Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Шежipe
Тақырып: Ұлы жүз Суан руынын шежиресин ким биледи?


Авторы Xабарлама
Азамат
shegirek@gmail.com
03-07-08 10:02
Курметти суандар мен озимним жети атамды билгим келеди маган суан шежиресин кимде-ким билсе хабарлассыншы!

Авторы Жауап
Уйсун Казак
S.ALACHORDA.HPT@gmail.com
08-07-17 22:16
Суан ағайындарға Шапыраштыдан дұғай сәлем! Негізі Суан жайында алғашқы деректі орыстың алғаш синологы, монах Иакинф Бичурин 17-ғасырда Қытайдың ежелгі тарихынан алған. Онда б.з.д. мың жылдай бұрын қазыргі Ордос маңында, Хуанхэ (Сары өзен) жағасында, қаптаған қытаймен шекарада Ғұндардың тайпалары тұрған,-деп жазады. Оның ішінде Икюй, Лэуфань, Сюань...(Екей, Албан, Суан) деп жазылған (қалған рулардың аттары қытай транскрипциясында түсініксіз). Ғұндардың сол жерлерде 24 қаласы болған, қытай көбейе келе бәрін басып алған. Екейді түгел қырып жіберген-мыс... Үйсіндер (Жалайыр мен Дулат па деймін?) ол кезде қазіргі Қытайдың оңтүстік-батысында жүрді емес пе? Анықтап қарап, ізденіп оқитын уақыт тапшы...
Айжан
sataika_suan73@mail.ru
25-06-17 11:43
Қайырлы кеш, Суан елі! Суан ішіндегі Сапақ ұрпағы туралы шежіре жинап отырып, осы сайтқа кездейсоқ кіріп, қуанып отырмын. "Сатай батыр" толғауы қандай керемет! Авторы көксулық ұстаз Сембек Абдрахманов па? Албан ішіндегі Қызылбөріктер мен Қоңырбөріктерден алған екі жеңгем бар еді. Әбден қызық болатын болды.
Суан шежіресі туралы "Бәйдібек баба - алып бәйтерек" деген жүйелікпен шығып жатқан кітаптың екі тармағы бар менің қолымда. Жинақтаған Бижан Сегізбаев (2014 ж.). Алматы қаласы, "Жалын баспасы" ЖШС басып шығарған. 914 беттен тұрады. Екінші кітап Еркінбекұлы Серікбек жазған, "Суан баба" қоғамдық қорының қолдауымен 2014 жылы шыққан. 700-ге жуық беттен тұрады. "Нұрлы әлем" баспасынан жарық көріпті. Көңілдегі көп сұрақтарға жауапты осы кітаптардан алуға болар. Ұранымыз: БАЙСУАН! Таңбамыз: АБАҚ. Ұрпақтарымыз біле жүрсін!
Сапақ шежіресіне қатысты ақпарат қосамын деушілер болса, маған хабарласуға болады: 8 778 492 34 19, 8 747 376 34 43 Алматы қаласы
Галым
g_zhekebaev@mail.ru
28-08-16 05:51
Саламалейкум!Менде суанмын Актобе каласындатурамын,Актобеде туратын суандар болса хабарласындар.8 702 314 21 28
Дастан
Dastan19991
29-07-16 08:44
Ассалаумағалейкум ағалар мен інілер,әпкелер мен қарындастар! Суаннан тараған қандастарым,ағайындарым бауырларым. Барлықтарыңызға амандық тілеймін,өсіп өне берейік. Бөлек батырдың ұрпағы боламын.
Тұрсын Ауталипов
suan_t
13-02-16 21:51
Мен Суанмын ішіндегі Шегырек туралы малыметтер


Керек еді билсеныздер хабарласуларынызды сұраймын
Канат
ibraimov555@mail. ru
28-01-16 08:56
Сәлеметсіздер менде суан мырзагелды ишинде тiлеке. 87017807960. Менде жети атамды бiлгiм келедI комек теciнiздершI.
Еркебулан
02-12-15 17:32
Ассалямуалейкум Жамагат Менин руым Суан ишинде Молыак бирак 26 жыл болды али бир де бир рет Суандарды кездестирип кормеппын
АКЖОЛ
marloa@mail.ru
07-09-15 16:18
Суан акша салам бауырларым 87473761015 87759966045
Сырым
SurumBekezhanov
02-09-15 14:20
Курметти алаш!Баринизге амандык тилеймин! Менин оз 7 атамды танып билгим келеди!!!.сыздерден комек болса, осыжайында.Менин руым СуанАкшаЕсдаулет.
Назерке акша
Naz_12_92@mail.ru
25-07-15 19:47
Курметти суан бауырлар! Сиздердин осы жазгандарынызды окып бир маркайып калдым, жазган олендерин, манерлеп, саналы ой жазгандарынызды корип мине биздин суан деген рудын урпагымыз деп мактана айтасын. Озиме келетин болсак Акшамын онын ишинде Бекболатпын. Руга болингендикте емес маселе куанганнан бир жагы риза болып отырмын осындай суансуандардин адебиетке осыншама жакындыктарына а. Ар бир осындагы ага карындас, апке синилдеримнин жазган парасатты ойларына карап баска рулардан акылды , бауырмал, ак конил, шыншыл жандар екенимизге тагы да козим жетти. Биз оте азбыз сол ушинсуаннын ишинде алаланбай , суан боп туылганымызды мактан ете берейк. Мен Жаркент каласынын тумасымын бирак ес билгели Алматы каласында турам. Мейли, кытай десин не десин мен жаркнтти ягни киндик каным тамган жерди суан екнниме куанам жане мактан тутам
Қуаныш
kuanychnaziluly@gmail.com
13-05-15 15:10
Ассалаумағалейкум Бағыстар.Руым Бағыс iшiндегi Ханбағыс.Суандар негізінде жетісу өңірінде және оңтүстікте көп шоғырланған деп ойлаймын . Өзiм Шымкенттен.
Еркебулан
Konenin_kozi@mail.ru
29-04-15 16:04
Ассалаумагалейкум алаштын ардакты азаматтарымен а3аматшалары менде Суан ишинде Солтангул бабамыздын толык шежиреси бар.Мен Солтангул ишинде Узак болам бауырларым апкелерим карындастарым инилерим кайдасындар хабарласындар +77016756092
Сембек Абдрахманов
a.s.sembek@mfil.ru
21-04-15 20:15
Мен Сембек Абдрахманов \\\\\\\"Сатай батыр\\\\\\\"толғауының авторымын мекенім Алматы облысы Көксу ауданы Айнабұлақ бекеті.Алғабас орта мектебінің директорымын.Мамандығым математика пәнінің мұғалімімін.Әдебиетке оның ішінде поэзияға өте жақынмын.Руым Суан Сатай батыр ұрпағымын.Суандар өсіңдер,өркендеңдер бірақ еш бір қазақтың басқа руларын жек көруге болмайды.Себебі бәріміздің тегіміз бір қазақпыз.Шежірені мүмкіндігінше шынайы жазу үшін,\\\\\\\"Бәйдібек баба - алып бәйтерек\\\\\\\" атты Суан шежіресінде кеткен кемшіліктерге толықтыру енгізіп қайта баспадан шығарса жеткілікті.Негізі түпнұсқасы өте дұрыс деп ойлаймын.Уақыт өте келе бұл шежіре кітапты толықтырып, жалғастырып отырыу кейінгі зиялы ұрпақтың еншісіне қалады.
Turgunbay
turgunbay.mekambay@mail.ru
22-01-15 04:18
саламалеикум бауырларым есымым Тургынбай алмата каласында турамын СУАН БАГЫСТЫН БАСЫН КОСКЫМ КЕЛЕДЫ дегенмен басымыз косылмайтын халыкпыз не ушын екенын былгылерын келсе turgunbay.mekambay@mail.ru жазып калдырындар, аман болындар.
Батыржан
torpo_zhendet@mail.ru
21-01-15 15:47
Salem barine!Suan iwinde Umbetei turaly biletinder bar ma?!
Султан
suktan_kups@mail.ru
11-01-15 19:43
mende suandardin wejiresi bar 1996 jili jazilip bitken men suan bagis bolam SultanTursinbaev dep vk dan izdesender bolad
Перизат
x0494@mail.ru
16-12-14 04:57
салем бауырларым калдарын калай? мен сендерди корип катты куанып калдым менинде бауырларым коп екен гой деп. Мен Суаннын Ишиндеги Бағыс руынан боламын.
Қаршыға
08-12-14 13:07
Сембек аға тамаша жазыпсыз,Ұрпаққа өнеге болар еңбек.Жалпы мәліметтер өте аз ғой ат салыса беріңіз оқығаныңыз көп қой.
Мейрамбай Қасенханұлы Әбдіжүсіп
Abdisov001@mail.ru
03-12-14 15:16
Бауырлар. Шежірені оқып ата-тектеріңнің таралуын білгілеріңіз келсе \"БӘЙДІБЕК БАБА -Алып бәйтерек\"-деген атпен Суан шежіресі Ибраймов Әбдіғали, Жарылқапов Молдамырза, Сегізбаев Бижан және Баясылов Мұхаметәлі деген кісілердің құрастыруымен 2014 жылы. шықты соны тауып оқыңдар. Біраз шикілеу жерлері бар, бірақ ол кісілердің кінәсі емес. Өзіміз жан-жақта жүріп, бір-бірімізбен байланысты үзгендігімізден. Үлкен кісілерге оқып беріп, түзетулерімізді қорға жіберейік. Бірақ кітапта ешқандай мекен-жай мен электронды адрес жазылмапты. Оны тапқандар хабарласыңдар. Тегімізді біліп шежірені келесі ұрпақтарға дұрыс жеткізу бәріміздің міндетіміз.
Асет
Aset.Nusipov@mail.ru
10-11-14 12:56
Айгуль амансызба Турсын ата туралы катты былгым келеды. Мен туылган жерым Райымбек ауданы Кеген аулында туылдым, арине Албан Атамнын жерынде. Суандар аз.
Айгүл Шабекова
a.shabekova@mail.ru
10-11-14 05:03
Сәлеметсіздер ме Қуандық, Әсет! Тұрсын атаның Түрген-Шабдарға көшіп кетіп, кейін елге қалай оралғандғы туралы әкемнен естігенім бар. Білгілеріңіз келсе, жазыңыздар.
Асет
Aset.Nusipov@mail.ru
08-11-14 06:18
Бекжан Уагалейкум Мен де Талгардан Суанмын онын ышынде Турсынмын
Асет
Aset.Nusipov@mail.ru
08-11-14 06:13
Ассалаумагалейкум Суан руым!
Асет
Aset.Nusipov@mail.ru
08-11-14 06:11
Меным атым Асет. Меным елым Суан онын ышындеТурсынмын
Куандык
fotograf-kuandik@mail.ru
04-11-14 10:54
Суан ели туралы тарихын айтып берсениздер оз елимнин тарихы жайнда билгим келеди
Айгүл
a.shabekova@mail.ru
28-10-14 17:53
Сәлеметсіздерме! Мен Суан руының Қошқар елінің қызымын. Әкем Нұрбай Шабеков шежіре таратушы еді,содан жас күнімізден Суан шежіресі құлағымызға сіңіп қалған. Атадан ауыз әдебиеті арқылы таралып келген шежіре,шүкір,бізге де жетіп отыр. \"Бөлінбейікші\" деген сөзге қарсымын,өйткені оны бөліну деп білмеймін, жөн сұрасу деп түсінемін. Шежірені дұрыс түсінетін адам,сұраса келе екіншінің тегінің мекенін (географиялық тұрғыда),оларға тән ортақ мінез-құлқын біліп отырады емес пе. Бірақ кемсіту бұрыс екендігімен келісемін. Ешкім кем емес, жөн сұрасу,ел сұрасудың тағы бір мәні-туыстық қатынасты анықтау,біреу бауырың болса, екіншісі нағашың,үшіншісі қудаң болып шығып,соған қарай сыйластық пайда болады. Жезде болса қалжыңдайсың,жеңге болып шыкса еркелейсің). Ел сұраса отырып қыз алысады,ал ол жайттың дұрыстығы медицинамен әлдеқашан дәлденген. Менің ойымша,салтымыздағы еш нәрсені өзгертудің қажеті жоқ. Тегімізді білудің еш жамандығы жоқ.
Мейрамбай Қасенханұлы Әбдіжүсіп
Abdisov001@mail.ru
21-10-14 19:52
Бауырларым Сіздердің жазғандарыңыоқы оқып риза болып отырмын. Көксулық Сембеков Бекзат баурыма ризашыл ығым зор. Мен Сатаймын. Қапал ауданының Қоңыр ауылында дүниеге келгенмін. Ата текті жақсы білген дұрыс, бірақ басқа руларға тіл тигізуге болмайды. Аз Қазақпыз. Ата-бабаларымыз осы ұланғайыр даламызды барлық Қазақ үшін мұра етіп қалдырды емеспе, өзді-өзімізді тілдеп бөлінсек басқаларға оңай олжа болып кететінімізді есте ұстайық.
Айжан
aiko.84.aiko
22-07-14 16:59
Суандарға салем! Шарулардан.Бердіке жайлы кім небіледі отініш
Алмаз
almazik_suan@mail.ru
19-07-14 06:56
Мен құдайға шүкір Ұлы Жүз Суанмын оның ішінде Алдиармын!!! Мен Жеті Атамды білем Өзіміз азбыз Суандар сол үшін жеті атаны жаттайық ұят болады Мен Суанмын Және Жуанмын"""
айганым
aiko_24_00@mail.ru
16-06-14 09:41
саалеметсиздерме мен улы жуз суанмын онын ишинде акшамын мен акшаелинин шежиресин билгим келеди ким биледи
Айсулу
aysulu_84_89@mail.ru
03-06-14 16:05
Салем агалар, апкелер, ынылер мен сынылдер менде суан багыспын Ташкенттен болам майский деген ауылынан бул жерд багыстар оте коп ал казыр Астанадамын

Меным номерым +77756261148 хабарласыныздар мен казырше Астанадамын
Ерлік
omarov-erlik @mail.ru
02-06-14 10:42
Cүйінші!
Асылға бай екен-ау ұлан далам,
Қазақта жан қалдыма қуанбаған?
Генерал ортамызға оралғанда,
Бір аунап түскен шығар Суан бабам.
Заман шіркін сан мәрте желікті ғой,
Бауырымды танытпай келіпті ғой.
Атам басқа болғанмен, қаным бір деп,
Өзібек атам өзіне тілепті ғой.
Қуанышты бар қазақ бөлісейік,
Бөлісейік, қауышып өбісейік.
Қазақ боп қайта оралған бауырымның,
Аруағымен еңіреп көрісейік.
Ассалаумағалайкүм,бауырым-ай,
Тағдырдың тақсіреті ауырын-ай.
Арада жарты ғасыр өткеннен соң,
Оралдың қалың қазақ қауымына-ай.
Халқым-ау, ер қадірін ұқпадың ба,
Кетің бе әлде билік ықпалында.
Сүйінші сұрайыншы,
Рахимов
Қазақ боп,
Суан болып шыққанына.
Халық-Ана, ұрпағын жек көре ме,
Ысырды деп атымды шетке неге.
Аумалы-төкпелі бір заман болды,
Сабыр аға халқыңа өкпелеме.
Ал жұртым кінәміздан өтелейік,
Шындыққа тура тартып төтелейік,
Қайта оралған ұлыңның аруағын.
Тік тұрып төбемізге көтерейік!

Авторы:Акын Ислам-Гали Үркімбайұлы.
Құрметті бауырлар Сабыр атамды міне 2006 жылы 61-жылдан кейн таптым. Құралай апа мен және бұл күнде 92- жастағы Кеңес Одағынын батыры Тоғанбай Қауынбаев арқылы. Ал онтүстіктегі бауырлар Атамды оздеріне тартып емденіп арты бір-бірімен арты соттасты, Онтүстікте Сабырды шын туысымын деген адам болса келсін маған есігім ашық.

Ерлік
omarov-erlik @mail.ru
02-06-14 10:41
Cүйінші!
Асылға бай екен-ау ұлан далам,
Қазақта жан қалдыма қуанбаған?
Генерал ортамызға оралғанда,
Бір аунап түскен шығар Суан бабам.
Заман шіркін сан мәрте желікті ғой,
Бауырымды танытпай келіпті ғой.
Атам басқа болғанмен, қаным бір деп,
Өзібек атам өзіне тілепті ғой.
Қуанышты бар қазақ бөлісейік,
Бөлісейік, қауышып өбісейік.
Қазақ боп қайта оралған бауырымның,
Аруағымен еңіреп көрісейік.
Ассалаумағалайкүм,бауырым-ай,
Тағдырдың тақсіреті ауырын-ай.
Арада жарты ғасыр өткеннен соң,
Оралдың қалың қазақ қауымына-ай.
Халқым-ау, ер қадірін ұқпадың ба,
Кетің бе әлде билік ықпалында.
Сүйінші сұрайыншы,
Рахимов
Қазақ боп,
Суан болып шыққанына.
Халық-Ана, ұрпағын жек көре ме,
Ысырды деп атымды шетке неге.
Аумалы-төкпелі бір заман болды,
Сабыр аға халқыңа өкпелеме.
Ал жұртым кінәміздан өтелейік,
Шындыққа тура тартып төтелейік,
Қайта оралған ұлыңның аруағын.
Тік тұрып төбемізге көтерейік!

Авторы:Акын Ислам-Гали Үркімбайұлы.
Құрметті бауырлар Сабыр атамды міне 2006 жылы 61-жылдан кейн таптым. Құралай апа мен және бұл күнде 92- жастағы Кеңес Одағынын батыры Тоғанбай Қауынбаев арқылы. Ал онтүстіктегі бауырлар Атамды оздеріне тартып емденіп арты бір-бірімен арты соттасты, Онтүстікте Сабырды шын туысымын деген адам болса келсін маған есігім ашық.

алаштың баласы
02-06-14 08:15
Ассаламу алейкум бауырлар қандастар. Суан таңбасын қайдан алсақ болады. Білетіндер болса осында жазыңдарш өтініш
Бекзат
sembekovna_01@mail.ru
01-06-14 15:49
Сатай Батыр
(Толғау)
«Жан үшін мал садаға,
Ар үшін жан садаға»,-
Деп тәрбие береміз,
Бесіктен бастап балаға.
Қазаққа тән бұл өсиет,
Қанымда бар қасиет.
Қуаласаң көшпейтін,
Жусаң да еш кетпейтін,
Сыйы бір берген құдірет.
Намысты қолдан бермеген,
Езгісіне дұшпанның,
Өлсе де еш көнбеген.
Жері үшін, елі үшін,
Отқа түсіп күймеген
Ерлердің аты кемде-кем.
Соғысып қарсы қалмаққа,
Күндіз жүріп, түн кешкен,
Жалаң аяқ мұз кешкен,
Аз ба еді батыр қазақта.
Алтай, Атырау арасы,
Өзен, көлді даласы.
Қазаққа арзан тиген жоқ,
Тарихқа өткен арттағы
Ой салып сәл бір қарашы...

Уақыттың әрбір кезеңі,
Соғыссыз күн жоқ кез еді.
Жайдан-жай жатқан қазаққа,
Ойы бұзық сұм қалмақ,
Ту сыртынан айналып,
Сұғады найза, жебені.
Қолға түскен ерлерді,
Құйрығына аттың сүйретті,
Табанын тіліп құл етті,
Ақ моншақты арудың,
Шашын жұлып күң етті.

Езгісі өтіп қалмақтың,
Қазағым әбден сорлады,
Намысқа тиіп қорлады.
Бұдан әрі көндігіп,
Жүре беруге болмады.
Әр жерде, әрбір аймақта,
Бірігіп қазақ жақсысы,
Мәселенің ең бастысы –
Жеке-жеке соғыспай
Қосылып үлкен қол болып,
Қарсы тұрды қалмаққа.

Іленің оң жағасы,
Көкорай шалғын даласы,
Қыс қыстайтын күнгейлі,
Жаз жайлайтын биік тау,
Шегарадан басталып,
Алтынемел арасы.
Жазиралы жағдайлы,
Тіршілікке ыңғайлы,
Асан қайғы ертеде-ақ
«Жерұйығы жердің» деп,
Берген еді бағасын.
Мекен еткен бұл жерді
Бәйдібек баба тұқымы
Жарықшақтың бел баласы –
Суан ата ұрпағы
Өңшең батыр ұлдары.

Болғанмен жайлы мекені
Қазақ жерінің шеті еді,
Дұшпанның дауыл өті еді.
Ары-бері жүргенде,
Сайланған қалмақ қолдары
Тек кетпей шауып өтеді
Малдарын айдап кетеді.

Құтырған жауыз қалмақтың,
Тізесі әбден батқан соң,
Бытыраған қазақтың,
Билері бірігіп ой түйді,
Батырлары қол жиды.
Қарсы тұрып қалмаққа,
Соғысуға бел буды.
Суаннан шыққан батырлар
Елтінді мен Жылгелді,
Сатай менен Бағайлар,
Қошқар, Бөлек, Аралбай
Аталмаған аттары –
Ер боп туған талай бар.
Қол жиып бәрі соңынан,
Қаруланып молынан,
Әрі-бері жосыған,
Қалмақтың беріп жазасын,
Адастырды жолынан.
Талай соғыс шайқаста,
Қанды қырғын айқаста,
Ерлігімен ерекше,
Ақылымен бөлекше,
Батырларды мойындап,
Таныды қалмақ, қазақ та.

Ел басқарған билер мен,
Қол бастаған батырлар,
Ақыл қосып бастары,
Үлкені мен жастары,
Қол басшы батыр керек деп,
Бір мәміле жасайды.
Шоқтығы биік өзгеден,
Ақыл-парасат ерлігін,
Тауыспас айтып сөзбенен,
Бас батыр етіп атайды –
Тұлғалы ер Сатайды.
Сатай батыр шынында,
Өзгеше ерен ер еді.
Әу баста - ақ анадан
Бөлекше туған ірі еді.
Саусақпенен санарлық,
Бар қазаққа танылған,
Мықтылардың бірі еді.

Сатай батыр жайында,
Ірілігі мен өрлігі,
Білімі және ерлігі,
Әңгіме, жыр боп таралған,
Ел аузында көп аңызды.
Соның бірін айтайын,
Бар ұрпаққа маңызды,
Қазақ, қалмақ соғысып,
Үлкен бір болған ұрыста,
Қалмақтың қолы артық боп,
Қазақ қолы аңдаусыз
Қоршауда қалды бір тұста.
Қоршауға алып көп қалмақ,
Келеді буып қазақты,
Ойланып көп тұрарлық
Уақыт та жоқ тым қысқа.

Қангелді батыр сардар-ды,
Саңқ етіп салды айғайды:
«Қоршаған шепті кім бұзса,
Нағыз батыр сол деймін.
Аман қалса қырғыннан,
Сыйлығым берер мол деймін,
Бабадан қалған жер үшін,
Еңіреген ел үшін,
Бала-шаға қамы үшін,
Кеудеде шыбын жан үшін,
Қалмаққа қырғын сал деймин!»
Жігерленген батырлар,
Бұзбақ боп шебін қалмақтың,
Кезекпенен шабады.
Аман қалғаны оралып,
Келмегені өлім табады.
Қалмақ та оңай жау емес,
Талай қазақ батыры,
Жау қолынан мерт болды.
Кеудеге ыза, кек толды,
Қазақтар үшін сол бір сәт
Шаншудан ауыр дерт болды.

Таусылып амал, шарасы,
Тұрғанда сол бір аңырап,
Топ алдында аты ойнап,
«Байсуандап» атойлап,
Жауға шапты бір батыр.
Ақ тонының желпілдеп,
Жұрымдалмаған етегі.
Күркіреп батыр жеткенде,
Қылышы жарқ-жұрқ еткенде,
Қалмақтың есі кетеді.
Сорасы ағып еңкілдеп,
Қоятұғын жер таппай
Береді жанын селкілдеп.
Соғыса жүріп қорғанып,
Өзіне тән тәсілі,
«Үш айырды» қолданып,
Бесін намазы уақытында,
Қоршаған шепті бұзады.
Қалған қазақ қолдары
Олар да қалмай шығады,
Соғыса-соғыса алыстап,
Қалмақ, қазақ іңірде,
Бір-бірінен ұзады.
Аман қалған батырлар
Қосын теуіп әр жерге,
Аттарын отқа байлайды.
Мерт болғанын арулап,
Жаназа оқып жайлайды.
Найзасын ұштап үшкірлеп,
Қылышын жанып қайрайды.
Келесі күні сәскеде,
Мәжіліс сардар құрады.
Батырларды шақырып,
«Шепті бұзған қайсысың?» - деп,
Жеке-жеке сұрады.
Біреулер келіп мен дейді,
Кейбіреуі шын сөйлеп,
Кім екенін білмейді.
Болмаған соң дәлелі,
Ешкімге сардар сенбейді.
Шабарманды шаптыртып,
Екі мәрте шақыртып,
Батыр Сатай келеді.
Нөкерлері қосылып,
Соңынан бірге ереді.
Келе жатқан Сатайды,
Қангелді батыр байыптап,
Ат үстінде көреді.
Жауға шапқан бейнесін,
Көз алдына келтіріп
Елестетіп біледі.
«Шепті бұзған сен бе?» - деп,
Төтелей сұрақ береді.
«Шепті бұзған мен», - дейді.
Сөздеріме сен дейді,
Ат құлағынан қиылған,
Екі қоржын қиқымды,
Төгіп салып алдына,
Байыптап өзің көр дейді, - дейді,
Өлтірген қалмақ аттарын,
Айдап кетіп қосынға,
Құлағына салдық ен дейді.
Бұл сөзіме сенбесең,
Бағудағы аттарды,
Жақын барып санайық,
Құлақтарына қарайық,
Мінер жағы қарлығаш,
Қамшылар жағы құлақтың,
Арт жағынан ойықты.
Суан атам тұсында-ақ,
Малдарына белгілеп,
Осы енді қойыпты.
Саңқ етіп сардар дауысы,
Қамшысын бүктеп көтерді,
Тоқтат деп сөзді белгі етті.
Айтқандарың жөн депті,
Шепті бұзған дарабоз,
Нағыз батыр сен депті.
Жауға шапқан кезіңде,
Ақ тоныңның желпілдеп,
Жұрымдалмаған* етегі
Бара жатқанын көргем-ді.
Екпініңе шыдамай
Құлағына тұра алмай,
Қалмақ батырларының,
Қанға батқанын көргем-ді.
Жаудың шебін кім бұзса,
Беремін деп мол сыйды,
Бар жұртымның алдында
Уәдемді бергем-ді, -
Деп Қангелді байыптап,
Алдында жұрттың тұрады.

Сатайға қарап бұрылып,
«Жауап айтшы бір сұраққа,
Үйдегі келін олақ па?
Киім тігу еріне,
Әйелдің ісі деседі.
Үстіндегі ақ тонның,
Жұрымдалмапты етегі», -
Деп арқадан қағыпты,
Бойында бар ерекше,
Қасиетін таныпты.
Уа, халайық, не дейін?
Айтып тұрған батырдың,
Шын сөзіне сенейін.
Айбынды ірі тұлғаңды,
Арыстанға теңейін.
Шепті бұзған батырға,
Үлкен сыйлық болады деп,
Жұрт алдында уәде еткем,
Деп сардар созып қос қолын
Алақанын жайып тосады.
Батасын беріп Сатайға
Түйеге артқан жасауымен,
Төрт түлігі қосарымен,
Бірге туған өзімен
Қарындасы Айтжанды
Некесін оқып, қосады.

Батырлығын паш еткен
Ел аузында сақталып
Көп түрлі аңыз, әңгіме
Көңілдерде жатталып
«Қалмақ қырған» қырғыны,
Аңырақай шайқасы,
Ерлік істері Сатайдың
Ұрпақтарға жалғасып,
Келеді болып тәрбие.
Қарасақ тарихты ақтарып.

Сол бір заман, сол заман,
Күнде қырғын, күнде өлім,
Қатын-бала шулаған,
Қазақтың кетпей басынан,
Қара бұлт тұрған сұм заман.
Аз болғандай қазаққа,
Жоңғардың салған жойқыны
Және бір қара бұлт келіп,
Елімнің төнді басына
Бүйірден келіп түрткілеп
Қоқандықтар да қоқаңдап
Көрсетті мінез шошаңдап.
Енді міне, көз тігіп,
Жеріне байтақ қазақтың
Шүршіттер де үңіліп,
Арам пиғылмен қарайды.
Болса да байтақ жері кең
Санының біліп аздығын
Салғысы кеп тұр азуын.
Оқысақ Бұқар жырауды
«Шүршіт келеді», - деген сөз бар-ды,
Көктен түскен төрт кітап
«Енжіл» атты кәләмда,
Елге шүршіт келмесін,
Егер шүршіт қаптаса,
Алып бір жейді ақтарып
Көмулі көрден денеңді, -
Деп қаптаған Қытайдың,
Қорқаудан жаман екені
Айтылыпты деседі.
Қанша батыр болсаң да,
Қырып біту мүмкін бе,
Таусылмас көп шүршітті,
Ұрпақ болмай артыңда,
Түк қалмай қазақ ұлтының,
Орны да қалмай жұртының,
Жойылып кету қаупі бар –
Қазақтың хан, билерін
Осы бір ой үркітті.

Қангелді, Сатай, Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Қошқар, Бөлек, Аралбай,
Аталмаған аттары,
Батыр қазақ талай бар.
Қалмақпенен соғысып,
Қосылып бірге жүріпті,
Әбілхайыр, Болат хан
Әбілмәмбет, Барақ сұлтан,
Төле, Қазбек, Әйтеке,
Замандары бір болып,
Қатар өмір сүріпті.
Болашағын ұлттың,
Болжап, сезіп біліпті.

Жиналып сол бір жылдары,
Бір мың жеті жүз отыз үш.
Қазақтары Ұлы жүз,
Ақылдасып іс құрды.
Қодар және Төле би,
Сатай, Бөлек, Қангелді,
Маңызды, мәнді құжатқа,
Бесеуі де қол қойды.
Қазақтардың бағы ма?
Әлде қалың соры ма?
Қабылдапты бір шешім,
Болашақтың жолына.
Болса да үміт ойында,
Күмәні бар бойында.
Ресейдің падишасы
Анна Ионовнаға,
Өз еркімен Ресейге
Қосылуға өтініп,
Хат жолдапты бекініп...

Батырлары қазақтың,
Қуа-қуа қалмақты.
Жаудан жерді тазартты.
Құтқарды елді езіліп,
Көтеріп жүрген азапты.
Айнала қуып Балқаштан,
Алакөлден асырды.
Тазалады дұшпаннан,
Даланы, белді, асуды.
Есін ала қуалап
Шегараға жеткізді,
Бұландыдан өткізді.
Қайтіп қазақ жерінің,
Шетіне жақын келместей
Атаңа нәлет ойраттың,
Жетесіне жеткізді.

Тоқта, Барлық жерінде,
Найман ата елінде.
Соғыса жүріп ойратпен
Тұрақтапты Суандар
Мекендеп осы өңірді.
Соғыста мерт болды ма?
Жоқ әлде құдай жіберген,
Ажалы тура келді ме?
Ол жағы бізге беймәлім.
Тоқтаған соң жүрегі,
Суанның бас батыры,
Сатайдың дене сүйегі,
Сол жерде қалған деседі.
Көнекөз қарттар айтатын,
Бұрыннан бар бұл әңгіме,
Ұрпақтан қалып ұрпаққа
Айтылып жүр әлі де.
Желге ұшып бұл сөз кетпеді,
Ұрпақтары бүгінгі
Шындықты іздеп зерттеді.
Батырлардың ізімен,
Тоқта, Барлық жеріне
Сапар шегіп беттеді.
2001 жылдың жазында
Дәлірек айтсақ тамызда
Шалабаев Әлекен,
Көбенбаев Болатбай
Екеуі келіп Үржарға,
Біраз күн жатып жүреді,
Сұрастырып біледі.
Білетін жандар жол сілтеп,
«Мақаншы, әлде Қабанбай
Ауылдарында тұратын,
Тарихқа ой бұратын,
Жетпіс сегіз жастағы,
Қарт жырау бар Сансызбай
Бір білсе сол біледі,
Ел аралап қашанда
Дерек жинап жүреді», -
Деп сөзінің аяғын
Сансызбайға тіреді.
Сансызбаймен кездесіп,
Сәлемдесіп жүздесті.

Барлық арасан жанында
«Суан бастау», «Суан сайы», -
Деп аталар жерлер бар.
Сол бір жердің маңында
Перзенттері Суанның,
Мырзагелді, Қошқардың
Қорғаны барын білісті.
Әңгімесін жалғап әрі қарай,
Деректер айтты бірталай.
«Құйылысындағы өзендер,
Еміл менен Шаған тоғай
Суанның бас батыры
Сатайдың бар қорғаны», -
Деп әңгіме қозғады.
Сатай батыр жайында,
Нақты-нақты айтты да,
Одан әрі созбады.

Естіген соң бұл жайды,
Ел іші тыныш тұрмайды.
Өтіп те кетті біраз жыл,
Уақытты іздеп ыңғайлы.
Он жыл сап содан араға,
Сапар шегіп Үржарға,
Одан әрі Барлыққа
Шалабаев Әлекен,
Манапұлы Ерғазы,
Оқанұлы Әлимен,
Байнөсеров Ғабдулла
Арнайы іздеп барады,
Жатқан орнын Сатайдың
Сұрастырып табады.
Түсіріп орнын суретке,
Мән-жайды толық білмекке
Жергілікті қарттардың
Сансызбай мен Долдахан,
Әңгімесін таспаға,
Жаздырып та алады.

Айта берсек қазақты,
Мың өліп, мың тірілді.
Көрсе де сан азапты,
Өлмейтіні білінді.
Бұл тарихтың көбісі
Осы күнгі жұртқа аян.
Сатай батыр секілді
Қазақта болды көп ноян.
Ерлігі мен өрлігін,
Өзіне лайық кеңдігін
Жырға қосып паш еттім
Жеткенінше бар шамам.
Ұрпақтары Сатайдың
Көбейіп өсіп бұл күнде
Көп рулы ел болды.
Қай елсің деп сұраса
Біз Сатаймыз дер болды...

Атамыздың басына
Белгі қойып, ас беру,
Турасы да, расы,
Көкірегінде оты бар,
Ажыратып білетін,
Жақын менен алысты,
Бағамдайтын әр істі,
Жігері бар, намысты
Артындағы ұрпақтың
Еншісіне қалыпты.


Сембек Абдрахманов
ұстаз.
Алматы облысы,
Көксу ауданы


Суан Акша
b.aidos_01@mail.ru
16-05-14 21:15
Мен суанмың жасым 13 суан мықты ғой баримиз қазақпыз ғой бірақ наймандарды өте жек көремін
Ақнұр
aiko_00_22@bk.ru
18-04-14 20:24
Сәлеметсіздер ма,апкелер,бауырлар!!!Мен де Суанмын.Мен Суанның ішінде Мырзагелдімін.Мен Бояқұлы Қалиахметтің ұрпақтары туралы білгім келеді.
Sanchez
alexis_sanchez_09@mail.ru
18-04-14 20:00
Саламалейкум суандар мен суанмын ішінде Құдайбердімім
Айка
))))
11-03-14 14:49
Мен Суаннын ишинде Кудайбердимин. 7Атамды калай билсем болады. Комектесиндерши.
Алима
23-02-14 14:06
салем барине! менде Суанмын-онн ишинде Мырзагелди
Жаркентке салем))))
Кайсар
akhmet-85@mail.ru
07-02-14 14:01
Ассалямуалейкум уа рахматтулахи уа баракату. Суанмын онын ишинде Караменди онын ишинде Танамын. Хабарларыныз болса хабарласыныздар баурлар. Алматы каласында кызмет истеймин

Ануар
anuar.marat@tele2.com
06-02-14 20:47
Ассаляму Алейкум уа рахматуляхи уа баракатух.!Улы ЖУЗ СУАН-Мырзагелди
Аигерым
Erkinovna_aigerim@mail.ru
02-02-14 19:31
Маган БОЛЕК батыр Жайылы деректер ким биледи?билсендер емайлга жазындаршы
Аигерым
Erkinovna_aigerim@mail.ru
02-02-14 19:24
Салееем Суандарр!!!!менин елим БОЛЕК..БОЛЕК батыр урпагымын
даурен
dauren_musa@mail.u
12-01-14 19:22
ассаламалейкум мен Суан iшiнде Елшiбекпiн!!!! атым Даурен болады

erjan
tulepov78
02-01-14 15:42
aijan privet men sharu bolamin berdike
Ақерке
erke_pretty@mail.ru
26-12-13 11:35
мен де бағыспын одан арғысын білмеймін
Самал
samal.888@mail.ru
11-12-13 19:30
Барлык Суан туыстарыма жалынды салем! Менин атым Самал Жаркенттен Елим Кудай берди Ишинде Арыстан! Менин танкалатыным Суан руынын шежиреси толык жазылмаган Букил Кытайды шекарадан асырмай устап отырган Суан ели гой Улкендер шежирени колга алса!
Кымбат
kimbataskar@mail.ru
24-11-13 10:18
Салем!!! СУАНдар мен Суаннын ішінде акшамын туган жерым Жаркент каласы казыр Талгар каласында турамын
Азамат Асқарұлы
azamat.27.06.2000@mail.ru
04-11-13 16:54
Мен Асқарұлы Азамат суан ішіндегі елшібек Талғарданмын!!!Әкем Панфиловский р-н село Алты-үи ден !!

шайзат
asanbekova.shaizat@mail.ru
31-10-13 17:49
Суаның ішіндегі Сатай оның ішінде Мерекеев туралы кім біледі?
Асель
Love_jan_gin_sok@mail.ru
16-10-13 11:43
Салем бердик бауырлар мен де Суан Багыспын бар екенсиндер гой

Абдулла
akhmet-85@mail.ru
28-07-13 21:41
Ассалямалейкум бауырлар, мен Суанның ішінде Қараменді оның ішінде Танамын арықарай жеті атымды білгім келеді, хабарларың бар болса хабарласыңдар ! Akhmet-85@mail.ru
динара
dinara.musaeva.84@mail.ru
06-07-13 11:42
салеметсиздер ма\" мен СУАН онын ишинде СОЛТАНГУЛ онын ишинде УЗАК ОНЫН ИШИНДЕ АКМОЛДА МА точно билмейм,жаркент каласында туып оскем хабарласыныздар мен 7 атамды билгим келед

АХАН
GRAND-PRIX_9292@MAIL.RU
01-07-13 19:19
БАГЫСТАР ТЕК КАНА АЛГА!!!!

Еркебулан Батыргалиев
Konenin_kozi@mail.ru
30-06-13 01:44
Ассалаумагалейкум алаштын ардакты азаматтарымен а3аматшалары менде Суан ишинде Солтангул бабамыздын толык шежиреси бар.Мен Солтангул ишинде Узак болам бауырларым апкелерим карындастарым инилерим кайдасындар хабарласындар +77016756092
Акша
Beka_suan2kz
27-06-13 23:19
Ассаламағалейкум уа жамагат\" Мен Бекжан!! Алматы обл.Талагр каласыннанмын!!!Менде Суаннын ишинде Акшамын!!!Талгарда да Суан---Акша аз екен:. Ким не десе де олардын ойлары гой! Биреулер Кытайдан келген десе, ал биреулер Монголиядан келген десе де!! Албан Суан Дулат- казактын домалак анасыннан туылган* Суан руынын жерине жеттетин жер жок\" олардын сойлеген балдай татти, жылы созиндей соз жок)))! Суан деген мыкты ру, каз айтсан каз жинала кетеди),уйымшыл, созге шешен, алгыр, тапкыр, ак-конил ру))** ООО Агайын Суан ол -- бир мыкты билек: одан тараган саусактары:-Акша,Багыс,Мырзагелди,Байсуан,Кудайберди,.. тагы баска тараган рулар* ал онын жылы тамырлары дегенимз-кай кай жерде болмасын суан деп кана журетин,суан деп кана олетин Румыз!!!! доска адал есигимиз ашык-душпанга киып тусетин СУАН деген Румыз* Орта жузден асатын* Киши жузды шашатын\" Оны естисе бари кашатын(жок болып кететин) Улы жузден тараган СУАН руы,-АКША Жасай берсин,жасай берсин!!!БАУЫРЛАРЫМ))) кайда журсекте Суан жасасын,кай каладан болсакта СУАН быз...)))! Бари бир туби быр тутас Казакпыз!!КАзак болсакта СУАН РУЫ ЖАСАЙ БЕРСИН* Казакстаннын Болашагын-бетке устар Суан руы соны билемиз ХАЛАЙЫК...!\"! КИМ? КИМ? ДЕСЕ СУАН СУАН* Ишип алсам Барин Куам дендер))))) Аман Болындар СУАН Апке-Агайын* Ини-карындастарм*
Гүлнұр
gulnur-km@mail.ru
16-05-13 17:25
Суанның ішінде Жәдігерлер Жаркенттен басқа қалада бар ма,білгім келеді?

Гүлнұр
gulnur-km@mail.ru
16-05-13 17:10
СУАНдарға жалынды СӘЛЕМ!!! Мен оның ішінде ЖӘДІГЕРМІН.
Айжан
aiko.84.aiko
11-05-13 12:58
Бердікенің тұқымдары жөнінде кім не біледі?
Айжан
aiko.84.aiko
11-05-13 12:54
Атыраудағы суандарға жалынды сәлем!!!!!
Айжан
aiko.84.aiko
11-05-13 12:53
Салем СУАНДАР!
Ерлік
omarov-erlik@mail.ru
18-04-13 16:59
Тұңғыш генерал Сабыр Рахымов Суан ішінде Ақшаның Бекболатынан Әлібек. Әлібектен Қорабай одан Рахым (негізі өз әкесінің аты емес) Сабыр.Тұңғыш суретші Әбілхан Қастеев Суаның ішінде Елшібек.Ал Бағыс деп жүргендер Суаның ТұрдымбетіңӨтеиден тарайтын ұрпақтары олар суаның ішінде өсіңкіремей қалған деп жүрсек ,олар оңтүстікте өсіп жатыр екен. олардың аталары және Сабырдың аталары Сол бір қудалау кезінде кетіп қалғандығы анықталып жатыр.
Айдын
Balgabai_tv@mail.ru
20-02-13 10:03
Кастеев, Д.Ракышев, Е.Сыпатаев, Н.Тен!збаев, Ж.Бег!Мбетов, Н.Жампей!сов, тагысы тагы бар осылармен мактанайык бауырлар !!!!!
Айдын
Balgabai_tv@mail.ru
20-02-13 10:00
Cуандар ай неге !ш!нен бол!нес!Ндер!!!!! 1-ак СУАН болып журей!кш!!!!! Бар!не сондай от!Н!ш!м бар!!!!!
Сарагул
angel.sara_men93
19-01-13 13:09
assalamuagaleikum jamagat sizderge jalpi salem suannin iwinde bagispin
Гулiм
gulim231291@.ru
29-11-12 17:58
Бәріңізге жалынды Сәлем! мен Жаркенттік Суанмын. Ішінде Әбдікер боламын. Өз руым САТАЙ! Нағашыларым- Жәдігер. Негізі ру-руға бөлінбейік, Қазақпыз ғой! Жеті ата, Ру, Шежіре деген бізге болашақ жарымызды таңдау үшін қажет. Аллаға шүкір, қанымыз таза, текті жолды бізге ата-бабамыз қалдырған.бөлінбейік Қазақтар!
МАДИ ЖОРАБАЕВ
madi_88_000@mail.ru
09-11-12 12:57
ассаламалейкум суан бауырлар! мен суан қошқар ішінде жанқозымын. суандардын шежіресі барма?
нұрбол
nurbol.dos@bk.ru
23-10-12 19:13
сәлем бауырлар мен суан ішіндегі жәдігермін маган толық шежіре керек кімде болса хабар күтем
Балжан
bako_kuanish@mail.ru
19-10-12 20:02
салееееем))))) мен СУАННЫН ішінде апсүгірмін
Nurbol
Nurbol_9_3@mail.ru
18-10-12 10:18
Bolekter barma avt tastandar
Думан
Duman.bakeev@mail.ru
30-08-12 19:40
Суандарға жалынды сәлем және салам!мен суан ішінде құдайбердімін .өзімнің елім (суан )туралы деректер іздеп жүрмін кім не біледі .өтінем сообшение жіберіндерші агент арқылы
Aidana
aidana93.16@mail.ru
26-06-12 19:08
Suandarga jalindi salem Jarkentten!!!!
Ляззат
lyaka.1985@mail.ru
25-04-12 20:16
салем, руластар! улы жуз. Толе би урпактары Байдыбектын Токалы Домалак ананын жалгыз улы Жаргышак. Жаргышактын балалары. Албан, Дулатжане Суандар. мен суаннын ишинде Мырзагелди _Мамбет_Тарыбай_дарибай_ _ _Туткабек_Султангазы_Турсынгазыкызы мен Ляззат
рауан
rauankerim98@mail.ru
26-03-12 13:15
суан қараменде туралы кім не біледі
Magzhan
magzhan91@bk.ru
06-03-12 20:40
Talgar City!!! Kosylyndar!!!!
Magzhan
magzhan91@bk.ru
06-03-12 20:39
assalamaleikum Suan bauyrlar!!! Men Myrzageldimin!!!! Tumatai!!!!
Дархан Амантайұлы
darhan.kaliev@bk
29-02-12 14:06
мен суанмын, оның ішінде ақша. Бауырларым, өзгеден артық болмасақ, еш жеріміз кем емес! 7 атасын білмеген жесір деген қазақ. Бірақ, жузге не руға бөлінуден сақтанайық, Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін!
Мадина
zhumabekova.m@yandex.ru
20-01-12 20:00
Ассалму Алеикум Суан Бауыр Апкелер! Мен оз Жети атамды билгим келеди... Мен Суаннын ишинде Кебенек. Егерде билетин болсаныздар осы сайтка жазып жибере аласыздарма? Улкен Отиниш?
Мадина
zhumabekova.m@yandex.ru
20-01-12 19:53
Ассламу Алейкум Суан Бауыр Апкелер! Мен Мырзагелдинин ишинде Кебенек...Шежирени билетин адамдар болса осы сайтка жазып жибере аласыздарма? Улкен Отиниш?
7777
12-10-11 20:28
akshalar $ kayda akshalar??
Гаухар
gaukhar_9191
30-09-11 19:39
Жаркенттін Суандарына жалынды Салем! мен суаннын ішінде акша! )))))

bekzat
bekzat_1.9.9.5
11-08-11 17:22
suandar alga
bekzat
bekzat_1.9.9.5
11-08-11 17:21
suan bauirlarga jalindy salem men suan ishinde bagispin eger druzhba jibergilerin kelse menin log bekzat_1.9.9.5@mail.ru
Асхат
ashat_damen
13-07-11 20:15
salem bauirlar! Men suan iwinde kowkar bolek bolam, nagawilarimda suan, jadiger.. Tuistarimdi izdeim..
Бакыт
zh_baha@bk.ru
08-07-11 11:45
Салам Суан бауырлар!мен Суан iшiнде Мырзакелдi (КЕБЕНЕК) боламын.КОКТАЛДАН Бакыт
bahitkel
wwwk5ny
27-04-11 16:31
калайсындар агайындар суан сатай батырлар кайда жаркентке салем
Анёка
aneka120593@mail.ru
06-03-11 18:37
Салем, Суан бауырлар!!!!! Мен Суанның ішінде Бөлекпін!!!!! Мен сияқты сіңлі, әпке немесе қарындас керек болса, авторизация жіберініздер!!!!! Күтемін!!!!!
молдир
girl_7@mail.ru
05-03-11 19:38
СУАНдарга улкен салем
шолпан
sholpan_1007
10-02-11 18:42
салем!!! мен сан ишинде Мырзагелди
Думан Алтынбекұлы
09-02-11 06:27
Армысыздар ағайын! Мен Суанмын! Суаннын ишинде Мырзагелдимин!
Заманханов Бауыржан
Z.bauka
03-02-11 11:35
Суандыктарга жалынды салем! Мен Суан Багыспын
кайсар
kaisar_7@mail.ru
31-01-11 22:30
калайсындар суандар. Мен суан ішінде кұдайбердімін. Кұдайбердіден Ақбұра.
Ақбұрадан кімдер тарайтының білесіндер ме ?
AlDiAr
aldiar_aktau_98
30-01-11 20:49
Суандыктарга жалынды Салем!!!:D
Биржан
aza.aktau
30-01-11 20:46
мен Суан багиспын барлык Суандыктарга салем!!!

adiljanov kuanish
suan_aksha_92
26-01-11 17:02
salam suandar kalaisyndar??? men SUAN onyn ishinde AKSHA!!!
aksha
13-01-11 17:59
SUAN AKSHA($)LAR BARMA?

Назым
naz-malishka.88
05-01-11 20:47
Мен Суан ишинде Абсугир ,,,,,енди жалгасын билгим келеди ???
Бакыт
bakytmeirhanov@mail.ru
28-12-10 17:42
Ұлы жүз, Дулат ішінде Жаныс, Ерубайлар амансыңдарма. Хабарласыңдар.
Шырын
juicy.kz
22-12-10 17:06
мен Жаркентте турамын Суандар тарихын билгим келеди!
асхат
asik8bai@mail.ru
16-10-10 19:22
асхат 86 суан-мырзагелди-кожеке
Суан
suan_boy
09-10-10 22:11
Menin atim Suan. Ruim Bagis. Bagistarga ulken salem.
Жансая
saya19950l@mail.ru
28-09-10 22:26
Mende Baggis pin
Акгул
ruskulowa.ru
23-09-10 22:32
Ассалямуалейкум бауырлар. Мен Актобелик Суанмын. Онын ишинде Жадигермин. Акем Жаркенттики. Жалпы суан бауырлармен интернет желисинде жуздескениме оте куаныштымын.
Медет
18-09-10 01:32
Мен Суаннын iшiнде Багыспын!!!
ereke
06-08-10 12:09
Мен Суан ішінде бағыспын...
Оркен
orik_01l@mail.ru
01-08-10 18:20
Барлық СУАНдарға сәлем, мен суанның ішінде Мырзагелдімін!!!
Сейтжан
seitzhan_kz
09-10-09 15:13
Cалам Азама ,Мухит сен кай жерден боласын Жаркенттен емеспа? мен суан ішінде мырзагелдімін егер суан шежіресі керек болса маған хабарлас 87016834642,3851754(алматы),87283139491(ЖАРКЕНТ)
Азамат
shegirek@gmail.com
19-07-08 08:58
мен суан ішінед шегірекпін µзіњше
Мұхит
05-07-08 19:51
Салам Азамат!сен суан ішінде кімсің?



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов