Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Мәдениет, өнер, дәстүр, әдебиет, БАҚ
Тақырып: Мукагали Макатаев


Авторы Xабарлама
Айгерим
Aika-princessa
02-02-09 19:53
тауып берiнiшшi

Авторы Жауап
Сундет
20-06-16 19:38
Мукагали Макатаевтын Мен нагыз махаббатты армандаймын олени поэзияга жатадыма
Eroma
Eriko_92.01@mail.ru
10-01-16 00:55
Mukagaly agamizga jeter akin jok wigar
Балтабекова Диана
27-02-15 06:40
Маган М. Макатаевтын аккулар уйыктаганда деген оленине байланысты кандай шыгарма жазуга болады? Отинем айтыныздаршы
мадина
13-02-15 12:42
өтініш біреулерің маған апама деген өлең тауып беріңдерші
аружан
13-02-15 07:39
маған Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны туралы 40сұрақ керек еди тауып бере аласыздарма?
аружан
13-02-15 07:29
балнур рахмет
айдана
гулмира
06-02-15 16:42
маган тез арада мукагали атага сыр эссеси керек
жакында соган арналган ашык сабак отемиз
МЕРУЕРТ
MERUERT@EXANPLE.COM
05-12-14 19:50
Айгерим осырсан тауып берем
Айдар
baikonyr90@mail.ru
23-05-14 19:10
Отиниш маган Мукагали Макатаевтын омырыне арналган спектакль бар соны бар болса жазып жибериниздер.
Рома
93.roma@mail.ru
21-05-14 14:12
М.макатевтын мына оленин тауып бересиздерма такырыбын билмеймин. Мынандай басы. Зулайды кундер кундерим менин зулайды, зулаган кундер бетиме ажим силайды. Анимде канша..... Осыны тауып бериниздерши
думан
duman_96.kz@mail.ru
06-03-14 18:42
мукагали макатаевтын муз балагы поэзиясын тауып бернши
Акылбек
Akylbek.tlegenov
22-02-14 23:12
Ассалаумагалейкум жамагат М.Макатаевтын айналгандай аядай калашыкты оленин тауып береси3дерме?
акниет
mergenova aknlet
08-02-14 06:53
керемет жазылган
Иманкулава Мархаба
Marhaba_12.12@bk.ru
06-02-14 08:25
Аккулар уйктаганда поэмасындагы анага хат жазип бериндерши.

аружан
ulmiesova.aruzhan@inbox.ru
28-01-14 11:38
неңі аңсаймын?...
туған өлке,туған жұрт,сеңі аңсаймын,
неге аңсаймын,білмеймін,неге аңсаймын
ұл де,мейлің,адасқан құл де,мейлің
сеңі ансаймын,туған ел,онан сайын!
деген оленді тауп беріндерші

мерей
MEREI_19.19
27-01-14 07:43
magan mukagali makataev turali olen kerek

балнұр
miss-bako
15-01-14 12:00
Гүлнұр-Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Бұған тиісті ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші ту­ған күніне байланысты мынадай сөз айта­ды: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпан­да дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен».[1] Азан шақырып қойылған аты - Мұхаметқали.[2] Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады("Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?"). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады.[2]1948 - 49 ҚазМУ-дың филология факултетінің студенті;
1948 - оқуын тастап, Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы;
1949 - көктемде жары Лашынмен отау құрады;
1949 - "Советтік шекара" газеті ақынның "Қырман басында", "Қойшы бала - Әкітай" деген өлеңдірін жариялады;
1950 - Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне оқуға түсіп, көп ұзамай тұрмыстық жағдайына байланысты оқуын тастайды;
1954 - Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі болып тағайындалады, осы жылы ақынның үш өлеңі "Әдебиет және искусство" журналында жарияланды;
1957 - Республикалық радионың диктор қызметін атқарады;
1960-62 - "Советтік шекара" газетінің бөлім меңгерушісі;
1963-1965 - "Мәдениет және тұрмыс" журналында жұмыс істейді;
Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады.
Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965 жж.), «Жұлдыз» (1965-1972 жж.) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жж.) қызмет атқарады. Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді. Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған.1948 - 49 ҚазМУ-дың филология факултетінің студенті;
1948 - оқуын тастап, Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы;
1949 - көктемде жары Лашынмен отау құрады;
1949 - "Советтік шекара" газеті ақынның "Қырман басында", "Қойшы бала - Әкітай" деген өлеңдірін жариялады;
1950 - Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне оқуға түсіп, көп ұзамай тұрмыстық жағдайына байланысты оқуын тастайды;
1954 - Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі болып тағайындалады, осы жылы ақынның үш өлеңі "Әдебиет және искусство" журналында жарияланды;
1957 - Республикалық радионың диктор қызметін атқарады;
1960-62 - "Советтік шекара" газетінің бөлім меңгерушісі;
1963-1965 - "Мәдениет және тұрмыс" журналында жұмыс істейді;
Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады.
Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965 жж.), «Жұлдыз» (1965-1972 жж.) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жж.) қызмет атқарады. Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді. Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған.Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек” (1972 ж.), “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің” (1975 ж.), “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-дастан” және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, “Қош, махаббат!” (1988 ж.) атты прозалық кітабы да бар. Біршама өлеңдеріне ән жазылды. Өзін аудармашылық қырынан да сынап көрген Мұқағали Дантенің “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” деген бөлімін (1971 ж.), Шекспирдің “Сонеттерін” (1970 ж.), Уолт Уитменнің өлеңдерін (1969 ж.) қазақ тіліне аударды.
Ақынның көзі тірісінде 3 аударма кітабы [У.Уитмен, “Шөп жапырақтары” (1969); У.Шекспир, “Сонеттер” (1970); Д.Алигерьи, “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” бөлімі (1971)], 8 жыр жинағы [“Ильич” (1964), “Армысыңдар, достар” (1966), “Қарлығашым, келдің бе?” (1968), “Мавр” (1970), “Дариға-жүрек” (1972), “Аққулар ұйықтағанда” (1974), “Шуағым менің” (1975), “Өмірдастан” (1976)] жарық көрді. У.Уитмен, У.Шекспир, Н.Тихонов, Р.Бернс, Ф.Ансари, А.Акопян, А.Исаакян, Е.Евтушенко, Ф.Моргуннің бірнеше өлеңдерін аударды. Ю.А. Александров, М.М. Курганцев тәржімалаған ақын өлеңдері “Зов души” деген атпен орыс тілінде басылып шықтыМұқағалидің “Ильич”, “Ақ қайың әні”, “Ару-ана”, “Мавр”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Қырандастар, қош болыңдар”, “Чили-шуағым менің”, “Шекарада”, “Большевиктер”, “Өмірдастан”, “Арман”, “Шолпан”, “Досыма хат”, “Алтай-Атырау”, “Отаным, саған айтам”, “Райымбек! Райымбек!”, “Қашқын”, “Жер үстінен репортаж”, “Моцарт. Жан азасы” атты поэма-толғаулары бар. 650-ден астам лирикалық өлеңдерінде адам өмірінің мәні, әсемдік пен сұлулық, тазалық, ерлік, елдік, туған жер турасында терең толғаған. Ақын өмірінің соңғы кезеңінде жазған “Моцарт. Жан азасы” реквиемі пәлсапалық мазмұны, психологиялық тіні өзгеше туынды. “Табыт үні”, “Халық үні”, “Жесірлер үні”, “Бесік жыры” аталатын 4 бөлімді туындының әрбір бөлімінде бірде табыт, бірде жесір-Ана, бірде Жер-Бесік атынан Өмір мен өлім туралы философиялық пайымдаулар айтылған. Ақын Моцарт тағдырын тілге тиек ете отырып, өмір туралы өз жанының оптимистік рухын, әрбір адамның жан түкпіріндегі арман-әнін жеткізеді. Ақын қай тақырыпта жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады, ол туралы: “Мен жырламаймын, Сырласамын. Сыры бір замандаспен мұңдасамын. Көгендеп жыр қосағын, Келмейді жыр жасағым” немесе “Тіпті де мен емес-ті “Мен” дегенім... Өзгенің жаны-сырын ұғу үшін, Өзімді зерттегенді жөн көремін” дейді. Мұқағали шығармашылығының тіні “өзін-өзі” зерттеуден тұрады. Мұқағалидің медитативті лирикасындағы лирик. Мен — өзін-өзі іздеген, өмір мен өлім, адам мен қоғам, ғаламнан үйлесімділік іздеп шарқ ұрған, толассыз ізденістегі пәлсапашыл Мен. Мұқағалидің шығармаларында философиялық тереңдік, адамның психологиялық жан күйзелісін суреттеу, медитация басым. “Өмірдастан” атты топтамалы толғауында жесір жеңге (Дариға) образы арқылы тылдағы халық өмірі мен адамдық, азаматтық, адалдық, ар-намыс, рух пен нәпсі арасындағы толассыз күрес психол. шиеленіс арқылы шебер жеткізілген. Мұқағалидің шеберлігі өзі өмірден көрген-білгенін көңіл елегінен өткізе терең жеткізуінде. Имандылық,ислам діні турасында “Я, Жаратушы Аллам”, “Сатқан емен”, “Дін-ғылымның анасы”, “Я, Алла”, “Бүкіл дүние мұсылмандарына хат”, “Адам қайдан жаралған”, “Жүрек арызы”, “Күн батты, міне, кеш кірді”, “Не керек, осы, адамға”, т.б. өлеңдер жазды. “Сатқан емен, сатпайтын дінімді мен”, “Мұхаммедтің үмбеті-мұсылманмын”, “Сайтанның да, күнәсіз періштенің, Бал мен уын талғамай неге ішкенмін. Періштенің қайғысын бөліспедім, Сайтанменен болса да келіспедім” секілді жыр жолдарында адам табиғатына сай тартыс, пенденің жан тылсымындағы жұмбақ қақтығыстар көрініс тапқан. Ол әсіресе тауды, қазақ ауылын көп жырлайды (“Тауда өстім”, “Тау бір аңыз”, т.б.). “Өлмесін деп берген ғой тауды маған, Мен күңіренсем, күрсініп тау жылаған”. Ол қазақ өлеңін мазмұн, пішін жағынан түрлентті. “Қазақтың қара өлеңі құдіретім, онда бір сұмдық сыр бар естілмеген” дейді ақын. Мұқағали дәстүршіл ақын, ол өлеңге интонация, инверсия, мазмұн тұрғысынан жаңалық енгізді. Мұқағалидің поэзиясы ұлттық характерімен, мінезімен ерекшеленеді: “Су сұрасам, сүт берген, айран берген, Қартайып қалыпсың-ау, қайран жеңгем”. Ақын өлеңге ерекше кие деп қарап, Музаға табынған: “О, Муза, маған алыс сөреңді бер, ұайыптан кел де, мені демеп жібер”. Мұқағали адам жанының диалектикасына терең бойлап, оның болмысын шынайы бедерлейді (“Жапырақ жүрек-жас қайың”). Ол “Нағыз ақын алдымен ойшыл, философ болуы қажет. Поэзияда философ болу өзін қоршаған әлемді ұғыну, әр заттың мәнін білу, ақырына дейін “адам жанының инженері болып қалу” дегенді ұстанды (Күнделік, 10.2.1976). Ақынның шеберлігі өмірден өзін, өзінен өмірді көре білуінде. “Бүкіл менің жазғаным — бар-жоғы бір ғана бүтін поэма. Адамның өмірі мен өлімі, қасіреті мен қуанышы туралы поэма” дейді ақын. Мұқағалидің адамзат ғұмыры мен әлем сырын жыр еткен лирикасы қазақ әдебиетіне қомақты мұра боп енді. Мұқағали поэзия жанрында ғана емес, проза, драма, сын саласында да қалам тартты. Қаламгердің “Қош, махаббат” жинағына (1988) әр жылдары жазылған “Құлпытас”, “Марусяның тауы”, “Өзгермепті”, “Әже”, әңгімелері, “Қос қарлығаш”, “Жыл құстары” повестері мен “Қош, махаббат” пьесасы, бірнеше сыни еңбектері енген. “Рух және сезім” , “Сезім найзағайы”, “1969 жылғы қазақ поэзиясы“ атты әдеби сын еңбектерінде О.Сүлейменов, М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Ж.Нәжімеденов, С.Мәуленов, т.б. шығармаларына талдау жасап, өнер, поэзия туралы ой толғайды.[3]Алматы қаласында дүниеден өтті. Негізгі жыр жинақтарын көзінің тірісінде жарыққа шығарды (“Мавр”, “Дариға-жүрек”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің”). Дүниеден өтер алдын “Реквием” атты толғау-өлеңін жазды.
Шығармалары өзбек, қырғыз, т.б. тілдерге аударылған. Ақынның әдеби мұрасын зерттеуде 3 кандидаттық диссертация қорғалып К.Сейтова “Мұқағалидың ақындық мұрасы” (1991), К.Хамидуллаев “Мұқағалидың ақындық шеберлігі” (1993), тіл білімінде З.Қазанбаева “М. Мақатаев лирикасының грамматикалық ерекшеліктері”(1999)], шығармашылығы турасында 700-ге тарта еңбек (мақала, естелік-эссе, роман, поэма, өлең, т.б.) жазылған. Мұқағали қайтыс болғаннан кейін ҚР Жазушылар одағы Мұқағалидің атындағы әдеби сыйлық тағайындады (1985), оған ҚР Мемлекеттік сыйлық (1999), “Ғасыр ақыны” атағы берілді. 60 жылдық мерейтойы қарсаңында ақынның туған жерінде мұражайы ашылды. Алматыда ақын атында мектеп, көше және сол көше бойында Мұқағалиға арналған ескерткіш бар. Мұқағали өлеңдеріне Н.Тілендиев, Д.Рақышев, Ш.Қалдаяқов, І.Жақанов, А.Қоразбаев, Т.Рахимов, М.Рүстемов, Т.Мұхамеджанов, Ә.Тінәлиев, Б.Оралұлы, Т.Досымов, т.б. сазгерлер ән жазды. 1985 жылы Қазақстан Жазушылары Одағының бастамасымен үздік әдеби шығарма авторларына М. Мақатаев атындағы сыйлық тағайындалды. Ал 2008 жылы М.Мақатаев атындағы жаңа сыйлық тағайындалды.
1999 жылы Мұқағалидың «Аманат» атты кітабы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды (Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық). 2011 жылы Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығы түрлі деңгейде аталып өтпек. Осы мерекеге орай "Ақын, туған күнінмен!" деген Асқаров Алимжан өлең арнаған.[4][5]Мұқағали — өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы қазақ халқының ұлттық мектептері мен дәстүрлерін жалғап қана қоймай, оны жан-жақты дамытқан, тереңдеткен, қазақтың өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан жиырмасыншы ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі, ақынның өз сөзімен айтқанда:
«...Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын, —
деген ерен жырдың жаратушысы, Ұлы тұлға, Ұлы ақын.
Поэзия!
Менімен егіз бе едің
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан
Сені іздедім жоғалған замандардан...
... Сені іздедім.
Ӏздеймін тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?»
Аяука иии жаным
ayaulum_190401@mail.ru
12-01-14 22:16
Мен М.Мақатаевтың мектебинде оким го
Карина
Lil_mamitafromkz@mail.ru
09-01-14 19:39
Айналганда аядай калашыкты,алдымыздан кишкентай ана шыкты....ары карай калай?отинемин осы оленди тауып бериндерши?!?!?!
Максат
maks_7501
01-01-14 11:06
ӨЛЕНДЕРІМ ЖӘЙ БОЛЫП АТЫЛГАНДА АТЫЛГАНДА АСПАННАН ОҚЫЛҒАНДА МЫҚАУЛАРҒА ТІЛ БІТІП КЕРЕҢ ЕСТІП ЖАНАР ПАЙДА БОЛАДЫ СОҚЫРЛАҒА деген сондагы көре алмаған соқырлар көріп естіп сөйлеп кеткеніне қуанасында
асыл
17-12-13 11:06
Мұқағали Мақатаевтың 82 жасқа толуына байланысты
«Мұқағали Мақатаев – біздің мақтанышымыз!» атты кештің сценарийі

Мақсаты:
Қазақ жырының қара бурасы атанған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы деректер келтіріп, ақын өлеңдерінің мазмұнын ұғындыру, жатқа оқыту.
1. Білімділік – оқушыларды қазақ ақыны, біртуар тұлғасының бірі – Мұқағали Мақатаевтың бай шығармашылық дүниесімен таныстыра отырып, ақиық ақын Мұқағалиды шексіз сүюге, жас буынды поэзия нәрімен сусындату, ақынның өлеңдеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту.
2. Дамытушылық – оқушыларды өздігінен іздену арқылы деректермен жұмыс істеуге баулу және қазақша сөйлеуге тілін дамыту, өлең оқуға, логикалық ойлау қабілетін, сана - сезімін дамыту.
3. Тәрбиелік – Отанды, туған жерді сүюге, ақын жырларынан үлгі алуға, оқушыларды поэзияны сүйе отырып, сұлулық пен махаббатты тануға, адамгершілік пен мейірімділік қасиеттерін өз бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу.

Құрметті жиналған қауым! Біз бүгін сіздермен Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтің туғанына 82 жыл толуына байланысты «Мұқағали Мақатаев – біздің мақтанышымыз!» атты кеште бас қосып отырмыз.

Қарасаз, Қара шалғын өлеңде өстім
Жақсы жыр жазсам, халқым елеңдестің
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім!

1 жүргізуші: Қазақ поэзия әлеміне шетсіз - шексіз кеңестік пен көз сүрінген биіктік әкелген ақын. Кәусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағыныш сыйлаған ақын. Ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына биыл 82 жыл толып отыр. Ендеше, бүгінгі поэзия кешіміз атынан танылып тұрғандай, Хан тәңірінің мұзбалағы атанып, өлең өлкесінде шашасына шаң жұқтырмаған дарын иесі, ақын Мұқағали Мақатаевқа арналмақшы.

2 жүргізуші: Дорогие друзья! Мы рады приветствовать Вас в этом зале! Мы хотим рассказать Вам о жизни и творчестве неповторимого, выдающегося поэта М. Макатаева. Это поэт современник поэтому нам кажется, что те кто сегодня к нам пришли на праздник чуточку знает, кто такой поэт М. Макатаев, что представляет его творчество.

1 жүргізуші: Сөз кезегінде ақының өмірбаянына қысқаша шолу жасай кетейік. (Слайд көрсетіліп тұрады)

М. Мақатаев Алматы облысының Нарынқол ауданында Қарасаз деген ауылда 1931 жылы дүниеге келді. Анасы Нағиман Батанқызы және әкесі Сүлеймен Мұқағали, Тоқтарбай, Көрпеш есімді үш ұл тәрбиелеп өсірген шаруа адамдары, Мұқағалидің 10 жасында әкесі майданға аттанады. Он жасар болашақ ақын майданға кеткен әкесін аңсап:

Ол жерде Сырымбеттей тау бар ма екен,
Жайдақтың шөбі шүйгін қаулар ма екен,
Мінеки көп ай болды хабары жоқ,
Әкем кеп көңілімізді аулар ма екен,
Әкеміз бір әкеден жалғыз еді,
Судағы жаңа біткен жалбыз еді,
Мінеки, көп ай болды хабары жоқ,
Біз дағы әкемізге зармыз енді.

Әже баласы болған соң анасын Нақа деп атаған. Анасы мен әжесінің тәрбиесінде өсті. 1948 жылы орта мектепті интернатта оқып бітіреді. 1976 жылы 27 наурызда өмірден өтті. Топырақ бұйырған жері Алматы.

Өлең «Жазылар естеліктер мен туралы»
«Алдама мен, ақ сағым»
«Егін салдым, мал бақтым»

2 жүргізуші: (Слайд жалғастырылады) Макатаев родился 9 февраля 1931 года в селе Карасаз Алма - Атинской области. Красота родного, счастливого края стала источником его поэтического дара. Полное имя поэта — Мухаметкали, но его с детства ласково называли Мукагали, считая, что бремя ответственности (нелегко носить имя Пророка) может осложнить жизнь маленького ребенка. У молодых родителей Макатаевых, Сулеймена и Нагиман, он был первым из троих детей. Отец поэта, скромный и работящий человек, за год до войны стал председателем колхоза. В 1941 году началась ВОВ и его отец Сулеймен ушел на войну. Тогда 10 летний Мукагали скучая по отцу написал стихи Из - за тяжелой жизни Мукагали быстро повзрослел. Мукагали закончил среднюю школу - интернат, работал секретарем сельсовета, заведующим красной избой, комсомольским работником, учителем семилетней школы.

1 жүргізуші: Еңбек еткен жылдары: 1948 жылы Алматыда шет тілдер институтында оқып жүріп отбасының тұрмысы ауыр болғандықтан, оқуды еріксіз тастап ауылға оралады. Мұқағали Мақатаев Киров атындағы колхозда кеңес хатшысы болып жұмыс істейді. Ол өте көп керемет өлеңдер жазған. Жастардың елді, табиғатты сүюге үйретеді. Оның өлең – жырлары: «Отан», «Поэзия», «Жас қайын», «Аққулар ұйықтағанда» көптеген шығармалары бар.

«Аққулар ұйықтағанда» поэмадан үзінді
Ән «Есіңе мені алғайсың»
Әнін жазған Л. Әбдіхалыкова». Орындайтын 9 сынып оқушысы

2 жүргізуші: Родной аул Мұқағали у подножья горы Хан тегри, где много родников и луг. Увидев красивую картину природы невозможно не быть поэтом. Мукагали все эти картины природы описывал в своих стихах. Мукагали хорошо знал русский, немецкий языки. Он находясь в ауле через почту выписывал книги. Мукагали поэт, который читал мировую классику и перевел на казахский язык Данте, сонеты Шекспира, песни Уолта Уитмена.

1жүргізуші. Мұқағали Мақатаев немістің ұлы сазгері Бетховенге кереметтей өлең арнаған ақын. Мұқағали Мақатаев бірде емделіп жатқанда, талантты жазушы Асқар Сүлейменов көңілін сұрай келген екен.
(Сахналық көрініс)
Мұқағали:
- Асқар екенің рас болса, екі жыл өмір қосамысың? – деп сұрайды.
Асқар: - Қосамын.
Мұқағали: - Қайтіп?
Асқар: - Бетховеннің 9 - симфониясын тыңдайсың.
Мұқағали: - Уақыт өтіп барады. Тез тыңдат. Тек осында әкеп тыңдат,- депті.
Асқар: - Жарайды, қазір тездетіп әкелейін. (Біраз уақыттан кейін алып келеді. Мұқағали Мақатаев тыңдайды)
Мұқағали: - Қандай керемет десеңші, бір жасап қалдым ғой өзі.
Асқар: - Ұнағанын көріп отырмын, жарайды, менің жұмыстарым бар еді, кетейін.
Мұқағали: - Жарайсың, Асқар. Рахмет саған. Жолың болсын.
(Мұқағали қолына қалам, қағаз алып, сахнадан шығып кетеді. Осы кезде жай ғана симфонияны қосып қою.
Өлең «Бетховен» Кұсаинова Айдана

1 жүргізуші: Мұқағали – халқын, ана тілін, Отанын қадыр тұтқан азамат ақын. Ол «Үш бақытым» атты өлеңінде кейінгі жас буынды халқын, тілін, туған жерін шексіз сүюге шақырады.
Өлең «Үш бақытым»
Өлең «Отан»
Өлең «Кем болып жаралғам жоқ мен ешкімнен»
Өлең «Түн маған ұйықтау үшін жаралмаған»

Сахналық қойылым
Жазушы Нәбиден Әбуталиев жұбайы екеуі Мұқағали Мақатаев емханада жатқанда барған еді.
Мұқағали: - А, келдің бе, Нәке! Мен енді қанша жасайды дейсің, көпке бармаспын. Баспада істейсің ғой, өлеңдерім сендерге аманат, менің байлығым да, артыма қалдырған асыл мұрам да сол, көбін жарыққа шығара алмадым,- деді ол қиналып.
Нәбиден: - О, не дегенің. Әлі - ақ жазылып кетерсің.
Мұқағали: О, тәңірім, неғылған шаққа айналды,
Түнім, тұтып, ақ таңым атпай қалды.
Көңілім кеуіп, өзенім ақпай қалды.
Ақтабан шұбырынды,
Қарғаған кім болды екен ғұмырыңды.
Ақтабан шұбырынды,
Ақ туың жығылулы.
Олақ қатын тоқыған алашадай,
Өрмегіңнің арқауы суырылды,-
Нәбиден жұбайына қарап: - Көрдің бе, өлеңнің төгілуін. «Райымбек, Райымбек» дастанын жыр ғып айтып жатыр. – Ал, Мұқа, жазылып шығыңыз. Біз қайтайық. (Қоштасады)
Нәбиденнің жұбайы: - Ой, тағдыр - ай, ақындар неге ерте кетеді дүниеден,- деп сұрады менен.
Нәбиден: - Білмейсің бе, ақындар өлмейді. (Көрермендерге қарап) Оның өзі өлгенмен, артында өлмейтұғын өлеңдері қалады. Сол өлеңдері ақынның мұрасына айналады.

Өлеңдер: «Қиын не бар?»
«Өкінбеймін»
«Шыда» Ералиев
«Жылдарым менің»

2 жүргізуші: Мукагали Макатаев своими произведениями обогатил казахскую поэзию новым содержанием, поднял ее на небывалую высоту. Произведения Мукагали волнуют, вызывают душевный трепет у современных молодых людей также, как когда - то у их отцов. С песнями Мукагали люди укладывают детей в колыбели, стихи, песни Мукагали сопровождают людей на празднествах и торжествах. Произведения выдающегося, талантливого поэта Мукагали Макатаева будут вечно с народом.

Ән «Сәби болғым келеді»
1 жүргізуші:
Мұқағалидың да аяғын көп шалдырғаны рас. «Артына өлмейтұғын сөз қалдырғаны да ақиқат». Қазір ол ең көп оқылатын ақын. Мұқағали мұрасы мәңгілік. Нағыз халық жазушысы осындай ақ болар.
Абай сөзімен айтқанда:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.
асыл
17-12-13 11:04
Жастық

Ойлайыншы, не берді жастық маған?
Үйрет деп асау берді бастықпаған.
Жастық маған от берді жалындат деп,
Жастық маған оқ берді жауыңды ат деп.

Жастық менің жаныма жыр байлады.
Жастық мені жалтыратпай шыңға айдады,
Жастық мені шындады, шынықтырды,
Жастық шіркін өмірді шын ұқтырды.

Ризамын жастыққа, текке өтпеді,
әзір тұр гүл бағымды көктеткелі.
Жастық маған ақыл ой, сана берді,
Амал не, жастық өзі қалады енді


Армысыңдар, адамдар!

Күн батты ма, түн келді ме, таң атты ма қайтадан,
Құдіретті тірлігіңе кірістің бе қайта, Адам?
Арма, өмір, бар әлемді бауырына алып шайқаған!

әрбір әріп қаңға шомған тарихыңа қараңдар,
Отырардай опат болған қала жоқ па, жараңдар?
Тату тәтті бармысыңдар, армысыңдар, Адамдар!
әлем дархан, саялаңдар, бәріңе де орын бар,
қорған емес, салтанатты, сәнді сарай соғыңдар.
Ей, адамдар, сендер тату, сендер тату болыңдар!

Анамыз жер, сол Анадан жаратылдық, туыстық,
Алайда біз қан да төктік, қалжырадық, ұрыстық...
Армысың, сен, арамызда жалғыз перзент Тыныштық!

Махаббатым өзімде

Жүргенде қатал тұрмыс илеуінде,
Білмеймін, сүйдім бе мен, сүймедім бе...
Жастықта жалын атып сүйсем егер,
Түспес ем дәл мынадай күйге мүлде.

Мен нағыз махаббаты армандаймын,
Оны мен жоғалтып та алғандаймын.
Ақ қаздар арасынан аққуымды,
Ажыраты білмеген сормаңдаймын.

Өтінем сенен ғафу, асыл жарым,
Көрсетпе тарпаң мінез, тасынбағын.
Сен менен өт іздеме, құрмет ізде,
Өртеніп жана жана басылмағын

данияр
muslim.89aa@mail.ru
11-11-13 22:11
И.макатаевтын отан туралы олени керек
eldos
eldos.91.15@inbox.ru
29-10-13 19:28
sezinbe otinbede,
meni izdep tunderde okinbe de,
biz kutken kunder esindeme,
ol kunder zhok,
belgisiz bir bagitka ketti keme,
barin bilem tek seni suidim deme,
okpem zhok sagan ne sendik sezimgede
ажар
09-10-13 19:38
рахмет достар
Меруерт
meruert_-_97_kz@mail.ru
22-09-13 09:07
Пай, пай, Өмір, Өтесің-ау бір күні! Болмағандай, жүрмегендей сенде біз,
Кетеміз-ау, әй, кетеміз... пендеміз.
Ұрпақтарға береміз де кезекті,
Біз кетеміз. Кету үшін келгеміз. Өмір деген — бұйым емес қолдағы,
Өмір дейтін - ұлы бекет жолдағы.
Қаның кеуіп қаталаған кезінде
Сусыныңды қандырсаң бір болғаны. Мына күн де, мына аспан да, дала анау,
Бәрі бізден, бәрі бізден қалады-ау!
Өмір дейтін — тағатсыз бір қозғалыс,
Өмір дейтін - өлемін деп қарамау. ©
Мұқағали Мақатаев
Kuantai
dj_kuan87@mail.ru
22-07-13 18:17
мукагали туралы сценари керек болып тур достар комектесиндерши отиниш кажет болып тур
Наргиза Сабитовна
nargiz_best_love@mail.ru
10-06-13 17:49
мен Мукагали Макатаевтын олендерин суйип окитын адамдардын биримин. Шыны керек мен осыншама адам акиык акын Мыкагали Макатаевты суйип окиды деп ойламаппын. Куаныштымын. Маган М.Макатаевтын Аккулар Уйктаганда позмасы жатты унайд. Сиздерде окып кориниздер
Жалгас
Аbitaev94
01-05-13 13:32
raxmet amina
камажай
kamazhai_sulu@mail.ru
31-03-13 10:11
Мукагали Макатаев
Фантазия

anel
anel_01.24@mail.ru
19-03-13 16:58
keremet
Zarina
zarina__love@mail.ru
11-03-13 16:06
Jurgende katal turmys ileuinde.Bilmeimyn suidymbe men suimedymbe. Jastykta jalyn atyp suisem eger. Tuspes em dal mynandai kuige mulde. OTINEM senen gafu asyl jarym. Korsetpe tarpan minez tasynbagyn. Sen menen ot izdeme kurmet izde. Ortenyp jana jana basylgamyn.
Амина
22-02-13 18:33
Мақатаев Мұқағали

Мақатаев Мұқағали (Мұқаметқали) Сүлейменұлы (1931жылғы, Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз аулы – 27.3.1976ж.Алматы қаласы)–ақын.
Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарына тұстас келді. Ол XX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақиық ақыны.Әкесі соғыста қаза тауып, анасы мен әжесінің тәрбиесінде өсті. 1948-1949 жылдары ҚазМУ-дың филология факультетінде оқыған. К.Маркс атындағы кеңшарда (қазіргі «Текес») ауылдық кеңес хатшысы, мектепке мұғалім болды. 1952-1962 жылдары Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс тілінің мұғалімі, Қазақ радиосында диктор, Шалкөде ауылында Қызыл отау меңгерушісі, Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінің (қазіргі «Хан-тәңірі», жауапты хатшысы, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), «Жұлдыз» журналдарында әдеби қызметкер. Жазушылар одағында поэзия бөлімінің кеңесшісі қызметтерін атқарды.1970 жылы Жазушылар одағына мүшелікке қабылданып, 1973-1974 жылы Мәскеудегі Әдебиет және өнер институтында оқыды. Ақынның тұңғыш өлеңдері «Қырман басында», «Қойшы бала - Әкітай» аудармасы «Советтік шекара» газетінде жарияланды (1949ж). «Інімнің ойы», «Шебер» өлеңдері «Жастық жыры» атты жинаққа енді (1951ж). Мұқағали шығармалары оқушының жүрегіне сәуле түсіреді. Өйткені ақын туған жерін, туған халқын, ана тілін жанындай сүйді.Оның кез келген шығармаларынан жердің, елдің биік рухы сезіледі. Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: «Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!»-деген еді («Қазақ әдебиеті», 18.3.1960ж.). Мақатаевтың «Ильич», «Ақ қайың әні», «Ару-ана», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Қырандастар», Чили-шуағым менің», «Шекарада», «Большевиктер», «Өмірдастан», «Арман», «Шолпан», «Досыма хат», «Отаным, саған айтам», «Райымбек! Райымбек!»,«Қашқын», «Моцарт.Жан азасы» атты поэма-толғаулары бар. 650-ден астам лирик. өлеңдерінде адам өмірінің мәні, әсемдік пен сұлулық, тазалық, ерлік, елдік, туған жер турасында терең толғаған. Ақын өмірінің соңғы кезеңінде жазған «Моцарт.Жан азасы» реквиемі пәлсапалық мазмұны, психологиялық тіні өзгеше туынды. «Табыт үні», «Халық үні», «Жесірлер үні», «Бесік жыры» аталатын 4 бөлімді туындының әрбір бөлімінде бірде табыт, бірде жесір-Ана, бірде Жер-Бесік атынан Өмір мен өлім туралы философиялық пайымдаулар айтылған. Ақын Моцарт тағдырын тілге тиек ете отырып, өмір туралы өз жанының оптимистік рухын, әрбір адамның жан түкпіріндегі арман-әнін жеткізеді. Ақын қай тақырыпта жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады.,ол туралы: «Мен жырлаймын, Сырласамын, Сыры бір замандаспен мұңдасамын.Көгендеп жыр қосағын. Келмейді жыр жасағым» немесе «Тіпті де мен емес-ті «Мен дегенім... Өзгенің жаны-сырын ұғу үшін. Өзімді зерттегенді жөн көремін»-дейді. Мұқағали шығармашылығының тіні «өзін-өзі» зерттеуден тұрады. Мұқағали поэзия құдіретін адамдық асыл сезіммен байланыстыра қабылдайды.Өмірдегі жақсылық, махаббат атаулының негізі де осы аяулы сезімінде:
Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Мен сені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Мақатаевтың «Өмірдастан» атты топнамалы толғауында жесір жеңге (Дариға) образы арқылы халық өмірі мен адамдық , азаматтық, адалдық , ар-намыс, рух пен нәпсі арасындағы толассыз күрес психологиялық шиеленіс арқылы шебер жеткізілген. Мақатаевтың шеберлігі өзі өмірден көрген-білгенін көңіл елегінен өткізе терең жеткізуінде.
Мұқағали Мақатаев дәстүршіл ақын, ол өлеңге интонация, инверсия, мазмұн, тұрғысынан жаңалық енгізген.


Асқар тауы қазақтың
Мұқағали өлеңдерін сүйіп оқымайтын қазақ жоқ. Соншама әсерлі жырлары менің де жүрегімді жаулап алған.
Ақынның қалам тартпаған тақырыбы қалмапты.Ана мұңын, әже зарын, жетім-жесір қайғысын, ердің ерлігін, пәк махаббаты, адалдықты, достықты жырға қосты.Халқым, елім деп еңіреп өтті.
Иә, ақын бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында ұрпақтарға ұлан-ғайыр мұра қалдырған.
Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым,
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын,-
деп ақынның өзі айтқандай, Мұқағали мен халықтың арасында рухани-табиғи байланыс мықты.Аудан орталығында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған музей бар.
Мұражайды ақынның туысы, тай құлындай тебісіп кеткен досы Әбдіке Асанов басқарады. Экспонатқа өте бай. Мұқағалидың туғаннан қайтыс болғанға дейінгі сурттері жинақталған. Өзі ойнаған дойбысы, аңға шыққанда атып алған түлкісінің терісі, өлеңдерінің жинақтары, Мұқағали туралы мақалалар, тұрған үйінің макеті көзге ыстық басылады. Әбдіке Асанов ерінбей-жалықпай әрбір заттың тарихы туралы сыр шертті.
Қайтып келе жатқанда оның мынадай өлең шумақтары тілімізге оралды.
Айқай, заман!
Даласына қаласы жарасуы-ай...
Айналып Ақмоланы қимай барам,
Аман бол, айналайын, мидай далам.
Мұқаң сол кезде-ақ Сарыарқа төсін осылайша жырға қосқан.Нағыз өнер құдіреті деген осы.Мұндай ақыны болған халық – бақытты халық.

Менің бір досым
Ана бір жыл Алматыға келгенде,
Өз аузынан досым былай деп еді:
-Дүниенің барлығын да өлеңге
Сыйғызатын ақын болғым келеді.

Былтырғы жыл Алматыға келгенде,
Былай деген сөзің ұқтым батырдың:
-Шалқар ойым сыймайды екен өлеңге,
Алты актілі пьеса жазып жатырмын.

Биыл тағы Алматыға келіп ем,
Досым менің барлығын да тастапты.
Ақысы мол, өзі қалың, жолы кең,
Екі томдық романын бастапты.
1958ж.
зарина
заика
14-02-13 08:43
достар маган мукагали макатаевтин олендери унаиды керемет акын
зарина
заика
14-02-13 08:39
муагали макатаевтин олендери керемет
Асхат
mr.mahmutuly@mail.ru
13-02-13 16:09
Салем достар...Сендердiн осылай Мукагали агамыз туралы жырлагандарын менi куантады...Мен оз басым отирик айтпай-ак кояйын,баска акындардан горi Мукагали агамыздын олендери катты кызыктырады,онын китабын тiптi кунi-тунi окый берем,онын олендери менiн жаныммен сырласып шыгарган сиякты... Осы беталыстан берiлмендер...
Асхат
mr.mahmutuly@mail.ru
13-02-13 16:08
Mukagali makataev kazaktyn uly akyny
saltanat
saltan_98-10@mail.ru
11-02-13 19:26
салем маған кейде бірде біресе сөздери бар өлең тауып берініздеші
sanduka
sanduka-96@mail.ru
10-02-13 17:41
Mukagali Makataev oshpes saule. Akiyk akyn. Ony bagalai biluimiz kajet.
МУНАРА
MURA-03@MAIL.RU
10-02-13 12:36
акиык акын Мукагали - 87 жаста омыр баяны
Жандос Шукирбаев
Altin_001@mail.ru
10-02-13 12:08
Ассалаумаалейкум окырман кауым акыннын мына оленын толык жазып жибере аласыздарма отинем : Ей Тагдыр мен саган багынбаймын багынбаймын, Барма тагы корсетер зарын кайгын... Осы оленди толык жазып жибериныздерши Аltin_001@mail.ru
жансая
JNSAIA_2033 @MAIL.RU
10-02-13 08:04
салеметсизбе менин атым жансая мен9 жастамын мен a.молдабековта окимын мен аудандагы м.макатаев атты жарыска барам мен ол акыннын 45 оленин билем отинем маган акыннын балаларынын аты жонин тауып бериниши отнемин.
айдана
kazakhstan.9595@mail.ru
05-02-13 17:07
не деген адам еди,соз жетпес, асыл жетпес улы тулга)макатаевтай агаларымыз елге ошпес казына,мура калдырып кеткенине аллага мын шукир)ЕСИМЕ СИЗДИ АЛГАИМЫН АСЫЛ АГА ЖЫР АГА)))))
ая
02-02-13 17:03
мукагалига арнау керек
Гульнара
gulnara.kabdeshova@mail.ru
29-01-13 18:40
М.Макатаев созбен айтып жеткизе алмайтын ,керемет акын!Әсиресе махаббат такырыбындагы олендері ))) сайтты ашкан адамга мын алгыс!!!!!
Karlygash
rakhat7805@mail.ru
26-01-13 20:50
http://koshpendi.kz сайтында Мұқағали-ағамыздың көп өлеңдер кіргізіленген
айгерим
aika_5577
25-01-13 16:27
плизззз :) мукагалидин апырай туган жер-ай деген оленин тауып бериндерши :)
дильназ
dila01
19-01-13 18:52
мукағалидін балаларынын суретері барма

Назгул
status-naz@mail.ru
04-01-13 12:47
достар ...М.Макатаевтин Ей, омирим !атты олени керек еди
асел
asel_tursinalieva@mail.ru
02-01-13 16:49
менин мектебимде жылда Мукагали атамыздын концертин кояды мен жылда жургизушимин енди акпан айында кояйн деп жатыр отинемин маган жас кайын анин жазып бериниздерши менин номерим 87753543239
Aigerim
aigerim_abduali
10-12-12 18:43
Salemetsizder me magan M.Makataevtyn «jok dariger» olenin tauyp berinizdershi ulken otinish ulken raxmet aldyn ala!!!
Асылжан
mailto:kydyrhanova97@bk.ru
27-11-12 08:08
мен 6 сыныпта окимын ауданда мукагали олениннен жарыс болады мукагалиге арнаган олендериниз барма мен 10 оленин билемин

Гүлден
gulden2001@mail.ru
22-11-12 19:45
Мен доннармын өлеңнің жалғасын кім білед? Жазындаршы өтінемін басталуы:
Бәріне, бәріне жасына да, кәріне
Кімге қан керек, кімге қан керек
Ішуге емес, дәріге.....сосын қалай?
Ильяс
iliaso96_96@bk.ru
09-11-12 16:56
жугiрiп шыктым белеске..созiн тауып берiндершi....iliaso96_96@bk.ru осы логинга жiберIндершi
Saldir
Saldir-95@mail.ru
19-10-12 17:24
Dunie degen wolak eken!
Jan-keudege toly-ak eken!
Akyret degen bir wapan!
Alyp keterin sol-ak eken!
Saldir
Saldir-95@mail.ru
19-10-12 17:17
Dunienin agyn da, karasyn da,
Mynk etpeisin kabyldap alasynda
Karasymen waman jok talasuga
Ei omirim zymyrap barasynba?
Dastarbek Jalgas
D.jalgas_94
11-10-12 00:06
Mukagali agamizdin kuz turali olenin tauip berinderwi dostar
кайсар
kaisar.05,99
13-09-12 20:15
өмір шіркін керемет жайнап турар даламыз ал шынына келер болак быз омыр неткен катыгез кормей кетты коп адам жайнап тугган даланы асыресе мукагали атамызмукагали атамыз аын болганкезынде кышкентайдан еш былымсыз акын болган кезынде Абайдын 45-созындей азак омыр сурыпты сондада енбегын еш кетырмей олен жазып кетыпты
ggg
03-09-12 13:33
мукагали макатаевтын ТАНЫСУ ОЛЕНДЕРИН ТАУЫП БЕРИНИЗДЕРШ

бота
bishekina@mail.ru
29-08-12 10:34
мукагалидын туган кун оленинин сози керек еди тез арада

Жандос
87783682165
16-08-12 20:02
Мұқағали Мақатаев


Бұл өмірге келгенен соң,
Елшісіндей шет елдің,
Миссиямды аяқтамай,
Қалай ғана кетермін,
Халық деген патшама,
Немен жауап етермін,
Дәнекер боп жүргенімде
Арасында екі елдің,
Мамілемнің нәзік жолын,
Үзіп алсам нетермін.
Не де болса нар тәуекел,
Нар тәуекел көтердім!


Жастық

Ойлайыншы, не берді жастық маған?
Үйрет деп асау берді бастықпаған.
Жастық маған от берді жалындат деп,
Жастық маған оқ берді жауыңды ат деп.

Жастық менің жаныма жыр байлады.
Жастық мені жалтыратпай шыңға айдады,
Жастық мені шындады, шынықтырды,
Жастық шіркін өмірді шын ұқтырды.

Ризамын жастыққа, текке өтпеді,
әзір тұр гүл бағымды көктеткелі.
Жастық маған ақыл ой, сана берді,
Амал не, жастық өзі қалады енді


Армысыңдар, адамдар!

Күн батты ма, түн келді ме, таң атты ма қайтадан,
Құдіретті тірлігіңе кірістің бе қайта, Адам?
Арма, өмір, бар әлемді бауырына алып шайқаған!

әрбір әріп қаңға шомған тарихыңа қараңдар,
Отырардай опат болған қала жоқ па, жараңдар?
Тату тәтті бармысыңдар, армысыңдар, Адамдар!
әлем дархан, саялаңдар, бәріңе де орын бар,
қорған емес, салтанатты, сәнді сарай соғыңдар.
Ей, адамдар, сендер тату, сендер тату болыңдар!

Анамыз жер, сол Анадан жаратылдық, туыстық,
Алайда біз қан да төктік, қалжырадық, ұрыстық...
Армысың, сен, арамызда жалғыз перзент Тыныштық!

Махаббатым өзімде

Жүргенде қатал тұрмыс илеуінде,
Білмеймін, сүйдім бе мен, сүймедім бе...
Жастықта жалын атып сүйсем егер,
Түспес ем дәл мынадай күйге мүлде.

Мен нағыз махаббаты армандаймын,
Оны мен жоғалтып та алғандаймын.
Ақ қаздар арасынан аққуымды,
Ажыраты білмеген сормаңдаймын.

Өтінем сенен ғафу, асыл жарым,
Көрсетпе тарпаң мінез, тасынбағын.
Сен менен өт іздеме, құрмет ізде,
Өртеніп жана жана басылмағын


айымгул
azamat_aiymgul95@mail.ru
13-08-12 11:49
салем достар. Маганда мукагали агамыздын олендери катты унаиды.суип оким
Данияр
77-daniyar-77@mail.ru
11-07-12 13:59
маған "үш бқытым" өлені керек
аманжол айжан
a_aijan.1999@mail.ru
18-06-12 21:41
маган мукагалидын кара олен деген олени керек еди соны менин логинме жазып жибериниздерши
Akbota
Bota_9511@mail.ru
04-06-12 02:25
Салем достар...Сендердiн осылай Мукагали агамыз туралы жырлагандарын менi куантады...Мен оз басым отирик айтпай-ак кояйын,баска акындардан горi Мукагали агамыздын олендери катты кызыктырады,онын китабын тiптi кунi-тунi окый берем,онын олендери менiн жаныммен сырласып шыгарган сиякты... Осы беталыстан берiлмендер...
Daniar87754816808
Dan_95_iar@mail.ru
25-05-12 12:35
Jirlarida asem auen sekildi!
Wuak wawip koteretin sezimdi,,
muralarin jasai bersin mangilikrr
urpaktarin umitpaidi ozindi..
Minekei menin olenim osimen bitti endigi jauap ozderinendostar
Daniar87754816808
Dan_95_iar@mail.ru
25-05-12 12:09
Awilmagan kop koi ali kirlarin,,
sabi bolgim keledi dep jirladin..
Sabi kozben karap mina omirge..

Korkem sozdin ornektegen kestesin,,
mangi kalar olenderin este win..
Mukagali danaliktin ulgisi,,
jigan boiga akil oidin kestesin
Daniar87754816808
Dan_95_iar@mail.ru
25-05-12 11:53
Jirlarin kop tolgan iwi ulilik,,
zamanina jurgen edi kuinip..
Dos tabalmai jigitinen kazaktin,,
tartkan edi Farizadan jililik..

Kazakpindep bar alemge maktandi,,
jirlarinda salt dasturin saktadi,,
nauriz duman boiga kuat beredi..
Jas urpaktin kokireginde jataldi..
Daniar87754816808
Dan_95_iar@mail.ru
25-05-12 11:18
Mukagal teren akin abizim,,
susindatkan jiri menen azigin..
Arbir jirin kokirekke kernep ap,,
bilep oidi oi kialdin kazigin..

Mukagali akindardin toresi,,
wini menen biyk edau oresi..
Kaisar uli akiygi kazaktin,,
sen wikpagan jirdin barma belesi..
Daniar87754816808
Dan_95_iar@mail.ru
25-05-12 11:03
Salemetsizderme barwa musilman kauim!Mukagali agamizga olen wigardim! Oz bagalarindi berinder!
Азамат
azamat-96-96@mail.ru
21-05-12 22:12

Мұқағали Мақатаев
Жаным-ау, қайдан жүрсің, ақ шағала,
Келсең кел, бұл өлкені жат-санама.
От-суы мол осынау байтақ алқап,
Сая болған батырға, патшаға да.
Қылша мойын жаным-ау,қылыш қанат.
Қимай мені келдің бе туыс санап?
Ақ ниетпен келдің ғой қалайдағы,
Шашсам ба екен күн нұрын уыстап ап.
Айдыным жоқ төсіңмен шимайлаған,
Аялайды, әлдилеп мидай далам.
Толқынға қонақтаған ерке-тотай,
Толқынсыз қара суға қимай барам.
Кім екен саған еткен зорлық, қысым,
Адасқан Атыраудан зарлықпысың?
Көлшігім, бұлақтарым - бәрі саған.
Адасқан Отанынан зарлық құсым.
Қонбасыңды білемін қыр басыңа,
Толқының жоқ жаныңмен сырласуға.
Бөрі де табылар-ау бүл өмірден,
Тек Отаның жетпес-ті бір басыңа...
Азамат
azamat-96-96@mail.ru
21-05-12 22:09
Жалғыз көкек
Мұқағали Мақатаев
Жетімсіреп, жем іздеп балапанға,
Жалғыз көкек жүретін жаға талда.
Әлдекімді жоқтайтын күн батарда,
Әлдекімді жоқтайтын таң атарда.
Иесіз қалған, бұзылған тамға барып,
Қонушы еді, қонағын қамдап алып.
Жоқтаушы еді оңаша отырып ап,
Оқшау шетте ұясы, талда қалып.
Сұңқыл үнді сұрша құс, жан - Отанын
Ойландырып тастайтын жаға талын.
Оңашада отырып жоқтаймын деп,
Оятатын ұядан балапанын.
Сұқ саусақтай балапан ес білер ме,
Сұрша құстың сұм даусы есті желде.
Ұясында құттай құс қобалжиды,
Таныс үнді шалғайдан естігенде.
Қайдан білсін, әкесі жем бергенін,
Жем бергенін... Қаршыға өңгергенін...
Қайдан білсін, шешесі шер бергенін?..
Түйір дәндей жүрегі тулап жатыр,
Ұядағы титімдей шерменденің.
Жетімсіреп жем іздеп балапанға,
Жалғыз көкек жүретін жаға талда.
Әлдекімді жоқтайтын күн батарда,
Әлдекімді жоқтайтын таң атарда.
Оразкул
murzagulova_03@mail.ru
10-05-12 09:10
... жүгіріп шықтым белеске... деген сөздері бар өлеңнің сөзі керек
beibit
beibit98
07-05-12 20:37
Иа айтқандарыңа қосылам
Мухтар
muhtar87_87
02-05-12 09:57
Mukagali tamawa akin
madina
makonay_099
26-04-12 21:55
dostar mukagali makataevtin sabi bolgim keledi degen anin tauip berinderwi utiniw
Aliya
Aliya01.08@mail.ru
22-04-12 15:55
Mukagali Makataevtin barlik wigarmalari keremet en bastisi Maxabat jirlari
mars
mars.bigbang
12-04-12 07:07
men bilmeim
Азат Муратов
azik...93
07-04-12 22:12
...есимде менин алдына сенин барганым.сананды болип созимди менин алмадын.алансыз един кулкинмен гана алдадын.Алдадын дагы алыстай бердин арманым...
гулбану
gulbanu_18.91
05-04-12 11:42
мукағали мақатаевтын отан, туған жер туралы өлендери керек боп тур
гулнур
faika_1676@e-mail
29-03-12 16:26
достар М Макатаевтын Уш Бакыт олени керек еди
SohA
goha.m_99@mail.ru
11-03-12 12:02
«Ей, Бауырым!

Неге сонша мұңайдың?

Мен мұңайсам, сенен бетер жылаймын.

Көп ойланып, аз күрсінген халқыма,

Қараймын да,

Қайраттанам, шыдаймын» (9,02,1976) - деп жырлаған ақынның шығармаларына қарап оның да өзін қоршаған орта мен сол кездегі мемлекеттегі саясат пен идеология жайлы дербес пікірінің болғандығын аңғаруға болады. Яғни, біз Мұқағали Мақатаевтың саяси және құқықтық көзқарастарына талдау жасау арқылы оның өзі өмір сүрген кезеңдегі мемлекеттік-құқықтық құбылыстарға қатысты дербес көзқараста болғанын алға тартқымыз келеді. Ақынның өзі де бұл турасында ойын келесідей сабақтаған еді: «Шынайы шын ақын - өз халқының шаттанса шаттығы мен қуанышы, жыласа көкірек шері мен көзінің жасы. Осыдан барып оның азаматтығы да, ақындығы да сарапқа түспек» [1, 199 б].

Біздің пікірімізше, Мұқағали Мақатаев ақын ретінде өзін қоршаған ортаның ерекшеліктері мен онда кездесетін жайларды тереңіне үңіле отырып жырлады. Ол өзі өмір сүрген қоғам өмірі мен мемлекеттілік турасында қалам тартудың жақтаушысы болды. Зейнолла Шүкіровке жазған хатында (15 март 1964 жыл) ол қазақ поэззиясындағы олқы тұстар жайлы айта келе өз ойын келесідей жалғастырған: «Біздегі тағы бір ауру - әлеуметтік, қоғамдық тақырыптарға барғанда алдымызда тұрған шың-жартасқа өрмелеп шығудан гөрі айналып өтуге тырысамыз. Оның күнгей жағынан төбесіне шығып аламыз да көкірек қағып, уралаймыз. Ал оған шығу үшін қарманған, жол-жөнекей қиыншылықтар бізге бармағын шығарып қала береді» [2, 37-38 бб.].

1956 жылы ақын ҚазМУ-дың заң факультетіне қабылданып, онда бір жыл білім алады. Ақынның заң пәндерін аса ықыласпен оқып, жақсы бағамен сессияны жапқаны жайлы оның сол кездегі курстастары да жағымды естелік қалдырған еді (Т.Қаупынбайұлы. Мұқағали заңға неге құштар болды екен? Жетісу, 20.01.1998 ж.). Біздіңше, Мұқағали заңгер мамандығы бойынша білім алу барысында мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды жете түсініп, онда кездесетін мәселелерді де көре білді деуге болатын сияқты. Содан да болар Мұқағали поэзиясында Отан тақырыбындағы өлеңдер көптеп саналады, Отанның қадіріне жете білу мен оған адал қызмет ету оның өлеңдерінің басты идеясы болды. Мұқағали отаншылдықты ту етіп көтерді, адамдарды Отанды сүюге үндеді, Отанды сүюді тек сөз жүзінде қалдырмау қажеттігін алға тарты. «Оңай сөз ғой Отанды сүйем» деген өлеңінде Отанға деген сезімді тек сөзбен емес, іспен дәлелдеу қажеттігін айтып, жалғандықтан сақтандырды.
Асел
ASEL_97_9797@MAIL.RU
09-03-12 20:27
Асылы ақын ағамыздын өлеңдерін мен өзбасым жоғары бағалаймын. Мен ол кісіні өткен ғасырдын қайта тумас дара да, дана ақыны деп баға беремін. достар мүмкін болса маған Мұқаңның "Шәмілге хат" өлеңін тауып беріңдерші.
Асан
Аsаn_94_аsаn
07-03-12 07:29
Мукагали тамаша акындардын бiрi. Олендерi тамаша.
Арнай
97_stellar_97@mail.ru
03-03-12 16:24
Салеметсиздерме?!Мукагали атамыздын "Аккулар уйыктаганда" деген поэмасна суйене отырып "Ана-мерген,бала-акку" такырыбымен шыгарма жазуыма комектесулеринизди отинемин?!
Бейбарыс
beibarys-_-98@mail.ru
03-03-12 07:59
Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағың!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағың, жыламағың!

Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасындамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағың,
Байырғы берекеңді қашырмағың.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

(Тәңірім кеше көрсін кесірімді)
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…
Кундызай
solnishka_9293@mail.ru
24-02-12 19:30
мына сайтты ашканымда шынымды айтсам куанышка болендим поэзия атасы Мукагалидын жырларын суйп окитын казак жастарын коргениме .
жансая
zhansaya_mm
21-02-12 19:41
Қара өлең
Қалқам мен Лерментов, Пушкин де емен,
Есенинмін демедім ешкімге мен.
Қазақтың кара олені- құдіретім,
Онда бір сұмдык сыр бар естілмеген.

Жат жерді жастанганда жазатайым,
Қанымен жазды, мүмкін, агатайым,
Қаситіңнен кара олен айналайын,
Қазактың дәл оніңдей қарапайым.


Түзу-түзу жыртылган аныздайын,
Аңызыма неге нәр тамызбайын.
Қар өлеңі қазақтың қаза болса,
Қара көзден қан неге ағызбайын.

Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өзі айытқанын қайталадым.
Күпі киген қазактың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіңе қайтарамын.
arman 87057975129 JANIL
arman.9230@inbox.ru
21-02-12 14:32
Jaksi koremgoi Kudai au moldiregen kozindi,
Nazar audarip tindawi sende sezimdi.
Sendei jandi bul omirge akelip,
Kandai ana tapkan eken ozindi.
MEN GAWIKPIN WIN GAWIKPIN,
JANIL DEGEN IMANDI BIR KIZGA.
arman
arman.9230
21-02-12 14:03
Unatip em jalgiz gana ozindi,
Saginip moldir kara taza kozindi.
Janim menin ansattin bir ozindi,
Korgim keledi ansatkan senin sulu juzindi.
айко
aiko_love_07
20-02-12 15:59
ана мерген немесе бала-акку-ана туралы шыгарма жазып бериндерши
аида
aidaaida1999
14-02-12 17:23
анау-аспан мынау-бак
аспанда булт бак жадау
мамык ушты кылаулап
кыста келiп калган ау
аспан жердiн арасын
дарыгер кыс алуда
табигаттын жарасын
ак дакемен тануда
тондырып ап мандаиын
тагы койлек сурап жур
бакты кезып тал кайын
жалан аяк жылап жур
Кенжебек
ackar-12@ mail ru
13-02-12 19:15
Мұқағалидай ақын жүз жылда бір ретқана дүниеге келеді...
Дана
dan_esh@mail.ru
13-02-12 18:42
өтініш маган Мұқағали атамыздын Саржайлау әнінің сөзін жазып жіберулеріңізді сұраймын!
Монти
monti_01.05
11-02-12 12:48
Мукагали Макатаевтин олендерин жан дуниеммен окимын!Мукагали жыр елине ауыз адебиетине сусындап, Абайдын теренине бойлаган адам! поэмалары бар болса жазасындар ма? отиниш достарым)
Арайлым
Aiora220395@bk.ru
10-02-12 19:13
Салеметсиздерме достар!Маган Мукагалидын отбасы туралы деректер керек еди отиниш тауып бериниздерши!!!
Kulash
Kulash_95_kz
09-02-12 19:57
SALEMETSIZDERME! Mukagali Makataev atanin Tuilgan kuni barwaga Kutti bolsin!! Anam magan:-Ulkendi syila,-degen, Sol søz magan izgilik kuygan eren. Ulkenderden auiskan kiwilikti, Ulkenderdin øzine syiga berem. Atamnan kalgan mura-izettilik, Arimdi sogan koygan kuzettirip. Adaldik-menin saby Aybarim goi, Mandayinan jurgeni juz øptirip. EX MUKAGALI ATANIN KØZI TIRI BOLGANDA. BIRAK MUKAGALI ATA KAZAXPEN BIRGE ALI ØLMEGEN.
Kulash
Kulash_95_kz
09-02-12 19:49
Сәлеметсiздерме! Мұқағали Мақатаев атамыздын Туылған kунi Баршаңызға Құтты болсын! Анам маған:-Улкендi сыйла,-деген, Сол сөз маған iзгiлik құйған ерен. Улkендерден ауысқан kiшiлikтi, Улkендердiң өзiне сыйға берем. Атамнан қалған мұра-iзеттiлik. Арымды соған қойған кузеттiрiп. Адалдық-менiң сәби Айбарым ғой, Маңдайынан жургенi жуз өптiрiп. Атамыздын әруағы риза болсын десеңiздер алыс-жақын агайын,бауыр туыстар атамыздың өлеңдерiн тыңдаңыздар және де ол өлендердi терең түсiнiп оқыңыздар. Сонда Мұқағали атаның өмiрiнiң қандай болғанын ұғарсыздар деп ойлаймын!
Ерс?лтан
Erka_96
09-02-12 14:42
Ассалаума?алейк?м Б?гін Мукагали атамыздын туылган к?ні б?л дегеніміз мейрам. Мейрамдарынызбен ?аза?ым! ?аза?ша с?йлесейік.
бостан 8класс
bostan_97_97
08-02-12 18:32
рахмет саган асем менин арканда мен адебиеттен 5 алатын болдым
Айгерим
Turehan1993
04-02-12 23:45
Достар Мукагалидин мен саган тилер едим деген тилегин ким биледи керек еди
S.N@zIk)))
nazerke_aibek@mail.ru
04-02-12 15:56
DoStArIkI KoooooP RaHmEEEEEt)))))
Мехрибану
mehri_99.kz@list.ru
25-01-12 09:43
Мұқағали атамыздың омір және достық туралы олендерин каи жерден таба аламын достар?
Ернар
Ernar.0891@mail.ru
24-01-12 22:36
Иа достар дурыс айтасындар акыйык акын Мукагали Макатаевтайeв сиякты ешкiм казак даласына казак поэзиясын акелмеген шыгар. Мен ден оздерiнiз сиякты Мукагали агамыздын шыгармашылыгын суйiп окыймын. Мукагали акамнын олендерiнiн iшiнде \"Аккулар уйыктаганда\" атты поэзиясы катты ойландырды. Ай балам болмадыгой болмадыгой. Касиет кеттi колден сорладыгой. Тауiптiн айтканынын барi отiркiк. Атка мiн ауылга кайт олжаны кой. Деп айткан созинин астары шындыкка мына омирдин биз билмеитин жалган купиясына толы екенин айтканы белгили.
Анар
mai_kiz95@mail.ru
13-01-12 19:21
маган Мукагалидын махаббат олендери катты унайды)ен акындардын ышынен салыстыруга келмейтын акын-деп Мукагалиды аитааламын)Арбыр созынын магнасы терен тусынылген)мнымше Мукагали атамызга еш быр акын жетпейды)))
Анар
mai_kiz95@mail.ru
13-01-12 19:17
аяк та екеу кол да екеу
коз жанарын ол да екеу
екеуы каста-кулакта
журек жалгыз быракта
сондыктанда сол журек
елегизип елжиреп
издеймын деп лебызын
ыздейды екен егызын))
Бекнар
beka_chu.93
05-12-11 10:32
аққулар ұйыктаганда өлеңін қайдан тапса болады

Darhan
darhan_ertaev@mail.ru
30-11-11 14:01
Magan Mukagamizdin maxabbat jaily olenderi unaidy!jastar Mukagali olenin okindar!
Даурен
dako_1@mail.ru
30-11-11 06:24
Гашыкпын, шын гашыкпын сол адамга!
Мен болмасам болмайын, сол аман ба?
О танiрiм, неткен жан кайырылмайтын,
Журегi еттен бе алде коладан ба?...

Казакта монастырь жок,
Мен оган барар едiм.
Барган сон монах болып калар едiм,
Умытып кала лебiн, дала желiн
Жанымды тыныштыкка салар едiм.

* * *
Ғашықпын мен бір жанға,
Жүрегі елжіреткен.
Мендегі сезім туын,
Сол ғана желбіреткен.

Білемін сол бір жанды,
Салатын әндерімді.
Айтуға сезімімді,
Жетпейді дәрменімде.

Ғашықпын мен бір жанға,
Ынтықпын сырласуға.
Кездескен әр бір сәтті,
Балар ем мың ғасырға.

Баспанаң бұл өмірде,
Көтерем иығыма.
Жеткізу жүрек сырын,
Қиынның қиыны ма?

* * *
Өкінішті..
Мына құрғыр сырқаттың беті күшті.
Жүрегім көтеріліс жасап жатыр,
Бұзбақ боп кеудемдегі бекіністі.
Өкінішті..

О,менің алтын қазығым-ау,
Қажыдың-ау, байғұсым, қажыдың-ау.
Кеудемдегі жүректің назы мынау
Ќажыдың-ау, байғұсым, қажыдың-ау.

Не істемекпін.
Жаным-ау саған шипа істемек кім,
Жаралғанда бүтін ем үш бөлекпін
Жүрегім Африка
Бауырым кипр, Миым мұзды мқиттай
Не істемекпін.

* * *
Калактай ен кабiрiнде калак тур
Туганынды олгенiндi санап тур
Сенiн анкау кулагындай калкиып
Кыр басынан кала жакка карап тур.

Кызым менiн гулiм менiн айаулым
Молан жатыр жотасындай кояннын
Кулпы тастын куны маган бес тиын
Бiрак таспен калай шаншып коямын?

Койман ботам, керегiжок кок тастын
Кыста ак кар, жазда шалгын шоп бассын
Озiн келген май айында ак носер
Бiзбен бiрге агыл-тегiл жоктасын,
Керегi жок кок тастын

* * *
Бакыт деген сенiн бала кездерiн,
Бакытсызак ойнаганын кулгенiн
Бакыт деген балам саган дал казiр
Бакыт жайлы жазалмаган шыгарман

Бакыт iздеп мал бак мейлiн тас кала,
Бiрак балам мынаны естен тастама
Бакыттысын бакыт iздеп сорласан,
Бакытты боп сорлап журсен маскара...

* * *

Кiм маган кызды суйме, токта деген?
Жанын куйедi тозакта отка деген?
Мен болсам осы омiрде сол адамга
Кой, досым, отiрiктi cокпа дерем.

Сулуды канша суйсем копciнбеймiн,
Омiрiм мангi сонымен отсiн деймiн...

* * *

Карындас неге кидын колан шашты?
Бiртiндеп неге жулдын кигаш касты?
Бетiне бipiншi cорт ун сепсен де
Баягы кара жузiн агармапты.

Ернiн де кан iшкендей кезерiптi
Шашында кып-кызылбоп озгерiптi
Бокске катыстын ба карындасым,
Козiннiн айналасы когерiптi?

* * *

Шешiн сулу шешiншi, есiм кiрсiн,
Коз алдымда жатсын сол бiр есiл мусiн.
Махаббатын ой шукырын тусiнетiн
Озiндi Мукагана шешiндiрсiн!

* * *

Суйгiсi келеберед суйген ерiн,
Суй жаным суйкiмдi бiр куйге енемiн
Журегiмiз жакыннан бiрге соксын
Агытшы бешпетiннiн туймелерiн...


Staven
D_L_bopsh88@mail.ru
30-10-11 11:28
маган Мукагали агамыздын кара создері керек еді.калай табуга болатынын білмей.
Әсем
asemushka_05
20-10-11 18:29
Мен озим акындардын шыгармаларын суйип окимын.Жалпы акындар туралы мына сайттан таба аласыздар http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_chronocontac...3&author=%D0%90
Әсем
asemushka_05
20-10-11 18:23
Мұқағали Мақатаев (1931-1976)
Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді.
Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали шығармалары 1960-1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады.
Ауыл орта мектебін 1948 жылы бітіріп, өз ауылында комсомол, кеңес қызметтерінде болған. Кейін аудандық газетте әдеби қызметкер, Қазақ радиосында диктор болған, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімін басқарған. Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясында әдеби кеңесші қызметін атқарған.
Тырнақ алды туындылары Нарынқол аудандық «Советтік шекара» (қазіргі «Хан тәңірісі») газетінде 1948 жылдары жариялана бастаған. 1954 жылы бір топ өлеңі «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз») журналында, одан кейін бір шоғыр жыры Ә.Тәжібаевтың сәт сапар тілеген сөзімен «Қазақ әдебиетінде» жарияланған.
Аз ғұмыры ішінде бірнеше лирикалық жыр жинағы мен дастандарын ұсынған. Жыр аудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақшалады. Ақынның «Саржайлау», «Сөнбейді, әже, шырағын», «Кел, еркем, Алатауыңа» өлеңдеріне сазгер Н.Тілендиев ән шығарған.
Ақын тұрмыс тауқыметін тарта жүріп, әпербақан сынға ұшырағанда да \"Ақынның ақындығы атақта емес, арда ғана\" деген байламды берік ұстап, шен-шекпенге де, лауазым-атаққа да қызықпаған.
М.Мақатаев қаламынан \"Қарлығашым, келдің бе?\", \"Дариға жүрек\", \"Аққулар ұйықтағанда\", \"Шуағым менің\", \"Өмір-дастан\" т.б. жыр жинақтары туған. Қырық бес жасында қайтыс болған соң, Мұқағалидың екінші өмірі - өлмес ғұмыры басталды. Ақынның артында қалған мол мұрасы: \"Соғады жүрек\", \"Шолпан\", \"Жырлайды жүрек\", \"Өмір-өзен\" т.б. жыр кітаптары, \"Қош, махаббат!\" атты прозалық кітабы оқырманның қолдан-қолға түспей, іздеп жүріп оқитын шығармаларына айналды.
Өмірді сүюдің ғажайып үлгісін көрсеткен ақын Мұқағали \"Жан азасы\" (реквием) поэмасында өмір туралы гимн туғызды. \"Аққулар ұйықтағанда\" поэмасында ел наным-сенімін қастерлеу, сұлулық үндестігін жыр етсе, \"Райымбек, Райымбек!\" дастанында ел тарихын, ел басына қатер төнгенде қолына ту алып, жауына қарсы аттанған Райымбек Хангелдіұлының ерлігін суреттейді.
М.Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең, ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі т.б. тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген.

Бакытжан
bogzya@mail.ru
18-09-11 17:12
Сезiндiм... Туманданды омiр анык,
Езiлдiн... Тусе алмастан жолына нык.
Созiн мун жас жаныма жара салып,
Коз iлдiм кiтабынды колыма алып!
айнур
aiko_0198
18-08-11 16:12
маган мукагали макатаевтын омирбаяны керек

ғалым
orel_92kz
24-07-11 22:52
akun degen bir warasuz jan bolad
kolunan tek jurlap sur jazad
akundar maxabbat pen kyn kored
maxabbatun aiasunda jurlanad
abai da mykagali da bolgan sondai
oturmun mine bygin dal solardai
jurum bar jyregimde jaralu
surum bar myndu kurlu karalu
kalai gana barin men jetkizeiin
dana akundar solai omirden otken edi
bir tilerim alladan
el jyrtum tygan elim otanum
tunuw bolsun erge tasu kalangan
гулдана
dankishon_25.93
03-07-11 22:35
мукагали макатаев жайлы шыгарманы калай тапсам болады?
Алиш
alish.2009@mail.ru
13-06-11 10:53
Мукагали Макатаевтын кандай шыгармалары бар?
Жанат
jnt@mail.ru
06-06-11 14:26
Мукагали атамыздын Карасазда жазда болатын тойы кай куни екенин билесиздер ме?
диана
dikosya_94
05-06-11 07:58
М.Макатаевтын омир баяны керек!отиниш
Gaziza
gozi_01
31-05-11 07:35
омир туралы олен керек
тамшина
T.D.SH._diana
29-05-11 12:53
мукагали макатаевтин толык омир баяны керек!!!!!отинем!!!!!
Arailym
m.araika.1996
22-05-11 17:00
Dostar magan M.Makataevka 80 jas atty shygarma kerek tauyp berinizdershi otinem. kutemin.
diko
diko_0-98
19-05-11 22:09
м.м олендерин тауып бериндерша срочно керек болып тур
Акмарал
Akma_9621
18-05-11 06:26
Салем! \\"Мукагали - поэзия пайгамбары\\" деген такырыпка шыгарманы кайдан тапсам болады.
Жақсылық
A.jax_1995@mail.ru
12-05-11 20:41
Достар маған Мұқағали Мақатаев туралы шығарма керек еді көмектесіндерші өтінемің басты тақырыбы Райымбек поэмасы ол негізгі бөлімі бастамасы Мүқағали туралы қорытындысы тәрбиелік мәң менің емайлым a.jax_1995@mail.ru
Ержан
erzhan_dzhaparov@mail.ru
04-05-11 19:06
Mуқаңали Мақатаев туралы өмир баянын тауып бериндерші, Өтиниш сиздерден халайық
Aigerim
aikosha_05.a
02-05-11 19:17
Достар Мукагалидын махаббат туралы олендер керек еди?
Рустем
www.urm.kz@mail.ru
30-04-11 17:20
Шәміл-ау!
Хал-жағдайымды білсең еді,
Білмеймін қайтерімді...
Кім сенеді?
Он жетімде өшіріп алған отым,
Қайтер ең, қайта қарып жүрсе мені?

Бір дертке ұшырадым бұл күнде мен,
Қоштастым сауығыммен,күлкімменен.
Жүрегім жерік болған жағдайы бар,
Бір пәле жатыр білем бүлкілдеген.

Ынтығып ыңқылменен, күңкілменен.
Жеткізіп айту қиын құр тілменен.
Бүгін маған жиырма керек боп жүр
Алдында хор қызының іркілмеген.

Белгілі саған менің маубастығым,
Сабырсыз,аузы күйген албастымын.
Кесемді алдыменен үрлеп алам,
Ыссы шайды аузыма алмас бұрын.

Ойласам, талай-талай қыр басыппын,
Досым деп,доңызбен де мұңдасыппын...
...Шәміл-ау!
Қалың достан қалған сен ең,
Қайтемін?
Ғашықпын мен,
Шын ғашықпын!!!

Ғашықпын!
Ғашықпын деп білдірмедім,
(Белгілі Білдіргенім-бүлдіргенім!)
Жарқ етіп жайдың оты шашылғанда,
Жалт беріп, қарауға да үлгермедім...
Рустем
www.urm.kz@mail.ru
30-04-11 16:40
ҚАРАСАЗ.
Мен бақыттымын,
Бақытты жерде туылдым.
Айналайын Қарасаз,
Қасиетінен суыңның!

Сенің әрбір бұлағың--
Менің әрбір қан тамырым емес пе?
Қасиетті тұрағым,
Қасиетінен суыңның!

Көктемде үйрек ұшып,қаз қонып,
Қараушы едім тырналарға мәз болып.
Жыр қыстап туылмас ем,сірә,мен,
Жарамасаң өзің Қарасаз болып.

Сонау жатқан жасыл тауды көлденең
Алғаш рет ес білгенде көрген ем.
-Асқар таудың ар жағында ел бар,-деп
Әжем айтса,әй,сәбилік,сенбегем.

Қарасазым!
Айтылмаган сезім ең,
Мен іздеген бақыттың сен өзі ме ең?
Сенің ғажап табиғатыңды кімге айтам,
Кім құмартса, өзі көрсін көзімен...
Рустем
www.urm.kz@mail.ru
30-04-11 16:23
borya@mail.ru қызықпасан аузыңа ие бол.
Рустем
www.urm.kz@mail.ru
30-04-11 16:08
Жүрегіме жүк артып жургенімде,
Кажыдың ба,байғұсым білмедім бе?
Шайпау тиіп,шаршатып кім корінген,
Уладың ба білмеймін,кірледің бе?

Бары ақиқат бір дерттің журегімде,
Дәрігер-ау, аркалап журемін бе?
Сорлайтындай соншама кім едім мен,
Неге аяныш атасың іреңіңнен?

Айтып өлтір,кайтесің босқа ойланып,
Жүрек дерті өлімге бастайма анық?
Адасам ба өмірден жастай қалып?
Ет жүрегім кете ме тасқа айналып?
Неге айтпайсың,тұрғанша босқа ойланып?

Пері соққан пендедей есі жарым,
Тамырымда тулайды есіл ағын
Бұл жүректің білмеймін,несін алдым,
Несі жоғын білмеймін,несі барын?

Қаным қайнап барады,қаным қайнап,
Бір амал тап,дәрігер,хәлімді ойлап
Алауыртқан ақынның қолын байлап,
Әкетпесін ажал кеп,өлімге айдап.

...Жоқ! Дәрігер!
Орнатпа басқа жүрек!
Басқа лүпіл жасама,басқа леп.
Қалай айтам бүлінген жүрегімді,
Білдірмей доғдыр алып тастады деп?!

Өлеңдерім өгей жүрек қайда барам,
Өзгенің ғұмырын қалай пайдаланам?
Сыйыңа рахмет,қайран адам!
Өзімнің жүрегімдей қайда маған?

Алмастырам!?
Дедің-ау,алмастырам!..
Сірә , менің жұлдызым жанбас бұдан.
Өзімнің жүрегімді жерлеп келіп,
Өзгенің өмірін қайтіп жалғастырам?

Тула, Жүрек!
Өкінем мен несіне!?
Туған жүрек,әрине,өлмесін бе?
...Жоқ! Дәрігер!
Қозғама,даулдасын,
Әрбір жүрек өзінің кеудесінде!
Miko
mensulu-96
06-04-11 17:35
Мукагалидын омир баяннын тауып бериндерши отинемин" казир керек болып тур
Sabyrbai Mazhdaeov
Aiu-08@mail.ru
26-03-11 23:32
Алдыңнан терезеңнің жүріп өттім,
Сен мені байқадың ба, құдіреттім?
Тұрдың ба терезеңнің ар жағында
Теңселіп, тұтқан пердең діріл етті.

Неге өртенді?
Жүрегім неге өртенді?
Нелер келіп, басыма нелер төнді?
Балконыңнан қол бұлғап қарсы алушы ең
Неге менен жасырдың көлеңкеңді?

Көзің қайда көшеден мені іздеген,
Сөзің қайда жанымыз егіз деген?
…Терезеңнің алдына келіп тұрмын,
Көгершіндей…
Қысты күн… Жем іздеген…

Авторы: Мұқағали Мақатаев

Ержан
erjan_2784
20-03-11 03:45
Мукагали Макатаевтын бар өлеңдерін қызығып оқимын
кука
12-03-11 14:02
Құрметті қауім Мұқағали жайлы мәлеметті қайдан, алуға болды ол туралы түк жоққой!!!!!
Улдай
uldai_muratova
11-03-11 12:38
Мен Мұқағали ағамыздың жырларын сүйіп оқимын.Тіл мен әдебиеттің «алтын ғасырының» соңын ала келген М.Мақатаев сынды тұлғалардың ұлттық санасында Абайдан Әуезовке дейінгі ұлағаттылық пен сөз өнерінің озық үлгілері тұрды
Гулмира
Gul_9810
10-03-11 13:40
Жапырақ жүрек жас қайын
Жанымды айырбастайын
Сен адам бола бастасан
Мен кайын бола бастайын
Келісемісің жас қайың
Корінер мүмкін кімге ерсі
Өміріңді маған бір берші
Дүрбелең мына дүниені
қайын көзімен бір көрші
Қайың боп менде бағайын
Орманнан орным табайын
Беймалім маған өмірге
қайын көзіммен қарайын
Сендағы жерден нәр алдың
Мендағы жерден нәр алдым
Біреуден сенде жаралдын
Біреуден менде жаралдым
Тілі жоқ жансыз қайынсың
айырмашылығым адаммын
сондықтан ұзақ жасарсың
құрдасы келер заманның
Мендегі бары бір жүрек
ол өлсе мәңгі кеткенім
Сендегі сенсе мың жүрек
Келгенде жасыл көктемін
Тірілер қайта дүркіреп
Бар жоғы менде бір жүрек
беріпті жүрек саған мың
сондықтан ұзақ жасарсын
құрдасы келер заманның
Жапырақ жүрек жас қайын
Жанымды айырбастайын
Адам боп тұрсан қасқайып
Қайын боп тұрам қасқайып
Келісемісін жас қайын
Келісемісін жас қайын
Келісемісін жас қайын
Тәуекел айырбастайын
Өмірге өмір жалғасып
аламыз жерге жармасып
Бірде адам бірде қайың боп
Журеиік өмір алмасып
Гулмира
Gul_9810
10-03-11 13:39
Мукагали атамыздын Аманат кітабын көп оқыим
зако
zako_1997@mail.ru
15-02-11 06:10
Мұқағали Мақтаевттің өлеңдерін мен Абайдікінен де қатты қызығып оқимын!
fatima
fatimaiskakova@mail.ru
14-02-11 05:01
Mukagali Makataevtin osinshama zhankuyeri bolgandigi kuantarli zhayt.
А.Нуртаева
aksana_nurtaeva@inbox.ru
10-02-11 11:29
Акиык акынымыз Мукагали Макатаевка биыл 80 жыл!Осындай акыны бар казак мыкты гой!!!
Ерке
botakan_akerke
08-02-11 05:18
маған Мұқағали Мақатайевтың суреттері керек болып тұр, өтінем қайдан алуға болады?
Бақытжан
Baimenbaxa@mail.ru
31-01-11 10:21
М. Мақатаев туралы жалпы мәлімет , сурет
Қарлығаш
kar-_96
28-01-11 15:45
Маған Мақатаевтің жүрек туралы өлеңін тауып берулеріңізді өтінем

Қарлығаш
kar-_96
28-01-11 15:42
Мұқағали Мақатаев сиақты ақын кемде- кем шығар.
акерке
26-01-11 20:05
отиниш мукагали макатаевтин менин анкетам деген олени барма бар болса айтыныздаршы
Күнсұлу
a. kunsulu@mail.ru
23-01-11 09:09
Мұқағалидің \"Қара саз\" деген өлеңі керек болып тұр. Рахмет
Күнсұлу
a. kunsulu@mail.ru
23-01-11 09:06
Менің немерем Аружан М. Мақатаевтың ! Қара саз\\" деген өлеңі керек болып таба алмадық, көмектесулеріңізді сұраймын
Сәлеммен Аружанның әжесі, Көкшетау қаласы
Akerke Erlankyzy
er-ke10@mail.ru
14-01-11 19:20
Көрер едің,
Шаламын ба, отпын ба,
Білер едің
Ақынмын ба, жоқпын ба?..
Кектендірген хан Жәңгір де жоқ мұнда,
Кектенетін Махамбет те жоқ мұнда.
Түсінер ең
Езбін бе, әлде ермін бе,
Байқар едің,
Артықпын ба, кеммін бе?..
Мен Спартак бола алмадым, не шара,
Сенің өзін Цезарь болып көрдің бе?
Сырым да – осы,
Жырым да – осы
Алдыңда.
Байқашы бір:
Бықсыдым ба, жандым ба?
Мақаңдар жоқ,
Мақаңдардың сарқыты –
Мұқағали Мақатаев бар мұнда!


Гаухар
diamond-gaua
13-01-11 23:55
Мукагали агамыздын " Жок даригер " атты оленин тауып бере аласыздар ма..... катты кажет болып тур... мейлинше тезирек болса...кутемин!
Пархат
missis.parasat.yandex.kz
06-01-11 08:42
Мұқағалидың осыншама жанкүйері бар екені қуандырады !!!!!
Акмарал
excellent-98
26-12-10 14:18
Сәлеметсіздерме?Мен Мұқағали Мақатаевтің шығармасын қалай тапсам болады?
Альбина
alek.15
15-12-10 12:16
Керемет! Мукагали агамыздын окырмандары блогын АШСАК?
Erkebulan
erkesh_10
08-11-10 07:26
Biletinderin barma?
Erkebulan
erkesh_10
08-11-10 07:25
dostar tezirek otinem

Erkebulan
erkesh_10
08-11-10 07:23
Mukagalidin Men kazakpin oleni kerek
Рашид
rasha.mv@mail.ru
15-10-10 13:40
Ішпеймин арақты ермек үшін
Немесе өлмек үшін
Ішемин арақты жасырмаймын
Жараланған жүректі емдеу үшін

Камилла
23-09-10 19:56
М Мақатаевтің Үш бақытым керек ) Төрт шумағы керек
Бекзат
beka-94_95
11-09-10 13:29
magan tabit uni degen olendir jiberinderw jalki bolmasa
Акбобек
bakytovna_a@mail.ru
31-08-10 14:21
Достар, маган Макатаев агамыздын Отан атты олени керек!!! Тауып бериниздерши, отинееееем
Толғанай
a.tolganai_94
04-05-10 16:48
М.Мақтаевтің Райымбек! Райымбек! поэмасы туралы шығарма
Айгул
www.ayauly@mail.ru
29-04-10 12:18
Жапырақ жүрек жас қайын
Жанымды айырбастайын
Сен адам бола бастасан
Мен кайын бола бастайын
Келісемісің жас қайың
Корінер мүмкін кімге ерсі
Өміріңді маған бір берші
Дүрбелең мына дүниені
қайын көзімен бір көрші
Қайың боп менде бағайын
Орманнан орным табайын
Беймалім маған өмірге
қайын көзіммен қарайын
Сендағы жерден нәр алдың
Мендағы жерден нәр алдым
Біреуден сенде жаралдын
Біреуден менде жаралдым
Тілі жоқ жансыз қайынсың
айырмашылығым адаммын
сондықтан ұзақ жасарсың
құрдасы келер заманның
Мендегі бары бір жүрек
ол өлсе мәңгі кеткенім
Сендегі сенсе мың жүрек
Келгенде жасыл көктемін
Тірілер қайта дүркіреп
Бар жоғы менде бір жүрек
беріпті жүрек саған мың
сондықтан ұзақ жасарсын
құрдасы келер заманның
Жапырақ жүрек жас қайын
Жанымды айырбастайын
Адам боп тұрсан қасқайып
Қайын боп тұрам қасқайып
Келісемісін жас қайын
Келісемісін жас қайын
Келісемісін жас қайын
Тәуекел айырбастайын
Өмірге өмір жалғасып
аламыз жерге жармасып
Бірде адам бірде қайың боп
Журеиік өмір алмасып

Жулдыз
juka2788
23-02-10 09:24
Саламатсыздар ма! Маган М.Макатаевтін накыл немесе қара создері керек. Калай тапсам болады жЖмагат!
Рауан
Rauan@bk.ru
21-02-10 10:18
Мұқағали Мақатаевтың Жас Қайың әнінің сөзін кім біледі?
j,f
15-02-10 12:54
мен ертең кетем ұшып сардалама атты өлең?

Дара тұлға БолаМ ТочнА
extrime@mail.ru
10-02-10 18:35
o_O ЖазЫлДы

Дара тұлға БолаМ ТочнА
extrime@mail.ru
10-02-10 18:34
неге МҰСЫЛМАН созі жазылмайды
Дара тұлға БолаМ ТочнА
extrime@mail.ru
10-02-10 18:33
Сори Мына жерде Мучылман деп койыппын нег3з4нде МУСЫЛМАН
Дара тұлға БолаМ ТочнА
extrime@mail.ru
10-02-10 18:32
Ассаламу алейкум Барша Мучылман Бауырлар Біздің 8 сыныптын кітабында МұқАғали Мұқатаев туралы (Аққулар Уйыктағанда) атты поэма толығымен жазылған содан іздесеңіздер болады! Кітаптын афторы С,Мақрыпулы , Г, Құрманбай , А , Қыраубайқызы !!!
Олжас
olzhas3384
06-11-09 05:49
Мен сені сүйем
Жаныммен сүйем жарық күн!
Жатсам да сүйем тұңғиығында тамұқтың.
Ақ сәулең сенің аймалап мені жарық күн
Тұрған да болар үстінде мынау табыттың!
Табытпын!
Табытпын!
Табытпын!
...
Aijan
Luike17mail.ru
04-11-09 22:57
"ҚАЗАҚ ЖЕРІ" Мұқағали Мақатаев

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!

Мына өлке, мына аймақ, бұл маңда
Құлшылық етемін тұрғанға,
Құлшылық етемін құмдарға,
Тағзым жасаймын қырларға!
Шүкірлік етемін қашан да
Осы бір Отанда тұрғанға!

Жазы бар жалынмен жандырған,
Қысы бар аязға қардырған.
Көктемі - балауса, балдырған,
Ал күзі - алып бір ақ қырман,
Ақ дәннен ақ нөсер жаудырған,
Күрең нан жаңа алған тандырдан.
Көлденең көлбеген көкжиек
Қыранның қанатын талдырған.
Aijan
Luike17mail.ru
04-11-09 22:54
"Үш Бақытым" Мұқали Мақатаев

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

Aijan
Luike17mail.ru
04-11-09 22:52
Мұқағали Мақатаев

Бақыт деген сенің бала күндерің
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің.
Бақытын да басқасын да білмеуің
Бақытсыз-ақ ойнағаның күлгенің.

Бақыт жайлы менің мынау білгенім
Бақыт деген бірде шаттық бірде мұң.
Бақытты сол-тәрік етіп түндерін
Бақыт іздеп азаптанса кімде кім.

Бақыт деген әркімдерде бір арман
Сол арманның шыққан жері құмардан.
Ал сен үшін бақыт деген дәл қазір
Бақыт жайлы жазалмаған шығармаң.

Бақыт іздеп мал бақ, мейлің, тас қала
Бірақ балам, мынаны естен тастама!
Бақыттысың бақыт іздеп сорласаң
Бақытты боп сорлап жүрсең масқара!

Бақытың мен, бақытым деп біл мені
Мені білсең бақытыңды білгенің.
Ал мен үшін ең бақытты күндерім
Балам саған бақыт іздеп жүргенім.
Гүлнұр
15-05-09 19:01
О! Адамзат Мұқағали Мақатаев туралы түк жоққой. Қадан табуға болады. Режімесендер айтып , кенес бересіндерма. !?
айдана
aidok-aktau@mail.ru
03-05-09 16:57
маган мукагали макатаевтын райымбек райымбек шыгармасын тауып беринизши! отинемин!
tiko
tiko2892@mail.ru
01-05-09 21:10
ассалаумағалейкум!!! Кімде Мұқағалинің Аққулар ұйықтағанда поэмасы бар? маған жіберіңізші өтініш!
Нұр апа
Жанназар
02-03-09 06:54
Барлық кітапханаларда бар ғой,кітап.Мәссағанға кіріп электрондық версиясын сұрасаң, Мақатаев кітабын Электронды кітаптар бөліміне кіргізуі мүмкін.
Жанназар
jannazar1968 mail@.ru
28-02-09 11:02
саламатсыз ба нүр Апа! маған М.Мақатаевтың өлеңдері туралы кітап керек еді
Нұр апа
Айгерим
20-02-09 08:06
Мақатаев Мұқағали (Мұқаметқали) Сүлейменұлы (1931жылғы, Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз аулы – 27.3.1976ж.Алматы қаласы)–ақын.
Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарына тұстас келді. Ол XX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақиық ақыны.Әкесі соғыста қаза тауып, анасы мен әжесінің тәрбиесінде өсті. 1948-1949 жылдары ҚазМУ-дың филология факультетінде оқыған. К.Маркс атындағы кеңшарда (қазіргі «Текес») ауылдық кеңес хатшысы, мектепке мұғалім болды. 1952-1962 жылдары Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс тілінің мұғалімі, Қазақ радиосында диктор, Шалкөде ауылында Қызыл отау меңгерушісі, Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінің (қазіргі «Хан-тәңірі», жауапты хатшысы, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), «Жұлдыз» журналдарында әдеби қызметкер. Жазушылар одағында поэзия бөлімінің кеңесшісі қызметтерін атқарды.1970 жылы Жазушылар одағына мүшелікке қабылданып, 1973-1974 жылы Мәскеудегі Әдебиет және өнер институтында оқыды. Ақынның тұңғыш өлеңдері «Қырман басында», «Қойшы бала - Әкітай» аудармасы «Советтік шекара» газетінде жарияланды (1949ж). «Інімнің ойы», «Шебер» өлеңдері «Жастық жыры» атты жинаққа енді (1951ж). Мұқағали шығармалары оқушының жүрегіне сәуле түсіреді. Өйткені ақын туған жерін, туған халқын, ана тілін жанындай сүйді.Оның кез келген шығармаларынан жердің, елдің биік рухы сезіледі. Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: «Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!»-деген еді («Қазақ әдебиеті», 18.3.1960ж.). Мақатаевтың «Ильич», «Ақ қайың әні», «Ару-ана», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Қырандастар», Чили-шуағым менің», «Шекарада», «Большевиктер», «Өмірдастан», «Арман», «Шолпан», «Досыма хат», «Отаным, саған айтам», «Райымбек! Райымбек!»,«Қашқын», «Моцарт.Жан азасы» атты поэма-толғаулары бар. 650-ден астам лирик. өлеңдерінде адам өмірінің мәні, әсемдік пен сұлулық, тазалық, ерлік, елдік, туған жер турасында терең толғаған. Ақын өмірінің соңғы кезеңінде жазған «Моцарт.Жан азасы» реквиемі пәлсапалық мазмұны, психологиялық тіні өзгеше туынды. «Табыт үні», «Халық үні», «Жесірлер үні», «Бесік жыры» аталатын 4 бөлімді туындының әрбір бөлімінде бірде табыт, бірде жесір-Ана, бірде Жер-Бесік атынан Өмір мен өлім туралы философиялық пайымдаулар айтылған. Ақын Моцарт тағдырын тілге тиек ете отырып, өмір туралы өз жанының оптимистік рухын, әрбір адамның жан түкпіріндегі арман-әнін жеткізеді. Ақын қай тақырыпта жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады.,ол туралы: «Мен жырлаймын, Сырласамын, Сыры бір замандаспен мұңдасамын.Көгендеп жыр қосағын. Келмейді жыр жасағым» немесе «Тіпті де мен емес-ті «Мен дегенім... Өзгенің жаны-сырын ұғу үшін. Өзімді зерттегенді жөн көремін»-дейді. Мұқағали шығармашылығының тіні «өзін-өзі» зерттеуден тұрады. Мұқағали поэзия құдіретін адамдық асыл сезіммен байланыстыра қабылдайды.Өмірдегі жақсылық, махаббат атаулының негізі де осы аяулы сезімінде:
Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Мен сені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Мақатаевтың «Өмірдастан» атты топнамалы толғауында жесір жеңге (Дариға) образы арқылы халық өмірі мен адамдық , азаматтық, адалдық , ар-намыс, рух пен нәпсі арасындағы толассыз күрес психологиялық шиеленіс арқылы шебер жеткізілген. Мақатаевтың шеберлігі өзі өмірден көрген-білгенін көңіл елегінен өткізе терең жеткізуінде.
Мұқағали Мақатаев дәстүршіл ақын, ол өлеңге интонация, инверсия, мазмұн, тұрғысынан жаңалық енгізген.


Асқар тауы қазақтың
Мұқағали өлеңдерін сүйіп оқымайтын қазақ жоқ. Соншама әсерлі жырлары менің де жүрегімді жаулап алған.
Ақынның қалам тартпаған тақырыбы қалмапты.Ана мұңын, әже зарын, жетім-жесір қайғысын, ердің ерлігін, пәк махаббаты, адалдықты, достықты жырға қосты.Халқым, елім деп еңіреп өтті.
Иә, ақын бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында ұрпақтарға ұлан-ғайыр мұра қалдырған.
Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым,
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын,-
деп ақынның өзі айтқандай, Мұқағали мен халықтың арасында рухани-табиғи байланыс мықты.Аудан орталығында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған музей бар.
Мұражайды ақынның туысы, тай құлындай тебісіп кеткен досы Әбдіке Асанов басқарады. Экспонатқа өте бай. Мұқағалидың туғаннан қайтыс болғанға дейінгі сурттері жинақталған. Өзі ойнаған дойбысы, аңға шыққанда атып алған түлкісінің терісі, өлеңдерінің жинақтары, Мұқағали туралы мақалалар, тұрған үйінің макеті көзге ыстық басылады. Әбдіке Асанов ерінбей-жалықпай әрбір заттың тарихы туралы сыр шертті.
Қайтып келе жатқанда оның мынадай өлең шумақтары тілімізге оралды.
Айқай, заман!
Даласына қаласы жарасуы-ай...
Айналып Ақмоланы қимай барам,
Аман бол, айналайын, мидай далам.
Мұқаң сол кезде-ақ Сарыарқа төсін осылайша жырға қосқан.Нағыз өнер құдіреті деген осы.Мұндай ақыны болған халық – бақытты халық.

Менің бір досым
Ана бір жыл Алматыға келгенде,
Өз аузынан досым былай деп еді:
-Дүниенің барлығын да өлеңге
Сыйғызатын ақын болғым келеді.

Былтырғы жыл Алматыға келгенде,
Былай деген сөзің ұқтым батырдың:
-Шалқар ойым сыймайды екен өлеңге,
Алты актілі пьеса жазып жатырмын.

Биыл тағы Алматыға келіп ем,
Досым менің барлығын да тастапты.
Ақысы мол, өзі қалың, жолы кең,
Екі томдық романын бастапты.
1958ж.




Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов