Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Қазақ тілі
Тақырып: Ана тілім - ардағым!!!


Авторы Xабарлама
Лаура
Laura_muratbaeva@mail.ru
10-04-07 12:07
АНА ТІЛІМ – АРДАҒЫМ

Ана тілім – ардағым,
Ғасырлар бойғы қорғаным.
Баз дүниеге паш ету,
Көсегесін кеңейту
Ойымдағы арманым.

Бір кездері тілімнің құны кетті,
Құны кеткен тілден соң ділім кетті.
Ауыл-үйдің айналып ауласында
Айқайласам шықпастай үнім кетті.

Санамызды өзгерті күшпен келді,
Өзге тілде нан табу іспен келді.
Ана тілің керексіз демесе де,
Басқа тілдің мерейі үстем болды.

Ана тілдің аясы тарылғанда,
Сансыз бомба сынақ боп жарылғанда.
Сеніп жүрдік жақсылық боларына,
Азат тілді сағынып сарылғанда.

Тілім жетсе мәреге, мен де жетем,
Ана тілін сүйемін ту ғып өтем.
Сахнадан сырылып шеттеп қалсаң,
Мына өмірден жоғалып мен де кетем.

Ана тілім бойымда – қызыл қаным,
Мәйегіндей өмірдің түщынғаным.
Өгейсітіп өзіңді көзге ілмеді,
Жүрек жылап, талай жыл қысылғанмын.

Ана тілім қуатым бойымдағы,
Орындалды арманым ойымдағы.
Он жыл өтті, жарқырап күнің туды,
Өтті, міне, дүркіреп тойың-дағы.

Туған тілдің кеңейді айналасы,
Қуанбасын қазақтың қай баласы.
Құшақ жай да әніңді айт, мейлі сөйле,
Жаңғырықсын халқымның кең даласы.

Өте берсін уақыт судай ағып,
Болашаққа қараймыз оймен бағып.
Сайт пенен Интернет ғаламшарға
Қазақ болып кіреміз есік қағып.


Авторы Жауап
♡N~U~~R~I~K♡
ms.nurganat@mali.ru
29-09-14 20:18
sulupan_sailau@mail.ru

Уа, агайын ана тілін саќтайыќ,
Ата-баба аманатын аќтайыќ
Орыс тілмен тілімізді шўбартып
Жайбараќат ойланбастан жатпайыќ


Sulu)
sulupan_sailau@mail.ru
20-09-14 09:32
маған 3 тилде ана тили туралы олен керек ед

неуа
ahmetsaki02
31-01-14 08:53
Арине,оте жакси

¤N~ U~ R~ I~ K¤
Ms.nurganat@mail.ru
05-01-14 22:00
Ана тилим болмаса нетер едим,
Ана алдин тусинбей отер едим.
Алди уни бойыма сутпен тарап.
Тилим шыгып,сойледим еркеледим.

Ана тилим болмаса кулер ме едим,
Соз кадирин сойлемей билер ме едим.
Адет-гурып дастурден ада болып
Кепиетсиз мангурт боп журе ме едим.

Ана тилим болмаса шаттанам ба,
Халыкпын деп иргели мактанам ба.
Журегимди тербеген ойларымды,
Озгелерге жыр етип актарам ба.

Алдилеген аркимнин бар анасы,
Ана тилим халкымнын боламасы.
Сондыктан да мендеги бар жаксылык,
Елим менен тилимнин садагасы.
Казактын ерке кызы
Shinarka_9393kz@bk.ru
22-12-13 18:49
Осы тилде айтылар сырым менин,
Осы тилде жазылар жырым менин.
Мукагали, Илияс сойлеп кеткен
Сен аркылы биктер уним менин.

Тилим менин бойымдагы дара шын
Бесикте ана алдилеген баласын.
Бир сен деген жигеримде,ойымда,
Ана тили жалынды оттай жанасын.

Тилим менин омир тарих-гасырым,
Тилим менин сан жылдаргы асыл ун.
Касиетти менин ана тилимде
Сойлеп кеткен Абай, Сакен, Касымым.

Аскактай бер ана тилим ардайын,
Ертениннин гулденгенин калаймын.
Барлыгымыз ана тилде сойлесек
Бакыт деген осы емес пе агайын.
KAZAKTYN UIY SHAKNARJAN
namber_one.boy@inbox.ru
10-12-13 15:27
Ана тилим-басымдагы багымсын,
Ана тилим-бойымдагы барымсын.
Ана тилим ак сутпенен берилген
Озге тилден биксин сен, арымсын!

Ана тилим-тауелсиздик жемиси,
Ана тилим-желтоксаннын жениси.
Барша казак курметтеумен оз тилин
Узилгендей кешеги кун желиси.

Тауелсиздик-еркиндиктин тиреги
Ана тилим-азаматтыктын журеги.
Ултык тилим денгейине жете алмай,
Орыс тилмен бирге кошти тузеди.

Орыс тилмен бирге атып багамыз
Казак тилин ушн шетке кагамыз?
Ултык тилди денгейне жеткизбей,
Орыс тилмен бирге кетип барамыз.

Казак тилин корламайык,коргайык,
Ар нарсени акылга сап ойлайык,
Орыс тилин басымызга котерип,
Казак тилди огейситип алмайык...

Бауырлар казак десен осылай болайык!
KAZAKTYN UIY SHAKNARJAN
namber_one.boy@inbox.ru
10-12-13 15:24
Ана тилим-басымдагы багымсын,
Ана тилим-бойымдагы барымсын.
Ана тилим ак сутпенен берилген
Озге тилден биксин сен, арымсын!

Ана тилим-тауелсиздик жемиси,
Ана тилим-желтоксаннын жениси.
Барша казак курметтеумен оз тилин
Узилгендей кешеги кун желиси.

Тауелсиздик-еркиндиктин тиреги
Ана тилим-азаматтыктын журеги.
Ултык тилим денгейине жете алмай,
Орыс тилмен бирге кошти тузеди.

Орыс тилмен бирге атып багамыз
Казак тилин ушн шетке кагамыз?
Ултык тилди денгейне жеткизбей,
Орыс тилмен бирге кетип барамыз.

Казак тилин корламайык,коргайык,
Ар нарсени акылга сап ойлайык,
Орыс тилин басымызга котерип,
Казак тилди огейситип алмайык...

Бауырлар казак десен осылай болайык!
Торғын
djbx
19-09-13 19:23
менде сендерді түсінем если чо

gulmira
gokanya_1999@mail.ru
29-05-13 10:48
ana tili ol bizdin tilimiz. biz tilimizdi saktai biluimiz kerek. A. Baitursinov atamiz aityp ketkendei" sozi jogalgan ulttyn ozi de jogaladi" ote orindi aitylgan soz. bizdin kazirgi jastar tilimiz ben kosa ar ojdanimizdi da taptap jatyr. al bizondai sorakilikpen ash kashan da jetistikke jete almaimiz. nege biz kazak bolip oz tilimiz ben dinimizdi korgai almaimiz? kazak tilin orkendetu barshamizdin mindetimiz eken sol iste belsene barligimiz aralasuimiz kerek emes pa??
НАЗ
NAZ_18_91KZ@MAIL.RU
29-05-13 09:18
жаксы жазылган осы багытыннан таймай али талай-талай асулардан коринип қазақтың атын алемге танытатын азаматша болуыңа тілектеспін. Тек алға
гулдана
гулдана93 93 майл ру
07-04-13 15:26
ана тілім ардағым
Сапаргул
Sako_9697@list.ru
23-10-12 17:43
Jaraisindar,dostar! Ult bolip uiskan waktagi osi ulttyn kamin oilaityn bizder! Tilimizdi kurmetteik!
мария
16-10-12 13:32
қазіргі танда қазақша сөйлеу ұят сияқты жастарға қазақ қазақпен орысша сөйлсу не масқара? дүкенге кірсек те орыс тұрса орсыша сөйлейміз? біз сонда кімбіз? өз елімізде өз жерімізде жүрсек те өзге жат адамдарға қазақ тілін үйрету керек олар біздің жерімізде жүр гой Қазақ жерінде жүргесін тек қазақ тілін ббілу қажет кейін басқа тілдерді,,,,,Қазақ тілін білмеуі біреулер саясат диді не сұмдық а? саясатың не қатысы бар ? бәріміз біліп туылған жоқпыз кіндік қанымыз Қазақ жерінде сондықтан да қазақ тілін ардақтайық ағайын
Баха
ba_xa
12-10-12 18:51
ma mirkinbai ketwi ari karai adamdi uialtpai
сауле
saule_95.24
10-10-12 20:27
dostar ana turalu makal mateldu kaidan tabuga bolat
Маржан
ms.milyyangel
14-09-12 20:21
өте жаксы шыкты!және демаған ана тілім ардағым атты шығармаға ұсыныстарын керек жазуларыңызды өтінемін!
Кенжекали
kenzhegali_maralbaev
18-02-12 00:02
Лаура керемет шыққан. Сендей қазақ қыздары дунеге 1000- дап келсін.
Amina
Amina 701 kz
16-02-12 16:55
Ana tulum - ardagum
жансая
jan_22_95
08-12-11 16:12
janim menin men seni suem goi


Назикон
nazok_d@mail.ru
17-09-11 14:59
күшті боп шыққан!Жарайсын!
АСЫЛЗАТ
17-09-11 01:19
АНА ТІЛІМ БОЛМАСА НЕТЕР ЕДІМ, ШЫЛАУЫНДАЙ ЖҮРЕР ЕМ БӨТЕН ЕЛДІҢ, СУҒА ТҮСКЕН ТҮЙІР ТҰЗ СЕКІЛДІ, БІРТЕ ЬІРТЕ ЖОЙЫЛЫП КЕТЕР ЕДІМ
аружан
janmiss@mail.ru
16-09-11 12:56
достар салеметсиздерме маган ана тилим айбыным деген такырыпка сценарий тауып берулеринизди отинем
Асылжан
Asik_RA09
04-02-10 19:08
Ана
Сен баќыттысыѕ,
Жыламаєыѕ!
Жай тїсіп жатќанда да ќўламадыѕ
Тјѕіріѕнен мен едім єой сўраєаныѕ
Сондыќтан жыламаєыѕ, жыламаєыѕ!
Бармын єой
Тірімін єой,
Ќасындамын.
Ґлмеймін, мен ґзіѕдей асылданмын.
Таусылып, ґз-ґзіѕнен шашылмаєыѕ,
Байырєы берекеѕді ќашырмаєыѕ.
Мен сеніѕ ќаныќпын єой кґз жасыѕа
Ґзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саєан бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылєи сґз басына.
(Тјѕірім кеше кґрсін кесірімді)
Аспанєа жазсам сеніѕ есіміѕді!!!
Ана,
Сен баќыттысыѕ, тербете бер
Ќўба талдан иілген бесігімд

janerke
30-11-09 07:40
кушти
асель
aselek98
20-09-09 22:21
Ote zhaksi
асель
aselek98
20-09-09 22:19
Өте жақсы болып шыққан
Қас
Жолымбет
03-03-09 15:07
Өлең жүректен шыққан туынды. Жақсы ақын екенсіз Лаура ханым! Бұл өлеңді басылымдарға беріңіз. Халық оқысын. Мүмкін бірер мәңгүртті оятарсыз. Қазіргі таңда қазаққа жаман болсын, жақсы болсын осындай нәрселер көптеп керек. Қаламыңызға қанат біте берсін!

Ертай
viking_nikolya@mail.ru
03-03-09 11:39
ана туралы мақал-мәтелдер қайдан табуға болады Интернетте:
Лаура
Laura_muratbaeva@mail.ru
12-04-07 07:55
Рахмет, Жеңіс! Мені қолдағаныңызға, форумның ақындары қатарына шақырғаныңызға мың да бір рахмет! Бұйыртса, аяңдап отырып, Қазақ.рудың ақындар сайысына да жетіп қалармыз...
Жеңіс Маткаримов
egipt_2006@mail.ru
11-04-07 12:37
Лаура ханым!
Сізді құрметпенен Қазақ.рудың ақындар сайысына шақырамын.
Мында басыңыз:
http://www.kazakh.ru/talk/mmess.phtml?idt=29823
Жеңіс Маткаримов
egipt_2006@mail.ru
11-04-07 12:23
Сен жарадың Лаура ханым Қазақтыққа,
Тілі жайында сөз қозғап азаттықта.
Сол тілдерін сыйламай жүрғой қазақ,
Қазақша сойлейді деп өз тілін мазаққып та.

Әрине негіздің бәрі осы Қазақ тілде,
Тілің болмаса дәмі жоқ мемлекеттіңде.
Қазақ деген мемлекет орыс тілінде,
Сөйлейді десе ұят емеспе осы күнде.

Тілім - қазағымның болашағы,
Тілім - жарқындыққа жол ашады.
Тілім - жүрегімізде орын алмаса,
Тілім - кіммен енді сырласады?
Лаура
Laura_muratbaeva@mail.ru
11-04-07 11:40
Рахмет, достар! Әрине, РУХЫМЫЗ биік болсын деп, қазақ тілінің көсегесін көгертейік деп, шала қазақтардың намысын оятайын деп жатқаным ғой...
Рахмет, Баур, сен мені жақсы түсіндің...
-= Baur =-
11-04-07 10:55
Лаураның жазғаны дұрыс, біз қуансын деп жазған жоқ шығар рух беру үшін жазды деп ойлаймын,
Абылайдың асында шаппағанда атаңның басында шабасың ба деген қазақ.
Осындай РУХ беретін өлеңдердің нағыз керек шағы қазір.
Мари
10-04-07 15:25
өлең жақсы жазылған, бірақ қуануға әлі ерте



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов