Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Интернет және ақпараттық технологиялар
Тақырып: ҚАЗАҚша электронды журнал жасауға ат салысындар!


Авторы Xабарлама
Аман
burkit05@yahoo.com.cn
04-08-07 11:23
Ассалаумағаликом,қандастар! Қазақша электронды журнал жасайық! сол үшін осы форымды аштым.
үлес қосамдеушілер осы форымға өлеңдерді жолдаңыздар,мүмкін болса burkit05@yahoo.com.cn -ғе жолдаңыздар.

Авторы Жауап
Менде бастауыш сынып оқушыларына арналған өлеңдер жинағы бар соны жариялауға бола ма екен.
khamzina.77@bk.ru
28-05-15 18:07
Жыл маусымдары

Көктем

Келіпті көктем,
Күн нұрын төккенде.
Қар еріп, ақты су,
Жоғары ұшты бу.
М. Әлімбаев

Көктем, көктем, көктемде,
Құстар келіп жеткенде.
Біз қуанып қаламыз,
Әнмен қарсы аламыз.
Көктем, көктем, көктемде,
Күн күркіреп өткенде.
Нұр-жаңбырды тосамыз,
Оны да әнге қосамыз.
Көктем, көктем, көктемде,
Күн шуағын төккенде.
Күлім-күлім қағамыз,
Ойнап, асыр саламыз,
Әңгіме тыңдаймыз.

Көктем күні күркіреп,
Жаңбыр жауды сіркіреп.
Бәйшешектер дүркіреп,
Шыға келді қыр түлеп.
Көбелектер көлбеңдеп,
Ебелектер елбеңдер,
Қаз-үйректер кердеңдеп
Ұшып жатыр көлден кеп.
Сылдыр-сылдыр бұлақтар,
Сыбдыр-сыбдыр құрақтар,
Күрт-күрт орын құр атар,
Сырт-сырт ойнар лақтар.
Кешке оралып мал қырдан,
Ауыл маңын даң қылған.
Көктем күні ән-думан,
Қуанады балдырған.

Көктемнің ақ жауыны,
Жаңа ғана басылды.
Жыртылып бұлт бауыры,
Күннің көзі ашылды.
Бұйраланған көк белең,
Күн шуақтап, жайнайды.
Али
Ali_93m@mail.ru
02-09-12 18:18
Aaaaaa
жарас
jaras_98_98
16-02-11 15:57
Бастаган кадамыныз кутты болсын балалар мен жас оспиримдер адебиетин киргизсениз жаксы болар еди
Фархад
Farhad_2905@mail.ru
01-11-10 15:45
Әрине толық ашып айтсан болды қолдан келген комекті аямаймыз!
жанна
janna_22222
28-10-10 13:50
электрондық пошта
toktar
toktar08@mail.ru
25-02-09 20:39
Ардақты Аман. талабың жақсы.Мен профессормын.Сенің журналыңа берерім көп.Сен оқы,қазақтың басқа да талапты балалары оқысын.Мұндай ғажап мүмкіндікті балалардың ойыншығына айналдырмай,танымдық,білімдік мақсатқа пайдаланайық.Қазақтың көзін ашуға мысқалдай болса да үлес қосайық.Абылай ханның өмірі мен қызметі,Абайдың шығармашылығы,өлеңдерінің текстологиясы,Мағжанның өмірі мен шығармашылығы,Қазақ баспасөзінің тарихы,Алаш көсемсөзі сияқты тақырыптарда авторлық материалдар бере аламын.18-ғасырдағы Қазақ хандығынан бастап 20-ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстан тарихынан тың әңгімелер қозғауға болады.Көшіріп алып,менің атымнан баспасөзде жариялауға рұқсат.Тайшыбай Зарқын Сыздықұлы,филилогия ғылымдарының кандидаты,профессор.Қазақстан,150000 Петропал қаласы,Театр көшесі,50 үй,4 пәтер.Электронды пошта осы менің балам,өзімдікі де бар.zarkyn-42@mail.ru Мынау Мағжан туралы зерттеу мақала,бастамасы болсын.
кєрім
jbb@ok.kz
26-09-07 08:07
Діни µлењдер керек пе, бауырым? ¤міріњде естіп кµрмегенсіњ оларды. Халыќќа да керек болар еді. Єрі мына электронды журналыња "имандылыќ" немесе "дін" деген сияќты рубрикалар керек болады.
Сјнтай
m_hassaq@mail.ru
20-09-07 20:13
Аман!

Бўл ўсынысыѕ ґте дўрыс! Ґз басым шетелдегі ќазаќтардыѕ ґлеѕ-жыр, шыєармаларымен танысуєа аса ќўштармын. Меніѕ ойымша оларда таза ќазаќылыќ тўнып тўрєан болу керек. Сол тўныќтыќтан ќўмарым ќанєанша меймілдете ішсем деймін.

Ал, техникалыќ жаѕалыќтарды дер кезінде ќазаќтарєа жеткізу ел экономикасын дер кезінде кґтеріп отыруєа ыќпалы ґте зор. Осындай техникалыќ жаѕалыќтардыѕ басында Ўлтжанды азаматтарымыз жїрсе Ўлттыќ ќадамымыз біршама аршындар еді!

Бір ўсынысым, Жаѕалыќтар шыєарєан ќазаќтар туралы жарияланым болса! Шалєайдаєы јр ауылда небір жаѕалыќ иелері бар. Тіпті, ауылдаєы бір ќазаќ ўшаќ ќўрастырыпты, енді бірі ўшатын комбаин ойлап шыєарєан, бірі мал ќиынан "кґгілдір отын" газ шыєаратын ќондырєы ойлап шыєарыпты. Ел экономикасын асќаќтатар осындай идеяларды ел игілігі їшін неге іске асырмасќа! Шетелдік ќондырєылар сатып алып, аќшамызды шетелге жібергенше, ґз еліміздегі асылымызды шетелге танытуєа кїш салсаќ нетті? Шикізаттан дымы жоќ Жапония ґздерініѕ ішкі потенциалдарын бар ќуатымен іске ќосып, ґз-ґздерін Бїкіл јлемдік жетекші мемелекет деѕгейіне кґтерді емес пе? Бізде де ўлы дарындар баршылыќ. Тек соларєа осы электронды журнал арќылы жол кґрсете білейік!!!
Аман
voipaman@mail.ru
17-09-07 21:59
Ереке, Анар, Эми, Сјнтай, сіздерге шын жүректен алғыс айтам! ҚАЗАҚша электронды журнал туралы қандай ой-пікір, ұсыныстарың бар жазып жіберіңіздер. Ал өз ойымда электронды журнал болғандықтын журналдың мазмұны көп болса деймін, адебиет, техника бәрі болса.
Адебиет ішінде казіргі заман адебиеті, көне заман адебиеті , әрсіресі Қазақстан кітап жүзінде басып шығара алмай жатқан атабабамыздың өлеңдерін жариаласақ, қалай қарайсыздар?
Техника жөнінде ғылыми техникалық макалалар , жаңалықтар, жобалар, шетелде болып жатқан ең жаңа техникалық ауқымдарды жассақ керемет болар еді. Мақсатым әлі елге тарай қоймаған жаңа техникаларды Қазақтар алдыман біліп игерсе дегенім.
Сјнтай
m_hassaq@mail.ru
14-09-07 17:51
Ґте ќуаныштымын!

Ия, ґлеѕ шыєаратын жастарымыздыѕ ґз ґлеѕдерін осы бетке жариялаєаны жґн. Атам ќазаќ еѕбектеген баладан еѕкейген ќарияєа дейін айтар ойын табан асты такпактап - аќ айта салар суырыпсалма
шешен емес пе! Ендеше, сол дјстїрімізді осы форумда жаѕєыртайыќ. Јркім ґлеѕдерін ортаєа салсын, біз достыќ раймен ґзара талќыласайыќ. Іске сјт, аќындар!!!
Эми
emi_a@mail.ru
14-09-07 13:51
Аман, бастамаңыз тамаша екен. Мен сізге көмектескім келеді. Кез -келген тақырыпқы сұраныс жіберіңіз. Жауабын тауып көрейік.
Анар
anara_89tk@mail.ru
13-09-07 15:26
Өз рухын биік ұстаған қазақстандықтарға улкен салем.Аман саған электронды журнал жасауға көмектесуге дайынмын.Қазітгі заманнын жастары атақты ақын-жазушылардың өлеңдерін көп оқымайды,тіпті қарапайым Абай атамыздың өлеңін жатқа айтып жүргендер өте аз.Мен өзім өлең шығарамын.Өлеңдер мына өмір туралы.Келесі жолы өлеңдерімді осы бетке жариялаймын.Өлең шығаратын жігіттер мен қыздар болса,осында өз өлеңдерін жарияласа жақсы болар еді."Сырт көз сыншы" дейді ғой.Жарияланған өлеңдерге өз бағаларыңды берерсіздер.
Ереке
technosyndrom@yahoo.com
15-08-07 15:48
Ќандай журнал жасайыќ? Ќандай таќырыпќа екенін айтып жіберсеѕ, ќолымыздан келгенше ат салысар едік.
Аман
voipaman@mail.ru
11-08-07 16:29
Асхат, пікір білдіргеніңізге рахмет!
айқаның дұрыс, әрине Қазақша электронды журналды блог ретінде жасауғада болады, басында журнал жасау ой келген кездегі мақсатым интернетке шыға алмайтын қандастарымма көмек беру болатын. Кәзір көпдеген Қазақстандағы адамдар үшін сіз айтқан сурет клипдерді енгізсе олардың оны көруі интернет жылдамдығының төмен болу себебінен қиынға түседі. Ал алдымен электронды журнал жасап, сосын интернетте жариаласақ, әрі тегін таратсақ, онда интернеті бар адамдар интернеттен түсіріп алады, интернеті жоқ адамдар меннен көшіріп алсада болады. қалдан қолға өтіп кетеберсе қандай тамаша!
Пікір қалдырғаныңа рахмет, өзің электронды журналда қандай мазмұндар болуын қалайсыз?
Асхат
askhat@neweurasia.net
11-08-07 01:21
Электронды журналдарыңызды блог негізінде бастасаңыздар жақсы болар ма еді. Сурет пен клиптерді де қондыруға болады. Қазақ тілінде мәтіндеріңізді де енгізе аласыз. Өз алдына бір электронды журнал болар еді. Бастамаларыңызға сәттілік тілеймін.
Аман
voipaman@mail.ru
09-08-07 10:44
Сәлеметсіз бе Сәнтай? көмегіңізге көп-көр рахмет! жазғаныңызді көріп қатты қуандым. Алдында бірнеше күн бойы ешкім сөз қалтырмағанын көріп көңіл күйім түсіп кеткен еді, сіздің жолдағыныңызды көріп жақсы болып қалдым. Өміттеріңді ақтаймын, Қазақ стилінде, тамаша , әдемілеп тұрып жасаймын.
Үлкен Рахмен!
Руслан
06-08-07 10:56
ruslan_86@bk.ru habarlas
Сәнтай
m_hassaq@mail.ru
05-08-07 19:08
Аман, бұл форумды ашқаның өте дұрыс болған. Әркім көңіліне ең ұнаған өлеңдерін жазып жіберсін. Өз басыма Қайсар Рухтық сарында жазылған өлеңдер аса ұнайды. Мұхтар Шахановтың өлеңдерінен ең ұнайтыныны мыналар:

БӨДЕНЕ ТАЛАНТТАР мен ҚАЖЫМҰҚАНДАР

Ертелі-кеш ұлылыққа ауғанымен аңсары,
Біздің қоғам ергежейлі дарындардан шаршады...
...

Япырай, бұл не, ұлтымыз алыптықтан суынғаны ма?
Жүз қырық жылдай өтсе де Қажымұқанның туылғанына,
Күллі қазақ әйелдері жыл сайын жабыла толғатқаныменен,
Намысын өр кеуде еркек қуаттарға қорғатқаныменен,
Әкеле алмаған соң өмірге жойқын күш – жаңа Қажымұқанды,
Әр әйелдің өз күйеуіне өкпе - қыжылы, назы тұтанды.
Әркім жеп-жеңіл, жеке салмағында чемпион атанса, бітті ме?
Иландырмас мені қырық килолық «бөдене» палуандар тіпті де...

Қажымұқан рухын иеленген далаға етуде бүгін иелік
Қанша мың бөдене бастықтар бөдене ойларға сүйеніп.
Материалды байлық тарландарын ғана құдырет, арыс көретін,
Перзентін бабасының тілінде оқытуды намыс көретін,
Тек өз қалтасына ғана лақылдап құйылар кірісті білетін,
Шаршады халқымыз қуыршақ әкімдер мен министрлерден.
Құыршақ зеңгер, полиция, кәсіпкерлер қаптап келеді,
Ұлтына мұрнын шүйіріп, әдебиетін, тілін таптап келеді.
Тұйықтан шығар жол іздер жігері, санасы жалындап ерек,
Әр салада бізге дарабоз Қажымұқан дарындар керек.

Ергежейлі бөдене таланттар, жоқ сендерде болашақ таңы,
Қайдасың Қажыұқан шаруашылықтағы, ғылым мен саясаттағы?
Тұлпар туған биені біздің ұлтымыз ешқашан соймаған,
Осы дара дәстүрде мазмұн бар тереңге басқаша бойлаған,
Қажымұқандық жоқ, қарадан ақ бөлініп сараланбайынша,
Қоғамда тұлпар ой туғызар еркектер бағаланбайынша.

Шындықтың әрбір ісіне жалғандық сақылдап күліп тұрғанда,
Бөдене ойлар тақымдап, билігі бар жерде жүріп тұрғанда,
Шықпас деп қазір кім айтар қайсар қанаттылар халықтан зерек?!
Рухтың табанындағы шөңгені алатын,
Жабайы капитализмды де жөн деп салатын
Қоянның көжегіне ұқсас ергежейлі қалыптан бөлек,
Қоғамға бүгін Қажымұқан қуатты дарындар, алыптар кепрек!..

Қажымұқандарсыз түзету мүмкін бе қазіргі сұрқай жағдайды?
Қажымұқандарын қолдамаған халық биікке шырқай алмайды!


ЦЕМЕНТ

Құм мен құмды кіріктіріп жалғайтын,
Тас пен тасты біріктіріп қолдайтын,
Топтасуға жаны ғашық,
Үгілгеннің бағын ашып,
Тек тұтастық мүддесінен самғайтын
Құрылысқа арзан әрі тиімді,
Теңге ететін, қоңды ететін тиынды
Жаңа цемент ойлап таптың, жас ғалым,
Құрмет көргей құм жазған дастаның.

Азаматтық санамыздан ғылым озса, не етерміз?
Аман тұрсақ, әлі талай жаңалыққа жетерміз.
Бірақ мынау ұлтымызды жауырыны құрысқан,
Бірлік емес, байлық үшін жұлысқан,
Бас- басына би болуға тырысқан,
Қалай, қайтіп біріктірер екенбіз,
Қалай, қайтіп кіріктірер екенбіз?

Рухсыз бен ұлтсыздың бағы жанған заманда
Басымды ием, дәл осы іске цемент тапқан адамға!!!

P.S. Ұнайтын тағы біраз өлеңдері бар. Бәрін теруге уақыт тығыздау. Кейінірек жазып жіберемін. Бақаларына кімнің, қандай өлеңдері ұнайды екен? Маған және арынды Маралтайдың өлеңдері ұнайды.

Аман
burkit05@yahoo.com.cn
04-08-07 19:00
Абай, Байтұрсын, Мұхтаршахан сияқты ақындарымыздың өлеңдерін теріп беріп жіберіңіздер.
Аман
burkit05@yahoo.com.cn
04-08-07 16:06
қалай сонда?!!! ешкім атсалысқысы келмейді ме? Журналда мақалалар жариаласандарда болады. интернет жоқ бауырларымызға көмекдесейік!!!
Аман
burkit05@yahoo.com.cn
04-08-07 11:36
ҚАЗАҚша электронды журнал жасауға ат салысындар дегеннен екеу кетіп қалыпты. кешіріндер. Астындағыға хат жолдамай-ақ қойындар.



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов