Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Мәдениет, өнер, дәстүр, әдебиет, БАҚ
Тақырып: Дулат Исабеков ашқан "Мәдениет" журналы жайында


Авторы Xабарлама
Шекспир
deleted
12-04-07 17:53
Жалпы. бүгінгі таңда қазақ мәселесін көтеріп жүрген басылымдар өте аз. дегенмен. солардың ішіндегі кейбіреулері біздің халыққа керекті мәселелердің төңірегінде әжептеуір мақалалар жариялап жүр. Мәселен. жақында ғана шыққан "Мәдениет" журналын солардың қатарына қосуға болады. бұл журналдың бас редакторы өздеріңіздің сүйікті жазушыларыңыз. "Гаухар тас". "Ескі үйдегі жаңа қоныс". сияқты әңгімелер мен повестердің авторы Дулат Исабеков. Енді бұл кісінің шығарып жатқан журналы туралы айтар болсақ. біраз адамның сүйікті басылымына айналып үлгерген бұл журналдың алдағы күндері бұлыңғыр. Себебі. Дулат Исабеков мықты жазушы болғанымен. журналистикадан ештеме қақпайды. неге дейсіз ғой. "Мәдениет" журналының осыдан бір жыл бұрынғы санын қолдарыңызға алдып көрсеңіздер. "бұл туалетный бумаганы" Дулат Исабеков шығаруы мүмкін емес деп айтар едіңіз. Бірақ. шындықтың аты қашанда шындық қой. Одан ешкім қашып құтыла алмайды. Осы журналға өткен жылдың күз айларында Ермек пен Айдын барған еді. Осы екеуі бұл басылымның шырайын кіргізген болатын. журналдың бірден халықтың көңілінен шығуына Дулат Исабековтың ешқандай қатысы жоқ. Дегенмен бұл кісі ол жігіттердің еңбегін бағалай алмады. Енді ондағы байы жоқ бес қатынның күні қараң болмақ. себебі журналдың мықты адамдардың аузына бірден ілігуіне солардың ықпалы болды деп ойлап жүрген Дулат Исабеков осы кезге дейін қателескенін енді түсінеді.
Дулат аға. бұл хатты кім жазғанын іштей сезіп отырған шығарсыз.

Авторы Жауап
Гүлнар Изтаева
iztaeva-gulnara@mail.ru
13-05-16 07:21
Журналға мақаланы қалай жіберуге болады? Электорндық почталарыңыз бар ма?
Гулхан
gulhan2387@mail.ru
02-02-14 10:30
Дулат ага саламатсыз ба. Мен сизбен калай хабарласамын. Сиздин журналыныз маган унайды.
Сабира
kadirova.sabira@mail.ru
16-01-14 13:55
Дулат аға, Сізбен қалай хабарлассам болады? Мен сіздің жас кезіңіздегі жақсы танысыңыздың қызы едім.і
Наєима
nagi-91-25
20-12-12 07:45
Маєан Дулат Исабеков аєамыздыѕ барлыќ шыєармалары ўнайды. \\"Гаућартас\\" киносыда ґте жаќсы тїсірілген. Сіздерден кґмек сўраудамын Дулат Исабеков аєамыз жайлы Лебіздер іздеп отыр едім табуєа кґмектесіѕіздерші ґтінішпен Наєима...
Ментай
kadar85_82@mail.ru
17-11-12 09:06
Осы қазаққа не жетпейді?! өсек, өтірік бәрі жетеді, тек анайы сөз, бейпіл әңгіме. Мәдениет журналына тиісу ғана қалды. Басқасының бәрін қатырып қойдық. Өзіне симаған Исабековты жұрт мойындап жатқанда (шет елді айтам) екі елі ауызға бір елі қақпақ та қоя алмаған байғұс қазақы көңіл-ай (іштарлықты айтам)!
Айгерім
Aiger_dana@mail.ru
23-02-12 13:56
Салеметсіздер ме? менің есімім Айгерім . Мен 1-курста оқимын. Және мен "Жеті желкен" деген атпен шыққан пьесалар жинағын іздеп жүр едім. Егер болса интер-гі сайтын жазып жіберіңіздерші, рахмет!!
НҰРЗАТ
nurzat1985@mail.ru
26-01-12 13:02
Салеметсіз бе, Дулат аға. Мен сіздердің журналдарыңызға мақаламды шығарғым келеді. Электронды пошталарыңыздын мекен-жайын қалай біліге болады. Журналдың жазылған оқырманымын.
айнаш
maksat
12-05-11 22:18
да-да
Маржан
thebestsayat@mail.ru
16-02-11 11:14
Журнал елге танымал, қазақ өнері мен мәдениетін бағалайтын оқырманның ойынан шыққаны жасырын емес. Исабековтің жеке басын көре алмайтындарға айтарым- сол кісідей болып алыңдар! Жазыңдар оқырманның ойынан шығатын шығарма, режиссерлер таласып қоятын пьеса жазыңдар! Қай қазақтың пьесасы Петербург, Омск, Москвада қойылып еді? Білмесеңдер айтайын осы Дулат ағаның пьесалары қойылды. Жаңылысқан жоқпын пьесалары деп дұрыс айтып отырмын. Екі пьесасы Ресей қалаларында қойылды, газет оқитын жұрт білуі керек. Ал, Қазақстанда қай драматургтың туындылары барлық облыс театрларының репертуарында? Тағы Дулат Исабековтің пьесалары, алысқа бармай-ақ \"әкем театрдың\" сахнасында екі пьесасы сахналанып көрермен ықласына бөленуде! Көре алмаушылықты қойып жеңістікке қуанып керек қазақтар!
Ќаншайым
07-12-10 13:14
Журнал љте жоѓары дењгейде шыѓып жатыр. Кљтерілген таќырыптры да атына сай. Шыњѓыс хат туралы материалды џй-ішімізбен оќыдыќ. Ќазаќтар неге бірін бірі кљтермелеп,табыстарына ќуана алмайды? Тек жамандау керек.
Дизайнер С.Ахтанов
Sagy-dulla @ mail.ru
12-09-10 16:52
Журналға кәзіргі заманға сай дизайн керек, "дизайн журнала" деген бар емес пе, басылатын фото суреттердің сапасына қарау керек. Журналдың әр бетінің, разворотының графикасына көңіл бөліп, бос
орын қалдырмауға тырысу керек.
БАУЫРЖАН
BAURMINAJ@MAIL.RU
22-01-09 15:52
Дулат аға! Менім есімім, Бауыржан Мінажадинов. Ақтөбелік, туған жылым 1952ж. Баяғы кеңес заманында, екі-үш новелла жазғанбын, бірақ, идеология жағынан ол заманға сәйкес келмегендіктен, мен олардың концепцияларын өзгертуге келіспегендіктен, баспадан шығара алмағанбын. Содан, біраз жылға шығармашылықтан қол үзідім. Енді, жақын арада, бір себебпен, фантастика тақырыбына жақындатып, тағы екі новелла жазғанбын. Бірақ, бүл шығармаларда сол тағдырға ұшырайма деп күмәнданамын.Соған орай, сізден көмек болмасада, кеңес сұрайым ба деген ойдамын. Тағы бір жағдай, бүл шығармаларым киносценарилық жағынан қызықтырама деген ойдамын.Мен,жалпы, орыс тілінде жазамын. Өйткені, ана тілде жазуға, әзір қабілетім жеткіліксіз бе деп ойлаймын.
Гаухар
29-12-08 09:46
Дулат аға Сiздiн e-mail-ді қалу алуға болады? Журналыңыздың таралуына көмек беретін адамдар бар.

Балѓын
balgin--73@mi.ru
04-12-08 11:07
мемлекеттік би ансамбільдер
Роза
Абдиева
25-11-08 19:33
Алдымен Дулат ага сиякты болып алындар. Сосын ол кисини талкылай бересиндер. Ол кисинин тырнагына да татымайтын болган боска ангиме етип шаршамандар. Ол оте-оте жаксы адам. Журналында соз жок. Иштерин куйсе су ишиндер!!!
Арманай
10-10-08 09:09
Дулат Исабков, жазғандарыңыздың барлығындағы әйел кейіпкерлер өмірден адасқан немесе күйеуінен ажырасқан т.б Шыныңызды айтыңызшы, бұл сіздің жеке басыңызбен байланысты ғой...
Арманай
10-10-08 09:05
Дулат Исебков, сіздің жазғандарыңыдағы әйел кейіпкердердің барлығы неге тұрмыстағы немесе өмірден адаскан жандар? шыныңызды айтыңызшы, ол кейіпкрелер сіздің жеке өміріңізбен байланысты ғой?
Дос
Алматы
07-11-07 13:39
"Мәдениет" журналынан Ермек кетіп қалды ма не? Мен оны сол жақта жұмыс істеп жүген шығар деп ойлап едім, бекер болған екен. Соған қарағанда Ермек пен Дулат сыйыса алмаған ғой, екеуінің де мінезі адам қызығарлық емес. Дулат Исабеков өзінің жазушылығын алға тартып көкірегін ұратын болу керек, осы кісі де кейбір кезде асыра сілтеп жібіреді, әйтпесе жапырақтай бір журналды ұрыспай-керіспей шығарса болар еді ғой. Бірақ, Ермекте оңай адам емес, оқу бітіргені кеше ғана, соған қарамастан өз-өзін барлығынан биік қойғысы келеді. Дулат екеуі бірдемені бөлісе алмай қалған ғой.
Ал Нұрлан не үшін кетіп қалды екен? Ол да тәп-тәуір проза жазып жүрген бала еді, менің ойымша Дулан Исабеков өзінен мықты адамдарды көре алмайды, ішін қызғаныш тырнайтын болу керек, әйтпесе Нұрлан айтқады істеп жүре беруші еді ғой.
Кєрім
jbb@ok.kz
02-11-07 13:09
Дулат Исабеков - Аллаѓа серік ќосушы
Дулат
02-11-07 10:18
Маденеит журналы амен есен шыгып жатыр. Айдын деген жігітіміздін аркасында. Ермек кеткелі ештене озгерген жок. Айтпакышы Нурлан Жумахан да кетті. Екеуі кетті екен деп журналды жумысы каран калган жок. Казыр Жумабай Кулиев, Есеналі Ералы деген жігіттердін комегімен журнал токтаусыз шыгып жатыр. Денгейі де сол калып.
гүл апа
22-09-07 06:25
Аидаға

Енді іштегіні сыртқа шығару керек қой қалайда.
гүл апа
22-09-07 06:23
Бұл журнал қолым түспепті. Дүңніршектерден сұрап көру керек екен. Д. Исабековтың әңгімелеріне сөз жоқ. Бірақ теледидардан Мұзаффар Булутайдың сол кісі туралы айтқан әңгімесінен кейін ол кісіге деген көңілім суып кетті. Жазушының ойынша ұлт діннен жоғары тұру керек пе сондай екен. Менің ойымша мұндай ой ойлану шеңбері аясының тарлығынан шығатын сияқты. Өйткені ап-анық көрініп тұрған нәрсе осындай атақты жазушының көрмеуі мені таңқалдырады. Оның Исабековтың осы мақаласын оқығандар болса қай газет қай номер айтып жіберіңдерші.
Аида
28-08-07 10:35
кейде адамдар биреуге окпелегендеишиндеги кыжылын жазгыш келеди Менимше осы айдарды уйымдастырыпотыргандар да сол кетип калган адамдар болса керек ти
қара қыз
17-04-07 11:17
Қазақтың жалғыз да жарым "Мәдениеті" күйреп отырса басқаларға не жорық? Ұлттық елдік сананы тіктеудің жарқын айдынындай журналдың алғашқы санынан бір үміт күтіп жалтарып едік. Жоқ! Журналдағы мақалалар апталық газет бетіне түсетін хабарламалық деңгейден әрі де аса алмапты. Өзіміз алашапқын боп қудалаған "Көшпенділердің" геройларының кунделиктерин берип, жарты беттик сурет-макияждардан түк мән ұға да алмай қойдым. Ал бағасы бір кітап сатып аларлықтай. Бағзыда, жоқ осыдан біраз алдын "Мәдениет" журналы кең тынысты, елдік деңгейде(Алматылық қана емес) рухани-мәдени өмірдің тамырын басатын маңдайалды басылым болған еді. (Кеңестік кезеңді айтам) Ал қазір құндылығы мен санасудан гөрі дизайнға көп мән беріле ме екен, ішкі жағынан сыртқы пішіні ұрып тұр! Жалпы дейік, шын іздесе тазының да басынан бит табылады ғой, ұлттың жанашыры бола алатын бір басылымнан ашық күнде айырылмайықшы дегім келеді.
Айсауле
Алматы
16-04-07 11:33
Мадениет журналынын жаксы денгейде шыгып жатканын жокка шыгаруга болмайды. Бул журнал Дулат Исабековтынкі болғандыктан гана емес, онда жумыс істейтін журналистің да енбегі, онын ішінде журналдын редакторынын орынбасары Ермек Болтаевтын енбегеін ерекше атап кеткен жөн. Дулат ага жаксы жазушы болганымен, ол кісі жаксы уйымдастырушы емес. Сондыктан да ол кісі озінің жанындағы жақсы маманнан айрылып калганы кесірінен журналдын будан кейінгі жагдайы мушкіл болмак. Желтоксаннын 1-не ашылу презентациясы болган журнал көпшілік көңілінен шыққаны даусыз. Одан бері 5-6 номері шыгып улгерген басылымнын бугінде аты да шыгып копшілікке таныла бастады. Алайда осы журналдын бугінде ішкі кухнясында ауыс-түйістер болып жатканын естідік. Сонда осы журналдын жарык көруіне ат салыскан Ермек Болтаев арыз жазып кетіп калган көрінеді. Неге? Мүнда бір шикілік бар... Онын кетуіне себеп болган не нәрсе? Ол жөнінде келесіде әңгіме етерміз.



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов