Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Шежipe
Тақырып: алтындар (ш±њѓыр) аталыѓы


Авторы Xабарлама
ѓалым
09-06-05 16:20
алтындар кайдасындар,,кай жерлерде шоѓырландыњдар. кызылорда, кармакшы ауданына келсендер осы жерде кµп аталыктар бар (шунгыр, айдар, мєметек, сыѓай, жапалаќ) бармысын бауырым, хабарлас

Авторы Жауап
Саруаров Айдай
t1-01@inbox.ru
23-05-17 20:37
Ассалам аллейкум, Агайын. Мен Алтын маметекпин. Кызылорда каласында турам. Акемнин туган жери Жосалы кенти. Жети аталарым. Саруар, Алматша, Жанабай, Актан, Малкара, Райымберли.
Иман
09-10-15 02:23
Козала алтын бар ма?
Байдаулетов Данабек Серикович
cherep_91.91.91@mail.ru
09-03-15 18:44
менің есімім Данабек,менің руым Шұңғыр Алтын.Мен Байдаулет атамнан тараған Камал атамнын ұлы Серіктің баласымын,менің Байдаулет атаның әкесін жане аталарын білгім келеді.Өзім Кызылорда облысы Кармакшы ауданында 1991 жылы 21 майда дүниеге келгенмін,қазір Кызылорда облысы Байқоңыр қаласында тұрамын
87058566996
нургул
nurgul_1263@mail.ru
20-01-15 10:18
салем,бай улы алтындар,мен озем шунгыр алтынмын,жосалыда турганмын,казер шымкенте турамын,барлык алтындарга жалынды салем
Ринат
rinat-1999_12@mail.ru
05-09-14 15:23
руым Шұңғыр Алтын
Куаныш Караев
kuka_14_89@mail.ru
17-10-13 21:56
Мен Кызылорда каласында турамын. Руым Шұңгыр Алтын
marat
mar_bek76@mail.ru
10-05-13 07:22
Менде шунгырдым баласымын.Кызылорда облысы Кармакшы ауданы Жосалы кентінде турамын.

Дастан
dastan91-42@mail.ru
09-05-13 10:00
Бауырлыр менде Шунгыр Алтанмын. Шымкентте турамын

Серик
serikaliev@mail ru
11-03-13 19:59
сыгаи алтын туралы билгим келеди аталарымды сыгаи алтынын ишиндеги толені
Бақытжан Ахметбек
ahmetbek_74@ mail.ru
12-02-13 10:45


Алтын баба ұрпақтары

Сыр бойын мекендейтін он екі ата Байұлы Алтын руының тарихын зерттеу барысында Сыр сүлейлері мен зерттеушілердің еңбектерін жан-жақты қамтып, ғасырлар бойы айтылып келе жатқан аңыз-әңгімелерді, рухани маңызы бар тарихи деректерді жинақтап, мұрағат құжаттарын мұқият зерттеп, Сыр өңіріндегі Алтын руының тарихын жазуға кірістім. Сыр бойы мен Арал өңірін негізінен Кіші Жүз рулары мен тайпалары жайлаған. Оның құрамы үш рулық бірлестіктен тұрады: Әлімұлы, Байұлы және Жетіру. Олар Сырдарияның төменгі сағасын, Ырғыз бен Торғайдың қосылған жерін, Борсық және Қарақұмды, жазда Оралдың бойын, Тобылдың сағасын, Мұғалжар тауларын қоныстанған.
Қазақ халқында: Ата салтын ұмытқан,
өшкендіктің белгісі.
Өткендерін еске алған,
өскендіктің белгісі, - деген мақал бар.
Сондай-ақ, кезінде Мысыр мен Сирияны билеген Бейбарыс сұлтан: «Тарихты тыңдау – ұлы ғибрат», - десе, түркілердің ұлы ойшылы Қорқыт ата: «Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді»; - деп айтқан еді. Осындай ұлы бабаларымыздың жолын бергей деп, Сыр өңіріндегі Алтын елінің шежірелі тарихынан сыр шертейін. Біздің көне тарихымыз, соның ішінде қазақ халқының ат үстінде жаугершілікпен күн кешіп өткен уақыттары туралы тарихи деректер санаулы. Сол себепті аттары тарихымызда алтын әріппен жазылуға тиісті хандарымыз бен билеріміз, батырларымыз хақында бүгінгі ұрпақтың білетіні әлі мардымсыз. Сондай тарихи тұлғаның бірі - әрі батыр, әрі қолбасшы, әрі би, әрі ақын Сәлтеке батыр Мәметекұлы. Тегі – Алшын, он екі ата Байұлы, Алтын, Көзала аталығынан. Сәлтеке батыр қазіргі Қызылорда облысының Қармақшы ауданы мен Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы және Батыс Қазақстан облысының өңірлерінде ХVІІ ғасырдың соңында, ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген. Батырдың бейіті - Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Орал тауының онтүстік бетіндегі «Сәлтеке асуы» деген жерде. Қармақшы ауданы, Иіркөл ауылының маңайындағы Ақшеңгел деген жерде Сәлтеке қорымы бар. Бірақ, мұнда батырдың сүйегі болмағанымен, оның ұрпақтары жерленген. Сәлтеке Мәметекұлы рубасы Көзала батырдың немересі болып келеді.
Көзала батырды 1908-1990 жылдар аралығында өмір сүрген Сыр бойының белгілі шежіреші ақыны, Әлімбай Әлиасқаров 1943 жылы жазылған «Қазақ шежіресі» атты еңбегінде былай дейді:
Сарымнан туған екен Ер Көзала,
Мекені жаугершілік болған дала.
Мәметек, Ораз туған ол кісіден,
Халқына болды ақылды қорған пана.
Сәлтекенің Есеке есімді батыр ағасы, Байкелді және Ұста атанған інілері болған. Сәлтеке - Сыр бойының киелі батыры, батырлығымен қоса ел басқарған тұлға. Ол қазақ құба қалмақ, қазақ-жоңғар, қазақ-башқұрт соғыстарында орасан ерлік көрсеткен. Сәлтеке батыр табыннан шыққан Сәрке батырмен, шектіден шыққан Киікбай батырмен, кете руының Болат батырымен бірге жорықтас, серік болған.
Сәлтеке батыр туралы Әлімбай Әлиасқаровтың аталмыш еңбегінде:
Мәметектен Сәлтеке туған батыр,
Есеке, Байгелдісі тіккен шатыр.
Сәлтекеден Тойғұлы, Құттықадам,
Қосқадам, Жәңке тайпа ел боп жатыр. - делінген.
Сәлтеке батыр жөнінде М. Түйімбетовтің 2004 жылы Қызылорда «Тұмар» баспасынан шыққан «Сопылар әлемі» кітабының 61,62 беттерінде мынандай деректер кездеседі: Кезінде батыр қалмақтардың (Астрахан қалмағы) қолында он жылдай тұтқында болады. Ал басқа деректерде екі жыл тұтқында болады. Тұтқында отырған Сәлтекенің батырлық тұлғасына риза болған қалмақ ханы қалмақ қыздарын батырға берген екен, ойы одан тұқым алу болған. Алайда ханның бұл ойына Сәлтеке қарсы болып көнбейді. Бір күні қалмақтардың ту сыртынан жау шауыпты, сонда қалмақтар Сәлтеке батырды пайдаланбақ болып, құрсаудан босатады. Батыр садақты тартса жебесі 4-5 кетпеннен әрі өтпепті. Сонда Сәлтеке: « Атаңа нәлет қалмақ жауырынымның шеміршегін сындырған екенсің» - деген екен. Содан кейін қалмақ емшілері Сәлтеке батырды емдеп, аяққа тұрғызады. Қолайлы бір күні Сәлтеке батыр Қарақұл деген кісімен бірге қашады. Жолай Сәлтеке қалмақтың ханы Шегірді өлтіріп кетеді.
Бұл оқиғадан Сәлтеке батырдың тағдырдың тәлкегіне мойынсұнбағаны көрініп тұр.
Деректерге көз жүгіртсек : «Сәлтеке батыр башқұрт биі Алдарбаймен кездесіп, Еділ бойындағы Кіші жүз қазақтары мен башқұрттар арасындағы үлкен мал дауында табандылық көрсетіп, бейбітшілікпен шешуге қол жеткізеді» Бұл дерек З. Қаридің 1998 жылы Алматыдан «Келмембет батыр» атты кітабында кездеседі.
Енді Сәлтеке батырдың жау қолынан қалай қаза болғанын айтайық. Сәлтеке батыр бірнеше күндік жорықтан келе жатып, шаршаған әскерімен түнде бір жерде ұйықтап қалады. Сонда қазақ қолының осы жағдайын пайдаланып қалмақтар ұйықтап жатқан Сәлтеке батырды әскерімен бауыздап кетеді. Қайран есіл ер Сәлтеке батыр жігіттерімен осылай көз жұмады.
Сәлтеке батырды Сыр сүлейлері де жырларына қосқан. Мысалы, Сыр сүлейі Тұрмағамбет Ізтілеуов Сәлтеке батырды:
Алтыннан шықты ыңырана,
Сәлтеке сынды арыстан
Қалатын еді қан болып,
Шамасын бітпей шіреніп,
Олармен қас боп қарысқан - деп жырына қосқан.
Сәлтеке батырды Сыр бойының жырауы Шегебай Бектасұлы да:
Алтыннан шыққан Сәлтеке,
Садағының алдынан
Өтпеген дұшпан көлденен - деп жырлаған.
Сыр бойының тағы бір ақыны Оразымбет жырау Есентайлақұлы Сәлтеке батырды:
Батырлығын Базеке,
Қоңырдың ұлы Қыстаубай,
Дәуітбай, Қасым, Сәлтеке,
Бұрынғы өткен Тарғындай – деп баяндаған.
Сәлтеке батырдың Тойғұлы, Қосқадам, Құттықадам, Жәңке есімді балалары болған. Батырдың шөберелері Туған би, Барқы батыр, шөпшегі әрі би, әрі батыр Науша батыр Барқыұлы, ұрпақтары Байназар би (1825-1880) Наушаұлы және 1840-1918 жылдар аралығында өмір сүрген әрі ақын әрі би Топжан би Байназарұлы баба жолын қуып, елге қадірменді кісілер болған. Енді Сәлтеке батырдың шөбересі Қобыландыұлы Барқы батыр жайлы толық баяндайық. Барқы батыр – ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы, ХІХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген.
Т. Дайрабайдың 2010 жылы Алматы «Арыс» баспасынан шыққан «Сыр перзенттері» кітабында Барқы батыр жөнінде мынандай мәліметтер кездеседі: Ресейдің 1803 жылғы дерегінде Барқы батыр ағасы Туған бимен 5000 (бес мың) отбасы құрайтын елімен Троицк пен Бұқара арасында сауда жүргізгені туралы жазылған. Барқы батыр Алтын руының ұранына да айналған.
Сыр сүлейі Дүр Оңғар Дырқайұлы Барқы батырды былайша бейнелейді:
Оңғардан оншақты ауыз жолданды сөз,
Би Науша, батыр Барқының әулетіне,
Қараның ханы болған атаң Барқы,
Кісі екен абыройлы, қымбат нарқы.
Жасанып жауға шыққан сапарында,
Қайратпен болушы екен, халықтың жарып.
Шегебай жырау Сәлтеке батырдың ұрпағы Топжан биді:
Әркімдерге айтса, сөз жарастықты.
Сарыбай Бекіш пен Алтын Топжан - деп жырлаған.
Сәлтеке батырдың ұрпағы Науша батырды Сыр сүлейі Дүр Оңғар жырау Дырқайұлы:
Батырдан бүтін болып туған Науша,
Әлсізге пана болған асқар тауша.
Жарақпен жабдықтанып жауға аттанса,
Дұшпанның қырқып басын кескен бауша.
Мал түгіл, достан жанын аямаған,
Сарп етіп, сақилыққа кеуілі ауса - деп мадақтаған.
Жиенбай жырау Алтын Науша батырды Тұрымбет жырауға жазған хатында :
Байназар, батыр Науша ар жағынан,
Кеңестің келе жатқан кемеңгері, - деп атап өтеді.
Сәлтеке батырдың ұрпағы Топжан биді Сыр бойының белгілі ақыны Сарыбай Құлназар шайыр да:
Одан соң, Топжан, Бекіш деп айтыпсың,
Наһанға теңгергендей қалағайды.
Оларда үлгі айтарлық ақыл да бар,
Адамдық әуелден-ақ затында бар - деп жырына қосқан екен.
Сыр бойының атақты шайыры Қарасақал Ерімбеттің Шораяқтың Омарына бірінші қайтарған жауабында:
Біздерді шал дегенің – шамалы сөз,
Шал: Бекіш, Базар, Топжан, біздер – аяқ., деп Алтын Топжан би әрі ақынды атап өтеді.
Қарасақал Ерімбеттің Шораяқтың Омарына екінші қайтарған жауабында:
Ешнияз Құлыс Кете, Алтын Топжан
Ажарлап айтатындар дәлдеп шағын
,- деп Топжан биді тағы жырлаған.
Шораяқтын Омарының Қарасақал Ерімбетке жазған хатында:
Ешнияз, Шегебай мен батыр Тобжан –
Олжа алған олар жүйрік озып топтан!
Оларды жел жағына пана тұтып,
Ойлапсың алмаққа орын өзің ықтан,- деп баяндаған.
Шораяқтың Омары Қарасақал Ерімбетке екінші жазған хатында:
Шегебай, Базар, Топжан һәм Ешнияз –
Олжа алған олар жүйрік озып топтан.
Соларды жел жағына пана тұтып,
Ойлайсың алмаққа орын өзің ықтан,- деп асқақтаған.
Сәлтеке батырдың ұрпағынан ХІХ ғасырда атақты Сарыкөбен би Мұсылманұлы 1875-1885 жылдары болыс болған.Сарыкөбен биді Сыр сүлейі Дүр Оңғар жырау:
Алтын да бір жақсы адам – Сарыкөбен,
Қараның ханы болып ел билеген - деп жырлайды.
Алтын Сарыкөбен бидің мөрі болған деген дерек Т. Дайрабайдың аталмыш «Сыр перзенттері» кітабының 366 бетінде кездеседі.
Сары Көбен би 1860 жылы Ресей әкімшілігінен арнайы сыйлық барқыт тақия алған. Бұл деректе осы кітаптың 369 бетінде берілген.
Алтынның мәметек аталығынан Тасыр Дайыров деген құрметті кісі шыққан. Бұл кісінің есімі орыс құжаттарында 1851-1853 жылдарда көріне бастаған. Ол 1853-1856 жылдарда Қоскорғандағы бүлікті бейбіт жолмен шешуге араласқан. 1857 жылдың 14 қырқүйегінде генерал-майор Фитенговтың ұсынысымен Алтын руының Мәметек аталығының құрметті қазағы Тасыр Дайыровқа № 2 форттағы базарды және барлық тапсырмаларды мүлтіксіз орындағаны және 1856 жылғы өзіне көмектескені үшін күміс медалі мен Анна лентасына ұсынған. Бұл награданы 1862 жылы алған.
Алтын Тасыр Дайыровтың арнайы мөрі болған. Т. Дайрабайдың. 2010 жылы шыққан Сыр перзенттері. Кітабында осы мәліметтер кездеседі.
Ал Қ. Нақыповтың 2003 жылы шыққан Кіші жүз. 12 ата Бай баласы. Алтын шежіресі кітабының 265 бетінде Сәлтеке батырдың тағы бір ұрпағы Мәметек Жылкелді 1920-1925 жылдары болыстықты басқарғаны жөнінде айтылады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы, ХХ ғасырдың бірінші жартысында Сәлтеке батырдың ұрпағы Досжан ауылнай өмір сүрген. Бұл кісі ХХ ғасырдың 40-шы жылдарында қайтыс болған. Алтын Досжан ауылнай атында Қармақшы ауданында Досжан түбегі деген жер бар. Қазіргі уақытта Досжан ауылнайдың немересі Сәндібек Қармақшы ауданы, Иіркөл ауылында тұрады.
Сәлтеке батырдың ұрпақтарынан біраз қол өнер иелері шыққан. Солардың ішінде ХІХ ғасырдын екінші жартысы, ХХ ғасырдың бірінші жартысында Қармақшы ауданында өмір сүрген Ормахан ұста. Ормахан ұстаның жеке ұсталық дүкені болған. Бұл кісі ХХ ғасырдың 40-шы жылдары қайтыс болған. Алтын Ормахан ұстадан Ібіраш деген кісі дүниеге келеді.
Рысмахан етікші Бейбітбайұлы ( ? – 1951) Қармақшы ауданында өмір сүрген, ол кісінің Жүсіп, Қира деген балалары болған. Қира Ұлы отан соғысында қаза болған.
Әбен ұста-дермеші Торманұлы Қармақшы ауданында өмір сүрген, ХХ ғасырдың 50-шы жылдары қайтыс болған. Әбен ұста қол дермен, суландыруға арналған құрал шығырды жасаған. Бұл кісінің атымен Қармақшы ауданында Әбен дермені деген жер бар. Әбен ұстаның бейіті Қармақшы ауданы, Иіркөл ауылында. Әбен ұстаның інісінен тарайтын ұрпақ Торманова Нағима Құрманайқызы белгілі ақын, Қармақшы да тұрады.
Сәдуақас ұста Баймаханұлы шеберлігімен аты шыққан кісі. Сәдуақас ұстадан Мүсілім, Қанибек, Кәжданбек деген балалары дүниеге келген.
Сәлтеке батырдың үрпақтарының ішінде ислам жолын берік ұстап, халыққа насихаттап жүрген жандардың бірі Ержан молда болған. Ержан молда мешіт ұстаған кісі, 1937 жылы халық жауы болып ұсталады.
Сәлтеке батырдың ұрпақтарынан ХХ ғасырдаың бірінші жартысында Қашақұлы Досым байдың елде аты шықты. Досым байдың 10 мың қойы болған екен. Досым байдан Әнафия дүниеге келген.[Бақытжан Ахметбектің дерек қорынан,Қармақшы ауданы, Иікөл ауылының тұрғыны, Сәлтеке батырдың ұрпағы Ашықбай (Биқожа) ақсақал Махмұтовтан алынған мәлімет].
Сәлтеке батырдың ағасы, Есеке батыр ұрпақтарының арасынан да елге белгілі кісілер шыққан. Солардың бірі Қарамахан бай. Қарамахан Сыр бойының атақты байларының бірі болған. Одан Омар дүниеге келген. Есеке батырдың ұрпағы Алтын Мақан бүкіл қазақ еліне мәшһұр болған [Бақытжан Ахметбектің дерек қоры].
Мақан Жиенбайұлы (1870-1931) – қайраткер. Саудамен аты шығып, байыған. Орынбор, Үргеніш, Троицк, Бештау қалаларында сауда жүргізген, елді отырықшылыққа, мәдениетке ұмтылдырған. Қызылорда қаласында көптеген үйлер салған. 1908 жылы Алтын мен Табын руларының арасында үлкен жанжал туады. Осы жанжал Ақмешіттегі Алтын Мақанның 100 адамдық керуен сарайында шешімін табады. Ол 1928 жылы ірі байларды тәркілеу тізіміне ілініп, Семейге жер аударылады. Осын жүргенде қайтадан байып, түрмеге қамалып, сонда қайтыс болады. Бүгінде Алтын Мақанның салғызған үйлер тарихи және мәдени ескерткіш ретінде мемлекеттік қорғауға алынған. Бұл дерек Сыр елі Қызылорда облысы энциклопедиясында кездеседі.
1964 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданынан қазіргі Батыс Қазақстан облысы Орал өңіріне Сәлтеке батырдың ұрпақтары Дүйсенбай Тайманов (1922-1993), Әбдіхалық Ерекешов (1900-1987) бір топ ағайындарын басқарып құдалыққа барады. Сонда ол жақтағы 12 ата Байұлына жататын Серкеш елінің игі жақсылары, Сыр бойынан келген құдаларын сый-сияпатпен қарсы алады. Әңгіме үстінде Оралдағы құдалар келген кісілердің Алтын Сәлтеке батырдың ұрпақтары екенін біліп, Сәлтеке батырдың бейіті Орал тауының онтүстік жағында «Сәлтеке асуы» деген жерде екенін айтып, қаласа Сәлтеке батырдың бейітіне апаратынын айтқан екен. Бірақ, Сыр бойынан келген Алтын Сәлтеке батырдың ұрпақтары уақыттың тығыздығынан баралмаған еді [Бақытжан Ахметбектің дерек қорынан, Қармақшы ауданы, Иіркөл ауылының тұрғыны 1937 ж.т. Сәлтеке батырдың ұрпағы Жұмахмет ақсақал Тәжібаевтан алынған мәлімет].
Қазіргі уақытта Сәлтеке батырдың белгілі ұрпақтарының бірі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик Байзақ Көпірбайұлы Момынбаев та ел абыройын асқақтатуда халқына қызмет жасауда.
Сәлтеке батырдың ағайындары төрт аталықтан тұрады. Олар Жапалақ, Көзала, Шұңғыр, Қасқұл. Бұл кісілер ХVІ ғасырдың екінші жартысы, ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген. Жапалақтың шың есімі Жармұхамед, Жапалақ аталу себебі былай болған.
Ел жайлаудан қайтар кезде басқа ауылдың балаларымен ойнауға кеткен бір топ бала көштен қалып қойыпты. Бір уақытта жаңбыр жауады. Күн жауып тұрғанда Жармұхамед бұта түбінде отырса керек. Жолмен келе жатқан атты кісіні көрген бала: - «Ата» - деп тұра келгенде астындағы аты үркіп, үстіндегі кісі құлап қала жаздайды. Сонда ол кісі: - «Ой жапалақша жалбандаған неме, бұл қайсысың еді» - деп кейіп қалады. Сонда бала көштен қалып қойғанын айтқан соң, әлгі кісі баланы атқа мінгестіріп, ауылына алып келеді. Әнгіме үстінде: « Жолда мына бір Жапалақты тауып алдым» - дейді. Осыдан кейін Жармұхамед Жапалақ аталып кетеді. Ал ұрпағы Жапалақ елі аталады. Жапалақтың Малай, Өтеп, Өтес, Ырсымбет, Мөңке деген балалары болады. Осы Жапалақтың баласы Малай батыр елін жаудан қорғаумен аты шығады. Еділдің бойында түркімендермен болған бір шайқаста Жапалақұлы Малай батыр ерлікпен қаза тапты. Ал Малай батырдың «Үш дәу» деп аталған ұрпақтары, Қабыланның балалары Баймұрат, Жалмұрат, Қожамұрат ата жолын қуып, батырлықтарымен елге аты шығады. Қазіргі уақытта Малай батырдың ұрпақтары Қызылорда облысының, Қармақшы ауданында тұрып жатыр.
Сыр бойында ХІХ ғасырда Мұрат бақсының есімі кең тараған. Мұрат бақсы Жапалақ Алтын, Өтеп аталығынан шыққан тарихи тұлға. Бір күні Сыр бойында он екі ата Байұлының Алаша, Серкеш рулары жиналып ас береді. Сол асқа Алтын Мұрат бақсыны да шақырады. Ас дарияның арғы бетінде өтіп жатса, дарияның бергі бетінде тұрған Мұрат бақсыны дариядан өтіп асқа келуін өтінеді. Бірақ Мұрат бақсы дариядан өтпейді. Сол заматта қатты дауыл тұрады. Мұрат бақсы осы кезде қасиетін көрсетіп дарияның арғы бетіндегі киіз үйді қазандағы пісіп тұрған етімен бірге өзінің алдына көшіреді. Содан бері қаншама уақыт өтсе де Мұрат бақсы жайлы бұл оқиға бізге ұмытылмай жетіп отыр. Қазіргі уақытта Жапалақ Алтын Мұрат бақсыдан ұрпақ жоқ..
Жапалақ Алтын руынан шыққан Шәмен молда Есжанұлы (1883-1928) халық арасында дін жолын насихаттаумен аты шыққан адам болған. 1928 жылдары Қазақстанда ірі байлар мен молдаларды қудалау басталады. Сол қудалауға Алтын Шәмен молда да ілігіп, 1928 жылы Шымкент қаласында атылады.
Жапалақ Алтын ұрпақтарының ішінде елге жыраулығымен аты шыққан кісілер аз болмаған. Солардың бірі ХХ ғасырдың бірінші жартысында Сыр бойы, Қармақшы ауданында өмір сүрген Жапалақ Алтын руының Өтеп аталығынан шыққан Ыбырай жырау Тұрымтайұлының есімі халық арасында кең тарайды. Алтын Ыбырай жыраудың Қазихан деген баласы болады [ Бақытжан Ахметбектің дерек қорынан, Қармақшы ауданы, Иіркөл ауылының тұрғыны, Малай батырдың ұрпағы, шежіреші Үсен Баймаханов ақсақалдан алынған мәлімет].
Енді Сәлтеке батырдың немере бауыры Айдар Оразұлы жайлы сөз қозғайық. Айдардың Мәмбетияр, Бекбаулы, Тілеуке, Жәдік деген балалары болады. Бекбаулының ұрпағы бүкіл қазаққа аты шыққан ақын болады. Ол 1874-1938 жылдар аралығында өмір сүрген Сыр сүлейлері арасындағы шоқтығы биік тұлғаларының бірі Сейітжан сал Бекшентайұлы.
Сейітжан Бекшентайұлы Таубайға өзінің тегін:
Кіші жүз, асылым Алтын, Алшын едім,
Туысқан түбім бірге жалпы менің, - деп айтқан екен.
Келесі жолы Сейітжан ақын Арыстанға:
Алтын, Жаппас бір тудың
Тұтам жақын қарыстан,- деп мадақтап жырлайды.
Сыр бойының белгілі сүлейі Молдахмет жырау Дабылұлы «Өлеңді қастерлейік, жас ұрпақтар!» атты еңбегінде:
Атақты Сырдың ақын сүлейлері,
Қозатын Жүйріктердің дүбірімен.
Үш Жүсіп, Тұрмағамбет, Ыспан қари,
Жиенбай, Сейітжан, Омар, Молдағали, - деп Алтын Сейітжан ақынды жырлаған екен.
Осы кезеңде ел ағасы болған Ешмұрат, 1925-1930 жылдары болыс болған Нұрмұрат және Омар ақын Қошманұлы (1910-1988) халыққа аты шыға бастады. Омар ақын Қошманұлы жайлы Сыр бойының белгілі ақыны Шәкіман Бектібаев
өзінің «Біздің ғасыр» толғауында:
«Мүзарап, Үбісұлтан дүлдүл еді,
Ауылымның ақсақалы, білгірі еді.
Әлқуат, Қошаманов Омар, Сахи
Ақжарқын жүрген жері тілгір еді.

Бұлар да көп жұмысқа араласқан,
Әр елдің білгірімен хабарласқан.
Ел үшін еңбектерін аямаған,
Қартайып, шаршағанға қарамастан», - деп жырлаған екен.


Ал Бекбаулының інілері Тілеуке би, Жәдік палуан болған. Тілеуке елмен араласып, билік жүргізіп жүрсе, Жәдік мал шаруашылығымен айналысқан.
Бір күні Тілеуке би: «Жәдік арқасында менің атым екі рет шықты. Енді бұдан бастап, атымыз бірге аталатын болсын» - деген екен. Енді екі рет аты қалай шыққанын баяндайық. Бір күні қазақтар жаудан қашып келе жатады. Жолда олар бір сайға түнеп шығады. Ертеңіне сайға бір керуен, су, азық-түлік алып келеді. Қашқындар аң-таң:«Керуен кімдікі?» - дегенде, керуеншілер: «Жәдіктікі, Тілеукенің інісінің» - дейді. Кейін Жәдіктен, сен қалай үстімізден түстің десе, Жәдік:«Мен сіздердің жаудан қашып келе жатқандарыңызды естідім.Уақытында осы жерлерде мал бағып жүргенмін.Сонда барымташы, ұрылардың жасырынатын жерлері осы жер болғанын көрген соң, осы жерге керуенді жібергенмін.»-дейді. Жәдік палуанның Тілеуке бидің атын екінші рет шығарғаны былай өрбиді. Бір күні қазақ елінде ас па,той ма болып жатады. Онда бәйге, палуан күресі болатыны белгілі. Күресуге бір түйе палуан шығады, бірақ өзіне қарсы шығатын палуанды таба алмайды. Енді болмаған соң палуан өзіне тиісті жүлдені сұрағанда, Жәдік палуан шекпеннің шетін белбеуіне салып, күреске шығады. Ел шулап: «Ей, ол сенің қабырғаңды сындырады ғой, сен әлі жассың ғой» - дейді. Бұл Жәдік палуанның жас жігіттік кезі еді. Жәдік халықтың тоқтатқанына көнбей,онымен белдеседі. Күрес басталып, Жәдік қарсыласының жамбасын сындырады. Халық дән риза. Халық:«бұл жігіт кім?», - десе, білетіндер: «Жәдік қой» - дейді.Сонда Жәдік өзін таныстырып: «Мен Тілеуке Жәдікпін» - деген екен. Сөйтіп Жәдік палуан Тілеуке бидің атын екі рет шығарады. Кейін еліндегілер Жәдіктен: «Сен өмірі күреспейтін едің, қалай күреске шықтың.» - десе, Жәдік:«Мен өзімде қайрат барын шамалаған едім. Өйткені тобылғыны жұлып алып тұрғанда екі жағынан су тамшылап тұратын. Содан өзімде қайрат барын сезгенмін» - деген екен. Осы Сәлтеке батырдың немере бауыры Тілеуке бидің балалары қазақ-жоңғар соғысында батырлықтарымен аты шығады.Үлкен ұлы Тілеулі батыр бір шайқаста ерлікпен қаза болады. Осы Тілеулі батырдың бесінші ұрпағы Серікбайұлы Досмағамбет молда Қармақшыда діни-ағартушылық қызметімен елге белгілі болса, батырдың келесі бесінші ұрпағы Көлбайұлы Ерман шежіреші болады. Тілеуке бидің екінші ұлы Жайнақ батыр, үшіншісі Мойнақ батыр болса, төртінші ұлы Дербісәлі үлкен бай болады, одан Қожан, Итен мырза т.б.дүниеге келеді. Қожанның, ХІХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген Айбасұлы Айшуақ батыр елін қорғаумен аты шығады. Итеннен атақты бай, Құлты әулие және 1798-1882 жылдар аралығында өмір сүрген Уәлі би дүниеге келген.
Шежіреші ақын Әлімбай Әлиасқаровтың еңбегінде:
Тілеукеден Тілеулі, Мойнақ, Жайнақ,
Дербісәлі жүрген жер болған ойнақ.
Мұнан туған балалар он бір екен,
Қожан, Итен, Тұрымтай өскен жайнап.

Қожаннан туатұғын алты бала,
Итеннен Құлты, Уәлі, бұған қара.
Құлтыдан он бір, Уәліден он үш ұл бар,
Ел болып өсіп кеткен дара-дара - делінген.
Құлтының баласы Медет батыр, одан 1853-1927 жылдар аралығында өмір сүрген Сүйінқара батыр дүниеге келген. Бұл кісілерде өзіне қарасты ауыл-аймақты ұры-қарыдан қорғап, жөнсіз келіп қорқытып, көз алартқандар болса, олардың сазайын беріп отырған.
Құлты әулие науқастарын сөзбен, шөппен, отпен, пышақпен және қобызбен емдеген. Құлты әулиенің бейіті қазіргі Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Нұра ауылының Мамыр бөлімшесінің аймағында орналасқан. Құлты әулиенің бейітің бүгінгі кезге дейін жұрт Құлты әулиенің қара моласы деп қастерлеп келген. Құлты әулиенің немересі Үмбетұлы Бәйімбет молда елге діни –ағартушылық қызметімен және билігімен белгіленді. Бәйімбет молданың бейіті Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданындағы Құлты әулиенің қасында. Бәйімбет молданың немересі Мәжит Бәйімбетов 12 томдық Қазақ ССР энциклопедиясының Бас редакторының орынбасары болса, келесі немересі Бәйімбетов Әбрек Қазақстан Республикасының алғашқы ихтиолог-ғалымдарының бірі.
ХХ ғасырдың 60-жылдарынан Қазақстанның әр өңіріне лайық балық шаруашылықтарын құру мәселесі биологиялық тұрғыдан дәлелденді, кәсіптік мәні бар аса бағалы балықтар (құбылмалы бахтах, ақ амур, т.б.) жерсіндірілді, барлық балық түрлерінің морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері, коректенуі, паразит фаунасы мен аурулары зерттелді. Осы ғылыми зерттеулерді жүргізген Әбрек Бәйімбетов, т.б. Ихтиолог-ғалым Бәйімбетов Әбректің «Словарь названий рыб Казахстана» (лат., ағылш., русск., қазақ., 1999) атты еңбегі жарыққа шықты.
Құлты әулиенің шөбересі Байсүгірұлы Іскендір молда (1886-1968) үлкен шежіреші әрі ақын болған. Құлты әулиенің келесі шөбересі атасының жолын қуып, дәрігер болады. Ол белгілі ғалым, академик Камал Сәруарұлы Ормантаев.
Ормантаев Камал Сәруарұлы (1936 ж.т.) – хирург, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбегі сіңген ғылым қайраткері. Ол Қазақстанда педиаторлардың, балалар хирургтарының, анестезиолог-реаниматологтарының, ортопед-травматологтарының ғылыми мектебінің негізін қалады. 40-тан астам авторлық куәлігі және 1 патенті бар. Қазақстан Мемлекет сыйлығының иегері, жыл дәрігері номинациясы бойынша «Алтын адам» (2000,2001) сыйлығын алған. «Парасат» орденінің иегері. Бұл дерек Сыр елі Қызылорда облысы энциклопедиясында кездеседі.
Академик Камал Ормантаев Қызылорда қаласының құрметті азаматы [Бақытжан Ахметбектің дерек қоры]. Ал Құлты әулиенің ұрпағы Қараұлы Мақым (1890-1976) Қармақшыда ауылнай болған.
Ал Құлты әулиенің інісі Уәлі биге келсек, Уәлі би Ресей экспансия кесірінен елін сонау Еділ бойынан Ырғыз арқылы Сыр бойына алып келеді. Өзі Кенесары ханды қызу қолдаған адам. Сыр елінде әділдігімен қоса батырға сай тұлғасымен аты шығады. Кейін 1860 жылдары халықтың қамы үшін Қарақұмда құдық қаздыртады. Бұл құдықты Жалағаш пен Қармақшы аудандарының малшылары 1960 жылға дейін қолданып келді. Уәлі бидің он үш балаларының ішінде Әлімбай, Топышбай сері, Байұзақ (Байзақ) деген балаларының есімдері елге кең тараған. Байзақ баба (1868-1943) ел билеген кісі, Қармақшы ауданындағы Байзақ тоғай деген киелі жер, осы кісінің мекені. Қармақшы ауданының алғашқы педагогтарының бірі, Байзақтың баласы Байзақов Ысқақ (1888-1958) Байзақ тоғайында алғашқы мектеп директоры болған.
Уәлі бидің шөбересі Әлімбаев Зинабдин Әлменұлы КСРО-ның еңбек сіңірген мұғалімі. Қармақшыда қырық жылдай мектеп директоры болған. Уәлі бидің келесі шөбересі Байзақов Нурадин Ахметбекұлы (1935-1956), 1956 жылы Венгриядағы бүлікшілік кезінде ерлікпен қаза болады. Қазірде, Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінде Байзақтегі Нұрадин атында көше және мектептің ұйымына Байзақов Нұрадин есімі берілді.
Айдар Алтын руынан Әмзе Сүлейменов деген ақын болған. Бұл кісінің біраз еңбектерінің ішінде, 1956 жылы Венгриядағы бүлікшілікте ерлікпен қаза болған, жандосы әрі етжақын бауыры Байзақов Нұрадинге «Нұрадинге» атты балладасын шығарған.
Уәлі бидің шөбересі 1944 ж.т. Ысқақов Жеңісбек Ысқақұлы 1968 жылдан бері Қызылорда облыстық стоматология емханасын басқарып келген. Қазіргі уақытта «Стомед» тіс емханасын басқарады.
Сәлтеке батырдың бауыры Жәдік палуанның ұрпақтары да халқының жадында қалған. Олар ХІХ ғасырда өмір сүрген Көлдей жырау Сәдірбайұлы, мен ХІХ ғасырдың екінші жартысы, ХХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген Көздібай палуан Базаралыұлы.
Жәдік палуанның ұрпақтарынан діндарлығымен көптеген кісілер шыққан. ХІХ ғасырда Ерниязұлы Абау молда елге діни-ағартушылық қызмет жасаған.1882 жылы Алтын Уәлі би Итенұлы қайтыс болғанда жаназасын осы Абау молда шығарған. Жәдік палуанның ұрпағы Базар молда (бейіті Қармақшы ауданы, Кеңтоғай ауылында), оның балалары Қошым (Қошыммұрат) кәлпе, әулие, Жүсіп қажы, Бейсеммұрат елге мықты діни ұстанымдарымен белгілі еді.
Жәдік палуанның атақты ұрпақтарының бірі Әбдірахманов Жаңалық Ниязұлы (дұрысы Әбдірахманұлы Бақытжан Ахметбектің дерек қорынан) (1935-2004) – ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі. 1990 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры болған. Бұл дерек Сыр елі Қызылорда облысы энциклопедиясында кездеседі.
2012 жылы ақпан айында академик Жаңалық Әбдірахманов есімімен Қызылорда қаласының бір көшесіне есімі берілді.
Жәдік палуанның келесі ұрпағы Орақ жырау Дәнекеров (1941-2001) Қармақшы ауданының жыраулар мектебінің жойылмауына көп үлес қосқан тұлғалы азамат.Орақ жырау Алтын Жұбан жыраудың шәкірті болған.
Енді Сәлтеке батырдың немере бауыры болып келетін Сығай Оразұлының ұрпағы жайлы сөз қозғайық. Бұл кісінің ұрпағынан да елін жаудан қорғаған талай батырлар шыққан. Соның бірі Сығайдың шөбересі Есболат батыр Алматайұлы. ХVІІІ ғасыр қазақ тарихында жаугершілік болған кезең. Осы уақытта Қазақ еліне Құба-қалмақ, Жоңғар, Қытай, Башқұрт, Ресей империясы, Қоқан хандығы, Түркімен және Қырғыз манаптары күш көрсете бастаған. Бірақ дәл осы ХVІІІ ғасырда қазақ жерінен жаулардың бетін қайтарған өңкей батырлар шығады. Кезінде ХІХ ғасырда көрнекті ғалым Шоқан Уалиханов: « ХVІІІ век – это век рыцарства казахского народа» - деп атаған. Яғни, ХVІІІ ғасыр ол батырлар заманы. Сондай –ақ осы ғасырда Есболат батыр Алматайұлы ерлігімен көзге түскен. Өкініштісі Есболат батырдың ұрпағы жайлы мәлімет жоқ.
Сығайдың шөбересі Жақапұлы Шобдар батыр болған кісі. Бұл кісі ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы, ХІХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген. Сығайдың шөпшегі Құрым деген кісі үлкен жылқышы бай болған.Сырдария өзенінің жағасындағы «Құрым шығанағы» деген жер осы кісінің иелігінде болған. Осы кісіден дүниеге Созақбай батыр келеді. Ал інісі Жұрыннан Өтеген батыр тарайды. Бұл кісілер ХІХ ғасырда өмір сүрген. Созақбай батыр Кенесары ханның қозғалысына қатысқан. Сыр бойы батырлары керейіт Нысанбай батыр-жырау Жаманқұлұлымен, табын Бұқарбай батыр Естекбайұлымен, табын Қабан батырмен, және Арқадан келген шұбыртпалы арғын Ағыбай батыр Олжабайұлымен бірге жорықтас болған. 1847 жылы Кенесары хан қырғыздардың қолына түскенде Созақбай батыр, Ағыбай, Бұқарбай, Наурызбай батырлармен бірге құтылып шығады. Бірақ Наурызбай ағасына көмектеспек болып, қырғыздарға қайта жалғыз шабады.Батырлардың айтқанына көңбей кеткен жас Наурызбай ағасымен бірге қаза табады. Кейін бұл оқиғаны керейіт Нысанбай жырау «Кенесары-Наурызбай» жырына қосады. Енді Созақбай батырдың аты керейіт Нысанбай жыраудың «Кенесары-Наурызбай» жырында неге кездеспейді деп ойланасың. Ол мәселе былай болған екен. Кенесары хан қырғыз елінде қаза табады. Созақбай, табын Қабан, табын Бұқарбай, арғын Ағыбай батырлар қазақ еліне қайтады. Керейіт Нысанбай жырау әйгілі жырын шығарады, жолда алтын, күміс, ер-тұрмандарды берген кісілерді жырына қосады. Созақбай батыр ондай заттар бермеген соң, оны Нысанбай жырау жырына кіргізбейді.
Кенесары хан қозғалысынан кейін, Созақбай батыр Сыр бойының ханы Елкейдің (Елікей) қолын басқарған. Созақбай батырдың алты баласы болған. Солардың ішінде Қара ауылнай, Қашақ батыр-мерген болады. Қара ауылнай бәйгеге ат ұстап қосатын ат сыншысы әрі бүркіт ұстап аңға салған аңшы болған. Созақбай батырдың немересі Қодарұлы Әбдіраман Сыр бойына белгілі кісі, колхоз бастығы, ауылсовет председателі, бас агроном болған. Елде ол кісіні «Қызылкөз» Әбдіраман деп атаған.
Ал Сығайдың бесінші ұрпағы Досмамбетұлы Қаһарман ҚССРО Жоғары Кеңесінің депутаты, «ЦИК» мүшесі, Қармақшы ауданынын ауыл шаруашылық басқармасының бастығы болған. Бұл кісі 1937 жылғы бірінші сайлау депутаты болып сайланған тұлғалы азамат. Бұл дерек Қ. Нақыпұлының. Кіші жүз. 12 ата Бай баласы. Алтын шежіресі. Атты кітабында кездеседі. Қазіргі уақытта Созақбай батырдың белгілі ұрпақтарының бірі, қоғам қайраткері, ғалым Әуезхан Әбдіраманұлы Қодаров халыққа кызмет етуде.
Қодар Әуезхан (1958 ж.т.) – мәдениеттанушы, философия ғылымдарының кандидаты, 1994 жылдан Қазақстан халықтарының мәдениетін қорғау жөніндегі «Алтын ғасыр» қоғамдық бірлестігінің президенті. 1999 жылдан «Тамыр» журналының бас редакторы. Әуезхан Қодар республикалық шығармашылық жастар «Жігер» фестивалінің лауреаты. Бүл дерек Сыр елі Қызылорда облысы энциклопедиясында кездеседі.
Созақбай батырдың бейіті Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылынан қырға қарай 100 шақырым жердегі жәй төбеде жерленген. Ал немере бауыры Өтеген батыр Жұрынұлынан ұрпақ жоқ. Тағы бір атап кететін жәйт, Сәлтеке батырдың Сығай бауырынан тараған белді ұрпақтары, Қауменнің балалары Әлібай би мен Далдабай билер Сыр бойына өзіндік ізін қалдырған арда азаматтар. Бұл билер ХІХ ғасырдың екінші жартысы, ХХ ғасырдың басында Жалағаш өңірінде өмір сүрген. Әлібай биді Сыр бойының белгілі ақыны Шоңбай Жұбанұлы:
Әлібай болыс, Тобжан би атанып,
Артылған абыройы, сыйлап халқы, - деп жазады.
Әлібай жасынан еті тірі жігіт атанып, алдымен ауылға, кейін болысқа кандидат, ал 1900-1910 жылдары Қазалы уезіне қарайтын Қармақшы болысын басқарады. Сарықұмдағы Әлібай тамы деген үйдің орны бар. Жұртшылық ол жерді Әлібай тамы деп атайды. Бұл дерек Т. Дайрабайдың . Сыр перзенттері. кітабында кездеседі.
Сыр бойлық Тұрымбет жырау Салқынбайұлы 1911 жылы, Қаратамыр Төребай би қайтыс болғанда айтқан көңілқосында: Алтында Әлібай мен Тобжан қажы,
Солардай халық жақсысы қайғырды көп,- деп Алтын Әлібай мен Алтын бересі з,
Шал: Бекіш, Базар, Топжан, біздер – аяан. 1857 жылдыш дады. Бірал дерек Тобжан билерді атайды
ХІХ ғасырда Сығай Алтын руынан Есеқұлұлы Есір брат ба Тілеуке бидіоса батыран белді идің есімі белгілі болған. Есір бидің өзінің арнайы мөрі болған.
Сығай Алтын руынан елге ақындығымен аты шыққан кісілер аз болмаған. Солардың бірі Мұхамедияр жырау Жабағыұлы (1908-1989). Қазіргі уақытта Қызылорда қаласының маңайындағы Қаракөл ауылында Мұхамедияр жырау атында көше бар.
Жабағиев Мұхамедияр (1908–1989) – жырау. Жасынан ән-жырға құмар болған. Сыр бойы ақындарының өлен-жырларын, термелерін, кейіннен үлкен дастан, қиссаларды жатқа айтқан. Ол «Алтын балық», «Айша қыз», «Шаһизада», «Мағауия», «Әбу Шаһнама» атты қиссаларды жырлаған. Қаңлы Жүсіп, Кете Жүсіп, Даңмұрын, Сейітжан, Тоғжан ақындарды өзіне ұстаз санаған. «Жақсыбайға» атты поэмасы 1944 жылы жарыққа шықты. 1962-63 ж. Зерттеуші ғалымдар М.Жармұхамедов, М. Байділдаев, З.Қариева Жабағиевтің қисса-дастандарын жазып алып, таспаға түсірген. Кейіннен «Көроғлы», «Әзірет Әлі» қиссаларын, Кердері Әбубакір, Балқы Базардың шығармаларын халық арасына кеңінен насихаттаған. Бұл дерек Сырдария (Тереңөзек) ауданы шежіре кітабында кездеседі.
Сығай Алтын руынан біраз қол өнер иелері шыққан. Солардың бірі ХХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген Өтешұлы Әптіхан ұста.Әптіхан темір ұстасы болған. Бұл кісі бір құлақты шиті мылтық жасаған.
ХХ ғасырдың басында Алтын еліне діни-ағартушылық қызметімен тегі Қожа Ахметбек ишан Биқожаұлы келеді. Кейін Алтын елінің арасында діни – ағартушылық қызметімен айналысқан соң Ахметбек ишан, Алтынқожа деп аталып кетеді.
Алтынқожа Биқожаұлы (1886–1943) – діни қызметкер. 19 жасында Өзбекстанның Үргеніш қаласындағы діни оқуға түскен. 14 жылдай оқып, ишан дәрежесін алған. Елге оралып Қармақшының Қызылтам елді мекенінде мешіт ашады. Кіші жүздегі Алтын жаппас руында ислам дінін уағыздайды. 1902 жылы Уфа қаласында өткен Алашордалықтардың ІІ Думасына Қармақшы уезінен делегат болып қатысты.1929 жылы Кеңес органдары дүние-мүлкін кәмпескеліп, Қармақшыдан туған ауылына көшіп келеді. 1937 жылы саяси қуғын-сүргін құрбаны болып, 10 жылға сотталып Ресейге жер аударылды. Бұл дерек Сыр елі Қызылорда облысы энциклопедиясында кездеседі.
Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1946), Қазақстанның еңбегі сіңірген ғылыми қайраткері Кеңесбаев Ісмет Кеңесбайұлы Алтынның Қасқұлынан шыққан.
Академик Кеңесбаевтың көп жылғы зерттеулерінің нәтижесінде «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» (1977, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1978). Кеңесбаевтың басшылығымен «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі (2 томдық, 1959,1961) және «Қазақ орфографиялық сөздігі» (1961), екі томдық «Орысша-қазақша сөздік» (1978,1981) жарыққа шықты. Ғалым бірнеше рет дүниежүзілік түркітанушылар симпозиумдарына қатысып, ғылыми баяндамалар жасады. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978). Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. Бұл дерек Қазақстан ұлттық энциклопедиясының 4 томында кездеседі.
Енді Сәлтеке батырдың атасы Көзала батырмен туысқан Шұңғыр жайлы айтсақ. Шұңғыр қазақ елін қорғаған айтулы батыр. Аталмыш ақын Әлімбай Әлиасқаров Шұңғыр батырды:
Еділбайдан туады Шұңғыр батыр,
Атасы өсиет айтып сырласқан сыр.
Шұңғырдан Алсай, Бұйра – екі бала,
Ер болып аралаған ой мене қыр - деп жырлаған.
Бұл кісі ХVІ ғасырдың екінші жартысы, ХVІІ ғасыдың бірінші жартысында өмір сүрген. Шұңғыр батырдың ұрпақтарынан да елін жаудан қорғаған атақты батырлар шығады. Мысалы, ХVІІІ ғасырда өмір сүрген Сәлтеке батырдың замандасы Барақ батыр Алсайұлы. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген Шұңғыр батырдың ұрпағы Жанай батыр. Шұңғырдың ХІХ ғасырда өмір сүрген ұрпағы Кішкенбай батыр Мажығұлұлы. Кішкенбай батырды Сыр бойының белгілі ақыны Шоңбай Жұбанұлы:
Кішкенбай белді кісі, батыр өткен,
Жайылған атырапқа шығыпдаңқы,
- деп жырласа, Кішкенбай батырды ақын Әлімбай Әлиасқаров:
Жанайдан Бұйра, Маймақ, Мажығұл, Сепен,
Мажығұлдан Кішкенбай батыр екен - деп жырлайды.
Шұңғыр батырдың ұрпағы Қожантай би 1885-1905 жылдары болыстықты басқарса, 1915-1920 жылдары келесі ұрпағы, Байжан басқарған. Бұл дерек Қ.Нақыпұлының. Кіші жүз. 12 ата Бай баласы. Алтын шежіресі кітабында кездеседі.
Шұңғыр батырдың ұрпақтарының ішінде елге жыраулығымен аты шыққан тұлғалар болған. Солардың бірі Жұбан жырау Ақжігітұлы ХХ ғасырдың бірінші жартысында Қармақшы өңірінде өмір сүрген. Алтын Жұбан жыраудың Ысқақ, Ысмайыл деген інілері болған. Ысқақтың Аманкелді деген баласы Қармақшыда тұрады.
Шұңғыр батырдың ұрпағы Мұстафаұлы Жұмабай (1897-1961) – палуан, аңшы, молда болған кісі. Жұмабай палуан 1932 жылы, аштық кезінде Тәжікстан Республикасының Қорғантөбе деген аймағында 1952 жылға дейін тұрған. Осы өлкеде Жұмабай палуан палуандығымен аты шығады. 1952 жылы Жұмабай палуан Өзбекстан Республикасына көшіп келіп, осында қайтыс болады.
Шұңғыр батырдың ұрпақтарынан біраз қол өнер иелері шыққан. Солардың ішінде ХІХ ғасырдың екінші жартысы, ХХ ғасырдың бірінші жартысында атақты Түркей ұста өмір сүрген.
Шұңғыр батырдың ХІХ ғасырдың екінші жартысы, ХХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген аты-шулы ұрпағы шығады - ол Қожбан батыр, хан. Қожбан батыр Жұбанұлы Кеңес үкіметіне қарсы шығып, көтеріліс бастаған. Алдымен бұл көтерілісті 1878-1931 жылдар аралығында өмір сүрген Сәлтеке батырдың ұрпағы, молда Жұмағазы Бәйімбетұлы басқарады. Халық бұл кісіні хан сайлайды. 1930 жылы есіл ер Жұмағазы хан қолға түседі, 1931 жылдың 21 қарашасында атылады. Бұл дерек Сыр елі Қызылорда облысы энциклопедиясында кездеседі.
Сосын Қызылорда облысының Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарының тұрғындары ұйымдасып Қожбан батырды хан сайлайды. Көтерілісшілердің саңы 2000 адамға жетеді. Бірақ, өкінішке орай мұздай қаруланған кеңес әскері көтерілісшілерді қырып тастайды. Қожбан батыр қаза болады. Көтерілісшілердің көбісі Алтын елінен шыққандықтан, бұл көтерілісті Алтын көтерілісі дейді. Көтеріліске шыққан Алтындардың азаматтарын Қызылорда қаласының маңайындағы Қаракөл ауылының жанында атып тастайды. Алтын елінің Қасқұл аталығынан шыққан ағайындарының көбісі осы қырғында жойылады, кейін аштықта қырылады. Одан соң 1941-45 жылдары болған Ұлы Отан соғысында көпшілігі майданнан қайтпайды. Сондықтан Қасқұл ағайындары қазіргі уақытта тым аз.
1991 жылы Алтын баба ұрпақтары Қызылорда облысының, Жалағаш ауданында, Қайыршақты деген жерде бабаларына арнап үлкен ас берді. Бұл ұрпақтардың бабаларына жасаған тағзымы еді. Елім деп еңіреп өткен ардақты бабаларымыздың ұрпақтары ретінде, біз ұлтымыздың тарихын, мәдени құндылықтарын күндіз-түні тынбай жаза беруіміз керек. Кезінде француз оқымыстысы Вольтер:Тарихшыларды жазғандары үшін емес, жазбағандары үшін соттау керек, - деген екен. Сол сияқты қазіргі таңда қазақ елінің тарихын жастардың зердесіне құйып, оны тарих беттеріне жазу аса маңызды.
Қазақтың ұлы ғұламасы Ахмет Байтұрсынов: Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар,
Құлағын біреу салмас, біреу салар.
Теп-тегіс көпке ұнау оңай емес,
Кейіне жарамаса, кейіне жарар, - деген дей, мен де Сыр бойындағы он екі ата Байұлы Алтын руынан шыққан Сыр өңірінің тарихи тұлғалары болған ата-бабалардың есімдерін қазіргі ұрпаққа жеткізуді жөн көрген едім. Өйткені, жастар біздің келешегіміз, заманымыздың болашағы.

Бақытжан Ахметбек,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университеті жанындағы «Қорқыттану»
ғылыми-зерттеу институтының маманы.
8-777-058-76-35
8-777-649-67-34

ымен аты шыжігіт 1941-45 жылдары бол
Токберген
haruah@mail.ru
04-11-12 19:17
Амансыңдарма бауырларым! Руды біліуге деген құштарлық ол текті дамытуға қанды тазартуға керекті аталарымыз меңгерген әлем және ислам ғалымдарының да әлі толық шеше білмеген жан сыры болып табылдады. Негізінен Ақ арыс, Бек арыс, Жан арыс болып бөлінуміздің өзі осы жан ғылымының сипаты болып оны адма аты деп түсінген қателік. Енді мен өзім Алтын руының Шұңғыр аталығынан болымын. Негізгі туған жерім Қызылорда обылысы Жалағаш қыстағы болып, ал әкеміз Ырғыз бойынан келген. Ол жақта да аталар қорымын тауып басына жалпы Дәнен ұрпақтарынан деп білгі қойғанмен әлі ол жердегі аталарымыздың жек-жеке атарын көрсетіп белгі қойп кімнен қандай ұрпақ тарғанын зертеуге аманат алғанмын. Бірақ оған әлі мұрша келмей жатқан жайы бар. Қызылорда обылысында 3-4 адам Алтын-Жаппас аталығын зертеп кітаптар да шығарып сыртай таныс болғанмен әлі бастарымызды қосып бір пәтуға келуге мүмкіндік болмай жатыр. Менің тікелей аруақтар арқылы сұрауға мүмкіндік болып, Алтын дегеніміз Жаппас атамздың қасиетілгінен қойылған аты екніне толық көз жеткіздім. Және Жапас атамыздан шыққан Анмыздың Ақпан батырға тұрмысқа шығып 3-бала туып оның екуі қацта Жапас атлығының ішінен сіңіп кетті деген деректі зертеудемін әлі жауабы аяны толық болмай жатыр. Әзірге бар деректерді айтуға еретерек. Бірақ ол анамызды Алтын апа деп Адайлар атағны растық, тек Алтын өзінше неге ру болып бір атадан бөлініп шықты дегенге Құдай қаласа жуық арда жауабын да алатын шығармыз. Енді Бек арыс бақсылық қасиетермен байланысты болып Қадірқожа атмыздың осындай ерекше қасиеті болған және 12-жерге үй тігіп халықты азықтандырып бастарын қосып отырғандықтан Бай атлып 12-ата байұлы болып таруында да және арда өзге нәсілдерден, рулардан да қосылғандар жеткілікті. Негізнен Ер Дәуіт бабамыздың Тасболат, Оқжезді ұрпақтарынан тарйды деген дерек бар. Ал Шаймерден атамыз бамыздың қасында Сарығаш ауданы Дарбаза ауылынан жақын жерде жерленген. Ол жақтағылар араптан келген қожа деп өздеріне теліп адасып жатқан сыңайлары да бар. Жалпы Қлжа ұғымынан да жуық арда тарихи өзгерістер енгізетініміз хақ. Қожа ұғымы сонау біздің эрамыздан бұрын Ыбырайым пайғамбарымыздың өмір сүрген замандарынан бері келе жатқан Бекарыстық сипат болады. Негізнен 9-арыс бар екенін ислам ғалымдары мойындамай 9-шы арыстан араптардың тарғанынын тек солар қожа деп адасушылықты қалыптастырған.Кіші жүз негізінен бақсылардан тарап қожалар да, төрелерде аталарымыздың болғанын ұмытпаңдар және кімді қожа кімді төре қылу ьек Құдайдың ғана ісі екенін арап танушы діншілеріміздің жадына тоқып алғаны Құранға қарсы пәтуа бермегені өздеріне де тиімді және болашақта мен жазып жатқан жан сырының құпиялары да жоғарғы негізгі шежіренің ақиқаты анықталумен байланысты олардың болашақ ұрпақтар алдында мазаққа айналмағандары екі жаққа да қолайлы болар еді.
ЖаНаС
87754622695@mail.ru
22-10-12 22:52
Ассалаумагалейкум Алтын Агайындар! Мен Омiрзак Жанас Жанбекулы. Шунгыр Алтынмын. Караганды обл. Шахтинск каласы
Асет
aset_95_95_95@mail.ru
07-10-12 18:35
шунгырларды корып куаныватрмын агайындар дружба жиберындер
Nurzhan Khozhamov
mr.n_k12@mail.ru
03-10-12 21:18
salemetsizderme! mende altinmin naktirak aitsam Japalagimin ozim Uzbekstanda tuip ostim kazirgi kezde Kostanai oblisi Rudny kalasinda turip jatirmin!Alizat Bakhitzhan Akhmetbek degen kisinin zertteulerin kaidan karauga boladi?
Жандос Шукирбаев
Altin_001@mail.ru
19-08-12 15:37
Салем! Мен Шукирбаев Жандос Шунгыр Алтынмын Шунгырдын кайсы екенимди билмеймын билетиндериныз Шунгырдан калай орбейтынын жазып жибериуынызди отинем Шукирбаев ЖАНДОС 8775 4622687 Караганды.
Ализат
Seibaev-a
23-05-12 23:49
Жоғарыдағы кейбір кісілердің жазған пікірлерін қарап ойланып қалдым. Ештененің байыбына бармай жатып, тарихты жақсы білетіндей Алтын, Қыпшақтан, Адайдан тағы басқадан тарады деген ангімелеріңді қойыңдар демекпін. Алтын руы біздің мәртебеміз, ол біздің шыққан тегіміз. Мен шежірені жақсы білмеймін, бірақ Бақытжан Ахметбек (ahmetbek_74@mail.ru) деген кісінің зерттеулерін оқып көрініздер. Алтынның қалай тарағаны толық көрсетілген. Сол кісінің зерттеулерін оқысаныздар, Алтындардың тегін халық болмағанына, көздерің жетіп, бос пікірлер жазуды тоқтатарсыңдап деп ойлаймын.....
Ализат
Seibaev-a
23-05-12 21:36
Сәлеметсіздерме бауырлар! Руым Алтын, ангимелерден естуім бойынша Ата - Бабам, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына 1800 жылдың соңына қарай Aстана жақтан қоныс аударған. Үлкен атамның есімі Сейітбай. Сейітбай ауқатты, бай кісі болған, 1917 жылы көтерілісте, Қарақұм деген жерде атылды деген дерек бар. Сейітбайдан, Өрғара, Шекер және менің атам Дауылбай тараған. Дауылбаймен, Шекер Қызылорда облысы, Сырдария ауданына қарасты, қазіргі Қөғалыкөл ауылында дүние салды. Ал Өрғара Ұлы Отан соғысында хабарсыз кетті. МЕНІҢ БІЛГІМ КЕЛЕТІНІ СЕЙІТБАЙДЫҢ ДАУЫЛБАЙ, ӨРҒАРА, ШЕКЕРДЕН БАСҚА, 3-4 БАЛАСЫНАН ХАБАРСЫЗБЫН. СОНЫМЕН ҚАТАР, АЛТЫН РУЫНАН ТАРАЙТЫН, ҚАСҚҰЛ АТАНЫҢ БАЛАЛАРЫ БОЛСА ХАБАРЛАСЫҢЫЗДАРШЫ.....
Бақытжан
аһmетbек_ 74 @ mail.ru
16-08-11 15:30
Мен Айдар Алтын руының Уәлі би Итенұлының шөпшегімін. Уәлі би (1798-1882) Итен мырзаның баласы, Дербісәлінің немересі, Тілеуке бидің шөбересі, Айдардың шөпшегі, Ораздың неменесі, Көзала батырдың ұрпағы.
Жаппас-ата
18-07-11 22:56
Алтындар, алтын деген таңба алған үш орданың біріне кірген ру жоқ, Алтын, ол Жаппас руының ұрпақтары, Алтын деген Жаппас руының қызы алдымен кіші жүздің Байұлы тайпасының Ысық руының баласына тұрмысқа шыққан ол ерлікпен қаза тапқан соң Адай руының Ақпан деген батырына тұрмысқа шыққан, әменгерлікке қайсарлығынан көнбей өзі ру қалыптастырған деген аңыз бар. Сондықтан шежіре бойынша Алтын деген Бай ұлының ішінде ру жоқ, ол Жаппас руының тармағы болып саналады, болмаса Бай ұлының Ысық руы мен Адай руының ұрпақтары болып саналған жөн деймін,№ қалай болғанда да ренжіс болмасын, Он ЕкіАтаБайҰлының балаларысыздар. Бұл Кіші Ордаға жататын ең үш үлкен тайпаның бірі (Бай Ұлы тайпасы, Әлім Ұлы тайпасы, Жеті Ру тайпасы).
Bekzada
beki-kz@mail.ru
16-07-11 10:09
salem altindar!ozim aidar altin bolam.altindardi izdeimin
Ерлан
en88_88@mail.ru
11-09-10 00:45
СЈЛЕМ АЄАЙЫНДАР менде Алтын руынан болам Шўѕєыр
акжанат
akjanat_471
16-03-10 00:33
мен маметек алтынмын. кармакшыданмын. маметек алтын руыныы шежиресинбилгим келеди
Бекжан
bekzhan-a@yandex.ru
31-10-09 08:35
Assalaumagaleikum, agayindar!
Menin ruym Aidar - Altyn, odan Tyleuke bolamyn. Karmakshyda tuyp ostym, 27 mektepte 72-lermen okidim, mektepti bitir almadim byrak dalada bkhalmadym. Khazyr Shyelidemyn.
Bakhtiyar
bakhtiyar89@mail.ru
30-10-09 17:10
Assalaumagaleikum, dostar! Men Kostanai obl. tuganmin, akem Kizilordanin Karmakshi audanonan. Ruim mametek altyn ekenimdi gana bilemin...Altyndar zhaili bilgim-ak keledi...birak kaida?! Endi mine altyndar bar ekenin korip kuanip otirmin.altindar jaili akparat usingan adamga rizashiligimdi bildiremin...
Жанат
Zhanat_8686@mail.ru
29-10-09 14:52
жети атамды толык билгим келеди
Мұхтар
24-09-08 07:50
Алтын төрт аталыққа бөлінеді:
1. Көзала
2. Жапалақ.
3.Шұңғыр
4 Қосқұл

Көзаладан - Сығай, Мәметек, Айдар. Мен өзім Көзаланың Сығайымын

Жан
12-09-07 11:12
өте қуаныштымын, Ержан, сені танып жазып отырмын, сен қазір Қызылорда қаласында болуын керек, менің ініммен бірге бір класста бітіргенің есімде, бүгін ініме хабарынды айтамын.

Ержан
erzhans@list.ru
10-09-07 18:02
Салем. Меніѕ руым маметек алтын. Кармакшыдан боламын. Екі жїз елу їшінші орыс метебінде оќыдым, тоќсан сегізде бітірген болатынмын. Ќўрметті достарым ќармаќшылыќтар, атаќты десятка сексен бірлер хабарласындар. келесі жылы мектеп бітіргенімізге он жыл болады екен, жиналмайымыз ба? Сулеев Ержан.
Ырысбек
Aspirant200683@mail.ru
19-02-07 11:24
+998 90 731 82 51.Өзбекстандык алтынга хабар бериндер агайындарымды Алтындарды Іздеудемін
Ырысбек
Aspirant200683@mail.ru
19-02-07 11:21
Анар сенин туыстарын узбекстанда бар емеспе?
Жанна
16-01-07 13:57
САЛЕМ қызылордалықтар!
менде қармақшылықпын? руым шұңғыр алтын кәзір Астанада қызметтемін. Хабарласып турайық.
Анар - Ғалымжан
30.10.17-30
30-10-06 14:32
Сәлем Ғалымжан.Менің руым айдар алтын.Қармақшылықпын.күйеуім мәметек алтын.12 ата байұлынанмын.Уәлі би дегенді естуің бар ма.Сол кісінің немересімін.Егер хабарлассаң болады.
Н±р
22-08-06 14:26
Ѓалым, Ќ±ралай бауырларым ќалайсындар. Меніњ руым мєметек алтын, шыќќан жерім Ќармакшы, Садовый кµшесінде т±рѓам. Ќазір Астанадамын. Хабарласындар!
Куралай
kura91@bk.ru
20-07-06 23:44
Сәлем Ғалым! Мен Шұнғыр Алтынмын! Мен Қызылордада жүрмін және осында шоғырланғанбыз! Мен қалада туып өскенмін! Сенде Алтын шығарсың. Сау бол бауырым!
алтынай
altynai.d.y@mail.ru
15-04-06 11:54
меніњ мамам Алматшаева Куляш руы мєметек алтын, наѓашы атамныњ есімі Алматша, наѓашы аѓаларым Жанабаев Сабит, Алматшаев Саруар



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов