Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Мәдениет, өнер, дәстүр, әдебиет, БАҚ
Тақырып: Абай

страницы:    « в конец    2    1  

Авторы Xабарлама
Джоли
zhakamers
29-03-07 09:03
Мен Абайдын барлык олендер жинагын издеудемин.Ол кисинин олендери катты унайды!!!

Авторы Жауап
Динара
06-03-08 09:11
керемет диалог
Айгерім
Aigerima-91@mail.ru
27-02-08 16:51
Абайдыњ єлеуметтік таќырыптаѓы µлењдерін білесіздер ме?
Джоли
jolylove777@mail.ru
18-02-08 07:54
Жасулан сізге көп рахмет!

Жаслан
13-02-08 20:01
Қазақтың Ұлы данышпаны
(1845-1904)

Абай Құнанбайұлы-қазақтың ұлы ақыны, сазгер, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның алғашқы классигі. Шын аты – Ибраһим. Туған жері- бұрынғы Қарқаралы ауданына қарасты Шыңғыс тауынын баурайы.Орта жүздің Арғын тайпасын Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ-даңқы алысқа кеткен беделі адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан-Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл-әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы.
Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан-ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Сондықтан да ол Абайды медреседе төрт жыл оқығаннан кейін,оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегіндегі ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады.Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді.Ұтымды сөзімен,әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Орыс әдебиетімен танысуы көп ықпал етеді.
Абай өлең шығаруды бала кезінде-ақ бастаған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді.Шығармалары үш жүйемен өрбиді; бірі-өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі-ғақлия деп аталатын прозасы; үшіншісі-өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.
Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің шеберлік-шалымын одан әрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын “Масғұт” және “Ескендір” деген атпен өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді. Абайдың дүниетанудағы көзқарасы XIX ғасырдың екінші жартсында Қазақстанның экономикасы мен ой-пікірінің прщгресшіл бағытта даму ықпалымен қалыптасты. Дүниетану жолында орыстың төңкерісшіл демократтарының шығамаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірін қорытып, қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданады. Дүниетану процесінде екі элементтің – сезім мен логиканың, түйсік пен ақылдың қатынасын мойындайды. Сондықтан да; “Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз” деп жазады.
Жалпы Абай халықтың өмір шындығы, көрген білгенінің бәрін шығармаларына түсіріп отырады.Ол мектеп ашуды, бала оқытуды, ғылымды білуді, халықты ағартып, оның мәдениетін көтеруді – қазақ өмірін прогресшіл жолмен өзгертудің негізі деп санайды. Қазақ арасындағы берекесіздіктің, басқа кемшіліктердің түп тамыры надандықта, оқымағандықта деп түсінеді, халқының “көңіл көзін” ашу үшін жастарды білім алуға шақырады.
Абай көрген, Абай сынаған еріншектік, бекер мал шашқыш дарақылық, жалқаулық, күншілдік, өтірік-өсекке әуестік, мақтаншақтық,жағымпаздық, жікшілдік, т.б. сияқты сорақылықтар қазақ сүйегіне біткен биогенетикалық қасиет пе жоқ әлде қоғам болмысынан жұғысты болған нәубет пе Міне, тарихи шындық үшін де, ғылыми ақиқат үшін де, әсіресе, Абайдың сыни зердесін шыншыл қалпында тану үшін де, айрықша мәні бар мәселе осы болса керек. Себебі, Абайдың сыни зердесін сөз еткенде әрісі “қу заманға” топырақ шашып, берісі “жабайы қазақты” күнәлап, сонан соң Абайды заманынан да, қоғамынан да, ұлтынан да асып туған дана еді деп қайыры салу оңайдың-оңайы. Алайда мәселенің түйіні, Абай сынап отырған жағымсыз құбылыстардың тарихи-әлеуметтік сыр-себебін тап басып, саралай білуде болса керек.
Кез келген халықтың тарих сахнасына шығуы – экожүйеге бейімделген біртектес өмір салтының ғана нәтижесі емес, сонымен бірге этникалық арман-аңсардың да біртұтастығына айғақ. Олай болса, Абай сынының тезіне түскен еріншектік, дарақылық, жалқаулық, күншілдік, өтірікшілік, өсекшілдік, мақтаншақтық, жағымпаздық, жікшілдік сияқты сорақылықтар қазақ халқының бойындағы туа біткен биогенетикалық қасиеті емес, сол Абай өмір сүрген қоғамдағы саяси-әлеуметтік қатынастардың нәтижесі екеніне ден қою қажет. Сонда қазақ бойынан Абай көрген “кемшіліктерді” себеп ретінде қарастыруға жол ашылады.
1891 жылдан бастап абай басына ауыртпалық түсіп, бір-біріне ұласқанқайғы бұлты ашылмай қояды. Осы жылы ақынның сүйікті інісі Оспан өледі. Одан кейін орысша әскери білімі бар, үлкен үміт күткен баласы Әбдірахман қайтыс болады. Бұлардың қазасының ақын жанына қандай батқаны оның осы тақырыпқа арналған топтама өлеңдерінен айқын көрінеді. Сөйтіп жүргенде соңғы тіренішіндей болған дарынды ақын баласы Мағауия да қайтыс болады. Осындай қабаттасқан қайғы-қасіреттен күрт сынған Абай Мағауияның қазасынан кейін қырық күннен соң, өзі де дүние салады. Ақынның сүйегі Шыңғыстаудың ығындағы Жидебай мекенінде, інісі Оспанның жанына жерленді. Бұл күнде ол арада қазақтың ұлы екі перзенті – Абай мен Шәкәрімге деген ұрпақтың өшпес махаббатының, ізгі құрметінің белгісіндей болып, сәулет өнерінің соңғы үгісімен салынған қос мұнаралы кешенді алып мазар тұр.


Джоли
jolylove777@mail.ru
13-02-08 08:59
Барлықтарынызға үллкен алғысымды білдіремін.Әсіресе Бауыр сізге.Менің ашқан форумымда атсалысып көмек бергеніңізге!!!
Райымбек
www.rzr93@ok.kz
26-01-08 12:37
BAUR сен акылдысын
Азат
28-11-07 13:11
Мен копьютерден хаккермін. Салам Караганда
Qazaq
18-04-07 19:34
Жарайсың -= Baur=-! Менің ойым сені жеңу емес. Менің ойым түсіндіру. Маған бірде желтоқсаншылар былай деген еді. Олар желтоқсан кезінде плакаттар мен ұрандарға сөз іздеген. Сонда олар ең алдыңғылары болып Абайда қарапты. Одан түк таппапты. Олар тәуелсіздік туралы ұрандарды Лениннің сөздерінен де тауыпты. Ал сол мезетте Абайдың сөздерін Колбин жағындағылар пайдаланыпты. Оның сөздерін бізді жаншу үшін, үнімізді өшіру үшін қолданған.

Егерде қазіргі Абай мен Достық көшелерінің қиылысқан жерінде Мұстафа Шоқайдың (немесе Мағжан Жұмабайдың) ескерткіші тұрғанда, онда Қазақ мемлекетінің саясаты мүлде басқа болар еді. Біздің өкімет қазақ жерінде халықтар достығы деген ұранмен қазақ халқын жаншымас еді. Біздің қазақ шүлдірлеп орысша сөйлемес еді. Біздің қазақ өз жерінде өзі қожа екендігін, ол жерді тек өз ата-бабасы ғана қорғап, бізге сақтап келгендігін білген болар еді.

-= Baur=-
18-04-07 12:19
Ассаламу алейкум, Qazaq
Мен қайталап айтамын: бәлкәлкім мен қателесермін, бәлкім сен қателесерсің, анығы бір аллаһқа аян.

Мен осымен сөзталасыты доғарамын, мен бар айтарымды айттым сен де айттың. Енді жұрт оқып әркім өз халінше түсініп ой қорытар менің ойым да осы болған.

Мені бұл ойға әкелген Имам әл Ғазалидің (оған аллаһ разы болсын) бір еңбегі болды, үзінді келтірейін:

... по мере своих возможностей не спорь ни с кем, ни по какому вопросу, потому что это является причиной многих бед и наказание за это больше, чем польза от него. Потому что это - первопричина всех пороков, таких, как показуха, зависть, высокомерие, ненависть, враждебность, хвастовство и других. Да, если возник какой-то спорный вопрос между тобой и человеком или группой, и ты хочешь, чтобы правда победила и не была потеряна, тогда можно спорить, но есть два признака того желания. Первый: чтобы не было для тебя разницы между тем, чтобы истину открыл ты или кто-то другой кроме тебя. Второй: чтобы спор в уединении был для тебя предпочтительнее, чем если бы он происходил в обществе. ...

Осыны оқып ойладым: егер екеуміз осылайша дауласа берсек онда екеуміз Абай үшін емес жұрқа кім күшті екен, көрсету үшін дауласқан болып кетеміз!!!

Qazaq, мен біреудің маған ренжігенін қаламаймын.

Кел енді достық пейілге көшейік, сен алдында Абайдың қара сөздерін форумға түсіріпсің. Сенде осылардың электрондық нұсқасы бар ма, басқа өлеңдерінің де. Алдында Джоли сұраған ал мен табуға әуде еткенмін, бірақ соны әлі таппадым. Сенде бар болса Джолиға берші.
Джоли
zhakamers
18-04-07 07:40
рахмет Баур тусиндим.
Qazaq
17-04-07 21:49
-= Baur=-, сен де ренжіме, мен де қатты айтайын.

«Спустя тридцать лет, как были написаны "Слова назидания", в Казахстане разразился "великий джут" насильственной большевистской коллективизации, выкосивший голодной смертью почти половину казахов. Последствия этого бедствия наверняка были бы не столь трагичны, если бы люди внимательнее вникали в смысл высказываний своего духовного наставника, внимательнее читали слова Абая о пользе и необходимости обогащения знаниями, развития наук и промышленного производства, земледелия и торговли. Впрочем, спустя еще семьдесят лет можно наблюдать, как потомки Абая судорожно приобщаются к таинствам и азам торгового бизнеса в стремлении побыстрее разбогатеть»

Абайдың осы қара сөздерімен талай қылмыстар ақталған: аштық та, 1986 жылғы желтоқсан көтерілісін басу да. Қазақтың өз елінде жүріп басқа ұлттарды басына шығаруының түбі қара сөздерден табуға болады. Мысалы мына сияқты мақалалар қазақты басу үшін арналған:
http://zonakz.net/articles/14502
http://zonakz.net/articles/7371


«“... орыс-кеңес империясы кезінде аты шыққан "ғұламалардың" барлығы да ғұлама емес...” деп кімді айтып тұрсың, Бағанадан бері онсызда ақтауды қажет етпейтін Абайды ма, алпысқа қараған шағында атылған Әлейхан Бөкейхановты ма? Қазағым дегені үшін түрмеде итке талатылған Сәкен Сейффулинді ме? Көмусіз қалған Шәкәрім Құдайбердіұлын ба? Кенесарыны ХАН деймін деп 25 жылға айдалған Ермұхан Бекмахановтыты ма? Кешегі өткен хас батыр Бауыржан Момышұлын ба? кім? Кімді меңзеп тұрсың? Біз басқа кімді ғұлама дедік?»

Бұл атаған кісілерің өз халқы үшін шындығында ғұламалар. Бірақ Кенесары хан, Әлихан Бөкейхан, Мағжан Жұмабай, Мұстафа Шоқайлар орыс-кеңес империясы кезінде ғұлама болуы түгілі халық жауы ретінде аттары шыққан. Кеңес заманында ғұлама болса олардың құрметіне Абайдікі сияқты көшелер, қалалар мен мекемелерге аттары (есімдері) берілмейтін бе еді?!

«Міне осы жерде тоқтап ойланыңдар Абайд қазақтың қуанғанын, спортқа әуес болғанын сын садағына алып отырған жоқ сол қуанғандағы мақсатын сынға алады. Бұл жерде оның қуанып тұрған заты есеке алынбайды, сөзге сарап жасаған адам, логикасы бар адам бұны бірден түсінер еді. Осы сөйлемде басты қорытынды сөз “…қуанған болып (яғни екіжүзділік көрсетіп), ана өзгелерді ызыландырсам екен демек ... ” ал осы сөзден абсурд табыңдаршы. Осы мұсылманшылыққа жат мінездерді бетке басқаны айып па? Абай осы сөздерін келесі сөздерімен қуаттайды.»

Қазақ сөзсіз мұсылман, бірақ қазақ араб емес, қазақ орыс та емес. Қазақ қазақтығымен қазақ. Барлық халық солай.

«екі күймек бір жанға әділет пе? - Деген сөздің мәнін түсіндің бе? Абайға сол кезде көбі қарсы болған, тіпті бір жиында соққыға жаққан, жала жапқан. Міне Абай соны айтады мені күйдірді замандастарым енді сендер екінші рет күндемеңдер мені деп бізге қаратып айтып отыр отыр ғой.»

Халық қандай кемеңгер еді. Олар қателеспеген. Абай сол заманның масановы болғанға ұқсайды.

«Абайдай адамның қатесін шығарғанда одан да артық құрметке ие боламыз ба?
Ендеше Абайдың моласын теппейік, ғибрат сөздерін ақылымызға қондырып, адамшылыққа, Абайдың өзі айтқандай құдайдың жолына түсіп, елдікке бет түзейік ағайын.»

Абайдың моласын тебуге ешкімнің де хақысы жоқ. Ол сөзсіз ұлы адам. Бірақ, біздің қазақта одан да ұлы адамдар болғандығын дәлелдеуіміз керек. Біз сонда ғана шын тәуелсіздігімізді алып, ұлы елдер қатарына қайта ораламыз.

-= Baur=-
16-04-07 15:32
Орысша форума Абайға қатысты үлкен сөзталас болыпты (Ол пікірталаспен Qazaq – тың келтірген сілтемесі арқылы танысып алыңыздар да әрі оқыңыздар), мен оқып отырып қатты риза болдым, өйткені қазақтар догмаға қарсы шыға білді, оның зиян жағы да бар пайдалы жағы да бар.
Пайдалысы сол - орысша болған пікірталаста қазақтар орыстардың бізге таңып берген догмаларын жеңе бастағанынң белгілері байқалады, ешқандай құлдық санасыз еркін ойлай бастады.
Зияны сол – осы пікірталасты оқып алып көп оқырман адасып, кері пікірде қалуы мүмкін. Оның анық дәлелі міне өзін “1” – деп көрсеткен қисық неме:

“Корень казахского манкуртизма берет начало от Абая” деп түйеден түскендей қылып еш дәлел салмай қойып қалыпты. Бояушы – бояушы дегенге сақалын бояпты деген осы шығар сірә. Мүмін ол кінәлі емес болар, бәлкім біреуден естіген болар қалай болғанда да тым қиғаш кеткен, тым оғаш, тым қате сөз. Оған көз жеткізейік, ол үшін алдымен мәңгүрт сөзінің мағынасына келейік:

МӘҢГҮРТ – бұл термин Шығңыс Айтматовтың “Ғасырдан да ұзақ күн” романында көрініс тапқан. Онда адамды қалай - тек өз қожайынынна бағынатын, өзінің өткен өмірінен ештеңе білмейтін, құдды бір жансыз құлға айналдырылатыны жайлы түркінің аңызы сөз болады. Аңыз бойынша - құлдыққа алынған тұтқынның басына жаңа ғана бауыздалған түйенің төс терісін кигізген. Содан соң оның аяқ қолын байлап, басын жерге тигізбейтіндей етіп мойнына бұғау кісен салып, бірнеше күнге шөл далаға тастаған. Сонда басына кигізілген тері қайнап тұрған күнге қызып, кебе бастағанда тұтқынның басын қысып жан түршігерлік азапқы салған, оның үсітне шөл азабы қосылады. Біраз уақыт өткен соң тұтқын не өліп кетеді не өз өмірінің өткенін ұмытып, еркінен айрылып қожайынына шексіз бағынатын құлға айналады. Сондықтан да МӘҢГҮРТ құлдар басқа құлдардын көрі жоғары бағаланытын болған.
“Ғасырдан да ұзақ күнде” қыпшақтың жас жігіті Дөненбайдың ұлы Жоламан жуан-жуандарға тұтқынға түсіп қалай мәңгүртке айналғаны айтылады. Оның анасы Найман-Ана ұлын көп іздейді, ақыры тапқан кезде ұлы оны танымайды, танымағаны былай тұрсын ол қожайындарының бұйыруымен өз анасын садақпен атып өлтіреді. Қандай аянышты десеңші.

Ауыспалы мағынасында “МӘҢГҮРТ” деп - өз тамырын жоғалтқан, өз шыққан тегін ұмытқан адамды айтады.

Мүмкін бұны жазған адам тіл білмес, онда орысша айтайық:
МАНКУРТ - это человек без исторической памяти.

Қахзақтың шыққан тегі жайлы сөз жазған Абайға осылай сөз айтқан адам қандай ақымақ, надан еді. Біле білсең надандық жазылмас дерт, Иса пайғамбар (с.ғ.с) айтқан екен: “Мен өлген адамды тірілтемін, бірақ наданды емдей алмаймын”, - деп. Ендеше мұндай адамдармен таласудан аулақ болайық.

Ал осы таласты қазақша форумаға алып келген Qazaq – бауырымызға да кезек келді.

Qazaq – менің келесі жазғандарыма сен ренжіме, мен сенімен еш дауласқым келмеді. Мүмкін мен қателесермін, мүмкін сен қателесерсің анығы бір аллаға аян. Мен енді сөзімді сен құсап жай айта салмай дәлелдермен ақырындап жеткізейін. Бұл сөздерді жазып отырғаным есем кеттіп қалды деген ой емес, тек бұл сұрақ ерте ме кеш пе бір туатын сұрақ болатын, сен осыны айтқызуға себеп болдың, сен кейбір қазақтың ойындағысын айттың, сеннен бұрын да осы тақырыптағы әңгімелер естіліп қалған, сені мысал қыла отырып, өзі атыңды да қазақ деп қойыпсың онда бүкіл қазаққа келесіні жеткізуді жөн көрдім.

Бұл сөздер саған емес бір қазақтың бір қазаққа айтып жатқаны деп түсін.
Енді бәріміз болып екі қазақтың диалогын тындайық.

Ескерту: мен жоғарғы би есемпін шешім қабылдайтын, мен де бір қазақпын, мен Абайдың шығармашылығын дін я болмаса бір догма екен деп қызғыштай қорып отырған жоқпын, тек әділетсіз айтылған сөздерге риза болмадым, бәрінен бұрын Абайды жетік білмейтіндері, енді бастап оқып жатқандары, мына бір сөздерді оқып адасуға түспесін деген ой бар.

Джоли, өтініп сұраймын сен Абай осылар айтқандай екен деп қалма. Абайды тек нағыз қазақ қана түсінеді. Басқадай адамдардың Абайға жала жабуы бос әурешілік.

Qazaq Мына айтылғандар сенің сөзің:

«Казахи говорят:
"Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дейді,
Болмас елдің баласы бірін-бірі қатын дейді"
Абай был первым казахом называвшим нас "хатуном". В результате мы стремительно утратили наших вековых и тысячелетних традиции и это стало одной из мощных причин колонизации сознания казахов и окончательной потере суверинета казахского народа»

Алдымен сөздеріңе жалпы шабуыл ретінде ретінде Нұрлан ЖАРМАҒАМБЕТОВ деген ағамыз жазған мына мақаласын келтіремін, сосын өз сөзіммен жалғастырамын.

Сілтеме:

http://www.kazpravda.kz/index.php?uin=1152073573&act=ar...nth=8&year=2000

(үзінді)
...
Спустя тридцать лет, как были написаны "Слова назидания", в Казахстане разразился "великий джут" насильственной большевистской коллективизации, выкосивший голодной смертью почти половину казахов. Последствия этого бедствия наверняка были бы не столь трагичны, если бы люди внимательнее вникали в смысл высказываний своего духовного наставника, внимательнее читали слова Абая о пользе и необходимости обогащения знаниями, развития наук и промышленного производства, земледелия и торговли. Впрочем, спустя еще семьдесят лет можно наблюдать, как потомки Абая судорожно приобщаются к таинствам и азам торгового бизнеса в стремлении побыстрее разбогатеть.
...

Сен айтасың:
«"Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дейді,
Болмас елдің баласы бірін-бірі қатын дейді"
Абай был первым казахом называвшим нас "хатуном" ...»

Халық айтса қалып айтпайды – сөз тамаша, тек адам әр сөзі орнында қолдану керек.

Абай айтады:
...
Бас жоғары жаралған мойын, мойын төмен,
Қарашы, дене біткен ретімен.
Істің басы – ретін танымақтық,
Иман білмес тағатты қабыл демен.
...
Абайды оқысаң әріп танитыныңды сынмаған шығарсың, неге осы сөздердің мәнін аңғармадың, неге өмірде қолаңбадың.
Сен аяқ киіміңді басыңа, бас киіміңді аяғыңа киіп алмайсың ғой әлде солай ма еді, сенің бұл қазақтын бір мақалын Абайға қаратып айтқаның соның керісі болды ғой. Енді ойлан осы жерде бірін – бірі қатын дейтін кімдер осы. Олар – бірінің-сөзі бірі тыңдамай, бірін-бірі жекіріп, біріне-бірі бір де жақсы сөз айтпай, не ақыл сөз айтпай, бірін-бірі дұрыс жолға салудың ең құрымыағанда ымын (намек) да білдірмейтін, еркіне қоя берсең біріне-бірі бас салғалы тұрған адамдар. Яғни өйстіп елдікті бұзатын адамдар.Ал Абайдан сен осылардың бір сипатын көріп тұрсың ба? тіпті олар Абаймен қырық қайнаса сорпасы қосылмайтын адамдар ғой. Халық осыларды айтады, бірін-бірі қатын дер деп.

Сен айтасың:
«... В результате мы стремительно утратили наших вековых и тысячелетних традиции и это стало одной из мощных причин колонизации сознания казахов…»

Сенің сөзіңнің ең сорақы жері де осы болды сен бүкіл қазақтын қайғысын бір Абайға барып жаптың, бауырым Абай өмір сүргенде қазақтар орыс боданыда болатын, тіпті ол кез қазақтың азып-тозуынң ең шарықтау шегі болатын. Абай туғанда-ақ солай болған. Бәрі Абайды оқып алып сондай болып кетті деп тұрсың ба? Оны айтасың олар тіпті Абайды оқыды ма? де әуелі. Осы жерде сен маған, мен Абайдан кейінгі қазақтарды айтамын деп дау салуың мүмкін, онда хош Абайдан кейінгі қазақтарға қарайық.
Абай дүниеден өткесін сен айтқандай “… это стало одной из мощных причин колонизации сознания казахов” болған жоқ керісінше қазақтар Махамбеттің, Кенесарының көтерілістерінен кейін болмаған серпіліске ие болды, АЛАШ қозғалысы дүниеге келді, сен айтқандай “… окончательной потере суверинета казахского народа” болмады керісінше АЛАШ қозғалысындағылар тәуелсіздікке қол соз бастады, сол жолда бұрын болмаған құлшыныспен айқаса бастады. Алайда тағдырдың салуымен оларды қызыл империя тоқтатты, аяусыз жазалады, асыты, атты. Бауырым енді сен мені кешіріп қоярсың бұл жерде Абайдың тозаңдай да кінәсі жоқ еді. Олар сен құсап бәр бәлені Абайға жапқан жоқ керісінше Ахмет Байтұрсынұлы “Қазақтың бас ақыны”, - деген мақала жазып шығарды. Бұл мәнді сөз, әділ баға. Бас ақын деген баға Абайдан басқа ақынға берілген жоқ (сөздеріңді қазаққа жаның ашып айтқан болсаң ерінбей тауып оқы осы мақаланы). Барлығы Абайдың қазаққа қаншама берері көп екенін біліп жанталасып Абайдың шығармалрын кітап қылып басып, көп қылып тартуға тырысты. Ол кезде кітап бастыру қаншама қауып, қаншама қиямет еді, ешкімде де оны бастыратын ақша да жоқ болатын. Бірде Ахмет Байтұрсынұлы абақтыға қамалғанда сөмкесінде Абайдың қолжазбалары болған екен сонда ол күзетшіге жалынып қалтысындағы бар ақшасын беріп, бар дүнисін беріп тек Абай қолжазбаларын сақтып қалуды сұрапты. Сөйтіп олардың бізге жетуін ойлапты, ал біз ақымыақтар не айтып отырмыз. Сен сонда қазақ деп, елім-жұртым деп жандарын қиған азаматтарымыздан ақылдымын деп тұрсың ба?!

Ал енді келесі сөзіңе келейік:
Сен айтасың:

«Вообще то нам надо со временем надо менять всех топонимов с именем Абай на Кунанбай. В отличие от Абая, Кунанбай старался сохранит традиции народа. Он видел в нем нашу силу и могуществу. Он был сторонником не революционных преобразовании, а эволюционных преобразовании.

Маған Абайдан гөрі оның әкесі Құнанбай ұнайды»
Бұл сөзіңнен бір ғана байлам шығады Абайдың ісіне Құнанбай, Құнанбайдың ісіне Абай қарсы. Біреуі революцияны жақтайды біреуі эволюцияны жақтайды.

Бауырым, бұл қай сасқаның, Абай әдет-ғұрыпқа қарсы болып еді деп кім айтты Абай қарсы болса ел мінезіне болды оның үстінен сен жақсы көрген Құнанбайды белінен шыққан баласы Абай жақсы көрмеді деп тұрсың ба? Сен қолдаған Құнанбайды Абай қолдамады деп тұрсың ба?

Сен Абайды оқысаң мына өлеңін оқыдың ба?

(Әбдірахман өлген соң өзіне айтқан жұбатуы)

Мұқым қазақ баласы
Тегіс ақыл сұрапты.
Тобықтыны ел қылып,
Басын жиып, құрапты.
Мекеде уақап үй салып,
Пәтер қып, жаққан шырақты.
Бір құдайдың жолында
Малды аямай бұлапты.
Ажал уақыты жеткен соң,
Соның да гүлі қурапты.
Қажыны алған бұл өлім, (Қажы деп өз әкесі Құнанбайды айтады)
Сабыр қылсақ керек-ті.

Абай әкесінің жақсы істерін айтып, еске алып отыр, қажы деп сыйлап отыр, сен Абайдың әкесіне қарсы болған өлеңін оқыдың ба? Я болмаса қазақты революцияға шақырған кезін көрдің бе, адал еңбек қылып мал табу революция ма саған? Оқу оқып білім алған революция ма саған?

Құнанюайды жалғыз Абай емес сол кездегі иісі қазақтың бәрі жақсы көрген, сен оны Шәкәрім Құдайбердіұлының мына поэмасынан көр:

ҚОДАРДЫҢ ӨЛІМІ
(үзінді)
...
Ойласаң, бұл істің көп мағынасы,
Не қылған ЕСКІ ЖАҚСЫ, соны ойлашы.
“Алтынды ер атқа тисе, отқа жақ” деп,
Өз бауырын өлтірген ЕР ДАНАСЫ.

Не күндестік, немесе кек қуған жоқ,
Ел бұзбауға ойлаған бұл айласы.
Осы күнгі “жақсының” бірталайы –
Ұры, қары, қу сұмның жан жолдасы.
...
Әділ деп ЕЛ МАҚТАҒАН ҚҰНАНБАЙДЫ,
Көзінше жан әдепсіз іс қылмайды.
Ұрлық, зорлық, зұлымдық – БӘРІН ТЫЙЫП,
Арам деп атқызбаған насыбайды.
...

Әділ деп ел мақтаған Құнанбайды – дейді, сөзге мән бер Шәкәрім Құнанбайдікі дұрыс еді деп ақтап отырған жоқ, оны ЕЛ мақатғаның айтып оны ақатудың қажеті жоқ екенін айтып отыр. Сонда Абай елден ала бөтен әкесіне қарсы шыға ма? Сен Абай жолына сілтеме, ол кезде ең болмаса жылымық заман емес Сталиннің қылышынан қан тамып тұрған заман болатын Мұхтар Әуезов роман бастырылып шығу үшін Құнанбай образын құрбан қылды. Оның орнына бізе Абайды әкелді, Мұхтар Әуезов романда жай ғана оқиғаларды жазды десең қателесесің, Әуезов өз романы арқылы қазақ тілінің энциклопедиясын жасады, сөздік қорымызды жинады, қазақтың салт – дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі жайлы үлкен мұра жазды. Қазақтың проза жанрына үлкен үлес қосты. “Абай жолын” оқып қаншама жазушы шығарма жазуды үйренеді, қаншама қазақ ұмыт болып бар жатқан сөздерін үйренеді, қаншама ғалым зерттеу жұмыстарын жазады, қаншама адам Абайды таниды, қаншама ақын шығармасына шабыт алады. Мұхтар Әуезов осыларды ойлап, Абайдың “Заманың түлкі болса тазы боп шал” – деген сөзін құлаққа іліп Құнанбайды құрбандыққа шалып осы романды дүниеге келтірген еді. Енді Мұхтар Әуезов Құнанбай жақсы еді деп отыра берсе біз қаншама дүнеден қағылар едік. Әуезов білді Құнанбайдың кім болғанын ел білетінін, бірақ ол өкіметтің алдын орап осы айлаға барды. Сондықтан сен жақсы көрген Құнанбайды бар қазақ жақсы көреді. Оны зерттеу өзінше бір әңгіме.

Сен айтасың:
«…Поэтому полностью согласен с Martin Heidegger из соседней ветки…» - деп келіп оның сөздерін келтірдің, сен онымен келіссең оның бар сөзін қолдап сенгенің, онда Martin Heidegger – ге кезек берейік.

Martin Heidegger айтады:
«"Еще будучи маленьким и слушая разговоры взрослых о "Словах Назидания" Абая, я задумался: почему наш народ так сильно отличается от остальных? Ни у одного народа не было такого странного гения как Абай. На протяжении всей книги Абай ставит в вину казахам огромное количество пороков. Среди прочих есть и совершенно абсурдные. Например, в одном из слов он говорит, что казах страшно радуется, когда его лошадь приходит первой на байге. Он говорит, чего ты радуешся? Разве это ты пришел первым? (Как вы представляете возможно ли, чтобы Сервантес ставил в вину испанцам страсть к корриде?) »

- Испандықтардың өгізді зұлымдықпен өлтіргенін былай қоя тұралық, олар әлі ақ жауап береді құдайдың алдында неге оның жаратқан мақұлыған сонша азаптағанын, шындығында құдай өгізді сөйтіп азаптасын деп емес, адамзатқа жер жыртуға көмектссін, аш болса сойып жесін, шөлдесе сүтін ішшсін деп бізге деген сондай рахмандығымен, қамқорымен жаратты. Сол үшін де бүкіл әлемнің әміршісі, он сегіз мың ғаламды жаратқан аллаға мадақ. Мынадай бір хадис бар: “Бір адам сиырға мініп алып жүр деп қамшылай бастапты, сонда құдайдың құдіретімен жанағы сиырға тіл бітіп ей адам шындығында мені раббым саған жер жыртуға көмектессін деп жаратты деген екен”. Осы хадистен де қаншама ғибрат алуға болады. Біліп қойыңдар исламада жануарды азаптауға тыйым салынған. Бұл сөздердің тақырыпқа қатысы болмаса да орай келіп тұрғасын айтып отырмын.

Енді тақырып болып отырған Абайдың қара сөзіне келсек, алдымен қара сөзді көзімізді ашып қайтадан оқып шығалық.

Жиырма Алтыншы Сөз

...
Осы қуаныш бəрі де қазақ қарындастың ортасында, бір хайуанның өнерінің артылғанына, я бір бөтен адамның жыққанына мақтанарлық не орны бар? Ол озған, алған, жыққан өзі емес, яки баласы емес. Мұның бəрі — қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ, биттей нəрсені бір үлкен іс қылған кісідей қуанған болып, ана өзгелерді ызыландырсам екен демек.

Міне осы жерде тоқтап ойланыңдар Абайд қазақтың қуанғанын, спортқа әуес болғанын сын садағына алып отырған жоқ сол қуанғандағы мақсатын сынға алады. Бұл жерде оның қуанып тұрған заты есеке алынбайды, сөзге сарап жасаған адам, логикасы бар адам бұны бірден түсінер еді. Осы сөйлемде басты қорытынды сөз “…қуанған болып (яғни екіжүзділік көрсетіп), ана өзгелерді ызыландырсам екен демек ... ” ал осы сөзден абсурд табыңдаршы. Осы мұсылманшылыққа жат мінездерді бетке басқаны айып па? Абай осы сөздерін келесі сөздерімен қуаттайды.

Біреуді ызаландырмақ — шариғатта харам, шаруаға залал, ақылга теріс. Əншейін біреуді ыза қылмақтың несін дəулет біліп, қуанады екен? Жə, болмаса, ана ыза болушы соншалық неге жер болып қалады екен? Жүйрік ат — кейде ол елде, кейде бұл елде болатұғын нəрсе, қыран құс та, жүйрік ит те — кейде оның қолына, кейде мұның қолына түсетұғын нəрсе. Күшті жігіт те үнемі бір елден шыға ма. Кейде ана елден, кейде мына елден шығады. Мұның бəрін адам өз өнерімен жасаған жоқ. Бір озған, бір жыққан үнемі озып, үнемі жығып жүрмейді. Соның бəрін біле тұрып, жерге кіргендей я бір арамдығы шыққандай, жамандығы білінгендей болып несіне ұялып, қорланады екен?

Сөзге тағы мән беріңдр, сөздің айтылуының түп мақсатын қараңдар. Абай енді екінші жақты айтады яғни ызаланушы, Абай бұл жерде оның ызаланған нысанын (объект) емес (яғни спортшы болуы, ат бағуы, күрескер болуы, қыран баптауы), сол ызаланған себебінің негізсіз екеніне дәлел салып отыр. Яғни бізді негізсіз ызаланбасын, негізсіз ашу шақырмасын деп отыр. Абай айтады неге жер боласың, оның аты жүйрік болғанына аты кінәлі ме? дұрыс баптаған иесі жазықты ма? ақиық болып туғаныныа қыра құс кіналі ма? дейді астарлап. Біз ызаланбай қайта оның ат баптаған шеберлігіне сүйсінуіміз керек, одан үйренуіміз керек, ақиық қыранға тәнті болуымз керек, өзіңнен өнері артылған адам болса шәкірті бол дегені ғой, сөздің астары. Естеріңде болса Абайды ел ұсталарын сынайтын сөзінде осы ойын айтады ғой неге ел аралап өзінен өнері артылғандардан үйренбейді екен деп. Ойға қонатын сөдер ал осы сөзің қай жері абсурд?

Әрі қарай кеттік:

Енді осылардан ойлап білсеңіз болады: надан ел қуанбас нəрсеге қуанады. һəм қуанғанда не айтып, не қойғанын, не қылғанын өзі білмейді, есі шығып, бір түрлі мастыққа кез болып кетеді. Һəм ұялғандары ұялмас нəрседен ұялады, ұяларлық нəрседен ұялмайды.
Мұның бəрі — надандық, ақымақтықтың əсері. Бұларын айтсаң кейбіреуі "рас, рас" деп ұйыған болады. Оған нанба, ертең ол да əлгілердің бірі болып кетеді. Көңілі, көзі жетіп тұрса да, хайуан секілді əуелгі əдетінен бойын тоқтата алмайды, бір тиянақсыздыққа түсіп кетеді, ешкім тоқтатып, ұқтырып болмайды. Не жаманшылық болса да бір əдет етсе, қазақ ол əдетінен еріксіз қорыққанда я өлгенде тоқтайды, болмаса ақылына жеңгізіп мұным теріс екен деп өздігінен тоқтаған адамды көрмессің.

Мүмкін жұрт осы соңғы сөзді қате түсінген шығар мысалы мына сөз “ ... надан ел қуанбас нəрсеге қуанады ...” бұл жерде қуабас нәрсе дегені бәйге тамашалау емес, қыран салу емес, күрес тамашалау емес. Тек халықтың біреуді жер қылғанына, біреуді ызаландырғанынна қуанатынына ыза болып айтып тұр. Қуанбас нәрсе дегені – біреудің ызаланғаны.

Жалпы Абай халықтың өнерге құштар болғанын қалаған жан, өзі деп ат баптап, қыран салған адам. Қансонарда бүркітші шығады аңға – деген өлеңі қандай тамаша, Аттың сыны – деген өлеңін алып қара қандай дәл. Енді бір тас керең, су қараңғы адам болмасаңдар «Как вы представляете возможно ли, чтобы Сервантес ставил в вину испанцам страсть к корриде?» деген сөздің таза жоңға шығып, лағып кеткен сөз екенін түсінген шығарсыңдар.
Көзін ашып оқыған адам осы сөздің “…совершенно абсурдные…” емес керісінше сол сөзді айтқан адамның сөзі “…совершенно абсурдные…” болатынын түсінер еді.

Болды енді әрі қарай сенің “ия мен саған қосыламын” - деген Martin Heideggerдің сөздерін әр талқылаудың қажеті жоқ, Абайдың бір қара сөзін түсінбеген адам барлығын да түсінбейді.

соңында Martin Heidegger айтады:

«…И почему он нас винил? За что? Уж не в Абае ли корень казахского нигилизма? И наконец, почему мы его так любим, несмотря ни на что. Эти вопросы я задаю вам."…»

Жауабым: Абайдың да ойлағаны осы еді, әрбір көзі ашық қазақ өзіне осы сұрақтарды қойуы керек те себебін іздеуі керек. “...почему мы его так любим ...” деген сөзге келсек әр қазақ Абайдың өлеңін оқығанда оның бізді Қалың елім қазағым деп шын жүрегімен сүйгенін өзі сезбесе де жүрегі сезеді де бар қазақтың Абайды сүйетіні осы.

Ал мына сөзге келсек “…Уж не в Абае ли корень казахского нигилизма…” .
әуелі Нигилизм – деген сөздің парқына жетіп алайық.

Нигилизм
Nihilism
От лат.Nihil - ничто

Нигилизм - отрицание общепринятых ценностей, идеалов, моральных норм, культуры, форм общественной и государственной жизни.

Нигилизм - в 1860-х гг. - течение русской общественной мысли:
- отрицавшее традиции, устои дворянского общества, крепостничество; и
- призывавшее к их разрушению во имя радикального переустройства общества.

НИГИЛИЗМ (от лат. nihil - ничто), мировоззренческая позиция, выражающаяся в отрицании осмысленности человеческого существования, значимости общепринятых нравственных и культурных ценностей; непризнание любых авторитетов. В западной философской мысли термин "Н." ввёл немецкий писатель и философ Ф.Г. Якоби.

Martin Heidegger - дің айтып тұрған ҚАЗАҚТЫҢ НИГЛИЗІМІ манғы айтып өткен мәңгүрттікке жақын келтін сияқты, НИГЛИСТ ҚАЗАҚ - десек онда ол тарихына, дәстүріне, әдет-салтына қарсы шыққан, “ непризнание любых авторитетов ” денендей Абай сияқты тұлғаларына қарсы шыққан міне барып тұрған ниглист осылар.
Ал Абайды қалай ниглист дейміз, Абай мойындамаса ел азаматтырын емес парақор болыстарды мойындамады, қазақтын салт дәстүрін емес мұсылманшылыққа жат мінездерін мойындамады. Орыстың ниглистерін қара олар “ ...отрицавшее традиции, устои дворянского общества, крепостничество и призывавшее к их разрушению во имя радикального переустройства общества ... ” дейді осылардың АБАЙДА бір сипаты бар ма? Егер сендер мұсылмандыққа жатпайтын, шариғатқа қарсы мінездерді біздің “…общепринятых ценностей, идеалов, моральных норм, культуры, форм общественной ….” деген сөздерге жатқызсаңдар мен онда білмедім, ондай ойлайтын адамға қандай дауа қонатынын, қандай сөз айтуға болатынын.

Абай көп сөз айтты, бір сөзі сол заман үшін әділ болды, бір сөзі осы заман үшін әділ болды, бір сөзі бар заман үшін әділ болды. Одан бері талай уақыт озды, қазақ озды, тәуелсіздік алды, Абай үміт еткен ұрпақ біз едік бірақ сол мінездермен әлі алысып жатырмыз, біреуін жеңсек біреуін өршітіп алдық. Егер сен пәк болсаң басқ қазақ оқысын. Ең құрымағанда бір жаман мінезі қалған шығар. Абай айтса мұсылмандықты айтты емес пе.

Qazaq – сен
“... орыс-кеңес империясы кезінде аты шыққан "ғұламалардың" барлығы да ғұлама емес...” деп кімді айтып тұрсың, Бағанадан бері онсызда ақтауды қажет етпейтін Абайды ма, алпысқа қараған шағында атылған Әлейхан Бөкейхановты ма? Қазағым дегені үшін түрмеде итке талатылған Сәкен Сейффулинді ме? Көмусіз қалған Шәкәрім Құдайбердіұлын ба? Кенесарыны ХАН деймін деп 25 жылға айдалған Ермұхан Бекмахановтыты ма? Кешегі өткен хас батыр Бауыржан Момышұлын ба? кім? Кімді меңзеп тұрсың? Біз басқа кімді ғұлама дедік?

QAZAQ мүмкін сен елден асып туған ғұлама, әлім шығарсың, бар сөздің қатесін білетін, ХОШ сен ойлағандай Абай қателесті делік, онда мына Абайдың мына өлеңіндегі үлкен әріптермен ерекшеленген сөздердін мән беріп оқы саған арналған:

(үзінді)

Амалсыз тағдыр бір күн кез болмай ма?
Біреуге жай, біреуге тез болмай ма?
Асау жүрек аяғын ШАЛЫС БАСҚАН
Жерін тауып, артқыға сөз болмай ма?

Сонда ЖАУАП БЕРЕ АЛМАН мен бишара,
Сіздерге еркін тиер, байқап қара.
ЕКІ КҮЙМЕК бір жанға ӘДІЛЕТ ПЕ?
Қаны қара бір жанмын, жаны жара.

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім.
МЫҢМЕН ЖАЛҒЫЗ АЛЫСТЫМ, КІНӘ ҚОЙМА!

Ой кіргелі тимеді ерік өзіме,
Сандалмамане күн кешкен ТҮСПЕ ІЗІМЕ.
Өзі ермей, ерік бермей, жұрт қор етті,
СЕН ЕСІРКЕ, ТЫНЫШ ҰЙЫҚТАТ, бақ сөзіме!


екі күймек бір жанға әділет пе? - Деген сөздің мәнін түсіндің бе? Абайға сол кезде көбі қарсы болған, тіпті бір жиында соққыға жаққан, жала жапқан. Міне Абай соны айтады мені күйдірді замандастарым енді сендер екінші рет күндемеңдер мені деп бізге қаратып айтып отыр отыр ғой.

Qazaq – сенің осы сөзді айтарыңды Абай алдын ала білген, Шәкәрім Құдайбердіұлы да білген, соны біліп осы сөздерді жазған, енді маған Шәкәрім көмекке келді:

МІНДЕУ МЕН КҮНДЕУ

Көп сөз айтқан бұрынғы білімділер,
ПАЙДАЛАНСЫН ҰҚСЫН деп кейінгілер.
Сынға салып талғамай талапты жас,
Соның бәрін қатесіз жөн деп білер.

Олай емес, ойласаң, талай мін бар,
БҰРЫН ШЫН, қаталы шын, анық шын бар.
У берді ме сусын деп су берді ме,
Көзің жұм да жұта бер деген кім бар?

КІМ АЙТСА ДА сынамай қойма, жаным,
Ақылыңа сынатып ойла, жаным.
Пәлеңшекем айтқан сөз дұрыс қой деп,
Жүректің таразысын жойма, жаным.

Тегіс тексер, сөз көрсең, сыр мен сынын,
Түзетуге именбе, тапсаң мінін.
ӘДЕП САҚТА ЖАЛҒЫЗ-АҚ қате айтты деп,
БЫЛШЫЛДАПТЫ ДЕЙ КӨРМЕ, БІЛСЕҢ ШЫНЫН. (сөзге мән бер)

Біле тұра кім айтар қате сөзін,
Білімдіге есептер әркім өзін.
Тұрған жері, әдеті, туған елі
Адастырар, айтқызар байлап көзін.

Мал іздеп, мансап іздеп, сауық жиын,
Дүниенің көрмек үшін әрбір сиын.
Адамзат алаңдықтан босамайды,
Сол себептен қатесіз сөйлеу қиын.

Менің де көп жаралы жүрегім бар,
Надандықтан қираған сүйегім бар.
КҮНДЕМЕЙ, ШЫН МІНДЕСЕҢ, разымын,
“ҚАЙТА, ЖАСТАР СӨЙТСІН” ДЕП ТІЛЕГІМ БАР.

Сынамасаң жақсының сөзін қорып,
Талабыңды жоғалтар іштен сорып.
“Сандалған түспе ізіме” деген Абай, (ұмытып қалмасаң Абайдың осы сөзі жоғарыда бар)
Жүресіңдер осы сөзді қалай жорып?

“Талас, тап” деп айтатын Абай өзі,
Танамыз ба жоқ қой деп бүгін көзі?
Айтқанымды сынама деген емес,
“КҮНДЕМЕ ДЕ ҚАРҒАМА” деген сөзі. (тағы мән бер)

МЕЙЛІҢ СӨК, мейлің мақта, оған не бар,
Бізден түк жоқ, ӨЗІНІҢ ИМАНЫ ЖАР.
ҚАТЕСІН ТАП, КҮНДЕМЕ, ЖАМАНДАМА,
КЕЙДЕ ЖӨН, КЕЙДЕ ҚАТЕ АЙТҚАН ШЫҒАР.

АБАЙ ТҮГІЛ, АҚЫЛДЫ КӨП ЖАН ӨТКЕН,
Түпсіз терең ғылымға көзі жеткен.
Солардың да сөзі бір жерде емес,
КЕЙІ ЖӨН, КЕЙІ ҚАТЕ АЙТЫП КЕТКЕН.

Алдыңғының соқпағын артқы түзер,
Ғылым деген нәрсе емес күдер үзер.
Мінін алып, міндіге мінсіз қосып,
Бұрыңғыны жаңартып жастар түзер.

Өңдіге тағы өң беріп қырған қалай.
Түзетілмей шаң басып тұрған қалай.
Түзеймін деп ҚИРАТЫП КҮНШІЛДІКПЕН, !!!
Дұрыс істі ТЕРІСКЕ БҰРҒАН ҚАЛАЙ? !!!

Осыны ұқсаң – ұғарсың көп сөзімді.
Алдасам, алмай-ақ қой еп сөзімді.
Әнге салып алаңдап, ұқпай жүрме,
Әншейін бір өлең ғой деп сөзімді.

Қазақта “Сезікті бірінші секіреді” деген сөз бар мағынасын талдамасақ та түсінікті.
Абайдың айтқан сыны шиқаныңды жарғандай жаныңа батып бара жатса Шәкәрімнің мына бір Жастарға деген өлеңін бір мәрте оқып шық:

ЖАСТАРҒА
(үзінді)

Абай жүр соны мазақ өлең қылып,
Біреуі ұғар ма деп КӨЗІ АШЫЛЫП.
Бізге де біразырақ айтқаны бар,
Құр қылжақтай берме деп босқа күліп.

Ұқсатып, ұнасымды сыйыстырып,
Жасты да жамандапты қиыстырып.
Ойын – күлкі – бар қылған мінезіміз,
Біреуін де қалдырмай жиыстырып.

Тым ТУРАЛАП айтыпты СҰҒЫНДЫРЫП,
Білгенге үйретіпті ұғындырып.
Көріп тұрған мінезді жасырсын ба?
Әркімге – ақ кеткен екен жұғындырып.

СӨЗБЕН ДЕ, өлеңмен де сабақ беріп,
Алсын деп керектісін өзі теріп.
Шиқанымды езгендей шықты жаным,
Айтқанда естігендер ұғып келіп.

(сөзбен де - деп қара сөздерді меңзеп тұр)

ШҮУ ДЕГЕНДЕ БҰЛ СӨЗІ ЖАНҒА БАТТЫ,
Бұрын ондай көргкм жоқ ЖАМАНАТТЫ.
Қайрусыз, қағусыз өскен басым,
Бұлқындым шу асаудай мойын қатты.

(шүу дегенде – деген сөз бір қарағанда, бірінші оқығанда деген сөз)

Естіген соң, жүректе ТҮЙІН ЖАТТЫ,
Сол түйін тынышытпай көп ойлатты.
«НЕГЕ МҰНДАЙ ҚАТТЫ АЙТТЫ?» деп ойласам,
ӨЛЕҢІНІҢ СЫРТЫ АЩЫ, ІШІ ТӘТТІ!

(түйін жатты деген сөзге мән беріңдер «…И почему он нас винил? За что?…» Манағы Martin Heidegger –дің жүрегіндегі түйін осы)

Жаны ашып, жақсы соқпақ тазалапты,
ЖІГЕРЛЕНСІН БІЛСІН деп табалапты.
Жоба көрмей, ЖҮГЕНСІЗ КЕТПЕСІН деп,
Қатты сөзбен қайырып қамалапты.

Енді ойландым қайратқа мінейін деп,
Білімдінің қадірін білейін деп.
АҚЫЛ СӨЗБЕН арқама күнде ұрғызып,
Талаппен түзу жолға кірейін деп.

(біз де осы Шәкәрім құсап жүректегі түйінді шешуіміз керек)

Мен неге күлкі болып жүрейін деп,
Өзім біліп, біреуге күлейін деп.
Шын наданға атар таң болмайды екен,
БІЛІМ ІЗДЕП, құдайдан тілейін деп.

Білмекке талап етіп көрейін деп,
Шын сөзге көңілімді бөлейін деп.
Надан болып қорлықты көргенімше,
ЕСТІНІҢ АЙТҚАНЫМЕН өлейін деп.

(Шәкәрім Абайды есті дейді ал біз отырмыз "орыс-кеңес империясы кезінде аты шыққан ғұламалардың барлығы да ғұлама емес" деп)

Үлкендер ұмтылмайды ұғайын деп,
Мен-дағы бұл қылықтан шығайын деп,
Айтқан сайын аяғын кері басады,
Құлағына мақтаны тығайын деп.

(көрдіңдер ме өзіне шаң жуытпайтындар құлақтарына мақта тығып алғаны сияқты, олар адасады, ол дегеніміз құлағына мақта тығып алып қоңырау ұрлағанмен бірдей, біз құлағымызға мақта тығып алғанымызбен біздің күнәләріміз, міндеріміз қоңыраудай сыңғырлап тұрмай ма, басқаларға естілмей ме)


(бұл өлеңнін басы және жалғасы бар)

Абайдай адамның қатесін шығарғанда одан да артық құрметке ие боламыз ба?
Ендеше Абайдың моласын теппейік, ғибрат сөздерін ақылымызға қондырып, адамшылыққа, Абайдың өзі айтқандай құдайдың жолына түсіп, елдікке бет түзейік ағайын.
Qazaq
14-04-07 00:48
Абайдың мына қара сөздерін оқып шығып ойлана беріңдер. Осы идеяларды отарлаушылар қазақты басуға ерте заманнан-ақ қолданған. Ол мына бағыттарда жүргізілген:
1. Ұлы қазақтың рухын сындыру, ішінен шіріту;
2. Ұлттың ішкі әдет-ғұрыптарын тас-талқанын шығару, жаңа өзгермелі және алдамшы ғұрыптарды қалыптастыру;
3. Бір-біріне сенбеу, арасына от жағу, сосын басқа халықтардың алдынан әділдік іздеу;
4. Ертеден қалыптасқан сот жүйесін бұзып, қазақты түпкілікті отарлануына іштей итермелеу;
5. Қазақты түк білмейтін жас бала құсатып көрінген халықтардан әрдеңені мәңгі үйрену, барлық тілдерді меңгеру және т.б.
Алаш көсемдері оны жақсы түсінген, олар қазақ жұртына реформа жасау керектігін және оның революциялық емес, эволюциялық жолмен жүргізілуін қалаған. Эволюциялық жолмен дамыған халықтарға қазір жапондар, кәрістер, малайлар, түріктер және т.б. жатады. Олар біздер сияқты бір-бірімен не орысша, не ағылшынша сөйлесіп кеткен жоқ.
Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дейді,
Болмас елдің бірін-бірі қатын дейді.
Егерде сендерді мектепте мұғалімдерің жақсы оқысаң да, не жаман оқысаң да жамансың деп жала жаба берсе сен шынымен де жаман болып өсесің. Адам баласының психологиясы солай.

ҚАРА СӨЗ
«Екінші Сөз
Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді: "енеңді ұрайын кең қолтық, шүлдіреген тəжік, арқадан үй төбесіне саламын деп қамыс артқан, бұтадан қорыққан, кез көргенде "əке-үке" десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, "сарт-сұрт деген осы" деп.
Ноғайды көрсе, оны да боқтап күлуші еді: "түйеден қорыққан ноғай атқа мінсе, шаршап, жаяу жүрсе, демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңізші, түкке ыңғайы келмейтұғын, солдат ноғай, қашқын ноғай, "башалшік"1 ноғай деп.
Орысқа да күлуші еді: "ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс" деп. Орыс ойына келгенін қылады деген... не айтса соған нанады, "ұзын құлақты тауып бер депті"— деп.
Сонда мен ойлаушы едім: ей, Құдай-ай, бізден басқа халықтың бəрі антұрған, жаман келеді екен, ең тəуір халық біз екенбіз деп, əлгі айтылмыш сөздерді бір үлкен қызық көріп, қуанып күлуші едім.
Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі əуре болып, біріменен бірі ешбір шаһари жауласпайды. Орысқа қарамай тұрғанда қазақтың өлісінің ахиреттігін, тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды. Əке балаға қимайтұғын малыңды кірелеп, сол айдап кетіп тұрды гой. Орысқа қараған соң да, орыстың өнерлерін бізден олар көп үйреніп кетті. Үлкен байлар да, үлкен молдалар да, ептілік, қырмызылық, сыпайылық — бəрі соларда. Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, казаға да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды. Еңбек қылып мал табудың да жөнін солар біледі, салтанат, əсем де соларда.
Оның малдыларына құзғын тамағымыз үшін, біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз. Біздің ең байымызды: "сəнің шакшы2 аяғың білəн пышыратырға қойған идəн түгіл, шық, сасы қазақ",— деп үйінен қуып шығарады.
Оның бəрі бірін-бірі қуып, қор болмай, шаруа қуып, өнер тауып, мал тауып зор болғандық əсері.
Орыска айтар сөз де жоқ, біз құлы, күңі қадарлы да жоқпыз.
Бағанағы мақтан, бағанағы қуанған, күлген сөздеріміз кайда?

3. Үшінші Сөз
Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұгынының, рас сөзі аз болатұгынының, қызметке таласқыш болатұгынының, өздерінің жалқау болатұгынының себебі не?
Һəмма ғаламға белгілі данышпандар əлдеқашан байқаған: əрбір жалқау кісі — қорқақ, қайратсыз тартады, əрбір қайратсыз — қорқақ, мақтанғыш келеді; əрбір мақтаншақ — қорқақ, ақылсыз, надан келеді: əрбір ақылсыз — надан, арсыз келеді; əрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады.
Мұның бəрі төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан; өзге егін, сауда, өнер, ғылым секілді нəрселерге салынса, бұлай болмас еді.
Əрбір мал іздеген малым көп болса, өзімдікі де, балаларым да малды болса екен дейді.
Ол мал көбейсе малшыларға бақтырмақ, өздері етке, қымызга тойып, сұлуды жайлап, жүйрікті байлап отырмақ.
Қыстауы тарлық қылса, арызы жеткендік, сыйы өткендік, барлық қызметімен біреудің қыстауын сатып алмақ, ептеп алмақ, тартып алмақ. Ол қыстауынан айрылған жəне біреуге тиіспек, я болмаса орынсыздығынан елден кетпек, əр қазақтың ойы осы. ….

Осы қазақ халқынық осындай бұзықшылыққа тартып, жылдан жылға төмендеп бара жатқанын көрген соң, менің ойыма келді: Халықтық болыстыққа сайлаймын деген кісісі пəлен қадəрлі орысша образование5 алған кісі болсын. Егер де орталарында ондай кісісі жоқ болса, яки бар болса да сайламаса, уезный начальник бірлəн военный губернатордың назначениесі6 бірлəн болады десе, бұл халыққа бек пайдалы болар еді. Аның себебі: əуелі қызметқұмар қазақ балаларына образование беруге ол да — пайдалы іс, екінші — назначение бірлəн болган болыстар халыққа міндетті болмас еді, ұлықтарға міндетті болар еді.
Уа жəне назначение қылғанда тергеуі, сұрауы барлығына қарамаса, өтірік арыз берушілер азаяр еді, бəлки жоғалар еді. Уа жəне əрбір болыс елде старшина басы бір би сайланғандық, бұл халыққа көп залал болғандығы көрініп, сыналып білінді. Бұл билік деген біздің қазақ ішінде əрбір сайланған кісінің қолынан келмейді. Бұған бұрынғы Қасым ханның "Қасқа жолы", Есім ханнық "Ескі жолын", Əз Тəуке ханның "Күл төбенің басында күнде кеңес" болғанда "Жеті жаргысын"7 білмек керек. Əм, ол ескі сөздердің қайсысы заман өзгергендікпенен ескіріп, бұл жаңа заманға келіспейтұғын болса, оның орнына татымды толық билік шығарып, төлеу саларға жарарлық кісі болса керек еді, ондай кісі аз, яки тіпті жоқ.
Бұрынғы қазақ жайын жақсы білген адамдар айтыпты: "Би екеу болса, дау төртеу болады'' деп. Оның мəнісі — тақ болмаса, жүп билер таласып, дау көбейте береді дегенмен айтылған сөз. Өйтіп би көбейткенше, əрбір болыс елден толымды-білімді үш-ақ кісі билікке жыл кесілмей сайланса, олар түссе, жаманшылығы əшкере білінгендікпенен түссе, əйтпесе түспесе.
Ол билерге даугер адамдар қарамай, екеуі екі кісіні билікке таңдап алып, үстіне біреуді посредникке8 сайлап алып, біте берсе, егер оған да ынтымақтаса алмаса, бағанағы үш бидің біреуін алып, яки жеребемен сайлап алып жүгінсе, соңда дау ұзамай бітім болар еді.

5. Бесінші Сөз
Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпей, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады. Қазақтар: "Ə, Құдай, жас баладай қайғысыз қыла көр!" деп тілек тілегенін өзім көрдім. Онысы жас баладан гөрі өзі есті кісі болып, ескермес нəрсесі жоқсып, қайғылы кісі болғансығаны. Қайғысы не десең, мақалдарынан таңырсың: "Түстік өмірің болса, күндік мал жи", "Өзіңде жоқ болса, əкең де жат", "Мал — адамның бауыр еті", "Малдының беті — жарық, малсыздың беті — шарық", "Ер азығы мен бөрі азығы жолда", "Ердің малы елде, еріккенде қолда", "Берген перде бүзар", "Алаған қолым — береген", "Мал тапқан ердің жазығы жоқ", "Байдан үмітсіз — Құдайдан үмітсіз", "Қарның ашса, қаралы үйге шап", "Қайраңы жоқ көлден без, қайыры жоқ елден без" деген осындай сөздері көп, есепсіз толып жатыр.
Бүл мақалдардан не шықты? Мағлұм болды: қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, əділет үшін қам жемейді екен, бірақ мал үшін қам жейді екен, ол малды қалайша табуды білмейді екен, бар білгені малдыларды алдап, мақтап алмақ екен, бермесе оныменен жауласпақ екен, егер малды болса, əкесін жаулауды да ұят көрмейді екен. Əйтеуір ұрлық, қулық-сұмдық, тіленшілік, соған ұқсаған қылықтың кайсысын болса да қылып мал тапса, жазалы демесек керек екен.
Бұларының жас баланың ақылынан несі артық? Бірақ, жас бала қызыл ошақтан қорқушы еді, бұлар тозақтан да қорықпайды екен. Жас бала ұялса, жерге өне жаздаушы еді, бұлар неден болса да ұялмайды екен. Сол ма артылғаны? Қолымыздағыны үлестіріп талатпасақ, біз де өзіндей болмас ақ, безеді екен. Іздеген еліміз сол ма?

9. Тоғызыншы Сөз
Осы мен өзім — қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер жақсы керсем, қылықтарын қостасам керек еді. Уа, əрнешік бойларынан адам жақсы көрерлік, я көңілге тиянақ қыларлық бір нəрсе тапсам керек еді. Соны не үміт үзбестікке, не онысы болмаса, мұнысы бар ғой деп, көңілге қуат қылуға жаратсам керек еді, ондайым жоқ. Егер жек көрсем — сөйлеспесем, мəжілістес, сырлас, кеңестес болмасам керек еді, тобына бармай, "не қылды, не болды?" демей жату керек еді, ол мүмкін болмаса, бұлардың ортасынан кешіп кету керек еді. Бұларды жөндеймін деуге, жөнделер, үйренер деген үмітім де жоқ. Бұлардың бірі де жоқ. Бұл қалай? Бұл айтқанның бірін тұтпай болмас еді.
Мен өзім тірі болсам да анық тірі де емеспін. Əншейін осылардың ызасынан ба, өзіме-өзім ыза болғанымнан ба, яки бөтен себептен бе,— білмеймін. Сыртым сау болса да ішім өліп қалыпты. Ашулансам, ызалана алмаймын. Күлсем қуана алмаймын, сөйлегенім ез сөзім емес, күлгенім өз күлкім емес, бəрі де əлдекімдікі.
Қайратты күнімде қазақты қиып бөтен жаққа кетпек түгіл, өзін жақсы көріп, үміт етіп жүріппін. Қашан əбден біліп, үмітімді үзген кезде, өзге жаққа барып, жатты өз қылып, үйір боларлық қайрат жалын сөніп те қалган екен. Сол себептен бір жүрген қуыс кеудемін. Тегінде ойлаймын: бұ да жақсы, өлер кезде əттеген-ай, сондай, сондай қызықтарым қалда-ау!" деп қайғылы болмай, алдыңғы тілеу болмаса, артқа алаң болмай өлуге.

23. Жиырма Үшінші Сөз
Біздің қазақты оңдырмай жүрген бір қуаныш, бір жұбаныш бар.
Оның қуанышы: елде бір жаманды тауып, я бір адамның бұл өзі қылмаған жаманшылығы шықса қуанады. Айтады: Құдай пəленшеден сақтасын, о да адаммын деп жүр гой, оның қасында біз сəулелі кісінің бірі емеспіз бе, оған қарағанда мен таза кісі емеспін бе?— деп. Оған Құдай Тағала айтып па пəленшеден тəуір болсаң болады деп? Я білгендер айтып па, əйтеуір өзіңнен наданшылығы асқап, я жаманшылығы артылған кісі табылса, сен жаманға қосылмайсың деп? Жаманға салысып жақсы бола ма? Жақсыға салысып жақсы болад-тагы. Жүз ат бəйгеге қосылса, мен бəйге алдым деген сөз болса жарар, алдында неше ат бар деп сұрар, артында қалган ат нешеу деп сұраганның несі сөз? Мен бес аттан, он аттан ілгері едім дегеннің несі қуаныш?
Енді жұбанышы: жалғыз біз бе, елдің бəрі де сүйтіп-ақ жүр гой, көппен көрген ұлы той, көппен бірге болсак, болады-дағы деген сөзді жұбаныш қылады. Оған Құдай Тағала айтып па, көптен қалмасаң болады деп, көпке қаһарым жүрмейді деп пе? Көпке тұзағым жетпейді деп пе? Ғалым көпке келіп пе? Біреуден тарап па? Хикмет17 көптен тарай ма? Бірден тарай ма? Көпке қорлық жүрмей ме? Бір үйдің іші түгел ауырса, жеңіл тие ме? Жоқ жарымы ауырып, жарымы сау болса, жеңіл тие ме? Жер білмеген көп адам адасып жүрсе, бір жер білетұғын кісінің керегі жоқ па екен? Көп кісі жолаушының бəрінің аты арығаны жақсы ма? Жоқ, жарымы арыса, жарымысының күйлісі жақсы ма? Жұт келсе, елдің бəрінің түгел жұтағаны жақсы ма? Жарым-жартысы аман қалганы жақсы ма? Осы көп ақымақтың бір ақымаққа несі жұбаныш? Тұқымымызбен аузымыз сасық болушы еді деген жаман күйеу қалыңдығын жеңіп пе? Көңілін сол сөзі разы қылуға жетіп пе? Ендеше, көбіңнен қалма, сен де аузыңды сасыта бер деп пе?!

24. Жиырма Төртінші Сөз
Осы күңде жер жүзінде екі мың миллионнан көп артық адам бар, екі миллион18 қазақ бар.
Біздің қазақтың достығы, дүшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды.
Бірімізді-біріміз аңдып, ұрлап, кірпік қақтырмай отырғанымыз.
Үш миллионнан халқы артық дүниеде бір қала да бар, дүниенің бас-аяғын үш айналып көрген кісі толып жатыр.
Өстіп, жер жүзіндегі жұрттың қоры болып, бірімізді-біріміз аңдып өтеміз бе? Жоқ, қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық қалып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістерлік күн болар ма екен?
Əй, не болсын! Жүз қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма?

25. Жиырма Бесінші Сөз
Балаларды оқытқан да жақсы, бірақ құлшылық қыларлық қана, түркі танырлық қана таза оқытса болады. Аның үшін бұл жер Дар əл-Харб19, мұнда əуел мал табу керек, онан соң ғараб, парсы керек. Қарны аш кісінің көңіліне ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын? Ашап-ішуге малдың тапшылығы да, ағайынның араздығына уа əр түрлі бəлеге, ұрлық, зорлық, қулық, сұмдық секілді нəрселерге үйірлендіруге себеп болатұғын нəрсе . Мал тапса, қарын тояды. Онан соң білім түгіл өнер керек екен. Соны үйренейін, не балама үйретейін деп ойына жақсы түседі.
Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да — бəрі орыста тұр. Зарарынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Аның үшін олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкірек-көзің ашылады. Əрбіреудің тілін өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағуасына20 кіреді, аса арсыздана жалынбайды. Дінге де жақсы — білгендік.
Жорғалықпенен көңілін алсам екен деген надан əке-шешесін, ағайын-жұртын, дінін адамшылығын жаурыннан бір қаққанға сатады. Тек майырдың күлгені керек деп, к... ашылса да қам жемейді. Орыстың ғылыми, өнері — дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі. Лəкин осы күнде орыс ғылымын баласына үйреткен жандар соның қаруымен тағы қазақты аңдысам екен дейді. Жоқ, олай ниет керек емес. Малды қалай адал еңбек қылғанда табады екен, соны үйретейін, мені көріп жəне үйренушілер кебейсе, ұлықсыған орыстардың жұртқа бірдей законы болмаса, законсыз қорлығына кенбес едік. Қазаққа күзетші болайын деп, біз де ел болып, жұрт білгенді біліп, жұрт қатарына қосылудың қамын жейік деп ниеттеніп үйрену керек. Қазірде орыстан оқыған балалардан артық жақсы кісі шыға алмай да тұр. Себебі: ата-анасы, ағайын-туғаны бір жағынан бұзып жатыр. Сөйтсе де осы оқыған балалар — ана оқымаған қазақ балаларынан үздік, озық. Не қылса да сөзді ұқтырса болады оларға. Жақсы атаның балалары да көп оқыған жоқ, қайта кедейдің баласын орысқа қорлап берді. Олар осыдан артық қайда барсын?
Жəне де кейбір қазақтар ағайынымен араздасканда: "Сенің осы зорлығыңа көнгенше, баламды солдатқа беріп, басыма шаш, аузыма мұрт қойып кетпесем бе!" деуші еді. Осындай жаман сөзді, Құдайдан қорықпай, пендеден ұялмай айтқан қазақтардың баласы оқығанменен не бола қойсын? Сонда да өзге қазақ балаларынан артық үйренгені немене, қай кеп үйреніпті? Кірді, шықты, ілді, қайтты, түбегейлеп қуған бала да жоқ. Əкесі ел ақшасыменен оқығанға əрең оқытады, өз малын не қылып шығарсын?
Турасын ойлағанда, балаңа қатын əперме, енші берме, барыңды салсаң да, орыстың ғылымын үйрет! Мына мен айтқан жол — мал аяр жол емес.
Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең — оқыт, мал аяма!
Əйтпесе, бір ит қазақ болып қалган соң, саған рақат керсетер ме, өзі рақат көрер ме, яки жұртқа рақат керсетер ме?

26. Жиырма Алтыншы Сөз
Біздің қазақтың қосқан аты алдында келсе, күреске түсірген балуаны жықса, салған құсы алса, қосқан иті өзгеден озып барып ұстаса, есі шығып бір қуанады. Білмеймін, содан артық қуанышы бар ма екен? Əй, жоқ та шыгар!
Осы қуаныш бəрі де қазақ қарындастың ортасында, бір хайуанның өнерінің артылғанына, я бір бөтен адамның жыққанына мақтанарлық не орны бар? Ол озған, алған, жыққан өзі емес, яки баласы емес. Мұның бəрі — қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ, биттей нəрсені бір үлкен іс қылған кісідей қуанған болып, ана өзгелерді ызыландырсам екен демек.
Біреуді ызаландырмақ — шариғатта харам, шаруаға залал, ақылга теріс. Əншейін біреуді ыза қылмақтың несін дəулет біліп, қуанады екен? Жə, болмаса, ана ыза болушы соншалық неге жер болып қалады екен?
Жүйрік ат — кейде ол елде, кейде бұл елде болатұғын нəрсе, қыран құс та, жүйрік ит те — кейде оның қолына, кейде мұның қолына түсетұғын нəрсе. Күшті жігіт те үнемі бір елден шыға ма. Кейде ана елден, кейде мына елден шығады. Мұның бəрін адам өз өнерімен жасаған жоқ. Бір озған, бір жыққан үнемі озып, үнемі жығып жүрмейді. Соның бəрін біле тұрып, жерге кіргендей я бір арамдығы шыққандай, жамандығы білінгендей болып несіне ұялып, қорланады екен?
Енді осылардан ойлап білсеңіз болады: надан ел қуанбас нəрсеге қуанады. һəм қуанғанда не айтып, не қойғанын, не қылғанын өзі білмейді, есі шығып, бір түрлі мастыққа кез болып кетеді. Һəм ұялғандары ұялмас нəрседен ұялады, ұяларлық нəрседен ұялмайды.
Мұның бəрі — надандық, ақымақтықтың əсері. Бұларын айтсаң кейбіреуі "рас, рас" деп ұйыған болады. Оған нанба, ертең ол да əлгілердің бірі болып кетеді. Көңілі, көзі жетіп тұрса да, хайуан секілді əуелгі əдетінен бойын тоқтата алмайды, бір тиянақсыздыққа түсіп кетеді, ешкім тоқтатып, ұқтырып болмайды. Не жаманшылық болса да бір əдет етсе, қазақ ол əдетінен еріксіз қорыққанда я өлгенде тоқтайды, болмаса ақылына жеңгізіп мұным теріс екен деп өздігінен тоқтаған адамды көрмессің.

30. Отызыншы Сөз
Қырқын мінсе қыр артылмайтұғын осы бір "қырт мақтан" деген бір мақтан бар, сол неге керек, неге жарайды? Ол ар, есті білмейді, намысты білмейді, кең толғау, үлкен ой жоқ, не балуандығы жоқ, не батырлығы жоқ, не адамдығы жоқ, не ақылдығы, арлылығы жоқ.
Мойнын бұрып қойып: "Өй, Тəңірі-ай, қойшы əрі, кімнен кім артық дейсің, кімнің басы кімнің қанжығасында жүр, ол менің қазаныма ас салып беріп жүр ме, мен онан сауын сауып отырмын ба"— деп бұлғақтап, немесе: "аяғаным жаным ба? Өй, енесін ұрайын, өліп кетпей неге керек! Азар болса атылып, я осы үшін айдалып кетсем де көнгенім-ақ! Əйтеуір бір өлім бар ма" деп қалшылдайтұғын кісі көп қой.
Өздерің көріп жүрсіңдер, осы айтқан сөз бойына лайық қазақ көрдіңдер ме? Өлімге шыдайтұғын қазақ көргенім жоқ, елімге шыдамаймын деген де қазақ көргенім жоқ, кеңірдегін ғана көрсетеді-ау "қиылып қала қалайын" деп.
Егер осы сөз бойына лайық кісі көрінсе, ақылы жоқ болса да, қайратыменен-ақ кісі айдындыратұғын адам болғаны ғой! Егер шын айғайды көргенде, кірер жерін таба алмайтұғын дарақы жұртты осы сөзімен айдындырамын, "мына кəпірден кісі шошитұғын екен" дегізіп айдындырайын деп айтып отырған құр домбытпасы болып, босқа коқиып отырса, соны не дейміз?
Ай, Құдай-ай! Жанға мырза қылатұғын, ердің жадағайда-ақ сертке тұрғыштығы, малға мырзалығы, дүниені бір тиын есеп көрмейтұғыны, жомарттығы — əр түрлі белгісі бойында түрмас па еді?
"Ұялмас бетке талмас жақ береді" деп, көп былжыраған арсыз, ұятсыздың бірі-дағы.

41. Қырық Бірінші Сөз
Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нəрсе керек.
Əуел — бек зор өкімет, жарлық қолында бар кісі керек. Үлкендерін қорқытып, жас балаларын еріксіз қолдарынан алып, медреселерге беріп, бірін ол жол, бірін бұл жолға салып, дүниеде есепсіз ғылымның жолдары бар, сол əрбір жолда бір медресе бар, соларға тоздырып, бірін сен бұл жолды үйрен, сен ол жолды үйрен деп жолға салып, мұндағы халыққа шығынын төлетіп жіберсе, хəтта қыздарды да ең болмаса мұсылман ғылымына жіберіп, жақсы дін танырлық қылып үйретсе, сонда сол жастар жетіп, бұл аталары картайып сөзден қалғанда түзелсе болар еді.
Екінші — ол адам есепсіз бай боларға керек. Аталарын паралап, балаларын алып, бастапқы айтқандай жолға салып, тағлым берсе, сонда түзелер еді.
Енді мұндай халықты еріксіз корқытып көндірерлік күш-қуат ешкімге бітпейді. Ол баланы қазақтың бəрін паралап көндірерлік дəулет бір кісіге бітуге мүмкін де емес.
Қазақты я қорқытпай, я параламай, ақылменен, не жерлеп, не сырлап айтқанменен еш нəрсеге көндіру мүмкін де емес. Етінен өткен, сүйегіне жеткен, атадан мирас алған, ананың сүтіменен біткен надандық əлдекашан адамшылықтан кетірген. Өздерінің ырбаңы бар ма, пыш-пышы бар ма, гуілдегі бар ма, дүрілдегі бар ма — сонысынан дүниеде ешбір қызықты нəрсе бар деп ойламайды, ойласа да бұрыла алмайды, сөз айтсаң, түгел тыңдап тұра алмайды, не көңілі, не көзі алаңдап тұрады.
Енді не қылдық, не болдық!

42. Қырық Екінші Сөз
Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретүғынының бір себебі — жұмасының жоқтығы. Егер егін салса, я саудаға салынса, қолы тиер ме еді? Ол ауылдан бұл ауылға, біреуден бір жылқының майын мініп, тамақ асырап, болмаса сөз аңдып, қулық, сұмдықпенен адам аздырмақ үшін, яки азғырушылардың кеңесіне кірмек үшін, пайдасыз, жұмыссыз қанғырып жүруге құмар. Дүниелік керек болса, адал еңбекке салынып алған кісі ондай жүрісті иттей қорлық көрмей ме? Өзінің кəсібін тастап, кезегендікке салына ма?
Малдылар малын өңкей малшыларға, бала-шағаға тапсырып, қолдағы Құдай берген азды-көпті дəулеті қызықсыз көрініп, оның ұры-бөріге жем болып, қарға-жарға ұшырауына шыдайды. "Пыш-пыш" кеңе стен қалып, бір ауылдан бір ауылға барып қулық, сұмдық жасап жүріп, тегін тамақ жеп, ыржаңдасуды қысыратуға шыдамайды. Не үшін десең, халықка əдет сол болған соң, шаруаға пысық, мал бағуға, мал табуға пысык ол өнерлі кісіге қосылмайды, я өзі пəле шығаруға пысық, я сондайлардың сөзін "естігенім, білгенім" деп елге жайып жүріп, ырбаңдауға пысық өнерлілерге қосылғандай көрінеді.
Сол үшін осы қазақтың іске жараймын дегені өзінің азды-көптісін біреуге қоса салып, "көре жүр, көздей жүр" деп басын босатып алып, сөз аңдып, тамақ аңдып, ел кезуге салынады.
Бұл күндегіге байлық та мақтан емес, ақыл, абырой да мақтан емес, арыз бере білу, алдай білу — мақтан. Бұл екеуі қолынан келген кісі салт атты, сабау қамшылы кедей де болса, аз да болса орны төрде, майлы атқа, майлы етке қолы жетеді. Желекпелеу, мақтаншақ байларды: "сіз айтсаңыз, отқа түсуге бармын" деп желдендіріп алып, шаруасын қылмай-ақ, малын бақпай-ақ содан алып киімін бүтейтіп киіп, тəуір атын мініп алып, қатарлы бір құрметке жетіп жүре береді.
Ол бай өз тыныштығын да білмейді. Бос шығынданғанын да ескермейді. Бір кісімен сөйлессе, мұны қайтеміз деп бағанағы антұрғанмен ақылдасады. Ол сиырдың жорғасы секілденіп, қарайғанда жалғыз өзім болсам екен дейтұғын ниетімен жəне де ақылдасар досы көбейсе, қадірім кетіп қалады деп "Ой, Тəңір-ай, соны білмей тұрсыз ба? Ол ана қулық қой, бұл мына қулық қой деп, оған бүйдей салсаң болмай ма!" деп бар оңбаған жауапты үйретіп, амалшылықтың жолын үйретем деп, ол байдың өзін кісіге сенбейтұғын қылады. Жəне байдың өзіне де адам сенбейтұғын болады. Байдың өз жауабы, өз мінезі оңбай тұрған соң, бағанағы кісі бұзылса, əлгі антұрған байға, "мен айтпап па едім, онікі қулық сөз деп, міне көрдің бе?" деп, екіншіде тырп етпейтұғын қылып алады. Ендігі жұрттың ақылы да, тілеуі де, харекеті де — осы.»
Qazaq
14-04-07 00:46
Абайдың мына қара сөздерін оқып шығып ойлана беріңдер. Осы идеяларды отарлаушылар қазақты басуға ерте заманнан-ақ қолданған. Ол мына бағыттарда жүргізілген:
1. Ұлы қазақтың рухын сындыру, ішінен шіріту;
2. Ұлттың ішкі әдет-ғұрыптарын тас-талқанын шығару, жаңа өзгермелі және алдамшы ғұрыптарды қалыптастыру;
3. Бір-біріне сенбеу, арасына от жағу, сосын басқа халықтардың алдынан әділдік іздеу;
4. Ертеден қалыптасқан сот жүйесін бұзып, қазақты түпкілікті отарлануына іштей итермелеу;
5. Қазақты түк білмейтін жас бала құсатып көрінген халықтардан әрдеңені мәңгі үйрену, барлық тілдерді меңгеру және т.б.
Алаш көсемдері оны жақсы түсінген, олар қазақ жұртына реформа жасау керектігін және оның революциялық емес, эволюциялық жолмен жүргізілуін қалаған. Эволюциялық жолмен дамыған халықтарға қазір жапондар, кәрістер, малайлар, түріктер және т.б. жатады. Олар біздер сияқты бір-бірімен не орысша, не ағылшынша сөйлесіп кеткен жоқ.
Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дейді,
Болмас елдің бірін-бірі қатын дейді.
Егерде сендерді мектепте мұғалімдерің жақсы оқысаң да, не жаман оқысаң да жамансың деп жала жаба берсе сен шынымен де жаман болып өсесің. Адам баласының психологиясы солай.

ҚАРА СӨЗ

-= Baur =-
12-04-07 15:27
Джоли, мәңгүрт дегеніміз:-
Орысша айтқанда зомби яғни тірі өлік. Мәңүрт адам өзінің анасын да танымайды оны өлтір десе еш ойланбастай өлтіре салады. Мәңгүрт өз анасын да танымайтындықтан өз ана тілін, өзінің тарихын, өзінің мәдениетін білмейтін адамдарды мәңгүртке теңейді. Сондықтан да өзі қазақ бола тұра өз ана тілін білмесе, қазақты сыйламаса, өзінің тарихын құрметтемесе, халқын жек көрсе онда біз оны мәңгүт дейміз. Бұл термин форумда көп айтылады.

Джоли, сен енді білдің бе "Qazaq" - тың атамыз АБАЙды кімге теңеп отырғанын?!
Qazaq
11-04-07 17:08
-= Baur =- орыс-кеңес империясы кезінде аты шыққан "ғұламалардың" барлығы да ғұлама емес. Оны аздап мында жазған http://kazakh.ru/talk/mmess.phtml?idt=10753&page=1
Маған Абайдан гөрі оның әкесі Құнанбай ұнайды.
Джоли
zhakamers
11-04-07 12:27
Баур мангурт деген не,егер мумкин болса тусиндирип берши.
-= Baur =-
11-04-07 09:53
Шолақ ойлайсың Qazaq, сен Абайды оқығаның рас болса осылай айтпас едің, толық оқы, осы райыңнан қайтпасаң, түсінбеген болсаң айт, сөзіңнің қате шыққанына дәлел саламын
Qazaq
10-04-07 21:56
Абайдың Қара сөздерін қазір қайта оқып жатырмын. Оқи келе қазақтың ең алғашқы мәңгүрті осы Абай ма деп қалдым. Мысалы ол бір сөзінде "Осы қазақ адам ба…" деп жазады.
-= Baur =-
10-04-07 12:04
...
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп
Және хақ жолы осы деп әділетті.
...
***
...
Мазлұмаға жаның ашып, ішің күйсін,
Харекет қыл, пайдасы көпке тисін.
Көптің қамын әуелден тәңірі ойлаған,
Мен сүйгенді сүйді деп иең сүйсін.
Көптің бәрі көп деме, көп те бөлек,
Көп ит жеңіп көк итті күнде жемек,
Ғадәләт пен мархамат - көп азығы,
Қайда көрсең көріп бақ соған көмек.
...
***
Джоли
zhakamers
10-04-07 08:30
Камшат,Баур сендерге улкен рахмет!
-= Baur =-
10-04-07 08:20
Ой, дәурен өмір емес, бір көрген түс,
Ойға тойма, қызықты қиялдан күс.
Қарашы, өз бойыңа түгел ме екен,
Ыстық жүрек, өң - шырай, қуат пен күш?
Төңкеріліп құбылған, жұрт - бір сағым,
Шынға шыңдап, қоса алмас ынтымағын.
Көптің аузын күзетсең, күн көрмейсің,
Өзіңді өзің күзет, кел шырағым!

***
Бір ғұламаның сөзі бар: «..сені біреу жамандаса, кінә тақса сен оның аузын жабамын деп әуре болма, өзіңді ақтап сөз таластырма тек өзіңнің ондай сөз айтуға, жалған кінә тағуға лайық адам емес екеніңді ісіңмен көрсет сонда жұрт сен туралы кім не айтса да сенбейтін болады, ал дұшпандарыңның аузын құм құйылады», - деп. Абайдың айтып отырғаны да осы мағыналас тек әдемі өлең жолдарымен келтіріп отыр.

Абай қазақтың бағына туған жан, бізге таусылмас қазына қалдырды, біз тек жарата білейік!
-= Baur =-
10-04-07 06:22
Джоли, сұрағаның дайын болды
-= Baur =-
10-04-07 06:20
Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма?
Махаббат, ғадауатпен майдандасқан
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?

Амалсыз тағдыр бір күн кез болма ма?
Біреуге жай, біреуге тез болмай ма?
Асау жүрек аяғын шалыс басқан
Жерін тауып, артқыға сөз болмай ма?

Сонда жауап бере алман мен бишара,
Сіздерге еркін тиер, байқап қара.
Екі күймек бір жанға әділет пе?
Қаны қара бір жанмын, жаны жара.

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім.
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!

Жасымда албырт өстім, ойдан жырақ,
Айлаға, ашуға да жақтым шырақ.
Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым,
Етекбатсы көп көрдім елден бірақ.

Ой кіргелі тимеді ерік өзіме,
Сандалмамане күн кешкен түспе ізіме.
Өзі ермей, ерік бермей, жұрт қор етті,
Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!

Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей.
Мен келмеске кетермін түк өндірмей.
Өлең шіркін өсекші жұртқа жаяр,
Сырымды тоқтатайын айта бермей.

***

Бізге Абайға мін тағу қайдан болсын.
Біз бір сөз айтсақ құдды бір аққиқатты айтқандай не өмірі қателеспейтін адамдай не сөзімізге не ісімізге шаң жуытпаймыз, ал Абайды қараңдар қандай мың жылға татитын шығармалар жаза отырып өзіне сын көзбен қарап отыр, бір жағынан болашақ ұрпағынан үміт күтіп отыр, ақтайық атамыздың үмітін!!!

Кәмшат
Арайлы Алматы-Шелек ауылы
09-04-07 13:13
Жақсы әйел
Біреуді көркі бар деп
жақсы көрме,
Лапылдақ көрсе қызар
нәпсіге ерме!
Әйел жақсы болмайды
көркіменен,
Мінезіне көзің жетпей
көңіл берме!
***
Жақсы жар
Толқынын жүрегіңнің хаттай
таныр,
Бүлк еткізбес қалайша соқса
тамыр!
Жар көңіліне бір жанын пида
қылып,
Білместігің бар болса қылар
сабыр.

Кәмшат
Арайлы Алматы-Шелек ауылы
09-04-07 13:12
Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек.
Ашуың - ашыған у, ойың - кермек.
Мұңдасарға кісі жоқ, сөзді ұғарлық,
Кім көңілді көтеріп, болады ермек?
Жас - қартаймақ, жоқ - тумақ,
туған - өлмек,
Тағдыр жоқ, өткен өмір қайта келмек.
Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,
Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек.
Ер ісі ақылға ермек, бойды жеңбек,
Өнерсіздің қылығы өле көрмек.
Шыға ойламай, шығандап қылық қылмай,
Еріншек ездігінен көпке көнбек.
Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек.
Ұрлық, қулық қылдым деп қағар көлбек.
Арамдықтан жамандык, көрмей қалмас,
Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек.
Адамзат тірілікті дәулет білмек,
Ақыл таппақ, мал таппақ, адал жүрмек.
Екеуінің бірі жоқ, ауыл кезіп,
Не қорлық құр қылжаңмен күн өткізбек?
Наданға арам ақылды құлаққа ілмек,
Бұл сөзден ертегіні тез үйренбек.
Рас сөздің кім білер қасиетін?
Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенбек.
Қызыл арай, ақ күміс, алтын бергек
Қызықты ертегіге көтерілмек.
Ақсақалдың, әкенің, білімдінің
Сөзінен сырдаң тартып, тез жиренбек.
Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,
Әр нәрсеге өзіндей баға бермек.
Таразы да, қазы да өз бойында,
Наданның сүйенгені көп пен дүрмек.
Алашқа іші жау боп, сырты күлмек,
Жақынын тіріде аңдып, өлсе өкірмек.
Бір-екі жолы болған кісі көрсе,
Құдай сүйіп жаратқан осы демек.
Ел бұзылса, табады шайтан өрнек,
Періште төменшіктеп, қайғы жемек.
Өзімнің иттігімнен болды демей,
Жеңді ғой деп шайтанғаболар көмек.
Сырттансынбақ, қусынбақ, өршілденбек,
Сыбырменен топ жасап бөлек-бөлек.
Арамдықпен бар ма екен жаннан аспақ,
Өзімен өзі бір күн болмай ма әлек?
Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек?
Адалдық, арамдықты кім теңгермек?!
Мақтан үшін қайратсыз болыс болмақ,
Иттей қор боп, өзіне сөз келтірмек.
Абай Құнанбаев.

Кәмшат
Арайлы Алматы-Шелек ауылы
09-04-07 13:09
Алланың өзi де рас, сөзi де рас,
Рас сөз ешуақытта жалған болмас,
Көп кiтап келдi алладан, оның төртi,
Алланы танытуға сөзi айрылмас.
Әманту оқымаған кiсi бар ма?
Уәктубиһи дегенмен iсi бар ма?
Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер,
Жарлықпен ол сiздерге, сiз де оларға...
Замана, шаруа, мiнез күнде өзгердi,
Оларға кез-кезiмен нәби келдi.
Қағида шариғаты өзгерсе де,
Тағриф алла еш жерде өзгермедi.
Күллi махлұқ өзгерер, алла өзгермес,
Әһли кiтап бұл сөздi бекер демес.
Адам нәпсi, өзiмшiл мiнезбенен
Бос сөзбенен қастаспай түзу келмес.
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол алланы жаннан тәттi.
Адамзаттың бәрiн сүй бауырым деп
Және хақ жолы осы деп әдiлеттi.
Осы үш сүю болады иманы гүл,
Иманның асылы үш деп сен тахқиқ бiл.
Ойлан-дағы, үшеуiн таратып бақ,
Басты байла жолына, малың түгiл.
Дiн де осы шын ойласаң, тағат та осы,
Екi дүние бұл тасдиқ— хақтың досы.
Осыларды бұзатын және үш iс бар:
Пайда, мақтан, әуесқой онан шошы.
Руза, намаз, зекет, хаж—талассыз iс,
Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрiн тегiс.
Бастапқы үшiн бекiтпей, соңғы төрттi
Қылмағанмен татымды бермес жемiс.
Бас жоғары жаралған, мойын төмен,
Қарашы, дене бiткен ретiмен.
Iстiң басы — ретiн танымақтық.
Иман бiлмес тағатты қабыл демен.
Имамдар ғибадаттан сөз қозғаған,
Хұснизән мен иманды бiлдi ойлаған.
Иманның тазалығын жақсы ұқтырмай,
Сыртын қанша жуса да, iшi оңбаған.
Алла мiнсiз әуелден, пайғамбар хақ,
Мү'мин болсаң, үйренiп сен де ұқсап бақ.
Құран рас, алланың, сөзi дүр ол,
Тә'уилiне жетерлiк ғылымың шақ.
Алланың, пайғамбардың, жолындамыз,
Ынтамызды бұзбастық иманымыз.
Пайда, мақтан әуесқой — шайтан iсi,
Кәнi бiздiң нәпсiнi тыйғанымыз?
Мү'мин болсаң, әуелi иманды бол,
Бендеге иман өзi ашады жол,
Шыр айнал да, таза ойла бiр иманды,
Мұнафиқ намаз қылмап па, мағлұм ғой ол.
Алла iшiмдi айтқызбай бiледi ойла,
Бендесiне қастықпен кiнә қойма.
Распенен таласпа мү'мин болсаң,
Ойла, айттым, адамдық, атын жойма!

Кәмшат
Арайлы Алматы-Шелек ауылы
09-04-07 13:09
Адам — бiр боқ көтерген боқтың қабы,

Боқтан сасық боласың өлсең тағы.

Менi мен сен тең бе деп мақтанасың,

Бiлiмсiздiк белгiсi—ол баяғы.

Кеше бала ең, келдiң ғой талай жасқа,

Көз жеттi бiр қалыпта тұра алмасқа.

Адамды сүй, алланың хикметiн сез,

Не қызық бар өмiрде онан басқа?!

Джоли
zhakamers
09-04-07 08:25
Келистиек Баур,Егер егеер киынн болмаса Маган мына шумактинн жалгасын тауыпберши.
Олсем орным кара жер сыз болмай ма?
откир тил бир уйалшак киз болмай ма?
Комегине коп рахмет!
-= Baur =-
06-04-07 15:47
Өлейін деп өлмейді өлерлік жан,
Әсте өлмесін білгендей қылық қылған.
Ажал келіп бас салса, жанды ұрласа,
Өмір қайда, сен қайда, соны да ойла.
Адамзат - бүгін адам, ертең топырақ,
Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ.
Ертең өзің қайдасың, білемісің,
Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ.
-= Baur =-
06-04-07 15:46
Ет жүрексіз ерніңннің айтпа сөзін,
Тіл үйренген нәпсінің қу мінезін.
Тілде сүйек, ерінде жиек бар ма?
Шымылдық боп көрсетпес шынның жүзін.
-= Baur =-
06-04-07 15:46
Джоли мен Абай шығармаларының толық жинағын тапқанша, көңіліме жаққан өлеңдерін жазып отырайын. Келістік пе!?
~~~
Сұм сұрқия қу заман,
Гүл көрінер жігітке -
Қызықты өмір жайнаған,
Кеудесі толып үмітке.
Бір нәрсені ұнатса,
Қайта ойланып қарамас.
Мақтанып жұртты шулатса,
Құмары сол қызба бас.
Джоли
zhakamers
06-04-07 12:20
Улкен рахмет саган Баур,шин айтам!!!

-= Baur =-
06-04-07 08:39
Джоли, егер электрондық нұсқасын тапсам сөзсіз жіберемін
Джоли
zhakamers
04-04-07 13:29
дукенге барганга кол тимеиди гой,азаннан кешке деинн жумыста комп та отырамын гой сол ушин саурап жатырмын
-= Baur =-
04-04-07 10:24
АБАЙ шығармаларының толық жинағы кез келген кітап дүкенде бар емес пе


страницы:    « в конец    2    1  


Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов