Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Общение: Список форумов
Форум: Шежipe
Тақырып: Мадияр деген не ел


Авторы Xабарлама
Ляззат
Lacoste.16@mail.ru
10-07-07 10:46
Менің жігітім мадияр елінен шыққан. Озі қазақ тілін білмейді, тек қана руым мадир деп қайталай береді. Қайдан шыққан ел? Кім біледі?

Авторы Жауап
Мадияр Аскарович
Madi_1989_89@mail.ru
28-10-17 02:54
Мадиярдын магынасы калай? Жане мадиярлар деген тайпа болган ба?
Байбол
Bolat_baykasov@mail.ru
29-09-17 19:46
Ұрпақтарына құлаққағыс жасап жүріңіздер!
Қадірлі мадияр баласы! «Өлі разы болмай, тірі байымайды». Аққу ұшып, қаз қонған, балығы тайдай тулаған ата қонысымыз Сарықопаның төрінде Шолаққарасудағы тарихы ғасырмен құрдас көне қорымды қоршайық! Сауапты іске кәмелеттік жасқа жеткен мадиярдың ұл-қыздарын бір кісідей атсалысуға шақырамыз!
Көлемі 850 шаршы метр болатын қорымда пейіштің нұрына малынып, жұмақтың төрінде шалқығай ата- баба, ата -ана, ағайын –туыстарымыз мәңгілікке дамыл тапқан. Олар:
 Бөлтірік
 Біркен
 Байқас
 Хасен
 Жақып
 Орақ
 Уәли
 Қабылда
 Баяділ
 Қадір
 Жүсіп
 Байбосын
 Бірмағанбет
 Төкібай
 Есімбек
 Дүйсеке
 Күлік
 Бақытбек
 Шоқан
 Мәкен
 Әлия
Қорымға соңғы рет 1992 жылы 91 жасында өмірден озған Есбергенқызы Шоқан әжеміз және баласы Байқасұлы Бақытбек жерленген.
Ма ша Алла! бұл кісілер жайлы Сәрінжіп ағамыз «Мадиярлар шежіресі» кітабында толық мәлімет берген. Сондықтан есімдерін атап қана отырмын.
Қадірлі Мадияр баласы! Аруақты құрметтеген елміз. «Құдай соққан түзеледі, аруақ соққан түзелмейді» деген аталы сөз бар. Сіздерге осы кісілердің аруағы үшін сауапты қадам жасаудың сәті келгенін қуана хабарлаймын. Мал аяғы баспау үшін қорымды қоршау қолға алынды. Сауапты іске қаржы жинау басталды. Көп түкірсе, көл болады. Әркімнің жағдайына қарай Бораш ағамыздың (телефоны 8778 580 54 36 ) халық банкіндегі мына есеп шотына 48 10 10 30 15 99 қаржы аударуыңызға болады. Істің айқындылығы үшін аударған қаржының түбіртегін суретке түсіріп жіберсеңіз тиімді болмақ.
Қадамдарыңыз сауаптан болсын!
Байбол
Bolat_baykasov@mail.ru
27-10-16 21:06
Венгрияда Карцаг деген кала бар. Ал торгайлык мадиярда Карсак деген батыр болган
Елдос
06-10-15 16:26
Мен де мадиярмын. Мадиярлар Орталық Азияда аз санда қалған. Сонда да ежелгi атын сақтаған.
Даниар.
13-12-13 16:49
http://www.madenimura.kz/ru/culture-legacy/books/book/a...ory=all&page=15 Венгрлер (мажарлар,мадияалар).
Даниар.
13-12-13 16:36
Разница между родами мадиар кипчак и мадиар аргын.
Кипчакский сакский вождь Мади и Моде вождь гуннов по прозванию мади арийские кипчаки(мадиары кипчаки)потомки арийских кипчаков туров(туран).
Кодан сын Аргын Ага . Родился в 70-е годы XIV века, погиб в 60-е годы XV века.
От Аргын Ага третей жены(токал) родился Танбысопы.
Потомки Танбысопы.
1 Сарыжетым.
2 Акымбет.
3 Бекимбет.
4 Шымболат.
5 Жаукашты.
6 Мадиар. Алдиар (два брата).

Мадияр
madiyar_ulytau@mail.ru
06-11-13 08:17
Менда Мадиярмын -Ұлытаудан. Найман-Сарғалдақ-Талқаншы
Madiar
madiar.b94@mail.ru
04-04-13 08:32
meninde esimim MADIAR.madiardin bari ozim siakti krasav4ik. ;) madiar.b94@mail.ru MAdiarlarga obwi salam.
Муратбек АРГЫН, руым МЕРГЕН, елим ТОРГАЙ
zxcvmurat1981@mail.ru
28-10-12 15:33
МАДИЯР деген ол менин досым Зейнелгабиев Ерлан Султанбекулы, туган жери Кызбел (САГА), Жангельды ауданы, Торгай облысы казирги Костанай облысы. Коп мадиярлар ТОРГАЙ жеринде сол Сага ауылында турады. Откенде бир Венгриянын жазушысынын зерттеуин окыганмын, ол кисинин айтуынша жакында олар Генетический код аркылы зерттеулер жургизипти, Торгайдын мадиярларынан 140 адамнан образец ДНК алыпты. Зерттеу корытындысына сайкес Торгай елинин Мадиярлары мен Венгриянын Мажарлары 100% бир-бирине уксайды екен, ягни бир атадан тарайтынын далелдепти. Малимет ушин, осыган дейин Венгриянын Мажарлары 200 жылдай оздеринин туп-казыктарын издепти, ягни Туркиядан, Кавказдан жане баска жактардан, бирак ондай уксастык али кунге дейин кездеспепти. Ол кисинин айтуы бойынша Торгайдын жане Онтустик Казахстаннын мадиярлары жайлы олар кеинги кездерде гана билипти. Сондыктан олар Торгай жерине келип АС берип, АТ шаптырып той жасап жур екен. Менин руым Мерген (Тенизбай Бабасулы), Аргын тайпасынын ишине киремиз. Атамыз МЕРГЕН, улы нагашым Шакшак Жанибек Кошкарулымен бирге Торгай жеринен Кожа-Ахмет Мавзалейине ОКО Туркистанга алып барып жерленген, казир сонда жатыр.
Маман
22-06-12 06:33
Мадиярлар ертеде Қыпшақ елинен ажыралып шыққан. Қыпшақ арасында Мадияр деген аталық бар. Олар Батысқа кеткеннен кейин жеке халық атанған.
Оралман
19-06-12 03:12
Мен улкендерден естуимше, ертеде мадияр деген ел Арал жагалауында жасаган. Каракалпак халкы арасында олардын калдыктары казир де кездеседи. Сол мадиярларды аргындар жаулап алган екен. Себеби, аргындар мен кыпшактар (каракалпактар) ортасында согыс болып, сонда коп шабылган мадияр ауылдары болыпты. Содан кейин саны азайып калган баска мадиярлар кыпшак руларына косылып кеткен екен. Негизи, Европадагы мадьялар да осылардан тараганына дау жок. Бир кызыгы, каракалпактар мен озбектер арасында мажар деген де ру бар. Венгрияны Мажарстан деп атау осы атпен байланысты шыкса керек.
Байжан
01-06-12 06:51
Мадияр деген ру қазақ, қарақалпақ халықтары арасында жеке аталық болып қалыптасқан. Олар осы кунгi мадьяр (венгр) халқымен тегi бiр. Тек бiрi ру, екiнiшiсi халық болып қалыптасқан.
MADIYAR
madiyar001@bk.ru
31-05-12 11:39
menin de atim Madiyar
Мадияр
mad_molnia@mail.ru
13-12-11 16:50
Менын да атым Мадияр
мадияр
madok_2703
25-10-11 23:37
менде Мадиярмын Орта жуз Аргын кара кесек
мадияр
madok_2703
25-10-11 23:35
мадияр сонда аргыннан тараган ба?
Нурлан
makselhauz@mail.ru
23-05-11 21:58
Мен де Мадияр мын! Орта Жуз - Аргын - Мадияр!
MADYAR
oLZHAS.95
28-04-11 15:25
MEN M
Мадияр
madiyar_0708@mail.ru
28-04-11 15:23
Салем достар! Мен МАДИЯРМЫН! Sv_city_Madiyar!

МАДИЯР
madi-_-21-_-08-_-90
23-04-11 22:21
dostar ozimdi tanistirip keteyin. men Sirdaria audani Nagi Iliasob auilinda turam. Kizilorda obilisindagi Bolashak Unibersitetinde okimin.
МАДИЯР
madi-_-21-_-08-_-90
23-04-11 22:16
негизи Мадияр дегенин магынасы кушти мыкты кайсар батыр дегенди билдиреди екен достар, ол мактанганым емес, интернетте солай делинген
МАДИЯР
madi-_-21-_-08-_-90
23-04-11 22:14
мадияр деген ел бар екен шагын гана? негизи мажар ели дейди
МАДИЯР
madi-_-21-_-08-_-90
23-04-11 22:11
madiar degen men bolam dostar
дастан
das98k
27-09-10 17:49
батырлар ел қорғаны
Рузанна
23-08-10 14:17
Есімі бір тайпаның шеңберінен шығып, елдік деңгейге дәуірлене тараған, ұлтының талайы мен тағдырында таңдайға бал жаққандай таңдандырарлық өнеге тастап, жасын жарқылындай ағып түскен ірі тұлға Мадияр Жауғаштыұлын бүгінде еске алатын ұрпағы бар екендігі және де ондай мүмкіндіктің тәуелсіздіктің арқасында туып отырғандығы көңілге айырықша медет. Даңқты баба Қаратау бойында 1655 жылы дүниеге келіпті. Оның ер жетіп, есейген шағы қазақ даласындағы қилы да қиын кезеңімен тұспалдас. Қалмақ ханы Сыбан-Раптан билік құрып, оңтүстік өлкемізді жаулай бастағанда, қазақ халқының Жоңғар басқыншыларына қарсы қырғын соғысы осы Мадияр бабамыздың ат жалын тартып мінген кезеңіне сайма-сай келді. Жүрегінің түгі бар ол 1712 жылға дейін-ақ інілерінің батыр балалары Қарабалуан (Жанұзақ) Алдиярұлы, Жәнібек Қошқарұлы, өз балалары Ақбай, Айтқұл, Абыз, Бозды соңына ертіп, басқа да қазақ қосындары қатарында жоңғарларды ел шекарасынан асыра қуып, елін-жерін қорғаған ерлерінің, дуалы ауыз билерінің бірі болғаны тарихтан әмбеге мәлім.

Ол 1723 жылы “Ақтабан шұбырындыда” халқын жаудан аман алып шығып, әуелі Ұлытауға қоныс аударып, одан кейін Торғай өңіріне көшіп келіп, өмірінің соңына дейін Сарықопа, Қызбел бойын тұрақты мекен етеді. 1726 жылы Ордабасыда үш жүздің бас қосқан жиынына қатысқан Мадияр Жауғаштыұлы 1735 жылы қартайып, өз ажалынан қайтыс болады. Ол кісінің денесін қасиетті Түркістанға інісінің баласы Қарабалуан Алдиярұлы апарып жерлеген. Басына белгі құлпытас қойған. Көнекөз қарттардың айтуынша, Мадиярдың көктасы 1950 жылдардың басына дейін сақталып тұрыпты. Елуінші жылдары кіші қажылық етіп Түркістанға барған молла Байқасов Әубәкір деген кісі Мадиярдың басындағы сол белгіні көріп, жазуын оқып, дұға қылып, елге көрген-білгенін нақпа-нақ айтып келгенінің куәсі болғандар жетерлік. Жетпісінші жылдарға дейін сол әңгіме желісі бір үзілмей келген-тін. Шет-пұшпағын біздің де құлағымыз шалып қалғаны бар. Мадияр бабамыз әкесі Жауғаштының үш ұлының үлкені әрі ел сыйлайтын намысшыл ағасы болғандықтан соңынан ерген бауырларына еншілерін беріп, әрқайсысы бөлек шыққаннан кейін де оларға шынайы қамқор бола білген. Бәрінің қыс қыстауы, жаз жайлауы етене боп, солардың қарашаңырағы атанып, көзінен әсте таса қылмайды екен.

Бір жылы немере ағасы Баубекұлы Шағыр қайтыс болады. Шағырдың жесірі Қаратөлке асқан ақылымен көптің көзіне түскен әйел екен. Бірінші айттырған күйеуі Үсен үйленбей дүниеден өтеді де, қалың малы төленіп қойған жесірді екінші ұл Шағырға қосады. Шағырдан Жәдік, Тоқан деген екі бала қалады. Шағырдың шешесі Қаратөлкені ұлы Құлқайға қосқысы келмейді. Ал Мадияр бабамыз жеңгесінің жай адам еместігін байқап, одан батыр ұл туатынын сезіп, оны өз ауылына көшіріп алады. Әмеңгерлік заңы бойынша ел жайлауға көшіп, жер аяғы кеңіген соң той жасап, жеңгесін әйелдікке алуды жоспарлап та қояды.

Содан жаз шыға Мадияр бірінші болып жайлауға көшеді. Одан кейін інілері Алдияр, Құдиярдың ауылдары жылжуы тиіс еді. Алайда олардың көші сырғақсып, күн еңкейгенге дейін кешігеді. Мұның сырын білмек боп Мадияр би ойдағы ауылға адам жіберсе, мәнісі былай екен. Бас-көз жоқ, інісі Алдияр жеңгесі Қаратөлкеге үйленіп алыпты. Содан Мадияр би санын бір ұрып: “Таз мұңдар-ай, батыр туатын әйел еді, өзім алам деп жүр едім, алып қойған екен ғой”,- депті өкінішпен. Сол жолы Мадияр бидің дуалы аузынан күйінішпен шыққан “таз” деген сөз бір рудың атын өзгертіп, Алдияр содан былай қарай таз атанып кетіпті. Қазір тоқал арғындардың ішінде “таз” деген үлкен ру бар. Әлгі қос ғашық Алдияр мен Қаратөлкеден Жанұзақ, Өмірзақ деген ұлдар туған. Ал Жанұзақ кейін Қарабалуан деген атпен бүкіл қазаққа танылады. Талантты жазушы І. Есенберлиннің “Көшпенділерінде” жоңғар қонтайшысына қарсы Телікөлдегі шайқасқа аты шулы батырлар Тайжігіт, Тасболат, Сырымбет, Жанатай, Сеңгірбай, Малайсары, Оразымбеттермен қатар Жанұзақ (Қарабалуан) бабамыздың қатысып, ерлік көрсеткені туралы (І. Есенберлин, “Жанталас”, Алматы, 1976 ж., 227 бет.) жан-жақты баяндалған.

Қарабалуанға қатысты тағы бір дерек мынадай. Абылай ханның жоңғарлармен келесі бір шайқасы баяндалған тұста: “Өзі (Абылай хан – Қ.Ә.) Сағымбай, Қанан, Жанұзақ секілді ерлерімен, жорыққа алғашқы аттанған он жеті жасар Жанай деген баласымен шептің дәл ортасында болды”,– деп Қарабалуанның (Жанұзақ) соны бір ерлігінен хабардар етеді (Сонда, 239 бет). Ел аузында: “Қарабалуан, Жәнібек, Қаздауысты Қазыбек, Өлі де болса тірісің, өз атамның бірісің, Сыйынғанда пірімсің”,– деген аталы сөздің әлі күнге жаңғырығып, жалындап естілуі тегін емес шығар.

Жас кезімізде жеңгелеріміз ботадай боздап, босана алмай жатқанында: “Қарабалуан! Жәнібек!” деп сыйынып, құдіретті бір күштен жәрдем тілегінін көрдік. Ал Ахмет Байтұрсынұлы өзінің “Тілек бата” деген өлеңінде: “Қарабалуан, Жәнібек! Қаз дауысты Қазыбек! Жетім қалған халқыңа, Тұлға болып артыңа, Кім тиянақ қазық ед”?- депті (Ахмет Байтұрсынұлы, шығармалары, Алматы, 1989, 32-бет). Мадияр би өзінің көріпкелдік қасиетімен осыны сезген болуы керек. Мадияр інісінің бұл қылығына ренжімейді. Қайта інісін жайлауға көшіріп алып үлкен той жасап, жас отауға батасын береді. Алдияр қайтыс болғаннан кейін Қарабалуанды бауырына салады. Ол кезде Қарабалуанның аты Жанұзақ болатын. Жанұзақ Мадиярдың қозысын бағысып, шаруасына көмектесіп жүреді. Бір күні Мадияр бидің үйіне көп атты адамдар топырлай келіп түседі. Бұлар әр ауылдың беделді ақсақалдары еді. Келген шаруалары, жақында кіші жүзде өтетін үлкен астың әу-жайын ақылдасып, сараламақ ниетте еді.

Қонақ күткен үйге Жанұзақ кенеттен жүгіріп кіреді. Не болғанын түсінбей, аң-таң қалған Мадияр Жанұзаққа абдырай қарайды. Сонда демі буылып алқынған Жанұзақ: “Жаңа қозыларыма “қара қабан” шапты, соны қуып едім, ол қашып осы үйге кіріп кетті”,- дейді. Пәлі, неткен болжам! Төбеден жай түсіретіндей көріпкелдік. Жанұзақтың жай адам емес екенін сезіп, жүрегі қылп ете қалады. “Қасиет қонған-ау осыған”, – деп қызынады. Әй-шай жоқ: “Бізбен бірге асқа барасың”, – деп өзімен бірге ілестіре кетеді. Үш жүздің жақсы-жайсаңы жиналған асқа баратын күн де жетіп, ертеңіне ұлан-асыр ойын-той басталып та кетеді.

Асқа барған тоқал арғындар аламан ат бәйгесінде ешкімге дес бермейді. Және де ойынның басқа да түрлерінен де жүлделерді шетінен қалпақпен ұрып алғандай болады. Ең қызықты бәсекеде Кіші жүздің түйе балуанын ешкім тізе бүктіре алмай қатты қорланады. Тіпті тәуекел етіп белдесуге шықпай, үрпиісіп үркеді. Сондай бір сын сағат туып қалғанда Мадияр би айқай салып: “Ей, арғын баласы, ел намысын қорғайтын бір ұлды анамыз таппағаны ма, уа, қайсың барсың?!” – деген екен ышқына. Сол кезде 15-16 жастағы Жанұзақ: “Ата, батаңызды беріңіз, мен бармын”, – дейді жұтқыншағын ойната жалындап, тізерлеген қалпымен. Тосылып қалған Мадияр би: “Уай, балам, қандай қабілетің бар еді”,– дейді еріксіз елпек қағып. Сонда беті-жүзі балбыраған бала Жанұзақ: “Қу тобылғыны бұрағанымда майын шығаратын едім”,– дейді бұла күшін қайда қоярын білмей, қос бүйіріне толқи түсіп. Ойға қалған Мадияр ақ батасын беріп, Жанұзақты түйе балуанмен күресуге шығарады. Түйе балуан баланы көзіне ілмей, салған бетте белінен ұстап сығымдап, бөденедей лақтырады, бірақ Жанұзақ құламай табанымен дік ете түседі.

Түйе балуан Жанұзақты үш рет жұлқи лақтырып, дегеніне көндіре алмай, амалсыздан кезегін береді. Сол-ақ екен тарпынған Жанұзақ еңгезердей түйе балуанды басынан асырып, үйіріп-үйіріп жерге солқ еткізіп қақырата ұрады. Шыдасын ба, тәйір-ай, таудай түйе балуанның болаттай берік ортан жілігі морт сыныпты. Түсі қарауытып кеткен Мадияр мына Жанұзақтың қимылына разы болып қуанып: “Сен бұдан былай Қарабалуансың, Қарабалуаным!” – деп бөркін аспанға атып айқай салады. Содан бастап Жанұзақ Қарабалуан атанып тарихта мәңгілікке аты қалады.

Мадияр 1735 жылы дүниеден өткенде, жоғарыда айтқанымыздай, ағасын қасиетті Түркістанға Қарабалуан өзі апарып жерлейді. Халқы Қарабалуанды Мадияр бидің орнына би сайлайды. Қарабалуан 1749 жылы қайтыс болды. Оның сүйегін інісі Шақшақ Жәнібек атасы Мадиярдың қасына Түркістанға жерлейді, өзіне де сол жерден орын белгілеп кетеді. Қасиетті Түркістанда Ясауи кесенесі қабырғасында жерленген Қарабалуан Алдиярұлы, Шақшақ Жәнібек Қошқарұлы, Мешітбай Сүгірұлы, Мерген (Теңізбай) Бабасұлы, Бекбаулы Өтейұлы – бәрі де Мадияр бидің туыстары, немере балалары. Баршасының да есімдері ескерткіш тақтаға қашалып жазылған. Осы бабалардың Түркістанда жерленуінің негізгі соқталы себебі, онда ағалары Мадияр бидің мәңгілік тыныс алғандығына да байланысты шығар деген ой келеді. Мұндай киелі орынға бетбұру ерен рухтық бастаушы күшке тәуелді болатыны тағы ақиқат. Сондай-ақ Ясауи кесенесі қабырғасында, Мадияр бидің рухы төңірегінде тағы басқа да аталарымыздың жатуы әбден мүмкін-ау! Оны анықтау – болашақтың парызы.

Торғайдың тоқал арғындарынан алғашқы болып Түркістанда жерленген Мадияр Жауғаштыұлы екендігін ешбір шүбәсіз айта аламыз. Сондықтан Ясауи кесенесіндегі тақтаға жазылған жоғарыдағы аталарымыздың қатарында Мадияр Жауғаштыұлының аты тұруы тарихи әділеттілік болар еді. Мадияр баба туралы кейінгі ұрпағы өте аз біледі. Себебі жазба деректің болмауымен қатар, кешегі алмағайып заманда бабамыздың небір құйма құлақ шежіре ұрпақтары “халық жауы” аталып, айдалып атылды. Мадияр атын атау мен соның ұрпағымын деудің өзі қорқынышты түстей еді, сол себепті кейінгі буын жадында ештеңе қалып жарытпаған. Әрине, бұл өкінішті. Дегенмен, сағымдай бұлдырап алыстан талықсып жеткен кейбір естіп-білген деректер дәтке қуат секілді. Бұл тұста М.Дулатовтың өзінің өзекжарды өткір көсемсөздері мен мақалаларын “мадияр” деген бүркеншік атпен жазып, халықтық мүддені ұлтжандылықпен қызғыштай қорығаны аян.

Бабамыз кейінгі ұрпағына он атадан әрі болмаса, беріде қыз алыспауды өсиет еткен дейді. “Әкеден – бала, немере, шөбере, шөпшек. Бұлар – үй-іші туған бауырың, бесінші мен алтыншы ұрпақ – туыс-ағайын ауылың, жетінші ұрпақ ұраны – бір қауымың, сегіз бен тоғызыншы ұрпақ – жауға бөгет қорғаның, оныншы ұрпақ – ортаймас орманың, Ұрпағыңа қорғаныңды құлатпа, орманыңды отама, біріңнен бірің он атасыз қыз алма, туысқандығыңды жоғалтпа”,– деп өсиет етіпті.

Мадияр баба ұрпағы, баба өсиетін ұстанып келеді. Бөлтірік, Шағыр, Ерменнен тарайтынын жоғарыда баяндадық. Бөлтіріктен тарайтын Қараман ата ұрпағы ілгері заманда момындық танытып, көрші қыпшақ рулары Қаз, Қарамойындардан кейістік көріп, қонысы тарылып қиналған кездерінде, Ұлытау бойынан қозғалып келе жатқан би бабамыз, туысқандарының жағдайымен танысып, қанатының астына алып, өзімен ерте жүріп, Мұқыр өзені бойына, малға-жанға жайлы жер, Садырбай, Ұзынқоға, Өтеміс, Жалпаққоға төңірегіне: “Нулы жер, сулы жерде мал қалады, Мал сақталса жан қалады”,– деп қоныстандырған екен. Қыз беріп, қыз алысып туыстық танытып, жақындасқан екен. “Ей, бауырларым,– депті Мадияр баба жиналған көпке,– Бөлтірік, Шағыр бір ананың баласы, Қараман, сен аға баласы асылы, мен інінің нәсілі, жер-су ежелден, Алланың пендеге берген несібі, мен ілгері жылжиын, сен осы нулы да сулы жерде мал сақта, ұрпақ өсір”,–деп інілері Шымболат, Өтей ұрпақтарын ертіп Сарықопа, Қоңыраулы бойына қоныс тепкен екен. Бабамыз маңайындағы өзге Арғын ата ұрпақтарымен де, әсіресе, Сүгір, Тағышыларымен татулық сақтай отырып, ілік-жұрағаттықты жалғастырған. Бір мысал. Тағышы руының зерделі, ақылгөй, құйма құлақ қарты Байғоныс Мұхамеджанов, аталары Өтеулі ақынға дарыған өлеңнің бір арнасы Мадиярдан келгенін мойындапты-мыс дегенін ел іші айтып жүреді. Сөйтсе Өтеулі ақынның шешесі Мадиярдың тәуірлерінің бірі Дүзбай байдың қызы болса керек.

Ол заманда атадан қалған малды ұлдарына еншіге бөлетін дәстүр бар, әділ билік болмаса арты бітіспес дауға, ағайын араздасып жауға айналатын жағдайлар кездеседі. Әгәрки, билік әділ болса, екі жағы да орынды шешімге тоқтаған ғой. Сондай оқиғаның бірі Әйдеркеден тарайтын таз Бабастың алты баласының арасында болыпты. Бабастың алты баласының төртеуі жауынгер, қолынан да, жолынын да келетін болса керек, жан-жақтан мал тартып, әкесінен мұраға мыңғырған көп түлік қалып, оны бағып-күтетін екі туысқанына бергісі келмей, арты дауға ұласып, билікке, жүгініске түседі. Сол кезде Мадияр би Тоқал арғындардың төбе биі екен, сол кісіні шақырады. Үлкейіп қалған кезі болса да ағайын араздығын жауласуға жібермей татуластыратын билік айту керек екенін біліп ықыласпен барады. Жер мойыны қашық – 200 шақырым. Сонда Мадияр би жағдайға қанығып алып былай деген екен: “Ей, ағайындар, мал баққанға бітер, мал тапқандікі емес, шығынсыз өсіріп баққандікі. Мен малды теңдей екіге бөлем, бір бөлігін табушы сен төртеуің иелен, енді бір бөлігін бағушы сен екеуің иелен”. Осы билік Торғай арғындарына жөн-жоба болып қалса керек. Торғай елінде: “Мадиярға билік айтпа басыңа кесір, Өтейге байлық айтпа малыңа кесір”,– деген мақал бар. Мақалдың өмірден алып айтылғанын ескерсек, көзі тірісінде Мадияр бабамыз әділ билігімен бүкіл Торғай еліне мәлім болған.

Сан өліп, сан тірілген Мадияр баба ұрпағы қазіргі таңда мәуелі бәйтеректей жапырақ жайған. Кешегі зұлмат заман бір атаның ұрпағын түбірімен құрытып жіберуге шақ қалды. Міржақып атамыздың жақын туысы, пікірлес рухтасы Әбәйділда Бекжанов атамыз қызыл империя саясатының қазақ халқына жасаған озбырлығына төзбей, қарулы көтеріліске шығады. Ырғыз, Созақ, Жетісу көтерілісшілерімен бір мақсатта болған Батпаққара бойындағы қарулы қол аяусыз жазаланады, басшысы Әбәйділда “халық жауы” атанып атылады. Өкініштісі сол, күні бүгінге дейін Батпаққара көтерілісі, оның көсемі Әбәйділда атамыздың тарихи тағдыры зерттелінбей, ақтаңдақ күйінде жатыр. Жасыратыны жоқ, оның күрескерлік әділ бағасын алуына Міржақыптың “сенімсіздігі” де кері әсерін тигізгені айдай анық.

Міржақып ақталғанға дейін оның жақын ағайындарының басына үйірілген қара бұлт әсте сейіліп, ыдырамай-ақ қойып еді. Бертіннің өзінде ашық қоқан-лоққы көрсетіл­месе де жасырын жасыту бүркемеленіп істеліп, жан сыздататын. Кезінде жоғары лауазымды қызметтер атқарған Едірес Сейіловке жазықсыз жала жабылып, партиядан қуылып, жұмысынан тентіретіп жіберілген.

Тағы бір сұрықсыз мысал мынадай еді. Міржақыптың туысқаны Шәймерден Ғаппасұ­лы Нақыпов Қазақ КСР Баға комитетінің төрағасы болды, бірақ еліне маңайлай алмай қойды. Себебі домалақ арыздан, жалалы өсектен сескенді. Оның атасы Нақып қажы болған, Мадиярдың жақсысы еді. Сондай-ақ Айтқұлдың Байжұмыр тармағынан тарайтын Міржақыптың жақын туыстары қалың орыс ішіне бас сауғалап сіңіп кетіп, ілдәлдалап аман қалды. Әйтеуір, көңілге бір демеуі – Міржақыптың әкесі Дулатпен кіндіктес Ниязбек атаның ұрпағы Смайылдың Нұржанының Боранбайы көп жылдар колхоз басқарып, Ленин орденін омырауына тағып еңбегі еленді. Қазір осы атаның Өтеулі, Ниязбек ұрпақтары өсіп-өніп бақуатты өмір сүріп жатыр. Сонымен бірге айтыскер ақын Сәрінжіп Дайыров, бақилық болған сөз зергері Таңатхан Сәтбаевтың да елге сіңірген еңбегі айрықша зор.

Жоғарыда айтқанымыздай, осыншама адамдардың қиянат-зәбір шегуіне ата-тегінің Мадияр ұрпағы болуы жеткілікті еді. Ел ішінде “Алашорда ауылы” атануы да олардың тағдырына қанды қиянаттар әкелгені туралы ойлағанда, төбе шаш тік тұрады. Кейбірі атылып, асылды немесе итжеккенге айдалды. Қатардағы жұмысшы Құсайын Жанбаев деген кісі 1948 жылы ерекше табысы үшін Социалистік Еңбек Ері атағына ұсынылғанда, “сүзгіден” Мадияр, Алашорда деген анықтауыштар қылаң етіп, дайын несібеден құралақан қалғанын білеміз. Мадияр баба ұрпақтарының қызыл құрсаушыларының бодандық пен зұлымдық тепкісінен еңсесін көтере алмай қалғандығының ащы ақиқаты осындай еді.

Тіпті ескерусіз жай бір жағдаяттардан да жан күйзелтетін жайсыздық іздеу дағдыға айналғандай еді. 1965 жылы венгер антрополог ғалымы Тибор Тот мадиярлар этносының түзілу тарихын зерттеп, Мәскеуден Алматыға, содан Республика Ғылым академиясының сілтеуімен ғалым Сейітбек Нұрханов екеуі Қызбелге келгені бар. Сонда елдің ақсақалдары Тибор Тоттың Мадияр екенінен сескеніп, өздерінше сақтанып, бір пәлеге ұшырармыз деп, онымен жүздесуден ат-тондарын ала қашқан-тын. Әйтпеген күнде Тибор Тот пен Қоңыр Мандоки Иштван сияқты зиялылары бар Венгриядағы мадиярлармен әлдеқашан жақсы қарым-қатынас жасалып, барыс-келіс мығым орнығатын еді, мықты өркениетті туыс тауып, келешек ұрпақ мызғымас байланыс орнатар еді. Бұл мақсатқа кешеңдеу болса да қол жетті-ау, әйтеуір. Соңғы кезде Мажарстан мадиярларымен байланыс жанданып, берік орныға бастағаны қуантады. Дунай мен Торғай арасындағы рухани байланыс өмірге тың жаңалықтарын сыйлауда.

Өмірден Мадиярдың алтыншы ұрпағы болып келетін Бесей, Игісінұлы Қозғанбек деген шешен өткен. Қозғанбектің әділ билігі мен ділмар шешендік толғауы “Сөз тапқанға қолқа жоқ” кітабында да (“Жазушы”, 1988, 366-368 б.б.) келтірілген, бірақ мыңның біріндей ғана көлемде. Міржақып атамыз: “Қазақ даласының ділмар-шешендерін көп көріп, көп тыңдадым, не керек, Қозекеңдей ойы асыл, сөзі сұлу некен-саяқ, қаусырма жақ қызыл тілдіде, ондай жүйрікті көрмедім”,– деп тегін тамсанбаған ғой. Бұдан жетпіс жылдай бұрын тамаша ақын, діндар, Міржақыптың туған жиені, Амангелді ауданының мақтанышы Файзолла Сатыбалдыұлының: “Әділ сөз қалмас құптаусыз, Қиянат кетпес тоқтаусыз. Күндердің күні болғанда, Міржақып қалмас жоқтаусыз”,– деген көрегендігін еске алсақ, мерейленіп әрі шоқтықтанамыз. Біртуар тұлғаның ақталғанын көрдік, Алаш көсемдерінің қатарында аты алтын әріппен жазылғанының куәсіміз.
Сөз түйінінде, енді қасиетті Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жатқан, жаны жәннатта болғыр Мадияр Жауғаштыұлы бабамыздың есімін сондағы тағзым тақтасына алтын әріппен мәңгі өшпестей етіп жазып қалдыруды бүгінгі ұрпақтары мақсат етіп отырғанын тағы да тиянақтай түскіміз келеді. Соған тиісті орындардың, атап айтқанда, Әзірет- Сұлтан мұражайы қызметкерлерінің жүрек жылуы мен аялы қамқорлығы, әсілі, ұлтжандылығы мен азаматтығы аса қажет-ақ. Міне, қалың ұрпақтың үкілі үміті осыған саяды.

Авторы: Қайсар ӘЛІМ.
Авторы: Қайсар ӘЛІМ.
Жансая
www.Zhan_saya77.@mail.ru
16-08-10 14:13
курметти достар менин де руым МАДИЯР онын ишинде абыз бирак барлыгы бул рудын жузге жатпайтынын айтады!сонда бул калай болганы
madiyar
madi2295
30-07-10 20:13
men ylu juz dulat
Меруерт
anar_19
22-06-10 14:56
Mr.Mirat, сонда Венгрияда біздің казактың жеріма?
Меруерт
anar_19
22-06-10 14:52
Мадияр деген менін группамда окыган бір жынды бала. Бірак Францияда казір бурыннан калган Мадияр деген жер бар дейді гой....
Madiyar
b.madiyar@mail.ru
12-06-10 22:59
Madiyar degen halыh bar. Olar Fin-Ugor tobыna thatadы.
Идрис
02-11-09 11:18
Аргын тайпасынан тараган еки агайынды Мадияр мен Алдиярденген кисилер болган
Адиярдын құлақтан жоғарырақ бір кішкене жерде шаш өспейтін болған. Осыны ағасы Мадияр меңзеп оны ТАЗ деп атады. содан бері ұрпақтары таз атанып кеткен!!! бір ру болып кеткен! Алдияр-таздардың мекені Қостанай облысы Обаған өзенінің бойында және Торғайда Сарыадыр тауын, Мойылды атты өзеңінің бойында тұрады. Жақында Таздардың шежіре кітабы шықты. өзіндік Алдияр атты қоғамдық бірлестігі бар. Тарихта мәңгі орын алған белгілі тарихи тұлғаларымыз баршылық. Олар Шоқай би, Барақ батыр, Ақмалай би, Алтай батыр, Беген Жазыұлы, Жазы би Жаңұлы, Қарабалуан батыр, бертіндегі қоғам қайраткерлері
Bakhtiyar
30-10-09 17:20
Salem Lyazzat, Madiyarlar bizdin Torgai jerinde mekendeidi...Vengriyadan turister de kelip, ata-tegimen tanisip, tuistarin koruge kelgen bolatin...eger toligirak bilgin kelse Kostanai obl. Arkalik kalasinin murazhaina bar...akparat kop!:-)
Ермек Молдаєалиев
emoldagaliev@halykbank.kz
11-06-09 09:42
барлыќтарыѕа сјлем.
егер www.elim.kz сайтына барсаѕыз, онда осындай аќпарат бар. Бўл днк-анализбен дјлелделген.

argyn atygai Zhas R1a1
argyn meiram-begendyk A-1 YS G
argyn meiram A-2 YM G
argyn madyar A-3 AN G
argyn madyar A-4 AN G
argyn suyndyk-karzhas A-5 NB G
kusshy-kyrgyz Q

Орынбай
Orinbay@rambler.ru
15-01-09 16:09
Мадияр деген Арғын ішіндегі ру. Торғай жағында мекендейді.
Серик
Serik_ii@mail.ru.
05-01-09 19:21
Мадияр Кыпшактын Бултын руына жатады.Шежиресi www.elim.kz. сайтында орта жуз,каракыпшактын iшiнде бар.
Madiyar
NMN_93
05-01-09 07:37
salem Lazzat.Madiyar degen ol menin esimim,vengr elinen taragan dep okigan bolatinmin.uigirdan 6ikkan depte aitip jatadi? osi suraktin jauabin tapsan habarlas.poka
Руслан
bruslank@mail.ru
30-12-08 06:26
Мадияр руы, Қыпшақтан тараған. Тал түрінде көрсетілген шежіреде жақсы көрсетілген. Біздерді (мені), осы күнге дейін, аталар, венгр дейді.
Данияр
edany@list.ru
29-12-08 10:21
Сәлем Ліззат!
Мадияр деген қазіргі венгрлер ғой.
Арслан
www.arslan-77@mail.ru
21-08-08 18:45
Мен мажар(мадьяр) кым мен ???
1
1
07-04-08 13:51
Сорлы,байсырған жаман қар,шыққан тегін білмеген жан сені де қарқ қылады...Отта...
Елдос
30-03-08 05:29
Жігітіѕіз неге ґзі тегін сўрастырмайды?
Әсет аға
18-11-07 09:37
Ляззат. Мадияр руы Арғын елінен тарайды үлкен аталары Елемес, төмен шекты жоғары шекты деп те атайды
Mr.Mirat
11-07-07 22:36
Сәлем, Ләззат! Сен Есенберлиннің "Алтын Орда" кітабын оқымап пе едің? Әлде тарих ғылымына деген қызығушылық болмады ма? Қалай болғанда да әрбір адам туған тілі мен өз тарихынан сусындап өсуі тиіс. Мадиярлар елі немесе Мажарлар елі деп аталады. Ол қазіргі Венгрия жері.



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube