Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Мәдениет, өнер, дәстүр, әдебиет, БАҚ
Тақырып: әкетайымды сағындым...


Авторы Xабарлама
камила
10-12-08 10:02
Жайдары жан болған сон жаның ізгі
Жаныңдай жақсы көрдің бәрімізді
Жан Әке Жаратқаным жар боп өзі
Жақсартсын қабірдегі хәліңізді!!!

Достар, осы 25 жасыма дейін екі ұлдың ортасындағы әкемнің бір тал ерке қызы едім... бүгінде сұм ажал әкетайымды қас пен көздің арасында алып кетті... Оған деген сағынышымды баса алмаймын... ой бөлісіңіздерші менімен...

Авторы Жауап
Гүлжайна Асылгереева
Ziba96@mail.ru
09-09-16 19:16
Əкешім. Жаным. Алтыным. Тұмарым.
Ортамызда денің сау, күліп-ойнап жүргенде жазылмас ауруға шалдығып, сұм ажал алып кетеді деген қырық ұйықтасамда ойламаппын.Мұздап кеткен қолың мен аяғыңды жылыта алмай жүрегім қан жылады ау. Сол бір күн əлі көз алдымда. Жан дүниемді түсінетін, əрдайым \" сары қызым, май қызым\" деп еркелететін, жарқыраған жүзіңді ,сенің асыл бейнеңді папа қатты қатты сағындым... Бұл өмір ден маған бір сөзіңді айтпастан кете бардың. Тек бетімнен сүйіп, иіскеп, алтын қолдарыңмен шаштарымды тарап ,сипап кете бардың... Екі ағамнан кейін , мен ,ерке қызың қалдым артыңнан жылап.. Енді жас балаша сенсіз жарқырап күле алмаймын ау...Алдыңда өтейтін борыштарымды саған өтей алмайтын болдымғой..Екеуміздің ортақ армандарымыз көп еді.Сағыныштан сарғайып қиналып жүрмін.Алланың жазғанына шара барма.Он тоғыз жасымда қалдым өзіне жоқтау жазып. Бүгін өмірден кеткеніңе 43 күн болды. Əлі талай жылармын ау сені сағынып. Жаным əкешім , жан əкем іздесем сені,сағынсам сені қайдан табамын? Сенің ерке қызың Гүлжайна сені қатты қатты сағынды...
Кумисай
janchik_kuma_dikow
28-01-16 10:36
Отинем 31 куни кыркы болады, акем 46 да уш баламыз агам мен иним бар мен жалгыз кызы едим. 2 жыл ауырды бирак тосек тартып жаткан жок. Акеммен коштаса алмай калдым😢😢сагынып кеттимго...
Кумисай
janchik_kuma_dikow
28-01-16 10:32
Акемнен айырылганыма 40 кун болады соган жоктау керек еди 😢😢😢
Диана Сағымбаева
buahunova@mail.ru
28-06-15 19:24
Алтын папатайымды қатты сағындым. Папам кеткеніне 40 күн болды. Айтар сөзім қалмады...қатты қатты сағындым əкешім..түсіме бір кірші алтыным..
Гука
guka_1988.88@mail.ru
05-11-14 22:39
Аке деген аскар тау гой.Менде кас пен коздин арасында акемнен мангиге айырылып калдым ау
Аскарда биик тау еди кеше гана сау еди
Аскарда тауым кулады ау байтерегим сулады ау
Орны толмас окиниш,орны толмас сагыныш болган жан аке
Асемгул
asemgul85.bk.ru
05-11-14 08:40
мен аемнен айырлып калдым,коштаса алмай калдымгой, сагындым акетайымды 55ке жете алмай кетти уш кыз бир улдын мактанышка толы ер адам ед шешем калды анырап кайтейык осы омирдын ашшы жерлери екен , нди акеме 100 кун болад соган жоктау керек ед отиниш сизге 100 болад 07,11,14,не
Динара
alzhanova.71mail.ru
06-02-14 07:09
әкенің ақылы керек екен,Сағындым ғой мен сені,Қиналдым ғой, комек беретин ешким жок

Батима
batimab73
03-12-13 12:18
Сіздермен менің де мұңым отрак Акең дени сау ортамызда жүргенде аурады ау, сұм ажал алып кетеді ау деген қырық ұйықтасамда санама кирмепти, Әкесіз өмірдің қиын екен, жан дүниеңді түсінетін, ол адамдай бөлісетін адамын болмаса
Жарқыраған жүзіңді, Сениң асыл бейнеңді,Жұмыстан шаршап келгенде Айналайын аман есен келдіңбе деген сөзіңді . Сағындым әке өзіңді.
Дәл сол таңда білсемші енди көзіңнің карасын кормесімді Кетерме едім қасыңан, Кеттіңде бардың, айтпастан бір сөзіңді, туладым, жоқтадым қайтейін сен емес кеткен мені тастап, ажалдың сұмы екен әкеткен сені, деп жаңа жетті ой санама. түсімде көрсем қуанам көрдім аке жүзіңді деп, айтар сөзің бар еді, естімедім, үлгермедім сол бір күздің сұр күні қайтейін колдан келер не шара. Қара суық ызғар жердің астына тапсырдым сенін жансыз денеңді. Қараймын күнде бейнеңе, айтқың келеді ау дим бір нәрсе, қалай білем, қайдан білем маған айтар сөзіңді. Сан мешітке бардым сұрадым, келеді ымдар саған деп еді күтем әке түсімде көрем деп сенің бейнеңді..

гулбану
doma.kz
25-11-13 18:22
Шарайнам сындау муртынан
Акешим кетти журтынан
Акешим журтында отырса
Камкоршы еди сыртымнан
Алтында тоннын илгеги
Акешим уйдин тиреги
Акешим деп жыласам
Согара ма екен журеги

Редактор
makishev_777@mail.ru
24-04-13 10:05
Байқұс балапандар-ай...
лаура
laura.
22-04-13 16:34
салем достар! кайгыларына отакпын. Мен де кун сайын акемди катты сагынамын. оны енди коре алмайтынымды ойлап жылап аламын. бірак жылаганнан не пайда? алла тағдырымызды осылай жазса конбеска амал бар ма? Менин папам адамгершілігі мол, жүрегі кең, жаны жомарт ардақты азамат еді. Егер әкеміз ортамызда жүрсе, биыл 22 сәуірде
әкемиз 62 жаска толар еді Әттең, тағдырға не шара?!
Әке, сіз бізге тіршіліктің қайнар көзі, мейірімнің кәусар бұлағы бола білдіңіз. Сізге деген сағынышымды айтып тауыса алар емеспін. Сіздің асыл бейнеңізді, қоңыр даусыңызды сағындым....
сап -сау жұмыс жасап жүрген Әкеміз 1 сағаттың ішінде кете барды, тобемизден жай түскендей болды, сене алар емеспин, әкем қайтып келетин сиякты кутип журмин, Әке сизди катты сагындым

салтанат
saltaca_92_92
11-06-12 19:15
акемди менде катты сагындым
Гулбану
G_gulba
04-09-11 23:07
достар сиздерди мен тусине риткени озимнин басымда бундаи жагдаи бар!
ПАПАТАИЫМ
ШЫНЫМЕНЕН КЕТКЕНИН БЕ?
ПАПАТАИЫМ
БУЛ ОМИРДЕН ОТКЕНИН БЕ?
ЖАЛГЫЗ КЫЗЫ ОСЫНШАМА ЕНИРЕТИП
НЕГЕ КЕТТИН???
О ДУНИЕНИН МЕКЕНИНЕ???
ЕНДИ КАЛАИ
ЖАС БАЛА БОП ЖУРЕМИН
ЕНДИ КАЛАИ
ЖАРКЫРАП МЕН КУЛЕМИН
О КУДАИЫМ БУЛ НЕТКЕНИН
ЖАН ПАПАМДЫ АКЕТКЕНИН
ОН АЛТЫГА ТОЛГАНЫМДА
ЖОКТАУ АИТЫП ЕСЕИТКЕНИН !!!!!
Нурсауле
Nursaule.89@mail.ru
28-07-10 09:49
Камила сени тусинемин. Мен де әкемнен айырылып, киналып журмин.

Келсеңші әке, кірсеңші келіп түсіме...
Әкелік көнің толама барлық ісіме?
Өтінем әке, көрінші маған, қызым деп,
Сағыныш толы сырымды менің түсіне...

Әкесіз өмір жазды екен маған несіне,
Деп кейде налып, көндікпей кетем күшіме...
Жылатып та кеп, жұбатып та кеп қинайды
Амалдың жоғы тағдырдың салған ісіне...

Ауылға барсам қыдырып, қалғым келеді,
Арнап бір, әке, басыңа барғым келеді,
Өмірге кейде өкпелеп қалам, сондайда,
Керексің әке, қасыңа барғым келеді.

Сарылта берме, сабылта берме сағыныш!
Жырларым тынба! Тозақтың торын алып ұш!
Періштелерім, сағыныш толы сәлемді,
Жұмақта жатқан әкеме менің алып ұш!

Zaza
Камилаға
11-12-08 16:18
Камилажан, мен саған не әпке, не сіңіл боламын. Түбі бір бауырлармыз ғой. Рахмет айтудың керегі жоқ. Хат алысып, хабарласып турғың келсе, ойыңды бөліскің келсе, azina_2005@mail.ru поштасына хабарлас.
камила
11-12-08 07:27
Рахмет! Білмеймін кім екеніңізді, әпке боласыз ба, аға боласыз ба... Сонда да тағы да рахмет деймін! Кей-кейде жаным құлазып, әкемді еске алғанда осындай ой бөлісер адам таппайсың... тәубе әрине, бауырларым бар, анам бар... бірақ әкем туралы айтып, көңілімнің құлазығанын оларға білдіргім келмейді. білем, оларға да қиын... сол жараларының аузын тырнамайын деймін...
Заза
Камилаға
10-12-08 14:08
Камилажан, өмір осы ғой...

Жан жақыныңды, өміріңнің өткіншілігін ойлағанда, жүрегің қысылып кетеді. Бірақ Алланың заңы осылай ғой. Бұл - тек уақытша өмір ғана. Сен де, мен де, ешкім де осы дүниеде мәңгі қалмайды. Ерте ме, кеш пе әйтеу барар жеріміз ғой. Сен тек сағынышыңды ойлама. Әкеңді ойла. Ол кісі (иманды болсын!) сені тәрбиелеген адам ретінде белгілі бір деңгейде сенің әрекеттерің үшін Алланың алдында жауапты, яғни саған берген тәрбиесі үшін жауапты. Сондықтан, өзіңді барлық істе жақсы ұста. Ол әкеңе де жақсы. Біреуге жақсылық жасасаң, оның хайыры әкеңе де тиіп жатады.

Адам осы өмірден тек қана өз істерін алып кете алады, адам жан тапсырғанда, оның амал кітабы жабылып, оны өз тарапынан өзгертуге мүмкіндігі болмайды. Сонда осы өмірде қалдырған хайырлы ұрпағы, салған мешіті, көпірі, отырғызған ағашы, жазып калдырған хайырлы кітаптары, т.с.с. қоғамға жасаған жақсылықтары ғана амал кітабына сауап толықтырып жатады. Егер көпір салған болса, көпір құлап қалғанша, кітап жазса, ол кітап жоғалып кетпейінше, ағаш отырғызса, ол сая беруін тоқтатпайынша, сауап ағыла береді. Ал сен әкеңнің осы өмірде қалдырған ұрпағы ретінде осы өмірден өзің кеткенше жақсылық ет, сауапты істер атқар. Алланың заңымен жүр. Сонда өз әкеңе де дүниеден өткенше жақсылық істеген боласың.

Сағынышпен езіліп, оны ойлап отырған сендей ұрпақ тәрбиелеген әкеңе Алланын рахымы болсын!

Өзің де білерсің, тек есіңе тағы бір рет салған артық болмас деп айтып жатырмын. Осыны есіңде мықты сақта. Қай істе де абыройлы бол, қалай тәрбиелеген дегізбе. Ешкімнің ала жібін аттама, арлы бол!

Ерте ме, кеш пе, бәрібір болатын Алланың ісі ғой. Ауыр, қиын, жаныңа жайлы жер таппайсың... Бірақ жақсы қыз бол. Сенің жақсылығың әкеңе де жақсы тиеді. ИншаАллах, Рахымы мол Аллаһ Тағала ата-анаңа да, саған да, бәріміздің ата-анамызға да, бәрімізге де - мұсылмандардың бәріне жәннатта болуды нәсіп етсін! Әәмин!!!




Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов