Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Интернет және ақпараттық технологиялар
Тақырып: компьютер


Авторы Xабарлама
Арслан
Crew-boy@mail.ru
02-02-09 19:13
компьютер деген не?

Авторы Жауап
мерей
mik-96www.ru@mail.ru
29-10-15 15:06
дербес компьтерді ақпаратты коттау
Молдир
28-09-15 15:48
Кызметтің программалар дегеніміз не ?
Аида
baykuvekova@bk.ru
22-02-15 06:12
салем, компьютердің зиянын математикалық моделідеуін есептеу керек
Beksultan
beksultan.kz.kz@gmail.com
02-01-15 17:17
Салеметсіздер ме? маған мына тақырыптарға жауап тауып берсеніздер жақсы болар еді:
1. Ақпараттық прогресс. Ақпарат ұғымы. Ақпараттық анықтамасы.
2.Ақпараттық үрдістердің мәні туралы түснік алу.
3. Мәліметтердің негізгі құрылымы.
4. Дербес компьютердің базалық ақпараттық конфигурациясы.
Алмас
http://vk.com/id208864250
29-11-14 08:26
компьютерлердің негізгі параметрлері мен конфигурациясы дегенге реферат тауып берініші өтініш
Гулмайса
nur_maisa@mail.ru
27-10-14 17:05
Салемеисиздер ме? Маган 11 сыныптын еки багыты бойынша сабак жоспарлары керек еди. Осы жагынан комектесип жиберсениздер.
Акмарал
akmaral_-_93.93@mail.ru
24-05-14 12:02

Графикалык акпараттарды кескіндеу компонентері.

Толкын
w_tolkin_w
28-01-14 16:14
Ақпаратты сақтау
1.3. Файлдық кұрылым
Мәліметтерді сақтаудың бірлігі ретінде файл деп аталатын объект қабылданған.
Файл дегеніміз өзіне ғана тән аты бар, еркінше алынған байттар жиынынан тұратын тізбек. Файлдар байтпен өлшенеді. Бір байт сегіз биттен тұрады. Бит деп 0 мен 1 мәндерінін біреуін ғана қабылдай алатын ақпарат өлшемінің ең кіші бірлігін айтады. Әрбір файл қандай да бір типке жататын мәліметтерді сақтауға арналған. Бұл жағдайда мәліметтер типі файлдың типін анықтайды. Файлдың аты қайталанбайтын, тек осы файлға ғана тән болуы кажет, және арасына нүкте койылған екі бөліктен тұрады; атауы мен кеңейтуі. Файлдың аты кез-келген шектелген ұзындықты әріптердің, символдардың тіркесінен тұрады. Ал екінші бөлігі файл атауын кенейту деп аталады. Ол үш әріптен аспайтын тіркестен тұрады. Мысалы:
Мәтін.dос - Word редакторында жазылған мәтіндік файл;
Кесте.xls - Excel процессорында дайындалған файл;
Сурет.bmp—графиктік файл;
Мәліметтер.mbd — Ассеss мәліметтер базасында әзірленген файл.
Файлдарды сақтау иерархиялық құрылым бойынша жүргізіледі. Бұл жағдайда оны файлдық құрылым деп атайды. Құрылымның төбесі ретінде тасуыштын (дискінің) аты алынады. Бұдан әрі файлдар каталоггарға (қаптамаларға) топтастырылады, олардың ішінде бағыныңқы каталогтар орналастыруға болады.
С: \\Қаптама \\Кітап\\ Мәтін.dос — С дискісінің Қаптама деген каталогының Кітап деген ішкі каталогында орналасқан Word -та дайындалған Мәтін.dос мәтіндік файлы.
1.4. Информатика пәні мен оның мәселелері
Информатика — есептеу техникасы құралдарының көмегімен мәліметтерді қабылдау, құру, сақтау, турлендіру, өңдеу және жеткізу тәсілдерін жүйеге келтіретін жаңа техникалық ғылыми пән.
Информатика пәні келесідей ұғымдарды қарастырады:
• есептеу техникасы құралдарының аппараттық жасақтамасы;
• есептеу техникасы кұралдарының программалық жасақтамасы;
• аппараттық және программалық жасақтамалардың өзара әсерлесу құралдары;
• аппаратық және программалық құралдармен адамның өзара әсерлесу құралдары.
Ақпараттық және программалық кұралдармен адамның өзара қарым-қатынасының әдістері мен құралдарын қолданушы интерфейсі деп атайды.
Информатиканың негізгі мәселесі - есептеу техникасының аппараттық және программалық құралдарымен жұмыс істеу тәсілдерін жүйелеу болып табылады.Бүгінгі таңда информатиканың негізгі мәселелерінін құрамына келесі бағыттарды жатқызуға болады:
• есептеу жүйелерінің архитектурасы (мәліметтерді автоматты түрде өңдеуге арналған жүйелерді құрудың тәсілдері мен әдістері);
• есептеу жүйелерінің интерфейсі (аппараттық және программалық жасақтаманы басқару тәсілдері мен әдістері);
• программалау (компьютерлік программаларды даярлау әдістері);
• мәліметтерді түрлендіру;
• ақпаратты қорғау;
• автоматтандыру;
• стандарттау (әр түрлі есептеу техникасы құралдарына сәйкес аппараттық және программалық құралдар арасындағы, мәліметтердің берілу пішімі арасындағы үйлесімдікті қамтамасыз ету).
Есептеу техникасы және дербес компьютер
2.1. Компьютерлерді жүйелеу
Мәліметтерді автоматты түрде өндеуге арналған құрылғылардың жиынтығын есептеу техникасы деп атайды. Өзара карым-қатынаста болатын кұрылғылар мен программалар жиынтығын есептеу жүйесі деп атайды. Есептеу жүйесінің негізгі құрылғысы компьютер болып табылады.Компьютерлер қолданылуына қарай мынандай топтарға бөлінеді: үлкен ЭЕМ (электрондық есептеу машинасы), мини-ЭЕМ, микро-ЭЕМ және дербес компьютерлер.1999 жылдан бастап дербес компьютерлер үшін халықаралық стандарт — РС99 спецификациясы жұмыс істейді. Жаңа стандарт бойынша дербес компьютерлерді келесідей топтарға бөледі:
• бұқаралык дербес компьютер (Consummer РС);
• іс дербес компьютері (Оffice РС);
• ықшам компьютер (Мobil РС);
• жұмыс бекеті (Workstation РС);
• ойын ДК (Enteraiment РС).
Қазіргі кездегі колданыстағы компьютерлердің көпшілігі бұқаралық дербес компьютерлер тобына жатады. Іс дербес компьютерлерінің графиктік бейнелеу құралдарына қойылатын талаптар шағын болады. Ықшам компьютерлердің кұрамында байланыс кұралдары болуы міндетті түрде талап етіледі. Жұмыс бекетіне жататын компьютерлердің мәліметтерді сақтау құрылғыларына жоғары талаптар қойылады. Компьютерлерді өлшемдері бойынша үстелдік (desktor), ықшам (notebook), қалталық (palmtop) деп бөлуге болады.
Үйлесімділігі бойынша жүйелеу. Әлемде компьютерлердің көптеген түрлері мен типтері бар. Олар түрлі фирмаларда жасалып, түрлі бөлшектерден жинақталып, әр түрлі программалармен жұмыс атқарады. Мұндай жағдайда компьютерлердің үйлесімділігі ең басты мәселе болып табылады. Сан алуан компьютерлерге арналған кұралдардың өзара ауыспалылығы, программалардың бір компьютерден екіншісіне тасымалдану қабілеттілігі, әр типтес компьютерлердің ортақ мәліметтермен бірігіп жұмыс атқару мүмкіндіктері олардың үйлесімділігіне тікелей байланысты.
Ақпараттық үйлесімділік. Аппараттық үйлесімділігі бойынша компьютерлер аппараттық платформаларға бөлінеді. Дербес компьютерлер саласында кең тараған екі негізгі аппараттық платформа бар: ІВМ РС және Арріе Масhintosh. Бұлардан басқа кейбір жеке алған региондар мен салаларда ғана қолданыс тапқан аппараттық платформалар да бар. Компьютерлердің бір аппараттық платформаға жатуы олардың үйлесімділігін күшейтеді.Аппараттық үйлесімділіктен басқа операциялық жүйе деңгейіндегі үйлесімділік, программалық үйлесімділік, мәліметтер деңгейіндегі үйлесімділіктер де бар.Бұл оқу құралы ІВМ РС платформасына жататын дербес компьютерлерді, олардың аппараттық және программалық жасақтамаларын окып үйренуге арналған.
2.2. Есептеу жүйесінің құрамы
Есептеу жүйесінің құрамын оның конфигурациясы деп атайды. Есептеу жүйесінің аппараттық және программалық кұралдары әрқайсысы өз алдына жеке қарастырылатындықтан, сәйкесінше есептеу жүйесінің аппараттық конфигурациясы мен программалық конфигурациясы да жеке жеке қарастырылады.Ақпараттық жасақтамаға есептеу техникасының аппараттық конфигурациясын құрайтын құрылғылары жатады. Қазіргі заманғы компьютерлер мен есептеу кешендері блокгы-модульді құрылымнан тұрады, яғни олар нақты бір жұмыс түрін атқаруға ыңғайландырылып дайын түйіндер мен блоктардан жиыстырылатындай аппараттық конфигурациядан тұрады.Орталық процессорға қатысты алғанда құрылғылар ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Енгізу-шығару құрылғыларының көбі және ақпаратты ұзақ уакыт сақтауға арналған құрылғылар сыртқы құрылғыларға жатады.Жеке түйіндер мен блоктар арасындағы үндестік аппараттың интерфейс деп аталатын аппараттық-логикалық құрылғылардың көмегімен орындалады. Есептеу техникасындағы аппараттық интерфейс стандарттары хаттама деп аталады.
Программалық жасақтама. Программа деп реттелген командалар тізбегін айтады. Кез-келген компьютерлік программаның негізгі аткаратын қызметі — аппараттық кұралдарды басқару. Аппараттық және программалық жасақтама үнемі өзара тығыз байланыста болады.Программалық жасақтама бірнеше сатылардан тұрады: негізгі, жүйелік, қызметтік және колданбалы.Негізгі программалық жасақтама аппараттық құралдармен өзара байланыста болады.Жүйелік программалар компьютерлік жүйенің аппараттық жасақтамасымен, программалық жасақтамасымен өзара қарым-қатынасын камтамасыз етеді. Нақты бір құрылғымен байланысты жүзеге асыратын программа драйвер деп аталады. Жүйелік сатыға енетін программалардың екінші бір тобы қолданушымен өзара қарым-қатынасты орнатады. Мұндай программалық кұралдар қолданушы интерфейсін қамтамасыз ету құралдары деп аталады.
Қызметтік программалық жасақтама. Ол негізгі сатыдағы программалармен де, жүйелік сатыдағы программалармен де тығыз байланыста болады. Қызметтік программалар компьютерлік жүйені тексеру, баптау және жөндеу жұмыстарын автоматтандырады. Сонымен қатар олар жүйелік программалардың қызметін жақсарту мен кеңейту үшін қолданылады.

Толкын
w_tolkin_w
28-01-14 16:13
Ақпаратты сақтау
1.3. Файлдық кұрылым
Мәліметтерді сақтаудың бірлігі ретінде файл деп аталатын объект қабылданған.
Файл дегеніміз өзіне ғана тән аты бар, еркінше алынған байттар жиынынан тұратын тізбек. Файлдар байтпен өлшенеді. Бір байт сегіз биттен тұрады. Бит деп 0 мен 1 мәндерінін біреуін ғана қабылдай алатын ақпарат өлшемінің ең кіші бірлігін айтады. Әрбір файл қандай да бір типке жататын мәліметтерді сақтауға арналған. Бұл жағдайда мәліметтер типі файлдың типін анықтайды. Файлдың аты қайталанбайтын, тек осы файлға ғана тән болуы кажет, және арасына нүкте койылған екі бөліктен тұрады; атауы мен кеңейтуі. Файлдың аты кез-келген шектелген ұзындықты әріптердің, символдардың тіркесінен тұрады. Ал екінші бөлігі файл атауын кенейту деп аталады. Ол үш әріптен аспайтын тіркестен тұрады. Мысалы:
Мәтін.dос - Word редакторында жазылған мәтіндік файл;
Кесте.xls - Excel процессорында дайындалған файл;
Сурет.bmp—графиктік файл;
Мәліметтер.mbd — Ассеss мәліметтер базасында әзірленген файл.
Файлдарды сақтау иерархиялық құрылым бойынша жүргізіледі. Бұл жағдайда оны файлдық құрылым деп атайды. Құрылымның төбесі ретінде тасуыштын (дискінің) аты алынады. Бұдан әрі файлдар каталоггарға (қаптамаларға) топтастырылады, олардың ішінде бағыныңқы каталогтар орналастыруға болады.
С: \Қаптама \Кітап\ Мәтін.dос — С дискісінің Қаптама деген каталогының Кітап деген ішкі каталогында орналасқан Word -та дайындалған Мәтін.dос мәтіндік файлы.
1.4. Информатика пәні мен оның мәселелері
Информатика — есептеу техникасы құралдарының көмегімен мәліметтерді қабылдау, құру, сақтау, турлендіру, өңдеу және жеткізу тәсілдерін жүйеге келтіретін жаңа техникалық ғылыми пән.
Информатика пәні келесідей ұғымдарды қарастырады:
• есептеу техникасы құралдарының аппараттық жасақтамасы;
• есептеу техникасы кұралдарының программалық жасақтамасы;
• аппараттық және программалық жасақтамалардың өзара әсерлесу құралдары;
• аппаратық және программалық құралдармен адамның өзара әсерлесу құралдары.
Ақпараттық және программалық кұралдармен адамның өзара қарым-қатынасының әдістері мен құралдарын қолданушы интерфейсі деп атайды.
Информатиканың негізгі мәселесі - есептеу техникасының аппараттық және программалық құралдарымен жұмыс істеу тәсілдерін жүйелеу болып табылады.Бүгінгі таңда информатиканың негізгі мәселелерінін құрамына келесі бағыттарды жатқызуға болады:
• есептеу жүйелерінің архитектурасы (мәліметтерді автоматты түрде өңдеуге арналған жүйелерді құрудың тәсілдері мен әдістері);
• есептеу жүйелерінің интерфейсі (аппараттық және программалық жасақтаманы басқару тәсілдері мен әдістері);
• программалау (компьютерлік программаларды даярлау әдістері);
• мәліметтерді түрлендіру;
• ақпаратты қорғау;
• автоматтандыру;
• стандарттау (әр түрлі есептеу техникасы құралдарына сәйкес аппараттық және программалық құралдар арасындағы, мәліметтердің берілу пішімі арасындағы үйлесімдікті қамтамасыз ету).
Есептеу техникасы және дербес компьютер
2.1. Компьютерлерді жүйелеу
Мәліметтерді автоматты түрде өндеуге арналған құрылғылардың жиынтығын есептеу техникасы деп атайды. Өзара карым-қатынаста болатын кұрылғылар мен программалар жиынтығын есептеу жүйесі деп атайды. Есептеу жүйесінің негізгі құрылғысы компьютер болып табылады.Компьютерлер қолданылуына қарай мынандай топтарға бөлінеді: үлкен ЭЕМ (электрондық есептеу машинасы), мини-ЭЕМ, микро-ЭЕМ және дербес компьютерлер.1999 жылдан бастап дербес компьютерлер үшін халықаралық стандарт — РС99 спецификациясы жұмыс істейді. Жаңа стандарт бойынша дербес компьютерлерді келесідей топтарға бөледі:
• бұқаралык дербес компьютер (Consummer РС);
• іс дербес компьютері (Оffice РС);
• ықшам компьютер (Мobil РС);
• жұмыс бекеті (Workstation РС);
• ойын ДК (Enteraiment РС).
Қазіргі кездегі колданыстағы компьютерлердің көпшілігі бұқаралық дербес компьютерлер тобына жатады. Іс дербес компьютерлерінің графиктік бейнелеу құралдарына қойылатын талаптар шағын болады. Ықшам компьютерлердің кұрамында байланыс кұралдары болуы міндетті түрде талап етіледі. Жұмыс бекетіне жататын компьютерлердің мәліметтерді сақтау құрылғыларына жоғары талаптар қойылады. Компьютерлерді өлшемдері бойынша үстелдік (desktor), ықшам (notebook), қалталық (palmtop) деп бөлуге болады.
Үйлесімділігі бойынша жүйелеу. Әлемде компьютерлердің көптеген түрлері мен типтері бар. Олар түрлі фирмаларда жасалып, түрлі бөлшектерден жинақталып, әр түрлі программалармен жұмыс атқарады. Мұндай жағдайда компьютерлердің үйлесімділігі ең басты мәселе болып табылады. Сан алуан компьютерлерге арналған кұралдардың өзара ауыспалылығы, программалардың бір компьютерден екіншісіне тасымалдану қабілеттілігі, әр типтес компьютерлердің ортақ мәліметтермен бірігіп жұмыс атқару мүмкіндіктері олардың үйлесімділігіне тікелей байланысты.
Ақпараттық үйлесімділік. Аппараттық үйлесімділігі бойынша компьютерлер аппараттық платформаларға бөлінеді. Дербес компьютерлер саласында кең тараған екі негізгі аппараттық платформа бар: ІВМ РС және Арріе Масhintosh. Бұлардан басқа кейбір жеке алған региондар мен салаларда ғана қолданыс тапқан аппараттық платформалар да бар. Компьютерлердің бір аппараттық платформаға жатуы олардың үйлесімділігін күшейтеді.Аппараттық үйлесімділіктен басқа операциялық жүйе деңгейіндегі үйлесімділік, программалық үйлесімділік, мәліметтер деңгейіндегі үйлесімділіктер де бар.Бұл оқу құралы ІВМ РС платформасына жататын дербес компьютерлерді, олардың аппараттық және программалық жасақтамаларын окып үйренуге арналған.
2.2. Есептеу жүйесінің құрамы
Есептеу жүйесінің құрамын оның конфигурациясы деп атайды. Есептеу жүйесінің аппараттық және программалық кұралдары әрқайсысы өз алдына жеке қарастырылатындықтан, сәйкесінше есептеу жүйесінің аппараттық конфигурациясы мен программалық конфигурациясы да жеке жеке қарастырылады.Ақпараттық жасақтамаға есептеу техникасының аппараттық конфигурациясын құрайтын құрылғылары жатады. Қазіргі заманғы компьютерлер мен есептеу кешендері блокгы-модульді құрылымнан тұрады, яғни олар нақты бір жұмыс түрін атқаруға ыңғайландырылып дайын түйіндер мен блоктардан жиыстырылатындай аппараттық конфигурациядан тұрады.Орталық процессорға қатысты алғанда құрылғылар ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Енгізу-шығару құрылғыларының көбі және ақпаратты ұзақ уакыт сақтауға арналған құрылғылар сыртқы құрылғыларға жатады.Жеке түйіндер мен блоктар арасындағы үндестік аппараттың интерфейс деп аталатын аппараттық-логикалық құрылғылардың көмегімен орындалады. Есептеу техникасындағы аппараттық интерфейс стандарттары хаттама деп аталады.
Программалық жасақтама. Программа деп реттелген командалар тізбегін айтады. Кез-келген компьютерлік программаның негізгі аткаратын қызметі — аппараттық кұралдарды басқару. Аппараттық және программалық жасақтама үнемі өзара тығыз байланыста болады.Программалық жасақтама бірнеше сатылардан тұрады: негізгі, жүйелік, қызметтік және колданбалы.Негізгі программалық жасақтама аппараттық құралдармен өзара байланыста болады.Жүйелік программалар компьютерлік жүйенің аппараттық жасақтамасымен, программалық жасақтамасымен өзара қарым-қатынасын камтамасыз етеді. Нақты бір құрылғымен байланысты жүзеге асыратын программа драйвер деп аталады. Жүйелік сатыға енетін программалардың екінші бір тобы қолданушымен өзара қарым-қатынасты орнатады. Мұндай программалық кұралдар қолданушы интерфейсін қамтамасыз ету құралдары деп аталады.
Қызметтік программалық жасақтама. Ол негізгі сатыдағы программалармен де, жүйелік сатыдағы программалармен де тығыз байланыста болады. Қызметтік программалар компьютерлік жүйені тексеру, баптау және жөндеу жұмыстарын автоматтандырады. Сонымен қатар олар жүйелік программалардың қызметін жақсарту мен кеңейту үшін қолданылады.

mongolia baushi
baushi@mail.ru
22-01-14 20:22
компьютер деген не?
bauirjan
baushi@mail.ru
22-01-14 20:19
компьютер din ziani ne
Айдана
bimendina2002@mail.ru
16-01-14 19:48
өтінемін кім компьютердің ата плизз айтып жіберіндерші ертен мен апталыққа қатысамын паж. айтындаршы

Мухит
Muha_01
27-12-13 17:24
Маған оптикалық жад технологиясы керек еді жокко мында
dikosh
dikosh-arman@mail.ru
22-12-13 10:35
салем достар! маган казакша видиоролик жибериндер.комп уйрететин болсын.комп аркылы уйренуге комек тесиниздер.акшасы жасаган жумысына байланысты единицамен кайтарылады.асыга кутем оздеринди дружба тастандар...алдын ала рахмет!
айка
ayajan_16
20-11-13 18:44
құрметті ағайлар және әпкелер маған компьютердің рөлі мектепте керек өтінемін көмек тесінңіздерші
aigul
erjan_aigul
18-11-13 20:11
Microsoft word,word ard процессорында матинмен. Жумыс лекциа тауып бериндерша

БЕЙБІТ
ibeibit@MAIL.RU
13-11-13 08:09
МАҒАН КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІМЕ ҒАЛЫМЖАН http://uiren.kz/ САЙТ АВТОРЫ КӨМЕКТЕСІ, СЕНДЕРГЕ ДЕ ПАЙДАСЫ ТИЕР.
Ардак
t.ardak_1996.kz@mail.ru
11-11-13 14:10
Жаңа техналогияға нелер жатады? Мысылы:
Ляззат
akilbek-lazzat@mail.ru
29-10-13 15:41
Дипломдык жұмыс:
Паскаль тілінен электрондық деңгейлік тапсырмалар жүйесін құру;
(Яғни сайт жасау керек html тілінде немесе makro Media flesh пен сайтты қалай құрсам балады екен улгисин корсетсениздер отиниш
асель
aselia.02@mail.ru
07-10-13 19:20
сканер туралы реферат керек еди тауып бере аласыздарма
г‰лжамила
guli_97_super97 @list.ru
30-04-13 09:15
Достар маѓан АНАЛЫЌ ТАЌША ФАРМАТ СЛОТ деген не? Рефарат керек еді
г‰лжамила
guli_97_super97 @list.ru
30-04-13 09:10
Маѓан ОФИСТІК ПАКЕТТЕР туралы рефарат керек еді достар білсењдер тезірек жіберіњдерші µтінем
анар
anara-92kz
10-04-13 20:43
достар,желілік модельді тұрғызу ережесі такырыбында мәнжазба тауып беріндерші

Айсулу
aisulu_alsu91@mail.ru
29-03-13 13:57
Word-тың сыртқы бетін қалай өзгертуге болады? - туралы мәліме керек еді.
жансая
janik_28.94
01-03-13 18:55
енгізу және шығару порттары туралы тауып бериниздерш курсовой керек еди
Мадина
madi_j_95@mail.ru
13-02-13 15:37
Микропроцессорлар жүйесінің құрылымы туралы мағлұмат керек еді. Көмектесіп жібермейсіздер ме?
алма
аlma_94.@mail.ru
01-02-13 13:34
құжатт сканерлеу тақырыбына мәнжазба тауып берінізші.
Алтынай
moldakulova_altynai@mail.ru
01-02-13 13:27
Құрметті жолдастар, маған мәтіндік редактор бойынша мәліметтер керек, барлық инетті қазып шықтым, өкінішке орай ештеңе таба алмадым. Өтініш көмектессеңіздер? Маған мәтіндік редактордың даму тарихы және негізін қалаушы туралы ақпараттар керек :))))
Есетжан
esetzha@mail.ru
22-01-13 22:12
Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк ережесi

1. Жалпы техника қауiпсiздiгiң ережелерiне қойылатын талаптар төмендегiдей:

 Компьютердi тоққа қосатын сымдарға, қос тiлдi розеткiлерге, штеккелерге тиiсуге және жабдықтарды мұғалiмнiң рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;
 Мұғалiмнiң рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кiруге болмайды;
 Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киiммен жұмыс iстеуге болмайды;
 Дербес компьютердiң жанына портфельдер, сумкалар, кiтаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиiс;
 Пернелiк тақта үстiне артық заттар қоюға болмайды;
Компьютерлiк сыныпта жүгiруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.

2.Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауiпсiздiк ережесiнiң талаптары.

 Дербес компьютердi iске қосу кезiнде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесiз жалғанғанына көз жеткiзу керек;
 Жұмыс жасау кезiнде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше бөлiнуi керек.

3.Оқүшының дербес компьютермен жұмыс жасау кезiндегi техника қауiпсiздiгiнiң ережесiне қойылатын талаптар:

 ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезiнде көздi экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек;
 Сыныпқа кiрушiлермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етiледi;
 Көзi шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ, көз жаттығуын орындауға болады;
 Электр тоғымен зақымданған алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету тәсiлдерiн, от сөндiру құралдарымен жұмыс iстеудi және өрт сөндiру тәсiлдерiн бiлуi қажет.

4. Апаттық жағдайдағы техника қауiпсiздiгiнiң ережелерiне қойылатын талаптар:

 Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйiк иiсi шықса немесе өзгеше дыбыс дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалiмге хабарлау керек;
 Өт сөндiруде көмек көрсету қажет;
 Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетудi бiлуi керек;
 Компьютерлiк сыныпта өрттi сумен сөндiруге болмайтындығын бiлуi қажет.Оған құм және т.б. өрт сөндiргiш құрал-жабдықтарын пайдалануға болады;
 Электр тоғының әсерiмен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын бiлу қажет. Оңы әр түрлiматериалдарды(электр тогы сымынан басқа) пайдалану арқылы босатып алуға болады.

5. Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегi техника қауiпсiздiгi ережесiнiң талаптары:
 Мұғалiмнiң нұсқауы бойынша апаратты өшiру;
 Жұмыс орнын ретке келтiру;
Электр тоғымен зақымданған жағдайда
алғашқы дәрігерлік көмек көрсету
1.Тоқты өшіру (щиттағы батырманы басу арқылы);
2.Зақымданушыны ток әсерінен(сымнан) босату;
3. Дәрігер шақыру;
4. Зақымданушыны қарап шығып, оған алған жарақатына
байланысты көмек көрсету.
І. Күйген жағдайда:
● Ауырғанда сездірмейтін дәрілер (аналгин, валерьиян және т.б.)
беру;
● Күйген жерге арнайы май (облепиха) жағу ;
● Зақымданған жерге суық су құю;
● Алдын-ала жараланған жерді , микроптар түспес үшін мөлдір жұқа
қағазбен (целлофанмен) орау.
ІІ. Есінен танып қалған жағдайда:
● Зақымданушы жауырынымен тегіс жерге жатқызып, басын бір
Жағына қаратып , қырымен орналатыру керек;
● Нашатыр спиртін иіскету керек.
ІІІ. Тыныс алысы тоқтаған жағдайда:
● Ауызды ашып тілдің орналасу жағдайын тексерту керек, егер ол
күрмеліп қалса оны қолмен дырыс қалпына керек ;
● Дем алыс жағдайына келгенге дейін, қолмен дем алдыру (ауызбен ауызға) немесе дәрігер келгенге дейін жаттығулар жасату;
Шаршағандағы қолданылатын жаттығулар
1. Бас жаттығуларын жасау:
2. Басты сағат тілі және керісінше бұрып айналдыру;
3. Басты жан-жақа, жоғары-төмен, оңға-солға бұру.
4. Саусақтарды жұмып-ашу және қолдың блезігін босаңсыту.
5. Денені босаңсыты және оны кетіріп ширықтыру.
6. Көз жаттығуларын жасау:

Көзге арналған жаттығулар
1.1-4-ке дейiн санап көздi қатты жұмып,сонан кейiн ашып,жайбарақат ұстап,
1-6-ға дейiн санай отырып,алысқа қарау қажет.4-5 рет қайталау қажет
2.1-4-ке дейiн санай отырып,екi көздi оларға қатты күш салмай,бiр-бiрiне қаратып,соңында 1-6-ға дейiн санай отырып алысқа қарап,4-5 рет қайталау керек.
3.1-4-ке дейiн санап,басты қозғамай,оңға қарап бiр нүктеге көз тоқтату,соңында 1-6-ға дейiн санап,алысқа қарау.Осы тәрiздi басты қозғамай,солға,жоғары,төмен қарау керек.
4. 1-6-ға дейiн санай отырып,көзқарасты диогоналы бойынша:оң жақ жоғарыдан-сол жақ төменге аударып,сонан соң алысқа қарау;сонан соң сол жақ жоғарыдан-оң жақ төменге аударып, алысқа қарау.4-5 рет қайталау.Көз гимнастикасын орындау кезiнде жалпы дене гимнастикасын да жасауға болады.Тұрақты түрде көз және жалпы дене гимнастикасын жасау көзге түскен қысымды жеңiлдетiп,дененi сергiтедi.
® Компьютерде жұмыс iстеу үйiрмелерiн мектептегi сабақтар бiткен соң,1 сағат өткiзiп,тамақ iшiп,дем алып алғаннан кейiн ұйымдастыру қажет. ® Бастауыш мектеп оқушыларына арналған компьютерлiк техниканы қолдану үйiрмелерi аптасына 2 реттен жиi болмайды.Бiр үйiрме сабағының ұзақтығы 60 минуттан аспайды.10-15 минут компьютерде отырғаннан кейiн дене,көз гимнастикаларын жасауға арналған үзiлiс болады. ® Балалардың шаршауы компьютердегi өтетiн сабақтың сипатына байланысты болады.Ең тез шаршататын жылдамдыққа құрылған ойындар болып саналады.Сондықтан балаларды көп ойнатпауға тырысу керек.Компьютер алдында ұзақ отыру балалардың нерв жүйесiнiң жұқаруына,ұйқыларының бұзылуына,көздерiнiң шаршауына әкелiп соқтырады.Сол себептi компьютерлiк ойындарды сабақтың соңында 10 минут көлемiнде ғана өткiзсе болады.
1. АҚПАРАТ ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА
1.1 Ақпараттар мен мәліметтер

«Ақпарат» термині латынның түсіндіру баяндау білу деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан.
Ақпарат алу дегеніміз – бізді қоршаған дүниенің құбылыстары мен объектілерінің қасиеттері, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мәліметтер мен деректер алу.
Ақпарат – белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобы.
Ақпарат материя және энергиялармен қатар бізді қоршаған ортаның фундаментальды негізі болыт табылады.
Адам ақпаратпен не атқарады?:
1. Адам ақпараттарды сақтай алады;
2. Адам ақпарттарды шығарап бере алады; Ақпараттық процестер
3. Адам ақпараттарды өңдей алады.


Ақпараттың қасиеттері

Дәлдігі мен толықтылығы, бағалылығы мен қажеттілігі, анықтылығы мен түсініктілігі.
Ақпарат істің ақиқаттық жағдайын ашатын болса, оның дәл болғаны. Егер ақпарат оны түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда оның толық болғаны. Ақпараттың бағалылығы, оны пайдалана отырып, қандай мәселер шеше алатынымызға байланысты болады. Егер ақпараты оны пайдаланатын жандар тілінде жазса, ол түсінікті болады.
Ақпарат түрлері: текст, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр сигналдары және т.б.
Қоғамның даму кезеңдерінде адамдар көптеген тілдерді пайдаланды, олар: қимылдар және мимика тілі, сызу-сурет тілдері, музыка мен сөйлесу тілдері т.б. Көптеген тілдер негізі болып алфавит саналады. Алфавит – белгілі бір тілдің кез-келген сөздерін құрай алатын оның символдарының жиыны.
Табиғи сандар алфавиті: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.
Екілік сандар алфавиті: 0, 1.

Информатика пәні және міндеттері
Информатика – ЭЕМ арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін ғылым.


Информатика сегіз негізгі бағытттардан тұрады:


Информатиканың негізгі мәселелері:
- кез-келген табиғаттағы информациялық процестерді зерттеу;
- информациялық техниканы жасау және информациялық процестерді зерттеу нәтижелерінің базасында информацияларды өңдеудің жаңаша технологиясын жасау;
- компьютерлік техника мен технологияны жасау мен ендіру және қоғамдық өмірдің барлық саласында тиімді пайдаланудың ғылыми және инженерлік проблемаларын шешу.

2. АҚПАРАТТАРДЫҢ ЭЕМ-ДА БЕРІЛУІ

2.1. Ақпараттарды кодтау (таңбалау)
Қандайда бір алфавитті падаланып информация жазуды кодтау деп атайды.
Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру жолын код деп атайды.
Мысалы: төрт мың бес жүз алпыс жеті дегенді -
456710, 107278, 11D716, 10001110101112
Ақпараттардың кодталуы оның кері кодталуына (декодталуына) қолайлы болуы керек.
ЭЕМ – ға енгізілген ақпарат 0 мен 1-ге аударылып түрленеді. Енгізілген әрбір символ 0 мен 1 тізбегін құрайды. Мұны екілік код деп атайды.

АНА – 100000 10001011 100000
1 байт
1 байт  8 бит (ағылшын тіліндегі bit, binary digit – екілік таңба)
1 килобайт  1024 байт  1000 байт;
1 мегабайт  1024 Кбайт  1 000 000 байт;
1 гигабайт  1024 Мбайт  1 000 000 000 байт.
Сонымен компьютер жадында сақталатын ақпараттардың барлық түрлері - сөздер, сандар, суреттер, компьютер жұмысын басқару программалары – бәрі де екілік сандар тізбегі түрінде жазылады.

Ақпарат.

Тақырып 1. Ақпарат
1.1 Ақпарат туралы түсінігі, оның құрылымы
1.2 Символдық ақпараттың әдістерін ұсыныға
1.3 Ақпарат, оның түрлері және қасиеттері

Информатика-ЭЕМ арқылы мәліметтерді жинау, сақтау, түрлендiру, тасымалдау, пайдалану заңдылықтары мен тәсiлдерiн зертейтiн ғылым.

Мәліметтер дегеніміз регистрленген сигналдар.
Физика курсынан белгілі, барлық физ. зат үнемі қозғ/ып, энергиямен алмасып тұрады. Зат энергиямен алмасқан кезде, сигналдар пайда болады. Бұл сигналдар ф/қ денемен әрекеттескенде дененің белгілі бір қасиеттері өзгереді, яғни мәліметтер пайда болады – бұл құбылыс сигналдардың регистрленуі деп аталады.

Ақпарат (информация) –латын сөзi, “informatio”- баяндау, түсiндiру,бiлу. Ақпараттың анықтамасы жоқ, ондықтан оның орнына ұғымды қолданады. Бірақ бір ғылымда енгізілген ақпарат ұғымы екінші бір ғылымда мүлдем басқа ұғым береді.
Ақпарат-белгiлi бiр нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы берiлетiн мәлiметтер тобы.
Ақпараттың қасиеттері:
1) Дәлдiгi - iстiң ақиқаттық жағдайын толық ашу керек.
2) Толықтығы -информацияны түсiнуге және белгiлi бiр шешiм қабылдауға жеткiлiктi болуы керек.
3) Бағалылығы –информацияны пайдалана отырып, қандай мәселелер шеше аламыз.
4) Түсiнiктiлiгi -информацияның пайдаланушыға түсiнiктi тiлде жазылуы.
5) Объективтілігі және субъективтілігі. Мысалы, фотодағы табиғаттың суреті не құбылысы бізге объективті ақпарат береді. Ал адам салған бұл табиғат суреті объективті бола алмайды. Ақпатараттық процесс барысында ақпараттың объективтілігі әр қашан төмендейді. Мысалы, құқық пәндерінде бір оқиғаны көрген адамдар әр кім өз түсінігі бойынша әр – түрлі ақпарат береді.
Түрлерi: текстiк, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр сигналдары, магниттiк жазба.
Берiлу жолдары: қимылдар, мимика, сызу-сурет, музыка, сөйлесу тiлдерi, байланыс құралдары, электрондық желiлер арқылы.
Мәліметтермен жүргізілетін негізгі операциялар: сақтау, жинақтау, беру (шығару), өңдеу
Мәліметтердің құрылым типтері:
1. Сызықтық құрылымы (тізімдер) – элемент адресі өз номерімен анықталатын реттелген құрылым.
2. Кестелік құрылым (матрица) - элемент адресі жол мен баған номерімен анықталатын реттелген құрылым.
3. Иерархиялық құрылымда әр элементтің адресі маршрутпен анықталады. Мысалы, калькулятор программасын іске қосу жолы: Пуск – программы – стандартные – калькулятор.
Біз бәріміз бала кезімізден бастап информация алмасу процесіне қатысамыз. Кітап, газет және журнал оқығанда, радио тындап, теледидар көргенде, мұғаліммен, ата-аналармен, достарымызбен әңгімелескенде де әртүрлі информация аламыз. Адамдардың үйде, мектепте, жұмыста және көшеде, бір-бірімен сөйлесуі де информация түрлерінің: сөздердің, ойлардың, хабарлардың, мәліметтердің алмасуына мысал блола алады.
Информацияны жазу мүмкіндігі пайда болғаннан бастап, мәлімет алмасу тек ауызба ауыз айтумен немесе әртүрлі қимылдармен ғана емес, оқу – жазу арқылы беріле бастады
XV ғасырда мәліметті қағазға басып шығару станогының пайда болуы кітап шығару ісін бастап, адамзаттың алтын ойларын тікелей көпшілікке жеткізу мүмкіндіктерін бере бастады.
XIX-XX ғасырлардағы телеграфтың, телефонның, радионың шығуы информацияны кез келген қашықтыққа жарық сәулесі арау жылдамдығымен жеткізіге мүмкіндіе берді.
Мәліметтерді іздеу мен өңдеудің бұрын болмаған жаңа мүмкіндіктерін XX ғасырдың ортасында шыққан электрондық есептеу машиналары (ЭЕМ, шет елдерде олар компьютер деп аталады) берді. ЭЕМ-дер әуелде есеп-қисап жұмыстарын автоматтандыру үшін шығарылған еді. Кейіннен олардағы мәліметтерді магниттік таспаға жазып, қағазға басып, ЭЕМ экранына шығару қасиеттері бар екені анықталды.
Информацияны біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез келген мәліметтің мағнасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негізінде белгілі бір ойға келеміз.
Біз өзімізге қажет мәліметтерді оқулық пен кітаптардан, газет, журналдардан, теледидар хабарлары мен кинофильмдерден алып, керектілерін дәптерге конспект түрінде жазып аламыз. Өндірістегі мәліметтер жиыны сызулар мен текстер түрінде, анықтамалар мен есеп беру, кестелер түріне кездеседі. Ондай мәліметтерді де ЭЕМ арқылы алуға болады.
Информация алу дегеніміз-бізді коршаған дүниенің құбылыстары мен объектілерінің қасиеттері, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мәліметтер мен деректер алу деген сөз.
Информация істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, оның дәл болғаны. Дәлдігі жоқ информация оны түсінбеушілікке және соған байланысты дұрыс емес шешім қабылдауға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Егер информация оны түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда оның толық болғаны. Информацияныңтолық болмауы ол жөнінде белгілі бір тұжырымға келуге кедергісін тигізіп, кателікке әкелуі мүмкін.

Лекция №4.

Есептеуіш жүйенің құрамы.

Тақырып 4. Есептеуіш жүйенің құрамы.
4.1 Аппараттық жабдықтар
4.2 Програмалық жабдықтар
4.3 Қолданбалы және жүйелік программалар

Аппараттық жабдықтар.
ДК әмбебап техникалық жүйе. Оның конфигурациясын қажетінше өзгертуге болады. Оның негізгі конфигурациясы: жүйелік блок, монитор, клавиатура, маус.
Жүйелік блок негізгі болып есептеледі. Оның ішіндегі құрылғылар ішкі, ал сырттан қосылған құрылғылар сыртқы деп аталады. Сыртқы қосымша құрылғылар перефириялық деп аталады.
Дербес компьютердің негізгі құрылғылары:
1. Процессор
2. Жады
3. Енгізу құрылғылары
4. Шығару құрылғылары
5. Байланыс құрылғылары

1) Процессор – барлық есептеулер жүргізетін компьютердің негізгі микросхемасы. Процессор ұяшықтардан тұрады. Онда мәліметтер сақталады және өңделеді. Процессордың ішкі ұяшықтары регистр деп аталады. Процессор жедел жадымен және басқа құрылғылармен бірнеше проводник арқылы байланысқан. Бұл проводниктер шина деп аталады. Олардың 3 түрі бар:
i) Мәліметтер шинасы– мәліметтерді жедел жады ұяшығынан процессордың регистрлеріне (және керісінше) көшіруге арналған.
ii) Адрестік шина – мәліметтерді көшіргенде жедел жады ұяшығының адресін анықтайды.
iii) Коммандалар шинасы. Мәліметтерді өңдеу үшін процессорге коммандалар қажет. Коммандалар жедел жадыдан жіберіледі, бірақ олар мәліметтер сақталған жерден келмейді. Олар программаны сақтайтын жерден жіберіледі. Коммандалар мәліметтер секілді байт түрінде берілген.
Процессордің негізгі параметрлері:
- Разрядтілігі – 1 такт ішінде өз регистрлерінде қанша байт мәліметтерді өңдей алатынын көрсетеді.
- Процессордің такт жиілігі жоғары болса, ол көп коммандаларды орындайды, және өнімділігі сонша жоғары болады.
- Кэш жады размері. Кэш жады процессор мен жедел жад арасында дәнекерлік роль атқарады. Процессорге мәліметтер қажет болғанда ол алдымен кэш жадыға сұраныс жібереді. Егер онда керекті мәліметтер болмаса, жедел жадыға сұраныс жібереді. Жедел жадыдан мәліметтерді қабылдағанда процессор оларды кэш жадыға кіргізеді.

2) Жады – мәліметтерді, программаларды сақтауға арналған құрлғы.
Ол Ішкі және Сыртқы болып екіге бөлінеді.
Сыртқы жады – магниттік дискідегі жинақтауыштар - үлкен көлемді мәліметтерді ұзақ уақыт сақтау үшін қажет. Оның 2 түрі бар: қатты диск және иілгіш диск. (Винчестер жүйелік блоктың ішінде орналасқан. Оның сиымдылығы 20-80 Гб, CD дисктің – 600 Мб, 3,5 дюймдік дискетаның – 1,44Мб.)

Жедел есте сақтау құрылғысы (ЖЕСҚ) және Тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТЕСҚ) компьютердің ішкі жадысын құрайды.
- Компьютердің жедел жадысында осы мезетте дереу өңделуге тиіс мәліметтер мен программалар ғана сақталады. Жедел жадыдағы ақпарат компьютерді өшіргеннен кейін жоғалады. Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да артады. Қазіргі кезде көлемі 256 Мб, 512 Мб болатын жедел жады микросхемаларын көп қолданады.
Физикалық принциптен қарағанда жедел жады динамикалық (DRAM) және статикалық (SRAM) болып бөлінеді. Динамикалық жадының микросхемасын к/ң негізгі жедел жады ретінде қолданады, ал статикалық ж/ң микросхемасын көмекші жады (кэш жады) ретінде қолданады.
- Тұрақты жадыдағы мәліметтер өзгертілмейі, оларды тек оқуға болады. Тұрақты ж/қа керекті прогр/р оны шығаратын заводта жазылады. ТЕСҚ-да орналасқан прогр/р комплекті BIOS (енгізу- шығару базалық жүйе) құрайды. Бұл прогр/р пакетінің негізгі қызметі – к/лік жүйенің құрамын және жұмысын тексеру және пернетақтамен, монитормен, қатты дискпен және дискқозғағышпен әрекетті қамтамасыз ету.
- CMOS жадысы. ЖЕСҚ-дан айырмашылығы к/ді өшіргенде ондағы мәліметтер өшпейді. ТЕСҚ-дан айырмашылығы мәліметтерді, жүйе құрамына қандай құрылғылар кіретініне сәйкес енгізуге, өзгертуге болады. Бұл микросхема энергияны кішкентай аккумулятор батареясынан алып отырады. CMOS микросх/сы иілгіш және қатты диск, процессо және басқа да аналық платаның құрылғылары туралы мәліметтерді сақтайды. Жүйелік сағат көрсеткіші сонда сақталады.

3) Енгізу құрылғылары – мәліметтерді сыртқы ортадан комп/ге енгізу үшін қолданады. (Маус, трекбол, пенмаус, джойстик, дигитайзер- графикалық планшет, цифрлік фотокамера, сканер, микрофон, негізгісі пернетақта.)

4) Шығару құрылғылары – К/ң жұмыс нәтижесін адамға жеткізеді. (Принтер, колонкалар, негізгісі монитор.)
Монитор - басты шығару құрылғысы. Оның параметрлері: типі, размері, бейненің регенирациялау жиілілігі, қорғаныс классы.
- Қазір екі типті монитор кең таралған:


Программалық жабдықтар.
Программа – магниттік сақтауышта (дискіде) файл түрінде жазылып сақталып, жұмыс істеуші адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп орындалатын машина тіліндегі нұсқаулар жиыны.
Интерфес- программалық жабдық пен жұмыс істейтін адам арасындағы сұхбат жүргізу щарттары мен келісімдер жиыны.
Программалық жасақтар –информациялық технологиялардың елеулі бір бөлігі. Программасыз кез келген аппаратура жәй элементтер жиыны болады да, ол ешнәрсе істей алмайды.
ЭЕМ программалары екі топқа бөлінеді:
1) жүйелік программалық жасақтар
2) қолданбалы программалық жасақтар
Жүйелік программаларды да мынадай етіп жіктеуге болады:
3) операциялық жүелер
4) утилиттер
Қолданбалы программалақ жасақтар – белгілі бір мамандық салалсында нақты есептер шығара алатын программалар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланатын және әмбебаб болып екіге бөлінеді.
Дербес компьютерлердің кең тарауына басты себеп болған олардың алдын ала дайындалған әмбебаб программалық жасақтарының кең таралуы еді, бұл программалар тек бір есепті шығарып қана қоймай белгілі бір мамандық саласында есеп жұмыстарын түгел автоматтандыруды немесе информацияның белгілі бір түрлерін өңдеуді түгел қамти алатын болды.
Әртүрлі информацияларды өндай алатын әмбебаб программалық жабдықтар мынадай түрлерге жіктеледі:
- текст редакторлары;
- графиклық редакторлар;
- электрондық кестелер;
- оқыту және ойнау программалары
- информациялық жүйелер.
Текстік мәліметтерді теріп, оларды өңдеуге арналған программалар текст редакторлары деп аталады. Кең тараған текст редакторларына: WordPerfect, Microsoft Word, MultiEdit, WordStar, PageMaker жатады.
Графиктік редакторлар график түрінідегі информацияны дайындау және өндеу үшін қолданылады. Графиктік редакторларға PaintBrush, CorelDraw, Graf-in-the-Box, PC Illustrator.
Электрондық кестелер жүйесінде миллионнан аса торлар болады, олар пернелер арқылы енгізу немесе формулалар арқылы есептеу нәтижесінде толтырылады.
Оларға Lotus, SuperCalc, QuatroPro, Excel жатады.
Ойын программалары дербес ЭЕМ дердегі қызғылықты, кез келген жан әуестенетін топқа жатады.
Оқыту программалары оқу-үйрену істерін ұйымдастырады, олардың мектепте не үйде тарихтан, информатикадан т.б. пәндерден сабаққа дайындалау кезінде өте ыңғайлы оқулық.
Дербес компьютердің құрылғысы.

Дербес компьютердің құрылғысы.
5.1 Аппараттың конфигурациясы
5.2 Жүйелік блоктың ішкі құрылысы
5.3 Қосымша құрылғылар
5.4 Енгізу құрылысы
5.5 Шығару құрылысы
5.6 Сақтау және мәліметтерді алмастыру құрылғылары
Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы болатын электрондық компоненттері информация өңдеудің белгілі бір функциясын немесе оны есте сақтау ісін атқарады. Мұндай компьютер интегралдық схемала деп аталады. Интегралдық схема металдан не пластмассадан жасалған қорапқа салынған жартлай өткізгішті кристалдардан тұрады. Жіңішке жіп секілді арнайы сымдар осы кристалды қораптың шеткі тұяқшалармен жалғастырылады.
ДЭЕМ бірыңғай аппараттық жүйеге біріктірілген техникалық электрондық құрылғылар жиынынан тұрады. ДЭЕМ құрамына кіретін құрылғыларды олардың функционалдық қызметіне қарай екіге бөлу қалыптасқан, олар: жүйелік блок және перифериялық, яғни шеткері құрылғылар:
Жүйелік блок мыналардан тұрады:
- микропроцессор;
- оперативті (жедел) есте сақтау құрылғысы
- тұрақты есте сақтау құрылғысы
- қоректену блогы мен мәлімет енгізу-шығару порттары.
Ал, шеткері құрылғылар құрамы:
- мәлімет енгізу құрылғылары
- мәлімет шығару құрылғылары
- мәлімет жинақтаушылар
ДЭЕМ-нің мүмкін болатын ең минималды құрамына (конфигурациясына) жұйелік блок, бір-бірден енгізу, шығару құрылғылары және бір информация жинақтауыш құрылғы кіреді. ДЭЕМ-дегі шығарылатын есептер түрлеріне қарай оның минималды конфигурациясын қосымша шеткері құрылғыларды қосу арқылы кеңейтуге болады.
Информация мен басқару командаларын енгізетін негізгі құрылғылар болып пернелік (клавиатура), тышқан тәрізді тетіе және сканер (із кескіш) есептеледі. Енгізу жұмыстарын алатын осындай құрылғыларға тағы да жарық қаламұштары, жарық сезгіш планшеттер, джостиктер (ұршық тәріздес тетік) және де басқа шығарылатын есепке сәйкес әр түрлі жұмыс атқара алатын құрылғылар жатады. Мсыалы, бұлардың кейбіреулерін жобалау жұмыстарын автоматтандыруда қолдануға болады.

Компьютердің негізгі блоктары.
Әдетте компьютер мынадай бөліктерден (блоктардан) тұрады:
- жүйелік блок (тік немесе жатық қорапқа орналасқан)
- текістік және графикалық информацияны бейнелейтін монитор немесе дисплей
- әртүрлі символдарды компьютерге енгізуге арналған пернелік тақта немесе пернелік
- Компьютердегі ең негізгі құрылғы болып жүйелік блок саналады, оның ішінде ДЭЕМ-нің басты құрылғыларры орналасқан. Жүйелік блок құрамында микропроцессор, жедел жад, тұрақты есте сақтау құрылғысы, қоректену блогы мен енгізу-шығару порттары және дискідегі мәлімет жинақтауыш болады.
Компьютердегі ең негізгі құрылғы болып жүйелік блок саналады, онын ішінде ДЭЕМ-нің басты құрылғылары орналасқан. Жүйелік блок құрамында микропроцессор, жедел жад, тұрақты есте сақтау құрылғысы, қоректену блогы мен енгізу –шығару порттары және дискідегі мәлімет жинақтауыш болады.
Бұларға қоса компьютердің жүйелік блогына мынадай құрылғыларды жалғауға болады:
-қағазға текістік және графиктік мәліметтерді басып алуға арналған принтер
- қолмен басқарылатын тышқан графиктік тетігі- графиктік курсорды басқаруды жеңілдететін құрылғы
- джостик- компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын тетік
- графиксызғыш немесе плоттер-сызуларды (графиктерді) қағазға басатын құрылғы
- сканер-графиктік немесе текістік мәліметтерді тікелей оқитын құрылғы
- CD-ROM-компакт-дискілерді оқитын құрылғы, ол қозғалатын бейнелерді, текстерді және дыбыстарды шығару үшін пайдаланылады
- Модем- телефон желісі арқылы басқа копьютерлермен мәлімет алмасуға қажет құрылғы
- Стример- мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғы
- Желілік адаптер компьютерді жергілікті желіде (торапта) қолдануға мүмкіндік береді
Микропроцессор

Микропроцессор бір кристалда орналасқан біріктірілген интегралдық схемалар –БИС, олар әртүрлі типтегі ЭЕМ-дер жасауға керекті элемент болып табылады. Оны әртүрлі логикалық функцияны орындайтын етіп программалау мүмкіндігі бар, сондықтан программаны өзгерту арқылы микропроцессорды арифметикалық құрылғы бөлігі ретінде немесе енгізу-шығару жұмыстарын басқарушы рөлінде қолдануға болады. Микропроцессорге жедел және тұрақты жад, енгізу – шығару құрылғыларры қосылады.
Микропроцессорлар бір-бірінен өзгешілігі олардң типтерінде және оның қарапайым амалдарды орындайтын жұмыс жылдамдығының көрсеткіші –мегагерц МГц бірлігімен берілген тактылық жиілігінде жатыр. Кең тараған модельдерге Intel, Pentuim, Pentuim-Pro жатады, бұл тізім олардың жұмыс өнемділігі мен соған сәйкес бағасының өсуі бойынша реттеліп келтірілген.
Компьютерлер алып жүруге ыңғайлы вариантта да жасалады. Мұндай ЭЕМ-дерде жұйелік блок, монитор және пернелік бір қорапта жасалған: жүйелік блок пернелік астында орналасқан, ал монитор пернеліктің қақпағы тәрізді жасалған.

ЭЕМ-нің жедел жады.
Оперативті есте сақтау құрылғысы немесе ЭЕМ-нің жедел жады және де тұрақты есте сақтау құрылғысы компьютердің ішікі жадын құрайды, осы екеуімен процессор жұмыс кезінде мәлімет алмасып отырады. Өңделуге тиісті кез клеген млімет алдымен компьютердің сыртқы жадынан (магниттік дискілерден) жедел жадына көшіріледі.
Компьютердің жедел жадында осы мезетте дереу өңделуге тиіс мәліметтер мен программалар ғана сақталады. Информация керек кезінде магниттік дискіден жедел жадқа көшіріліп, өңделген соң олар қайта сыртқы жадқа жазылып қойылады. Жедел жадта информация тек жұмыс сеансы кезінде сақталып, ондағы мәлімет ЭЕМ өшірілгенде немесе электр торабында ақау болып, ток сөнген шақтарда ізсіз жоғалады. Осығанбайланысты әрбір адам өзіне ұзақ уақыт керек болатын информацияны жоғалтып алмауы үшін оқтын-оқтын магниттік дискіге жазып отыруы керек
Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да артады. Информация көлемін өлшеуде сегіз биттен тұратын байт бірлігі қолданылатыны белгілі. Осы өлшем бірлігі арқылы жедел жадтағы не магниттік дискеттегі сақталатын информация 360кб, 720кб немесе 1,2Мб болып жазылуы мүмкін. Мұнда 1кб=1024 байт, 1Мб=1024кб.
Компьютердің жедел жадынан өзгеше оның тұрақты жады бар, ол өзгертілмейтін мәліметті сақтайды, ешкім оны өшіріп қайта жаза алмайды, ол мәліметті тек оқуға болады. Әдетте тұрақты жадтың көлемі шағын-32-64Кб шамасында. Тұрақты жадқа керекті программалар оны шығаратын заводта жазылады, олар көбінесе компьютерді тоққа жалғаған кезде оны тексеріп іске қосу үшін қажет.
Компьютердің көлемі 1Мб болып келетін жедел жадты екі бөлімнен тұрады-алғашқы 640кб қолданылатын программалар мен операциялық жүйе үшін, ал қалған мөлшері төмендегідей мақсаттарға қолданылады:
- операциялық жүйенің компьютердің жұмысқа жарайтынын тексеретін және төменгі деңгейдегі қарапайым енгізу -–шығару жұмыстарын атқаратын бөлігі
- экранға бейнелер шығару үшін
- компьютердің қосымша құрылығылармен бірге келетін операциялық жүелердің кеңйтілген бөліктері.
Қосымша жад көлемін толық пайдалану ұшін арнаулы программалар-драйверлер жасалып, олар процессордың жедел жадындағы информацияны сақтайтын, әрі толық пайдаланатын режимге көшуді қамтамасыз ете алады.
Процессордың өте жылдам істейтін тағы бір шағын көлемді жады бар, оны кэш-жад деп атайды. Ол жедел жад пен процессор арасында дәнекерлік рөл атқарып, жалпы жұмыс өнімділігін арттыру қызметін атқарады.
Процессордан бөлек компьютер құрамында
- ЭЕМ құрылғылары (дисплей, диск, және т.с.с) жұмыстын басқаратын электрондық схемалар
- Енгізу – шығару порттары, олар жүйелік блокқа әртүрлі принтер, графиксызғыш, тышқан тетігі тәрізді шеткері құрылғыларды тіркейтін кпрарядты байланыс құрылғылары бар болады.
Енгізу –шығару порттары ішкі негізгі құрылғылармен байланыс жасайтын арнайы порттан және шеткері құрылғылармен байланыстыратын жалпы мақсаттағы порттардан тұрады. Жалпы мақсаттағы порттар LTP1-LTP3 деп белгіленетін параллель және COM1-COM3 болып белгіленетін тізбекті бөліктерге жіктеледі. Параллель порттар жылдам істейді, бірақ байланысу үшін көбірек сым шоғырларын керек ететді.
Графиктік адаптерлер.
Монитор немесе дисплей – ДЭЕМ-ге міндетті түрде қажет шеткері құрылғы, ол компьютердің жедел жадында өңделіп жатқан информацияны экранда көру үшін қажет. Экран түстеріне қарай дисплейлер монохромды және түрлі түсті болып, ал шығарылатын информация түрлеріне байланысты символдық және графиктік болып бөлінеді.
ЭЕМ-нің экрандамәлімет көрсету бөлігі екі жартыдан тұрады: монитор және адаптер. Біз тек мониторды көреміз, ал адаптер ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан. Монитордың өзінде тек электронды –сәулелі түтікше бар. Ал, адаптерде бейнелеу сигналдардын беретін логикалық схемалар орналасқан.
Электрондық сәуле экранда секудтің 1/50 бөлігінде жүртіп өтеді, бірақ экран бейнесі одан жәй өзгереді. Сондықтан экранның бір көрнесінің бейнелеу сигналы бірнеше рет қайталанып беріліп отыруы керек. Адаптерде бейнелер көрінісін есте сақтайтын бейне-жады бар.
Көбінесе символдық режимде дисплей экранында 80 таңбадан 25 қатар мәлімет орналасады, ал графикатік режимдегі экранның бейнелеу қабілеті адаптер плтасын жүйелік блокпен байланыстыру құрылғысының мүмкіндіктеріне сәйкес болады.
Экрандағы бейне көрісінің сапасы графиктік адаптердің типіне қарай өзгеріп отырады.
Кең тараған адаптерлерге ыналар жатады:TGA, VGA, SVGA. Адаптердің бейнелеу қабілеті оның графиктік режимде экранда көрсетілеалатын қатардағы нүктелер (пиксельдер) санына байланысты. Мысалы 720*348 мүмкіндікті монитор вертикаль бағытта 348 нүкте-қатар, ал көлденеңі бойынша әр қатарда 720 нүкте көрсете алады.
Дискідегі мәлімет жинақтауыш
Мәлімет жинақтаушылар-кез келген ЭЕМ-нің қажетті бөлігі –оарды көбінесе информацияны сыртқы сақтаушылар немесе компьютердің сыртқы жады дейді. Олар көлемді мәліметті үзақ уақыт сақтау үшін қажет және ондағы мәліметтер ЭЕМ-нің күйіне байланысты болмайды. Сыртқы жадта кез келген программа немесе жәй мәліметтер сақтала береді, сол себепті оны әрбір адамның мәліметерінің кітапханасы деуге болады.
ДЭЕМ-дерде мәлімет жинақтауыш рөлін магниттік дискілердегі жинақтаушылар атқарады, оларда мәліметтерді тікелей оқуға не жазуға болады. Соңғы кездереде ДЭЕМ-дер үшін магниттік таспадағы жинақтаушылар –стримердлер шықты, бірақ олар өте көлемді мәлімет сақтай алғанмен, оқу-жазу жұмыстары бірте-бірте тізбектей іздеу арқылы жәй жүргізіліеді. Сол себепті стримерлер магниттік дискідегі жинақтауыштарды ауыстыра алмайды, тек толықтырады.
Магниттік дискідегі жинақтаушылар екі түрлі болады: иілгіш магниттік дискідегі жинақтауыш және қатты магниттік дискідегі жинақтауыш
Қатты дискідегі мәлімет жинақтаушылар информацияны тұрақты түрде сақтайды.
Қатты диск орнынан алынбайды, ауа кірмейтіндей жабық қорпусқа салынып, жүйелі блокта орналасады. Ол екі жағына да мәлімет жазылатын бір дестеге біріктірілген бірнеше дискілерден тұрады. Дискетке қарағанда винчестерге өте көп мәлімет көлемі сияды, сондықтан оны пайдалану өте ыңғайлы.
Иілгіш дискідегі жинақтаушылар бір компьютерден екінші компьютерге мәлімет алмастыру үшін, әзір жұмысқа қажет емес информацияны сақтап қою үшін, қатты дискідегі мәліметтердің архивтік көшірмесін алу үшіен керек болады. Жұмыс процесінде әр адам өзінің мәліметттері мен программаларының дискіде алатын көлемін білуі тиіс және дискіде қанша бос орын қалғанын қадағалап, дискнің көлемін тиімді пайдалануға тырысуы қажет
Иілгіш диск-табақша пішінді, бетіне қабыршық түрінде магнитті қоспа жағылған иілгіш диск. Дискеттің пласмассадан жасалған қапшығында оған мәлімет жаздырмауға болатын кішкене тіктөртбүрышты ойық бар және мәлімет жазу-оқу кезінде дискінің бетімен байланыс жасайтын магниттік бастиектің жылжитын орны пластмасса қапшықта ашық болады.
Дискеттің негізгі параметрі- оның диаметрі, қазіргі шығарылатын дискеттер үшін екі ғана стандарт бар- олар 3,5 және 5,25 дюйімдік дискеттер, яғни дискеттің диаметрі 89 және 133 мм болады. Мәлімет жазу не оқу үшін дискет жүйелік блоктағы дискіқозғағыштың ұясына салынады.
Дискеттерді мәлімет жазудан сақтау. 3,5 дюмдік дискеттерде ойықтың үстінде жылжымалы ілгілек бар, оны жоғары –төмен қозғай отырып, мәлімет жазуға немесе жаздырмауға болады.
Дискетті форматтау. Дискетті алғаш рет пайдалану алдында оны арнайы тәсілмен форматтайды, яғни беттеріне белгі салады. Форматтау операциялық жүйенің командасымен жүргізіледі. ДЭЕМ-дерде бүлардан басқа лазерлік компакт-дискі, магниттік оптикалық дискі немесе Бернулли дискілері тәрізді құрылғылар болуы мүмкін
Қазіргі ДЭЕМ-дерде көптеген көлемді программалар CD-ROM компакт – дискілеріне жазылады. CD-ROM дискілерінің мәлімет оқу жылдамдықтары әртүрлі болады., мысалы, жәй жылдамдықты, екі еселенген, төрт еселенген, т.с.с. жылдамдықты бола береді. Қазіргі кездері шыққан 6-8 жылдамдықты компакт –дискілер қатты магнитік дискімен бірдей жылдамдықта жұмыс атқара алады. Қарапаыйм компакт –дискінің көлемі 600 Мб, яғни оған 600 миллион символ сияды, бірақ бұдан тек мәлімет оқуға болады.
Пинтер мен плоттер
Принетер текістік және графикалық мәліметтерді копьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған.
Принтерлердің негізгі артықшылығы – олар көптеген шрифт түрлерін пайдаланып, күрделі-күрделі текстерді басып бере алады. Шрифт түрлеріндегі әріптердің биіктігі, ені, олардың ара қашықтығы, интервалдары әртүрлі болады. Әрібір адам тексті қағазға шығарар алдында өзіе керекті шрифт түрін және басқа баспа параметрлерін таңдап, қағаздың мөлшері мен қатардың енін сәйкес күйге келтіріп алуы тиіс.
Қазіргі кезде принтерлердің матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш және термографиктік түрлері бар.
Соңғы кезге арзан матрицалық принтерлер болып саналады.
Сия бүрккіш принтердлерде қағаздағы бейне арнайы сия ташыларын бүрку арқылы шығарылады.
Лазерлік принтерлер –ксерография принципін қолданатын құралдарға жатады, бұларда әріп бейнелері электрлік тәсілмен бояу жұқтырылған доңғалақ арқылы қағазға түседі. Доңғалаққа әріптер бейнесіндегі бояу жұқтыру компьютер командалары арқылы лазерлік сәулелермен жұргізіледі.
Плоттер де мәліметтерді, негізінен графиктік инфорацияны қағазға шығарады. График сызғыштар жобалау жұмыстарывн автоматтандыруда әртүрлі сызба түріндегі бейнелерді басып алу үшін қажет.
Компьютерге информация енгізу құрылғылары
Пернелік тақата ЭЕМ-ге мәлімет енгізетін ең негізгі құрылғы болып пернелік саналады, ол арқылы текістік информацияны теріп, әртүрлі командалар енгізіп орындауға болады
Тышқан тәрізді қол тетігі пернелікпен бірге ЭЕМ-ді басқару үшін қолданылады.
Сканер қағазға жазылған мәліметтің кез келген түрін оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы. Бірақ енгізілген информаци графиктік түрге айналып, оны бірден өңдеу ісін жүргізу қиынырақ болады. Ол суретерді, сызбаларды компьютер жадына енгізе алады, мәлімет енгізу оңай, әрі жылдам орындалады.


Қосымша құрылғылар.
Модемдер компьютерлер арасында мәлімет алмасу үшін керек, олар негізінен мәлімет тасымалдау жылдамдығына қарай бөлінеді. Қазіргі кезде олардың жылдамдығы 2400 бит/сек 25000 бит/сек аралығында. Олар мәлімет алмасу процедурасының белгілі бір стандарттары бойынша жұмыс атқарады.
Бұлардан басқа факс-модемдер бар, олар модем мен факсимильдік байланыс аппаратының функцияларын бірге атқарады. Акс- модемді пайдаланып, текістік мәліметті тек өз абоненттеріңіздің компьютеріне емес жәй қарапайым факс аппаратына да жіберуге және қабылдауға болады.
Қазіргі кездерде ЭЕМ-нің мультимедиа мүмкіндігі жайныда көп айтылып жүр. Мультимедиа-информация бейнелеудің ең керекті түрі. Ол экранға мәліметтерді түрлі –түсті текістік, графикалық, дыбыстық мүмкіндіктерді біріктіре отырып шығарып, ЭЕМ-нің барлық жылжыту, сөйлету, музыка беру жақтарын толық пайдаланады.

WINDOWS’98 ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСI
Операциялық жүйе (ОЖ) – бұл ақпараттарды өңдеу бойынша компьютердiң барлық жұмысын ұйымдастыратын және қолданушымен байланысты жүзеге асыратын, компьютер мен оның ресурстарын басқаруды, программаларды жүктеудi және компьютердiң баптау жұмыстарын қамтамасыз ететiн программалар жүйесi.
WINDOWS’98 – бiруақытта бiрнеше программалармен жұмыс жасауға мүмкiндiк беретiн көпмәндiлiк операциялық жүйе.
ТЕРЕЗЕ
Терезе – бұл экранның түрлi программаларды орындайтын тiктөртбұрышты аумағы және ол WINDOWS’98 операциялық жүйесiнiң негiзгi объектiсi болып табылады. Терезенiң келесi түрлерден тұрады: программалар терезесi, құжаттар терезесi, анықтамалық жүйе терезесi, хабар алмасушы терезе.
Программалар терезесi программалардан немесе бумалардан тұрады. Бұл терезеде қолданбалы программалар орындалады.
Құжаттар терезесi терезенiң басқарау элементтерi мен WINDOWS’98 объектiлерiнiң басқа да таңбалары енетiн құжаттарға негiзделген.
Хабар алмасушы терезесiне тек басқару элементтерi ғана енедi. WINDOWS’98 операциялық жүйесi мен ондағы программалар осы терезенiң көмегiмен басқарылады.
Анықтамалық жүйе терезесiне WINDOWS’98 операциялық жүйесiмен және оның программаларымен жұмыс жасау бойынша анықтамалық ақпараттар мен анықтамалық жүйенi басқару элементтерi енедi.


1125454554
moni-2003
18-01-13 08:32
aaaaa
Даурен
177kaz@mail.ru
25-12-12 22:16
Жылпы Микросхемалар туралы мәлімет керек еді????
Али
ali_oral.kz@mail.ru
15-12-12 20:16
Tama ruy
Акторгын
argintina--91@mail.ru
14-12-12 05:31
маган экономикадагы математикалык мобельдер мен әдістер деген сабактан курсавои керек тақырыбы КӨПШІЛІККЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ 25 беттен кем болмауы керек
Айка
aika_17.05.94@mail.ru
12-12-12 15:36
adobe photoshoptin kuraldarinin kizmeti kandai.....
Нұркелді
nuryk95@mail.ru
07-12-12 11:20
CRT және LCD маниторлары туралы мәліметтер бар ма?

Нұркелді
nuryk95@mail.ru
07-12-12 11:16
магнитті дискіге ақпаратты орналастыру туралы реферт бар ма?

ренат
rinat_kz_89@mail.ru
30-11-12 12:44
курсорды баскаратын курылгы аитндарш кумек керек болп тур достар


нурка
nur_09@mail.ru
28-11-12 06:41
jumis isteuge arnalga adamdarga ote holaili alip juruge ingaili bul 4 hurilgidan turadi juielik blok, perne tahta, display, mouse(tiwhan).
Сандуғаш
sandu077
27-11-12 15:07
маган пентиум 1 2 3 4 туралы акпарат карек,,, кайдан алуга болады
Арука
aru_jan
27-11-12 06:24
көп көп рахмет мәліметтер көп екен
Арука
aru_jan
27-11-12 06:16
рахмет көптеген мәлімет жинадым
МЕРОК
merok_20_93@mail.ru
22-11-12 21:58
салем Ақпаратты қорғау мәселесінде операциялық жүйе негіздері деген такырыпка реферат керек еди 20 бет
aiya
aiya_satybekova@mail.ru
18-11-12 17:11
электронды есептеу машинасы слайд керек , Paint Power
didar
didar@mail.ru
25-10-12 00:27
Интернет сүйетін қауым!сіз студент,иа талантты жан,немесе мұғалім,бизнемен болсаңыз.. сіздің талғамыңызға қарай сайт жасаймыз...жақсы дизайн,басқа модераторлардан арзан!!!қазақстанның кез келген түкпірінен ұсыныс қабылдаймыз! және қосымша бонустар,жеңілдіктер бар. МЫНА САЙТТАН ТОЛЫҒЫРАҚ біле аласыздар http://sozdat-sait.a5.ru
жанар
janita_111
22-10-12 00:52
ДК - дің негізгі құрылғыларына не жатады.....
жанар
janita_111
22-10-12 00:49
ДК - дің сыртқы және ішкі құрылғылары туралы мәлімет тауип бериниздерш...
асем
a7 tompi @mail.ru
15-10-12 15:39
Слайдтардың көшіру әдістерін орнату,жайында мағлұмат бар ма?
медет
A_medet_94@ mail.ru
11-09-12 15:52
жазылатын оптикалық CD-R дискісі
Меруерт
mika.pvl90 list.ru
16-05-12 10:24
Macromedia Flash программасының анықтамасы?
Adil
adil_j1993@mail.ru
16-05-12 10:24
кабельдіњ т‰рлерін ќайдан табуѓа болады?
Меруерт
mika.pvl90
16-05-12 10:20
Fresh бағдарламасының анықтамасы қалай?
Умка
umit.z
27-04-12 09:09
Монитор туралы мәлімет керек
tansholpan
taniya_9393.kz@inbox.ru
26-04-12 16:08
Микропроцессор тралы мәлімет беріндерші достар бугінге кутем рахмет.....
Роллан
rollan9393@mail.ru
23-04-12 17:48
желілік тақша деген не?
Аяулым
babydolls4-tigrica@inbox.ru
11-04-12 18:56
мына мазмұнға сәйкес курстық жұмысқа кіріспе бөлімін жазып беріңіздерші өтініш

колымнан келгенше комектесем немесе ақшалай ганарар!!!!!"")))))


Мазмұны
1.1. Құран және оның тәрбиелік мәні
1.2. Ислам тәрбиесінде Мухаммед пайғамбардың орны
1.3. Бала тәрбиесі туралы ислам ғалымдарының тұжырымдамалары
1.4. Бала тәрбиесінде – жанұя
1.5. Исламда бала тәрбиесінің принциптерімен әдіс-тәсілдері


айдана
aikosh1993@mail.ru
14-03-12 18:00
отиниш маган глоссарийга кмектесиниздерши бизде агай вообще куад ше?
АЙГЕРИМ
ZHANTEMIROVA2000
14-03-12 09:18
КОМПЬТЕР АТАСЫ КИМ

фариза
Love.fariza.93
06-03-12 13:29
маған Оптикалық жад техноголиялары туралы слайд керке
арай-ка
www.arai.ru.kz@mail.ru
28-02-12 18:07
құрметті информатик ағалар, әпкелер маған информатика пани бойынша шағын лекция керек еди, Paint Power тақырыбы бойынша көмектесулерінізді сұраймын
Арайлым
araika_22.92
27-02-12 12:41
Кабельдер, разъемдар мен порттар туралы реферат
Айгерим
aigerim_125
24-02-12 23:41
ADSL технологиясы және оның түрлері туралы қазақша ақпарат бар ма толық?
Гулжан
*****
22-02-12 14:09
гууглди комекке шакырсай
Айнура
ainura_sabitovna
20-02-12 19:28
Перфокарта туралы информатика
Азиза Алекешова
Azi.13.92
20-02-12 17:41
Есепшот
Дария
Dori_96_96
18-11-11 21:57
Ағалар? әпкелер? Өтинем маган Fine rider бағдарламасы туралы тауып бересиздерме?
Yana
s_yana.89@mail.ru
02-11-11 11:46
Компьютердің "Ішкі жады, маңызы мен жұмыс жасау принципі" материал бар ма?
Rahimk
rahimk@list.ru
29-10-11 10:53
Rahimk
rahimk@list.ru
29-10-11 10:52
Компьютер және бағдарлама туралы қазақша видео сабақтар
Акерке
ako_92.23
27-10-11 18:19
антивирус виру дегенимиз не????
Ая
s.aya92@mail.ru
27-10-11 12:09
бір немесе бірнеше құрылғымен қалай жұмыс жасауға болады
дана
20-10-11 16:04
кызык мағлұматтар көп екен
Берік
z6480039
18-10-11 21:14
Дербес жағдайдағы жазықтар.Горизонталь.Фронталь.Пофиль жазықтар туралы қазақша мәліметтер бар ма????
Ерасыл
Ereke88@list.ru
18-10-11 15:22
Сканер туралы қазақша материялдар барма
arujan
15-10-11 07:38
Саймандар мен материалдар модельдерінің компьютерлік әлемі шығармашыл тұлғаға нақтылы заттар әлеміне қарағанда өзіндік қасиеттерін шығаруда шексіз мүмкіндіктерді ұсынады. Мұндай қасиеттерді бейнелеуде дербес компьютер (ДК) мен арнайыландырылған программалық қамтаманың алатын орны зор. Дәстүрлі суретшілер әлі күнге дейін сурет салуда “түстерді” қолданса, ДК оларға “жарықпен” салуды ұсынады. Дисплей экранының жарықталуы, оның жоғарғы дәрежедегі дәлдігі, түстер диапазонының кеңдігі (16,7 млн. түстер) – осының барлығы жан түршіктірердей сезім беріп, суретті “тірідей” бейнелейді.
Функцияналдық қасиеттеріне қарай, барлық графикалық пакеттерді 2 топқа бөліп қарастыруға болады:
- болашақта өзгерту мақсатын көздеген, компьютерге нақтылы бейнені алдын ала енгізетін, бейнені өңдеуге арналған программалық құрылғылар;
- бейнелерді құруда жаңа графикалық образдарды жасау мүмкіндігі бар программалық құрылғылар;
Еске салып кететін жайт, жоғарыда қарастырылған топтар шартты ғана болып табылады, себебі бірінші топ пакеттері сурет салу құралдарын қамтыса, екінші топ пакеттері бейнелерді күрделі өңдеуде қолданылады. Бейнелерді өңдеуге арналған пакеттердің ішінен арнайыландырылған және универсалды пакеттерді айтып өтуге болады
1 КОМПЬЮТЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Компьютердің даму тарихы
Компьютердің жұмыс істеу негіздерін зерттеуде алдын ала, компьютердің даму тарыхынан бастаған дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, компьютердің даму тарихы, оқушыларды тек ғана қызықтырып қоймай, оның бізге қанша ғасырлар және қандай ғалымдардың еңбегімен келгенін біледі.
Есептеу құрылғылары пайда болмай тұрып адамдар әртүрлі есептеуді жүргізу мүмкіндіктерін іздеді. Бұл үшін олар қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды. Олар тастарды үйіп немесе қатарлап тізіп есептеулер жүргізді. Заттардың саны жерге сызған сызықшалармен, ағаш таяқшалардан жасалған кертіктермен немесе жіптерге түйілген түйіншектермен есептелді.
Ең ерте заманғы және бәрімізге белгілі есептеу құралдары есепшот болып табылады. Есепшоттың пайда болған уақытын осы кезге дейін ешкім айта алмайды. Деректерге қарағанда есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін. Бұл санау құралын гректер мен Батыс Еуропалықтар \"Абақ\" деп, қытайлықтар \"Сунпан\", жапондықтар \"Серобян\" деп атаған. Бұл құралдар мен есептеулер оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарды жылжыту арқылы жүргізілген. Оның өзгертілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді. Есепшот Ресейде ХVІ-ХVІІ ғасырларда пайда болған.
XVI ғасырдың басында Шотландиялық математик Джон Непер \"логарифм\" түсінігін енгізді және өзінің логарифм кестесін жариялады. Екі ғасыр бойы әр елдің оқымыстылары логарифм функциясының негізінде жасалған есептеу құралын жетілдірумен шұғылданды. Тек 1761 жылы ғана ағылшын Д.Робертсон жүгіртпесі бар новигациялық есептеулер жүргізуге арналған лоғарифм сызғышын жасады. Мұндай құрал жасау идеясын 1660 жылдары Исаак Ньютон ұсынған болатын.
1642 жылы француз математигі Блез Паскаль бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды.
Паскальдің машинасында көп мәнді сандарды қосу мүмкін болды.
1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасы - арифмометрді құрастырды. Бұл бағытта орыс өнертапқыштары П.Л.Чебышев пен В.Т.Однер көп еңбек етті .
Есептеуіш техникалардың қарқынды дамуы XIX ғасырдан басталынды.
\"Адамсыз есептеулер автоматының\" авторы Чарлз Бәббидж еді, оның қазіргі компьютердің атасы деп атайды.
1833 жылы ол бағдарлама арқылы басқарылатын \"Аналитикалық машина\" жобасын жасады. Деректерді енгізу мен олардың құрылғылары болды. Басқару бағдарламасы перфокарта деп аталған қатырма қағаздардағы тесіктердің көмегімен кодталды.
Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бәббидж машинасына бағдарлама жазған Ада Лавлейс бірінші бағдарламашы деп саналады.
XIX ғасырдың соңында американдық Герман Холлерит есепші-перфорациялық машинаны құрастырды. Перфокарталар бағдарламаны көрсету үшін емес, сандық аппараттарды сақтау үшін қолданылды. Ол 1880 жылы АҚІП-та жүргізілген халық санағының құжаттарын санауға пайдаланылды.
Өз машинасының көмегімен Холлерит көп адамдар жеті жыл бойы есептейтін есептеулерді жасап шығаратын фирманың негізін қалайды, кейін дүние жүзінде әйгілі компьютер шығаратын
ІВМ фирмасына айналды. 1944 жылы американ математигі Говард Айкен \"Говард\" университетінде бағдарламамен басқарылатын, релелік және механикалық әлементтерге негізделген \"МАРК-1\" автоматты есептеуіш машинасын құрастырды.
Электронды есептеуіш машипалар
XX ғасырдың І-ші жартысында радиотехника қарқынды дамыды.
Электрондық шамдар алғашқы электрондық есептеуіш машиналардың техникалық негізі болды. Бірінші электрондық есептеуіш машина 1946 жылы Пинсельван университетінде жасалды, оны ЕМАС деп атады.
ЕМАС-тың конструкторлары - Дж.Моучлимен Дж. Эккерт. ЕМАС -тың салмағы 30 т. Және оның 18 мың электрондық шамдары болды, ол бір секундта 5 мың қосу, азайту амалдарын, 300 көбейту амалын орындай алды.
Алғашқы ЭЕМ-дер тек бір данадан болды. Дамыған елдерде ЭЕМ-нің сериялық шығарылуы 1950 жылдары басталады.
Бұрыңғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ 1947-1948 жылдары академик Сергей Алексеевич Лебедевтың басшыльпымен жасалды, оны МЭСМ (Малая Электронная Счетная Машина) пайдалануға енгізілді.
ЭЕМ-нің дамуын бірнеше буындарға бөліп көрейік.
•Электрондық шамдар пайдаланылған ЕМАС және барлық басқа ЭЕМ-дер - ЭЕМ-нің бірінші буынына жатады (1940-1955 жылдар).
•1955 жылдардан бастап келесі, екінші буындағы ЭЕМ-дер пайда бола бастады. Оларда электрондық шамдардың орнына жартылай өткізгіштер - транзисторлар пайдаланылды. Олар секундына бірнеше 10 мыңдаған операцияларға жетті. Бағдарламалау тілдері Фортран, Алгол, Кобол қолданыла бастады.
•Интегралды схема негізінде құрастырылған ЭЕМ-дер бұл үшінші буындағы ЭЕМ-дер. Есте сақтау құрылғыларының жаңа түрі магниттік-дискілер пайда бола бастады. 1971 жылы АҚШ-тың \"ИНТЕЛ\" фирмасы компьютердің фирмасы компьютердің негізгі бөлігі - процессордың жұмысын орындауға қабілетті, өте үлкен интегралдық схеманы алғашқы микропроцессорды жасады. Ол ДК деп атады.
•Қазіргі кездегі ЭЕМ-дер бұл төртінші буындағы ЭЕМ-дер 1980 жылдан бастап АҚШ-тың ІВМ фирмасы ДК шығару бойынша дүниежүзілік нарықта жетекші болып саналады. Ал, 1990 жылдан бастап Аррlе Согогаtіоn фирмасының Масіntosh маркалы компьютері көпшілікке таныла бастады.

1.2 Компьютерді қолданудың негізгі мәселелері
Қоғамда информатикаландыру, есептеу техникасы құралдарының кеңінен таралуымен байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқгы білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді.
Дербес ЭЕМ-ді оқу процесінде барлық пәндерде техникалық оқу кұралы ретінде пайдалану білім беру мазмұнына ықпал етуімен байланысты.
Компьютердің мүмкіндіктерін ескере отырып, оқьпу мәселелеріне талдау жасасақ, психологияның, педагогиканың іргелі оқыту теориясынан психологиялық-педагогикалық, әдістемелік мәселелер туындайды. Бұл берілген теорияда оқытудың дәстүрлі түрімен ғана шектеліп қоймайды, үйрету программаларын жобалауда әдістемелік кұрал болып қалыптасады.
Белгілі теориялық тұжырымдарға сүйеніп, сондай-ақ педагогикалық принциптерді ескере отырып, компьютерлік оқытудың психологиялық-педагогикалық мәселелерін қарастыру қажет:
-компьютерлік окытудың тәрбиелеу, білім беру және дамытудың бірлігін қамтамасыз ету;
-оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру мақсатында дербес және саралап оқытуды ұйымдастыру;
-оқу процесін жетілдіру.
Компьютерлік оқытуға қойылатын дидактикалық талаптарды айқындасақ, біздің ойымызша олар әрекет амалы және оқушылардың таным қызметі белсенділігі бағытында құрастырылуы қажет.
Белсенділік принципі саналылық принципімен тығыз байланысты. Сондықтан үйретуші программалардың кұрылымы әрекет туралы және пән бойынша программамен жұмыс істеуге қажетті білім беруді біртұтас нысаналы компонент болуы керек деп есептейміз.
Оқушылардың біліктілігі мен дағдысының ғылыми ізденісін қалыптастыру оқытудың ғылымилық принпципімен байланысты. Бұл принцип қазіргі ғылымдағы берік орныққан қағиданы зерттеуді талап етеді, оқу материалдарын таңдап алу мен оқыту әдістерін қалап алуға көмектеседі. Ғылымилық принцип негізінде компьютерлік оқыту жүйесінің мазмұнына бірқатар талаптар қойылады. Біздің ойымызша оқыту жүйесі компьютер арқылы оқу материалын тиімді меңгертетін мазмұнда болуы қажет. Компьютерлік оқыту жүйесінің мазмұнына қойылатын келесі талап қазіргі ғылыми мағлұматтар деңгейінде, ал, оқу материалын меңгерту танымның ғылыми әдістерімен барабар болуы тиіс (математикалық әдіс, жүйелілік талдау, модельдеу әдісі және т.б.).
Оқытушылық таным нақты фактілер мен құбылыстарды сезімдік қабылдаудан басталады. Бұл таным көзі ретінде заттар мен құбылыстардың өздеріне бет бұру мен байланысты. Ол оқытуды аңғарып қараудан бастауды талап етеді. Осыдан барып көрнекілік принципі шығады. Аталған принцип негізінде оқыту жүйелеріне мынандай талаптар қоюға болады:
үйретуші программаларды жасағанда
дидактикалық мақсаттарды орындай алатын
модельді таңдап алу;
процестерді бейнелегенде түстерді дұрыс
таңдай білу;
дыбысты, дыбыс сигналдарын жазу, оларды
бейнелеу және т.б.
Білімнің жақсы меңгерілуі үшін, олар түсінікті, ретке келтірілген болуы керек және бүрынғы бар білім жүйесіне біртіндеп енгізілуі тиіс. Бұл жүйелілік принципінен көрініс табады.
Информатика курсының білім беру саласына пән ретінде енгізілуі оған қазіргі заманға сай және ғылыми түр береді, жүйелейді. Жүйелілік пен бір ізділік принципі үйретуші программаларға бірқатар талаптар қояды. Программаньщ мазмұнына арнайы әдіснамалық мағлұматтар енгізу, ғылыми құрылымы болуы, сондай-ақ белгілі ретпен пакеттер жасау қажет.
Компьютерлік оқыту жүйелері танымның жүйелі әдістерін оптимальды жүзеге асырады. Осыдан үйренушінің әрекетін құрайтын алгоритм материалды меңгеруді қажет ететін жүйелілік талдаудан құралатынын байқаймыз.
Біз оқу процесінің компьютерді қолданумен байланысты мәселелерін үш топқа бөлеміз: бірінші -оқыту теориясына, екінші - компьютерлік оқыту технологиясына, үшінші - үйренуші программаларды жобалауға қатысты.
Оқыту теориясы оқу қызметімен байланысты оқушылар мен үйренушілер қызметінің негізгі компоненттеріне, оқу қызметін басқару процесіне байланысты талдауларға сүйенеді.
Оқыту технологиясы оқыту теориясымен оның практикалық жүзеге асырылуының арасындағы байланысты бөлім. Үйретуші программаларды жобалау теория мен технологияның практикалық қолдану табуы болып табылады.
Компьютерлік оқытудың психологиялық-педагогикалық жайы, ең алдымен, оқу мақсатына жетудің негізгі механизмнің қызметіне терең талдау жасап оқу процесінде заңдылықтарды пайдалана білу. Компьютерлендірудің ерекшелігін ескере отырып, бұл заңдылықтарды қолдануды жан-жақты ойластырып жүзеге асыру керек.
Біз оқыту қызметін басқару деп қарастырамыз. Бұндай басқарудың негізгі құралы педагог тарапынан немесе оқыту құрылғысы тарапынан, ең алдымен, үйренушінің танымдық сферасына әсер етеді. Бұл әсер ең алдымен оқу мақсатының сәйкестігіне бағытталуы қажет.
Жаңа ақпараттық технологияның оку процесіне енгізілуі бұл жүйенің орнына \"оқушы-оқытушы-компьютер\" пайдаланғандықтан қалыптасқан психологиялық-педагогикалық әдістеріне өзгерістер енгізуді қажет етеді. Олай болса, жаңа жағдайдағы оқу-тәрбие процесін тиімді және мақсатына жете алатындай ету үшін бірқатар психологиялық-педагогикалық мәселелерді қайта құруға тура келеді. Осыған байланысты психологияның, педагогиканың және дидактиканың көптеген дәстүрлі қағидаларын қосымша зерттеу қажет болады.
Оқытуды компьютерлендіру кезінде күрделі операциялық құрылымды қалыптастыруда компьютер шешуші ықпал етеді. Іс-әрекетінің нәтижесінде алға қойған мақсатқа жетеді.
Оқу мақсатының ауқымы өте кең. Программалап оқыту идеясының кең таралуымен байланысты оқу мақсатын компьютерлендіруге қызығушылық арта түсті. Программалық оқытудың мақсаты оқуды бітіргеннен кейін меңгеруге тиісті біліктігіне назар аударуды қажет етеді.
Компьютерлік оқытудың бағдарламасын құрастырмастан бұрыш алдыға қойылатын міндеттер - оқушылардың өздері қойған мақсаттарын, оку мотивін ынталандыру
Болашақта электрондық техника физикадан оқу жабдықтарының құрамына оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырушы және оқытуды терең ынталандырушы құрал ретінде қосылады. Бұның бірінші себебі электрониканың кең таралуы, оның қазіргі әлемдегі мәнінің анықталуы және оқушылардың болашақ еңбек әрекеті информатика негіздерімен есептеуіш техникасы мативтеріне ұқсас мотивке сәйкес келуі оның тағы бір себебі. Информатика сабағында ЭЕМ-де жұмыс істегенде, оқушылардың алғашқы белсенділігі операционалдық мотиві арқылы жүзеге асырылады. Ал физика сабағында, оқушылар электрондықтехникаға есеп шығару және іс-әрекет амалдарын сипаттаушы құрал ретіңде бағыт ұстайды, нәтижеде мотивтен мақсат туыңдайды.
Электрондық техника қандай да бір есепті шығару құралы болып қоймай, жай ғана қолданбалы құрылғы болуы мүмкін. Басқа мақсаты окушының танымдық-логикалық сферасында тұлға, оның қоршаған әлем туралы ұғымымен түсінікті, логикалық операциялар мен әдістерді, таным қызметі мен ителлектуальдық тәсілі мүмкіндік алады. Бұл мақсатқа электрондық техниканың физикалық негіздерін оқу арқылы, сондай-ақ адамды қоршаған ортадағы техниканың орнының бірегейлігін көрсету арқылы жетуге болады.
Компьютерлік оқыту жағдайында окушылардың белсенді шығармашылық іс-әрекеті жүзеге асады. Көптеген үйрету программалары окушылардың іздемпаздығына түрткі болады, сұрақтың шешімінен қателескен жағдайда компьютер бағыт-бағдар береді. Атап айтқанда, оқу мотиві мен оқушылардың таным қызметін қалыптастырудың тиімді жолдары проблемалық ситуация туғызумен байланысты. Компьютерлендіру жағдайында проблемалық оқытудың психологиялық-педагогикалық заңдылықтары пайдалануы қажет, бұл зандылықтар үйретуші программаларын жасағаңда компьютердің көмегімен сәйкес келетін педагогикалық ситуацияларды қайталағанда сақталуы керек.
Осы мағынада біз компьютердің оқу үйрету әрекетін біртұтас деп қарастырамыз. Егер компьютер оқу әрекетінің құралы ретінде ғана пайдаланылса, онда ол \"тұтынушы - ЭЕМ\" схемасының аумағында болады. Компьютер оқу әрекетінің басқару функциясын атқарса, үйрету құралы ретінде қолдануды мойындағаны.
Электрондық есептеу техникаларын қолдану оны компьютерді оқыту құралы ретінде пайдалану мүмкіндіктерімен байланыстырады, компьютер оқу қондырғысы және білім берудің мазмұнды объектісінің бірі ретінде қарастырылады. Бірінші бағыты компьютер оқыту құралы ретінде - әртүрлі қиындықтағы үйретуші программалар арқылы, әсіресе, автоматтандырылған үйретуші жүйелерде жүзеге асырылады. Компьютердің оқу процесінде қолданыла бастауы, мектепте оқыту практикасының міндеттеріне әлеуметтік жағдайды модельдеуші және т.б. мәселелерді алып келді.
Дербес компьютерді алғаш жасаушылардың бірі Алан Кэй былай деп жазды: \"Компьютерлі қолдану сауаттылығы - бұл есептеу процесінің мәнін жеткілікті түрде терең түсіну арқылы әртүрлі есептерді шығаруда ЭЕМ қолдана білу\". Мысалы, компьютерлік модель арқылы жарықтың сынуын және толық шағылуын анықтау, әдеттегі (дәстүрлі) құралдар арқылы көрсетуден әлде қайда оңай.
Қазіргі дербес ЭЕМ-нің оргтехникалық мүмкіндіктері, оқушыларды жұмыс нәтижелерін кесте немесе график түрінде дисплей экранына немесе қағазға шығарып беруге мүмкіндік туғызады. ЭЕМ-ді программалық қамтамасыз етуде, құрамына кіретін көптеген мәтіндік және графикалық редакторлар бар. Әртүрлі алфавитік цифрлік мәліметтерді даярлауға, формулалары бар мәтінді жазуға, суреттерді, кесте түрінде берілген сандарды, диаграммаларды, графиктерді салуға ыңғайлы. Мектеп физикасы үшін, білім жүйесінің мазмұнын көрнекілік пен экспериментті өзара байланыстыру, олардың арасындағы байланысты, құбылыстардың заңдылықтарын және ұйымдарды ашып көрсету болып табылады.
Компьютерді мұғалім қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге физикалық формулалар, физикалық шамалардың өлшем бірліктері, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалық құбылыстардың динамикалық бейнесі, тәжірибеге арналған құрылғылардың тізімі аспаптардың сипаттамалары және т.б. жатқызуға болады. Басқаша айтқанда, мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі.
Қазіргі компьютерлік оқыту құралдары оқу материалының сапасын жаңа деңгейге көтеретінін атап көрсетуге болады. Оқушылар демонстрация кезінде дисплей экранына параметрлік объектінің өзгерісінің сол немесе т.б. өзгерген операциясының нәтижелерін көре алады. Оқу қызметінде компьютердің рефлексивтік деңгейін жүзеге асыруды елестетсек, оның мүмкіндіктері ерекшеі үлкен. Компьютер кез келген ойдың өтімділігін, оқушылардың таңдап алған стратегиялық міндеттерінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетіп бере алады.

УНИВЕРСАЛЬДЫ ПАКЕТТЕР ҚҰРАМЫ
2.1 MICROSOFT WORD – пен жұмыс істеу
Місгоsoft Word редакторы (төменде біз оны жай ғана Word деп атаймыз) — мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге жәнс қағазға басып шығаруга арналған Windows жүйесінің қолданбалы немесе қосымша программасы. Бұл секілді программалар көбінесе мәтіндік редакторлар немесе мәтіндік процессорлар деп аталады. Word -тың көмегімен тек мәтіндік ақпараттарды өңдеп қана қоймай, түрлі форматтағы объектілермен жұмыс жасауға мүмкіндік бар. Мысалы, құжат ішіне енгізілген фото- суретті, безендірілген түрге келтірілген қаріпті, кестені, сонымен қатар аудио-, бейнефрагменттерді көруге болады.
Сонымен қатар, мысалы, Блокнот программасынан айырмашылығы - Word -та құжаттың сипаты мен сіздің алға қойған мақсатыңыз және жұмыс жасау деңгейіңізге қарай экран параметрлерін орнатудың, яғни оның баптауларының бірнеше нұсқалары қарастырылған
Місгоsoft Word программасын іске қосу және онымен жұмысты аяқтау
Word -ты іске қосу бірнсшс тәсілдермсн жүзеге асырылады:
І.Тапсырмалар тақтасындағы Іске қосу (Пуск) батырмасы менюінің командалары көмегімен; 2.Программалардың Місгоsoft Office тобындағы Word белгішесінде тышқанды екі рет шерту арқылы;
3. Windows жүйссінің Сілтeуіш (Проводник) программасы тeрeзecін пайдалану арқылы;
4. Word редакторына дайындалған құжаттың белгішесіне тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы және т.б.
Редактормен жүмысты аяқтау куз кулгун стандартты тәсілдермен жүргізіледі:
Файл-Шығу (Файл-Выход) меню командасын таңдау арқылы;
Word негізгі терезусін жүйелік менюіндегі Жабу (Закрыть) командасын тандау арқылы;
Тышқан курсоры терезе тақырыбы
аумағында тұрғанда, курсорды сол жақ
шеттегі Жүйелік меню белгісіне алып
барып, тышқанды екі рет шерту немесе батырманы бір рет басып, менюдің Жабу командасын таңдау арқылы;
• редактор терезесінің тақырып жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу (X) батырмасын
шерту тәсілімен;
•Тікелей АІt+Ғ4 пернелер комбинациясын орындау жолымен.
Егер программамен жұмысты аяқтау барысында мұның алдында өзгертіліп, бірақ дискіге жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға қосымша сұхбаттасу терезесін шығарып, өзгертілген құжатты дискіге жазу (Иә-Да) керектігін, ал жазбасаңыз (Жоқ-Нет) сәйкес батырмалары арқылы оны да растап беруіңізді өтінеді. Қалауыңыз бойынша, редакторда ары қарай жұмыс істей бсруіңізге де (Болдырмау-Отмена) болады.
Місгоsoft Word програмасының жұмыс терезесі
Word – тың стандартты терезесі келесі бөліктерден тұрады. Тақырып жолы- терезенің бөлігіндегі қатар. Онда құжат пен программаның өзінің аты мен оң жақ шетінде терезені басқару батырмалары Орап қою (Свернуть) , Қалпына келтіру (Востановить), Жабу (Закрыть) орналасқан.
Меню жолы —Word редакторының барлық командаларына қол жеткізеді. Ондағы әр пункт бір-бірлерімен байланысқан менюді ашады. Түр (Вид) менюін ашу үшін, оны тышқан тетігімен шертеміз. Сол кезде бізгс құжатты экранда көрсету тәсілдерін орындайтын бірнеше командалар ұсынылады. Мұнда көрсетілген, мысалы: Сілтемелер (Сноски) және Ескертпелер (Примсчания). Ағымдағы жағдайда активті емес, яғни жұмыс жасамай тұрған командалар осылай көрсетіледі. Жекелеген ішкі менюге алып баратын пункгтер бағыттауыш сызықтармен аяқталып тұр. Мысал ретінде Саймандар тақтасы (Панели инструментов) пунктін тандауға болады. Кейбір командалар пернелер комбинациялары арқылы орындалуы мүмкін. Мысал үшін меню қатарының Түзету (Правка) пунктін танданыз. Мұндағы Табу (Найти) командасын орындау үшін пернелік комбинацияларын басуға да болады. Бұл әрекетте Сtrl пернесін басулы күйде үстап тұрып, Ғ пернесін бассаңыз, Табу (Найти) командасын орындағандай нәтиже аласыз.
Меню жолынан кейін Стандартты саймандар тақтасы орналасқан. Ол жиі кездесетін амалдарды орындауға арналған батырмалардан тұрады. Мысалы Файлды Сақтау (Сохранить), Баспаға беру(Печать)
Құжатты экранда көрсету режимдері
Word редакторында құжатты экранда көрсетудің бірнеше түрлері бар. Жұмыс бабына қарай олардың әрқайсысы өз мүмкіншіліктерімен ерекшеленеді. Құжатты көрсету режимдерін Түр менюінен қажеттісін таңдау арқылы немесе Қалып-күй қатары маңындағы көлденең жылжу алабының сол жақ шетіндегі батырмаларды тышқан тетігімен шерте отырып шақыруға болады, және олар келесі тәртіптерден тұрады:
Кәдімгі режим (Обычный режим) батырмасы — бұл көру режимі келісім бойынша редакторға кіргенде бірден тағайындалады. Ол мәтінді форматтау элементтерін қарапайым түрде көрсете отырып, беттерді бөлу шекараларын пунктир-сызықшамен бейнелеп, символдарды теру, түзету және көру процесін
жылдам орындайды.
WеЬ қүжат (Режим WеЬ -документа) режимі — қүжатты WеЬ-парақ түрінде көрсетеді. Экрандағы құжатты оқу үшін өте тиімді тәртіп, құжатпен жылдам жылжу үшін оның сол жағындағы көрсетілген құжаттың құрылымын пайдаланады.
•Бетті белгілеу режимі (Режим разметки) — Word редакторында — құжат қағазға басылғанда қандай болса, экранда дәл солай кескінделетін режим. Мұнда тақырыптар, нұсқамалар, бағаналар мен объектілер парақ бетінде өз орындарында кескінделеді.
•Құрылым (Режим структуры) режимі — бұл құжаттың құрылымымен жұмыс жасау үшін керек. Әр түрлі деңгейде орналасқан тақырыптарды және мәтіндерді көрсете алады немесе жасырып қояды.
2.2 PHOTOSHOP жайлы алғашқы мағлұмат
Универсалды пакеттер құрамына Photo (Соге1Рhоtо, PhotoFinish, PhotoStyler, EasyPhoto және т.б.) сөзі бар графикалық пакеттерді жатқызамыз. Олардың басты айырмашылығы – фотографиялық бейнелерді өңдеуге бағыттылығы. Сондықтан, оларды дизайнерлер мен суретшілер, кәсіби фотографтар және жарнама ісіндегі мамандар кеңінен қолданылады. Дәл осы пакеттер суретші-ретушердің жұмысын қызықты шығармашыл жұмысқа айналдырды. Фотографияның пайда болу кезінен бастап ретуштің мақсаты суреттегі дефекті облыстарды алып тастау болса, дербес компьютердің және сәйкесті программалық қамтамалардың пайда болуы ретуштің сапалық жағынан жаңа деңгейі – композициялқ ретушке өтуге мүмкіндік жасады.
Жоғарыда сипатталып өткен программалық қамтамалардың қолданысы бойынша кеңінен қолданылатыны, әрі ерекше орынға ие Adobe Photoshop программасы. 2002 жылы шыққан 7.0 версиясы мамандарды жаңа қасиеттермен түрлендіре түсті. Бұл ерекшелік– қабаттармен, каналдар мен контурлармен жұмыс істеуде, облыстарды бөліп қарау және оларды автоматты өңдеуде, сандық бейнелердің және графикалық файлдар форматтарының көбісін қолдауында, түстерді бөліп қараудың жоғары дәрежелілігінде айқын байқалады. Айтып өткен, сондай-ақ пакеттің одан басқа да көптеген қасиеттері бейнелерді ретуштауға (кең мағынада) арналған айнымас құрал деп танытуға мүмкіндік жасайды [1].
Adobe Photoshop(АР) программасы графикалық объектілерді өңдеу, өзгерту, сақтауда қолданылатын пакеттердің бірі. (АР) – палитрамен жұмыс істеу, калибровка жасау, сканерлеу, импорттау және экспорттау, облыстарды, контурларды бөлу, салу/өзгерту, түстерді, қабаттарды, каналдар және маскаларды, таңдау және тағы басқа мүмкіндіктерді ұсынады. (АР) программасының басты беті сурет 1-де келтірілген.
Сурет 1 - Adobe Photoshop программасының басты терезесі.

PHOTOSHOP ЖАЙЛЫ АЛҒАШҚЫ МАҒЛҰМАТ
Photoshop редакторының терезесі
1.1 суретте Photoshop редакторының жүктеме кезіндегі және жаңа құжатты ашу кезіндегі қалпы келтірілген.

Рис. 1.1 Окно редактора
Программа терезесінің атауы
Бұл редактор терезесінің жоғарғы жақ жолы. Бұл жерде терезе қалпын басқаратын үш батырма орналасқан. Олар барлық Windows 95/98/Me қосымша программалары үшін стандартты. Сол жақ батырма терезені белгіге дейін жабады, ортаңғы батырма – оны экранның толық бетіне шығарады, ал оң жақ батырма – программаны жабуға мүмкіндік береді.
Меню жолы
Терезе атауының төменгі жағында меню жолдары орналасқан. Ол құрамына редактордың негізгі меню атауларын қамтиды. Қандай да бір меню командасын таңдау үшін, оның үстінен тышқанмен шертсе болғаны.
Егер соңында көп нүктесі бар команданы орындасақ, экранда диалогты терезе немесе диалог ашылады. Ол жерде сіз кейбір атрибуттарды көрсетіп кетуіңізге тәра келеді. Мысалы, Файл менюінің Открыть командасын таңдаған кезде құжаттары бар диалогты терезе ашылып, керекті құжатты таңжап жүктеуге салуыңызға болады.
Әртүрлі меню көмегімен бірнеше мәселелерді шешуге болады:
Файл – файлдармен жұмыс: құжаттарды құру, ашу және сақтау; баспаға жіберу және оны ұйымдастыру; құжаттарды испорттау және экспорттау; құжат жайлы ақпаратты теру; редактордан шығу; бейнелерді автоматты өңдеу;
Правка – редакторлау: таңдап алынған облыстарды көшіру, өшіру және орнату; іс-қимылдарды кері қайтару; бөлінген облыстарды трасформациялау;
Изображение – бейнелермен жұмыс істеу: дубляж жасау, холст өлшемдерін және бейнені өзгерту; оны айналдыру, ақ-қара түсті және түрлі-түсті коррекция, түстік моделді өзгерту, түстік қақпанды құру және т.б.;
Слой – қабаттармен жұмыс: құру, өшіру, дубляж, қабаттар эффектісі, қабаттарды топтау, байланысқан қабаттарда объектілерді реттеу, қабаттар маскалары және т.б.;
Выбор – бөліп алулармен жұмыс: бейнені толығымен бөліп алу, бөліп алуды алып тастау және қайтару, бөліп алуды инвенторлау және трансформаторлау, қысу, жиіліктік мүмкіндігі, берілген түстің облыстарын бөліп алу, бөліп алуды жүктеу және сақтау;
Фильтр –Photoshop фильтрлары;
Вид – редактордың сыртқы келбетімен жұмыс: құжатты көрсету режимдері және масштаб; бағыттауыштарды, торларды, координатты сызықтарды көрсету; бағыттауыштарды құру, торға және бағыттауышқа байланыстыру;
Окно – әр түрлі құжаттармен бір уақытағы жұмыс немесе әр терезеде бір құжатпен жұмыс істеу; экранға құралдар панелі мен өзгермелі палитраларды шақыру;
Помощь – қолданушыға арналған көмекші құжаттарын ашу.

Файлдар броузері терезесі

Photoshop программасы жүктелгеннен кейін, жұмыс терезесінде тек құралдарды, палитраларды, панелдерді ғана көреміз. Мәтіндік және басқа да графикалық редакторларға қарағанда, Photoshop жүктелген кезде жаңа таза құжатты ашпайды, себебі ол көбінесе басқа бейнелерден алынған бейнені өңдеуге арналған.
Сурет 1.2 – Файлдар броузерінің терезесі

«Броузер» палитрасы суреттерді қарап шығуға, сорттауға және таңдалған суретті ағымды кескінге келтіруге мүмкіндік береді. «Броузер» палитрасының көмегімен жаңа папкаларды құруға, өшіруге, жылжытуға, градустар бойынша айналдыруға болады.
Үнсіз үйлесім бойынша файлдар броузері терезесінде суреттер үлкен өлшемді кескіндер ретінде бейнеленеді. Егер сіздің папкаңызда графикалық файлдардың саны көп болса, онда сізге 1.2 суретінде көрсетілгендей, кішірек кескіндерді қолдануға тура келеді.
Панелдер және палитралар
Сандық праметрлерді енгізу немесе кейбір өлшемдер, қаріптер, түстер сияқты атрибуттарды таңдау мақсаты тұрған кезде, сіз арнайы диалогты терезелер – панелдер және палитраларды қолданасыз.
Құралдар панелі
Құралдар панелінің көмегімен біз сурет саламыз, бояймыз, бейненің керекті облыстарын бөліп аламыз, оларды жылжытып өзгертеміз, тексті енгіземіз және т.б. операцияларды орындаймыз. Төменгі жақта редактор терезесінің қалпын өзгертетін 3 батырма орналысқан.
Ағымдағы форма облыстарын бөліп алуда қолданылатын құралдар
Тікбұрышты облыс (Rectangular Marquee), Shift+M;
Эллипс типті облыс (Elliptical Marquee), Shift+M;
Жалғыз жол (Single Row Marquee), Shift+M;
Жалғыз баған (Single Column Marquee), Shift+M.
Облыстарды бөліп алуда қолданылатын құралдар
Лассо (Lasso), Shift+L;
Көпбұрышты лассо (Polygonal Lasso), Shift+L;
Магнитті лассо (Magnetic Lasso), Shift+L.
Шеттер бойынша қиып алу құралдары

Кадрлау (Crop), Shift+C.
Ретуш операциясына қажетті құралдар:
Қайта келтіру кисть (Healing Brush), Shift+J;
Заплата (Patch), Shift+J.
Бейне бөліктерін көшіру құралдары
Клондаушы штамп (Clone Stamp), Shift+S;
Өрнек штампы (Pattern Stamp), Shift+S.
Өшіруге арналған құралдар:
Өшіргіш (Eraser), Shift+E;
Фонды өшіргіш (Background Eraser), Shift+E;
Сиқырлы өшіргіш (Magic Eraser), Shift+E.
Дәлдікті басқару құралдары
Жуу (Blur), Shift+R;
Дәлдік (Sharpen), Shift+R;
Саусақ (Smudge), Shift+R.
Векторлық контурларды бөліп алу құралдары
Контурды бөліп алу (Path Selection), Shift+A;
Тік бөліп алу (Direct Selection), Shift+A;
Векторлық контурларды салу және өңдеу үшін құралдар
Перо (Pen), Shift+P;
Бос форма(Freeform Pen), Shift+P;
Тіректі нүктені қою (Add Anchor Point), Shift++;
Тіректі нүстені жою (Delete Anchor Point), Shift+-;
Нүктені түрлендіру (Convert Point).
Комментарий құруға арналған құралдар
Комментарий (Notes), Shift+N;
Аудиоаннотация (Audio annotation), Shift+N.
Қол (Hand) терезесінде бейнелердің орнын ауыстыру үшін құралдар, Shift+H.
Активті түстерді басқару үшін қолданылатын құралдар
Өңдеудің стандартты режимін қосып қою құралы. (Edit in stardart Mode), Shift+Q.
Image Ready программасына өту құралы (Jump to), Shift+Ctrl+M.
Бөлінген облыстардың орнын ауыстыру (Move) үшін қолданылатын құралдар, Shift+V.
Бір түсті облыстарды бөліп алуда қолданылатын құрал (Magic Wand), Shift+W.
Бейнені фрагментке кесуде қолданылатын құралдар
Фрагмент (Slice), Shift+K;
Фрагментті бөліп алу (Slice Select), Shift+K.
Сурет салуда қолданылатын құралдар
Кисть (Brush), Shift+B;
Карандаш (Pencil), Shift+B.
Бейнелердің алдында болған жағдайына келтіретін құралдар Қалпына келтіретін кисть (History Brush), Shift+Y;
Бөлініп алынған облыстарды бояу құралдары
Градиент (Gradient), Shift+G;
Бояуы бар шелек (Paint Bucket), Shift+G.
Жарықтылықты басқару құралдары
Жарықтағыш (Dodge), Shift+O;
Қараңғылатқыш (Burn), Shift+O;
Губка (Sponge), Shift+O.
Мәтін енгізу үшін қолданылатын құралдар
Горизонтальды мәтін (Horizontal type), Shift+T;
Вертикалды мәтін (Vertical Type), Shift+T;
Горизонталды мәтін маскасы ( Horizontal Type Mask), Shift+T;
Вертикалды мәтін маскасы (Vertical Type Mask), Shift+T.
Векторлық фигураларды салуда қолданылатын құралдар Тікбұрыш (Rectangle), Shift+U;
Дөңгелектенген тікбұрыш (Rounded Rectangle), Shift+U;
Эллипс (ellipse), Shift+U;
Көпбұрыш (Polygon), Shift+U;
Түзу (Line), Shift+U;
Қолданушы формасы (Custom Shape), Shift+U.
Қашықтық пен бұрыштарды өлшеуде, түстерді өлшеу және көшірмесін алатын құралдар Пипетка (Eyedropper), Shift+I;
Түстік пробалар (Color Sampler), Shift+I;
Өлшеуіш (Measure), Shift+I.
Бейнені әртүрлі масштабта қарап шығу құралы Лупа (Zoom), Shift+Z.
Жылдам маскілеу режимінде редакторлайтын батырманы қосу (edit in quick Mask Mode), Shift+Q
Программа терезесінің сыртқы келбетін басқаратын құралдар


1.3.2 Өзгермелі палитралар

Бейнелермен жасалатын операциялардың барлығы палитралар көмегімен іске асады. Олардық барлық саны 15. Бірге қолданылатын палитралар «бір шатырдың астында» орналасады.
«Слой» палитрасы қабаттарды құру, көшіру, біріктіру және өшіру үшін, сондай-ақ қабат-маскаларды құру үшін қолданылады. Сонымен қатар, аталған палитраның көмегімен жеке қабаттармен жұмыс істеуді қамтамыз етеді (сурет 1.4).
Сурет 1.4 - «Слои» палитрасы
«Каналы» палитрасы каналдарды кұру, нақтылы көшірмесін алу және өшіру үшін, олардың парметрлерін анықтау үшін, каналда


арман
arman..94
13-10-11 19:38
кабельдің кандай түрлері бар????
nurlan
x@mail.ru
01-10-11 08:21
маѓан компьютер туралы жіберсењіз
Abikon
www.shalkarkz@mail.ru
29-09-11 00:55
Компьютер туралы қазақша бейне сабақтар: www.habarshalkar.kz
Гулшат
gulshat-96@inbox.ru
20-09-11 15:08
Компьютердің қауіпсіздік техникасы реферат барма?
A.A G-u-S
gushik_89@mail.ru
18-09-11 01:31
Кибернетикасының атасы кім?
A.A G-u-S
gushik_89@mail.ru
18-09-11 01:15
Акпарат деген не?
Гульзада
guzi_90@list.ru
02-07-11 09:33
неге менің компьютерім өшіретін кезде көккімбек боп кетеді
Гульдана
guldan1992_01
21-06-11 10:02
Word мәтіндік редакторы.Мәтіндік редакторлар туралы.Блакнот.Word Pad
Лёка
tuktubaeva@mail.ru
05-06-11 17:17
Улкен рахмет, коптеген малимет коширип алдым =)) осылай жазып турсандарш анда-санда )))
Қап қара бала
04-06-11 15:21
микопроцессор дегеніміз не? шайга косып житін зат
нурик
nurik_92_92_10
29-05-11 01:50
микопроцессор дегеніміз не?

Маржан
madjona_1991
25-05-11 14:42
Дербес компьютердіњ салќындату ж‰йелері туралы мєлімет
Мэри
meri-89kz
13-05-11 13:21
Мультимедианың негізгі принциптері?
Нурай
pubsi
15-04-11 08:47
Компьютер- ішкі сыртқы құрылғылардың жиынтығы. Ал оның қызметі шексіз!
Нурай
pubsi
15-04-11 08:38
Дербес компьютердің «дербес» деп аталуының себебі - компьютер тек қана бір адамның жұмыс істеуіне арналған. Яғни бір мезгілде компьтерді бір ғана адам басқарады деген сөз. Бұл компьютерлердің үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда сипаты мен мүмкіндіктері басқаша болғанымен, осыған ұқсас операцияларды орындай алады. Дербес компьютерлердің үстел үстіне қоятын, портативті және қалтаға салып жүретін түрлері кездеседі. Алдағы уақытта біз үстел үстіне қойылатын(desktop) компьютердерді қарастыратын боламыз. Өйткені дербес компьютердің осы түрі басқаларына қарағанда кең таралған. Қазіргі нарықтық кезеңде дербес компьютерлердің ондаған, тіпті жүздеген модельдері кездеседі. Бірақ осы модельдердің барлығы дерлік негізгі деп есептелетін төмендегідей 4 құрылғыдан тұрады: · жүйелік блок · дисплей · пернетақта · тышқан Компьютермен жұмыс жасау үшін кем дегенде осы төрт құрылғының болуы қажет, бұларды дербес компьютердің базалық құрамы деп те атайды. Енді осы құрылғылардың әрқайсысына жеке дара тоқталып өтсек. Жүйелік блок - дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы. Жүйелік блоктың ішінде жүйелік тақша(аналық плата), процессор, оперативті жад, қатқыл диск, қоректендіру блогы, видеокарта секілді көптеген маңызды құрылғылар орналасады. Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде қосу (Power) және қайта жүктеу (Reset) батырмасы, компакт-диск мен дискетаны оқитын дискжетектер және қызыл-жасыл жарық индикаторлары орналасады. Жүйелік блоктың артқы жағында негізгі (монитор, пернетақта, тышқан) және қосымша құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар мен кірістік құрылғылар орналасқан. Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды. Дисплей – компьютердің «тілі». Ол дисплей көмегімен өзінің жұмысы туралы барлық қажетті ақпаратты беріп отырады. Үстел үстіне қойылатын дербес компьютерлердің көпшілігінде электронды-сәулелік түтікшеден (ЭСТ) тұратын мониторлар қолданылады. Бұндай мониторларда экрандағы кескін электрондардың ағындарынан пайда болады. Бұл электронды ағындарды монитордың ішінде орналасқан электронды зеңбірек өте жоғары жылдамдықпен экранға қарай бағыттайды. Экранның ішкі қабаты люминофор қабығымен қоршалады. Осы қабық электрондардың әсерінен жарқырап, қажетті кескінді экранда бейнелейді. Монитордың экранындағы кез келген көрініс (кескін) түрлі түсті нүктелердің жиынтынан тұрады. Мұндай нүктелерді әдетте пиксельдер деп атайды. Түрлі түсті монитордың экранындағы әр пиксель қызыл, жасыл немесе көк түстердің бірімен боялған ұсағырақ үш нүктелерден тұрады. Тік және көлденең жолда орналасқан пиксельдер саны монитордың ажырату қабілетін көрсетеді. Дисплейдің экранына орналасқан пиксельдер саны көп болған сайын, оның ажырату қабілеті де жоғары, сәйкесінше монитордың көрсету сапасы да жоғары болады. Алғашқы түрлі түсті мониторлар 1982 жылы жасалды, оны CGA-320х200 пиксельді монитор деп атады. Ал 1984 жылы EGA-640х350 пиксельді монитор шықты. Қазіргі компьютерлер VGA(640х480) немесе SVGA(800х600-ден 1248-1024-ке дейін), SX6A(1280х1024), UX6A(1600х1200) мониторларымен жабдықталған. Соңғы кездері сұйық кристалды(СК) мониторлар танымал болып келеді. Бұрын мұндай жіңішке мониторлар тек портативті және қалтаға салып жүретін компьютерлерде орнатылатын болса, қазір үстел үстіне қойылататын компьютерлер де осындай мониторлармен жабдықтала бастады. LCD – (Liquid Crystal Display, сұйық кристалды монитор) – сұйық күйдегі заттардың негізінде жасалатын монитор. Бұл сұйықтықтың қатты заттарға тән кейбір қасиеттері болады. Осы сұйықтықтың молекулалары электр кернеуінің әсерінен өз орындарында үнемі қозғала отырып, өздері арқылы өтетін жарық сәулелерінің бойындағы қасиеттерін өзгертеді. Нәтижесінде экраннан өзімізге қажетті түрлі түсті бейнелерді көреміз. Сұйық кристалды мониторлардың ЭЛТ мониторлардан басты артықшылығы - көлемінің шағын болуы және денсаулыққа зиянсыздығы. Бұндай мониторлар ЭЛТ мониторлар секілді зиянды электромагниттік сәулелер таратпайды және бұл мониторлармен жұмыс істеген адамның көзі әдеттегідей тез шаршамайды. СК мониторлардың кемшілігі де жоқ емес. Мәселен, бұл мониторлардың түсті жеткізу қабілеті нашар. ЭCТ мониторларды кез келген мақсатта: мәтінді, фотосуреттерді өңдеу үшін, ойын ойнау үшін т.б. қолдана беруге болады, ал СК мониторлардың кейбір модельдері әр түрлі компьютерлік ойындарды ойнауға жарағанымен, фотосуреттерді сапалы түрде өңдеуге мүмкіндік бермейді немесе керісінше түстерді жақсы көрсеткенімен, әр түрлі динамикалық ойындарды өз деңгейінде ойнауға, т.б. кедергі жасайды. Сондықтан болса керек, көптеген маман иелері, мәселен дизайнерлер ЭCТ мониторларды таңдайды. Монитор экранының өлшемдері әр түрлі болады. Экранның диагоналі дюйммен(1 дюйм =2,54 см) өлшенеді және олар 15,17,19 дюйм немесе одан жоғары болады. Пернетақта – компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне, ал оң жақ жоғарғы бұрышында жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы орналасады. Пернетақтадағы пернелер бірнеше блокқа бөлінеді: · символдық пернелер – пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады. Бұл пернелердің көмегімен кез келген алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Пернетақтаның бұл бөлігі латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері және басқа да символдары бар пернелерден тұрады; · функционал пернелер, бұлар символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F (F1,F2,…,F12) әрпімен белгілеген. Функционал пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындауға мүмкіндік береді (құжатты сақтау, бетті жаңарту, анықтама шақырту, т.б.). Әр түрлі жағдайларда (әр түрлі программалармен жұмыс істегенде) олар әр түрлі міндеттер атқарады. Мысалы, Бейсик тілінде F1…F10 пернелерін басып, белгілі командаларды орындауға болады; · нұсқаушы немесе курсорды экранда басқару пернелері. Курсор дегеніміз экранда (сызықша түрінде) жыпылықтап тұратын символ. Ол символдық пернені басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді. Нұсқаушы пернелер символдық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан, олардың үстінде бағдаршалар(стрелкалар) салынған. Олар курсорды экранда жылжытуға арналған; · цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта – пернетақтаның оң жағында орналасқан. Бұлардың көмегімен сандық ақпараттарды компьютерге енгізуге, сондай-ақ курсордың экранда қозғалуын басқаруға болады. пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режимін ауыстырып қосады. Егер осы пернені бір рет басса, онда пернелерде көрсетілген цифрлар енгізіледі. Ал егер оны тағы бір мәрте басса, онда бұл пернелер курсорды экранда жылжыту бағытын басқарады. Пернетақтада жоғарыда аталған пернелерден басқа, маңызы осылардан кем емес арнайы пернелер де бар. Оларға (енгізу пернесі), (жою пернесі), (артқа қарай өшіру), (үлкен регистрді қосу) және т.б. пернелер жатады. Кейбір амалдарды орындау үшін, пернелердің комбинацияларын пайдалануға болады. Ол үшін екі: Ctrl және Alt арнайы пернелері бар. Мысалы, пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орыс алфавитіне ауыстыру үшін Alt+Shift (кейде Ctrl+Shift) пернелерін қатар басады, яғни алдымен Alt (Ctrl) пернесін басып тұрып, содан кейін Shift пернесін басады да, олардың екеуін де босатады. Тышқан – «графикалық» басқару құрылғысы. Тышқанды кілемшенің үстімен жылжытқанда, экрандағы тышқанның нұсқағышы да сонымен қатар қозғалып, қажетті объектілерді таңдауға мүмкіндік береді. Тышқанның екі (немесе үш) батырмасының бірін баса отырып объектілермен көптеген операцияларды орындауға болады. Батырмалардың ортасында орналасқан доңғалақшаны айналдырып, экранға тұтасымен сыймай тұрған мәтінді, суретті немесе web-парақты жоғары-төмен жылжытуға болады. Соңғы кезге дейін ішінде темір шар орналасқан механикалық тышқандар қолданылып келген болатын. Бұл тышқандардың ішінде орналасқан темір шар өзара перпендикуляр орналасқан екі шағын білікті айналдырып, компьютерге «оңға-солға» және «жоғары-төмен» деген жылжыту сигналдарын береді. Бұл тышқандарды арасында тазалап отыру қажет болды. Қазір олардың орнына оптикалық тышқандар жиі қолданылады . Оптикалық тышқанның бұрынғы механикалық тышқаннан айырмашылығы - тышқанды жылжытатын ауыр шариктер мен ролик біліктерінің болмауы. Бұл тышқандардың ортасында орналасқан арнайы жарық сәулелері кілемшенің бетіне шағылысып, экрандағы тышқанның курсорын жылжытатын арнайы командаларға ауысады. Компьютерге сырттай қосылатын құрылғыларды сыртқы құрылғылар деп атайды. Бұл құрылғылар әдетте компьютерге ақпаратты енгізу немесе шығару үшін қолданылады. Солардың кейбіреулерін атап өтсек: · принтер · сканер · модем Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. Принтердің бірнеше түрі: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік, сублимационалдық, жарық диодты (LED) принтерлер бар. Олардың ішіндегі басып шығару сапасы және конструкциясы бойынша ең қарапайымы матрицалық (инелік) принтер болып табылады. Жұмыс кезінде принтердің қағаз бойы жылжып келе жатқан бастиегіндегі инелері шығып, бояйтын таспа арқылы қағаз бетінде із қалдырады. Матрицалық принтерлердің қағазды басып шығару сапасы мен жылдамдығы төмен, олар жұмыс кезінде шу шығарады. Сол себептен қазір бұл принтерлер көп қолданылмайды десе де болады. Сия бүріккіш (струйный) принтердің матрицалық принтерлерден айырмашылығы – тек басу бастиегінің құрылымында ғана. Бұл принтерлерде қара және түрлі түсті сұйық сияны кішкене тесіктер (сопло) арқылы бүрку тәсілі қолданылады. Мұнда әрбір символдың матрицасы қағазда бөлек нүктелерден бағаннан соң баған болып қалыптасады. Сия кішкене картрижде (ыдыста) сақталады, оны оңай ауыстырып отыруға болады. Түрлі түсті кескінді салғанда, принтер алдымен кескінді бір түспен бояйды да, содан кейін оның үстіне басқа түстерді салады. Бояулар араласып, қағазға әдемі түрлі түсті сурет шығарады. Лазерлік принтердің алдыңғы екеуіне қарағанда, басу сапасы мен жылдамдығы өте жоғары. Мұнда қағаз ионизацияланады, яғни электр өрісінің әсерімен арнайы жасалған ұнтақ (порошок-тонер) қағазға тартылады да, қатты қызып оған жабысады. Сублимоционалдық принтерлер арнайы қағазға термобалқу технологиясы негізінде жасалған. Ол фотосурет басып шығаруда жиі қолданылады. Жарық диодты (LED) принтерлердің лазерлік принтерлерден айырмашылығы лазерлік сәулелердің орнына жарық диодты матрицалар қолданылады. Сондықтан LED принтерлері біршама арзандау болып келеді. Плакаттарды, сызбаларды, электр схемалары секілді күрделі графикалық объектілерді кең көлемді қағазға басып шығару үшін әдетте арнайы шығару құрылғысы - плоттер қолданылады. Плоттерлер қаламұштың көмегімен кескін сызатын векторлық және растрлық болады. Растрлық плоттердің термографиялық, электростатикалық, бүріккіш және лазерлік түрлері бар. Құрылымы бойынша плоттерлер планшеттік және барабандық болып бөлінеді. Барлық плоттерлердің негізгі сипаттамалары, шамамен бірдей: сызу жылдамдығы – 100-1000 мм/с, ең жақсы модельдерінде түрлі түсті кескіндеу мен солғын түстерді де түсіру мүмкіндігі бар Ең үлкен мүмкіндік қабілеті және кескіннің анықтығы лазерлік плоттерлерде болады, бірақ олардың бағасы қымбат Сканер - қағаздағы мәтін мен суретті компьютерге автоматты түрде енгізу үшін қолданылады. Сканер кескінді (суретті, т.б.) машина кодына ауыстырып, компьютердің жадына жазады. Сканердің жұмысының принципі былай: жарық сәулесі жол-жолмен жазық суретті сканерлейді, оның жұмыс принципі электрондық сәуленің дисплей экранын сканерлеуіне ұқсайды. Сканерлер қара-ақ түсті немесе түрлі түсті болады. Сканерлердің негізгі екі түрі болады: · - Қол сканері · - Планшетті сканер Қол сканерлері қазіргі супермаркеттерде қолданылып жүрген штрих-кодты оқитын сканерлерге ұқсайды. Бұндай сканерлерді пайдаланып ақпаратты компьютерге енгізу үшін оны қолмен ұстап отырып, қағаздың үстімен өткізіп шығу керек. Планшетті сканерлер кәдімгі ксероксқа ұқсайды: бұндай сканерлердің қақпағы ашылып, ішіне қажетті сурет немесе мәтін орналастырылады да сканер өзіне қажетті ақпаратты көшіріп алады. Планшетті сканерлердің барлығы дерлік қазір түрлі түсті болады. Модем немесе модемдік плата бір-бірінен алшақ орналасқан компьютерлерді телефон желісі арқылы өзара байланыстыру үшін қолданылады. Модем (екі сөздің қосындысынан шыққан модулятор/демодулятор) – телефон желісі арқылы сырттан келіп түскен аналогті сигналды сандық кодқа өзгерту үшін немесе осыған кері әрекетті орындау үшін қолданылатын құрылғы. Модемнің ақпаратты өткізу жылдамдығы Кбит/секундпен (қабылдау - 56 Кбит/c, жөнелту - 33 Кбит/c) өлшенеді. Модемнің ішкі (жүйелік блоктың ішінде орналасады) және сырқы (жүйелік блоктан бөлекорналасып, онымен кабель арқылы байланысады) түрлері болады. Ішкі модемдерді бөлек сатып алудың қажеті жоқ, олар жүйелік блоктың ішінде, аналық плата орналасады. Бұл модемге келіп түскен барлық мәліметті арнайы драйвер немесе процессордың өзі өңдейді. Сондықтан жұмыс кезінде бұндай модемдер процессорға артық салмақ түсіреді және бұлардың программалық жабтықтамасы операциялық жүйеге тәуелді болады. Сыртқы модемдердің бағасы қымбат болғанымен, жұмыс істеу сенімділігі мен байланыс сапасы жоғары. Модемнің алдыңғы панелінде жұмыс режимі туралы мәлімет беріп отыратын жарық индикаторлары орналасады. Модемдердің сонымен қатар дауыстық модем, факс-модем және ADSL-модем деген түрлері бар. Дауыстық модемдер дауыстық хабарламаларды (голосовые сообщения) жіберуге мүмкіндік береді және автожауапберуші қызметін атқара алады. Факс-модемдер факс-машинаға немесе өзі секілді факс-модемдерге факстарды жөнелтіп, қабылдай алады. Соңғы кездері ADSL-модемдер қолданысқа еніп келеді. Еліміздегі танымал Megaline қызметін пайдалану үшін осындай модемдердің болуы қажет. ADSL-модемдерді пайдаланып интернетке шығу үшін телефон желісінің өзі болса жеткілікті («сегіздіктің» қажеті жоқ). Бұл модемдер компьютерді интернетпен үздіксіз байланыстырып тұрады және бұрынғы модемдер секілді арасында «қосылып» тұрудың қажеті жоқ. ADSL-модемдердің ақпаратты өткізу жылдамдығы өте жоғары (қабылдау 8 Мбит/с, жөнелту 1 Мбит/с-ке дейін). Жүйелік блоктың ішінде орналасатын барлық құрылғыларды ішкі құрылғылар деп атайды. Ішкі құрылғыларға аналық плата, процессор, оперативті жад, қатқыл диск, видеоадаптер, дыбыстық адаптер, желілік карта, компакт дискілерді оқитын CD-ROM немесе DVD-ROM құрылғысы, 3,5-дюймдік дискетаны оқитын дискжетек (floppy) және процессорды сыртқы құрылғылармен байланыстыратын әр түрлі коммуникациялық порттар жатады. Аналық плата – дербес компьютердің ең маңызды құрылғыларының бірі. Аналық платада процессор мен оперативті жадты байланыстыратын ақпараттық кеңарна – басқаша айтқанда «шина» орналасады. Шина сонымен қатар компьютердің басқа да ішкі құрылғыларын бір-бірімен байланыстырып тұрады. Аналық платаның жұмысын микропроцессордың микросхемалар жиынтығы – чипсет басқарып отырады.
Чипсет – процессорды оперативті жадпен және басқа да ішкі құрылғыларменбайланыстыра отырып, оның жұмысын басқаратын аналық тақшаның микросхемалар жиынтығы. Бұрынғы компьютерлердің аналық тақшасында 200-ге жуық микросхемалар орналасатын. Қазіргі компьютерлерде екі негізгі чипсет микросхемасы орналасады: · жад контроллері немесе Солтүстік көпір (North Bridge), процессордың жадпен және бейненің қосалқы жүйесімен жұмысын қамтамасыз етеді · енгізу-шығару контроллері немесе Оңтүстік көпір (South Bridge), сыртқы құрылғылармен жұмысты қамтамасыз етеді. Солтүстік және оңтүстік көпірлер екеуі екі микросхемада орналасады. Аналық тақшаның техникалық мүмкіндігі осы екі көпірге байланысты болады. Екі көпірдің техникалық сипаттамаларына қарап аналық тақшаға қандай құрылғыларды қосып-қоспауға болатындығын шешуге болады. Процессор, дәлірек айтсақ микропроцессор – дербес компьютердің басты микросхемасы. Компьютердегі барлық программалардың командаларын осы микропроцессор орындайды. Микропроцессорды компьютердің «миы» десе де болады. Микропроцессор аналық платаның орта тұсында орналасады. Жұмыс кезінде қатты қызатындықтан оны салқындату үшін бетіне кішкене желдеткіш орналастырылады. Қазіргі кездегі процессорларда кремнийдің өте кішкене кристалында ойып жасалған миллиондаған транзисторлар бар. Оның өлшемі қолдың үлкен саусағының тырнағындай-ақ. Процессордың негізгі сипаттамасы – оның тактілік жиілігі. Тактілік жиілік мегагерцпен және гигагерцпен өлшенеді. 1 мегагерц - процессор секундына 1 миллион операция орындайды деген сөз. Микропроцессордағы транзисторлардың саны неғұрлым көп болған сайын оның тактілік жиілігі, сәйкесінше оның жылдамдығы да соғұрлым жоғары болады. Мысалға, қазіргі ең танымал процессорлардың бірі Pentium 4 процессорында 42 миллион транзистор орналасады.
Сипаттамасы Pentium II Pentium III Pentium 4
Транзисторлардың саны 7.5 млн. 9.5 млн. 42 млн.
Тактілік жиілігі 0.45 ГГц 1 ГГц 1.4 ГГц және одан жоғары
Компьютер жұмыс істеп тұрған кезде процессор оперативті жадпен бірігіп үздіксіз жұмыс істейді. Оперативті жадтың микросхемасынан процессор өзіне қажетті ақпаратты алады және өз жұмысының нәтижесін қайтадан жадқа жібереді. Компьютерлердің көбінде процессор (ең кішкене бөліктерінің бірі) ең қымбат құрауыштарының бірі болып табылады. Қазіргі жүйелердегі процессордың құны ол өзі орнатылған аналық платаның құнынан екі, тіпті он есе де қымбат болуы мүмкін. Оперативті жад (ОЖҚ) – процессор жұмыс істеп тұрған кезде пайдаланылатын барлық бағдарламалар мен деректерді cақтауға арналған негізгі жад. Оперативті жадты осы бағдарламалар мен деректерді сақтау үшін қолданылатын ұяшықтардың жиынтығы десе де болады. Компьютер жұмыс жасап тұрған кезде процессор өзіне қажетті деректерді осы ұяшықтардан алып отырады. Оперативті жадта деректерді сақтау үшін оны үздіксіз электрмен қоректендіріп отыру керек. Компьютерді ажыратқанда – оперативті жадтағының бәрі өшеді, ал компьютерді қосқанда – барлық бағдарламалар мен деректерді процессордың өңдеуі үшін оперативті жадқа қайта жүктейді. Қазіргі операциялық жүйелер бірнеше бағдарламаларды қатар орындауға мүмкіндік береді және әрбір бағдарлама (немесе деректер файлы) жадтың өзіне бөлініп, арнайы бөлігіне жүктеледі. Оперативті жадтың көлемі неғұрлым үлкен болса, соғұрлым көп бағдарламаны қатар орындауға болады. Компьютер жұмыс жасап тұрған кезде қолданылатын барлық деректер мен командаларды оперативті жадты қолданбай-ақ неге қатқыл дискінің өзінде сақтамасқа деген сұрақ тууы мүмкін. Бұл мүмкін емес, өйткені процессор қатқыл дискінің жадымен салыстырғанда оперативті жадтың ұяшықтарымен мыңдаған есе жылдам байланысады.
Компьютердегі бағдарламалар мен деректерді ұзақ уақытқа сақтау үшін қатқыл диск немесе винчестер қолданылады. Компьютерді өшіргенде қатқыл дискідегі ақпарат ешқайда жоғалмайды. Қатқыл диск бір емес, сырты магнитпен қоршалған айналмалы бірнеше дискілерден тұрады. Қатқыл дискінің басты параметрі ретінде оның ақпарат сыйымдылығын айтуға болады. Қатқыл дискідегі ақпарат гигабайтпен (1 гигабайт = 1024 мегабайт) өлшенеді. Қазіргі қатқыл дисклерде 80-160 гигабайтқа дейін ақпарат сыйғызуға болады. Қатқыл дискіге «винчестер» деген атау әуелі қалжың ретінде берілген болатын, өйткені бұл құрылғының кейбір техникалық сипаттамалары шынында да осы бір американдықтардың сүйікті мылтығына ұқсас келетін. Кейін бұл атау үйреншікті болып кеткендіктен, винчестер деп тек қана мылтықты емес қатқыл дискіні де атайтын болды. Қатқыл дискінің «қатқыл» деген атауына қарамастан, бұл құрылғы аса күтімді қажет етеді. Қатқыл дискіні қатты соққылардан, вибрациядан, магниттік өрістерден және суық пен ыстықтан қорғау қажет. Қатқыл дискіні басқа жерге тасымалдағанда аса ұқыпты, абай болу қажет. Видеоадаптер (графикалық карта, видеокарта) – процессордан немесе оперативті жадтан мониторға келіп түсетін ақпаратты өңдеу үшін қолданылатын ішкі құрылғы. Аналық тақша қосқыштарының біріне орнатылады.
Алғашқы дербес компьютерлерде видеоадаптерлер болған жоқ. Оның орнына оперативті жадта видеодеректерді сақтау үшін кішкене ғана аймақ бөлінетін. Қазіргі видеоадаптерлердің өз есептегіш процессорлары (видеопроцессор) болады. Аналық тақшаның кейбір модельдерінде видеоадаптердің қызметін чипсеттің арнайы микросхемалары атқарады. Бұндай видеоадаптерлерді аналық тақшамен біріктірілген дейді. Ал егер видеодаптер бөлек құрылғы ретінде орналасса, оны видеокарта дейді. Видеокартаның қосқышы жүйелік блоктың артқы тақтасына шығып тұрады. Осы қосқышқа монитор жалғанады. Дыбыстық адаптер (дыбыстық карта, музыкалық тақша деп те аталады.) Дыбыстық адаптер компьютерде дыбыспен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Алғашқы пайда болған IBM PC дербес компьютерлері дыбыстық құралдармен жабдықталған жоқ. Дербес компьютерлер алғаш пайда болғаннан кейін он жылға жуық офистік техника ретінде қолданылып, дыбыстық құрылғылардың онша керегі де болған жоқ. Ол кезде компьютерде дыбыс шығаратын жалғыз құрылғы - компьютерде ақау туралы хабар беретін динамик болатын. Қазіргі кезде дыбыстық құралдар стандартты болып есептеледі. Ол үшін аналық тақшада дыбыстық адаптер орнатылады. Дыбыстық адаптердің аналық тақшаға жеке құрылғы ретінде қосылатын түрлері болады, оларды дыбыстық карта деп атайды. Дыбыстық картаның қосқыштары жүйелік блоктың артқы жағында орналасады. Дыбысты есту үшін осы қосқыштарға дыбыс колонкаларын немесе құлаққаптарды жалғау керек. Осы қосқыштардың біріне дыбысты жазу үшін қолданылатын микрофонды жалғауға да болады.

Желілік карта
Желілік карта (немесе жергілікті желіні байланыстыру картасы, желілік адаптер) - бір ғимаратта немесе бөлмеде орналасқан компьютерлерді өзара байланыстыру үшін қолданылады. Желілік картаның негізгі параметрі – оның ақпаратты жеткізу жылдамдығы – мегабайт/секундпен өлшенеді. Желілік картаның орташа жылдамдығы 10 мегабайттан 100 мегабайтқа дейін жетеді. Бір компьютерден екіншісіне ақпарат тасымалдау үшін дискеталар мен оптикалық дисклер (CD-ROM, DVD-ROM, BD-ROM) қолданылады.
Иілгіш диск (дискета). Иілгіш магниттік дискіге (дискета) 1,44 Мбайт көлемінде ақпарат сыйғызуға болады. Кейбір ақпарат түрлерін сақтап, тасымалдау үшін бұның жеткіліксіз екені айтпаса да түсінікті. Дегенмен бұл ақпарат тасымалдаушылар 1970,1980-жылдары және 1990-жылдардың басына дейін қолданылып келді. (Қазір оларды flash-тасымалдаушылар ауыстырды) Иілгіш магниттік дискідегі ақпаратты арнайы дискжетек оқып жазады. Дискжетек дегеніміз – ақпаратты дискетаға жазуға мүмкіндік беретін құрылғы. Дискетаның ақпарат тасымалдау сенімділігі төмен. Егер дискетаға механикалық зақым тисе, электромагниттік өріс әсер етсе немесе т.б. факторлар әсер етсе дискетадағы мәліметтің жоғалып кетуі әбден мүмкін. Қарапайым мәтіндік құжаттарды, шағын программаларды сақтау үшін қазірдің өзінде дискеталар жиі қолданылады. Өйткені дискетаның бағасы flash-тасымалдаушыдан ондаған есе арзан. Үлкен көлемде ақпарат тасымалдау үшін CD-ROM компакт-дискілерін қолданған тиімді. CD-ROM («Compact Disk Read Only Memory» - жады оқылатын компакт диск) ақпаратты сақтау үшін кең көлемде қолданылатын ақпарат тасымалдаушылардың бірі. Компакт дискінің ақпарат сыйымдылығы 650-700 МБайт шамасында. Компакт-дискілерде барлық мәлімет иілгіш дискілердегідей магнитті емес, оптикалық принциппен сақталады. Дискідегі барлық мәлімет лазерлік сәуленің көмегімен оқылады. Компакт-дискідегі мәліметтерді оқу үшін CD-ROM дискжетегі қолданылады. CD-ROM дискжетегінің негізгі параметрі – оқу жылдамдығы. Оқу жылдамдығының өлшем бірлігі ретінде 80-жылдары музыкалық компакт дискілердің (аудиодискілер) оқу жылдамдығы ретінде белгіленген өлшем бірліктер қолданылады. Қазіргі заманғы CD-ROM дискжетектерінің оқу жылдамдығы 40х – 52х. Компакт-дискілердің CD-R (Compact Disk Recordable) және CD-RW (Compact Disk ReWritable) деген түрлері болады. CD-R дискілерге ақпаратты бір рет, ал CD-RW дискілерге бірнеше рет жазуға болады. Коммуникациялық порттар. Жүйелік блокты принтер, сканер, тышқан, пернетақта секілді сыртқы құрылғылармен байланыстыру үшін осындай порттар қолданылады. Порт дегеніміз – жай ғана сыртқы құрылғыны қосатын шұңғыл тесік емес, олардың кейбіреулерінде шағын микросхемалар орналасып, программалық басқарылады. Порт түрлері · COM (тізбекті порт) · LTP (параллель порт) · USB (жоғары жылдамдықты тізбекті порт) · PS/2 (тышқан мен пернетақтаны жалғайтын әмбебеп порт)
Нурай
pubsi
15-04-11 08:32
Adobe photoshop тан практикалық жұмыстар бар ма бөліп алу құралдары бойынша
самат
samatKoblan
18-01-11 15:59
компьютер ішкі және сыртқы құрылғылары туралы материал керек тегін көшіруге
гульнара
tulegenova-88
26-12-10 13:09
интернетпен жұмыс оқу тәжиребесінің мақсат-міндеттері және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау
Гулжан
tarazsh27@mail.ru
25-12-10 18:43
Құрметті информатик әпкелер мен ағалар менің оқушыма ғылыми жұмыс керек еді ережелерін білемін бірақ қалай бастарымды білмей отырмын сіздерден өтініш дайын жұмыс болса беріңіздерші благодарность бар Жұмыстарыңа сәттілік !
Гулжан
tarazsh27@mail.ru
25-12-10 18:41
ғылыми жұмыста көмектесіңдерші өтініш ақылы болсада
нурай
17-12-10 18:36
КІРІСПЕ
Саймандар мен материалдар модельдерінің компьютерлік әлемі шығармашыл тұлғаға нақтылы заттар әлеміне қарағанда өзіндік қасиеттерін шығаруда шексіз мүмкіндіктерді ұсынады. Мұндай қасиеттерді бейнелеуде дербес компьютер (ДК) мен арнайыландырылған программалық қамтаманың алатын орны зор. Дәстүрлі суретшілер әлі күнге дейін сурет салуда “түстерді” қолданса, ДК оларға “жарықпен” салуды ұсынады. Дисплей экранының жарықталуы, оның жоғарғы дәрежедегі дәлдігі, түстер диапазонының кеңдігі (16,7 млн. түстер) – осының барлығы жан түршіктірердей сезім беріп, суретті “тірідей” бейнелейді.
Функцияналдық қасиеттеріне қарай, барлық графикалық пакеттерді 2 топқа бөліп қарастыруға болады:
- болашақта өзгерту мақсатын көздеген, компьютерге нақтылы бейнені алдын ала енгізетін, бейнені өңдеуге арналған программалық құрылғылар;
- бейнелерді құруда жаңа графикалық образдарды жасау мүмкіндігі бар программалық құрылғылар;
Еске салып кететін жайт, жоғарыда қарастырылған топтар шартты ғана болып табылады, себебі бірінші топ пакеттері сурет салу құралдарын қамтыса, екінші топ пакеттері бейнелерді күрделі өңдеуде қолданылады. Бейнелерді өңдеуге арналған пакеттердің ішінен арнайыландырылған және универсалды пакеттерді айтып өтуге болады
1 КОМПЬЮТЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Компьютердің даму тарихы
Компьютердің жұмыс істеу негіздерін зерттеуде алдын ала, компьютердің даму тарыхынан бастаған дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, компьютердің даму тарихы, оқушыларды тек ғана қызықтырып қоймай, оның бізге қанша ғасырлар және қандай ғалымдардың еңбегімен келгенін біледі.
Есептеу құрылғылары пайда болмай тұрып адамдар әртүрлі есептеуді жүргізу мүмкіндіктерін іздеді. Бұл үшін олар қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды. Олар тастарды үйіп немесе қатарлап тізіп есептеулер жүргізді. Заттардың саны жерге сызған сызықшалармен, ағаш таяқшалардан жасалған кертіктермен немесе жіптерге түйілген түйіншектермен есептелді.
Ең ерте заманғы және бәрімізге белгілі есептеу құралдары есепшот болып табылады. Есепшоттың пайда болған уақытын осы кезге дейін ешкім айта алмайды. Деректерге қарағанда есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін. Бұл санау құралын гректер мен Батыс Еуропалықтар "Абақ" деп, қытайлықтар "Сунпан", жапондықтар "Серобян" деп атаған. Бұл құралдар мен есептеулер оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарды жылжыту арқылы жүргізілген. Оның өзгертілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді. Есепшот Ресейде ХVІ-ХVІІ ғасырларда пайда болған.
XVI ғасырдың басында Шотландиялық математик Джон Непер "логарифм" түсінігін енгізді және өзінің логарифм кестесін жариялады. Екі ғасыр бойы әр елдің оқымыстылары логарифм функциясының негізінде жасалған есептеу құралын жетілдірумен шұғылданды. Тек 1761 жылы ғана ағылшын Д.Робертсон жүгіртпесі бар новигациялық есептеулер жүргізуге арналған лоғарифм сызғышын жасады. Мұндай құрал жасау идеясын 1660 жылдары Исаак Ньютон ұсынған болатын.
1642 жылы француз математигі Блез Паскаль бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды.
Паскальдің машинасында көп мәнді сандарды қосу мүмкін болды.
1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасы - арифмометрді құрастырды. Бұл бағытта орыс өнертапқыштары П.Л.Чебышев пен В.Т.Однер көп еңбек етті .
Есептеуіш техникалардың қарқынды дамуы XIX ғасырдан басталынды.
"Адамсыз есептеулер автоматының" авторы Чарлз Бәббидж еді, оның қазіргі компьютердің атасы деп атайды.
1833 жылы ол бағдарлама арқылы басқарылатын "Аналитикалық машина" жобасын жасады. Деректерді енгізу мен олардың құрылғылары болды. Басқару бағдарламасы перфокарта деп аталған қатырма қағаздардағы тесіктердің көмегімен кодталды.
Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бәббидж машинасына бағдарлама жазған Ада Лавлейс бірінші бағдарламашы деп саналады.
XIX ғасырдың соңында американдық Герман Холлерит есепші-перфорациялық машинаны құрастырды. Перфокарталар бағдарламаны көрсету үшін емес, сандық аппараттарды сақтау үшін қолданылды. Ол 1880 жылы АҚІП-та жүргізілген халық санағының құжаттарын санауға пайдаланылды.
Өз машинасының көмегімен Холлерит көп адамдар жеті жыл бойы есептейтін есептеулерді жасап шығаратын фирманың негізін қалайды, кейін дүние жүзінде әйгілі компьютер шығаратын
ІВМ фирмасына айналды. 1944 жылы американ математигі Говард Айкен "Говард" университетінде бағдарламамен басқарылатын, релелік және механикалық әлементтерге негізделген "МАРК-1" автоматты есептеуіш машинасын құрастырды.
Электронды есептеуіш машипалар
XX ғасырдың І-ші жартысында радиотехника қарқынды дамыды.
Электрондық шамдар алғашқы электрондық есептеуіш машиналардың техникалық негізі болды. Бірінші электрондық есептеуіш машина 1946 жылы Пинсельван университетінде жасалды, оны ЕМАС деп атады.
ЕМАС-тың конструкторлары - Дж.Моучлимен Дж. Эккерт. ЕМАС -тың салмағы 30 т. Және оның 18 мың электрондық шамдары болды, ол бір секундта 5 мың қосу, азайту амалдарын, 300 көбейту амалын орындай алды.
Алғашқы ЭЕМ-дер тек бір данадан болды. Дамыған елдерде ЭЕМ-нің сериялық шығарылуы 1950 жылдары басталады.
Бұрыңғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ 1947-1948 жылдары академик Сергей Алексеевич Лебедевтың басшыльпымен жасалды, оны МЭСМ (Малая Электронная Счетная Машина) пайдалануға енгізілді.
ЭЕМ-нің дамуын бірнеше буындарға бөліп көрейік.
•Электрондық шамдар пайдаланылған ЕМАС және барлық басқа ЭЕМ-дер - ЭЕМ-нің бірінші буынына жатады (1940-1955 жылдар).
•1955 жылдардан бастап келесі, екінші буындағы ЭЕМ-дер пайда бола бастады. Оларда электрондық шамдардың орнына жартылай өткізгіштер - транзисторлар пайдаланылды. Олар секундына бірнеше 10 мыңдаған операцияларға жетті. Бағдарламалау тілдері Фортран, Алгол, Кобол қолданыла бастады.
•Интегралды схема негізінде құрастырылған ЭЕМ-дер бұл үшінші буындағы ЭЕМ-дер. Есте сақтау құрылғыларының жаңа түрі магниттік-дискілер пайда бола бастады. 1971 жылы АҚШ-тың "ИНТЕЛ" фирмасы компьютердің фирмасы компьютердің негізгі бөлігі - процессордың жұмысын орындауға қабілетті, өте үлкен интегралдық схеманы алғашқы микропроцессорды жасады. Ол ДК деп атады.
•Қазіргі кездегі ЭЕМ-дер бұл төртінші буындағы ЭЕМ-дер 1980 жылдан бастап АҚШ-тың ІВМ фирмасы ДК шығару бойынша дүниежүзілік нарықта жетекші болып саналады. Ал, 1990 жылдан бастап Аррlе Согогаtіоn фирмасының Масіntosh маркалы компьютері көпшілікке таныла бастады.

1.2 Компьютерді қолданудың негізгі мәселелері
Қоғамда информатикаландыру, есептеу техникасы құралдарының кеңінен таралуымен байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқгы білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді.
Дербес ЭЕМ-ді оқу процесінде барлық пәндерде техникалық оқу кұралы ретінде пайдалану білім беру мазмұнына ықпал етуімен байланысты.
Компьютердің мүмкіндіктерін ескере отырып, оқьпу мәселелеріне талдау жасасақ, психологияның, педагогиканың іргелі оқыту теориясынан психологиялық-педагогикалық, әдістемелік мәселелер туындайды. Бұл берілген теорияда оқытудың дәстүрлі түрімен ғана шектеліп қоймайды, үйрету программаларын жобалауда әдістемелік кұрал болып қалыптасады.
Белгілі теориялық тұжырымдарға сүйеніп, сондай-ақ педагогикалық принциптерді ескере отырып, компьютерлік оқытудың психологиялық-педагогикалық мәселелерін қарастыру қажет:
-компьютерлік окытудың тәрбиелеу, білім беру және дамытудың бірлігін қамтамасыз ету;
-оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру мақсатында дербес және саралап оқытуды ұйымдастыру;
-оқу процесін жетілдіру.
Компьютерлік оқытуға қойылатын дидактикалық талаптарды айқындасақ, біздің ойымызша олар әрекет амалы және оқушылардың таным қызметі белсенділігі бағытында құрастырылуы қажет.
Белсенділік принципі саналылық принципімен тығыз байланысты. Сондықтан үйретуші программалардың кұрылымы әрекет туралы және пән бойынша программамен жұмыс істеуге қажетті білім беруді біртұтас нысаналы компонент болуы керек деп есептейміз.
Оқушылардың біліктілігі мен дағдысының ғылыми ізденісін қалыптастыру оқытудың ғылымилық принпципімен байланысты. Бұл принцип қазіргі ғылымдағы берік орныққан қағиданы зерттеуді талап етеді, оқу материалдарын таңдап алу мен оқыту әдістерін қалап алуға көмектеседі. Ғылымилық принцип негізінде компьютерлік оқыту жүйесінің мазмұнына бірқатар талаптар қойылады. Біздің ойымызша оқыту жүйесі компьютер арқылы оқу материалын тиімді меңгертетін мазмұнда болуы қажет. Компьютерлік оқыту жүйесінің мазмұнына қойылатын келесі талап қазіргі ғылыми мағлұматтар деңгейінде, ал, оқу материалын меңгерту танымның ғылыми әдістерімен барабар болуы тиіс (математикалық әдіс, жүйелілік талдау, модельдеу әдісі және т.б.).
Оқытушылық таным нақты фактілер мен құбылыстарды сезімдік қабылдаудан басталады. Бұл таным көзі ретінде заттар мен құбылыстардың өздеріне бет бұру мен байланысты. Ол оқытуды аңғарып қараудан бастауды талап етеді. Осыдан барып көрнекілік принципі шығады. Аталған принцип негізінде оқыту жүйелеріне мынандай талаптар қоюға болады:
үйретуші программаларды жасағанда
дидактикалық мақсаттарды орындай алатын
модельді таңдап алу;
процестерді бейнелегенде түстерді дұрыс
таңдай білу;
дыбысты, дыбыс сигналдарын жазу, оларды
бейнелеу және т.б.
Білімнің жақсы меңгерілуі үшін, олар түсінікті, ретке келтірілген болуы керек және бүрынғы бар білім жүйесіне біртіндеп енгізілуі тиіс. Бұл жүйелілік принципінен көрініс табады.
Информатика курсының білім беру саласына пән ретінде енгізілуі оған қазіргі заманға сай және ғылыми түр береді, жүйелейді. Жүйелілік пен бір ізділік принципі үйретуші программаларға бірқатар талаптар қояды. Программаньщ мазмұнына арнайы әдіснамалық мағлұматтар енгізу, ғылыми құрылымы болуы, сондай-ақ белгілі ретпен пакеттер жасау қажет.
Компьютерлік оқыту жүйелері танымның жүйелі әдістерін оптимальды жүзеге асырады. Осыдан үйренушінің әрекетін құрайтын алгоритм материалды меңгеруді қажет ететін жүйелілік талдаудан құралатынын байқаймыз.
Біз оқу процесінің компьютерді қолданумен байланысты мәселелерін үш топқа бөлеміз: бірінші -оқыту теориясына, екінші - компьютерлік оқыту технологиясына, үшінші - үйренуші программаларды жобалауға қатысты.
Оқыту теориясы оқу қызметімен байланысты оқушылар мен үйренушілер қызметінің негізгі компоненттеріне, оқу қызметін басқару процесіне байланысты талдауларға сүйенеді.
Оқыту технологиясы оқыту теориясымен оның практикалық жүзеге асырылуының арасындағы байланысты бөлім. Үйретуші программаларды жобалау теория мен технологияның практикалық қолдану табуы болып табылады.
Компьютерлік оқытудың психологиялық-педагогикалық жайы, ең алдымен, оқу мақсатына жетудің негізгі механизмнің қызметіне терең талдау жасап оқу процесінде заңдылықтарды пайдалана білу. Компьютерлендірудің ерекшелігін ескере отырып, бұл заңдылықтарды қолдануды жан-жақты ойластырып жүзеге асыру керек.
Біз оқыту қызметін басқару деп қарастырамыз. Бұндай басқарудың негізгі құралы педагог тарапынан немесе оқыту құрылғысы тарапынан, ең алдымен, үйренушінің танымдық сферасына әсер етеді. Бұл әсер ең алдымен оқу мақсатының сәйкестігіне бағытталуы қажет.
Жаңа ақпараттық технологияның оку процесіне енгізілуі бұл жүйенің орнына "оқушы-оқытушы-компьютер" пайдаланғандықтан қалыптасқан психологиялық-педагогикалық әдістеріне өзгерістер енгізуді қажет етеді. Олай болса, жаңа жағдайдағы оқу-тәрбие процесін тиімді және мақсатына жете алатындай ету үшін бірқатар психологиялық-педагогикалық мәселелерді қайта құруға тура келеді. Осыған байланысты психологияның, педагогиканың және дидактиканың көптеген дәстүрлі қағидаларын қосымша зерттеу қажет болады.
Оқытуды компьютерлендіру кезінде күрделі операциялық құрылымды қалыптастыруда компьютер шешуші ықпал етеді. Іс-әрекетінің нәтижесінде алға қойған мақсатқа жетеді.
Оқу мақсатының ауқымы өте кең. Программалап оқыту идеясының кең таралуымен байланысты оқу мақсатын компьютерлендіруге қызығушылық арта түсті. Программалық оқытудың мақсаты оқуды бітіргеннен кейін меңгеруге тиісті біліктігіне назар аударуды қажет етеді.
Компьютерлік оқытудың бағдарламасын құрастырмастан бұрыш алдыға қойылатын міндеттер - оқушылардың өздері қойған мақсаттарын, оку мотивін ынталандыру
Болашақта электрондық техника физикадан оқу жабдықтарының құрамына оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырушы және оқытуды терең ынталандырушы құрал ретінде қосылады. Бұның бірінші себебі электрониканың кең таралуы, оның қазіргі әлемдегі мәнінің анықталуы және оқушылардың болашақ еңбек әрекеті информатика негіздерімен есептеуіш техникасы мативтеріне ұқсас мотивке сәйкес келуі оның тағы бір себебі. Информатика сабағында ЭЕМ-де жұмыс істегенде, оқушылардың алғашқы белсенділігі операционалдық мотиві арқылы жүзеге асырылады. Ал физика сабағында, оқушылар электрондықтехникаға есеп шығару және іс-әрекет амалдарын сипаттаушы құрал ретіңде бағыт ұстайды, нәтижеде мотивтен мақсат туыңдайды.
Электрондық техника қандай да бір есепті шығару құралы болып қоймай, жай ғана қолданбалы құрылғы болуы мүмкін. Басқа мақсаты окушының танымдық-логикалық сферасында тұлға, оның қоршаған әлем туралы ұғымымен түсінікті, логикалық операциялар мен әдістерді, таным қызметі мен ителлектуальдық тәсілі мүмкіндік алады. Бұл мақсатқа электрондық техниканың физикалық негіздерін оқу арқылы, сондай-ақ адамды қоршаған ортадағы техниканың орнының бірегейлігін көрсету арқылы жетуге болады.
Компьютерлік оқыту жағдайында окушылардың белсенді шығармашылық іс-әрекеті жүзеге асады. Көптеген үйрету программалары окушылардың іздемпаздығына түрткі болады, сұрақтың шешімінен қателескен жағдайда компьютер бағыт-бағдар береді. Атап айтқанда, оқу мотиві мен оқушылардың таным қызметін қалыптастырудың тиімді жолдары проблемалық ситуация туғызумен байланысты. Компьютерлендіру жағдайында проблемалық оқытудың психологиялық-педагогикалық заңдылықтары пайдалануы қажет, бұл зандылықтар үйретуші программаларын жасағаңда компьютердің көмегімен сәйкес келетін педагогикалық ситуацияларды қайталағанда сақталуы керек.
Осы мағынада біз компьютердің оқу үйрету әрекетін біртұтас деп қарастырамыз. Егер компьютер оқу әрекетінің құралы ретінде ғана пайдаланылса, онда ол "тұтынушы - ЭЕМ" схемасының аумағында болады. Компьютер оқу әрекетінің басқару функциясын атқарса, үйрету құралы ретінде қолдануды мойындағаны.
Электрондық есептеу техникаларын қолдану оны компьютерді оқыту құралы ретінде пайдалану мүмкіндіктерімен байланыстырады, компьютер оқу қондырғысы және білім берудің мазмұнды объектісінің бірі ретінде қарастырылады. Бірінші бағыты компьютер оқыту құралы ретінде - әртүрлі қиындықтағы үйретуші программалар арқылы, әсіресе, автоматтандырылған үйретуші жүйелерде жүзеге асырылады. Компьютердің оқу процесінде қолданыла бастауы, мектепте оқыту практикасының міндеттеріне әлеуметтік жағдайды модельдеуші және т.б. мәселелерді алып келді.
Дербес компьютерді алғаш жасаушылардың бірі Алан Кэй былай деп жазды: "Компьютерлі қолдану сауаттылығы - бұл есептеу процесінің мәнін жеткілікті түрде терең түсіну арқылы әртүрлі есептерді шығаруда ЭЕМ қолдана білу". Мысалы, компьютерлік модель арқылы жарықтың сынуын және толық шағылуын анықтау, әдеттегі (дәстүрлі) құралдар арқылы көрсетуден әлде қайда оңай.
Қазіргі дербес ЭЕМ-нің оргтехникалық мүмкіндіктері, оқушыларды жұмыс нәтижелерін кесте немесе график түрінде дисплей экранына немесе қағазға шығарып беруге мүмкіндік туғызады. ЭЕМ-ді программалық қамтамасыз етуде, құрамына кіретін көптеген мәтіндік және графикалық редакторлар бар. Әртүрлі алфавитік цифрлік мәліметтерді даярлауға, формулалары бар мәтінді жазуға, суреттерді, кесте түрінде берілген сандарды, диаграммаларды, графиктерді салуға ыңғайлы. Мектеп физикасы үшін, білім жүйесінің мазмұнын көрнекілік пен экспериментті өзара байланыстыру, олардың арасындағы байланысты, құбылыстардың заңдылықтарын және ұйымдарды ашып көрсету болып табылады.
Компьютерді мұғалім қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге физикалық формулалар, физикалық шамалардың өлшем бірліктері, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалық құбылыстардың динамикалық бейнесі, тәжірибеге арналған құрылғылардың тізімі аспаптардың сипаттамалары және т.б. жатқызуға болады. Басқаша айтқанда, мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі.
Қазіргі компьютерлік оқыту құралдары оқу материалының сапасын жаңа деңгейге көтеретінін атап көрсетуге болады. Оқушылар демонстрация кезінде дисплей экранына параметрлік объектінің өзгерісінің сол немесе т.б. өзгерген операциясының нәтижелерін көре алады. Оқу қызметінде компьютердің рефлексивтік деңгейін жүзеге асыруды елестетсек, оның мүмкіндіктері ерекшеі үлкен. Компьютер кез келген ойдың өтімділігін, оқушылардың таңдап алған стратегиялық міндеттерінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетіп бере алады.

УНИВЕРСАЛЬДЫ ПАКЕТТЕР ҚҰРАМЫ
2.1 MICROSOFT WORD – пен жұмыс істеу
Місгоsoft Word редакторы (төменде біз оны жай ғана Word деп атаймыз) — мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге жәнс қағазға басып шығаруга арналған Windows жүйесінің қолданбалы немесе қосымша программасы. Бұл секілді программалар көбінесе мәтіндік редакторлар немесе мәтіндік процессорлар деп аталады. Word -тың көмегімен тек мәтіндік ақпараттарды өңдеп қана қоймай, түрлі форматтағы объектілермен жұмыс жасауға мүмкіндік бар. Мысалы, құжат ішіне енгізілген фото- суретті, безендірілген түрге келтірілген қаріпті, кестені, сонымен қатар аудио-, бейнефрагменттерді көруге болады.
Сонымен қатар, мысалы, Блокнот программасынан айырмашылығы - Word -та құжаттың сипаты мен сіздің алға қойған мақсатыңыз және жұмыс жасау деңгейіңізге қарай экран параметрлерін орнатудың, яғни оның баптауларының бірнеше нұсқалары қарастырылған
Місгоsoft Word программасын іске қосу және онымен жұмысты аяқтау
Word -ты іске қосу бірнсшс тәсілдермсн жүзеге асырылады:
І.Тапсырмалар тақтасындағы Іске қосу (Пуск) батырмасы менюінің командалары көмегімен; 2.Программалардың Місгоsoft Office тобындағы Word белгішесінде тышқанды екі рет шерту арқылы;
3. Windows жүйссінің Сілтeуіш (Проводник) программасы тeрeзecін пайдалану арқылы;
4. Word редакторына дайындалған құжаттың белгішесіне тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы және т.б.
Редактормен жүмысты аяқтау куз кулгун стандартты тәсілдермен жүргізіледі:
Файл-Шығу (Файл-Выход) меню командасын таңдау арқылы;
Word негізгі терезусін жүйелік менюіндегі Жабу (Закрыть) командасын тандау арқылы;
Тышқан курсоры терезе тақырыбы
аумағында тұрғанда, курсорды сол жақ
шеттегі Жүйелік меню белгісіне алып
барып, тышқанды екі рет шерту немесе батырманы бір рет басып, менюдің Жабу командасын таңдау арқылы;
• редактор терезесінің тақырып жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу (X) батырмасын
шерту тәсілімен;
•Тікелей АІt+Ғ4 пернелер комбинациясын орындау жолымен.
Егер программамен жұмысты аяқтау барысында мұның алдында өзгертіліп, бірақ дискіге жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға қосымша сұхбаттасу терезесін шығарып, өзгертілген құжатты дискіге жазу (Иә-Да) керектігін, ал жазбасаңыз (Жоқ-Нет) сәйкес батырмалары арқылы оны да растап беруіңізді өтінеді. Қалауыңыз бойынша, редакторда ары қарай жұмыс істей бсруіңізге де (Болдырмау-Отмена) болады.
Місгоsoft Word програмасының жұмыс терезесі
Word – тың стандартты терезесі келесі бөліктерден тұрады. Тақырып жолы- терезенің бөлігіндегі қатар. Онда құжат пен программаның өзінің аты мен оң жақ шетінде терезені басқару батырмалары Орап қою (Свернуть) , Қалпына келтіру (Востановить), Жабу (Закрыть) орналасқан.
Меню жолы —Word редакторының барлық командаларына қол жеткізеді. Ондағы әр пункт бір-бірлерімен байланысқан менюді ашады. Түр (Вид) менюін ашу үшін, оны тышқан тетігімен шертеміз. Сол кезде бізгс құжатты экранда көрсету тәсілдерін орындайтын бірнеше командалар ұсынылады. Мұнда көрсетілген, мысалы: Сілтемелер (Сноски) және Ескертпелер (Примсчания). Ағымдағы жағдайда активті емес, яғни жұмыс жасамай тұрған командалар осылай көрсетіледі. Жекелеген ішкі менюге алып баратын пункгтер бағыттауыш сызықтармен аяқталып тұр. Мысал ретінде Саймандар тақтасы (Панели инструментов) пунктін тандауға болады. Кейбір командалар пернелер комбинациялары арқылы орындалуы мүмкін. Мысал үшін меню қатарының Түзету (Правка) пунктін танданыз. Мұндағы Табу (Найти) командасын орындау үшін пернелік комбинацияларын басуға да болады. Бұл әрекетте Сtrl пернесін басулы күйде үстап тұрып, Ғ пернесін бассаңыз, Табу (Найти) командасын орындағандай нәтиже аласыз.
Меню жолынан кейін Стандартты саймандар тақтасы орналасқан. Ол жиі кездесетін амалдарды орындауға арналған батырмалардан тұрады. Мысалы Файлды Сақтау (Сохранить), Баспаға беру(Печать)
Құжатты экранда көрсету режимдері
Word редакторында құжатты экранда көрсетудің бірнеше түрлері бар. Жұмыс бабына қарай олардың әрқайсысы өз мүмкіншіліктерімен ерекшеленеді. Құжатты көрсету режимдерін Түр менюінен қажеттісін таңдау арқылы немесе Қалып-күй қатары маңындағы көлденең жылжу алабының сол жақ шетіндегі батырмаларды тышқан тетігімен шерте отырып шақыруға болады, және олар келесі тәртіптерден тұрады:
Кәдімгі режим (Обычный режим) батырмасы — бұл көру режимі келісім бойынша редакторға кіргенде бірден тағайындалады. Ол мәтінді форматтау элементтерін қарапайым түрде көрсете отырып, беттерді бөлу шекараларын пунктир-сызықшамен бейнелеп, символдарды теру, түзету және көру процесін
жылдам орындайды.
WеЬ қүжат (Режим WеЬ -документа) режимі — қүжатты WеЬ-парақ түрінде көрсетеді. Экрандағы құжатты оқу үшін өте тиімді тәртіп, құжатпен жылдам жылжу үшін оның сол жағындағы көрсетілген құжаттың құрылымын пайдаланады.
•Бетті белгілеу режимі (Режим разметки) — Word редакторында — құжат қағазға басылғанда қандай болса, экранда дәл солай кескінделетін режим. Мұнда тақырыптар, нұсқамалар, бағаналар мен объектілер парақ бетінде өз орындарында кескінделеді.
•Құрылым (Режим структуры) режимі — бұл құжаттың құрылымымен жұмыс жасау үшін керек. Әр түрлі деңгейде орналасқан тақырыптарды және мәтіндерді көрсете алады немесе жасырып қояды.
2.2 PHOTOSHOP жайлы алғашқы мағлұмат
Универсалды пакеттер құрамына Photo (Соге1Рhоtо, PhotoFinish, PhotoStyler, EasyPhoto және т.б.) сөзі бар графикалық пакеттерді жатқызамыз. Олардың басты айырмашылығы – фотографиялық бейнелерді өңдеуге бағыттылығы. Сондықтан, оларды дизайнерлер мен суретшілер, кәсіби фотографтар және жарнама ісіндегі мамандар кеңінен қолданылады. Дәл осы пакеттер суретші-ретушердің жұмысын қызықты шығармашыл жұмысқа айналдырды. Фотографияның пайда болу кезінен бастап ретуштің мақсаты суреттегі дефекті облыстарды алып тастау болса, дербес компьютердің және сәйкесті программалық қамтамалардың пайда болуы ретуштің сапалық жағынан жаңа деңгейі – композициялқ ретушке өтуге мүмкіндік жасады.
Жоғарыда сипатталып өткен программалық қамтамалардың қолданысы бойынша кеңінен қолданылатыны, әрі ерекше орынға ие Adobe Photoshop программасы. 2002 жылы шыққан 7.0 версиясы мамандарды жаңа қасиеттермен түрлендіре түсті. Бұл ерекшелік– қабаттармен, каналдар мен контурлармен жұмыс істеуде, облыстарды бөліп қарау және оларды автоматты өңдеуде, сандық бейнелердің және графикалық файлдар форматтарының көбісін қолдауында, түстерді бөліп қараудың жоғары дәрежелілігінде айқын байқалады. Айтып өткен, сондай-ақ пакеттің одан басқа да көптеген қасиеттері бейнелерді ретуштауға (кең мағынада) арналған айнымас құрал деп танытуға мүмкіндік жасайды [1].
Adobe Photoshop(АР) программасы графикалық объектілерді өңдеу, өзгерту, сақтауда қолданылатын пакеттердің бірі. (АР) – палитрамен жұмыс істеу, калибровка жасау, сканерлеу, импорттау және экспорттау, облыстарды, контурларды бөлу, салу/өзгерту, түстерді, қабаттарды, каналдар және маскаларды, таңдау және тағы басқа мүмкіндіктерді ұсынады. (АР) программасының басты беті сурет 1-де келтірілген.
Сурет 1 - Adobe Photoshop программасының басты терезесі.

PHOTOSHOP ЖАЙЛЫ АЛҒАШҚЫ МАҒЛҰМАТ
Photoshop редакторының терезесі
1.1 суретте Photoshop редакторының жүктеме кезіндегі және жаңа құжатты ашу кезіндегі қалпы келтірілген.

Рис. 1.1 Окно редактора
Программа терезесінің атауы
Бұл редактор терезесінің жоғарғы жақ жолы. Бұл жерде терезе қалпын басқаратын үш батырма орналасқан. Олар барлық Windows 95/98/Me қосымша программалары үшін стандартты. Сол жақ батырма терезені белгіге дейін жабады, ортаңғы батырма – оны экранның толық бетіне шығарады, ал оң жақ батырма – программаны жабуға мүмкіндік береді.
Меню жолы
Терезе атауының төменгі жағында меню жолдары орналасқан. Ол құрамына редактордың негізгі меню атауларын қамтиды. Қандай да бір меню командасын таңдау үшін, оның үстінен тышқанмен шертсе болғаны.
Егер соңында көп нүктесі бар команданы орындасақ, экранда диалогты терезе немесе диалог ашылады. Ол жерде сіз кейбір атрибуттарды көрсетіп кетуіңізге тәра келеді. Мысалы, Файл менюінің Открыть командасын таңдаған кезде құжаттары бар диалогты терезе ашылып, керекті құжатты таңжап жүктеуге салуыңызға болады.
Әртүрлі меню көмегімен бірнеше мәселелерді шешуге болады:
Файл – файлдармен жұмыс: құжаттарды құру, ашу және сақтау; баспаға жіберу және оны ұйымдастыру; құжаттарды испорттау және экспорттау; құжат жайлы ақпаратты теру; редактордан шығу; бейнелерді автоматты өңдеу;
Правка – редакторлау: таңдап алынған облыстарды көшіру, өшіру және орнату; іс-қимылдарды кері қайтару; бөлінген облыстарды трасформациялау;
Изображение – бейнелермен жұмыс істеу: дубляж жасау, холст өлшемдерін және бейнені өзгерту; оны айналдыру, ақ-қара түсті және түрлі-түсті коррекция, түстік моделді өзгерту, түстік қақпанды құру және т.б.;
Слой – қабаттармен жұмыс: құру, өшіру, дубляж, қабаттар эффектісі, қабаттарды топтау, байланысқан қабаттарда объектілерді реттеу, қабаттар маскалары және т.б.;
Выбор – бөліп алулармен жұмыс: бейнені толығымен бөліп алу, бөліп алуды алып тастау және қайтару, бөліп алуды инвенторлау және трансформаторлау, қысу, жиіліктік мүмкіндігі, берілген түстің облыстарын бөліп алу, бөліп алуды жүктеу және сақтау;
Фильтр –Photoshop фильтрлары;
Вид – редактордың сыртқы келбетімен жұмыс: құжатты көрсету режимдері және масштаб; бағыттауыштарды, торларды, координатты сызықтарды көрсету; бағыттауыштарды құру, торға және бағыттауышқа байланыстыру;
Окно – әр түрлі құжаттармен бір уақытағы жұмыс немесе әр терезеде бір құжатпен жұмыс істеу; экранға құралдар панелі мен өзгермелі палитраларды шақыру;
Помощь – қолданушыға арналған көмекші құжаттарын ашу.

Файлдар броузері терезесі

Photoshop программасы жүктелгеннен кейін, жұмыс терезесінде тек құралдарды, палитраларды, панелдерді ғана көреміз. Мәтіндік және басқа да графикалық редакторларға қарағанда, Photoshop жүктелген кезде жаңа таза құжатты ашпайды, себебі ол көбінесе басқа бейнелерден алынған бейнені өңдеуге арналған.
Сурет 1.2 – Файлдар броузерінің терезесі

«Броузер» палитрасы суреттерді қарап шығуға, сорттауға және таңдалған суретті ағымды кескінге келтіруге мүмкіндік береді. «Броузер» палитрасының көмегімен жаңа папкаларды құруға, өшіруге, жылжытуға, градустар бойынша айналдыруға болады.
Үнсіз үйлесім бойынша файлдар броузері терезесінде суреттер үлкен өлшемді кескіндер ретінде бейнеленеді. Егер сіздің папкаңызда графикалық файлдардың саны көп болса, онда сізге 1.2 суретінде көрсетілгендей, кішірек кескіндерді қолдануға тура келеді.
Панелдер және палитралар
Сандық праметрлерді енгізу немесе кейбір өлшемдер, қаріптер, түстер сияқты атрибуттарды таңдау мақсаты тұрған кезде, сіз арнайы диалогты терезелер – панелдер және палитраларды қолданасыз.
Құралдар панелі
Құралдар панелінің көмегімен біз сурет саламыз, бояймыз, бейненің керекті облыстарын бөліп аламыз, оларды жылжытып өзгертеміз, тексті енгіземіз және т.б. операцияларды орындаймыз. Төменгі жақта редактор терезесінің қалпын өзгертетін 3 батырма орналысқан.
Ағымдағы форма облыстарын бөліп алуда қолданылатын құралдар
Тікбұрышты облыс (Rectangular Marquee), Shift+M;
Эллипс типті облыс (Elliptical Marquee), Shift+M;
Жалғыз жол (Single Row Marquee), Shift+M;
Жалғыз баған (Single Column Marquee), Shift+M.
Облыстарды бөліп алуда қолданылатын құралдар
Лассо (Lasso), Shift+L;
Көпбұрышты лассо (Polygonal Lasso), Shift+L;
Магнитті лассо (Magnetic Lasso), Shift+L.
Шеттер бойынша қиып алу құралдары

Кадрлау (Crop), Shift+C.
Ретуш операциясына қажетті құралдар:
Қайта келтіру кисть (Healing Brush), Shift+J;
Заплата (Patch), Shift+J.
Бейне бөліктерін көшіру құралдары
Клондаушы штамп (Clone Stamp), Shift+S;
Өрнек штампы (Pattern Stamp), Shift+S.
Өшіруге арналған құралдар:
Өшіргіш (Eraser), Shift+E;
Фонды өшіргіш (Background Eraser), Shift+E;
Сиқырлы өшіргіш (Magic Eraser), Shift+E.
Дәлдікті басқару құралдары
Жуу (Blur), Shift+R;
Дәлдік (Sharpen), Shift+R;
Саусақ (Smudge), Shift+R.
Векторлық контурларды бөліп алу құралдары
Контурды бөліп алу (Path Selection), Shift+A;
Тік бөліп алу (Direct Selection), Shift+A;
Векторлық контурларды салу және өңдеу үшін құралдар
Перо (Pen), Shift+P;
Бос форма(Freeform Pen), Shift+P;
Тіректі нүктені қою (Add Anchor Point), Shift++;
Тіректі нүстені жою (Delete Anchor Point), Shift+-;
Нүктені түрлендіру (Convert Point).
Комментарий құруға арналған құралдар
Комментарий (Notes), Shift+N;
Аудиоаннотация (Audio annotation), Shift+N.
Қол (Hand) терезесінде бейнелердің орнын ауыстыру үшін құралдар, Shift+H.
Активті түстерді басқару үшін қолданылатын құралдар
Өңдеудің стандартты режимін қосып қою құралы. (Edit in stardart Mode), Shift+Q.
Image Ready программасына өту құралы (Jump to), Shift+Ctrl+M.
Бөлінген облыстардың орнын ауыстыру (Move) үшін қолданылатын құралдар, Shift+V.
Бір түсті облыстарды бөліп алуда қолданылатын құрал (Magic Wand), Shift+W.
Бейнені фрагментке кесуде қолданылатын құралдар
Фрагмент (Slice), Shift+K;
Фрагментті бөліп алу (Slice Select), Shift+K.
Сурет салуда қолданылатын құралдар
Кисть (Brush), Shift+B;
Карандаш (Pencil), Shift+B.
Бейнелердің алдында болған жағдайына келтіретін құралдар Қалпына келтіретін кисть (History Brush), Shift+Y;
Бөлініп алынған облыстарды бояу құралдары
Градиент (Gradient), Shift+G;
Бояуы бар шелек (Paint Bucket), Shift+G.
Жарықтылықты басқару құралдары
Жарықтағыш (Dodge), Shift+O;
Қараңғылатқыш (Burn), Shift+O;
Губка (Sponge), Shift+O.
Мәтін енгізу үшін қолданылатын құралдар
Горизонтальды мәтін (Horizontal type), Shift+T;
Вертикалды мәтін (Vertical Type), Shift+T;
Горизонталды мәтін маскасы ( Horizontal Type Mask), Shift+T;
Вертикалды мәтін маскасы (Vertical Type Mask), Shift+T.
Векторлық фигураларды салуда қолданылатын құралдар Тікбұрыш (Rectangle), Shift+U;
Дөңгелектенген тікбұрыш (Rounded Rectangle), Shift+U;
Эллипс (ellipse), Shift+U;
Көпбұрыш (Polygon), Shift+U;
Түзу (Line), Shift+U;
Қолданушы формасы (Custom Shape), Shift+U.
Қашықтық пен бұрыштарды өлшеуде, түстерді өлшеу және көшірмесін алатын құралдар Пипетка (Eyedropper), Shift+I;
Түстік пробалар (Color Sampler), Shift+I;
Өлшеуіш (Measure), Shift+I.
Бейнені әртүрлі масштабта қарап шығу құралы Лупа (Zoom), Shift+Z.
Жылдам маскілеу режимінде редакторлайтын батырманы қосу (edit in quick Mask Mode), Shift+Q
Программа терезесінің сыртқы келбетін басқаратын құралдар


1.3.2 Өзгермелі палитралар

Бейнелермен жасалатын операциялардың барлығы палитралар көмегімен іске асады. Олардық барлық саны 15. Бірге қолданылатын палитралар «бір шатырдың астында» орналасады.
«Слой» палитрасы қабаттарды құру, көшіру, біріктіру және өшіру үшін, сондай-ақ қабат-маскаларды құру үшін қолданылады. Сонымен қатар, аталған палитраның көмегімен жеке қабаттармен жұмыс істеуді қамтамыз етеді (сурет 1.4).
Сурет 1.4 - «Слои» палитрасы
«Каналы» палитрасы каналдарды кұру, нақтылы көшірмесін алу және өшіру үшін, олардың парметрлерін анықтау үшін, каналда


жамиля
jamilka94
18-11-10 17:06
процессор
сандуғаш
sandy.15
28-10-10 11:42
компьютер дегеніміз не? реферат
сандуғаш
sandy.15
28-10-10 11:40
компьютер дегеніміз не?
aslanbek
asike1997-007@maill.ru
18-10-10 19:17
komp degenimiz oinaitin jane internetke kretin zat Xd
Ануар
Anyar_1991@mail.ru
11-10-10 20:55
перне тақта

Ақиқат
akimak_xaker@mail.ru
06-05-10 00:41
Арслан

оны әке-шешеңнен сұра сатып алып берген
1122334455
05-05-10 12:03
Komputer degen sen osy takyrypty jazgan kezde koz aldynda bolgan kurylgy.
Дастан
dos_marat
27-04-10 11:05
комп. деген ол монитор, перне тақта, процессор, тышқан,тағы не бар еді? солардың барлығы құралып компьютер болады. МІне солай!!!



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов