Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Елдi мекендер, ауылдар, калалар
Тақырып: Түркістан қаласы туралы не айтасыз?

страницы:    2   1    в начало »   

Авторы Xабарлама
бекзат баймуратов
lemonty@ok.kz
05-04-04 23:31
barlikhtarinizgha salem.men khazir turkyanin konya khlasinda universitette okhip jatormin.esimim bekzat baimratov.ozim ontistikten bolamin.kentau khalasinan.osinda turkistannan da keybireulerinizdi korip khatti khuandim.jerlesimen soyleseyin degen edim.negizinde sizderdin barlikhtariniz menim jerlesterim bolasizdar.menim mail adresime jazip turinizdar,riza bolamin.barlikhtarinizgha sattilik tileymin.

Авторы Жауап
Нуршат
Nurshat2000.00@mail.ru
14-02-16 18:42
Туркестанга барудын ен колайлы уакыты кашан?казирги кезде Адамар барып жатыр ма?
Марал
zeinep. 7@mail. ru
08-01-16 23:30
Менде сол туркестан туралы коп естуим бар тарихи жерлерди аралап зерттегенди катты унатам иншаллах жолым туссе барам
АЗАМАТ
AZAMAT_1990_90@MAIL.RU
18-07-15 05:53
Kurmetti kazakhstandiktar!!!sizderdi elimizdin ruhani astanasi Turkestan kalasina ziaratka,saiahatka shakiramin!!! 8 771 156 39 27
Анар
mаirа_lovе.98kz@mаil.ru
04-08-14 11:05
Туркестан керемет кала г0й ма ша Аллах коз тимесин бирак медрессе ж0к с0л окиништи
РаХымжан
Rmz97@mail.rul
07-04-14 11:40
Барине салем!мунда коп магулматтар бар екен!сендерге рахмет!мен реферат даиындап алдым!!!

Нұрлан
yessengazy@mail.ru
23-02-14 19:18
Жеке Куәлігіңіз, аты-жөніңіз қазақ тілінде болмаса, сіз қандай қазақпын деп ойлайсыз?
Әкеңіздің, атаңыздың, бабаңыздың атын ұмыттырам деген заман өтті, аты-жөніңізді, тегіңізді Жеке Куәлігіңізге қазақ тілінде жаздырсаңыз, Алла тағала сізді қолдайды!
Бүгінгі күннен бастан, әр азамат, отбасы, ауыл, аудан, қала, облыс болып, түгел қазағым Қазақ Елінің нағыз азаматы атына лайықты жұмыс жасайық, өмір сүрейік, балаларымыз бен немерелерімізге қазақ екенімізді дәлелдейік.
Не істеу керек:
1. Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, өтініш жазып, Туу туралы Куәлігіңізді жаңадан таза қазақ тілінде жаздырасыз,
2. Қазақ тілінде жазылған Туу туралы Куәлік негізінде Жеке Куәлік және қажет болса Паспорт аласыз,
3. Басқа құжаттарыңызды қазақ тіліне аудармайсыз, бәрі жарамды, заңды құжат болып есептелінеді.
Сонда ғана біз аты-жөнімізге қарап қазақ екенімізді, бір үлгіде аты-жөнімізді жазатын Қазақ Елінің, ұлтымыздың төлқұжаты болатын жағдайға жетеміз.

Мысалға: менің атым Нұрлан әкемнің аты Ізден атамның аты Есенғазы. Ұлты қазақ азаматтардың тегi мен әкесiнiң атын жазуға байланысты мәселелердi шешу тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуiрдегі № 2923 Жарлығына байланысты Туу туралы Куәлігімді және жеке Куәлігім мен Паспортымды Нұрлан Ізденұлы ЕСЕНҒАЗЫ деп алдым.

Сонда ғана қазақ тілінде жазу сауаты дұрысталады, неге десеңіз сіздің жеке Куәлігіңіз таза қазақ тілінде ғой!

Сіздерге де сондай қуаныш сыйлаймын!

ай
nogman_001@mail.ru
14-02-14 20:17
turkistannin zattari arzan ol tarihi kala men kari sekildi magazinderdi aralap jurip turkistannan kinem men kentaudan min nomerim 87775102702
Жанель
supergirl.super.00@mail.ru
11-02-14 07:54
Түркістан қаласы қазақ хандығының ең бірінші астанасы. Қаланың көне атауы –Яссы. Яссы Ұлы Жібек Жолының сауда орталығы және округі болған. XII ғасырда әсіресе Қ.А Яссауи көшіп келген соң ерекше атаққа ие болған. Түркістанға 1500 жыл. Яссауи – ортағасырлардың ерекше сәулеті болып табылады.Керемет орналасуы және әдемі мозаика суреттермен апталған қоршау. 1500 жыл ішінде Түркістан атақты шейх-көріпкел ақын Хазрет-сұлтан аталған Қожа Ахмет Яссауидің арқасында әлемге әйгілі болған. Ол кезде қала атауы –Яссы болатын. XIV ғасыр аяғында Түркістан Ұлы Әмір Темір арқасында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі салынған соң атақты болды.
Даурен
30-01-14 10:57
Туркестан бурынгы казак хандыгынын астанасы болган,Онда Абылай хан Тауке хан Есим хан жерленген,
:fythrt
sonti_2003
12-01-14 16:37
түркістан көне қала,ежелгі қала,тарихи қала деген сөз тіркестеріне қарама-қарсы мағынада қандай сөз айтуға болады?
айжан
fqft79@mail.ru
12-01-14 09:45
түркістан көне қала,ежелгі қала,тарихи қала деген сөз тіркестеріне қарама-қарсы мағынада қандай сөз айтуға болады?
айжан
fqft79@mail.ru
12-01-14 09:43
түркістан көне қала,ежелгі қала,тарихи қала деген сөз тіркестеріне қарама-қарсы мағынада қандай сөз айтуға болады?
Маханова Ботагөз
07-01-14 12:23
Түркістан менің туған жерім. Қазір Астанада тұрамын.1967 жылғы кластастарымды іздеймін. Мені танитындар хабарласыңыздар.
Маханова Ботагөз
07-01-14 12:21
Түркістан менің туған жерім. Қазір Астанада тұрамын.1967 жылғы мектеп бітірген кластастарымды іздеймін. Мені танитындар хабарласыңыздар.
Ermek
Ermek-9898@list.ru
03-12-13 13:55
Барлықтарынызға салем! Мен өзім Қызылордалықпын. Мен жазғы демалыста Түркістанға бардым. Маған ол қала қатты ұнады.Тұрғындары да өте керемет жандар. Қысқасы Түркістанға жететін қала жоқ деп ойлаймын! Көп-көп Рамет сауболыныздар
Айгерім
aybolkyzy
15-11-13 10:36
lkj.gu.Түркістан – Орта Азия мен Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі. Ол туралы алғашқы деректер араб жазбаларында ІҮ-ІХ ғғ. бастап Шавғар деген атпен кездесе бастайды. Араб тарихшы-географы Әл-Истахри ибн Кордаубех ат-Танрази өз жазбаларында: “Көне Шавғар ХІ ғасырға дейін өмір сүрген де, ХІғ. бастап қала орталығы Яссыға көшті”, - дейді. Бұл деректерді қазіргі біздің археолог ғалымдар да растайды.
Ал қорық ғылыми қызметкерлердің зерттеуі бойынша, Қытай санекрит жазбаларындағы деректерге қарағанда, Түркістан қаласы біздің дәуірге дейінгі ІІ-ІІІ ғғ. өмір сүргендігі және сол кездің өзінде ірі мәдени және рухани орталық болғандығы туралы болжамдар айтылып жүр. Мысал келтіретін болсақ, сол кездегі Қарахандық билеушілердің осында әкелініп жерлене бастауы, атап айтқанда, Отырар билеушісі Ілияс ханның жерленуі, тіптен Сайрамда туып-өскен Ахмет Иассауидің де Түркістан жерінде тұрып, осында жерленуі жайдан-жай емес екендігі анық..
ХІҮ ғасырда, яғни А.Иассауи кесенесі салынғаннан кейін, Түркістан бүкіл түрік тілдес халықтардың діни орталығына айналып, “Хазрети Түркістан” немесе “Кіші Мекке” атанды. Бұл болжамды шығыс зерттеушісі академик В.В.Бартольд да қолдайды.
ХҮ ғасырда Түркістан Сырдария өңірінің саяси және экономикалық орталығына айналып, 1598 жылы ол біржолата қазақ хандығының орталығы болады. Бұған дәлел – А.Иассауи кесенесі төңірегіне қазақ хандарының жерленуі.
Түркістан қаласы сонымен қатар орта ғасырдың өзінде ірі білім орталығы болғандығы белгілі. Оның мәдени өмірінде дәруіш ақындардың, ислам дінін уағыздаушылардың да шығармалары үлкен орын алады.
Олардың қатарына Ахмет Иассауи бастап, оның шәкірті Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Жүгнеки, Жүсіп Баласағұндар жатады.
Мың жарым жылдан аса өмірбаяны бар Түркістан – ер жүрек батыр қала. Монғол-татар, жоңғар шапқыншылығын, қазіргі Орта Азия мен Қазақстанда сол кезде өмір сүрген мемлекеттер мен хандықтардың жаугершілігін көрген қала. Орта ғасырдағы Сыр бойындағы Сығанақ, Сунақ, Сауран сияқты үлкен шаһарлардан біздің ғасырға жеткені де осы қала.
ХҮІІ ғасырдың басынан Түркістан қазақ хандығының, яғни қазақ мемлекетінің астанасы болды. Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасын реттеу үшін Түркістаннан Ресейге, Ресейден Түркістанға елшіліктер жүріп отырған.
Түркістанның бүкіл қазақ халқының байтақ астанасы болғандығын дәлелдеу үшін Шығай, Есім, Жәңгір, Тәуке, Абылай, Қазыбек, Әйтеке секілді қазақ халқының ұлдары мен Қанжығалы Бөгенбай, Тобықты, Мамай, Қоңырат Сырғақ, Нияз, Дулат сияқты батырларының құлыптастарының А.Иассауи сағанасында орналасқанын айтудың өзі жеткілікті емес пе?!
Өткен дәуірлерде құрылыс саласында қол жеткен табыстардың көпшілігін өз бойына жинақтаған ғимараттардың бірі, Түркістан қаласындағы күні бүгінге дейін жақсы сақталып келген кесене.
Бізге жеткен жазба мәліметтерге қарағанда, көне Ясыда, қазіргі мавзолей тұрған орнында мұсылманның атақты әулиелерінің бірі, дәруіштер шайқасы – Ахмет қабіріне ХІІ ғасырдың өзінде-ақ шағын мавзолей орнатылғаны белгілі. Кейін бұл мавзолей мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды.
Ахмет Иассауи кесенесінің қасиетті орын ретінде атағының жайылуына ХІҮ ғасырдың 30-шы жылдарында моңғол шапқыншылығынан қатты күйреген Түркістан қаласының қайта гүлдене бастауы ерекше ықпал етті. Алтын Орданың өктемдігін жойып, астанасы Сарай Беркені өртеп жіберген Темір осы жеңістің құрметіне ескі мазар орнына жаңа, зор кешен орнатуды ұйғарды. Осы тұрғыда Темір тек діни мақсат-мүддені ғана көздеген еді деу қиын. Бұл оның жалпы жасампаздықты мұрат еткенін, беделін көтеруге, үстемдігінің мызғымас берік екендігін көрсетуге қажет еді.
Құрылысты жүргізуді Темір Мәулен Садырға жүктеді. Көптеген жазба деректерге қарағанда, болашақ құрылыстың жобасын жасауға Темір тікелей қатысып, негізгі бөлмелерді өзі анықтаған көрінеді.
1991 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Республикалық музей “Мемлекеттік тарихи-мәдени Әзірет Сұлтан қорық музейі” болып қайта құрылды. Қорықтың жалпы ауданы 88,7 гектар. Оған бірнеше ортағасырлық ескерткіштер кіреді:
Қазақ хандарының зираттары (Есім, Тәуке хандар);
Ұлы астроном, ғалым Ұлықбек қызы Рәбия Сұлтан Бегім мазары;
Ортағасырлық “Шығыс моншасы”;
Жер асты мешіті (Аңызға қарағанда, Ахмет 63 жасқа келген соң, Мұхаммедтен артық өмір сүру күнә деп, өмірінің қалған жылдарын осы жер астында өткізген көрінеді. Осында отырып бүкіл мұсылман әлеміне белгілі “Хикметтерін” жазады);
Шілдехана, белгісіз мавзолей, Гауһар ана, Алқожа ата мавзолейлері, т.б. ескерткіштер. Сәулет-ғимарат – аса үлкен күмбезді құрылыс. Оның ені 46,5м, ұзындығы 65м. Орталық бөлмесінің төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған.Темірдің кезінде барлық құрылымы бітпеген, тек нұсқасы ғана барды. Оның құрылысын Бұқарды билеген Абдолла хан аяқтайды. (1583-1598).
Қоқан билігі тұсында мұнаралар мен порталдар қам кесекпен қоршалып, мавзолей қамалға айналдырылған.
Мұнан кейінгі ғасырларда Түркістан билеушілері өз кезеңіне сәйкес кесене құрылысын толық аяқтауға тырысқанмен, ешқайсысы да белгілі бір нәтижеге жете алмаған.
Қазіргі кезде бұл алып құрылыс бізден 700-800 жыл бұрын өмір сүріп, кейіннен қазақ халқының негізін құраған көне түркі тайпаларының тілі, діні, мәдениеті мен тарихын зерттеуде өте құнды дерек болып табылады.
Қалада 1992 жылы құрылған Халықаралық Қазақ- Түрік университеті бар. Онда 22 мыңнан аса студенттер білім алады. Алматы, Тараз, Шымкент , Кентау және Анкара қалаларында филиалдары бар.
Университетте 26 елден 500-ден астам студент білім алады. Оның ішінде: Түркия, Кипр, Қырғызстан, Түркменістан, Башқортстан, Дағыстан, Саха Республикасы, Монғолия, Қытай және т.б. елдерден.
Университетте 14 факультет, 63 кафедрада 74 мамандық бойынша білім беріледі. 92 ғылым докторы, 220 кандидат, 600-ден астам ұстаз білім береді
Айгерім
Сиебекова
15-11-13 10:34
түркістанға 1050жыл болды ,ол бұрыннан бері бар
ол өте әдемі кала ,

Ислам
Islam_096_kz
03-09-13 17:03
Men oz kalamdi katti kurmetteimun sebebi munda tarihi terende jatkan zerteuler ote kop jane de alemdegi en korikti medreselerdin biri osy kieli kalam TURKISTANDA ornalaskan Koja Ahmet Iasaui meshiti
жансая
jansaya095kz
25-07-13 01:37
Баршаларына салем! Жалпы Туркiстан жайлы бiлмейтiн казак жок шыгар деп ойлаймын. Туркiстан каласы тек кана рухани астана емес барша казактын тарихы ойткенi казактын каншама батыр,батыл,кайратты жане адiл казак хандарынын тусында казак хандыгынын астанасы болды. Туркiстан Касым ханнын тусында казак хандыгынын астанасына айнала бастады сойтiп Есiм хан, Тауекел хан, Жангiр хан, Тауке хан жане Абылай хан тусында казак хандыгынын астанасы болды. Туркiстан каласы кандай болмасын бiз оны сыйлауымыз керек ойткенi Туркiстан бiздiн тарихымыз ал тарихты бiлу жане сыйлау жаркын болашакка бастайды.
акбота
akbota_sarsen
03-07-13 11:43
туркестандагы мамама,папама, бауырларым Бекбол мен Нурисламга жане томпагым, борсыгым Айаруга улкен Салем!
акбота
akbota_sarsen
03-07-13 11:38
салем Туркестандыктар! менин туып оскен жерим осы кала.еш жер осы калага тен келмейди екен.катты-катты сагындым. Алла каласа 2-3 айдан сон барам
Енлик
еnko-94
07-06-13 21:57
Түркістан-ежелгі тарих сахнасынан келе жатқан киелі қала.Сондықтан ол жайлы білу әр қазақтың борышы.Біздер тек ауызбен қаланы мақтаймыз,сыйлаймыз осыны іспен атқару керек сияқты.Өтірік патриот болмай қаламыздың тарихын 5-ке біліп,өзге елдерге танытайық.
Dinok
dinok_98@list.ru
12-04-13 13:50
men turkestan kalasinda turamin. magan bul kala unaid birak kazir kilmis kop
Сымбат
Simbatik_94
04-03-13 11:34
Түркістан ең киелі қазақ жері
СЫМБАТ
sima.aidos@mail.ru
17-02-13 16:29
туркестан киели жер, менин туган олкем
жани
kazenovaultai@mail.ru
11-01-13 19:23
adamdar magan aktau turali malimet kerek))) tauip berinizderwiii___ otinish)))
БЕКЖ@Н
BEK_KB@MAIL.RU
14-12-12 20:13
ТҮРКІСТАН КИЕЛІ ТАМАША ҚАЛА, АТЫРАУ, АКТАУ ҚАЛАЛАРЫНДА ТҰРДЫМ, БІРАҚ ЖЕКЕ ӨЗІМЕ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ҰНАЙДЫ ХАЛҚЫДА, ҚАРАПАЙЫМ ТҮСІНІГІ БАР, СІЗДЕРДІ БІЛМЕЙМІН БІРАҚ ТҮРКІСТАНДА МЕНІ ҚОРШАҒАН СЫЙЛЫ, АДАМГЕРШІЛІГІ БАР АДАМДАР КОП ОНЫ МАҚТАНЫШПЕН АЙТА АЛАМЫН!!! ТҮРКІСТАН АЛҒА ҚАРАЙ ДАМЫЙ БЕР!!!!!
Бағдаулет
bakon98@mail.ru
04-12-12 17:06
Түркістан (қаз. تركستان) — Қазақстандағы қала.[2] Түркістан – V-VІ ғасырларда іргетасы қаланған. Есім ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған. Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. ХІV ғасырда Ақсақ Темір іргетасын қалаған Қожа Ахмет Иасауи кесенесі бар. Бұл қалада Қожа Ахмет Иасауи өзінің уағызшылық қызметін жүргізген. Кесене аумағында Қаз дауысты Қазыбек би, Абылай хан, Есім хан, Хақназар хан, Тәуке хан, Қанжығалы қарт Бөгенбай батыр тағы басқалар жерленген Қаланың іргетасы біздің заманымыздың 1-мыңжылдыктың бас кезінде каланған. Археологтар Түркістан қаласының тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасындағы аймақта тас дәуірі ескерт¬кіштері — Шоқтас, Қошқорған бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықтан Түркістан қаласы төңірегінде Қазақстанның басқа да өңіріндегідей Андронов мәдениетін жасаушылар тұрған. Түркістанның ежелгі аты — Ясы. Архео¬логтар ертедегі Ясының орны қазіргі Күлтөбеге сәйкес келетінін дәлелдеп отыр. 7—12 ғасырлар- да Түркістан төңірегі Шауғар өңірі атанған. Бұл өңір Түрік қағанатына қарады. 9 ғасырда қарлұқтар мен оғыздардың қол астында болды. Бұл өңірге 809-819 жылы аралығында Хорасан билеушісі әл-Манун, 10 ғасырдың соңында саманилік билеуші Наср жаулаушылық жорықтар жасаған. 12 ғасырдың 1-ширегінде қидандар шабуылынан Шауғар құлағаннан кейін, Ясы өлкенің орталығына айналды. Қожа Ахмет Ясауи осында келіп қоныс тепкен кезде атақ-даңққа бөленді. Қожа Ахмет Ясауи қайтыс болғаннан кейін оның қабірі басы¬на мазар тұрғызылды. Ол касиетті орын деген атқа ие болды. Қаланың Ұлы Жібек жолының бойында, Дешті Қыпшақ пен Орта Азияның аралығында болуы, географиялық жағдайдың қолайлылығы, сонымен бірге адамдардың мазарға төуөп етуі, сауданың қызу жүруі елді мекеннің өркендеуіне ықпал етті. Ясы қаласы туралы деректер 13 ғасырда жарык көрген Киракос Гандзакенцидің "Армения тарихы" атты еңбе¬гінде кездеседі. Бұл еңбекте Ясы қаласы Асон деген атаумен берілген. Ясы атауы 14 ғасырдан бастап тарихи шығармалардың беттерінде жиі көріне бастады. Шараф әд-Дин Әли Йездидің хабарларына қарағанда, 1388 жылы Ясыны Тоқтамыстың әскерлері талқандап, түрік тайпаларының қасиетті мекеніне айналған Қожа Ахмет Ясауи мазарын тонайды. Әмір Темір Тоқтамысты талқандағаннан кейін жаулап алған олжаның бір болігін Қожа Ахмет Ясауи кесенесін салуға жұмсайды. Ясы орта ғасырларда Орта Азия ғимараттары үрдісі бойынша дамыды: қамал, шахристан, рабад қалыптасты. 15 ғасырдың 1-жартысында Шараф әд-Дин Әли Иезди Ясыны шағын елді мекен болды деп атап көрсетсе, ал 16 ғасырда Рузбехан Исфахани "Михманнаме-и Бухари" атты шығармасында Ясыны былайша суреттейді: "Аса қасиетгі Қожаның сағанасы орналасқан Ясы қаласы өрісі кең әрі құнарлы жер, Түркістан аймағының орталығы. Ясы қаласына тауарлар мен қымбат бағалы заттар жеткізеді де, сол жерде оларды сату басталады. Сондықтан ол көпестердің тең-тең жүктерін шешіп, саяхатшылар тобын ор елге аттандыратын орын болды". 15—17 ғасырларда зираттың төңірегіне ақсүйектер күмбездері салынып, олардың ішінде Рабига Сұлтан Бегім (15 ғ), Есімхан (17 ғ.) күмбездері ерекше маңызды болды. 1579 жылы Ясы қаласы Ақназар ханның иелігіне айналды. Түркістан Есім ханнан бастап Қазақ хандығының орталығы болды. Сол кезден Ясы қаласы Түркістан деп атала бастады. 18 ғасырда жоңғар шапқыншылықтары каланы құлдыратып жіберді. 1819—64 жылы Түркістан Қокан хандығының қол астына қарады. Сол кезеңде Түркістан қаласының аумағы 10 гектарға жуық болды. Оны балшықтан соғылған қамал қоршап тұрды. Қабырғада 12 мұнара мен 4 қақпа болған. 19 ғасырдың 60-жылдары Түркістанда 20-ға жуық мешіттер, 2 медресе, базар, 22 су диірмені, 5 мыңдай тұрғыны болды. 1864 жылы 11 маусымда Түркістанды Ресей әскер¬лері жаулап алды. 1872 жылдан уездік қала аталды. 20 ғасырдың басында Түркістан 1400 гектардай жерді алып жатты. 1903 жылы Түркістанда темір жолы вокзалы салынды. 1908 жылы 3616 үй, 41 мешіт, 2 класты қалалық училище, қыздар училищесі, 1 медресе, 23 мектеп, 2 шіркеу болған. Қала халқы 1910 жылы 15236 адам болды. Өнеркәсіп және сауда орындарынан 1912 жылы мақта тазалайтын, 10 май шайқайтын, 8 сабын қайнататын, кірпіш зауытттары, 15 су диірмені жұмыс істеді. 1918 жылы 6—9 каңтар аралығында Түркістанда Сырдария облысы қазақтарының съезі етті. Съез¬де Сырдария облысының Алаш автономиясына қосылу моселесі каралды. Онда Сырдария қазақтары Алаш автономиясына қосылған жағдайда Түркістан қаласы Алаш астанасы болады деген шешім кабылданды. Түркістан қаласы 1928 жылдан Түркістан ауданының әкімшілік орталығы. Қалада жөндеу-механик, мақта тазалау, жем, кірпіш зауыттары, темір-бетон бұйымдарын шығаратын, тұр¬мыс қажетін өтейтін комбинаттар т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді. Саттар Ерубаев мұражайы қызмет көрсетуде. 1991 жылы "Әзіреті Сұлтан қорық-мұражайы" ашылды. Түркістанда орта білім беретін мектептерден баска, арнаулы білім беретін оқу орындары бар.
Диля*
princess.salieva@mail.ru
19-11-12 22:20
Privet Personam iz Turkestan i #15wkole
Диля*
princess.salieva@mail.ru
19-11-12 22:18
Barine SaleM!Turkestan asem kala

Гульжазира
gj_95.kz@mail.ru
30-10-12 06:27
мен жакында барам,,,,,Кут мени Түркістан
Zake
zake_88@mail.ru
27-10-12 19:24
Туркiстан оз алдына керемет адеми ески кала.
Қасымхан
kasym_9_1
21-10-12 21:15
Мен Түркістан қаласы А.Үсенов ауылынанмын. Түркістан тарихы тереңде жатқан қала. Сөзсіз көркем қала. Егер Түркістанды көргісі келетіндер болса шақырамын...
Еңлік
miss_enlik@mail.ru
08-10-12 19:17
Туркестанға сөз жоқ! Себебі туркестан менің туған жерім.Туркестанды жамандамандар ол өте қасиетті жер!
GoRod
Asko_17_98@mail.ru
29-09-12 16:24
Бір ақымақ қыз үшін неге сонша қырылысып жатырсыңдар?
Түркістанда нағыз Қазақтың салт-дәстүрлері сақталған.
Келінді сабайды , келіндер тек қазанның басында жүреді т.б деп жатқан қыздарға айтарым Қазақтың келіні болғың келмей ма орысқа ма әлде французға ма тұрмысқа шыға салыңдар!
шынар
muslimka_20@mail.ru
24-09-12 16:06
салем достар мен оралдыкпын жигитим Туркестан каласыники.Одан Туркестан туралы коп естидим оте асем тарихы терен кала екен!НАЗАР САЛЫП ОКЫГАНДАРЫНЫЗГА РАХМЕТ!!!!!
BALJAN
19_baljan
17-09-12 17:38
туркестан каласында туылып сол жерде оскенмин. туркестанга жететин кала жок.аркимнин каласы озине ыстык коринеди
Baak
Bakzhan98@mail.ru
11-09-12 13:42
МЕн Түркістан каласына жакын Кентау каласында турам и Туркестан жайлы айтарым бари жаксы тек кана климаты нашар жазда оте ыстик адам оте коп базарина бир рет барсан екинши рет баргин келмей калади сосын адамдари мусорды жер кокке лактырып оз каласиннын экологиясын курметттемейди ПОЗОР

Айгерим
kesha.alieva
24-05-12 11:40
Ассалаумагалейкум барша мусылман!Ең алдымен айтарым Туркістан менің кіндік қаным тамған жерім!Түркістан қазақ халқының иман мекені.Бірак,қазіргі таңда бұл қасиетті жердің иманы әлсіреуде.Барша халыққа,әсіресе жастарға айтарым иманды болайық,еліміздің,дініміздің сақталуы мына біздердің қолымызда!
нурсултан
eroma_091.kz
06-05-12 07:38
туркестан оте корикти кала
мырза
mirzakel
17-04-12 21:29
Ozinwe bolmai otyr jane ozinwe bolmai jur.Osy alemde jalgyz sen bolsanda d....
Набира
190296nabira@mail.ru
07-04-12 19:31
Туркестан каласы рухани астана!!!!!№15 мектепке салем!!!!!
MULTIK
28-03-12 15:39
Шамалы босада уйаттарыныз болса Киелі Түркістанды сөз кылуды койыныздаршы... Егер Түркістан Унамай ма?! Онда кемендер... ПНХ
айко
25-03-12 13:59
ахмет байтұрсыновтың өленңн жазндарш
Жамбыл
16-03-12 05:41
ТYРКIСТАН - ТYРКIЛЕР БЕСIГI.
Гаухар
Gauhar_25_06
14-03-12 16:50
Turkestan-Kazakhstan Respublikasynin Ruhani Astanasy!
Турар
turar094@майл.ру
08-03-12 14:59
туркистанын тулган куни кашан достар?
Шарапат
sharapat_e
11-02-12 15:41
Түркістан қамал кесенесі. Шығыс моншасы видео
TYРКIСТАНИ
07-02-12 06:15
Ертеде ТYРКIСТАН мен ЙАССЫ екi қала болған деген де дерек бар.
Жанар
janarka_96_love
06-02-12 13:45
Barine salem!!! Men Turkestandikpin!
kadok
kadok.kz.94@mail.ru
05-02-12 22:46
салем достар туркистан биздин актобеден адеми емес екенго бирак мен сонда казак турик универине окуга бараиындып жатырмын сол универде окитындар болса дос болаиык кыздар балдар жауап кутем,.

Әділхан
adok_97-97_97a@mail.ru
26-01-12 17:03
Түркістан – Орта Азия мен Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі. Ол туралы алғашқы деректер араб жазбаларында ІҮ-ІХ ғғ. бастап Шавғар деген атпен кездесе бастайды. Араб тарихшы-географы Әл-Истахри ибн Кордаубех ат-Танрази өз жазбаларында: “Көне Шавғар ХІ ғасырға дейін өмір сүрген де, ХІғ. бастап қала орталығы Яссыға көшті”, - дейді. Бұл деректерді қазіргі біздің археолог ғалымдар да растайды.
Ал қорық ғылыми қызметкерлердің зерттеуі бойынша, Қытай санекрит жазбаларындағы деректерге қарағанда, Түркістан қаласы біздің дәуірге дейінгі ІІ-ІІІ ғғ. өмір сүргендігі және сол кездің өзінде ірі мәдени және рухани орталық болғандығы туралы болжамдар айтылып жүр. Мысал келтіретін болсақ, сол кездегі Қарахандық билеушілердің осында әкелініп жерлене бастауы, атап айтқанда, Отырар билеушісі Ілияс ханның жерленуі, тіптен Сайрамда туып-өскен Ахмет Иассауидің де Түркістан жерінде тұрып, осында жерленуі жайдан-жай емес екендігі анық..
ХІҮ ғасырда, яғни А.Иассауи кесенесі салынғаннан кейін, Түркістан бүкіл түрік тілдес халықтардың діни орталығына айналып, “Хазрети Түркістан” немесе “Кіші Мекке” атанды. Бұл болжамды шығыс зерттеушісі академик В.В.Бартольд да қолдайды.
ХҮ ғасырда Түркістан Сырдария өңірінің саяси және экономикалық орталығына айналып, 1598 жылы ол біржолата қазақ хандығының орталығы болады. Бұған дәлел – А.Иассауи кесенесі төңірегіне қазақ хандарының жерленуі.
Түркістан қаласы сонымен қатар орта ғасырдың өзінде ірі білім орталығы болғандығы белгілі. Оның мәдени өмірінде дәруіш ақындардың, ислам дінін уағыздаушылардың да шығармалары үлкен орын алады.
Олардың қатарына Ахмет Иассауи бастап, оның шәкірті Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Жүгнеки, Жүсіп Баласағұндар жатады.
Мың жарым жылдан аса өмірбаяны бар Түркістан – ер жүрек батыр қала. Монғол-татар, жоңғар шапқыншылығын, қазіргі Орта Азия мен Қазақстанда сол кезде өмір сүрген мемлекеттер мен хандықтардың жаугершілігін көрген қала. Орта ғасырдағы Сыр бойындағы Сығанақ, Сунақ, Сауран сияқты үлкен шаһарлардан біздің ғасырға жеткені де осы қала.
ХҮІІ ғасырдың басынан Түркістан қазақ хандығының, яғни қазақ мемлекетінің астанасы болды. Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасын реттеу үшін Түркістаннан Ресейге, Ресейден Түркістанға елшіліктер жүріп отырған.
Түркістанның бүкіл қазақ халқының байтақ астанасы болғандығын дәлелдеу үшін Шығай, Есім, Жәңгір, Тәуке, Абылай, Қазыбек, Әйтеке секілді қазақ халқының ұлдары мен Қанжығалы Бөгенбай, Тобықты, Мамай, Қоңырат Сырғақ, Нияз, Дулат сияқты батырларының құлыптастарының А.Иассауи сағанасында орналасқанын айтудың өзі жеткілікті емес пе?!
Өткен дәуірлерде құрылыс саласында қол жеткен табыстардың көпшілігін өз бойына жинақтаған ғимараттардың бірі, Түркістан қаласындағы күні бүгінге дейін жақсы сақталып келген кесене.
Бізге жеткен жазба мәліметтерге қарағанда, көне Ясыда, қазіргі мавзолей тұрған орнында мұсылманның атақты әулиелерінің бірі, дәруіштер шайқасы – Ахмет қабіріне ХІІ ғасырдың өзінде-ақ шағын мавзолей орнатылғаны белгілі. Кейін бұл мавзолей мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды.
Ахмет Иассауи кесенесінің қасиетті орын ретінде атағының жайылуына ХІҮ ғасырдың 30-шы жылдарында моңғол шапқыншылығынан қатты күйреген Түркістан қаласының қайта гүлдене бастауы ерекше ықпал етті. Алтын Орданың өктемдігін жойып, астанасы Сарай Беркені өртеп жіберген Темір осы жеңістің құрметіне ескі мазар орнына жаңа, зор кешен орнатуды ұйғарды. Осы тұрғыда Темір тек діни мақсат-мүддені ғана көздеген еді деу қиын. Бұл оның жалпы жасампаздықты мұрат еткенін, беделін көтеруге, үстемдігінің мызғымас берік екендігін көрсетуге қажет еді.
Құрылысты жүргізуді Темір Мәулен Садырға жүктеді. Көптеген жазба деректерге қарағанда, болашақ құрылыстың жобасын жасауға Темір тікелей қатысып, негізгі бөлмелерді өзі анықтаған көрінеді.
1991 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Республикалық музей “Мемлекеттік тарихи-мәдени Әзірет Сұлтан қорық музейі” болып қайта құрылды. Қорықтың жалпы ауданы 88,7 гектар. Оған бірнеше ортағасырлық ескерткіштер кіреді:
Қазақ хандарының зираттары (Есім, Тәуке хандар);
Ұлы астроном, ғалым Ұлықбек қызы Рәбия Сұлтан Бегім мазары;
Ортағасырлық “Шығыс моншасы”;
Жер асты мешіті (Аңызға қарағанда, Ахмет 63 жасқа келген соң, Мұхаммедтен артық өмір сүру күнә деп, өмірінің қалған жылдарын осы жер астында өткізген көрінеді. Осында отырып бүкіл мұсылман әлеміне белгілі “Хикметтерін” жазады);
Шілдехана, белгісіз мавзолей, Гауһар ана, Алқожа ата мавзолейлері, т.б. ескерткіштер. Сәулет-ғимарат – аса үлкен күмбезді құрылыс. Оның ені 46,5м, ұзындығы 65м. Орталық бөлмесінің төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған.Темірдің кезінде барлық құрылымы бітпеген, тек нұсқасы ғана барды. Оның құрылысын Бұқарды билеген Абдолла хан аяқтайды. (1583-1598).
Қоқан билігі тұсында мұнаралар мен порталдар қам кесекпен қоршалып, мавзолей қамалға айналдырылған.
Мұнан кейінгі ғасырларда Түркістан билеушілері өз кезеңіне сәйкес кесене құрылысын толық аяқтауға тырысқанмен, ешқайсысы да белгілі бір нәтижеге жете алмаған.
Қазіргі кезде бұл алып құрылыс бізден 700-800 жыл бұрын өмір сүріп, кейіннен қазақ халқының негізін құраған көне түркі тайпаларының тілі, діні, мәдениеті мен тарихын зерттеуде өте құнды дерек болып табылады.
Қалада 1992 жылы құрылған Халықаралық Қазақ- Түрік университеті бар. Онда 22 мыңнан аса студенттер білім алады. Алматы, Тараз, Шымкент , Кентау және Анкара қалаларында филиалдары бар.
Университетте 26 елден 500-ден астам студент білім алады. Оның ішінде: Түркия, Кипр, Қырғызстан, Түркменістан, Башқортстан, Дағыстан, Саха Республикасы, Монғолия, Қытай және т.б. елдерден.
Университетте 14 факультет, 63 кафедрада 74 мамандық бойынша білім беріледі. 92 ғылым докторы, 220 кандидат, 600-ден астам ұстаз білім береді.
Aigulia
Aigulya-094
12-01-12 16:08
Men Turkistandikimin! Turkistan keremet!
эн брат рембо
abzhami0001
11-01-12 17:15
Түркістан кандай :::?
рембо
abzhami01
11-01-12 16:41
мен бір рет те Түркістанға барып көрмедім
Азамат МДШ-711
aza_mat89@mail.ru
10-01-12 14:43
Cалем Туркістандықтар, салем бауырлар! Мен Туркістандағы ХКТУдын спорт факультетінде оқыдым.Туркістан - бул әсем қала!!! Сол жақтағы группаластарыма Улкен салем жолдаймын. Мен сендерді және Туркістанды сагындым. Туркістанга абден бауыр басып калдым, баргым келеді де турады. Кудай каласа Туркістан улкен туристік орталыкка айналады. Мен оган каміл сенемін. Туркістан жасай бер, жайнай бер!!!!
серік
mr.serik2002
09-01-12 17:25
сәлем кім біледі түркістан қаи жылы соғылған аитындаршы плииззззз!
Бекарыс
beka_ktl_96@mail.ru
25-12-11 14:58
туркистан каласынсуйем го ойткени онда кызым турад))))
Айгера
aigera_24_1997
23-12-11 15:37
плз бугин срочно тек кана тукистан каласы туралы тауып берініздерші
гулназ
jambylova.
14-12-11 17:28
кайсысын туркыстаннын мешытын кордындерю .аупсы керемет
Nurik
nurik_9626
14-12-11 13:35
Түркі әлемінің ордасы Түркістан туралы айтындарш
Бауыржан
bauka.ru@list.ru
09-12-11 14:30
мен кызылордаданмын.туркестан туралы.коп билдим.норм ответ жазгандарга рахмет.
Зарина
zarina.halmenova.00
07-12-11 17:27
Йасы қаласының орнында 6-10ғасырларда Шауғар мекені болған. 9-10 ғасырларда ол ірі қалалар қатарына қосылып, сол кезден бастап Йасы аталған.Ал 15 ғасырдан бастап Йасы қаласы Түркістан деп аталды Түркістан қаласы қазіргі Шымкент қаласынан 225 шақырым жерде орналасқан.Түркістан атауы \"түріктер елі, мекені\" деген мағынаны білдіреді.Түркістан қаласында атақты Орта Азия билеушісі Өмір Темірдің бұйрығымен (19 ғасырдың соңы-15 ғасырдың басында) қасиетті Қожа Ахмет Йасауй кесенесі салынған.Атақты қазақ ханы Есімнің тұсында Түркістан Қазақ хандығының астанасына, көп жылдар бойы хан ордасы қызметін атқарған.
GuLdAnA TURKESTANNAN
Guldana_97kz
01-12-11 11:50
Туркiстан екi дуние есiгi гой,
Туркiстан ер турiктiн бесiгi гой
Осындай Туркiстандай жерде туган
Турiктiн Танiр берген несiбi гой
демекшi Туркестанга жететiн кала жок шыгар! Туркестанды жамандаган адам адам емес болар балкiм!
"Аркiмдiкi озiне, ай корiнер козiне" дегендей, егер Туркестандай киелi жерде туса, ол туралы жаман бiр ауыз созде айта алмас едiго
Узын создiн кыскасы мен Туркестандай жерде туылганыма куаныштымын!
Сагдат
saka_30_99
26-11-11 09:24
Достар Ахмет Байтурсыновтын бир оленин жазындаршы
Сагдат
saka_30_99
26-11-11 09:12
Ахмет Байтурсыновтын айтындаршы
АРАЙЛЫМ
arai_06-11-95
02-11-11 16:13
достар Туркестанға жететін кала жок ен адеміде,ен коріктіде кала ол ТҮРКІСТАН.Астана
бека
vekaris_99
27-10-11 18:59
Түркістан өте әдемі тарихи киелі қасиетті өлке Мұнда Абылай хан сияқты ақылды адамдар жатыр сондықтан түркістанды құрметтейік
Бека
Batai_79@mail.ru
08-10-11 11:15
Салем достар
Бейбiт
Beibut_92@mail.ru
27-09-11 08:12
Туркiстаннын кыздарымен таныскым келедi
Аскар
a_ssk@mail.ru
24-09-11 19:34
Түркістан ОҚоблысындагы Шымкенттен кейнгі улкен кала,13 ауылы мен 12 әкімдікке багынысты әкімшілік органы бар. Казакстаннын калалары барлыгы әдемі, Туган елдей ел болмас, Туган жердей жер болмас!!!!
бiлгiш
28-06-11 15:44
Туркicтан казир атын - Ширкстан деп озгертген
бауржан
а.
29-04-11 13:16
Орал каласы ен јвемі кала
Умит
mutia96
13-04-11 09:11
маған туркістан мешіті туралы көбирек айтып берінізші!
Туркестан
toir1190@mail.ru
12-04-11 12:05
Алғашқы беттегі қыз,Түркістандың жігіттері адам емес деп,көпке топырақ шашпаңыз!

Тайыр Исаев.Туркестан,Қызыласкер
toir1190@mail.ru
12-04-11 11:53
Түркістан - қала, Түркістан қалалық әкімдігінің орталығы, темір жол стансасы. Облыс орталығы - Шымкент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 225 км жерде, Сырдария өзенінің оң жағын ала, Қаратаудың оңтүстік беткейінде орналасқан. Іргесі б.з. 500 жылы қаланып, Түркі халықтарының орталығы болып келеді.
Археологтар Түркістан қаласының тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасындағы аймақта тас дәуірі ескерткіштері - Шоқтас, Қосқорған - бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткеннін көрсетеді. Б. з. б. 2-мың-жылдықтан бастап Түркістан қаласы төңірегінде Қазақстанның басқа да өңіріңдегідей Андронов мәдениетін жасаушылар тұрған.
Түркістанның ежелгі аты - Иасы. Археологтар ертедегі Иасының орны қазіргі Күлтөбеге сәйкес келетінін дәлелдеп отыр. 7-12 ғасырларда Түркістан төңірегі Шауғар өңірі атанған. Бұл өңір Түрік қағанатына қарады. 9 ғасырда қарлұқтар мен оғыздардың қол астында болды. Бұл өңірге 809-819 жылдар аралығында Хорасан билеушісі әл-Манун, 10 ғасырдың соңында саманилік билеуші Наср жаулаушылық жорықтар жасаған. 12 ғасырдың 1-ширегінде қидандар шабуылынан Шауғар құлағаннан кейін, Иасы өлкенің орталығына айналды. Қожа Ахмет Иасауи осында келіп қоныс тепкен кезде атақ-даңққа бөленді. Қожа Ахмет Иасауи қайтыс болғаннан кейін оның қабірі басына мазар тұрғызылды. Ол қасиетті орын деген атқа ие болды. Қаланың Ұлы Жібек Жолының бойында, Дешті Қыпшақ пен Орта Азияның аралығында болуы, географиялық жағдайдың қолайлылығы, сонымен бірге адамдардың мазарға тәуәп етуі, сауданың қызу жүруі елді мекеннің өркендеуіне ықпал етті. Иасы қаласы туралы деректер 13 ғасырда жарық көрген Киракос Гандзакенцидің "Армения тарихы" атты еңбегінде кездеседі. Бұл еңбекте Иасы қаласы Асон деген атаумен берілген. Иасы атауы 14 ғасырдан бастап тарихи шығармалардың беттерінде жиі көріне бастады. Шараф әд-Дин Әли Йездидің хабарларына қарағанда, 1388 жылы Иасыны Тоқтамыстың әскерлері талқандап, түрік тайпаларының қасиетті мекеніне айналған Қожа Ахмет Иасауи мазарын тонайды. Әмір Темір Тоқтамысты талқандағаннан кейін жаулап алған олжаның бір бөлігін Қожа Ахмет Иасауи кесенесін салуға жұмсайды. Иасы орта ғасырларда Орта Азия ғимараттары үрдісі бойынша дамыды: қамал, шаһристан, рабад қалыптасты. 15 ғасырдың 1-жартысында Шараф әд-Дин Әли Йезди Иасыны шағын елді мекен болды деп атап корсетсе, ал 16 ғасырда Руз-бехан Исфахани "Михманна-ме-и Бұхари" атты шығармасында Иасыны былайша суреттейді: "Аса қасиетті Қожаның сағанасы орналасқан Иасы қаласы өрісі кең әрі құнарлы жер, Түркістан аймағының орталығы. Иасы қаласына тауарлар мен қымбат бағалы заттар жеткізіледі де, сол жерде оларды сату басталады. Сондықтан ол көпестердің тең-тең жүктерін шешіп, саяхатшылар тобын әр елге аттандыратын орын болды". 15-17 ғасырларда зираттың төңірегіне ақсүйектер күмбездері салынып, олардың ішінде Рабиға Сұлтан Бегім (15 ғ.), Есім хан (17 ғ.) күмбездері ерекше маңызды болды. 1579 жылы Иасы қ. Ақназар ханның иелігіне айналды. Түркістан Есім ханнан бастап Қазақ хандығының орталығы болды. Сол кезден бастап Иасы қаласы Түркістан деп атала бастады.
18 ғасырда жоңғар шапқыншылықтары қаланы құлдыратып жіберді. 1819-64 жылы Түркістан Қоқан хандығының қол астына қарады. Сол кезеңде Түркістан қаласының аумағы 70 га-ға жуық болды. Оны балшықтан соғылған қамал қоршап тұрды. Қабырғада 12 мұнара мен 4 қақпа болған. 19 ғасырдың 60-жылдары Түркістанда 20-ға жуық мешіттер, 2 медресе, базар, 22 су диірмені, 5 мындай тұрғыны болды. 1864 жылы 11 маусымда Түркістанды Ресей әскерлері жаулап алды. 1872 жылдан уездік қала аталды. 20 ғасырдың басында Түркістан 1400 га-дай жерді алып жатты. 1903 жылы Түркістанда темір жол вокзалы салынды. 1908 жылы 3616 үй, 41 мешіт, 2 класты қалалық училище, қыздар училищесі, 1 медресе, 23 мектеп, 2 шіркеу болған. Қала халқы 1910 жылы 15236 адам болды. Өнеркәсіп және сауда орындарынан 1912 жылы 4 мақта тазалайтын, 10 май шайқайтын, 8 сабын қайнататын, 5 кірпіш зауыттары, 15 су диірмені жұмыс істеді. 1918 жылы 6-9 қаңтар аралығында Түркістанда Сырдария облысы қазақтарының съезі өтті. Съезде Сырдария облысының Алаш автономиясына қосылу мәселесі қаралды. Онда Сырдария қазақтары Алаш автономиясына қосылған жағдайда Түркістан қаласы Алаш астанасы болады деген шешім қабылданды. Түркістан қаласы 1928 жылдан Түркістан ауданының әкімшілік орталығы болды. Қалада білім беру, мәдени мекемелерінен Қожа Ахмет Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан-Ресей гуманитарлық университетінің филиалы, медициналық колледж, педагогикалық колледж, кәсіптік-техникалық, музыкалық, спорт, жалпы білім беретін мектептер, орталық кітапхана, "Яссы" халықтық фольклорлық ансамблі, Р.Сейтметов драма театры, "Яссы" эстрадалық тобы, "Шұғыла" тобы, "Назерке" бишілер тобы, "Түркістан тамашасы" әзіл-оспақ театры, "Ақбота" қуыршақ театры жұмыс істейді. Денсаулық сактау саласынан қалалық емхана, диагностикалық орталық, жедел жәрдем, дәріханалар бар. Түркістанда "Түркістан" баспасы, "Әзіретті Түркістан", "Ұстаз" газеттері, "Түркістан тынысы", "Тұран Түркістан" телеарналары жұмыс істейді. Қалада ардагерлер үйі, қонақ үйлер, саябақтар, Саттар Ерубаев мұражайы бар. 1991 жылы "Әзірет Сұлтан қорық-мұражайы" ашылды. Қалада жөндеу-механика, мақта тазалау, жем, кірпіш зауыттары, темір-бетон бұйымдарын шығаратын, тұрмыс қажетін өтейтін комбинаттар, тағы басқа кәсіпорыңдар жұмыс істейді. Түркістанның көркі мен мәртебесі - Түркі әлемінің ғұламасы Қожа Ахмет Иасауи кесенесі. ЮНЕСКО шешімімен Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейде аталып өтілді (2000). Түркістан қаласы жерімен халықаралық маңызы бар Орынбор-Ташкент темір жолы өтеді.

Тайыр Исаев.Туркестан,Қызыласкер
toir1190
12-04-11 11:51
Ескі Түркістан қаласы

(XV - XX ғ.ғ. бірінші ширегі)

Ахмет Иасауи кесснесінің салынуына байланысты (XIV) Иасы қаласының көлемі тез арада батысқа және оңтүстікке қарай ұлғайып, аймақтың саяси орталығына айналды. Жазба деректерде қала жаңа атаумен - "Хазірети Түркістан" деп атала бастады. XVI ғасырдан бастап "Түркістан" атауы қалаға мықтап бекиді. Қазіргі күні қаланың орталық бөлігі - цитаделі және оны қоршаған шахарістаны сақталған. Цитаделінің көлемі - 2,6 гектар, шахарістаны -23,5 гектар. Рабадының оңтүстік бөлігі ғана сақталған, көлемі - 50 гектарға жуық. Қаланың цитаделінде археологиялық зерттеулер 1930 жылдардаи (М.Е.Массон) бсрі жүргізіліп келеді. Сонғы жылдардағы зерттеулерді 1981 жылдан бастап Түркістан археологиялық экспедициясы жүргізіп келеді. 1997-1999ж.ж. жүргізіліп зерттеулер нәтижесінде қаланың цитаделі мен шахірстаны XV ғасырдың басында қалыптасқандығы анықталды. Екеуі де бекініс қорғанымен қоршалған, цитаделінің екі, шаһарістанының төрт қақпасы болғандығы тарихи деректерден белгілі.


Тайыр Исаев.Туркестан,Қызыласкер
toir1190
12-04-11 11:49
Түркістан ауданы 1932 жылы құрылған. 1973 жылы аудан құрамына Түркістан қаласы облыстық басшылықтағы қала болып "еншісін" алып шықты. 1997 жылы 24 сәуірде Түркістан ауданы Қазақстан Республикасы Президентінің №3474 Жарлығымен таратылып, Қалалық әкімшілік аумағында ауылдық жерді қоса есептегенде, Түркістан қаласы болып құрылды.

Қала аумағының жалпы жер көлемі 7,4 мың шаршы км.

Қаланың әкімшілік териториялық құрылымы Түркістан қалалық мекенінен және 11 ауылдық округтердегі 40 ауылдардан тұрады.

Тұрақты халық саны - 193626 адам.

Оның ішінде қалада - 93381 адам.

Ауылдық жерде - 100245 адам.

Жынысына қарай әйелдер - 51 %

еркектер - 49 %

Ұлтына қарай құрамы

қазақтар - 54 %

орыстар - 0,02 %

татарлар - 0,40 %

түріктер - 0,01 %

өзбектер - 43,0 %

азербайджандар - 0,24 %

Жасына қарай

(пайыз есебімен) -

0-14 жастағылар - 38,0 %

15- 19 жастағылар - 57,0 %

60 және одан да жоғары жастағылар 5,0 %

Тайыр
toir1190
12-04-11 11:42
Түркістан сол өзіміздің,бүкіл түрік халқына ортақ мекен!
Данара
02-04-11 13:55
ужас, енени асыратйын оз куйеуи бар емес пе, болмаса жумыс жасап оз акшасын тапсын
Жаңылыс Түркістандық
Janylys_love_95
23-03-11 13:25
Салем достар!№15 Мағжан Жұмабаев атындағы мектебіне жалынды салем!!!!!
Ангел
I_t.r.e.a.s.u.r.e_i
19-03-11 12:01
Түркістан қаласына еш қала жетпейді! не десендер о дендер! С/л Түркістандык!!!!!
ulan
u_l_a_n_97@mail.ru
16-03-11 19:12
Барине салем!мунда коп магулматтар бар екен!сендерге рахмет!мен реферат даиындап алдым!!!
Jauhar
jauhar_1995
28-02-11 14:39
saleeeeem!!!men yassaiutanuga katisain dep jatirmin!!!Sogan bailanisti magan Yassaui turali kooop koop malimetter berinderwi!!!
ЕЛДОС
berdalyev.eldos
18-02-11 15:29
kalay auyzdaryn barady olay deuge turkestan jayly

АЙДЫН
AIDYN_AI_17
15-02-11 17:42
маған түркістан қаласы ұнайды. мен түркістандакөп болғанмын.ол жақта қожа ахмет яссауи кесенесі бар.ол кесенені қазақ тар мен шет елдегі адамдарда біледі.ол кесенеде Абылайхан жерленген.
ROMEO
akon__91_91
24-01-11 12:15
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, XIV ғасыр

Оңтүстік-Қазақстан облысы: Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, XIV ғасыр Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Яссауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған. Оңтүстік Қазақстанда Сайрам деген жерде туған Ахмет Яссауи сол кездегі ғылым мен ағартудың орталығы ретінде белгілі болған Отырар қаласында білім алады да, кейіннен Бұхардағы Юсуп Хамадани басқарған сопылар қауымына кіріп, дәруіштік мектептен өтеді. 1140 жылы Юсуп Хамадани, ке»іннен оның екі мүриті дүние салған соң қауымды Ахмет Яссауи басқарады. Бірақ көп ұзамай-ақ «мәртебелі» қызметін тастап, өзінің туған өлкесіне біржола қайтып оралады. Софизм иддеяларын уағыздап, өзі де оны берік ұстана отырып, жоқшылықта өмір сүреді. Сондықтан да, оны жергілікті халық Әзірет Сұлтан деп атап кетеді. Ахмет Яссауидің уағыздаушы және ақын ретінде атағы кең жайылып, оның «Диуани Хикмат» («Даналық жайындағы кітап») атты діни өлеңдер жинағы көне түркі тілінде жазылғандықтан, жергілікті халыққа түсініктілігі арқасында талай мәрте қайта көшіріліп, бірнеше рет басылған... Бұл сияқты уағыздық өлеңдерінің философиялық және діни-мисттикалық мазмұны, ондағы жақсылыққа, әділеттілікке шақырған үнмен ұласады, халықтың қайырымдылық сезімін ояту, оны басқа діндегілермен жауласудан сақтандырумен қатар дін иелерінің ашкөздігін, зұлымдығын әшкерелеумен жалғасып жатады. Ахмет Яссауидің өлеңдері құнды әдеби ескерткіш, кейіннен қазақ халқыныі құрамына енген қыпшақ, оғыз, қарлық сияқты көне түркі тайпалары зерттеудің көзі болып табылады. Халық аңыздарында Түркістандағы әулиенің аруағын атақты қолбасшы, бүкіл Шығысты тітіренткен Ақсақ Темірдің айрықша сыйлап өткені айтылады. Оның әмірімен Ахмет Яссауи қайтыс болғаннан екі жүз жыл кейін қирап бітуге таянған кішкене ғана мазардың орнына, дүние жүзілік сәулет өнерінің белгілі ескерткіші орнатылды. Темірдің өмірін Зафарнама, «Жеңіс кітабы» авторы Шараф-ад Дин Әли Мазди растайды. Ескерткіштің салынуын оның Ахмет Яссауидің қабырына зиядат етіп қайтқан 1397 жылдың аяғындағы оқиғалармен байланыстарыды. «Жеңістер кітабында» Темір, сол жылы Яссыда болған кезінде, мұнда өзіне қарайтын елдердің тегінде Ахмет Яссауидің атына лайық зәулім ғимарат салу жайлы жарлық берген еді делінеді. Ол ислам дінінің даңқын асыруда, оның кең таралуына, аса үлкен өлкен басқаруды жеңілдетуге тиіс болған. ХІV ғасырдың аяғында бұл күмбез біткен соң Әмір Темір көреген Әзірет Сұлтанның қорын ұйымдастырып, өзі арнайы қол қойып бекіткен. Дегенмен, Қазандықтың ішкі есіктерінің біріндегі халькаға жазылған «1394-1395 жылдар» Темірдің өзі белгілеп берген. Бұл – ғимараттың басқа бөліктерінің кіндігі. Темір уйдің ішкі сәні мен салтанаты қалай болуы керегтігін де айтқан. «Қолхаты» (грамота) жазылған. «Қолхатта» Әмір Темір көрегендікпен жаңа біткен ғимарат туралы «ешқашан да, қандай болған жағдайда да сатуға, жекеменшік секілді ұрпақтан-ұрпаққа уақытша немесе түбегейлі біреуге беруге болмайтынын қатты ескерткен». Ғимараттың кіре беріс есігінің ішкі маңдайшасында қазірге дейін жақсы сақталған жазудан мынадай сөздерді оқуға болады: «Бұл әулие мекен алла тағаланың рахымы жауған падиша Әмір-Темір Көрегеннің жарлығы бойынша орнатылды... Алла тағала оның әмірінің ғасырлар жасауына нәсіп етсін!» Қожа Ахмет Иассауи кесенесі талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі болып келеді. Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиет тұтады.Қожа Ахмет Иассауи кесенесі – түркі әлемінің рухани орталығы. Қорық – мұражай алып жатырған жердің жалпы көлемі 90 га. Қорық – мұражай Қожа Ахмет Иассауи кесенесімен бірге Үлкен қылует (жер асты мешіті, XII ғ.), Сегіз қырлы кесене (XIV-XVI ғғ.), Ұлықбектің қызы, Әбілхайыр ханның зайыбы Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі (XV ғ.), Шығыс моншасы (XVI-XVII ғ.), Есімхан кесенесі, Жұма мешіті т.б. археологиялық, тарихи, сәулет және бейнелеу өнерінің үздік ескерткіштерін қамтиды. Қорық – мұражай құрамына кіретін 20 жуық археологиялық, тарихи және сәулет ескерткіштерін қайта қалпына келтіру және оларды ашық аспан астындағы музейге айналдыру «Казреставрация» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны атқаруда. Ахмет Яссауи ескерткіші – Орта Азия мен Қазақстандағы біздің занамызыға дейін сақталған ең зәулім күмбезді, қыштан соғылған ғимарат. Оның көлдененеңі – 46,5 м, ұзындығы – 62,5 м. Сыртқы көрінісі симметриялы жинақы келген бұл құрылысқа үлкенді-кішілі 35 залдар мен бөлмелер сыйып тұр. Олардың барлығы бір-бірімен қос қабатты 8 дәлізбен және әр түрлі өтпелі баспалдақтармен жалғасып жатады. Ахмет Яссауи ғимаратының құрылымындағы тағы бір ерекшелік: Қазандықты қоршаған блоктар-залдар мен бөлмелер күмбезді мызғытпай ұстап тұратын тіреу (контрфорс) іспетті. Қабырғаның қалындығын белгілегенде де үйдің берік тұруы көзделген. Ғимараттың павильондарда бөлінуі олардың әрқайсысынің салмағы өзіне түсіру ниетінен туған. Үйдің қаңқасы түрліше қиюластырылған доға немесе күмбез тәрізді элементтерден құрылады, бұл әдіс кейін Орта Азия мен Қазақстан архитектурасында одан әрі дамытылды. Бөлмелердің ішкі төбесі мен кіші күмбездеріненбастап, үйдің барлық бөлігі төрт бұрышты, сапалы күйдірілген 25х25х5 см және 26х26х6 см, қыштан қалаңған. Бұларды бір-бірімен байланыстыру үшін (ғаныш) ерітіндісі пайдаланылған. Аса мұқиятпен жасалған құрылым, ғимараттың жалпы схеманынң дәлдігі, құрылыс материалдары мен жұмыстарының сапалалығы үйдің ғасырлар бойы тапжылмай мығым тұруын қамтамасыз еткен. Темір дәуірінің сәулет өнеріне сай ескерткіш геометриялық өсімдік іспеттес ою-өрнектермен және жазу-суреттермен безендірілген. Тепе-теңдіктің кемелденген сәтімен ерекше көз тартатын сол жақ қанат сол кездегі сәулетші-құрысшылар талғамының жоғары дәрежеде болғандығын танытқандай. Сол жақ қабырғанының үйлесім тапқан тұстары сұлу иіндер мен сүбеленіп, бояуы қанық өсімдік өрнектерімен безендіріліп алты қырлы майоликалы тақшалармен тысталған. Бүйір жазықтары (батыс және шығыс) түррлі түсті күйдірілген әшекейлі қыштармен көмкерілген. Көгілдір тақталармен өрілген геометриялық өрнектер (гирих) өте айқын, бояу ренінің үйлесімен айнла қоршаған нәзік сызықтар шашыратпай тұтас композицияға үндестіріп тұр. Ғимараттың оң жақ порталы бөлігінің басқа қабырғаларының биіктігі 13 метр келетін жоғары жағында екі 2,5 м келетін эпиграфикалық басқұр берілген. Ол құран сурелерінен тұратын сөздер геометриялық өрнектермен үйлесім тапқан. Қабырғалардың төменгі жағы бес-бұрышты қыш тақшаймен қаланып, жұлдыз іспеттес өрнектермен көмкерілген. Ескерткішті тұрғызған шеберлер өздері қарастырған архитектуралық және құрылымдық шешімдері күмбездің ішін сталактиттермен қабырға әшекеәлерімен үйлестіре білген. Ғимарат негізгі орталық зал болып табылатын қазандықтың айналасына топтасқан әр түрлі мақсатта бірнеше жайлардан тұрады. Бұл – Ахмет Яссауи бейіті немесе қабырғахана, асхана қызметшілер бөлмелері. Қазандық – комплекстегі ең сәулет зал. Бұл диаметрі 18,2 метрге жуық шар конус формалы асқақ күмбезден жабылған. Яғни жобалық шешімдерге сай келеді. Қазандық қабырғаларының дәл төбесінен ұштары төмен төнген қатпар-қатпар сталактиттер биіктігі 39 метрлік ақ күмбезге барынша сұлу, мейлінше асқақтық көрік беріп тұр. Залдың нақ ортасында аңыз бойынша Түркістаннан 25 шақырым жердегі Қарнақ қыстағында жеті металдың қосындысынан құйылған алып тай қазан тұрған. Ғимаратқа кірер бас қақпаға қарама-қарсы төргі бетте (Қазандықпен зиратханадан сон) қабірхана - Ахмет Яссауидің бейіті орналасқан. Бұл төрт бұрышты (7,5х7,5 м), қабырғаларында таяздау қуыстары бар кең бөлме. Орталығында ақ-жасыл тастармен (3,25х1,2х2,2) тысталған биік сағана тұр. Кезінде бұл жерге ешкім жіберілмеген. Қабірханаға кірер босағада ғана құран оқылатын болған. Мешіт ғимараттағы құрылысы, нақыш безендерімен аса тартымды. Жоспардағы кейпі төрт бұрыштылау (6,4х9,4 м), жарық түсетін көздері мол күмбезден тұрады. Мешіттің ішкі интерьері де арнайы ізденістен туған. Кең иықтығ сүйір ұшты иіндермен тұтасқан, қырлы сталактиттермен жабылған, алты ұшты өрнектермен геометриялық дәлдікке өрілген. Мешіттің михрабы (Мекеге бағышталған мешіт иіні) құбылаға қараған иіні негізінен көгілдір ренде оюланған. Мұнда тік-төрт бұрыштар мен үшкір иіндердің көгілдір өңіндегі жазулар сан алуан реңді өсімдік өрнектермен сабақтасып жатыр. Алтын түсті бояуларын шуда жіптей иірімі көзге шалынады. Міне, осындай өрнек қоюлығы мен ізденісінің сол архитектурамен жымдаса сүбеленуі тағы да Темір дәуірін заманына саяды. Үлкен және Кіші Ақсарай деп аталуына сай екі залдан тұрады. Кітапхана, құдықхана және өзге бөлмелері екі қабатты иіндер болып салынған да, өзара баспалдақтармен жалғасып жатыр. XVI-XVIII ғасырларда, Түркістан қаласы Ұлы жүз, Орта жүз хандарының орталығына айналған шақта, осы Ақсарай хана сарайы ретінде пайдаланылған. Кітапхана, Кіші Ақсарай секілді қазандықтың екінші иығынан яғни батыс бөлігінен орын алған. Ал, құдықхана мен асхана кіре беріс қақпаның екі қанатында. Ахмет Яссауи мавзолей-мешіті мейлінше тамаша қол өнер шығармаларының үлкен бір қоймасы іспеттес. Мәселен, қазандар, құйма майшамдар, шырағдандар, үлкен ту, алтын-күміс жалатылған, ағаш оюмен әрленген үлкенді-кішілі есіктерді айта аламыз. Тай қазан – бірлік пен қонақжайлық символы. Онық диаметрі – 2,4 метрде, салмағы – екі тонна. Қазанның көлемі кең болуы көне түркі тайпаларының діни сеніміне байланысты – қазан ернеуі түреген тұрған кісінің иегімен тұстас болуға тиіс деген ұғымнан туған. Тай қазанның үстінгі жиегіндегі үш қатарлы белбеулі безендер сан алуан өсімдік іспеттес ою-өрнекпен нақышталған да көне араб жазуларымен толысқан. Бірінші қатардағы жазулар Ахмет Яссауи ескерткіші үшін су құйылатын қазан ретінде Темірдің сыйға тартқанын айтса, ортаңғы қатарда «Мерейің үстем болсын!» және «1399 жылы» Тебриздік шебер Абду-л Әзиз ибн Шарафуддиннің соққаны жайлы жазылған. Ал, төменгі белбеуде «Алла-ақбар» деген қорытынды бар. Қазақ құлақтары Лотос қауызы іспеттес шығыңқы дөңес боп біткен. 1934 жылдан бері бұл тай қазан Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург, Ресей) мемлекеттік Эрмитажда сақталанған. Былтырғы жылдары қазақ үкіметі бқл тай қазанды мемлекетімізге оралдырды. Тағы да Темірдің сыйы шырағданның сүбелі тұлғасы, өсімдік тектес нәзік өрнектердің сәнді жарасымы, алтын-күміс жалатылған жазулар бұйымға қайталанбас тұтастық сыйлаған. Мұндағы жазулар 1397 жылы Изуддин ибн Таджуддин шебердің жасағандығын баяндайды. Мейлінше жоғары сауаттылықтан нәзік көркемдік талғамнан туған ғимараттың барлық есігі, әсіресе қазандық пен қабірхана қақпаларына, ең таңдаулы ағаштар іріктелген де ол сүйекпен нақышиалған. Есіктер мен ке»бір сәулет бөлшектерінде дәстүрлі қазақ ою-өрнектерінің сарыны сезіледі. Ахмет Яссауи ғимараты Темір дәуірінің айтулы төрт ескерткішінен, олар – Шахрисябздегі Ақсарай, Доруссиядат (Темір әулетінің зираты), Самаркандтағы Бибі ханым мешіті, бізге жеткен жалғыз құрылыс екендігімен де қымбат. Оның композициялық ауқымдылығы, пропорциялық өлшемнің дәлдігі, құрылымдық шешімінің ұтқырлығы, бұған қоса, мейлінше бай безендірілуі XIV ғасырдың аяғы мен XV ғасырдың басындағы Орта Азия сәулет өнерінің сүбелелігінен сыр шертеді. Сондай-ақ, ол өзінен бұрынғы қараханидтер дәуіріндегі құрылыс өнерінің сол кезде қалыптаса бастаған кейбір ерекшеліктерін бойына сіңірген. Бұл ескерткіштің Қазақстан мен Орта Азия сәулет өнері тарихында алар мән-маңынасы жоғары. Талай ғасырлар бойы құрылыс мәдениетіне үлкен үлгі боп келгендігі де рас. 1978 жылы Ахмет Яссауи архитектуралық комплексі музей болып ашылды. Музей экспозициясы ескерткіштің құрылымы мен безендірілу ерекшеліктермен, ежелгі Түркістан қала құрылысымен, Қазақстан жеріндегі жазба мәдениетінің тарихымен, қазақ халқының қол-өнерімен таныстырады.

ROMEO
akon__91_91
24-01-11 12:12
Turkistan salem. bul men Romeo ozimnin JULIETTAMDI IZDEP JURM
БІРЖАН
16-01-11 17:15
АССАЛАМАЛЕЙКУМ казактын дәу жігіттері және албандары озім албанмында мен туркістанга бармагам вооще ол жак кыргызтаннан да кедей шыгар бірак касиетті жер екеніне сенімдімін БІРЖАН 96ж АЛМАТЫ
Gul
Shining_star_97
12-01-11 20:56
Vsem privet Turkistan turaly biletinderinizdi aitynyzdarwa
Болат
Bula_aga@mail.ru
06-01-11 23:23
сәлем ұлдар мен қыздар
1111
1111
17-12-10 16:45
Түркістан - қала, Түркістан қалалық әкімдігінің орталығы, темір жол стансасы. Облыс орталығы - Шымкент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 225 км жерде, Сырдария өзенінің оң жағын ала, Қаратаудың оңтүстік беткейінде орналасқан. Іргесі б.з. 500 жылы қаланып, Түркі халықтарының орталығы болып келеді.

Археологтар Түркістан қаласының тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасындағы аймақта тас дәуірі ескерткіштері - Шоқтас, Қосқорған - бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткеннін көрсетеді. Б. з. б. 2-мың-жылдықтан бастап Түркістан қаласы төңірегінде Қазақстанның басқа да өңіріңдегідей Андронов мәдениетін жасаушылар тұрған.

Түркістанның ежелгі аты - Иасы. Археологтар ертедегі Иасының орны қазіргі Күлтөбеге сәйкес келетінін дәлелдеп отыр. 7-12 ғасырларда Түркістан төңірегі Шауғар өңірі атанған. Бұл өңір Түрік қағанатына қарады. 9 ғасырда қарлұқтар мен оғыздардың қол астында болды. Бұл өңірге 809-819 жылдар аралығында Хорасан билеушісі әл-Манун, 10 ғасырдың соңында саманилік билеуші Наср жаулаушылық жорықтар жасаған. 12 ғасырдың 1-ширегінде қидандар шабуылынан Шауғар құлағаннан кейін, Иасы өлкенің орталығына айналды. Қожа Ахмет Иасауи осында келіп қоныс тепкен кезде атақ-даңққа бөленді. Қожа Ахмет Иасауи қайтыс болғаннан кейін оның қабірі басына мазар тұрғызылды. Ол қасиетті орын деген атқа ие болды. Қаланың Ұлы Жібек Жолының бойында, Дешті Қыпшақ пен Орта Азияның аралығында болуы, географиялық жағдайдың қолайлылығы, сонымен бірге адамдардың мазарға тәуәп етуі, сауданың қызу жүруі елді мекеннің өркендеуіне ықпал етті. Иасы қаласы туралы деректер 13 ғасырда жарық көрген Киракос Гандзакенцидің \"Армения тарихы\" атты еңбегінде кездеседі. Бұл еңбекте Иасы қаласы Асон деген атаумен берілген. Иасы атауы 14 ғасырдан бастап тарихи шығармалардың беттерінде жиі көріне бастады. Шараф әд-Дин Әли Йездидің хабарларына қарағанда, 1388 жылы Иасыны Тоқтамыстың әскерлері талқандап, түрік тайпаларының қасиетті мекеніне айналған Қожа Ахмет Иасауи мазарын тонайды. Әмір Темір Тоқтамысты талқандағаннан кейін жаулап алған олжаның бір бөлігін Қожа Ахмет Иасауи кесенесін салуға жұмсайды. Иасы орта ғасырларда Орта Азия ғимараттары үрдісі бойынша дамыды: қамал, шаһристан, рабад қалыптасты. 15 ғасырдың 1-жартысында Шараф әд-Дин Әли Йезди Иасыны шағын елді мекен болды деп атап корсетсе, ал 16 ғасырда Руз-бехан Исфахани \"Михманна-ме-и Бұхари\" атты шығармасында Иасыны былайша суреттейді: \"Аса қасиетті Қожаның сағанасы орналасқан Иасы қаласы өрісі кең әрі құнарлы жер, Түркістан аймағының орталығы. Иасы қаласына тауарлар мен қымбат бағалы заттар жеткізіледі де, сол жерде оларды сату басталады. Сондықтан ол көпестердің тең-тең жүктерін шешіп, саяхатшылар тобын әр елге аттандыратын орын болды\". 15-17 ғасырларда зираттың төңірегіне ақсүйектер күмбездері салынып, олардың ішінде Рабиға Сұлтан Бегім (15 ғ.), Есім хан (17 ғ.) күмбездері ерекше маңызды болды. 1579 жылы Иасы қ. Ақназар ханның иелігіне айналды. Түркістан Есім ханнан бастап Қазақ хандығының орталығы болды. Сол кезден бастап Иасы қаласы Түркістан деп атала бастады.

18 ғасырда жоңғар шапқыншылықтары қаланы құлдыратып жіберді. 1819-64 жылы Түркістан Қоқан хандығының қол астына қарады. Сол кезеңде Түркістан қаласының аумағы 70 га-ға жуық болды. Оны балшықтан соғылған қамал қоршап тұрды. Қабырғада 12 мұнара мен 4 қақпа болған. 19 ғасырдың 60-жылдары Түркістанда 20-ға жуық мешіттер, 2 медресе, базар, 22 су диірмені, 5 мындай тұрғыны болды. 1864 жылы 11 маусымда Түркістанды Ресей әскерлері жаулап алды. 1872 жылдан уездік қала аталды. 20 ғасырдың басында Түркістан 1400 га-дай жерді алып жатты. 1903 жылы Түркістанда темір жол вокзалы салынды. 1908 жылы 3616 үй, 41 мешіт, 2 класты қалалық училище, қыздар училищесі, 1 медресе, 23 мектеп, 2 шіркеу болған. Қала халқы 1910 жылы 15236 адам болды. Өнеркәсіп және сауда орындарынан 1912 жылы 4 мақта тазалайтын, 10 май шайқайтын, 8 сабын қайнататын, 5 кірпіш зауыттары, 15 су диірмені жұмыс істеді. 1918 жылы 6-9 қаңтар аралығында Түркістанда Сырдария облысы қазақтарының съезі өтті. Съезде Сырдария облысының Алаш автономиясына қосылу мәселесі қаралды. Онда Сырдария қазақтары Алаш автономиясына қосылған жағдайда Түркістан қаласы Алаш астанасы болады деген шешім қабылданды. Түркістан қаласы 1928 жылдан Түркістан ауданының әкімшілік орталығы болды. Қалада білім беру, мәдени мекемелерінен Қожа Ахмет Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан-Ресей гуманитарлық университетінің филиалы, медициналық колледж, педагогикалық колледж, кәсіптік-техникалық, музыкалық, спорт, жалпы білім беретін мектептер, орталық кітапхана, \"Яссы\" халықтық фольклорлық ансамблі, Р.Сейтметов драма театры, \"Яссы\" эстрадалық тобы, \"Шұғыла\" тобы, \"Назерке\" бишілер тобы, \"Түркістан тамашасы\" әзіл-оспақ театры, \"Ақбота\" қуыршақ театры жұмыс істейді. Денсаулық сактау саласынан қалалық емхана, диагностикалық орталық, жедел жәрдем, дәріханалар бар. Түркістанда \"Түркістан\" баспасы, \"Әзіретті Түркістан\", \"Ұстаз\" газеттері, \"Түркістан тынысы\", \"Тұран Түркістан\" телеарналары жұмыс істейді. Қалада ардагерлер үйі, қонақ үйлер, саябақтар, Саттар Ерубаев мұражайы бар. 1991 жылы \"Әзірет Сұлтан қорық-мұражайы\" ашылды. Қалада жөндеу-механика, мақта тазалау, жем, кірпіш зауыттары, темір-бетон бұйымдарын шығаратын, тұрмыс қажетін өтейтін комбинаттар, тағы басқа кәсіпорыңдар жұмыс істейді. Түркістанның көркі мен мәртебесі - Түркі әлемінің ғұламасы Қожа Ахмет Иасауи кесенесі. ЮНЕСКО шешімімен Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейде аталып өтілді (2000). Түркістан қаласы жерімен халықаралық маңызы бар Орынбор-Ташкент темір жолы өтеді.


Айко
15-12-10 16:32
Қорлан құршы бар сенен басқа келін жоқ па,бәрібір иттей боп келесін гой,сонда көрсетеміз саган,ТҮРКІСТАНЫМ КИЕЛІ-БҮКІЛ ӘЛЕМ БІЛЕДІ
индира
ИНДИРА
10-12-10 10:21
СИЗДЕРДИН МЫНЫ ЖАЗГАНДАРЫНЫЗДЫ КОРИП КУЛКИДЕН ЖАРЫЛДЫМ,НЕГИЗИ БАСКА ЖАКТЫН АДАМЫ КАТЫРАДЫ ЕКЕН,САУ БОЛЫНЫЗДАР,КЫЗЫЛОРДА
ДИНАРА
DINARA_BOPAZHAEVA
10-12-10 10:08
ТУРКИСТАН ТУРАЛЫ НЕ БИЛЕСИЗДЕР ЖАЗЫНЫЗДАРШЫ ОТИНИШ
Айжан
31-10-10 21:58
Salem dostar! Kentau. Turkestan,Almati kalalari duniedegi en keremet waxarlar! Tugan jerim Kentau,Nagawi jurtim Turkestan,kazirgi meken-jaim Almati!
Майра
26-10-10 20:43
Бәрі АЛЛАның құзырында....Мойыма,Жігерлен,мақсатыңа ұмтыл!осының бәрі жәрде болады!
РУСЛАН
R.BAKO@MAIL.RU
01-10-10 11:51
мен кентаудан болам. кентаулыктар хабарласындар.
Куралай
kura_t93_93
17-09-10 18:21
Баріне салем.маган А.Байтұрсыновтын рефератын тауып берініздерші?
Jalgas
Jalgas8787@mail.ru
07-04-10 02:48
Assalamu Alaikum kurmetti jamagat !!!Menin esimin Jalgas boladi , ozim Turkestanda tuip oskem ,kazir Misr Arab Respublikasinda okudamin inwallah . Men mina jerde arkimnin oi pikirin okidim , arine 5 sausak birdei emes , ar kim arkalai aitadi jane ar jerdin oz jamandigi ne jaksiligi boladi . Men ewkaisisin duris buris dep jarmaimin degenmen adam birinwi jaman jagyn aitu uwin jaksilik jagyn karastyru kerek janede sol jaman jagyna ozi koz jetkizu kerek . Ozderiniz oilanyzwi kai jer tek jaksilikka toli dep oilaysiz ? sonau Mekke men Madine kalasindada 100% payz jaksilik ornap jatkan jok . Men oz tugan jerimdi Turkestandi sagynip jurmin , inwallah Allah kalasa osi jazda oralamin , habarlasyp turularinizga boladi kandaida surak ne baska bolsa kuana jauap kaitaramin inwallah . Jalgas8787@mail.ru !!!
Ерболат Бухарбаев
erbolbuharbai
27-02-10 08:16
мен Кентау каласында болдым ол кала өте көрікті ендігі жазда тағы баруды максат етип отырмын иншаллах
акбота
obta_95
03-02-10 19:29
туркестан ешелгі қала ол
Гулназ
27-10-09 14:57
мен Турик каганаты туралы реферат іздеп жүр едим көмек тесулеріңізді сұранамын
Sapar
marat08@mail.ru
01-09-09 19:59
mende turkistanga barganmyn.kala deuge bolmaityn sekildi kak kolxoz.a kieli ekenine senemin jane ogan bas iip kurmet korsetemin.adamdary jane olardyn tusinikteri muldem unamady magan.barlygy uwin aitpaimyn akkonildi adamdargada keziktim.al madenietsiz,tuk kormegen,ar-uiat jok jastar kop eken.jastar end byzyla bastagan sekildi i sana sezim jok eken
Гулбану
jan.BANU_90
27-02-09 09:38
Мен бұл жерде не әңгіме болып жатканын онша түсінбедім. Біріақ ТҮРКІСТАН туралы жазу керек болса жазайын. Мен өзім Түркістаннанмын. Қазір Алматыда оқимын. Түркістан өте керемет қала! Ол жердің адамдары өте қонақжай.Түркістанға бір айға тіпті бір жылға барсаңда ол жақта сол бір жыл бойы қонақ блып жүресін. Ал, Алматыда олай емес, мұнда максимум бір күн қонақ боласын ал қалған күннен бастап сол үйдің тірлігін істеуге міндеттісін. Бұл менің Алматыны жаман дегенім емес, просто бұл факт.
E7
18-02-09 14:56
Торт жыл бурынгы такырып али талкыланып келеди!
Осы уакытта ол кыз Туркистаннын ен жаксы келини болып жур!
адун
адун
14-02-09 11:29
Корлан мен Жарастын созине келисем,онда барып кор болмашы
адун
адун
14-02-09 11:04
корлан мен Жарастын созине косылам,неге Алматыдан озинди алаканына салатын жигит таппаска
Қалпақ
10-01-09 20:55
Түркистан - ер түриктиң бесигидур,
Түркистан - еки дүнья есигидур, - деген Мағжан Жумабаев түби бир түркиниң жүрегине жетер сөзди айтпады ма?
alatay
alatav@hotmail.com
04-01-09 03:32
assalamvalaykum tostar men Turkiyede jasaimin sizderge Jahselik bakittik tileimin

Тұрaнгa иер иүзүнде иер иеткен бе?
Түрүкте aдaмзaттa aл иеткен бе?
Кiл aкыл,отты қaйрaт,иүйрүк ңaял,
Тұрaннығ ерлерiне ер иеткен бе?

Тұрaндa Тұрұк ойнaгaн ұсaп откa,
Түрүктен бaсгa от боб иaн тұвұп пa?
Көп Түрүк iнчi aлысып тaрaсқaндa
Кaзaк дa кaрa шaнгрaк кaлгaн иок бa?

Мaгжaн жұмaбaюлi Aтaбiз


Ер Түрік
09-12-08 11:04
Киелі Түркістанды ардақтай білейік ағайын! Ол исі түркі жұрттарының алтын бесігі ғой.
Кеңес кезінде де Түркістан өз қадір-қымбатын жоғалтпады.
Акмарал
maral1975@mail.ru
18-11-08 12:24
Түркістан қаласы өте тамаша,маған бұл қаланың адамдары және қаланың сәулеттілігі унайды
Патрик
babyboo94@mail.ru
16-11-08 19:27
салем !!! маған тусуну және айтуға өтте қиын...себебі мен Америкадан келдім,енді өтінемын,маған қазақша рефераттар бар жерді айтынышшы!!маған just in subject керек болган еді!!!
Салта
ADI838
20-10-08 08:00
Саламатсыздарма бауырларым.Мен Шырайлы Шымкенттен боламын,дегенменде Түркістан қаласына көптеп барып тұрамын.Өзім журналист болғандықтан маған осы киелі қаламыз туралы және ондағы көптеген кесенелерді зерттеген,олардың тарихын тереңірек білген ұнайды. Бүгін дәл осы қаланың ірге таы қаланған күн екен.Мен барша Түркістандықтарды осы атаулы күндерімен құтықтаймын. Осындай әсемде,киелі қаламыз қашанда көркейе берсін.Оған барша Қазақстандықтар ат салысуымыз керек деп есептеймі.
Артықбаев Бекмырза
02-10-08 14:04
Түркістан - Қазақс
Замира
02-10-08 08:06
Туркистан каласы оте жаксы кала ол жерде Султан баба Кожа Ахмет Яссауий махпарасы бар Оте зияратты жер Тилегин кабыл болатын жер
Молдір
Молдір9999
25-09-08 07:59
Т‰ркістандыќ жерлестерге жалынды сєлем!!! Менде Т‰ркістан ќаласынан боламын. Бізде барлыѓы ќазаќи салт - дєст‰мен ж‰реді. Салт дєст‰рден ешќашан асып кетпейміз. Басќа не десе ол десін, бізге осылай ±найды.
Кайрат92 Туркестандык
29-08-08 08:35
Салем жерлес достар. Туркестан тарихи кала
Туркестанга ешкандай кала жетпейди.Ахмет Байтурсынов мектебине жалынды салем
КАЙРАТ КУРМАНГАЛИЕВ.

белгисиз конак
укп
25-06-08 09:42
оу! кыздар не сендер уйлеринде ештене истемейтин адам сиякты сындар гой! ендеше мени тындандар онтустиктердин барлыгы нагыз казактар. нагыз казактын салты сонда.
Азамат Т‡РКІСТАНДЫЌ
azamat270789
19-06-08 12:34
Салем достар калайсындар біздіњ Т‰ркістан µте мыќты ќала.Т±ркістанныњ шіркін топыраѓына ешбір топыраќ жетпейді.Т‰ркістанныњ ДАРЫН мектебіне сєлем.
dinara
dinarabur@rambler.ru
18-10-07 06:56
salem okirmandar.mende turkistannan bolam.ol jer magan katti unaidi menin tuip osken jerim.birak nege ol jerdin saltin unatpaitinin bilmimin.ol jerdede kelinder jumis istidi ol ruksat etilgen.kiyelo jer.sizderse salttin kaisisin ozgertu kerek?
Токаш
1977.01.12
16-10-07 09:18
Корлан сен шатаспа, туган байын болатын болса таяк жеп турган жаксы болады. Ол битамин гои. Озимиз аптасына алты кун таяк жимиз. Тек кана воскрисение входной. Сен аптасына еки кун таяк жесен куранынды окып намазынды окып журе бер.
Shynar
Shynar_kz91@mail.ru
10-09-07 20:40
salem barine!menin jerlesterim,men kazir kitaida okudamin,jasim ali 16 da,bilemin kishkentaimin,okip jatkanima 2 boldi,jakinda uige barip kaittim,Turkistan ote ademi bolip ketipti,magan ote unadi,bir jildan son kalamizdi odanda katti korkeie tusedi dep oilaimin,munda Turkestan degen kalani eshkim bilmeidibari Turkimenstanmen shatastiradi,men oz kalamnin bulai shataskanin kalamaimin,sondiktan oz kalamnin atin ataitin jerler bolsa kuana-kuana aikailap jibergim keledi,men ozim kuanishtimin,akittimin Turkestanda tuilganima,sebebi ondai kieli jerdin topiraginin ozi kez kelgen adamnin bir korsem degen armani,menin America,Yaponiya,Koreya,Angliya,Africa,franciya,Rossiyadankelgen dostarim Turkestan turali estip sonda bargisi kellip jatir,olarga buringidai Astana kizik emes,Turkestan turali bilgisi keledi,sebebi men oz kalam turali kop aitip maktanganmin.poka!
Келин
27-12-06 08:21
Неге Оңтүстік Қазақстан облысында келінге деген көзқарас басқаша екен? Түсінбей-ақ қойдым. Ол не, қызың не айырмашылығы жоқ емес пе? Барша Оңтүстік қазақстандықтар!!! Осы сайтты оқитындар!!! сендер көзі ашық азаматсыңдар ғой, Алматы, астанада жүріп көргендеріңді көңілдеріне түйіп, салттарынды жұмсартуға тырысындаршы. Болашак сендердін қолдарында гой.
Бакыт
bakut.Usenova@mail.ru
23-12-06 10:00
Сәлем достар.Түркістан жайлы неге жаман ойлар айтасыңдар. Олай айту қазақ деген арымызға жат ұғым.Жазбас бұрын жақсылап ойланып,көз жеткізіп алуымыз қажет,достар.Киелі Түркістанға топырақ шашпаңдар!
Түркістандық жігітпен жүрген қыз
13-09-06 13:07
1 жыл бұрын Түркістандық құрбымның сұрауымен класстас достарыментанысуға бардым. Барлығымыз кафеге бардық. Сол жерде маған құрбымның сыныптасы "ғашық" болды. сол куні ақ меннен өтініп 10 мың теңге сурады, жаңағы кафеге төлейтін ақшалары болмай шығыпты. мен бар ақшамды бердім. Ол достарымен армия қатарында болатын. Маған өлгендегі сөзін айтты. Басым бос болғандықтан мен оған келістім. Оның служить етіп жүрген жеріне барып тұрдым. Анда санда олда маған уйге келіп журді. Мен ол келгенде барлыгын дайарлап отыратынмын. кейін тағы уйге кетуіме киім алуым керек деп тағы 15 мың сурады. мен ғашықтық сезімде жургеннен сон ба оған сұрағанын тауып бердім. ол маған уйленетін болып ата анасына хат жазды. шынымды айтсам мен оны суйп калдым, оны поездга салып жібердім. ол маған бір айда келем деп сөз берді. содан жоқ... берген сөзінде де тұрмады ғой (ережеге сәйкес сөз алынып тасталды - модератор)! мені обократь етіп кеткенін ойласам жарылып кете жаздаймын. Түркістаның қаласын білмеймін, бірақ жігіттері адам емес

баян өлгей қаласынан
arko_dj@yahoo.com
20-08-06 14:15
баян өлгейге барып көргенініз бар ма яғни монғолияға
Қорлан былжырама
17-05-06 02:15
Қазақтар!!! Тақырыпты ашкан жігіт алыста жүріп бауырларымен хат алмасқысы келген екен. Ал сендер нені мыжып отырсыңдар?
Қазақтың "Қорлан" есімін қор қылған мына Қорлан былжырап қалған, өздігінен еш нәрсе шеше алмайтын, ертең жылап жүретін, нағыз СҮМЕЛЕК екен!
Киелі Түркістан халқын жамандауға қалайша ұялмайсыңдар? Үлкен кісілерді сөгуге қандай қақыларың бар?
Қорлан тиетін байыңа тиіп кетші айналайын, бақытты бол!
Мен өзім Алматылықпын.
P.S. Кәмшат замандасымның "Техас пен Шымкент" туралы әзілі ұнады. күлгенім ай...
Лаззат
keпес/88маіл
12-05-06 10:39
Сіздердін козгап отыргандарыз жай нарсе.
Узын агаштын пендес1
10-01-06 15:44
Боска шаршаманыздар. Б1з мунда Онтуст1кт1н фоедалдар екенд1г1н далелдеуге тырысып, олар оздер1н1н олай емес екенд1ктер1н айтып шып-пыр болып жатканда Корлан ТЮ-ТЮ болып кеткен. Айтпесе б1р жылдан бер1 басын катырып акыл 1здеп жур дейс1здер ме. Ал шындыгын айтканша Онтуст1к - Шымкент, Кызылорда, Жамбыл облыстары феодалдык калдыктан арыла алмаган жерлер екенд1г1 - АКСИОМА
Serbolat
serba_arys@mail.ru
06-01-06 00:45
Uagaleykum Assalam!

sizderge de dugay dugay salem Arystan!

Serbolat
06-01-06 00:37
anau bolshak enelerin degen kizdin jazip ketken postin okip kulkiden katip kaldim! jaraysin! men de sagan kosilamin. kelindershi osidan!!!abden jumsaymiz. oy katirasindar sender de!
shymkentte nagiz kazaktar omir suredi. unamagan kelmesin! al mundai takirip shymkenttikterdin namisina tiedi. sondiktan kop kirta bermender!
takirip tandasandar da durustap tandau kerek koi. al jamandap jazgandar bolsa sol sozderindi shymkenttin jigitterinin betine aytip korindershi, korer edim kanday batir ekenderindi
өрік
19-12-05 03:11
салем
сендерiн мынау жазуларынды окып катып калдым кулкiден!
негiзi каатырады баска жактын адамдары.
Ерлан
17-09-05 12:09
Шешім кабылдай алмай барша журттан комек сураган Корлан карындас! Казакстандагы барлыќ территорияѓы облыстар мен калалардыњ экономикалыќ жєне єлеуметтік дењгейі бірдей. Мен мына аймаќ цевилизацияланѓан, ал мына аймаѓа арта ќалып кеткен деген тењеуді Казаќстанда коре алмаймын, біраќ єр турлді аймаќтардыњ озіндік екрешеліктерімен кундылыќтарын ќалыптасып омір суру стандартына ењгендігіне сенемін. Енді адамныњ жаќсысында жаманын да барлыќ жерден кездестіруге болады. Сеніњ жєне саѓан аќыл айтќан озгелердіњ хаттарын оќып тањ ќалдым жєне де мынадай ойѓа тоќталдым. Сен Туркістаннан тапќалы турѓан баќытыњды басќа дамыѓан ќаладаѓы кім біледі баќытсыздыѓыња ауысытырѓалы турсыњ ба? Адам омірде бір-аќ адамды суйеді. Бул сеніњ ішкі сезіміњ. Сеніњ сыртќы ортадан алѓан асеріњ алдауы мумкін. Ал µзіњніњ журегіњ алдамайды. Ойткені Сеніњ µміріњ жаќсы болса да, жаман болса да оз ќолыњда, саѓан ешкім аќыл айтќан мен комектесе алмайды. Егер араларыњдаѓы махаббат шынайы болса онда ертерек Туркістанѓа келін болуѓа тырыс. Ќудай-ау не деген масќара , Туркістанныњ халќыныњ жабайы екендігін кім айтты. Біз де ќоѓамбыз. Букіл алемде азамзат оз суйгені ушін жанын ќурбан етуге дайын екендігін білмейсін бе? Сен бул онірге келіп жаќсы болу да, жаман болуда µз ќолыњда. Ќазаќта маќал бар: "Азіліњ жарасса атањмен ойна"- деген. Осы маќалдыњ философиясын шындыќќа асырѓан оњірдіњ бірі -ТУРКІСТАН. Туркістан ќаласы Казакстанда Астана мен Алматы ќалаларынан кейінгі Мемлекеттіњ назарындаѓы 3-ші ќала же не Рухани астана деген атаќќа ие. Бул ќалады 40-тан аса улт окілдері омір суруде.
Ќазаќ атам айтады: "Ќызды ќырыќ уйден тыю, кала берсе ќыз жат журттыќ" деген. ќай ПЕРЗЕНТ оз ата-анасын ќадірлемейді, ќай ата-ана оз баласын кастерлемейді" Улкенді ќурметтеу, кішіге ізет корсету, ќазаќтыњ салт-дєстурін ±стау, µзін ќазаќпын деп сезетін адамѓа жат нарасе емес.Т‰ркістандаѓы µмір суру салты ќазаќтыњ салт-дастурлерне негізделген. Буны зорлыќ-зомбылыќ, ќул ѓып жумсау мен шатастыруѓа болмайды. Ќазаќтыњ нагыз салт-дастурін устаѓан адам жєне де журегі ќазаќ деп соќќан адам тарихта адамды еш уаќытта 2-ші, 3-ші сортќа балаѓан емес. Сондыќтан да бундай тењеуді айтып отырѓан адамныњ коз- ќарасы надандыќќа алып келіп соѓады.
Ќорлан ќарындас сеніњ бул іс-арекетіњді ѓылимилыќ негіз деп табамын. Сеніњ аќылыњ µз басыња жетіп жатќанына сенімдімін. Шешім тањдау - озіњде. Мен саѓан тілейтінім: мыњныњ армандап, бірініњ ќолы жеткен таптырмас баќытты тілеймін. жолыњ ашыќ, махаббатын мањгілік болсын.

Болашақ Енелерің
18-08-05 12:17
Қорлан БАСТЫ АУЫРТПАШЫ миға қонымсыз ойларынмен
Туркістанды ұнатпасандар келмендер
Келсендер сендерді құлша жұмсаимыз, Сендерге тыныштық жоқ күнініне бір салем беру аз 100 рет сәлем бергізу керек , таңертеннен бастап жумысқа салып бір сөз аиталмаитындаи етіп жұмысқа салу керек.
Қорланға советчик!
06-04-05 14:17
туу, Қорлан, беспантовый қала, адамдары нашар, 19 ғасырда өмір сүргендейсің, Шымкенттің жігіттеріне Шымкенттің қыздары ғана көнеді. өздеріне өздері жақсы, ал біздің дамыған қалаларымздың адамдарына ол жат. так что ол жаққа асықпай ақ қой, жігітіңе деген сүйіспеншілік бір ақ күнде жоғалады.
Сагын
04-04-05 18:10
Туууй, тусінік деген киын екен гой. Ол жакты, салтын кім жамандап жатыр. Казактын келіндерінің салт устап, орамал тағып, сәлем салып, узын киіп, сыныксып, ізетін көрсеткені, ерте турып кеш жатканын кім орынсыз деп, ол дурыс емес деп жатыр. Бірак ешкіге жантақ, итке шоп, қойға жуынды ішкізе алмайсын гой. Сол сиякты әр жердін әдеті баска, иттері кара каска деген сияқты, уйренбеген жердін ой шукырын айту бізге парыз. Корлан туркістаның немесе ЮКО ның бір облысынан болса акыл айтып бас катырмас едік. Нендей нәрсе шешілмей жатканын төменде айтып кеттім гой, казахтар Ау !!!
Метист
04-04-05 12:44
Осы мен казахтарга тан каламын. То ру, то кала деп дауласасындар да жатасындар. Не жер жетпе ма, айел жетпей ма? Казах бауырлармен коп араласамын. Мына форумды атты, сосын корейын дедым. шынымды айтсам, кулкым келеды. Алемде глобализационный вопросы болып жатканда, быр кыздын проблемасын айтасындар. урсасындар. Кулкым келеды. Если ол жыгытты жаксы корсе, хоть 100 раз запиреть ее в сундук она все равно выскачит замуж за него. Так что, казах бауырлар! Вам мой совет, не надо из за нее здесь драки устраивать! Мне
вас жаль!!! Далбасаламандаршы!!!
Белгысыз ЖАН
04-04-05 12:14
Казактар жане Корлан!!! Мен мына форумдагы пыкырлерды окып, тобе шашым тык турды! Неге? Бырыншыден,Туркестан сиздер ойлагандай, орта гасырдагы кала емес! Ата-бабамыз бурыннан урпагына мура етып калдырган салттардын ол жерде , Туркестанда, 60-70 пайызын устанады. Онын несы айып? Алде дилинен, тилинен, салтынан безинып журген Батыс пен Шыгыс, Солтустык онырдегы "шала" немесе "ада" казахтардын американизациаланган "модерн" салты жанынызгы жакын ба? арине, "Салттын озыгы бар, тозыгы бар" дегендей, ол онырдын де казыргы заманга лайыкталып жасалган дастурлеры бар. Сыз Туркестанга барганда, ежелгы казахтардын "казахша койлек" не "камзол", ьасына саукеле киып алган астына ат мынген адамдарды кордыныз ба кошелерынде? Немесе, келындерын кунше сабап жаткан жерынен комекке бардыныз ба? Быле белсеныз, онда 27 елден (Орта Азияны коспаганда, Туркия, Ресей, Батыс Еуропадан, Америкадан да) келып окитын, жумыс истейтын сыз бен быз сиякты адамдар бар онда. Келиндердын тарбиесыне келер болсак, бари де менин ойымша, орынды. Ол тек ар отбасынын тарбиесы мен тартибине байланысты. Кей отбасында, осында айтылган, "Батыс киген джинсиды" да, баскасын да киып, ормал да такпай журетындер бар. Сол уйдын зандылыктарына байласнысты. Ал сыз енды мынаны ойланыз, кыска юбка мен шашын жайып алып, тырнагы "жалмауыздыкындей" адамнын колынан тамак ишесыз бе? Шашы жалбырап тамакка араласып, уй шаруасына каншама кедергы келтырмей ме? ал, Туркестандагы басына орамал тагу, бутына "дамбал" (казыр оны шалбармен ауыстырган) кию тазлыктын кепылы жане маган сениныз, оте ынгайлы. тыптен, казахта: "ет жемесен, ет жеме, етегынды жап кудаги" деген макал да бар емес пе?..
Тойларга кыз-келыншектер бармайды, олар дастархан басына отырмайды деген пыкыр шыдыкка мулдем жанаспайды. керек болса, ондагылар Алматы мен Атыраудагылардан да санды киынеды. Калтан котерсе болганы. Отырык десен, келып бетыме тукыр!
Ал, негызгы Корланнын маселесыне оралар болсак, орыстардын: "с любимым и в шалаше рай!!!" дегены бар. Ал, Туркестан... жумак емес арине, бырак тарихынан кол узбеген, омир суруге оте ынгайлы, болашагы зор кала!!!
P.S. "тесык моншак жерде калмайды" арине. Бырак анау деп, мынау деп сылтаурата берсен, байсыз каласын. Жер бетынде сенен баска кыз курып калсада!!! Тем более КР-да 1 еркекке 8 кыздан келеды. Ренжыме, катты кеткеныме. Сосын, Туркестаннын да, жигитыннын де бызге унаганы емес, саган унаганы маныздырак!!!
Камшат
04-04-05 07:16
Жақында Шымкенттің Абай ауылына тойға бардым. Барлығы жақсы, кәдімгі қазақтың көл-көсір жайылған дастарханы, бізді бимен қарсы алып жатты. Бірақ, ең өкініштісі, дастархан басында әйел затының отырмағаны екен. Бір екі-үш еркек адам біздің көңілімізді көтеріп қана жүрді. Ал сол үйдің келін-кепшіктерінің барлығы қазан басынан шыққан жоқ. Түркістанда қандай екені қайдам, бұл ауылда әйел мен еркектің теңдігі жоқ екеніне көзім жетті.


Қорлан
31-03-05 07:05
Сәлем жолдастар!
Қалай айтылса да әр жердің салты бөлек екені рас екен. Бірақ мағынасы бір сияқты. Жігітімді күннен күнге сүйіп барамын, бірақ өз форумымның кеңестерін оқып отырып, аяғы қалай боларына басым қатып отыр. Жігітім екеуміздің арамыздағы сүйіспеншілік, толық жанұя құрып кетуге жеткіліксіз ба деп ойлап отырмын. Барлығына менің шыдамдылығым мен ақылды болуым қажет ететін сияқты. Миым ашып отыр...

Камшат
30-03-05 15:31
Жанерке, мен де барайыншы!
Түркістан қаласын менің де көргім келетінін жасырмаймын!
Сагын Жанеркеге
30-03-05 12:30
Окыган 5 жыл ішінде каланы жаксы таныдым. Айтары жок тамаша. Туркыстан екы дуние есыгы гой деп бекер айтылган ба? Ауа райы жайлы, коркі асем, багасы арзан, омыр суруге оте ынгайлы. Ал адамдары оте конакжай, орыстанбаган, казактын салтымен озбек салтын біріктіріп, бір туркестанский салт жасап алган, жалпы халкы да тамаша. Бірак бул жерде, кайталап айтам, Алматы облысынын кызы Корланнын ол елге саяхатшы, конак ретінде емес, КЕЛІН ретінде сіңіп кете ала ма деген маселе котеріліп тур. Сен Туркыстанджы жаксы былгенмен Алматы облысын білмейтін болып турсын гой. Корлан ол жерге келын болып тускен сон ол Алматы облысындагы келындер сиякты журе алмайды. Ал журем десе, карсылыкка ушырап, жаман атты болып немесе коргенсыз, тікаяк, орыс, ары кеткенде жаман келын атанады. Ол ол жактын салтын устап, омыры кормеген әдетпен омыр сүруге Корлан кондыгып кете алса жаксы, олай болмаған кунде бармагын тыстеп калары рас. Бундагы журт туркыстанды жамандап отырган жок. Дурыс тусын. Ол жердын салты туралы малымен беріп жатыр. Ал адам озы кормеген бармаган жеры туралы ойдан шыгарып айтады деген акылга сиямсыз гой. Тіпті мундагылар бастарынан кешкендерын де жазыпты. Бұл акыл, кеңес, сабак екены рас кой. Ал туын жасау Корланнын оз колында
Janerke
29-03-05 10:27
Sagin men senimen kelispeumin... Sender Korlan barin kelindershi Men senderge korseteuin kalani, halikti...
Камшат
28-03-05 13:50
Менің ойымша Қорлан сұрақты дұрыс қоймаған сияқты. Мына жерде жұрттар Түркістан қаласы туралы сөз қылып жатыр, ал Қорланның ойы сол қаланың салты мен дәстүрін білгісі келгенін жазған еді.


Сагын
25-03-05 15:02
Жанерке кудан ушын,,, туган жеры туралы, салт дәстуры жагымсыз соз шыкса жаны шыгатын казакпыз. Бірак ащы шындыкты мойындашы. Мынауын: кордым дегенды к... деген женеды деген анайы макалга коп уксайды екен
Ербол
Естай
25-03-05 13:18
Сенин ойын акыл айту емес биреудин кызын тартып алу сиякты гой
Janerke
25-03-05 10:15
Sagin senozin kau jerdin jigitisin? Kylsha ystaudi degenin oyirik. Senin kandau yulerge berganindi bilmeumin? Birak sol sen okigan MKTY-da okityshilarda bir-bir yudin kelini gou. Solar kalau kuinip jyretin edi.
Камшат
23-03-05 14:22
Мына жерде әлі пікір-талас тамамдамапты ғой!

Туған жерін жаман деген адам кездестірмеппін. Әркімдікі өзіне ай көрінер көзіне!

Бізде Шымкентті - Техас дейді. Ал Америкада Техасты - Шымкент дейді екен!
сагын
23-03-05 13:06
Туркістан каласын оте жаксы білгендіктен айтып отырмын. Мен МКТУдын зан факультетын бітірдім. Ягни 5 жыл сол жердін топырагын тоздырдым. Тек тоздырып кана коймай, жергілікті достарыммен араласып, отбасыларына барып, бір балаларындай болып кеттім. Сенің шалбар киіп, орамал салмай ак журеді дегенінді отірік деп каймыкпай ак айта аламын. Ал жігіттерден келіндерді неге малша устайтынын сураганымда барлығы да сен сиякты – келін оз орнын білуі керек дегенді айтатын.
Janerke
jan_azret@ramble.ru
23-03-05 10:53
Sagin sen olau autpa? Sen Tyrkistandi jaksi bilesin ba? Kazir kelinder shalbar kuip, oramal takpau-ak jyre beredi.
Erkekter men bir dastarhan basinda otirmaudi degen de otirik. Konfysuu autkan gou arkim oz orninda bolsin dep, sol suakti kelin de oz jolin saktagan da tyrgannin esh auibi jok.
сагын
19-03-05 13:25
Жібекті түте алмаған жүн етеді деген макалды кайда коясын?
ақылшы Келін
16-03-05 11:24
қай жерге келін болып түссең де барлық жерде бірдей. Кей жерлерде өзінің жақсы жақтары ал кейбір жерлерде жаман жақтары бақырайып көрінеді. Өзіңнің жеке үйің, тіршілігің, абыройың мен атағың пайда болмағанша сол ата-енеңнің айдауымен жүрген бойы жүрерсің. Барлығы қыздардың ақылдылығы мен жарын тәрбиелеуіне байланысты. Еркектер деген бала сияқты, басынан қандай тәрбие берсең , соңына дейін солай болады. Қорланжан ақылды әйел болу өз қолыңызда!
ЮСУФ ЗИЯ ЧЕТИН
ownhard,yahoo,com
14-03-05 14:21
privet vcem celam doctar

Қорлан
14-03-05 08:04
Сагын-ау төбеден жылтыңдап қарап тұрған жоқпын ба мен, басқа амалым құрып! Барлығының берген жауаптарын оқып отырмын!

қызық әңгімелер болып жатыр, менің қосарым жоқ
Сагын
12-03-05 13:40
Аууу!!!??? Корлан?...
Колды бір сілтеп куйеуге тиіп кеткен жоксын ба?
Камшат
11-03-05 13:40
Белгісіз қонақ! ой өтірікті жаудырдыңыз ғой келіп! Батыстың келіндерін көріп жүрміз ғой! Адайларың Шымкенттіктерден де асып кетпесе кем түспес! Керім жақсығып мақтаныпсыз қонақжай адам!
Белгісіз қонақ
10-03-05 08:55
Бізде Батыста келінді қызынан артық силайды.
1) орамалдың орнына бандамка тағасың
2) дамбалдың орнына джинсы киесің
3) мұнай компаниясында жұмыс істейсің
4) жалақың күйеуіңнің жалақысынан көп болады
5) ата-енең сені көрмеуге тырысады, өзің ай сайын сағынып барып тұрасың
6) ауланың алдын сыпырудың қажеті жоқ, бәрібір балшық болып жатады
7)балаң жаныңда, байың қойныңда!
Қорлан ау Батыстың жігіттеріне ти!
Шымкенттен сәлем
09-03-05 12:03
1. Келін келген күні кіре берісте басына орамал жабамыз сол орамал өлген күні басынан бір ақ алынады. Жаға жеңі ашық емес ұзын көйлек те осылай. /Бұл бір жағынан қайын жұртын силау, тазалық болғанмен, қатар құрбылар болып немесе жай той томалақта, әсіресе ресторан, кафеде өтетін шараларда прическа жасап, соңғы модамен сәнденуге көп кедергі екені рас/
2. ОҚО да келін елден бұрын тұруы керек. Яғни есіктің алдын сыпыру мен шай дайындап оны отбасына беру, үй жинау, күні бойғы үйдің жұмысы кешкі тамақ, сиыр сауу, кір жуу, құрт қайнатып, май шайқау сияқты т.т әйелдің жұмыстары ТЕК келінің міндетіне кіреді. Оған ері қол үшін бере қалса «қатынбасша» атанады, қайынсіңлісі немесе қайындары көмектессе – «келмей жатып қызды немесе қайындарын жұмсап қойыпты» деген сияқты айыптар тағылады. /Ауырлау екені рас/
3. Үй-ішілік маңызды шешімдер қабылданар кезде/мысалы жас жұбайлар ата ене қолында тұра ма немесе оларды тауға қой бағуға жібереміз бе, немесе олардың ақшасын түгелдей пәлен шаруаға жұмсасақ деген секілді немесе басқа да/ бірінші ата – ананыңғ екінші қайнағалар, ерінің, одан кейін басқа жанұя мүшелерінің, содан кейін ғана келіннің, онда да келінге тікелей қатысы бар шаруа болса пікірі тыңдалады және ескеріледі. /Отбасына байланысты. Бірақ көбінесе осылай/
4. Келін болып тсүкен күннен бастап күйеуі екуеінің тапқан қаржысы қомақты пайызы қайынсіңлі мен ененің салығынан босамайтын болса таң қалудың қажеті жоқ. /Оған ененің мені қамтамасыз ете алмаса неменеге таптым оны»-деген мықты аргументі себеп. Және ол талқыланбайды. /

Камшат
09-03-05 06:51
Қорланға шын кеңес бергілеріңіз келсе, мынандай ұсыныс жасағым келіп отыр:
ОҚО өз салтының жақсы және жаман жақтарын, ал Алматы облысы өз жағын жазсын. Сонда айырмашылығын түсінген қыз өзінің шешімін жасайтын болар!
Қорлан: Бізде (Алматы және облыстарда)
1) Келінді келген күннен силайды және солай болады;
2) Басыңызға орамалды тек үлкен кісілер немес той-томалақ, өлім-жетімдерде тағасыз (онда да өз еркіңізбен)
3) дамбал, ұзын көйлек, т.с.с кимейсіз (егер аяғыңыз қисық болып, өзіңіз қаламасаңыз)
4) таңертең тұра салып сәлем салмайсыз, есіктің алдын сыпырмайсыз, қоқысты жалғыз төкпейсіз, барлығында еріңіз көмекке келіп отырады
5) өзіңіздің толық ойыңыз бен шешімдеріңізге иесіз
6) тепе-теңдік болады (басқалардан кем емессіз)
7) балалы болсаңыз қырық күнге үйіңізге жібермейді (бұл мүмкін жаман жағы болар)
8) еріңіз секілді сізде жұмыс жасауға толық құқығыңыз болады
9) тапқан қаражатыңызды ешкім тартып алмайды
және тағы басқалар. Мүмкін менің жазғандарым дұрыс емес те шығар бірақ бізде солай!


Айка
04-03-05 15:34
Агайындарды силау деген бір баска да, тіршіліктін таукыметін тарту мүлдем баска дүние гой. Агайынды жаланбас журып, салем салмай ак силауга болады. Талай оңтүстіктін келіндерін біілеміз, салем салып, орамал жамылып отырып кайын журтын сыбап алатын
Сагын
04-03-05 12:05
Жанерке ! Әркімге өз туған жері ыстық, сол сияқты кез келген жан сол топырақта туғанына бақытты. Бұл жердегі әңгіме Түркістан қандай қала деген сұраққа жауап іздемейді. Бір Қазақстан дегенімізбен, әр аймағымыздың әдет - ғұрпы, ұстанатын қағидалары мүлдем бөлек екенін дәлелдеудің қажеті жоқ шығар. Бұл жерде әдеті бөлек Алматы облысының қызының салты өзге Түркістан жеріне келін болып сіңісіп кетуі оңай ма деген сауалға бас қатырудамыз. Айырмашылықтары жер мен көктей екендігі ра қой. Қасиетті Түркістанды қаралап жатқан жан жоқ.. Бірақ білмеген жердің ой шұқыры көп болатыны да бар емес пе. Одан да әділ болсаң : «Қорлан біздегі салт мынау, сен Алматы облысындағыдай шалбар киіп, жалаңбас жүре алмайсың. Тіпті ер кісілермен бірге бір дастархан басында да отырмайсың. Үй шаруасы тегіс сенің мойныңа түседі. Қайнағаң келіп су тасысады, қоқыс төгіседі деп ойлама. Соған көне аласың ба деп неге айтпайсыз.
Janerke
jan_azret@rambler.ru
04-03-05 10:56
Korlan cen nege Tyrkistan kalasin bylau talkiga salasin? Cen eshnarseden korikpa ozine sen Kazir kylsha ystautin adam jok. Sen jaksi bolsan jane jigitindi ynatsan agauindardi siulayga tuissin. Oramal tagip, salem saly kuin sharya emes, kauta kop algis alasin... Men Tyrkistanda tyip, oskenmin jane byl men yshin bakit.
Камшат
Камшатка, Камшат22 ханым не мырза!
04-03-05 07:03
Менің атыммен форумдарда жүргеніңіз әділетсіз деп ойлаймын. Өзіңіздің ұятыңыз білсін. Басқа біреудің атын жамылып, біреудің атымен сөйлеген ұнаса қош келіпсіз!
Қорлан
Жайнаға
03-03-05 13:51
Сәлем! Біріншіден менің атым Курлан емес - Қорлан.
Сіздің айтқаныңыздың барлығына тек басымды изегеннен басқа амалым жоқ.
Камшатка
03-03-05 12:25
Тусінігіне болайын...
Қорлан
02-03-05 14:53
Е, ағайын!
Гесиод деген ғалым былай деген екен: "Все обгляди хорошо, чтоб не на смех соседям жениться" (қазақшасын аударып аларсыздар), менің бұл мәселені қозғағаным тек өзім үшін ғана емес, бұндай тақырыптар көптеген қыздардың көкейінде жүрген мәселелр ғой!

Әр қалада әр түрлі салттар сақтайды. тақырыпты қызықтыра түсу үшін сіз өз қалаңыздағы келіндерге деген құрметті жазсаңыз!
Сәлеммен Қорлан!
Сандугаш
01-03-05 20:47
Бул жерде коптеген пікірлер айтылып жаыр екен мен де өз ойымды айта кетейін дедім. мен өзім Оңтустіктің қызы боламын, көп болған жоқ алыс шетелдікке турмыска шыктым. Ене мен келін қай жерде болса да бір болатынын тусіндім. Туркістанда келін коп жумыс істейді дейсіздер, әрине мен қарсымын. мен казір үйде ештеңе істемеймін, ешкім кеш тұрдың да демейді, кешке куйеуім екеуміз қол ұстасып шығып кетеміз.барі тамаша көрінгенмен мен өзімді әлі қонақ сезінемін. ең баста дастур баска салт баска деп енем "кызым ананы істе мынаны істе,енді бұл үй сеніңкі " демеді. біздің оңтүстіктегідей ата енеме қызмет жасағым келеді, қызым деп акылдарын айтса деймін. өз өмірлерің деп араласпайды бірак араласпаудың да жөні бар ғой деймін ішімнен. келіп кетіп жаткан конак жоқ. мумкін муның барі анамды сағынғаным шығар, кейде жылап та аламын, енем келіп неге жыладың демейді. барлық кезде суық қанды. журегінің сулулығы,карапайымдылығы көздерінен көрінетін шіркін, қазағым-ай дегім келеді. ешкашан өмірде не болатынын болжай алмайсың, келін болу кай жерде болмасын қиын.ал менің алдымда өмірімде естіп білмеген жаңа дүниені танып білу, колдан келсе сіңісіп кету максаты тур Корланга айтатыным ЖҮРЕГІҢДІ ТЫҢДА!
Камшат
01-03-05 08:18
Сагын с!з не деп отырсыз? Сонда кудайга сенуге тиым саласыз ба? Тусинбедим...
Барлыгымыз ат салысып Корланга кенес берд!к кой. Сонда с!зд!н берген кенестер!н!з платный ма, аузынызды толтырып ашуга келген!н!з жаман екен! С!зд!н колыныздан келмесе баскаларынын колынан акыл беру келед! Дандайсыманыз форумда!
Қорлан
01-03-05 06:27
Сәлем! Сағын сіздің маған жазғаныңыз көңіліме тиіп кеткені рас. Бірақ "дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады" деген бар емес па, менің қолымнан қазіргі уақытта тек ақыл, кеңес сұрау ғана.
Мен жігітімді сүйемін. Сіздердің кеңестеріңіз де жай қалып жатқан жоқ. Мен екі таудың ортасында тұрғандаймын.
Егер сіз мені қу қыз деп ойласаңыз еркіңіз өзіңізде. Сіздерден ақпарат алғаным болмаса, басқа жаман ой менде жоқ.
Сагын
28-02-05 15:35
Міне кызык!!! Айткан кенестерге кулак аспайтынын бар неменеге акыл сурадын. Сен окынбесін деп мына жакта журт соз шыгындап жатыр. Біреудін жан жарасына дейін аштын. Енді келіп оз ойлаганымды істеймін, кудайдан кутем деп калыпсын. Ондай кудайдан куткыш болсан журтты неге мазаладын о баста. КУ КЫЗ екенсын
рая
28-02-05 13:40
Салем,Корлан.Кал калай?Мен сен!н Турк!стан туралы ойларына косылмаймын.Неге?Сен 5% кана адам жаксы деген созд! кай жерден
к!мнен ес!тт!н?Мумк!н сен!н жигитин айткан болар? Корлан,копке топырак шашуга болмайды.Егер сен жигитинд! шын суйсен сен олай ойламас ед!н.Мен!н ойымша сен ол жигитти шын суймейсин.Шын суйген адам кай жерде болса да оз жарымын бирге бакытты омир суред!.Ешкандай киыншылыкка мойымайды.Сен Туркестанда омир сургин келмесе баска калага барып омир сур!ндер.Сау бол.
Айжан
28-02-05 11:59
Мына жерде жақсы тақырыптың басы ашылып қалған екен.
Мен Алматы облысының қызымын. Жетісай өңіріне тұрмысқа шықтым. Күйеуімді қатты сүйдім. Тойымызға дейін мені принцесса ретінде ұстады, өзім де қатты таң қалдым. Әке-шешемді шығарып салған күні-ақ Золушка ханымға айналдым. Жарым мені ұмытты, кешке ғана төсек қатынасында есіне түсемін. Өзім таңнан кешке дейін қу тіршілікпен есім ауысып келіп, секстің (ұлы сөзде ұят жоқ) не екенін де ұмыттым. Жатырыма бала тез бітсе екен деген арманмен ғана күнім өтті. Енем жартылай татар, "татар бар жерде қатер бар" деген сөзді сол кезде ұғындым. Күйеуімнен емес енемнен таяқ жедім. Қатты "шоктан" пайда болған баламнан да айырылдым. несін айтасың Қорлан есің ауысып, махаббат дегенге сенбе! Барлығы өтірік әңгіме! Есің барда еліңді тап!
Қазір Алматының жігітіне екінші рет тұрмысқа шықтым, екі егіз ұлдарым бар, жұбайым да мен десе ішкен асын жерге қояды. Ата -енем ауылда, келген сайын құрт-майын алып асып тасып кетеді. Ауыздарынан келінім деген сөз шықпаған осы уақытқа дейін тек қызым деп келеді. Өзіміздің қыздарымызға бөтен жаққа барудың түкке керегі жоқ. Әлі де бақытыңды табасың, мойыма, түсін!
Қорлан
28-02-05 07:28
Айна! Сіздің барлық жазғаныңызды түсіндім деп ойлаймын. Көкейіңізде жүрген бір мәселені сізде шешіп алған боларсыз. Жүрегіңіздің түкпірінде жатқан сырыңызды ашып, маған деген кеңестеріңізге көп рахмет. Мен ендігісін тек бір құдайдың қолына саламын. Не болатынын өзімде күтіп отырмын. Мүмкін менді сол күйіктің орнын толтыратын пенде шығармын. Білмеймін...
Айна
25-02-05 12:19
Корлан !!! Айналайын, бул әсерлене еске алып, майын тамызып жалғастыратын тақырып емес қой. Менің де кезінде бақытт қыз болғанымды, өмірімнің жартысын махаббат деп үздігем деп оңдырмай улағанымды, енді амал жоқ сол күйікті соңғы сәтіме дейін арқалап өтетінімді ойлап қана өкінем. Былайша айтқанда сыртым бүтін, ішім түтін адаммын. менің компьютер бетіне шығып жатқан бұл сырларымнан туыс-туған, қайын журтым түгіл қойнымдағы куйеуім де бейхабар.Жұрт айтатын- сұлусың, күйеуің екеуің қандай татусың деген тамсанулар немесе қайын журттың мақтауы мен, оны естіп кеудесін мақтаныш кернейтін ата анамның алдындағы қуыршақ қанамын. Қалың адамның ішінде жүріп, жалғыздықтан жабығу өте қиын екен. Дұшпанмның да басына тілемеймін. Оны бұдан былай жалғастырып талқылағым келмейді. Ауыр тиер. Тек сенің хатыңды оқып, ең болмаса бір қыз менің кебімді кимесінші деген, оның ар жағында сырымды тым болмаса компьютер арқылы шығарып жеңілдейн деген ғана ойым болып еді.
Камшат
Қорланға!
25-02-05 11:45
Сізді қапаландырып жүрген бір мәселе бар-ау сонда да, мүмкін сізді қиналдырып жүрген басқа мәселе болар. Мысалы: ата-анаңыздан алысқа кетуіңіз (Есіктікі болсаңыз), жұмыс орнын немесе оқу орнын ауыстыру, достарыңыздан айырылып қалу деген секілді мәселелер...
Қорлан
Айнаға
25-02-05 07:05
Айна, сәлем бердік! сіздің жазған сөздеріңіздің барлығын мен өзіме деген ақыл ретінде ұғынып отырмын. егер сізде почта болса сол арқылы тақырыбымды жалғастырсам ба деймін, немесе егер сіз Алматыда болсаңыз кездесіп әңгімемізді жалғастырсақ па деген ойдамын.

Айна
24-02-05 14:33
Жалпы Корлан секин акылын бар екен. Куйеуге шыкпай турып акыл сурап, баратын жерин жайлы малимет жинап жаткан. 8 жыл откен сон осы сайтты окып отырып мен - кезинде неге мен де солай истемедим екен деп окынем. Сонда соз айткан талай баска онірдын, тіпты оз жерлестерымнын кокырегынен итермей турмыска шыгып, омырым будан да мандырек, бакыттырак болар ед гой, деп ойлаймын. Бырак, ай кайдам да деймын. Ол кезде куйеуымнен баска адам козыме ылынбей, тек сол деп ынтыгып журген кезым, тындамас та ма едым. Бырак маган ол жактын салты былай, шыдай аласын ба деп акыл коскан быр жан болмады. Касымдагы шымкентттык курбыларым да жумган ауыздарын ашса ше. Акырында босанар кунге дейын бел жазбай уйдын ауыр тірлыктерын аткарып журып тусік те тастадым, олардын 40 кун кутіну дегенды былмейтын мейырымсыздыктерынын аркасында мурттай ушып курделы аурумен ауырдым, Сойтып кезынде денсаулыгы аттай кыздан 3 шы топтагы мугедекке айналдым. бугынде жиындарда кайын журтымнын - келын болса Айнадай болсын, орыстанган жердын кызы екендыгын былдырмеды, екі дуниеде ризамыз- дейтын оздерын естыгенде осы быр ауыз мактау ушын кандай курбандыкка барганымды ойлап ішім уылжып куип ак кетеды. Одан да коргенсыз тыкаяк атанып, деным сау болганы жаксы еды. Енды кеш. Сондықтансен де БАРЫ КЕШ деген созден каш
Гүлім
24-02-05 12:12
Бір қаланың төңірегінде бар қазақтың мәселе айтылып жатыр екен. Барлығыңыздың жазғандарыңызды қызыға оқып шықтым. Қазаққа келін болудың оңай еместігі белгілі. Мен осы жердің келіні болғанымен, енем ОҚ облысынан. Яғни, жолдасымның барлық "туысқандары" (ал, шын мәнінде нағашылары) шымкенттіктер. Нағашы болмай, өз туысқаны болса, қайтетіндерін білмедім, қазірің өзінде барлық ішкі отбасылық істерімізге араласқысы келіп тұрады. Мен өнегелі келіндердің қандай болатынын көріп өстім, бірақ шымкенттіктердің келін дегенді өтірік күліп жұмсап, сыртынан "сыбап" отыратын қылықтарынан жиіркене бастадым. "Келін" бұлар үшін отбасы мүшесі емес, тіпті адам емес, дұрысы, Айна айтпақшы, мал сияқты. Ол (келін) ертеден қара кешке дейін қызмет ету керек, жұмыс істеп ақша тапса тіптен жақсы, бала туып, оны бағу керек, тағы қызмет етуі керек. Жас босанған менің абысынымды қонақ күтуге жұмсағандарын көрдім. Масқара ғой.
Әрине, қазаққа келін болу қиын деп басқа ұлтқа өтіп кетпейсің ғой, әуелі өз жолдасыңмен көзқарасың бір болуы керек. Қорлан, саған қарағанда аздап "тәжірибесі" бар құрбыларыңның айтқанын тыңдасаң, осы айтылған мәселенің бәрі жігітіңмен талдап, басын ашып ал. Жолдасың сені "құлдықта" ұстамаймын десе, ата анасы ештеңе істей алмайды.
Айна
24-02-05 11:18
Дурыс айтасын, 100 ден 5 і гана жаксы, бырак сол 5 еуы де орта гасырлык + озбек салтын устайды. Бунын кате еместыгыне мен 150 пайыз кепылдык бере аламын
Қорлан
24-02-05 07:12
Белгісіз қонақ! Мен Алматы облысы, Есік ауданынанмын.
Неге? Неге, ол жақтың адамдары сондай? 100 -ден 5 -сі ғана жақсы деді. Қалғанынан жақсы жағын естімедім. ОҚО, Шымкенттіктер, Түркістандықтар!!! Неге мұндайсыңдар???
афеэр
24-02-05 02:28
Turkistan, Turk Dunyasinin astanasi bolsun.
Сагын
23-02-05 16:41
Корлан !!! Акымак болма, Казыр барлыгы козыне розовый цветте корынып тур. Куйеуынды айтпаганда болашак ата енен жылы шырайлы, мейырымды болып, келин болып тускеннен сон да солай маймонкелеп устайтын секылды. Ничего подобного, Онтустикке келин болып, ой бул жактын адет гурпы кандай керемет деген быр де быр кызды коргенмын жок, керысынше жылап журеды, Асыресе ата - енесы бар акшаларын сыпырып канай бастаганда, коттерынен теуып, "жумыс ыстемесен быз сены не ушын алдык" - дей бастаганда. Жас омырын кымбат болса алы кеш емес, бас тарт
Белгісіз қонақ
Қорланға
23-02-05 14:48
Қорлан сен қай жақтың қызысың? Құпия болмаса жазшы!
Белгісіз қонақ
Естайға
22-02-05 14:23
Естай, Қорланмен неге кездеспейсіңдер? мүмкін бір-біріңді ұнатып қалатын щығарсындар! Екеуіңнің есімдеріңде келісіп тұр ғой!
Бауржан
22-02-05 13:02
Салем Ќорлан мен Туркестаннанмын Алматыда ќызмет жасаимын. Сен µз сезіміње єлі сенімсізсін демек сен Оны с‰имеисін, с‰иетін болсањ мынандаи єњгімелер болмас еді ,
Естай
Қорланға
22-02-05 12:20
Қорлан! Менің сөзіме сен деп саған ешкім айтпайды. Өзіңнің жүрегіңе сенгенің ең дұрыс шешім.
Бірақ Айнаның айтқанының барлығы рас! Оны қайдан біледі деп ойлайтын шығарсың? Менің әкпем сол жақтың келіні. Оның жұбайы 1,5 жыл болды қайтыс болғалы. араларында ұлдары бар. Әкпем 26-да. енді ол қашанғы ол үйдің тіршілігін істеу керек? Ол кімді күтеді, енді оның жолдасы ешуақытта оралмайды ғой. Осының барлығын менің ата-анам айтып әкпемді алып кетпекші болып еді, қайын атасы "жоғалыңдар, көзіме көрінбей, мен сендерден кезінде қыздарыңды сатып алғанмын осыншама ақшаға"деп шу шығарған. Енді әкпем кетемін десе баланы бізге таста да өзің Ж...п боласың ба, басқа боласың ба кете бер деген. Ал қай ана баласын тастап кетеді? Саған тағы айтарым, дұрыс ойлан. Анаңнан көмек сұрасаң дұрыс болатын шығар деп ойлаймын. Мен саған шын көңіліммен айтып отырмын! Сәлеммен Естай (бұл әрине менің жалған атым), егер менімен танысқың келсе адресімді жазып жіберем. маған жаз, хат күтем, Қорлан!
Зауре
22-02-05 11:44
Корлан!!! Мен!н Туркістаннын, ЮКОнын коп жылдык кел!н! ретінде беретін кенесім - бірінші оз журегінді тында. Екіншіден мен сенін кай жактан екенінді білмеймін. Егер ЮГ - ка жакын болсан ойланбай ак кой, Козін коріп оскен нарсені колмен жасарда киналмайсын деп ойлаймын. Ал Алматы, Талдыкорган, Семей секілді келінді келін емес, кызынан да артык коріп, силайтын жердін кызы болсан - НЕ СОВЕТУЮ. Уленген сон омірд жанадан бастайтынын рас. Бірак, "разочарование" дегеннін кандай болатынын тусынетін шыгарсын
Қорлан
111@rambler.ru
22-02-05 08:18
Қайсыңның сөзіңе сенем???
Мөлдір маған парасаты биік қыз ақыл сұрамайды дейсің, өз келешек өмірін ойлаған адам әрқашан ақыл сұрайды.
мені дұрыс түсініңіздер, бұл жерде менің болашағым шешілгелі тұр!
Шымкентт1к кызга111
21-02-05 15:27
Не надо ля - ля, Жаймалап, ерте турып ата апасына шай беред1 деп коясын. Б1р жагына шыгысп, комек жасамаса ауылдык жердег1 уй шаруасынын б1р адамды зорыктырып олт1ретет1н1н б1лес1н гой иа, Куны бойгы т1рш1л1ктен кешке зорыгып кулаган кел1нге ертес1 куны ерте туру онай емест1г1 тагы тусыныкты шыгар. Арине колдарын кимылдатпайтын ана апасы ушын онай шыгар. Ал кайынсынлылер1 не бет1мен карсы шыгады. Алдына асын акеп , жиып акет1п, тосег1н салып жаткызып, кара жумыска колын тиг1збей отырса женгес1. Сондыктан шыгар ол жактын кыздарынын Талдыкорган, Семей, Алматы облысына кудайына кой айдататындары, жане кышкене уйренып алган сон кердендей бастайтындары. Мысалы быздын удегы женгем не 1стесе де жанында отбасынын б1р мушес1 комектес1п журед1. Мысалы кыр жуса карындасым шайып, жайып жатады, ес1кт1н алдын сыпырса мен кокысты тог1п берем немесе сыпырысам, суга барсы косыла б1реу барады немесе акел1сед1. тамак 1стесе б1р жагына шыгып, ыдысын жуганда б1реу1м1з сурт1п шкафка тасып дегендей. ЮКО -лыктар !!! беттер1н шыдап б1реу1н айтындаршы б1з де сойтем1з деп!!! Сондыктан Шымкент кызылорда жане тараздын шымкентке жакын аудардары мактанарда арттарына карандаршы
Рая
21-02-05 13:23
салем,Корлан.мен казір Туркістан каласындамын.Маган Туркістан унайды.Баска адамдрдын созіне еріп,суйгеніннен айрылып калма.Корлан Туркістан киелі кала екенін умытпа.Тіл тигізуге болмайды.Мен Туркістанда журген!ме мактанбасам,ренжімеймін.
Айна
21-02-05 12:11
Корлан, Мен сены катты аяп отырмын, Мен сол онырдын келинимин, Озым алматы облысынанмын, Мен де куемимды олып ошип суйгенмин, Ол жакка келин болып тускен куннен бастап баска планетага келген сиякты болдым, Ол жакта келин деген 3 ши сортты адам типти адам емес мал есебинде болады* Менин тускен отбасым ен современный, культурный жануялардын быры екен, Ал алматы облысынан келген мен ушын орта гасырдагы кышлакка тускендеймын, Уйленгенымызге 7 жыл болды баламыз бар, Казыр барлыгы маган коргенды, жаксы келин деген ат таккан Сыйлымын, бырак бул 8 жыл менын жарты жасымды, денсаулыгымды, жастык кызыгым мен отымды сорып алып кетты, Омырым кайта айналып келсе, олсем де бул жолмен журмес едым, куйеуымнын оз салттарын берык устанган туынен оны алгашкы куннен ак жек корып кеткенмын, Казыр тек баламнын акесы ретынде гана силаймын, Кыскаша айтканда ЮКО да келындер адам емес, онда тек корлык ана кореды, Айрине ол жактын оз кыздарына атысты емес, ойткены осыны корып отырып, олар отырык олермендыкпен, намыска тырысып, немесе оздерына унагандыктан оз жактарын мактап багады
Естай
Аруларға
21-02-05 09:57
Қыздар! Кәмшаттың қозғап отырған тақырыбы орынды екен. Шынымен де қазіргі қазақтың қыздары ғана емес, жігіттері де өзге ұлттың қыздарын әйелдікке алып жатыр. Жыным келеді сондайларға!!!
"Өзге ұлттың сұлтаны болғанша, өз ұлтының ұлтаны болғай" деген сөзге келісіңіздер!
Қорлан сізге үлкен бақытты тілеймін!
Естайдан!
Камшат
Kamsat@cafi.scinet.kz
21-02-05 07:35
Сәлем бердік қыздар мен жігіттерге!
Қорлан, Мөлдір айтқандай, сезім мекенін талғамайды. Ең бастысы араларында үлкен сезім болуы тиіс. Түркістан емес, қазіргі қазақ қыздары шет елдің де жігітіне тұрмысқа шығып жатқан жоқ па? Олардың салтын айтпай-ақ қоялық тіптен басқа планетаның адамдары сияқты ғой "біз" үшін! Ал сен болсаң өз қазағыңнан сескенесің. Мүмкін сен шын ол жігітіңді сүймейсің, өзіңді алдап жүрген боларсың. Егер де сендерде барлығы өз орнымен жүріп жатса, онда мен тек бақытты болуларыңды тілеймін. Қазіргі заманда бақытты адамдар өте аз...
Естай
21-02-05 07:11
Мөлдір, мен сені түсінем, өз туған жерін ешкім жаман демейді.
Сендерді Техас дегенде, біздерді Норвегия деуге болмас па екен?
Қорланның өз шешімі бар, мен оған тек өз ойымды айттым.
Түркістанның қыздары да дөрекі екенін мойындасаңыз ба деймін:)
Молдiр Естайга:
journalist20@rambler.ru
18-02-05 15:49
Адемi есiмдi жамыла отырып, кисынсыз соз де айтуга болады екен-ау... Озге жердiн шала казактанган серiлерi* /осылай тiптi атагым да келмейдi/ онтустiк жiгiттерiнiн тырнагына татысайшы! Бурынгы нар тулга, жiгiтке тан кайраттылык жок бойында. Кыздарша ынылдай сойлеп, аксаусактанган /кыздарга катысты айтылатын тенеу еды/ кейпiне карап жиiркенесiн дагы. Дегенмен, ар жердiн жаксысы мен жаманы бар. махаббаттын жаска кармайтыны секiлдi, сезім де мекен талгамайды емес пе? Денi дурыс соз айтып, Корланга бакыт тiлеудiн орнына сандырактайды екенсiн сен де! Туркiстандык болгандыктан намысыма тиiп кана коймай, озiндi де абыройсыз етiп корсетiп алганына жаным ашып отыр сенiн, угып турмысын? Норвегия деп шалкаясын гой кеп, Отанын жоктай... Екеншiден, шымкенттiк жiгiттердiн сумендегенiн кормеппiн осы жаска кеп. Керiсiнше басым копшiлiгнiн дорекi екенiн мойындауым керек. Алайда, Корлан егер сен айткандай атына заты сай болса сенiн сокыр кенесiне кулак аспайтынына сенiмдiмiн. Жалпы, парасаты биiк, озiне сенiмдi ару ешкiмнен амал сурамаса керек-тi /кешiрерсiн Корлан!/. Бул курбылык созiм. Озбек Туркiстанда да, АКШ-та да озбектiгiн жасайды, ал Махаббат оз занын, тусiндiн?! Ендеше, шешiм озiнде. Мен сендердi лайым БАКЫТТЫЛАРДЫН катарынан корейн /Аумин!/.
Қорлан
Гүлнарға
18-02-05 12:59
Гүлнар, рахмет!
Мен жігітіммен Түркістанда болып қайттым. Өте әсем қала екен. Маған ұнады. Ата-анасы да сыпайы, жылы жүзбен қарсы алды. "Өз көзіңмен көрмегенше" қорқыныш сезімі болады екен. Қазір оның бәрі артта сияқты. Маған сырға салып, біздің үйлену тойымызды шешетін болып жатыр. Мен өте бахыттымын.
Гулнар маған Туркестандағы адресінді жазып жібер, мүмкін тойға келіп қаларсың!
gulnar
gulnar.ta@mail.ru
18-02-05 06:54
KORLAN!Sen eshteneden korkpa.Men ozim Turkistandamin.Ras, bunda ozbekter kop.No kazaktar ol saltti ustanbaydi.Ar jerde arkalay.Eger seni jigitin shin suyse seni onday kiyinshilikka tastamaydi.Sosin ne kiladi eken-ata,enesine kizmet jasasa.Mumkin keleshekte baska jerde turarsindar.Sagan aytarim-PERIOD!
Get
18-02-05 06:17
Turkestan ote ademi kala.
Siz zhigitinizdi shinimen suiseniz barligina konesiz...
Естайдан
Қорланға
17-02-05 09:02
Привет Қорлан! Есіміңіз өте әдемі екен! затыңыз атыңызға сай да шығар!
мен сіздің атыңызға ғашық болып отырмын. бірақ өкінішке орай майлыңыз жоқ. Қорлан басқа жақтың жігіттерінде нең бар, өзіміздің Норвегияның жігіттері жүргенде! мен сені өмір бойы қолымда көтерем деп уәде берем, шықпашы сол Түркістандыққа, өтінем:)
босқа сол жақта біреудің аяқастында қаласың, Шымкенттің жігіттері алғанша алдыңда сүмелеңдейді де, алғаннан соң өзіңді сүмеңдетеді. Жарас саған дұрыс кеңес берген, бірақ барлығы өз қолыңда ғой. мені тыңдамайтын да шығарсың.


страницы:    2   1    в начало »   


Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов