Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Шежipe
Тақырып: Найман-Кыржы.


Авторы Xабарлама
Ануар
Anuar_Uka@mail.ru
09-11-08 17:12
Найман-Кешу-Кыржы.Хабарласындар!

Авторы Жауап
дархан
dora2000@mail.ru
21-12-17 18:51
байжұма дәмекті таныйсыздар ма?
Арайлым
araika2012@list.ru
12-03-17 11:45
Мен де Қыржымын, бірақ кімнен тараған екенімді білмеймін. Аягөз өңірінен боламын шешем Тарбағатайдікі, әкем ақши ауылынан
Жансая
jan_m95_zsn@mail.ru
10-01-17 16:23
Менде Баубек Кыржымын!
НАЗАРХАН АЛИЖАНОВ
28-05-16 19:08
Халық емшілерінің тәжірибесінен Қазақ даласында дәрілік өсімдіктерді жетік білген, онымен малды да, адамды да емдеп, жаза алған атақты тәуіптер болған. Солардың бірі – Найманның Қыржы руынан шыққан Ырғызбай емші Досқанұлы. Ол кезінде ұлы Абайдың әкесі Құнанбай қажыны дәрілік өсімдіктер-мен емдеп жазады. Халық емшісі 1787 жылы Тарбағатай өңірінде дүниеге келіп, 1850 жылы «Мыңжылқы» құдығына таяу маңдағы күзеуде қайтыс болады. Ырғызекең бала жасынан емдік шөптерге үйір болса керек. Емші шипалы тамыр – шөптерді жаз, күз айларында, әбден толысып-жетілген шағында жинайтын көрінеді. Әрине, әрбір шөптің теру тәсілі, сақтау ережесі бар ғой. Бір шөпті таңғы шық кеппей тұрып жинау қажет болса, екіншісін тек қана кешкілік терген дұрыс. Және де оларды шіліңгір аптапта тамырынан ажырату оның емдік қуатын әлсіретеді. Ырғызбай емші өсімдіктердің шипалы тамырларын жаңбырдан кейін, қараңғы түсе жұлып жинаған да, күн сәулесі түс-пейтін көлеңкеде, самал есетін, тыныс алатын орындарда кептіріп, дайындаған.

kn2 Ырғызбай емшінің кезінде айтып кетуі бойынша, кейбір шөптер мен тамырлар аралас кептірілсе, сақталса күш-қуатын жоғалтады екен. Ол сол себепті шөп, тамырларды бөлек-бөлек сақтайтын үш қанат күркені алдын-ала дайындап, оған сөрелер ор-наластырған, қапшықтар мен қалталар әзірлеп, оны кере-геге іліп қойған. Емшінің шипалы өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасайтын ыдыстары мынандай болыпты: ағаш тостағандар мен шойын шөң-келер, күміс тегештер мен мүйіз тостағандар, аршаға ысталған мойнақ торсықтар мен жез құтылар, емдік майларды сақтайтын сүйек ыдыстар, сұйық және тұнбаларды құятын басқа да қажетті заттар. Дәрідәрмектердің мөлшерін анықтайтын нәзік таразысы да болған. Дәрі-дәр-мектер дайындау барысында Ырғызекең жылқының қылы мен түйенің шудасын, тарамысты да пайдаланыпты. Бір рет Шәуешек жақтан бір қарт емші оның үйіне келіп Тарбағатайдың теріскейіндегі күн түспейтін су-лы қойнауларында емдік қасиеті өте күшті адам бейнелі өміртамыр болатынын, хансулардың оны женьшень дейтінін, осы кісішөпті іздеп табуын өтінеді. Ырғызбай емші оны көп жыл бойы іздеп, ең соңында Түйемойнақ шыңының сулы жықпылынан табады. Сөйтсе, ол жасылтым жапырақтары жайылған, қызғылтым сабағының ұшын-да шоқ жемістері мөлдіреп тұрған, бәкене бойлы ерекше өсімдік екен.

kn2 Атақты Ырғызбай емші шипалы өсімдіктердің гүлінен, жапырағынан, тамырынан дәрі-дәрмек жасағанда олар-дың қандай ауруға қалай қолданғанда ем болатынын табиғи түйсікпен біліп, да-мытқан. Емшінің үйінен қы-сы-жазы кенекұнжұт, түймешетен, адыраспан, долана, көккекіре, суқалампыр, қарандыз, киікот, шайқурай, тікенжиде, тәуіпдәрі, томардәрі, қасқыртамыр мыңжапырақ, жаушүмілдік тәрізді өсімдіктер үзілмеген. Ол улы шөп-тамырларды аса сақ-тықпен жіңішке ауруларға, тері ауруларына, күйікке қолдана біліпті. Құнанбай қажы ауруынан емдеп жазуға ша-қыртқанында, Ырғызбай емші қоңыр аюдың өтін бауырымен қоса алып, мейіздей етіп кептіріп, марал, бұғы, киік мүйіздерінен жасаған дәріле-рін реттеп, әбден қайнатып тазартқан, мумиесін мысқал–мысқалға бөліп, дайындапты. Ол Құнанбай қажының өт жолының да бұзылғанын біліп, өзіне арнап тігілген киіз үйде жеті, қырық бір, жүз үш түрлі шөптен, қырық бір түрлі жапырақтан, гүл мен тамырдан дәрі жасап, оны жылқының іш майына араластырып қайнатып, жеті түрлі дәмнен тосап дайындайды. Тосапқа аю өтінің тарыдайын екі-үш сүйкеп, жиі-жиі ішкіздіртіп, қырық күн емдеп, Құнанбай қажыны ауруынан жазып алады. Құнанбай қа-жының өтінішімен Сыбан еліндегі ақын Түбекті де емдеп, қатарға қосады. Содан Сұртай ақын Ырғызбай емшіні былайша жырға қосады:

kn2 ... Ырғызбай елге әйгілі тәуіп еді, Құнекеңе шипалы ем тауып еді. Ажалдан Құнанбайды алып қалды, Әйтпесе, басқа төнген қауіп еді... Құнекең сыйға тартқан сол биені, Сусынға неше жылдай сауып еді. «Емші» өсімдіктер тарихынан

Жанара
zhanara@inbox.ru
27-02-16 22:07
Салеметсыздерме! Мен кыржы ышынде сакау кыржы боламын. Деректер болса жазыныздаршы.
КенжетайТұяқбайқызы
Tuyakbaykyzy @ mail ru
24-02-16 06:09
Мен Аққозы қыржымын Әкеміз Тұяқбай Секербайұлы Ұржар,Ақсуат,Көкпекті өңіріне танымал болыс болған адам. Еліміздегі нәубәтті жылдарда халқына қорған болған , талай адамдарды аштықтан аман алып қалу үшін Қытай асуына көмектесе жүріп ,сол Қытайдан мал айдап әкеліп,аштықтан қырылып жатқан еліне таратып талай жандары аман алып қалған адам. Әкеміздің арқасында талай адамдар Қытай арқылы Түркияға ат басын тіреп, жайлы қоныс,құтты мекен тапты. Әкеміз Тұяқбай туралы білетіндер болса хабарласса дейміз. Әр заманның ,елім деп еңіреген, өз заманында артына жақсы сөз қалдырған,елінің ризашылығына бөленген тұлғалары болған .Міне , әкеміз Тұяқбай өз заманының дара тұлғаларының біір, олай болса Тарбағатай өңірінің азаматтары Аққозы ҚыржыТұяқбайды нар тұлғларымыздың бірі деп танып жүрсе деген тілегіміз- жоғымызды түгендеудегі деп білемін.
Рәсім
musulman_93.93@mail.ru
09-01-16 14:59
Қыржылар Көкпектіде жетеді шукір
Мейрамгуль
ms.mika2805@mail.ru
11-05-15 18:18
мен де кыржымын)
Ерназ
K.ernaz@mail.ru
19-03-15 08:01
Қалайсыздар Найман руының схемасы барма?
Пенде
bekzhan.kapanov@mail.ru
26-01-15 11:38
Баубек қыржымын.Жалпы осы шежіре барма?
Нұрлыбек Нұрланұлы
hard.nurbek@mail.ru
19-12-14 15:34
Мен Қыржы-Сылбырмын
Жансая
Jan_m95_zsn@mail.ru
21-07-14 15:54
Ырғызбай емші
25.09.2013 Без рубрики 0 пікір 166 рет оқылды
Ырғызбай емші, әулие дегенде есіме 1972 жылғы оқиға оралады. Кеңес заманында студенттердің құрылыс отряды деген қозғалыс болды. Ақсуат, Көкпекті аудандарына барған сондай студенттік отрядтың командирі болып қызмет атқардым. Жол түсіп Көкпекті ауданының Большевик совхозына бара жатқанымда, жүргізуші:

– Аға, оң жақта Ырғызбай әулие зираты бар. Соған соға кетсек қайтеді? – деді. Мезгіл кешқұрым уақыт болатын.


Ырғызбай емші, әулие дегенде есіме 1972 жылғы оқиға оралады. Кеңес заманында студенттердің құрылыс отряды деген қозғалыс болды. Ақсуат, Көкпекті аудандарына барған сондай студенттік отрядтың командирі болып қызмет атқардым. Жол түсіп Көкпекті ауданының Большевик совхозына бара жатқанымда, жүргізуші:

– Аға, оң жақта Ырғызбай әулие зираты бар. Соған соға кетсек қайтеді? – деді. Мезгіл кешқұрым уақыт болатын.

– Апақ-сапақта қазақ зиратқа бармаушы еді. Ертең қайтар жолда соғайық, – дедім.

Бұл кезде халық емшісі, әулие дегендер кеңестік идеологияға жат түсініктер болатын. Бірақ та әулие деген сөзге бала кезімнен құрметім болғандықтан, қайтар жолда Ырғызбай емші басына барып зиярат еттік. Сонда тапал тамда шәйнек, ас пісіретін ыдыс-аяқ болды. Әулиенің зиратына кім болсын, ұлтына, дініне қарамай соғып өтеді екен. Егер тоқтамай кетсе, жолаушылардың жолы болмайды деген ел аузында берік түсінік қалыптасқан. Мен жолым түскенде сол дәстүрді ұстап, Ырғызбай әулиеге зиярат етіп жүретінмін.

Енді тәуелсіздік алған кезде ха­лық­тың, ұрпақтарының Ырғызбай әулиенің басына күмбез тұрғызып, мешіт, зиярат етіп келушілерге арнап үй тұрғызуы адамшылықтың, мұсылманшылықтың көрінісі деп бі­лемін. Бүгінгі күні Ырғызбай әулие кешені «Дала даналары» кітап­ха­на­сымен толықты. Осы істің басы-қа­сында жүрген кәсіпкер Қаршыға Ес­кендіровтің еңбегін ерекше айту керек.

* * *

Ырғызбай әулие 1787-1850 жылдары аралығында Тарбағатай өңірінде өмір сүрген әйгілі халық емшісі, әулие, көріпкел. Найман ішіндегі Мәм­бетқұл (қыржы) руынан шыққан. Ырғызбай жасынан емшілікпен айналысып, шипалы шөптерді пайдалана отырып, талай ауруды жазған. Ол сырқаттың тамырын ұстап, алақа­ны­на, тырнағына, бет-әлпетіне қарап аурудың түрін ажыратып, шипалы тамыр-шөптерден дәрі-дәрмекті өзі дайындаған. Сондай-ақ, қолмен сылап-сипау арқылы да ем-дом жасаған. Ырғызбайдың көріпкелдік қасиеті де ерекше болған. Ол алыстан қиналып келе жатқан науқасты күні бұрын болжап біліп отырған. Емделушілерден ақы алмай, берген дүниені жетім-жесірлерге, кедей-кепшіктерге үлестіріп отырған.

Ырғызбай бала жасынан емдік шөптерге үйір болыпты. Ауру-сырқауға көмектесуге тырысқан. Әкесі Досқана сол өңірдегі емшілердің біразымен таныс-біліс, аралас-құралас жүріпті. Ар жақ-бер жақтағы үлкен емшілермен қатынас қағылез балаға елеулі әсер етеді. Ырғызбай табиғатпен сырлас, жандас жүреді, тау-тасты, сай-саланы жалғыз аралайды, тылсым тірліктің құпиясына үңіліп өседі. Кейіннен нағыз емші болып шыққан.

Емші шипалы тамыр-шөптерді жаз, күз айларында әбден толысып-жетілген мезгілде жарғақ құлағы жас­тыққа тимей, күндіз-түні сабылып жинайды екен. Әр шөптің теру тәсілі, сақтауы әр түрлі. Бір шөптер таңғы шық кеппей тұрып жинауды қажетсінсе, енді біреулері кешқұрым алғанды қалайды. Оларды шіліңгір аптапта тамырынан ажырату пайдалы емес, емдік қуаты әлсірейді. Ырғызбай тамырларды, көбінесе, жаңбырдан кейін, қараңғы түсе жұлған. Күн сәулесі түспейтін көлеңкеде, самал есетін, тыныс алатын орында кептірген. Қайсыбір шөптер, тамыр аралас қойылса, қатар жайылса, күшін кеміткен. Ырғызбай емшінің кезінде айтып кетуі бойынша, кейбір шөптер мен тамырлар аралас кептірілсе, сақталса күш-қуатын жоғалтады екен. Ол сол себепті шөп, тамырларды бөлек-бөлек сақтайтын үш қанат күркені алдын ала дайындап, оған сөрелер орналастырған, қапшықтар мен қалталар әзірлеп, оны керегеге іліп қойған. Емшінің шипалы өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасайтын ыдыстары мынандай болыпты: ағаш тостағандар мен шойын шөңкелер, күміс тегештер мен мүйіз тостағандар, аршаға ысталған мойнақ торсықтар мен жез құтылар, емдік майларды сақтайтын сүйек ыдыстар, сұйық және тұнбаларды құятын басқа да қажетті заттар. Дәрі-дәрмектердің мөлшерін анықтайтын нәзік таразысы да болған. Дәрі-дәрмектер дайындау барысында Ырғызбай жылқының қылы мен түйенің шудасын, тарамысты да пайдаланыпты. Бір рет Шәуешек жақтан бір қарт емші оның үйіне келіп Тарбағатайдың теріскейіндегі күн түспейтін сулы қойнауларында емдік қасиеті өте күшті адам бейнелі өміртамыр болатынын, хансулардың оны жень-шень дейтінін, осы кісішөпті іздеп табуын өтінеді. Ырғызбай емші оны көп жыл бойы іздеп, ең соңында Түйемойнақ шыңының сулы жықпылынан табады. Сөйтсе, ол жасылтым жапырақтары жайылған, қызғылтым сабағының ұшында шоқ жемістері мөлдіреп тұрған, бәкене бойлы ерекше өсімдік екен.

Ырғызбай арнайы шақыру­мен Шыңғыстауға барып, Хакім Абайдың әкесі Құнанбай қа­жыны емдеп, асқынған ауру – шешек дертінен жазған. Ырғызбай емші қоңыр аюдың өтін бауырымен қоса алып, мейіздей етіп кептіріп, марал, бұғы, киік мүйіздерінен жасаған дәрілерін реттеп, әбден қайнатып тазартқан, мумиесін мысқал-мысқалға бөліп, дайындапты. Ол Құнанбайдың өт жолының да бұзылғанын біліп, өзіне арнап тігілген киіз үйде жеті, қырық бір, жүз үш түрлі шөптен, қырық бір түрлі жапырақтан, гүл мен тамырдан дәрі жасап, оны жылқының іш майына араластырып қайнатып, жеті түрлі дәмнен тосап дайындайды. Тосапқа аю өтінің тарыдайын екі-үш сүйкеп, жиі-жиі ішкізіп, қырық күн емдеп, Құнанбай қажыны ауруынан жазып алады. Осы оқиға туралы Сұртай ақын Ырғызбай емшіні былайша жырға қосады:

… Ырғызбай елге әйгілі тәуіп еді,

Құнекеңе шипалы ем тауып еді.

Ажалдан Құнанбайды алып қалды,

Әйтпесе, басқа төнген қауіп еді…

Құнекең сыйға тартқан сол биені,

Сусынға неше жылдай сауып еді.

Атақты айтыс дүлдүлі, ақын Түбекті де емдеп, жараларынан жазған деген дерек бар.

Ырғызбайдың өз кіндігінен Төлене, Бөрлі, Елемес, Әлібек, Кенжалы тарайды. Бұлардың ішінде қара қылды қақ жарған әділдігімен аты шыққан Кенжалы би болған. Ырғызбайдың «Ақмартуы» Әлібектен туған немересі Мамырбайға дарыпты деседі. Атасының әшекейлі сарыала қамшысы соның үйінде ұзақ сақталыпты.

Қазақтар шаршылап үйілген тас үйіндісін «Ақбейіт» деп атайды.­ Ырғызбай да алғашында сондай бейіт­ке жерленіпті. Бірақ көп ұзамай аға­йындылар күш біріктіріп, басына жылқының қылын балшыққа аралас­тыра шошақ зират тұрғызуға мәж­бүр болған. Өйткені, киелі аруақ әр қай­сы­сының түсіне кіріп: «Менің басым жа­лаңаш жатыр ғой» деп аян беруді жиілетіпті. 1950-ші жылдардың басына таман зират қасынан бір бөлмелі тас үй салынғанша, бірлі-жарым аурулар зират ішіне түнеп жүріпті. Үй салынған соң келушілер тіпті көбейіп кетіпті. Содан бері жаз айларында зират кісіден босамайды. Келген әрбір адам Ырғыз атаға мінәжат етіп, ақтық байлайды, тауша қуысына қайыр-садақаларын қалдырып кетеді. Ал тас үйдің ішінде қашан барсаңыз да дастарқан жаюлы. Алдыңғылардың қалдырып кеткен еттері мен басқадай азық-түліктері дайын. Кейінгі келушілер бір аят құран оқиды да, тамақтарды керегінше пайдаланады.

* * *

Әулиелік тылсым құбылыс. Сірә, ол адамның табиғатпен арасындағы ерекше байланысының нәтижесінде кездесетін сирек жағдай. Әулиелер көп болмайды. Олар – астың дәмін келтіретін тұз сияқты қызмет атқаратын Жаратушының жер бетіне жіберген ерекше пенделері. Сондай тылсым сырына ие болған, табиғатынан өзгеше адам – жоғарыда сөз болған емші-әулие Ырғызбай. Осы мақалада, негізінен, ел аузында сақталған деректерді пайдаландым. Ендігі жерде Ырғызбай әулиені мықтап зерттеп, оның емшілігін талдап, нақтылы білім деңгейіне жеткізетін мамандар болады деп сенемін. Себебі, ел аузындағы түсініктер, әрине, деректер, бірақ оларды ғылыми тілге салып зерделеу өркениеттік үрдіс. Мен мақалада, негізінен, Ырғызбай әулиеге деген ықыласымды білдіруге тырыс­тым. Бұл істе сүйенетін ғылыми, арнайы сараптамаға түскен талдаулар жоқ болғандықтан, халық жадында сақталған мағлұматтарды негізге алдым. Ырғызбай әулиенің ұрпақтары, оны қолдаушылар ендігі жерде келелі істер атқармақ. Зират басынан ашылғалы отырған «Дала даналары» деп аталатын, тәуіп, емші, әулиелер кітапханасы осы мұқтаждыққа қызмет етпек. Әулиелік әншейін сөз емес. Оның мағынасы – ғарыш арқылы да, табиғат арқылы да, адам бойындағы тылсым қасиеттер арқылы да сараланатын тылсым феномен. Әулиелік күнге, айға, топыраққа, суға және өскен ортаға, оның рухани тынысына тікелей қатысты. Сондықтан Ырғызбай әулие дегенде оның ата тегі, өз заманы, бүгінгі ұрпақтары туралы егеменді Қазақ елі туралы келелі сөздер болуы заңды құбылыс.
Жансая
Jan_m95_zsn@mail.ru
03-05-14 09:08
Кыржыларга салем!!!
Жансая
Jan_m95_zsn@mail.ru
19-04-14 09:19
Қаракерей Қабанбайдың ата-тегі
Қазақ шежіресі қазақ халқын үш жүзге бөледі:
1. Ұлы жүз- Ақарыс.
2. Орта жүз- Жанарыс.
3. Кіші жүз- Бекарыс.
Ұлы жүзді құрайтын басты рулар: Үйсін, Шапырашты, Ысты, Ошақты, Дулат, Албан, Суан, Қаңлы, Жалайыр.
Орта жүз: Арғын, Найман, Қоңырат, Қыпшақ, Керей, Уақ.
Кіші жүз: Он екі ата Байұлы- Шеркеш, Беріш, Байбақты,Тана, Алтын, Жаппас, Таз, Қызылқұрт, Ысық, Адай, Масқар, Есентемір.
Алты ата Әлімұлы- Ұланақ, Жаманақ, Қарамашақ, Күлтелі, Айнық, Темірболат. Әлім- Шөмен бірге туысады. Шөменнен Шөмекей.
Жеті ру- Тама, Табын, Жағалбайлы, Керейіт, Кердері, Төлеу, Рамадан.
Тоғыз Таңба Найманға жататындар: Көкжарлы, Ергенекті, Теріс-таңбалы, Бағаналы, Балталы, Қайнар, Саржомарт, Сіргелі, Бура.
Төрт Төлегетай: Қаракерей, Дөртауыл, Садыр, Матай, Қаракерейден кейінгі ата- Байыс, Байсиық.
Байсиық- Сегіз найманнан: Меңдеке, Меңлібай, Жанқұлы, Жаңбыршы, Қырық Мылтық, Орыс Медет, Тұманшы, Алдияр, Қожан, Телеу, Төбет, Қарауыз, Тоққожа Тоғым, Қасқа,
Қарамолда, Байтайлақ қажы, жазушы Қажығұмар Шабданов- Жаңғұлы- Қожан.
Байыстан: Сыбанқұл, Ақымбетқұл, Мұрын, Шүрентай, Мәмбетқұл, (Қыржы) және Макта апай.
Байыстан-Сыбанқұл, Мәмбетқұл, Мұрын, Шүрентай және Мақта апай. Бұлар «Бес Байыс» болып, мына аталар бойынша руға айналған. Бұл бесеуіне Байғана, Ақымбет, Болатшы
қосылып, Байыс бұтағы- сегіз рулы ел.
Алты арыс- Арғын, Найман, Қоңырат, Қыпшақ, Керей, Уақ болып тұрақтанған аталарға Тарақты, Тобықты рулары қосылып сегіз арыспыз деп санады. Алайда, Байыс
балалар сияқты, Тарақты мен Тобықты ағасы Арғынның аясында өскендіктен және алдыңғы алтауынан саны аз боолғандықтан бұл екеуі «алтылыққа» енбеген. Тарақты өздерін
Арғын тарақтымыз, Тобықты- Арғын Тобықтымыз деп таныстырып, анықтаған. Арғыннан- Тобықты, Тарақты тарайды деп жаңылып та жүр. «Алты арыс» ұғымы жетінші,
сегізінші руды қабылдамады. Қаракерей Қабанбайдың шыққан атасы- Байжігіт ұрқы өздері әзілдеп «атамыз сарт» деп, олар «Байыстың баласы емессің» десе, «қолында өледі».

Бисмакова Толқын
http://vk.com/unusual1998
04-03-14 16:01
Қыржы-Шүйіншәлі! аталас туыстарымыз бодса, парақшама жазуларыңызды өтінемін
ануар
nazarov.anuar@mail.ru
04-01-14 00:04
Кыржыларды издесендер Семей жактан издендер. Урджар, Аксуат аудандары кыржылардын жери...
Мейіржан
Meyrzhan(@mail.ru
09-12-12 15:58
Қыржы ішінде Айдос ,Едіге, Қазанғап, Макай, Баянбай, Жаксылык, Камза, Амангелді, Мират.....
Камшат
kakebaeva83@mail.ru
17-09-12 13:20
негизи Кыржынын шын аты Мамбеткул,акеси байбишесинин балаларына жылкы болгенде токалдан туган Мамбеткулга тук тимеген,сураган жылкысын да бермеген,Мамбеткул кыржиып ренжип калган,содан Кыржы атанган.
Кыржы-Казбек-Карсыбай-Сасан-Куаныш-Ыбырайым-Абугали-Абугалидан -Толеген(маркум)-Сансызбай(маркум)-Сагдат, Толегеннен-Аскар. Сансызбайдан-Майра,Мурат,Жастилек. Сагдаттан-Серик,Камшат,Асхат,Максат,Архат.
Абугалидан тараган кыздар -Маруасапа(Макен), Роза,Сайра
Еркін
M_Erkin_88
21-06-12 11:50
Мен Айдос қыржымын! Нағашыларым Жандос қыржы.ШҚО,Тарбағатай ауданы Аққала ауылынан!!!
дарын
daryn-09.93@mail.ru
21-05-12 13:01
мен Байкадамов Дарынмын, баубек кыржымын.
мейржан
mikosemey
31-01-12 18:58
Кыржы Мамбеткул, Баубек кыржы ,Мухамади ,Баяхан ,Асхат,,,,,
maulen
maulenko@mail.ru
29-01-12 19:04
Кешу батыр қазақтың үлкен батыры. Әттең зерттеуші жоқ. Осы Астана тұрған жерді тегіннен Кешудің Қараөткелі деп атамайды ғой.
маржан
makonya_semsk@mail.ru
06-01-12 23:24
Aссаламу\\'алайкум,ардакты агаларым!Мен Кешу кыржымын,казир Астана каласындамын!Билейн дегеним,Кешу атамнын омир тарихы,естуимше Кешу атам Кабанбай батырга бата берген дейди,осы жайлы естип-билгендериниз бар ма?
Ерназ
ernaz_u-21
18-07-11 20:11
Қыржы ішінде Айдос ,Едіге, Қазанғап, Макай ,Қырқымбай ,Жүніс ,Дінмұхамед .
Қырқымбай мен Баянбай ағайынды.
Калимуса
kakosh_91@mail.ru
12-03-11 12:41
Токалдан тусак несі бар? Ұлы Абайда тоқалдан туған. Мұрын бәйбішенің баласы боп бізден асып кеткен ештеңесі жоқ. Кыржының тоқалдан туғаны рас. Байыстың баласымыз, тоқалдан тусақ та.
Кабнаби
aksuat@mail.ru
24-02-11 19:20
Дурыс айтасыз! Біз Кыржылар токалдан туганбыз. Байыс інісі олгеннен кейін аменгерлик жолымен келинин алган, содан Мамбеткул Кыржы туган.Байыстын байбишесинен туган Мурындар ("жеті Жолымбет" балалары). Сондыктан олардын жолы улкен.
Сўлуталдыѕ Ќыржысы
rahimbekov@mail.ru
24-02-11 06:52
Ќыржыдан КЕШУ батыр шыќќан! Ырєызбай Досќанаўлы шыќќан!
Сўлуталдыѕ Ќыржысы
rahimbekov@mail.ru
24-02-11 06:48
ЌЫРЖЫНЫЅ ШЫН АТЫ МЈМБЕТЌЎЛ. Мјмбетќўл Байыс деген байдыѕ тоќалынан туєан. Байыстыѕ тоќалынан туєанмен Мўрын бјйбішеніѕ бауырында ґскен, сондыќтан Мурынєа (Сармырзаєа) жаќын, Байыстыѕ басќа Сыбанќўл, Аќымбет, Байєана деген балаларынан. "Ішінде Бес Байыстыѕ Ќыржы оѕбаєан, ќысќа кїнде тїйесін тґрт ќомдаєан" деген сґз бар... " Мўрындай мол ќыл,Сыбандай сараѕ ќылма, Ќыржыдай ќырсыќ ќылма, Аќымбеттей ўрысќаќ ќылма" дейді.
Ќалимуса
Kakosh_91
22-02-11 10:28
Салем барине. Мен Жолшара Ќыржымын.Сагынсандар журмиз го
nufa
nufa_771@mail.ru
21-01-11 19:43
Серикжан,Алмас мен Нуржан менде Айдосм Кыржымын!
Куат
kuat_kyrgy
13-08-10 14:42
Қыржылар Найманға жатама? жане қыржы туралы деректкрди қйдан табуға болады?
алмас
almas-62
29-10-09 14:13
Кыржы-Айдос Кайдасындар Алижанов Назархан-Намазханнын жанында журмиз!
Әлия
28-10-09 17:08
Қыржылар Семейдің Ақсуатында қаптап жүр.
пешене
mombaev.60@mail.ru
04-06-09 09:48
Кешу деген атамыз керемет батыр болєан! Ќалмаќпен соєыста тоєыз ўлы бірдей ќаза табады. Кенжесі аяєынан жараланып келгенде:"Ґй,наєашыѕа тартќан нашар, аєаларыѕныѕ кегін ал!" деп ќайта шайќасќа жібереді.
Кейіннен ўрпаєы жалєасќан. Осы Астана тўрєан жерде Кешу атамызєа байланысты тарихи жерлер бар екен.Зерттеу керек.Айналыссаѕдаршы.
Ќыржыныѕ кґк етікті алпауыт азаматтары Јліжанов Назархан Кјрімўлы
8-701-571-7575, Орынбеков Єылымбек 8-701-724-5757 сияќты жігіттері бар
емес пе!
asset
aset-mukashbekov@yandex.ru
20-04-09 01:30
Найман бабамыздын урпактары калай дуниеге келген?


Найманнын жалгыз улы Туаш атты,
Жасында Туаш мырза дуние сапты.
Найман шалдын токсаннан аскан кезі,
Шешеміз, жесір келін – Алпіш капты.

Ішінен Алпіш сулу ойын тузді,
Атама аперсем деп бір жас кызды.
Уйсіннін биіменен акылдасып,
Бір кызды алып берді сулу жузді.

Токтынын сутін болек іркіт кылып,
Неше кун атасына курт ішкізді.
Атамнын бел куаты келе ме деп,
Кун – туні аркасына кыз кушкызды.

Сол кезде балигатка бабам жарап,
Озі оліп, Кызенейден ул тугызды.
Окірештен орбіді осынша урпак,
Насілді гып жараткан уркымызды!

Жакыпов Аманжан. Каракерей Тума тарихы.
Алматы »Уш Киян», 2004 жыл.


asset
aset-mukashbekov@yandex.ru
20-04-09 00:29
Кыржыларды іздесен Уржардан ізде, каптап жур. Басшылары Сакен Арынгазулы Мамбетбаев. Уржар аудандык аумактык болімінде (терком) данді дакылдар тукымынын бастыгы. Оздері Кыржылар туралы шежіре де жазган.
Архат
arhatkz@mail.ru
17-11-08 10:08
Бауырым калайсын? Кыржыларды катты саєынсан біз жїрміз гой. Мен Казыбек-Кыржымын. Сені туысканыѕныѕ бјрі Тарбаєатай ауданы Аксуат ауылында ќаптап жїр.САєынба мен алыста емеспін Бауырым

Серикжан
Siko_1983@mail.ru
13-11-08 19:20
Найман-Кыржы.Кайдасындар?



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube