Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Мәдениет, өнер, дәстүр, әдебиет, БАҚ
Тақырып: Отбасы туралы маќалдар


Авторы Xабарлама
Нуржан
NmdNurzhan@mail.ru
07-09-08 12:12
¤тінемін отбасы туралы маќал мєтелдер білсењіздер осы почтаѓа жазып жіберіњізші.Рахмет!

Авторы Жауап
Жұлдыз
zhulduzka-star.@.mail.ru.
02-12-15 16:30
Ата-бәйтерек
Бала-жапырақ
Айнур
nurakhmetova2006@mail.ru
24-04-15 14:01

Анаңа ауыр сөз айтпа,Атаңа ауыр жүк артпа.
Айнур
nurakhmetova2006@mail.ru
24-04-15 13:44
Атанын конили балада,
Баланын конили далада.
Медет
medet87_87@inbox.ru
02-12-14 19:24
конак келсе есиктен\
\ несибе келер тесиктен.\
\ \
\ котергенин курсин\
\ котиме колин тиккан сон.\
\ \
\ коршин сокыр болса\
\ козинди кысып кара\
\ \
\
Айтгул
Айтгул
26-10-14 15:29
Отан отбасыдан басталады
кайрат
асильбеков
17-09-14 07:12
кайда жок кой
ramazan
shazadaev.ramazan@mail.ru
19-02-14 15:25
күшті екен
жансая
i_love.24
14-02-14 16:49
кайда ози макал мәтел ааааа айтындаршы
Оразхан
orazhan_kzo.com@mail.ru
19-01-14 11:18
отбасы ошак касы эссе керек еді

Багдаулет
Shaker_01@mail.ru
10-01-14 18:04
Улкендер туралы макал тауып бериндерши отиниш
Жазира
zhazira_j__96 @mail.ru
25-12-13 22:15
от басы туралы накыл сөздер тауып беріндерші
аружан
aru_zhan0310.@mail.ru
18-12-13 16:03
өтінемін отбасы туралы мақал айтындаршы
малика
bekenova
12-12-13 17:54
сендер өте жақсы мақалдар жазыпсыңдар сәттілік тілеймн
мая
maika_98.05@mail.ru
31-10-13 15:15
берік отбасы-есірткіден алыс тақырыбында шығарма...
aru.bulekova
aru.bulekova
23-10-13 23:01
маган отбасы туралы макалдар керек отинем издеп бериндерши

нурик
11-10-13 18:27
адам коркі туралы эссе барма?
Сая
s.zhanbirxanovaa
19-09-13 20:44
Өмір дегеніміз- тіршілік қой,бір Алланың бұйрығымен барлық істер болады, осы әлем жүзінде.Тіршілік болған соң, өмір деген жалғасып тұрады.Адамзаттың өмірін жалғастырып тұратын ұрпақ (балалары).Әр адам үйленуге, отбасы-жанұялық құруға тиіс. Тіпті үйленген соң отбасында балашаға болмаса, ол жанұядай саналмайды.Бұл насихат сөздерін бізге пайғамбарымыз Мухаммед хадистерінде өсиеттей айтқан. Егерде бізде Жаратушы жер бетіне бейнеттерді мол көрсін деп жаратса, бұйрығымен бір перзент, я болмаса оншақты бұйыртса, туысынан өсіріп-өндіріп адам болуының қалпына жеткізетін пенделерге уажиб (борыш). «Жаңа Айқапқа» жазып отырғаным жаңа заман-ғасырдың жасөспірімдерге өнеге-үлгі болсын деп, атамұра болсын дегенім.
Сая
s.zhanbirxanovaa
19-09-13 20:39
Отбасы туралы макал мәтел кереек\\
Ықылас
ikyllas.01
10-09-13 09:46
адам болатын бала алыс0а карайды
Акжан
Akzhan_01.11@mail.ru
10-09-13 09:03
Отбасы туралы макал мател керек! Отинем тауып бериндерши!
диляра
dilyara052002
09-09-13 07:37
адам баласы өмірде бәрн де көреді. бірақ отбасының жылу махабатын кеибіреуі көре алады, кеибіреуі көре алмаиды мен сондаи балаларға жаным ашиды . отбасы өнегелі мәдениеті болуы тиіс. отбасының отағасы отанасы және балалары балуы тиіс.
назерке
guldana1232002
08-09-13 14:39
отбасы турылы макал тауып бер
Бахиова Айжан
jan_k.127@mail.ru
10-05-13 17:56
Улт болам десен бесигинди тузе

Бахиова Айжан
jan_k.127@mail.ru
10-05-13 17:52
Кызды анадан уйренбей,онеге алмас
Улы атадан уйренбей,сапар шекпес
Анелия
anelka.aneliya@mail.ru
28-04-13 20:11
анаңды меккеге 3 арқалап апарсаң да қарызын өтей алмайсың
ГУЛЗИРА
ГУЛЗИРА
23-04-13 20:53
БАС КЕСПЕК БАР, ТІЛ КЕСПЕК ЖОК
Аида
1991_aida@mail.ru
07-03-13 11:38
Өтінем 8-наурызда макал мәтел накыл сөздер пайдаланып адеми тост айтсам ба деп ем комектесиниздерши
адилжан
04-03-13 16:11
маган отбасы туралы мкал мател керек
жансая
Жансая2004гмайл. с
21-02-13 08:11
ата-ана АКЕге карап - ул осер анага карап -кыз осер
Меруерт
meruert_amangeldi
08-02-13 13:29
Сіз, біз деген жылы сөз,
ағайынға жарасар
5858
5858,ля
02-02-13 10:20
Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.
Ата-асқар тау,
Ана – бауырдағы бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ – деп ата-ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың.
Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.
2006 жыл – Қазақстан Республикасында Отбасы жылы болып жарияланды. Осыған орай С.Бегалин атындағы Мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы, назарларыңызға «Отбасы – тіршіліктің тірегі...» атты әдістеме – библиографиялық жинағын ұсынады.
Құрал – мұғалімдер мен оқушыларға ғана емес, ұрпақ өсірер, оның келешегін ойлар иісі қазаққа арналып жазылған деп ойлаймын.
ОТБАСЫ – ОТАНЫМЫЗДЫҢ ОШАҒЫ

Отбасында адам бойындағы асыл
қасиеттер жарқырай көрініп,қалыптасады.
Отанға деген ыстық сезім – жақындарына,
туған-туысқандарына деген
сүйіспеншіліктен басталады.
Н.Ә.Назарбаев

Көшпелі және рулық-тайпалық негізде құрылған халықтарда туыстық байланыстар қоғамдық қарым-қатынастың негізін қалайды. Рулас ағайын, туыс, жақын туыс, аталас, бір ата баласы, бір әке баласы арасында туыстық байланыстан туындайтын парыз бен қарыз міндеттер өте көп. Олар қазақтың ғұрыптық заң-салттарымен бекітілген.
Отбасында негізгі туыстық қатынас - ерлер жағымен есептелген. Сонымен қатар әйел жағымен де туыстық байланыстардың атаулары бар. Қыздан туған балаларды жиен деп атап, балалар үшін шешесінің туыстары нағашы, нағашы жұрт деп аталды. Қазақ салты бойынша жиенді ренжітуге болмайды, сұрағанын беріп, көңілін жықпауға тырысқан.
Жалпы алғанда, қазақтың туыстық қатынас атаулары 90ға жетеді.
Көнекөз шежіреші қариялар бір атадан келесі атаның баласын, туыстық тармақтарды еш қиналмастан-ақ тарқата береді. Осылайша, тарихи оқиғалар, аңыз-әңгімелер атадан балаға жалғастырылады.
Туыстық жүйенің ең негізі, бел ортасы - отбасы саналады. Барлық алыс-жақын туыстық – осы отбасынан есептеледі.
Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, бала.
Аталар мен апалар ауыл-аймақ, ағайын арасының берекесі, ақылшысы болып келеді. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый-құрметке бөленген. Өйткені, үлкенді сыйлауды қадір тұтқан қазақ салты бойынша көргені мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибесі мол адамның сыйға бөленуі заңды құбылыс деп танылған. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау көргенділік деп есептеледі.
Дәстүрлі қоғамда ата-апаның тәрбиесін көрмей өскен бала болмаған. Ата-апалар жыр, дастан, ертегі айтып немере-шөберелерін рухани байытып тәрбиелеп отырған.
Қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша тұңғыш немересін атасы мен апасы өз қолына алып, немере ыстық болғандықтан балаларынан да артық көріп, тәрбиелеген. Тұңғыш немерелер ата-апасын өз әке-шешесіндей санап, туған әке-шешесін тек қана өскеннен кейін де танып жатады. Кейде тұңғыш немересі кенже ұлының орнына, атасының қара шаңырағына ие болып та қалатын жәйт кездеседі.
Әке - әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен апалардың орны ерекше.
Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті.
Қара шаңырақ, үлкен үй деп атайтын әкенің үйіне болашақта кенже ұл ие болып, қарттарды бағып-қағатын, көне салт бүгінгі қазақ отбасыларында да сақталған. Ал үлкендері үйленіп үй болысымен еншілерін алып, бөлек шыққан. Жасы кіші болса да кенже иеленген үлкен үй басқа жасы үлкен туыстары үшін де қадірлі, қасиетті үй ретінде саналған.
Қазақ қоғамындағы әйелдердің орны жайлы әңгімелегенде, Орта Азияны мекендеген басқа халықтардың әйелдерімен салыстырғанда қазақ қыздары мен әйелдерінің анағұрлым еркін болғанын айтқан жөн. Олар жүздерін жамылғылармен бүркемей, ашық өмір сүрген. Дегенмен, қазақ әйелдері үшін басты міндет – отбасы беріктігін сақтау, бала тәрбиелеу, ерлерін барынша сыйлау, рухани қолдау көрсету болып табылады.
Түйгені көп шешесі қызымен, келінімен өмір тәжірибелерін бөлісіп, болашақ үлкен өмірге дайындайды. Туыс ағыйындардың әйелдері – абысындардың қарым-қатынасы өзара көмек пен түсіністікке, берекеге құрылады. Сондықтан да, «Абысын тату болса, ас көп, ағайын тату болса, ат көп», - деген.
Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: « Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой», - деп мадақтайды.
«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. Шығармашылықта, ақындықта танылған жас баланың тәрбиесіне аса назар аударылған. Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында жиі кездесетін дәстүр. Билік, батырлық, әншілік, серілік, мергендік, аңшылық, зергерлік сияқты ата-баба өнерін жеті атасына дейін жалғастырған әулеттер қазір де баршылық.
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейтін қазақ қыз балаларының тәрбиесіне аса үлкен назар аударды. Кәмелетке толғанға дейін бойжеткен болашақ отбасы өмірінің басты міндеттерінен сабақ алды. Ол ерінің адал жары, ана болу, отбасы беріктігін сақтаушы қызметіне, шаруашылықтың барлық жақтарын игеріп жүргізуге, қонақты лайықты қарсы алуға, туыстарын сыйлап қадірлеуге дайындық тәрбиесі. Көргенді отбасылары қыз баланы «қонақ» деп мәпелеп, қадірлеп өсірген. Қыз баланың тәрбиесіне ең бірінші анасы жауапты болған. Сондықтан қазақ «Шешесіне қарап қызын ал» – деген.
Ұзатылып келген қалыңдық үйлену тойының ертеңінде бүкіл ру, әулет, ауылға келін болып саналады. Өзі аттаған босағасының, рудың адамы санатына қосылып кетеді.
Қазақ жақсы келінді қызынан кем көрмеген.
Қазақ дәстүрінде үлкеннің атын атамай, тіріде өзін, өлгенде аруағын құрметтеу - жақсы келіннің әдептілігі мен тәрбиелілігінің айғағы.
Тұрмыстағы көргені мен түйгені, ақылдылығы, парасатты келінді есейе келе, ауыл-үй құлақ салып ақылдасатын ана дәрежесіне көтереді.
Қызына құда түсіп, айттырған күннен бастап жігіт қыз ауылы үшін күйеу атанып кете барады. Күйеу қайын жұртында төрге шықпайды, оған сыбағалы асы деп асықты жілік пен төс тартылады.
Әрине, жасы егделеген сайын, күйеудің әлеуметтік мәртебесі де жоғарылайтыны белгілі. «Күйеу қартайса құда болады», сөзі осы уақыт аралығында күйеу жақтан әлденеше қыз алысып, қыз беріскендігін, күйеудің де беделді адам бола бастағандығын айғақтаса керек. Қазақтың «Күйеуді қызым үшін сыйлаймын» деген сөзінде де үлкен мән бар.
Әуезов М. Абай жолы: Бұл романда жазушы Құнанбайды асқан сүйіспеншілікпен жетер жеріне жеткізе суреттейді. Құнанбай Абайға әке ғана емес, заманның үлкен қайраткері, әрі үлкен тұлғасы. Ал, Абай ойы, Абай даналығы, Абай тереңдігі – тазадан тазалыққа, биіктен биіктерге шақырар жанның жарық жұлдызына айналған. Мұндай эпопеяны халқын шын сүйген адам ғана жаза алады. Бұл эпопеясы болмаса қазақ өмірі, оның кім екендігі дәл сондай құдіреттілікпен дүниеге танылмас еді. « Абай жолы» халқымыздың ақыл – ойын биікке көтерген, әрбір отбасының сүйіп оқитын, тәлім-тәрбие алатын туындысы болды.

ОТБАСЫНЫҢ БЕРЕКЕСІ – ИМАНДЫЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ...

Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш, қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған.
Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай көрегенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың, Имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған.
Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты «көргенді» деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды «иманды» деп атаған. Мұсылмандық дүниетаным бойынша Имандылық иманнан пайда болады. Ал иман – жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни Имандылық. Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен Имандылыққа уағыздау деп саналған. Ең соңғы пайғамбар Мұхаммед «Мен ең ғажап көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім»,- деуі арқылы әлемдегі тәлім-тәрбие мен имандылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсеткен, Имандылыққа өзі бірінші үлгі болған делінеді. Алла тағала адамды иман мен имандылық үшін жаратқан, сондықтан: «Алланың мінезінен үлгі-өнеге алыңдар» (Мұхаммед пайғамбар),- деп уағыздалады. Имандылықтың негізін мұсылмандар Құранда деп біледі. Құран Кәрімнен ең көп үлгі алған Мұхаммед пайғамбардың мінезі жайлы Хазіреті Айша: «Оның мінезі - Құран»,- деп жауап берген. Ізгі істер діни ұғым бойынша Имандылық болып табылады. Қазіргі зайырлы өркениетті қоғамда имандылық – аса қастерлі, биік адамшылық қасиет ретінде ұсынылады.
Шәкәрім Құдайбердіұлының Иманым атты жинағында жаратылыс жұмбағы, Алла мен адам қарым-қатынасы, иман жайлы жазған туындылары қамтылған. Ой бастауы Құран Кәрімнен құйылар Шәкәрімнің сыр сөздері бүгінгі қоғамның тынысымен үндес екендігі даусыз. Қазақ қауымының ғана емес, жалпы адамзат баласының рухани қазынасы үшін өлмес өсиет қалдырған Шәкәрім бабамыздың асыл мағыналы сыр сөздерінің жылдар өткен сайын жаңғыратыны шындыққа айналып отыр. Сондықтан да «иманына қазақтың талапты жастарын таныс қылмақ үшін Шәкәрім бұл жинағында»:
«Қырықтан соңғы қырымды,
Сынамақ болсаң түрімді,
Көрейін десең нұрымды,
Жи-дағы оқы жырымды»,
немесе
Қырықтан соңғы иманым,
Отыз жылдай жиғаным,
Көп ғалымның сөзінің
Ақылға алдым сыйғанын,-
деген екен.
Г.Сандыбаеваның «Иманды қыз, сүйікті жар, аяулы ана» кітапшасында мұсылман қыздары үшін ғибраты мол хадис тағылымдары сөз етіледі. Сыры мол хадистердің құпия астарын талдап түсіндіріп, салиқалы оқырманға исламның інжу – маржанын шашады. Ислам өнегесінен тәлім алуға асыққан, имандылықты жаны қалайтын қыздарға арналған.
«Ислам шариғатын ұстанумен молда болармын» деген қате көзқарастан аулақ болу керек. Дін – деген сенім. Алла тағаланың Жаратушы күш екеніне, Құран Кәрім мұсылман қауымның Конституциясы екеніне сеніп, амал қылған дұрыс.
Имандылыққа қарама-қарсы жағымсыз сипат – имансыздық.
Қоғамның қуат тірегі – отбасы. Сол отбасының бекем болуы көбіне әйел адамдарға байланысты. Алайда әйелдер хұқығы исламға дейін мүлдем адам төзгісіз еді. Арабтар әйел затының ар-намысын қорлап, қажет десеңіз қыздарын тірідей жерге көмді: әйелдер хұқығы тек арабтарда ғана емес, бүкіл дүние жүзі халықтары арасында мәз болмай, ар-намысы тапталып жатты.
Үнділерде әйелдер мүлік қатарында қаралып, ерлерінің жеке меншігі саналды. Сати заңы бойынша өлген ерімен бірге әйелі де өртенген. Мұндай өлім қасиетті, еріне шын берілу тұрғысында саналғанымен кімнің өлгісі келеді? Сөйтсе де оларды күштеп өртеп отырған. Оның үстіне жесір қалған әйелдерге тұрмыс құруға тиым салу заңы тағы болды. Осындай тағылық заң тек ХІХ ғасырдың ортасында ғана күшін жойды.
Басқа елдерде, мысалы, Жапонияда әйелдерге көпшілік табынатын орындарда табынуға тиым салынған. Қытайда да шіркеуге әйелдерді енгізбеген: Рим Заңы бойынша әйел еріне басыбайлы болып, өзіне тиісті дүние-мүлікке де ие бола алмаған. Сол секілді өзіне бала да асырап ала алмаған.
Ислам діні ерлер мен әйелдерді теңестіріп, бірдей құқық берді. Әйелдер еркін дем алып, өзінің қасиетті борышы аналық парыздарын еркін атқаруға мүмкіндік алды. Ислам әйелдерге құрметпен қарауға үндеді. Тірідей қыздарын көметін тағылық қағиданы жойды. Кімде-кім үш қыз бала тәрбиелеп өсірсе, ол жәннатқа кіреді деп есептейді. Мұндай көзқарас әлбетте, әлемде тыныштық пен берекет, бақыт болып, ұрпақтың жалғасуына, адамзаттың өсіп-өркендеуіне игі әсер етті. Құранда ерлер мен әйелдер тек тең құқықты ғана емес, бірін-бірі толықтырып, кемелдендіріп отыратын жаратылыстар. Иманды ерлер мен иманды әйелдер бірдей мейір-шапағатқа ие болады.
Ислам діні отбасының бұзылмауына ерекше мән береді, шаңырақ шайқалмауын көздейді. Сондықтан шариғат заңында неке мәселесі ерекше орын алады. Өйткені кішкентай сол отбасынан қоғам құрылады. Отбасы нық, әрі тату болса, қоғамда да жайлы тұрмыс орнайды. Ер мен әйел адамзаттың ұрпақ тарататын негізгі факторы. Олар бір-бірінсіз өмір сүретін болса, ұрпақ жалғаспай, тоқырауға ұшырайды. Жер бетіндегі тіршілік жоғалып, өшіп-сөнеді. Рухани тұрғыдан бұл екеуі бір-бірінен ажырағысыз, туысқан. «Ердің де өзіне тән тиісті міндеттері, әйелдердің де өзіне тиісті міндеттері бар. Міне, осы тиісті міндеттерін дұрыс бөліп атқарса, онда қуаныш та, өмір мәні де толық болады»,- делінген Құранда.
Исламның қағида-ережелері, қазақ халқының қағида-ережелерімен астарласып, қабысып кеткен, әрі ұзақ жылдар бойы өмірде қолданылып келген. Өз ата бабаларымыз екі етпей орындаған, әрі заңдарына айналдырған осынау қағида-ережелерді есте ұстаған ләзім.
Жас ұрпаққа мұсылмандық қағидаларын таныстырып түсіндіру әрі парыз, әрі сауабы мол іс. Міне, белгілі шығыстанушы М.Өсерұлының «Мұсылмандық қағидалары» кітапшасында мұсылмандықтың қағида – ережелері қарапайым да әсерлі түрде жан – жақты әңгімеленеді.
Ал, «Құран хикаялары» атты кітапта пайғамбарлар өмірбаянына, дін тарихына байланысты сан алуан оқиғалар іріктеліп алынған.
Ислам дінінің негізгі мәліметтеріне қоса, бұл кітаптың танымдық, тәрбие
Айдана
aidanavip@inbox.ru
13-12-12 17:48
Cалеметсиздер ме! Калайсыздар???
Ailana
asemai4@,ail.ru
10-10-12 12:40
әйел коркі- шүберек
террорист
zhako_boy@bk.ru
08-09-12 20:45
кыздар дружба жиберин
ERBOL
music.kz_90@mail.ru
23-05-12 14:02
Отпейтiн омiр жоk!..сынбайтын темiр жоk!..бугiнгi kунiн ертен жоk!.
ERBOL
music.kz_90@mail.ru
23-05-12 14:02
Балалыk оттi дегенше..жiгiттik жеттi десеншi.
ERBOL
music.kz_90@mail.ru
23-05-12 13:58
Kушаkkа симаган..kиялга сияды!..
ERBOL
music.kz_90@mail.ru
23-05-12 13:55
Ата ананнын созiн жерге тастама!..байып алсан менмендikkе бастама!..
ERBOL
music.kz_90@mail.ru
23-05-12 13:54
Ерiншеkтiн ертенi бiтпес!..женiлтеkтiн селтенi бiтпес!..
ERBOL
music.kz_90@mail.ru
23-05-12 13:53
Асты kелiн-аналы kелiн!
ERBOL
music.kz_90@mail.ru
23-05-12 13:52
.Белгiсi болса..жолдан жанылмас!..бiлiмi болса..созден жанылмас!..
ERBOL
music.kz_90@mail.ru
23-05-12 13:49
Kоп аkылды жиналса..kиын iстi бiтiрер!,kоп аkымаk жиналса..онай iстi булдiрер!..
аружан
aruzhan_tastybai@mail.ru
19-05-12 05:09
адамды асыл қылған асыл еңбек

басқа жерден қара бұлтты коргенше өз жеріңнен қара бұлтты көр
Альбина
Albi_15
10-05-12 11:01
Қылышынан қан тамған батырды,
Тілінен бал тамған ақын алады.
DiNaRa
janymsol_dinara_96@inbox.ru
01-05-12 18:19
otan-kuat otbasi-wuak
esin barda elndi tap
Ануар 11 жас
anuar_agent-007@mail.ru
24-04-12 20:46
енбекшiнiн наны татi,енбексiздiн жаны татты
Ануар 11 жас
anua_agent-007@mail.ru
24-04-12 20:44
енбекшiнiн наны татi,енбексiздiн жаны татты.
акниет
akniet.uskenova
23-04-12 14:56
Еркектін ақылы көзінде
Әйелдің ақылы сөзіңде

Ер адам ақыл иесі
Әйел адам сезім иесі
aian
Ayan...98
06-04-12 21:19
nuuuuu raxmet
Айдос
dosya-2@mail.ru
05-04-12 22:04
үлкенге құрмет, кішіге ізет
ЕРАСЫЛ
adilov_era_kz@mail.ru
04-04-12 08:37
отбасы туралы мақал
beka
bekabeka_kz
14-03-12 08:59
atana ne istese aldina sol keler
ALISHER
ALISHER-02KZ
12-03-12 20:32
JETI ATASYN BILMEGEN JETESIZ
Руслан
1989ruslan email.ru
12-03-12 18:55
макалдар отбасы туралы
Мади
04-03-12 06:41
ат басына кун туса ауыздыгымен су ышеды
ер басына кун туса етыгымен су кешеды

Мади
04-03-12 06:37
аккуды атпа досынды сатпа
gulden
Gulya_20_00
03-03-12 21:00
кормес түйеніде көрмес
адина
01-03-12 08:41
онер алды кезыл тил
Гулжан
guzi_0028@mail.ru
23-02-12 19:10
usteu bar makaldar aitindarsh
Әнел
anelya.myrzageldieva@mail.ru
18-02-12 16:50
100сомын болганша 100досын болсын

Отансыз адам
Ормансыз бұлбұл

Оқу білім бұлағы
Білім өмір шырағы
Ерсұлтан
ersultan-2004
17-02-12 07:36
окы окы және окы
Ерсұлтан
ersultan-2004
17-02-12 07:33
отан-қуат,
отбасы-шуақ.
Ерсұлтан
ersultan-2004
16-02-12 18:34
ел мен жер егиз

Асхат
askhat.nurhanov.96
16-02-12 18:24
Алыстагы душпаннан
Андып журген дос жаман
асхат
ashat.00_00kz
14-02-12 18:55
тас тубі лас,жау тубі кас
Аника
anar.b.96
13-02-12 15:17
Өнерлі ердің өрісі кең
Dio
айтпаим
08-02-12 19:07
Оку- инемен кудык казгандай
Асылхан
Asylhan_92.kz@mail.ru
26-12-11 17:36
Отан отбасынынаң басталады.

Ағасы бардың жағасы бар,
інісі бардың тынысы бар.

Жетi атасын бiлмеген,
Жетiмдiктiң салдары.

Алты жасар бала атқа мiнсе
Алпыстағы шал алдынан шығар
раушан
raushan-0272
06-12-11 21:41
жаксы адам жан-жагына кун шашып журеди жаман адам жан -жагина кул шашып журеди, шектеп ишсен шарап ажарын шелектеп ишсен -ажалын жаман ерден жайдагы жакси жаман катыннан бойдагы жаксы
раушан
raushan-0272
06-12-11 21:29
ери айелин сыйласа-ердин бакыт тапканы ерин ели сыйласа -айел бакыт тапканы

Маруфжан
mister.max_2000
03-12-11 18:46
туған үйдің түтіні жылы. Анасын танымаған, АЛЛАСЫН танымас!
Данагуль
Dana996-96
01-12-11 19:23
Балалы үй-базар
Баласыз үй-қу мазар
Данагуль
Dana996-96
01-12-11 19:20
он үш отау иесі
кайырбек
mendigaliev01
29-11-11 07:28
Отан отбасынан басталады
дина
dina_06_01@mail.ru
19-11-11 11:39
маган авторизация жибериндерши dina_06_01@mail.ru
диана
t.diana_00@mail.ru
17-11-11 17:07
ер қазынасы -жүрген із
ел қазынасы -көне көз
тіл қазынасы -ескі сөз
индира
kabdollaeva.indira
14-11-11 17:49
аспанда быр ана бар
маны толган балалар (фй мен жулдыз)

ушып журген гул кордым
конганда устап улгердым ( Кобелек )
индира
kabdollaeva.indira
14-11-11 17:43
онер алды -кызыл тыл.

соз атасы-кулак
жол атасы-туяк
су атасы--булак
Кішкентай қыз
m_31.96@mail.ru
06-11-11 17:29
azilin jarassa
atanmen oina
АкЖоЛ
01-11-11 16:46
досы жок адам,тузы жок адам!
100 тенген болганша,100 досын болсы!
Аида
aida_98_33.46
21-10-11 19:50
Ас атасы - НАН дейді,
Сөз атасы - ШАЛ дейді

Дастан
n.dastan.83
12-10-11 20:02
Құлағыңдағы алтыныңды қайтеиін, алтын созді ұқпасаң*

Жұмыс қылсаң ниетті, жүк көтерген нардай бол
Ақыл айтсаң жастарга, 100 жасаған шалдай бол

Әсел
assel_27.03.89@mail.ru
02-10-11 20:39
Маған ата және әже туралы мақал-мәтелдер керек еді, тез арада.
Аружан
07-04-11 21:20
Қарға тамырды қазақпыз.

Сұраса келе қарын бөле болып шығамыз.


Өз жұрттың - күншіл,

Нағашы жұрттың – сыншыл,

Қайың жұрттың міншіл келеді.


Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.


Немере етін жеп, сүйегін қалдырады.


Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату.


Еркек сергек ұйықтаса, ырыс бітеді,

Әйел сергек ұйықтаса, жұмыс бітеді.


Ағасы бардың жағасы бар,

Інісі бардың тынысы бар.


Ұлың өссе, ұлы жақсы мен ауылдас бол

Қызың өссе,қызы жақсымен ауылдас бол.


Ағаның үйі – ақ жайлау.


Қонақ асына емес қабақ – қасыңа риза.


Қонақ жаман болса, үй иесі қалдырады,

Үй иесі жаман болса, қонақ қыдырады.


Келінің жаман болса, ұлыңнан көр.

Күйеуің жаман болса, қызыңнан көр.

Kadyrbek
kocmoc9393@mail.ru
27-03-11 17:26
dosy kopti jau almaidy, akyly kopti dau almaidy!
Лиман
liman.k@mail.ru
11-03-11 08:08
Балалы үй базар.
Балалы үйде ұрлық жатпайды.
ГУЛДАНА
a-guldana_92
16-02-11 17:38
Жақсы әйел жаман еркекті ер қылады,
Жаман еркек жақсы әйелді жер қылады.
ГУЛДАНА
a-guldana_92
16-02-11 17:35
Жылайын деген бала әкесінің сақалымен ойнайды.
ГУЛДАНА
a-guldana_92
16-02-11 17:33
Тіріде сыйласпаған,
өліде жыласпайды.
ГУЛДАНА
a-guldana_92
16-02-11 17:30
Жыласуға көз жақсы,
Сыйласуға жат жақысы.
айганым
айко.97-11
28-01-11 20:10
аккуды атпа досынды сатпа
Айтпаймын
aitam2030jili@mail.ru
12-05-10 19:49
Салтаны берсен шалга бер котагымен ойнасын!деген екен алдар косешка!ахахахаСалта ренжіме мал боласын ренжісен !КУП!!!
Малик
abdi_malik
22-04-10 18:22
Котыр атка сокыр ат,Байтал шауып байге алмас,Аузы кисык болса да байдын кызы сойлесин,Кулап жатып сурингенге кулме,
Ғалия
karkara_64
10-03-10 13:07
отбасыңды сақта
Асель
orazalieva_asel@mail.ru
17-02-10 08:28
Досыңмен көп сөйлеспе
Жолынан қалдырасың
Дұшпаныңмен көп сөйлеспе
Сырыңды алдырасың
гаухар
gauhar_98_98@mail.ru
12-02-10 21:20
дос жылатып айтады,
дұшпан күлдіріп айтады
Газиза
gazek98@mail.ru
03-02-10 18:05
отан -отбасынан басталады.
асыл
asyl-9696
25-01-10 20:41
Дос жылатып айтады
Дұшпан күлдіріп айтады
абылайхан
aboka_b@mail.ru
08-12-09 08:21
кимде дос туралы макал бар
Карлыгаш
karlo95_95@mail.ru
23-09-09 21:56
Оқы, оқы және оқы,
Оқымасаң маған похы.
Anargul
nurzgan79
12-09-09 18:26
бАЛАЛЫ ҮЙ БАЗАР, БАЛАСЫЗ ҮЙ ҚУ МАЗАР.
ұЯДА НЕ КӨРСЕҢ, ҰШҚАНДА СОНЫ ІЛЕРСІҢ.
1230099
123099
14-03-09 16:38
инемен оку қазғандай

АСТАНА
altyn.kz
04-03-09 09:13
Қонақ қойдан да жуас,
Май берсең де жей береді.
салта
сф
23-02-09 08:16
өнер алды бірлік,
ырыс алды тірлік.

асау
12-01-09 13:08
қонақ бір күн қонса құт, екі күн қонса жұт. Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.
дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатын айтады. Жүз теңгең болғанша жүз досың болсын.



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов