттықты аңсап, соңынан денсаулығы нашарлап, көп ұзамай жат жерде қайтыс болды. Сонан соң Батыс өлке жерін қытай императоры жаңа аймақтарға бөліп, шекараны қосымша әскерлермен күшейтті. Император тарапынан шуйюе, шуми және шато тайпаларына көсем болып, түрік ақсүектер тұқымынан шыққан Мұқа ханзада қайтадан тағайындалды. Сонымен, сол заманда ел басшысы каған болған, азаттық үшін Жұңғомен арпалысып өткен Айшыкел, Байдулу атасы секілді, шежіреде шақшам бабаларының бірі болып көрсетілетін болды
Азаттық жолындағы жанталас
Көне қытайдың Таншу, Ганму аталған жылнамаларында шатолардың көне тарихынан келтірілген деректер сақталған. Сол деректерге сәйкес Батыс Түрік мемлекетінің каһаны Ышбара -Төліс- шад 634 жылы кағанаттың құрамындағы, кағанға наразы болып, өз еріктерімен көшіп- қонып жүрген, үш тайпаны қол астына алмақ болды. Каған Бахадыр дулу хан 631жылы қаза тапқан соң еркіндіктерін жоғары санайтын, бостандық сүйгіш үш тайпаны яғни шымыр, шуйюе, шатоларды қарамағына қаратпақшы болып әрекет жасаған еді. Бірақ аталмыш тайпалар олардан үркіп, бостандықтарын сақтап қалу мақсатында, қытайдың Тайцзун императорының қоластына өз еріктерімен барып кірмек болды . Олардың жаңа мекендері Алтай мен Алатау арасындағы Жоңғар өлкесінің Баркөл көлінің шығыс жағалауы болған еді. Байырғы мекені Шу алабынан кейін Жетісу алқабы болатын, ал осының алдында ғана олар Жоңғар өлкесіне көшіп Баркөлдің батыс жағалауында еді. Сонымен 633 жылы шатолар Баркөлдің батысынан шығысына ауысып Жұңғо мемлекетінің қол астына кірді, себебі Қытай императоры Тайцзун бұлардан салық сұрамайтын.
Императормен жасалған келісім бойынша шато тайпасымен бірге шуми, шуйюе тайпалары Жұңғоның шекара күзетін атқарды, бірақ емін- еркін қөшіп -қонуға ерікті болды, ал бостандық сүйгіш тайпаларға керегі де сол еді. Баркөлдың маңайы құмдақты үлкен жазық болатын, ал қысы мен жазы көшпелі мал шаруашылығына өте ыңғайлы еді. Осы кең жазық соңынан шато тайпасының атымен «Шато» даласы аталып кетті, ал кейбір деректерде керісінше тайпаның аталуы даланың атауымен өзгерген дейді , бұл әрине ешқандай қисынға келмейтін пікір, себебі аталмыш дала бұрын басқаша аталған. Қытай жылнамасындағы деректер бойынша шатолар саны сол кезде 30000 жетіпті.
Жарты ғасырдан соң , Түркеш қағанаты 701-703 жылдары дәуірлеп тұрғанда аса мықты жауынгершілік қабылеттерін үлгі етіп каған Шақшамдардың рулық таңбасы "жебені " мемлекет таңбасы есебінде қолданған.
Көп ұзамай, атақты ханзада Күлтегін бастаған Шығыс түрік кағанатының әскерлері «Алты Шу елі» тайпалар бірлестігін бағындырды және сонымен қоса шато тайпасы қайта құралған Көк түрік аталған (жаңарған қағанат) кағанатының құрамына уақытша кірді.
Көшпелі тайпалар арасындағы тынымсыз соғыс әрекеттерінің салдарынан шато тайпасы 704 жылы қытай империясының қол астына кіруге мәжбүр болды. Оларға ілесіп қарлықтар, ал соңынан Батыс түрік кағанатындағы басқа түркі тайпалары да қытай империясына уақытша бағынды.
Сол замандағы саяси жағдайды пайдаланып күшті мемлекеттер қатарында өткен Тибеттің әскері 711 жылы қытай императорының қол астындағы батыс түрік тайпалары мекендеген Батыс өлкеге кең көлемді жорық жасады. Шато тайпасы шекара шебінде тұрған ең шеткі тайпа болғандықтан Тибет әскерінен шегініп Баркөл маңынан көшіп, Бесбалық (Бесбалшық) қаласын паналаған. Шатолар барлық уақытта батыс түрік тайпаларының ең қиыр шығыс шетіне орналасып, сыртқы жаулардан бірінші соққы қабылдайтын оқ қағар болған. Бесбалық қаласында қытай императорының мықтап бекінген үлкен қосыны бар еді. Сондықтан Тибет әскері қаланы қоршап біраз әуреленгенімен, ол жолы басып ала алмады.
Арада ондаған жылдар өткен соң Батыс түрік қағанаты орнын басқан Түргеш кағанаты негізін қалаған - қара және сары түргештер арасында 756 жылы алауыздық өрши түсті. Алауыздықты пайдаланған қарлықтар Жетісу және Батыс өлкені басып алды. Қытай әскерлері көптеген қиындықтарды өткеріп Батыс өлкедегі негізгі төрт бекініс қамалдарды- Құшаны, Қарашарды, Қотанды және Жоңғариядағы Бесбалықты ұстап қалуға шамасы келді. Бесбалықты мекендеген шатолар қытай императорына тәуелді болып қала берді, бірақ олардың жағдайы өте ауыр болды. Ұйғырлардың қоршауындағы шатолардың Қытай императорымен тікелей байланысы болмағандықтан, тым ауыр салықтың салмағын көтеру мүмкін болмады. Ұйғырлардың ауыр салығынан құтылмақ болып, азаттықты аңсаған шатолар, сол заманда тасы өрге домалап тұрған Тибет мемлекетіне уақытша бағынып, соңынан олардың әскери одақтасы болуға мәжбүр болды.
Жұңғоға қарайтын Батыс өлкеде, 757 жылы қытай мемлекетіне наразы халықтар көтеріліске шыққан. Көтерілісті басуға шыққан күшті мемлекеттер қатарына қосылған тибеттіктермен бірге шатолар қатысқан. Қытай қолбасшысы бастаған, құрамында қытайлықтардан басқа арабтар мен шатолар бар, біріккен үлкен қол көтерісшілерді аямай жазалады.
Оңтүстік Жоңғарияда көшіп қонып жүрген шатолар ұйғырлардың шамадан тыс көп салықтарына шыдай алмай қиналып, құтылуға жол таппай жүргенде Тибеттің қарамағына өткен соң жағдайлары біршама жеңілдегендей болды, себебі тибеттіктердің саясаты шатолар үшін бостандыққа жеткізетін тура жолдай көрінді.
Ұзаққа созылған қырғын айқастардан соң, шатолардың өжет қимылдарының арқасында, тибеттіктер 789 жылы Бесбалықты алып, 789 жылы жеңіске жетті. Сонымен шатолардың тарихи астанасы енді тибеттіктердің қол астына өтті. Жеңілген ұйғырлар соғыста сәтсіздікке жеткізген шатолар деп есептеп, оларға қатты кектенді. Шатолықтар болса өзіміздің астанамызды қайтарып алу үшін жан аямай соғыстық деп санады.
Тибеттіктер қытайдан, Батыс өлкенің негізін құрайтын үлкен бекініс қалалар- Құшаны, Қарашарды, Қотанды және Қашқарды тартып алмақ болды, алайда астанасын жаудан босатып, негізгі мақсатына жеткен шатолар олардың әрекеттерін қолдағысы келмеді. Сондықтан қолдаусыз қалған тибеттіктер жорығы бұл жолы сәтсіздікке ұшырады. Алайда 790 жылдың соңында бүкіл Батыс өлкенің кілті саналатын Бесбалық қаласы үшін қытайлар мен тибеттіктер арасында соғыс қымылдары қайтадан күшейді. Бұл жолы көмекке келген шатолардың қолдауымен Бесбалық түбінде Тибет әскері біріккен қытай –ұйғырлар қолының үштен екісін қырып салды.
Бірақ көп ұзамай тибеттіктер жеңіліске ұшырап, шегінуге мәжбүр болды. Олар өздерімен бірге одақтастары шатоларды алып кетіп, Наньшань тауының бөктеріне орналастырды. Соңдарынан құғынға шығып, өшіккен ұйғырлар шатоларды түгел қырып жіберуді көздеді, себебі алдыңғы соғыста олардың көмегі болмаса тибеттіктерге Бесбалық өтпес еді және ұйғырлар көп шығынға ұшырамас еді .
Үздіксіз соғыстардан қатты әлсіреген Тибет мемлекеті 805-806 жылдары ұйғырлардың тоқтаусыз шабуылдарына зор қиындықтармен төтеп беріп тұрды. Сәтсіздікке ұшырап, жағдайлары нашарлаған олар, кешегі күнге дейін сенімді одақтастары болып келген шатоларға, енді бар кінәні аударып, сенімсіздікпен қарай бастады. Қытай –ұйғырлардан тағы да жеңілсек, олар тастап кетеді деп есептеді. Сондықтан шатоларды мал мүлкімен құнарсыз, суы тапшы Цайдам жотасының баурайына көшірді. Құнарсыз жерде жағдайлары күрт нашарлап, қатты наразы болған шатолар, бұрын қытай империясының қоластында үлкен құрметте болған заманды аңсап, тибеттіктерді тастап кетуге шешім қабылдады.
Сонымен, 808 жылы 30 мың адамнан тұратын, қолбасшы Шөже батыр бастаған шатолар, қытай империясының қоластына қайтадан кіру мақсатында шығысқа қарай жорыққа шықты. Солтүстік Няньшань таулары аңғарлары бойымен жүрген шатолар көші, Таошуй өзенін жағалап қытайды бетке алып, шөлмен тартып, шекараға бет алды. Шатолар көшін кеш байқаған Тибет басшылары, әскерлерін қара құрымдай қаптатып, арттарынан жедел құғынға шықты. Олар, бұрынғы одақтастарының тамырына біржола балта шаппақ болды. Соңдарына түсіп, өршелене тиіскен тибеттіктер әскерімен шатолар бір ай бойы тоқтамай жүре соғысты. Қытай шекарасына жеткенше күн сайын қантөгіс ұрыстар тынымсыз жүрді. Екі жақтан да қаза болған әскерлер шығыны көп болды. Ақырында Қытайға зор қырғыннан тірі қалған, аздаған малын айдаған, саны екі мыңнан сәл ғана асатын атты сарбаздар мен сау қалған шамалы ғана жанұялар жетті.
Қансырап, титықтаған, зор қырғыннан тірі қалған батырларды, азаттық үшін арпалысқан өжет халықты, қытайлар аса үлкен құрметпен құшақ жая қарсы алды. Оларға жеткілікті етіп азық пен мал берді және сау қалған жан ұяларын құнарлы жерлерге орналастырды. Шатолардың ерекше жаугершілдігін ескеріп, олардан шекара қорғайтын арнайы әскер құрды. Ал күшті одақтастары шатолардан айырылған тибеттіктер, қолдаусыз қалып, оның үстіне соңғы қырғында шығыны көп болғандықтан, жаугершілік әрекеттерін тоқтатып, біржолата тыныштануға мәжбүр болды.
Қытайдың қол астына өткен, аса жуынгер өжет халық- шатолар соңғы Тибет қырғынынан соң қайтадан 835-836 жылдары күшейіп, адам саны көбейіп, қалпына келе бастады. Жаңа көсем Ақбұған батыр бастаған олар бір кезде қатты өшіккен Ұйғыр кағанатына қауып төндіре бастады. Көк түріктер қағанатынан жақында ғана бостандық алған ұйғырлардың арасында ауыз біршілік жоқ еді. Олардың басшыларының арасында күшейіп қалпына келген шатоларды және жаңадан күшейіп келе жатқан қырғыздарды қолдайтындар табылды, сондықтан ұйғырлар ескі араздықтарын уақытша ұмытып, шатолармен бірлесіп жаңа соғыс одағын құрды.
Жаңа құрылған соғыс одағын басқарған ұйғыр ханзадасы Құлық бек 839 жылы одақтас болған шатолардың көмегімен өздерінің астанасы Қарақорымды, тақта заңды түрде отырған ұйғыр ханынан тартып алуды жоспарлап, көп әскермен жорыққа шықты. Сұрапыл айқастардың нәтижесінде, Ақбұған батыр бастаған шатолардың көмегінің арқасында, Қарақорым қаласы Құлық бектің қол астына көшті . Алайда 840 жылдың каһарлы қысы азабынан әлсіреген Құлық бектің әскері тағы бір басқа ұйғыр ханзадасы- ескі бақталас Қойлық бағаның қолынан өңбай жеңіліп, шатолармен бірге Қарақорымды тастап кетуге мәжбүр болды. Ұзамай Құлық бек пен Ақбұған батыр астыртын жіберілген дұшпандар қолынан қаза тапты. Құлық бектің орнына ұйғыр ханзадасы Уге тегін қолбасшы сайланды.
Барлық көшпелі халықтарға өте ауыр тиген 842 жылғы жұттан соң, ашығып қатты қиналған ұйғырлармен бірге шатолар қытай шекарасы бойындағы отырықшы халықты тонап, азық жинап алу үшін жасаған жорыққа қатысуға мәжбүр болды. Алайда қытайларды қатты сыйлайтын шатолар мен қытайдың байырғы дұшпандары- ұйғырлар арасында алауыздықтар пайда болып, олар өзара келісімге келе алмады. Ескі араздары еске түсіп, өшіккен ұйғыр басшысы Үге тегін шатолардың жаңа қолбасшысы Жайысты опасыздықпен өлтірді. Кеше күні ескі одақтастары болған, ал әскерлер саны шатолардан бірнеше есе көп - ұйғырлармен соғысу мүмкін болмады. Сондықтан шатолардың жаңа қолбасшысы Насық шора жеті мың жанұядан тұратын қалған әскерді бастап Жұңғоға кетіп, ежелгі жан ашыр одақтастарының қарамағына өтіп кетті.
Қытай империясы шатоларды ерекше жаугершілігі мен өжеттігі үшін жоғары бағалайтын. Сондықтан императордың ерекше жарлығымен шатоларға шекараға жағалай орналасқан Жұңғоның он аймағын қорғау тапсырылды. Сонымен қатар шатоның 1200 жауынгерінен құралған, аса қиын тапсырмаларды орындауға арналған, ерекше әскери қосын ұйымдастырылды. Қосынның қолбасшысы, шато перзенті Жайын батыр үздік адал қызметінің нәтижесінде қытай империясының ең жоғары әскери атағына ие болды. Қытай императорына берілген есепте, шекараға жақын орналасқан басқа тайпалар шатолардан қатты қорқатынын ескеріп, оларды өте қиын, аса қауыпты, жауапты әскери қызметте ғана пайдалану қажеттігі көрсетілген. Қолбасшы Жайын қайтыс болған соң орнына оның ұлы Жайсаң батыр қолбасшы болып тағайындалды.
Сонымен ІХ ғасырдың соңында шатодан шыққан Жайсаңның ұрпағы- ханзада Луқайын (Ли Кхэ юн) Қытай империясын жаулардан қорғауда сіңірген зор еңбегі ескеріліп, патшаларға ғана көрсетілетін құрметке ие болып, бір өлкені дербес басқару құқына ие болды. Ал оның ұлы Ансу баған (Ли Цунь сюй) бойына біткен бірегей әскери дарындылығының арқасында әкесінен жоғары дәрежеге қолы жетті. Ол Солтүстік Қытай империясының императоры болып жарияланып, 907 жылы таққа отырды.
Бұл патшалық киданьдардың солтүстік қытайды мекендеген көшпелі тайпалардан тұратын (қарақытайлар) мемлекет еді. Ансу бағанның қол астындағы шатолар көшпелі халық болғандықтан көсемімен бірге кидандарға келіп қосылды . Құрамына шатолар келіп кірген бұл мемлекет 907-1115 жылдары өркендеп тұрды. Шатолардың асқан жауынгершілігінің арқасында кидань мемлекеті Жұңгоның көп жерлерін өздеріне қаратып, үстемдігін жүргізіп, көптеген жылдар дәуірлеп тұрды

Шато
zholdasov_aman@mail.ru
06-07-09 14:05
Тайпалар атауы, біріншіден олардың жайласқан жерлері, пайдаланған өзен- сулары және олардың тұрмыс жағдайын білдіретін әлеуметтік сипаттарына байланысты болады. Шуды мекендеген тайпалардың арасында екі бөлімнен тұратын шуюйе (сіргелі) «Шу жер елі» тайпасынан шато (шуато)- шақшам тайпасы бөлінген. Бұл деректер қазақ шежіресінде сіргелі мен шақшам ерте заманда бір тайпа болған деген мәліметті растайды .
Сондықтан шақшамдар сіргелінің құрамында алғашқыда бір шамы болып, ал соңынан «оқ шамы» болып бөлінгені айқын көрініп тұр. Көне түркі заманынан белгілі «оқ»(жебе) белгісі тайпаларға ерекше сенім артып берілетін жауынгершілік пен қатар әскери әкімшіліктің де белгісі. Қысқаша айтқанда, Шақшам Сіргелінің өз алдына әскери әкімшілік міндетін алып бөлініп шыққан бір бөлігі немесе «бір шамы», яғни «оқ шамы», ал толық атауы «Шу оқ шамы»-ықшамдалған түрде шақшамы.
Байдулу (Бахадыр Дулу, Бақтияр), Айшыкел - Ашына қойлы ( Ашина хэлу) есімдері ұлы жүз шежіресінен бүкіл қазақ халқына белгілі. Бізге ғасырлар тұңғиығынан жеткен шежірелерде олар өздері басқарған тайпалардың түп аталары есебінде көрсетіліп кеткен .
Осыған байланысты: «Қазағымыз әдетте есімі ұранға айналған адамдарды арғы атасына санайды», - деген белгілі қазақ жазушысы С. Мұқанов, ал белгілі батыр, шежіреші Қазыбек Тауасарұлы :«Қашанда жұрт бабасына әке етіп бірнеше ұрпақ өтіп кеткен әлдеқандай бір батырлықпен, әлде байлықпен , тағы қандай бір ел алдындағы беделімен атағы шыққан бабасының бабасын әке етіп бере салады » - деген.
Көп заман ілгеріде қалыптасқан тайпалар мен рулардың бабасы болып көрсетілуі, атақты елтұтқалардың уақыт өте келе халықтың күрметтеуі арқылы шежірелік ата есебінде айтылып кетуіне байланысты .
Ұлы бабаларымыз Байдулу мен Байдыбек Түрік елінің ақсүйектер қауымынан шыққан, олар Ашина Дулу ұрпақтары. «Шоно» көне түркі тілінде және маңғол тілінде қасқыр, ал Ашина- мәртебелі қасқыр деген мағына береді. Дулу аталатыны-түрік мемлекеті негізін қалаған топ, есте жоқ ерте заманда Алтайдың дұлығаға (дұлыға- түркі жауынгерлерінің темірден жасалған бас киімі) ұқсайтын тау сілемдерінен өсіп-өніп шыққан деген аңызға сәйкес, Дулу ұрпағы аталған. "Сонымен қатар Он оқ елі" әскери әкімшілік одағындағы Шу өзенінің батысын мекендеген бес аймақты қалың ел нушуби аталған, ал сөздің мағынасы: «Шу бойын мекендеген көп- қалың билер» (Шу-өзен, ну-көп, қалың; би- иесі,).
Ұлы бабамыз Байдулы
Қиын заманда Түрік кағанатында ел басқарған Қараша, Байдулы, Байдыбек, Айшыкел және олардың ұрпақтары туралы деректер бізге қытай, персі және Византия жылнамалары арқылы жетті.
Қара Жүрын Түріктің үлкен ұлы Байдулы бабамыз 560 - 631 жылдары жасаған. Оның тегі Ашына (Дулу) әулетінен, ел басшысы, тайпалар одағының басқарушысы және өмірінің соңғы жылдарында Батыс Түрік кағанатында каған болған. Сонымен қатар ежелгі сақтардың -ғұндардың ұрпақтары болып саналатын шато- шақшам тайпасымен қатар көптеген тайпалардың әрі басшысы, әрі тайпа көсемі. Шато-шақшамдар сол заманда Байдулу қарамағына шуми , шуюйе тайпаларымен қатар кірген. Оған Қытай императоры Тайцун берген ресми есімі Бахадыр Дулу хан (қытайша Мохеду хэу). Ғасырлар тұңғиығынан бізге жеткен ұлы кісілердің есімдері, көпшілігінде, олардың туылғанда қойылған өздерінің аттары емес, лауазымдары немесе жанама аттары .
Түрік кағанаты Жұңғо мемлекетінің үздіксіз жасаған зиянкес әрекеттерінің салдарынан бірнеше рет талқандалды. Ақырында Батыс түрік кағандығы " Он оқ елі "мемлекетіне, соңынан Түркеш қағандығына айналды.
Бахадыр Дулу хан (Байдулу) 628 жылы Батыс түрік кағаны дәрежесіне көтерілді. Ол шуйюе (сіргелі), шуми (шымыр), шато (шақшам-шуоқшам) тайпаларына бірінші кезекте арқа сүйей отырып Жоңғария, Тарбағатай және Жетісу өлкелерінде үстемдік құрды. Аталған тайпалардың көшіп қонып жүретін тарихи мекендері Шу өзенінің шығысы болды.
Шу өзені батысын мекендеген нушуби тайпалары ( каса, аскіл, азғыр, барсаған) құнарлы әрі малға жайлы, шығыс жағалауды басып алуға ұмтылып көп әрекеттенген. Алайда Бахадыр Дулу хан шығыс жағалаудың иелері шуйюе, шуми және шато тайпаларының мүдделерін барынша қорғап, оларға емін-еркін көшіп қонуына жағдайлар жасады.
Сонымен қатар Бахадыр Дулу хан Батыс түркілердің қиыр шығысында орналасқан Баркөл маңындағы Бесбалық қаласын астана санайтын шатоларға ерекше көңіл бөліп, қамқоршы болды. Оның ең сенімді ержүрек оққағар сарбаздары шатолардан іріктеліп алынып, олардан каған арнайы қиын да, аса қауыпты жорықтар жүргізуге бейімделген әскери жасағын құрған. Сондықтан шатолар Бахадыр Дулу ханды өздерінің көсемі деп санады және қағанды 631 жылы дұшпандар қолынан қаза тапқанға дейін барынша қолдап келді.
Қағанаттың негізін құрған көшпелі тайпалар арасында ауызбіршілік болмағандықтан, қағанға қарсы шыққандардың арандатуымен, 631 жылы бүкіл Батыс өлкеге жайылған нушубилердің көтерілісі басталды. Таққа таласқан Түрік ханзадалары көтеріліске шыққандарды қолдап кеткендіктен Бахадыр Дулу хан ең сенімді оқ қағарлары шатолармен бірге қарсыластармен жүре соғысып, кағанаттың шығысына кетуге мәжбүр болды. Сенімді тайпалар шуйюе, шуми және шатолардан құралған қаған әскерлері, мықтап бекініп тойтарыс беру үшін Алтай тауының баурайына беттегенде, нушубилердің жансызы жасырын түрде ханның Шығыс Жетісудағы көшпелі ордасына еніп, Бахадыр Дулу (Байдулыны) кағанды опасыздықпен өлтірді. Әкелеріндей болған, жанашыр көсемі Бахадыр Дулу қағаннан айырылған шатолар 631 жылдың соңында Баркөл көлінің батысындағы тайпамен аттас Оңтүстік Жоңғария алқабындағы кең байтақ Шато жазығына орналасты (Шато кең жазығы солардың атымен аталған). Алтай тауы (Алтын тау ) мен Тянь Шань ( Аспанға үлескен тау) тауларының ортасына орналасқан кең жазық Шато шақшам жазығы деп аталған және олардың саяси орталығы Бешбалық (қытайша Бэйтинь ) қаласы болған .
Уақыт өте келе шато тайпасының кейінгі ұрпақтары өздерінің атақты ел басшысы әрі көсемі Бахадыр Дулу ханды яғни Байдулуды түпкі ататегіміз деп кетті. Заманында ерекше қамқорлыққа алып, тайпаның мүддесін барынша қорғағандықтан, шақшамдар Байдулуды жақын тартып бабамыз деп есептейтін болды. Сонымен, сол заманда ел басшысы болып, тайпалар мен рулар қауымдастығын басқарған, ал соңынан каған болған Байдулу шежіреде шақшамның әкесі болып көрсетілетін болды .
Осы сияқты жағдайлар туралы тарихшы ғалым Ә. Қоңыратбаев: «Қазақ феодалдары өздерін ру басы санап, есімдерін ұранға шығарған» - деп жазған .
Сондықтан Байдулу ұлы жүз құрамындағы белді тайпалардың бірі, өзі басқарған әрі қамқоршысы болған шақшам тайпасының түп атасы есебінде саналып кетті яғни өзінен көптеген ғасырлар бұрын пайда болған тайпа енді одан тараған ұрпақ саналатын болды.
Халқымыз ондаған ғасырлар бойында сақтап бізге жеткізген шежіре мәліметтерінде (Меркіден табылған тері кітаптың көшірмесіне сәйкес) Байдулудың төрт ұлы болыпты. Олардың есімдері Шақа, Шашақты, Шапшақбай және Шақшамбай. Алдыңғы үлкен үш ұлы өте жас кездерінде қайтыс болған. Жалғыз қалған кіші ұлын әкесі еркелетіп Шақшамым деп атаған дейді аңыз- әңгімеде.
Шақшамдар түбі сақтар мен ғұндар батысқа ауғанда Жетісу мен Жоңғарияда қалып қойып, соңынан Үйсін бірлестігіне кірген рулардан қалыптасқан. Олар өздерінің шыққан түп тамырларын жақсы білген. Шақшамды үйсін бірлестігіне кірме деп көрсетуге шежіреде негіз болған пікір осы жағдайға қатысты пайда болған болуы керек. Қараша бидің үлкен ұлы Бахадыр дулудың қысқаша өмірбаяны Ұлы жүз шежіресіндегі және көрнекті жазушылардың шығармаларында көрсеткен Байдулу бабаны сүреттеген бейнесіне сәйкес келеді, ал есімі Бахадыр Дулудың қысқартылған нұсқасы. Тарихи деректерде оның өмір сүрген жылдары, жүрген ортасы, жау қолынан қаза тапқан аймағы шежіре мәліметтеріне, негізінен ұйқасады .
Арада жүздеген жылдар өткен соң ұлы баба Байдулы есімі Бақтияр (Бахадыр) түрінде шақшам елімен бірге ұлы жүз халықтарының ұранына айналды.
Халық жазушысы Еркінбек Тұрысов «Бәйдібек» атты тарихи хикаятында Байдулы бабамыз Шығыс Жетісудағы Қаракөл өзенінің бойында дүниеден өтіпті дейді. Ұрпақтары қалың найманның мың сан азаматымен бірге даланың қара қира тасынан бабаның үстіне биік оба тұрғызған. Алыстан қара тартып көрінетін сол оба, сол мола ел ішінде Қараша бидің баласы- Байдулудың моласы- Қарамола атанып кеткен деп баяндайды.

Шато
zholdasov_aman@mail.ru
06-07-09 14:03
Шақшам елі тарихынан үзінділер

(Шақшам елі туралы табылған тарихи деректер мен шежіре арқылы бізге жеткен мәліметтерді сараптап, қорытындылаған тұжырымдар)


Ежелгі Үйсін жерінде
Жетінші ғасырдан бастап қытай жылнамалары арқылы бізге жеткен деректерге сәйкес, Жетісу мен Жоңғар өлкеcінде «Алты шу елі» деген атаумен белгілі болған ірі алты тайпадан тұратын бірлестік Батыс түрік қағанаты тарихында мәртебелі орын алған. Олар шымыр (шуми), шимойын (шумиғұнь), суан (шубань), албан (шубань), сіргелі ( шуюйе) және шақшам (шато, шуато). Бұл тайпалар атауы Шу өзеніне байланысты пайда болған .
Ғасырлар тұңғиығы, арадағы ұзақ жылдар қазақ халқында, жалпы көшпенді түркі халықтары арасында, арнайы зерттеулер аз жүргізілгендіктен және бабаларымыз жазып қалдырған тарихи жылнамалар болмағандықтан, өткен ғасырлар тізбегі оқиғалар ширегін бір бірінен алыстатып, ажыратып жіберген. Зерттеуші ғалымдар көне замандағы тарихымызды ертеден келе жатқан қытайдың Таншу, Ганму деп аталған көне жылнамалары арқылы, ерте замандағы персілер мен гректердің жазба деректерінен және тастарға сына жазумен ескерткіштер түрінде қалдырған «Көк түріктер» қағанатының ел тұтқалары Күлтегін, Тоныкөк, Йоллықтегін жазбалары арқылы зерттеп білу мүмкіндігіне ие болды.
Бұрынғы сақ тайпалары мекендеген өңірде үш ірі тайпалық одақ : үйсіндердің, қаңлылардың, аландардың тайпалық одақтары жарыққа шықты. Сақ тайпалары осы одақтардың арасына сіңіп, солардың атымен аталатын болды.
Осы тайпалар одақтарының ішіндегі ең ірісі - үйсіндердің тайпалық одағы еді. Онан бұрын жасаған ғұн тайпалары да тарих алаңынан кетіп сақтар мен үйсіндердің арасына сіңген. Шежіреші батыр Қазыбек бек Тауасарұлы сіргелі мен шақшамды бірге қатар жасаған туысқан тайпалар дейді, ал көне қытай деректері шатоны(шақшамды) шуюйе(сіргелі) тайпасымен бір одақта болып, соңынан бөлініп шыққан, бірақ түп тұқияннан шыққан түбі бөлек деп көрсетеді .
Сонымен, бүгінде «шақшам» деп аталатын тайпаның тарихы ежелгі сақ-ғұн дәуірінен басталады, ал тайпаға қатысты нақты деректер бізге VII ғасырдан қытай жылнамалары арқылы белгілі болды .
Шато тайпасының ұрпақтары «шақшам» деген атаумен біздің заманымызға алты аталық рулы ел болып жетті. Шато (шуато ) деген шақшам тайпасының қытайша аталуы, ал көне түркі тіліндегі өзатауы үш сөзден құралған- «Шу оқ шам». Ескіден бізге келіп жеткен «шам» деген сөз елдің бір бөлігі немесе құрамы дегенді білдіреді. Қазақта жанұяның, үйлердің, халық пен рулардың санын анықтайтын: түтін, ошақ,уй, шам, ел, арыс деген ұғымдар кеңінен тараған. Сонымен «Шу оқ шамның» әлеуметтік мағынасы: Шу бойын мекендеген жауынгер ел болып шығады. Шу- өзен, оқ- әскери әкімшілік белгісі, ал шам - елдің бір бөлігі.
Шақшамдар түбі сақтар мен ғұндар батысқа ауғанда Жетісу мен Жоңғарияда қалып қойып, соңынан Үйсін бірлестігіне кірген рулардан қалыптасқан. Байырғы заманнан шақшамның сіргеліден бөлініп, үйсінге келіп қосылғаны аңыз түрінде халықтың есінде сақталған, ал кейбір шежіре нұсқаларында шақшам үйсінге кірме деп айтылады. Алтай тауы (Алтын тау ) мен Тянь Шань(Аспанға үлескен тау) тауларының ортасына орналасқан кең жазық Шато жазығы деп аталған, ал шатолардың әкімдік орталығы Бешбалық (қытайша Бэйтинь ) қаласы болыпты.
Ғалымдардың соңғы дәлелдеріне сүйенсек Бактрия -Бахадыр- Бақтияр атаулары ұлы бабамыз Байдулу есімен яғни VII ғасырда жасаған Батыс түрік кағаны Бахадыр Дулудың есімен байланысты болып шығады (қытайлар тарихында Баһадур - Мохеду хэу ). Кәсіби тарихшылардың орныққан ғылыми дәлелі - көп заман ілгеріде қалыптасқан тайпалар мен рулардың бабасы болып көрсетілу уақыт өте келе халықтың күрметтеуі арқылы шежірелік ата есебінде айтылып кетуі.
Ганму, Таншу аталған көне қытай жылнамаларында" шато"(шуато) тайпасы туралы көптеген деректер бар. Сол жылнамалардағы құжаттарға сараптама жасап анықтағаным: ескі қытай тілінде" р" әрпі сирек пайдалынады және сөз ортасында айтылмайды (мысалы қытайлар «түрік» сөзін «тукю» деп айтқан). Дауыссыз дыбыстар сөздің соңына келсе, ол да айтылмайды немесе соңынан жіңішкерту белгісі қойылады. Қытайлықтар тіл ерекшеліге сәйкес, айтуға ыңғайлап «шақшам» сөзіндегі " қш "әріптерін " т " әріпіне айналдыруы олардың грамматикалық ерекшеліктеріне байланысты. Бізге жеткен деректерді салыстырып, сараптама жасағанда, шақшам тайпасының атауын қытайлар жұмсартып, өз тілдеріне ыңғайлап, оңай айтылатын түрде шато деп атағаны анықталды.
«Алты шу елі»
Бірде бір халық немесе ру, тайпа із - тұзсыз тарих алаңынан жоғалып кетуі мүмкін емес. Уақыт өте олар атауларын, мекендерін өзгертуі мүмкін және бір елдің құрамынан басқа халыққа сіңіп кетуі ықтимал. Елдің түбі түпкілікті жоғалмайды, ал ұзақ жылдар мен арадағы ғасырлар олардың ізін іздеген ұрпақтарын жаңылыстырады, адастырады.
Жетінші ғасырдан қытай жылнамалары арқылы белгілі «Алты шу елі» одағындағы тайпалар шымыр (шуми), шимойын (шумиғұнь), суан ( шубань), албан (шубань), сіргелі ( шуюйе) және шақшам (шато, шуато). Бұл тайпалардың аталуы, әрине сөз жоқ, Шу өзені атауымен байланысты.

«Алты шу елі» деген атаумен белгілі болған ірі алты тайпаға
талдау
реттік саны кәзіргі қазақша аталуы көне ханзу тілінде аталуы түркіше - қазақша мағынасы қосымша түсініктемелер
1 Шымыр Шуми Шу билері ханзу тілінде «ми», түркі тілінде аудармасы «би»
2 Шимойын (Шумиғұн) Шумигунь Шу билері ғұндар Ертедегі ғұндардың Шу бойында қалған ұрпақтары
3 Суан (Шуан ) Шубань ( 1) Шу өлке елі "«ан» көне түркі тілінде өлке"
4 Албан (Иобан) Шубань ( 2) Алып тау өлке елі "«ан» көне түркі тілінде өлке"
5 Сіргелі (Су жер елі) Шуюйе Шу жер елі, Су жер елі "Шу жер- ертедегі Шумер мемлекеті"
6 Шақшам Шато (Шуато) Шу оқ шам (Шу оқ елі ) "шам – елдің бір бөлігі , құрамы"

Жиен қыз
Бейбітке
26-10-08 16:15
Мен шақшамдардың жиенімін. Өзім орталық Қазақстандікімін. Салем нағашылар!

Қанат
merkib87@rambler.ru
29-02-08 22:53
Мен де ШАҚШАМДАРҒА жатам хабарласыңдар бауырларым!
мурат
muratttt@mail.ru
04-02-08 17:23
САлем
менде Шакшаммын ташкент облысы, Бостандык ауданы Шакшам ауылынан,



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов