Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Общение: Список форумов
Форум: Шежipe
Тақырып: Жаппас руының тарихын кім біледі?

страницы:    2   1    в начало »   

Авторы Xабарлама
Салтанат
evolution2100@mail.ru
24-01-09 09:26
Сєлеметсіздер ме? Жаппас руыныњ тарихын білсењіздер жазып жіберсењіздер. мен µз руымныњ тарихын д±рыс білмеймін. сондыќтан ќаным ќазаќ болѓандыќтан оны білу борышым деп санаймын. сіздерден кµмек с±раймын.Алдын ала рахмет. тек µтірік нєрселерді жазбањыздар.

Авторы Жауап
Қайсақ
kai_1960@mail.ru
08-11-17 03:47
Алтынның кезінде өз алдына ірі ру,тайпа, соңынан мемлекет бірлестігі болған деп ойлаймын.Оны Алтын руынының шығу тарихы мен осы күнге дейінгі жолын байыптап қарап,оған терең ғылыми баға берген адам түсінер еді.Жер-су атаулары,жазбаша деректерде кездесуі,мемлекет болғандығы, т.б. келтіріп кетуге болады.Ал, шежірелік тұрғыдан алып қарайтынымыз,бертінгі бізге ауызша келіп жеткен нұсқалары деп ойлаймын.Бұл жерде 18-ғасырдан кейінгі ауызша келіп жеткен нұсқалар, Баймұрат батырдың Алтын мен Жаппас руларына ұран болуына қатысты осындай тұжырымдама жасауға болады деп ойлаймын.Яғни,18-ғасырға дейін бұл екі рудың тарихы тереңде жатыр.с/м Ғани Абылайұлы.
сауірбай
jappas1961@mail.ru
03-11-17 16:03
алтын жаппас руы /жаппас руына/ қатысы барма əлде шежірелері бөлекпе осыны білетін адамдар барма осы жөнінде жазсаңдар
Қайсақ
kai_1960@mail.ru
03-11-17 08:19
Өркеуде, Жаппас бабамыздан тараған үлкенді-кішілі,еліміздің түкпір-түкпірінде және көрші елдерде орналасқан ұрпақтары аман болыңдар !!!
Акмарал
mzhumabaeva1994@gmail.com
21-10-17 19:06
Ассалаумагалейкум бауырлыр мен караша жаппаспын ата тегимги билгим келеди караша жаппас туралы билетиндериниз болса
Қайсақ
kai_1960@mail.ru
29-03-17 07:38
Жаппас бабамыздан тараған үлкенді-кішілі ұрпақтары әркезде ауызбіршілікте болыңдар,аман-есен болыңдар !!! с/м. Қайсақ( Меңілбаев Ғани Абылайұлы)
Куаныш
dkuan@mail.ru
06-08-16 12:09
Ассалаумағалейкум ЖАППАС бауырлар! Мен өзімнің ата-бабаларымның өрбуін түсіндіріп жазып отырмын (төменде)
Мен осы ата-бабаларымның бауырларынан тараған туыстарымды іздеймін. Бірге толықтырайық шежірені. Жаппастардың шежіресін жазып жатқан Рахат бауырымызға осылай көмектесейік.
Ауызша түсіндірме ата-бабаларымның өрбуі
Бекарыстан - Алшын туады. Алшыннан - Арғымақ, Алау туады. Арғымақтан - Телеу жалғыз болады. Алаудан - Құдуар туады. Құдуардан- Қыдырқожа, Нәдірқожа, Сәдірқожа туады. Қыдырқожадан - Бахытсих және Қыдырсих туады. Бахытсихтан жалғыз Алтын туады. Қыдырсихтан 12 бала туылады: Жаппас, Адай, Беріш, Таздар, Қызылқұрт, Масқар, Есентемір, Серкеш, Байбақты, Тана, Алаша және Ыстық. Осыдан 12 ата Байұлы деп атап кеткен.


Жаппастың 6 баласы болған: Сумұрын (бәйбішеден), Қаракөз бен Қалқаман (2 әйелден), Қияқы мен Шалтақ (3-ші әйелден), Үңгіт (соңғы әйелден).
Қияқының 6 баласы болған (көбіне 5 баласы айтылады, себебі соңғы баласы Дәулетбектен ұрпақ тарамаған): Сырым, Асан, Теке, Малай, Қожамберлі, Дәулетбек.
Сырымның 5 баласы болған: Жиенбай, Қайып, Аққошқар, Қарақошқар (Қошқар), Тілеке.
Қарақошқардың (Қошқар) баласы болған: Мәмбет, Қазанқап, Керейбай, Жарылқасын (Жарылқап).
Жарылқасынның (Жарылқап) Пұсырман және Шуақбай деген балдары болған.
Пұсырманның 3 баласы болған: Тәжбенбет (Тәжен), Шәукембай, Байқара (Байқараның Көшербай деген баласы болған).
Тәжбенбеттің (Тәжен) Тоқмырза, Жолмырза (Жолмырзадан-Бақын, Есенқазы, Мәстей, Сәкен), Бекмырза деген 3 баласы болған.
Бекмырзадан 3 бала болған: Әбетай, Шақбай, Бижан.
Бижаннан - Жәкен.
Жәкеннен 4 бала: Қосет, Бекежан, Сексенбай, Әлі.
Қосеттен 2 бала: Досжан, Жүсіп. Бекежаннан - Оспан.
Сексенбайдан - Сәңгірбай және Назира. Әліден: Әміртай, Төлеу,
Есқожа. Төлеуден: Нұрлан. Нұрланнан: Марат және Мұрат.
Есқожадан: Есмағанбет, Жанұзақ.
Жүсіптен: Төлеген және Сеит. Төлегеннен: Құдайберген (Қостанайда).
Досжанның 4 баласы болған: Нұреке, Қорғанбек, Дәуренбек, Жақып.
Жақыптан: Мырзабек және Мырзақыз.
Дәуренбектің 3 баласы бар: Күлмайрам (1933жылғы), Тоқтарбай (ҰОС қайтыс болған), Қойшығұл (1951-2000жж.)
Қойшығұлдың 3 баласы бар: Қуаныш (1982 жылғы, мен), Ақмарал (1984 жылғы), Ержан (1988 жылғы).
Қуаныштан 3 баласы бар: Іңкәр (2010), Айару (2011), Дарын (2016).
Ержаннан: Айзия (2014), . . .
Акбота
050997a@mail.ru
07-07-16 20:52
Сәлеметсіздерме! Ақсүйір Жаппас туралы мәліметтер болса жіберулеріңізді сұраймын!
қайсақ
жаппас
26-05-16 07:26
Саламатсыздарма жаппас ағайындар !!! Рахат бауырымыздың бастамасына көмектесіп,аяқсыз қалдырмайық.Жаппастардың толыққанды шежіресін жинастырсақ, ең соңынан жаппас бабамыздың жерленген,яғни жатқан жерін табу міндеті тұр. Бұл жаппас форумындағы өзінің шыққан тегіне қызығушылықпен қарайтын жастардың басты міндеті болу керек...
Рахат
saryqazaq@gmail.com
23-05-16 13:49
ЕРЛАН.Б.Б (Erlan19800504@Gmail.ru) бауырым. Құрманай Жаппас туралы деректер, шежіре, Құдайға шүкір, бар. Құрманайдың қайсысы жататыныңызды, неше атаңызға дейін білесіз соны жазып жіберсеңіз немесе ерекше мәлімет болса, жазып жіберсеңіз темаға кішкене де болса жақындар едік
Рахат
saryqazaq@gmail.com
23-05-16 13:39
Ассалаумағалейкум, жаппастар. Қайсақ аға, көптен форумға кірмегесін жазғандарыңызды жаңа көріп тұрмын. Міндетті түрде енгіземін ортақ шежіреге. Құлағдар етіп қояйын, ортақ толық жаппастардың шежіресі жазылып жатыр. Өз шежіреңізді маған жіберіңіз немесе осында жазыңыздар. Жалпы толығырақ деген шежіре 1998 жылы Айдосовтың редакторлығымен Қызылорда қаласынан шыққан екен. Ол жақта негізінен Қызылордадағы жаппастар, Қостанайдағы жаппастар аздап бар. Қалған өңірлердегі жаппастар енбеген. Десек те жаппастар үшін Айдосовтың шежіресі әзірге темірқазық болып тұр.

Форумдарда адамдардың жазбаларын бақылап отырамын. Сосын вк әлеуметтік желісінде жаппаспын деген әр жасқа жеке хат жазып шежіресін білуге тырысып отырамын. Содан байқағаным, Жаппастар шежіресінің негізі Қызылорда жақта сақталған сияқты. Ол былай келеді: Жаппастан Сумұрын, Қаракөз, Қалқаман, Қияқы, Шалтақ, Үңгіт. Қалған рулар осы атадан тарап кете береді.
Енді Атырау жақтағы жаппастар ру сурасқанда Қаракөзбіз, Алтынбыз, Бесбалуанбыз, Алдаймыз деп жатады көбі. Қаракөз, Бесбалуан, Алдай түсінікті біз үшін. Түсінік болып тұрған Алтын. Алтын Жаппаспын деп айтқандардан "Алтынның қайсысың" десем Алтынның Қаракөзімін немесе Алтынның Бесбалуанымын деп жауап береді. Алтын Жаппас деген бар, бірақ олар жоғарыдағы 6 ата Жаппасқа мүлдем жатпайды, шежірелері бөлек. Дей тұра Атырау жақтағы Бесбалуан Жаппастар өздерін неге Алтын Жаппаспыз деп атайтындарын түсінбедім, өздері де түсіндіре алмайды.

Екінщі мәселе Орал, Ақтөбе, Ресей өңірлеріндегі Сейітқұл, Байғұл, Қарағұл, Андағұл, Досмекей Жаппастар. Олар ру сұрағанда мысалы Сейітқұл Жапапспын дейді. Сейітқұл 6 Жаппастың қайсысына жатады десем, "ешқайсысына жатпайды, тіке тарайды" деп жауап беріп жатады. Бұл білместікпен айтылған сөз деп ойлаймын. Мендегі дерек бойынша Шалтақтан: ЕСей, Бәйімбет. Бәйімбет ұрпақтары көбі Қызылордада. Шежірелері Айдосовта бар. Енді жоғарыда айтылған Сейітқұл, Байғұл, Қарағұл, Андағұл, Досмекей барлығы Шалтақтың Есейінен тарайды. ЕСейден қалай таралатындығы туралы бірізді шежіре әлі кездестіре алмай жүрмін. Бірақ сол батыстан бірен-саран адам Шалтақтың Есейінен тарайтынын біледі. Қиыны сол Есей ұрпақтары Бәйімбет ұрпақтарын білмейді және керісінше.

Үшінші мәселе бір тақтаның екінші тақтамен аттас болып келуі көп адамды шатастырып жүр. Мысалы, Андағұл. Жаппаста 3 Андағұл бар. Біріншісі, Үңгіттің Айқозыдан тарайтын Андағұлы. Екіншісі Шалтақтың Есейінен тарайтын Андағұлы. Үшіншісі Қаракөз Наурыздан тарайтын Андағұл. Үшіншісі көп кездеспейді. Бірінші мен Екінші Андағұлдар осы интернетте танысқан кезде бір-бірін шатастырып жатады.
Екінші мысал, Қалқаман. Біріншісі Жаппастың Тәйкісінен тарайтын Қалқаман (Еламан, Есенбай, Кермен, Жылгелді деп 4-ке бөлінетін іргелі ру). Екіншісі Сумұрын руының ішіндегі Қалқаман тақтасы.
Дәл осындай Сары, Қожамберлі (Қияқы мен Сумұрында) секілді ру ішіндегі іргелі тақталар бір-бірімен шатасып жатады.
Осындай шатасу болмас үшін ру сұрасқанда рет-ретімен айту керек деп ойлаймын. Сұрағанда бірінші 6ата Жаппастың (Сумұрын, Қаракөз, Қалқаман, Қияқы, Шалтақ, Үңгіт) қайсысына жататыныңды айту керек. Сосын барын өз тақталарын айтсын. Мысалы руың кім десем Алдаймын дейді, ол батыста туып-өскен маған түсінікті, мен Каракөз Бесбалуанның Алдайы екенін біліп тұрамын. Ал өзге жақтың адамы сұраса оның тіпті Қаракөзге жататын білмей қалады. Сол сияқты руың кім десе Жәдікбаймын дейді Қызылорда жақтағы кейбір адамдар. Оның Қалқаман ұлы Есенбайдың Әжімінен тарайтынын, Әжімұлы Сұлтанбайдың Асыранан тарайтынын былай адам қайдан білсін.
қайсақ
жаппас
10-05-16 16:03
Қымбатты Жаппас бауырлар !!! Менің марқұм шешем Бұхарбай батырдың ұрпағымын деп мақтанып отырушы еді. Сол табындар форумындағы нағашыларымыздың жазғандарын өзіме көшіріп алып отырмын...
Қытайдың қатал ойыны мен жұмсақ экспанциясы
Соңғы жылдары қазақ пен қытай арасындағы қалыптасқан геосаяси жағдай басқаша сипат алып бара жатқандай. Саналы азаматтарды барынша мазалайтын фактор-тәуелсіз еліміздің Қытай сияқты әлемдік ірі державаның саяси және экономикалық ықпал жасау объектісіне айналуы. Бұл ғасырда Қытайдың батысқа кеңею кезеңі басталды. Мемлекеттік меншіктің басым бөлігін уыстан шығармау сияқты жақсы қасиеттерді ұстана білген, нарық пен социализм артықшылықтарын шебер үйлестірудің арқасында Қытай біздер сияқты үлкен экономикалық дағдарысқа ұшыраған жоқ. Қытайдың батысқа кеңею саясаты Ақтөбе мұнайынан басталуда. Аймақтағы экономика тетігін қолына алған олар бүгінде батыс өңіріндегі саяси билікке де өз ықпалдарын жүргізе бастағаны сезілуде. Олар бүгінде қалың Маңғыстау еліне де кіре бастады. Бірполярлық үстемдікті көздеген қытайдың стратегиялық мақсатын түсіну қиын емес. Қос континенттің ортасында орналасқан, халқының саны аз, экономикасы енді ғана даму жолына түсе бастаған, қорғаныс қабілеті әлсіз, бірақ, мол табиғи ресурстарға ие жас мемлекеттің байлығы мен кең жері қызықтырады. «Экономикалық интеграциялық процестер» деген желеумен Қытайдың ақтөбелік мұнай алпауыттары Қазақстандағы субърегионалдық құрылымы ретінде өңірде түпкілікті орнығуға ұмтылуда. Ендеше, қытайдың аймақтағы болашақ пиғылдарына сыни көзбен қарау, оның елдігімізге әкелер қауіпті тұстарын бағамдау алдағы бағдарымыздың бірі болуы тиіс.
Қазіргі кезде ұлтжанды азаматтарды қатты мазалайтын нәрсе ол бүгінгі көрініс бере бастаған қытайлық имиграция болып тұр. Қытай мен Қазақстан арасындағы шекара мәселесі шешілді деп өзімізді жұбата жүріп, екі жақты өзара тиімді сауданың дамуына қолайлы жағдай туғызудамыз деген желеумен қытайлықтардың іскер топтарына мұнайдан басқа мәдени байланыстың, кәсіпкерліктің басқа да түрлеріне жол ашып тастадық. Дипломатиялық қатынасқа қолы жеткен қытайлықтар бүгінде экономикалық, мәдени және әлеуметтік байланыстың түрлі салаларын көбейту жолымен елімізге сыналап кіріп, саны жағынан да көбейіп келеді. Осыған мүмкіншілік жасап отырған билік, Қазақстанды бейбіт түрде экспанциялауға жол ашып берді.
Алғашында тек мұнайды игереміз деп келген қытайлықтар бүгінде батыста одан басқа да мәдени байланыстың түрлі салаларын жедел игеруге көшті. Мұны жергілікті билік басындағылар білсе де, қарапайым халықтан жасырып отыр. Ақтөбеде Қытай компанияларында істейтін жергілікті жұмысшыларды қанау шекетен шығып барады. Қаншама айтылып, жазылып жатса да олардың жалақылары ақыры өскен жоқ. Жергілікті шенеуніктермен сыбайласып алған олар халықты «екі жақты қанауды» тереңдетуде. Осының барлығын билік: «Қытаймен мәдени-экономикалық қатынасқа баруымыз және ШЫҰ бірлестігіне кіруіміз, әлемдік және аймақтық қауіпсіздікке төнуі мүмкін қатерге бірлесіп күресу жолындағы еліміздің сыртқы саясатының ірі жетістігі, өзара түсіністік, Қазақстанның көп жақты саясатының жемісі» деген үлкен сөздермен бүркемелеуде.
Бүгінде Ақтөбенің экономикалық мұнай кешендері, бүкіл қаймағы қытайлықтардың қолына толығынан көшіп болды десек те болады. Екі арадағы келісім-шарт әлі күнге дейін халықтан құпия ұсталуда. Ақтөбемұнайгазаға қатысты оның кірісі мен шығысы туралы мәліметтер журналистер үшін жабық. Облыстық баспасөз беттерінде ол жөнінде тұжырым жасауға жарамайтын, толық емес деректер ғана беріледі. Қытайлықтар мен қазақстандық шенеуніктер арасында бірлескен экономикалық коррупция бар. Мұндай экономикалық «ықпалдастық» аймақтағы әлеуметтік қанаушылықты тереңдете түсуде. Құқық қорғау органдары экономикалық сыбайластықты әшкерелеудің орнына керісінше, жергілікті жемқорлық жайлаған жүйенің режиміне қызмет етуде. Құлқынның ғана қамын күйттеген, ұлттық рухтан жұрдай бүгінгі ел басқару жүйесі, қалталы кландар тобы қазыналы Қазақ елінің байлығын өздерінің сыбайластары қытайлықтарға оңды-солды сату жолымен үлестіруде. Кезінде қойнында 340 млн, баррель мұнай қоры бар, тәуілігіне 50 мың баррель мұнай өндіріп келген, Қазақстанның («Nations Energy») басты мұнай активтері жиналған соңғы «Қаражамбас» кен орнын да 1,9 млн долларға қытайлықтарға тағы сатып жіберді. Қазір де сатып жатыр.
Қытай бүгінде аймақта саясат жасауда. Сыналап кіріп өндірісімізді қолдарына алған олар аймақта абсолютті билікке ие бола бастады. Қазақстан парламентарилерінің есебі бойынша қазірде қытайлықтар еліміздің мұнай секторының 70%-ын иеленіп отыр. Ал, бұл ұлттық қауіпсіздігімізге төнген қауіпті қадам. «Экономика тетіктері кімнің қолында болса, билік те соның қолында» деген, Қазақстанның егеменді мемелекет ретіндегі қалыптасуы мен даму стратегиясының бірден-бір кепілі оның байлық көздерін қытайлықтардың қолына беру дегеніміз, болашақ ел билігін де соларға тәуелді ету деген сөз. Олар Қазақстанды бейне бір мемлекет етіп қатарға қосу емес, талан-таражға салып тонаудың, халқын қанаудың, көкпарға тартқандай етіп айнала бөліске салудың объектісіне айналдырғандай.
Батыс елдерінің кез келген газеті және телеканалдары әлі күнге дейін олардың стратегиялық аранының астарын аңғарып, саралап отыру үшін Қытайдың бүгініне арналған хабарларды үнемі жариялап тұрады. Бізде ол жоқ. ҚХР-сы Үкіметі «Батысты дамыту саясаты» деп аталатын бағдарламасын қабылдағанын, «Қытай Батысының» экономикалық даму бағытындағы нақты географиялық және саяси экономикалық аумаққа Қытайдың 12 провинциялық бірліктен тұратын батыс өңірі және Қазақстан экономикасын игеру кіретінін жұрт біледі ме екен? 2001 жылы қытайдың қазақ жерімен шектесетін шекаралық батыс өңіріндегі халық саны 364,5 млн, жеткен. Соңғы жылдары экономикасын көтереміз деп бізбен көрші Шыңжан-Ұйғыр автономиясы өңіріне ішкі қытайдан халықты көшіріп ондағы халық санын еселеп өсіріп жатыр. Ондағы әлеуметтік, ұлтаралық қақтығыстың туындауының көп себептерінің бірі де қытайлықтардың ұйғыр жеріне дендеп енуі, басым көпшілікке айналуы болып тұр.
«Ауруын жасырған өледі» - Қазақстанның оңтүстігінде, батысында түрлі экстремистік көңіл күйдегі ағымдардың жандануы және олардың тарапынан арандату қимылдарының барын, Ауғаныстан жағынан талибандардың Орта Азиялық мемлекеттерге ықпалды ағым ретіндегі саяси ағым екенін, сырттан болуы мүмкін экстремистік бағыттағы түрлі діни ағымдардың қауіптілігін айта жүріп, осының барлығын Қазақстанның мемлекеттік қауіпсіздігіне ықпалы бар күштер қабылдаймыз да, ал, Қытай тарапынан бейбіт экспанцияның төніп келе жатқаны туралы ауыз ашпаймыз. Қытайдың Қазақ жерінде өз саясаты барын, АҚШ, Ресей және іргеміздегі Европа сияқты ірі мемлекеттер де сезініп отыр. Олар да Қытайдың Қазақ жеріне бойлап енуіне алаңдаушылық білдіруде.
Қытайлықтар бүгінде Қазақстанның 134-ші этносы болып қалыптаса бастады десек те болады. Келесі санақта бұл жаңа энос қытай десе оған таңқалмаңыз. Ұлты қытай жиендеріміз де дүниеге келіп жатыр. Бір күндері олар да Қазақстан халықтары ассамблеясы аясында Парламенттен орын сұрауы да әбден мүмкін жай. Уақыт өте келе екі ұлт өкілінің арасындағы керіс туындап, ол екі мемлекеттің мәселесіне дейін көтеріліп, дауына айналса сонда кімнің мүддесінің үстем шығатынын өзіңіз аңғара беріңіз. Кез келген шет елдік мемлекет қазақ жеріне ие болып отырған өз азаматтарының мүддесін қорғауға құқы барын тағы ескерейік. Қытай адам құқықтарының халықаралық норма талаптарына сай, соның ішінде қытай ұлтының қорғалуына аса назар аударып отыратын ел. Олардың иммигранттары қытайдың әскери және қаржылай көмегіне арқа сүйенеді. Талай қанды қырғын, қып-қызыл соғыспен ала алмаған Қазақ жерін екі арадағы сауданың осындай құйтұрқы тәсілімен қолдарына іліктірген қытайлықтарды ол кезде күштеп те кетіре алмайсың?! Оларға әскери тойтарыс беремін деп ойлаудың да қажеті жоқ.
Қытайда жалпы ішкі өнім 35-40 есе, халық саны 100 есе, қарулы әскері бізден 50-60 есе артық. Қытайдың 2005 жылғы әскери бюджеті 81,47 миллиард долларды құрап, сол кездің өзінде әскер саны 2 миллион 225 мың адамды құраған. Бір жылда қытай халқы 15-20 миллион сәбиге өсім береді. Бұл Қазақстан халқының қазіргі санымен тең. Соңғы санақта Қытайда халықтың жалпы санының 1 млрд. 300 млн. жеткені жария етілді. Ол жақта 150 миллионнан астам адам жұмыссыз екен. Қытай үкіметі қабылдаған «Батысты игеру» бағдарламасында осы жұмыссыздар Қазақстан рыногын игеруге жұмылдырылмақшы. Жетісу өңіріне де қытай жағынан келушілердің ағыны толастар емес. Үлкен жауапкершілікпен айтамын, егер алдағы уақытта да осы айтылған жайларға шыныменен көңіл аудармасақ бұл мәселелер болашақта Қазақстан мен Қытай арасында геосаяси жағынан да, этникалық жағынан да түрлі әлеуметтік түсінбестіктерді туындатуы мүмкін.
Әрине бүгінгі жағдайда дербес саясат жүргізу мүмкін емес. Әйтсе де, тек Қытайға ғана басымдылық беріп, есікті айқара ашып тастағанымыз дұрыс болмады. Бізден басқа бірде-бір Кіші Азия, Орта Азия, Араб, Еуропа мемлкеттері оларға есігін ашып тастаған жоқ. Аталмыш нәрсеге көңіл аударғанда барынша мән беретін жай бізге қауіпсіз басқа мемлекеттермен бірлескен іске бару керек еді. Мен мұны Қазақстан билігінің жіберіп отырған «ғасыр қателігі» дер едім. Сонау ғасырлардан бері көшпенді халқымыздың өз мемлекетін, ұлан байтақ шекарасын сыртқы жаулардан қорғауда, соның ішінде қытаймен байланыста оларды ішке енгізбейтіндей бір ізді бағыт ұстанып келді. Елді басқару тізгінін қатаң бақылауында ұстаған билеріміз, солардың ақылына көнген хандарымыздың қытаймен арадағы ұстана білген дипломатиялық сол үрдісі, бүгінгі кезде бұзылды. Қазақ үкіметінің бойында Қазақ хандарының іс-қимылдарына саралап бойлау, сыни талдау жетіспейді.
Осының барлығына осы уақытқа шейін қытаймен болған небір келісімдерді ратификациялап келген үкіметтегі шенеуніктер мен жергілікті әкімдерден құралатын елдегі жалғыз саяси күш - «Нұр Отан» партиясы жауапты. Ресми Астана өзінше Ресей, АҚШ, Қытай секілді ұлы державалардың өзара тартысын өз пайдамызға жаратамыз деп олармен өзінше ойнамақ болады. Сөйте жүріп Қытайдың аузына өздері келіп түскенін байқамайды. Қытай әрі тартып, бері итеруге көнетін ойыншық емес. Күндердің күні сол ойын шеберлерінің ойыны осылып, біз үшін келер күндердің бірі қытай алдында түбегейлі тізе бүккен күн болып жүрмесін?!
Бүгінгі қал-ахуалымыз шығыстағы ұлы көршіміз Қытаймен байланысымызға баға беруді талап етеді. Қытайдың соңғы жылдардағы экономикалық жағынын тез өркендеуі мен оның әскери күшінің өсуі ерте ме кеш пе аймақтағы мемлекеттердің өзара ықпалының ара-салмағын өзгертуі мүмкін. Ағылшын саясаттанушысы Хелфорд Макиндер: «Орталық Азияны кім басқарса, оның бүкіл Азияға үстемдігі жүреді, ал Азияда кімнің ықпалы мықты болса, сол мемлекет бүкіл әлемді билейді» - деген екен. Бүгінде әлемдік сарапшылар да Қытайдың Орта Азия аймағында абсолютті билікке ие болу мүмкіндігі барын қазірдің өзінде жиі айта бастады. 2020 жылдары Қытай экономикалық өсімі және тұтыну қабілеті бойынша АҚШ-ты басып озып, әлемде бірінші орынға шығатынын болжап отыр. Қазақстанды тізерлетіп болғасын Қытай таяудағы 15-20 жылда Еуроодақ елдеріне де ықпалын жүргізіп, оларды кез-келген мәселе төңірегінде мәмілелер жасауға мәжбүр ете бастайды. Қытайдың «қатал ойыны мен жұмсақ экспанциясы» Еуропаға Қазақстан мұнайына иелік ету арқылы ашылған қақпа арқылы жүзеге аспақ. Қазірдің өзінде АҚШ-тың саяси ықпалынан гөрі аймақта Ресей, Қытай және Еуроодақ өздерінің ойындарын жүргізіп, құбылтып отыру мүмкіндігіне ие бола бастағаны сезіле бастады.
Осындайда Қытай алдында қазақ елінің әлсіздігін әркезде де көре білген данагөй бабаларымыздың осындайда: «ұзын арқан, кең тұсау» орысыңа іш тарта біл дегені еріксіз ойға оралады. «Қара қытай қаптаса, мойныңа түскен қыл бұрау» - деп йтып кеткендей, егер Қазақстан Қытай жағынан ішкі экспанцияға ұшырай қалса, қазақ халқын одан тек қана Ресеймен бірлескен іс-қимыл ғана құтқара алады. Себебі, орыстармен ғасырлар бойы қалыптасқан көршілік, этникалық жағынан өзара түсініушілік пен бейімділіктің (адаптация) орнығуы, олар тарапынан қажет болса әскери-техникалық, адами, моральдық көмек алуға мәжбүр етуі мүмкін (әрине ондай басымызға төнбесін деп тілейік).
Бабаларымыз болжап кеткендей, болашақ Қазақ елінде осындай жағдай қалыптасып келе жатқандай. Ендігі жерде Қазақстан Үкіметі қытайлықтарға өтіп кеткен мұнай кешендері төңірегіндегі келісім-шарттардың уақытын ұзарта бермей, керісінше қайтарып алудың қамына кірісуді, оны игеруді отандық өндірушілерге тапсыруды бүгіннен бастап ойластырғандары дұрыс болмақ. Бұлай қайтарып алу араб елдері тәжірибесінде бар. Алып державалармен қалыптасқан сыртқы саяси орта жағдайымыз алдағы уақытта саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың сайлауалды шараларында көтеріліп, күнделікті назарында болса екен дейміз.

Нұрлыбай Қошаманұлы,

08.05.2016
Нұрлыбай Қошаманұлы
nurlibai58@yandex.kz
07-05-16 05:03 Қазақстанға ағылып жатырған қытайлықтарың көздеген астарлы мақсаты неде?

Қытайлықтардың өктемдігі соңғы жылдары тым шектен шығып барады. Шындықты көтерген жұмысшылардың белсенділерін, олардың құқықтарын қолдаушы кәсіподақ өкілдерін қуғындаумен айналыcады. Біз қанша жерден демократиялық қоғам құрып жатырмыз десек те, қытайлықтардың «әшекейінің» ту сыртынан аумақтағы қоғамдық, саяси ахуалды ушықтырушы «таптық үстемдігінің» төніп келе жатырғанын көре білуіміз керек. Қытайлықтардың қазақ халқының табиғатымен ешбір сиыспайтын қылықтары: менменшіл өркөкіректігі, қазақ жұмысшыларына екінші сортты қаралар ретінде қарауы, осының барлығы аймақта гегомондыққа ұмтылған ұлы державалық авантюризм саясатынан туындап жатырған жайлар.
Шынайы ынтымақтастық өз жауапкершілігін мойындай жүріп, адам құқықтары мен мүддесіне достық ниетпен қарап, кепілдік берген жағдайда ғана қамтамасыз етілетінін ескерсек, өкінішке қарай қытайлықтардың басқарудың неғұрлым дөрекі әдістеріне көшуі, жұмыста бүтін халықтың ұлттық мүдделерін елемеуі, жалақыларын өсірмей езе қанауы халықтың екінші бөлігін ашындыруда. Жалған дипломмен келіп, жергілікті жұмысшы-мамандардан бірнеше есе артық жалақы алатын қытайлықтардың қолдан жасаған мамандары көбейді. Мұндайлар мемлекеттік қазынаны ғана емес, жеке бастарының байлығын да арттыруға жұмыстануда. Мұны Ақтөбе облысының прокурорлық тексерулерінің нәтижесінде ашылған заң бұзушылықтар дәлелдеген құжаттарға зер салсаң байқайсың.
Соңғы кездегі езілген халықтың бірі ретінде қазақ халқының, оның жұмысшыларының қытайлықтарға қарсы жиілеген наразылығы - әлеуметтік қанаудан, өздерінің экономикалық, саяси тәуелсіздігін қорғаудан, қытайдың ұлыдержавалық үстемдік саясатын әшкерелеуден туындап жатырған табиғи жауап әрекеті. Жасыратыны жоқ 2011 жылы 17 қыркүйекте «Северная труба» кенішінде «Ориол-құрылыс», М-техсервис» ЖШС-іне қарайтын қазақстандықтар мен қытайлықтар арасында жанжал туып, соңы атысқа ұласқан қанды сойқан орын алды. Нәтижесінде бір қытайлық өліп, бірнешеуі ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Бұл 200 қытайлықтың заңсыз келіп еңбек еткені аз болғандай, жергілікті жұмысшылардан «бірнеше есе артық жалақы» алуынан ушықты. Қытайлықтар алдында жергілікті жұмысшылар құқықсыз, қауқарсыз тобырған айналған.
Халықтар арасында ұлтшылдық сезімдерді, өзара сенімсіздік пен араздықты қоздыру қытайдың бұрыннан бар саясаты. Бір нәрсе айқын – еліміздің қай түпкірінде болмасын қытай бүгінде Қазақстанның ішкі әлеуметтік, экономикалық, саяси, ұлтаралық қарым қатынасын ушықтырушы басты факторға айналды. Қаналушы тап, қазақстандық жұмысшылар идеялық жағынан да, құқықтық теңдік жағынан да өздерін әлі күнге дейін біртұтас сезіне алмай келеді. Олар жергілікті құзырлы органдар тарапынан да қолдау көрмей, өзін-өзі билеу және қорғану құқынан айырылған. Тыңдар құлақ болса бұл туралы еліміздің мерзімді басылымдары жазып-ақ жатыр. Ақпарат көзінде жарияланғандай шын мәнінде қазіргі кезде 1% ҚЫТАЙ ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚТЫҢ 60% ӨЗ УЫСЫНДА ҰСТАП ОТЫР.
Бұл теңсіздің тыйылар емес, әлі күнге дейін жалғасып келеді. Сабақ алар қытайлықтар болмай тұр. Кеше ғана Ақтөбенің жергілікті мұнайшылары өз наразылықтарын жеткізді. «Ақтөбемұнайгаз – СНПС» жұмысшылары компанияның әділетсіздігіне қандары қарайған. Ақтөбеліктер, фирма басшылығы оларды негізсіз демалысқа жібергенін, ал кен орындарында қытайлықтар жұмыс істеп жатқанын айтты. «Елімізде мыңдаған жұмысшылар ақысыз демалысқа жіберіліп, дағдарыс қысып жатса, қытай басшылығы қытайлар санын тіпті де қысқартқан жоқ», – деп шағымданды қазақстандықтар. Ашуға булыққан мұнайшылар тіпті кәсіпорында еңбек етіп жатқан қытайлықтардың толық тізімін де түзіп алған. Онда көрші мемлекеттің 113 қызметкері жазылған. «Қытай азаматтары компанияның басшылығында мықты орындарды иемденген. Барлық шешімді қытай жетекшілері қабылдайды. Басқарма аппаратында да солар. Шетелдік мамандар мен қазақстандық мамандардың алатын жалақысының да айырмашылығы жер мен көктей. Қытай басшылары өздерінің жұмысшыларына жақсы қаражат төлеп, дұрыс өмір сүруіне де керемет мүмкіндіктер жасап беріп отыр. Ұшып барып-келуі, тамақтану, көңіл көтеру, өмір сүруінің барлығы компания есебінен қарастырылған. Оларға қазақстандықтар секілді мерекелерде демалып, аптасына 40 сағат істесе де 3 ай еңбек режимі 1 айлық еңбек демалысымен бірге қарастырылған”, – дейді мұнайшылар. Олар Кеңқияқ, Саркөл, Жаңажол, Қандыағаштағы мұнайшылардың отбасы алған жалақыларымен әрең күн көріп отырғанын айтты. «Егер отандық қызметкерлердің қатарын қысқартса, онда тепе-тең қылып қытайларды да қысқарту керек. Бір қытайлыққа сұмдық айлық төлеп Қазақстанда ұстағанша, 3-4 қазаққа жұмыс беруі керек ғой», – дейді шағымданған мұнайшылар. Бұл туралы кеше ғана БАҚ беттерінде timeskz.kz хабарлады.
Қытай бүгінде батыс өлкесінде қазақ экономикасын ұзағынан тізгіндеп ұстау үшін Ақтөбеден «өз банктерін ашып, қытай диаспорасын көбейту» (қытайландыру) мақсатында мұнайдан тыс басқа да бизнес түрлерін кеңейтіп, қала айналасынан жер телімдерін сатып алып, тұрғын - жай құрылыстарын жүргізіп, еңселі әкімшілік орталықтарын тұрғызуға кірісті. Қазақ жеріне терең бойлап енуіне тірек болатын қытайлардың әкімшілік кешендері құрылысы еліміздің өзге өңірлерінде де Алматы, Қызылорда, Атырау мен Маңғыстау облыстарында жылдам қарқынмен жүріп жатыр. Қазақстандағы қытайлық мұнай компаниялары мен басқа да бизнес құрылымдарына тек қана қытай азаматтары жұмысқа алынбақшы. «Адами экспансия» дегеніміз осы. Шетелдік азаматтардың Қазақстан азаматтарымен некеге тұруы да белгілі дәрежеде қосымша мәселелер туындатады. ҚР «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» заңының 14-бабы бойынша Қазақстан Республикасындағы шетелдiктер Қазақстан Республикасының азаматтарымен және басқа адамдармен некеге тұрып және оны бұза алады.
Кейбір бейресми деректер бойынша 4500-5000 мыңдай қытай еліміздің азаматтығын алса, 500 мыңдай қытайлықтар қазақ жеріне кіріп үлгерген. Салыстырып көрейік. 74 жылдық тархы бар кеңес заманында да қазақтың жеріндегі өзбек те, ұйғыр да мұндай санға өскен емес. Соңғы 10 жылда өзіміз шақырып жинаған оралман қазағымыздың Қазақстанға келгені 800 мыңнан сәл асады. Қазақстанда бұған дейін достығы мен ынтымағы жарасқан 130 ұлт пен ұлыстың өкілі тұрып жатыр дейтін болсақ, таяу болашақта 131 – ші ұлт өкілі қытай диаспорасының тіркелуіне алғы шарт қаланды деген сөз. Ендеше соңғы кезде халықты алаңдатып отырған мәселенің бірі - ауылшаруашылығы жерлерін жалға алушы қытайлықтардың ертең басқа бизнес көздерін ашып, қазақстанның әр түпкіріне шашылып кетпесіне ешкім кепілдік бере алмайды.
«Екі ел арасындағы өзара экономикалық ықпалдастық» деп басталған қарым-қатынас тереңдей келе қазақтың байлығы ғана емес, жерін алу мақсатына ұласып, Қазақстанның ішкі тұрақтылығы мен экономикалық қауіпсіздігіне әсері байқала бастады. Ресейдің белгілі академигі Аганбегян: «Қарыз берушілер қазақтың байлығын сыпырып тасып жатыр. Қазақтар қарыздың кепілі ретінде – қазба байлықтарын қойып отыр» - деп дәл айтты. Ол бекер сөйлемейтін, әлем ғалымдары санасатын экономист. Бұған мына деректі келтірсек те болады. Қазіргі кезде бізде жерден бөлек, жер қойнауындағы стратегиялық қазыналарымыз да аукцион арқылы сатыла бастады. Еліміздегі пайдалы қазбаға тұнып тұрған 100-ден аса кен орны 16-шы маусымда ашық саудаға шығарылмақ, деп хабарлайды КТК арнасының сайты. Яғни, кез-келген қалталы Қазақстан азаматы мен шетелдіктер аукционға қатысып, бағалы, түрлі-түсті металл, алтын, мыс, тіпті алмазы бар кен орнын сатып алуға қақы бар. Ең қымбат баға ұсынған байлар қойнауы қазынаға толы жердің иесі атанады. Бірінші кезең бойынша, Ақмола облысындағы «Комсомол» кен орны саудаға түседі. Оның бастапқы құны 9 жарым миллион. Ал, Солтүстік Қазақстандағы алмазы бар «Қаратал» кен орнының бастапқы бағасы 600 мың теңге. Аукционға қатысуға ниетті инвесторлар мен жергілікті кәсіпкерлер 26-шы мамырға дейін өтініш жазуы тиіс. Жер қойнауындағы байлықты жаппай сату науқаны былтыр басталған болатын. Ол кезде саудаға қойылған 100 кен орнының 49-ы сатылып, бюджетке 1 жарым миллиард теңге түскен (Дерек көзі: Stan.kz). Бүгін мұнайымызды кепілдікке алса, ертең жерімізді кепілдікке қоятындар да табылады.
Сондай-ақ, Қытай қазіргі кезде аймақта қытайша оқып, білім алған тіл мамандарының санын көбейтуге талпынып жатыр. Бұл бағытта Ақтөбе пединституты жанынан «Конфуциий» ілімін оқытатын бөлім де ашылды. Қытайға барып қытай тілін үйренемін деуші қазақ жастарына барлық жағдайлар жасайды. Ойлағандары: қытайша тіл үйренген қазақ жастарын болашақта қытай мемлекеті мүддесін өткізуші әлеуметтік құралға айналдыру. Осы орайда, бір кезде «біздің басымызды біріктіретін орыс тілі» деген үндеумен «ұлы тіл» де осылай қазаққа орыс тілін кәсіп еткен мұғалім қазақтардың оқытуымен, зиялылардың қолдауымен түпкілікті таңылғанын, елімізді отарлауға зор мүмкіншілік жасалғанын неге ұмытамыз?
Біз қанша жерден: «Қазақстан мен Қытай әлеуеті өз-ара бірін-бірі толықтыруда, стратегиялық серіктестігіміз жарқын, келешегі нәтижелі және шынай достық, түсіністік рухында дамуда» - десек те, бабаларымыздың: «қара қытай қаптаса – мойныңа түскен қыл бұрау», - деген ескертуін ұмытпағанамыз, олардың қай саясаты болмасын Қазақстанның емес, керісінше қытайдың мүддесін ғана көздейтінін ескергеніміз абзал. Олар бүгінде қазақ экономикасын ашықтан-ашық тонап жатыр. Жер мемлекеттік қауіпсіздігінің кепілі. Бүгін 5 мамырда Президент жердің сатылуын, жалға берілуін әлі де зерттеп, зерделеу қажеттігін айтып, 1 жылға мараторий жариялады. Барлығы алдағы уақытта халық мүддесі тұрғысынан шешіледі деп үміттенейік. Ендеше жыл сайын миллиардтаған доллар кіріс келтіретін өз мұнайымыздан тамшылатып төлеген салығына малданып отыра бермей (бар болғаны бірнеше миллион теңге), экономикалық жағынан қытайдың шикізат көзіне, боданына айналмау үшін, олардың отарлық езгіні ғана көздеген жымысқы саясатын сезініп, қазақ билігі тәуелсіз экономика құру жолына түскені дұрыс демекпіз.
Нұрлыбай Қошаманұлы, Ақтөбе қ,
05.05.2013
Нұрлыбай Қошаманұлы
nurlibai58@yandex.kz
24-04-16 22:13 Тілімізге араша түсейік

Бүгінде бұл мәселе көп көп айтылып, жазылып жүр. Бір өкініштісі бұл идея әу бастан ел басының бастамасынан туындады. Осыдан бірер жыл бұрын осы мәселе көтерілген кезде қазақстандық қоғамдық пікірдің басым бөлігі «үш тұғырлы тіл» деген саясатқа қарсы болды. Мұны елеген парламент болды ма? Ендеше «үш тұғырлы тіл» деген саясаттың бұрыстығын түсінідіріп көрейік:
Мемлекетімізде тек қана «қазақ» және «орыс» тілдері мемлекеттік, екіншісі ресми қатынас тілі ретінде жүреді. Өз кезегінде заңға сәйкес қос тілге республикалық бюджеттен тиесілі қаржыландыру қарасытырылған. Себебі, «ҚР-сының Тіл туралы Заңы» бойынша (4-бап) республикамыздың орта мектептері тек қана екі тілде қазақ және орыс тілдерінде оқытуға бағытталған. Аталмыш заңның 5; 8 бабында «мемлекеттік ұйымдарда (орта мектептер мемлекеттік мекемелер санатына жатады) және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен қатар қолданылатыны анық көрсетілген. Құп делік. Олай болса Ғылым және Білім Министрлігінің мектептегі реформа деген желеумен «орта мектептерге» күштеп кіргізіп жатырған «Үш тұғырлы тіл» реформасының қате бағдарлама екенін және «Ата Заңдағы» (7-бап), «Тіл туралы Заңымыздағы» (4;5;7-бап) қарапайым заң талаптарының бұрмаланып жатырғанын неге ескермейсіздер? «Ата Заңымызда» жоқ қайдағы бір ағылшын тілін мектеп программасына енгізіп, сағат бөлуге, оған мемлекет қаражатын шығындауға мүлдем болмайды. Демек, «ағылшынға» деп бюджеттен бөлінген қаржы да заңнан тыс болып табылады. Ал, заңсыздық жолымен мақсатсыз шығындалған әрбір мол ақшаның, тиынның артында «сыбайластық» пен «жемқорлық» жүретінін білуіміз керек.
Осы жерде екінші бір жақ тарапынан: «ақылы оқытуға қазіргі нарық заманында қарапайым ата-аналардың қаржылық мүмкіндігі жоқ, неліктен тегін оқытуға жағдай жасап отырған орта мектеп реформасына қарасы боламыз» - деуші сұрақ та туындауы әбден мүмкін. Жауап біреу: көпшілік «үш тұғырлы тілдің» - бұрыстығын айтқанда мемлекеттің орта мектеп бағдарламасына кіргізетіндей Ата Заңымызда «ағылшын тілі» туралы баптардың жоғына ғана сүйеніп отыр. Себебі, ағылшын тілін бала-бақшадан бастап орта мектеп бағдарламасына міндеттеп оқытуды енгізу Ата Заңымызда жазылмаған. Тағы да қайталап айтамын: ҚР-сының «Тіл туралы Заңында» да ағылшын тілін мемлекеттік тілдің бірі ретінде оқу бағдарламасына кіргізу міндеттелмеген. Жоқ, олай емес, мектептен бастап оқытуды бастауымыз қажет десек, онда «Конституцияға», «Тіл туралы Заңға» үшінші тіл етіп ағылшын тілін жазуымыз керек емеспе. Ал біздің заңда ондай бап жоқ. Ендеше заңды неге бұрмалаймыз? Заңдылықтың бұлжытпай орындалуын бірінші кезекте қадағалайтын заң шығраушы орган парламент депутаттары қайда қарап отыр?
Біз мұны айтқанда ағылшын тілі (және өзге де шет тілдері) мүлдем оқытылмауы тиіс демейміз. Егер оқытылуы қажет болса, онда «ағылшын тілі» әркімнің қызмет бабы қажеттілігіне қарай, еріктілік түрде, тек қана ақылы арнаулы шет тілдері мектептерінде ғана үйретілуі тиіс. Себебі, барлық өркениетті европа, мемлекеттерінде, алты құрылықтың барлығында шет тілін үйрету - мемлекеттік орта мектептен тыс, тек қана арнайы ашылған дербес, «ақылы жеке мектептерде» жүреді. Алысқа бармай-ақ кеше ғана өзімізбен бірге болған поскеңестік республикалардың барлығында бұл мәселе тап осылай шешілген. Өйткені ол елдердің барлығында елдің Конституциясы, тіл туралы заң баптары осыны талап етеді. Және олар мұны бұлжытпай орындап келеді.
Заңның орындалуын және құқықтық жағынан қатаң қорғалуын қамтамасыз ету кез келген мемлекеттік мекемелерде, соның ішінде заң шығарушы орган Парламентте бәрінен жоғары тұруы тиіс. Ол заңды бекіткен де өздеріңізсіздер. Мемлекеттік мекемелердің бірі болып саналатын Қазақстанның орта мектептерінде ағылшын тілін оқытуды енгізу – құзырлы органдар тарапынан ҚР-сы Конституциясы талаптарын мойындамау, «Тіл туралы Заңды» өрескел бұзу болып табылады. Ағылшын тілін орта мектептерде «міндеттеп оқыту» заңнан тыс. Сол себепті де Ғылым және Білім Министрлігінің ұсынып отырған «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасының ҚР-сының «Тіл туралы Заңына» және «ҚР-сы Конституциясы» талаптарына томпақтығын (біздіңше бұрыстығын) сараптамадан өткізу, мұның заңға қайшы әрекет екенін дәлелдеу бүгінгі жаңа Парламент депутаттарының және бейжай емес әрбір азаматтың міндеті демекпін. Кез келген құқық бұзушылық белгілері бар әрекет әкімшілік, қылмыстық жауаптылықтың негізі болып табылады. Жеке адамның да, заңды тұлғаның да құқыққа қарсы «біліп» не «білмей» барған кінәлы қандайма «іс-әрекеті» немесе «әректсіздігі» құқық бұзушылыққа жатады және жауаптылықтан босатпайды.
Осы жайларды жария ете отырып, тез арада, ертеңге қалдырмай ҚР-сының «Тіл туралы заңдары талаптарын бұзылғаны үшін жауаптылыққа» келтіретін 5-тараудың 24-бабына сүйене отырып, «Конституциялық кеңес» алқасы алдында еліміздің орта мектептері бағдарламасына кірген «үш тұғырлы тіл» реформасының Ата Заңымыздағы 7-бап және ҚР-сы «Тіл туралы Заңында» көрсетілген 4-ші; 5-ші; 7-ші бап; 2-тарау 8-ші; 9-шы; 4-тарау 21-ші баптарына (11.07.1997 №151-1 ҚР-ың Заңы) қаншалықты заңнан тыс екенін сараптамадан өткізіп, бұған өз бағасын беруді тапсырғанымыз дұрыс болар еді. Бұл мәселеге қоғам қайраткерлері, тіл жанашырлары, зиялылар, жазушылар одағы, қазіргі парламент, жергілікті мәслихат депутаттары араласады деп үміттенеміз. Ұлты, оның болашағы, тілінің тағдыры ойлантқан әрбір азамат «үш тұғырлы тіл» деген саясаттың ЗАҢНАН тыс әрекет екенін ашық айта білулері керек.
қайсақ
жаппас
06-05-16 13:29
12 Ата-Байұлы (Шеркеш,Ысық,Беріш,Алаша,Тана,Масқар,Қызылқұрт, Байбақты,Адай,Есентемір, Таз,Жаппас). Жаппас(Сумырын,Қаракөз,Қалқаман,Қияқы,Шалтақ,Үңгіт), Қаракөз(Ақсүйір),Ақсүйір(Көкі,Кешу),Көкі (Жанқожа), Жанқожа(Жабағы,Нұржау,Қаржау,Шоқай,Тәйкі).Жабағы(Берлібай, Құрманбай),Берлібайдан(Әбілда,Дүйсен),Әбілда(Тасқара),Тасқара(Серікбай,Серәлі,Шақызада,Аман- келді,Алтын), Серікбай(Рамазан,Ерлан,Нұржан,Сағынай,Нұрлан,Қуаныш),Серәлі(Әлібек,Мейрам- бек,Индира,)Ералы(Эльмира,Альбина),Дүйсен(Аязбек),Аязбек(Бектас,Күлтас),Бектас(Бағалы, Нұралы,Құрманәлі,Құрманкүл,Асылхан),Күлтас(Мейрамкүл,Шолпан,Жаңабай,Серік,Айман), Құрманбай(Қали,Мырзабай,Мұхит,Есеке,Бейкі),Қали(Жүсіпбек),Жүсіпбек(Шайымкүл, Бекітай, Берікбол,), Бекітай(Ақмарал,Нұрлан,Ерлан)... Құрметті бауырлар,менің осылайша әр аталықтан тараған ұрпақтарды жазып отырған себебім, жоқ дегенде 7-атаға дейін қандай туысқан екен- діктерін біле жүрсін деген ой. Әйтпесе,көпшілігіміз өзіміздің қандай туысқан екендігімізді біле бер-мейміз. Сол себепті,өздеріңіз байқап отырғандай Жаппас бабамыздың бір деректерде 5, ал енді бір деректерде 6 баласы болған деген мағлұматтарға сәйкес,солардың бірі Қалқаманнан(Қаракөз). Ал Қаракөздің де балаларының бірі Ақсүйірден тарайтын ұрпақтарды ретке келтіріп отырмын. Яғни,Ақсүйірдің екі баласының бірі Көкі ұрпақтарын ғана жазып отырмын.Ал, Кешу ұрпақтары туралы шежірелер толық жиналмай тұр немесе жоқтың қасы.Сондықтан, Кешу ұрпақтары болса хабарласса болар еді. Бұл жерде Рахат деген бауырымыздың жаппас шежірелерін жинастыра бастағаны мені қуантады. Әрқайсымыз өзіміздің шежіреміздің басын біріктірсек,Жаппас бабамыздың толыққанды шежіресін жасар едік... Көкі бабамыздың жалғыз баласы Жанқожа бабамыздың Бес баласы(Жабағы,Нұржау,Қаржау,Шоқай,Тәйкі) өсіп-өніп отырған ұрпақтар,сіздер бір-бірлеріңізді біле жүріңіздер.Мен Тәйкі бабамыздың бір сынығымын...
қайсақ
жаппас
05-05-16 16:16
12 Ата-Байұлы (Шеркеш,Ысық,Беріш,Алаша,Тана,Масқар,Қызылқұрт, Байбақты, Адай,Есентемір,Таз,Жаппас). Жаппас( Сумырын,Қаракөз,Қалқаман,Қияқы,Шалтақ,Үңгіт), Қаракөз(Ақсүйір),Ақсүйір( Көкі, Кешу), Көкі (Жанқожа), Жанқожа(Жабағы,Нұржау,Қаржау,Шоқай, Тәйкі). Біз алдыңғы жазбаларымызда Тәйкі,Шоқай,Қаржау бабалардың тармақтарын келтіріп кеткенбіз.Бұл жолы Жанқожа аталығының келесі тармағы Нұржау бабамыздың қолдағы бар деректерін келтіргелі отырмыз.Нұржау(Қожабек),Қожабек(Жетпісбай,Қожахмет),Жетпісбай мен Қожахметтің ұрпақта- ры Қостанайда тұрады...
қайсақ
жаппас
04-05-16 13:41
Ерлан бауырым !!! Құрманай жаппастар шежіресі де Қызылорда қаласында жарыққа шыққан шежірелер жинағында толық емес болса да деректер бар екендігін атап кеткім келеді.Соны басшылыққа алып өзіңнің шежіреңді толықтыруыңа болады.Оны білетін себебім,менің әжем құрманай жаппас,оның ішіндегі марқасы. Менің түсінуімше,Құрманай жаппастар Қостанай жақта көп болуы керек. Себебі,менің жастау кезімде үлкен кісілер сенің Айқын әжеңнің шыққан жері ауқатты болған. Әлиясқар деген әкесі Меккеге барған,мешіт салдырған деп отыратын.Ал,оның ағасы болыс болған деген әңгімелерді жастау кезімде жиі еститінмін.Мұны неге айтып отырмын,себебі менің түп нағашыларым құрманай жаппастар. Әлиясқар деген кісіден Қалмырза деген жалғыз баласы және Алтын,Алмагүл,Айқын(менің әжем),Құпия деген қыздары болған.Қалмырза атамыз Ұлы Отан Соғысынан қайтпай қалған,одан қалған жалғыз тұяқ - қызы Сәпия.Ол кісі Қызыл- ордада тұрады.Менің әжемнің қолында тәрбиеленіп,тұрмысқа шығып,өсіп-өніп отырған бақытты әже атанып отыр. Ол кісілер Құрманай жаппас,оның ішінде марқа тармағы болуы керек...
қайсақ
жаппас
03-05-16 16:44
12 Ата-Байұлы (Шеркеш,Ысық,Беріш,Алаша,Тана,Масқар,Қызылқұрт, Байбақты, Адай,Есентемір,Таз,Жаппас). Жаппас( Сумырын,Қаракөз,Қалқаман,Қияқы,Шалтақ,Үңгіт), Қаракөз(Ақсүйір),Ақсүйір( Көкі, Кешу), Көкі (Жанқожа), Жанқожа(Жабағы,Нұржау,Қаржау,Шоқай, Тәйкі).Біз алдынғы жазбаларымызда Тәйкі бабамыздан тарайтын тармағын жазған болатынбыз.Енді,Шоқай бабамыздан тарайтын тармағын енгізгелі отырмын.Бірақ,Шоқай бабамыздан тарайтын ұрпақ- тардың шежіресін толық деп айта алмаймын.Бұл жерде алдағы уақытта өзгерістер енгізетін тұстары болуы мүмкін екендігін ескерткім келеді.Сонымен: Шоқай(Құлман,Бейіс,Кейкі), Құлман(Сәтбай),Сәтбай(Әйімбет, Әлман, Жақия, Ораз бай),Әйімбет(Асқар,Дастан,Сақан,Мақан,Сағындық,Камая,Ақиса),Асқардан ( Шәркүл,Қырықбай,Шырынкүл,Боранкүл, Жұмакүл), Қырықбай(Айсұлтан,Нұрсұлтан,Ерсұлтан,Бексұлтан,Гүлнар,Айнұр),Айсұлтан(Еркебұлан,Жасұлан),Нұрсұлтан(Арайлым,Абылайхан),Ерсұлтан(Ботакөз),Бексұлтан(Әйгерім),,,
ЕРЛАН.Б.Б
Erlan19800504@Gmail.ru
03-05-16 08:35
Құрманай жаппас шежіресін қайдан табуға болады
ЕРЛАН.Б.Б
Erlan19800504@Gmail.ru
03-05-16 08:30
Мен құрманай жаппаспын, ағайын бауырлар жаппас руы туралы мəліметтеріңіз болса бөлісейік .
қайсақ
жаппас
02-05-16 06:30
Ассалаумағалейкүм Жаппас бауырлар !!! Алла-тағала халқымызға ауызбіршілік,тыныштық,сабыр берсін.Ата-бабаларымыз- дың төгілген қаны мен қайтпас қайсар мінезі мен ерлігінің арқасында келген тәуелсіздігіміздің іргесі мықты болсын.Еліміздің келешекте осы тәуелсіздікті ұстап қалар ұрпақтары аман болсын...Жаппастар форумына өздеріңіз білетін шежірелеріңізді жазсаңыздар нұр үстіне нұр болар еді. Мен алдағы уақытта Ақсүйірдің қалған тармақтарына байланысты толықтырулар енгізетін боламын...
Нурдаулет
alisheralisher702@gmail.com
02-05-16 05:39
Достар менин вконтакте желисиндеги паракшам нурдаулет тилектесов дружба тастандар кабылдайм
қайсақ
жаппас
01-05-16 15:19
12 Ата-Байұлы (Шеркеш,Ысық,Беріш,Алаша,Тана,Масқар,Қызылқұрт, Байбақты, Адай,Есентемір,Таз,Жаппас). Жаппас( Сумырын,Қаракөз,Қалқаман,Қияқы,Шалтақ,Үңгіт), Қаракөз(Ақсүйір),Ақсүйір( Көкі, Кешу), Көкі (Жанқожа), Жанқожа(Жабағы,Нұржау,Қаржау,Шоқай, Тәйкі), Тәйкі(Беген, Құлжабай, Нысанбай, Жақабай,Жаманбай), Жақабай (Сейтен, Айғазы, Меңлібай,Ізтелеу),Меңлібай-Дәумен әжеміз (Маржан, Рахман), Рахман-Айқын әжеміз(Абылай, Балбөпе, Бал- шекер), Абылай-Күләйім анамыз(Ғани,Ербол,Ерболат,Балжан, Қалжан, Ғалымжан,Ғалия,Әлия),Ғани-Қорлан( Қуаныш, Ботакөз, Абзал, Жансая), Қуаныш-Айзада (Раяна-немере),Абзал-Дамира (...? ), Ербол-Тынымкүл(Ерқанат, Ерғазы, Мөлдір,Ерболсын,Ерболат), Ерғазы-Ақмаржан( екі немере),Ерболат(19 жасында Отан алдында борышын өтеу үстінде айықпас дертке ұшырап,қайтыс болды), Ғалымжан-Гүлбаршын (Жеңісбек, Әлиасқар,) Ғалымжан-Гүлден(Аружан, Аяжан, Арман).Меңілбай бабамыз жастай қайтыс болған соң, әмеңгерлік жолмен ағайындары қайнысына қосқан, Ізтелеу-Дәумен(Әптіқан, Наркүл,) Ізтелеу- Мағзан(Жұмаш,Әмина,Әлима,Ақан).Әптіқан атамыз ҰОС-на қатысып,соғыстан қайтпай қалған.Артында ұрпақ жоқ.Жұмаш(Әділбек,Әділхан),Әділбек(Әлібек,Жәнібек),Әлібек( Аделя,Арсен),Жәнібек(Расул), Әділхан( Жұмаш,Қалимаш-жастай қайтыс болған,Жұмат),Жұмаш (Алина,Карина),Ақан(Серік,Сауле,Зауре,Қанат).Серік(ұл, қыз),Қанат( ұл,қыз)...
Нурдаулет
alisheralisher702@gmail.com
29-04-16 13:11
Ассалаумагалейкум ЖАППАС бауырлар ЖАППАС шежиресин Ким биледи
Ќайсаќ
жаппас
29-03-16 11:53
Ассалаумаєалейкїм Шалтаќ бауырым !!! Мен Алматыда тўрамын. Тел;87782211160. Ќызылорда ќаласында тїсаукесері болєан кітаптар туысќандардан артылмай ќалды. Біраќ, ґзіѕе бір данасын тауып беруге тырысамын.Хабарлас.с/м.Ќайсаќ.
Назан
kokbori@list.ru
25-03-16 20:35
Қазақбай, Үңгіт Ұланның жазбасында шындық бар. Үңгітті қарақалпақ деген адамның өзі қарақалпақ. Қарақалпақтар қазақтың руынан діннің ағымына байланысты аластатылған. Үңгіттің қарақалпаққа үш қайнаса сорпас қосылмайды. Тарихқа жүгінсек, Үңгіттір уақтармен іргесін бөлмеген. Уақ орта жүзге жатады. Мекендері Арқа жақ. Үңгіттер туралы аңыздың екі варианты бар. Соның ішінде Ұлан айтып отырған шындыққа саяды.
Шалтақ
danyshpan@mail.kz
24-03-16 15:00
Ассалаумағалейкум Қайсақ Аға!
Сіздің Жаппас руының тарихы туралы Қызылордада конференцияда таралған кітабыңызды қайдан, қалай алуға болады?
Менің е-мейлыма хабар айтасыз ба?
Сізге денсаулық тілеймін аға!
қайсақ
Бақытжанға
16-03-16 15:52
Саламатсыңба Бақытжан інішек!!! Баймұрат батырға байланысты Қызылорда қаласында үлкен ғылыми конференцияның болғанын және ол жерде Жаппас руының тарихына байланысты кітаптың тұсаукесері болғанын да білемін.Себебі,ол конференцияға мен де қатыстым... Ал, тұсаукесері болған кітаптың авторы мен ғой. Кітаптың ішінде аздаған өзгертулер енгізетін жерлері болмаса,жалпы ойымдағыдай шықты және қолымдағы жинаған деректерімнің 60 пайызын ғана кітаптың ішінде көрсете алдым. Қолымда жаппастарға және қазақтың өзге де руларына қатысты жинаған деректерімді алдағы уақытта тағы да бір жинақ қылып шығарсамба деген ой бар. Себебі, маған дейін жаппастарға қатысты арнайы ғылыми кітаптардың жарық көрмегенін білемін.Құдай қаласа,алла тағала денсаулық берсе басқа да кітаптарымды дайындап жатырмын.Аздап денсаулық сыр беріп,жақында ғана емделіп шықтым. Жаппастар форумына анда-санда ғана кіріп жүрмін.Сол себепті,бұл жерде бұрынғыдай жиі кіре бермеймін.Жаңалық болса хабарласып тұр.с/м.Қайсақ ағаң.
Бақытжан Ахметбек
аhmetbek_74@mail.ru
16-03-16 12:19
Ассалаумағалейкум Қайсақ аға! Сіздің комментариіңізді көріп қуанып қалдым!!! Көп болды ғой хабарласпай кеттік. Жақында Жаппас Баймұрат батырдың асын, ғылыми конференциясын Қызылорда қаласында өткіздік. Мен баяндама жасадым.Кітап шықты.
қайсақ
15-03-16 05:33
Наурыз мерекесі құтты болсын.Әрбір қазақтың жанұясына береке-бірлік,ынтымақ,ауызбіршілік,молшылық,табыс тілеймін.Халықымыз аман болсын...
Азат
azattilek@gmail
16-02-16 21:46
Ассалямагалейкум бауырлар!мен атырау индер ауданынанмын.Мен Жаппастын Шалтагымын
назерке
nazerke9193@mail.ru
25-12-15 19:26
Салматсыздар ма. Маган кыз алыспаитын жаппастарды аитып бере аласздар ма
қалдыбай
dungelek@mail.ru.
21-12-15 17:39
Хисмет Табылдиев, Ақылбек Қалмұратов кіші жүз рулары кітабында, қазақ үш жүзге шамамен 1300 - 1400 жылдары бөлінген деп жазылған. Өзбек хан өлген соң оның ұлы Жәнібек хан исламды қабылдаған көшпенділерді үшке бөліп,
Ұлы жүзді басқаруды Үйсінге жүктеп, Жалайыр атты кісіні оған орынбасар еткен.
Орта жүзге Арғынды бек етіп, Найман көмекшісі болған.
Кіші жүзге Алшынды би қойып, Жаппасты оған көмекшілікке тағайындаған делінген.
Алшыннан - Құдияар. Құдияардан - Асанқожа, Алқожа, Ерқожа.
Асанқожадан - Қыдырқожа. Қыдырқожадан - Қыдырсиық, Сұлтансиық, Бақытсиық.
Ерқожадан - Ожырай, Жаппас тарайды деп жазылған. Сонда егерде шындыққа жататын болса Жаппас руы басқа кіші жүз руларына қарағанда екі ата бұрын тараған боладығой. Осыған қосып алатын әңгімелеріңіз барма?
қайсақ
15-12-15 12:51
Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын !!!
Шалтақ
danyshpan@mail.kz
12-12-15 15:09
Милош!\
\ Шырағым сен қазір қай елді мекенде тұрасың?\
\ Егер қазіргі Қазақстанның батыс бөлігінде туып өспесең, Арқа жерінде Арғын жерінде, болмаса Жеті-Су жерінде, Моынқұм, Сарысу, Балқаш, жезқазған өңірінде ата-анаң ертеден қоныстанған болса сен сол жерде туып-өскенсің. Менің білуімше бұрынғы заманда ағайынды Орда мекендерде кіші жүздің азаматтарын \\\"Алшын\\\" деп атаған болу керек. Жаппас болсын басқа кіші жүздің 25 руы болсын түп атасын айтпай жалпы атаумен \\\"Алшын\\\" деп атаған болу керек. Бұған менің себебім бар. Бурабайда Алшын руынан шыққан ел бар екен. Мен мынандай бір нәрсеге таң қалдым. Жайықтың арғы бетінде осы заманда кейбір рулар зираттарын басқа рудан оқшау салатындар бар екен, сол сияқты жаңағы атақты Бурабайда Алшындардың зираты бөлек қойылған. Бұл бір жалпы таралған ерекшелік деп айта алмаймын. Себебі қалайда жаңағы ерекшеленген рулардың ағайындары әдетте жалпы ортақ зират басында жерленеді. Дегенмен арасында осылай оқшауланып жерленген адамдардың рулық оқшаулануы мені таңдандырды. \
\ Милош, шырағым, сен жас болсаң саған бұның бәрін түсіну қиын болар, мен өмірімде көрген, тұжырымдағаным молырақ болар сондықтан саған менің жазғаным түсініксіз болуы мүмкін. Бұның аржағында тарих жатыр, енді оның бәрін қазір жазып түсіндіру мүмкін емес, өзің ізден, оқы, жас болсаң өмірің алда.\
\ Соңында \\\"Алшын\\\" кіші жүздің атауы, ал оның ішінде Онекіата байұлы руына (Жаппас, Беріш, Адай,Шеркеш,Байбақты,Алаша,Қызылқұрт,Тана,Ысық, Масқар,Есентемір, Таз), Жетіру руына (Табын, Тама, Керейт,Кердері, Жағалбайлы, Рамадан, Телеу), Алты Ата Әлім руына (Байсары, Шөмекей, Жаманақ-Шекті, Төртқара-Қарамашақ, Қарасақал-Айнық, Қаракесек-Ұланақ) кіреме оның қайсысына жатасың оны айналаңдағы үлкен адамдардан сұрап білгенің жөн.
Мирош
11-12-15 04:15
Жаппас Алшыннан шыққан деп айтады. Мен Алшынмын. Алшын аз ру. Жан-жаққа тарап кеткен. КIШI ЖYЗ аталықтарына алшындар бас болған. Содан олар "Алшыннан тарағанбыз" дейдi.
қалдыбай
dungelek@mail.ru.
09-12-15 14:35
Сәлематсыздарма! Мен Қанатбай атамыздан тараймын. Дөңгелек- Қуаныш, Дүйсенғали.\
\ Қалдыбай Алма(кыз бала) Гүлімай (кыз бала)\
\ Арман,Қоныс,Серік, Берік ,немерелерім.\
\ Зура,Лаура,Сара(кыз балдар)\
\ Тәжіғұл атамыздан. Қағазғали, Құрманғали, Әзірғали бүлаталарымыз соғыстан хабарсыз кетті.\
\ Абдрахман Жолдас, Аманғали Қоныс\
\ бәрініңде балдары, немерелері бар шүкір.\
\ Өскенбай атамыздан. \
\ Сұмағұл- Шыман,Сұлтан,Базарғали,Жайғали,Құсан.\
\ бұл аталарымызданда балдары немере шөберелері бар.\
\ Елеубай атамыздан. Әбуғали, Ахмед.\
\ Демеу Исламғали\
\ бұл аталарымызданда балдары,немерелері бар. Менің әзірге білетіндерім.\
\
илияс
abdikulov.99@mail.ru
12-11-15 09:09
киякы жаппаспын меним вк почи абдикулов хабарласындарш отинем
Еркебулан
black-kz@mail.ru
26-10-15 16:31
Мен жаппастың ішінде қияқыдан тарағанмын, сол туралы білгім келеді
Алдын ала рахмет
Айнагуль
kushelekova95@mail.ru
22-10-15 20:42
Салеметсиз бе! Меним сурайын дегеним озимнин руым туралы ақпарат таба алмай жүрмін. Олар атам мен әжем соғыс ардагерлері ертеректе қайтыс болып кеткен енди айтайын дегеним руым Айбас руым туралы толық мәлімет алғым келеді. Қыпшақтарға қатысым жок туған жерим Батыс Қазақстан облысы Шынғырлау ауданы Алмазный ауылы. Сиздерден жауап кутем асыға өзімнің руым туралы көптеген мәлімет білгім келеді. Алдына ала рахмеееет!!!
рустем
nurbol.baekeev@mail.ru
05-10-15 20:40
ассалаумаалеикум жаппастар менің руым жаппас жаппастын карагозымын мен жеті атамды білгім келеді " менін акемнін аты сапарбаи онын акесінін аты баекее ары караи білмеимін білсендер хабарласындар.
Рахат
saryqazaq@gmail.com
09-09-15 05:30
Қалқаман Жаппастың Есенбайынан Кермен тарайды. Мендегі деректер бойынша осы Керменнен: Ай, Арық, Келдік, Сапи тарайды. Арамызда кермен Жаппастар бар ма? Болса, аталған төрт атаның қайсысына жатады? Шежірелерін жазып жіберсе жақсы болар еді.

Кермен Жаппастар жекеге шығыңыздар
Ансарбек
ansar_forever@mail.ru
18-08-15 19:08
Ассалаумағалейкүм қазақ елі. Менің туған жерім Батыс Қазақстан обылысы, Казталов ауданы, Қошанкөл ауылы тең жартысы ЖАППАС. Біздің жақта ЖАППАСтар өте көп, әсіресе Жәнібек, Орда аудандарында. Ал танысып хабарласып жүрейік бауырларым... +77058220088
Айдос Сəтбаев
Aidosik_95_13_04@inbox.ru
27-06-15 16:48
Жаппас руының ішінде қандай руы қыз алыспайт жəне бір рудан қосылса баллары кемтар болад деген распа
Рахат
saryqazaq@gmail.com
02-06-15 13:04
Ассалаумағалейкум. Мен Қияқы Жаппаспын. Өз атам оқу бітіре сала Ганюшкинодан Маңғыстауға көшіп келген. Содан әкем де мен де Маңғыстауда туылдық. Өзім әлі күнге дейін Жаппастардың шежіресін білетін адам кездестірмедім. Қияқы Жаппастарды да. Маңғыстауда көбі Қаракөз Жаппастар. Қайсақ, Бақытжан ағалар арқылы көп нәрсе біліп жатырмын. Енді Қияқы ата, оның таралысы туралы білгім келеді. Біз Қияқының Боз аталығынан тараймыз. Білгенімді төменнен бастап айтар болсам: Рахат - Бекболат - Ғизатолла - Қалекен - Жұмабай - Сатыпалды - Сетік - Боз - Қияқы - Жаппас. Қалекен екінші дүниежүзілік соғысынан оралмаған. Одан арғы аталарым туралы еш мәлімет жоқ. Қазір Алматыда тұрамын. Қияқы, Боз, Сетік аталықтарынан мәліметі бар адамдар болса, хабарласыңыздар
Еркин
Erkin_121078@mail.ru
20-05-15 17:45
Сәлеметсіздерме бауырлар мен Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы,Жаңақала ауылында тұрамын есімім Еркін, руым Алтын Жаппас менде өз руым туралы, жеті атам туралы білгім келеді деректер болса жазыңыздар рахмет.
кылышбек
k_kiliw81@mail.ru
14-05-15 10:30
Ассалаумагалейкум агайын бауырлар, мен каракоз жаппас мангыстау облысы жана озен каласынан. 8 701 300 99 11 ватсапка косылып жаппастар деген группа ашып сонда жакынырак танысайык.
Данияр
kudebaev1979 @mail.ru
02-05-15 11:30
Мен жаппаспын. Ал Алтын деген ру жаппастың тетелес ағасы. Екеуі де Байұылының кенжелері. Сондықтан алтын жаппас бір туған дейді және екеуінен тарағандарды қыз алыстырмаған
Жайнара
vip.zaynara@mail.ru
22-04-15 12:18
сәлеметсізбе?Меннің руым Байкісі Жаппас туралы мәлімет бере аласыз ба ,яки (шежіре)?
Bota
aijan_55kz@mail.ru
21-04-15 20:55
Salamatsizdarma? Men Tapalov Kamal Tapalov Sani degen kidilerdin Jibek degen kizin onin baldarin izdeimin rui jappas.
куан
kuan_93_3mkr@mail.ru
11-04-15 19:24
Мен Куан Баймагамбет руым Жаппас онын ишинде Шалтак. Шалтактын Достияры,Достиярдын Карагози, Карагоздин -Баймураты болам. Жаппаста Алтын, Жылкелди Куптан Кеди болмаган Жаппас 9га болинген ал кобиси адасып жур
Мусагалиев Темирболат Медел ұлы
mila_228kz@bk.ru
20-03-15 21:35
Жеті атамды білгим келеді. Руым Қарағұл жаппас
диляра
pion-danok-erlan
20-03-15 17:11
Сәлеметсіздерме менің атым диляра. Мен алтын жаппас туралы тарихын көпірек білгім келеді тек отірік жазбаңыздар. Жауап жазыңыздар
маржан
marzhan23.12.90mail.ru
14-03-15 21:25
Мен жаппастын бегис деген болими барма екенин билгим келед
Максат Асан
maksorda@mail.ru
13-03-15 22:05
Саламалейкум Бауырлар мен Еламан Жаппаспын кызылордадан!!!! Егер араларынызда Еламан Жаппастар болса Вк-дан дружба тстаи берндер Макс Асан деп турады!!!Бауырлар агаиын-туысты бирге издеик!!!
азамат
xamzaev-aza.98.98@mail.ru
10-03-15 17:42
Асалаумагаликом жамагат менин руын жаппас ру жаилы малимет 300туимен мекени салган сол шындыкпа аитыныздаршы
Нұрбаев Серік Рахымжанұлы
serik-nurbaev@mail.ru
02-03-15 06:40
Ассаламагалейкум Құрметтіде қадірлі құлан қыпшақ бауырлар.Құлан қыпшақ туралы толық білгім келеді.
Жаппас
erhat.77@mail.ru
10-02-15 18:02
Ұңғыт руы қайдан шыққан? Ержан бірншіден Ұңғыт емес Үңгіт, екіншіден сенің айтып отырғаның барі аңыз, кім біледі кім кайдан шыкканын, жазған мәліметіңе дәлел барма, Үңгітті енді Ұлы жүзден шығарып қойдыңдар, тағы біреулер Есімханның елінен келген дейді, біреу тағы-тағысын айтады, неқыласындар қазбалай беріп, Мен Жаппаспын!!!!!!! оның ішінде Үңгітімін.
қайсақ
жаппас/ақсүйір/
10-02-15 12:37
Ержан Досқалиев бауырым,жаппастардың Қызылорда қаласында шыққан шежіресінен басқа шежірені көрмедім.Ондағы деректердің өзі де толық емес.Жаппастардың толық шежіресін жазатын уақыт келген секілді. Қазақстанның әр өңірінде өз беттерінше ата-бабаларының шежірелерін жинастырып жүрген бауырларымыздың бар екендігін білемін...
Ержан Досқалиев
killer_orda@mail.ru
08-02-15 08:24
Ассалаумағалейкүм Жаппастар!!!Менің руым Жаппас оның ішінде Қиақы(Қызылорда).Сіздерден сұрайын дегенім Жаппастар шежіресі туралы қайдан мәлімет алуға болады???
жолдас танатулы
kerbez15@mail.ru
25-01-15 07:21
Акмешит уезиндеги 4 ири бай,би болган,сонын биреуи Иманбаев Тажен би-менин атам!
жолдас танатулы
kerbez15@mail.ru
25-01-15 07:16
ЖАППАС УРПАКТАРЫ ХАБАРЛАССАНЫЗДАР РЕКВИЗИТИМ ТОМЕНДЕГИДЕЙ:Кызылорда каласы,Амангелди кошеси 109/8,телефоным:23-53-17-уй;8-705-831-62-26,8-771-511-37-73 сот.Мой мирде:kerbez15@mail.ru:сондай-ак ОК-де,ВК-да,Фейсбуктеде,Твиттер мени оки аласыздар!Мамандыгым даригер ари анши,менин орындауымдагы аудио,видео концерттеримдм тындап хам коре аласыздар!
Жаппас
erhat.77@mail.ru
24-01-15 21:41
Дүние жүзінің жаппастары бірігіңдер!!!!
қайсақ
жаппас/ақсүйір/
13-12-14 06:15
Құрметті бауырлар !!! Алдағы келе жатқан тәуелсіздің мерекесі құтты болсын... Мен ертеректе жазған мақаламды тағы да арнайы келтіріп отырмын,себебі жаппас деген тайпаның ұрпақтары қандай болғанын басқалармен бірге келешек жастар да білгені дұрыс...
қайсақ
жаппас/ақсүйір/
13-12-14 06:07
Жаппастардың тақия тамды салдыру тарихына қысқаша шолу.

Қажылықтың негізінен үш түрі бар екен: Басқа біреудің қаржысы арқылы, соның атымен барып келгенді – Бедел қажы, Ораза уақыты мен құрбан айтты Мекке мен Мединеде өткізіп қайтқандарды осы сөздің толық мағынасындағы – қажы, ал мұсылманның қасиетті мекендеріне жылдың басқа уақытында барып-қайтқандарды – ғұмыра қажы дейді екен. /1/
Қажылық сапарына қаражатқа қиналмайтын, үкімет пен еш пендеге қарызы жоқ, артында қалған бала-шағасы да тарықпайтын, жол азабы мен қыруар шығынды көтере алатын ауқатты да дені сау адам ғана бара алады.
ХІХ ғасырда қазақ даласынан бойына имандылықты дарыту, жанын күнәдан тазарту үшін қажылық сапарға көптеген ата-бабаларымыз, әже-аналарымыз, т.б. барғаны белгілі. Олар қандай жолдармен барды екен?
Бірінші жолы: Кавказ бен Парсы елінің солтүстігінен барушылар жан-жақтан (Нахичеван-һай-Тебризден; Астрахан-Бану-Решт-Һамаданнан; Красноводск-Сари-Таһиарн-Һамаданнан) ағылып келіп Кермен-шаһқа жиналып, одан әрман Бағдат пен Кербалаға бір-ақ жолмен тартады екен.
Өткені басы Анатология тауларынан басталып, Парсы шығанағына құятын қосөзен (Ефрат пен Тигр) соңғы қалалар тұсында ғана өткел береді.
Одан (Кербаладан) әрі Мединеге дейінгі жол тандыры кепкен әйгілі Араб шөлі арқылы өтеді.
Екінші жолы: Кемемен қара теңіз порттарының бірі – Стамбул-Александрия, одан құрлықпен Суэц қаласына (қала аттас канал салынғанға дейін) Осы жерде қайта кемемен Иһанбо мен Жиддаға (бұлар сәйкестігіне қарай Медине мен Меккенің су қақпасы болып саналады) жетеді.
Үшінші жолы:Бұхара не болмаса Самарқанд арқылы Мазари-Шәріп-Қабыл-Пешевар-Бомбей (Қарашиге бұрылуға да болады). Одан әрі Үнді мұхитымен Жиддаға немесе Иһанбоға сапар шегеді. /2/
...Так, в 1875 году Российский императорский посол в Константинополе сообщал оренбургскому генерал-губернатору, что русскими пароходом, шедшим из Одессы, прибыло 25 человек казахов, отправившихся на богомоление в Мекку. В Константинополь они прибыли без заграничных паспортов. /3/
Осы жерден көріп тұрғанымыздай, ХІХ ғасырдың екінші жартысында Меккеге қажылық парызын өтеуге барған 25 қазақтың ешбір төл-құжатсыз барғанын байқаймыз...
Көпшілік жағдайда бұл сапарда – тәжірибесі мол, терең діни білімді адамдар басшылық жасап отырған.
... ХІХ ғасырдың ортасына дейін қазақ пен қырғыздар қажылық жасауға барғанда өз ұлттарын жасырып, бұқарлық, ташкенттік сартпыз немесе өзбекпіз деп айтады екен.
Өйткені қазақ пен қырғыз халықтары Меккедегі мұсылмандар тізіміне жазылмаған көрінеді.
Осындай қорлықты көрген Жайық бойынан барған Нұрпейіс қажы жеті жыл бойы қиыншылықпен Меккеде жүріп қырғыз бен қазақ халықтарын мұсылмандар тізіміне енгізеді. Мұхамед пайғамбар өсиеті арқасында оларға тиеслі жерді алады.
Нұрпейіс қажы ең бірінші хабарды кіші жүзден Жаппас руынан Мырқы мырзаға жеткізеді. Одан кейін орта жүздің тобықты руынан Құнанбайды, ұлы жүзден Қасымбек датқаны, Қырғыздан Шәбден батырды шақыртады.
Сол дәуірде кіші жүзде Мырқы мырзадан бай кісі болмаған екен. Оның байлығының мөлшері туралы Аппаз мырза «Мырқы мырзаның алтын ақшалары еуропаның ірі банкілерінде жатыр. Түйелерінің өзі отыз мыңнан қайтты» - деп отырады екен. /4/
Мырқы мырза бірнеше миллиондаған сом қаржымен қасына нөкерлерін ертіп Меккеге сапар шегеді.
Кіші жүзге арналған Тәкия жәйін үш жылда салып бітіреді.
Айшығы әсем ғажап Тәкия жайды көрген Бағдат ханы Мырқы қажының атымен атағанын мақұлдайды. Осындай Тәкия жайлар ұлы жүз, орта жүз қазақтары мен қырғыз халқына да салынды.
Соғыс жылдары Қазақстандағы Меккеден келген арабтар Мырқы мырзаға салдырған Тәкияны, онан түскен қаржыны (Еуропа банкілеріндегі қаржыларының өсімі емеспе екен деген сұрақ та туындайды – М.Ғ.) Мырқының ұрпақтарына табыс ету үшін олармен жолығуға күш салады.
Кеңес дәуірінің ызғарынан қорыққан Мырқының ұрпақтары үнсіз қалады. Соңғы кезге шейін Мырқы мырза (Мырқы қажы – М.Ғ.) салдырған әсем Тәкия там қажылыққа барған қазақтарға пана болған. /5/
... В Мекке и Медине существовали специальные дома для расселения паломников определенной национальности, основанные и содержавшиеся в значительной степени на средства богатых соотечественников.
Так, в Мекке из российских мусульман проживало в 1898 году восемь семей татар, две казахские семьи и семь человек, учащихся в медресе. /6/
Осы жерден көріп отырғанымыздай, Меккеде расында қажылыққа барғандар түсетін арнаулы үй-жайлар болған. Олардың барлық қаржылай шығындарын ауқатты адамдардың қолдауы арқасында іске асырылып отырғанын байқаймыз.
Оған төмендегі сөйлемдер де дәлел болады: ... – Кроме того, для паломничества средства собирали со всей общины. /7/
Былайша айтқанда, қазақ халқының белгілі бір ру-тайпаларының өкілдері, қажылар түсетін арнаулы үй-жайлардың барлық қаржылай шығындарын, қажеттіліктерін, т.б. өз жауапкершіліктеріне алғандықтарын байқаймыз.
... 1874 жылы (мүмкін, 1875 жылы болар – М.Ғ.) қажыға барғанда қазақ қажылары түсетұғын Меккеде бір тәкия там, яғни үй сатып алып, құдайы қылып еді.
Осы күнде кіші тәкия деп атайды. Кіші жүзден бір Сұлтан деген ғалым жігіт ие болып тұр. Басында қажы марқұмның қойған күтушісі Қанатбай сопы еді. Ол кісі өлген соң кемпір қатыны бір жиен қызын асырап тұрған кезде, осы Сұлтан кез болып, кемпір соған жиен қызын беріп тәкиеге Сұлтанды ие қылыпты.
Мен пақыр 1905 жылдан 1906 жылға қарай Қажыға барғанда тәкиәні көрдім. Менен бұрын қажылар кіріп қалған екен. (кіші жүзден барған қажылар – М.Ғ.)
Оларды ренжітпей, пәтер алып түстім. Бірақ Сұлтан айтты: бұл тәкиә осы күнде кіші жүз Досжан қажының атына жазулы екен, не себеп екенін білмедім деді. Соны 31 жыл бұрын (1875-1906 ж.ж. – М.Ғ.) ескі дәптерден қаратып білмекші болып, дәлелге барып, ертең шарифке барғалы тұрғанымда алланың тағдыры қатты науқастанып, жазылар-жазылмастан кіші дәлеліміз Ибраһим Малуани дегенге еріп қапыла жүріп кеттім.
Қажы (Құнанбай – М.Ғ.) марқұм тәкиәні: мен бастап алсам да кіші жүз қажылары (Мырқы қажы бастаған кіші жүз қажылары – М.Ғ.) көп ақша берді деп еді, сол себептен бе, яки құдайы қылғанда Досжан қажы атына қалдырған ба біле алмадым.
Қажы марқұмнан кейін біздің таптан қажының туысқаны Жақып баласы Ақберді марқұм барып Меккеде өтіп еді, сол жылы құдай тағала нәсіп қылып қабырына зиярат қылдым /8/.
Халқымыздың көне шежірелері, хандар шежірелері туралы алғашқылардың бірі болып қалам тартып, тұңғыш рет кітап бастырып шығарған Шәкәрім қажы Құдайбердіұлының еңбегіне тоқтала отырып, оған сараптама жасар болсақ нені байқаймыз?
Біріншіден, Шәкәрім Құдайбердіұлы Қажылыққа 1905-1906 ж.ж. деп жазғанда, дәлірек 1906 жылы барған деп ойлаймыз. Себебі, Шәкәрім Құдайбердіұлы Құнанбай қажы үй сатып алып, құдайы қылып еді дейді. Яғни, Құнабай қажы Меккеде үй салдырды деген сөз жоқ. Шығатын қорытынды, Құнанбай қажылық міндетін атқаруға 1875 жылы барған (төл құжатсыз барған 25 қазақтармен бірге баруы мүмкін – М.Ғ.).
Онда да, кіші жүзден барған Нұрпейіс қажының шақыруымен орта жүзден жиналған қаржыларды Құнанбай алып баруы мүмкін.
Екіншіден. Шәкәрім Құдайбердіұлының естелігінде, қажылар түсетін тәкия жай кіші жүздегі Досжан қажының атына жазылуы тұр екен.
Оған кіші жүздің Сұлтан деген бек ғалым жігіт ие болып отыр екен (1906 жылы – М.Ғ.). Осы жерде, 1898 жылы екі қазақ жанұясы және медреседе оқитын 7 шәкірт Меккеде тұрады деген сөйлем жолдары да біздің болжамымыздың шындыққа біртабан жақын екендігін көрсетеді.
Үшіншіден, Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің естелігінде: - «Қажы (Құнанбай – М.Ғ.) марқұм тәкияні мен бастап алсам да кіші жүз қажылары (жаппас руынан Мырқы қажы бастаған кіші жүз қажылары – М.Ғ.) көп ақша берді деп еді, сол себептенбе. Яки құдайы қылғанда Досжан қажы атына қалдырғанба біле алмадым»,- дейді. Бұл жерде Құнанбай қажының өзі Меккеде қажылар түсетін үйді мен бастап алсам да деп, яғни тәкия тамды өзі салдырмағандығын айтып тұр.
Төртіншіден, жазушы Дүкенбай Досжановтың пікірінше, Жайық бойынан барған Нұрпейіс қажы жеті жыл бойы қиыншылықпен Меккеде жүріп қырғыз бен қазақ халықтарын мұсылмандар тізіміне енгізеді. Біздің болжауымызша, Нұрпейіс қажы Меккеге шамамен 1867-1868 ж.ж. барған болуы керек.
Осы жерде, өзім ертеректе естіген мына бір әңгіме есіме түсіп отыр. – Кіші жүзден Меккеге қажылық парызын өтеуге барып, сол жақта қалып кеткен діни сауатты, оқыған, білімді, бір кісі арабтардың ішінде тұрыпты. Ол жеті жылдай арабтарға қызмет етіп, түйесімен су тасыпты. Араб жерінде судың ролі қандай екенін ол кезде қажылыққа барғандар жақсы түсінген.
Содан, ол жігіттің қайтпас мінезі, еңбекқорлығы, білімділігі, т.б. риза болған Меккенің әкімдері үй-жай салуға жер беріпті дейді.
Менің жастау кезімде естіген әңгіме мен Нұрпейіс қажы арасында байланысытылық бар секілді.
Бесіншіден, Құнанбайдың өмірін зерттеуші Бейбіт Сапаралин: «Құнанбай мырза қажы құлшылығына шаншарда Жүсіпқожа, матайда Саудабай байларды, жолбасшы ретінде қаракесек Есбалақ, Айтқожа байларының немересі Өндірбай (Бұл адам Меккеге үш рет барған. 1878 жылы соңғы сапарында сол жақта індеттен қайтыс болған) қалпені бірге ала жүріпті», - дейді.
Бес адам (Бұларға Жамал деген жесір әйел де қосылған), олардың әрқайсысының өзінің отбасы бар адамдар.
Біз архив қағаздары арасынан бұлардың ешқайсысына да байланысты құжат кездестіре алмадық /9/.
Осы жерде біздің бастапқы ойымыздың дұрыстығы, яғни 1875 жылы төл-құжатсыз қажылық парызын өтеуге барған 25 белгісіз қазақтардың аты-жөндері белгілі бола бастағандай. Атап айтқанда: Кіші жүздің 12 ата байұлы тайпасының жаппас руынан Мырқы қажы (Мырқы қажы Жарасбаев – М.Ғ.), Мінайдар қажы Жарасбаев, Аппаз қажы Жарасбаев, Досжан қажы, Нұрпейіс қажы, Дәрібай қажы, Әлиасқар қажы, Жабақай қажы, Орта жүздің тобықты руынан – Құнанбай қажы Өскенбаев, шаншар руынан – Жүсіпқожа, матай руынан – Саудабай, қаракесек – Есбалақ, Меккеге үш рет қажылық міндетін өтеп, соңғы сапарында (1878 жылы – төртінші рет барғанда – М.Ғ.) сол жақта індеттен қайтыс болған Өндірбай қалпе, Атбасардан – Егізек Жылқайдар, Қоспадан – Шешек қажы, Есілден – құлан қыпшақ руынан – Шаптыбай қажы, Батырқожа молда балалары (1-2 адам болуы мүмкін – М.Ғ.)/10/, Қанатбай сопы, Ұлы жүзден – Қасымбек датқа және қырғыздан – Шәбден батыр.
Әзірге бізге белгілісі 21 адам болып отыр, енді қалған 4 адамның аты-жөні белгісіз.
Біздің ойымыздың дұрыстығын мынадан да байқауға болады: Өндірбай қалпе өзінің соңғы сапары, яғни төртінші рет қажылық міндетін атқару кезінде 1878 жылы індеттен қайтыс болғанын біліп отырмыз.
Бұдан шығатын қорытынды, Бейбіт Сапаралы айтып отырған Құнанбай қажы Өскенбаевпен бірге өзінің қажылық міндетін өтеуге барған алғашқы сапары біздің ойлағанымыздай 1875 жыл болып шығады. Яғни, Өндірбай қалпе 4-рет қажылыққа барған. 1878 жылы індеттен қайтыс болды (4-рет барғанында). 1877 жылы үшінші қажылық сапары, 1876 жылы екінші қажылық сапары, 1875 жылы бірінші қажылық сапары басталған.
«- Тәкия үй-жай құрылысы қаржысын сол қажылар жұмыла көтеріп «қазақ тәкиясы» деген атапты. Оны Құнанбай атына жаздырып, келесі қажылыққа келген қазақ ұлтының өкілдері тоқтайтын үй болсын», - деп айтады Мәшкүр Жүсіп атамыз./11/
Алтыншыдан, Бейбіт Сапаралиннің куәләндыруына қарағанда, Құананбай «Шамнан шыққан керуенге ілесіп, Араб шөлін 13 күн бойы кезген».
Осылай десек, біз Құнанбай сапары мына жолмен өтті ме деп шамалаймыз. Шеләбі (ХІХ ғасырдың жетпісінші-сексенініші жылдары аралығында Транссібір Темір жолы осы бекетке ғана жеткен – Қ.И.,С.Б.) пойызға мініп, талай қалада пойыздан пойызға ауысып, қара теңіздің бір портына, одан кемемен Бейрутқа, одан Шаһам (Дамаск, арабша Димишік, бұл кезде Суэц каналы әлі салынып бітпеген – Қ.И., С.Б.), Димишіктен Амманды басып, 13 күнде Мединеге жеткен сыңайлы.../12/.
Осы жерде, 1875 жылы қажылыққа барған 25 қазақ (Мырқы қажы, Құнанбай қажы, Қасымбек датқа қажы, Шәбден қажы, т.б. – М.Ғ.) Одессадан шығып Константинопольге кемемен келеді.
... – Құнанбай, тегі Меккенің болашақта мұндай жағдайда қала бермейтіні, жалпы мұсылман қауымының, оның ішінде қазақтардың келуінің де жиілей түсетіні аса зор сенімде болса керек,ол осында өзінің қандастарына арнап үй-жай (тәкие) салып кеткісі келеді. Осы мақсатпен, Бейбіт Сапаралиннің куәландыруына қарағанда, ол кісі Мекке әкіміне барады екен, ал әкім болса «қазақ» деген халықты білмейтінін айтады екен...
Амантай Жұматаевтың мақаласында мынадай сөйлем жолдары кездеседі: «- Осылай аңтарлып тұрғанда, бір бурыл басты: «ондай жұрт (қазақ – М.Ғ.) жайлы мәлімет болса, Бағдат шәрісі кітапханасында ғана болар»,- деген. Сол білгірдің (бұл жұмбақ адам кім болды екен? – М.Ғ.) оған білім сауаты бар кіші жүз өкілі хәлпе Досжан желмаямен (түйе – М.Ғ.) барып, анықтама құжатын жеті күнде алып келіпті»
Осы жерде мынадай сұрақтар туындайды. Бірінші – Бағдат шәрісі кітапханасындағы құжаттар сақтайтын жерге «қазақ» деген халықты Құнанбай қажыдан бұрын мұсылмандар тізіміне кіргізген кім? Екінші – жазушы Амантай Жұматаевтың мақаласындағы - «бурыл басты, білгір» дегеніміз кім? Үшінші – осы білгірдің кеңесін білім сауаты бар кіші жүз өкілі халпе Досжан неге тыңдайды? Екеуінің арасында қандай жақындық бар? Төртінші – кіші жүз өкілі, білім сауаты бар Досжан дегеніміз кім? Бесінші – қазақ халқын мұсылмандар тізіміне кіргізіп, ол туралы мағлұматтың бар екенін қазақ қажыларына айтып берген бурыл басты, білгір осы жұмбақ адамымыз емес пе? Ол кім? Біздің ойымызша Жайық бойынан Меккеге ертеректе келіп, осы жерде тұрақтап қалған, арабтармен жақын араласқан, олардың сеніміне кіріп, қызмет қылған, қажылыққа барған қазақтар үшін үй-жай салуды ойластырған, ол үшін жер алған, қазақтарды мұсылман тізіміне кіргізген кіші жүзден барған Нұрпейіс молда болуы керек.
Сосын, білім сауаты бар кіші жүз өкілі хәлпе Досжан дегеніміз Құнанбай қажымен бірге Меккеге барған қажылардың бірі. Ол арабша сауаты бар, ислам діні туралы терең білімді адам болған. Осы Досжан қажы жөнінде Шәкәрім қажы өз естелігінде атап өтеді. Шәкәрім қажы 1906 жылы Меккеге қажылығын өтеуге барғанда «осыдан 31 жыл бұрын Құнанбай қажы атындағы «тәкия тамды» көрмекші болады. Бірақ, ол жердегі тәкия тамның кіші жүзден барған Досжан қажы атында екенін біледі». Осы жерде мынадай сұрақ туындайды. Неге 31 жыл бойы тәкия там Досжан қажының атында болған? Әлде, Меккедегі екі қазақ жанұясының бірі Досжан қажының жанұясы ма екен? Тәкия тамды өз атына жаздыру үшін қандай да бір себеп болуы керек.
Жетіншіден, Мырқы қажы бірнеше миллиондаған сом қаржымен қасына нөкерлерін ертіп Меккеге сапар шегеді. Кіші жүзге арналған тәкие үй-жайды үш жылда салып бітіреді.
Айшығы әсем ғажап тәкия үй-жайды көрген Бағдат ханы Мырқы қажының атымен атағанын мақұлдайды.
Мырқы қажы деген кім?
... – Жарасбаевтар (Мінайдар, Мырқы, Аппаз) – ағайынды қазақ байлары. Кіші жүз құрамындағы жаппас руынан шыққан. Жарасбаевтар жомарттығымен танымал болған. Мырқы қажы Құнанбаймен бірге Меккеде қазақ тәкия үй-жайын салдырғандардың бірі (1875-1876 ж.ж.).
Ағайынды Жарасбаевтардың Сырдария өзінің үстінен өз қаражаттарына салғызған аспалы көпірі, Қызылорда қаласындағы үйлері, 20 ғасырдың екінші жартысына дейін сақталды. Бештау, Санкт-Петербург, Тобыл, Үргеніш, Бухара, Ташкент қалалары аралығында сауда керуенімен сауда-саттық жүргізген /13/.
1988 жылы Алматы қаласында шыққан Айтыс кітабының 1-ші және 2-ші томдарында ағайынды – Мінайдар, Мырқы Аппаз байлар жөнінде мол мағлұматтар кездеседі.
- Ащыкөл, Ащыөзендей сайың бар ма?
Желіде жетпіс шубар тайың бар ма?
Жетпіс інген, сексен мая боталатқан,
Еліңде Әбекемдей байың бар ма?
(1 том. 65-бет.)
Бұл жерде Әбекең-Аппаз Жарасбаев. Айтысқа қатысқандар Аппаздың байлығы, адамгершілігі, т.б. жан-жақты сипаттайды.
... – Баласы Жарасбайдың Мырқымыз бар,
Біздің ел байлығынан болмайды, қар.
Ділда артып жеті атанға Мырқы, Жақып
Байымыз Басықара о да жатыр.
(1 том. 72-бет)
Жарасбаев Мырқы – жаппас руынан шыққан қазақ байы. Оның байлығының мөлшері жеті атан түйеге алтын тілдә артып, көпір, үй-жай, т.б. салдыруға қатысқан.
Ақындар айтысында ағайынды Жарасбаевтардың ішінде Аппаз байдың байлығына байланысты:
... – Алшында Дәрбісәлі, Аппаз байым,
Өсірген жиырма мыңдап тайлақ, тайын.
Отыз мың жылқы, түйе бітті оларға,
Ат пен нар мыңдап сатты базар сайын
(2 том. 124 - бет)
Осы жерде, біздің назарымызды аударған жағалбайлы Төребай ақын мен найман Сара ақын айтысындағы төмендегі өлең жолдары болды:
– Дақ салма адамшылық, ұят, арға,
Ұқсама ақылы кем, пейілі тарға,
Меккеде гауһар тастан үй салдырған,
Найманда Мінайдардай кісің бар ма? /14/
(2 том. 121-бет).
ХІХ ғасырдың соңында немесе ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде. жағалбайлы руынан Төребай ақын, ал найман руынан Сара ақын айтысады. Дәлірек айтсақ 1901 жылы Жетісу жерінде болған. Жағалбайлы руынан шыққан Төребай Есқожа ұлы және найман руынан шыққан Сара Тастанбекқызы арасындағы айтыстың түп нұсқасы М.О. Әуезов атындағы Әдебиет жәнеӨнер институтының қолжазба қорында сақтаулы. Оны жинап, осы жерге өткізген Биғожин Қаратай (766-папка). Сол заманның тірі куәлары - өздері шыққан руларының тарихын, беделді адамдары, байлары, т.б. өте жақсы білген. Бұл бұлжытпайтын айғақ. Сонда, Меккедегі кіші жүздің тәкия үй-жайын салдырған жаппас руынан шыққан, Мырқы қажының ағасы Мінайдар қажы Жарасбаев болып тұр.
Осыдан қандай қорытынды жасауға болады?
Аппаз Жарасбаевтың – жылқы, түйелері, т.б. өте көп екендігінде дау жоқ.
Мырқы Жарасбаев – көпір, үй-жай салдырды және жеті түйеге жүн боларлық алтын ақшалары бар. Еуропа банкілерінде ақшалары бар. Меккедегі тәкия тамды да сол салдырды деген сөз көп.
Мінайдар Жарасбаев – ағайынды Жарасбаевтардың ішіндегі ең үлкені. Ол туралы тек Төребай ақын мен Сара ақын айтысында сөз болып отыр. Яғни, Меккеде Мінайдар тәкия жай салдырды дейді. Бұл үшеуі ағайынды жігіттер.
Ал, сонда Құнанбайдың салдырды деп, бір жерде сатып алды деп, әр түрлі болжаммен айтылатын Меккедегі тәкия тамы жөнінде не деуге болады?
Әлде, Меккеде Ұлы жүз ру-тайпаларына, орта жүз ру-тайпаларына, кіші жүз ру тайпаларына арнап салынған жеке-жеке тәкия тамдар болған ба?
Не болса да, Меккеде қажылыққа барған қазақтардың түсетін үй-жайларын ауқатты байлары салдырған. Бұл жерде Меккедегі бұл тәкия үй-жайға қаржылай көмек беріп тұрған, яғни екі қазақ жанұясына және жеті шәкірттің медреседе оқуына жағдай жасап отырған. Біздің ойымызша Меккедегі тәкия тамды үш жүздің өкілдері өз қаржы-қаражатына салдырған болуы керек. Ал, тәкия там кіші жүздің өкілі Досжан қажының атына жазылған және осы адам тәкия тамға ие болып, күтуші болып қалды. 1875 жылы қажылыққа барған 25 қазақтардың ішінен Құнанбай қажы Өскенбаев және ағайынды қазақ байлары Жарасбаевтар (Мінайдар, Мырқы, Аппаз) тәкия тамның салынуына көбірек қаржы аударған.
Олар сенім артқан қазақ жанұялары және медресе шәкірттері Меккеге қажылыққа барған қазақтарға көмектесіп, қажылық парыздарын өтеулеріне, тілмаш болып, жол көрсетіп, әртүрлі міндеткерліктер атқарған, олардың елдеріне аман-есен оралуларына көмектескен.
Осыдан көріп отырғанымыздай , кіші жүз құрамындағы жаппас тайпасының қазақ халқының тарихында өзіндік белгілі бір орны бар екендігін тарихи жазбаша түп – деректердің өзі де айғақтай түседі .
Себебі, күні бүгінге дейін Арабия жеріндегі Мекке қаласындағы тақия тамды кімнің салдырғаны төңірегінде біржақты көзқарастар қалыптасып ,оны тобықты руынан шыққан Құнанбай қажы салдырды деген пікір орныққан еді .
Біздің ұзақ жылдар ізденістеріміздің нәтижесінде ,талмай еңбектенгеніміздің арқасында , кітапханалар мен архивтертер , мұражайлар т.б.табылған жазбаша түп-деректерді сұрыптай отырып жоғарыдағыдай көзқарас қалыптасып, шындықтың ауылына біртабан болса да жақындағандай болдық.
Нәтижесінде, Арабия жеріндегі Мекке қаласындағы тақия тамды қазақ халқының үш жүзінен шыққан ауқатты байлардың бірігіп салғандықтары, олардың ішінде кіші жүз құрамындағы жаппас тайпасынан шыққан – Ағайынды Жарасбаевтар( Мінайдар , Мырқы , Аппаз ), Тәйкіұлы Жақабай , Әлиасқар , т.б.болғандығы көп жағдайдан хабар беріп тұрғандай .
қайсақ
жаппас/ақсүйір/
13-12-14 06:02
Ассаламалейкум Қайсақ аға!
Рахмет сізге. Қажыға барғандар туралы мағлұматтарыңыз мені қатты қуантты. Өйткені мен Нұрпейіс қажының ұрпағымын, яғни шөпшегі боламын. Нұрпейіс қажы Он екі ата байұлының үлкені Шеркештің Дербіс- Қаракемпир руынан. Нұрпейіс қажы Меккеге екі рет барған, екі кітап әкелген, оның біреуі менде. Сіздің айтып отырғаныңыз дұрыс. Оған қосарым осы қазақтың үш жұзінен 25 адамды жинау ұшін, Меккеге шақыру үшін, елде бір беделді ұйымдастырушы болуы керек. Ондай адам болған. Ол бүкіл кіші жүзге, қазаққа енбегі сінген Мүхамеджан Шолтырұлы Бекмүхамедов Атырауда 26 жыл правитель болған, Халық Мақаш хакім деп атап кеткен азамат, Нұрпейіс қажы мен Мақаш хакім бір рудан шыққан адамдар және Нұрпейіс қажының Меккеге баруына осы кісі себепкер болған. Бұл жерде Мақаш хакім сол 25 адамның бірі болып, 1875 жылы Меккеге барған болуы керек. Бүның бір дәлелі ретінде, былтыр Атыраудың бір молдасынан естіген әңгімені келтіріп кетейін.
Меккеге Қазақтың көп бай- қажылары жиналып, қажылық парызын өтеуге барған.
Сонда оларды араб елінің билеушілері құрметпен қарсы алып, оларға бөлек тұратын орын берген дейді және сол кездесуде қазақтар атынан тамды салуға жер бергенге, құрметпен қарсы алғанға алғыс айтып бір басшы сөйлеуі тиіс болған. Үлы жүз өкілдері, сөз сөйлеуді, Орта жүзге, ал Орта жұз Кіші жүзге берген. Сонда жалпы қазақ атынан Мақаш хакім сөйлеген деп айтты. Бүл жерде Мақаш хакімге сөз жай берілмеген, себебі ол осы шаруаның үйытқысы болған, және оның правитель деген жоғарғы статусы оның сөйлеуіне негіз болған болу керек. Араб елінің бейлеушілерінің келуі, жердің берілуі де осы кісінің авторитетіне байланысты болуы керек, Ал, Арабия жеріндегі Мекке қаласындағы тақия тамды салуға қаражат қазақ халқының үш жүзінен шыққан ауқатты байлардың есебінен шыққан деп айтуыңыз орынды.
Аттары табылмаған төрт адамның бірі Мақаш хакім болса, қалғандары оның жолдастары деп, жобалаймын.
қайсақ
жаппас/ақсүйір/
13-12-14 05:58
Нұрпейіс хазірет – белгілі дінбасы, қоғам қайраткері, діни сауаттылығымен қатар араб, парсы тілдерін меңгерген ғұлама, ғалым. Нұрпейіс Байғараұлы қазіргі Батыс Қазақстандағы Шыңғырлау ауданының Қаратөбе, Томарөткел елдімекенінде дүниеге келген. Атақты ғұлама 1817-1880 жылдар аралығында өмір сүрген. Жас кезінде ауыл молдасынан сабақ алған ол кейін білімін жетілдіру үшін Бұхарадағы «Көгілташ» медресесіне барып 6 жыл оқиды. Одан соң араб елінің Шам шаһарында 4 жыл оқып, өте сауатты болып, елге оралады. Елге келгеннен кейін Петербургке барып, Ақ патшаның қабылдауында болады.
Ақ патша Нұрпейіс хазіретке мұсылманша дінді таратып, насихаттау үшін, діннің әлсіздеу жері деп Жайық, Елек, Ор, Қарғалы өзендерінің бойына барып, осы жерлерде бірнеше мешіт салдыруға кеңес береді. Сол жылы жаз ортасында бұрынғы ұлы қорым, атақонысын тастап, Нұрпейісті жалғыз жібермейміз деп, Қаржаудың 4 ұлы – Байғара, Қосуақ, Жұрын, Меңдібек – Шыңғырлау, Қоңырат деген жерлерден қоныс аударған. Хазірет ата Шыңғырлаудан көшіп, Қия деген жерде екі жыл қыстайды (Қия жері қазіргі Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, «Қызыл партизан» ЖШС аумағы, қазір біздің ауданның бұрынғы «Большевик» колхозымен шектесіп жатыр – автор.) Қазіргі «Қызыл партизан» ауылында ескі мешіт бар. Ол мешітті кім салғаны белгісіз. Бұл – уақыт еншісіндегі сұрақ. Бізге мәлімі, кезінде Нұрпейіс хазіреттің қолында «Мешіт салдыруға барлық жағдай жасалсын» деген патша жарлығы болған – автор.) Қия деген жер ұнаңқырамай, ата әрі қарай жайлы жер іздейді. Елек бойындағы Көкі тамасы Есет әулиенің басына келіп, дұға қылады. Сол жылы Бестамақ деген жерде киіз үйде қыстайды. Жаз шыға, мал төлдеп болған соң, тағы да қозғалып, Ор өзені бойындағы Ақсу- Шиелі деген жерге орналасады.
Негізі, қоныс таңдау Нұрпейіс атаның еркіне берген жерлер: Жайық сағасы, Елек бойы, Ор бойы, Қарғалы өзен бойы болатын. Нұрпейіс Байғараұлы Жағалбайлы ақсақалдарының, соның ішінде сол кездегі Жетіру жеріндегі Дербісәлі Беркімбаев болыстың «Біздің жерге молдалық құрып отырыңыз» деген шақыртуы және халықты оқытып, сауаттандырамыз деген ұсыныс жасауы бойынша 1864 жылы Ор өзені басындағы Ақсу-Шиелі деген жерден 14 үй болып, қазіргі Қарғалы өзенінің бойына, Қарабұтақ ауылына көшіп келеді. Бұл ауыл екі өзеннің – Жақсы, Қарғалының бас жағындағы Ащылсай саласының тоғысқан жерде орналасқан. Атаның ауылының табиғаты әсем, шұрайлы жер еді. Ата жаңа қонысында 16 жыл ғана тұрады. Нұрпейіс хазірет өзінің тірі кезінде күйген кірпіштен 16 сарай салдырған, оның үшеуі екі қатарлы болған.
Хазіретке ел басқару, білім және т.б. шаруалар қиынға соқпаса керек. Өзінің шыққан Шыңғырлау жерінен Михаил Заколовский деген шеберді әулетімен алып келіп, оған жер беріп, Қарабұтақтан 16 шақырым өзен бойына су энергиясын пайдаланатын диірмен салдырған. Сол кісі ұрпақтары диірменде 1955 жылға дейін еңбек еткен. Кейінірек орталыққа көшіріліп, электр жүйесіне қосылып, диірмен біраз жыл жұмыс істеген. Солақай саясат кесірінен бұзылып, талан-таражға ұшыраған.
Мал шаруашылығы жер жағдайына қарай ойдағыдай дамыған. Атаның жайлау, қыстауларын осы уақытқа дейін халық пайдаланып келді. Табиғат азады деп, тұрғындарға ауыл маңынан ағаш кестірмеген, соның арқасында 10-15 жыл ішінде өлке қалың тоғайға айналған. Ел ішінен саудагерлерді іріктеп, жағдай жасап, тауар таситын сауда жұмысын жүйелі жолға қойған. Диірменге тартылған бидайдың әр центнерінен 12 кг астық алып отырған, соның өзінде диірмені тоқтамай жүріп, өлкедегі біраз ел игілігін көрген. Ауызсу мәселесін де шешкен. Таудың етегі, мешіттің жоғарғы жағынан аштырған бұлақтың да күні бүгінге дейін ел игілігін көруде. Сол бұлаққа қондырғы орнатып, 60 үй таза су ішіп отыр. Ауру-сырқау адамдар зират басына келіп, ата аруағына құлшылық етеді. Ата зиратын көпшілік «Қызыл зират» деп атайды. Бұл жер қазір үлкен қорымға айналған.
Қазіргі Қарабұтақ ауылының орнында сол уақытта ешкім тұрмаған, өйткені бұл жерді қысты күні қар көп ұстайды деп, адамдар бұл жерге қоныс теппеген. Қарабұтақ өзенінің жоғары ағысында Ахмет қыстауы болған жерде Балжа деген адамның қыстауы болған. Қарабұтақ өзенінің төменгі жағында осы күнгі Дамбар тауының астында қия жолдың бер жағасында Салауат деген кісінің қыстауы болған, руы Жағалбайлы, оның ішінде Асаны. Содан Дамбар тауынан әрмен қарай Иса, Орал, Аманжол және Сутек деген Жағалбайлылардың қыстауы болған. Кейбір шабындық сайлар осы күнге шейін осы адамдар есімімен аталады. Нұрпейіс хазірет қазіргі Тайкеткен жерін «Бұл жерде түбінде доңыз малын асырайды» дейді.
Шындығында, ол жерге неміс, орыс, тағы да басқа халықтар келіп қоныстанды, доңыз малын асырады. Нұрпейіс хазірет атаның әулиелігін осыдан тануға болады. Қарабұтақ ауылына қоныстанған соң, Нұрпейіс хазірет мешіт салу жұмысын бастайды. Адамдармен тіл табысу арқылы құрылысқа қажет жабдықтарды Башқұртстан жерінен алдырған. Ол мешіт Қарабұтақ өзенінің арғы бетінде орналасқан екен. Жылдың кей мезгілінде ауыл тұрғындарына мешітке бару қиындыққа соққандықтан, 1905 жылы ауыл орталығына Сафа ишан жаңа мешіт салғызады. Сафа ишан – Нұрпейіс хазіреттің үлкен ұлы.
Құнанбай қажының Нұрпейіс хазірет замандасы болған. Дүкенбай Досжанның 1994 жылы жарық көрген «Абай айнасы» кітабында Жайық бойындағы тама руының Кенжебай тайпасынан шыққан хазірет дәрежесіне көтерілген Нұрпейіс ата туралы көп деректер жазылған екен. Қарабұтақ ауылында ата ұрпақтары әлі күнге дейін тұрады. Хазірет атаның асыл сүйегі осы ауылда жерленген. ХІХ ғасырдың ортасына дейін қазақ пен қырғыздан қажылық жасауға барғандар өз ұлттарын жасырып, түрікпіз, өзбекпіз деп айтады екен. Өйткені қазақ-қырғыз халықтары Меккедегі мұсылмандар тізіміне жазылмай қалған.
Сондықтан қазақ пен қырғыз өкілдерін қошеметті орынға зиярат етуге жібермеген. Осындай қорлыққа шыдамаған Нұрпейіс хазірет біздің өңірден қажылыққа баратын көп кісілерді басқарып, Меккеге жетеді. Бірақ Нұрпейіс хазірет атаны зиярат етуге жібермейді. Содан соң қасындағылар еліне қайтып кетеді де, Нұрпейіс хазірет Меккеде қалады. Сонымен ол қиындық жағдайда бірнеше жыл жат елде жүріп, қазақ пен қырғыз халықтарын Меккедегі мұсылмандар тізіміне енгізіп қана қоймай, Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) өсиеті негізінде қазақ халқына тиесілі жерді алады. Шөп төсіндегі пайғамбардың табаны тиген, құмы алтыннан, тұщы суы зәмзәмнан қымбат жерді иемденді дегенде қайран қаласың! Хазірет қажының табандылығы, бірбеткейлігі кімді де болса тәнті еткендей еді. Серіктері елге кеткен соң, жат жерде қалтасы қағылып, жалғыз қалған хазірет енді тек ақкөз бейнетіне сенеді. Күн демей, түн демей, тер төгіп еңбек етеді. Меккенің тау сыртындағы бір бұлақтан күніне екі мес тұщы суды арқалап әкеліп, оның бірін базарға сатып, түскен тиынына тамақтанады. Бір месін құм үстінде күнге шыжып отырған кемтарларға бөліп береді. Бірнеше жыл бойы белі бүгіліп, ыстық күнде меспен су тасиды. Самай шашы күнге ағарып жүріп, жат елдің тілін, ғұрпын меңгереді. Күн астында бүкшие ілбіп, мес арқалап су тасыған хазірет сұлбасын елестетіп көріңіз. Неткен дүлей, қайсар мінез десеңізші! Арада біраз уақыт өткен соң, Нұрпейіс хазірет Меккеге зиярат ету үшін келген араб дінбасыларының қабылдауында болады. Сонда Бағдат ханы Нұрпейіс хазіреттің талабын қолдаған екен. Қазақтарды қасиетті жердегі мұсылмандар тізіміне енгізу, пайғамбар өсиетіне сәйкес оларға Тақияжай қонақүйін салу үшін жер бөліп беруге рұқсат етеді. Тақияжай салуға бөлінген жерді алған Нұрпейіс хазірет теңдей төртке бөледі: қазақтың үш жүзіне және қырғыз халқына еншілейді. Кіші жүзден жаппас руының ең бай адамы ақмешіттік Мырқы мырзаны, Орта жүзден тобықты руынан Құнанбайды, Ұлы жүзден Қасымбек Датқаны, қырғыздан Шәбден батырды таңдайды. Нұрпейіс хазірет ең бірінші хабарды Мырқы мырзаға жібереді. Сол дәуірде Кіші жүзде Мырқы мырзадан бай кісі болмаған екен. Алтын ақшалары Еуропаның ірі банктерінде жатқан, түйелерінің саны 39 мыңнан асып түскен екен. Мырқы мырза бірнеше миллиондаған сан қаржымен қасына нөкерлерін ертіп, Тақияжай қонақүйін салғызуға Меккеге жүріп кетеді. Қасында араб тілін жетік білетін молдасы болған. Осы әңгімені Кенесарының баласы Сыздық төре мен Ресейдегі Мемлекеттік ІІ Думаға делегат болып қатынасқан Мұқылбек деген мырзаға айтқан екен. Жаппас Мырқы мырза Кіші жүзге арналған Тақияжайын үш жылда салып бітірген. Айшығы әсем, ғажайып жайды көріп тамашалаған Бағдат ханы Тақияжайды Нұрпейіс хазірет атымен атауды ұсыныс етеді. Сонда Нұрпейіс хазірет былай дейді: «Бұл ғимаратты қаншама қаржы жұмсап салдырып отырған – Мырқы мырза, бұл Тақияжай осы кісі атымен аталған жөн». Осы күнге дейін әлгі әсем ғимарат Мырқы мырза атымен аталатын көрінеді.
Қарабұтақ ауылында Нұрпейіс хазірет атаның асыл сүйегі жерленген. Оны күллі қазақ халқы білу керек. «Әр нәрсе өз сәтімен» дегендей, тарихи жер Қарабұтақ ауылы да ел қатарына қосылып бір жарқырар. Нұрпейіс хазірет ата еңбегі ескерусіз қалмасын деген жанашырлары, яғни әр кездері қолжазба жазып, ауыл арасында жазба деректерді айтып отыратын біреуі Нұрпейіс хазірет атаның тікелей ұрпағы болса, ал біреуі жиені және сол ауыл тұрғындары: Зайлағиев Әбдрахман, Ғибадуллин Әнуарбек (марқұм), Айсауытов Нығмет (марқұм), Атабаев Есет, Жүсіпов Қазықан, Семғалиева Афиза. Сөз орайы келгенде осы кісілерге үлкен рахметімді айтқым келеді. Алланың нұры жаусын!
Нұрпейіс хазіреттің өсиеті бойынша салынған мешіттің тарихы туралы айта кеткен жөн.
Нұрпейіс хазіреттің өсиеті бойынша салынған мешіт Қарабұтақ ауылында әлі күнге дейін бар. Нұрпейіс хазірет қайтарының алдында ұлы Сафаға өсиет қалдырған. Қарабұтақ мекеніне үлкен мешіт салдырып, халықтың игілігіне жаратуды тапсырған екен. Себебі халықпен тіл табысу арқылы жүзге тарта көлікпен Башқұртстаннан ағаш тасып салдырған мешіт халық сұранысын толық қамти алмаған. Ораза, Құрбан айт мерекелерінде өңір имамдары мен ғұламалары намазға хазірет мешітіне келетін болған. Медресесінде сынақтар өткізіліп, қабілеттеріне қарай талапкерлерге ишан деген атақ беріліп, қолдарына куәлік табыс етіліп отырған. Шамамен 1905-1906 жылдары әке өсиетін орындауды ұлы Сафа ишан міндетім деп Қарабұтақ ауылына үлкен мешіт салдырған. Мешіт түгелдей күйдірілген қызыл кірпіштен салынған. Сафа мен Жанпейістің баласы Тахауи екеуі Тайкеткен ауылына қарай, жолдың сол жағындағы дөңес жерді қыздырып, сол жерде кірпіш соқтырып, күйдірген. Мешіттің жоспарын Қазан қаласынан алдырған. Мешіт құрылысын Қазан қаласынан келген татар Уалден Насыров (ескі жазуларда инженер) басқарған. Іргетасының тереңдігі 2 аршын (1 аршын – 0,7), яғни 1,5 м жалпақ тастан қаланған. Ол тастарды Шаңды жайлауының Қаршыға деген тауының бір жағынан қазып алған. Жерден 0,5 метр жоғары қаланған Қайрақтасты Боранқұлдың Ақтастысынан алдырған. Ақтасты деген жер – Қарғалының Қызылжар деген жерінің бергі жағы. Сол жерде қалаған, содан қысты күні екі пар өгіз шанамен оны ауылға тасыған. Мешіттің жалпы салдыру пұлы 12600 сом болған. Сол кездегі құны бойынша ол кезде жақсы ат 25 сом тұрған, сонда 504 аттың пұлына мешіт салынып біткен. Біздің заманымызға дейін мешіттің құламай сақталуының бір себебі, ауыл қарияларының айтуы бойынша, кірпіштерді қалағанда, лайға жылқы қылы мен биенің сүтін қосқан. Мешіт екі қабат болып салынған. Екінші қабатын шәкірттерге арнаған, алды 3 метр ашық болған. Хазірет жағын сәндіре деп атаған. Екінші қабатқа шығатын винтовой шойыннан құйылған баспалдақ болған. Сәндірені екі шойынбағана көтеріп тұрған, оны Орынбор қаласынан құйдырып алып келген. Мұнара биіктігі 40 метр болған. Әуелден мешіттің айшығын Мәскеуден әкелген. Ескі жазуларда сыртын ақ эмальмен қаптаған деп жазылған.
Мешіт салынып болғаннан кейін, 30 ірі қара, 50 қой салынған. Үш болыстан 600 адам жиналған. Зейнел Ғарап сол мешітте 1907 жылдан 1909 жылға дейін имам болады. Руы тама 1909 жылдан 1928 жылға дейін Зайлағи хазірет, кейіннен Зейнел Ғарап екі жыл, сосын Қалпе оқытушы болады.
Қорыта айтқанда, Нұрпейіс хазірет өз заманының белді рухани тұлғасы болды. Ол кісінің қазақ руханиятына қосқан үлесі өлшеусіз. Талай қиыншылықтарды бастан кешірсе де, қазағын исі мұсылман халқына танытуда аянбай тер төккен Нұрпейіс хазірет баршамыздың мақтанышымыз болып табылады. Жоғымызды түгендеп, барымызды бағалау жақсы бір нышан емес пе?! Ендеше, осындай дін ғұламаларының тарих бетінде өз орнын алуына қолдан келгенше үлес қосалық, ағайын!
Меңзада Тоқтарова
Ақтөбе облысы
0

Шалтақ
09-12-14 20:44
Жаппастың бәрі Алтын! Жаппастың ішінде күмісі де қоласы да жоқ!
сауирбай
jappas1961@mail.ru
04-12-14 18:09
Мен алтын жаппас руынанмын .алтын жаппас туралы жөнінде мәліметтер болса жазып жіберіңдерши билгим келеді
қайсақ
Үңгіт Ұланға
12-11-14 10:41
Жарайсың. Сен секілді өзінің ата-тегінің шығу тарихына ұқыпты қарайтын жігіттер көп болсын...
қайсақ
жаппастарға
10-11-14 16:13
Қожа Ахмет Иасауи кесенесі-орта ғасырлық сәулет өнері ескерткіші. Түркістан қаласында орналасқан. 1396-1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен Қожа Ахмет Иасауи қабірінің басына тұрғызылған. Қожа Ахмет Иасауи кесенесі-үлкен порталды-күмбезді мемориалдық құрылыс. Кесене оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Ені- 46.5 м, ұзындығы- 65 м. Күйдірілген шаршы кірпіштен өрілген. Кесене жобасысының ерекшелігі- онда Орта Азия сәулет өнерінде бұрын-соңды ұшыраспаған шатыр жабу тәсілдері қолданылған. Ескерткіште күмбезді, аркалы элементтер мол. Сәулетші шеберлер тек аркалы күмбезді жүйенің өзіне сан түрлі әдістерді қолданған.Кесенеде аса үлкен портал ( ені-50 метрге жуық, порталдық арканың ұзындығы-18.2 метр ), бірнеше күмбез, 35 бөлме бар. Ғимараттың биіктігі-37.5 метр.Сыртқы қабырғаларының қалыңдығы-1.8 м. - 2 м., қазандық қабырғаларының қалыңдығы-3 метр. Қожа Ахмет Иасауи кесенесі мешіт,медрессе қызметін де атқарған. Бүкіл құрылыстың мағыналық кіндігі қабірхана ортасында Қожа Ахмет Иасауиге құлпытас қойылған. Қабірхана есігі жұқа темірмен қапталып, оған алтынмен жазулар түсірілген. XYI ғасырдан бастап кесенеде және оның төңірегінде қазақ халқының атақты адамдары( Жолбарыс хан, Есім хан, Абылай хан, Қаз дауысты Қазыбек би, Жәнібек батыр т.б.) жерлене бастады... Міне, осы жерде тікелей біздің тақырыбымызға қатысты құнды түп-деректер кездеседі. Қасиетті кесене төңірегінде, қазақтың өзге де ру-тайпа өкілдерінің атақты адамдарының ішінде Кіші жүз құрамындағы Байұлы тайпасының Жаппас руынан шыққан ірі тұлғалар есімдері кездеседі. Олардың барлығының бірдей аты-жөндерін келтірмей-ақ, бірнеше есімді келтіре кетейін:

а). Жаппас Бекен мырза Тұрсынбайұлы ( т.ж.б.- 1588/1598 ж., қайтыс болған )

б). Жаппас Қолшабайұлы Қонысбай болыс ( 1836 ж. туылған – 1890 ж. қ.б.,) Бұл жердегі қорымда, алғашқылардың қатарында жерленгендердің ішінде Жаппас Бекен мырза Тұрсынбайұлының да аты-жөні кездеседі.Ол, XYI ғасырда өмір сүрген тұлғалардың бірі болып тұр. Ал, Жаппас Қолшабайұлы Қонысбай болыстың өмір сүрген кезі мен қайтыс болған кезі XIX ғасыр болып тұр...
Менің бұл жерде айтпағым, Жаппас Бекен мырза Тұрсынбайұлының 16 ғасырда тарихта болғандығы және сол ғасырлардағы оқиға-лардың ішінде болғандығы...егер 16 ғасырда Жаппас Бекен мырза Тұрсынбайұлы расында тарихта болған болса, \"мырза\" деген атаудың кімдерде қолданылғанылғаны белгілі ғой...
қайсақ
жаппастарға
10-11-14 16:09
жаппас тайпасының тарих бетіне шығу кезеңдерін - сақтар, сарматтар, аландар, ғұндар, массагет, түрік, хазар, оғыз, Алтын Орда, Ноғай Ордасы, Қазақ хандығы деп тарқатуға болады. Осылардың ішінен жаппас тайпасының атауына байланысты және таңбалық белгілеріне байланысты жазбаша деректерді, заттай деректерді кездестіруге болады. Осы тұжырымдарымызды ғылыми тұрғыдан сараптап көрсетуге тырысып көрейік
1). Сақтар дәуірі: Сақтар өздері билік еткен уақыттың заттай белгісі ретінде биіктігі 2-4 м.бұғытастар (ескерткіш) орнатып, оған өзінің дүниетанымын қашап қалдырумен қатар, монгол жерінен Еуропа құрлығы аралығында тас бетіне мыңдаған суреттер мен таңбалар нышандарын
(символ) қашап қалдырған. Сақ (скиф) дәуіріндегі буындық кескіндерде
« жаппас » тайпасының таңбалық белгісі кездеседі ( жылан суретінің бейнесі) - « Z ». Оны б.з.б. IY - III ғ.ғ. жататын Есік жазуында кездесетін белгіден алғаш рет кездестірдік (жылан суретінің бейнесін) - « Z ». Сақ ( іч-оғуз ) б.з.б. YIII-III ғ.ғ. аралығындағы таңбалық белгілердің қатарында жаппас тайпасының таңбасы ( жылан суретінің бейнесі) - « Z » кездеседі.
2). Сармат, Алан дәуірлері: Сармат ( савромат) кезеңі б.з.б. III - б.з. IY ғ.ғ. аралығын қамтиды. Бұл кезең аралығында, сармат тайпалық одақтар бір- лестіктері құрамынан алан этносы ерекшеленіп шығады. Алан тайпалық
бірлестігі құрамында - жаппас, беріш, тана, алаша ру-тайпаларының одағы- ның бірлестігі болды деуге болады. / Нұрымбаев А.А. Аланы ... /
3). Ғұндар дәуірі: Сарыөзен II тарихи ескерткіші б.з.б. Y- б.з. I ғ.ғ. жататын ғұндар дәуіріне жатады. Бұл, Сарыөзен-1 тарихи ескерткішінде кездесетін таңбалық белгілер қатарында (жылан суретінің бейнесі) - « Z » - таңбалы жаппас тайпасының да белгісі кездеседі. Жаппас тайпасының таңбасы осы күнгі (ежелгі көшпелілер тайпалары көшіп-қонып жүрген аймақ, кең - байтақ мал жай- лымына ыңғайлы, шұрайлы көшпелілер мекені ) Ресей Федерациясы Абакан маңындағы қорғаннан архелогиялық қазба жұмысы кезінде табылған заттай жәдігерлерде ( жылан суретінің бейнесі)- « Z » белгісі кездеседі. Бұл-жаппас тайпасы таңбалық белгісі деген пікір айтуға болады .
4). Массагеттер дәуірі: Жаппас тайпасының ежелгі атауы, массагеттер құрамында кездесетін « апасии /апасиаки / » тайпасының атауымен тығыз байланысты деуге болады. Яғни, «апасиаки » тайпасы – « жаппас » тайпа- сы деп тұжырым жасауға болады. Бұл дәуірдегі таңбалық белгілерден , архелогиялық заттай деректерден (жәдігерлерден) жаппас тайпасының (жылан суретінің бейнесі) « Z » таңбасын кездестіруге болады.Массагеттер Каспий теңізінің шығыс төңірегі мен Үзбой, одан Сырдария бойы, Арал маңын мекендеген сақтардың (іч-оғыз-скиф) тамырлас тайпалық бірлестігі. Олардың қол астында дербиктер, абилер, апасақтар / апасии, апасиак /- ( жаппас) т.б. тайпалар болған . 5). Түрік дәуірі: Түрік қағанаты көсемдері Яғалақар, Ямылардың заманынан (б.з. II-Y ғ.ғ.) бастау алатын көшпелі ордалар кезеңі. Бұл кезеңге жататын Тайхар жартасы ескерткішінде, Ұлықтар мүйісі, Қарауыл қызыл, Дундговь аймағы,Ұлы қорым т.б.( жылан суретінің бейнесі) « Z » таңбасы жиі кездеседі. Осы жерде, түрік дәуірінің ескерткіштерінде тасқа қашалып жазылған « жабус » атуының кездесуі де біздің қарастырып отырған « жабус-жаббус-жаббас-жаббас-жаппас » тайпасымен тікелей байланысы бар деп ойлаймыз. Яғни, жаб-бус дегеніміз жаб-бас деген сөздің баламасы болу керек. Оған, сонымен бірге таңбалық белгілерінің ( жылан суретінің бейнесі) « Z » құлыптастарда жиі-жиі кездесуі де біздің пікіріміздің дұрыстығын айғақ- тай түседі. Яғни, «жаппас » тайпасы атауының заттай ескерткіш беттерінде тасқа қашалып жазылуы және таңбалық белгілерде ( жылан суреті ) кездесуі біздің тұжырымдама ойларымыздың дұрыс екендігін көрсетеді.
6). Хазар дәуірі. Нұрымбаев А.А. «Аланы и казахи:Тайна происхождения Младшего жуза» Түркістан. 2009 жылы жарық көрген еңбегінде жаппас тайпасының атауын хазар дәуірінің « Абаз » / Жабаз-Жаббаз-Жаппас / тайпасының баламасы деген ой айтады. Ғалымның бұл тұжырымдамасы біршама шындыққа жақын да тұрған секілді, себебі , «абаз» атауын / яфаз / япаз / апаз /апас / деген сөйлемдер арқылы да қарастыруға болады. Сол себепті, « Абаз » сөзін нақты « Жаббаз » сөзінің баламасы деп біржақты пікір айту үшін әлі де тереңдей зерттей түсу керек секілді.
7). Оғыз дәуірі. Оғыз кезеңіне жататын жазбаша деректерде « бурзян » атауы мен оның құрамындағы тайпалар ішінде жаппастың таңбалық белгісі кездесетіндігін атап кетуге болады. Яғни (жылан суретінің бейнесі)« Z » таңбасының кездесетіндігіне тоқталып өтуіміз керек. Осы оғыз дәуірінің тарихи ескерткіштерінде Байұлы тайпалар одағының ішіндегі « жаппас » (жылан суретінің бейнесі) « Z » тайпасының таңбалық белгісінің кездесуі және оның орналасқан жері біздің ойымыздың біршама шындыққа жақындайтындығын көрсетеді.
8). Алтын орда дәуірі. Бұл кезеңде жаппас атауына байланысты жазбаша деректер аз кездеседі. Бірақ, түрік қағанаты дәуірінен бастап кездесе бастайтын « өңгіт » атауына байланысты жазбаша деректер және заттай ескерткіштер жиі кездеседі. Бұл жерде « өңгіт » - тің жаппас тайпасының құрамындағы бір аталық ( ру) екенін естен шығаруға болмайды. Осыдан шығатын нәтиже, жаппас тайпасының Түрік қағанаты, Алтын орда кезеңдерінен бұрын тарихта болған деп айтуға болады. Оған бізге келіп жеткен аңыз-әңгімелер, таңбалық белгілері, жазбаша деректерде өзгеріске ұшыраған басқаша атаулармен кездесуі, т.б. біздің ғылыми талдауы- мыздың дұрыстығын дәлелдей түседі.
9).Ноғай ордасы дәуірі. Бұл кезеңде, оғыздардың құрамынан бөлініп шыққан көшпелі ордалардың ішінде жаппас тайпасы да ноғай ордасының құрамында жүргенін анық дәлелдеуге болады. Жаппас тайпасы бұл жерде беделді тайпалар қатарында болғаны, орданың ішіндегі әртүрлі тарихи жағдайлардың куәсі болып, Қазан қаласын қорғаушылар қатарында ноғайлық деп аталған, қазақ ру-тайпаларымен бірге болғандығын айғақтайтын деректер кездеседі. Сонымен жаппас тайпасының көшіп-қонып жүрген көктеу, жайлау, күздеу, қыстауларының шекарасы, олардың жүрген жолдары туралы бұлтартпас деректер бар дейміз. Сонымен бірге, осы кезде жаппас атауы да жазбаша деректерде кездесе басатайды. Жаппас тайпасымен бірге алтын атауы да кездеседі.
10). Қазақ хандығы дәуірі. Бұл кезеңнің жазбаша деректерінде «жаппас» атауына байланысты деректер кездеседі. Әсіресе, XYIII-XIX ғғ. жазбаша құжаттарда жаппас атаулары жиі-жиі ұшырасады. Ал, оған дейінгі жазбаша деректерде сирек болса да кездеседі. Мысалы,Бабырдың жылнамасында « жаббаз » кездесетіндігін атап өтуге болады. Жаппас хан және оның досы Нұраддын туралы « Қырымның қырық батыры » деген жырда құнды дерек кездеседі. Жаппас тайпасының қазақ хандығы тұсында өмір сүргендігін жазбаша құжаттар да айғақтайды: Әбілхайыр хан, Нұралы хан, Абылай хан, Бөкей хан, Маты хан т.б. айтуға болады.Орыс ғалым- дарының еңбектерінде оның таңбалары,мекендеген жерлері, қоныстары, белгілі тұлғалары , т.б. туралы мол мағлұматтар кездестіреміз. Біздің мақсатымыз, қазақ халқының негізін құраған, бүгінгі күндері белгісіз болып келген рулар мен тайпалардың тарихымен көпшілікті таныстыру және ғылыми талдау болып табылады.
Үңгіт Ұлан Шардара ауданы Қызылқұм даласы
ulan.kh@mail.ru
10-11-14 15:15
Мен Үңгітпін (бір жерлерде Өңгіт, Өңгүт, Үңгүт, Өңғыт, Үңғыт деп айтылады)! Шыңғысхан уақытында жазылған кітаптарда Оңкүт деп жазылған (мағынасы Құдай сыйы; Құдай тартуы), Шыңғысхан әскерінің қол басшысы Үңгіт Ақтан батыр болған! Жалпы қазақ тарихи кітаптарда Сыр бойында Байұлыдан тек Жаппас елі ғана тұрған, Байұлының басқа рулары Сыр бойында мекендемеген! Жаппастармен бірге Әлім елі және Уақ деген ел бірге мекендеген деп жазылады. Уақ елі (бұрынғы атауы Өңгіт, Өңгүт, Үңгүт, Өңғыт, Үңғыт, Үңгіт деп аталған). Үңгіт аталары арасында ұрыс-керіс болып 4 аталы Байғонды, Жаубасар, Андағұл, Темір атасы Жаппасқа 6 атасы болып енген Қаракөз қажы өмір сүрген уақытында , өйткені 4 ағайынды жігіттер Қаракөз қажы бабамыздың туған жиендері болған, сосын Қаракөз қажы бабамыздың өмір сүрген уақытында ЖҮЗ деген ұғым болмаған қазақта, Үңгіттердің Жаппас пен Қаракесекке еліне қосылуның тағы бір себебі сол уақытарды соғыс көбейген Қалмақтармен, бірігіп соғысқан , сүйек ұстасып бауыр болып кеткен , бір-бірімен құда-жекжат болып, Қалмақтарды Жаппастар Сыр бойынан өткізбей отырған, сондықтан Жаппастар азайып кеткен, Жаппас елі сол уақыттарды Байұлының адам саны жағынан ең үлкен елі болған, соғысып-соғысып азайып кеткен, Қалмақтарды қазіргі Кіші жүз еліне өткізбей ұстап отырған. Үңгіттің 3 аталы Естек, Табыншы, Жақау аталары Әлімұлы Қаракесек руына қосылған, Үңгіттің қалған аталары Орталық Қазақстаннан асып көшіп кетеді, сөйтіп олар Уақ(мағынасы Ұсақ) атанып кетеді. Ағайындар Үңгіттің біреуің Ұлы жүз ден шықан дейсіндер, біреулер Қарақалпақтан шыққан деген мифология әңгімерелің БОС ӘҢГІМЕ! Қаракөз бабамыз айтып кеткен барлық Жаппастарға , кімде-кім Жаппас елінен Үңгіттерді Жаппас елінің атасы емес дегендер менің қарқыма ұшырайды деген! Сол заманда Үңгіттердің Жаппас еліне қатты бір-біріне бауыр болып сіңіп кеткені, қосылғаны 6 атасы болып, Жаппас еліне Үңгіттердің сіңірген еңбегінің, ерлігінің, адамгершілігінің, адалдығының, сүйіспеншілігіңнің, махаббатының, қайсарлығының, сенімделегінің, имандылығының АРҚАСЫНДА қосылған! Ел елге прото так қосылмайды, просто так 6 атасы болып атанбайды! Сұрақтарың болса хабарласыңдар 87027771319
Қазақбай
10-11-14 05:30
Мен Байқонды деген атаданмын. Тегiмiздi "қарақалпақ" дейдi. Мына кici ақпаратты қайдан алды екен? Осы арада қызық тарих жатыр-ау?!
Галия
galka_zem@mail.ru
07-11-14 14:21
Salemetsizderma Zhappas againdar!!! Men Zhadikbai Zhappas bolamin. Zhadikbai Zhappas shezhiresi turali akhparat bilsenizder bolise alasizdarma? Kop rakhmet...
Галия
galka_zem@mail.ru
07-11-14 14:17
Салеметсиздерма Жаппас агайындар!!! Мен Жадикай Жаппас боламын. Жадикбай Жаппас туралы акпарат билетин болсаныздар болисесиздерма! коп рахмет...
Ержан
isabekov_71@mail.ru
06-11-14 21:09
Соңғы туған жас ұрпақдың тарихпен танысып сонда - алты аталы Жаппас деген халық ауызында сөздер болған тарих жүзінде баласы бесеу жазылған мұның біреуі қайда болса ол кім болады деген сұрау өзінен өзі туылса керек. сондықтан менің айтарым ертеден халық ауызында сөз болып келе жатқан дейді деген сөзді қолға алып соны дәлелдеп көрсетбекші боламын. Ертеде Қарагөз бабам қажыға алты рет барған соң ондағы қажы басқармашы парыз болған зиаратың тамам болды, ендігі жерде бір камбіл пір тауып мүриттік жолын орындауыңыз мақұл деді. Қарагөз еліне келіп бір кәмбіл пір қарастырады бұл шаманы батыл көзбен сынап жоғары Ташкенттің тау жағында пішкент деген қышлақта арғы атасынан бермен қарай халыққа пірлік қылып келе жатқан Шаһаб Ал-малик деген әулиені іздеп сонда барады. Шаһаб ал-Малик жоқ байтуллаға зиарат қа кеткен, сонда құрбан айт намазына 10 күн қалса керек жақын жолы менен жүріп барып сонда кез боламын деп жүріп кетеді. Меккеге барып тиісті зиаратын орындап адам көп, қайтқан соң осы болар деген шамамен бір адамға жолдас болады сұрастырып қараса екеуіде Түркістан уәләйатынан болып шығады бірақ сіз кім боласыз деген сөздерді сұрамай біркүні екеуі бір дариаға кез болады.Көпір жоқ, қайық жоқ қашқаршаны қайнатып шай ішіп алады, дәрет алып 50 бастан шүкір намаз оқып болған соң қожа- жайнамазды дарианың беліне салып үстімен жүре береді арғы жаққа шығып алып жайнамазын тартып алды Қарагөз бисмиллә -деп қолымен суға ишарат қылып еді су екі бөлініп ортасы құрғақ жол болады. жол менен жүріп өтіп алады да суға тағы ишарат қылып еді су орнына қосылып ағып жүре береді. Мұны қожа көріп Қарагөздің аяғына басын қойып жылай береді менің көңілдегі бар мақсатым бір жақсы камбіл пір еді тауып етегін ұстап мүрид болсам деген еді мақсатым табылды. Сонда Қарагөз сіз сабыр етіп менің сөзіме құлақ салыңыз деді. менің де бар мақсатым камбіл пір тауып алу мақсатпен сізді іздеп Пішкентке бардым сізді байтуллаға кетті деді сондықтан сізді машақат тартып қысқа мерзім ішінде байтуллаға келіп сізді тапқаным осы деді осындай бұрын болғанжағдайатты еске алумен қатар менің нәсілім қара сіз ақ-сүйек қожадан боласыз сондықтан сіздің пір болуыңызды өтінемін деді. қожа жүйелі сөзге тоқтап пір болады. екеуі бірге Пішкентке келеді пір қызметін орындап Қарагөз еліне қайтпақшы болғанда қожа жұмысын сұрайды сонда Қарагөз сіздің осы жерде ақ тағаланың инайат етіп сізге арнаған екі бөлмелі жайы бар сосын бір түн берсеңіз ағам Қалқаман екеуіміз сонда боламыз деді сонда қожа шақыртып қолдарыңа кетпен алың деді жә Қарагөз балаларды алып келіп осы жерді қаз деді қазса бір есік шықты аш-деді бөлме оның төрінде бір есікті ашып тұрып қожа баласына өсиет тапсырды мені мына оң жаққа қойып, анаңды сол жаққа қойарсың, ауыздағы бөлменің оң жағына Қарагөзді сол жағына Қалқаман ды қойарсың. далаға шығып қайтадан көмдіріп тастап үйіне келіп көп мал сойыпхалқын тегіс жинап алып сіздерге тапсыратын сөзім мынау: Мынау Қарагөздің құдайға қылған еңбегі арқасында мол табыс бар екен оның үстіне мен барымды бердім ендігі жерде мақсат болса Қарагөзден сұрап артынан менен сұра -деді. Қарагөз батасын алып еліне келіп бірнеше жылдан соң ағасы Қалқаманды алып піріне барып Қалқаман ағамда қол тапсырады сонымен екі шал қайтыс болып, мәңгілік жәйда жатып алады. Айлардан ай жылдардан жыл өткенде Қарагөздің Шошақ деген баласы қос шалды іздейтін болады. көптеген пұл алады атам болса дидарласып қайтамын, өліп қалса басына жай салдырып қайтам деп ел халқымен қоштасып барса қос шалда өлген, пір де өлген жайласып жатып алып басына жай салдырды. сол жердегі ұлы жүздің Ұңғыт тйпасынан өздері тақуа Иманәлі Жұманәлі деген екі адам келіп Шошаққа жолығады көңілдегі мақсаты осы жайға шырақшы болуды айтады. Шошақ қабыл алады Сол кезде Иманәлінің әйелі ұл туады оың атын Байқонды қойады Жұманәлінің баласы жоқ болса керек сол кездегі құл деп атақ алған Андағұлды бала қылады. Бір күндері Иманәлі ауырып өлер хәлге келіп ел халқын жинап алып қазақ атамның нақылы ат-өлсе сауыр мұра -аға өлсе жеңге мұра -деген сөз бар сіздер оны қойып менің әйелімді мына Шошаққа қосыңыздар деп дүниеден қайтады өсиет орнына келеді әйелді Шошақ алып, ол әйел жүкті болады. сөйтіп жатқанда әкесін іздеп Наурыз би барады, біраз жатқан соң әкесіне елге қайтуды ескертеді сонда Шошақ азырақ сабыр етіңдер мынау бишара әйелін маған тапсырып еді сол екі қабат болса керек азырақ шыдайық күндер де бір күн мына жақты жау алып кележатыр деген сөз болып ақыры Пішкентке тайанып қалады.Наурыз әкесін алып тартады сол күні Шошақтың әйелі бала туады Атын Жаубасар қойады.Бала 10-ға жетпейақ бұзық болады.15-ке жетіп атқа мініп тазы ертіп бүркіт салатын болады. бір күні тауға барса бір түлкі қашады құсын жібереді онымен қатар аспанда бір бүркіт кетіп барады атын басқа төпеп келсе өз құсы түлкіні алып жатыр бөтен құс мұны алып жатыр аттан түсе қалып бүркітің бұрап мойнын жұлып алып тұрғанда төрт бек атты адам келеді келсе бүркіті өлген патшағардың мойнын жұлып ал деп біреуі әмір қылды арада соғыс болып бәрін тамам қылады. мұнан қысылып хан ағасына барады уақиғаны айтады сонда хан ағасы көз көрмек құлақ естімек жерге кет-дейді өзі ақылды қайратты болған соң Наурыз бала қылып қатын әперіп енші беріп ай таңбасын береді ай таңбалы мырза Ұңғыт атанып Жаппсатың бір баласы болып саналып алты аталы Жаппастың мәнісі осы
Ержан
isabekov_71@mail.ru
06-11-14 19:33
Ұңғыт руы қайдан шыққан.
Болат
қазақ
22-10-14 15:53
жаппас бауырларға жалынды сәлем.
kuan
kuan_93_3mkr
29-08-14 13:55
Ассаламагалейкум жан бауырлар адаспандар ЖАППАС 4КЕ болинген Шалтак, Унгит, Караша, Сумырын болып ал сен солардын балаларын ру кылып алгансындар. Мен Шалтак онын ишинде Достияр онын ишинде Карагозимин

Жандос
west_0787@mail.ru
26-08-14 07:51
Жаппастын Андагулымын.Орал қаласынан
Еркін
frire@mail.ru
17-08-14 22:14
Ассаламагалейкум, мен өзімнің аталарымды білмеймін. Ешкім айтпай түйе қарап кеткен. Мен білетінім Жаппас---Баймұрат---Алаң,,,,,осы арадағы аталарымды білмеймін.....Әубәкір---Кеңес---Төлен--- және Мен. Егер шежіреде бар болса жазып жіберсеніздер, Өтініш
erjan
nuni-85@mail.ru
10-07-14 11:51
Жаппастын шалтағымын. Жаңаөзен қаласынан
Анар
charming_girl_kz_89@inbox.ru
09-07-14 20:49
Шалтақ,сәлеметсізбе?! Кешірім өтінем байқамай осында жіберіп қойыппын, бірақ сол бойда Төртқараларга қайта жіберген болатынмын. Кеңесіңіз үшін көп-көп рахмет, есесіне бір нәрсе біліп жүретін боламын.
Шалтақ
05-07-14 22:17
Біріқ Әлім ұлы (төрт рудан тұрады)
-----
Кешірім сұраймын! Әлім алты ата- төрт ата емес.
Шалтақ
05-07-14 22:12
Анар charming_girl_kz_89@inbox.ru 03-07-14 18:22
-----
Анаржан сен жаппастардың арасына кіріп кеттің. Әрине Жаппас руы Онекіата бай ұлының ішіндегі үлкен рулардың бірі. Біріқ Әлім ұлы (төрт рудан тұрады) тобы Кіші Орданың (Кіші жүз - бұл қате атау) үшк топқа бөлінетін (Онекіата бай ұлы, Әлім ұлы және Жеті ру топтары) руларына жатады.
Сен Әлім ру шежіресіне кіріп сонда әлім руының қассысына жатаныңды тақырыпқа жазып ағайындарыңды тап, бұл жерде Жаппастар Онекіата бай ұлының руластары.
Анар
charming_girl_kz_89@inbox.ru
03-07-14 18:22
Салем,баріне! Мен Кіші жүзден - Әлім-Жаншүкір- Төртқара-Құлтас-Бекше-Алакөз-Жанбай-Бабас-Үркімбай-Досым-Шалабай-Өмірбай-Панабек. Мен Шежірені тыңдағанды жақсы көремін бірақ онша білмеймін шығу тарихын. Тумаларым болса хабарласындар charming_girl_kz_89@inbox.ru-ға. Жеті атама тоқтала кетсем: Жанбай-Бабас-Үркімбай-Досым-Шалабай-Өмірбай-Панабек. Өз әкем- Марс. Мен -Шалабаева Анар Марсовнамын.
Қанат
kanat_5x@mail.ru
20-06-14 09:39
Ассалаумаалейкум Бауырлар! менің естуімше бұрын жаппастар кіші жүздердің ең көп халқы болғандықтан жоңғарлар бірінші жаппастарды жеңсек қалғандарын жеңу оңайға соғады деген оймен жаппастардың 2000 нан астам халқы қырылған содан қашып құтылғандары жан-жаққа шашылып кеткен сондықтан жаппастардың тұратын тұрғылықты түбірі жоқ деп түсіндірді егер алып қосар пікірлеріңіз болса қарсы емеспін
Yнгит Батыр
20-06-14 04:58
Жолдас туўысқан Сизге рақмет!

Баўырларым туўралы дерек тапқаныма қуўанышлыман.
қайсақ
19-06-14 12:47
Жолдас Таңатұлы !!! Сізді жаппастар сайытында көргеніме қуаныштымын.Сіз Қызылордада болсаңыз жолыққанымыз дұрыс болар еді. Осы жақында Қызылордаға шешеміздің "жылын" беруге жүргелі отырмын,27-ші маусым күні Шаңқайдағы мешітте шешеміздің "жылын" өткіземіз... Қолыңыз тисе сізде келіңіз...
ЖОЛДАС ТАНАТУЛЫ ТАЖЕН
KERBEZ15@MAIL.RU
14-06-14 13:40
Жаппас 5 ата:Сумурын,Калкаман,Каракоз,Киякы,Шалтак.Унгит каракалпактан енген Жаппастын окил баласы,сондыктан 5 Жаппас,Унгтипен так Жаппас деген соз осыдан шыккан!Каракоз ажы бабамыз аулие киси болган,Ташкент облысы,Ангрень озенинин бойында жерленген.Каракозден тарайтын рулар:Достияр,Наурыз,Курманай,Караша,Когылшы,Беспалуан,Сарыаяк.
Жаппастын 6 баласынын урпактары Сыр бойында омир суреди!
ЖОЛДАС ТАНАТУЛЫ ТАЖЕН
KERBEZ15@MAIL.RU
14-06-14 13:33
ЖАППАС РУЫ :БЕС ЖАППАС,УНГИТПЕН ТАК ЖАППАС!УНГИТ КАРАКАЛПАКТАН АУЫП КЕЛГЕН ЖАППАСТЫН ОКИЛ БАЛАСЫ! 5 ЖАППАС:СУМУРЫН,КАЛКАМАН,КАРАКОЗ,КИЯКЫ,ШАЛТАК.МЕН-КАРАКОЗ УРПАГЫМЫН:КАРАКОЗ АЖЫ БАБАМ АНГРЕНЬ ОЗЕНИНИН БОЙЫНДА ЖЕРЛЕНГЕН/ТАШКЕНТ ОБЛЫСЫ/.КАРАКОЗДЕН ТАРАЙТЫН РУЛАР:ДОСТИЯР,НАУРЫЗ,КАРАША,КОГЫЛШЫ,БЕСПАЛУАН,КУРМАНАЙ,САРЫАЯК.
ЖАППАСТЫН 5 БАЛАСЫНАН ЖАНЕ УНГИТТЕН ТАРАГАН РУЛАРЫ СЫР БОЙЫНДА ТУРАДЫ!
MАҒЖАН
M_maga_m_91@mail.ru
14-06-14 11:49
Үңгіт Жаппас шығу тарихы туралы не білесіздер
Алпысбай
alpis@mail.ru
01-06-14 22:18
Бакытжанға РАХМЕТ
қайсақ
05-05-14 18:17
Дерегіңізге рахмет. Бұл біздің тақырыбымызға қаншалықты қатысы бар.Төрелер мен Абылай ұрпақтарына керек болып қалуы мүмкін...Солармен байланысып тұруыңызға кеңес берер едім.Ал қазақ-қарақалпақ ақындар айтысы туралы әдебиетшілерден немесе қарақалпақ сайыттарындағы жазғыштардан сұрауға болады.
Айдар
05-05-14 06:47
Қызықты дерек екен. Маған қазақ-қарақалпақ ақындары жайлы деректер керек едi.
Хан ата
04-05-14 07:17
АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ЖИДЕЛIБАЙСЫНДАҒЫ ҰРПАҚТАРЫ


− Жұбеке, бiз қаламдастардан Сiз жайлы есiтiп едiк. Бабаның ұрпағына сәлем бере кетейiк, әрi әңгiмесiн тыңдайық, деп ат басын әдейi осында бұрдық. Сұрасқанның айыбы жоқ, әңгiменi әрiден, қасиеттi бабалардан бастасаңыз?
− Iздеп келгенiңiз үшiн рақмет. Кешегi Кеңес өкiметi кезiнде бiз ата-тегiмiздi айта алмадық, жасырдық. Ел билеген кiсiлердiң, ғұламалардың тұқымдары жаппай қудаланғаны бүгiнде ешкiмге сыр емес. Сол тұста осы өңiрдiң өзiнен жиырма мыңнан астам жан зұлмат тұзағына iлiнiптi. Заманның жағдайы солай болған соң, не шара? Көппенен бiрге көрдiк қой, не болса да?!
Жұртшылыққа белгiлi, бiз айтулы қолбасы әрi ел ағасы Абылай ханның ұрпағымыз. Абылай ханның Сайымбике есiмдi жұбайынан бес бала туылған. Олар Есiм, Әдiл, Шыңғыс, Уәлi, Бөрi төрелер. Сайымбике маманы ел «Сайман ана» атайды екен. Осы ұлы анамыз қарақалпақ халқынан шыққан атақты батыр  Сағындық би Шуақбайұлының қызы болған. Сондай−ақ, Абылайдың өз анасының да осы тектен тарағаны айтылады.
Ал, Абылайдың мұрагер ұлы Уәлiден Шыңғыс, одан отыз жасқа да жетпей, өмiрден қыршын кеткен бiртуар дарын, дарабоз ғалым Шоқан Уәлiханов туған.
Абылай ұрпақтары арасында ағасының атын iнiсiнiң баласына немесе немересiне қоя беру қалыптасқан үрдiс болыпты. Сол себептен бұл тұқымда бабамыздың атымен аталған Шыңғыс та, Есiм де, Қасым да, Әдiл де т.б. аттас жандар баршылық.
Қазiр Қарақалпақстанда Абылайдың Есiм төре, Бөрi төре және Қасым төре атты ұлдарының ұрпақтары жасайды. Бiз Бөрi төреденбiз.
− Тарихшылар Абылай ханның бабаларының Бұқарда тұрғандығын жазады. Осы Сiздердiң қолыңыздағы деректерге сәйкес келе ме? Абылай Арқаға қалай барып қалған?
− Абылай хан асылы Бұқар билеушiлерiнiң тұқымы. Әйгiлi Әбiлпейiс ханның ұрпағы. Бұқарды жау шауып, дұшпандар барлық туысқандарымызды тегiс қырып тастайды. Ал, кiшкентай Абылайды осы әулеттiң басыбайлы бiр құлы тандырдың iшiне тығып тастап, оны аман алып қалады. Абылайдың шын аты Әбiлмәнсүр. Жолда оны «Қарамойын сарт» деп атағаны белгiлi. Әлгi құл Әбiлмәнсүрдi ертiп, әуелi Қарсы-Ғұзарға түседi, соң ол жерде жағдайлары болмай және Ақсуаттағы қарақалпақтар арасына келiп, Елiбайдың үстiменен Түркiстанға тартады. Ол жердегi ел билеушiлер Әбiлмәнсүрдi маңына да жуытпайды. Жолда «атың кiм, әкең кiм?» дегендерге, әлгi құл «Атасы менмiн, есiмi Әбiл» деп таныстырады. Содан олар Төле бидiң түйесiн бағады. Төле бидiң әйелi бұл баланың тегiнiң тегiн еместiгiн аңғарып, сынап көредi. Едiге баба сияқты Әбiлмәнсүр де сарысулы iркiттi қолымен былғап жiберiп iшiп, бәйбiшеге қыр көрсетедi.
Әбiлмәнсүрдiң бұл қылығынан қауiптенген Төле би екеуiн де елден қуады. Сөйтiп Арқаға кетедi. Әбiлмәнсүр жолда қамқоршы құлды өлтiредi. Мұнысы, жұрт «құлдың баласы», «сарттың баласы» деп айтпасын деп iстеген әрекетi-тұғын. Құлдан құтылған Әбiлмәнсүр Арқадағы атақты Дәулеткелдi тұқымдарына барып паналайды. Солардың жылқысын бағады. Өз атының «Сабалақ» екенiн айтады. Ал жоңғар-қазақ соғысында ол жауға «Абылайлап» шауып, қалың жұртқа осы есiмiмен белгiлi болады. Сол соғыста ерен ерлiк көрсеткен Әбiлмәнсүрдiң төре тұқымынан екенiн бiлген халық оны ақ киiзге орап хан көтередi. Әбiлмәнсүрдi кiшкентай кезiнде атасы «Абылай» деп атаған көрiнедi. Ол да бiр бабамыздың есiмi секiлдi. Бiз есiткен, қысқаша тарих осы. Жалпы, бұл көпшiлiкке белгiлi жайт. Бұқар жағында Абылайға жақын және одан тараған ұрпақтар қазiр де бар. Алайда, Қазақстандағы қандастарымыздың қолдарында қандай деректер бар, олар бабамыздың қай баласынан тарағандар - ол жағы бiзге мәлiм емес.
− Абылай жоңғарға қарсы исi қазақтың ер-азаматтарын атқа қондырумен қатар, осынау атышулы соғыста туыстас жұрттардың да қолдауына сүйенгенi айтылады. Осы жөнiнде нендей мағлұмат бере аласыз?
− Жоңғарды атажұрттан қууға қырғыз, башқұрт, қарақалпақ бауырлардан да сансыз сарбаздар келген. Қазiр төре әулетiмен аралас−құралас жүрген қырғыздар сол аттаныста қалып кеткен батырлардың ұрпақтары. Қазақ iшiндегi кейбiр башқұрт руларының пайда болуы да соған байланысты. Бұл соғыста әсiресе қарақалпақтардан үлкен қол келген. Қарақалпақтың Қылышбек батыры бес мың қолмен келiп жетсе, Қарасақал батыр жетi мың сарбазды басқарып келедi. Абылай бабамыз осы кездерi Бұқардан жәрдем де сұраған. Осы ұрыс кезiнде Бұқардан Тайлақ батыр, Алатау батыр, Тыныбай батыр, Шыныбай батыр, Жанбай батыр, Жантай батыр, Самат батыр, Алтай батыр, Құлашбек батыр, Құшақ батыр, Телi батыр, Қарақ батырлар бастаған қарақалпақтың тағы жетi мың қолы келiп қосылады. Бұлар кезiнде Абылайдың бабаларына қызмет еткен батырлардың тұқымдарынан екен. «Жоңғар соғысына қарақалпақтан қырық мың сарбаз барған» деген деректер де бар. Әйтеке бименен де көп әскер кеткен. Кейiннен Абылай ордасын төңiректеп жасаған қарақалпақтың Маңғыт, Қытай, Кенегес секiлдi елдерiнiң Арқаға барып қалу тарихы осындай. Абылай хан осы елдерден нөкер таңдап, оларды «төлеңгiттер» деген. Кейбiрiн «қарашылар» деп атаған.
Абылай бабамыз көшпендi халық iшiнде егiншiлiктi ен жайдыру үшiн Сыр бойынан екi мың үйлi қарақалпақты Шу, Талас өзендерiнiң алқабына қоныстандырғанын да аталарымыз айтып отыратын. Шаруа халық оларды «кетпендер» деп атаған. Кейiн олардың бiразы оңтүстiк өңiрлерге қарай қоныс аударған сыңайлы.
Тәйiрi, бiз ежелден көршiлес жұрттармен қоян-қолтық араласып, төсекте басымыз, төскейде малымыз қосылған халықпыз ғой.
− Бөрi төренiң бұл жаққа келу тарихы қалай?
− Абылай өз ұлдарын әр тұсқа жiбередi. Есiм мен Бөрi төреге Сырдың арғы тарапындағы қарақалпақтардаң арасына барыңдар. Олар сендердi жатсынбас, шеттетпес. Өз сүйегiмiз ғой. Елдi қорғаңдар, сол өңiрден қоныс алыңдар. «Жиделiбайсынның жерi құт болады, бiрақ жұт болмас-ты. Халықты өздерiңе тартыңдар» деп насихаттайды. Ол кезде қарақалпақ жерлерiн «Жиделiбайсын» деген. Ол екеуi бұл маңға осылай келiп қалады. Ал, Кенесарының ұрпақтары кейiнiрек келген.
− Бөрi төренiң есiмi тарихи құжаттарда да көп кездеседi ғой?!
− Ол ақиқат. Бабамыз Хиуа ханының сенiмдi адамына айналған. Шылпық қорғанынан Құсханаға шейiнгi аралыққа билiк жүргiзген. Жақында 250 жылдығы атап өтiлген қарақалпақтың мәшhүр ғұламасы Имам ишанның әкесi Қайыпназар бидi ұстаз тұтынған. Өзi өте мерген болған. Хиуа ханы саятқа Бөрi батырды алып шығады екен. Қарақалпақтың әйгiлi батыр-билермен бiрге көршiлес хандықтарға елшi болып барған. Жалпы, Бөрi төре елшi ретiнде де тарихта орны бар тұлға. Кезiнде ол кiсi Ресейге де елшi санатында барған.
Қырда қысылған, қоныс жетпеген рулар да Бөрi төренi жағалап келе бастаған. Бабамыз олардың дау-шарларын әдiл шешкен. Бөрi төренiң хан алдында абыройы өсiп бара жатқанын қызғанған хиуалық қаскөйлер оның асына у қосып берiп, өлтiртедi.
Қайран ер осылай қапыда қаза табады.
− Бөрi төренiң билiгiн перзенттерi жалғастырған ба?
− Бөрi төренiң баласы Қарағай төре де елде беделдi болған. Қарағай төре жас кезiнде Хиуа ханының жорықтарына қатысып, өз ерлiктерiмен көзге түскен. Хан оған 50 танап жердi сыйға тартып, одан салық алынбайтын етiп жарлық шығарған. Ол жерлер қазiргi Әмудария ауданы мен Түркiменстанның шегаралас аймақтарында. Қарағай төре жұртқа жайлы кiсi болған. Бабамыз медресе салуды қолға алған. Оның қаражатын Мәтнияз бай көтерген. Медресе бiтiп, халық қуанған. Қарағай төре әкесiнiң қол астындағы елдерге тегiс билiк жүргiзбегенiмен абыройы төмен болмаған. Өзi орташа болып өмiр сүргендi, тиыш жасағанды жөн көрген.
− Бұған әкесi Бөрi төренiң өлiмi байланысты емес пе?
− Иә солай ғой. Осы жағдай бiздiң тұқымды сақ болуға үйреткен. Кезiнде Хиуа ханы Бөрi төреге қырағы болуды ескерткен де екен. Өкiнiшке орай, ол кiсi жазатайым жазым болады. Осыдан кейiн Қарағай төренiң ұлдары Қаналы, Жаналы төрелер де ел билiгiне араласпаған, қарапайым күй кешкен. Менiң атам Бегiм - Қаналы төренiң баласы. Бiз Төре ауылынан Маңғыт елiне көшiп келгенбiз. Соң аудан ашылып осында жасап қалдық.
Қарағай бабамыздың бiр баласы жоғалып та кеткен.
− Мен Көкшетау жақта болғанымда халықтың аузынан «қазiр Абылайдың тұқымымыз, төремiз» деп жүргендер көбейiп кеттi. Өздерiн әр тұстан әкелiп шежiреге қосып жатады. Соның рас−жалғанын бiлмедiк, деген әңгiмелердi құлағым шалып қалды. Осыған қалай қарайсыз? Төренiң де түрлерi бар ма, яки ұлтына қарай айырыла ма?
− Әрқашан төрелердiң жанында төлеңгiттер жүрген. Бұрындары төре ауылының қасына олардың малына қарайтын жалшылар жайласқан. Оларды «қараша», «қарашы» немесе «қараш» дейдi. Осы «қараш» тұқымдары негiзi әр рудан жиналған топтар. Бiрi тұтқынға түскен, бiрi күн көре алмай келген, бiреулерi сыйға тартылған құлақкестi құлдар. Осындай қараштар төре тұқымдарынан өзге iрi рулардың байларының қолында да болады. «Төремiз» деп жүрген қызылбас қараштарды өзiм көрдiм. Мынау Кенимех жақтан шыққан бiреудiң де өзiн «төремiн», «Кенесарының ұрпағымын» деп көп жердi «шаңғытып» кеткенiн, соңында оның да өтiрiгi шығып қалғанын есiтiп едiм.
Елшiлiкте табылады ондайлар да... Халық аузында «қазақ төре», «қарақалпақ төре» «қалмақ төре» деген атаулар айтылады. Соңғысын «мұңғылтөре» деп те белгiлейдi. Айналып келгенде бәрi Шыңғыс ханның тұқымдары болуы керек. Қазақ және қарақалпақ төрелерi ұраны бойынша да ажыралады.
Нағыз төрелер бүтiн ауыл болып, iргесiн бөлмей отырады. Ал, бiреу-жарым шетке кетiп, жырақ жүргендердiң түбi шикiлеу шығып жатады. Сол үшiн бiздi өз iшiмiзде «хантөре», «шынтөре», «құлтөре» деп те жiктейдi.
Төрелердi қожалармен туысқан етiп жүргендер де кездеседi. Қожаның денi арап пен парсылықтар, қала бердi сарттар, ал төре әулетi таза түркiлер ғой... Өйткенi, Шыңғыс ханның арғы бабалары Қият-Қоңыраттар екенi әмбеге аян. Хиуаны да осы әулет билеген.
− Рақмет, Жұбатқан аға! Қысқа болса да емiн−жарқын сұқбаттастық. Кәсiптестерге, оқырмандарға тiлегiңiз қандай?
− Барша жұртқа бабаларыма қонған бақ-дәулет несiп етсе де, әулетiмiз көрген нәубет ешкiмнiң басына түспесiн, деймiн. Әрiптестерге көтерiңкi көңiл, шалқар шабыт тiлеймiн!

− Сау−саламат болыңыз! Ылайым бабалардың рухы ұрпақтарыңызға жұғыса берсiн!

P.S.: Жұбатқан аға 37-жылдың жан-жағын жалмап тұрған кезiнде дүниеге келген екен. Әкесi осы баласынан үмiт етiп, оған бар бiлгенiн айтып кеткен. Ағай көп жылдар аудандық газеттiң редакторы болып қызмет iстеген. Журналистер Одағының мүшесi. Ой салар өлеңдерi, тартымды очерктерi баспасөз беттерiнде жарияланған. Бiрнеше кiтапқа жүк боларлық туындылары басуға даяр тұр. Жұбекең бүгiнде Нөкiс аудандық халыққа бiлiм беру бөлiмiнде жұмыс iстеумен қатар, «Нұраный» («Егделер») қорының жергiлiктi бөлiмшесiнiң де белсендi мүшесi ретiнде көп игiлiктi бастамаларға мұрындық болып келе жатыр.


Сұқбаттасқан:
Нарымбет қажы Өтембетұлы,
Өзбекстан, Қарақалпақстан, Қазақстан журналистерi одақтарының мүшесi,
халықаралық дәрежедегi саяхатшы, заңгер.

қайсақ
03-05-14 13:02
Абылай хан тұсындағы жаппастар тайпасы
Абылай, Әбілмансұр(1711- 23.5.1781,Оңтүстік Қазақстан, Арыс жағасы )- ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы, дипломат.Арғы тегі- Жошы хан, бергі бабалары Қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім, Салқам Жәңгір. Абылай хан -Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Абылай ханға байланысты бізге келіп жеткен ауызша-жазбаша түп-деректер баршылық.Олардың барлығына бірдей тоқталмай-ақ, тікелей біздің тақырыбымызға қатысы бар жерлерді ғана келтіре кеткенді дұрыс деп тауып отыр- мын.
...Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілер-дің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады.
1738-1741 жылдары Абылай бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншыларына бірнеше мәрте соққы берді.1742 жылы Абылай сұлтан жоңғарлардың қолына тұтқынға түсіп қалады. Абылайды тұтқыннан босатып алу үлкен саяси мәселеге айналады.Төле би мен Әбілқайыр хан Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан бостып алуда ара түсуге өтініш жасай-ды. Бұл деректің шындық екенін осы кезеңде Орынбор генерал-губернаторы И.И.Неплюевпен Әбілқайырдың өзара жазысқан хаттары да дәлелдей түседі. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастап 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 жылы 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Бұл жөнінде Неплюевтің Сыртқы істер коллегиясына жазған хатында қазақтар мен қалмақтар бітімге келіп, бірігіп кете ме деген қауып те білдірген .Абылай сұлтан билігі күшейе түсуінің жаңа кезеңі 1744 жылы Әбілмәмбеттің Түркістанға көшіп кетуі уақытына саяды.Абылай сұлтан қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті. Абылай саясатының тереңдігі сонда, жоңғарлардан азат етілген шығыстағы жерлерге қазақ ауылдарын апарып түпкілікті қоныстандыруы болып табылады.Оның әрбір іс-әрекеті қазақ халқының бүтін-дігін, елі мен жерінің тұтастығын сақтауға бағыт- талды. Билікке таласқан Барақ сұлтан Әбілқайыр ханды өлтіргенде де Абылай ел бірлігін ойлап қынжылып,Төле бимен тізе қоса
қимылдап, бұзық сұлтанды жазаға тарту жағында болды. Абылай қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан қуатты мемлекетке айнал-дыру үшін қол астындағы елде, әскер ішінде қатаң тәртіп орнатты. 1771 жылы жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние салды.Қалыптасқан дәстүр бойынша Орта жүздің ханы болып Әбілмәмбеттің інілерінің бірі, не үлкен ұлы Әбілпейіз сайлануға тиіс еді. Алайда басты сұлтандардың, старшындардың, Әбілпейіздің өз қалауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді.Абылай іс жүзінде жалғыз орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының ( хандығының ) ұлы ханы болды.Тарихи деректер, аңыз- жырларда да Абылайдың үш жүздің әміршісі ретінде ардақталғанын көрсетеді...
Осы жерде, Евгений Кычановтың « Жизнь Темучина, думавшего покорить мир », кітабын-дағы « хан »- ға берген анықтаманы түп нұсқа негізінде бергенді жөн көріп отырмын: «Хан был нужен нойонам, нукерам, племени монголов,чтобы сколотить их силы в еди- ный кулак, такой же прочный, как у керейтов, татар, найманов и других татаро - монгольских племен. Богатую добычу и славу мог принести им разумный, смелый и талантливый в сражениях хан. Хан был нужен и аратам.Он, его нукери, его сила могли защитить их от набегов соседей.»... 1449- қоян жылы жаз мезгілінде Қожа Ахмет Бабаның мәсжідінде үш жүздің игі жақсылары, билері мен ел басшылары, хандары мен сұлтандары жиналып Абылайды хан сайла-ды. Бұған Малайсары мен Олжабай қарсылық көрсетті. Бөгембай мен Олжабай құдандалы еді, екеуі біріне бірі қызараңдасып, Абылай жөнінде келісе алмай қалды. Бірақ қазақтың
сүт бетіне шығарлары олардың аузын аштырмай, өздерін топтан шығарып жіберді. Ұлы жүз 24 шар, Орта жүз 31 шар, Кіші жүз 14 шар, Қарақалпақ 2 шар, Төре 1 шар, Қожа 1 шар,барлығы 73 шар салынды.Орта жүзден Абақ керей 1 шар,Тарақты 1 шар даулап ал-ды. Кіші жүзден 6- Әлім, 4- Шөмекей, Жетірудан- Тама мен Жағалбайлы, Байұлынан Алаша мен Жаппас қана шар салды.29 тамғалы Кіші жүздің басқасы хан сайлауына қатыспа-ды.Ұлы жүз Бәйдібектен тараған-7, Сіргелі, Шақшам-2, Қаңлы, Шанышқылы-2, Жал- айыр-12, бәрі-24 шар салды.Сол 73 шардан Абылайға 69 адам қол берді. Хандар мен сұлтандар арасында да қарсылар болды. Нұралының інісі Ералының да хандықтан дәмесі бары көрін-іп қалды. Бірақ қазақ билері олардың сөзін құлағына ілмеді де, елемеді де. Өйткені қазақтың жүзге тарта ел билеушілері Абылайдың сөзін сөйлеп, сойылын соқты.Абылай ақ киізге отырғызылып,үстіне шетон,басына мұрақ кигізілді.Сонан соң сегіз жігіт көтеріп, он шақты қадым жүрді де, ақ боз атқа мінгізді.Міне ол хан болды... ( Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы « Түп-тұқианнан өзіме шейін » ) Алматы, « Жалын », 1993 жыл. 385 – 386 беттер.
... Например, при избраний Абылая в ханы казахи подняли его на кошме, а потом, сняв с него богатое верхнее платье, изодрали его в лоскуты так, что всякий был доволен, хотя и досталось иному( всего лишь ) одна нитки: каковой обряд они чинят и по принятии ими к себе салтана в волости для командования ими...( Казахи./ историко-этнографическое исследование /.Алматы,1995 г. с.,258.)
1771 жылы Түркістан қаласында Абылайды хан сайлаған үлкен жиында жаппас тайпасы-ның өкілдері де қатысқандығы туралы жазбаша деректер бар.Олар кімдер болуы мүмкін деген сұрақ туындаған кезде, біздің көз алдымызға бірінші Көбек Шүкірәліұлы би келеді.Себебі, Жаппас тайпасынан шыққан Көбек Шүкірәліұлы би туралы бізге келіп жеткен жазбаша түп-деректер, аңыз-әңгімелер т.б. барлығы да біздің болжамымыздың шындыққа біртабан жақын екендігін көрсетеді. XYIII ғасырдың соңы-XIX ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақ хандығы тұсындағы болған тарихи оқиғалардың барлығының ішінде жүрген, оларға байланысты өзінің артында мол мұра қалдырған, мұрағат қорларында, жазбаша түп-деректер мен ауызша деректерде Жаппас тайпасынан шыққан Көбек Шүкірәліұлыға байланысты деректер көп кездеседі. Біздің ойымызша, Абылай ханды хан сайлауға қатысқан Көбек Шүкірәліұлы болуы керек. Яғни, Жаппас тайпасының атынан дауыс беруге Көбек бидің қатысуы мүмкін екендігін де жоққа шығаруға болмайды. Оны тарихи деректер де дәлелдеп отыр...

қайсақ
Қаржау, Босс, Амет-ке
02-05-14 12:12
Қарақалпақтардың ұйымдасқан тобы осы сайтта отырып, бүкіл қазақ атаулыны түбінде қарақалпақтан шығарып жүрмесін... Жазатын жазбаларыңызды дәлелмен,ғылыми айғақпен,оқырманға түсінікті тілде жазғандарыңызды қалар едім. Әйтпесе өсек-аяңдарыңызға жауап қайтарып жататын уақытым жоқ... Өтініш, жаппастарға тиіспей жайларыңызға жүрсеңіздер.Дүние жүзіндегі қарақалпақтарда жаппастардың көне тарихына араласудан басқа да толып жатырған мәселелеріңіз жеткілікті ғой.Солардың мәселелерін шешіп жүре берсеңіздер болады ғой. Менің жазғандарымды бұрмалап, өз мақсаттарыңызға пайдаланбаңыздар.с/м.Қайсақ.
Amet
02-05-14 05:43
Каракалпак, ногай минен егиз деп,
Бабаларым насиятлап кетипти,
Каракалпак Кырга кетип ел излеп,
Ал ногайлар Кап тауына жетипти.
(Суьйин Капаев)
қайсақ
жаппас(ақсүйір)
01-05-14 13:54
Құрметті бауырлар!!! Ынтымақ пен бейбітшілік мерекесі құтты болсын. Халқымызға тыныштық, құт-береке, молшылық, ауызбіршілік тілеймін. Аман болыңыздар!!!
қайсақ
жаппас(ақсүйір)
01-05-14 13:44
Қазақтың көне тарихына байланысты артында мол мұра қалдырған Әуелбек Қоңыратбаевтың сөзімен айтқанда: «...көбіне ноғайлы ұлысының өз ішіндегі жаугершілік, бүліншілік уақиғаларын басым жырлайды. Әуелбек Қоңыратбаевтың пайымдауы бойынша , « Қырымның қырық батыры » / ноғайлы жырлары / жырында тарихи оқиғалардың төрт түрлі кезеңінің уақиғаларының жиынтығы суреттелетін сияқты. Олар X-XI ғасырлардағы Сыр бойына Оғыз-Қыпшақ варварлық мемлекетінің бұзылып ыдырауын, XY-XYI ғасыр- лардағы ноғайлы ұлысының бүлінуі, XYII-XYIII ғасырдағы Жоңғар хандарымен болған соғыстар, XIX ғасырдың басындағы уақиғалар. Ноғайлы ұлысының бүлінуі қазақ халқы мен өзбектердің өз алдына бөлініп, ел болуына әкеліп соқты. Оған дейін бұрынғы Оғыз одағына енген тайпалар ноғайлы жұртымыз деп жүруші еді. / 72. осында., 486-бет /. Бұл жердегі ғылыми талдау, бізді төмендегідей ойға жетелейді: Осы жердегі ноғайлы жұртының құрамында «жаппас» тайпасы мен оның құрамындағы тармақтары жөнінде сөз болып отырған секілді. Себебі, бұл жердегі Шабазмыз, Шаббаз, Жаббаз, Жабпаз екендігі анық болып тұр. Сонда, Жаппастың хан болғандығы, оның қаласы мен қол астында бағынышты халқы барлығын көріп отырмыз. Ал, оның қызылбастың (парсылардың ) ханы болуы мүмкін еместігін тарихи деректер де растап отыр. Бұл жердегі Жаппас ханның бас батыры Ерсары деп отырғанымыз, Жаппас ханның баласы Жансары болуы мүмкін деп айтуға болады. Жаппас ру-тайпасы туралы шежірелердің басым көпшілігінде Жаппастың баласы Жансары деп беріледі. Соған қарағанда, ноғайлы жырындағы « Қырымның қырық батыры » жазбаша дерегіндегі « Шаббаз »-мыз 12-ата байұлы құрамындағы « Жаппас » болса, «Ерсары » дегеніміз жаппастың баласы «Жансары » деп айтуға болады. Осы кітапқа өзінің пікірін жазған Рахманқұл Бердібай мынадай тұжырым жасайды: « Нұраддинның шаппақ жауы Ерсарының елі,ханы Шаппас хан екен дейді. Бұл жердегі « Шаппас хан» -мыз « Жаппас хан » екендігіне ешкімнің күмәні бола қоймас, ал « Ерсары елі » деген сөйлемді « Жансары елі » деген мағынада түсінген дұрыс деп ойлаймын. Сонымен бірге , « Жаппас ханның » мұсылман діні көп жақсы, оған қатты көнеміз -деп айтуы, ноғайлы ұлысында мұсылман дініне байланысты, оның құрамындағы ру-тайпалар арасында қақтығыстарға байланысты оқиғалар сөз болып отыруы ғажап емес...( Қырымның қырық батыры. Алматы 2005.87-97 беттер./ ноғайлы жырлары )
Осы кітапта , ноғайлының батыры Нұрадынның Жаппас ханмен ақиреттік дос болғандығы жөнінде айтылады. Жыр түрінде былайша келтірілген: - Шаппаз ( Жаппас ) ханның үйіне - Нұрадынды шақырды. - Шақырып барып үйіне - Бек жақсылап сыйлады. - Үш күн қонақ қылады - Қасына еріп жүреді. - Шаппайтын бір жорға ат, - Алтыннан тонды кидірді - Шаппаздайын ( Жаппастайын ) ханыңыз. - Нұрадынмен екеуі - Қияметтік дос болып, - Нұрадын қайтып еліне, - Өзінің барды жеріне.... / 76. сонда., 97-бет /. Бұл жырдағы кездесетін тарихи тұлғалар өмірде болған , өз заманының белгілі қоғам қайраткерлері деуге болады. Нұрадын ноғай- лының батыры, ал Жаппас деген хан болып тұр. Яғни, Нұрадынның Жаппас ханның ауылында қонақ болғандығы , ол ауылда үш күн қонақтап жатқандығы, кейін қайтарында Жаппас ханның оған жорға ат пен алтын жіппен әшекейлеп тігілген тон кигізгендіктері сөз болады. Бұл жердегі Жаппас хан деп отырғанымыз тарихта болған тұлға болып отыр. Сол сияқты , ноғайлының батыры Нұрадын да тарихта болған тарихи тұлғалардың қатарына жатады. Соған қарағанда, жаппастардың ноғайлардың құрамында болғандығын жыр жолдары да айғақтап отыр деуге болады.

Босс
01-05-14 03:11
Ал?...
Қаржау
http://www.astana-akshamy.kz/?p=119
30-04-14 06:44
«Қазақ»болуы… қауiптi ме?
«Қазақ болып кеткен». Осы бiр тiркес әдебиетiмiзде аз кездеспейдi. Қазақтың арасында өмiр сүрiп, қазақтың тiлiнде сөйлеп, қазақ дәстүрiн ұстанғандарды былайғы жұрт осылай атайды. Бiр сөзбен айтқанда, қазақ болып кеткендер, олар – қазақша өмiр сүретiндер.
Сонда да қазақтың, әсiресе,
қала қазақтарының көбi қазақ бола алмай жүргенде өзге ұлт өкiл-дерiнiң жеке бас куәлiгiне ұлтын «қазақ» деп көрсетiп, қазақ атын малданбаққа ниет еткенi қалай болғаны?
Өткен айларда Қытайдан кейбiр ұйғырлардың «қазақ» деп жазылып, елiмiзге көшiп келiп жатқаны туралы ақпарат тарады. Оның алдындағы жылдарда Өзбекстан, Қарақалпақстаннан да қарақалпақ ағайындардың «қазақ» болып құжат алып, Қазақстанға қоныс аударып жатқаны белгiлi болды. Бұл қазақ үшiн қауiп пе, жетiстiк пе?
Бiр жағынан алғанда, қазақтың саны көбейедi. Құжат жүзiнде. Екiншi жағынан алғанда, ата-бабамыз жете мән берген қан тазалығы, саф алтындай ұлттың генетикалық болмысы кiлтипан көредi. Бiрақ, бүгiнде жер бетiнде таза қанды ұлт жоқ дейдi генетиктер. Жапония, Исландия секiлдi бiр түкпiрде өмiр сүрiп жатқан елдер болмаса, басқалардан ортақ этникалық түр iздеудiң өзi қисынсыз көрiнедi.
Сол секiлдi, қазақ қалай қазақ болды, ол кiмнен тарады, шежiресi қалай түзiлдi дегенге оралсақ та, халқымыздың дәл бүгiнгiдей бiртұтас «халық» болып аспаннан түсе қалмағаны айдан анық. Иә, қазақ аспаннан жауған жаңбырдай тамшылап отырып бiрiгiп, қауымдасқан жоқ.
Ғалымдардың айтуынша, ұлттардың ұлт болып қалыптасуына әртүрлi фактор ықпал етедi. Америкада ұлттың болмауының өзi сондай тарихи фактордан. Бұл орайда, ұлт қалыптасуының екi жолы бар. Бiрi – ортақ тарих, ортақ тiл, әдебиет пен ортақ мәдениет, ортақ дiн, территория және ортақ мұрат бiрiктiрген ұлттар, екiншiсi – толық дайын болмай жатып қалыптасқан ұлттар. Бұл орайда, сарапшылардың пiкiрiнше, Азия және Африка халықтарының көпшiлiгi ұлт ретiнде толық ұйыспай жатып-ақ белгiлi бiр ұлт атауларын иемденiп, заман көшiне iлесе берген.
Ал қазақтың жайы қалай? Бүгiн бiзге қайтпек керек?
Рас, бiрнеше ғасырдан берi қазақ шежiре жазуға мән берiп келедi. Бодандық қамытынан басымыз арылғаннан кейiн бұл үрдiс жаңғыра бастады. Бiрақ, аталарды тiзiп, бәйтерек түзiп шежiре жасағанның жақсылығымен қатар жамандығы болғаны да ақиқат. Жақсылығы – әр қазақ шыққан тегiн танып, тарихын бiлiп, өзiнiң кiмнен тарағанын тәптiштеп айта бiлсе, жамандығы – төре, қожа, төлеңгiт, сунақ секiлдi рулар шежiреге мүлдем кiрмедi. «Мен қазақпын» десе де, осы рудың өкiлдерi өздерiн «асыранды бала» сезiндi. Шежiре барда бұл келеңсiздiктiң көзi жойылмайтыны анық.
Ал ендi… тағы да қазақ болғысы келген қарақалпақ, ұйғырларға қатысты не iстеуге болады? «Қазақ» болып жазылып, арамызға енiп жатқан өзге ұлт өкiлдерiнен бiздiң бас тартуымыз керек пе?
Өзге ұлт өкiлi бола тұра, өз тегiнен, өз атасының атынан бас тарту – адамдық тұрғыдан алғанда сатқындық. Алайда, тарихи құбылыстар көп нәрсенi өзгертуге мүмкiндiк бередi. Мәжбүрлiкпен қазақ болғысы келiп, қазақтың тiлiн, салт-дәстүрiн ұстанып, балаларын қазақша тәрбиелеп, қазақпен шын мәнiнде мұраттас бола бiлсе, қазақ тегi ұйғыр (немесе қарақалпақ) «жаңа қазақтардан», бiздiңше, бас тартпауға тиiс. Бұл қазақтың әлi де кемелденiп, көбейiп, бүгiнгi тарихын түзiп жатқанын, ұлт ретiнде қанатын кеңге жая түскенiн көрсетсе керек.
Сатқындық демекшi, қазақ отбасына жан қосылып, келiн түсiрерде «адалынан болсын» деп тiлейдi. Ендеше, қазақ болып кеткiсi келген жатұлттық замандастар да бiзге адалынан болып, шын мұраттас жанға айнала алса, құба-құп.
Нәзира САЙЛАУҚЫЗЫ

қайсақ
жаппас(ақсүйір)
29-04-14 15:31
Серік,Мұғалім,Қият т.б.атпен шығып жүрген бір-ақ адам екенін біліп отырмын.Мен білетін тақырыбымды жақсы білсем ғана жазуға отырамын.Сіз секілді өсек-аяң жинап немесе саясатқа араласқанды жаным сүймейді.Бұл тұрғыдан келгенде қарақалпақтар алдына жан салмайды екен.Олардың қазақ руларының ішінде араласпаған тақырыптары жоқ шығар.Мен денсаулығым сыр беріп біршама уақыт жаппастар сайытына кірмей кетіп едім, кірсем адамның үш ұйықтаса түсіне кірмейтін жайларды жазып жастардың ойларын басқа жаққа бұрмағандарыңызды қалар едім.Иманғали ағамыз туралы да нені болса соны жаза бермегеніңізді қалаған болар едім...
Қият
29-04-14 06:41
Иманғали Тасмағамбетовты Қарақалпақстанға президент ету керек. Сонда ата-баба рухы шат болады. Арғы бабалары сонда жатыр екен ғой.
Бибихадиша
Bibka_73.73
28-04-14 14:04
Cалеметсіздерме! Бауырларым !
Алик
08-04-14 07:40
А-а, черный клобуктар - жаппастар екен ғой. Да, да биздин уйде улкен борик бар еди. Оны бабамыз "шогирме" деп айтады екен. Клобук дегени сол болса керек.
Дастан
ismailov.dastan@list.ru
06-04-14 20:14
Ассалаумағалейкум аға, менде кіші жүздің Жаппас руынанмын оның ішінде кермен деп айтады, одан әрі толық білмедім. Өзім Торғайдың тумасымын, әкем Қостанайдан кезінде жұмыс бабымен келген орысшалау болғасын онша білмеді. Аға деректер болса айтарсыз, рахмет
Муғалiм
04-04-14 06:12
Отарлық - ордалар орталығы. Отар деген ол кезде "iрi қоныс" дегендi бiлдiрген.
Муғалiм
04-04-14 06:09
Шынында да, печенегтерде "йапас", "жапас" атауы кездеседi. Тiптi, оларда осындай есiмдi хан да болған. Ол (Йапас) "Днепр-Едiл ордасы" билеушиси болған. Орыс тарихында оларды "чёрные клобуки" деп те жазған. Олар XII ғасырда қазiргi Украина жерiнде жеке мемлекетке ие болған. Отарлығы - Торческ қаласы.
Серiк
02-04-14 06:21
Жаппастар туралы деректердi Қарақалпақстаннан iздеу керек екен.
Қожа
30-03-14 13:19
Ғалымдар пiкiрiнше, апасиактар - печенегтер, ал печенегтер - қарақалпақтар. Жаппастар онда печенегтерге (қарақалпақтарға) тiптi арыдан барып қосылатын ру болды ғой.
камилла
kamila-kz@inbox.ru
30-03-14 08:41
жаппас руы туралы малимет кайдан алдыныздар айтып жибериниздерш керек болып тур
қайсақ
жаппас(ақсүйір)
19-03-14 15:56
жаппас тайпасының тарих бетіне шығу кезеңдерін - сақтар, сарматтар, аландар, ғұндар, массагет, түрік, хазар, оғыз, Алтын Орда, Ноғай Ордасы, Қазақ хандығы деп тарқатуға болады. Осылардың ішінен жаппас тайпасының атауына байланысты және таңбалық белгілеріне байланысты жазбаша деректерді, заттай деректерді кездестіруге болады. Осы тұжырымдарымызды ғылыми тұрғыдан сараптап көрсетуге тырысып көрейік
1). Сақтар дәуірі: Сақтар өздері билік еткен уақыттың заттай белгісі ретінде биіктігі 2-4 м.бұғытастар (ескерткіш) орнатып, оған өзінің дүниетанымын қашап қалдырумен қатар, монгол жерінен Еуропа құрлығы аралығында тас бетіне мыңдаған суреттер мен таңбалар нышандарын
(символ) қашап қалдырған. Сақ (скиф) дәуіріндегі буындық кескіндерде
« жаппас » тайпасының таңбалық белгісі кездеседі ( жылан суретінің бейнесі) - « Z ». Оны б.з.б. IY - III ғ.ғ. жататын Есік жазуында кездесетін белгіден алғаш рет кездестірдік (жылан суретінің бейнесін) - « Z ». Сақ ( іч-оғуз ) б.з.б. YIII-III ғ.ғ. аралығындағы таңбалық белгілердің қатарында жаппас тайпасының таңбасы ( жылан суретінің бейнесі) - « Z » кездеседі.
2). Сармат, Алан дәуірлері: Сармат ( савромат) кезеңі б.з.б. III - б.з. IY ғ.ғ. аралығын қамтиды. Бұл кезең аралығында, сармат тайпалық одақтар бір- лестіктері құрамынан алан этносы ерекшеленіп шығады. Алан тайпалық
бірлестігі құрамында - жаппас, беріш, тана, алаша ру-тайпаларының одағы- ның бірлестігі болды деуге болады. / Нұрымбаев А.А. Аланы ... /
3). Ғұндар дәуірі: Сарыөзен II тарихи ескерткіші б.з.б. Y- б.з. I ғ.ғ. жататын ғұндар дәуіріне жатады. Бұл, Сарыөзен-1 тарихи ескерткішінде кездесетін таңбалық белгілер қатарында (жылан суретінің бейнесі) - « Z » - таңбалы жаппас тайпасының да белгісі кездеседі. Жаппас тайпасының таңбасы осы күнгі (ежелгі көшпелілер тайпалары көшіп-қонып жүрген аймақ, кең - байтақ мал жай- лымына ыңғайлы, шұрайлы көшпелілер мекені ) Ресей Федерациясы Абакан маңындағы қорғаннан архелогиялық қазба жұмысы кезінде табылған заттай жәдігерлерде ( жылан суретінің бейнесі)- « Z » белгісі кездеседі. Бұл-жаппас тайпасы таңбалық белгісі деген пікір айтуға болады .
4). Массагеттер дәуірі: Жаппас тайпасының ежелгі атауы, массагеттер құрамында кездесетін « апасии /апасиаки / » тайпасының атауымен тығыз байланысты деуге болады. Яғни, «апасиаки » тайпасы – « жаппас » тайпа- сы деп тұжырым жасауға болады. Бұл дәуірдегі таңбалық белгілерден , архелогиялық заттай деректерден (жәдігерлерден) жаппас тайпасының (жылан суретінің бейнесі) « Z » таңбасын кездестіруге болады.Массагеттер Каспий теңізінің шығыс төңірегі мен Үзбой, одан Сырдария бойы, Арал маңын мекендеген сақтардың (іч-оғыз-скиф) тамырлас тайпалық бірлестігі. Олардың қол астында дербиктер, абилер, апасақтар / апасии, апасиак /- ( жаппас) т.б. тайпалар болған . 5). Түрік дәуірі: Түрік қағанаты көсемдері Яғалақар, Ямылардың заманынан (б.з. II-Y ғ.ғ.) бастау алатын көшпелі ордалар кезеңі. Бұл кезеңге жататын Тайхар жартасы ескерткішінде, Ұлықтар мүйісі, Қарауыл қызыл, Дундговь аймағы,Ұлы қорым т.б.( жылан суретінің бейнесі) « Z » таңбасы жиі кездеседі. Осы жерде, түрік дәуірінің ескерткіштерінде тасқа қашалып жазылған « жабус » атуының кездесуі де біздің қарастырып отырған « жабус-жаббус-жаббас-жаббас-жаппас » тайпасымен тікелей байланысы бар деп ойлаймыз. Яғни, жаб-бус дегеніміз жаб-бас деген сөздің баламасы болу керек. Оған, сонымен бірге таңбалық белгілерінің ( жылан суретінің бейнесі) « Z » құлыптастарда жиі-жиі кездесуі де біздің пікіріміздің дұрыстығын айғақ- тай түседі. Яғни, «жаппас » тайпасы атауының заттай ескерткіш беттерінде тасқа қашалып жазылуы және таңбалық белгілерде ( жылан суреті ) кездесуі біздің тұжырымдама ойларымыздың дұрыс екендігін көрсетеді.
6). Хазар дәуірі. Нұрымбаев А.А. «Аланы и казахи:Тайна происхождения Младшего жуза» Түркістан. 2009 жылы жарық көрген еңбегінде жаппас тайпасының атауын хазар дәуірінің « Абаз » / Жабаз-Жаббаз-Жаппас / тайпасының баламасы деген ой айтады. Ғалымның бұл тұжырымдамасы біршама шындыққа жақын да тұрған секілді, себебі , «абаз» атауын / яфаз / япаз / апаз /апас / деген сөйлемдер арқылы да қарастыруға болады. Сол себепті, « Абаз » сөзін нақты « Жаббаз » сөзінің баламасы деп біржақты пікір айту үшін әлі де тереңдей зерттей түсу керек секілді.
7). Оғыз дәуірі. Оғыз кезеңіне жататын жазбаша деректерде « бурзян » атауы мен оның құрамындағы тайпалар ішінде жаппастың таңбалық белгісі кездесетіндігін атап кетуге болады. Яғни (жылан суретінің бейнесі)« Z » таңбасының кездесетіндігіне тоқталып өтуіміз керек. Осы оғыз дәуірінің тарихи ескерткіштерінде Байұлы тайпалар одағының ішіндегі « жаппас » (жылан суретінің бейнесі) « Z » тайпасының таңбалық белгісінің кездесуі және оның орналасқан жері біздің ойымыздың біршама шындыққа жақындайтындығын көрсетеді.
8). Алтын орда дәуірі. Бұл кезеңде жаппас атауына байланысты жазбаша деректер аз кездеседі. Бірақ, түрік қағанаты дәуірінен бастап кездесе бастайтын « өңгіт » атауына байланысты жазбаша деректер және заттай ескерткіштер жиі кездеседі. Бұл жерде « өңгіт » - тің жаппас тайпасының құрамындағы бір аталық ( ру) екенін естен шығаруға болмайды. Осыдан шығатын нәтиже, жаппас тайпасының Түрік қағанаты, Алтын орда кезеңдерінен бұрын тарихта болған деп айтуға болады. Оған бізге келіп жеткен аңыз-әңгімелер, таңбалық белгілері, жазбаша деректерде өзгеріске ұшыраған басқаша атаулармен кездесуі, т.б. біздің ғылыми талдауы- мыздың дұрыстығын дәлелдей түседі.
9).Ноғай ордасы дәуірі. Бұл кезеңде, оғыздардың құрамынан бөлініп шыққан көшпелі ордалардың ішінде жаппас тайпасы да ноғай ордасының құрамында жүргенін анық дәлелдеуге болады. Жаппас тайпасы бұл жерде беделді тайпалар қатарында болғаны, орданың ішіндегі әртүрлі тарихи жағдайлардың куәсі болып, Қазан қаласын қорғаушылар қатарында ноғайлық деп аталған, қазақ ру-тайпаларымен бірге болғандығын айғақтайтын деректер кездеседі. Сонымен жаппас тайпасының көшіп-қонып жүрген көктеу, жайлау, күздеу, қыстауларының шекарасы, олардың жүрген жолдары туралы бұлтартпас деректер бар дейміз. Сонымен бірге, осы кезде жаппас атауы да жазбаша деректерде кездесе басатайды. Жаппас тайпасымен бірге алтын атауы да кездеседі.
10). Қазақ хандығы дәуірі. Бұл кезеңнің жазбаша деректерінде «жаппас» атауына байланысты деректер кездеседі. Әсіресе, XYIII-XIX ғғ. жазбаша құжаттарда жаппас атаулары жиі-жиі ұшырасады. Ал, оған дейінгі жазбаша деректерде сирек болса да кездеседі. Мысалы,Бабырдың жылнамасында « жаббаз » кездесетіндігін атап өтуге болады. Жаппас хан және оның досы Нұраддын туралы « Қырымның қырық батыры » деген жырда құнды дерек кездеседі. Жаппас тайпасының қазақ хандығы тұсында өмір сүргендігін жазбаша құжаттар да айғақтайды: Әбілхайыр хан, Нұралы хан, Абылай хан, Бөкей хан, Маты хан т.б. айтуға болады.Орыс ғалым- дарының еңбектерінде оның таңбалары,мекендеген жерлері, қоныстары, белгілі тұлғалары , т.б. туралы мол мағлұматтар кездестіреміз. Біздің мақсатымыз, қазақ халқының негізін құраған, бүгінгі күндері белгісіз болып келген рулар мен тайпалардың тарихымен көпшілікті таныстыру және ғылыми талдау болып табылады.

қайсақ
жаппас(ақсүйір)
19-03-14 15:40
Бағдаулет сен кімнің баласысың? Қызылорда өңірінің тумасы емессіңбе?
Багдаулет
Bahosh93@mail.ru
13-03-14 13:47
Мен Ақсүйір жаппас болам ! Ақсүйірлердин толық тарихын білмесемде оқып білгеніме көңілім толды бірақ Жаппастардың арасында жазылмаған сол жері ынғайсыз көрінеді
қайсақ
жаппас/ақсүйір/
10-03-14 17:15
Ангрен төңірегіндегі қорым ( Өзбекстан жерінде.) Бұл жерде көне қорым орнының бар екендігі М.Тынышбаевтың «история казахского народа », Алма-Ата,1993 г. 183- стр., кездеседі: « Во времена Тауке-хана здесь жили в одно время и представители Младшей Орды, так например: седьмой ( для некоторых восьмой ) предок теперешних перовский ( Кзыл-Ординских )« мойнаков »( джаппас ) Калкаман-Каракоз, потомки которого проживают также в Иргизском, Тургайском, Кустанайском уездах, во времена Тауке хана похоронен на Ангрене и потомки из Перовского( Кзыл-Ординского ) уезда, до сих пор,призжают туда на поклонение праху знаменитого предка »/ 183-стр., /. Бізді қызықтырып отырғаны, 17 ғасырда үш орданың ханы болған Тәукенің тұсындағы Жаппас тайпасының өкілдерінің кейбіреулерінің 7-ші ұрпағы, ал енді біреулерінің 8-ші ұрпағы Ангрена өзені ( Өзбекстан жерінде) бойындағы қорымда жерленген бабалары Қалқаман-Қаракөздің зиратына келіп кететіндігі, яғни әулие бабаларының жатқан жеріне арнайы келіп,тағзым етіп тұратындықтары қызықтырады... Осы жерден көріп отырғанымыздай, Ангрена өзені бойын- да,Тәуке хан тұсында, Қызыл-Ордалық жапастар тайпасының ішіндегі Қалқаман-Қаракөз бабаларының зиратын тауып отыр- мыз.Біздің ойымызша, ол жерде Жаппас руының өзге де аталықтарының зираттары болуы керек деп болжам жасауға болады. Тәуке хан қол астында жаппас руының өкілдері де болғандығы осы жерден көрініп тұр.Олардың зираттары да бірге қойылуы керек...
қайсақ
жаппас/ақсүйір/
10-03-14 17:03
Қожа Ахмет Иасауи кесенесі-орта ғасырлық сәулет өнері ескерткіші. Түркістан қаласында орналасқан. 1396-1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен Қожа Ахмет Иасауи қабірінің басына тұрғызылған. Қожа Ахмет Иасауи кесенесі-үлкен порталды-күмбезді мемориалдық құрылыс. Кесене оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Ені- 46.5 м, ұзындығы- 65 м. Күйдірілген шаршы кірпіштен өрілген. Кесене жобасысының ерекшелігі- онда Орта Азия сәулет өнерінде бұрын-соңды ұшыраспаған шатыр жабу тәсілдері қолданылған. Ескерткіште күмбезді, аркалы элементтер мол. Сәулетші шеберлер тек аркалы күмбезді жүйенің өзіне сан түрлі әдістерді қолданған.Кесенеде аса үлкен портал ( ені-50 метрге жуық, порталдық арканың ұзындығы-18.2 метр ), бірнеше күмбез, 35 бөлме бар. Ғимараттың биіктігі-37.5 метр.Сыртқы қабырғаларының қалыңдығы-1.8 м. - 2 м., қазандық қабырғаларының қалыңдығы-3 метр. Қожа Ахмет Иасауи кесенесі мешіт,медрессе қызметін де атқарған. Бүкіл құрылыстың мағыналық кіндігі қабірхана ортасында Қожа Ахмет Иасауиге құлпытас қойылған. Қабірхана есігі жұқа темірмен қапталып, оған алтынмен жазулар түсірілген. XYI ғасырдан бастап кесенеде және оның төңірегінде қазақ халқының атақты адамдары( Жолбарыс хан, Есім хан, Абылай хан, Қаз дауысты Қазыбек би, Жәнібек батыр т.б.) жерлене бастады... Міне, осы жерде тікелей біздің тақырыбымызға қатысты құнды түп-деректер кездеседі. Қасиетті кесене төңірегінде, қазақтың өзге де ру-тайпа өкілдерінің атақты адамдарының ішінде Кіші жүз құрамындағы Байұлы тайпасының Жаппас руынан шыққан ірі тұлғалар есімдері кездеседі. Олардың барлығының бірдей аты-жөндерін келтірмей-ақ, бірнеше есімді келтіре кетейін:

а). Жаппас Бекен мырза Тұрсынбайұлы ( т.ж.б.- 1588/1598 ж., қайтыс болған )

б). Жаппас Қолшабайұлы Қонысбай болыс ( 1836 ж. туылған – 1890 ж. қ.б.,) Бұл жердегі қорымда, алғашқылардың қатарында жерленгендердің ішінде Жаппас Бекен мырза Тұрсынбайұлының да аты-жөні кездеседі.Ол, XYI ғасырда өмір сүрген тұлғалардың бірі болып тұр. Ал, Жаппас Қолшабайұлы Қонысбай болыстың өмір сүрген кезі мен қайтыс болған кезі XIX ғасыр болып тұр...
Менің бұл жерде айтпағым, Жаппас Бекен мырза Тұрсынбайұлының 16 ғасырда тарихта болғандығы және сол ғасырлардағы оқиға-лардың ішінде болғандығы...егер 16 ғасырда Жаппас Бекен мырза Тұрсынбайұлы расында тарихта болған болса, \"мырза\" деген атаудың кімдерде қолданылғанылғаны белгілі ғой...

Муғалiм
10-03-14 05:21
"Ябанчы" деген "шет" деген тусiнiктi бередi. Яғни, шеттегi ноғайларды (ноғайбақтарды) солай атаған.
Ноғай
09-03-14 06:03
Япанчы - жабайы (жапаншы) деген мағынаны бiлдiредi бауырым. Ол жаппас деген емес.
қайсақ
жаппас(ақсүйір)
06-03-14 16:29
жаппас тайпасының әскери жасақтарының Қазан қаласын орыс әскерлерінен қорғауға да қатысқанын айғақтайтын да жазбаша деректер сақталған... 1552 жылы 9 наурыз күні Қазан хандығының тағына Астрахан ханзадасы Ядыгар( Ядкар) отырды. Осы кездегі жағдайды төмендегі жазбаша деректерден көруге болады:- Приближалось решительное столкновение. 23 августа 1552 г. 150 тысячная русская армия во главе с Иваном ІV подошла к Казани. Город казался неприступным: он отлично укпеплен, в крепос -ти имелись большие запасы продовольствия. Все окрестностное население поднялосьна защиту столицы: собралось около 30 тыс. воинов. Кроме того, на Высокой Горе базировалась конница «япанчи» /яппазцы /, яғни ( жаппастықтар) нападавшая на противника с тыла. Внушительную силу представлял собой конный отряд ногайцев ( 2 тыс.человек ). Однако пушек и пищалей не хватало./ 388-389/.Осы жерде Ноғайлардың 2 мың атты әскерлері деп отырғанымыз, жаппастардың 2 мың атты әскерлері деп түсінген дұрыс. Ол кезде жаппас тайпасының атты жасақтары Биік Тау деп аталатын жерге шоғырланғанын, сол жерден орыс әскерлерінің сыртына өтіп, кенеттен шабуыл жасағанын көріп отырмыз. Бұл жерде жаппастардың атты әскерлерінің Қазан қаласын қорғауға қатысуы мен Астрахан ханзадасы Ядыгардың таққа отыруы арасында тарихи байланыс болуы керек деп тұжырым жасауға болады. Осы жердегі Ядыгар деп отырғанымыз Едіге болу керек деп ойлаймыз. Едіге билік басына келуіне байланысты орыс мемлекеті мен Қазан ханды- ғы 1438-1552 жылдар аралығында билікке талас-тартысты бастан кешті.Билік басына жергілікті үстем таптың өкілдері мен орыс мемлекетінің қолдауымен билікке келгендер арасында қанды қырғын болып тұрды.Соңғы қырғын шайқастың нәтижесінде Қазан хандығы өзінің өмір сүруін тоқтатты деуге болады. Бұл жерде тарихи оқиғалардың қасында осы күнгі қазақ халқының құрамындағы кіші жүз, орта жүздің ру-тайпалары болғанын байқауға болады (арғын, қыпшақ, маңғыт, жаппас, ноғай барын т.б.) көреміз. Яғни, қазақ ру-тайпаларының атаулары кездеседі.
қайсақ
жаппас(ақсүйір)
06-03-14 16:16
« Казахи рода жаппас своим именем обязаны другому хазарскому племени « абаз », которое в свою очередь берет название от массагетского племени апасии / апасиаки. Название казахского рода алтын обязано своим происхождением западно кипчакскому племени алтуноба, которое в свою очередь связано со скифским этнонимом алазон-алзон-алдун-алтун."

Осыдан көріп отырғанымыздай, автордың ғылыми пайымдауы біршама шындыққа жақындайды деуге болады. Расында, Байұлы құрамындағы жекелеген тайпалардың тарихының өзінің бастауын көне дәуірден алатындығын жазба деректер ғана емес , сонымен бірге архелогиялық заттай деректер, яғни жәдігерлер де айғақтайды деуге болады. Былайша айтқанда, құлыптастардағы таңбалық белгілер, жартастардағы таңбалар, т.б. сақтар мен ғұндар дәуірінен қалған белгілер т.б. байқауымызға болады. Осыдан шығатын қортынды,жаппас және алтын тайпаларының ежелгі тарихы өзінің бастауын сақтар мен ғұндар дәуірінен алатындығын нақты сеніммен айта аламыз .Қорыта айтқанда, жаппас тайпасының тарих бетіне шығу кезеңдерін - Сақтар, Сарматтар, Аландар, Ғұндар, Массагет, Түрік, Хазар, Оғыз, Алтын Орда, Ноғай Ордасы, Қазақ хандығы деп тарқатуға болады.


Сағынгүл
sagingul95@mail.ru
11-02-14 00:02
ал мен жаппастың қаракөзімін)
Жазира
balapan-92@list.ru
01-02-14 17:05
Салеметсиздере!?Мен Кызылордаданмын.Жаппас деген рудын ишиндеги унгиттин кызымын,неге кызылорданы жаппастын жери дейди соны билгим келеди.Алдын ала жауаптарынызга рахмет...
қайсақ
жаппас(ақсүйір)
28-01-14 12:44
Қазақ халқының тарихындағы жаппас ру-тайпасының шығу тегі

Жаппас – қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, кіші жүз құрамындағы байұлы тайпасы құрамындағы 12 рудың бірі. Кейде Алтын руымен біріктіріп, алтын – жаппас деп те аталады.
Жаппас 5 атаға, кейде 6 атаға бөлінеді. Жаппастан – Сумырын, Қалқаман, Қаракөз, Қияқы, Шалтақ, Өңгіт аталары тарайды.
Жаппастар туралы алғашқы деректер А.Тевкелевтің құжаттарында кездеседі. Жаппас руы жайлы « Брокгауз - Ефрон » энциклопедиясында 1893 жылы, ал « Окраина» газетінде 1890 жылдары арнайы мақалалар жарияланған.
Енді қолымыздағы бар мағлұматтарға сүйене отырып; « Жаппас » атауының жер - су, тау - тас, елді - мекен, т.б. жерлерде кездесетіндігіне тоқталып өтейік.
По утрам, при определенных условиях, с высот Бермамыта можно наблюдать давольно редкое явление, известное под названием « Броккен- ский призрак ».Осы жердегі «Броккенский призрак» дегеніміз- « Біріккен аруақтар » немесе «Аруақтар алаңы » деген мағынаны білдіреді деп ойлау- ға болады.
Ойымыздың дұрыстығын төмендегі сөйлемдер де толықтыра түседі: - В горах на фоне белоснежных облаков вдруг появляется обрамленная радужным кругом гигантская тень человека или группа людей, находящ- ихся в этот момент на вершине гор.
Сол секілді, осы жерде « Шит-Жат-Мас » деген тауға байланысты ай- тарымыз, оны «Шет Жап-пас» тауы деп оқыған дұрыс. Себебі, таудың шет жақта орналасқандығы және жаппастардың осы таудың төңірегінде мекен -дегенін айғақтайды.
Гора Шит- Жап- Мас, высота ее 2130 м. над уровнем моря . Эта часть горного плато отличается искличительной прозрачностью воздуха и боль-шим количеством ясных дней.
Жанбасқала ( Жаппасқала - М.Ғ.), Ежелгі Хорезмнің қамалы, ежелгі бекініс орны. Қаңлы ұлысы заманынан сақталған ескерткіш. 1938-39жж. Хорезм археология - этнографиялық экспедициясы (жетекшісі- С.П.Толст- ов) зерттеген. Шикі кірпіштен қаланған, биіктігі 10-11 метр. Қабырғалары қос қабат болып келген.Сыртқы қабырғасының ірге жағында қаз-қатар тіз -ілген атыс орындары бар. қақпадан кірер жолдың қалтарыс, бұрлыстары көп. Қамал ішін қақ бөлетін кең көше бар. Қазбалардан табылған әр түрлі ыдыстардың құлақтары мен тұтқалары арыстан тәрізді хайуанаттардың басы бейнеленген. Олар ыдыстың ернеуін тістеп тұрғандай.
999 жылы Қарахандар билігі тұсында Самарқанд, Хиуа, Бұқарадағы қала мәдениеттері әлсіресе де, афрагилер мәдениеті күшейе бастады. Олардың мәдениет орталықтары-Қас, Қырық қыз, Диюқала, Шаббаз (Жаббаз немесе Жаппас – М.Ғ.) қалалары болды. Хорезм дүние дүние жүзіндегі ең арғы ер- те замандарда мәдени орталық болған аймақ, бұл арада басты мәдени орта- лық болып келген көп көне қалалар бар. Жамбасқала ( жаппасқала - М.Ғ.) , Топырақ қала, Қас, Урганж, Хиуа, т.б.Ерте замандардан бастап -ақ Хорезм мәдениетінің ірге тасын қалаған қаңлы- қыпшақ елдері.
Енді, халқымыздың аңыз - әңгімелері, жылнамалары, т.б. негізінде бізге келіп жеткен мағлұматтарға да назар аударатын болсақ нені байқаймыз?!
... Ертедегі аңыз - әңгімелерге қарағанда Кіндік төбе аралы тамаша жемісті қысы жоқ, қазыналы болуы керек. Онда адамның алғашқы жер бетіне кел- гендегі орны - « Адам ата төбесі » бар. Кіндік аралды ертегі жазушылар , жыршылар « Жазират ал – Жауһар » (« Асыл тастар аралы »), немесе « Жазир- ат ал -Яхут » (« Жахут аралы ») деп келеді.
Онда асыл тастардан салынған ғажайып сарайлар бар, оның бәрі тылсым- мен шартталған, перілер мен диюлардың күзетінде деп сипаттайды. Жаппастың ғажап сарайы сонда, оның Нұр қызы сонда деген аңыз бар.
Бұл аңызға сүйенер болсақ, Жаппас деген хан немесе өте бай адам болған. Оның асыл тастардан,өз байлығын көрсету үшін салдырған сарайы болған.
Сонымен бірге, осы асыл тастардан салдырған сарайда Нұр деген қызы тұрған. Жабық базардың ортасында бір үлкен күмбез бар. Ол зергерлер ор- ны тақи-заргарон деп аталады. Оның айналасы біріне - бірі тіркесе, араның ұясындай салына берген жабық базарлар.
Іші араның ұясындай болса, үсті әрқайсысының төбесіне,бір-бір дәу қаз-ан төңкеріп-қойғандай, қозы құйрық сияқты жусап жатқан балапан күмбез- дер тізбегі. Ортадағы үлкен күмбездің төрт жағында әшекейлі төрт қақпа. Қақпалары кең: ат - арбалы, жүкті түйе керуендер ерсілі- қарсылы өтіп жа- тады.Бұл қаладағы отыз сатылы атақты минареттен кейінгі ең биік ымрат (құрлыс) осы. Зергерлер күмбезі болып табылады. Мұның қай уақытта салынғаны, оны кім салғаны есте қалмай ұмытыла да бастаған.
Негізінен бұл құрылыс осы арада ежелден мекен етіп келе жатқан қыпшақ елінікі екеніне ешкім тласпайды. Кейбіреулер мұны салдырған Темірас деген әулие дейді. Ол баяғы атақты ғажап сарай салдырған Жаппас тұқымынан болса керек.
Бұл жерде, Отырар қаласында зергерлер күмбезін салдырған Жаппас тұқымынан шыққан Темірас деген әулие болып тұр. Махмуд Қашқаридің жылнамасында: - Этот город сначала строил Тахмурас (Темірас - М.Ғ.), который воздвигнул три крепости, через триста лет его достроил Афрасияб.
Егер Махмуд Қашғари 1072 – 1074 жж. аралығында «Диуани луғат ат - түрік» («Түркі тілдерінің сөздігі») деген еңбегін жазса, ондағы «Афра- сияб»-қа байланысты жағдайлар шамамен IX - Xғғ. болған. Сонда, Афра- сиябтың алдындағы - үш қамал, қала, т.б. салдырған Темірастың дүниеге келіп, өмір сүрген кезеңі жуық шамамен VI - VII ғғ. болып шығады.
Темірастың асқан шебер ұста болғандығында шек жоқ. Осы Темірас пен біз сөз еткелі отырған Жаппастың тұқымы әулие Темірас арасындағы байланыстылықты қарастырып көрелік:
- Мұхаммед Әбунасыр Әл-Фараби 870 жылы Отырар қаласында дүниеге келген. Шамамен, 876-877жж. аралығында 3 тілді (түрік-қыпшақ, парсы, араб) еркін меңгеріп шығады. Ал, жуық шамамен медресені 882-885жж. тәмамдап шықса, ол кезде 12-15 жастар аралығындағы кезі.
- Сонда, Мұхаммед Әбунасыр Әл-Фараби медреседе оқып жүрген кезінде атасы екеуі Отырар қаласын аралап көреді. Осы жерде: Жабық базардың ортасында бір үлкен күмбез болды. Ол зергерлер орталығы тақи-заргарон деп аталады. Яғни, әулие Темірас салдырған.
Оны, Әл-Фараби шамамен 880-882жж. аралығында ( ІХғ. соңғы шире- гінде-М.Ғ. ) көрген болып шығады. Яғни, ІХғ. соңғы ширегінде Отырар қаласында Зергерлер күмбезі болған. Бірақ, оның қай уақытта салынғаны, кім салдырғаны есте қалмай ұмытыла бастаған.
Осыдан мынадай тұжырым жасауға болады-адамның есіндегі аңыз-әңгімелер, шежірелер, жырлар, т.б. 1-2 ғасыр бойы сол күйінде сақталуы мүмкін, ал 3-4 ғасырдан кейін ұмытыла басталуы табиғи заңдылық деп ойлаймын. 1 ғасырда үш ұрпақ өмір сүрсе, 2 ғасырда алты-жеті ұрпақ өмір сүреді, ал енді 7-атадан кейін ұрпақтардың өзінің алдындағы бабаларының кім болғаны, не істегені, т.б. дәл білуі мүмкін емес.
Сондықтан, 3-4 ғасыр бұрынғы оқиғалардың ұмытыла басталуы табиғи заңдылық деп есептеймін.
Шығатын қортынды,Жаппастың ұрпағы Темірас әулие Зергерлер күмбезін Отырар қаласында (Тарбан немесе Қарашоқы деп аталған-М.Ғ.) VI-VIIғғ. салған болуы керек. Өзі де осы кезде өмір сүрген.
Ал енді, Мерв қаласы, үш қамал т.б. салуда басшылық жасаған неме- се салған Темірас пен Отырар қаласындағы Зергерлер күмбезін салған Темірас әулие арасындағы ұқсастық жөнінде не деуге болады ?! Екеуі де VI - VII ғғ.ішінде өмір сүрген тұлғалар...
Ал, сонда Жаппастың өзі қай ғасырда дүниеге келген ?
Біздің болжауымызша, шамамен ІV - Vғғ. Аралығында Жаппас руы тарих сахынасына шыққандығында дау жоқ.
Геродот пен Страбонның мәліметтері бойынша дайлар (Адайлар-М.Ғ.) ескіше V гасырдан жаңаша І ғасырға дейін Сырдарияның төменгі ағысына, Каспий теңізі жағалауының оңтүстік-шығыс жақ бөлігінде мекендеген.
Ескіше ІІІ ғасыр - жаңаша І ғасыр аралығында Қаңлы мемлекеті күшейіп Хорезм, Ферғана, Соғды аймақтарына билік жүргізгені тарихтан белгілі. Бұл кездері дайлар қаңлылардың қарамағында болды.
Ал, кейін бұл өңірлерге Батыс түрік қағанаты өз билігін жүргізген кезде дайлар оның құрамына енді...
Біздің болжамымызша, Жаппас руының тарихы-қаңлы, үйсін, қып- шақ, керей, найман, арғын, алшын, шөмекей т.б. қатар жарыққа шыққан болуы керек. Оның ішінде адай-мен қатар жарыққа шыққан секілді. Ол бастапқы кезде қалай аталғаны белгісіз. Себебі, қазақ халқының шежіре- лерінде-Қаңлы (кангюйт), адай (дай), т.б. атаулармен ұшырасатыны белгілі.
Осы секілді, Жаппас атауы да өзгеріске ұшырап, басқаша атпен жүгіруі ғажап емес.
Біз қолдағы бар жазбаша түп-деректер арқылы ғана өз болжамымыз- ды келтіріп өттік. Солардың бірі Жаппас руының қалай пайда болғандығы жөнінде ел аузында сақталып келген бірнеше аңыз-әңгімелердің біреуіне ғана тоқталып өтейік:
- Самсы анамыз Қыдырсиық әулетіне келін болып түскеннен кейін оған байдың бәйбішесі күн көрсетпейді, тіпті қастандық та жасайды.
Өйткені, Самса анамыз өте көркем, сұлу, ақылды болған. Ел жайлау- ға көшкенде екіқабат Самсыны жұртта адастырып тастап кетеді. Алғашқы кезде бәйбіше анамызды көшпен келе жатыр десе, кейін Самсы анамызды адасып кеткен шығар деп өтірік лақап таратады. Көште қалған Самсы ана- мыз қатты толғатып ауылдың (көшіп кеткен ауылдың-М.Ғ.) жанындағы жабта тұрған арбаның астына барып жайғасады. Туған баласының кіндігін өзі кесіп, баланы арбаның үстіне жатқызады.
Оны қоректендіріп (емізіп-М.Ғ.) болғаннан кейін жанына жатып, Самсы анамыз баласын етегімен жауып ұйықтап кетеді.
Көптен кейін оянса анамыз өз бетімен жүріп келе жатырған керемет әсем пәуеске арбаның ішінде баласымен екеуі жатқанына таң қалады.
Баланың үстіне жапқан етегін жинап қараса жаңа туған сәби ұйықтап жатыр екен.
Баланың денесі ашылған кезде пәуеске арба өзінен-өзі тоқтайды, ал етегімен қайтадан жапса пәуеске арба орнынан жылжып алға қарай өзінен-өзі жүре береді.
Бір күні сыртта отырған бай жылжып келе жатырған пәуеске арбаны көріп таң қалады, оның үстінде отырған Самсы анамызды таниды.
Жиналған жұртшылыққа пәуеске арбаның қалай қозғалатынын көрсету үшін етегін бір ашып, бір жабады.
Жас нәрестенің тектілігін байқаған жұртшылық болашақ әулиені «Жаппас» деп атап кеткен.
Бұл керемет құбылысты көрген бәйбіше ызасы келіп үйіне (киіз үй-М.Ғ.) кіреді. Оң жақта тұрған сабаны пісіп-пісіп жібергенде одан бір құс ұшып шығады.
Құс шаңырақтан серпе шығып Жаппас атанған жас сәбидің қасына қонады, сәлден кейін көзден ғайып болып ұшып кетеді.
Оны көрген жұртшылық баланың текті екенін байқайды, болашақ әулиенің еліне құт-береке әкелетініне үміт артады.


Мейрамбек
ibraev.68@mail.ru
28-01-14 06:58
Меніѕ де руым-Жаппас, оныѕ ішінде Тоќай, мойнаќтар дейді ќазір. Бјріѕе сјлем, АЄАЙЫН!
Самат
xi_ki_max@mail.ru
21-01-14 19:03
Ассалаумағалейкум рулас ағалар! амансыздарма? жалпы менде ЖАППАС руынан шыкканмын онын ішінде СУМҰРЫНнан жалпы ағалар осы тақырыпқа байланысты деректер болса осы жерге жазып калдырыныздаршы отініш немесе 87781911090 номеріненыздаршы хабарласы
Аружан
i.l.o@bk.ru
16-01-14 08:57
Мен Атырауда тҰрам.Мен кердерінің-қҰлТайымын.
Берик
13_biko@mail.ru
06-01-14 11:40
руым ЖАППАС,Калкаман ымын

Берик
13_biko@mail.ru
06-01-14 11:33
Сосын него ЖАППАС Адайдан тарамайды,коби шатастырады негизи былай АДАЙдан тараган Акпан деген баласы бар ,сонын айели Алтын,ЖАППАС оз алдына ЖАППАС,онын АДАЙГА да АЛТЫНГА ДЫМ КАТЫСЫ ЖОК,
Берик
13_biko@mail.ru
06-01-14 11:26
АССАЛАУМАГАЛЕЙКУМ ЖАППАСТАР,негизи ангиме былайго,шын манин де 12 АТА БАЙУЛЫ атамыздан 3 бала тарайды олар СУЛТАНСИЫК,КЫДЫРСИЫК,БАКЫТСИЫК!! Сұлтансиықтан бес бала: Байбақты, Алаша, Масқар, Тана, Қызылқұрт. Қыдырсиықтан алты бала: Ысық, Беріш, Адай, Таз, Есентемір, Шеркеш. Бақытсиықтан бір бала қалған: Жаппас.Байұлының тоқалы Алтын жетім қалған Жаппас немересін өзінің балаларына қосып өсірген. Алтын деген - Қыдырқожаның (Байұлының) кіші тоқалы. Байұлы қарттың үлкейгенде орта жүздегі Қыпшақтан айттырып алған ең кіші әйелі. Яғни, Алтын деген - Қыпшақтың қызы!!!КОРОЧЕ АЛТЫН деген айел адам ол 12 ата БАЙулына тукте катысы жок ОЛ КЫПШАК.
қайсақ
жаппас(ақсүйір)
01-01-14 10:47
Жаңа жыл кұтты болсын,бауырлар !!!
қайсақ
жаппас(ақсүйір)
26-12-13 18:11
Бөкей хандығы құрамындағы Байұлы тайпалары және жаппастар тайпасының тарихына шолу

Бөкей хандығында рулық басқару сақталды. Ұсақ руларды біріктіріп әкімшлік ру құрылған. Бұрынғы 17 әкімшілік ірі рудың орнына 1830 жылыдары хандықта 12 әкімшлік ру қалған. Әр руды сұлтан басқарған, сұлтанның кеңсесі, арнаулы мөрі болған. Жеке руларды басқарушыларды би немесе мырза деп атаған. Жеке рулардың өзі бірнеше ұсақ руларға бөлінген, оларды старшындар басқарған. Мысалы, 1825 жылғы архив құжаты бойынша Жаппас руы 600 шаңырақтан құралған, ондағы ер адам саны – 2 400, түйе – 3 000, жылқы – 30 000, сиыр – 6 000, қой – 89 000 бас. Руды сұлтан Әбілұлы басқарған, старшындары Тойболатұлы мен Шиянұлы. Тана руында 12 старшын, Беріш руында (хан руы) 15 старшын ел басқарған .
Бөкей ордасындағы ең төменгі басқару – жүйесі ру тармақтарын басқару. Ру тармақтары ауылдарға бөлінген. Ру тармақтарын басқаратын старшындар ханның ұсынысымен тағайындалып, Орынбор Шекара Комиссиясы бекітетін. Старшындардың міндеті «ру тармағында тыныштық сақтау, жайылымды анықтау, салықтарды жинау, мұндағы болып жатқан істер жайында дер кезінде хабарлау, елдегі әр қилы дау-жанжалды халықтың әдет-ғұрпы жолымен шешіп отыру .
1862 жылы Бөкей ордасында 178 старшын болыпты. Ру жері ондағы адамдардың бәріне ортақтын. Әрбір старшын қол астына 20-50 шаңырақтан келген. Мысалы, Тана руының старшыны Тасболатұлының қарауында 98 киіз үй, 39 түйе, 195 жылқы, 88 сиыр, 926 қой, ал Шұбарұлы басқарған ру тармағы бұдан гөрі кедей болған. Онда 48 үй, 5 түйе, 28 жылқы, 12 сиыр, 152 қой ғана бар екен. Бұдан біз ру старшындарының бәрі бірдей ауқатты бола алмағанын көреміз .
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ішкі орда жеті округке бөлінеді. Округтерге ру басшылары бағынған. Қамыс-Самар, Тал, Нарын, Қалмақ, Торғын, Бірінші Каспий маңы округі және Екінші Каспий округі. Әрбір
округтің басшысы Бөкей хан тұқымдарынан болды. Округ жерінде рулар аралас тұрған. Әрбір округтің кеңесі болған, оның басшысы орыстан қойылған. 1853 жылы Ішкі ордада 14 ру басшысы болған, олар округтің кеңсе басшысына бағынған.
14 ру басшлыары төмендегідей:

Ру басшыларының
аты-жөні Басқарған рулары Олардағы мал саны
Түйе Жылқы Ірі қара (сиыр) Қой мен ешкі
1 2 3 4 5 6
Сұлтан Әділ Бөкейханұлы Адай, Есентемір, Масқар 56 990 26 2326
Сұлтан Ахметкерей Хансұлтанұлы Байбақты - - - -
Сұлтан Меңдігерей Бөкейханұлы Шеркеш 130 2100 200 5000
Сұлтан Құшақғали Шығайұлы Қызылқұрт 50 321 34 812
Сұлтан Мұхамбетқали Қасымұлы Кете - - - -
Сұлтан Жанбөбек Бөкқалиұлы Алаша 31 480 42 423
Сұлтан Хангерей Хансұлтанұлы Жетіру 4 220 - -
Сұлтан Жанғаншақ Жиенғалиұлы Тана 107 1250 213 1100
Сұлтан Жанхан Өтебалиұлы Жаппас - - - -
Сұлтан Тәуке Бөкейханұлы Ысық 33 270 23 822
Сұлтан Мірқайдар Шығайұлы Қызылқұрт - - - -
Сұлтан Бесжан Әбілғазыұлы Төлеңгіт 5 16 7 35
Сейітбаттал Балқыұлы Беріш - - - -
Сұлтан Дәулеткерей Шығайұлы Ноғай - - - -

Бөкей ордасындағы жаппас тайпасы руларының тарихына байланысты «История Букеевского ханства.1801-1852 гг.»// Сборник документов и материалов.// Алматы « Дайк-Пресс », 2002. Бұл еңбекте негізінен Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Мұрағат қорынан алынған құжаттар негізіндегі жазбаша түпнұсқасынан алынған деректер берілген. Бұл құжаттар ішінен тікелей тақырыбымызға байланысты, жаппас тайпасы және ішінара байұлына қарайтын тайпаларға байланысты жазбаша деректерді ғана алып пайдаланғанымды атап өткім келеді... « 1829 жылы сәуір айының 3-і күні Жәңгір ханның Орынбор шекаралық комиссиясының бастығы Г.Ф.Генске жолдаған хабарламасы. № 386. Бұл жерде, Бөкей ордасының билеушісі Жәңгір ханның қарамағындағы өзіне қарасты ру-тайпалардың ішінен қаншасы сұлтан Қайыпқали Есімұлының қоластына көшіп кеткендігі туралы дерек келтірген. Яғни, Жәңгірдің саясатына наразылық ретінде қарсылық көрсеткен кіші жүздің төмендегі ру-тайпалары көшіп кеткен: Байбақты руынан-204 киіз үй, Алаша руынан-230 киіз үй, Тана руынан-100 киіз үй, Беріш руынан-80 киіз үй, Масқар-15 киіз үй, Адай-12 киіз үй, Жаппас-10 киіз үй, Ыссық-10 киіз үй, Кете - 7 киіз үй, Шеркеш- 6 киіз үй. Барлығы- 674 киіз үйдің көшіп кеткенін атап өтеді. Бұл деген сөз сұлтан Қайыпқали Есімұлының соңында 674 киіз үй бірге көшіп жүрген деуге болады.Оны адам саны бойынша есептейтін болсақ, әр киіз үйде 5 адамнан болды дегеннің өзінде, шамамен сұлтан Қайыпқали Есімұлының қарамағында 3 мың 370 адам болған ( шамамен, 4 мың адам) дейміз. Бұл үлкен күш болды деуге болады. ( ЦГА РК. Ф.И-4. Оп-1. Д-1685. Л-596. ) Бөкей ордасындағы хан кеңесінің мүшелерінің қатарында әр ру-тайпалардың билеушілері болған. Солардың қатарында жаппас Көшетер(Кошетер) Мойнақұлы(Муйнаков), Үсе Төлегеновтің аты жөндерін кездестіреміз. Сонымен бірге, Исатай Тайманов, Иманбай Қалдыбаев, Байтөре Айдаушин, Қамыс Күшіков, Айтуған Албашев т.б. аты-жөндері кездеседі. ( ЦГА РК. Ф. И-4. Оп.1. Д.1685. Л.391-400.) Бұл жерде, Бөкей ордасындағы ру-тайпалардан алым-салық жинайтын ру-тайпа басшыларының аты-жөндері берілген. Олар ханның қазынасы үшін және әртүрлі міндеткерліктер үшін қол астындағы рулардан алым-салық жинау үшін тағайындалған ру басшылары деуге болады. Солардың қатарында, жаппас руынан би Жүзбай Ботақановтың да аты-жөні кездеседі. Бұдан басқа, ыссық руынан-сұлтан Тәуке Бөкеев, би Жантөре Ақтанов, байбақты руынан-Шоқы Нұралиев және оның баласы Медет Шоқыұлы, адай руынан- би Сырғабай Мәмбетов, масқар руынан- Шора Кедейұлы, т.б. барлығы 14 рудың билерінің аты-жөндері берілген. Осы жерде Исатай Тайманұлы бастаған кіші жүз қазақтарының неліктен қолдарына қару алып қарсылық көрсеткендіктерінің себебін осыдан( салық түрінің көбеюінен ) іздеген дұрыс секілді. Оны төмендегі сөйлем жолдары да дәлелдей түседі: «Исатай Тайманов решился было сказать хану, что он слишком притесняет народ, и просил его отменить означенные сборы или, по крайней мере, уменшить их. Хан принял его за бунтовщика, донес об этом начальству и приказал задержать Исетая, но он ушел с частью приверженцев своих за Урал...» ( ЦГА РК. Ф. И-4. Оп.1. Д.2231. Л.18-21. )
№ 437.
1840 г., июня 3.- Формулярный список о службе и достоинстве султана Чинике Аблаева. Султан Чиника Аблаев, 42 года. Управляет джаббасовским родом с 23 ноября 1820 г. По- татарски читать и писать знает. Жена Янгара Дарыева 41 года. Сыновей семь; Батыргали 21 года, Бектигали 19, Иргали 17, Пиримяр18, Сафаллаяр 15, Мухамедий 11 лет. Дочерей две: Каракиза 23, Газиза 11 лет. ( ЦГА РК. Ф. И-78. Оп.4. Д. 178. Л. 115 и об.,118.)
№604.
1845 жылы тамыз айының 15 күні Ішкі орданың сұлтандары, билері және старшындарының Орынбор әскери губернаторы В.А.Обручевке жазған мәлімдемесінде Жәңгір ханның қайтыс болғандығын хабарлайды. Оған Ішкі орданың барлық сұлтандары, билері және старшындары өздерінің қолдарын қойып, мөрлерін қойған.Солардың қатарында жаппас руының биі, хан кеңесінің мүшесі Жүзбай Ботағанұлының да мөрі қойылған. Одан басқа да , көптеген билердің қолдары мен мөрлері бар. - Сұлтан Бажақ Қасымов, Дәулеткерей Бөкейханов, Сұлтанкерей Хансұлтанов, Үмбетқали Төменов,т.б. сұлтандармен бірге, тархан Кенжебек Сатықов, би Шомбал Ниязов, би Алтай Досмухамедов, старшина Иман Есеев,Саламат Есекенов,Айтуған Айбашев, т.б. көптеген билер мен старшындардың аты-жөндері келтірілген. (ЦГА РК. Ф. И. Оп. 1. Д. 2350. Л.26-29.)

№416.
1843 жылы желтоқсан айының 2 күні Ішкі орданың қазақтарының Орынбор әскери губернаторы В.А.Обручевке жазған өтініштерінде, өздерін Орал казак әскерилер жасағына алуларын сұрайды. Бұл жерде Ішкі орданың құрамында-ғы кіші жүздің ру-тайпаларының Жәңгір ханға наразылық ретінде оның қара-мағынан шығып, Орал казак әскерлерінің құрамында болғылары келетіндік-терін жазады.Оған себеп, Жәңгір ханның ұстанған саясаты мен алым-салық түрінің жылдан-жылға көбейіп отырғандығы, халықтың әл-ауқатының нашарлап кетуінен деуге болады. Соған байланысты, халықтың Жәңгір ханға деген сенімі жоғалып, оның қол астынан кетіп қалу арқылы оған деген наразылықтарын білдіруге тырысты десек болады. Олар: Ноғай руынан- Досмұхамед Құлментенев өзінің мөрін қойып және өзіне қарасты 45 адамды бірге алып кетпекші, осындай іс-әрекетке, өзінің туысқандарымен бірге 100 адамын ертіп Жәнібек Қошаев та қосылады ( ноғай руы, мөрін басады). Сонымен бірге,шеркеш руынан 30 адамын ертіп, өзінің мөрін басып Айболат, беріш руынан- Кененбай Сандыбаевтың 20 адамы мен мөрі бар, байбақты руынан- Қошан Құлжаев 40 адамы мен мөрі бар, байбақты руынан-Бекбауыл қарт 100 адамы мен мөрі, алаша руынан - Қартоғай қарт 50 адамы мен мөрі, жаппас руынан-Досмекей Еділов өзінің туған-туыстарымен өзіне қарасты 50 адамымен және мөрі қойған. Мұнда; масқар руының барлық тармақтарының аты-жөндері мен мөрлері бар. Қорыта айтқанда, бұл жерде кіші жүздің- ноғай, байбақты, беріш, шеркеш, алаша, жаппас, масқар, т.б. ру-тайпалардың өкілдерін кездестіріп отырмыз.
( ЦГР РК. Ф. И-4. Оп.1. Д. 2231. Л. 601-602) .
№ 624.
1845 жылы қазан айының 2 күні Орынбор шекаралық комиссиясының кеңес-шісі И.М.Бикмаевтың қызмет хатында марқұм Жәңгір хан тұсында оның қол астында әртүрлі қызмет қылған ру басшыларының, депутаттардың, хатшы-лардың т.б. тізімдері көрсетілген. Барлығы 13 рубасыларының тізімі келтіріл-ген: Байбақты руына- сұлтан Шоқы Нұралиев, Алаша руына-Жанбөбек Бега-лин, Жаппас руына- сұлтан Батырғали Чиникин ( Шынықұлы болуы мүмкін ), Тана руынан- сұлтан Жаханша Шынғалиев, Жетіруға-сұлтан Хан-герей Сұлтанов, шеркеш руына- сұлтан Меңлікерей Бөкейханов, Кете руына- сұлтан Тоғым Шығаев, Ыссық руына- сұлтан Тәуке Бөкейханов, Қызылқұрт руына- сұлтан Қошақғали Шығаев, ноғай руына- би Шомбал Ниязов, Беріш руына- би Балқы Құдайбергенов, масқар-есентемір-таз-адай руларына сұлтан Әділ Бөкейханов басшылық жасап қана қоймай, ол жалпы Ордаға билік жүр-гізіп отырды. ( ЦГР РК. Ф. И-4. Оп.1. Д.5440. Л.10-11. ) . Осы мұрағат қорларының іс-қағаздардың ішінде төмендегі құжатты ерекше атап өтуге болады. Себебі, мұнда 1845 жылғы қараша айының 13 күні бойынша келтірілген Ішкі Орда ру-тайпалары старшындарының тізімдері берілген.Олар өте көп болғандықтан, мен тек қана жаппас руына байланысты жазбаша деректерге тоқталғанды дұрыс деп тауып отырмын. Бұл жерде барлығы 14 рудың старшындары аты-жөндері, айлық ақысы, зекет, соғымы, т.б. көрсетілген. Бұл,14 рудың барлық бөлімшелерінің ( тармақтарының ) старшындарының аты-жөндері көрсетілген.Сол себепті,бұл жерде тек жаппас руының ғана тармақтары бойынша ашып көрсетпекшімін: Жаппас руы; Қаракөз тармағы (бөлімшесі ) бойынша-старшын Досмұхаммед Өтешов,1844 жылғы айлық жалақысы-1000, 1845 жылғы айлық жалақысы-1000, 1845 жыл-ғы соғымы-3. Байғұл тармағы (бөлімшесі) бойынша-старшын Бейбіт Аралов, 1844 жылғы айлық ақшасы-1300, 1845 жылғы айлық ақшасы-1000, 1845 жылғы соғымы-4. Андағұл тармағы( бөлімшесі) бойынша старшын Ілияс Сүрікәлиев, 1844 жыл-400, 1845 жыл-300, соғым-2. Осы тармақтың тағы бір старшыны- Әліше Жанғарин, 1844 жыл-800, 1845 жыл-600, соғым-3. Қияқы тармағы (бөлімшесі ) бойынша- старшын Ықылас Жандалин, 1844 жыл-1200, 1845 жыл-1000, соғым-4. Досмекей тармағы( бөлімшесі) бойынша- старшын Міндәлі Өтеулиев, 1844 жыл-1600, 1845 жыл-1100, соғым-3. Қарақұл тармағы (бөлімшесі) бойынша- старшын Жүсіп және Көжебай, 1844 жыл-800, 1845 жыл-600, соғым-3. Осы тармақтың тағы да бір старшыны-Байтанат Күнтубаев, 1844 жыл-300, 1845 жыл-200, соғым-2. Бегіс тармағы (бөлімшесі) бойынша – старшын Тау Сүтембаев, 1844 жыл-400, 1845 жыл-200, соғым-2. Осы тармақтың тағы бір старшыны- Асан Баярсыланов ,1844 жыл- 600, 1845 жыл- 300, соғым-2. Сейітқұл тармағы ( бөлімшесі) бойынша- старшын Жанту Құлбаев, 1844 жыл - 1400, 1845 жыл - 900. Осы тармақтың тағы да бір старшыны Аранжан және биі Жүзбай Ботақанов, 1844 жыл-4600, 1845 жыл-3500, 1845 жылғы соғымдары-10.( ЦГА РК. Ф.И-4. Оп.1. Д.5440. Л. 37-46. ) Осындай құнды мұрағат қорындағы жазбаша деректер қатарына 1850 жыл-дың желтоқсан айының 23 күні келтірілген Ішкі Ордадағы мұсылман дінбасыларының аты-жөндері көрсетілген тізімнің де маңызы зор деуге бол-ады. Бұл жерде де 16 рудың барлығының мұсылман дінбасыларының тізім-дерін толық жазбай-ақ, ішіндегі жаппас руындағы дінбасыларының аты-жөн-дерін жазып өткеніміз де дұрыс болар деп ойлаймын. Бұл жерде марқұм Жәңгір ханның тұсында сайланған дінбасылардың аты-жөндері келтірілген: 1840 жылы 28 мамыр күні , жаппас руының қияқы тармағына(бөлімшесі) Таңатар Құдайбергенов мұсылман дінбасы болып бекітілген. 1840 жылы 1шілде күні, жаппас руының байғұл тармағына (бөлімшесі) Есдәулет Жанбатыров мұсылман дінбасы болып бекітілді.1841 жылы 30 мамыр күні, жаппас руының сейітқұл тармағына (бөлімшесі) Таңатар Бостанов мұсылман дінбасы болып бекітілді. 1841 жылы 1 шілде күні,жаппас руының байғұл тармағына (бөлімшесі) Мұңқатбас Аралбаев мұсылман дінбасы болып бекітілді. 1841 жыл 2 шілде күні, жаппас руының қаракөз тармағына (бөлімшесі) Сайлаубай Дүтбаев мұсылман дінбасы болып бекітілді. 1844 жылы 21 мамыр күні, жаппас руының қаракөз тармағының (бөлімшесі) Жұма Мұсылманов мұсылман дінбасы болып бекітілді. Осыдан көріп отырғанымыздай, марқұм Жәңгір хан қоластындағы өзіне қарасты ру-тайпалардың ішіндегі мұсылман дінбасыларын 1840 -1844 жылдар аралығында бекіткендігін көріп отырмыз. Бұл жерде барлығы 113 мұсылман дінбасыларының аты-жөндері тіркелген. Олардың барлығын жазып жатпай-ақ, тек бір рудың төңірегіндегі марқұм Жәңгір ханның көзі тірісінде өзі бекіткен мұсылман дінбасыларының аты-жөндерін келтіріп кеткенді дұрыс деп тауып отырмыз. ( ЦГА РК. Ф. И-4. Оп.1. Д.5504. Л.7-11.)

Адаистаннан,Адай жигит
Man@@1980@mail-ru
22-12-13 15:29
Ассаламуалейкум,Алтын руы Адайдын ишинде Акпан тайпасынан шықкан
қайсақ
жаппас(ақсүйір)
16-12-13 12:58
Кеңесіңізге рахмет. Алдағы уақытта білетін болдым.Себебі,шежіреге терең біліммен бармасаң болмайды ғой.Адам өзі жақсы білетін тақырыпты ғана қозғау керек қой... Мақсат Ниеталиев ағамыздың кітабындағы жаппастарға қатысты жазған пікірлері толықтай дәйектемелермен дәлелденбеген болжамдар ғана деп ойлаймын...
Жаппас
16-12-13 04:40
Қыз алысу жеке руда болады. Ақсуйiр жеке аталық. Сондықтан қыз алысатын ретi бар.
Бейсенбай
www1994kz@mail.ru
15-12-13 20:14
Ассалаумағалейкум бауырлар.Мен Құрманай жаппаспын.Туып өскен жерім Қостанай қаласы.Кезінде аталарым көш келген деп естігем.Құрманай жаппас туралы ақпарат болса қалай тауып алуыма болады.??? Көмектерінді берсеңіздер
қайсақ
жаппас(ақсүйір)
01-12-13 17:06
Тұрар бауырым, мақаланы оқи отырып өзіңе қатысты деректермен танысарсың деген ойдамын...
қайсақ
жаппас(ақсүйір)
01-12-13 16:57
« Жасауыл қырған » оқиғасы туралы шындық

« Жасауыл Қырған » дастанының шығу тарихын 1936 жылы Торғай қаласында Нұрқипов
деген азамат ел аузынан жазып алған. Қолжазбаның жалпы көлемі 24 беттен тұрады.
Тарихшы Е.Бекмаханов өзінің « Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында » деген ең-бегінде, Алматы,1994 жыл. 50- б., 384- б., т.б. қысқаша түсініктеме беріп кеткен.
« Жасауыл қырған » дастаны Наурызбайдың 90 жасауылының 1844 жылы жаппастықтар-
дан( жаппас руынан ) зекет жинау кезінде қырылып қалғанын жырлауға арналған.
Өлтірілген жасауылдар жерленген орын « Жасауыл қырған » деп аталып кеткен. Жаппас
руының ру басы зауряд- хорунжий Төлегеновтың зекет жинаушыларды бір түнде қалай
қырып салғаны суреттеледі. Дастанда егжей-тегжейлі айтылатын фактілер жазба құжаттар
арқылы расталған. Мысалы, жақында біз Чкаловтың тарихи архивінен билеуші сұлтан Ахмет Жантөриннің қысқаша хатын таптық, онда Наурызбайдың жасауылдарының қалай
қаза болғандары және бұл оқиғаға жаппас руының тармақтары қалай қарайтыны айтылған
Бұдан басқа, Омар Шипиннің « Жеті батырдың қысқаша тарихында » да бұл оқиғаны көзі-мен көргендердің сұраққа жауаптары келтірілген. Осылардың бәрі оқиғаның нақты қалай
болғанына көз жеткізуге көмектеседі.
Кенесары Қасымұлы мен оның серіктері туралы едәуір фольклорлық материал жинаған адам- Қазақстанның халық ақыны, Қостанай облысының Обаған ауданында өмір сүрген Омар Шипин.Осы материалдың негізінде Омар Шипин «Жеті батырдың қысқаша тарихы»
деген дастанын жазды, ол Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының қолжазба қорында сақтаулы.Омар Шипин солардың аузынан жазып алған әңгімелер мен жырлар-дың авторларының көбі оқиғаға тікелей қатысқандар. Мәселен, Шұбар Наурызбаев пен Жамантайдан Омар Шипин Құсмұрын приказының құрылу тарихын, Кенесарының Орта-лық Қазақстан даласынан кету жағдайын және Кенесарының 1847 жылы қырғыз манап-тарымен соңғы шайқасын жазып алған.
Өзге материалдарды Ома Шипин әкелері не туыстары оқиғаларға қатысқан немесе соны көздері көрген адамдардың айтуымен жазып алады; көп оқиғалар қариялардың аузынан
жазып алынған. Омар Шипин шығармасының өте маңызды болатын бір себебі, ол Кене-сары кезінен бері сақталған материалдық ескерткіштердің тізімін береді және Кенесары
есімімен байланысты орындардың тарихи тұрақтарын суреттеп жазады...
Омар Шипин « Жеті батырдың қысқаша тарихы » дастанындағы айтылған оқиғалардың
расында да архив деректерімен толық дәл келетіні дәлелденген. Онда Наурызбайдың
90 жасауылының қаза қаза табуы егжей-тегжейлі айтылған./ Е.Бекмаханов. сонда.,53-бет /
... « Кенесарының Жаппас руына тізе батыруына мынадай оқиға себеп болды: 1844 жылы
осы Жаппас руынан зекет жинауға Наурызбайды 100 жасауылымен жіберген болатын. Бұл
кезде Жаппас руының билеушілері Алтыбай мен Жанғабыл бастаған кейбір тармақтары патшалы Ресеймен тығыз байланыста болып,ішінара Қоқан хандығымен де сыбайласа ара-ласты. Жаппас руының билеушілері Алтыбай мен Жанғабыл бастаған ауыл тұрғындары
Наурызбай мен оның жасауылдарын иіліп қарсы алып, өздеріне жүктелген зекетті жинап беруге уәде етіп, кешке қонақасы беріп ауыл-ауылға бөліп қондырды.Түн ортасы ауып, жасауылдар ұйқыға кеткенде, зауряд хорунжий Жанғабыл өзінің қол астындағы жасақтар-ын жинап, Наурызбай мен оның жасауылдарын өлтіруге уәделесті. Жанғабыл Төлегенов-
зауряд хорунжий, би, 46-дистанцияның бастығы, Жаппас руының Қарасұр тармағын бас-
қарды.Ол Торғай мен Тобыл аралығында көшіп жүрді, қыстауы Сырдария өзенінің бойын-
да болды. Жанғабыл өзінің ойға алған ісін сәтті аяқтау үшін, әрі қол астындағыларды жігерлендіру мақсатында өзінің соңынан бүлікшілерді жоюға күшті орыс отряды келе жа-тыр деп хабар таратты,ал кімде-кім көтерлісшілерге қарсы шығудан бас тартса, қатаң жау-апқа тартылады деп үрейлендірді. Сондықтан да Жанғабыл кездестірген қандай да болма-сын жаппас руының адамдары оның сөзіне еріп бүлікшілерге қарсы көтерілді және олар-
дың қолға түскенін қырып-жоя бастады. Жанғабыл жасауылдарды өлтіріп Наурызбайдың
қосына жақындаған кезде, қастандық туралы жапас руының адамдарының бірінен хабар-
ланған ол,өзінің бірнеше серіктерімен жасырынып үлгерген еді. Наурызбайдың жүз жас-ауылының 95-і қаза тапты, олардың ішінде Кенесарының сүйікті батыры Байтабын да бар
еді; Байтабын ұзақ атысып, қатты қарсылық көрсетті, ең соңында оны батпаққа тықсырып,
қоршауға алған кезде оққа ұшты.Осы оқиғаға байланысты зауряд хорунжий Жанғабыл Төлегенов Орынбор Шекара Комиссиясына жолдаған рапортында былай деп жазды:
« Ресейдің бодандығында адал боламыз деген антымызға сай және патшамыздың жаулар-ынан кек алу үшін біз қас дұшпандарымыздың 95 адамын өлтірдік ».
Кенесарыға Байтабын батырдың өлімі өте қатты батты. Омар Шипин өзінің « Жеті батыр-дың қысқаша тарихы » деген дастанында сол кезде Наурызбаймен бірге болған жасауыл
Төлегеннің әңгімесін келтіреді.Кенесары Байтабын батырдың қаза тапқанын естіген соң, өзінің барлық жақтастарымен бірге үш тәулік бойы аза тұтады.Төртінші күні батырдың бейітіне ескерткіш орнаттырды.Осы ескерткіш әлі күнге дейін сақталған.Ескерткіш орнатылған жер « Байтабын доңызы », ал көз жұмған жері «Байтабын соры » деп аталады.
Болған оқиғадан кейін Кенесары Жалпақ бастаған өзінің өкілдерін Арғын руының басшы-сы Шеген Мусинге жұмсап, онан « жаппас руының өкілдерімен жоғарыдағы аталған оқиғаға байланысты бітімге келу үшін араға түсуін және бұл оқиғаға Наурызбайдың өзі кінәлі ме, сол туралы мәлімет жеткізуін өтінеді.
Сөйте отырып, жаппас руының бағынбай жүрген рубасыларын тәубасына келтіру үшін, Кенесары Жанғабыл бидің және басқа да қырғынды ұйымдастырушылардың ауылдарына
қарулы шабуыл жасайды,соның салдарынан жаппас руының бірқатар ауылы талқандалды.
Жанғабылдың, Алтыбайдың, Сұлтан Омаровтың, ауыл иесі Мырзабек Құлмановтың, Ни-ман Алтыбаевтың, Наурызбайдың жасауылдарын қыруды ұйымдастырғандардың бәрінің
біраз малдарын айдап әкетеді. Жаппас руының ауылдарына шабуыл жасау барысында Кенесары жасауылдарының өліміне кінәлі болмаса да, кейбір бейбіт жаппас ауылдарына
шектен тыс қатыгездік жасау ісі де орын алған./ Е.Бекмаханов. сонда., 181-бет /.
Алайда Жаппас руы тармақтарының дені,Наурызбайдың жасауылдарының өліміне қатысы
жоқтары, көтерлісшілерді белсене қолдауын тоқтатқан жоқ. Бұған Наурызбайдың жасау-ылдарын қыруды ұйымдастырушының бірі-Жаппас Елемес Сұлтабаевтың билеуші сұлтан
Ахмет Жантөринге мына жауабы дәлел:
« ... Сұлтан Кенесары Қасымов маған және заурд хорунжий Жанғабыл Төлегеновке өткен жылы Кенесарының жақтастарын өлтіргеніміз үшін өштесуде,ол бізге шабуыл жасамасын
деп ауылдарымызбен Сібір Шебіне қарай жылжыдық. Бірақ руластарымыздан 120 ауылға
қарасты ел-жұртымыз Торғайға қарап бөлініп кетті. Біздің қанша бөлінбеуге шақырғаны-мызға қарамастан,олар Кенесарыдан бас тартпаймыз,себебі біз оның жақтастарын өлтіру-ге қатысқан жоқпыз деп жауап берді.
Кенесары ешқашан жаппастықтарды( жаппас руының өкілдерін- М.Ғ) өзінің саяси дұшпа-ны санамаған. Жанжалды тоқтату мақсатында ол 1845 жылы Жаппас руына өзінің өкілін бітімге келу үшін келіссөз жасауға жібереді.Кенесары « үш адамға- Байтабын, Қанай және
белгісіз тағы бір азамат үшін құн төлеуді талап етті.Сонымен бірге олардың мінген аттары
мен қындарындағы қылышын қайтарса, онда ол Жаппас руына ешқандай кек сақтамай, біткен іске салауат дейміз »,- деді./ Е.Бекмаханов. сонда., 182-бет /.
Осы жерде, Кенесары көтерілісін Жаппас руының тармақтарының барлығы бірдей қолдап,
оған тікелей қатысты десек біздің тарапымыздан үлкен қателік болар еді. Кенесары қозға-лысына байланысты біз жаңалық ашқалы отырған жоқпыз, осы көтерілістің ішіндегі бір Жаппас руының төңірегінде ғана сөз қозғап, сол арқылы қазақтың өзге де ру-тайпалары-ның басынан кешкен оқиғаларға тарихи талдау жасауға тырыстық.Себебі, осы көтерліске
байланысты қазақтың үш жүзінің де ұстанған жолдары бірдей деп баға беруге болады.
Мысалы, Кенесары Қасымұлының Орынбор Шекара Комиссиясына немесе тікелей губер-наторына жіберген мағлұмдама хатына назар салып көрелік: Назар руының қазақтары қаз-ақтары менің көп жылқымды айдап әкетті,сәл уақыт өткен соң мен біраз арғындарды ертіп
өзара дауды бітістіру үшін соларға бардым, бірақ олар бізбен төбелесіп, көп адамымызды
өлтіріп, көбін тұтқындады.
Тағы да бір осындай хабарламаға тоқталайық: « Тілеуқабақ және Қарабас руларының қазақтары бізді жыл сайын мазалауда. Біз оларға адамдарымызды жіберіп жылқымызды айдап кеткен істерін қарағымыз келіп еді, бірақ олар мүлде бет бақтырмай қойды. Бұл ту-ралы билеуші сұлтандарға айтып едік, олар да біздің өтінішімізге көңіл аудармады ».
Осы жерден көріп отырғанымыздай, Кенесары қозғалысын қазақтың барлық рулары мен тайпалары қолдады деген түсінігімізге қайшы келеді.
Кенесары қозғалысының кең көлемді, бірыңғай ұлт-азаттық майдан болып құрылуына он-ың өзінің қателесулері де бөгет жасаған. Атап айтқанда, патша өкіметін қолдаған сұлтан-дармен және билермен күрес жүргізген кездерінде Кенесарының бейбіт рулардың ауыл-дарына шапқыншылығы жұрттың жанына қатты батқан-ды. Мысалы, Кенесары көтерліске
қосылудан бас тартқаны үшін Жаппас руының ауылдарын үш рет- 1843, 1844, 1845 жыл-дары аяусыз талқандады. Кейде Кенесары ауыл тұрғындары көтерліске іш тартатынын, ал
көтеріліске қосылмау себебі бұдан өздерін сүліктей сорған қанаушы феодалдық-рулық басшы топ жібермей отырғанын ескерместен билеуші сұлтандардың қарамағындағы ауыл-дарға шабуыл жасады. Осы феодалдық-патриархалдық басшы топқа тап беріп, талқанын шығарудың орнына, Кенесары ақ-қарасын ажыратып жатпай, анасын да, мынасын да жап-пай ойрандап, қарапайым ауыл адамдарының ашу-ызасын туғызып, кек сақтатты, сөйтіп көтеріліс жауларының санын көбейтті./ Е.Бекмаханов. сонда., 364- бет /.
Соның бірі, Кіші жүз құрамындағы Байұлы тайпасы Жаппас руының тармақтарына бай-ланысты осыны айтуға болады.Тарихшы Хамит Мадановтың « Кіші жүздің шежіресі », Алматы,1994 ж., 95-бетте төмендегідей деректер келтірілген: «...Алтыбай Көбеков Жаппас
руының биі болған.Оны інісімен бірге Кенесары үш түйе қамыс,үш түйе сексеуілдің асты-на салып « Еліңді маған бағындырмайсың ... » деп өртеп жіберген.Оның кегін қуған Жан-ғабыл батыр Торғай маңында Кенесарының 90 адамын өлтіріп,бас терісін Қоқан хандығы-на тартқаны айтылады...
Сонымен бірге, Е.Бекмахановтың еңбегінде Наурызбайдың қасындағы жасауылдардың санына байланысты да екі түрлі мәлімет кездеседі.Біздің ойымызша, бұл жерде осы еңбек-ті қайтадан басып шығарушылардың тарапынан жіберілген қателік болу керек деген ой келеді. «Жаппас руынан зекет жинау кезінде Наурызбай бастаған 200 жігіттің / 100 жігіт
болуы керек- М.Ғ./ ішінде, оның жеке адьютанты Николай Губин деген де болыпты. Жап-
пас руының адамдары қастандық жасағанда Губин Наурызбаймен бірге қоста еді, алайда
атына мінуге үлгермей тұтқынға түсіп қалады. Жаппас руының билеушілері оны кейіннен
Орынбор Шекара өкіметіне табыстайды./ Е.Бекмаханов. сонда., 198-бет /.
« Жасауыл » деген сөздің мағынасы туралы не білеміз ? « Жасауыл »- Ортағасырлық түркі
мемлекеттеріндегі әскербасының қасындағы шабарманы.Ол жорық кезінде әскерді қару-жарақпен, азық-түлікпен, мініс аттарымен қамтамасыз ету,тексеру, бақылау істерімен шұ-ғылданған... Осы анықтамаға қарағанда, Кенесары көтерілісіндегі Наурызбайдың жанын-дағы 100 жасауылының атқарар қызметі белгілі болды. Халық ақыны Нұрқан Ахметбеков-тің « Қарауыл қырған » поэмасында Жанғабыл батыр Кенесарының 90 адамын өлтіріп, бас
терісін Қоқан хандығына тартқаны айтылады... Осы жерде « Жасауыл қырған » деп тақыр-ыпты қоюдағы біздің мақсатымыздың өзі де, тікелей жаппас руының тарихындағы ақтаң -
дақ беттердің біріне дұрыс бағасын беру болып табылады. Ахмет Байтұрсынов « Тіл тағ-лымы », Алматы,1992 ж., 289-290 бет : « ... Хан Кене зекет алады көшкен елден.Жатпайды
ханның текке. Жолыққан жортуылшы шығар шетке. Семізін келген малдың сойып жеген.
Олжада жетім-жесір малдан артық: келеді халқы олардың тарту тартып. Халыққа Кене жа-тыр қорқу салып. Төңіректе ел қалмады бағынбаған. Бақыты Кене ханның қабындаған.
Бұл күнде күшті болып тұр Кенесары. Кенеге бағынған ел қойдан жуас.Қыстауға Жылан-шыққа мекен салдық. Биыл қыс қатты болды, жұтап қалдық.Жаппаста Жілгелдінің баласы
Бай. Айдарға мал, артарға атаны сай...
Осы жерде, біздің ойымызша 1890 жылы Ор өзенінің бойында Жаппас руынан шыққан Кеншімбай Қабанұлы мен Жағалбайлы руынан шыққан Ақсұлу Орысбайқызы арасында өткен айтыстан үзінді келтіріп отырған секілді. Екеуі үлкен бір тойда кездесіп айтысады.
Ақсұлудың сөйлер сөзге еркін, тапқыр да алғыр ақын екенін білген Кеншімбай жұрттан алдын-ала сұрастырып, қыздың күйеуінің тым жастығын бетке басып жеңеді.
Айтыс қалыпты ру айтысы болып басталса да, дами келе үлкен әлеуметтік мәні бар мәсе-лелерді көтереді, ел ішіндегі кейбір әділетсіздік жайы сөз болады. Айтыс әлеуметтік мәні-нің өткірлігімен қатар, көркемдік сөз кестесі жағынан да бағалы.Айтыс кезінде Жаппастан
шыққан тарихи тұлғалардың есімдері аталады, олардың ел-жұртына жасаған қызметі мен
еңбегі айтылады.Олар- Қаракөз Жансарыұлы( Қаракөз би, көсем, рубасы болған.17- ғасыр
басында Сыр бойында дүниеге келіп, 17- ғасырдың соңында Ангрен төңірегінде қайтыс болған ). Мырқы Жарасбайұлы, Жүсіпбек Басығарин,т.б. атап кетуге болады...
Ахмет Байтұрсынов еңбегінің құндылығы сонда, бұл жерде ел аузынан жиналған, көзімен
көрген және естіген, өзі тікелей араласқан оқиғалар төңірегіндегі мәселелерге тоқталады.
Сол себепті,оларды ешбір өзгеріссіз келтіре кеткенді жөн көріп отырмын. «...Бір жылдары
Кенесары Қасымұлы Қошалақ деген жерде, арғындардың жайлауында қоныс теуіп, інісі Наурызбай және өзінің ордасын тігеді.Жылқыларын семіртіп, қасында 100 шақты төлеңгіт
жігіттері болады. Кенесарының жігіттері жортуылға шығып, төңіректі бақылап жүреді.Үш
жігіт келе жатып, далада тұсаулы тұрған торы атты көреді, оның жанында желтоқым ер жатады.Одан әрі,Жаппас руынан шыққан бір жігіт ұйқы құшағында,ешбір қауыпты сезбей
ұйықтап жатады.
Кенесарының үш жігіті әй-шайға қарамай ұйықтап жатқан жігітті байлап алады да, оның торы атын жетекке алып Кенесарыға алып келеді. Бұл кезде, Қарасай деген жерде Жаппас руының Жілкелді аталығының 100 қаралы үйі жайлауда отырады. Жаппастардың жайлау-ында жылқы, түйе, сиыр, т.б.өте көп болады.Ортада қатар тігілген үш ақ орда.Үй сайын байлаулы ат, қара найза. Бұл Жаппас руының Өтетілеу деген биінің ауылы болуы керек.
Ахмет Байтұрсынов еңбегінде: « Сәске түсте киіз үй іші салқын. Салқын қымыз қыздырар
қазақ халқын. Сыйлы-сыйлы Кененің жігіттері жиылысқан, Ордаға ердің бәрі. Хан атасы
төрде отыр - Өтетілеу, босағада топталған нөкерлері. / А.Байтұрсынов. сонда., 289-бет /.
Осы жерде Кенесарының үш жігіті ( төленгіті деген дұрыс болар ) торы ат пен тұтқындағы
жігітті алып келеді.Жаппас руының жігіті де батыр, бірбеткей, ержүрек жігіт болуы керек.
Оны Кенесары хан екеуінің арасындағы сұхбатынан байқауға болады:
Айтады сонда тұтқын: Алдияр, хан ! Қорқады қаһарыңнан неше мың жан. « Ерлікпен мені байлап алдым » деген,тақсыр-ау,жігітіңнің сөзі жалған. Мен,тақсыр, ұйықтаймын деп ғап-ыл қалдым. Үшеуің хандарыңа өтірік айтпа. Жерімде ұйықтап жатқан байлап алдың. Қапы
қалдым, атыма міне алмадым.Білекке қылышымды іле алмадым.Тақсыр-ау, астымдағы ат-ым жүйрік еді желден озған. Жарыста озушы едім қалың елден.
Сол кезде, Кенесары хан былай дейді: Мақтаған тұтқын жігіт осы ма атың ? Әлгі желден жүйрік асыл затың ? Мәстекті тайыншадан оза алмайтын, жібермес жүйрік десең ердің да-тын .
Тұтқын жігіт: Жүйрік жоқ алты алашта торы атымдай. Баяғы қолда ықтияр тұрған күнде, атыма алмаушы едім екі жүз тай. Не пайда ?! Торы атыммен қаша алмаймын. Елестен бел-ден белге аса алмаймын.
Осыдан кейін, Кенесары хан үн-түнсіз қалады да, қол астындағы төлеңгіттеріне мынадай бұйрық береді. Халыққа хан жарлығы шашылады. Аты жүйрік талапкерлер қусын дейді.
Мен тұтқын жігітті қашырамын. Егер торы аты өзі айтқандай жүйрік болса, өз басына бос-тандығын алар.Ал, айтқан сөздері жалған болса,аты қуып жеткен талапкер найзаларын өт-кір қылып қайрап алып, жеткен жерде бір шаншып жоқ қылсын дейді.
Торы атқа тұтқын жігіт қамшы басады. Ілезде жауыр торы белден асты, қырық адам бір адамды қуып кетті. Шаңдағы шапқан аттың көкке шықты.Қуғыншылар кешке жақын қай-тып келген, жүйрігін, жауыр торы аттың айтып келген.
Осы жерде,Жаппас руының батыр жігіті мен Кенесары хан арасындағы теке-тірестің соңы
жүйрік атының күшіне сенген батыр жігіттің пайдасына шешіледі...
Ақын Қалижан Бекқожин-Кенесарыны,оның інісі Наурызбайды мадақтап, « Батыр Науан»
поэмасын жазды. Бұл поэма 1941 жылы « Тарту » деген атпен жарық көрген жинақта бас-
ылып шықты. Қалижан ақынның сөзімен айтқанда, поэманың оқиғасы « Кененің кең пей-іштей Сарыарқасында » басталады. Кене ханды батырлары ортаға алып, сары қымызды сапырып, қобыз тартып, думандатып жатады. Сол кезде Сыр жағасынан Жаппас руынан шыққан бір жігіт келеді. Бұл жігіт: « Ахмет деген төре орыс офицерімен бірлесіп елімізді
шауып кетті. Сүйген қызымды тартып алды. « Еркін жайлап жатқан » өміріміздің тыныш-тығын бұзды, - дегенді айтады. Мұны естігеннен кейін, Кене хан кек алып келіңдер деп
батырларын жорыққа аттандырмақ болады.
Қалижан ақын ол батырларды ашулы арыстанға, жолбарысқа, ақиық бүркітке, сұңқарға балайды. Жортуылға барған Наурызбай орыстарға достық сезім білдірген Ахметтің басын
кеседі, орыс офицерінің қол-аяғын байлап тұтқынға алады. Қарсы келгендердің бәрін қыр-ып жояды.Тұтқынды ауыр азапқа салып, ақыры Кенесарыға әкеп береді./ осында., 55-бет /.
Кенесары көтерілісіне байланысты артында құнды дерек қалдырған Жүсіпбек Басығарин
болды.Ол халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинау ісіне де елеулі үлес қосқан.Нысанбай жыр-аудың өз аузынан « Кенесары-Наурызбай » жырын жазып алған. Бұл жырды 1924 жылы
Мәскеу қаласындағы « Күншығыс » баспасында Н.Төреқұловтың алғы сөз жазуымен жар-
ыққа шығарды. Бұл жерде, Жүсіпбек Басығаринның Сыр бойында( Қызылорда облысы,
Шиелі ауданы, Сұлутөбе аулында дүниеге келген.Туған жылы туралы дерек жоқ, шама-
мен 19 ғасырдың 50-шы жылдары дүниеге келген. Себебі, Жүсіпбек Басығарин Кенесары
көтерлісіне қатысты деректі Нысанбай ақыннан 1870 жылдары, яғни Нысанбай ақынның
қайтыс боларынан бұрын жазып алды дегеннің өзінде, ол кезде 20 жастағы кезі болу керек
деп ойлаймын. Жүсіпбек Басығарин 1920 жылы Ташкент қаласында қайтыс болған. Сонда
шамамен 70 жасында қайтыс болған болып шығады.Жүсіпбек Басығарин « Кенесары және
Наурызбай » дастанына байланысты өзі былай деп жазды: « Кенесары және Наурызбай »
дастанын жөндедім, қажетті орамдарды ұтымды қолдандым ». Қараңыз: Нысанбайдың Кенесары мен Наурызбай туралы жыры. Жинаған Ж.Басығарин, 47-бет, Мәскеу,1924 жыл.
... Жырдың Кенесарының жақтастары туралы айтылатын тұсына Ж.Басығарин өз жанынан
мынадай қосымша енгізген:
-Өңкей бір қарақшылар- қанышерлер,
-Жылмаңдап, ұрыға ұқсап соңына ерді...
-Кенесары батыр еді,
-Халық ішінде ол жалғыз.
-Құлдары мен нөкерлері-
-Қағынған өңкей жалмауыз...т.б. деп келтіреді. Бұл жерде Ж.Басығаринның Кенесарының жеке өз басына байланысты « Батыр, халық ішінде жалғыз еді.,т.б.» теңеулері оның рөлін
дұрыс түсініп, тарихи дұрыс бағасын берген деп ойлауға болады.Ал, Кенесарының төңіре-гіндегілердің іс-әрекеттері халық көңілінен шықпағаны жөнінде Е.Бекмаханов еңбегінде
де ашып көрсетілген: «... Қызметін жеке мүддесіне пайдаланған билерді Кенесары дереу
орнынан алып, олардың орнына халық сеніміне ие болған адамдарды қойған./ 289-бет /.
... Кенесарыға барып қайытқан Қанжығалы болысының биі Ноғыр Таймасов өзінің жауа-бында былай деп хабарлайды: « Оның рұқсатынсыз жылқы айдап әкетіліпті, бірақ ол мұн-дай істі қолдамады және кінәлілерден айып алды,ал жоқ іздеп келген адамға 40 жылқысын
қайтарды.Мынадай тағы бір оқиға болған.Кенесарының жасауылы Дүйсенбай бес жолдас-ымен Арғын руына барып, бізді Кенесары жіберді дейді де « таңдаулы аттармен, соның ішінде биелермен зекет төлесін » деген Кенесарының ауызша бұйрығын жеткізеді. Кене-
сарыдан келгені рас па, әлде өтірік пе, соны тексергенде Кенесарының ондай бұйрық бер-мегені анықталған. Осы жағдайды естіген Кенесары Сейілханды Арғын руына жіберіп,
«Дүйсенбайдың талабы орынсыз екендігін,сол үшін Дүйсенбай мен оның жолдастары бас-тарына қылышпен ұрып жазаланатынын » жеткізуді тапсырды...
/ Е.Бекмаханов. Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында. Алматы,1994 ж. 293 бет /.
Міне, осы жерден көріп тұрғанымыздай, Жүсіпбек Басығарин да өз жинағында осы мәсе-лелерді білген, дұрыс бағалап, ақиқатын жазып отыр деу керек секілді. Әсіресе, Жаппас
руына байланысты жазылған « Жасауыл қырған » дастанындағы оқиғаның ақиқат шынды-
ғы өз мәресіне жеткен секілді. Оны Е.Бекмаханов өз еңбегінде дәлелдеп отыр деп қоры-
тынды жасауға болады:
1. Кенесары ешқашан жаппастықтарды өзінің саяси дұшпаны санамаған. Жаппастармен
арадағы жанжалды тоқтату мақсатында ол 1845 жылы өз өкілін Жаппас руына бітімге
келу үшін келіссөз жасауға жібереді./ осында., 182-бет /.
2. Арғын руының басшысы Шеген Мусиннен бұл « Жасауыл қырған » оқиғасында кімнің
кінәлі екенін біліп беруді, яғни бұл жерде Наурызбайдың өзі кінәлі ме, әлде жаппастар
кінәлі ме, сол туралы мәлімет жеткізіп беруді өтінеді./ осында., 181-бет /.
3. Бұл жерде Кенесары Наурызбай бастаған жасауылдардың жаппас руынан кімнің бұйры-
ғымен зекет жинауға барғанын түсінбей отырғаны байқалады, егер өзінің бұйрығымен
барған болса, екі ортаға делдал болуды Арғын руының басшысы Шеген Мусиннен өтін-
іп сұрамаған болар еді.
4. Осы жерде Наурызбай бастаған жасауылдар өз беттерімен барған болуы керек деген ой
келеді. Себебі, жаппас руының ауылдары өлтірген 95 жасауылдың ішінде тек қана үш
адамның өліміне- Байтабын, Қанай, тағы бір адамға құн төлеуді сұрайды.Олардың мін-
ген аттары мен қындарындағы қылыштарын қайтаруды өтінеді.Онда ол Жаппас руына
ешқандай кек сақтамай, біткен іске салауат дейміз дейді./ сонда., 182-бет /.
5. Бұл жерде Кенесары хан неліктен тек үш адамға ғана құн сұрайды? Ал, сонда қалған
жасауылдардың өмірінің ешқандай сұрауы болмағаны ма? Оған қандай себеп бар? Әл-
де Кенесары хан үшін 92 жасауылдың өлімінің ешқандай орны жоқ па?
6. Бізге келіп жеткен аңыз-әңгімелерде: Наурызбай бастаған жасауылдар Жаппастардың
ауылдарына шақырусыз келеді. Кенесарының атынан зекет жинауға келгендей болады.
Бірақ, олардың өз беттерімен келгендігін Кенесарының өзі де айтып тұр... Наурызбай-
дың өзі кінәлі ме, әлде Жаппастар кінәлі ме? – деген сөздің өзі де көп нәрсенің басын
ашып тұр ғой деп тұжырым жасауға болады.Жасауылдар ауылдағы көрікті қыз-келін-
дерге тиіскен соң, намысқа тырысқан жаппас руының жігіттері ауылдың беделді билер-
інің рұқсатымен Наурызбай батырдан басқаларын түгелдей бауыздап тастаған. Себебі,
Наурызбайдың Кенесары ханның інісі болуымен бірге, Жаппас руының Кенесарының
әкесі Қасым сұлтанмен құдалық жағы да бар. Қасым сұлтанның бірінші әйелі Қанттан
( Алтын-Жаппас руының қызы ) екі бала дүниеге келеді.Олар-Есенкелді, Саржан...
Наурызбайға жаппас аулының тиіспеуінің бірден-бір себебін осыдан іздеу керек секілді.
7. Қорыта айтқанда, Жаппас руының ішінде Кенесары көтерілісіне қатысқан ауылдармен
бірге, өздерінің қарындастары, қыздарының намыстары үшін қолына қару алып қарсы-
лық көрсеткендері де болды. Жаппас руынан шыққан жекелеген тұлғалар Кенесары ұр-
пақтарына кейін де қол ұшын беріп көмектескендігі жөнінде деректер бар.Соның біреуі
Жаппас руынан шыққан Аралбай деген сарбаздың ерлігі мұрағат қорында да сақталған.
Кенесары қозғалысына байланысты көптеген ақындар поэмалар, жырлар, дастандар, т.б.
жазды. Ғалымдар, тарихшылар, жазушылар кітаптар шығарды. Олардың барлығын бірдей
қамтып жазу мүмкін емес. Біздің қарастырып отырған тақырыбымызға байланысты, әркез-де жарық көрген жазбаша және ауызша деректерге қысқаша шолу жасап,оған ғылыми тал-дау жасауға тырыстық.Оны одан әрі жалғастырып, зерттеп, ғылыми талдау жасап,шынайы бағасын беру келешек ұрпақтың құзырындағы мәселе деп ойлаймын.


қайсақ
жаппас(ақсүйір)
28-11-13 13:56
Назерке қызым, сен секілді ата-бабаларының шежіресіне қызығатын қыздарымыз көп болсын. Ата-анаңа сәлем айт.Менің білетінім, ертеректе жаппастардың ауылдары қатар болғандықтан,көпшілік жағдайда бір-бірімен жеті атаға толған соң қыз алыса бергенбе деп ойлаймын.Себебі,менің атам жаппастың қаракөз аталығынан(ақсүйір) болса,әжем жаппастың құрманайы(марқа)тармағынан,соған қарағанда жаппастар ішінде ертеректе бір-бірімен қыз алып,қыз беру салттары болған секілді деп ойлаймын...
жігер
zhiger_06@bk.ru
27-11-13 17:09
каракул жаппас туралы малимет жазуынызды сураймын
Назерке
naziko_1004_naziko@mail.ru
17-11-13 20:13
Саламатсыздар ма ага апаларым) Сиздерге зор алгысымды билдиргели отырмын. Алла разы болсын. ата бабаларымыз туралы биршама окып билип куанып отырмыз.Акем, анам бауырларым барлыгы жанымда, (Жылкелди Жаппас )сиздердин жинаган енбектеринизге риза болып отырмыз.Баримизге кызык баримизге билу парыз.Ендиги бир биздин билгимиз келетин дуние жаппас атамыздан тараган кай рулар бир биримен кыз алыса алмайды?) осы суракка жауап берсениздер деп сураймыз.КОП КОП РАХМЕТ.Аллам баршамызга амандык насип етсин.
калдыбек
kaldbek_97_97
12-11-13 15:28
Мен руым ЖАППАС каракозден тардым мангыстау обылысы Жанаозен каласында турам жаппастар аманболындар БАЙМУРАТ
калдыбек
kaldbek_97_97
12-11-13 15:22
Жаппастар каракоз
калдыбек
kaldbek_97_97
12-11-13 12:19
Жаппастар
Тұрар Хамзин
khamzin-turar.1975
29-10-13 20:06
Қай-сақ аға, ассалаумағаликум ағайындар! Мен өзімнің тарихымды көп білмеймін.Руым жаппас қаракөз,достияр қамбар аталарымыз дегенді естідім,біраақ дұрыс білмеймін. Менің атам Есжан,бірақ атам туралы көп дерек жоқ. Оқыс әңімелерден Кенесары ханның 90 солдатын өлтіргеннен кейін ,біздің аталарымыз қоныс аударып көшіп келген деген әңгіме бар.Менің атам күйші,домбырашы болған екен.Менің атамның оң жақ көзінің астында тыртық болған деседі,лақап аты соқыр Есжан.Біздің әкелеріміз совет одағы кезінде коммунист болған да, ешқандай ру жайлы білмеген. Шежірелерде Қамбардан ары қарай біздер жазылмағанбыз. Уа! ағайындар жаппас руының тарихын білгім келеді,соны маған жеткізсеңіздер,яғни түсіндірсеңіздер екен.
қайсақ
жаппас/ақсүйір/
25-09-13 18:14
Сумырын жаппас руынан шыққан ақсақалдар тізімі; Баймен Мамбет, Машан Тынымбай, Тоқмырза Жетібай, Бекен Мырзабай,Қырдан Қуанбай, Алтыбай Қашқынбай, Сақтаған Меңілбай...
қайсақ
жаппас/ақсүйір/
10-09-13 16:48
Аман болыңдар жаппастар... Алдағы уақытта жаппастарға қатысты тың деректерді шығарамын...
Нур
07-09-13 19:44
Ожырай кетсе орнына жаппас қонар жұртына деген екен атам қазақ.
нургазы
nurgazyy@mail.ru
05-07-13 17:24
салам.мен сумурын жаппастын ишиндеги ыдыктасымын.Кызылорда


Жулдыз
zvezda.1991.atyrau@mail.ru
02-07-13 12:28
Салеметсиздерме. Мен ЖАППАС-ШАЛТАК-КАРАКОЗ-БЕСБАЛУАН-АЛДАЙ-КОККОЗ-БАЙДАУЛЕТ-АСАН-ДУТБАЙ-САЙЛЫБАЙ-ИЗМУКАНБЕТ-БАКТЫГЕРЕЙ-АБУТАЛИ-ИСЛАМнан тараганмын. Атырау обл.Исатай ауд.Хамит Ергалиев(Камыкала). жакында 2013ж 29маусымда Дутбай (1743-1814) атамызга ас берилди.
Ғалия
galka_zem@mail.ru
12-06-13 14:08
Мен Қызылорда облысынан боламын. Руым Жәдікбай Жаппас!!!

Лингвист
01-06-13 09:37
Этнонимдер батырға айналқп кеткен бе, Бақытжан Ахметбек мырза?
Осындай жалғанды жазуға қалай бет шыдайды?
гулнар
gulnara_19.93
31-05-13 13:56
Сәлеметсіздерме ағайындар,менде жаппастың қаракөз руының қара домалақ қызы боламын,менің алдағы мақсатым сіздермен жақсы араласқым келеді және алдағы уақытта жақсы тіл табысып кетуімізге сенемін
Улан
ulan.kh@mail.ru
09-05-13 12:09
Мен Жаппас Онкутпын ! шардара каласында туылганмын онтустык казакстан облысы, шардарада 4 ауыл бар жаппастар онкут, киякы ! если что хабарлас 87027771319.
кайрат кыйякы жаппас
kairat.mamyrbaieb
08-05-13 21:32
жаппастар алга биз алалмайтын камал жок Кайрат Мамырбаев кыйякы жаппаспын Кызылорда
Айгуль
aika_kz_1989@mail.ru
07-05-13 12:24
Салем барлык жаппас бауырларым!!! Мен Айгуль. Жаппастын 6 баласы бар: Сумурын, Калкаман, Каракоз, Киакы, Шалтак, Унгит; Сол Каракоз улынын 4 улы: Асан, Кенже, Шушак, Айсуйир; Шушактын 4 улы бар: Калыке, Курманай, Беспалуан, Достияр; Беспалуаннан 5 ул: Есен, Кошер, Алдай, Байшагыр, Кенжебай; Алдайдан 5 ул: Коккоз, Текебай, Кыстау, Кудайкул, Дауымбак; Кыстаудан 5 ул: Айбас, Баймурза, Танат, Карамурза, Кошкар; Танаттан 1 ул: Жубан; Жубаннан 2 ул: Жанай, Сатай; Жанайдан 3 ул: Сабыр, Кожагали, Оразгали; Сабыр атамнан 6 ул: сол улдарынын биреуи акем Кенжегали. Осы шежирени жинактаган акем....

Айкош
aiko_kutumova@mail.ru
07-05-13 01:47
Мен Жаппастын кара Козимын

Аман
аман 1983
05-05-13 13:54
Асалаумағалейкум Жаппас беспауан бауырлар шежіремді білгім келеді

Аман
аман 1983
05-05-13 13:46
ооо Жаппастар жасасын ! Менде жаппас беспалуанмын
мағжан
012
07-04-13 01:03
жамантай жаппаспын! Жамантай Кай батырдың баласы? білсеңіздер айтып жіберіңіздер
Асқар
asai79@mail.ru
06-04-13 20:27
Ассалаумағалейкум! мен жаппастың ішіндегі қарашадан боламын.сол туралы білгім келеді.
Балтабек
baltabek80@mail.ru
15-03-13 22:52
Жаппас (Қаракөз) бауырларыммен танысқым келеді 87016662754, 87766662754
Бақытжан Ахметбек
ahmetbek_74@ mail.ru
20-02-13 13:59


Алтын баба ұрпақтары

Сыр бойын мекендейтін он екі ата Байұлы Алтын руының тарихын зерттеу барысында Сыр сүлейлері мен зерттеушілердің еңбектерін жан-жақты қамтып, ғасырлар бойы айтылып келе жатқан аңыз-әңгімелерді, рухани маңызы бар тарихи деректерді жинақтап, мұрағат құжаттарын мұқият зерттеп, Сыр өңіріндегі Алтын руының тарихын жазуға кірістім. Сыр бойы мен Арал өңірін негізінен Кіші Жүз рулары мен тайпалары жайлаған. Оның құрамы үш рулық бірлестіктен тұрады: Әлімұлы, Байұлы және Жетіру. Олар Сырдарияның төменгі сағасын, Ырғыз бен Торғайдың қосылған жерін, Борсық және Қарақұмды, жазда Оралдың бойын, Тобылдың сағасын, Мұғалжар тауларын қоныстанған.
Қазақ халқында: Ата салтын ұмытқан,
өшкендіктің белгісі.
Өткендерін еске алған,
өскендіктің белгісі, - деген мақал бар.
Сондай-ақ, кезінде Мысыр мен Сирияны билеген Бейбарыс сұлтан: «Тарихты тыңдау – ұлы ғибрат», - десе, түркілердің ұлы ойшылы Қорқыт ата: «Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді»; - деп айтқан еді. Осындай ұлы бабаларымыздың жолын бергей деп, Сыр өңіріндегі Алтын елінің шежірелі тарихынан сыр шертейін. Біздің көне тарихымыз, соның ішінде қазақ халқының ат үстінде жаугершілікпен күн кешіп өткен уақыттары туралы тарихи деректер санаулы. Сол себепті аттары тарихымызда алтын әріппен жазылуға тиісті хандарымыз бен билеріміз, батырларымыз хақында бүгінгі ұрпақтың білетіні әлі мардымсыз. Сондай тарихи тұлғаның бірі - әрі батыр, әрі қолбасшы, әрі би, әрі ақын Сәлтеке батыр Мәметекұлы. Тегі – Алшын, он екі ата Байұлы, Алтын, Көзала аталығынан. Сәлтеке батыр қазіргі Қызылорда облысының Қармақшы ауданы мен Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы және Батыс Қазақстан облысының өңірлерінде ХVІІ ғасырдың соңында, ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген. Батырдың бейіті - Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Орал тауының онтүстік бетіндегі «Сәлтеке асуы» деген жерде. Қармақшы ауданы, Иіркөл ауылының маңайындағы Ақшеңгел деген жерде Сәлтеке қорымы бар. Бірақ, мұнда батырдың сүйегі болмағанымен, оның ұрпақтары жерленген. Сәлтеке Мәметекұлы рубасы Көзала батырдың немересі болып келеді.
Көзала батырды 1908-1990 жылдар аралығында өмір сүрген Сыр бойының белгілі шежіреші ақыны, Әлімбай Әлиасқаров 1943 жылы жазылған «Қазақ шежіресі» атты еңбегінде былай дейді:
Сарымнан туған екен Ер Көзала,
Мекені жаугершілік болған дала.
Мәметек, Ораз туған ол кісіден,
Халқына болды ақылды қорған пана.
Сәлтекенің Есеке есімді батыр ағасы, Байкелді және Ұста атанған інілері болған. Сәлтеке - Сыр бойының киелі батыры, батырлығымен қоса ел басқарған тұлға. Ол қазақ құба қалмақ, қазақ-жоңғар, қазақ-башқұрт соғыстарында орасан ерлік көрсеткен. Сәлтеке батыр табыннан шыққан Сәрке батырмен, шектіден шыққан Киікбай батырмен, кете руының Болат батырымен бірге жорықтас, серік болған.
Сәлтеке батыр туралы Әлімбай Әлиасқаровтың аталмыш еңбегінде:
Мәметектен Сәлтеке туған батыр,
Есеке, Байгелдісі тіккен шатыр.
Сәлтекеден Тойғұлы, Құттықадам,
Қосқадам, Жәңке тайпа ел боп жатыр. - делінген.
Сәлтеке батыр жөнінде М. Түйімбетовтің 2004 жылы Қызылорда «Тұмар» баспасынан шыққан «Сопылар әлемі» кітабының 61,62 беттерінде мынандай деректер кездеседі: Кезінде батыр қалмақтардың (Астрахан қалмағы) қолында он жылдай тұтқында болады. Ал басқа деректерде екі жыл тұтқында болады. Тұтқында отырған Сәлтекенің батырлық тұлғасына риза болған қалмақ ханы қалмақ қыздарын батырға берген екен, ойы одан тұқым алу болған. Алайда ханның бұл ойына Сәлтеке қарсы болып көнбейді. Бір күні қалмақтардың ту сыртынан жау шауыпты, сонда қалмақтар Сәлтеке батырды пайдаланбақ болып, құрсаудан босатады. Батыр садақты тартса жебесі 4-5 кетпеннен әрі өтпепті. Сонда Сәлтеке: « Атаңа нәлет қалмақ жауырынымның шеміршегін сындырған екенсің» - деген екен. Содан кейін қалмақ емшілері Сәлтеке батырды емдеп, аяққа тұрғызады. Қолайлы бір күні Сәлтеке батыр Қарақұл деген кісімен бірге қашады. Жолай Сәлтеке қалмақтың ханы Шегірді өлтіріп кетеді.
Бұл оқиғадан Сәлтеке батырдың тағдырдың тәлкегіне мойынсұнбағаны көрініп тұр.
Деректерге көз жүгіртсек : «Сәлтеке батыр башқұрт биі Алдарбаймен кездесіп, Еділ бойындағы Кіші жүз қазақтары мен башқұрттар арасындағы үлкен мал дауында табандылық көрсетіп, бейбітшілікпен шешуге қол жеткізеді» Бұл дерек З. Қаридің 1998 жылы Алматыдан «Келмембет батыр» атты кітабында кездеседі.
Енді Сәлтеке батырдың жау қолынан қалай қаза болғанын айтайық. Сәлтеке батыр бірнеше күндік жорықтан келе жатып, шаршаған әскерімен түнде бір жерде ұйықтап қалады. Сонда қазақ қолының осы жағдайын пайдаланып қалмақтар ұйықтап жатқан Сәлтеке батырды әскерімен бауыздап кетеді. Қайран есіл ер Сәлтеке батыр жігіттерімен осылай көз жұмады.
Сәлтеке батырды Сыр сүлейлері де жырларына қосқан. Мысалы, Сыр сүлейі Тұрмағамбет Ізтілеуов Сәлтеке батырды:
Алтыннан шықты ыңырана,
Сәлтеке сынды арыстан
Қалатын еді қан болып,
Шамасын бітпей шіреніп,
Олармен қас боп қарысқан - деп жырына қосқан.
Сәлтеке батырды Сыр бойының жырауы Шегебай Бектасұлы да:
Алтыннан шыққан Сәлтеке,
Садағының алдынан
Өтпеген дұшпан көлденен - деп жырлаған.
Сыр бойының тағы бір ақыны Оразымбет жырау Есентайлақұлы Сәлтеке батырды:
Батырлығын Базеке,
Қоңырдың ұлы Қыстаубай,
Дәуітбай, Қасым, Сәлтеке,
Бұрынғы өткен Тарғындай – деп баяндаған.
Сәлтеке батырдың Тойғұлы, Қосқадам, Құттықадам, Жәңке есімді балалары болған. Батырдың шөберелері Туған би, Барқы батыр, шөпшегі әрі би, әрі батыр Науша батыр Барқыұлы, ұрпақтары Байназар би (1825-1880) Наушаұлы және 1840-1918 жылдар аралығында өмір сүрген әрі ақын әрі би Топжан би Байназарұлы баба жолын қуып, елге қадірменді кісілер болған. Енді Сәлтеке батырдың шөбересі Қобыландыұлы Барқы батыр жайлы толық баяндайық. Барқы батыр – ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы, ХІХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген.
Т. Дайрабайдың 2010 жылы Алматы «Арыс» баспасынан шыққан «Сыр перзенттері» кітабында Барқы батыр жөнінде мынандай мәліметтер кездеседі: Ресейдің 1803 жылғы дерегінде Барқы батыр ағасы Туған бимен 5000 (бес мың) отбасы құрайтын елімен Троицк пен Бұқара арасында сауда жүргізгені туралы жазылған. Барқы батыр Алтын руының ұранына да айналған.
Сыр сүлейі Дүр Оңғар Дырқайұлы Барқы батырды былайша бейнелейді:
Оңғардан оншақты ауыз жолданды сөз,
Би Науша, батыр Барқының әулетіне,
Қараның ханы болған атаң Барқы,
Кісі екен абыройлы, қымбат нарқы.
Жасанып жауға шыққан сапарында,
Қайратпен болушы екен, халықтың жарып.
Шегебай жырау Сәлтеке батырдың ұрпағы Топжан биді:
Әркімдерге айтса, сөз жарастықты.
Сарыбай Бекіш пен Алтын Топжан - деп жырлаған.
Сәлтеке батырдың ұрпағы Науша батырды Сыр сүлейі Дүр Оңғар жырау Дырқайұлы:
Батырдан бүтін болып туған Науша,
Әлсізге пана болған асқар тауша.
Жарақпен жабдықтанып жауға аттанса,
Дұшпанның қырқып басын кескен бауша.
Мал түгіл, достан жанын аямаған,
Сарп етіп, сақилыққа кеуілі ауса - деп мадақтаған.
Жиенбай жырау Алтын Науша батырды Тұрымбет жырауға жазған хатында :
Байназар, батыр Науша ар жағынан,
Кеңестің келе жатқан кемеңгері, - деп атап өтеді.
Сәлтеке батырдың ұрпағы Топжан биді Сыр бойының белгілі ақыны Сарыбай Құлназар шайыр да:
Одан соң, Топжан, Бекіш деп айтыпсың,
Наһанға теңгергендей қалағайды.
Оларда үлгі айтарлық ақыл да бар,
Адамдық әуелден-ақ затында бар - деп жырына қосқан екен.
Сыр бойының атақты шайыры Қарасақал Ерімбеттің Шораяқтың Омарына бірінші қайтарған жауабында:
Біздерді шал дегенің – шамалы сөз,
Шал: Бекіш, Базар, Топжан, біздер – аяқ., деп Алтын Топжан би әрі ақынды атап өтеді.
Қарасақал Ерімбеттің Шораяқтың Омарына екінші қайтарған жауабында:
Ешнияз Құлыс Кете, Алтын Топжан
Ажарлап айтатындар дәлдеп шағын
,- деп Топжан биді тағы жырлаған.
Шораяқтын Омарының Қарасақал Ерімбетке жазған хатында:
Ешнияз, Шегебай мен батыр Тобжан –
Олжа алған олар жүйрік озып топтан!
Оларды жел жағына пана тұтып,
Ойлапсың алмаққа орын өзің ықтан,- деп баяндаған.
Шораяқтың Омары Қарасақал Ерімбетке екінші жазған хатында:
Шегебай, Базар, Топжан һәм Ешнияз –
Олжа алған олар жүйрік озып топтан.
Соларды жел жағына пана тұтып,
Ойлайсың алмаққа орын өзің ықтан,- деп асқақтаған.
Сәлтеке батырдың ұрпағынан ХІХ ғасырда атақты Сарыкөбен би Мұсылманұлы 1875-1885 жылдары болыс болған.Сарыкөбен биді Сыр сүлейі Дүр Оңғар жырау:
Алтын да бір жақсы адам – Сарыкөбен,
Қараның ханы болып ел билеген - деп жырлайды.
Алтын Сарыкөбен бидің мөрі болған деген дерек Т. Дайрабайдың аталмыш «Сыр перзенттері» кітабының 366 бетінде кездеседі.
Сары Көбен би 1860 жылы Ресей әкімшілігінен арнайы сыйлық барқыт тақия алған. Бұл деректе осы кітаптың 369 бетінде берілген.
Алтынның мәметек аталығынан Тасыр Дайыров деген құрметті кісі шыққан. Бұл кісінің есімі орыс құжаттарында 1851-1853 жылдарда көріне бастаған. Ол 1853-1856 жылдарда Қоскорғандағы бүлікті бейбіт жолмен шешуге араласқан. 1857 жылдың 14 қырқүйегінде генерал-майор Фитенговтың ұсынысымен Алтын руының Мәметек аталығының құрметті қазағы Тасыр Дайыровқа № 2 форттағы базарды және барлық тапсырмаларды мүлтіксіз орындағаны және 1856 жылғы өзіне көмектескені үшін күміс медалі мен Анна лентасына ұсынған. Бұл награданы 1862 жылы алған.
Алтын Тасыр Дайыровтың арнайы мөрі болған. Т. Дайрабайдың. 2010 жылы шыққан Сыр перзенттері. Кітабында осы мәліметтер кездеседі.
Ал Қ. Нақыповтың 2003 жылы шыққан Кіші жүз. 12 ата Бай баласы. Алтын шежіресі кітабының 265 бетінде Сәлтеке батырдың тағы бір ұрпағы Мәметек Жылкелді 1920-1925 жылдары болыстықты басқарғаны жөнінде айтылады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы, ХХ ғасырдың бірінші жартысында Сәлтеке батырдың ұрпағы Досжан ауылнай өмір сүрген. Бұл кісі ХХ ғасырдың 40-шы жылдарында қайтыс болған. Алтын Досжан ауылнай атында Қармақшы ауданында Досжан түбегі деген жер бар. Қазіргі уақытта Досжан ауылнайдың немересі Сәндібек Қармақшы ауданы, Иіркөл ауылында тұрады.
Сәлтеке батырдың ұрпақтарынан біраз қол өнер иелері шыққан. Солардың ішінде ХІХ ғасырдын екінші жартысы, ХХ ғасырдың бірінші жартысында Қармақшы ауданында өмір сүрген Ормахан ұста. Ормахан ұстаның жеке ұсталық дүкені болған. Бұл кісі ХХ ғасырдың 40-шы жылдары қайтыс болған. Алтын Ормахан ұстадан Ібіраш деген кісі дүниеге келеді.
Рысмахан етікші Бейбітбайұлы ( ? – 1951) Қармақшы ауданында өмір сүрген, ол кісінің Жүсіп, Қира деген балалары болған. Қира Ұлы отан соғысында қаза болған.
Әбен ұста-дермеші Торманұлы Қармақшы ауданында өмір сүрген, ХХ ғасырдың 50-шы жылдары қайтыс болған. Әбен ұста қол дермен, суландыруға арналған құрал шығырды жасаған. Бұл кісінің атымен Қармақшы ауданында Әбен дермені деген жер бар. Әбен ұстаның бейіті Қармақшы ауданы, Иіркөл ауылында. Әбен ұстаның інісінен тарайтын ұрпақ Торманова Нағима Құрманайқызы белгілі ақын, Қармақшы да тұрады.
Сәдуақас ұста Баймаханұлы шеберлігімен аты шыққан кісі. Сәдуақас ұстадан Мүсілім, Қанибек, Кәжданбек деген балалары дүниеге келген.
Сәлтеке батырдың үрпақтарының ішінде ислам жолын берік ұстап, халыққа насихаттап жүрген жандардың бірі Ержан молда болған. Ержан молда мешіт ұстаған кісі, 1937 жылы халық жауы болып ұсталады.
Сәлтеке батырдың ұрпақтарынан ХХ ғасырдаың бірінші жартысында Қашақұлы Досым байдың елде аты шықты. Досым байдың 10 мың қойы болған екен. Досым байдан Әнафия дүниеге келген.[Бақытжан Ахметбектің дерек қорынан,Қармақшы ауданы, Иікөл ауылының тұрғыны, Сәлтеке батырдың ұрпағы Ашықбай (Биқожа) ақсақал Махмұтовтан алынған мәлімет].
Сәлтеке батырдың ағасы, Есеке батыр ұрпақтарының арасынан да елге белгілі кісілер шыққан. Солардың бірі Қарамахан бай. Қарамахан Сыр бойының атақты байларының бірі болған. Одан Омар дүниеге келген. Есеке батырдың ұрпағы Алтын Мақан бүкіл қазақ еліне мәшһұр болған [Бақытжан Ахметбектің дерек қоры].
Мақан Жиенбайұлы (1870-1931) – қайраткер. Саудамен аты шығып, байыған. Орынбор, Үргеніш, Троицк, Бештау қалаларында сауда жүргізген, елді отырықшылыққа, мәдениетке ұмтылдырған. Қызылорда қаласында көптеген үйлер салған. 1908 жылы Алтын мен Табын руларының арасында үлкен жанжал туады. Осы жанжал Ақмешіттегі Алтын Мақанның 100 адамдық керуен сарайында шешімін табады. Ол 1928 жылы ірі байларды тәркілеу тізіміне ілініп, Семейге жер аударылады. Осын жүргенде қайтадан байып, түрмеге қамалып, сонда қайтыс болады. Бүгінде Алтын Мақанның салғызған үйлер тарихи және мәдени ескерткіш ретінде мемлекеттік қорғауға алынған. Бұл дерек Сыр елі Қызылорда облысы энциклопедиясында кездеседі.
1964 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданынан қазіргі Батыс Қазақстан облысы Орал өңіріне Сәлтеке батырдың ұрпақтары Дүйсенбай Тайманов (1922-1993), Әбдіхалық Ерекешов (1900-1987) бір топ ағайындарын басқарып құдалыққа барады. Сонда ол жақтағы 12 ата Байұлына жататын Серкеш елінің игі жақсылары, Сыр бойынан келген құдаларын сый-сияпатпен қарсы алады. Әңгіме үстінде Оралдағы құдалар келген кісілердің Алтын Сәлтеке батырдың ұрпақтары екенін біліп, Сәлтеке батырдың бейіті Орал тауының онтүстік жағында «Сәлтеке асуы» деген жерде екенін айтып, қаласа Сәлтеке батырдың бейітіне апаратынын айтқан екен. Бірақ, Сыр бойынан келген Алтын Сәлтеке батырдың ұрпақтары уақыттың тығыздығынан баралмаған еді [Бақытжан Ахметбектің дерек қорынан, Қармақшы ауданы, Иіркөл ауылының тұрғыны 1937 ж.т. Сәлтеке батырдың ұрпағы Жұмахмет ақсақал Тәжібаевтан алынған мәлімет].
Қазіргі уақытта Сәлтеке батырдың белгілі ұрпақтарының бірі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик Байзақ Көпірбайұлы Момынбаев та ел абыройын асқақтатуда халқына қызмет жасауда.
Сәлтеке батырдың ағайындары төрт аталықтан тұрады. Олар Жапалақ, Көзала, Шұңғыр, Қасқұл. Бұл кісілер ХVІ ғасырдың екінші жартысы, ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген. Жапалақтың шың есімі Жармұхамед, Жапалақ аталу себебі былай болған.
Ел жайлаудан қайтар кезде басқа ауылдың балаларымен ойнауға кеткен бір топ бала көштен қалып қойыпты. Бір уақытта жаңбыр жауады. Күн жауып тұрғанда Жармұхамед бұта түбінде отырса керек. Жолмен келе жатқан атты кісіні көрген бала: - «Ата» - деп тұра келгенде астындағы аты үркіп, үстіндегі кісі құлап қала жаздайды. Сонда ол кісі: - «Ой жапалақша жалбандаған неме, бұл қайсысың еді» - деп кейіп қалады. Сонда бала көштен қалып қойғанын айтқан соң, әлгі кісі баланы атқа мінгестіріп, ауылына алып келеді. Әнгіме үстінде: « Жолда мына бір Жапалақты тауып алдым» - дейді. Осыдан кейін Жармұхамед Жапалақ аталып кетеді. Ал ұрпағы Жапалақ елі аталады. Жапалақтың Малай, Өтеп, Өтес, Ырсымбет, Мөңке деген балалары болады. Осы Жапалақтың баласы Малай батыр елін жаудан қорғаумен аты шығады. Еділдің бойында түркімендермен болған бір шайқаста Жапалақұлы Малай батыр ерлікпен қаза тапты. Ал Малай батырдың «Үш дәу» деп аталған ұрпақтары, Қабыланның балалары Баймұрат, Жалмұрат, Қожамұрат ата жолын қуып, батырлықтарымен елге аты шығады. Қазіргі уақытта Малай батырдың ұрпақтары Қызылорда облысының, Қармақшы ауданында тұрып жатыр.
Сыр бойында ХІХ ғасырда Мұрат бақсының есімі кең тараған. Мұрат бақсы Жапалақ Алтын, Өтеп аталығынан шыққан тарихи тұлға. Бір күні Сыр бойында он екі ата Байұлының Алаша, Серкеш рулары жиналып ас береді. Сол асқа Алтын Мұрат бақсыны да шақырады. Ас дарияның арғы бетінде өтіп жатса, дарияның бергі бетінде тұрған Мұрат бақсыны дариядан өтіп асқа келуін өтінеді. Бірақ Мұрат бақсы дариядан өтпейді. Сол заматта қатты дауыл тұрады. Мұрат бақсы осы кезде қасиетін көрсетіп дарияның арғы бетіндегі киіз үйді қазандағы пісіп тұрған етімен бірге өзінің алдына көшіреді. Содан бері қаншама уақыт өтсе де Мұрат бақсы жайлы бұл оқиға бізге ұмытылмай жетіп отыр. Қазіргі уақытта Жапалақ Алтын Мұрат бақсыдан ұрпақ жоқ..
Жапалақ Алтын руынан шыққан Шәмен молда Есжанұлы (1883-1928) халық арасында дін жолын насихаттаумен аты шыққан адам болған. 1928 жылдары Қазақстанда ірі байлар мен молдаларды қудалау басталады. Сол қудалауға Алтын Шәмен молда да ілігіп, 1928 жылы Шымкент қаласында атылады. Жапалақ Алтын руынан Х!Х ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың 1-ші жартысында өмір сүрген дін жолын берік ұстаған Тұрмағамбет қажының есімі ел есінде сақталған.
Жапалақ Алтын ұрпақтарының ішінде елге жыраулығымен аты шыққан кісілер аз болмаған. Солардың бірі ХХ ғасырдың бірінші жартысында Сыр бойы, Қармақшы ауданында өмір сүрген Жапалақ Алтын руының Өтеп аталығынан шыққан Ыбырай жырау Тұрымтайұлының есімі халық арасында кең тарайды. Алтын Ыбырай жыраудың Қазихан деген баласы болады [ Бақытжан Ахметбектің дерек қорынан, Қармақшы ауданы, Иіркөл ауылының тұрғыны, Малай батырдың ұрпағы, шежіреші Үсен Баймаханов ақсақалдан алынған мәлімет].
Жапалақ Алтын руынан атақты Жұбан жырау шыққан. Жұбан жырау Ақжігітұлы ХХ ғасырдың бірінші жартысында Қармақшы өңірінде өмір сүрген. Алтын Жұбан жыраудың Ысқақ, Ысмайыл деген інілері болған. Ысқақтың Аманкелді деген баласы Қармақшыда тұрады.
Енді Сәлтеке батырдың немере бауыры Айдар Оразұлы жайлы сөз қозғайық. Айдардың Мәмбетияр, Бекбаулы, Тілеуке, Жәдік деген балалары болады. Бекбаулының ұрпағы бүкіл қазаққа аты шыққан ақын болады. Ол 1874-1938 жылдар аралығында өмір сүрген Сыр сүлейлері арасындағы шоқтығы биік тұлғаларының бірі Сейітжан сал Бекшентайұлы.
Сейітжан Бекшентайұлы Таубайға өзінің тегін:
Кіші жүз, асылым Алтын, Алшын едім,
Туысқан түбім бірге жалпы менің, - деп айтқан екен.
Келесі жолы Сейітжан ақын Арыстанға:
Алтын, Жаппас бір тудың
Тұтам жақын қарыстан,- деп мадақтап жырлайды.
Сыр бойының белгілі сүлейі Молдахмет жырау Дабылұлы «Өлеңді қастерлейік, жас ұрпақтар!» атты еңбегінде:
Атақты Сырдың ақын сүлейлері,
Қозатын Жүйріктердің дүбірімен.
Үш Жүсіп, Тұрмағамбет, Ыспан қари,
Жиенбай, Сейітжан, Омар, Молдағали, - деп Алтын Сейітжан ақынды жырлаған екен.
Осы кезеңде ел ағасы болған Ешмұрат, 1925-1930 жылдары болыс болған Нұрмұрат және Омар ақын Қошманұлы (1910-1988) халыққа аты шыға бастады. Омар ақын Қошманұлы жайлы Сыр бойының белгілі ақыны Шәкіман Бектібаев
өзінің «Біздің ғасыр» толғауында:
«Мүзарап, Үбісұлтан дүлдүл еді,
Ауылымның ақсақалы, білгірі еді.
Әлқуат, Қошаманов Омар, Сахи
Ақжарқын жүрген жері тілгір еді.

Бұлар да көп жұмысқа араласқан,
Әр елдің білгірімен хабарласқан.
Ел үшін еңбектерін аямаған,
Қартайып, шаршағанға қарамастан», - деп жырлаған екен.
Қазіргі уақытта Айдар Алтын руынан Бекбаулының ұрпақтарының бірі, Нұрмұрат болыстың немересі 1956 ж.т. философия ғылымдарының докторы, профессор, академик Нұрмұратов Серік Есентайұлы ел абыройын асқақтатуда халқына қызмет жасауда.


Ал Бекбаулының інілері Тілеуке би, Жәдік палуан болған. Тілеуке елмен араласып, билік жүргізіп жүрсе, Жәдік мал шаруашылығымен айналысқан.
Бір күні Тілеуке би: «Жәдік арқасында менің атым екі рет шықты. Енді бұдан бастап, атымыз бірге аталатын болсын» - деген екен. Енді екі рет аты қалай шыққанын баяндайық. Бір күні қазақтар жаудан қашып келе жатады. Жолда олар бір сайға түнеп шығады. Ертеңіне сайға бір керуен, су, азық-түлік алып келеді. Қашқындар аң-таң:«Керуен кімдікі?» - дегенде, керуеншілер: «Жәдіктікі, Тілеукенің інісінің» - дейді. Кейін Жәдіктен, сен қалай үстімізден түстің десе, Жәдік:«Мен сіздердің жаудан қашып келе жатқандарыңызды естідім.Уақытында осы жерлерде мал бағып жүргенмін.Сонда барымташы, ұрылардың жасырынатын жерлері осы жер болғанын көрген соң, осы жерге керуенді жібергенмін.»-дейді. Жәдік палуанның Тілеуке бидің атын екінші рет шығарғаны былай өрбиді. Бір күні қазақ елінде ас па,той ма болып жатады. Онда бәйге, палуан күресі болатыны белгілі. Күресуге бір түйе палуан шығады, бірақ өзіне қарсы шығатын палуанды таба алмайды. Енді болмаған соң палуан өзіне тиісті жүлдені сұрағанда, Жәдік палуан шекпеннің шетін белбеуіне салып, күреске шығады. Ел шулап: «Ей, ол сенің қабырғаңды сындырады ғой, сен әлі жассың ғой» - дейді. Бұл Жәдік палуанның жас жігіттік кезі еді. Жәдік халықтың тоқтатқанына көнбей,онымен белдеседі. Күрес басталып, Жәдік қарсыласының жамбасын сындырады. Халық дән риза. Халық:«бұл жігіт кім?», - десе, білетіндер: «Жәдік қой» - дейді.Сонда Жәдік өзін таныстырып: «Мен Тілеуке Жәдікпін» - деген екен. Сөйтіп Жәдік палуан Тілеуке бидің атын екі рет шығарады. Кейін еліндегілер Жәдіктен: «Сен өмірі күреспейтін едің, қалай күреске шықтың.» - десе, Жәдік:«Мен өзімде қайрат барын шамалаған едім. Өйткені тобылғыны жұлып алып тұрғанда екі жағынан су тамшылап тұратын. Содан өзімде қайрат барын сезгенмін» - деген екен. Осы Сәлтеке батырдың немере бауыры Тілеуке бидің балалары қазақ-жоңғар соғысында батырлықтарымен аты шығады.Үлкен ұлы Тілеулі батыр бір шайқаста ерлікпен қаза болады. Осы Тілеулі батырдың бесінші ұрпағы Серікбайұлы Досмағамбет молда Қармақшыда діни-ағартушылық қызметімен елге белгілі болса, батырдың келесі бесінші ұрпағы Көлбайұлы Ерман шежіреші болады. Тілеуке бидің екінші ұлы Жайнақ батыр, үшіншісі Мойнақ батыр болса, төртінші ұлы Дербісәлі үлкен бай болады, одан Қожан, Итен мырза т.б.дүниеге келеді. Қожанның, ХІХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген Айбасұлы Айшуақ батыр елін қорғаумен аты шығады. Итеннен атақты бай, Құлты әулие және 1798-1882 жылдар аралығында өмір сүрген Уәлі би дүниеге келген.
Шежіреші ақын Әлімбай Әлиасқаровтың еңбегінде:
Тілеукеден Тілеулі, Мойнақ, Жайнақ,
Дербісәлі жүрген жер болған ойнақ.
Мұнан туған балалар он бір екен,
Қожан, Итен, Тұрымтай өскен жайнап.

Қожаннан туатұғын алты бала,
Итеннен Құлты, Уәлі, бұған қара.
Құлтыдан он бір, Уәліден он үш ұл бар,
Ел болып өсіп кеткен дара-дара - делінген.
Құлтының баласы Медет батыр, одан 1853-1927 жылдар аралығында өмір сүрген Сүйінқара батыр дүниеге келген. Бұл кісілерде өзіне қарасты ауыл-аймақты ұры-қарыдан қорғап, жөнсіз келіп қорқытып, көз алартқандар болса, олардың сазайын беріп отырған.
Құлты әулие науқастарын сөзбен, шөппен, отпен, пышақпен және қобызбен емдеген. Құлты әулиенің бейіті қазіргі Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Нұра ауылының Мамыр бөлімшесінің аймағында орналасқан. Құлты әулиенің бейітің бүгінгі кезге дейін жұрт Құлты әулиенің қара моласы деп қастерлеп келген. Құлты әулиенің немересі Үмбетұлы Бәйімбет молда елге діни –ағартушылық қызметімен және билігімен белгіленді. Бәйімбет молданың бейіті Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданындағы Құлты әулиенің қасында. Бәйімбет молданың немересі Мәжит Бәйімбетов 12 томдық Қазақ ССР энциклопедиясының Бас редакторының орынбасары болса, келесі немересі Бәйімбетов Әбрек Қазақстан Республикасының алғашқы ихтиолог-ғалымдарының бірі.
ХХ ғасырдың 60-жылдарынан Қазақстанның әр өңіріне лайық балық шаруашылықтарын құру мәселесі биологиялық тұрғыдан дәлелденді, кәсіптік мәні бар аса бағалы балықтар (құбылмалы бахтах, ақ амур, т.б.) жерсіндірілді, барлық балық түрлерінің морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері, коректенуі, паразит фаунасы мен аурулары зерттелді. Осы ғылыми зерттеулерді жүргізген Әбрек Бәйімбетов, т.б. Ихтиолог-ғалым Бәйімбетов Әбректің «Словарь названий рыб Казахстана» (лат., ағылш., русск., қазақ., 1999) атты еңбегі жарыққа шықты.
Құлты әулиенің шөбересі Байсүгірұлы Іскендір молда (1886-1968) үлкен шежіреші әрі ақын болған. Құлты әулиенің келесі шөбересі атасының жолын қуып, дәрігер болады. Ол белгілі ғалым, академик Камал Сәруарұлы Ормантаев.
Ормантаев Камал Сәруарұлы (1936 ж.т.) – хирург, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбегі сіңген ғылым қайраткері. Ол Қазақстанда педиаторлардың, балалар хирургтарының, анестезиолог-реаниматологтарының, ортопед-травматологтарының ғылыми мектебінің негізін қалады. 40-тан астам авторлық куәлігі және 1 патенті бар. Қазақстан Мемлекет сыйлығының иегері, жыл дәрігері номинациясы бойынша «Алтын адам» (2000,2001) сыйлығын алған. «Парасат» орденінің иегері. Бұл дерек Сыр елі Қызылорда облысы энциклопедиясында кездеседі.
Академик Камал Ормантаев Қызылорда қаласының құрметті азаматы [Бақытжан Ахметбектің дерек қоры]. Ал Құлты әулиенің ұрпағы Қараұлы Мақым (1890-1976) Қармақшыда ауылнай болған.
Ал Құлты әулиенің інісі Уәлі биге келсек, Уәлі би Ресей экспансия кесірінен елін сонау Еділ бойынан Ырғыз арқылы Сыр бойына алып келеді. Өзі Кенесары ханды қызу қолдаған адам. Сыр елінде әділдігімен қоса батырға сай тұлғасымен аты шығады. Кейін 1860 жылдары халықтың қамы үшін Қарақұмда құдық қаздыртады. Бұл құдықты Жалағаш пен Қармақшы аудандарының малшылары 1960 жылға дейін қолданып келді. Уәлі бидің он үш балаларының ішінде Әлімбай, Топышбай сері, Байұзақ (Байзақ) деген балаларының есімдері елге кең тараған. Байзақ баба (1868-1943) ел билеген кісі, Қармақшы ауданындағы Байзақ тоғай деген киелі жер, осы кісінің мекені. Қармақшы ауданының алғашқы педагогтарының бірі, Байзақтың баласы Байзақов Ысқақ (1888-1958) Байзақ тоғайында алғашқы мектеп директоры болған.
Уәлі бидің шөбересі Әлімбаев Зинабдин Әлменұлы КСРО-ның еңбек сіңірген мұғалімі. Қармақшыда қырық жылдай мектеп директоры болған. Уәлі бидің келесі шөбересі Байзақов Нурадин Ахметбекұлы (1935-1956), 1956 жылы Венгриядағы бүлікшілік кезінде ерлікпен қаза болады. Қазірде, Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінде Байзақтегі Нұрадин атында көше және мектептің ұйымына Байзақов Нұрадин есімі берілді.
Айдар Алтын руынан Әмзе Сүлейменов деген ақын болған. Бұл кісінің біраз еңбектерінің ішінде, 1956 жылы Венгриядағы бүлікшілікте ерлікпен қаза болған, жандосы әрі етжақын бауыры Байзақов Нұрадинге «Нұрадинге» атты балладасын шығарған.
Уәлі бидің шөбересі 1944 ж.т. Ысқақов Жеңісбек Ысқақұлы 1968 жылдан бері Қызылорда облыстық стоматология емханасын басқарып келген. Қазіргі уақытта «Стомед» тіс емханасын басқарады.
Сәлтеке батырдың бауыры Жәдік палуанның ұрпақтары да халқының жадында қалған. Олар ХІХ ғасырда өмір сүрген Көлдей жырау Сәдірбайұлы, мен ХІХ ғасырдың екінші жартысы, ХХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген Көздібай палуан Базаралыұлы.
Жәдік палуанның ұрпақтарынан діндарлығымен көптеген кісілер шыққан. ХІХ ғасырда Ерниязұлы Абау молда елге діни-ағартушылық қызмет жасаған.1882 жылы Алтын Уәлі би Итенұлы қайтыс болғанда жаназасын осы Абау молда шығарған. Жәдік палуанның ұрпағы Базар молда (бейіті Қармақшы ауданы, Кеңтоғай ауылында), оның балалары Қошым (Қошыммұрат) кәлпе, әулие, Жүсіп қажы, Бейсеммұрат елге мықты діни ұстанымдарымен белгілі еді.
Жәдік палуанның атақты ұрпақтарының бірі Әбдірахманов Жаңалық Ниязұлы (дұрысы Әбдірахманұлы Бақытжан Ахметбектің дерек қорынан) (1935-2004) – ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі. 1990 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры болған. Бұл дерек Сыр елі Қызылорда облысы энциклопедиясында кездеседі.
2012 жылы ақпан айында академик Жаңалық Әбдірахманов есімімен Қызылорда қаласының бір көшесіне есімі берілді.
Жәдік палуанның келесі ұрпағы Орақ жырау Дәнекеров (1941-2001) Қармақшы ауданының жыраулар мектебінің жойылмауына көп үлес қосқан тұлғалы азамат.Орақ жырау Алтын Жұбан жыраудың шәкірті болған.
Енді Сәлтеке батырдың немере бауыры болып келетін Сығай Оразұлының ұрпағы жайлы сөз қозғайық. Бұл кісінің ұрпағынан да елін жаудан қорғаған талай батырлар шыққан. Соның бірі Сығайдың шөбересі Есболат батыр Алматайұлы. ХVІІІ ғасыр қазақ тарихында жаугершілік болған кезең. Осы уақытта Қазақ еліне Құба-қалмақ, Жоңғар, Қытай, Башқұрт, Ресей империясы, Қоқан хандығы, Түркімен және Қырғыз манаптары күш көрсете бастаған. Бірақ дәл осы ХVІІІ ғасырда қазақ жерінен жаулардың бетін қайтарған өңкей батырлар шығады. Кезінде ХІХ ғасырда көрнекті ғалым Шоқан Уалиханов: « ХVІІІ век – это век рыцарства казахского народа» - деп атаған. Яғни, ХVІІІ ғасыр ол батырлар заманы. Сондай –ақ осы ғасырда Есболат батыр Алматайұлы ерлігімен көзге түскен. Өкініштісі Есболат батырдың ұрпағы жайлы мәлімет жоқ.
Сығайдың шөбересі Жақапұлы Шобдар батыр болған кісі. Бұл кісі ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы, ХІХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген. Сығайдың шөпшегі Құрым деген кісі үлкен жылқышы бай болған.Сырдария өзенінің жағасындағы «Құрым шығанағы» деген жер осы кісінің иелігінде болған. Осы кісіден дүниеге Созақбай батыр келеді. Ал інісі Жұрыннан Өтеген батыр тарайды. Бұл кісілер ХІХ ғасырда өмір сүрген. Созақбай батыр Кенесары ханның қозғалысына қатысқан. Сыр бойы батырлары керейіт Нысанбай батыр-жырау Жаманқұлұлымен, табын Бұқарбай батыр Естекбайұлымен, табын Қабан батырмен, және Арқадан келген шұбыртпалы арғын Ағыбай батыр Олжабайұлымен бірге жорықтас болған. 1847 жылы Кенесары хан қырғыздардың қолына түскенде Созақбай батыр, Ағыбай, Бұқарбай, Наурызбай батырлармен бірге құтылып шығады. Бірақ Наурызбай ағасына көмектеспек болып, қырғыздарға қайта жалғыз шабады.Батырлардың айтқанына көңбей кеткен жас Наурызбай ағасымен бірге қаза табады. Кейін бұл оқиғаны керейіт Нысанбай жырау «Кенесары-Наурызбай» жырына қосады. Енді Созақбай батырдың аты керейіт Нысанбай жыраудың «Кенесары-Наурызбай» жырында неге кездеспейді деп ойланасың. Ол мәселе былай болған екен. Кенесары хан қырғыз елінде қаза табады. Созақбай, табын Қабан, табын Бұқарбай, арғын Ағыбай батырлар қазақ еліне қайтады. Керейіт Нысанбай жырау әйгілі жырын шығарады, жолда алтын, күміс, ер-тұрмандарды берген кісілерді жырына қосады. Созақбай батыр ондай заттар бермеген соң, оны Нысанбай жырау жырына кіргізбейді.
Кенесары хан қозғалысынан кейін, Созақбай батыр Сыр бойының ханы Елкейдің (Елікей) қолын басқарған. Созақбай батырдың алты баласы болған. Солардың ішінде Қара ауылнай, Қашақ батыр-мерген болады. Қара ауылнай бәйгеге ат ұстап қосатын ат сыншысы әрі бүркіт ұстап аңға салған аңшы болған. Созақбай батырдың немересі Қодарұлы Әбдіраман Сыр бойына белгілі кісі, колхоз бастығы, ауылсовет председателі, бас агроном болған. Елде ол кісіні «Қызылкөз» Әбдіраман деп атаған.
Ал Сығайдың бесінші ұрпағы Досмамбетұлы Қаһарман ҚССРО Жоғары Кеңесінің депутаты, «ЦИК» мүшесі, Қармақшы ауданынын ауыл шаруашылық басқармасының бастығы болған. Бұл кісі 1937 жылғы бірінші сайлау депутаты болып сайланған тұлғалы азамат. Бұл дерек Қ. Нақыпұлының. Кіші жүз. 12 ата Бай баласы. Алтын шежіресі. Атты кітабында кездеседі. Қазіргі уақытта Созақбай батырдың белгілі ұрпақтарының бірі, қоғам қайраткері, ғалым Әуезхан Әбдіраманұлы Қодаров халыққа кызмет етуде.
Қодар Әуезхан (1958 ж.т.) – мәдениеттанушы, философия ғылымдарының кандидаты, 1994 жылдан Қазақстан халықтарының мәдениетін қорғау жөніндегі «Алтын ғасыр» қоғамдық бірлестігінің президенті. 1999 жылдан «Тамыр» журналының бас редакторы. Әуезхан Қодар республикалық шығармашылық жастар «Жігер» фестивалінің лауреаты. Бүл дерек Сыр елі Қызылорда облысы энциклопедиясында кездеседі.
Созақбай батырдың бейіті Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылынан қырға қарай 100 шақырым жердегі жәй төбеде жерленген. Ал немере бауыры Өтеген батыр Жұрынұлынан ұрпақ жоқ. Тағы бір атап кететін жәйт, Сәлтеке батырдың Сығай бауырынан тараған белді ұрпақтары, Қауменнің балалары Әлібай би мен Далдабай билер Сыр бойына өзіндік ізін қалдырған арда азаматтар. Бұл билер ХІХ ғасырдың екінші жартысы, ХХ ғасырдың басында Жалағаш өңірінде өмір сүрген. Әлібай биді Сыр бойының белгілі ақыны Шоңбай Жұбанұлы:
Әлібай болыс, Тобжан би атанып,
Артылған абыройы, сыйлап халқы, - деп жазады.
Әлібай жасынан еті тірі жігіт атанып, алдымен ауылға, кейін болысқа кандидат, ал 1900-1910 жылдары Қазалы уезіне қарайтын Қармақшы болысын басқарады. Сарықұмдағы Әлібай тамы деген үйдің орны бар. Жұртшылық ол жерді Әлібай тамы деп атайды. Бұл дерек Т. Дайрабайдың . Сыр перзенттері. кітабында кездеседі.
Сыр бойлық Тұрымбет жырау Салқынбайұлы 1911 жылы, Қаратамыр Төребай би қайтыс болғанда айтқан көңілқосында: Алтында Әлібай мен Тобжан қажы,
Солардай халық жақсысы қайғырды көп,- деп Алтын Әлібай мен Алтын Тобжан билерді атайды
ХІХ ғасырда Сығай Алтын руынан Есеқұлұлы Есір бидің есімі белгілі болған. Есір бидің өзінің арнайы мөрі болған.
Сығай Алтын руынан елге ақындығымен аты шыққан кісілер аз болмаған. Солардың бірі Мұхамедияр жырау Жабағыұлы (1908-1989). Қазіргі уақытта Қызылорда қаласының маңайындағы Қаракөл ауылында Мұхамедияр жырау атында көше бар.
Жабағиев Мұхамедияр (1908–1989) – жырау. Жасынан ән-жырға құмар болған. Сыр бойы ақындарының өлен-жырларын, термелерін, кейіннен үлкен дастан, қиссаларды жатқа айтқан. Ол «Алтын балық», «Айша қыз», «Шаһизада», «Мағауия», «Әбу Шаһнама» атты қиссаларды жырлаған. Қаңлы Жүсіп, Кете Жүсіп, Даңмұрын, Сейітжан, Тоғжан ақындарды өзіне ұстаз санаған. «Жақсыбайға» атты поэмасы 1944 жылы жарыққа шықты. 1962-63 ж. Зерттеуші ғалымдар М.Жармұхамедов, М. Байділдаев, З.Қариева Жабағиевтің қисса-дастандарын жазып алып, таспаға түсірген. Кейіннен «Көроғлы», «Әзірет Әлі» қиссаларын, Кердері Әбубакір, Балқы Базардың шығармаларын халық арасына кеңінен насихаттаған. Бұл дерек Сырдария (Тереңөзек) ауданы шежіре кітабында кездеседі.
Сығай Алтын руынан біраз қол өнер иелері шыққан. Солардың бірі ХХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген Өтешұлы Әптіхан ұста.Әптіхан темір ұстасы болған. Бұл кісі бір құлақты шиті мылтық жасаған.
Сығай Алтын руынан халық арасында дін жолын насихаттаумен Х!Х ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың 1-ші жартысында өмір сүрген Әбдіразақ молданың, ХХ ғасырда өмір сүрген Досжанай молданың есімдері кең тараған.
ХХ ғасырдың басында Алтын еліне діни-ағартушылық қызметімен тегі Қожа Ахметбек ишан Биқожаұлы келеді. Кейін Алтын елінің арасында діни – ағартушылық қызметімен айналысқан соң Ахметбек ишан, Алтынқожа деп аталып кетеді.
Алтынқожа Биқожаұлы (1886–1943) – діни қызметкер. 19 жасында Өзбекстанның Үргеніш қаласындағы діни оқуға түскен. 14 жылдай оқып, ишан дәрежесін алған. Елге оралып Қармақшының Қызылтам елді мекенінде мешіт ашады. Кіші жүздегі Алтын жаппас руында ислам дінін уағыздайды. 1902 жылы Уфа қаласында өткен Алашордалықтардың ІІ Думасына Қармақшы уезінен делегат болып қатысты.1929 жылы Кеңес органдары дүние-мүлкін кәмпескеліп, Қармақшыдан туған ауылына көшіп келеді. 1937 жылы саяси қуғын-сүргін құрбаны болып, 10 жылға сотталып Ресейге жер аударылды. Бұл дерек Сыр елі Қызылорда облысы энциклопедиясында кездеседі.
Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1946), Қазақстанның еңбегі сіңірген ғылыми қайраткері Кеңесбаев Ісмет Кеңесбайұлы Алтынның Қасқұлынан шыққан.
Академик Кеңесбаевтың көп жылғы зерттеулерінің нәтижесінде «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» (1977, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1978). Кеңесбаевтың басшылығымен «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі (2 томдық, 1959,1961) және «Қазақ орфографиялық сөздігі» (1961), екі томдық «Орысша-қазақша сөздік» (1978,1981) жарыққа шықты. Ғалым бірнеше рет дүниежүзілік түркітанушылар симпозиумдарына қатысып, ғылыми баяндамалар жасады. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978). Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. Бұл дерек Қазақстан ұлттық энциклопедиясының 4 томында кездеседі.
Енді Сәлтеке батырдың атасы Көзала батырмен туысқан Шұңғыр жайлы айтсақ. Шұңғыр қазақ елін қорғаған айтулы батыр. Аталмыш ақын Әлімбай Әлиасқаров Шұңғыр батырды:
Еділбайдан туады Шұңғыр батыр,
Атасы өсиет айтып сырласқан сыр.
Шұңғырдан Алсай, Бұйра – екі бала,
Ер болып аралаған ой мене қыр - деп жырлаған.
Бұл кісі ХVІ ғасырдың екінші жартысы, ХVІІ ғасыдың бірінші жартысында өмір сүрген. Шұңғыр батырдың ұрпақтарынан да елін жаудан қорғаған атақты батырлар шығады. Мысалы, ХVІІІ ғасырда өмір сүрген Сәлтеке батырдың замандасы Барақ батыр Алсайұлы. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген Шұңғыр батырдың ұрпағы Жанай батыр. Шұңғырдың ХІХ ғасырда өмір сүрген ұрпағы Кішкенбай батыр Мажығұлұлы. Кішкенбай батырды Сыр бойының белгілі ақыны Шоңбай Жұбанұлы:
Кішкенбай белді кісі, батыр өткен,
Жайылған атырапқа шығыпдаңқы,
- деп жырласа, Кішкенбай батырды ақын Әлімбай Әлиасқаров:
Жанайдан Бұйра, Маймақ, Мажығұл, Сепен,
Мажығұлдан Кішкенбай батыр екен - деп жырлайды.
Шұңғыр батырдың ұрпағы Қожантай би 1885-1905 жылдары болыстықты басқарса, 1915-1920 жылдары келесі ұрпағы, Байжан басқарған. Бұл дерек Қ.Нақыпұлының. Кіші жүз. 12 ата Бай баласы. Алтын шежіресі кітабында кездеседі.
Шұңғыр батырдың ұрпағы Мұстафаұлы Жұмабай (1897-1961) – палуан, аңшы, молда болған кісі. Жұмабай палуан 1932 жылы, аштық кезінде Тәжікстан Республикасының Қорғантөбе деген аймағында 1952 жылға дейін тұрған. Осы өлкеде Жұмабай палуан палуандығымен аты шығады. 1952 жылы Жұмабай палуан Өзбекстан Республикасына көшіп келіп, осында қайтыс болады.
Шұңғыр батырдың ұрпақтарынан біраз қол өнер иелері шыққан. Солардың ішінде ХІХ ғасырдың екінші жартысы, ХХ ғасырдың бірінші жартысында атақты Түркей ұста өмір сүрген.
Шұңғыр батырдың ХІХ ғасырдың екінші жартысы, ХХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген аты-шулы ұрпағы шығады - ол Қожбан батыр, хан. Қожбан батыр Жұбанұлы Кеңес үкіметіне қарсы шығып, көтеріліс бастаған. Алдымен бұл көтерілісті 1878-1931 жылдар аралығында өмір сүрген Сәлтеке батырдың ұрпағы, молда Жұмағазы Бәйімбетұлы басқарады. Халық бұл кісіні хан сайлайды. 1930 жылы есіл ер Жұмағазы хан қолға түседі, 1931 жылдың 21 қарашасында атылады. Бұл дерек Сыр елі Қызылорда облысы энциклопедиясында кездеседі.
Сосын Қызылорда облысының Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарының тұрғындары ұйымдасып Қожбан батырды хан сайлайды. Көтерілісшілердің саңы 2000 адамға жетеді. Бірақ, өкінішке орай мұздай қаруланған кеңес әскері көтерілісшілерді қырып тастайды. Қожбан батыр қаза болады. Көтерілісшілердің көбісі Алтын елінен шыққандықтан, бұл көтерілісті Алтын көтерілісі дейді. Көтеріліске шыққан Алтындардың азаматтарын Қызылорда қаласының маңайындағы Қаракөл ауылының жанында атып тастайды. Алтын елінің Қасқұл аталығынан шыққан ағайындарының көбісі осы қырғында жойылады, кейін аштықта қырылады. Одан соң 1941-45 жылдары болған Ұлы Отан соғысында көпшілігі майданнан қайтпайды. Сондықтан Қасқұл ағайындары қазіргі уақытта тым аз.
1991 жылы Алтын баба ұрпақтары Қызылорда облысының, Жалағаш ауданында, Қайыршақты деген жерде бабаларына арнап үлкен ас берді. Бұл ұрпақтардың бабаларына жасаған тағзымы еді. Елім деп еңіреп өткен ардақты бабаларымыздың ұрпақтары ретінде, біз ұлтымыздың тарихын, мәдени құндылықтарын күндіз-түні тынбай жаза беруіміз керек. Кезінде француз оқымыстысы Вольтер:Тарихшыларды жазғандары үшін емес, жазбағандары үшін соттау керек, - деген екен. Сол сияқты қазіргі таңда қазақ елінің тарихын жастардың зердесіне құйып, оны тарих беттеріне жазу аса маңызды.
Қазақтың ұлы ғұламасы Ахмет Байтұрсынов: Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар,
Құлағын біреу салмас, біреу салар.
Теп-тегіс көпке ұнау оңай емес,
Кейіне жарамаса, кейіне жарар, - деген дей, мен де Сыр бойындағы он екі ата Байұлы Алтын руынан шыққан Сыр өңірінің тарихи тұлғалары болған ата-бабалардың есімдерін қазіргі ұрпаққа жеткізуді жөн көрген едім. Өйткені, жастар біздің келешегіміз, заманымыздың болашағы.

Бақытжан Ахметбек,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университеті жанындағы «Қорқыттану»
ғылыми-зерттеу институтының ғылыми маманы.
8 – (7242) 24-31-63
8-777-058-76-35
8-777-649-67-34


Бақытжан Ахметбек
ahmetbek_74@ mail.ru
19-02-13 12:55


Сыр бойында туылған немесе осында өмір сүрген және осы өлкені қорғап қаза болған қазақ халқының қорғандары


Сыр елінің батырлары

1. Қыпшақ, кейбір деректерде Қожа «Оқшы ата» Көгентүп батыр – (10 ғ 2-ші жартысы, - 1043)
2. Қонырат Божбан батыр.
3. Қамбар батыр.
4. Қара Қыпшақ Қобыланды батыр Тоқтарбайұлы. 15 ғ.
5. Божбан Қонырат Алпамыс батыр.
6. Найман Төлегетай батыр- әулие Сүйіншеұлы – 15 ғ.
7. Арғын Абат батыр Асан қайғы ұлы – 15ғ.
8. Қожа Бақсайыс атанған (Сайд Камаладдин) батыр – 16 ғ.
9. Шөмекей Шөмен Қаракесек Алшын Бозғұл батыр. 16 ғ.
10. Байғана батыр-мерген – 16ғ.
11. Қара Қыпшақ Торы батыр – 16ғ.
12. Әлімұлы Алшын Айнық (Қарасақал) батыр Әлімұлы – 16 ғасырдың 2-ші жартысы 17 ғасырдың 1-ші жартысы.
13. Әлімұлы Алшын Сарыбас батыр Айнық (Қарасақал) батыр ұлы – 16 ғасырдың 2-ші жартысы 17 ғасырдың 1-ші жартысы.
14. Әлімұлы Алшын Тегенболат (Қарасақал) батыр Әлімұлы – 16 ғасырдың 2-ші жартысы 17 ғасырдың 1-ші жартысы.
15. 12. Төртқара (Қарамашақ) Әлімұлы Қаракесек Алшын Тоқпан батыр Ораз қажы ұлы – 16ғ.
13. Төртқара (Қарамашақ) Әлімұлы Алшын Сейтқұл батыр-би- хан Тоқпан батыр ұлы –16 ғ.
14. Төртқара (Қарамашақ) Әлімұлы Алшын Жалантөс баһадүр Сейтқұл батыр-хан ұлы (1576-1656).
15. Көтенші (Тәңірберген) Қонырат Қожамберді батыр Аманбайұлы – 16ғ 2-ші жартысы
16. Найман Қаптағай батыр. – 16ғ.
17. Көтенші (Құдайберді) Қонырат Кейден батыр Қараша хан ұлы – 17 ғ.
18.Торы Қара Қыпшақ «Көкмұрын » атанған Құдайменді батыр Құлпейісұлы – 17 ғ.
19. Бозғұл Шөмекей Шөмен Қаракесек Алшын Келмембет батыр Келдібайұлы – (1648-1675).
20. Бозғұл Шөмекей Шөмен Қаракесек Алшын Әлдеберлі батыр Келмембет батыр ұлы.
(1673-?).
21. Қара Кете Қаракесек Алшын Қарпық батыр Асанұлы – 17 ғ.
22. Қара Кете Қаракесек Алшын Қарабазар батыр Асанұлы – 17 ғ.
23. Бозғұл Шөмекей Өтебай батыр Әлдеберлі батыр ұлы – 17ғ.
24. Аққорғандық Қожа Қара шайых - батыр Баһуаддинұлы – 17ғ 2-ші жартысы, 18ғ 1-ші жартысы.
25. Сандаулы Тілік (Қоспенбет) Керейіт Ершақ батыр Үсенұлы – 17ғ.
26. Сандаулы Тілік (Қоспенбет) Керейіт Қара Дулат батыр –хан Көне би (Күне) ұлы – 17ғ.
27. Сандаулы Тілік (Қоспенбет) Керейіт Тағыберлі батыр Дулат батыр ұлы – 17ғ.
28. Тілік (Қоспенбет) «Қосбармақ» атанған Арық мерген-батыр Күнекұлы – 17 ғ 1-ші жартысы.
29. Тілік (Қоспенбет) «Қосбармақ» атанған Қара мерген-батыр Күнекұлы – 17 ғ 1-ші жартысы.
30.Тілік (Қоспенбет) Бидас батыр-аталық Тазұлы – 17 ғ 1-ші жартысы, 18 ғ 1-ші жартысы.
31. Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Қаракесек Алшын Айдарбек батыр Уәріс (Өріс) ұлы - 17ғ.
32. Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Қаракесек Алшын Татыран батыр Айдарбек батыр ұлы – 17 ғ.
33. Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Қаракесек Алшын Ардана батыр Айдарбек батыр ұлы – 17ғ.
34. Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Қаракесек Алшын Күлік батыр Айдарбек батыр ұлы – 17ғ.
35. Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Қаракесек Алшын Алтынбай батыр Айдарбек батыр ұлы – 17 ғ.
36. Барлыбай Бозым (Шөмішті) Табын Балабатыр (Сәдір) батыр Бұлтұлы – 17 ғ 2-ші жартысы, 18 ғ 1-ші жартысы.
37. Барлыбай Бозым (Шөмішті) Табын Дүйсен (Шоба) батыр Бұлтұлы – 17 ғ 2-ші жартысы, 18 ғ 1-ші жартысы.
38. Түйішке Торы Қара Қыпшақ Қожамсүгір батыр Қойбарұлы - 17ғ 2-ші жартысы, 18 ғ 1-ші жартысы.
39. Қожакелді Бозғұл Шөмекей Шөмен Қаракесек Алшын Тұяқ батыр Құттығайұлы – 17ғ.
40. Бозғұл Шөмекей Шөмен Қаракесек Алшын Полат (Болат) батыр Қайқыұлы – 17 ғ.
41. Алтын Албан Сырымбет батыр – 17 ғ.
42. Қыдыр Тарақты Еркебұлан батыр – 17 ғ.
43. Бозғұл Шөмекей Шөмен Қаракесек Алшын Андағұл батыр Жарылқапұлы – 17 ғ 2- ші жартысы.
44. Бозғұл Шөмекей Шөмен Қаракесек Алшын Өнтек батыр Жарылқапұлы – 17 ғ 2-ші жартысы.
45. Қара Кете Қаракесек Алшын Құдайназар батыр-аталық Қарпық батыр ұлы – 17 ғ 2-ші жартысы 18 ғ 1-ші жартысы.
46. Сарықасқа Бозғұл Шөмекей Алшын Тойқожа батыр Өтебай батыр ұлы – 17 ғ 2-ші жартысы 18 ғ басы.
47. Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Бүркірек батыр Марқадымұлы. (1646-1726/27). кейбір деректерде Бозғұлұлы – деп, ал Марқадым атасы делінеді.
48. Аташал (Есенкелді) Тама Есет батыр-би-тархан Көкі батыр ұлы – (1667-1749).
49. Қара Кете Қаракесек Алшын Текей батыр-әулие Қарпық батыр ұлы – (1679-1764).
50. Абақ Керей Барақ батыр-би Шүйіншалыұлы – (1650-1740).
51.Торжымбай Жақайым Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Құл батыр-әулие Кенжеғұлұлы – (1673-1742).
52. Шұңғыр Алтын Байұлы Алшын Барақ батыр Алсайұлы – 18 ғ.
53. Қожакелді Бозғұл Шөмекей Алшын Арыстанбай батыр Айбасұлы – (1693-1748).
54. Сейін (Желдер) Бозғұл Шөмекей Алшын Жолай батыр-би Ырсымбетұлы – (1692-1770).
55. Ақбура Жақайым Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын «Мерген» атанған Назарқұл батыр – 17ғ соны, 18ғ басы.
56.Бөлек Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Бақтыбай батыр-би Төлес би ұлы – (1698/1720-1780).
57. Қаратамыр (Емендәулет) Бозғұл Шөмекей Алшын Бәкен батыр Қожасұлы – 18 ғ.
58. Қара Кете Қаракесек Алшын Абақан батыр Текей батыр ұлы – 18 ғ.
59. Матай Найман Бөрібай батыр Сарыұлы – (1694-1756/60).
60. Жақайым Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Бәби батыр-би Қожас әулие ұлы – 18ғ.
61. Жаппас Байұлы Алшын Баймұрат батыр-би Есенбайұлы – 18ғ.
62. Майдан Кішкене Шекті (Жаманақ ) Әлімұлы Алшын Киікбай батыр,би Құлжаманұлы – 18 ғ.
63. Қара Кете Қаракесек Алшын Ақкөбек батыр Текей батыр ұлы – 18 ғ.
64. Қара Кете Қаракесек Алшын Кеген батыр Текей батыр ұлы – 18 ғ.
65. Қаракесек (Ұланақ) Әлімұлы Алшын Жақау батыр-хан Естекұлы – 18 ғ.
66. Сандаулы Тілік (Қоспенбет) Керейт Тайлақ батыр Дүбір батыр ұлы, кейбір деректерде Мәті бидің ұлы дейді - (1693-1729/42).
67. Қожас Қаратамыр (Емендәулет) Бозғұл Шөмекей Қаракесек Алшын Мәмбет батыр-би-аталық Бұлғақ би ұлы – (1704-1769).
68.Сарықасқа Бозғұл Шөмекей Алшын Баймембет батыр- елші Тойқожа батыр ұлы – 18 ғ.
69. Ардана Айдарбек Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Сарыайғыр батыр-әулие – 18 ғ.
70. Шобдар Сейін (Желдер) Бозғұл Шөмекей Алшын Киікбай батыр-би Әлібек би ұлы – (1728-1798).
71. Жақайым Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Сартай батыр-би Байжан би ұлы – (1711-1785).
72. Шөмішті Керейіт Алшынбай батыр-әулие Аққұртқаұлы -18ғ.
73. Қожжан Диуана (Мәді) Қожа Сейіт батыр Қожакөленұлы – 18 ғ.
74. Жақайым Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Байғара батыр Қожасұлы – (1706-1731).
75. Қырғыз Байсейіт батыр Ақкісі би ұлы – 18ғ.
76. Қырғыз Қара батыр Ақкісі би ұлы – 18ғ.
77. Жолшора Кішкене Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Ашабай батыр-хан Тасболатұлы – 18 ғ.
78. Жақайым Шекті Әлімұлы Қаракесек Алшын Сырлыбай батыр, би Қожас әулие ұлы – 18 ғ.
79. Жақайым Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Жылқайдар батыр Сырлыбай батыр–би ұлы (1712- 1792).
80. Көзала Алтын Байұлы Алшын Сәлтеке батыр-би, ақын Мәметекұлы – 18ғ.
81. Жаппас Байұлы Алшын Ақтайлақ батыр – 18 ғ.
82. Есенбай Шөмішті (Бозым) Табын Сәрке батыр Өмірқұл бай ұлы – (16 - 1727), кейбір деректе (1727-1771).
83.Жақайым Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Жылқаман батыр-мерген Отыншыұлы – (1712-1796)
84. Қожжан Диуана (Мәді) Қожа Таңсық батыр Әлімұлы – 18 ғ.
85. Қожас Қаратамыр (Емендәулет) Бозғұл Шөмекей Алшын Тәтімбет батыр-би Бұлғақ би ұлы – (1700-1764).
86. Қаракесек (Ұланақ) Әлімұлы Алшын Қопа батыр – 18 ғ.
87. Жылкелді Жаппас Байұлы Алшын Тілеке батыр – 18 ғ.
88. Төбет Аспан Шөмекей Алшын Түрке батыр Сарыкедей би ұлы – 18 ғ.
89. Төртқара (Қарамашақ) Әлімұлы Алшын Ерболат батыр Толыбайұлы – ( - 1740).
90. Асан Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Мойнақ батыр-би Қожамберліұлы – 18ғ.
91. Ақбай батыр – 18ғ.
92. Теке Көсеулі (Ағым) Табын Жүзжасар батыр-би Ақылұлы – 18ғ.
93. Төртқара (Қарамашақ) Әлімұлы Алшын Тасым батыр Төлесұлы – 18ғ.
94. Қожа Өмір батыр (Өмір ата) – 18ғ.
95. Қожа Бұйра батыр (Бұйра баба) – 18ғ.
96. Қожа Мамыт батыр (Мамыт ата ) – 18ғ.
97. Құйысқансыз Көтенші (Тәңірберген) Қонырат Байтілес батыр Барлыбайұлы – 18ғ.
98. Құйысқансыз Көтенші (Тәңірберген) Қонырат Жиде батыр – 18ғ.
99. Құйысқансыз Көтенші (Тәңірберген) Қонырат Қашқынбай батыр Жиде батыр шөбересі – 18ғ.
100. Асан Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Таймас батыр Мойнақ батыр-би ұлы – 18ғ.
101. Асан Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Базай батыр Мойнақ батыр-би ұлы -18ғ.
102. Қырық Есенбай Шөмішті (Бозым) Табын Өтепберген батыр Жаманқараұлы – 18ғ.
103. Қырық Есенбай Шөмішті (Бозым) Табын Байкел батыр Қонайұлы – 18ғ.
104. Шашты (Кенжеғұл) Торы Қара Қыпшақ Құтым батыр Ботықараұлы – 18 ғ.
105. Шашты (Кенжеғұл) Торы Қара Қыпшақ Шағыр батыр Абасұлы – 18 ғ.
106. Шашты (Кенжеғұл) Торы Қара Қыпшақ Базарқұл батыр – 18 ғ.
107. Шашты (Кенжеғұл) Торы Қара Қыпшақ Малай батыр Базарқұл батыр ұлы – 18 ғ.
108. Көтенші (Тәнірберген) Қонырат Желкілдек батыр, бай Бөлтекұлы – 18 ғ.
109. Көтенші (Тәнірберген) Қонырат Қалбағай батыр Бөлтекұлы – 18 ғ.
110. Жаппас Байұлы Алшын Алаң батыр Баймұрат батыр ұлы – 18 ғ.
111. Қара Кете Шөмен Қаракесек Алшын Құттыбай батыр – 18 ғ.
112. Қара Кете Шөмен Қаракесек Алшын Жанышбай батыр Жиенбайұлы – 18 ғ.
113. Қара Кете Шөмен Қаракесек Алшын Едіге батыр Жанышбайұлы – 18 ғ.
114. Қара Кете Шөмен Қаракесек Алшын Нәдірәлі батыр Ұлтайұлы – 18 ғ.
115. Қара Кете Шөмен Қаракесек Алшын Жұбаныш батыр Барақұлы – 18 ғ.
116. Қара Кете Шөмен Қаракесек Алшын Бөрібай батыр Өтебайұлы – 18 ғ.
117. Қара Кете Шөмен Қаракесек Алшын Айтуар батыр Қанайұлы – 18 ғ.
118. Алтынбай Айдарбек Өріс Шекті Әлімұлы Алшын Сары батыр Түйтеұлы – 18 ғ.
119. Қарасақал Әлімұлы Алшын Тайлақ батыр – 18 ғ.
120. Қожамұрат Майдан Кішкене Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Қылышбай батыр-хан Жұмағұлұлы – (1729-1789).
121. Төртқара (Қарамашақ) Әлімұлы Алшын Өтебас батыр-би Әйтеке би ұлы – 18 ғ.
122. Қараша Көтенші (Құдайберді) Қонырат Тайлақ батыр Мәмек батыр ұлы – 18 ғ.
123. Қараша Көтенші (Құдайберді) Қонырат Көшек батыр ұлы – 18 ғ.
124. Қара шайық Аққорғандық Қожа Төлек батыр - 18 ғ.
125. Қараша Көтенші (Құдайберді) Қонырат Мәмек батыр Нияз батыр ұлы – 18 ғ.
126. Қараша Көтенші (Құдайберді ) Қонырат Назар батыр Қазы би ұлы – 18 ғ.
127. Қараша Көтенші (Құдайберді) Қонырат Сырғақ батыр Нияз батыр ұлы – 18 ғ.
128. Сығай Алтын Байұлы Алшын Есболат батыр Алматайұлы - 18 ғ.
129. Тоқберлі Айдар Көсеулі (Ағым) Табын Аралбай батыр – 18 ғ.
130. Есенбай Шөмішті (Бозым) Табын Бекайдар батыр Сәрке батыр ұлы – 18 ғ.
131. Жақап Есенбай Шөмішті (Бозым) Табын Байтен батыр Дәулекеұлы – 18 ғ.
132. Қырық Есенбай Шөмішті (Бозым) Табын Дөненбай батыр Сартымбетұлы – 18 ғ.
133. Қырық Есенбай Шөмішті (Бозым) Табын Құнанбай батыр Сартымбетұлы, кейбір деректе Дөненбай батыр ұлы – деп жазады. - 18 ғ.
134. Қара Кете Шөмен Қаракесек Алшын Болат батыр Абақан батыр ұлы – 18 ғ.
135. Қарабазар Қара Кете Қаракесек Алшын Итіке батыр Өтепбергенұлы – 18 ғ.
136. Тәуен Сарыбай Бозғұл Шөмекей Алшын Жолан батыр Қарақызұлы – 18 ғ.
137. Ардана Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Қылыш батыр – 18 ғ.
138. Жақайым Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Мыса батыр Сырлыбай батыр ұлы – 18ғ.
139. Жақайым Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Ақша батыр Бәби батыр ұлы – 18ғ.
140. Тама Жетіру Айғара батыр – 18ғ.
141. Қаратамыр (Емендәулет) Бозғұл Шөмекей Алшын Есенқұл батыр – 18ғ.
142. Табын болуы мүмкін Боқай батыр – 18ғ.
143. Тайпы Қарабай батыр – 18ғ.
144. Тәуен Сарыбай Бозғұл Шөмекей Алшын Қоныс батыр Бөріұлы– 18ғ.
145. Тәуен Сарыбай Бозғұл Шөмекей Алшын Дауылбай батыр Қоныс батыр ұлы – 18ғ.
146. Майдан Кішкене Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Оразақ батыр Киікбай батыр-би ұлы – 18ғ.
147. Сандаулы Тілік (Қоспенбет) Керейіт Тоғым батыр Әлімұлы – 18ғ.
148. Қошқаралы Сейін (Желдер) Бозғұл Шөмекей Алшын Қорен батыр Жәдік (Жәуік) ұлы – 18 ғ.
149. Тәуен Сарыбай Бозғұл Шөмекей Алшын Саржан батыр Жақсылықұлы – 18ғ.
150. Тәуен Сарыбай Бозғұл Шөмекей Алшын Тауасар батыр – 18 ғ.
151. Ақкете Әлімұлы Қаракесек Алшын Арал батыр Балпыш би ұлы – 18 ғ.
152. Қыдыр Тарақты Байқозы батыр Наймантай батыр ұлы – (1713-1810).
153. Сандаулы Тілік (Қоспенбет) Керейіт Алтай батыр Тайлақ батыр ұлы – 18 ғ.
154. Шұңғыр Алтын Байұлы Алшын Жанай батыр. - 18 ғасырдың 2-ші жартысы.
155. Тілеуке Айдар Алтын Байұлы Алшын Тілеулі батыр Тілеуке би ұлы – 18 ғ.
156. Тілеуке Айдар Алтын Байұлы Алшын Мойнақ батыр Тілеуке би ұлы – 18 ғ.
157. Тілеуке Айдар Алтын Байұлы Алшын Жайнақ батыр Тілеуке би ұлы – 18 ғ.
158. Тәуен Сарыбай Бозғұл Шөмекей Алшын Қалам батыр-би Бөріұлы– (1715-1780).
159. Сарыбас Қарасақал Әлімұлы Алшын Мырзакелді батыр Құдайсүгірұлы – 18 ғ.
160.Сарыбас Қарасақал Әлімұлы Алшын Ақша батыр Итемген батыр ұлы – 18 ғ.
161.Сарыбас Қарасақал Әлімұлы Алшын Бекше батыр Итемген батыр ұлы – (17?-1771).
162. Сарыбас Қарасақал Әлімұлы Алшын Қаблан батыр Итемген батыр ұлы - (17?-1771).
163.Сарыбас Қарасақал Әлімұлы Алшын Жолбарыс батыр Итемген батыр ұлы – (17?-1771).
164. Сарыбас Қарасақал Әлімұлы Алшын Жайық батыр Мешітбайұлы – (17?-1771).
165. Тегенболат Қарасақал Әлімұлы Алшын Тілеуберлі батыр Болықұлы – 18ғ.
166. Тегенболат Қарасақал Әлімұлы Алшын Есіркеп батыр Қосайұлы – 18 ғасырдың 2-ші жартысы, 19 ғасырдың 1-ші жартысы.
167. Сарыбас Қарасақал Әлімұлы Алшын Шағырай батыр Мырзакелді батыр ұлы – (1740/50-1840-50)
168. Бабақ Құрманай Кішкене Өріс Шекті Әлімұлы Алшын Әлі батыр Жәнібекұлы – 18 ғасырдың 2-ші жартысы, 19 ғасырдың 1-ші жартысы.
169. Торыбай Бозғұл Шөмекей Алшын Меңей батыр Мәлібайұлы – (1750-1850).
170. Бабақ Құрманай Кішкене Өріс Шекті Алшын Жәңке батыр, би Шонайұлы – 18 ғасырдың 2-ші жартысы, 19 ғасырдың 1-ші жартысы.
171. Тәуен Сарыбай Бозғұл Шөмекей Алшын Барта батыр Қожамсүгірұлы – 18 ғ 2-ші жартысы, 19 ғ 1-ші жартысы.
172. Тәуен Сарыбай Бозғұл Шөмекей Алшын Атан батыр Тәутек (Тәуетек) ұлы – 18 ғ 2-ші жартысы, 19 ғ 1-ші жартысы.
173. Күлік Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Жәнке батыр, би Құлым (Жаманкөз) ұлы- 18 ғас. 2-ші жартысы, 19 ғас. 1-ші жартысы.
174. Қылыш Диуана (Мәді қожа) Қожа Сығай (Сағып) батыр Ыдырысұлы – 18 ғ 2-ші жартысы, 19 ғ 1-ші жартысы.
175. Тәуен Сарыбай Шөмекей Байқожа батыр Дожбанұлы – 18 ғ 2-ші жартысы – 19 ғ 1 жартысы.
176. Есенбай Шөмішті (Бозым) Табын Байқадам батыр-би Ақайдар батыр ұлы – (1785/92-1850/53).
177. Қырғыз Қайдауыл батыр Едігеұлы - (1766-1839).
178. Бәйбіше Сарықасқа Бозғұл Шөмекей Алшын Қадырберді батыр Амалдықұлы – 18 ғ 2-ші жартысы 19 ғ 1- ші жатысында.
179. Бәйбіше Сарықасқа Бозғұл Шөмекей Алшын Елемес батыр-би Қадырберді батыр ұлы – (1798-1872).
180. Майдан Кішкене Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Нұрымбет (Нұрмұхамед) батыр Киікбай батыр ұлы - 18 ғ 2-ші жартысы 19 ғ басы.
181. . Майдан Кішкене Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Ақмырза батыр Нұрымбет (Нұрмухамед) батыр ұлы – 18 ғ 2-ші жартысы 19 ғ 1-ші жартысы
182. Майдан Кішкене Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Жанқожа батыр, би, әулие Нұрымбет (Нұрмұхамед ) батыр ұлы – (1774/76-1860).
183. Есенбай Шөмішті (Бозым) Табын Шірен батыр Бекайдар батыр ұлы – 18ғ соны 19 ғ 1-ші жартысында.
184. Барлыбай Табын Қасым батыр, би. - 18ғ соны 19 ғ 1-ші жартысы.
185. Бәйбіше Сарықасқа Бозғұл Шөмекей Алшын Сарман батыр, би Жантілеуұлы – (1770-1841).
186. . Игілік Жақайым Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Толыбай батыр Мыңбайұлы – (1769/71-1863/69).
187. Сарыбас Қарасақал Әлімұлы Алшын Ер Дабыл батыр Бекше батыр ұлы - 18 ғ 2-ші жартысы 19 ғ 1-ші жартысы.
188. Әйтімбет Шобан Төртқара (Қарамашақ) Әлімұлы Алшын Тілеуші (Тілеулі) батыр Мырзатайұлы – 18ғ 2-ші жартысы, 19 ғ. 1-ші жартысы.
189. Қараша Көтенші (Құдайберді) Қонырат Көкен батыр Назар батыр ұлы (1775-1863).
190. Тоқа Аспан Шөмекей Алшын Сәмет батыр Назымұлы – (1744-1839).
191. Қожас Қаратамыр (Емендәулет) Бозғұл Шөмекей Алшын «Тоқым тыққан» атанған Қоңыр Қыстаубай батыр Жиенәліұлы, кейбір деректе Жиенбайұлы дейді, Жиенәлі атасы екен – 18 ғ 2-ші жартысы 19 ғ 1-ші жартысы.
192. Мәметек Көзала Алтын Байұлы Алшын Барқы батыр Қобландыұлы – 18 ғ 2-ші жартысы 19 ғ 1-ші жартысы.
193. Мәметек Көзала Алтын Байұлы Алшын Науша батыр, би Барқыұлы – 18 ғ 2-ші жартысы 19 ғ 1-ші жартысы.
194. Аю Құлыс Қара Кете Қаракесек Алшын Қарақисық батыр Қосұлы – (1798-1860).
195. Бабақ Құрманай Кішкене Өріс Шекті Әлімұлы Алшын Төремұрат жырау, батыр Ешпенбетұлы – 18 ғасырдың 2-ші жартысы, 19 ғасырдың 1-ші жартысы.
196. Дуан (Әлмәмбет) Құлыс Қара Кете Алшын Есетбай батыр Айбасұлы – 18 ғ 2-ші жартысы 19 ғ 1-ші жартысы.
197. Сумұрын Жаппас Байұлы Алшын Бөрібай батыр – 18 ғ 2-ші жартысы 19 ғ 1-ші жартысы.
198. Наурыз Жаппас Байұлы Алшын Өтебас батыр, бай Ізбасұлы – 18 ғ 2-ші жартысы 19 1-ші жартысы.
199. Қарахан (Әбдірахым) Қожа Қара-Қожа батыр – 18 ғ 2-ші жартысы, 19 ғ 1-ші жартысы.
200. Бақмухамед Диуана (Мәді) Қожа «Шолақ» атанған Нұрман батыр Құрбанұлы – 18 ғ 2-ші жартысы 19 ғ 1-ші жартысы.
201. Қаракесек (Ұланақ) Әлімұлы Алшын Ақтан батыр-би Ақайұлы – (1770-1854).
202. Асан Кішкене Өріс Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Бекарыстан батыр, би Амалдықұлы – (1765-1858).
203. Кішкене Өріс Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Шалқошқар батыр Әлібекұлы – (1770-1865).
204. Бошай Шашты (Кенжеғұл) Қара Қыпшақ Әжібай батыр, би, датқа Қарпықұлы – (1791-1866).
205. Ардана Айдарбек Өріс Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Қарашолақ батыр – 18 ғ 2-ші жартысы 19 ғ 1-ші жартысы.
206. Сарыбас Қарасақал Әлімұлы Алшын Қадір батыр Жанайұлы – 18 ғасырдың 2-ші жартысы 19 ғасырдың 1-ші жартысы.
207. Сарыбас Қарасақал Әлімұлы Алшын Сәдір батыр Жанайұлы – 18 ғасырдың 2-ші жартысы 19 ғасырдың 1-ші жартысы.
208. Тәуен Сарыбай Бозғұл Шөмекей Алшын Төртуыл батыр Пұсырман бай ұлы – 18ғ 2-ші жартысы, 19ғ 1-ші жартысында өмір сүрген.
209. Тәуен Сарыбай Бозғұл Шөмекей Алшын Жартай батыр Саржан батыр ұлы – 18ғ 2-ші жартысы, 19ғ 1-ші жартысы.
210. Жаңғабыл Сарықасқа Бозғұл Шөмекей Алшын Ақшолақ батыр Шопанұлы – 18 ғ 2-ші жартысында, 19 ғ 1-ші жартысында өмір сүрген.
211. Жартай (Жартыай) Сандаулы Тілік (Қоспенбет) Керейіт Қуантай батыр, палуан Манақ батыр, би ұлы – 18 ғ 2-ші жартысы, 19 ғ 1-ші жартысы.
212. Жартай (Жартыай) Керейіт Тайлақ батыр Шерубайұлы – 18 ғ 2-ші жартысы, 19 ғ 1-ші жартысы.
213. Тәуен Сарыбай Бозғұл Шөмекей «Бағаналы» атанған Барлыбай батыр Тауасар батыр ұлы (1753-1822).
214. Жиеней Кішкене Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Сәрке батыр Сығайұлы – 18 ғ 2-ші жартысы, 19 ғ 1-ші жартысы.
215. Жаңабатыр Керейіт Нәлібай батыр, би Маманұлы (1780-1881).
216. Сарыбай Қарасақал Әлімұлы Алшын Жауқашар батыр Шағырай батыр ұлы – 18 ғасырдың 2-ші жартысы 19 ғасырдың 1-ші жартысы.
217. Сығай Алтын Байұлы Алшын Шобдар батыр Жақапұлы – 18 ғасырдың 2-ші жартысы, 19 ғасырдың 1-ші жартысы.
218. Құтым Шашты (Кенжеғұл) Торы Қара Қыпшақ Тұрғанбай батыр, датқа Сіргебайұлы – (1794-1850).
219. Досан Тұяқты Торы Қара Қыпшақ Тұрсынбай батыр, датқа Бүркітбайұлы – (1798-1853).
220. Достияр Жаппас Байұлы Алшын Жанғабыл батыр, би Төлегенұлы – (1799/05/-1896).
221. Диуана (Мәді) Қожа Ер Кошек батыр Қылышұлы – 18 ғ 2-ші жартысы 19 ғ 1-ші жартысы.
222. Қожакелді Бозғұл Шөмекей Алшын «Жолбарыс батыр» атанған Қашқынбай батыр Кемелұлы – (1789-1869).
223. Сейін (Желдер) Бозғұл Шөмекей Алшын Мырзабай батыр Жолай батыр, би ұлы (1765-1845).
224. Майдан Кішкене Өріс Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Жауқашар батыр Нұрымбет (Нұрмұхамед ) батыр ұлы – (18..-1850/53).
225. Майдан Кішкене Өріс Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Бек батыр Нұрымбет батыр ұлы – 19 ғ.
226. Майдан Кішкене Өріс Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Жолмырза батыр Ақмырза батыр ұлы – 19 ғ.
227. Майдан Кішкене Өріс Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Итжемес батыр, би Жанқожа батыр-би ұлы – 19 ғ.
228. Майдан Кішкене Өріс Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Жұмабай батыр Бекұлы – 19 ғ.
229. Майдан КішкенеӨріс Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Көпжасар батыр – 19 ғ.
230. Өтебай Сарықасқа Бозғұл Шөмекей Алшын Бәйтік батыр Баймембет батыр, елші ұлы – (1762-1841).
231. Өтебай Сарықасқа Бозғұл Шөмекей Алшын Тоғанас батыр, би Бәйтік батыр ұлы – (1813-1876).
232. Өтебай Сарықасқа Бозғұл Шөмекей Алшын Бодаш батыр Бәйтік батыр ұлы – (18-1910).
233. Өтебай Сарықасқа Бозғұл Шөмекей Алшын Басар батыр Бодаш батыр ұлы - 19 ғ соны 20 ғ басы.
234. Сығай Алтын Байұлы Алшын Өтеген батыр Жұрынұлы – 19 ғ.
235. Шөмішті (Бозым) Табын Сейіл батыр-би Байқадам батыр-би ұлы – (1827-1902).
236. Есенбай Шөмішті (Бозым) Табын Тоқабай батыр Бостыбайұлы – 19 ғ.
237. Сығай Алтын Байұлы Алшын Созақбай батыр Құрым бай ұлы – 19.
238. Сарықасқа Бозғұл Шөмекей Алшын Қызылбас батыр, би Мүсірепұлы – 19 ғ.
239. Теке Көсеулі (Ағым) Табын Бұқарбай батыр, би Естекбайұлы – (1812-1898).
240. Жанғабыл Сарықасқа Бозғұл Шөмекей Алшын Қалдан батыр, би Талқанбайұлы – (1819-1913).
241. Теке Көсеулі (Ағым) Табын Елқонды батыр, тубегі Мыңбайұлы – 19 ғ.
242. Ойық (Еспенбет) Керейіт Меңлі батыр,темші Жауқашұлы – 19 ғ.
243. Қошқаралы Сейін (Желдер) Бозғұл Шөмекей Алшын Салмырза батыр, би Мырзабекұлы – 19 ғ.
244. Майдан Кішкене Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Жолшы (Жолды) батыр Жанқожа батыр ұлы – (1847- ? ).
245. Қаракесек (Ұланақ) Әлімұлы Алшын Ес батыр Ақтан батыр ұлы – 19 ғ.
246. Жақайым Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Қызылбас батыр, палуан – 19 ғ.
247. Мазы Төртқара (Қарамашақ) Әлімұлы Алшын Жолдасбай батыр – 19 ғ.
248. Төртқара (Қарамашақ) Әлімұлы Алшын Жарқынбай батыр – 19 ғ.
249. Абырақ батыр – 19 ғ.
250. Мухаррам батыр – 19 ғ.
251. Асан Кішкене Өріс Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Әйімбет батыр, би Пұсырман би ұлы – 19 ғ.
252. Айдарбек Кішкене Өріс Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Бекмырза батыр, хан Әлдиұлы – 19 ғ.
253. Майдан Кішкене Өріс Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Ер Бажақ батыр – 19 ғ.
254. Кішкене Өріс Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Бердібай батыр Шабақұлы – 19 ғ.
255. Майдан Кішкене Өріс Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Боранбай батыр - 19 ғ.
256. Қылышты атай Қожа Бектемір батыр – 19 ғ.
257. Қараша Көтенші (Құдайберді) Қонырат Айтбай батыр Сырғақ батыр ұлы – 19 ғ.
258. Қараша Көтенші (Құдайберді) Қонырат Тәукебай батыр Қонысұлы – 19 ғ.
259. Бекет Сейін (Желдер) Бозғұл Шөмекей Алшын Сопақ батыр Мырзабай батыр ұлы – 19 ғ.
260. Көкі батыр – 19 ғ 1-ші жартысы.
261. Бекет Сейін (Желдер) Бозғұл Шөмекей Алшын Алдамқұл батыр, сопы, қажы - 19 ғ.
262. Томпақ Кете Қаракесек Алшын Пірен батыр Тасымұлы – (1817-1888).
263. Айдарбек Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Сатыбалды батыр – 19 ғ.
264. Қожакелді Бозғұл Шөмекей Алшын Қабылан баты, би Қашқынбай батыр ұлы – 19 ғ 2-ші жартысы 20 ғ 1920 жылдарға дейін.
265. Теке Қара Кете Қаракесек Алшын Пірен батыр Ақкөбек батыр ұлы , шежіреде Мырзалыұлы яғни Ақкөбектің шөбересі. 19 ғ.
266. Шұнғыр Алтын Байұлы Алшын Кішкенбай батыр Мажығұлұлы – 19 ғ.
267. Тілеуке Айдар Алтын Байұлы Алшын Медет батыр Құлты бай әрі әулие ұлы – 19ғ 1-ші жартысында өмір сүрген.
268. Қожас Қаратамыр (Емендәулет) Бозғұл Шөмекей Алшын Пішан батыр, би Мұрат би ұлы – 19 ғ.
269. Дөсек Сейін (Желдер) Бозғұл Шөмекей Алшын Жанай батыр, би Ережепұлы – (1828/30-1884/85).
270. Бекет Сейін (Желдер) Бозғұл Шөмекей Алшын Қожеке батыр Мырзабай батыр ұлы – (1814-1895)
271. Жартай (Жартыай) Тілік (Қоспенбет) Керейіт Манақ батыр-би Шерубайұлы – (1745/50-1810).
272. Қара Кете Қаракесек Алшын Боранқұл батыр – (18..-1850).
273. Есен Құлыс Қара Кете Қаракесек Алшын Бекет батыр, болыс Өтемісұлы – 19ғ.
274. Қара Кете Қаракесек Алшын Қайықбай батыр – (18..-1850).
275. Қожас Қаратамыр (Емендәулет) Бозғұл Шөмекей Алшын Бабас батыр Серәліұлы - 19ғ.
276. Шөмекей Қаракесек Алшын Қайрақ батыр – 19 ғ.
277. Қара Кете Қаракесек Алшын Ойнар батыр – 19 ғ 2-ші жартысы 20 ғ 1-ші жартысы.
278. Алшынбай Шөмішті Керейіт Дәулет батыр Жанкетұлы (Шаңкөт) – 19 ғ.
279. Жылкелді Жаппас Байұлы Алшын «Шолақ» атанған Құрақ батыр, би Азатұлы – (1810-1882).
280. Байбол Қарақойлы Дулат Шүңірек (Шөңірек) батыр Бойтаұлы – (1837-1890).
281. Сиыршы Сырманақ Жалайыр Құлман батыр, би Өмірзақ батыр, би ұлы – 19 ғ.
282. Қожжан Диуана (Мәді) Қожа Нарбай батыр Ханұлы – 19 ғ.
283. Дөске Көзей Түйішке Торы Қара Қыпшақ Баспақ атанған (Мәмбетәлі) батыр – 19 ғ.
284. Ырысқұл Алтыбас Алаша Байұлы Алшын Қодар батыр Таңатарұлы – 19 ғ.
285. Есенбай Шөмішті (Бозым) Табын Қайқы батыр Ұзынұлы – (1845-1918).
286. Сумұрын Жаппас Байұлы Алшын Қаракүшік атанған (Айтқұл) батыр-палуан Қаракөзұлы – 18 ғ.
287. Жылкелді Жаппас Байұлы Алшын Наурызбай батыр «Шолақ» Құрақ батыр ұлы – (1847-1919).
288. Сиыршы Сырманақ Жалайыр Өмірзақ батыр, би Байтықұлы – 19 ғ.
289. Назар батыр – 19 ғ.
290. Қыпшақ Баубек батыр – 19 ғ.
291. Жиенмұрат батыр – 19 ғ.
292. Шағыр Шашты (Кенжеғұл) Торы Қара Қыпшақ Жаназар батыр Досқанаұлы – (1818-1881).
293. Ерке батыр – 19 ғ.
294. Лақ Көкмұрын Торы Қара Қыпшақ Мынбай батыр, датқа Қожабайұлы – 19 ғ.
295. Қыпшақ Томан батыр Көлдейұлы – 19 ғ.
296. Найман Татай батыр – 19 ғ.
297. Найман Баспақ батыр - 19 ғ.
298. Бошай Шашты (Кенжеғұл) Қара Қыпшақ Кеңбай батыр, мерген Жантоқайұлы – 19ғ.
299. Бошай Шашты (Кенжеғұл)Қара Қыпшақ Басығара батыр Кеңбай батыр ұлы – 19 ғ.
300. Бәйбіше Тұяқты Торы Қара Қыпшақ Жарғайын батыр – 19 ғ.
301. Төре Бөрітөре батыр – (18..-1860).
302. Ізтілеу батыр Байжанұлы – 19 ғ.
303. Керейіт қожа Аманқожа батыр Әуменұлы – (18..-1860).
304. Дақай Пышақ батыр – 19 ғ.
305. Әлімұлы Алшын Шағырбай батыр – 19 ғ.
306. Үсен Кішкене Өріс Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын «Солақай» атанған Ер Қосай батыр – 19 ғ.
307. Мазы Төртқара (Қарамашақ) Әлімұлы Алшын Байқазақ батыр – 19 ғ.
308. Серке батыр – 19 ғ.
309. Жаппас Байұлы Алшын Сәтбай батыр – 19 ғ 1-ші жартысы.
310. Төбет Аспан Шөмекей Алшын Жұбан батыр Қосқұлақ би ұлы – (1794-1868).
311. Бәйбіше Сарықасқа Бозғұл Шөмекей Алшын Дәрмен батыр Сарман батыр, би ұлы – 19 ғ.
312. Малайсары батыр – 19 ғ.
313. Сарықасқа Бозғұл Шөмекей Алшын Жантайлақ батыр – 19 ғ.
314. Берше Күлік Айдарбек Өріс Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Төлеш батыр Бұқарұлы – (1788-1868).
315. Метей Сарықасқа Бозғұл Шөмекей Алшын Айқозы батыр, би – 19 ғ.
316. Метей Сарықасқа Бозғұл Шөмекей Алшын Тамай батыр 19 ғ.
317. Әлімұлы Алшын Орақ батыр – 18 ғ 2- ші жартысы, 19 ғ басында өмір сүрген.
318. Майдан Кішкене Шекті (Жаманақ ) Әлім ұлы Алшын Бекбауыл батыр, би Өтегенұлы – (1788-1874).
319. Майдан Кішкене Шекті (Жаманақ ) Әлім ұлы Алшын Құлбарақ батыр, би Бекбауыл батыр ұлы - 19 ғ.
320. Адай Байұлы Алшын болуы мүмкін Қылышбек батыр – 19 ғ.
321. Қожа Аңламас батыр – 19 ғ.
322. Қожа Әбдіхалық батыр – 19 ғ.
323. Қожа Топан батыр – 19 ғ.
324. Қылыш Диуана (Мәді) Қожа Дөнен батыр Таспа ақын ұлы - 19ғ.
325. Төртқара (Қарамашақ) Әлімұлы Алшын Байзақ батыр – 19ғ.
326. Абақан Қара Кете Алшын Қозеке батыр – 19ғ.
327. Үркетай Есбол Сарықасқа Бозғұл Шөмекей Алшын Сәрке батыр – 19ғ.
328. Қараша Көктіңұлы Қонырат Қылышбай батыр Шағалақұлы – 19ғ.
329. Қаракесек (Ұланақ) Әлімұлы Алшын Көкен батыр, сері Ес батыр ұлы – 19ғ.
330. Төртқара (Қарамашақ) Әлімұлы Алшын «Теке» атанған Шақкөз батыр – 19ғ.
331. Төртқара (Қарамашақ) Әлімұлы Алшын Басықара батыр, би Құрманұлы – 19ғ.
332. Майдан Кішкене Өріс Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Қаржаубай батыр – 19ғ.
333. Майдан Кішкене Өріс Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Жолақ батыр – 19ғ.
334. Жақайым Шыңғыс Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Пірімжар батыр – 19ғ.
335. Құрманай Кішкене Өріс Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Тәңірберген батыр – 19ғ.
336. Жаппас Байұлы Алшын Көккөз батыр – 19ғ.
337. Айдарбек Өріс Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Ізбас батыр – 19ғ.
338. Төртқара (Қарамашақ) Әлімұлы Алшын Таттыбай батыр – 19ғ.
339. Төртқара (Қарамашақ) Әлімұлы Алшын Мырзалы батыр – 19ғ.
340. Төртқара (Қарамашақ) Әлімұлы Алшын Аққасын батыр – 19ғ.
341. Төртқара (Қарамашақ) Әлімұлы Алшын Беласар батыр – 19ғ.
342. Жаппас Байұлы Алшын Сары батыр – 19 ғ.
343. Татыран Айдарбек Өріс Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Ағатай батыр – 19ғ.
344. Қырықмылтық Кіші Арғын Шодыр батыр – 19ғ.
345. Тоқберлі Табын Шалбас батыр – 19ғ.
346. Ақбура Жақайым Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Арал батыр, би Андаұлы– 19ғ.
347. Тілеуке Айдар Алтын Байұлы Алшын Сүйінқара батыр Медет батыр ұлы – (1853-1927).
348. Ақбура Жақайым Шыңғыс Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Құлмамбет батыр, болыс Арал батыр ұлы – (19ғ 2-ші жартысы - 1938).
349. Балқы (Қайқы) Бозғұл Шөмекей Алшын Базар жырау, батыр Оңдасұлы - (1842-1911).
350. Ералы Әбілқайыр төре ұрпағы Сауқым батыр, хан Бөлекей хан ұлы – 19ғ.
351. Кішкене Уәріс (Өріс) Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Құттыбай батыр, би, хан Ақбол би ұлы – (1810-1900).
352. Тоқсейіт Сарықасқа Бозғұл Шөмекей Алшын Долда батыр – 19ғ.
353. Қарасақал Әлімұлы Алшын Түйебай батыр – 19ғ.
354. Жолай Сейін Бозғұл Шөмекей Алшын Әлібек батыр – 19ғ.
355. Дөсек Сейін Бозғұл Шөмекей Алшын Меңліқұл батыр – 19ғ.
356. Құйысқансыз Қонырат әлде Қожа болуы мүмкін Шалақожа батыр – 19ғ.
357. Құйысқансыз Көтенші (Тәңірберген) Қонырат Ахат батыр – 19ғ.
358. Құйысқансыз Көтенші (Тәңірберген) Қонырат Тоқат батыр – 19ғ.
359. Құйысқансыз Көтенші (Тәңірберген) Қонырат Таубай батыр – 19ғ.
360. Құйысқансыз Көтенші (Тәңірберген) Қонырат Алшынбай батыр – 19ғ.
361.Құйысқансыз Көтенші (Тәңірберген) Қонырат Қайқы батыр Сәменұлы – 19ғ.
362. Қарымсақ батыр – 19ғ.
363. Тәуен Сарыбай Бозғұл Шөмекей Алшын Ақпан батыр Жұмырұлы – 19ғ.
364. Тәуен Сарыбай Бозғұл Шөмекей Алшын Қошқарбай батыр Төртуыл батыр ұлы – 19ғ.
365. Тәуен Сарыбай Бозғұл Шөмекей Алшын Жүндібай батыр Қалбергенұлы – 19ғ.
366. Тәуен Сарыбай Бозғұл Шөмекей Алшын Қанай батыр Күнейұлы (Күнай) – 19ғ.
367. Тәуен Сарыбай Бозғұл Шөмекей Алшын Жанай батыр Күнейұлы (Күнай) – 19ғ.
368. Тәуен Сарыбай Бозғұл Шөмекей Алшын Таласқан батыр Жылыйұлы (Жылай)– 19ғ.
369. Теке Табын Бөлтек батыр Атаншаұлы – 19ғ.
370. Мазы Төртқара (Қарамашақ) Әлімұлы Алшын Қозыбай батыр Жолдасбайұлы – 19ғ.
371. Жақап Есенбай Шөмішті (Бозым) Табын Ерубай батыр, бай Алдадосұы – 19ғ.
372. Асан Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Соғымбай батыр Абылайұлы – 19ғ.
373 . «Шоқымазар ата» атанған Бейсембай батыр – 19ғ.
374. Кенжеғара Шөмішті Керейіт Шонық батыр Тоқсанұлы - 19ғ.
375. Алшынбай Шөмішті Керейіт Белеш батыр Тайлақұлы – 19 ғ.
376. Ақбет Сандаулы Керейіт Есенкелді батыр Тоғасұлы – 19ғ.
377. Ақбазар Сандаулы Керейіт Құлан батыр Тасқынбайұлы – 19ғ.
378. Теке Көсеулі (Ағым) Табын Жауқашар батыр Елқонды батыр, тубегі ұлы – 19ғ.
379. Бекет Сейін (Желдер) Бозғұл Шөмекей Алшын Арғынбай батыр Таңат би ұлы – 19ғ.
380. Қарахан (Әбдірахым) Қожа Қарымсақ батыр – 19ғ.
381. Теке Көсеулі (Ағым) Табын Арыстан батыр Бұқарбай батыр ұлы – 19 ғ.
382. Теке Көсеулі (Ағым) Табын Алданазар батыр, би Бұқарбай батыр ұлы – 19 ғ.
383. Төре Тайшық батыр-сұлтан Кенесары хан ұлы (1829-1863).
384. Төре Сыздық-төре батыр-сұлтан Кенесары хан ұлы (1839-1910).
385. Төре Ахмет батыр-сұлтан Кенесары хан ұлы (1841-1888).
386. Байсары Шашты (Кенжеғұл) Торы Қара Кыпшақ Өтеп батыр – 19 ғ.
387. Байсары Шашты (Кенжеғұл) Торы Қара Қыпшақ Жақап батыр – 19 ғ.
388. Айдарғазы Шашты (Кенжеғұл) Торы Қара Қыпшақ Қашқын батыр Отамалыұлы – 19 ғ.
389. Бошай Шашты (Кенжеғұл) Торы Қара Қыпшақ Баспақ батыр – 19 ғ.
390. Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Бекжарас батыр – 19 ғ.
391. Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Қара мерген батыр – 19 ғ.
392. Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Итқара батыр – 19 ғ.
393. Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Есенбай батыр – 19 ғ.
394. Тәуен Сарыбай Бозғұл Шөмекей Алшын Тулақ батыр Атан батыр ұлы – 19 ғ.
395. Тәуен Сарыбай Бозғұл Шөмекей Алшын Жауғашар батыр Тулақ батыр ұлы – 19 ғ.
396. Ашамайлы Керей Өтеп батыр – 19ғ.
397. Тәуен Сарыбай Бозғұл Шөмекей Алшын Естек батыр Барта батыр ұлы – 19 ғ.
398. Сарыбас Қарасақал Әлімұлы Алшын Тоян батыр Мықтапбергенұлы – 19ғ.
399. Сарыбас Қарасақал Әлімұлы Алшын Ұзақ батыр Өмірбекұлы – 19ғ.
400. Ералы Төре Елікей атанған Ермухаммед батыр, хан Қасым хан ұлы – (1810-1877).
401. Бабақ Құрманай Кішкене Өріс Шекті Әлімұлы Алшын Шалабай батыр Биешұлы – 19ғ.
402. Тәуен Сарыбай Бозғұл Шөмекей Алшын Ақмырза батыр, би Шолақұлы – 19 ғ.
403. Тәуен Сарыбай Бозғұл Шөмекей Алшын Жаубасар батыр Байқожа батыр ұлы – 18 ғ 2-ші жартысы, 19 ғ 1-ші жартысы.
404. Баймұрат Жаппас Байұлы Алшын Игібай батыр – 19 ғ.
405. Мойнақ Жылкелді Жаппас Байұлы Алшын Көтібар батыр, би Итаяқұлы (1825-1906).
406. Байсары Шашты (Қенжеғұл) Торы Қара Қыпшақ Жүзбай батыр – 19 ғ.
407. Тәуен Сарыбай Бозғұл Шөмекей Алшын Тышқанбай батыр, бай Пұсырман бай ұлы – 18 ғ 2- ші жартысы, 19 ғ 1-ші жартысы.
408. Түйішке Торы Қара Қыпшақ Құл батыр Меңдіқұл би (Би ата) ұлы – 19ғ.
409. Бекет Жолай Сейін (Желдер) Бозғұл Шөмекей Алшын Түбекбай батыр Нәзікұлы (1836-1890).
410. Тәуен Сарыбай Бозғұл Шөмекей Алшын Жекебатыр батыр – 19 ғасырдың 2-ші жартысы, 20 ғасырдың 1-ші жартысы – (1929/31).
411. Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Қаракесек Алшын Айдарқұл батыр – (18 -1850).
412. Жақайым Шыңғыс Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Сырлыбай батыр, би, хан Шабақұлы - 19 ғ.
413. Тоқпан Төртқара (Қарамашақ) Әлімұлы Қаракесек Алшын Беркімбай батыр Көбек би ұлы – 19 ғ.
414. Ералы Төре Сәдірмек батыр Жантуұлы – 19 ғ.
415. Қара Кете Шөмен Қаракесек Алшын Қожық батыр Алтынбайұлы – 19 ғ.
416. Көтенші (Тәнірберген) Қонырат Қапан батыр Төлтайұлы – 19 ғ.
417. Қара Кете Қаракесек Алшын Қитар батыр – 19 ғ.
418. Игілік Жақайым Шекті (Жаманақ) Әлімұлы Алшын Көтібар батыр Толыбай батыр ұлы – 19 ғ.
419. Өнтек Қыдыр Қайқы (Балқы) Бозғұл Шөмекей Шөмен Қаракесек Алшын «Қарамерген» атанған Маябас батыр Сырлыбайұлы - (18-1905).
420. Андағұл Қыдыр Қайқы (Балқы) Бозғұл Шөмекей Шөмен Қаракесек Алшын Қойытбакен батыр лы – 18 ліаслі батыр,темші Жауірек (Ш Жй батыр Теңкеұлы.ліасріс Шекті (Жаманасейіт Сары Ж 19 ғ.
421. батыр – 18 .
346. А Қайқы (Балқы) Бозғұл Шөмекей Шөмен Қаракесек Алшын Майлыаяқ батыр. 19 ғ.
422. Қайқы (Балқы) Бозғұл Шөмекей Шөмен Қаракесек Алшын Баймұрат батыр Аралбайұлы. 19 ғ.
423. Қайқы (Балқы) Бозғұл Шөмекей Шөмен Қаракесек Алшын Сүғірәлі батыр. 19 ғ.
424. Әлімбет Болат Қайқы (Балқы) Бозғұл Шөмекей Шөмен Қаракесек Алшын Қазанат батыр. 19 ғ.
425. Әлімбет Болат Қайқы (Балқы) Бозғұл Шөмекей Шөмен Қаракесек Алшын Сауытбай батыр Қыстаубайұлы. 19 ғ.
426. Төртқара Әлімұлы Қаракесек Алшын Бақа батыр – 19 ғ.
427. Болат Сарықасқа Шөмекей Бозғұл Шөмен Қаракесек Алшын Асан батыр – 19 ғ.
428. Қосбармақ Полат Қайқы (Балқы) Бозғұл Шөмекей Шөмен Қаракесек Алшын Шүйіншәлі батыр Мысағұлұлы – (1848-1930).
429. Қосбармақ Полат Қайқы (Балқы) Бозғұл Шөмекей Шөмен Қаракесек Алшын Талас батыр Көлденұлы – 19 ғ.
430. Жақайым Шыңғыс Шекті (Жаманақ ) Әлімұлы Алшын Жәнес батыр – 19 ғ.
431. Бабақ Құрманай Кішкене Өріс Шекті Әлімұлы Алшын «Тентек Сары» атанған Сары батыр Шонайұлы - 19ғ.
432. Матай Төртқара (Қарамашақ) Әлімұлы Алшын Үмбет батыр, би Әлімұлы – 19 ғ.
433. Дәуқара Алтыбас Алаша Байұлы Алшын Түлкібай батыр, би Жаңатайұлы – (18? - 1853).
434. Жарақ Құлтай Алаша Байұлы Алшын Тұрлы батыр, мерген Ботабайұлы - (1834-1875).
435. Тоқберлі Айдар Көсеулі (Ағым) Табын Қабан батыр – 19 ғ.
436. Тілеуке Айдар Алтын Байұлы Алшын Айшуақ батыр Айбасұлы – 19 ғ.
437. Сарыбас Қарасақал Әлімұлы Алшын Мерек батыр Қарымсақұлы – 19 ғ.
438. Сарыбас Қарасақал Әлімұлы Алшын Тұрлы батыр – 19 ғ.
439. Сарыбас Қарасақал Әлімұлы Алшын Ойса батыр Жауқашар батыр ұлы – 19 ғ.
440. Сарыбас Қарасақал Әлімұлы Алшын Төртім батыр – 19 ғ.
441. Сарыбас Қарасақал Әлімұлы Алшын Ер Мәулім батыр – 19 ғ.
442. Сарыбас Қарасақал Әлімұлы Алшын Сәдім батыр – 19 ғ.
443. Сарыбас Қарасақал Әлімұлы Алшын Сәтім батыр – 19ғ.
444. Абыз Қыпшақ Жошы батыр – 19 ғ.
445. Тәңірберген Досан Тұяқты Торы Қыпшақ Жиес батыр Наушаұлы – (шамамен 1832/37-1913/18)
446. Сумұрын Жаппас Байұлы Алшын Жалбыр батыр атанған Байсал Бөрібай батыр ұлы – (1830-1912).
447. Адамбай Сарықасқа Бозғұл Шөмекей Алшын Зарлық батыр Қуанышұлы - (1865-1918).
448. Шұнғыр Алтын Байұлы Алшын Қожбан батыр, хан Жұбанұлы – (1870-1930).
449. Мәметек Көзала Алтын Байұлы Алшын Жұмағазы батыр, молда, хан Бәйімбетұлы – (1878/79/90-1931).
450. Құтым Шашты (Кенжеғұл) Торы Қара Қыпшақ Иманжүсіп батыр Құтпан (Баймырза) батыр ұлы - (1863-1931).
451. Қожакелді Бозғұл Шөмекей Алшын Пірмағамбет батыр, хан Лаубайұлы – 19 ғ 2-ші жартысы, 20 ғ 1-ші жартысы.
452. Бекет Сейін (Желдер) Бозғұл Шөмекей Алшын Ақмырза батыр, ахун Төсұлы – (1881-1930).
453. Бекет Сейін Бозғұл Шөмекей Алшын «Хан Шолақ» атанған Ысқақ батыр Арыстанұлы – (1875-1953).


Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
жанындағы «Қорқыттану» ғылыми-зерттеу институтының
ғылыми маманы Бақытжан Ахметбек,
Үй тел: 8(7242) 24-31-63
жұмыс тел: 8(7242) 27-81-69
үялы тел: 8777-058-76-35
8-777-649-67-34


айдана
10-02-13 16:40
Кенесарының өлімі туралы не білесіндер көмектеріндерш әсіресе өлімі жайлы
Айгерім
aigerim2893@mail.ru
30-01-13 14:04
Бүркіт Ысқақовтың "Кім жүйрік" өлеңін білетіндер к-мектемсениздер жаксы болар еди
Cерiк
25-01-13 17:06
Бақытжан аға, Сiзге рақмет!
мерей
merei.93-93
25-01-13 13:53
jappas rui tyrali toligirak bilgim keledi
мухаммед
muxa__90@mail.ru
25-01-13 11:41
ассалаумагалейкум бауырлар мен Исмаганбетов Мухаммед 1990 жылгымын руым ЖАППАС каракозбин атырау обл кулсары каласынанмын
Толганай
09-01-13 22:39
Саламатсыздарма?сіздерге бір сұрағым бар еді Асқар Тоқмағанбетовтың руы қандай?
Асылжан Танбаев
asyljan_89@mail.ru
09-01-13 18:50
Менің аты-жөнім Таңбаев Асылжан Арғынбекұлы Қызыл-орда облысы. Сырдария ауданы. Нағи Ілиясов ауылының тумасымын. меніде осы иәселе қатты толғандыратын Менің руым Жәдікбай Жаппас . бар билерім Жаппас он екі ата Байұлынан тарйды дегенді естуім бар. менің сіздерден сурагым келгені Жадікбай Жаппас қайдан және кімнен тарайтынын білгім келеді..... егер Жәдікбай Жаппас руы жайлы мәліметтер болса жазып жіберініздерші, өтініш?????
Серик
seka.1989@bk.ru
11-11-12 21:50
менде Жаппаспын. КАРАКОЗIМIН. Жанаозенненмiн! запрос жибериндер. Жанаозенненмiн! кутем...
Алтынбек
alik_skorpion@mail.ru
06-11-12 09:49
Жаппасытын киякысымын. Орал каласынан. Запрос жибериндер, общаться етейк)))
райымбек
raimbek_97_1997bk@mall.ru
04-11-12 19:30
ассалаумағалейкүм досмекей жұрты егер осы ру батырлары жайында білсеніздер хабарласыныздар БҚО Ақжайык ауданы жаңа бұлақ ауылы 9сынып оқушысы
Мади
04-11-12 06:09
Қылыш хожа Жаппасқа не қатысы бар?!
Данияр Шаданов
shadanov1995@mail.ru
02-11-12 13:56
ќылыш ќшжалар туралы толыќ мєліметтер керек еді.Ќиын болмаса жазып жіберіњдерші
Данияр Шаданов
daniar-95@bk.ru
22-10-12 14:06
Ќылыш ќожалар амансындар ма?! Мен Ќызылорда облысы, Сырдария ауданы, Ќоѓалыкµл ауылынын тумасымын
Серік
siko_68@mail.ru
15-10-12 20:25
Ассаламағалйкум Бауырлар мен Байғул Жаппастар туралы білгім келеді
Жандос Абайұлы
tron_b@mail.ru
14-10-12 19:52
Алтын Жаппаспын!!!бір өкініштісі өз руымның тарихын білмеймін,білетіндер болса айта салуыңызды сұраймын!!!
Анипа
askarova56@mail.ru
05-10-12 16:11
Сыр бойында 60 жж дейін жасаган карттар /Абшал, Окас, Тас, Шонтай-Абу/ торе Наурызбай батыр, жас шамасы жиырманын ар жак, бер жагында болса да найзаласу мен садак атудан, кылыштасудан, ат устінде аударыспак пен кокпардан алдына жан салмапты, деп отыратын. Ру-руга болініп, кадірлісі Кенесарыдан жаза тарткандыгы ушін Жангабылдын алдында Наурызбайды пушайман етіп корсету - тарихка киянат болады.
жарқын
jarkin-isataev
04-10-12 17:34
сейтқұл жаппастар кайдасындар
Есет
28-09-12 01:52
Сержан бауыр бiраз тарихтан хабары бар сияқты.
Сержан
26-09-12 05:05
Мен де солай ойлаймын. Барлық Жаппас қарақалпақ емес шығар. Бiрақ, Жаппас iшiндегi Сумурын, Ақсуйiр деген аталар нағыз қарақалпақтар. Ол жайлы талай естiгенбiз. Алаша руы iшiнде де "қарақалпақ" дейтiн аталар бар. Олар кiрме. Жалпы, БАЙ БАЛАСЫ аталған 12 ру арасына араласқан қарақалпақтар баршылық. Оларды бiз жоққа да шығара алмаймыз, барлығымыз "қарақалпақпыз" деп те айта алмаймыз. Ноғайлы ыдырағанда бiраз қарақалпақтар Алшын арасында қалып кеткен. Себебi, Ноғай Ордасына асылы қарақалпақтар негiз салған. Кавказдағы ноғайларды, қарағаш ноғайларын қазақтар осы кезге дейiн "қарақалпақтар" дейтiнi содан.
қанат
kanat_5x@mail.ru
21-09-12 20:32
Құрметті АЛТЫН ЖАППАСТЫҚТАР ! (ВЕЛИКИ НАРОД)
ҚАЙДАСЫҢДАР
Молдip
moka1994@bk.ru
13-09-12 19:00
салем достар маган Айтеке би туралы малемет керек еди.Мен Павлодарданмын))))
Есет
peston871210@mail.ru
05-09-12 15:51
Құрметті бауырлар! Жаппас руынын Дутбай тукымы Жаксымбет жонінен білгім келеді
Бауыржан
b.nurbolatuly@mail.ru
18-08-12 16:18
Қарагөз жапаспын есімім Бауыржан әкем Нурболат атам Есенгелди әкемнін ат асы Мүсірәли жақын бауырлар болса танысаиык
Қайсақ
kai_1960@mail.ru
09-07-12 17:10
Құрметті жаппас тарихына қызығатын бауырларым !!! Мен қазақтың рулары мен тайпаларының көне шығу тарихын шамамның келгенінше зерттеп жүргендіктен,соған байланысты өзіме дейінгі және осы күндері осы тақырыпта қалам тартып жүрген кісілердің біршамасын білемін.Солардың ішінде,жаппас тарихына байланысты маған дейін ғылыми зерттеулер жүргізіп,оның қайдан шыққанын ашып айтқандар болды деп айта алмаймын.Мен қолымдағы бар деректерімді жинастырып мақалалар шығарып( шет елдерде,республика деңгейінде ),жинақтар мен оқу бағдарламаларын да жарыққа шығардым.Сонда айтайын дегенім,жаппастар қарақалпақтан шықты деген сөзді айтып жүргендер бізді көре алмайтындар немесе арандатушы топастар деп баға берер едім.Жаппастың қайдан шыққанын осы жаппас тарихына байланысты бұрынырақ жазған деректерді мұқият оқыған адамдар біршама мәліметтер алсын деп жинақтап беріп тұрдым.Дәл қазір денсаулығыма байланысты бұл тақырыпқа онша кіре бермеймін,сол себепті біршама уақыт кірмей кетіп едім.Маған сұрақ сұрап,рахметтерін айтып жазып жатырған жастарға өзімнің ризашылығымды білдірейін деп жазып отырмын.Жаппастар қауымдастығы бар деп естігенім болмаса,олардан ешқандай жәрдем сұрамай-ақ қойғандарыңызға кеңес берер едім,бір алла тағалам қуат берсін деп, тек өздеріңізге ғана сеніңіздер... с/м.Қайсақ(Ақсүйір - жаппас ).
Арман Жаппас улы
ereke_arman_2001@mail.ru
04-07-12 03:11
Қайсақ аға сізге сұрақ,менін руымды кейбір адамдар сұраса Жаппас деп жауап беремін.олар маған Қарақалпақ деп айтады.Неге маған Қарақалпақ дейді осыған жауап берінізші
Арман Жаппас улы
ereke_arman_2001@mail.ru
04-07-12 02:58
Ассалаумағалейкум!Жаппас ағалар мен апалар!Мен Жаппастын Баймуратымын!Қайсақ аға сізге рахмет.

Бекбол
bekbol094@mail.ru
16-06-12 08:28
Саламалейкум! жаппас агалармен апалар!мен жаппастын каракози болам, ЖАППАС тардын уйымы ашылыпты диди,бир бирине комек тесу ретинде, сол распа? жауаб кутем,
Нурдос Жанибек
ash_kaskyr_rap@mail.ru
12-06-12 11:16
Достар менде Жаппаспын
Батыржан
Batir-zhan_88@mai.ru
09-06-12 14:58
Қайсақ/Алаш Азаматы/ Қаракөз- жаппас/ !!! Мен Найманов Батыржан өзімнің руым жаппас онын ішінде Еламан деген руынан боламын. Қайсақ/Алаш Азаматы/ Қаракөз- жаппас/ Сізге өтініш маған осы ЕЛАМАН руынын тарихы, шежіресі қатты қажет.Соны табуға маған көмек бере аласызба? Өтініш.... Менің байланыс телефоным 87755266388
Жанат
03-06-12 07:22
Негiзi Жаппас Алтын апаймен бiрге келген бала деп те айтады. Алтын апай Алшын жiгiтпен отасқан екен. Жаппас Алтын апайға iнi немесе жиен болыпты. Кейiн ала Алтын апай ауылы бiр рулы елге айналады. Сосын Жаппасқа да еншi берген екен. Алтын апай қарақалпақтағы қыпшақтардан екен деген дерек ерте кездерден берi айтылып келедi. Қария тарих осылай дейдi.
Фархат
Farkhat.apuov@mail.ru
02-06-12 16:13
Ассалаумағалейкум ЖАППАС бауырлар!Мен сіздерден ЖАППас руның Досмүкей тармағы жөнінде білетіндеріңіз болса айтып берулеріңізді сұраймын.
гүлшат
akgul.73
19-05-12 21:02
Мен шағалақ жаппас боламын . Ол туралы кім деректер бере алар екен.
Қайсақ
Алтынай
19-05-12 17:48
Алтынай, жаппас қарақалпақтан шыққан деп айтушы болма,осы форумдағы жаппастың қайдан шыққаны туралы деректемелерді дұрыстап оқысаңшы ( расымен жаппастың қайдан шыққанын білгің келген болса )... Рас,жаппас тайпасының ішінде өңгітке,ақсүйірге т.б.кейбір тармақтарына байланысты әзірге білетініміз, ауызша келіп жеткен деректер ғана. Сосын бұл тармақтар туралы қолдарын- да мағлұматтары бар бауырларымыз хабарласса жақсы-ақ болар еді ғой...әзірге жаппастардың шынайы тарихы туралы қолдарын- да деректері бар ағайындарымыз енді ғана ұйқыларынан ояна бастаған секілді ғой.Онда да тек өздерінің ата-бабаларының ғана ат- тарын шығарғылары келетіні қынжылтады,ал жалпы жаппастың атын шығарғысы келіп жүргендерін көрмей тұрмын...
Серiк
19-05-12 07:47
Тағай деге есiм қарақалпақ халқында жиi қойылады. Нағашыларым қарақалпақ. Тағай, Тағайбек, Тағаймурат деген таныстарым бар, нағашылар арасында. Тағай батыр туралы есiткенiм бар.
Бекбас
17-05-12 06:21
Рақмет, Қайсақ аға! "Халық айтса, қалп айтпас" деген. Келтiрiлген деректер шындыққа сай келедi.
Қайсақ
kai_1960@mail.ru
15-05-12 06:53
Жаппас руынан шыққан зиялы қауым өкілдерінің бір тобы, бұл тізімді одан әрі де жалғастыра беруге болады.Ол үшін жаппас бауырларымыздың бізбен хабарласқаны жөн болар еді.с\м. Қайсақ (Ақсүйір-жаппас).
1). Лапин Серәлі Мұңайтпасұлы( 1869 жылы Қызылорда облысы, Сыр -дария ауданы, Қоғалыкөл ауылында дүниеге келген - 1919 жылы Самарқан қаласында белгісіз жағдайда қайтыс болған )- қоғам қайраткері, шығыстан- ушы, ғалым.Ташкенттегі Түркістан мұғалімдерсеминариясын (1889 ж.) , Санк - Петербург университетінің заң факультетін бітірген (1891ж.) 1889 -1892 жылдар аралығында Түркістан семинариясында мұғалім,1892 жылдан Самарқан облысы әскери губернаторы жанында аудармашы,1901-1917 жж. аралығында Самарқан, Сырдария облыстарында адвокат қызметін атқарды.
Серәлә Лапин араб, парсы, тәжік, өзбек,т.б. шығыс тілдерін жетік білген. Гур-Әмір, Регистан, Шаһи-Зинда кешендеріндегі, Көкелташ медресесі және архитектура ескерткіштеріндегі арабтың көне емлелерімен өрнектел- ген жазуларды оқыды, оларды орысшаға аударып, ғылыми айналымға қосты.
Жәдігерліктің тұрғызылған уақытын, оларды салдырған адамдардың , сәу- летшілердің есімдерін( мыс: Регистон ансамбліндегі Ширдор, Тіллә-Қари медресселерін Жалаңтөс Баһадүр салдырғанын анықтады ) тауып, олар жөнінде ғылыми мақалалар жазды.
« Шаһнама », «Туһрат әл-Хани », т.б.дастандардың парсы тіліндегі қолжаз- баларын тауып, оларды зерттеді. Оларды ауызша тәржімәлаған. Әлишер Фирдоусидің « Шаһнамасын » ақын Молда Ораз қазақша жырлаған.1900-1904 жылдары аралығында қазақ, өзбек, қырғыз т.б. атауларды дұрыс қол -дану жөнінде « Туркестанский ведомости », «Оренбургский листок », т.б. газеттерде мәселелер көтерді. Оның шығыстану саласындағы жұмыстарын В.Л.Вяткин, В.В.Бартольд, Н.И.Веселовский, В.В.Розен өз еңбектерінде пайдаланды.
Серәлі Лапин 1908-1910 жылдар аралығында Санк-Петербург қаласында тұрып, 3-Мемлекеттік Думаның Мұсылман фракциясын ұйымдастыру бюросында қызмет етті.
Серәлі Лапин халық мүддесі үшін жұмыс атқарып( 1910-1913 ж.ж.) Түркіс- тан генерал-губернаторының рұқсатымен,қазақ арасында сауда-экономика- лық серіктестік құрды.
Сералы Лапин 1917 жылдың наурыз айынан бастап Ақмешіт халық өкілдер рі кеңесінің төрағасы міндетін атқарды, ал шілде айынан « Шура-и-улема » ( « ғұлама қоғам ») « Дін иелерінің кеңесі » ) ұйымына жетекшілік етті. Сырдария қазақтарының 1917 жылы тамызда өткен сьезінде Бүкіл ресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсыналды.
Түркістан өлкесі мұсылмандарының төртінші төтенше сьезінде құрыл- ған Қоқан (Түркістан) автономиясының халық Кеңесі құрамына сайланды.
Серәлі Лапин,1918 жылы 17 қаңтарда өлкелік Халық Комиссарлары Кеңес- іне жолдаған мәлімдемесінде Қоқандағы Түркістан автономиясы мен Таш- кенттегі Кеңес өкіметі арасындағы текетіресті бейбіт жолмен шешуді көз- деді. Алайда большевиктер Қоқан автономиясын қарулы күшпен құлатып тынды.
Серәлі Лапин саяси күресті жалғастыру мақсатымен әуелі Бұхар әмірлігіне өтті, кейіннен 1-дүниежүзілік соғыс тұтқындарын қайтарумен шұғылдана -тын неміс комиссиясының көмегімен Германияға барды.
Онда неміс әскерлерінің көмегімен Түркістандағы Кеңестер билігін құлату жолында Германия үкіметі басшыларымен келіссөздер жүргізу мақсатында әрекеттер жасады.
Олардан қолдау таппаған соң, 1919 жылы Самарқан қаласына оралып, бел- гісіз жағдайда қайтыс болды...
Қазақ халқының тарихында күні бүгінге дейін есімдері белгісіз болып, өзі- нің халық алдындағы атқарған қызметіне әділ бағаларын ала алмай келе жатқан ірі тұлғалар көп деуге болады. Солардың бірі біз қозғап отырған қоғам қайраткері,шығыстанушы, ғалым, халқының тәуелсіздігі үшін күрес- кен, қазақтың зиялы қауым өкілдерінің бірі Серәлі Лапин деп айтуға бола- ды. Оның халқымыздың тарихынан шынайы бағасын алатын кезі болған секілді...

2). Жүсіпбек Басығараұлы ( шамамен, XIX ғасырдың 50 жылдары аралы- ғында Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Сұлутөбе аулында дүниеге кел- ген -1920 жылы Ташкент қаласында қайтыс болған ) - қоғам қайраткері, аудармашы, ақын, жазушы т.б.қызметтер атқарған.
Жүсіпбек Басығараұлы публистикалық мақалалары өте көп. Халық ауыз әдебиеті үлгілері және жыр-дастандарды жинаумен айналысып, елеулі үлес қосқан деп бағалауға болады.
Нысанбай жыраудан « Кенесары-Наурызбай » жырын жазып алған. Бұл жыр 1923 жылы Мәскеудегі « Күншығыс » баспасынан Н.Төреқұловтың алғы сөзімен жарық көрген.
1926 жылы Мәскеуден Жүсіпбек Басығараұлы құрастыруымен « Тазша » ( өтірік сөздер, өлеңдер ) кітабы басылып шықты. « Тазша баланың қырық өтірігі » аталатын қазақ ертегісі тұңғыш рет осы жинақта жарияланған.
Жүсіпбек Басығараұлы Алаш Орданың жиындарына қатысып, ол жерде қазақ халқының келешегі, тәуелсіздігі төңірегінде, т.б. мәселелерде өзінің пікірлерін білдірген. Ол туралы сол кездегі қазақ басылымдарында жарық көрген мақалаларынан, өлеңдерінен, т.б.көруге болады. Мысалы, « Айқап » журналында жарияланған « Ақымақтарға » ( 1913 жыл ), « Бозбалаларға» ( 1914 жыл ), « Интелигент » ( 1914 жыл ), т.б. өлеңдері жарияланған болса, « Қазақ » газетінде жарияланған « Жазушыларға »(1917 жыл ), «Отағасы» (1917 жыл ), т.б. бірге, « Алаш » газетінде жарияланған « Неғып жатыр » (1917 жыл ) өлеңдерінің атауларының өзі айтып тұрғандай, сол кездегі қоғамдағы өткір мәселелерді баспасөз беттерінде өткір сынға алғандығы байқалып тұр.
Жүсіпбек Басығараұлы туралы деректер Әлихан Бөкейханов еңбектерінде де кездеседі. Н.Төреқұлов, Х.Досмұхамедов, А.Байтұрсынов, М.Шоқай, С.Қожанов, Ғ.Мұратбаев, т.б. қоғам қайраткерлері Жүсіпбек Басығараұлы шығармаларын, еңбегін жоғары бағалап, оған қолдау көрсетіп отырған.
Жүсіпбек Басығараұлының шығармашылдық еңбектері, өлеңдері, публис- тикалық мақалалары, аудармалары, т.б.әдеби мұралары арнайы зерттелген жоқ.
3). Меңліаяқ Сәрменбайұлы (1880 жылы Қармақшы ауданы, Интернаци- онал ауылында дүниеге келген- 1954 жылы Қызылорда қалалық әкімшілі- гіне қарасты Абай ауылында дүниеден өткен )- халық ақыны. 15 жасында « Сері жігіт » атанып, ақындығымен халыққа таныла бастады. Меңліаяқтың ақындығының ұшталуына Кете Жүсіп, Керей Әбдіжаппар, Қаңлы Жүсіп, әсіресе, Сыр сүлейі Тұрмағанбеттің үлкен әсері болған.
1928 жылы ауқаттылар санатында жер аударылып, одан 1936 жылы елге оралған.1937 жылы халық жауы ретінде тұтқындалып,1943 жылы ақтала -ды.Меңліаяқ қазақ халқының ауыз әдебиеті мұраларын жинаумен қатар, толғау-өлең, хикаялар шығарған. Оның шығыс әңгімелерінің желісімен жазылған « Үш жігіт », « Екі қудың әңгімесі »,« Төрт өнерпаз », т.б. поэма- ларымен қатар, « Бастан өткен өмір », « Жаңа әкім », « Әбілдаға көңіл қос », « Жас туралы » пьесасы, « Қуанышты тоғызыншы май », « Кенесары - Наурызбайдың қысқаша тарихы », « Жасауыл қырғыны мен Айсарының жоқтауы », « Жанғабыл батырдың өлімі » атты деректі әңгімелері бар. 2000 жылы Меңліаяқ мұрасы жеке кітап болып баспадан шықты. Меңліаяқтың шығармалары М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының қол- жазбалар қорында сақтаулы.
Меңліаяқ Сәрменбайұлы ұрпақтары бүгінгі күндері халық шаруашылығы- ның әрсаласында жемісті еңбек етіп жүр.Меңліаяққызы Қуанышкүл ардақ- ты ана, Қыздар Мемлекеттік Педагогикалық Институтында ұзақ жылдар қазақ қыздарын ұстаздық қасиетті мамандыққа тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп келеді, халыққа танымал ұлағатты ұстаз, ғалым, ардақты ана деуге болады.
4). Алшынбаев Рахым ( 27.1.1893 жылы Сырдария ауданы, Қарақасқа аулында дүниеге келген - 1980 жылы Тереңөзек кентінде қайтыс болған ) - қайраткер, ұстаз, ғалым. Аламесектегі екі жылдық орысша - қазақша мектепті ( 1911 жыл ), Қостанайдағы Ыбырай Алтынсарин ашқан мектеп- ті,Троицкідегі расуйлия мектебін, Бұқара мектебін ( 1917 жыл ),Уфадағы мұғалімдер семинариясын ( 1919 жыл ), Абай атындағы Қазақ Педагогика- лық Институты ( Қазақ ұлттық Педагогикалық Университеті., 1931 жыл ) бітірген.
1919-1958 жылдар аралығында ұстаздық қызмет атқарды.1929 жылы аш-ылған Азат мектебінің тұңғыш ұйымдастырушысы болды. Алшынбаев Рахым тіл ғылымына елеулі үлес қосты. 1936-1937 жылдары 4-7 сынып- тарға арналған « Қазақ тілінің грамматикасы » оқулығын, « Пед. Техни- кумдағы қазақ грамматикасын оқыту методикасы » ( 1941 жыл ), т.б. оқу кітаптарын жазған. Алшынбаев Рахымның қоғам алдындағы сіңірген ең- бегі зор бағаланып, Кеңес өкіметінің үлкен марапаттаулары Ленин ордені мен Еңбек қызыл ордені т.б. ие болып, көпшілік құрметіне бөленді.
Тереңөзек кентіндегі көшеге Алшынбаев Рахым есімі берілген. Осы жол- дардың авторына 1985-1986 жылдар аралығында Алшынбаев Рахым үйінде болып, ол кісінің жұбайымен сөйлесудің сәті түсіп еді. Алшынбаев Рахым- ның сол кезде ешкімге белгісіз өмір жолы, еңбегі, қызметі, кітаптары, қол- жазбалары, ордендері мен медальдері, мақтау қағаздары т.б. барлығын Қызылорда облыстық тарихи өлкетану мұражайына қойдырып, халыққа таныс-руда азда болса үлесіміз болғанын айта кеткім келеді. Алшынбаев Рахымның сол кездерде жарық көрген кітабының сыртқы мұқабасы жыр- тылып тасталған, ал ішіндегі беттеріндегі С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Торайғыров өлеңдері мен олардың суреттері қызыл қаламмен сызылып тасталғанын көріп, бұл кітапты жоғалтпай сақтап жүрген апайға ризашылығымды білдіріп едім. Зұлмат қоғам қазақтың зиялы қауым өкіл- дері ғана емес, олардың ғылыми еңбектерін, кітаптарын да аямағанынды-ғына көзім жетті...
Алшынбаев Рахым ұрпақтары бұл күндері еліміздің шаруашылығындағы әр салада қызмет жасап, өздерінің әкелері салып кеткен тура жолмен жүріп келеді деуге болады.
5). Досжан Құрақұлы ( 2.4.1878 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов атындағы ауылда дүниеге келген - осы жерде 1944 жылы қайтыс болған ) - домбырашы, күйші. 1938 жылдан Нартай Бекежан- овтың концерттік бригадасының құрамында болып, сол жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық ауыл шаруашылық көрмесіне қатысып, өнер көрсет- еді. Досжан Құрақұлы « Көкек тоғайы », « Бәти қыз », « Бұқтым-бұқтым », « Жетім қыз », « Терісқақпай », « Абылай хан », « Кербез төре », « Қара -жорға », т.б. күйлер шығарған.
1964 жылы фольклортанушы Мардан Байділдаев Досжан Құрақұлының 32 күйін үнтаспаға жазып алған. 1978 жылы Досжан Құрақұлы күйлері С.Ысқақовтың орындауында жеке күйтабақ болып шықты.
6). Көтібарұлы Әлмұхаммед / Әлмағанбет / ( 1876/1878 жылы, Перовск уезі « Царская » болысының 7- ауылында дүниеге келген - 1938 жылы Ташкент қаласында )- саяси қайраткер. Мұстафа Шоқай серіктерінің бірі болған. 1917 жылы Қазақ азаматтық комитеттерінің Сырдария облысында комитет төрағасы болып сайланды. Ташкент уездік атқару комитетінің мүшесі болды. Орынбордағы Екінші жалпықазақ сьезіне Сырдария облысы Перовск уезінен делегат болып қатысқан.Кеңестік дәуірдің алғашқы жыл- дарында Ташкент, Алматы қалаларында әр түрлі қызмет атқарды. Көтібарұлы Әлмұхамед 1937 жылы қамауға алынып 1938 жылы Ташкент қаласында атылды...
7). Көтібарұлы Әли ( 25.12.1871 жылы, бұрынғы Сырдария облысы, Пер- овск уезі, « Царская » болысы, 7-ші ауылда дүниеге келген - 1926 жылы ақпан айында Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, Шіркейлі аулында қайтыс болған ) - алғашқы қазақ дәрігерінің бірі. Сырдария өңіріндегі бел- гілі ақсақал Көтібар Итаяқұлының отбасында дүниеге келген. 1893 жылы Ташкент гимназиясын, 1898 жылы Санк-Петербург Әскери - медициналық академиясын бітірген.1898 жылы Академияны бітіргеннен кейін Жаяу әс- керлер Суздаль полкіне(Ресей ) кіші дәрігер болып тағайындалады. Әскери міндетін өтегеннен кейін, 14- Түркістан линиялық батальонының кіші дәрі- гері болып тағайындалған. Одан кейін Кершек лазеретіне жіберіліп, 2-Түр- кістан артелерия бригадасы 6- батареясының санитарлық бөлімінің меңгер- ушісі болған. Жетісу майданында ақ гвардияшыларға қарсы күрес жүргіз- ген 1918-1919 ж.ж. Черкасск қорғанысы аудандарындағы лазаретті басқар- ды. Оның тікелей басшылығымен лазаретті басқарды.Оның тікелей басшы- лығымен лазарет дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Жетісу ақтардан азат етілген соң, Ташкент қаласына қайта оралып, дәрігер болған. 1922 жылы Перовск уездік (қазіргі Қызылорда қаласы ) денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі болды. Өмірінің соңына дейін ол қалалық аурухананың мең- герушісі болып еңбек етті. Ол туған ауылында, бабалары жатқан Көтібар мұнарасында жерленген...
Жаппас руынан шыққан қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері жөніндегі тізімдер мен олардың қызметтері туралы мағлұматтарды да одан әрі жалғастыра беруге болар еді.
Біздің алдымызға қойып отырған мақсатымыз, 1925 жылы сәуір айында Қызылорда қаласында, кезінде патша әкімшілігінің енгізген « киргиз » деген атауы өз күшін жойып, қазақтар өзінің тарихи атын қайтарып алды. Сол кезге дейін, қазақтардың ру-тайпалары өздерінің тарихи атауымен аталғанын жоққа шығаруға болмайды, тіпті Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарының өзінде Адай болысы,Табын болысы,Жаппас болысы, болған- дығын тарихи құжаттар да дәлелдеп отыр. Осы жағдайларды ескере отыр- ып, біз 1925 жылдың сәуір айына дейінгі халықтың жадындағы атаулар бойынша, бір ру-тайпаның негізіндегі қазақ халқының көне заманнан бергі белгісіз тарихына қысқаша тоқталып өттік.
Осылайша, әрбір ру-тайпаның көне тарихын тарихи тұрғыдан ашып көрсе- тетін болсақ, алдағы уақытта халқымыздың шынайы тарихына да қол жеткізетін кездің алыс еместігіне сенуге болады.

Қайсақ
Әйгерім,Санат,Бекбас жаппасқа
10-05-12 18:05
Бұл жерде қарақалпақ ағайындардың форумынан деректер келтіріп отырмын,сонымен бірге өзімнің де естіген аңыз-әңгімені де кіргіздім.Сол себепті, бұл жерде мен 100 пайызға сенімді түрде осылай деп айта алмаймын.Өйткені,бұл тақырыпты енді ғана қолға ала бастадым.с/м.Қайсақ (Ақсүйір-жаппас).
Ақсуйир - қарақалпақ шежиресинде белгили орны бар аталық. Бул туқымнан атайы шешен Ораз ақсақал шыққан. Қарақалпақ шежиреси бойынша Ақсуйир менен Аралбай аталас. Аралбайлар коп болғаны ушын Ақсуйирлер де солардын аты менен кеткен. Ақсуйирлер Орта Азиянын бирнеше орынларында ушырасады.
Менің естуім бойынша,сонау 17-18 ғғ. жоңғарлар қарақалпақтың бір ауылын шауып кетіпті,ауыл-дағы адамдардың барлығын қырып кеткен дейді. Жоңғарлар шауып кеткен қарақалпақ ауылының үстімен кіші жүздің тайпасы өтіп бара жатқан кезде елсіз жатқан жұрттағы төңкерілген қазанның астынан жылаған кішкентай баланың жыла-ған дауысын естиді,қазанды ашып қараса аппақ (әппақ) сүйріктей қарақалпақтың кішкентай 5-6 айлық баласы екен.Сол жерде кіші жүздің қолын бастап келе жатырған көсемі баланы жұбат(тынышталдыр) деп көштің ішіндегі қара торы баласы жоқ келіншекке айтыпты, сөйтсе ол келіншек өзінің мейрімін төгіп,кішкентай баланы қолына алып иіскеген кезде жылап жатқан бала жылағанын қойыпты.Кіші жүздің көшін бастап келе жатқан көсемі әлгі қара торы келіншекке былай деп бата беріпті \\" қойныңнан жылуың кетпесін,мейрім-шапағатың мол болсын,осы баланы асырап,азамат қылып өсіретін бол,бұл бала бүгіннен бастап біздің кіші жүздің баласы болады депті.Есімін \\" Ақсүйір \\" деп қойыпты.Себебі кішкентай сәби әппақ сүйріктей екен, соған байланысты атын солай атапты.Қызылордада 130-дай \\" Ақсүйірлер \\" отбасы тұрады. Ақсүйірлер туралы арнайы ғылыми еңбек жазылмағанымен ол жайында қарақалпақ тарихшыларының зерттеулерін- де деректер бар. Аралбойы өлкесінен тысқарыдағы қарақалпақтар тарихын зерттеген Л.Толстованың, Т.Жданконың, сондай-ақ, А.Өтемисовтың, Р.Қосбергеновтың еңбектерінде Ақсүйір аталығы (руы) туралы атап өтілген. ХII ғасырда Ақсүйірлерге байланысты (...) оқиға жүз беруіне байланысты олардың көпшілігі басқа рулардың құрамына кіріп кеткен. Олардың біразының өздерін «Аралбай» деп атап жүруі де әлгіндей себептерге қатысты болар. Алайда Өзбекстанның бірнеше облысында Ақсүйір қарақалпақтың көрнекті руы сыпатында белгілі.



страницы:    2   1    в начало »   


Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube