Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Общение: Список форумов
Форум: Шежipe
Тақырып: Найман-Бағаналы


Авторы Xабарлама
Дархан
kr_kz90
27-01-09 14:22
Орталық Қазақ даласына және Сыр бойына ЖАЛЫНДЫ СӘЛЕМ!!!!!

Авторы Жауап
Дастан Абдуллаұлы
dos.abdulla87@gmail.com
24-04-18 06:46
Ассалаумағалейкум бауырлар. Ақтаз-Әжем наймандар бар ма? Жеті атам: 1)Күңей 2)Нартайлақ 3)Құрманқожа 4)Келдібек 5)Алтайбай 6)Есен 7)Абдулла. Жақынырақ танысып, араласайық. Қызылорда қаласынанмын.
Ғалым Шаяхметұлы
g_sarbasov
15-04-18 11:29
Мен Көкшетауда тұрамын, руым Бағаналы..Арғы атам Еділбай, Серікбай атты бауырымен Көкшетау өңіріне белгісіз себептермен келіп қоныстаған. Шамамен 19 ғасырдың екінші бөлігінде, олай болжайтын себебім - әкемнің туған жылы құжаттарында 1899 жыл деп көрсетілген. Ал менің әкем Еділбай атамыздың немересі, Жөне үлкендер Көкшетау өңіріне қоныс аударған Еділбай атамыз екенін айтып отыратын. Мені Еділбай атамыз қай жерден келді екен, және Бағаналыдан қалай тарайды екенбіз білсем деп армандаймын. Есте қалғаны Еділбай мен Серікбай аталарымыздың әкесі Құстабай (Қыстабай) деген кісі болған екен. Мүмкін шежіре білетін кісілерде менің сұранысым бойынша қандай білетін шығар хабарласып көмек берсеңіздер алғысым шексіз. Телефоным 8 708 749 05 56. e-mfil - g_sarbasov
Жандос
jandosseitkamalov@gmail.com
28-06-16 14:43
Сəлеметсіздер ме!) Менің руым Боран-Тілестің шежіресін табуға көмектесініздерші!
Мұхтар Бақытұлы
ipmuhtar@mail.ru
03-02-16 10:28
Қ.Сәтбаев Қарсақбайға келген уақытында былай жазыпты:"Ұлытау өңірін бағаналы ел жайлайды. Оны үш ру құрайды - Сарықалдақ, Ақтаз және Қожас. Ақтаз алты атадан тұрса, Қожас Шыңғысханның қалмақтан алған әйелінен тараған бағаналыға кірме ру болып саналады". Соған қарағанда Қожас руы Құлан анадан тарауы мүмкін. Оны зерттеудін үстіндемін. Нәтижесін хабарлаймын
Мұхтар Бақытұлы
ipmuhtar@mail.ru
03-02-16 10:19

Кеті бұқа (шамамен 1180-85, Найман хандығы - 3.09.1260, Палестина, Айн-Джалуд) – жырау, күйші, аңыз кейіпкері, Шыңғыс хан әскерінің мыңдық нояны. Халық Кеті бұқаны "Ұлы жыршы" деп те атаған. 1206 ж. Теміршіні Шыңғыс хан қылып сайлағаннан кейін мыңқол әскерін жасақтау кезінде мыңдық нояндары тағайындалғанда, барлығы 95 кісі болған нояндардың 51-шісі болып найман елінің бағаналы және балталы руларын басқарған Кеті (Хэтэ) көрсетіледі. 1224 ж. Жошы Ұлытауға көк туын тігіп, Ордасын Қаракенгірдің бойына орналастырғанда, оның хауіпсіздігін Кетінің сенімді бағаналы-балталы гвардиясына жүктеді. ХV ғасырда жазылған "Шаджарат ал-атрақ"(Түркі шежіресі) атты еңбегінде Ордаға жақын уәзірлерінің бірі Ұлық Жыршының Шыңғыс қаанға Жошының өлімі туралы қара хабарды жеткізгені туралы айтылады. Кеті бұқа 1236-42 ж.ж. Еуропаға жасалған жорыққа қатысқан. 1256 ж. ғо уаң мәртебесіне ие болып Құлағумен бірге Батыс Азияға аттаңған. 1256 ж. соңына қарай исмаилиттердің Ирандағы барлық қамалдарын жойып, 1257 ж. ақпанында Бағдатты алған. Осы сәтті жорықтан кейін Кеті бұқа Сирияның әміршісі болып тағайындалды. 1260 ж. З қыркұйегінде Айн-Джалудтың түбінде Кеті Мәмлүк елінің қолбасшысы Құтіздің қолына түсіп қаза табады. Кетінің өлімімен бірге Шыңғыс империясында ыдырау процессы басталады, өйткені ол Ұлы әміршінің сенімді 95 нояндарының ішіндегі мемлекеттің бірлігін сақтау үшін тер төккендердің соңғысы еді.
М. Сейтжанов.
Мұхтар Бақытұлы
ipmuhtar@mail.ru
03-02-16 10:17
Жошы хан (1187, Моңғолия - 1227, Ұлытау) – Шыңғыс ханның үлкен ұлы, әскер қолбасшысы. Жошы Үлесі негізін қалаушы. 1206 ж. Шыңғыс хан керей, найман, меркіт тағы да басқа тайпаларды бір орталыққа біріктіргеннен кейін, Жошы жасағымен 1207-1212 ж.ж. аралығында Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Шығыс Түркістан жерлерін өзіне бағындырды. 1211-1215 ж.ж Жошы Қытайды жаулау жорығына қатысады. 1216 ж. Жошы батысқа қашқан меркіттерді тас-талқан етуге аттанады. Жошымен меркіттердің әскерлері Ырғыз өзенінің бойында кездесіп шайқасқаннан кейін меркіттер жанжаққа қашады. 1224 ж. Шыңғыс хан сартауылын жаулап алып, шығысқа аттаңғанда, Жошы Қыпшақта қалып өз Үлесінің шаруаларын ретке келтірумен айналысады. Ұлытауға көк туын тігіп, Ордасын Қаракенгірдің бойына Орда Базар калашығына орналастырып, оның қауіпсіздігін Кеті бұқаның сенімді бағаналы-балталы гвардиясына жүктейді. Бағаналылар Ұлытаудың оңтүстігін, ал балталылар солтүстігін жайлайды. Өмірінің соңына дейін Жошы Ұлытау өңірін мекен еткен. Жошының мазары Жезқазған қаласынан 55 км жердегі Кеңгір өзенінің сол жағалауында орналасқан.
М. Сейтжанов.

Жошы Үлесі - 1223 ж. Шыңғыс хан ұйымдастырған Құланбасыдағы құрылтайдың шешімімен негізі қаланған мемлекет. Астанасы Батудың Еуропаға жорығының аяқталғанына дейін Ұлытауда Қаракеңгір өзенінің бойында Орда базар қаласында орналасқан. Жұбайнидың айтуы бойынша Жошының үлесі Ертістен батысқа қарай жатқан кең даланы алып, Жетісудағы Қаялықпен Хорезмнен бастап Сақсын мен Бұлғарға және мыңқол аттарының тұяғы тиген жерлерге дейін жеткен. Жошы дүние салғаннан кейін, Шынғыс хан Үлесті Жошының ұлдары Бату мен Орда Еженге, алтын және күміс босағалы киіз үй тігіп, бөліп береді. 1235-42 ж.ж. Еуропа жорығынан кейін Бату мемлекет астанасын Еділ өз. төмеңгі ағысына көшіріп Бату Сарайы атты қаласын салады. ХV ғасырда Ұлыс егеменді мемлекеттерге бөлініп ыдырай бастайды.
М. Сейтжанов.

Жошы хан кесенесі - Қаракеңгір өзенінің сол жағалауында, Жезқазғанның солтүстік шығысынан 55 км қашықтықта орналасқан. Автор, салушы және пайда болу тарихы белгісіз. Орталық Қазақстан археологиялық экспедиясы 1946 және 1973 жж. зерттеген. Кесене тікбұрышты пішінді, сүйір аркасы бар портал. Композициясы бойынша екі күмбезі бар порталды-күмбезді құрылыс. Сыртқы сәнді күмбез көгілдір глазурь тақталарымен қапталған және сондай көк тақтамен қапталған он жетінші барабанда орнатылған. Ішкі жартылай сфералық күмбез шеңбер қатарлармен сұйықтыққа төселген. Қабырғалар тегіс, сыланбаған. Еденге шаршы кірпіштер төселген. Құрылысқа 30х30х6, 30х15х5., 25х25х6 өлшеміндегі кірпіштер қолданылды. Сыртқы периметр бойынша кесененің өлшемдері - 9,5х7,0 м, ішкі бойынша - 5,25х5,25 м. Жалпы биіктігі 8 м. Кесене 2000 жылы қалпына келтірілген.
М. Сейтжанов.
Мұхтар Бақытұлы
ipmuhtar@mail.ru
03-02-16 10:08
Бағаналы ауданы Ақмола обл., Атбасар уезі аумағында 1920 ж. 11 майда құрылды. Орталығы – Қарсақбай заводы. Ол тікелей Атбасар уездік атқару комитетіне бағыныста болды. Оның құрамына 10 болыс енді. Олар – Айыртау, Айнакөл, Жаңа Сарысу, Жезді, Кеңгір, Құмқоңыр, Сарысу, Таранкөл, Ұлытау, Үлкен Жезді болыстары. Осы аралықта Балталы, Баршақұм, Қарабала, Қаракеңгір болыстары таратылған. 1921-1922 жж. Үлкен Жезді, Айнакөл болыстары Жезді болысымен, Айыртау болысы Ұлытау болысымен, Таранкөл болысы Кеңгір болысымен бірікті. Әуелде аудатком төрағасы Хасен Қасқабаев болды. 1922 ж. 26 шілдеде Бағаналы ауданын таратқанда оның құрамында болған болыстар Ақмола губерниясының Атбасар уезіне берілді.

Бағаналы хандығы 1916 ж. тамызда құрылды. 1919 ж. желтоқсанда таратылды. Оның құрамына 40 мыңға жуық тұрғыны бар Бағаналы тайпасының 11 болысы енді. Бұл хандық (сол уақытта) қазақ жерінде жарияланып жатқан хандықтармен салыстырғанда ірісі болды, әрі ұзақ үш жыл билік құрды. Хандықтың құрылуының басты себебі – патшаның 1916 жылғы маусым жарлығы, алыс аймақтарда патша әкімшілігі билігінің әлсіреуі, әртүрлі бағыттағы топтар мен күштердің белең алуы болды. Хандықтың басты міндеті бағаналы елін арандатушылардың шабуылынан қорғау, оның бірлігі мен тұтастығын сақтау, көршілермен сауда-саттықты дамыту болды. Атбасарға жақын орналасқан бағаналы болыстары тік көтеріліп, жергілікті үкіметтің қолы жетпейтін Қарсақбай, Байқоңыр жеріне, Сарысу, Шу бойына көшті.
Бағаналының ханы болып Хасен Қасқабайұлы Сандыбаев сайланды. Бас үлем Ахмет ишан Оразайұлы болды. Хан Мырзамсейіт Бабыровты, Жалпақ Сарыбаевты, Өтжан Құржанды, Қаражігіт Сүйінбаевты өзінің уәзірі, Хасен Бекқожинді сыртқы істер министрі етіп тағайындайды. Ханның Қарулы Күштерін Арыстанбек Қамбаров, Қазыбек Алдамқұлов, Жолдас Төлеков және Досан Теңбаев басқарды. Ханның жанындағы Жоғарғы кеңес осы аталған кісілерден тұрды және әрқайсысы бір дауысқа ие болды. Бағаналы хандығы мұсылман елдерінің оның ішінде Бұқара хандығы заңдарын қазақта қалыптасқан құқықтық ұстанымдарды қолданысқа енгізді. 1917 ж. күзде барлық бағаналылықтардың екінші съезі өтті. Онда Бағаналы хандығы туралы Ереже қабылданды. Хан мөрінде «ІІ бағаналы болысының комитеті» деген сөздер жазылған. Бағаналы хандығы кезінде Ұлытау өңірі тұрғындарының тыныштығына, бейбіт тұрмыс-тіршілігіне, төңірегінде болып жатқан жазалаушы, соғыс қимылдарынан аман қалуына жағдай жасады. Хандық халықтың сеніміне кірді. 1919 ж. желтоқсанда Сабыр Шәріпов кеңес өкіметі атынан Бағаналы хандығы таратылатынын жариялады. Оның аумағында көшпелі Бағаналы ауданы құрылды, ол 1921 ж. күзіне дейін өмір сүрді

Бағаналы (Кеті бұқа) - Қазақ елінің Орта жүзіндегі Найман тайпасына жататын ру. Кейбір деректер Бағаналыны дербес рулар бірлестігіне жатқызады. Х-ХІІ ғ.ғ. Бағаналы, Балталы рулары Алтай, Тарбағатай тауларын мекендеп, Найман хандығының құрамында болған. Шыңғысхан мемлекеті құрылғаннан кейін Жошының оң қол әскерінің құрамына кірген. Хорезмді жаулағаннан кейін қыпшақтардан босаған Ұлытау өңірінде қоныстаңған. Бағаналыдан - Шегедек, Шегелек, Шүрешек, Шәуешек аталары тарайды. Бағаналы және Балталы рулары көне заманнан іргесін бөлмей келгенін “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” жырынан табамыз. Бұл деректе рулардың атауы аталардан тарайды десе, ғылыми пікір бойынша рудың атауы таңбасынан шыққан. Бағаналы руы Сыр бойынан бастап, Сарысуды жағалап, Есілге дейін жайлаған. Ұраны - Қаптағай, таңбасы - бақан.
М. Сейтжанов.
Мұхтар Бақытұлы
ipmuhtar@mail.ru
03-02-16 10:03
Абұлжа хан (Әбілжа хан) - Қыдырәлі Жалаирдың "Жамиғат-ат тауарих" атты кітабында оғыздардың пайда болуына байланысты жазған жерінде Нұһ пайғамбардың баласы, барлық түркі халқының ханы болып көрсетіледі. Нұһ Ұлы тасқыннан кейін өз жерлерін үш баласына бөліп береді. Хаму Судан мен Үндістанға тарап, Средин арабтар мен парсылардың , ал Яфес түркілердің әкесі болады. Түркілер (кітапсіздер) Яфесті Абұлжа (Абдулжа) хан деп атаған. Оның баласы Диб Якуйдың (Жәкі) қару жарағы да, билігі де жоғары болған. Ол тәңірге сыйынып, жазда әкесінің Ортақ және Кертақ тауларын жайлаған. Бұл таулар Абұлжаның немересі Қара ханның де үлесінде болған. Бірақ оның жайлауларына солтүстік даласы да кірген. Олай болса, қазіргі Ұлытау көштің ортасында болғандықтан Ортақ (Ортағ) болып, ал Кішітау кері қайтатын жолды көрсетіп Кертақ болып атанып кеткен. Бұл жайлау маршруты көшу аралығы жылына 800-1000 км. жерді алған кезінде қазақ даласының дәстүрлі көшін жолына айналған, яғни Ұлытау мен Сыр бойындағы тарихи оқиғалары бір-бірімен тығыз байланысты деген сөз.
Әдеб:Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений.Т.1.А.1984
М. Сейтжанов.
Мұхтар Бақытұлы
ipmuhtar@mail.ru
03-02-16 10:01
Ақтаз - Найман тайпасының Бағаналы саласының руы. Қонысы Телікөл, Байқоңыр, Жезқазған, Кішітау, Жыланшық өзенінің Ұлытаудан ағатын салаларының бойы болған. Алты атадан тарайды - Тіней, Сейіт, Әжем, Жұмық, Балықшы, Қармақшы. Халық аңызы бойынша, жау шапқан кезде адасқан бес жетім бала Алтайдағы өр найманнан бөлініп, Ұлытауға келіп тоқтайды. Оларды бастаған "Кербалақ" Ер Шоштан деген кісі болыпты. Одан Таз, Тоңболат, Ер Шегедек, Таздан - Ақтаз тарайды.
Бауыржан
aktas_30289@mail.ru
07-11-15 17:25
Салем Алтынай, Мен Орта жүз Арғыннан тараған, Қаракесектің Киікбай руынанмын. Бірақ Ибеске-Қожастан тарағанын тарамағанын анық білмедім. Ата бабамыз ертеде орталық Қазақстанды мекендегенін, оның ішінде көпшілігі Қарқаралы аймағында екенін анық білемін. Мүмкін руымыз бір шығар.
Адеп
ahmetov-alim@bk.ru
15-06-15 15:15
Ас-саляму алейкум бауырларым мен Абжаппаров Адеп Жанболатулы Жезказган каласы Улытау ауылы тумасымын. Руым Найман Баганалы Жырык.14.06.2015 абамыз Толек улы Сандыбай атамызга ескеркиш койдык урпактары атынан. Кесене орналаскан жери Улытау ауданы Терсакан ауылы жанынан 18 шакырым жерде орналаскан.
Алтынай
dosanova_a@inbox.ru
27-10-11 23:07
Маган Ибеске-Кожастан тараган Киікбай руының шежіресін табуға көмектессеңіздер рахметімді айтар едім. Мен Астана аласында тұрамын
Өмірзақ
omir81@mail.ru
26-04-11 17:14
Мен Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы елді мекеніненмін, Руым Найман-Бағаналы-Талқаншы екенімді білемін, естуімше кіші жүздің жеріне аталарымыз Жезқазғаннан темір жол бойына түйемен мыс тасып осында отырып қалған дейді, Қармақшы деген атамыз сол найман болады дейді. Өзім Өмірзақ-Орынбек-Асан-Боранбай боламыз арғы жағын білмеймін білетіндер болса осы шежірені жайып, талдап бересіздерме, ата тегімді білу, туысқанымды табу арманымның бірі.
Ержан Махсұтұлы
erzhanulytau@mail.ru
15-04-11 14:07
Жалынды салем. Мен Үш жүздің басын қосқан, Ұлт-ұясы Ұлытауданмын. Қазырғы уақытта осы туған жерім Ұлытауда тұрамын. Руым Найман-Сарғалдақ-Оразай-Тасыммын. Араласып тұрайық. Ұлытауда болмаған шығарсыздар, сұрасып-білісіп тұрайық.
магжан
magzhan_bolyspae@mail.ru
17-03-10 08:42
мен найманнан бағаналы өзім солтүстік қазақстаннанмын жеті атмды дұрысбілмеймін
Нұрболат
nur_i_k61@mail.ru
19-09-09 18:55
Бағаналы баурларға дұғай сәлем! Майл.ру-сайтында "Найман-бағаналы" қауымдастығын (сообщество) қарағандылық Әнуәр бауырымызбен бірге құрдық. Ол қауымдастық құру мақсаты - еліміздің, жеріміздің тарихын тереңірек білу, дінімізді, тілімізді, ата салт-дәстүрлерімізді сақтап әріқарай дамыту. Сол қауымдастықта өзім белсенділік танытып интернеттен бағаналы руына қатынас біраз деректер тауып еңгіздім, сол деректермен өзім танысып, әсіресе жас баурларымыз біліп патриоттық рух пайда болуына әсер етсе екен деймін. Егерде қызықтыратын болса сол қауымдастыққа кіріп шығыңыздар. Баршыңызға ораза қабыл болсын, келер айт мұбарак құтты болсын!
Аltynai
dos_al@email.ru
21-08-09 14:23
Cәлем , бауырым, Нұрболат! Шежірені білгеніңе қарағанда ұлттық намысы бар жігіт екенсің! Мен Ұлытау өңірінің тумасымын. Сен атаған рулардың барлығы таныс аралас- құралас, туған-туыс-бауыр, құда -жекжат болған елдер. Руым- Бағаналы-Қожас- Байдәулет- Киікбай- Сүттібай- Қозыбағар- Құлжанбай- Досан-Жапар-ол кісіден - МЕН! Апайың боламын.
Нұрболат Сәркен
nur_i_k61.&.mailt.ru
28-03-09 16:20
Солтүстік Қазақстан өңірінің бағаналыларынан дұғай салем бауырларға! Біздің ата-бабаларымыз 18 ғ-да Ұлытау өңірінен көшіп барып керей нағашыларында коныстанып қалған. Менің әкем Сәруәр, атам Мұқамедия, ұлы атам-Барқыт, оның әкесі Борлықбай Досбергеннен, ол және Есбергендеген бауыры Корпетайдан туған. Корпетай мен Көрпебайдың әкелері Ақылбек. Ақылбек, Алтынбек, Бөрібай Дөңасардан. Әрі қарай Күлеке, Жауғашты, Сарыаталық, Бақаш, Мұқыш,Байкөнек Тоңболат, Шоштаң батыр, Шегедек, Асау батыр, Бақтас, Имақ, Ақтай, Бағаналы. Нұрлан Жолаушыұлының аталары Асан-Шұңғыл Игіліктен туған, ол Мұқышпен бірге Байконектен туған. Алтынбек, Бөрібай, Көрпебайдан тараған ұрпақтарымен танысайындеп едім.
Нұрлан Жолаушыұлы
balnur.69@mail.ru
26-03-09 13:47
Дархан сен қай жақтан боласың?Жақын өзіңді таныстырсаң.Кімсің, кімнен тарайсың? Мен Бағаналы-Асан,Шұңғыр боламын



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube