Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Қазақ тілі
Тақырып: Таза сөйлейікші


Авторы Xабарлама
Құмар
07-09-05 12:30
Достар, менің сендерге айтар үлкен өтінішім бар. Таза сөйлейікші. Әйтпесе, қазақ сөздерінің өзін құбылтып, қирата сөйлеуді әдетке айналдырып барамыз. Мысалы, "сөйлеуіміз керек", "айтуымыз керек", жүруіміз керек" деген тіркестерді "сөйлеу керекпіз", "айту керекпіз", "жүру керекпіз" дейміз. Осы жаман әдет соңғы жылдары пайда болды. Сосын "күлкілі" деген сөзде "күлкінішті" дейміз. Ұят емес пе? Тіліміздің онсыз да мың шұбарланғаны жандарыңызға батпай ма? "Бара ма?", "келе ме?" деген сұраулы етістіктерге өткен шақтың жұрнағын қосып, "барады ма?", "келеді ме?" дейміз. Өздеріңіз тыңдап көріңіздерші, құлаққа қалай жаман естіледі.

Авторы Жауап
солай бауырым
02-08-09 23:03
сдача-ға аударманың қажеті жоқ сияқты, егер ақша жөнінде болса *қалған ақшаны қайтар немесе қалған ақшаңды ал *деп айтса қалай болар екен
Құмар
21-07-09 17:29
"Сдача" қайтым болса дейсіздер ме? Жобаға келеді. Бірақ қазақ "қайтымы тез" деп адамның мінез-құлқына қарай да айтып жатады ғой. Сондықтан оны басқа ұғымға тықпалағаннан ештеңе ұтпайтын шығармыз.
Ал соңғы кездері "ойымен бөлісті" деген тіркестер өріп жүретін болды. Масқара ғой! "Ой бөлісті" болмай ма?kpyn
deleted
26-03-09 06:55
Ой бай жассандаршы!!!
Кєке
24-03-09 07:01
Аудикітап деген тамаша екен, ол ќай жерде? Жуыќ арада М.Єуезовтыњ кµксерегіне шыѓармаќ ойым бар, ќалай ќарайсындар тыњдармандарѓа ќызыќты болама?
РАУШАН ЖОЛМАНОВА
toulpan_84mail.ru
07-07-08 10:36
САЛЕМ! М¦ХТАР АЃА СІЗ ¤ТЕ Д¦РЫС ІСТЕГЕНСІЗ. ОСЫНДАЙ АДАМДАР ЃОЙ КОЃАМДЫ ЛАСТАЙТЫН. СІЗ "ЖАС АЛАШ" ГАЗЕТІНДЕ ІСТЕЙСІЗ ЃОЙ ДЕЙМІН, АТЫ - Ж¤НІЊІЗ ¤ТЕ ТАНЫС. МЫСАЛЫ МЕН ОРЫСША БІЛЕМІН. БІРАЌ ¤ЗГЕ ¦ЛТ ¤КІЛДЕРІНЕН ЌАЗАЌША ТАЛАП ЕТЕМІН,ОЛАР ДА ЌАЗАЌ ТІЛІНДЕ С¤ЙЛЕУГЕ ТЫРЫСАДЫ: НЕГІЗІ БЄРІ ДЕ ¤ЗІМІЗГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЃОЙ. 10 ЌАЗАЌ 1 ОРЫС БОЛСА БЄРІ ЖАБЫЛЫП ОРЫСША С¤ЙЛЕЙДІ, СОНДА НЕ ‡ШІН; НЕГЕ? Ќ¦ДАЙЃА Ш‡КІР... ЌАЗІР К¤ПТЕГЕН ЖАСТАРДЫЊ БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫЌ СЕЗІМ БАР, СОЃАН ЌУАНАМЫН. ЖСТАР АЛЃА, ¤ЗГЕЛЕРГЕ ¤ЗІМІЗДІ БАСЫНДЫРМАЙЫЌ?!...
Мухан
mukhan1993@inbox.
21-06-08 13:06
Барлығына сәлем!!! Сіздер таза казақша сөйлесуге әрекеттенесіздер, Мен Қазақстандықтарға түсінбеймін... Неге сіздер Өзбекстаннан барған қазақтармен сөйлеспейсыздер? Оралмандар Қазақстанның адамдарына қарағанда қазқшаны жақсы сөйлейді. Сіздердің жазып жатқан сөздеріңізде мынадай сөз бар екен---""Күлкінішті"". мен өзім Өзбекстанның Зарафшан деген қаласында тұрамын. Бұл жерде КҮЛКІНІШТІ деген сөз жоқ. Мен бірінші рет естуім (оқуым) бұл сөзді.
Сіздер қазақша сөйлескілеріңіз келсе, оралмандармен көп сөйлесіңіздер!!!
Бек (Қарағандыдан)
Issabekow@mail.ru
12-06-08 11:54
Көмектесіңіздерші, аудиокітаптарды қайдан алуға болады? кім біледі?
Жанна Ерикке
22-05-08 12:26
Жуйке жасушалары калпына келмейди, болмашы нарсеге ашуланбаныз! Казир казак казакша сойлесе, куанатын заманда, "мазмұнымен бөлісу" тук емес кой!
Жанна
22-05-08 12:18
Салеметсізбе Мұхтар мырза! Жарайды біз казакшаға сөздерді аударамыз,бірақ сол сөзде сөйлейтін қазақ табылады ма екен? (Бирак кейде мойындау керек, кейбир "казакша" создерге озин де тусинбейсин! "Шаш ал десе, бас аламыз)
Мұхтар Жанұзақов
08-05-08 17:11
"Сдачаны" қайтым десе қалай болар екен. Мысалы "Мынау елу теңге сіздің қайтымыңыз, алыңыз".

Енді аудармалар туралы. Қан қысымдарыңыз көтеріліп кетпесін, өзімнің қан қысымым көтеріліп-көтеріліп осы кезде үйреніп кеттім күнде көріп жүргеннен соң.Орысша "Берегите воду" қазақшасы "Суды құтқарыңдар", "Хлеб всему голова" "Нан баршаның басы". Астанадағы SULPAK сауда үйіндегі жазулар "Газовые плиты"-"Газдалған плиталар".

Бүгін "Ана тілі" газетіне мына мақаламды жіберіп едім, өз пікірлеріңізді білдірсеңіздер екен.

Жол полициясы басшыларының құлағына алтын сырға

Басқаны қайдам, өзімнің әйтеуір ана тіліме деген махаббатымды тілмен айтып жеткізуім қиын болар. Көшеде болсын, қоғамдық көлікте болсын орысша сөйлеген қандастарымды көрсем үлкені болсын, кішісі болсын әрқашан өз ана тілінде сөйлеулерін ескертуден жалыққан емеспін. Жұмыста да сол ахуал. «Ұлтжанды ағаларымыз Тіл инспекциясын құру керек деген ұсыныстар жасап жатыр, егер іске асып бара жатса, сол инспекцияның белді қызметкері болар едің. Жол сақшылары сияқты хаттаманы бұрқыратып толтырып, біраз адамға айыппұл төлетіп, қазынамызды әжептәуір қампайтатын едің» дейді таныстарым әзілдеп. Бейшараның күйін кешіп отырған ана тілімнің көсегесін көгертуге қарлығаштың қанатымен су сепкеніндей болса да қал қадірімнің жеткенінше үлесімді қоссам деймін.
Жол сақшылары демекші, автокөлік тізгінін ұстағаныма жиырма бес жылдан асып кетіпті. Құдайдың өзі сақтасын бірді-екілі елеріп жүріп өздері келіп соқтығысқандар болмаса, менің кінәммен жол-көлік оқиғасы болған емес, болмай-ақ қойсын. Әрқашанда жол ережесін бұзбай жүруге тырысамын. Өзім Астанадағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханада жүргізушімін. Айтайын дегенім, 2008 жыл 15 сәуір күні Астана қаласындағы Сарыарқа көшесімен келе жатқанымда жолда тұрған өзімнің қандасым, жол полициясы инспекторы полиция капитаны С. Төлеев тоқтатты. Қолыма бар құжаттарымды алып қасына жақындай бергенімде, «почему нарушаем...» деген сөзін соңына дейін айтқызбай, «інім мен қазақпын, өзің қазақсың маған қазақша сөйлесейші» дедім. «Саған қазақша керек болса қазір хаттаманы қазақша толтырып беремін» деп ізімнен келе жатқан УАЗ маркалы автокөлігін тоқтатып, жүргізушіні өзінің жекеменшік көлігіне отырғызып алып, не жаздырып алғанын білмеймін, кейін өзімді шақырып алып «жолда қауіпті жағдай туғыздың» (өздерінің тілінде «создание аварийной ситуации) деп қазақ тілінде хаттаманы қатырып тұрып толтырды. Әлгі УАЗдың жүргізушісі не жазғандығын білгім келіп сұрасам «жыртып тастайсың» деп папкасына (папканы қоржын десек қалай болар екен?) жасырып қойды. Сөйтті де «жүргізушілік куәлігіңізді сотқа жіберемін» деп түсініктеме жазып беруім керектігін айтты. «Мен жол ережесін бұзған жоқпын, «қазақ тілінде сөйле» деп ескерткенім үшін ұнамай қалған шығармын» деп жазып бердім. Қойшы әйтеуір менің жүргізушілік куәлігімді сотқа бір-ақ асырды ғой.
Сонда қалай, мен біріншіден мемлекеттік қызметкерге мемлекеттік тілді силап, сол елдің мемлекеттік тілінде, екіншіден өзімнің қандасымды өз ана тілімізде сөйлеуге шақырғаным үшін, нан тауып, бала-шағамды бағып отырған жүргізушілік куәлігімнен айырылуым керек пе?

Мақаладан тыс. Сол жерде бес-он теңге беріп кетсем де болатын еді, талай жерде солай істеп те жүрмін, бірақ мен орысша сөйлегеніне қырсығып қалдым.
Айгерим
aigera83
08-05-08 10:36
үш жыл өтсе маңыздылығын жоймайтын тақырып қой. Қиын жағдай достар, басқасын қоя тұрып тұрмыстық заттарға келер болсақ, мысалға, холодильник (морозильнигімен қоса), сотка, стол, ручка, нәски (носки), рубашка айта берсе толып жатыр.
осыларды қазақша атауымен айтып жүрген қазақ кемде кем. Мойындау керек мен де солай айтам. қанға сіңіп кеткен. Кейбіреулер қазір "мұның ұят" деп айтуы мүмкін. Білем! Бұл енді қанға сіңген дерт деп айтса да болар. Осыған не айтасыздар?Ал енді жарнама, ғимараттар атауы, тауар сыртындағы аудармалар, қазақша іс-қағаздар, құжаттамалардағы болып жатқан сорақылықтарды айтпай-ақ қояйын, әйтпесе менің де қан қысымым көтеріліп кетер.
batir
25-04-08 19:46
ne dese ol desin birinshi azda bolsa kazak sha bilip alu kerek goi.jasau isteu degen siyakti sozder kop kazak sha ga deris keletin soz emes goi.kazak sha degen de tilin jutip,eki iyigini irgatip turatin dardan karagan da.
satr
asdrex00@yahoo.com
25-04-08 19:37
kim halai tusinse solai aitsin.asgan ...sa desin tusine tin tilin de.kalai tusin dire alsa kazak sha solai aitsin.kaldik biraz duris emes au deim.
danaros
bika61@list.ru
18-04-08 18:34
Мырзалар мен Ханымдар!
Бұл Қазақстандағы алғашқы аудиокітаптар...тындап таң қалып отырмын...
Жуықта "Жанғырық" атты серіктестік, қазақ ертегілері жазылған қазақша аудиокітап жасап шығарыпты. 2 диск. Дискіде серіктестіктің мекен жайы да жазылған.
тындап,құлағымның құрышын қандырып отырмын. барлық кітап , диск сататын магазиндерден сұрандар. Өте керемет! Баяғыдағы батырлар жырлары жазылған күй табақтар болушы еді ғой...
Ертегілерді таза қазақ тілінде тыңдау кімге де болса өте пайдалы...
Айжан
Айжаннур
18-04-08 16:03
"Сдачаны" қайтарылатын қалдық ақша немесе қалған ақша деуге қалай қарайсыздар? Себебі, орыстың бұл сөзі ақшаға қатысты айтылады емес пе? Тек қана қалдық дей салсақ, санамызда тағы "Ненің қалдығы?" деген сұрақ тумас па екен?
Ахмет
05-12-07 10:53
дўрыс еріке солай де
mongol
subedeibahadur@mail.ru
18-07-07 15:26
сдачаны "қалдық" деп аударса қалай екен?
Құмар
17-01-07 09:31
Достар, бәріңіздің бұл тақырыпқа үн қосқандарыңызға рахмет.
Менің бір ұсынысым бар. Күнделікті тұрмыста кездесетін сөздерді қазақша айтуға дағдылансақ. Мысалы, "сдача" деген сөз бар. Оны қалай аударуға болар еді?
Айжан
akan_86@mail.ru
22-11-06 13:31
Казакстан жаса!!! Алга Мухтар агамыз айтпакшы кеуделерінді котеріп, казакша сойлеуге уялмандар. Ура алга!!!
Мари
04-10-06 10:04
Гауһар, ол біздің тым ақ көңілдігімізден ғой. Кейінгі кезде жастар лох деген сөзді ақ көңіл деп аударып жүр. Қалжыңым ғой. анығы әзіл-қалжыңым аралас
Гаухар
gaukhark@yandex.ru
24-07-06 15:47

Армысыздар халайық!
Әрине қазақша сөйлеген дұрыс? бірақ қазақ тілін білетіндер аз ғой. Елімізде өзге тілде, әсіресе орыс тілде сөлейтін жалғыз адам болғанға дейін орысша сөйлейтін боламыз. Кезінде, әкем екеуіміз осы мәселе жайында ренжісіп қалғанбыз. Мысалы, он қазақтың арасында бір орыс болса да барлығы сол орыс үшін орысша сөйлесіп жүреді. Неліктен, неге ол біз үшін қазақша сөйлеспейді? неге ол бізді түсінуге тырыспайды? Білсе дағы ол өз тілінде сөйлеседі. себебі. ол орыс қазақ емес. Ал біз тілді ғана емес, өзіміздің кім екендігімізді ұмытып кетеміз.
Оспан Санжар
sanzhar_90@mail.ru
18-06-06 11:05
Бауырларым! Бұл ойын емес! Расында да қазақ тілін қолға алу керек! Бұл сөзді біз теледидарлардан естіп, журналдардан оқимыз! Бірақ оған көп көңіл бөлмейміз!!! Менің сендерге айтайын дегенім - өзге тілдің бәрін біл мен оған қарсы емеспін, бірақ өз тілінді құрметтей біл! Бұл сөзім асып айтқан асылық емес, бойында оты барлар асылық демес!!!
Даша
11-04-06 10:08
Құмар жақсы тақырып ашыпсың, бірақ бұл әр қазақ өзінің сөйлегенін қадағалап отырған жағдайда ғана болады. Сонымен қатар, тұратын жеріне байланысты диалектілер бар емес пе?
Менің ойымша, қысқыртып не болмаса тез айтқанның еш жамандығы жоқ, тек дұрыс жазса болғаны.
Ал жарнамалардың қате жазылғанына мен келісемін, ол әкімшілікте отырғандардың сауатсыздығы.
Бірақ бұр жағдай бара бара түзелетініне сенемін. Қазақ тілінің дәрежесін көтеруге енді ғана кірісіп жатыр ғой. Ал өкімет тарапынан енді ғана қозғалыстардың басталуына қарамай, біз өзіміздің әр айтылған сөзімізге жауап берейік.
Канат
29-03-06 00:15
Соңғы кезде КӨБІ дегенді КӨБІСІ деп жүр
Жұмыс істейді демейді Жұмыс жасайды дейді
Осыларды да жөндесек
Жет1су
26-03-06 10:22
Мен1н бала кез1мде, уйге б1р казакша жонд1 б1лмейт1н жас ж1г1т келд1, папама оз шаруасымен. Апам "нан ауыз ти" - десе: "Ой, апа, рахмет. Мен тойып турмын" - дед1, анау. Ол кеткен сон, апам: "Шалаказак неме, б1реу оны аш деп пе, уйге басын сукса б1р уз1м нан ауыз тию деген казактын ырымы гой" - деп жактырмады. Буг1н сондай казактардын немерелер1 гой, "Мен 18дем1н, сайлаймын" деп журген.
Жет1су
26-03-06 10:09
Б1зд1н казактар былай сойлейд1: "Буякта - бул жакта, оякта - ол жакта, келятырмын - келе жатырмын, буйерде - бул жерде, апар - алып бар, бергеш1 - бер1 кел, буйтпеш1 - булай ет1п 1стемеш1". Б1з шалдар да солай сойлейд1. Бул баягыдан келе жаткан нарсе, б1з "бу" дейм1з тез сойлегенде, жай сойлегендн асыкпай "бул" дейм1з. Б1зд1н ел озбектен бол1нбей турганда ост1п сойлейт1н.Алтай мен Ресей жактагы казактар баскаша сойлеген шыгар, онысын б1лмейм1н.
"Кулк1н1шт1" деген соз нагыз шала казакша соз, 100 жыл бурын бундай соз болган емес.Кате создерд1н коб1 казакша б1лмейт1н адамдардан шыгады. Оны диалектпен шатастырманыздар.
НУРЖАН
06-12-05 18:11
НУРЖАН + РАУШАН = ЛНВ Жетісай қаласы
шетелдегі қазақ баласы
06-12-05 17:17
осы біздің қазақтар ия,әрине,жақсы,тез т.б қазақша сөздер бола тұра,неліктен да,канишна,нормално,срочно секілді сөздерді жиі қолданатынын түсінбеймін.бұл әдетімізді тастасақ құп болер еді.
Қонырат
konirat@mail.ru
05-12-05 21:19
Ассалаумагалейкум!
мына такырыпты ашкандарын дурыс болган екен. енди шет елде журген казагымнын коби тилинин калай бузылганын ози де байкамай калады. асиресе казактарга бауырлас халиктардын жеринде жургендер, сол халыктын тилимен шатастырып алады казак тилин. мен оз басым кейде турикшемен казакшаны араластырып сойлеп кетемин. есиме тускенде барып колдан келгенше таза сойлеуге тырысамын.
бул жерде келиспейтин адам жок деп ойлаймын бизбен. ал енди ары карай сол казекендердин, аударып журген кулкили аудармасын осы жерге жазып журсендер, билмейтиндер де кулагына сырга етип журер еди.

Жансая
Студент
24-11-05 16:04
Ќыздарѓа арналѓан ќандай єдемі сµздер білесіњ? Соны таратып жазып жібер.
Сәугөй
24-11-05 15:23
Koldi ayakka turmau degen beymazalaniu, debigiri ketiu degen maganani beredi.
Айман
2005
23-11-05 15:32
Сєлем Ќ±мар. Маѓан мына сµздіњ маѓынасын т‰сіндіріп берші.
"Ќолды-аяќќа т±рмау" .
АРЛАН
xasen@ssgpo.kz
14-11-05 12:52
Ќ±мар! "Ас иесімен..."-деген бар, ќайдасыњ, ќыздар іздеп жатыр.
Құмар
14-11-05 11:23
Айман, мен қарсы емеспін. Электронды адресіңізді жазыныз. Бірақ мен қазақша керемет таза білемін деп ойламаймын, мен мағынасын жете білмейтін сөздер қаншама.
Айман
2005
13-11-05 15:13
Сєлем Ќ±мар! Мен шынымды айтсам ќазаќша кµп сµздерді д±рыс білмеймін.Егер мен сенен ќазаќша ‰йренгім келсе сіз маѓан ‰йретер ме едіњіз?
kazak bala
09-11-05 19:06
`Magan 18. Men saylaymin` degen ne sumdik bol, estip alip ne jilarimdi ne kulerimdi bilmey kaldim goy. Men ozim Kazakstan kazagi emespin sondiktan atamekende kazirgi uakitta audarilip jatkan keybir sozderdi korgende eriksiz kulkin keledi. Bala kezimizde Habar shikkanda keybir kisilerdin soylegenin korip kulip olip kalushi edik misali: (kazakstannin kay boliginde osilay soylenetinin bilmaymin) kele atkan, ketip atkan, istep atkan etc, deytinder bolushi edi. Odan bir kizikti jagday men osi ozim turgan elden Kazakstanga telefon sokkanda (anda tuistarim omir suredi) `sizge nomera joyilgan` degen sumdik narse estiymin ali kunge deyin ne maganada ekenin bilmeymin mumkin siz jalgagan nomera bul kunde koldanilmaydi degen magana beretin siyakti.
Салмақ
17-10-05 13:28
Газет-журналдардың бетінде, мысал үшін, "Қазақстан - бұл ғажап ел" дегенге келетін жарымжан сөйлемдер көп. Осы сөйлемдегі "бұл" сөзі керек пе? Қазақстан - ғажап ел. Меніңше, осы дұрыс. Ал "бұлды" қосу - баяғы орысшадан калька. "Казахстан - это прекрасная страна" дегенді аударғандағы түріміз. Осындай нәрседен абай болайықшы.
Еріке
26-09-05 08:59
Алматының көшелерінде бейшара жарнама пайда болды. "Маған 18. Мен сайлаймын" дейді. Орысшадан масқара ұят аударма. Анығында, "Мен 18-ге толдым. Енді мен сайлауға қатыса аламын" болмай ма? Өңкей дүбәралар соны дұрыс аударатын адам таппай қалып па? Ұят-тағы...
Дарабоз
21-09-05 19:03
жакында Жас алаш газетінде жаксы макала окыдым, онда казак тілі окінішке карай коп жагдайда орыс орфографисяна багынады(мысалы, Болгария -казакша Бұлғария болу керек, солсиякты оте коп создер)...осыны калай шешсек ойластыру керек!
Толыгырак макала мында http://www.zhasalash.kz/pdf/150905_4.pdf
Жарқын
17-09-05 19:57
ххх, сіз маған айтып отырсыз ба?
xxxxx
16-09-05 23:17
dereu doktorga bariniz!!!jazdin istikh kundreinde hisim koterilgen jahsi emes!!!
Жарқын
zharkyn@list.ru
16-09-05 21:55
Жігіттер, осы тақырыптарың өте орынды екен. Тек ол қателіктеріе көпшілік өздері байқамайды. Сондықтан менің ұсынатыным, сол дұрыс және бұрыс сөздерді жинақтайтын кітап шығару. Қолдарыңнан келе меі?
Және тек қана ол емес. Мен соңғы кезде байқағаным, көптеген, дүкендер мен кафелерде, сонымен қатар қазіргі аударылып жатқан жарнамаларда көп қате жіберіледі. Соны бақылап, қадағалайтын тиісті орын жоқ па сонда. Мүмкін өзіміз құрамыз. Ойланып көріңдерші?
Ой, пікірлеріңмен бөліскендеріңе рахмет. Жазыңдар, айтыңдар.
Еріке
16-09-05 13:44
"Оймен бөлісті", "пікірімен бөлісті" дегентіркестер де құлақты жауыр етіп бітті. Анығы "ой бөлісті", "пікір бөлісті" емес пе? Ал бүгін "мазмұнмен бөлісті" деген тіркес оқып, қан қысымым көтеріліп кетті.



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов