Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Елдi мекендер, ауылдар, калалар
Тақырып: Сарыбастаулықтар (Нарынқол) қайдасындар?


Авторы Xабарлама
Ер-Қанат
29-11-08 21:33
Ақкер мен Шартас тауларының баурайында орналасқан Сарыбастау ауылы тұнып тұрған тарих.Оның бәріне тоқталу,әрине мүмкін емес.Мен бір мақсатпен қана іздеп жатырмын.Ауылымыздың алдыңғы толқын ағалары мен кейінгі толқын інілері бірліктері жарасып "Сарыбастау сүйеніштері" атты қор құрған болатын.Қордың басты мақсаты ауылымызды котеру.Осы уақытқа дейін жеткен жетістіктеріде аз емес.2007 жылы Алматы қаласында 24 команданың ішінде шағын футболдан кәрі құрлық Данияда өткен халықаралық жарыстың жолдамасын жұлып алып Европада өнер көрсетті.Кішкентай ауылымыздың жетістігі осы.Бірігейік бауырлар!7 желтоқсанда Есік қаласында өтетін ақылдасу дастарханына шақырамыз.

Авторы Жауап
Диана
Jausanova@mail.ru
04-03-15 15:35
Динара, Жаусанов Габит Мадениетулы кайтыс болды, ол меним папам
мурат
moldasanov73@mail.ru
20-01-15 05:34
Сарыбастауга жалынды салем!!!!!!!
Мыктыбекова Сауле
aizere.saule@gmail.com
19-01-15 12:46
Сарыбастаулықтарға жалынды салем Баринди сағындым
Cержан
umirzhanov1972@mail.ru
15-11-14 08:11
Сарыбастаулықтар қалаисыңдар&?
ултай
konakbaeva.ultay@mail.ru
04-07-14 18:28
barsha saribastauliktarga jalyndy salem
мурат
moldasanov73@mail.ru
03-05-14 16:04
Cалаумалеикум АУЫЛДАСТАР.мен Мурат(Канат)сиздерге алыстагы Актаудан Салем жолдаймын.Кызмет бабыман казыр Актаудамын.Сарыбастауды сагындык.хабарласындар 1973.тер.
Гулнар Әшімқызы
gulnarashim68@mail.ru
22-04-14 10:09
Көрікті көркем, көз жіберсең
Аумаған гүл алаң
Туған жер өскен
Әдейі саған арнаған өлеңім,
Байлығың бақыт шалқыса бір
Теңіздей толқиды,
Өсемін еркін
Қызықты әр күн
Тамаша көңілді
Сарбастауым!!!!!
Туған жер қымбат қой бәрімізге
Ауылдарға жалынды сәлем!
бакытжан нуркасов
bahytzhannurkasov@mail.ru
05-04-14 13:52
Ас салам алейкум сарбастаулыктар!!!
Alibek Tastandi
alibek_98.kz98@mail.ru
26-03-14 10:42
Ассаламалекум барша Сарыбастау жұрты
Нурлан
nazmukhametov@mail.ru
21-03-14 22:45
Шынар АХМЕТОВА казир кайда?
ләйлә
zhanbotaeva85@mail.ru
18-01-14 09:11
сәлеметсіздерма сарыбастаулықтар!!!
ернар нусипов
04-01-14 15:27
ассалаумагалеикум агаиындар-бауырлар барша сарбастаулыктарга салем
Молдашов нурбол
nur_96_bol@list.ru
25-11-13 04:03
Ассалаумагалеикум барша сарбастау кауымы!
Аида
sugirbekova.aida@mail.ru
17-10-13 14:47
Салем Сарыбастаулыктар!
Шолпан
16-08-13 11:25
Ауыл иши тым-тырыс. Дегенмен, кушти!
Фариза
Fariza.aripzhanova
29-06-13 09:08
Салем Сарбастаулыктар!!!таныйтындарыныз болса друж жиберыныздер!!!!!
Арипжанова Фариза
Fariza.aripzhanova
29-06-13 09:07
Салем Сарбастаулыктар!!!
шорман марина ауганкызы
mari_musylmanka
15-06-13 18:40
ассаламуалейкум сарыбастаулык бауырлар.Баршанызга Алланын нуры жаусын!ауылды котерейик!
Алмагул Канибайкызы
almashka92zhk@mail.ru
30-05-13 09:53
Сайттын аты калай?
sarybastau
27-04-13 18:51
jakynda auylymyzdyn saity ashylmak, alla buiyrtsa sonda kezdeskenshe otandas
medeu
medeu_alban_kz
19-04-13 08:17
salaumaleikum Sarybastau
Гүлім
zeinesh_gulim
04-03-13 09:31
Ауылым-алтын бесігім.Менің алтын бесігім-Сарыбасттауым!
Туған жерім Сарыбастауым ауылым,
Аңқылдаған қарапайым қауымың,
Маған қымбат сенде өткен ар күнім,
Маған қымбат әрбір иын,сауығың.
АУЫЛҒА КЕТКІМ КЕЛЕДІ!
Багашар ЕрБолатУлы
Bagawar96kz@bk.ru
22-02-13 16:43
Ассалаумагалейкум Сарыбастау.
Калайсын жаным.
Багашар ЕрБолатУлы
Bagawar96kz@bk.ru
18-02-13 17:15
Assalaumagaleikum Bauyrlar men arular!Tugan zherimdi sagynDyM.BizDin auYLga ewkandai auyl ten kelmeidi.
Sagyndym taza auandy,mol bulagyndy.
Sagyndym wegerasaidy,sary kunanymdy.
Sagynymdym kulai suigen aruymdy,
sagyndym birge oinagan dospenen bauyrymdy.
Sagyndym tokpe noser,jyly jauyndy.
Sagyndym tugan jerim auylymdy!
Гулим
zeinesh_gulim@mail.ru
07-02-13 12:38
Армысыздар жүрегінде туған жерге деген шексіз махаббатымен,сағынышы бар албан азаматтары!
Алмагул Канибайкызы
almashka92zhk@mail.ru
05-02-13 05:59
Ас салям уа алейкум Сарыбастау тургындары...биздин ауыл Аккердин баурайында катты сагындым))
дос
03-01-13 11:28
Салам ауылдастар!!!!!111
Гулбадат
albankyz@mail.ru
19-11-12 10:08
Сарыбастаулыктарга салем!
Арайлым
abetaeva90@mail.ru
22-10-12 10:01
САЛЕМ БЕРДІК ЖАНА - ТЕКЕСТИКТЕРГЕ!
Азамат
14-08-12 08:30
Ержигиттин сот 87025601738
Aisulu
Aisulu_kasper
07-08-12 15:50
Janatty kaidan tanisyn sen?
Aisulu
Aisulu_kasper
07-08-12 15:48
Salem
РМК
...
28-07-12 22:53
Салем бердiк барша Сарыбастаулыктарга. Сiздерден отiнерiм. Шаяров Ержiгiттi танитындар барболса калай тауып хабарласуга болады екен, бiз группаластарымыз. Хабар кутемiз.
акшиев НУР
NARINKOL_ALBAN@MAIL.RU
26-06-12 14:48

Ғани аға қайдасыз?
акшиев НУР
NARINKOL_ALBAN@MAIL.RU
26-06-12 14:46
МЕНИН ЕСИМИМ НУР ЕЛИМ КУРМАН кайнар ауылы тек биіктен корине берсин райымбек ауданына улкен улкен салем


Бегзат
07-06-12 08:16
Салам бауырлар!!!!!
думан
duman_kz86
12-05-12 11:33
assalaumagalikum alban jurti armisizdar barmisizdar raimbek audaninin igi jaksilari men jaisandari
Бегзат
26-04-12 08:32
ОООООу агайындар калайсыздар!!!!!
Жанибек
12-03-12 13:22
Салем Сарыбастау!!!!!
Орынбасарова Айжан
aijan_92.22
24-02-12 09:27
Салем достар!НАРЫНЌОЛДАН Сарбастауѓа ‰лкен салем!
Қайнар ауылы
05-01-12 15:29
Қайнарлықтар қалайсыңдар,? Раиымбек ауданына улкен салем шоп коп болсын мал коп болсын жана жыл кутты болсын
Батыр
batyr.dulatbaev@mail.ru
05-12-11 16:15
salam
Жібек
jibek,
02-11-11 16:46
Армысыздар,Сарбастаулықтар!!! Туған өлкемнің жайнап көріктенгені мен үшінде үлкен бақыт!Жақында ауылым жайында шыққан дискіні тыңдап жүрегім жарылардай қуандым.Ауылыма деген шексіз махаббатыды одан ары ұлғайтқандай.Осы дискінің шығуына мұрындық болған Айдос бауырымызға және оның отбасына алғысымыз шексіз!Сіздерге Алланың нұры жаусын!!!
Аягул
20-10-11 08:25
жаксы такырып клотерипсиз
Ер-Канат
erganat86@mail.ru
05-10-11 14:05
Ерқанат Тәукебай, геолог. Шекарадағы ауылдың шері
07 желтоқсан, 2010

Қыр ассаң Қытай тұр. Мың жылдық тарихта қытайлардың қазақтарға көрсетпегені жоқ. Батыста орыспен, шығыста кытаймен көрші болу қазақтардың маңдайына бұйырған «бақ» болса керек. Екі бүйірден ауру қысқан секілді алып ел екі жағымызда тұрғанда ел еңсесі әрдайым биік, шекарасы мығым тұрғаны абзал. Шекара дегеннен шығады, біздің еліміздің әскер саны аз болғаннан кейін шекара күзеті сақадай сай деуге аузымыз бармайды. Осында бір тәубелікке келетін ісіміз бар. Ата бабамыздын батырлығының арқасында қазақ елі кең байтақ жерді мекендеп қалды. Айта кетерлігі адам күшінсіз ел қорғайтын табиғат ананын сыйы бар. Шығысымызға қорған болар әйгілі Жоңғар қақпасы мен Солтүстік Тянь-Шаньнан бастау алып Қаратауға дейін созылып жатқан Еренқабырғаның өзі Қытай мен қырғыз елінен келетін босқындарға тәп-тәуір қамал. Батысымызды бақылауда ұстауда Каспий теңізінің өзіндік қауһары бар.

Шекара шебіндегі Нарынқол Тянь-Шянь сілемдерінің етегінде орын тепкен елдімекен. Мәңгілік қар жамылған таулы аймақ болғаннан кейін негізгі шаруа көзі мал мен картоп өсіру ғана. Облыс орталығы Талдықорған мен аудан орталығы Кегеннен қашық жатқан шекарадағы шерлі ауылға тіршілік көзі болады-ау деген ірілі-ұсақты үш өзен бар. Атақты Айғайтастан бастау алатын Шәлкөде өзені Кетпен тауын жағалап Ілеге құяды. Үміт күткен Текес пен Байынқол өзені еш пайдасыз Қытайға өтіп кетеді. Кезінде өзенді бұрып аудан игілігіне жұмсау қарастырылмаған. Үш өзенді пайдаланбаған ел қайтып егін егіп, жер емеді. Сарыбастау ауылына қарасты Қабанды, Ойқарағайдан бастау алатын өзендері де қыр астына кетеді. Шартас тауын айналдырып каналды ауылға бұрғанда сарыбастаулықтар құрғақшылықтан бүгінгідей зардап шекпес еді. Кезінде Нарынқол алқаптарында атты адам жүрсе көрінбейтін ши өскен. Осы өсімдік түрлері құрғақшылық жылдарынан кейін жоғалып барады. Қара мал шиғайық түбін теуіп жеп қыстан шығып кететін. Соңғы жылдары Нарынқол өңіріне жауын-шашын аз түсіп жүр. Осындай қуаншылықтан кейін шалғынды жерлер тақыр, шөлейт жерге айналып барады. Ал, осыдан кейін мал бағып, картоп өсіріп көріңіз.

1997 жылы жазға салым Кеген ауданы таратылып, Райымбек ауданының орталығы Кегенге көшірілді. Міне, сол кезден бастап Нарынқол өңірінің азаматтары жұмысынан айырылды. 90 шақырым аудан орталығы Кегенге барып жұмыс істеуге жағдайлары көтермеді. Жұмыссыз халықтың қалаға жаппай көшуі басталды. Аудан мәртебесінен айырылған аймақ сол кезден бастап экономикалық тоқырауға ұшырады. Сұлу табиғатына қосарлана көрік берген кезіндегі ғимараттар қиратылды. Халықтың қалтасы көтермегеннен кейін бос қалған жерлерді бай-манаптар иеленіп, аңшылықты кәсіп қылып түз тағыларын қырып экологиялық апат туғызғанын да естен шығармауымыз керек. Соңғы жылдары Шоғансай, Шәлкөде, Шұбартал, Ойқарағай сияқты сұлулығына көзің тоймайтын табиғаты тамаша жерлерге шетелдік туристер көптеп келуде. Осы қаптаған туристерден түсетін ақшаны Нарынқолдың игілікті істеріне неге жұмсамасқа?

Жақында «Хабар» телеарнасында Нарынқолдың хал-ахуалы жайлы, аудан мәртебесін қайта беру жайлы жылт еткен хабар көрсетілді. Әншейінде мұндай батыл қадамға бара бермейтін «Хабар» арнасының бұл жаңалығын Нарынқолдық халық жақсылыққа балап жүр. Облыс әкімі Серік Үмбетов те елдік, ұлттық мүддеге бей-жай қарамайтын азамат қой. Әкім мырза былтыр «Қазақ әдебиетіне» берген сұқбатында Нарынқолға бүйрегінің қаншалықты бұратынын сездіртіпті. Нарынқол картошканың отаны екенін айтыпсыз. Рас, картоппен де күн көруге болады. Су арнасын таппай Қытай асып жатқанда картоп алқабын суғаруға су таппай, құдайдан жаңбыр тілеп жүргенде қала базарларын қырғыз картоптары жайлап алып, біздің халықтың еңбегі еш, тұзы сор болатыны айдан анық. Нарынқолдан өндіріс орындарын ашуды тілге тиек етіпсіз. Расымен халықтың көзін ашып, еңбегін жандыратын өндіріс орындары екені бесенеден белгілі. Бірақ та Нарынқолдан еңбегі қыз- қыз қайнап жатқан өндіріс ошақтарын тағы да көрмейсің.

Өндіріске арқау бола алатын мына жайтқа назар аударайықшы. Теңіз деңгейінен 3 мың метр биіктікте жатқан Нарынқол тауларында шашыранды Жарқұлақ алтын кен орны бар. Талай жылдан бері ауданды отынмен қамтамасыз еткен Ойқарағай көмір кені бар. Бұл өндірісте жергілікті тұрғындар жұмыс істемейді. Бірақ ауданға салығын төлеп отыр. Хантәңірі шыңының етегінде әйгілі мраморлы қабырға мен Шартастағы граниттерді неге игермеске. Шәкірамбалдағы әктастар мен Тұзкөлдің тұзы тағы бар. Текес пен Байынқол өзендерін Қытайға жібермай-ақ шағын СЭС пен цемент зауыттарын неге салмасқа? Цемент зауытын салуға бас қатырудың керегі де жоқ. Мысалға, Текес суына Жабырдың сары топырағы мен Қарқара жақтағы гипс шикізатын араластырсаңыз жетіп жатыр. Тек Қытайдан технологиясын сатып алса болғаны. Нарынқол өңірінде құрылысқа пайдалы материалдың барлық түрі кездеседі. Құрылыс зауыттары мен ағаш шеберханаларын салса жергілікті тұрғындарға екі қолға бір күрек табылар еді. Табиғаты көркем, ешқандай радиация жоқ аймақ болса да халықтың қалаға жаппай көшуі тоқтар емес. Қарағайлары көркем туристік жерлер тағы бар. Қисық арасаны да санатория атауына ие бола алмай жүр. Халық ана жылдары қой жүнін өткізіп шала байып қалушы еді. Енді Текестегі жүн өңдеумен айналысатын фабриканың да ісі алға баспай тұр. Міне, осы айтылған әңгімелерге Үкіметте көңіл бөлінсе Нарынқолда тіршілік қыз-қыз қайнар еді.

Алматы қаласы

ЕР Канат
24-08-11 16:03
Биздин ауыл тым тырыс кой
Айдос
Ab1978
16-07-11 13:55
Ассаламалекум жамагат,АЛЛА ТАГАЛА киндык канымызбен,алгашкы кадамымызды бир жерден, насип еткен Сарыбастау халкы!!!
Жакында \"Сарыбастау алдында отелмеген парызым бар\" атты ан жинактары жарык корды , ол ан жинакта Макай Нуркасов атамыздын ауыл анураны болган Сарыбастау Жане Сарбастаудын кыздары андери заманга сай ондеуден откызылды т.б Мукагали Макатаев атамыздын,Естай Жане Бекжан агаларымыздын олендеры окылады тапсырыс берушлерге тегин ,мына эл.адреске тапсырыс хат жолданыздар ab1978@mail.ru
Шолпан
sholpan_tapalova
22-06-11 15:54
Салеметсиздер ме сарыбастаулыктар!
Дини Алматы
31-05-11 16:51
Сарыбастаулыктар ауылдарындагы Жанаттан катты коркасындарма? Ха-Ха басындырып журиндер оздерине сол керек болса
Бека
27-05-11 23:00
Салам Сарыбастау
Нур
22-04-11 08:56
Сарыбастау тек кана алга
доцент
22-03-11 11:25
Бердібек сокпакбай ағамыз ауылды былай суреттеген екен - 1940-1960 жж. болса керек-
Қар басқан меңіреу дала. Күн шытқыл. Түні бойы жел соғып, жаяу борасын болған. Шана жолдың көп жерін тып-типыл етіп, жасырып кеткен. Темірдей боп бет қарыған ызғар әлі де басылмай тұр.
Бауырымен жер сызған қазақы тайпақ шана. Қабырғасын сыртынан санап алғандай арық ат. Шана толы бұлтиған-бұлтиған қоржын-кешек жүк. Сол жүктердің үстін басып, үймелесіп отырып алған жеті-сегіз бала. Шана Қостөбеден шығып, он екі шақырым жердегі Сарыбастауға бара жатыр.
Екінші тоқсан біткен соң, біздің ауылдағы мектептің үшінші класы мүлдем жабылып қалды. Бір мұғалім үш класты қабат оқыта алмайтын болды. Жабылған кластың оқушылары осы ауыл советке қарайтын Сарыбастауға барып оқысын деген ұйғарым бопты. Колхоз ат, шана беріп, мынау біздің Сарыбастауға ғылым қазынасын одан әрі үңги түсуге келе жатқан бетіміз.
Арамызда үшінші кластан тек екі оқушы ғана жоқ.- Майра мен Жанбосын. Батырқан балаларын Сарыбастауға жібермеді, орысы бар, орыс тілін үйренуге қолайлы Нарынқолға оқытуға алып қалды.
Нарынқолға тек қолы жеткен барып оқиды. Нарынқол қала, онда әр алуан кеңселер, шатырлы үйлер көп деп естимін. Бірақ әлі көрген емеспін.
Нарынқолдың көшелері түп-түзу, онда қолдың саласындай болып зәулім бәйтеректер өседі дейді. Бір көруге құмарақпын.
Сарыбастаудың қайда екенін білемін. Былтыр бірінші май мерекесін екі колхоз бірігіп тойлау үшін арбамен ұбап-шұбап осында келгенбіз. Сарыбастау дейтін поселкені сонда көргем. Ауылдың дәл қасында үсті жап-жазық көгал дөң бар екен. Әр түрлі ойын-тамашалар сол жерде өткен. Соңынан мектеп үйінде Қостөбеден келген қонақтарға қонақасы берілген. Ет, картоп турап істеген бір-бір табақ майлы сорпа ішіп, қарық болып қалғанбыз. Картопты бұл менің бірінші рет татып алуым болатын. Картоп маған ғажап ұнаған.
Мені бұл тойға тастамай ертіп әкелуші қайран ғана Әлиман жеңгем еді ғой. Қалың нөпір жат адамдардың арасында жеңгемнен ажырап қалмау үшін мен оның қолынан мықтап ұстап алғам. Дастарқандағы дәмді тағамның ол бірін өз аузына алып салса, бірін менің аузыма салатын еді.
Айтпақшы, біз сол жолы Сарыбастауда қонғанбыз. Кешінде мұндағы бастауыш мектептің ересек оқушылары бізге пьеса көрсеткен.
Бұл менің тұңғыш рет пьеса көруім. Аты есімде қалмапты, әйтеуір ішінде бай, кедей, кемпір, шал бар.
Балалар сахнаның тура алдына еденге жайғасып отырып алғанбыз. Пьесадан алған әсерім керемет! Өзіміздей жап-жас балалардың сақал байлап, шал болып ойнауының өзі-ақ маған тапқырлықтың шыңындай боп көрінген.
Кілең столдарды тізіп, үстіне киіз төсеп, сахнаны солай жасаған екен. Көруші халық бөлмеге сыймайды. Артистер бір сөз айтса, көрермендер бір сөз жалғап айтып, ду-ду етеді. Бұл кеш менің есімнен кетпестей болып сақталған еді.

доцент
22-03-11 11:21
аз-Наурыз кутты болсын сары балалар мен кыздар!!!!!
Баука
14-03-11 19:14
Сарыбастау алтын бесигим!
Бека
16-02-11 13:11
Салам сарыбастау
албан
AZEMSA83
21-12-10 07:26
Ассаламагалейкум бауырлар тәуелсіздік күн мерекелеріңізбен
Марлен Дулатбаев
Vire_2008@mail.ru
16-12-10 00:26
Мейрамдарындармен бауырлар!
Марлен Дулатбаев
Virе_2008@mаil.ru
04-12-10 21:07
Ассалаумагалейкум туган жеримнин агайындары!
Бека
25-11-10 17:08
Салам Сарыбастау!
Динара
03-11-10 14:44
Сарыбастаулыктар Жаусанов Габит Мадениетулын танитындарыныз бар ма. Ески танысым еди. Координатын берсениздер.
Парасат Хан-Тау
Хан-Тау
05-10-10 23:35
Ассалаумағалейкум Сарыбастаулық ағайын,ахуал қалай.Сүйеніштерің бар бақыттысыздар ғой.
Парасат Хан-тау
Хан-тау 58
05-10-10 15:10
Сарыбастау.сен мен ушін теңдесі жоқ байлықсың,

Марлен Дулатбаев
26-09-10 15:53
Ассалаумагалейкум Аккердин баурайындагы туган олкемнин халкы! Осылай туган олкемизге арнап сайт ашып басымызды коскан Ерганат баурымыма мында бир алгыс. Алланын нуры жаусын!
Бағдат Сәрсенбай
Баки2030
22-09-10 18:04
Ассалаумағалейкум Сарыбастаулықтар! Мен ең бірінші Аллаhты,одан кейін Қазақты,одан кейін сендерді жақсы көрем!!!
Єлмерек Абыз ±рпаќтарына
mykat2005@mail.ru
21-09-10 12:30
www.inust.kz Єлмерек Абыз деген сілтемені ќарањыздар.
доцент
04-08-10 18:45
сары балаларга жалынды салем!!! амыз айында жаналык жок па, коптен бери инетке кирмей журсиндер гой, Ерганат инишек командировкада жур ма :вьмл-)
доцент
29-07-10 17:48
сары балаларыма салем, жазгы демалыстарын калай азия дауысына баратындар бар ма:-)
Алмуша
alma-1972
22-06-10 10:26
Нусипбек Ашимбаев атамыз туралы тамаша жазылган макала екен.Ол кисинин Сарыбастауга синирген енбеги улан-асыр,аулыга карап жанын ашып журегин жылайды сол енбекти дурыстап устап кала алмаганымызга
Алмуша
alma-1972
22-06-10 10:22
САЛЕМЕТСИЗДЕРМЕ САРЫБАСТАУЛЫКТАР!
доцент
10-06-10 09:39
сары балаларым калайсындар!!! ауыл-аймак калай? аудандык маслихат шешімімен ауылга 85 млн болінді деп еді акша курдымга?! машина мен уиге кетті гой деимін а....
Дарига Актаудан
04-06-10 16:06
Нусипбек ата жайлы жаксы макала екен.Сарыбастауга салем!!
Th;fyfn
19-05-10 10:51
Бәйге төбенiң басына жеткенiмде УАЗ көлiгiнiң алдыңғы орындығында дүрбi салып Нүсiпбек ақсақал отыр екен. Сыртынан қызықтап қарап бiраз тұрдым.
Бала кезiмде осы өңiрдiң ойдағы не қырдағы, ауылдағы не қаладағы үйiне барғанымда үнемi осы кiсiнiң есiмiн ел-жұрттың аңызға айналдырып отыратыны әлi есiмде. Алматы облысы Нарынқол ауданындағы Сарыбастау колхозын құрғанда басы қасында жүрiп, артынан оны табаны күректей 30 жыл басқарып, өңiрдегi ауқатты ауылдың бiрiне айналдырғаны бөлек әңгiме. Менi қызықтыратыны бұл кiсiнiң басқа қырлары едi. Бала кезде шөп шабысқа барғанымызда ауылдағы ең мықты шалғышы кiм деген әңгiме шығатын. Жастардың даурығып бастаған бұл додасына арамыздығы үлкен кiсiлер нүкте қояды. Олардың айтуынша, Нүсiпбек ақсақал жас кезiнде бес шалғышының бiр күнде шауып өткен жерiн бiр өзi жайпап тастаған екен. Осы сөздi естiгенде аузымыз аңқайып, сенер-сенбесiмiздi бiлмей аңтарылып қалушы едiк.
Жайлауда не қыстауда жүргенiмiзде ет пiсiп, алдымызға ас келгенше “мен аңшымын” деген талай жiгiттер әңгiменiң көрiгiн қыздырып келiп, Нүсiпбектей сұр мерген бола алмағанын, ол кiсi секiлдi аймақтағы тау-тасты жаяу шарлап шыға алмағандарын мойындап отыратын.
Қойшы, егiншi, сушы, механизатор, құрылысшы қысқасы ауылдағы қандай мамандық иесi болсын өз саласында Нүсiпбек ақсақалдан ақыл сұрап жүретiнiн естiгенiмде “Осының бәрiн бiлетiн академик па едi” деген балаң ой да келетiн басымызға. Кейiннен студент атанып қалада жүргенiмiзде жөн-сұрасқан жұрт академик Нүсiпбектiң ауылынан екенсiң дейтiн. Сөйтсек, он жылдық толық бiлiмi болмаса да, ол кiсi маңдай тер еңбегiмен “дала академигi” де атаныпты.
Ендi мiне сыртынан аңызға бергiсiз әңгiме естiп жүрген Нүсiпбек атам дүрбi салып бәйге төбенiң басында отыр. Амандасып, жөнiмдi айтқан соң, дүрбiсiнiң жанары қай жерге дейiн жеткенiн сұрадым. Шынымды айтсам, тоқсан тоғыз жастағы кiсiнiң дүрбiге үңiлiп отырғаны маған тiптен қызық әрi таңсық көрiндi.
Бұл бәйгеге қосылған аттардың үшiншi айналымға кеткен кез едi. Шамамен 2-3 шақырым жерде қараңдап бара жатты. “Жирен қасқа келедi алда. Бала басын ертерек жiберiп қойды” дедi қария. Бұл кiсiнiң ат баптаушы, көкпаршы болғаны да елдiң аузында. Құлағым қарияның сөзiнде болғанымен, қараңдап келе жатқан бәйге аттарынан көз алмай тұрдым. Алдымыздан кесiп өткенде байқады, расымен де топты бастап келе жатқан жирен қасқа екен
Сөз арасында бiр сұрақ қойғым келген едi, көңiлiне алып қала ма деп сәл тосылып қалдым. “Газетте жұмыс iстейтiн бала сен екенсiң ғой. Қалада үйiме неге келiп тұрмайсың? Құлақтарың тесiк баласыңдар ғой, сұрақтарың аз болмаса керек-тi” деп қалды.
“Өмiрiңiздiң басым бөлiгiн ауылда өткiздiңiз. Сiз секiлдi осы өңiрге сый-құрметтi адам жоқ. Қиыншылық көретiндей себебiңiз және жоқ. Даланың жұпар ауасына үйренiп алғандар қаланың қапырығына шыдамаушы едi. Ауылдан көшiп кетуiңiзге не себеп болды? Өзiңiз салғыз­ған ауылды кейiнгiлердiң бұзып жатқаны жаныңызға батқаннан ба? – » деп төтесiнен қойып қалдым. “Маған осы өңiрден артық жер жоқ. Жас кезiмiзде тыным таппай еңбек еттiк. Ауданда жоқ стадион салғыздық. Екi мектеп, екi аурухана, екi клубы, соңғы үлгiде салынған фин моншасы бар ауыл облыс бойынша бiзде ғана болды. Халық үшiн қызмет еттiк. Елдiң алдында ұялатын жерiм жоқ. Көңiлдi құлазытатыны кейiнгiлер алмағайып заманда бар дүниенi ұқсата алмады. Көп ғимараттар қирап қалды. Сырттан келiп бүлдiрiп кеткен ешкiм жоқ. Бәрi өзiмiздiң азаматтардан. Бiрақ, ел-жұрт бар ғой, кемiшiлiктер түзеледi деп сенемiн. Өзiң айтқандай ауылда отырсам, сый-құрметтен таршылық көретiн жөнiм де жоқ едi. Бiрақ, немерелерiм жоғарғы оқу орнына түскен соң, солардың басы-қасында болып, оқытуды жөн көрдiм. Құдай берген мына өмiрде жердiң астына түсiп шахтада да кеншi болдық. Ел басқарып, басшылық та жасадық. Бiрақ, заманымда оқу қуып, бiлiмiнiң соңына түсуге жағдай болмады. Сол өкiнiшiмнiң орнын немерелерiм арқылы толтырып жатырмын. Менiң қалаға барғандағы бар мақсатым осы ғана болды. Жастарымыз бiлiмдi болса, елдiң мерейi әрқашанда үстем. Сондықтан оқуға үйiр болыңдар. Өздерiңнен кейiнгiлердi де үйрете жүрiңдер” дедi. Былтыр жазда айтқан ақсақалдың осы әңгiмесi әлi құлағымда. Биыл мамыр айының ортасында Нүсiпбек ақсақал 100-ге келушi едi. Тағдырдың жазуы шығар, мерей тойының ортасында бола алмады. Дегенмен, көкiрек көзi ашық ақсақалдың тәлiм-тәрбиесi ұрпағының жадында қала бермек.
Баяу да болса, Сарыбастау ауылының бетi берi қарап келедi. Бұзылғаны жөнделiп, жоғалғаны орнына келуде.
Күнi кеше ғана мектеп оқушылары, қалада жүрген жастар тағдыры жұмбаққа толы, елдiң, жердiң, тiлдiң жанашыры бола бiлген бiрегей азамат, ақын жүректi ұстаздары Естай Мәсiмбайұлын еске алып, рухани тәлiм-тәрбиесi мол кеш өткiздi.
Үлкенге құрмет, ұстазға iлтипат, өткенге салауат көрсете бiлетiн жастардың барында саналы ғұмырында халық үшiн қызмет еткен Социалистiк еңбек ерi, дала академигi Нүсiпбек ақсақалдың салған сара жолы ұзара беретiнi айдай анық. Осы тұрғыдан алып қарағанда, Нүсiпбек Әшiмбаев ақсақалдың ұрпаққа берген тәлiм-тәрбиесiнiң шекарасы мен көкжиегi өзi жасаған 100 жылмен шектелмейтiнi анық.
Руслан ЕРБОТА
Райымбек ауданы.
Алматы облысы,
Ерканат
erganat86@mail.ru
18-05-10 12:28
Доцент мырза буркеншек атпен шыкпай озиниз туралы толык жазсаныз.Естай агамызды еске алу 15 нде Сарыбастауда отти.Жас алаштын бугинги номирине 18.05. Нусипбек атамыз жайлы Руслан Ерболулынын жаксы макаласы шыкты окыныздар!!!www.zhasalash.kz тенде оки аласыздар.Ерканат Турсынжанулы
доцент
15-05-10 09:39
армысындар бармысындар сары балалар:-) мамыр айында еске тусіру дейді Естай агайды ?! сол жайлы естігендеріѕ болса хабар беріѕдер... сол кісініѕ тјрбиесі мен \\"јдептерінен\\" ґткен оќушыларєа жалынды салем!!! ауылдын кґркейту ќашан жїзеге асады, алыста болып, не жаналыќ болєанын ести алмаудамын!!! баяєыдаааа \\"орталыќ стадионды :-) реконструкциядан ґткіземіз\\" деп еді не білесіѕдер?
гул
11-05-10 17:14
Сарыбастау коктемнин жайма шуак кунинде кулпырып турган шыгар
Ер-Канат
erganat86@mail.ru
07-05-10 16:20
Баке усынысын орынды екен.Тек кана ардагерлер емес ауылдан шыккан,шыгып кана коймай елге енбеги синген тасадагы тулгаларымыз жайлы неге китап жазбазка!!!Демеушилер табылатынына бек сенимдимин.78 жылгылар Естай агамыз туралы жыр жинагын шыгарамыз деп еди."Сарыбастау санлактары" деген китапка сарыбастаудын тарихы суранып ак тур гой.Тек ниет болса...Ерканат Турсынжанулы
Бағашар
kojakhmetov-09
07-05-10 10:03
Ассалаумагалейкум бауырлар! Ұлы Жеңіс мерекесі құтты болсын! Ауылымыздың өткені мен бүгіні,ауыл ардагерлері(соғыс және еңбек), ауылымызға қызмет еткен ағалар мен апалар жайлы кітап шығарсақ. Пікір коссаңыздар.
Ер-Канат
erganat86@mail.ru
03-05-10 18:50
Аккер етегине коныс тепкен агайынга Актобе жеринен салем!!!Биз танымайтын таныстар конак болып кетипти.Отине сураймыз жаксы пикирлериниз ушин ракмет!!! Тек оздериниз туралы мол маглумат берсениздер.Бир бирин билип,бир бирине пайдалы истери тиер деген ниет кой биздики.Сарыбастаудан канат каккан кара домалактарга демеу болу алдынгы толкынга парыз болса керек.Хабарласайык,капталдаса шабайык,канаттасып бауырласайык!!! Ерканат Турсынжанулы
Әлия
bek_alia@mail.ru
03-05-10 10:41
Салем Сарыбастаулыктар. Мен Какпак ауылынын тумасымын. Елім Курман. Ардайым Албан балаларынын мартебеси арта бергенин тилеймин. Тек жогарыдан корине бериндер.
Баглан
baka83
24-04-10 10:00
Ассалау бауырлар! Ерканат маган Ернат керек ед!
Айгерим
aikusik1989
23-04-10 13:04
Сарбастаулыктар,кайдасындар.сендерди сагындым!!!!!Тулек 2007
доцент
16-04-10 13:45
Армысындар, Сарыбастаулыктар!!! инет жуйесин кезип журип, туган ауылдын топырагында туылган азаматтар мен азаматшылардын жазбасын корип куанып калдым!!!! узагынан суйиндиргей!!! тек бир отинишим форум былык соз бен арсыз истерге толмаса екен!!! себеби айт пен курман бабалардын урпактары аркашанда инабатты да ибалы, батыр да март болганы рас....
Думан
16-04-10 13:32
Тилеекевтер интернетти биледи екен гой, ха...
Тилекеев
12-04-10 17:41
Мен устаган Сарыбастау гой мынау
венера
venerka79
21-03-10 11:40
Сарбастаулыктарга НАУРЫЗ КУТТЫ БОЛСЫН АК МОЛ БОЛСЫН АМАН БОЛЫНЫЗДАР
венера
venerka79
21-03-10 11:32
АЛБАНДАРГА ЖАЛЫНДЫ САЛЕМ
лаура
dom1rebenka@mail.ru
16-02-10 17:07
салем! Абиев Ерланды 1976, ким биледи? маган сол жигит унайды.
меруерт
mika00
16-02-10 15:39
албандар алға
Ерканат
08-02-10 08:05
Салам!!!
Марлен
Marlen__90@mail.ru
13-01-10 01:00
Ассалаумагалейкум агайындар! Жана жылдарыныз кутты болсын!
ЕрКанат
erganat86@mail.ru
09-01-10 22:47
Салам бауырлар!жана жыл кутты болсын!шоп коп болсын!
Ер-Канат
21-10-09 15:00
Сарыбастаулыктар кайдасындар!!
Албан
05-08-09 10:57
АЛЛГА
Ерканат
30-06-09 15:56
Сарыбастаулыќтар неге жоќ болып кеттіѕдер
Okas Asxat
Asxat_1986
19-06-09 17:55
Ассаламағалейкум сарыбастаулықтар!
Ерканат бауырым қалайсың.
Олжас Калиулы
olzhas_kazah@mail.ru
12-04-09 16:01
сарыбастаулықтарға жалынды салем
Ер-Ќанат Тјукебай, Сарыбастау
07-04-09 14:48
Латифа апай саламатсызба? Сізбен ќауышќанаыма ќуаныштымын.Геолог мамандыєы бойынша Алматыда ќызмет істеп жїрген жайымыз бар.Бўл ашќан себебіміз жоєарыда айтылєандай, Тірліктіѕ емес бірлігіміздіѕ жоќтыєынан тозєан ауылымызєа кішкене болсада рухани инвестиция салу.Ауылды кґтеру жїрегінде жылуы бар сарыбастаулыќтарєа парыз болса кјнеки?
Латифа апай
Latifatukz@mail.ru
07-03-09 19:41
Ерканат, амансың ба, кокем. Мен Латифа Тобажанкызы апайынмын гой КазМедуниверден. Сенин хатынды корип, куанип кеттим. Балалар мен кыздар калай? Багдаттын тел. жогалтып алдым. Кимдермен хабарласып турасын? Озин не истеп журсин? Кателеспесем геологсын гой деймин. Менин сот. 8-701-418-81-89. Уакытын мен ниетин болса хабарлас.
Azamat
azemsa83@mail.ru
06-01-09 14:13
Aссаламагалейкум Сарыбастау жигиттери АЛЛА жар болсын!
Ер-Канат
23-12-08 09:04
Саке калайсын.Кирмегели бираз болып еди,жауап жаза алмадым.Мени танымайсын ба.Сол жерде де,Кегенде жарыста да корип един гой.Сол кездеги суреттерди жибере аласын ба?Канагат бауыр Сарыбастауда Ешкандай купия жок.Бала болсакта нардын жугин аркалап журген жайымыз бар.25 желтоксанда Сарыбастау ауылында тагыда аксакалдармен улкен жиын отеди.Журеги Сарыбастауым деп согатын барша жерлестерди ауылдык азаматтар куана карсы алады.Тагыда хабарландыру аптанын дуйсенби, сарсенби, жума, жексенби кундери саг 19-00 де Райымбек-Абылайхан кошелеринин киылысындагы 147-мектепте волейвол, футболдан трен-ка болады.Сарыбастаулык спорт суйер спортшыларга есигимиз ашык.
Санат
Sanatkz@mail.ru
05-12-08 20:15
Ерканат. мен сени онша танымадым,может корсем танитын шыгармын.сен озин 7си куни боласынба Исыкта?менде барамын папаммен,корип,танып жатсан келерсин...
Санат
Sanatkz@mail.ru
05-12-08 20:09
калайсындар жерлестерим!!! йа, ол туралы естидик, буйыртса менде барып калармын!!!
Канагат
01-12-08 16:11
Жолын болгыр Ерканат сарыбастаулыктардын барлык купиясын айтып койдын гой.
Баламысын деген осы да



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов