Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Елдi мекендер, ауылдар, калалар
Тақырып: қазақстанның әнұраны туралы


Авторы Xабарлама
Жұлдыз
zaika_tek@mail.ru
13-05-08 10:25
Не білесіздер?

Авторы Жауап
серікбай
serikbay.mahanov@mail.ru
26-02-15 08:18
ән ұран ерекше бір сана сезімді оятып жанадан рухқа баулайды .
Simba(^_^)
n.symbat_95
09-02-12 15:05
Бұл ән – уақыттың сынынан ешқандай өзгеріссіз өткен, халық жүрегінен орын тапқан ұлттық Әнұранға өте лайық шығарма. Тіпті депутат Мұхтар Шахановтың айтуынша: \\"Менің Қазақстанымды\\" кезінде бүкіл Кеңестер одағындағы демократиялық қозғалыстардың көшбасшысы болған Желтоқсан көтерілісіне қатысушылар құлшына шырқаған, ұран ретінде айтқан\\".

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбев ән мәтініне өзгерістер енгізуді ұсынды. Оның айтуынша, ән мәтіні Қазақстан Тыңын игерушілерге қатысты жазылған. Сол себепті мәтінді әнұран ретінде қабылдау үшін оған бірқатар өзгертулер енгізу керек. \\"Біріншіден, Әнұранда ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрініс табуы тиіс. Екіншіден, мәтінде асыл мұрамыз – еліміздің кең байтағы, үшіншіден, жер байлығы біздің ұрпақтарымыздың болашағына айқын жол ашатыны да көрінуі тиіс. Ең бастысы, тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі баса айтылса... Авторлығына еш таластығым жоқ. Мен үшін биіктерге беттеген туған елімнің әлі талай буыны асқақтата шырқататын Қазақстанның бүгінгі келбетіне сай әнұран қабылданса болды\\", − деді Елбасы.

Сонымен, 2006 жылдың қаңтар айының 6-сы еліміз үшін тарихи кезең болды. Өйткені жарты ғасырдан бері Абай атамыз айтқандай \\"Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін\\" халқымыз мойындап, ұлтымыздың қазынасына айналған жаңа Гимнді Парламент қабылдады. Сөйтіп, жаңа 2006 жыл бастаған шақта, мемлекетіміздің жаңа кезеңіне жаңа екпін, жаңаша мазмұн мен серпін беретін \\"Менің Қазақстаным\\" - Әнұран ретінде бекітілді.

Жаңа Мемлекеттік Гимнін ресми түрде Елбасы Н. Ә. Назарбаевты 2006 жыл 11 қаңтарда ұлықтау рәсімінде тұңғыш рет шырқалды. Ұлттың бірлігіне, Отанға деген сүйіспеншілігіне, патриоттық сезімді жас ұрпақтың санасына тұрақтандыруда осы әнұранның ықпалы мол болады деуге негіз бар.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні қай жағдайда және қалай орындалады? Бұл сұрақтың да жауабы ресми заңдастырылған. Мемлекеттік Гимн Парламент сессияларында, ҚР Ұлттық мерекесі мен басқа да мерекелік күндерге арналған салтанатты жиналыстар мен отырыстарды ашу және жабу кезінде, сол сияқты ел өміріндегі аса маңызды тарихи оқиғаларды атап өту құрметіне ескерткіштер, монументтер мен өзге құрылыстарды ашу кезінде, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдар өткізетін дәстүрлі рәсімдер, салтанатты іс-шаралар кезінде Мемлекеттік Ту көтерілген кезде орындалады.
а
Пiкip
10-09-11 06:53
"Елiм-ай" - халық жыры. Ол Қожаберген деген ақындiкi емес. Ондағы 2 шумақтан басқасын кейiнгiлер қосқан.
deleted
deleted
05-04-11 08:07
Мемлекеттік әнұран


Әнұран - бұл дыбыстық рәміз, әлеуметтік-саяси бірігуде және еліміздегі азаматтарды этномәдени біртұрпаттылықта айтарлықтай мағына береді.«Гимн» терминінің өзі гректің «gimneo» сөзінен алғанда «салтанатты ән» дегенді білдіреді.
Кез-келген халықтың тарихында музыкалық шығармалар бар, ол тарихтың белгілі бір уақытында халықтың гимні болған. Осындай ән қазақ халқында да бар. Ол Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қазақ халқының ауыр тауқыметін көрсетуге арналған «Елім-ай» әні, оны ХVІІІ ғасырдың атақты батыры, ақын-сазгер Қожаберген жырау Толыбайұлы жазған.

Қазақстан Ресей империясының құрамында болған кезде қазақтардың бірыңғай әнұраны болмады. Қазақтарды ұлт-азаттық көтерілістерге қарсы қайсар ерлікке рухтандыратын ақындар мен жыраулардың жеке әндері ғана болды.

Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақтардың бірнеше ұрпақтарының көпғасырлық арманы - азаттық пен зайырлылықты бейнелейтін жаңа әнұранын әзірлеу қажеттігі туындады.

Соған байланысты 1992 жылы республика гимніның мәтіні мен әніне конкурс жарияланды. Комиссия іріктеуіне барлығы 750 жоба келіп түсті. Конкурста төрт атақты ақын: Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және ақын Жадыра Дәрібаевалар жеңіске жетті. Қазақстан әнұранының әнін алғаш жазған авторлар Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди.

2006 жылы жаңа Мемлекеттік әнұран қабылданды.


Шаян
14-05-08 12:45
Ән ұран "Менің Қазақстаным" әні. Кезінде өткен ғасырдың орта тұсында бұрыңғы Целиноградты (қазіргі Ақмола облысы) немістерге автономия ғып бермек болғанда наразылық танытып қарсы шыққан қазақ жастарына дем берген осы өлең болатын. Яғни еліміздің бір пұшпақ жерін өзгеге беруге қарсы болған ұлтжанды жастардың ұраны болды. Сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов, әнін жазған вальс патшасы Шәмші ағамыз. Содан бері бұл ән халық арасында өз беделін алып баяғыда -ақ әнұран болып кетті. Естуімізше сол кездері кез келген той-томалақ осы әнсіз өтпейтін көрінеді. Қазірде солай. 2005-ші жылдың соңында "Менің Қазақстаным" әніне әнұран мәртебесін беру жөнінде Парламентте талқыланып, заң жобасы мақұлданды. 2006-шы жылдың 7-ші қаңтарында Президент заңға қол қойды. Содан бері қазақ елінің әнұраны "Менің Қазақстаным әні" Қазір оның тексіндегі авторына Елбасы да қосылды. Ол біраз өзгерістер енгізді. Өйтпегенде бұл ән әнұран болмаушы да еді. НӘН-нің аты қыстырылған соң, Парламенттегі шиібөрілер ұлардай шулап қолдап шыға келді. Дегенмен халық күні бүгінге дейін бұрыңғы мәтінімен айтып жүр. Тек ресми органдар әсіресе армияда ғана қазіргі Назекең өзгерткен (мүмкін басқа шығар) мәтіні айтылады. Қалай дегенмен де арада жарты ғасырдан асып барып мемлекеттік мәртебеге ие болған әнұранымыз жасасын! Жасасын Шәмші, Жасасын Жұмекен!!!



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов