Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Елдi мекендер, ауылдар, калалар
Тақырып: Тәуелібайдан кім бар!!!


Авторы Xабарлама
Амир
amir_makaramov@inbox.ru
29-06-08 16:01
Тәуелібай киелі жер. Тамдының тастарды жарып шығып жатқан мөлдір,мұздай суын айтпайсыңба. Шыңы бұлтарға жетіп жатқан Ақтауды айтпайсыңба. Хош исі бар жусанды аңсадыққой. Тәуелібайға жететін жерді әлі көргенім жоқ

Авторы Жауап
Төлепберген
tolebi52@mail.ru
19-01-17 11:20
Өткен күндерде қызық бар,
Есіңе алып сыр ұқсаң.
Балалық шақтан бір белгі,
Атантай деген құдық бар.
Бес-алты жасар баламын,
Ерке ұлы ата-ананың,
Ойыннан өзге ермек жоқ,
Сайран сап рақат аламын.
Төбеге әр күн шығамын,
Жан-жаққа қарап тұрамын.
Жол жүріп кеткен әкемді,
Іздейді-ау бала қиялым.
Сағынып әр күн жүргенде,
Оралды әкем бір демде.
Бақыттан мас боп күлгенмін,
Құшағына ап мені сүйгенде.
Лезде өтіп зымырап уақыт,
Сыйлаған маған зор бақыт.
Атантайдан жаяу қатынап,
Оқыдым кеште түн қатып.
Осында алғаш жүріп мен,
Темір жолға кіріп ем.
Сағыныш толы хат күтіп,
Сүюді шексіз біліп ем.
Атантай құдықтан басталып,
Зарафшан қаласы салынған.
Кешегі боз дала жасарып,
Көк құрақ,өскінге малынған.
Талай жыл,уақыт өтіпті,
Көп нәрсе ,өзгеріс жетіпті.
Баяғы құдық жоқ,көміліп,
тегіс боп,өңделіп кетіпті.
Әйтсе де Атантай есімде,
Хақым жоқ ұмытып кетуге.
Туған жер,сағынып жетемін,
Топырағыңды бір сыйпап өтуге.
Magauiya
kuzenmag@mail.ru
17-01-17 12:51
ЖұмамұратJuma_1977@mail.ru 13-02-2012 жылы сағат 22:03 де *Мейрімханның пұшық мұрнын кім білмейді дейсің?* деп жазуға калай колың барды ? Мейрімхан сенен жасы үлкен АҒАҢ емес ба ? Жан-жағынан қарасаңда Мейрімханды қорлағаның ҰЯТ. Әзілдегің келсе әзілің жарасатын адамды білсең жөн болар еді.
Теңіз Қыдырбай Тасболатұлы
teniz_92_kz@mail.ru
30-11-14 20:23
Иа!... Өмірзақ Қожамұратовтай ақын, сазгерді бүкіл қазақ баласына таныту біздің парызымыз. Бірақ өкініштісі кей бір Тәуелібайлықтардың өзі \"ол кім?\" деген сұрақ қойғанда ішім ашиды. Жақында елеусіз-ескерусіз тағы бір ақынымыз өмірден өтті. Айтпағым Қайыпназар Шотбасов ағамыз жайында. Оның бір ғана \"Жүрегімнің жартысы қалып кеткен Тамдыда\" деген яғни \" Сағыныш\" атты өлеңінен-ақ көруге болады. Өз туған жеріне деген сағынышын әлемде ешқандай ақын бұлай жеткізе алмаған шығар...

Талай жанды жөңкіткен тағдыр салып алдына,
Туған жерде керемет бір қасиет бар мына.
Сендіре алмай сезімді, көндіре алмай жанды да,
Жүрегімнің жартысы қалып кеткен Тамдыда.

Ой дуалап ішімді сағынғаным үшінбе,
Қой қуалап жүремін құмды кешіп түсімде.
Қимай-қимай ақыры қиялымның жартысы,
Қалып кеткен қалай-да қызыл құмның ішінде...

Бұл тек қысқаша нұсқасы.
Қали Жолдасов
kali_hoja@mail.ru
22-07-14 07:44
ТАЛАНТ ТАҒДЫРЫ
немесе әдеби ұрлықты реминисценциядан ажырата білейік

Қайтеміз, өткен шақты айтамыз да. Шын мәнінде де Өмірзақ Қожамұратов алдыңғы қатар ақындарды айтпағанның өзінде, қалың жыр сүйер қауым сағына күткен ақын еді. Бірақ, оны елеп-ескермей, тіпті, одан да тереңдете айтсақ ұмыт қалдырып, сыртқа тепкен өзіміз. Ия, бірлі-екілі аға ақындарымыз оның алғашқы аяқ алысына қуанып, үміт артқанын айтпасақ, онда, оларға қиянат жасағанымыз. Мысалы, аға-ақын саналған Әбділда Тәжібаев: «Өмірзақ арналы да ойлы лирик болатын нышан білдіреді, жақсы үні мен жақсы сырлары бар әуезді үндері оқушыны сезімге бөлейді, әсем ырғақтар бесікше тербейді. Әр алуан суреттер елестеп, әр алуан дыбыстар ойнайды. Өмірзақ әлі жас. Оның қазіргі жырлары қуантса, болашағы зор үміт күттіреді», – дегенде, оны көпшілік аға-ақындарымыз жас қаламгерге берілген артық «аванс» ретінде қабылдаған. Тіпті, жас ақындарды көрсе елден бұрын елпектейтін Әбу Сәрсенбаев ағамыз болса: «Өмірзақтың бойында ақынға тән байқағыштық, суреткерлік бар», – дей келіп, ақынның сыршылдығына баса назар аударғанын Әбділда Тәжібаев пікірімен үндестірсек, онда Қожамұратов назардан тыс қалмаған сияқты көрінер. Бірақ, соған қарамай осы бір мақтаулардан кейін-ақ ақын шығармашылығына үмітпен қараушыларға қарағанда, қызғанышпен қараушылардың саны артпаса кеміген жоқ. Оны өз қатарлары Оспанхан, Мұқағали, Свет Оразбаев, Ізтай Мәмбетов, Зейнолла Серікқалиев, Сейфолла Оспанов, Дулат Исабеков сияқты әріптестері де назардан тыс қалдырған жоқ. Соған қарамай ақынның өлеңде де, өмірде де шын мағынасындағы бағы ашыла қоймады. Егерде ашыла қалған жағдайда Мұқағали Мақатаев ол туралы: «Осы пақыр әзірге пойызға билетсіз мінген адам тәрізді. Өз құрбыларының қатарынан орын тимей-ақ қойды осыған, бірде-біріміз оған кел деп те, кет деп те ниет білдіре алмадық. Мынау барың, мынау жоғың демедік. Бұған Өмірзақ тұрарлық еді», – демес еді ғой. Көзі тірісінде бірлі-екілі ағалары мен қатарларының көңіл шуағына ілінген ақын өзін қалған әріптестері мен оқырмандарына толық дәлелдей алмады. Өйткені, оның алдында «қызғаныш» атты алдырмайтын алып тау жатқан болатын. Ал өмірден өткен соң «көзден кеткен адам көңілден кетеді» деген принцип өз дегенін істеді. Әлі де солмыз. Тек бүгін ғана Қали Жолдасов деген азаматтың мұрындық болуымен тілге тиек етіп, әңгіме етіп отырмыз.
Неге Өмірзақ Қожамұратов көзі тірісінде де, өмірден өткеннен кейін де елдің де, ақын қатарларының да есінен жазықсыз, қисынсыз, орынсыз аты-жөні жоқ шықты. Оны көзі тірісінде көріп-білгендер оның ірі ақын екенін білді. Бірақ, оның ақындық тұлғасын көзге іліп, сөзін кұлаққа кыстырмады. Қазақ поэзиясына шын, шынайы таланттар аздық етпейді. Қазір де оны Мұқағали, Төлеген сияқты асқақтатып айтсақ неміз кетер еді. Қызғанып, бөліп жаратын ештеңе жоқ. Әйтпесе ақын Өмірзақ:
Біле кет!
Ақылдан адасқандардың,
Ажалдан адаспайтынын.
Тақ үшін таласқандардың,
Табытқа таласпайтынын,
– демес еді ғой. Бұл – қазадай қасіретті де, табыттай ауыр да, тотияйындай уытты да ащы өлең жолдары. Күнделікті көп шындыктан биік, терең, кең, иманға негізделген ұғым түсініктегі жалқы ақиқатқа ден алдырған жыр жолдары. Міне, осындай ақын неге ұмытылып, ауызға аз түседі. Бірлі-екілі жастарымыз болмаса, олардың көпшілігі Өмірзақ Қожамұратовтай ақын бар екенін білмейді. Яғни, біз әлі күнге дейін белгілі бір тізімнен шыға алмай, көргенімізден таңбай, ұстағанымыздан айнымайтын деңгейде ғана шын да шынайы ақындарыды іздейді екенбіз. Әйтпесе, Мағжанды жаппай біліп, ол ұстаз санаған, тіпті, оның тұңғыш кітабын шығарған Бернияз Күлеевті неге білмейміз. Сондай-ақ, Өмірзақпен үндескен Мұқағалиды, Төлегенді аузымыздан тастамай, тізімнен қалдырмаймыз да, Өмірзақ Қожамұратовты елеусіз қалдырамыз. Мен оған Меңдікеш Сатыбалдиев, Марат Отаралиев, Совет Оразбаев, Құдаш Мұқашев, Жүсіп Қыдыровты қосқан болар едім. Соған қарағанда біздің жадымыздың «шығармалық жиып-тергені «соқыр көргенінен жазбайдының» кері болса керек.
Сезім – дербес, жеке бастық құбылыс. Бір сөзді, бір ойды, идеяны бәріміз бірдей әр қырынан айтып, жаза беруіміз заңдылық. Бірақ, таңдану, мұңдасып, мұң кешу, қайғы-қасіретін тарту, лап етіп жанып, жалп етіп өшу сезімін әрқайсысымыз әрқилы, яғни, жеке дара дербес кешеміз. Оның куәсі – Өмірзақ, Мұқағали, Төлеген жырларындағы бір-біріне ұқсамайтын, кей тұстардағы алуан сырлы өлеңдер. Өмірзақ Қожамұратов поэзиясының ерекшелігі де сонда. Оның поэзиясы ешқандай мектептік деңгейге келмейді, не шәкірттік кезеңге жатпайды. Ақын жырын біз тағдырмен байланыстырамыз. Өмірзақ Қожамұратов жырының жалаң газет бетіндегі мақалалардай оқылатын өлеңдерден артықтығы – көркемдігінде, образдылығында, саздылығында.
Боз қырау түскен бозаңда,
Бозамық тұман көз жұмсаң.
Боз ала таңғы азанда,
Бусанып тұрды боз жусан.
Сан рет өліп, тіріліп,
Сарғайып кеткен өмір-ау.
Санаңда тұрған ілініп,
Бозторғай күміс қоңырау.
Бұл – музыка, саз ырғақ, жанның табиғатпен үндескен тұсындағы ақынның көңіл-күйі. Блок «Поэт – сын гармонии» яғни, «Ақын – үндестік ұлы» дегенде осыны айтқан болуы керек. Абайдың «Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, теп-тегіс жұмыр келсін айналасы» деуі де саяды емес пе?
Біз жоғарыда сөз басында Мұқағали Мақатаев пен Төлеген Айбергеновті, енді оларға тағы да біршама ақындарды қосып, Өмірзақ Қожамұратов үндескен дегенді аты аталған ардақты ақындарымызды кеміту үшін айтып отырған жоқпыз. Әдебиетте, жалпы өнер атаулыда «реминисценция» деген ұғым-түсінік бар. Оны латын тілінен аударғанда «естелік, есімдегі, еске түсіру» деген сөз болып шығады. Реминисценция – тарихи-табиғи шығармашылық категория. Яғни, өткен, бүгінгі ақындардың поэтикалық байланысының бір көрінісі. Егерде кейбір образдар, сөз орамы, тіркес, бірдей сөздер мен сөйлемдер, жолдар, жалпы ырғақ бір ақындардан ауысып, екінші ақындармен үндесіп жатса, ол ешқандайда көшіру немесе ұрлыққа жатпайды. Оны шығармашылық тілде «реминисценция» дейді. Шығармашылық психология, уақыттың тыныс-тіршілігі, алуан көріністер мен лептердің біртектілігі, тарихи-табиғи оқиғалар бірлігі акындардың, бір-бірін қайталауына ерік-еркінінен тыс әкеліп соқтырады. Мысалы, Мұқағали Макатаевтың мына бір жолдарына назар аударалықшы. Ақын «Отыз бесінші көктемім» өлеңінде:
Отыз бес күз,
Отыз бес қыс,
Отыз бес жаз,
Осал өмір емес-ау, отыз бес жас.
Отыз бес жыл өткердім,
Отыз бес жыл қуарып,
Отыз бес жыл көктедім, – десе,

Өмірзақ Қожамұратов:
Жалаңтөс кіріп тасқынға,
Нөсердің бұлтын ойнаттым.
Осынау аспан астында
Отыз бес рет тойлаппын.
Отыз бес құздың басында,
Отыз бес гүл-гүл жайнаппын.
Отыз бес қыздың қасында,
Отыз бес бұлбұл сайраттым.
Отыз бес оқты қабылдап,
Отыз бес оққа қарылдым.
Жүрегі жүрген жалындап,
Отыз бес,
Сенің арыңмын! – дейді. Осындағы екеуінің басынан кешкен оқиғаларының бір көрінісі, қас-қағым сәттегі көңіл-күйлерінің үйлесуі, өлең ырғағын былай қойғанда сөз сөйлемдерінің қайталануы әрі сөз саптауы адамды таң қалдырады. Мұқағалидың «Автограф», «Акқулар ұйықтағанда», «Мен басымнан қорқамын» секілді өлеңдерін оқып отырып, оның Өмірзақ Қожамұратовтың сол тақілеттес өлеңдерін бағыт-бағдарға алғанын байқауға болады. Екі ақын өлеңдеріндегі образдық және ырғақтық, кей тұстағы мазмұндас үндестігі еш ерсі емес. Өйткені, заманы, уақыты бір қос таланттың бағыт-бағдарлас болуы заңдылық. Төлеген Айбергенов жырларының да Өмірзақ өлеңдерімен астасып, қоян-қолтықтасып жатуы да сондай. Сол кездегі көзбен қарағанда енді бір жас ақын Зейнолла Тілеужанов өзінің «Лебіз» кітабында:
Күндерді алдап өлеңмен,
Жылдардан жанда сыз қалды.
Жылату оңай болғанмен,
Жұбату қиын қыздарды, – деп толғаса,

ақын Өмірзақ Қожамұратов:
Аққудың көгілдіріндей,
Күнәдан пәк, ей, мүсін.
Жылатып алып біреуді,
Жұбату оңай деймісің, – дейді. Осынау жолдардағы сөз қайталану арқылы бір көңіл-күйді білдіру екі ақын тарапынан да шынайы поэзия тудырған. Бұл жолдар – өмірдің өзінен ойып алынған шумақтар. Негізі акиқат. Енді тағы да бір мысалға жүгініп көрелікші. Көпшілігіміз өлеңін жатқа оқитын Төлеген Айбергенов:
Сен өзімді көрсең,
Тұрысым осы менің.
Ал мендегі ғаламат сезімді көрсең,
Шошыр едің, – десе,

Өмірзақ Қожамұратов:
Білмеймін сені,
Мен сені,
Жолсерік болып тосып ем,
Сезімді көрсең мендегі,
Сен қазір, жаным, шошыр ең, – дейді. Осы бір төкпе жыр үлгісіне жататын шумақтар жаңа сарындағы ырғақ, дәстүр жалғастығымен мені қатты қызықтырады. Міне, бұнда да ақындар үндестігін байқайсыздар. Енді тағы да бір ақынға жүгініп барып мысалдарымызды тоқтатсақ деп отырмыз. Кеңшілік ақын «Тобық» атты өлеңінде:
Құдашаға мен де бір тобық бергем,
Сұраған соң ол дағы тауып берген.
- Не қалайсыз? – дегем мен үміттеніп,
Қалағанын айтуға қауіптенген.

Ән қалаған.
Алдарқап, алаңдауға,
«Құдашаны» кайырып тәмамдағам.
Тәмамдамай қайтейін – іңкәр дүние,
Оған да арман, айта алмай маған да арман,
– десе,

Өмірзақ Қожамұратов:
Құралайдай қунақ қыз тобық берген,
Тобық берген сәтінен торып келген.
Ай, апталар түскесін арамызға
Ұмытқан да шығар деп жорып келген.

Аяғымды келтірді-ау аспанымнан,
– Тілегің не? – дей бердім сасқанымнан.
Ән тіледі...халімді біле тұрып,
Қайран бола қойсын ба қашқанымнан.

Ән салған боп, домбыра дыңылдаттым,
Ән емес-ау, өзімше ыңылдаппын.
Құралайдай қунақ қыз құдашаны
«Әләулайды» айтып-ақ жымыңдаттым,
– дейді. Бір оқиға, бір сезім легі жырға көшкенде осылай сөйлейді. Қазақы әдет-ғұрып, салт-дәстүрден өрген осынау өлеңдегі оқиға қозғалысы маған ұнайды. Бірақ, озық өлең үлгісі дей алмаймын. Ұйқастары әлсіз, жалаң, жалпы. Жоғарыдағы біз келтірген үш-төрт ақындардың бір-бірін қайталаулары неліктен? Бұл не? Бір-бірін конспектілеу ме? Әрине, жоқ. Бұл жоғарыда біз айтқан реминисценциялауға жатады. Мұндай бірін-бірі қайталаулар әдеби, шығармашылық процестерде кездесіп отырады. Өйткені, поэзия – жанды қозғалыс. Табиғаттың төрт мезгілі, уақыттың толқыма лептері қаншалықты қайталанса, өлеңнің де соншалықты қайталанып жатуы бек мүмкін. Яғни, заңдылық. Мұны реминисценциялау дейміз. Тіпті, орыс ақындарының өзі бір-бірін жиі қайталаған. Мысалы, Пушкиннің «Гений чистой красоты» деген жолы Жуковскийден алынған. Байрон «Хочу я быть ребенком вольным» десе, Есенин «Я хочу быть отроком светлым» дейді. Дәл сол жолдарды Қуандық аға Шаңғытбаев «Бала қылшы балдырған баяғыдай», Мұқағали «Сәби болғым келеді» деп қайталайды. Бұл процесс поэтикалық бастаудың көзі. Арысы үндесіп, сөз сөйлемнің алмасып, қайталануы арқылы өлең өрісі кеңейіп, ішкі иірімі байыған. Тағы бір мысал. Сабырхан Асановтың «Өмір өтіп барады, өмір өтіп» жолдарын Жарасқан Әбдірашевтен жолма-жол кездестіресің. Тұмағаң – Тұманбай Молдағалиевтің «Екі Тұмашы» мен Жарасқан Әбдірашевтің «Екі Жарасы» да дәл сондай. Анна Ахматова «И такая могучая сила» десе, Блок «И такая влекущая сила» дейді. Некрасов «Лес обнажился, поле опустел», – деп толғаса, Леонид Андреев: «Лес опустел, и поле обнажилось», – деп қайталайды. Жуковский «Последний бедный лепт» десе, Пушкин, Евгений Онегинде сол сөзді айна-қатесіз жаңғыртып, нақ сол күйінде тілге тиек етеді. Ендеше, біз бір-бірінің жолдары мен сөздерін қайталаған ақындарды ұрлықшы немесе көшіруші демей, оларға шығармашыльқ үндестіктен туған бірін-бірі қайталау деп қарауымыз керек. Мұның барлығын мысалға келтіріп отырғандағым, жоғарғы аталған ақындардың барлығы да Өмірзақ Қожамұратовпен үндескен. Бұл сөзіме ешкім де намыстанбауы керек. Және оның астарынан бәле іздеп жатушылық та артықтық. Мен жоғарыда аталған ақындардың ешқайсысының беделін түсіріп, абыройын төккім келмейді. Менің сөз етіп отырғаным – таза әдеби процесс. Ал, егерде оны түсінбей, оның астарынан кімде-кім бәле қуса онда оларға алдарыңнан жарылқасын деймін де қоямын. Өйткені, өлеңдегі сауатсыздық қашанда да қай кезенде де кездескен, кездесе береді де. Бұны шегелеп, қадап, нықтап, тарата айтуымның себебі орыстың, тіпті, Қытай, Жапон прозаиктері «Біз Гогольдің «Шинельінен» шыққанбыз» дегенді ешуақытта намыс көрмеген. Және ол әлемдік әдеби айналысқа түсіп кеткелі қашшан.
Жалпы, реминисценция – құрылыс материалы сияқты, бір ақынның сөз, сөйлем, образ ырғағын пайдалану арқылы тосын да жаңа бір ой түйіп, мазмұн ашу. Өмірзақпен жоғарыдағы мен тілге тиек еткен ақындардың айырмашылықтары осы тұста. Сондықтан да сөз бен сөйлем қайталау еш қылмыс немесе ұрлық емес. Ол үнемі қозғалыс үстіндегі жанды организм, яғни, поэзияның бір тұстарда кездейсоқ немесе заңды қайталанып үндесуі. Мысалы, Мұқағалидың «Жан азасы» реквиемі Пушкиннің «Моцарт и Сальериімен» жолма-жолды былай қойғанда, басталған тұста-ақ деталь ұқсастығымен көңіл аударады. Реті келгенде айтайық, қазір ұмытылып бара жатқан марқұм ақын Сейсен Мұхтарұлының «Келші қарғам, маңдайыңнан иіскейін» деген өлең жолдары Мұқағалида сөзбе-сөз қайталанады, тіпті, ұйқастары да «тиіспейін» болып қайталанғанын оқығанда таң қаласың. Бұл – ақындар табиғатының үндестігі мен оқиғалардың өмірде қайталанып, әрбір ақынның басынан өтетіндігінің белгісі.
Жалпы, Өмірзақ Қожамұратов – сұлулыққа құмар, табиғатпен үндескен ақын. Оның «Тау жаңбыры» деген өлеңіне назар аударалықшы:
Тұратын ылғи ой қаптап,
Ақын ғой мына тау деген.
Найзағай – қалам ойнақтап,
Төсінен бұлттың сауды өлең.

Немесе:
Төбемде еркін аунаған,
Жел айдап, бұлтты тоздырып.
Күндерім үшін жаумаған,
Арқамды кетті-ау қоздырып.
Осы бір жолдардан оқып отырып, табиғат пен ақын стихиясын қатар қоюға болады. Өйткені, екеуі де – Алла жаратқан құбылыс. Олардың бір-бірімен сырласуы да, үндесуі де сонда. Өмірзақ Қожамұратов лирик қана емес, үлкен ойлы ақын да. Оның қысқа қайырым өлеңдерінен бастап, «Сезім дәптеріне» дейінгі аралықтағы жырларын оқығанда оған еріксіз көз жеткізесің. Ол тағы бір өлеңінде, яғни махаббат жырында:
Сәуірдің желі біз күткен,
Сәруар гүлді желпігей,
Құлпырып шықты қыз біткен,
Қарға аунап тұрған түлкідей.

Қуанышыңа, қайғыңа
Жатпаймын әсте таласып.
Аспаным куә, Ай куә,
Тұрғандарыңа жарасып, – дейді.

Немесе:
Ағызып барады ағын,
Айды – алтын жұмыртқаны,
Қағады барабанын,
Бақалар ымырттағы, – деуіне неге таң қаламыз. Осындағы жанды суреттер мені еріксіз қайран қалдырады. Бұл өлеңде де Айбергенов ырғағы бар. Өмірзақта мұндай өлеңдер өте көп. Оның барлығын шағын мақалаға сыйғызу еш мүмкін емес. Сондықтан да, құрметті оқырман, қалған жыр-ләззатын Өмірзақ Қожамұратовтың «Сезім сәттері» кітабынан алыңыздар. Біз бағыт-бағдар беріп, жол сілтеуші ғанамыз.
Мен азды-көпті Өмірзақ Қожамұратов туралы ойларымды алдарыңызға жайып салдым. Ақынның ендігі жыр-тағдырына уақыт төреші. Жалпы, Өмірзақ Қожамұратов – өзінің атақ-даңқымен емес, тіпті қызметімен де емес, тағдырымен ақын. Ешқандай қызмет те, атақ-дәреже де ешкімді ақын ете алмайды. Сондықтан, мектеп пен пешене ұғымы – бір-біріне қосылмайтын ұғым, түсініктер. Ақындардың бір-біріне ықпал етуі мектеп болса, ал бір-біріне ұқсамаулары – тағдыр-пешене. «Пешенесіне жазылған» деген меңзеудің де сыры сонда. Ендеше, тағдыры ақын еткен Өмірзақ Қожамұратовтың жыр кешін – өткізіп отырған Қали Жолдас секілді жігіттерге үлкен рақмет айтамыз. Ақынын ұмытпау ұлтын ұлықтаумен пара-пар іс-әрекет. Ендеше нағыз ақындарымызды жас жігіттер сияқты ұлықтай білейік, ағайын!
P.S. Назарларыңызға ұсынып отырған «Талант тағдыры» мақаламыз, кезінде өмірден өткен талантты ақын Өмірзақ Қожамұратовтың «Сезім сәттері» атты жаңа шыққан кітабына байланысты тұсаукесерде жасалынған баяндама еді. Баяндама жасалып біткеннен соң Мұқағали Мақатаев пен Төлеген Айбергеновтың кейбір жанашырлары маған: «Сен ұлы ақындарымызды жыр ұрысы аттандырдың», – деп дүрсе қоя берді. Мені таңқалдыратыны – біздің әдебиетімізде өздеріндей сауатсыз адамдардың жүруі ешуақытта да поэзиямызды өсірмейтінін білмейді-ау, шіркіндер. Тіпті, олардың әлемдік әдебиетте реминисценция деген ұғым-түсініктің барлығын білмеуі ұят-ақ. Мен егер де бүкіл дүниежүзі ақындарынан Мұқағали мен Төлеген Айбергеновтың, Өмірзақ Қожамұратовтың, Қуандық Шаңғытбаевтың, Кеңшілік Мырзабековтың, Зейнолла Тілеужанов сияқты ақындарымыздың бір-бірімен үндескеніндей жайларды мысалға келтірсем, онда бір мақала аздық етер еді. Сондықтан да, ақындардың бір-бірімен үндесулерін немесе бірін-бірі қайталауларын ұрлық емес, шынайы да, шын мағынасындағы табиғаттарының бір-біріне жақындығы ретінде қабылдау керек. Өйткені, өмірдің олардың өлеңдерінде образға оралып, бейнелі де адам түсінбейтін жағдайларда үндесуінің өзі Алланың олардың аузына сөз салуындағы бір құдіреттің нышанын көрсетсе керек. Мысалы, өмірінде тірі қазақты көрмеген орыс ақыны Осип Маңдельштамның:
«Божье имя, как большая птица,
Вылетело из моей груди» –
(1912)
Деуімен, 1937 жылы атылып кеткен Николай Клюев деген ақынның:
«И сердце птичкой из груди,
Перепорхнуло в кущи роя» –
(1937)
Деуінің біздің тірі орысты көрді ме, көрмеді ме білмеймін. Кемпірбай ақынның:
«Кеудемнен көкала үйрек қош деп ұшты,
Сол шіркін, кәрі жолдас өлең білем», –
Деуінің аралығында не жатыр? Міне, осынау үш ақын жырының бір-бірінің сөздерін қайталап, жыр мазмұндарының үндесіп жатуларының өзінде қандай құдірет бар?! Бұл – нағыз ақындарға берілетін ерекше қасиеттер. Оны адам емес, Алланың өзі қадағалайды, әрі нағыз ақындардың ауыздарына көзге көрінбейтін құдіреттер арқылы бірін-бірі қайталаған сөздер салады. Міне, осыны әдеби тілде реминисценция деп атайды. Ал, біздің сауатсыздарымыз болса бұдан ұлы ұрлық көреді. Қандай да ақын болмасын немесе жазушы, сыншы болмасын сауатты болмаса, әрі білімді болмаса онда өлеңді де, прозаны да, одан тіпті тереңдетіп айтсақ сыншылықты да қоюы керек. Сондықтан, әдеби ұрлықты реминисценциядан ажырата білу керек. Нағыз ақындықтың құдіреттілігі сонда.
Қазір, сол бір кештегі баяндамадан соң мені ата жауы санайтындардың саны көбеймесе, кеміген жоқ. Мен оларды бар болғаны әдеби мәселеде сауатсыздардың қатарына қосып, оларға «Алла алдарыңнан жарылқасын» деген тілеу тілеймін де қоямын. Олардың арасында өздерін ақын санап, кеудесін қағып жүргендер де бар. Ал, енді поэзиядан алыс, қарапайым оқырманға өлеңнің қыр-сырын түсіну үшін «сауатты да, білімді оқырман болыңыз» деген тілек қана айтқым келеді.

Аманхан Әлімұлы, «Үшқоңыр», №8, 18 тамыз, 2010 жыл
Жұмамұрат Кеңесұлы
myrat_shamshi@mil.ru
16-12-13 19:22
Таңғалам, талғамы биік тарландарға,
Таңғалам, заманы озық заңғарларға,
Тау қарға ұзақ қара құзғын қарға,
Үш жүзге бөлінеді қарғаларда.

Бірінің көзін бірақ шұқымайды,
Жағаласып қонса да жардан жарға,
Қарға екеш, қарғалардың ынтымағын,
Қазаққа нәсіп етсе арман бар ма?
Ақшолпан
sholpan_9600@mail.ru
06-06-13 16:48
Бұхар аға, қалайсыз???
Қали Жолдасов
kali_hoja@mail.ru
24-05-13 10:15
Мына өлең Тамдыбұлақтағы №1-мектептің 1968 жылғы түлектерінің 2008 жылы өткен 40 жылдық кездесуіне орай жазылған болатын. Өз басым аса қадірлейтін Асубаев Жарылқасын мен ағаның сыныптастарына арнадым. Арнау өлеңімнің ақсап жатқан тұстарын және ұшқыр ойды сағыздай созып, айналасын жұп-жүмыр етіп дөңгелете алмаған болсам айып етпегейсіздер.

ТАМДЫ ТҮЛЕКТЕРІНЕ


Елу жыл бұрын мектептің аштың есігін,
Балапан едің желкілдеп тұрған кекілің.
Балдырған шақтың балдай ед, шіркін, қызығы,
Еске алсаң бүгін несі мін?

Қозы-лақ айдап тобықты тасқа тырнатып,
Бәйгеге шаптың, шыбық ат мініп шаңдатып.
Ала доп қуып, белдестің, асық иіріп,
Оралдың үйге құр сүлдең қалып, түн қатып.

Бейкүнә едің, көңілің айна, ар таза,
Ғашықтық «пәле» килікті қайдан ортаға?
Есейіп кенет, жүректі жаулап бір сезім,
Есімін жаздың шимайлап қара партаға...

Ару қыздарға сүзіле көзді қадаған,
Балғын бейнесін шығара алмаған санадан.
Сол түндер қайда... терезесіне телмірген,
Балақсыз қалып, иті де талай талаған?

Шаттанып, шалқып гүл теріп талай қырлардан,
Шертілді сонда мөлтек сырлар мен ізгі арман.
Махаббат жырын жатқа оқып Өмірзақтардың,
Бақытқа балқып, желпіген желмен ырғалған.

Сол күндер қайда... өмірдің қатал ағыны,
Баяу естілер жастық дәуреннің дабылы?!
Бойжеткен бейне, бозбала сезім сағым боп,
Басылып қалған қыз-жігіт шақтың арыны.

Жасыды көңіл, бұрылып артқа қарадың,
Ізіңді іздеп төсінен қыр мен даланың.
Есіңе түсті ме алғашқы мөлдір махаббат,
Ашылып кетті ме аузы ескі жараның?

Ұлы Қызылдың құмында жатыр іздерің,
Алып Ақтаудың қырында жатыр іздерің.
Немере сүйіп, ата-әже болған шағыңда,
Кіршіксіз кездің белгісін неге іздедің?

Мұзбалақ жігіт, күлімкөз қыздар – гүл мүсін,
Бал дәурен күнді сен аңсап әлі жүрмісің!?
Қырық жыл бопты-ау қияға қанат қаққалы,
Қырық рет күтіп жыл құсын.

Бірің қап елде, аттандың бірің қиырға,
Тіршілік еттің, қисынын тауып қиыннан.
Ал кейбір достың ғұмыры келте болды да,
Бақыл боп, топырақ бұйырған,

Теміртау, Орал, Алматы менен Қостанай,
Құт мекен болып, қоныс аударды дос талай.
Туған жер, сірә, өгейсіп кетсін демесең,
Барып тұр жиі Тамдыны ұмыт тастамай.

Ойға алған кезде қиянға көшкен достарды,
Ойлама тіпті: «қырым мен шөлім бос қалды».
Тамдыда бүгін той тойлап жатыр ағайын,
Қоныстой жасап, өткізіп жатыр бастаңғы.

Тамдыда қалған туысқандарың кәдімгі,
Тірлігі мығым, шаруасы оңды, қарымды.
Қонақ боп келсең – алдыңа тосар дәм-тұзын,
Көңілі дархан, пейілі теңіз, жаны ізгі.

Қырық жыл өтті... азамат болып байыпты,
Бәрің де бекзат, мақтауға бәрің лайықты.
Қайдағы жоқты есіме неге салды деп,
Етпеңдер мені айыпты...

Жырымның соңын аяқтап тұрмын тілекпен,
Жас күнді еске ап дір еткен шығар жүректер.
Қайда жүрсең де аман бол, аға-әпкелер –
Тамдыда туып, Тамдыдан ұшқан түлектер!

Қали ЖОЛДАСОВ,
2008 жыл.
Қали Жолдасов
kali_hoja@mail.ru
10-05-13 23:15
“Тамды аруы” туралы талас толастар емес
Бұл әнді Ақтөбе,Жамбыл облыстарындағы Тамды деп аталатын ауылдардың қауымы: “Бұл ән біздің ауылға арналған”,- деп, әрқайсысы өз аудан-облыстарының баспасөзінде жариялап, әлі күнге дейін қызылкеңірдек болып жүр. Оларға айтарымыз: бұл сұраққа жауапты қазақтың бепгілі ақыны Қадыр Мырза Әлінің ” Иірім” атты кітабынан табасыздар. "Иірім" атты кітапта сазгер Шәмші ақын Қадырды үйіне шақырып, Өзбекстанның Бұхара облысының (бүгінде Навои облысының аумағы) Тамды ауданына барып қайтқаны, сондағы елге:”Тамды туралы ән жазам”,-деп уәде бергені, Мыңбұлақта(үлкен елді мекен), т.б. ауылдарда да болғаны туралы айтады. Сол ауылдардың атауларын қағазға түсіріп, осы елден ойша бір қызды “табуын” және сол қызға “ғашық болуын”, сөйтіп сол аруға арнап өлең жазуын өтініпті. Өзі әнін жазыпты. Демек, жоғарыдағы тамдылықтардың таласы - бос әурешілік. Ән Өзбекстандағы Тамды ауданының аруларына арналған. Бұл дәйекке талас болуы мүмкін емес. Бұл ретте бәзбіреудің:”Ән арналатындай ол Тамдының ерекшелігі неде?”-деуі мүмкін. Тамды ауданы – 1928 жылы 12 сәуірде Қазақ АССР-інің құрамында құрылған, Қызылорда облысына қараған аудан. 1943 жылы еріксіз Бұхара облысының құрамына өткізілген. Кезінде(тұрғындарының басым бөлігі 1990-2000 жылдары Қазақстанға қоныс аудармай тұрған кезеңде) түгелдей қазақтар жасайтын аудан болатын. Аудандағы 36 мектептің барлығы қазақ мектептері болды. 70-жылдардың ішінде Шәмшіден кейін Тамдыда болған Бауыржан Момышұлы:”Тілі мен дәстүрінің қаймағы бұзылмаған, барлық мектептері қазақ тілінде дәріс беретін дүниедегі жалғыз аудан – Тамдыға келгеніме қуаныштымын”,-деп босқа айтпаған болса керек. Ендеше “тек қазақтар жасайтын дүниедегі жалғыз ауданға” арнап неге Шәмші ән жазбасқа?!
Сондай-ақ, осы біздің тамдылықтар арасында:”Бұл ән менің әжеме, жеңгеме, әпкеме жазылған”,-деген, тіпті көзі тірі кемпірлердің арасында:”Маған арнап жазылған ән бұл”,- деген талас та бар. Бұл таласқа да тоқтау салу керек. Өйткені бұл ән жеке бір қызға емес(Қ.Мырза Әлінің сөзі дәлел), Тамдыдағы бүкіл әйел затына арналған ән! Құрметпен Қали Жолдасов.

Нұрғали Қарабектегі
mukacan.2011@mail.ru
25-04-13 07:35
ҚЫЗЫЛҚҰМ

Қызылқұм!..
Қызыл теңіз көз мұнартқан,
Жол жүрген жолаушыны қалжыратқан.
Сырларын бар бойына жиып алған,
алыптай жамбастай ғап мүлгіп жатқан.
Қызылқұм, «Жібек жолы» бойындағы,
Байлық қой әр төбенің қойындары.
Аймақтың Тауелібай аталатын,
пұшпағын қазір дүние мойындады.
Бас ұрған оған жасың, қартың-дағы,
Жігіті Қызылқұмның нар тұлғалы.
Аймақты құс қанатын талдыратын,
қазақтың мекен еткен мәрт ұлдары.
Мүлгіген дәу секілді маң даланы,
жастанған үрме-құмдар паңданады.
Сыңсытып соққан желмен «өлең» айтқан,
шағылға көрген адам таңданады.
Сексеуіл, қоянсүйек, қандым, жүзген,
қызылша, сіңірген мен селеу, изен.
Сағымдар арасынан сығалаған
шөмеле, бейне кеме көлде жүзген.
Жауынды жыл болғанда қыр, аңғары,
Құлпырар жалтырбас пен раңдары.
Таңменен оятады атшакөкек,
сәскеде көкте қалқып қырандары.
Төсінде қабан, киік, қоян өрген,
қасқыр мен түлкі, шағал сая көрген.
Қонақты құдайындай күтіп алу,
дәстүр боп қалған мұнда баяғы елден.
Той-жиын десе елі баптанады,
Алыстан қонақ келсе шаттанады.
Көрсетіп нағыз қазақ жомарттығын,
ырза боп меймандары аттанады.
Жақсы мен жаманды тең саралаған,
дархан жұрт, емес кісі алалаған.
Бетіңе басып айтқан кемшілікті,
байсың ба, төресің бе, қарамаған.
Ақысыз айтқан ақыл кеңескенге,
Қалжыңқой, бармас бірақ өрескелге.
Жетерлік жырау, әнші, биші, күйші,
Өнердің қай түрінен емес кенде.
Кісінің жасқа қарай орыны бар,
Әр істің парасатын, жөнін ұғар.
Тамдының топырағы тегін емес,
Осында Балқы Базар қорымы бар.
Қызылдың қасиетін шамалаған,
мұнда кеп ата-бабам паналаған.
Әжемнің айтуынша көпті көрген,
қызылды Қыдыр ата аралаған...
Қызылқұм!..
Қалды қазір артымызда,
Тұр бүгін пана болып жартымызға.
Замана алғау-далғау ыдыратты,
Айналып алды – ылди, арты – құзға.
Айтарым жетеді әлі...
сөз берер ме?!.
Боларын бұлай бәрі сезген ем бе?
Ғасырлар мекен еткен ата-бабам,
Қазақтың жұрты қалды өзгелерге.
Қызылқұм, сағынамын, жадымдасың!
Қайтеміз, «дөңгелек жер тарылғасын».
Жетпесек қадіріңе, кешіре гөр,
Құмыңа кетер сіңіп лағыл-жасым...
Не жетсін, туған жер мен өскен елге!..
Әйтсе де, тағдыр тезі дес берер ме?
Қызылқұм, қасиетті, құтты мекен,
Бақ тіле, Отанына көшкен елге!

Нұрғали Қарабектегі
mukacan.2011@mail.ru
25-04-13 07:31
БҮГІНГІ АУЫЛЫМ
Ауыл бүгін түсіме тағы енді,
Менің үшін тасының бәрі белгі.
Асылымды жоғалтып алғандайын,
Кезіп жүрмін төбелі, сары белді.
Бос қалыпты қойының көгендері,
Құдығының құлаған шегендері.
Ескі жұртын ауылдың шағыл басқан,
Сағыныштан сыңсиды селеулері.
Қаусап жатыр үйлердің сарайлары,
Тышқан іні ұраның маңайлары.
Біз ойнайтын алаңның орыны жоқ,
Басып кеткен сексеуіл тоғайлары.
Меңіреу маң, мүлгіген дала жатыр,
Алды жақта құм басқан мола жатыр.
Ұрпақтарым қалайша қалдырды, деп,
Әруақтар көкке ұшып бара жатыр.
Жұрты бар да, өзі жоқ ауылымның,
Тарқады ма думаны сауығымның?
Тағдыр желі ұшырды қай тарапқа,
Көзі қайда, сондағы қауымымның?
...Түс пе, өң бе?..
Білмеймін осы арасын,
Жазмышыңнан қалайша қаша аласың?
Ауыл жаққа бүгінде бара қалсаң,
Еріксізден көзіңе жас аласың!..
Жылап алғын көңілің босағасын...

Қали Жолдасов
kali_hoja@mail.ru
12-04-13 14:25
Туелібай - Өзбекстанның бұрынғы Бұхара, бүгінгі Навои облысының Солтүстік аймағын алып жатқан аймақ. Оған Тамды,Үшқұдық аудандары түгелдей, Кенимех аданының, Көкше, Қаратау,Құлжықтау тауларынан бастап, солтүстіктегі бөлігі кіреді. Бұл аймақтың Тауелібай атануы - осы өңірде ірілі-ұсақты 30-дан астам таулар, тау сілемдері, шоқылар бар. Ең биік тауы - Ақтау(948м.), ең аласасы Ұзынтау(165м). Олардан өзге Қазақтау, Арыстантау, Боқантау, Келіншектау, Оғызтау, Керегетау, Алтынтау, Амантайтау, Тамдытау, Жалпақтау, Мұрынтау т.б.таулар бар. Қызылқұм шөлімен араласып жатқан осы таулы өлке мал шаруашылығына өте ыңғайлы. 200-дей жуық өсімдік түрлері өседі. Қақаған қыста малға пана болар ықтасыны: қазан шұңқырлары,ойпаңдары мен терең сайлары баршылық. Сондықтан болар тұяқсыз қалған жұт болмаған аймақ. Ал Тауелібайдан әрі Сырдарияның төменгі ағысындағы аймақта (солтүстік-шығысқа қарай , тіпті сонау Ұлытауға дейін) бірде-бір тау жоқ. Сондықтан ба бұл өлкелерде қыс қатты болған жылдары жұт болып, тігерге тұяқ қалмаған кездер бірнеше рет қайталанғаны тарихтан белгілі. Сонда бұл елдің адамдары бүгінгі Тауелібайда отырған елден көмек сұрап келеді екен. Мал-жаны аман, шалқып-тасып отырған қалың қазақ ағайыннан аясын ба, алдарына қырық-елулеп мал салып жіберетін болған. Ал қуанып қайтқан ағайын еліне жетіп:\"тау ішінде отырған ағайын-туыс бай екен, таудың елі бай екен\",-деп мақтап жүретін көрінеді. Сөйтіп, біздің елді алыстағы ағайын \"Тауелібай\" деп атап кеткен.Тауелібай (кейде Елібай деп те атайды) атауы Сыр сүлейлерінің шығармаларында жиі кездеседі. Мұны мен жалпы ағайын біліп жүрсін деген оймен мәлімет үшін жаздым. Алла бұйыртса, \"Тауелібай\" атты энциклопедияны жарыққа шығаруды жоспарлап отырмын. Өзім Тамдыда (анығы Аяққұдықта) туып, Кенимехта өскен, Үшқұдықта еңбек жолымды бастаған азаматпын. Үш аудан да маған етене жақын. Кезінде, осыдан он жылдан астам уақыт бұрын тауелібайлық жүйрік ақын Наурызбайға сөзін, сазгер Марат қожаға әнін жаздырып, \"Тауелібай\" деген әнді шығаруға үйытқы болғаным да бар. Құрметпен Қали Жолдасов.
Алпысбаев Балтабек
jan_tore_2010list.ru
10-09-12 20:03
Бесбулактан кiмдер бар?Кыйык калтандар кайда кеткен корiнбейдi
Анарбек Козбахов
01-08-12 17:10
Аман ба, айналайын Тамдылықтар!
Өз бойыңда салтың өзге,сан ғұрып бар.
Сағынып жүрмісіңдер Ақтауыңды,
Тамды десе сағым-жыр мәңгілік бар.

Ән-жырыңда өзгеше жаңғырық бар,
Биің өзге тартады,жанды құптар
Келіңіздер қанеки төрімізге,
Қызылқұмнан жаралған,Тамдылықтар!..
КУНСУЛУ93
kynsulu.93@mail.ru
16-07-12 21:25
Сәлеметсіздерме менің жерлестерім! Мен ЖАНА-ШАруа ауылында дүниеге келген карындастыарыныз оламын, мен Тамдым әнін іздеп жүр едім.
Бухарбек Умбетияров
buharbek@mail.ru
04-03-12 22:54
Мен ажырыктыда (Балиманов с/зы)туылганмын. Уйiмнiн алдында тау болушы едI. Сол тауда асыр сап ойнаушы ек. Пионер куни басында алау жагылушы еди. Бир жылы балон жагып таудан жиберген гой балдар ол балон биздин корганды сындырып кеткен еди. Кейiн сол тауды кызганып шыгармаушы ем балдарды.
балдар маган тауына шыгайекте деп келетин еди. Кейiн биздер кошип кеттик Утемуратка. Сол тау менин атымда калып кетипти. Бухар тау болып. Сагындым мен ауылыммен тауымды,бирге оскен достарыммен ауылдастарымды. Зарафшанмен актаудын арасында коктемде жайкалып туратын,кызгалтактар болушы еди. Майда демалуга шыгатын АКТАУ кандай еди...
Кайда болмасакта умытпаймыз сени туган жерим Тауелибай. Аман журиндер аркашанда агайын тамдылыктар!!!!
Рахат
14-02-12 05:48
МАЛАДЕС!
Жұмамұрат
Juma_1977@mail.ru
13-02-12 22:03
Тамдыбұлақтың қызылқұмында Шимен қой баққан адам туған жерді еш ұмытпаса керек. Себебі Мейрімханның пұшық мұрнын кім білмейді дейсің? Тамдылықтар амансыңдар ма? Барлығыңа Астанадан үлкен сәлем. Көріскенше күн жақсы. Сау болыңыздар.
Куттымурат Шамшиев
kuttum_kenes@mail.ru
12-01-12 09:38
Құрметті Тамдылық, Үшқұдықтық, Зарафшандық, Кенимехтық ағайындар! 2012 жылдың наурыз мерекесі қарсаңында Тамдылық әнші жігіттер Арман, Әбіл, Данабай, Қуаныш және тағы да басқа жігіттерді жинап Теміртау қаласында концерт ұйымдастырамыз деген жоспарымыз бар. Онда өлеңдермен бірге аудан тарихында із қалдырған аталар мен ағалардың өмірлері, күлкілі әңгімелері мен оқиғаларын еске алып - үлкен мерекеге жалғастырамыз ба деген ой бар. Қосып алатын әңгіме, ойларыңыз болса хабарласыңыздар.
Ердана
13-09-11 05:28
Тауелiбайдан мен бар: Ердана Қарақалпақ! Ата-тегiм: Қарақалпақ - Кенегес - Тарақлы.
Seydin
10-09-11 05:43
TAWELIBAY - Kokkoz babanin tu tikken jurti.
Seydin
s_amirlan
10-09-11 05:38
Sundet Sizge basqa nomerdi de bereyin: +99890 574 0597
Bul nomerdi terseniz.
Х
13-08-11 07:02
Қазаяқлы тухымларына саламлар болсын!!!
S
s_amirlan@mail.ru
13-08-11 07:01
Cундет Сиз бенен хабарласамыз. +998615050572
Қамбар
Kambar2010@mail.ru
14-06-11 20:32
мен тамдыданмын. әйтеке би көшесі 140. Мұхтар Жанұзақов сен Арманның балассын ба?
Талгат
26-12-10 22:55
менде остим Тауелібай жерінде Тамдымды ауылымдеп мақтанамын Ақтауды тауым бар деп шаттанамын
Әнуар Жанаханов
anvar_al_tamdi
27-07-10 15:03
Перзентімін Қызылқұмдай даланың,
Қазір міне тұрғынымын қаланың.
Шіркін, алыс жүрсем дағы бәрібір,
Сол топырақ, жусан, суы - алаңым! /Әнуар Жанаханов/
Әнуар Жанаханов
anvar_al_tamdi
27-07-10 14:51
Өлеңдеткен қисын мына өмір заңын,
Ақтарған ішіндегі көңіл зарын.
Тамдыдай Туған жерін ұлылаған
Мәңгі есте, ақын ағам - Өмірзағым!


Әнуар Жанаханов
anvar_al_tamdi
24-07-10 23:58
Туған жерім - ТАМДЫға арнаймын.

Талай жер қыдырдым жасымнан,
Адамзат сұлу қып жасаған.
Сонда да ауылым өзіңе,
Жеткенше сағынып асығам.

Жазираң құлпырған бақ далаң.
Бар ма екен әсем шың Ақтаудан:
Қыз бейне мәңгілік ұйқыда,
Шет журсем қол бұлғап шақырған.

Қазақтың дәстүрін сақтаған,
Елім деп бір сені мақтанам.
Көгіңнен күн нұры сөнбесін,
Арманға өзің деп аттанам. /Ә.Жанаханов/


Мағауия
kuzenmag@mail.ru
27-03-10 19:53
Жиын 23 емес 26 наурызда
Мағауия
kuzenmag@mail.ru
27-03-10 19:51
Жинақты толығымен құрастырған журналист Қали Жолдасов.Жиынға Қазақстан жазулар Одағы басқармасының төрағасы, ақын Н.Оразалин ақын жазушылар: А.Әлім, Ө.Нұрғалиев, Д.Исабеков, Ғ. Жайлыбаев Ж.Бөдешов, Б.Сарбалаев, Иран-Ғаыйп, Т.Медетбек, Б.Беделхан, Ж.Әсімжан Б Үсенбаев Ж Кенжалиев, Н.Әбдібеков және басқалар қатьысып Өмірзақ Қожамұратов туралы өз пікірлерін білдірді.
Мағауия
kuzenmag@mail.ru
27-03-10 19:32
Құрметті *ТАУЕЛІБАЙ* азаматтары 23 наурыз күні сағат 15-оо де Қазақстан Республикасы жазушылар Одағының үлкен залында ауылдасымыз Қали кожа Жолдасовтың ұйымдастыруымен ТАУЕЛІБАЙ дан шыққан ақын ӨМІРЗАҚ ҚОЖАМҰРАТОВТЫ еске алу және ақынның *СЕЗІМ СӘТТЕРІ* өлең кітабының тұсау кесуі болды. Жиынға ҚР жазушылар одағының мүшелері, ақынның досы Т.Айбергеновтың қызы және Ж.Әлкожаев, Ә.Сүлейменов, Б.Жұмағұлов, Ә.Күзенбаева, А.Әләуов, Е.Даунова және де басқа жерлестеріміз қатысты. Т.Маемгеновтың басқаруымен әншілер тобы ақынның *Тамдым әнім*, С.Дабылов домбырада *Тамдыбұлақ* және Жүргенов атындағы университеттің студенттері ақынның өлеңдерін жиылған халыққа оқып берді.
Сол Қ.Жолдасов жинаған кітабтан ақынның *Анама хат* деген өленің жазсам деп отырмын.
Құлыным нендей күде деп,
Түс көріп жүрсең керек-ті.
Жырына бірің *тиме* деп,
Күш көріп жүрсең керек-ті
Күтумен жазған хатымды
Жабығып жүрсең керек-ті
Сан айтып менің атымды,
Сағынып жүрсең керек-ті
Өзегім өрт боп жанулы
Арманды қуған жаяумын
Аңсадым алақаныңды
Армысың анам аяулым.
Оқылып әлі бітпеген,
Өзім бір жұмбақ хаттаймын,
Ағылғын жырды күт менен
Ащыны қазір татпаймын
Шығып ем Қызылордадан,
Қызыл құм жатты басталып.
Кеудеме жастай орнаған
Кең жазық тұрды басталып
Сексеуіл, жусан, шағыл құм,
Жатқымда келді жастанып.
Өзіңдей көріп шағындым,
Жанардан жалт-жұлт жас тамып.
Мұнда да жайлы бар тұрақ,
Сағынып сені ойлаймын.
Күнің боп барам жарқырап,
Мұңың боп бірақ бармаймын
Қасқайып тұрар кәріне
Көңілге шуақ, нұр себем.
Бақыт пен байлық бәрі де,
Садаға кетсін бір сенен, деп 1966 жылы Тауелібай ақыны Өмірзақ Қожамұратов жазып кеткен екен, құметті ауылдастар.


Сүндет
29-04-09 07:36
Бәрәгөш жемегелі қай заман... Көктемгі гәрәни мен кеурек... қозықұйрық, таудағы алтыемшек терген балаық шақты айтсаңсшы... Тамды мен Ажырықтының ортасындағы өтетін шопандар тойы, ВИА "Қос жұлдыз", қой қырқым, "көпкі"...
Ауылға бармағалы 12 жыл болып калыпты. Төлеңгіт Майемгеннің немересі, соғыс ардагері Серікбайдың баласымын, атым - Сүндет, ауылым Ажырықты (свх Балиманов). Әкеден жетеуміз: Есқазы, Сәрсен (1960), Дүйсен (1962), Марат (1964), Сейсен (1966), Ансат (1968) және мен (1971). Нағашым - балқы, шешемнің аты Бақша. Әкемнің ағасы Мырзахмет (қазір Зарафшан қаласында) - ұлдары: Жұмағазы, Бейсен, Совет, Кенжалы. Әкемнің інісі Қуаныш - ұлдары: Қанат, Талғат, Асхат, Мейрамбек.
Бердақ
26-03-09 13:53
ЕЛИБАЙ деген жер атамасы гейде ТАУЕЛИБАЙ деп те жүритиледи. Бердақтың "Шежире" дөретпесинде де ЕЛИБАЙ деп келтирилген. Ал ол аймақ усы еки атамасы менен де әййемнен-ақ белгили. Бул жөнинде профессор Ш.Бабашевтың илимий мийнетлеринде көп дәреклер бар.
Жанқозы
09-12-08 10:40
Тәуелібай деген жер жоқ. Бірақ Т а у е л і б а й деген аймақ бар. Ол бұрынғы Бұқар әмірлігінің солтүстік-шығыс өңірлерін алып жатқан алқап. Мен сол өлкеде туып-өстім. Біздің ата-бабаларымыз ХХ ғасырдың басында Тауелібайға келіп, жан сақтаған. Қырда қалың қыс болып, байлардың Бұқарға ат басын тірегендері ғана мал-жанын аман алып қалған. Сондықтан бұл өлкені "Қыдыр дарыған Қызыл" немесе "Тауелібай" деп дәріптейді.
Шынбатыр
03-10-08 16:28
ТАУЕЛІБАЙ - менің туған өлкем. Әму мен Сыр аралығы ертеде Елібай немесе Тауелібай аталған.
Мен Тауелібай туралы мәліметтерді біраз жинадым. Менің қолыма қазір ол бойынша үш кітап түсті.
Жүсіп Әлқожаев ағамыздың "Тауелібай" атты көлемді еңбегі, Табысқан Қанаатов есімді жерлесіміздің "Тауелібай тарихынан там-тұм сыр" деп аталған ғылыми туындысы және Домат Мамыров деген ақсақалдың жинаған материалдары. Өткен аптада ол кісі дүниеден өтіпті. Маған Кенимех ауданында тұратын досым қоңырау соғып айтты. Алла алдынан жарылқасын!
Тауелібайдағы топонимдер туралы үшқұдықтық қарындасымыз деректер жинап жүрген көрінеді. Ылайым, туған жердің даңқы шыға берсін!
Мұхтар
04-09-08 14:16
Тәуелібайдан ешкімнің болмағаны ма?
Мұхтар Жанұзақов
11-07-08 08:18
-Маған Мекке- Мәдине,
Венеция, Париж не?
Туған жердің шөліндей ыстық емес, әрине.
Жан анамдай қадірлі менің туған байтағым,
Жердің жаннат-жұмағы Қызылқұм деп айтамын.

Осы аймақтың тұзы емес пе алғашқы дәм татқаным,
Осы аймақтың қызы емес пе алғашқы тіл қатқаным.
Туған жерім,
Махаббатым,
Шапағатым,
Аппағым!
Туған жерім – Тәңірім!
Өзіңмен бір соғады қан –тамырым. (Өмірзақ Қожамұратов)
Мен Кенімықтан боламын. Қызылқұмның шағылын, жусанның исін, сексеуілдің шоғына қайнаған шайды, көктемде "бәрәгөшті", түйенің шұбатын аңсадым.




Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов