Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Казак халкынын урдісі - жети атага жетпей кыз алыспау


Авторы Xабарлама
Айнура АЛБ
27-09-07 10:52
Қазақта жети атаға толмай қыз алмау үрдісі ежелден қалыптасқан. Бірін-бірі шын қалап, көңілдері жарасып тұрса да, жөн сұраса келе жігіт пен қыз бір рудың балалары екендігін білсе, бір-біріне бақыт тілеп, ағалы-қарындастай болып шын ниетін білдіріп қала берген. Дегенмен туыстығы жеті атадан әлдеқашан асып кеткен кейбір рулардың әлі күнге бір-бірімен қыз алыспауы бірін-бірі шын қалап тұрған жастар үшін қиянат емес пе? сиздер калай ойлайсыздар?



Авторы Жауап
Тимур
timurt322@mail.com
29-09-17 20:28
Кеширесиздер мени кинап журген бир сурак бар.отинем комектесип жибериниздерши, мен озимнин жиенимди жаксы коремин Ол да мени 7 атадан асканбыз уйленуге болама.
Ұлықбек
11-02-16 06:13
Қазақта - \"жеті атадан асса болды үйленуге болады\" - деген сөз - жеті атадан асқан өз руыңнан қыз ала беруге бола береді - рұқсатнама - емес. Бұл - жеті атадан асқан жиен қарындасыңа үйленуге бола береді деген - рұқсатнама. Қазақта жеті атаң түгілі жетпіс жеті атаңнан ары асып кетсең де өз руыңнан қыз алуға - рұқсат - жоқ. Кейбір жетесіз қазақтар - жеті атадан асса болды өз руларынан қыз алуға бола береді - деп ойлайды, ол дұрыс емес.

Айнұр сенің сұрағың \"жеті ата үйленуі\"- тақырыбына қатысы жоқ болып шықты. \"Бөлелер үйленуі\" - деген тақырыпқа кірер екен. Оны Әйелдер қауымы (Матриархат) өздері шешеді екен. Рұқсатнаманы - шешеңнен алады екенсің.

Нағашы мен жиен үйлене ме? - деген сұраққа жеті атаға дейінгі әулет жиендеріне үйленуге болмайды, үш туып бір қалған \"Ру\" -жиендеріне үйленулеріне бола береді.

Мұсылмандық некенің Қазақ некесіне қатысы жоқ екендігін қатаң түрде ескертеміз. Мұсылмандық некеде бір қарыннан шықпаса болды үйленуге бола береді деген - рұқсатнамалары - бар екен. Бұл біздің Қазақ менталитетіне тура келмейді.
шынгыс
sh92.kz@mail.ru
07-02-16 22:10
мен озимнин уш туып бир калган жиен карындасыма гашыкпын не истесем болады, ол да мени суйеди , не истесем юолады комектесиндерши,
мика
микш
15-08-15 11:22
жети атадан асса болды косыла беруге болады.Бирак менин енем карсы болды,биз косыла алмаймыз ба деп ойладык бирак сонында конди гой.
Айнур
Ergenova.ainura@mail.ru
20-12-14 16:16
Комектесиниздер! Отиниш!
Менин руым сиргели ишиндеги елибай, ал мамамдын руы-рамадан(киши жуз), ал менин жигитимнин руыда рамадан, бизге бирге болуга болама?
Тагы бир маселе барда, Ол бала менин папамнын мамасынын туган апкесинин баласы. Отиниш ман бериниз маган !
Baukatai
baur_zhan94@mail.ru
29-08-14 02:07
Нагашылы жиен косыла алама?
Назерке
a.nazik.zh@mail.ru
07-01-14 15:41
Жеті атадан асып он бірінші атадан аскандарға үйленуге болама
Айгерим
02-11-11 13:19
Жети ата дегенимиз не?
Есбол
eske@ok.kz
24-06-08 16:12
Дала,бәріде мүмкін.
Бірақ,бұл әке жағынан куылатын салт.Әжесі өз шөбересіне шөбере сіңнісін алып беріп жатса,онда тұрған ештеңе жоқ.
Бұл аралықта қанша қан өзгеріске түсті,туған нағашылы-жиенді емес қой.Және мен тек сондай салт бар екенін ғана айттым.Мен екі туған бөлелердің сезімге тоқтау бере алмай,ерлі-зайыптылар болғанын көрдім.Ол қазаққа жат нәрсе. Олардың екеуіде намаз оқып,ораза тұтатын жандар еді.
Сол дін арқылы араб салтын қабылдап,екеуі қосылды.Өйткені Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың өзіде немере қарындасын әйелдікке алды емес пе?
Бұл жерде айтпағым өзбек,араб тағы басқа халықта дін ондайларға қарсы болмайды,тек қазағымыз болашақта Иманды боламыз деп өздерінің немере қарындастарына,жиен-нағашыларына,туған бөлелеріне қосылмаса болды да.
Дала
23-06-08 21:42
Ол аже өз қаны бар немересіне оз қаны бар немере синлисин аперсе даун туылады Есбол, қай жағынан туыс адамға жоламау керек қой
ЖАС АНОНИМ
23-06-08 21:14
Дұрыс, қазақтың салты өте дұрыс. Бізде мұндай салт бар екенін мақтан тұтамын.
Есбол
eske@ok.kz
23-06-08 09:14
Қазақта менің білуімше сүйек жаңғырту деген салт бар,бұл төсек жаңғыртудан басқа.
Яғни,қазақ тек жеті атаға емес,сонымен бірге туған,немере нағашылы-жиендердің қосылуынада қатаң тиым салған.
Әжелеріміз кейуана атаным,бұ дүниеден о дүниеге өтер кезінде: енді мен кетсем менің төркіндеріммен араларың суыйтын болар,сол ретте менің сіңлілерімнің біреуін шөбереме алып беремін деп отыратын.Бұл сүйек жаңғырту деп аталады.Яғни,құдандалы екі жақтың екінші рет құда болуы.
Әкелеріміздің ол біздердің құдаларымыз деп отырғанын талай естігенмін,қалай деп сұрағанда бәленбай кезең өткенін аңғарамын.Сонда еріксіз күйеу жүз жылдық,құда мың жылдық деген сөзі еріксізө есіме түседі.
Есбол
eske@ok.kz
23-06-08 09:01
Салем Айнұр!

Ия,қазақтың асыл салтының бірі,ол-жеті атадан қыз алыспау.Бұның қай заманнан шыққанын білмеймін.
Бірақ жеті атадан асып кеткенен кейін ауыл ақсақалдары кеңесе отырып,шежіреші даналарды ортаға алып ақылдасатын болған.Құрбандыққа қан шығарып,бүкіл руға жар салып осы атамен осы ата аралығында жеті аталық кезең өтті,енді бір-бірімен қыз алысатын жекжаттыққа жетті деп басқа рулардың билерін куәлік ете отырып,сол кезде екі жақтан кәмелетке толған ұл-қыздарын қалыңсыз қосып,той қылған.
Бұл той ендігі екі жақтың қыз алысуына берген ұрықсаты болса,бір реттен өсіп-өнгенінің белгісі іспетті,қан арасы бұзылды,жекжат-жұрағаттыққа жетті дегені еді.Жеті ата былай өрбиді:
Әке Бала Немере Шөбере Немене Туажат Әріжат Жекжат Жұрағат
Сол реттен ондай ғашықтар болса,әрине әкесіне жүгінгені абзал.Оны шешетін үлкендер.Менің әкем марқұм айтып отырушы еді,біздің Олжабай мен Құлжабай жеті атадан асып кетті,бір шалдарды жинап кенес ететін екен,ақылдасып дегендей.Ол кеңес кіші кеңес,яғни өз-ара ортаға ой тастау,сосын үлкен кеңес,ол екі жақтың алдағы істі егжей-тегжейлі шешуі.
Каспий
19-06-08 15:14
Негізі "жеті атаға дейінгі қыз алыспау" дегенді мен дұрыс деп есептеймин. Бізді ата анамыз кішкентайымыздан ру сұрасып уйреткен, мынау онда ағаң болады я болмаса апаң болады деп сыйластыкка уйреткен. Оның түбінде үлкен мағына жатыр себебі ең бірінші атадан тараған бір бірімізге ағайын болып келеміз. Махаббат екен деп бас салып қосыла бермей ата бабаларымыздың өсиетін сақтағанымыз жөн болар ағайын! Бәрібір де бір түрлі емеспа мен лично өзім рулас екенімізді біле тұра оны тек аға ретінде бір бауырым ретінде сезінер едім. Өйтетін болсақ бара бара эзербайжан халықтары сияқты біріне бірі қосылып жатқан, жиенге нағашысы қосылып жатқандай масқара болмайық!!!
Мен қарсымын! Және де болашақта балаларыма да айтып жүруді жөн деп санаймын.
Салеммен Маңғыстау облысы Ақтау қаласының тұрғыны.

Айнура АЛБ
Салем!
17-06-08 14:49
НАҒЫЗ АНОНИМ сізді тусінбедім, сонда сіз уйлене беру керек деп ойлайсыз ба?
Айнура АЛБ
Салем!
17-06-08 14:47
tanir, рахмет сізге мына такырыбымды бірінші бетке шыгарып койыпсыз гой.
Мен сіздерге болган, озім козім жеткен окиганы айтып берейн. Менің мамамнын туыстары жагында, Жер хабар бермесін,бір кісінің анасын кезінде 12 жасында, аке-шешеден жетім калып, бауырлары оны бір туыстарына коса салады, одан 9 бала туылады, барлык 8 інін денсаулыктары жаксы, ал сонгы баласынын денсаулығы нашар болып туылады. Каратпаган емшілері калмаган, сосын аныктала келгенде сол каннын бір болуынан ушыгып отырган маселе деп шешкен, сондыктанда балаларымыздын дені аман-есен болсын десек, туыстығы жеті атадан әлдеқашан асып кетседе ешкандай жакындасудын кажеті жок, оган жол берілмеуі керек!
НАҒЫЗ АНОНИМ
ха-ха-ха-ха-ха-ха-ха-ха-ха-ха!
14-06-08 12:48
Махаббат гүлі солмайды! Рушылдықтан ашқан қарным тоймайды!
tanir
tanirbesbaev@mail.ru
13-06-08 01:18
Қазақ баласы өзінің жақын туысына үйленбеген, жеті атасын дәріптеуде қанның араласуынан сақтанғанның белгісі жатқаны бәрімізге мәлім. Өзге халықта жоқ қан тазалығын қазақтар қайдан білген? Бұл сұрақтың жауабы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» кітабында нақты келтірілген. Осы ғұлама бабамыз Әз Жәнібек ханға арнайы өтініш білдіріп, қазақтардың жеті атаға дейін қыз алыспауын арнайы заң ретінде қалыптастырыпты. Бұл қазақ халқының ұрпағында генетикалық ауытқуларды болдырмау (тектілікті арттыру) үшін қабылданған нақты, әрі көрегендік шара. «Мәселен, – деп жазды, А. Сейдімбек «Бейпіл сөздер» жинағының кіріспесінде. – славян жұртында қайын енесі мен күйеу баласының арасындағы жыныстық қатынас эротикалық фольклорында жиі көрініс тапса, мұндай ахуал қазақтың бейпіл сөздерінде ұшыраспайды». Міне, жоғарыда айтылғанның бәрі көшпелі өмір салты бар сахара қазақтарының жыныстық қауышу мәдениетінің ерекшелігін байқатады.
Сөздің орайы келгенде айта кетейін, көршілес жатқан Қытай еліндегі даоизм бағытында өміршеңдік күшті сақтау үшін адам жыныстық қауышудан, некеге тұрудан бойын аулақ салуға, тіпті, реті келген жағдайда өзін-өзі әтектендіруден де қашпауға тиіс деп түсіндіріледі. Мұндай сорақы әдет-ғұрып көшпелілерде бұрын-соңды болмаған дүние. Екеуара жұп (жұбай сөзінің түп-төркіні) болып ұрпақ өрбітуді Тәңірінің сыйы ретінде сезінгендіктен, олар төсек ләззатына өзіндік табиғи әр бере білген.
Үзінді "Төсек ләззаты" кітабынан алынды. Кітапты мына сайттан көре аласыз: http://www.referattar-kz.narod.ru
Айнура АЛБ
28-09-07 14:36
Карім сиз екеумиздин пикиримиз бул такырып бойынша оте аз, орыстарда бир макал бар гой "бир бас жаксы, еки бас одан да жаксы" деген, сондыктан да бираз аягына дейін кутейік, баска елдердин пикирин тындап корейік.
Айнура АЛБ
28-09-07 14:28
Мен бул маселе жонинде бираз малиметтер жинап кордим, ол малиметтерди мен сонына таман, елдердин бираз пикирлерин естип бирак жариялайын деп отырмын, казирше мына бир журнал бетинен окыган жазушы-драматур Дулат Исабеков, жазганын жариялайын:
– Қазақта қыз алыспайтын аталар бар. Олар жеті ата емес, жетпіс ата болып кеткен де болуы мүмкін. Ел оның бір шеті бұзылса, яғни бір-бірінен қыз алысу басталса, бәрі араласып кетеді деп қорқады. Қазірдің өзінде жастар қалаға келіп, бір-бірінен жөн сұраспай, тегін білмей үйленіп, ыңғайсыз жағдайға тап болып жатқандар бар. «Соларды бір-бірінен айыру керек пе, жоқ па?» деген де мәселе туындайды. Бірге өмір сүре берсін десе, өзгелер де осы қателікті қайталауы мүмкін, ажыратып жіберсе, бірін-бірі шын ұнатып тұрған жастар зардап шегеді. Бұл мәселе осындай екі ұдай қиын жағдайға тіреледі. Негізі, біз – «басқа рудың қыздары да жетеді ғой» деген жазылмаған заңды мойындап қалған халықпыз.
Бұрынғы жағдайда қазақ халқы ата-ата, ру-ру болып қауымдасып өмір сүрді. Бір-біріне бару, қатынас қиын болды. Сол себепті жеті ата, қанның тазалығы деген мәселеге мықтап назар аударылды. Сабыр сақтады. Егер жастар білместік жасап, қосылып қойған болса, ақсақалдар жиналып бата берді. Қазір біріншіден, жиналып, ақылдасып, бата беретін ақсақалдар да жоқ, екіншіден, біреуіне бата берілсе, одан өзгелері бес-алты атадан қосылып кетеді деп қорқады. Ондай жағдайда ағайын-туыс болып отырған жандар бір-біріне құда болып шыға келеді. Көпшілігі, меніңше, осы жағынан аяқ тартатын сияқты.
Біз өз қатарластарымызбен кейде осы жайында әңгіме қозғаймыз. «Не істеу керек?» деген сұрақ көлденең тұрады. Сондайда әңгіме көбіне «Басқа рудың қыздары да толып жатыр ғой. Қайта басқа рулармен қыз алысып, жекжат болайық, жақындасайық» дегенге келіп тіреле береді.
Кеше ағайын болып, бауыр көріп жүргендер бір-бірінен қыз алуға ыңғайсызданады. Солай қалыптасып кеткен. Арақатынасымыз сегіз-тоғыз, тіпті он атаға дейін жеткен ағайындар өзімізде де баршылық. Мен олардың қызын ұлыма алып беріп, қалай келін деймін? Психологиялық жағынан біртүрлі көңілге қонбайды. Қазіргі кезеңде бұл жағдайды ақсақалдардың басқосуымен, батасымен бір бітімге келіп, шешу қиын. Уақыт өте келе өзі бір реттелер мүмкін.
Бұрынырақ, Кеңестер Одағы кезінде жеті ата деген мәселе көп айтыла бермейтін. Сол кездерде бір-бірінің шыққан тегін білмей қосылып, перзентті болып қалған жастар болды. Ел жаққа барғанда соларды ажыратты. Мен сондай жағдайдың куәсі болғанмын. Ажыратпайын десе, жастар бірін-бірі алып кететін түрі бар. «Біз бір-бірімізбен ағайын боламыз ба, әлде құда боламыз ба?» деп ауыл ақсақалдары әзірге олардың бетін қайтарып, басу айтып, тоқтау салып отыр. Негізі, Орта Азия халықтары арасында да бір анадан туған болмаса қыз алыса беретіндер бар. Олар мұндай қадамға барды екен деп, біз атадан келе жатқан дәстүрден аттап кете алмаймыз.
Біздің бала күнімізде ауылға Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» спектаклін алып келді. Сырым мен Қарагөздің арасы алты ата. Сол кезде ауыл ақсақалдары «Сендер қандай үлгі көрсетіп жатырсыңдар, басқа айтатындарың жоқ па? Тату-тәтті отырған ағайынның арасына бүлдіргі салмаңдар» деп спектакльді қойдырмай, қуып шыққан. Соған қарағанда, бұл дәстүр ел арасындағы татулықтың да бір белгісі.

Кєрім
jbb@ok.kz
28-09-07 08:03
¤те орынды сµз, Айнура ќарындасым, мен б±л мєселе бойынша ‰лкендерді кінєлап ж‰ргенмін. Біраќ кейінірек ойланып ќалдым. ¤зім де ‰лкенге айнала бастаппын. "Сонда ќалай?" дедім мен µзіме-µзім. Барлыѓы ‰лкендерді кінєлі кµре берсе, меніњ ±рпаќтарым да мені кінєлайын деп т±р ѓой, солай емес пе? Демек, т‰йінніњ шешімі µз ќолымызда (яѓни жастардыњ ќолында) екенін ±ќтым. АЙНУРА деген ќыз осы бойынша Алты алашќа жар салып ±ран тастай алатын сµзі µтімді ќыз ба екен, єлді айтып-айтып ќоя салатын, болашаѓымен к‰неспейтін бос сµзді ќыз ба екен? деп ойлап отырѓаным...
Бану
27-09-07 14:50
Жақын адамдардан туған баланың да бір кемістігі болады. Ата-бабаларымыз осыны білгендіктен жеті атаға дейін қыз алысуға тиым салған.
Айнура АЛБ
27-09-07 10:59
сосын осы жерден окыганым бар еді "...жагамды ұстадым" деген такырыпта жазган бир казагымыздын, неге Алматыда таныспастан бурын руынды сурайды деп, менимше ондай үрдіс барлык жерде калыптаскан емес пе?



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube