Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Өтініш!!! Осы тақырыпты ашыңызшы...


Авторы Xабарлама
Ізденуші
tengri77@list.ru
02-06-08 22:10
Форумдастар!
Осыдан біршама уақыт бұрын кітап дүкенін ашатыным туралы және сол дүкеннің атын қою керектігі туралы тақырып ашқанмын. Жауап бергендерге Алла Разы болсын!
Ендігі үлкен мәселе дүкенде сатылатын кітаптар туралы болып тұр. Осыған орай Сіздерге өтініш: Сіз өз басыңыз қазақша болсын, орысша болсын қандай тақырыптығы кітаптарды сатып алғанды қалар едіңіз: - бизнес,
-махаббат романы,
-детективтер,
-фантастика,
-діни,
-балаларға арналған,
-саяси немесе т.б., әдебиеттер?
Сонымен қатар Сіз кітапқа айына қанша теңге жұмсар едіңіз?
Және қанша теңгенің көлеміндегі кітаптарды қиналмай алар едіңіз?
Алдын ала бәріңізге үлкен рахмет! Алла жұмыстарыңызға береке берсін!

Авторы Жауап
Саламат
meendesh@mail.ru
25-04-17 17:48
Маған қазақстандағы жемқорлық туралы ақпарат керек ет халқым
көмектесип жберсеңдер
атамнын кызымын!!!
19-03-12 18:44
детектив жане балаларга арналган китаптар коп болу керекко менин ойымша....
мерука
meru_kenje95@mail.ru
12-03-12 19:46
маған 22наурыз мейрамының қалай шыққаны онын тарихында кімнің үлес қосқаны жалпы наурыз айының тарихы керек еді отінем көмектесіңіздерші?
мерука
meru_kenje95@mail.ru
12-03-12 19:41
маған наурыз айының қалай шыққандыгы онын тарихы жайлы мәліметтер керек еді өтінем көмектесесіздерме?
айнура
ainura_9109@inbox.ru
19-02-12 12:13
мектеп жасына дейінгі дарынды балалар мен жұмыс ерекшелігі
Лаура
21-05-11 11:41
маган салт-дәстүр туралы макалдар керек отінем тауып бересіздерме
Эльвира
elvi90bk
09-05-11 22:07
Салеметсиздер ме?! Каржы мониторинги туралы акпарат алгым келеди. Ким биледи?!
Назым
nazka_05_90
04-05-11 20:51
Саламатсыздкр ма мен озіме дизайн саласы бойынша қазақша дипломдық жұмыс іздеп жүр едім комек сурайм бар бол я болмаса корген жерлерінізді айтыныздаршы
Moldir
03-03-11 10:36
Tarihi kitap kop bolsin!!
Жадыра
jadoka93
03-03-11 09:45
мектепке дейіңгі балалардың логикалық ойлауы туралы мәлімет керек .
Жадыра
jadoka93
03-03-11 09:44
Мектепке дейіңгі балалардың логикалық ойлауы туралы қандай кітаптар бар?Балалар псхологиясы деген кітаптар аз?
Burim
Askar___93@mail.ru
28-02-11 12:35
Біздін Қазахстанда тегін оқып үйрену курстары интертетте мүлде жоқ деуге болады сол себепті бізде жұмыссыздар көп. Қазахша интернеттен көмек жоқ , жұмысқа тұру үшін ақша
сұрайды ,Қазахстанды жемқорлық жайлаған Қарапайым халыққа өмір сүру өте қиын Жұмыстан қысқартылатын да қарапайым беретін ақшасы жоқтар Жұмыстан қысқартылып не істерімді білмей отырмын мен сияқты жалғыз басты бала оқытып отырған жасы 50-ге келген азаматты қысқартуға болама Менің басты қайғым жұмыс табу Призидент кім болса да мені қызықтырмайды себебі бәрбір одан қарапайым халықты ойлап жатқаны шамалы Жоғарғы жақтағылар Ауыл халқымен кездеспейді алдын-ала дайындап қойған жерлерді аралайды
бәрі көз бояушылық Енді 50-ге келген мені кім жұмысқа алады Мені жұмыстан қысқартса орныма ақша берген біреуді алды солма қысқартқаны
Айбол
alban_aibol_98@mail.ru
03-02-11 17:44
-діни,
-балаларға арналған,
Алуа
Aluka - 1995
29-11-10 12:41
Маған Ш. Айтматовтың "Жер ана" шығармасы керек.
Ізденуші
tengri77@list.ru
27-10-10 08:40
Ия, кітап дүкенін жұмыс істету оңай жұмыс емес екен. Қиындықтардың келесі кезеңіне келдік. Алла қаласа бұл қиындықтар да өтер, сол кезде бұл нәрселер біз үшін әдеттегі жағдайлардың бірі болып қала бермек.
Бұрындары мына жерден http://kausar-mz.24net.kz/ интернет парақшасын ашқан болатынмын. Бір жыл болыпты ол жерге кірмегелі де. Айтпақшы, осы жерден http://kausar-mz.24net.kz/дүкеннің; алғашқы ашылғандағы суреттерін қарауға болады. Қазір өзіміздің жеке сайтымызды ашып едік, әлі ішіне толтыруға уақыт табылмай жатыр. Құдай қаласа сайттың адресін жақын арада осы жерге жазатын болармын.
Анар
anar-90.90
09-09-10 14:31
бизнес жоспары бойынша толыќ материал керек
Ізденуші
tengri77@list.ru
28-07-10 21:37
Барлық тілек білдірушілерге үлкен алғысымды білдіремін!
Міне дүкеннің ашылғанына тура 2 жыл уақыт болыпты. Аллаға шүкір көптеген қиыншылықтарды артта қалдырып, дүкен өз жемісін бере бастады. Біраз нәрсе мен ойлағандағыдан әлдеқайда өзгеше болып шықты. Қарызға батып жүріп, әрең құтылдық. Бірақ әлі де қарыз жерлеріміз бар. Жақында Алматыға барып 12 млн теңгеге кітапқа тапсырыс беріп келдім. Құдай қалап осы кітаптарды осы екі айда өткізетін болсам, үстінен шамамен 5 млн-дай пайда көремін деп жоспарлап отырмын. Сол кезде біраз қарыздан құтылуға болады. Кітап дүкенінің басқа дүкендерден ерекшелігі, егер адам бір кітап алатын болса, ол адам сол кітапты оқып болғанша қайтып соқпауы мүмкін. Яғни бір клиент 1-2 айда бір ак рет соғуы мүмкін. Осы сияқты өзінің ерекшеліктері бар. Құдай қаласа дүкенді кеңейтпек ойымыз бар. Және қосымша қызмет түрлерін қосудамыз. Жалпы сіздердің дұғаларыңызбен дүкен өз жұмысын жалғастыруда. Айтпақшы дүкеннің жеке сайты ашылды. Бірақ әзірге ол сайтты жұмыс істетін жақсы бір маман таба алмай жүрмін. Мүмкін сіздердің араларыңызда сондай бір Интернет сайтты жүргізе алатын кісілер болса хабарлассаңыздар жақсы болар еді.
Ку-ку
:)
28-07-10 14:55
Ізденуші, мына Сіздіѕ жазєандарыѕызды оќып отырып, Ќызылордада тўрєым келіп кетті.
Еѕбегіѕіз жемісін кґріѕіз деймін Сізге.
Жас Аноним
24-07-10 15:41
Psihologiya turali. Dalirek aytkanda TONY HUMPHREYS-tin kitaptarin taba almay jurmin.
Фприда
gul_fari
13-04-10 23:06
Салт-дәстүр туралы мақал-мәтел керек
Анара
anara_9898@mail.ru
24-02-10 17:24
Маған 22 Наурыз туралы мақал-мәтелдер,жұмбақтарды қайдан табуға болады?????
Viva
makoshok@mail.ru
17-02-10 18:49
Мен қазақ көркемәдебиетін оқимын.
Фанта
17-02-10 12:43
Детективтерді алатын едім. Адвокат Перри Мейсонды іздеудемін
Ізденуші
30-09-09 12:01
02-12-08 08:49
Айжан
29-09-09 16:14
Мен алатын едім көп діни кітаптарды, халқымыздың тарихынан,салт-дәстүрінен хабардар ететін шежірелі кітаптарды, әрі саяси, спорттық газеттерді, махаббат романдарын, фантастиканы. Міне мен осы тақырыптағы мақалалларға қатты қызығамын.Айына бір рет кітаптарды, аптасына бір рет газет-журналдарды алып тұруға болады. Алла жазса дүкеніңізден кітап алу бұйырсын. Ашылған болсаңыз мекен-жайыңызды форумға жазып қойыңыз.Іске сәт.
ара
28-09-09 09:33
Мен оз басым кобинисе ислам дини туралы китаптарды окыганды жаксы корем. Жане ислам туралы китаптардын ишинде сенимди (сахих) хадистер, немесе бурынгы откен галымдардын ислам туралы калдырган енбектерин коп окуга тырысам.

Бул китаптар кобине "халифа алтай корында" жане "каусар" баспаларынан шыгады
Нұрлан
gamk1986@mail.ru
26-09-09 12:58
Ең бірінші ұлттық рухта тәрбиелейтін, салт-дәстүр, қазақтың қолөнері, әдет-ғұрыптары туралы кітаптар, екінші балаларға арналған ертегі, жұмбақ, мақал-мәтелдер, үшінші көркем әдебиет алар едім және барлығы тек қана ҚАЗАҚТІКІ болуы керек.
Кенжебек
kenje_98@mail.ru
01-07-09 07:28
ТІЛ ТАС ЖАРАДЫ, ТАС ЖАРМАСА БАС ЖАРАДЫ. 20:07
Тілден келетін қиындықтар мен зияндардың алдын алу.

“Бос сөздің алдын алып, тілді өсектен тыюдың ең оңай жолы - үнсіздік. Мұқият болыңдар! Тіл - адам баласының аса маңызды қарым қатынас құралы, мұсылман болуының кепілі. Иманды екеніне куәгер және жүректегі құпия сырларды түгел көрсетіп тұратын айна. Олай болса бұл тілді адам ұрпақтары неге орнымен қолданбайды? … Оның басты себебі салғырттық пен ғафылдықтың көптігі, Ұлық Аллаға және Оның сүйікті Пайғамбарына деген махаббаттың жоқтығы. Орынсыз бос сөздің, өсектің алдын алудың шарасы - тек Ұлық Алланың зікірін көп қылу ма? Әлде тек үнсіз болу ма? Әлбетте, “Зікірді көп қылу бәрінен артық!” - деп келген емес пе?”… Демек шариғаттың хүкімі бойынша тілде екі түрлі пайда бар оның бірі үнсіздік, екіншісі Ұлық Алланы еске алу.

Беталды лағу деп нені айтады?

Беталды лағу деп - кәперсіз, тіршілікке пайдасыз, бос сөздерді сөйлеуді айтады. Бұл - бара - бара рухани дертке душар қылады. Яғни, иманды жояды. Ұлық Алла Құран Кәрімде мүміндер мен мүминаттардың бойындағы мынандай алты түрлі көркем мінез - құлықты:
1. Намазын Құдайдан қорқып орындаушы;
2. Бос сөзден бас тартушы;
3. Зекет беруші;
4. Зинадан, жаман пиғылдан өздерінің абыройларын қорғаушы;
5. Аманатты сақтаушы, Уәдеге берік
6. Бес уақыт намазын қаза қылмай уақытында орындаушы, - деп атап айтып, осылардың ішіндегі екіншісінен, яғни бос сөзден құтылудың жолын айқын көрсеткен. Егер адам ұрпағының бойынан осы мінез - құлықтар табылмаса, ол шектен шығушы топтың қатарында болады.
“Ақиқатында Ұлық Алланы шын жүректен хазір (ихсан) деп біліп, намаз оқыған мұсылмандар құтылудың жолын табады. Мұндай мұсылмандар беталды, бос сөз айтпайды”. (Мүминун сүресі, 1-3 аяттар).
Бұл мәселе терең назар аударуды талап етеді. Намаз оқығанда жүректе Ұлық Алланы хазір деп білудің белгісі - пайдасыз бос сөзден тыйылу. Бұған керісінше бос сөз сөйлеген кейіпте ғибадат қылып, жүректе Ұлық Алланы хазір деп біліп, ризалығын табамын деп ойлау бос әурешілік.
Хз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хз. Әмірұлы Абдулладан (р.т.ғ) рауаят болған хадисінде:
“Басқа мұсылмандар оның тілінен және екі қолынан зардап шекпесе, яғни тыныш болса шын мұсылман сол адам” - деген.
Міндетті түрде өте терең назар салып, мұқият болуымыз керек. Себебі, адам ұрпақтарының айтқан әрбір пайдасыз бос сөздері есепке алынады. Біздің екі иығымызда тұрған Ұлық Алланың жазушы періштелері - Кираман - Катибин аузымыздан шыққан әрбір сөзді жазып алады. Осыған дәлел ретінде Шайх Әбіл Қасым Қошанидің (р.ғ) басынан өткен бір хикаяны келтіреміз. Шайх Әбіл Қасым Қошани (р.ғ.) адам ұрпағының айтқан иә жасаған бүкіл амалын, жақсы ісі болса оң жақ иықтағы, жаман ісі болса сол жақ иықтағы періште қалт жібермей жазып алатынын жүрек көзімен көрген. Сол себепті ешқашан себепсіз бос сөз сөйлемеймін деп ниет қылады. Хайуанды суарғанда су ішсін деген оймен ысқыратын әдет бойынша Шайх Әбіл Қасым (р.ғ.) аты су ішсін деп ысқырады. Дереу сол жақтың періштесі, ол кісінің бұл қылығын жазып алады. Шайх таңқалғанынан “ойбай” деп қалады. Сол жақ иықтағы періште мұны да қалт еткізбей лезде жазып үлгереді. Ақырында шайх “Мен енді еш уақыт Ұлық Алланың зікірінен басқа сөз айтпаймын” деп өзіне уәде береді. Егер аңдаусыз “ысқырған” мен “ойбай” дегеннің өзі бос сөз болса, біз және біздің кейбір замандастарымыз мұндай сөздерді күніне қаншама мәрте айтып жүрміз. Мұның ақыры не болады? Әрине, оның жалғыз ғана шарасы бар. Ол - тілімізді Ұлық Алланың зікіріне әдеттендіру, сонда тіліміз бос сөз айтудан сап тыйылады. Бірақ мына жайды есте сақтау керек. Егер әулиелердің, ғұламалардың сұхбаты болмаса адам ұрпақтары өмір сүрген қоғамда тілді пайдасыз, бос сөзден тыю қиын. Сондықтан Ұлық Алланың зікірін орындай алмайтын болсақ, онда бос сөз айтудан көрі үнсіздік қайырлы һәм артық. Бос сөзге үйір болған адамдар үшін үнсіз отыру құлшылыққа жатады. Шайтанның жүректен орын алып, үстем болуының себебін Ұлық Алла “өзінің зікірінен ғафыл болғанның белгісі” дегенін жадымыздан шығармайық. Бұлардың мысалы жоғарыда айтылды. (Исматулла Мақсұм - Жария зікірдің дәлелі кітабынан үзінді)
Ұлболсын
19-06-09 15:45
сәлем мен махаббат романын алар едім
Айнаш
07-04-09 00:03
Экономикалық қылмыстар
аскар
aska.09_03
04-03-09 15:45
1с бухгалтерия
Қазақ
16-02-09 20:47
Латын қарпымен және араб қарпымен жазылған бұрынғы қазақ шығармаларын басып шығарсаңыз бұрынғы атабабамыздың ойларын білуші едік
оќырман
арайѓа
16-02-09 16:34
"Меніњ бала к‰т‰іме байланысты аќысыз ењбек демалысынан кейін 9 наурыз 2009ж бастап µз ж±мысыма ќайта кірісуге р±ќсат етуіњізді с±раймын."

DOS
16-02-09 15:53
Өтініш
Декретімнің аяқталуына байланысты 2009 жылдың 9 наурыз айынан бастап жұмысқа қайта алуыңызды сұранамын.
Арай
16-02-09 09:18
Я, К...А..Е..., прошу Вас разрешить мне приступить (или выйти на) к работе после отпуска без содержания, по уходу за ребенком, с 9-го марта 2009 года.!
осыны қазақшага аударып берініздерші өтінем?
Арай
16-02-09 08:54
Алла разы болсын !
мен декрете болып едим енді маған бастығым қазақша өтініш жаз деп жатыр оны қалай жазат көмектесіндерші
Ізденуші
tengri77@list.ru
02-12-08 08:49
Сәнтай, Аллах разы болсын!
Берген кеңестеріңізге үлкен рахмет!
Казір 1 айдың көлемінен асты, жаңа бір жоба бастаған болатынмын. Аллаһқа шүкір, аяқ алысы жаман емес. Кітап дүкеніне бір қызды басқарушы директор етіп сайлаған болатынмын. Әзірге жұмысы жаман емес сияқты, бірақ көңілімнен оншалықты шығып жатқан жоқ. Ол қыз басқа сатушыларды жақсы басқарады, менің тапсырмамды орындайды, мұнынң бәрі жақсы, тек өз бетінше жаңа бір нәрселер (кітапты қалай қойса жақсы өтеді немесе қандай акциялар жасаған жөн деген сияқты) ойламайды, осы жағы "әлсіреп" тұр. Өзім екінші жобаға толығымен кіргендіктен кітап дүкеніне көңіл бөлуге уақыт тапшы болып тұр. Бірақ бұл жобаны да әрі қарай жүргізетін бір жақсы жігіт таптым Аллаһтың қалауымен, енді жақын арада сол жігітті басқарушы директор қылып қойсам, дүкеніме қайта кірісемін деп ойлаймын, Аллаһ қаласа.
Дүкен Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 34 а үйде орналасқан. тел.: 8 (7242) 23 98 18
Сәнтай
m_hassaq@mail.ru
02-12-08 03:42
Ұлттық руханиятты кемелдендіретін ізгі бизнесіңнің дамып келе жатқанына аса қуаныштымын, бауырым! Мен ұсынған атаулардың бірін қойыпсың, оған да қуаныштымын! Жұмысты жүргізуге бағыттаған идея, акцияларың да өте дұрыс. Әсіресе маған қатты ұнағаны: оқушыларға ұсынысың. Әрі білім, әрі сол білімге қол жеткізетін қаражат. Негізінде, мектеп оқушыларының көкірек көкжиегін кеңейтуге барынша атсалысу керек. Ертеңгі ел тағдырын сеніп тапсыратын азаматтарымыз солар. Сондықтан, брошюраларыңды әр оқушыға 1-1-ден келетіндей мектепке таратқаның жөн. 1 оқпен 3 қоян атасың: әрі ең белсенді оқырмандарыңды көбейтесің, әрі рухани бай келешек ұрпақ тәрбиелейсің, әрі олардың ақша табуына көмектесесің. Өз тарапымнан 1 ұсынысым, балаларға арнап арнайы 20%-тік жеңілдікпен дисконттық карточка шығарсаң.Балалар кітабы тым қымбат. Сондықтан олардың жағдайына барынша қарасу керек. Есесіне сан жағынан ұтасың. Ал, ересектерге 10%-пен. Өз басым балалардың логикалық ойлау қабілетін арттыратын кітаптардың көп болғанын қалаймын. Және солардың шешендік қабілетін оятатын кітаптар болса.

Бауырым, дүкеніңнің мекенжайын және байланыс телефонын жазып қойғайсың, хабардар болайық. Жол түссе міндетті түрде кіріп-шығып, саудаңды жүргізелік.

Сәттілік тілеймін!!!


Ізденуші
tengri77@list.ru
01-12-08 05:13
Келе жаткан курбан айт мерекесі кутты болсын! Аллах бәріміздің білімімізді арттырсын!
Айжамал
aizhamal_89@mail.ru
28-11-08 08:34
бизнес жоспар

Ізденуші
tengri77@list.ru
22-10-08 19:15
Саягүл, тілегіңізге рахмет. Өзіңізге де жақсылықтар тілеймін.

Осы дүкенді ашпас бұрын мен статистика мәліметіне жүгінгенмін. Онан білгенім:
33 пайыз ересек Қазақстандықтар кітап оқиды екен.
16 пайыз - айына кемінде 1 кітап сатып алады екен.
53 пайыз - кітапқа жылына 8 доллардан артық жұмсамайды екен.
Кітап сатып алушылардың саны жыл сайын 15 пайызға өсіп келеді екен.
Сонымен қатар Қазақстан кітап дүкендеріндегі кітаптардың 90 пайызы - Ресей кітаптары, 10 пайызы Қазақстан баспаларынан шыққан кітаптар. Ал сол Қазақстан баспаларынан шығатын кітаптардың 80 пайызы орыс тілінде, тек 20 пайызы ғана қазақ тілінде шығады екен. Қазақша кітаптардың орташа шығу тиражы 2 000 дана екен. Ал Қазақстан бойынша 15 мыңнан (!) астам кітапхана бар екен (оның ішіне кітап дүкендері де кіретін шығар). Сонда есептеп қараңыз 2 000 тиражбен шыққан қазақша кітап қай дүкеннің сөресіне жетеді екен. Менің дүкенімде де қазақша кітаптар бүкіл кітаптардың 10-15 пайызын ғана құрайды. Бірақ мен тапсырыс берген кезде 1 кезекте қазақша кітаптарды сұратамын. Бір кездері бір кісілер келіп айқай шығарған кездері де болды: "Неге қазақша кітаптарға аз орын бересіңдер. Мұның бәрі әдейі жасалып жатқан саясат" - деп. Бірақ ол кісілер жаңағы статистиканы білмейді ғой. Менің бір арманым бар, егер Аллаһ қалап жұмысым жақсы жүріп кетсе, қазақша кітаптарды өзім ақшасын төлеп бастырып шығарсам деген. Бірақ ол арман орындалу үшін біраз тер төгу керек болып тұр.
Ізденуші
tengri77@list.ru
22-10-08 18:48
***22-10-08 06:52:Сєлем Ізденуші
Сәлем Үш жұлдызша. Хәліңіз қалай?
Саяг‰л
Karaauiz@mail.ru
22-10-08 07:11
Сєлем Ізденуші! Кітап саудањыз алѓа ж‰рсін деп тілеймін. Мен Ќараѓандылыќтан ќалада кітапханалардыњ кµп т‰рлері бар, кµбіне сµрелерде орыс тілініњ неше т‰рлі кітаптары т±нып т±р, ќазаќ тілінде кітаптар бір сµреде т±р, оныњ µзі аз. Меніњ ойымша Сіз ќазаќ жазушыларын, аќындарын танып соларѓа кітап шыѓарындар кµптеп деп жањалыќтар жіберіњіз. Жања кезендегі, ќазіргі заманѓы ќазаќ поэзиялары, прозалары, ±лттыњ рухын кµтеретін шыѓармалар, µлењдер т.б. болса, халыќ кітапќа аќшасын аянбайды деп ойлаймын!
***
22-10-08 06:52
Сєлем Ізденуші
Ізденуші
tengri77@list.ru
21-10-08 22:39
Алдыңғы жазғандарымда жазып едім, үлкен "рекламная акция" жасағым келіп жүр деп. Бірақ оның материалдары дайын болғанша басқаша бір акция ма немесе скидка ма бірдеңе жасағым келіп жүр. Себебі сауда бұрынғыдай емес төмен түсіп бара жатқан секілді.
Осыған байланысты (кітап саудасын жоғарылату жөнінде) кімде қандай ұсыныс бар? Жақсы ұсыныс берген адамға дүкеннің атынан жақсы бір кітап пошта арқылы салынады, Аллаһ қаласа.
Мен "Кітап және Мен" деген атпен фотосуреттер көрмесін ұйымдастырсам деген ойым бар. Ол жерге әркім өзінің кітапқа байланысты түсірген фотосуреттерін әкеледі. Және ол суреттерді дүкеннің ішіне немесе витринаға іліп қойсам. Әр суретке өзінің жеке нөмірін жазамыз. Сол нөмір арқылы сатып алушылар ол суреттерге дауыс береді. Ай соңында жиналған дауыс арқылы, жеңімпаз анықталып, жеңімпазға арнайы сертификат беріледі. Арнайы соманың көлемінде кітап алуға және 20 пайыздық жеңілдік алады.
Онан бөлек мектептегі оқушылардың арасында бір сайыс ұйымдастырсам деген ойым бар. Ол сайыс біріншіден оқушыларды кітапқа жақындатуы керек, екіншіден бос уақыттарын басқа жаман нәрселерге жұмсағаннан гөрі осындай пайдалы бір іске жұмсаса деймін. Сонымен қатар оқушыларда қызығушылық болуы керек. Ол мүмкін ақшалай болуы мүмкін немес тағы басқалай болу мүмкін. Және ең бастысы ол 1-2 айлық болмауы керек. Ол нәрсе әрдайым оқушы мектепті бітіргенге дейін жалғасуы керек. Мысалы бір кітаптың төңірегінде қазіргі заманға байланысты әртүрлі конкурстар ұйымдастырсам:
1) Сол кітап туралы жарнама шығару;
2) Сол кітапқа байланысты өлең шығару;
3) Сол кітаптқа байланысты суреттер салу;
4) Спектакль, кино, клип т.б.
Бұлардан бөлек оқушылар бос уақыттарында ақша табу мүмкіншілігін қарастыру керек. Мысалы 1 оқушы дүкеннен 1 кітап алды делік. Сол кітапты жарнамалау арқылы екінші оқушыны ертіп әкелсе. Екінші оқушының алған кітабының бағасынан арнайы бір процент бірінші оқушының счетына жинала береді. Егер екінші оқушы да үшінші бір оқушыны алып келсе үшінші оқушының жасаған саудасынан арнайы процент 2-ші оқушыға және арнайы процент 1-ші оқушыға түсіп тұрса. Мұнан түсер пайда оқушылар кітапқа жақындайды, сонымен қатар ақша табуға мүмкіндіктері болады. Бірақ мұның бәрі әзірге піспеген ойлар. Сіздер қалай ойлайсыздар!
Ізденуші
tengri77@list.ru
21-10-08 22:08
Сары қыз, жазғандарыңызды қос қолдап қолдаймын.
Мен дүкенімді мақтағандай болатын шығармын, бірақ осы дүкен ашылғалы 3 айдың ішінде 5-6 адамнан ғана сын естідім. Оның 3-уі қазақ тілді кітаптардың аздығына сын білдірсе, 2-уі кітап бағаларының қымбаттығы туралы айтты. Ал бір адам дүкеннің кішкентайлығы жөнінде айтты. Қалған адамдардың барлығы: "Бұрын-соңды мұндай дүкенге кіріп көрмегендері туралы және кітаптардың сөрелерге рет-ретімен қойылғандығы және бұрын басқа кітап дүкендерінде кездестірмеген кітаптарды тауып жатқандықтары жайлы жақсы лебіздерін білдірді. Кей кісілер болды мені 2-3 күн бойы күтіп жүріп, дүкенге қайта-қайта келіп менімен кездесіп, сондағы айтайын дегендері: "Қаламызда осындай дүкен ашқаныңыз үшін рахмет айтқымыз келді" - дейді. Бір келіншек офисный сервиз әкеліп тастапты: "Не үшін десем?", дүкендеріңіз қатты ұнады дейді. Обылысымыздың бас газетінен журналист келіп: «Журналистер үшін мұндай дүкеннің ашылуы мереке. Сондықтан алғысымыз үшін газетіміздің келесі санында сіздердің дүкен туралы тегін статья жариялаймыз» - деп, шынымен келесі санында мақала жарияланды. Ал сатушыларды дүкен ашылмас бұрын 1 ай бұрын газетке хабарандыру беру арқылы резюме жинадым. 100-ден аса резюме жиналды. Олардын 70-80-ін әңгімелесуге шақырдым. Олардың ішінен 20 шақтысын 2-ші кездесуге шақырып, солардың ішінен 3-уін таңдадым. Ол қыздар дүкеннің барлық кітаптарын компьютерге енгізіп, бүкіл сөрелердің шаңдарын сүртіп, дүкеннің іші-сыртын айнадай ғып тазалап, кітаптарды орны-орнына орналастырды. Бірақ өкінішке орай 2 сатушым жанұя жағдайына байланысты жұмыстан өз қалауымен босатылды. Бірақ кетерінде қимай, көздеріне жас алып қоштасты. Ол да болса олардың өз жұмыстарын жақсы көргендіктері болар. Себебі дүкенге клиент келгенде міндетті түрде жымиып қарсы алып, амандасып, қандай кітап керек екендігін сұрап, көмектерін аямайтын. Егер клиент кішкентай баламен келсе, кітапты қарауына бөгет жасамас үшін, бөпесін көтеріп ойнататын. Егер жүретін бала болса ол балаға да әртүрлі дыбыс шығаратын кітаптарды көрсетіп, кәмпит беріп көңілін аулайтын, ата-анасының кітап қарауына кедергі жасамас үшін. Қазір алғашқы қабылдаған қыздардан тек 1-уі ғана қалды. Қазір ол қызды дүкеннің басқарушысы етіп сайладым. Мен дүкенге сатушы қабылдағанда оны тек сатушы ретінде қабылдамаймын. Онымен әңгімелесіп болғаннан кейін жаймен айтып түсіндіремін: ол тек сатушы емес, ол менің компаньоным екенін. Егер Аллаһ қалап жұмыс жақсы жүріп жатса қаламызда тағы да екі дүкен ашатындығымды және сол дүкендерге қазіргі сатушы болып жүрген қыз-жігіттерді басқарушы етіп қоятынымды. Және олар өздері жүріп сол дүкеннің ішінің оформлениесін жасайды, сатушыларды жұмысқа алады, кітаптарды сөрелерге жайғастырады және сол қабылдаған сатушыларының арасынан өзі сияқты бір директор жасап шығару керек екендігін де айтамын. Себебі Аллаһ қаласа өз қаламызды болғаннан кейін Қазақстанның әр обылысынан сондай дүкендер ашсам деймін. Және Қазақстанды 3 регионға бөліп әр регионға осы алғашқыда алған 3 сатушымды қойсам деймін. Олар әр регионға барып сол регионға қарасты қалалардың дүкендерінің жұмыстарын дұрыс жолға қою керек. Сондымен қатар сатушыларым тек 1 айлыққа қарамайды. Айлықтан бөлек премия және айлық жоспар, күндік жоспар беріледі, соларды орындағандарына байланысты бонус алады. Онан бөлек жоғарыда жазғандай олардың директор болуға мүмкіндіктері бар. Сондықтан сатушының алға қарай қадам басуына, жұмысты шын ниетпен атқаруына стимул бар.
Сары кыз мен бәрін білем деуден аулақпын. Егер менің білетінім бір тамшы болса, білмейтінімді мұхитқа теңеуге болады. Сондықтан қазақ айтады ғой: «Үйрен де жирен» деп. Егер Сіз жақтан қосар ақылыңыз болса мен қабылдауға әзірмін. Егер менің білетін жерім болса Сізге айтайын. Себебі Сізде 1 алма болса, менде 1 алма болса және сол алмаларды айырбастасақ қайтадан сізде 1 алма менде 1 алма күйінде қалады. Ал Сізде 1 ой бар, менде бір ой бар, егер Сіз маған ойыңызды айтсаңыз менде 2 ой болады, мен Сізге айтсам Сізде 2 ой болады. Сондықтан ойымызды бөлісейік.
Сары кыз, мүмкін Сіз басқа да кітаптар алуға болатын каналдарды білетін боларсыз. Егер білсеңіз көмектессеңіз жақсы болатын еді.
Ал мониторинг жөніндегі пікіріңіз өте дұрыс. Сондықтан мен мұны алдында өзім жасайтын едім, қазір дүкен басқарушысына тапсырдым. Ол аптасына 1 рет қаладағы дүкендерді аралап бағаларына, ассортиментіне т.б. мониторинг жасау керек. Ал мен Интернеттегі магазиндерге мониторинг жүргіземін.
Менің байқауымша Сізден үйренетін нәрсем көп сияқты. Сізге алдын ала үлкен ризашылығымды білдіремін. Аллаһ разы болсын!

Ізденуші
tengri77@list.ru
21-10-08 20:36
Нурболат, Сізге Аллах разы болсын!
Барлықтарыңыздың тілектеріңізді Аллаһ Тағала қабыл еткей!
Жазғандарыңыздың жаны бар. Мен бала кезімде оқыған кітаптарымды іздеп жүріп қазір тауып оқудамын. Сол кітаптарды оқыған кезде балалық шағым, кезінде сол кітаптарды оқығанда ойлаған ойларым, армандаған қиялдарым есіме түсіп, бір рахат сезімге бөленемін.
Өткенде бір екі жігіт ағасы болып қалған кісілер дүкенге кіріп біраз жүріп 5-6 мың теңге көлеміндегі сомаға кітаптар сатып алды. Менің бір әдетім кассадағы қыз кітаптарды журналға жазып, пакетке салып берем дегенше, зат алып тұрған адамдарды сөзге тартып, алып тұрған кітаптары жайлы әңгімелесемін. Сол кісілерді әңгімеге тартып сөйлескенде, жаңағы кісілердің шамалы ішкендері байқалып тұр. Әңгімесінің арасында біреуі кітаптарды балаларым үшін алып жатырмын дейді. Қаншама ақшаны ресторанға да жұмсап жіберіп жатырмыз ғой, егер қазір осы ақшаға тез кітап алып қоймасам, қайтадан араққа жұмсап қоямын дейді. Ол кісіге рахмет айттым, кей кісілер бар үйіндегі кітабын сатып арақ алып ішіп жүрген, ал ол кісі ақшасын араққа жұмсап қоямын деп қорқып, кітап алып жатыр. Бұған да шүкір дейсің.
сары_кыз
21-10-08 16:19
Озин сауда саласында 6-7 жылдай жумыс истеймин, кишкене жане тимди тажирбием.
Балки керек болар деген ойым!
сары_кыз
21-10-08 16:11
Салем изденуши!
Сизге бир сурак..,
Сиз бурын сонды сауда жасап кординиз ба?
1. Сауданын ен бир манызды шаршы ассортимент.
***Адам издеп келген затын сизден тапса, келесиде кайтып келеди жане баскаларынада жол силтейди.
2. Сатушылар... ар дукенин сани жане табысы.
***Егер сатушы озинин сататын товарын бес саусагындай билсе, ар китап жайлы кыскаша маглумат бере алса, жетистиктин жартысы сонда жатыр.
Тагы сиз атап откен китап дукендериннен баска каналдар керек сиякты. Маселен орыс тилиндеги китаптарды Ресей фирмалары бар опт. сататын. Тикелей баспалармен шартка отырган жон. Сиздин айтап откен дукендер баспалармен тикелей жумыс истейди.
Сиз озиниздин жоспарынызды бир жаксылап карап шыкканыз дурыс. Менин пикирим маркетинг жане мониторинг оте манызды.

Нұрболат
Ниеттес
21-10-08 15:19
Кітапты адам жанын рухани азықтандыратын құнды сандық деп айтуға болады! Қазіргі заманда кітаптың түрі көп, оның ішінде адамды тура жолдан тайдырып, адастыратын да, адам жанына қуат беретіндері де болады! Сіздің кітаптарыңыз әрдайым тұтынушылардың іздеп жүріп оқитын, оқырманның көкірегіне жылы шуақ құйып, жан-сарайын жадырататындай болуға өз тілектестігімді білдіремін!
Ізденуші
tengri77@list.ru
20-10-08 20:26
Мұхтар: Сонымен кітап дүкенінің аты не болды екен?

Дүкеннің атын Каусар деп қойдық. Каусардың 2-3 мағынасы бар екен, соның ішінде маған ұнағаны: Каусар - екі әлемнің білімі (осы өмір және келесі өмір) деген мағынаны білдіреді екен. Сөйтіп дүкеннің атын "Каусар - білім әлемі" деп қойдық
Ізденуші
tengri77@list.ru
20-10-08 20:21
Т:Іске сәт! Ізденуші, дүкеніңді аштың ба? Жұмыс қалай жүріп жатыр?

Рахмет Т! Аллаға шүкір, дүкен ашылды. Жұмыс жаман емес! Бірінші айда 1 368 373 тенгеге сауда болыпты. (менің ойлағанымнан аз, бірақ Аллаһқа шүкір) Бұл жарнама берілмей тұрып болған сауда. Алда үлкен бір жарнамалық акция жасасам деген ойым. Оны былай жасасам ба деймін: Қазір халықты дүкенге шақыру оңай шаруа емес. Ал теледидардағы 30 секундық жарнамадан кітап туралы көп мағлұмат бере алмайсың. Халық не нәрсенің үйінде, столыны үстінде жатқанын қалайды. Сондықтан мен дүкен туралы әдемі, түрлі-түсті, глянец қағазымен кітапша (брошюра) жасап шығарсам деймін. Ол кітапшада дүкен туралы және дүкендегі кітаптар суретімен және қысқаша мағлұматымен беріледі. Сонымен қатар ортасында барлық кітаптардың прайсы болады. Және ол кітапшаны барлық дүкендерге таратып шығу керек. Кімде-кім нан алуға немесе басқа зат алуға келсе, пакетіне салып жіберіп отырады. Онан бөлек пошта қызметкерлерімен келісеміз, олар әр үйге арнайы таратып шығады. Сөйтіп халық кешкі асын ішін отырып әдемі кітапшаны қолына алып, ішіндегі өзінің көптен ойлап жүрген кітабын көреді. Сөйтеді де дүкенге барудың да қажеті жоқ, қолына телефонды алып қоңырау шалса жетіп жатыр, біздің агенттер үйіне тапсырған кітабын жеткізіп береді.
Енді мұның бағасына келер болсақ: 1 кітапшаны баспаға бастырып шығарудың орташа бағасы - 6 тенге. Біздің қалада шамамен 300 мыңдай адам тұрады. Егер орта есеппен әр үйге 4 адамнан бөлсек 75 000 жанұя шығады. Сонымен бізге 75 000 кітапша керек. 75 000 х 6 = 450 000. Онан бөлек 50 мың кітапшаны пошта арқылы тарату керек. Пошта қызметкерлері 1 кітапшаны 5 теңгеден таратады деп есептесек 50 000 х 5 =250 000 теңге. Сонымен барлық шығын 700 мың теңге болады екен. Егер сол айдың ішінде бүкіл 75 000 жанұяның 3 тен 1-і, яғни 25 000 жанұя 1 000 теңелік 1 кітаптан алатын болса, жасаған шығыным қайтады екен :)
Ендігі басты жұмыс, сол кітапшаның дизайнын жасап шығару керек. Бауырлар мүмкін араларыңда, COREL-де жұмыс жасай алатын немесе сондай нәрсемен шұғылданып жүргендер болса көмектесерсіңдер?!
Мұхтар
20-10-08 09:02
Сонымен кітап дүкенінің аты не болды екен?
Есбол!
19-10-08 09:25
Салем Ізденуші!
Меніңде болашақта кітап дүкенін ашу ойымда бар,сіздің ашқан бетшеңізден менің аларым көп болары анық,әрі шығындалмауыма септігі тиеді :) Мен өзім шытырман кітаптарды сүйіп оқимын,тарихи кітаптардыда жаным сүйеді.Детективтерденде кет әрі емеспін.Қазақ детективінің атасы саналатын К.Тоқаевтың,қазақ әскери әдебиетінің атасы саналатын Б.Момышұлының кітаптарын толығымен жинап біткенім жоқ.Фантастикағада кет әрі емеспін,өйткені адамның санасын алға сүйрей түседі емес пе? Беляеевтің фантастикалық романдарын сүйіп оқимын.
Әскери барлау,жалпы барлау және қарсы барлау,әскери диверсия,жау тылында агент-шпиондар олардың сол кездегі психологиясы жөнінде жазылған кітаптардан басымды ала алмай қалатын кездерімде болады.Саясат және атақты адамдардың жазып қалдырған мемуарларын сүйіп оқимын.
Махаббат,інкар-сезім ол менің ойымнан бір сәт қалыс қалып көрген емес.Мен жалпы кітапты қалалық
аудандық кітапханалардан жаздырып оқимын,үнағаны болса,осы менің үй кітапханамда болу керек дегенін кітап дүкендеріне барып,тапсырыс беріп,арнайы сатып аламын.Айына бір кітап сатып алуға,оның ішінде болашақ әйелім мен балаларымда оқитындай зерделі кітаптарды жинауға құмармын.Әр айлығымда кездессе сондай құнды кітаптар аламын.Кездеспесе іздеймін,табамын. Менің үй кітапханамда жақсы кітаптар жетерлік.Бағасы мен үшін міндетті емес,тек іші дұрыс болса болды.
Ізденуші
tengri77@list.ru
19-10-08 07:13
Жанар? Сіз қай қалада тұрасыз?
Ізденуші
tengri77@list.ru
19-10-08 07:12
Осы дүкенді ашпастан бурын ойлаган едім, балалар кітабын сатпаймын, себебі ол кітаптар баска жерлерде де көп сатылады ғой деп. Дүкеннің ашылгалы бері саудасына көз жүгіртсем, сауданың 70 пайызын балалар әдебиеті мен діни (Ислам) кітаптар құрайды екен. Онан сон бизнес және психология туралы әдебиеттер, онан әрі денсаулық, сұлулық, кулинария әдебиеттері.
айман
ayman-70@
19-10-08 01:49
Cалем.Мен озымыздын атакты жазушыларымыздын,акындарымыздын шыгармала
Т
18-10-08 17:27
Іске сәт! Ізденуші, дүкеніңді аштың ба? Жұмыс қалай жүріп жатыр?
Жанар
nurjan7982
16-10-08 13:28
Мен бір кітап іздеп жүр едім. Бірақ еш жерден таппай-ақ қойдым. Сіздер тауып береді деген ойдамын. Маған мына кітапты тауып беріңіздерші өтініш. "Мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйесі" дегн кіп қой. Өтініш қайдан тапсам екен.
Ізденуші
tengri77@list.ru
09-06-08 12:44
Сонымен кітап дүкенін ашатын орын іздестірдім. Ол қала орталығындаға жақсы жерден табылды. Аумағы 80 шаршы метр. Бұрын жиһаз сататын дүкен болған. Олар басқа жерге көшетін болғандықтан1 мамырда босатылатын болды. 5 мамырда жиһаз жасайтын 2-3 мекемеге кітап сөрелеріне тапсырыс бердім. Біреуінің ғана жасаған схемасы бізді қанағаттандырды.
Сонан Алматыға барып келдім. Алматыда «Книжный мир семьи», «Книжный город» және «Гулянда» кітап дүкендерінің басшыларымен кездесіп, олардың қалай жұмыс жасап жатқандарымен танысып және прайс қағаздарын алдым. Енді бизнес-жоспар керек.
Бизнес жоспар:
Мақсат – Қызылорда қаласының орталығынан 80 ш.м. кітап дүкенін ашу.
Аренда мен айлықтың орташа көрсеткішін аламыз.
Шығындар:
Дүкеннің ашылуына:
Жиһаз (мебель) - 600 000 тенге.
Касса аппараты (үйде бар) - 0 тенге.
Баға көрсеткіштер және канцтауарлар – 10 000 тенге.
Персоналдық компьютер – 150 000 тенге.
1С Сауда - 40 000 тенге.
Жарнама - 50 000 тенге.
Қосымша шығындар - 50 000 тенге.
Барлығы: 900 000 тенге.
Ай сайынғы шығындар (1-ші жұмыс айына):
Аренда - 150 000 тенге.
Айлық (3 сатушы + директор) – 135 000 тенге.
Кітап жеткізу - 25 000 тенге. (Алматыдан жеткізу 3000 книг = шамамен 900 килограмм).
Салықтар: 40 000 тенге.
Барлығы: 350 000 тенге.
Тауар сатып алу: 2 000 000 тенге
900 000 + 350 000 + 2 000 000 = 3 250 000 тенге.
Мұнша көлемдегі тауарға көтерме сатушылар қосымша жеңілдік береді. Шамамен мен 15 пайыз жеңілдік алдым делік, мұның өзі менің сату бағамды 45 пайызға көтереді. (дүкендегі кітаптарға 30 пайыз қоып сатылады + 15 пайыз қосымша жеңілдік)

Келесіде: Бизнес планнын жалгасы
Сәнтай
m_hassaq@mail.ru
09-06-08 11:25
Мен экономика, психология, ұлттық тәлім-тәрбие, балалар тәрбиесі, рухы мықты қайсар жандар туралы кітаптарды іздеп жүріп оқимын. Информатика, жеке бизнеспен қалай айналысу, өз құқығын қалай қорғау туралы қазақша кітаптар өте қажет. Әсіресе, жасөспірімдерді қалай тәрбиелеу туралы кітаптар тіптен зәру. Көп ата - аналар нақ осы жасөспірімдердің мінездерінің қиындығынан қатты зардап шегіп жүр. Олармен қалай қарым-қатынас жасап, тәрбиелеу керектігін білмей бастары қатуда. Бұған замананың аласапырандығы кері әсерін тигізуде. Қаптаған кісі өлтіру туралы, т.б. теріс әсер беретін фильмдер жасөспірімдер психологиясын қатты бұзып жіберуде. Осы тақырыптағы кітаптардың көптеп болуын қалар едім. Халыққа өте пайдалы рухани азықты қолға алып жатыр екенсің,ісіңе сәттілік тілеймін !!! Дүкеніңнің тұрағын айтсаң, біз барып алып тұрамыз. Және баршаңды соған шақырамын. Біз ең алдымен қазақтың саудасын жүргізейік!!!
Абзал
abzalpulat@mail.ru
09-06-08 10:56
Кітап дүкенінен мен үнемі компьютерлік оқулықтар аламын өзім білмеген бағдарламаларымды кітаптан оқып компьютерде жасай алсам менен бақытты адам табылмайды !!! Қазіргі заманға қарап әр түрлі оқулықтар сатқан дұрыс деп ойлаймын ! Әсіресе ағылшын тілінің аудармасын қазақ тілінде шыграса жақсы болар еді !
Дегенмен басқа тақырыптардағы кітаптар да сатылу керек дегенмен сұранысқа қарап сатылуы керек !
Осы тақырыпты ортаға салған жанға мың алғыс !!! Ісініңіз алға баса берсін бауырым !!!
Амина
09-06-08 08:26
Cјлем бердік!
Мен ќазаќ прозасын сатып алар едім ќиналмай. Айына 1500-2000 теѕгеніѕ кґлемінде. соныме ќатар экциклопедияларды, балаларєа арналєан ќазаќша ертегі кітаптарды, романтикалыќ кітаптарды сатып алар едім. Ќысќасы жаќсы деген ќазаќша кітаптарды сатып алудан бас тартпас едім. Сосын классиканыѕ аудармаларын да жаќсы алар еді кґпшілік деп ойлар едім, мейлі ќазаша, мейлі орысша.
Сіздіѕ кітап дїкеніѕіз ќай ќалада?
Егер Алматыда болса Сіздіѕ кітап јлеміне кіріп-шыєуымызєа јбден болады.
Егер мїмкіндігіѕіз болса, кітап дїкеніѕіздіѕ сайтын ашыѕыз. Сонда їйде отырып та ќандай кјтаптарыѕыз бар екендігі кґріп біліп отырамыз. ќажеттісін бары сатып алатын едік.
Ісіѕізге сјттілік тілеймін!
ізетті келін
не дейін?
09-06-08 08:02
Өз басым,поэзияны қатты ұнатамын,тұрмыс салтқа байланысты кітаптар болса,(мысалы гулді күту туралы, ас үйге арналған мәзірлер жазылған, бала тәрбиесі) Балам үшін балалар әдебиетін, соның ішінде ой-сананы дамытатын, ертегі кітаптарды тек қана қазақ тілінде ойланбастан сатып алар едім.
Әсел
09-06-08 07:07
Саламатсызба!
Менің ойымша, барлық бағыттағы әдебиет болғаны дұрыс, өйткені әр кітаптың өз оқырманы табылар.
Мен тарихи кітаптарды, махаббат романдарын оқимын.
Ізденуші
tengri77@list.ru
08-06-08 03:36
Бәріңізге Аллаһ разы болсын!
Дүкен Алла қаласа Қызылорда қаласында ашылмақ. Әзірге дүкеннің атын іздестіру үстіндеміз. Бір себептерге байланысты ашамыз деген уақытынан сәл кешіктіріліп ашылатын болып тұр. Осы форумға кітап дүкенінің қалай басталып, қанша ақша жұмсалғанын, жұмысшыларды қалай жұмысқа қабылдағанымыз, дүкен жұмысы қалай жүріп жатқанын, қысқасы осы дүкеннің қалай өркендегені немесе қалай құлдырағаны жайлы жазып отырсам деген ойым бар.
Сонымен ең басында бізде мақсат болды. Ол мақсат:
1.Қызылордада басқа дүкендерге ұқсамайтын жаңа форматтағы кітап дүкенін ашу.
2.Астана мен Алматы қалаларында дүкен ашу.
3. Республика бойынша кітап дүкендерінің желісін құру.
Біздің дүкеннің ерекшелігі неде?
Бұл дүкенде мен өз қаламдағы кітап дүкендерінен таба алмаған кітаптар сатылады. Және ол кітаптар бұрын-соңды біздің қалада болмаған жүйемен сатылады. Мен сенемін, егер қандай іске болмасын, барлық күш-жігеріңді салсаң, ол іс алға басады.
Мен кітап дүкенінде сатылатын кітаптарды 5 салаға бөлдім.
1. Ислам діни кітаптары. (Құраннан бастап ҚМДБ мен РФ рұқсат берген Исламға байланысты барлық кітаптар)
2. Жұмысқа, оқуға және өзін-өзі дамытуға (личностное развитие) байланысты кітаптар (Бұл саладағы кітаптар ассортименті жалпы аудиториямен қатар кәсіпқой мамандарға арналады (финансистер мен рестораторлардан бастап фотографтар, дизайнерлер, программистер және пиарщиктерге дейін))
3. Көркем әдебиеттер (Қазақ ақын-жазушыларынан бастап гламурлы әйелдер романдары (гламурные женские романы) және интелектуалды детективтер, батыс детективтері, классикалық бестселлерлер)
4. Қазіргі заман публицистикасы (Қазақстан, Россия және осы заманның актуальды тағырыптарына байланысты кітаптар)
5. Арнайы әдебиеттер (Көпшілікті қызықтыратын кітаптар: кулинария, интерьер, сұлулық, спорт, фитнесс, денсаулық, хобби және т.б.)
Келесіде: Дүкенге орын іздеу
Бизнес-план
Жиһаз таңдау

Ажаргүл
Azhargul@mail.ru
06-06-08 13:02
Сәлеметсіз бе? Балаларға арналған түрлі-түсті , танымдық ертегілер қазақ тілінде болса; тарихи кітаптар; поэзия; сөздіктер, энциклопедиялар сұранысқа ие болады деп ойлаймын. Егер жақсы кітап болса, айына 1000-3000 аралығында жұмсар едім.
Жалын
06-06-08 10:29
Сіз қу екенсіз ғой. Ең алдымен бизнес-жоспар жасап, бүге-шүгесіне дейін талдап алады. Бизнесініз рентабельді болса, сосын ғана жобанызды іске асырға болады.
Паровоздың алдында жүгіруді қойыңыз!!!
Айнура АЛБ
Салем!
06-06-08 10:07
Мен балаларга арналган кітапты коп алатын едім, 3-4 жастан жогары балаларга арналаган әр турлі кызыкты суреттерімен шыгарылган кітапшалар болса оте жаксы болатын еді, казірде ондай кітапшалар казакша жоктын касы, казіргі кезде балаларга орысша нускасын алып журміз, сондыктан да дукенізде казакша кішкене балаларга арнап арнайы кызыкты бурыш дайындап койсаныз тіптен керемет болады. Ал озім жасыратын несі бар, сонгы кездерді кашан кітап окыганым есімде жок.. Студент кезімізде экономика жайлы орысша кітаптар коп алатын едім, олар кымбат болатын, прфессорлардын оздерінен де біршама кітап сатып алатынбыз. Бірак казакша махаббат жайлы кітаптар болса, алып окуга болады.

Јділбол
06-06-08 09:38
Негізінен жетіспейтіні наќты, технологиялыќ єылымдардан ќазаќша кітап табу бїгінгі студент пен маман їшін бас ауыртар мјселе. Сондыќтан, осындай мјселелерді шешсеѕіздер жаќсы болар еді. Еліміздіѕ университет баспаларымен байланыста болып, осы мјселені жолєа ќоятын дїкен жоќ. Тек ќана ресейлік жјне ќазастандыќ біршама баспалармен жўмыс жасап, басќалары ќалады.
Санат
Атырау
05-06-08 17:28
Сіз д‰кенді кай жактан ашып жатырсыз? ашкан болсаныз атын таптыныз ба? µз басым саяси ,діни,философиялыќ кітаптарды ќарар едим. Ќазіргі кітап д‰кендерінен м±ндай кітаптарды таба алмайсын. Жалпы елдегі кітап д‰кендеріне еш кµњілім толмайды. ќазаќша єдебиеттерді м‰лдем таба алмайсын. М‰мкін б±л да нарыќтыњ кінєсі шыѓар.
Нағыз АНОНИМ
05-06-08 17:27
Мен детективтер мен саяхат жайлы әдебиеттерді қалар едім. Айына деп мақтанбай-ақ қояйын, 3-4 айда 10-15 мың теңгені ой-өрісімді кеңейту үшін аямаймын.
Мұхтар Жанұзақов
05-06-08 16:12
Айтпақшы дүкеннің атын қалай атадың. Сенен өтініш тек Нұр-кітап деп атай көрме айналайын. Онсыз да нұрланып кететін түріміз бар.
Мұхтар Жанұзақов
05-06-08 16:11
Мен қазақ поэзиясын қалар едім. Айына 1000 теңгені жақсы кітаппқа жұмсар едім.
Жанна
kalina5555-84@mail.ru
05-06-08 13:04
Салем! мен кобине детективтер окимын, арасында махаббат романдарын және саяси шығармаларды. Бірақ фантастиканы окымаймын. Егерде жаксы, маган керек кітап болса, жылына 10-20 мын тенге жумсаймын. Детективти китаптарды дукенне еки-уш айда (250 ден 1500 тн аралыгында) сатып алып турамын.
///
05-06-08 12:35
махаббат романы, детективтер /қазақша/
қай кітап қанша тұрады, білмеймін ғой

Dil
Dilnar4ik@mail.ru
05-06-08 12:18
мен тілдер туралы, сөздіктер...
энциклопепдиялар, өзіңе де сыйлыққа да жақсы
әдебиеттерді өзіме кітапханадан аламын
қасыңызда мс, заң университеті болса, кодекстер сатыңыз, және т.с.с.
тағы қазір денсаулықты түзеу, стрессті жеңу және басқа да психотерапиялық кітаптар өтеді деген ойдамын



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов