Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Шежipe
Тақырып: Найманның Байжігіттері бар ма екен?


Авторы Xабарлама
Мақсат
zakiev80@mail.ru
06-02-09 14:55
Найманның Байжігітінен тараймын. Бар ма екен Байжігіттер? Болса Семей жақтан, Шығыс Қазақстанның Зайсан, Шілікті, Ақжар елді мекендері жағынан болар. Бұтабай қажы, оның ұлы Жәжеңді (Зейнолланы) білетіндер бар ма?

Авторы Жауап
Дулат
du_bai@list.ru
06-06-17 07:27
Ақжол Есімханов Бұрымбеттің Үмбетейінен мен бармын.Үмбетейдің ішінде қайсыған жатасын? Хабарлас.
Акжол Есімханов
Esimhanovakjol@gmail.com
04-06-17 09:51
Бұрынбеттің Үмбетайлары бар ма?
Кулпаш
Kulpash.tisaeva.72@mail.ru
01-12-16 18:43
Зонкабай Бутабаймен бирге туган иниси жогарыда кате кетипти
Кулпаш
Kulpash.tisaeva.72@mail.ru
01-12-16 18:36
Салеметсиздерме, Мен Бутабай улы Зонкабайдан тараймын, даригермин Оскемен калаcында, биздин туыстар Тарбагатай ауданы Ахметбулак ауылында турады, Зейнолла (Жажемнин) мазары Казахстан республикасы арнайы тарихи деректерине енген, Шиликти ауылында
Мирас
Miras230199@icloud.com
24-10-16 14:32
Ассалаумагалейкум))бурымбет атман бауырлар барма
инкар
Domalaykyzy@mail.ru
11-04-16 20:24
Шотай атамыздың Жақсылық атамыздың зиратын тұрғызбақшымыз,осы әулеттің балалары xабарласыңыздар
Тел:87786421361
87024383774
Касымхан
28-02-16 17:26
Асалаумагалайкум! Мен Касымхан Тусипханулы Байжигиттен Жумык тын улкен улы Болаттан тараган урпакпын ! Байжигиттер днк сараптамасын оту керек торесинбе кожасынба сартсынба белгили болады казир барлык торелер днк сараптамасынан отип жатыр!!!! Жаксы жаналыктар болсын!
мырзабек шотай руынан
mirza be. 555
14-12-15 17:13
Фаната деген кабарлас мен Шотай мын 17 шотай 87021989988 кабарлас
Ерсін
yrsin_@85@mail.ru
24-07-15 12:58
Тоғас шежіресін қайдан табуға болады???
Кайнижамал Кабдылкызы
15-07-15 22:35
Жумык баласы Кожаннан кимдер тараган
ardak
Ardak.Rai@mail.ru
27-12-14 21:27
Дулат, сен кимнин баласысын?
ardak
Ardak.Rai@mail.ru
27-12-14 21:26
Жумыктын 6 баласы: Саты,Болат, Сайболат, Кожан, Караша, Тауке. Сатынын балалары: Бұрынбет, Кайкы, Толебай,Даулетбай, Есенгелди. Бурынбетте 6 бала:Рай, Кутымбет, Атыман, Сейтен, Әйтен, Умбетай. Райда 6 бала: Кулсары, Аюсары, Кулмырза, Кайран, Байыр, Кобеген.
Дулат
du_bai@list.ru
11-10-14 10:29
БҰРЫМБЕТТЕР ШЕЖІРЕСІН КІМ НАҚТЫ БІЛЕДІ?
Фанта
28-07-14 16:05
Байжігіт - Жұмық - Сайболат- Жақсылық- тан Шотай боламын.Ары қарай дұрыстап таратып бере алатындар бар ма екен?
aray
aza777.1996@mail.ru
10-12-13 18:47
Токтаркожа>Байжигит>Жумык>Саты>Бурымбет>Кутымбеттин балаларынын шежиресин кiм бiледi? Кушиктин баласы Мамажаннан тараган туыстар барсыздар ма? Хабарласыныздар.mail: aza777.1996@mail.ru

арай
aza777.1996@mail.ru
09-12-13 14:40
burimbettin urpaktari sirimbaydin tuistari...
арай
aza777.1996@mail.ru
09-12-13 14:38
menin atalarim 1930 jildari kitayga otip ketken edi.osinda kalgan atalarimni tuistari bolsa...
Перизат
piko1@mail.ru
26-11-13 19:44
Торт Толегитай олар Каракерей, Дортуыл, Садыр Матай.
Байыс бабам Каракерей теги Каракерейден Кабанбай Бас Батырымыз тарайды
Байыстан: Сыбанкул, Ахымбеткул, Мурын, Шурентай, Мамбеткул(Кыржы), Макта апай
Шурентайдан: Тума, Токпак
Тумадан: Акша, Тилеуберди
Акшадан: Карабас, Кисык, Кылыш, Иман, Кул, Манду
Тилеубердиден: Балпанкул, Шолпанкул, Базаркул
Карабастан: Ерназар, Кожагелди

Кожагелдиден: Коки, Масы, Сырымбет, Караменди, Еркебай, Итаяк, Камысбай,Корпебай, Орыс,Шубаш, Керей, Токал
Сырымбеттен: Мусылман,Танырак, Болек, Иса
Мусылманнан: Копен,Саптаяк,Далеки
Копеннен:Жандарал,Есирке,Абикен,Абдрас, Жапар, Оспан, Апсалам,Хамза
Жапардан:Бижигит,Жанжигит
Жанжигит атамыз Уржар-Науалы жеринде омир сурген, окыган аса молда болган
Жанжигиттен: Макан,Акан,Акатай
Макан:Ахмет Ахметтен:Жукен, Габит
Акан: Еркебулан Еркебуланнан:Сырымбет, Акжигит
Акатай: Перизат Перизаттан: Султан
Семей қаласы. Жазған Перизат Ақатайұлы

Ананимно
aly077@mail.ru
09-11-13 18:36
сок отирикти
Зейнеш Мұқашқызы
zeinesh.m@mail.ru
24-10-13 19:15


Мен Қабанбай баба ұрпағы Зейнеш Мұқашқызы Сейльханова. Қабанбай- Әлі- Сәнік-Сегізбай-Айса-Сейілхан-Мұқаш Біздің үй Айса қажының үлкен үйі атанған, шежіре сақталған үй болды.
Шежіреден үзінді:
Тоқтарқожа Сайбатхан баласы екен,
Жұпар ханым дейтұғын анасы екен
Үлкендердің айтуын үлгі сөз қып,
әкесі өліп мәнсапқа талас екен.
.....
Байыс би жұрттан асқан бай еді бек
Төрт түлік елден артық қисапсыз көп
Өз балам бөтен деме қалайығым,
Айтқандарың бәт дұға аласың деп
Байжігіт нағашыда қалды саяқ
Үйленді, бақта ашылды атындай ақ
.....
Қатынынан Құрсақ туды әуелгі алған
Үлкендер, анық сөз бұл, емес жалған
Екінші алды қатын, үлкені өліп,
Жас балдыз және алуға ксі салған
Үлкен үйге балдызын кіргізіпті
Қосқан соң құдірет кәрім қылып пәрмен
Әуелгі қатынынан Құрсақ туды
Жетім қап көз жасымен бетін жуды.
Екінші қатынынан Жұмық-Тоғас
Қалдырды қалың тұқым ырғын дуды
Үшінші қатынынан Мәмбет туған
Осылайша айтады ата қуған
Анасының орнына сіңлісі келіп
Құрсақ, Мәмбет енелес бірге туған
Мәмбеттің тоқалынан әм Қожақұл
Біз сондай айрылдық қой топты дудан
.....
Қожақұлдан Есенбай, Есенаман
Қабанбай үшінші ұлы \"ҚОЛДА\" бабам
.....
Қабанбайдан туғаны жеті ұл бала
Әр іске кетіп көңлім болды ала
Әр уақытта жарылқа ақырын бер
Рахым алла мадат қыл, алла пана
Батыр ұлы Үмбетей, Мырзакелді
Жаббар қақ сауапқа жаз шыққан желді
Кішкентай мен Сырымбет,Едіге, Байтоқ
Қыдыр қонған Әлі атам айдын көлде
Ары қарай Әлі баба ұрпағының таралуы жазылған
Айман
ghumaibek@mail.ru
22-10-13 19:48
Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданы мен Семей облысының Ақсуат ауданын біріктірген. Тарбағатай ауданының бұрынғы орталығы Ақжар. Қытайдан елуінші, алпысыншы аш жалаңаш келген Байжігіттер негізінен сол жақта. Ақсуаттың қытайлық Байжігіттері, Тоғас, Тәуке дегендері Ойшілік деген ауылында тұрады.
kansu
dauletbek_@mail.ru
18-10-13 19:18
Мен Ақжарданмын. Әкелерім келген Қытайдан. Сүйегім Тоғас. Нағашыларым Төртуыл. Қабдеш Жұмәділовке жиенмін. "Соңғы көш" кітабынан нағашы жұртым туралы оқығаным бар.
қабнаби
kabnabi@mail.ru
16-10-13 10:45
Байжігіттің Тәукесі боламын. Ақжарлықпын. Қытайдан \"босқын\" боп өткенмін...
Аманғали
baibek_a@mail.ru
09-10-13 16:43
Ақжарлық Кытайдың Шәуешегінен 1955, 1962 де келген Байжігіттердің ұрпақтары, хабарласыңдар.
алмас КАИКЫ КУЛКАНА
almas88_11@mail.ru
05-10-13 06:27
БАИЖИГИТ Жанжигит
ЖУМЫК Тогас Мамбет
САТЫ Болат Кожа Саиболат Караша Тауке
КАИКЫ Даулетбаи Есенкелди Бурымбет Толебаи
КУЛКАНА Бектемир Баян
ДУИСЕ Даулыбаи Нартаи Келдикул
ТАНАТАР Танатбаи
ЖАНКУЛ Жантуган (Жантуганнан Сахари Хамза Кумар)
ТЫШТЫКБАИ Нурка Кожа ишбекбаи (Нуркадан Есенкелди Турар Егиспек Сагатбек)
ЖУМАШ Жалгабаи Курмангали
МУРАТХАН
АЛМАС АРХАТ
Бул шежире дурыстыгына кепилдик бере алмаим Суиеги жакын туыстар хабарласуын отинем. Озим ШКО Тарбагатаи ауданы Жетарал аулынан болам. Казир Оскемендемин. Муратханулы Алмас87756637987 87778494743

Алмас
almas_bekkaliev@mail.ru
13-09-13 14:46
мен Акболатпын барма тагы акболаттар??
Аманғали
baibek_a@mail.ru
13-07-13 22:10
Бәйжігіт деген елді іздесең, олар негізінен Қытайда, Тарғыбатайдың Ақжарында (бұлар енді нағыз бары тұрған қытайлықтардың өзі), содан кейін Ақсуаттың Комсомол деген совхозында тұрады.
гулнәр
09-07-13 12:52
абыз-ақсақалдардан көп әнгіме тарих, шежірелерді жазып алмағанымызға өкінеміз, біз бала болдық, совет өкіметі кезінде мұрша бермеді, біз ес біліп етек жиғанша ата-бабаларымыз дүниеден озды, ендігі барымызды жинап, есімізде қалғанды ортаға салғандарыңызға рахмет сіздерге мен найман, тәуке шахаманнан тараймын, апам есеңгелдінің қызы еді, бар білетінім осы, наймандарға сәлем!
Мағзұм
biraly@bk.ru
27-04-13 10:19
Байжігіттердің ірі турайтын жігіттері негізінен арғы бетте. Үрімшіде, Шәуешекте, Шихода, Шипанзыда...
Арайлым
26-04-13 00:07
менің суйегім ыстабан. бул туралы ештене мәлімет жок
kamal
kamal.1965@mail.ru
25-03-13 07:30
Алматы қалалық маслихатының депутаты Құсман Шалабаев!
kamal
kamal.1965@mail.ru
25-03-13 07:26
Байжігіттің Тәуке елінен Калетаев Дархан!
Мағзұм
biraly@bk.ru
19-03-13 14:22
Бәйжігіттің ұл-қыздары! Арғы беттен келгенімізге намыстанбаңдар. Өткен жылы біздің СССР-ге Қытайдан өткенімізге 50 жыл толды. "Елу жылда ел жаңа" деген дана халқымыз. 1962 жылы босқын боп өткен бізді де, 1955 жылы "граждан" боп өткендерді де елеп-ескерген жан жоқ. Жайсаңдарымыз да үн-түнсіз. Біздің әке-шешелеріміздің, кейіннен біздің көргенімізді келер ұрпағымыз көрмесін дегенім ғой. Өз басым туған жерім "КНР" болғандықтан не шен ала алмаған, не шекпен кие алмаган ағаларыңның бірі боламын.
Мағзұм
biraly@bk.ru
19-03-13 09:42
Сайлаукүл, Шынар! Ақсуаттың Комсомолынан болсаңдар, кімдердің қыздары болдыңдар? Қай жылы келіп едіңдер? Мен тоғаспын, 62-де босқын боп өткенбіз.
Сайлаукул
sakesh57@mail.ru
17-03-13 21:51
Шынар Ақсуаттын Комсомолынан мен бармын
Алтай
chultukov_as@enu.kz
18-02-13 19:55
Біздің арғы тегіміз ұйғыр деген өте күмәнді. Қазақта сөз бар: "Өзбек өз ағам, сарт садағам" деген. Бұл жерде сарт деп тәжіктерді айтады. Сол себепті біздің арғы атамыздың тәжік болуы да мүмкін.
Салтант
rahimbaeva.s
18-02-13 17:54
Салеметсіздерме! Байыстын қызы Мактадан Байжігіт одан Мәмет: Күшік, Қожақұл, Қарақұрсақ, Өмір, 5-ші баласы Тайлақ айтылмаған, ТАЙЛАКты таратып берсеңіздер екен.
Әкем аты - Рысбек, атам - Баймолда, арғы атам- Рақымбай
Cіздерден асығы жауап күтемін!!!
Салтант
rahimbaeva.s
18-02-13 17:43
Сәлеметсіздерме! Мен Найман-Каракерей-Байыстын кызы Макта - Мәмбеттен Кушік,Қожақұл,Қарақұрсақ,Өмір бұл жерде 5 баласы Тайлак айтылмаган. Осы Тайлакты таратып берсеңіздер екен.Менін әкем аты-Рысбек, атам - Баймолда, аргы атам - Рақымбай. Зайсан жакта туып өскен.
гулден
gulqien.nur@mail.ru
14-02-13 14:53
сіздер кай елсіздер
Мағзұм
biraly@bk.ru
14-02-13 08:36

жансая
jora_88_88
23-01-13 07:46 мен сайболаттан тараймын бірақ ары қарай жеті атамды толығымен білмеймін естігенім бар-байжігіт - мәметектен -шоқтыбай-бергі атам Нұрғалімнен тараймын соны толық қалай білсем болады менім озім Шығыс қазақстанна Тарбағатайдын ар жағы ахмет-бұлақ деген ауылда туып оскен екенмін қазаір алматыда тұрғаныма коп жыл болды маған толық жеті адамды білгім келеді.....
Сайболаттар, жалпы Тоғас, Тәукенің көпшілігі арғы бетте. Шәуешек, Дүрбілжің, Майтауда. Қытайдан қай келдіңіздер, ол жақта туысқандар бар ма?
Еркебулан
naiman_karakerei95@mail.ru
13-02-13 17:42
гулден
gulqien.nur@mail.ru
-----
Сіздер болмағандарыңызбен ата-аналарыңыз бар шыгар. Ол кісілер қай жылы өтті? "граждан" боп өтті ме, "босқын" боп өтті ме дегенім ғой.
Еркебулан
naiman_karakerei95@mail.ru
13-02-13 17:32
Байжігіттен боларсындар деп сұрап жатқаным ғой. Әйтпесе, арғы беттен келгендер Зайсанда бірең-саран, негізінен бұрынғы Тарбағатай ауданының Ақжар жағында ғой.
гулден
gulqien.nur@mail.ru
11-02-13 14:00
біз аргы бетке өткенде жокпыз.
Еркебулан
naiman_karakerei95@mail.ru
11-02-13 08:11
гулден
gulqien.nur@mail.ru
08-02-13 18:06 Мен Шыгыс Казакстан облысы Зайсан ауданы Шілікті елді мекенінен боламын Төлебай
-----
Арғы беттен қай жылы келіп едіңдер?
гулден
gulqien.nur@mail.ru
08-02-13 18:06
Мен Шыгыс Казакстан облысы Зайсан ауданы Шілікті елді мекенінен боламын Төлебай елінен кімдер бар екен а....
қайрат
kairat_nazarbekov@mail.ru
02-02-13 13:03
тоғас-шерубай-аталық-боқы-тауықбай-сейтқалидан тараймыз
Дархан
darik_laura@mail.ru
29-01-13 21:59
Мен Толегенов Дархан Серикулы Жезказганда турамын. Атам Толеген улы Нурсапа ШКО Акжар ауданнында 1900 туган. Мен білетін Касен мен Кенесхан інілері болыпты, Атам Толеген улы Нурсапа 1932 жылы кытайдын Шәуешек каласына өтіпті, Атамнын Касен деген інісі Осы жакты калыпты,согыс жылдары Улы Отан согысына кетіпті,содан хабарсыз кетіпті. Содан Атам Нурсапа Төлегенулы 1962 жылы Қазақстанға қайта өтіп, казіргі Қарағанды обл Ұлытау ауданның 1 совхозында тұрақтап калады. Атамнын інісі Кенесхан балаларымен Шәуешекте калып кояды. Казір хабарласып турамыз. Руым Найман-Байжігіт-одан Мәметекпін, Әжемнің руы Тоғас, аты Гулбарам Байсейтқызы ол кісіде ШҚО туган -1926жылы. Білетіндер бар ма?
Дархан
darik_laura@mail.ru
29-01-13 21:52
Мен Толегенов Дархан Серикулы Жезказганда турамын. Атам Толеген улы Нурсапа ШКО Акжар ауданнында 1900 туган. Мен білетін Касен мен Кенесхан інілері болыпты, Атам Толеген улы Нурсапа 1932 жылы кытайдын Шәуешек каласына өтіпті, Атамнын Касен деген інісі Осы жакты калыпты,согыс жылдары Улы Отан согысына кетіпті,содан хабарсыз кетіпті. Содан Атам Нурсапа Төлегенулы 1962 жылы Қазақстанға қайта өтіп, казіргі Қарағанды обл Ұлытау ауданның 1 совхозында тұрақтап калады. Атамнын інісі Кенесхан балаларымен Шәуешекте калып кояды. Казір хабарласып турамыз. Руым Найман-Байжігіт-одан Мәметекпін, Әжемнің руы Тоғас, аты Гулбарам Байсейтқызы ол кісіде ШҚО туган -1926жылы. Білетіндер бар ма?
Еркебулан
naiman_karakerei95@mail.ru
25-01-13 08:32
Байжігіттердің Қытайдан өткеніне былтырғы жылы 50 жыл толды. Бірақ бұл оқиға тиісті деңгейде атап өтілмеді. Соған ақжарлық байжігіттер нәумиіз. Қабдеш Жұмәділовтың "Соңғы көш" кітабындағы кейіпкерлердің басым көпшілігі байжігіттер.
еркебулан
naiman_karakerei95@mail.ru
24-01-13 08:14
шардарада орта жуз коп
еркебулан
naiman_karakerei95@mail.ru
24-01-13 08:12
байжігіт семейде талдықорғанда өскеменде көп немесе қытайда шелекте бар кызай байжігіт
жансая
jora_88_88
23-01-13 07:49
а есіме түсті БОЛАТ деген жеті атага кіреді
жансая
jora_88_88
23-01-13 07:46
мен сайболаттан тараймын бірақ ары қарай жеті атамды толығымен білмеймін естігенім бар-байжігіт - мәметектен -шоқтыбай-бергі атам Нұрғалімнен тараймын соны толық қалай білсем болады менім озім Шығыс қазақстанна Тарбағатайдын ар жағы ахмет-бұлақ деген ауылда туып оскен екенмін қазаір алматыда тұрғаныма коп жыл болды маған толық жеті адамды білгім келеді
ahmet
galek_7@mail.ru
18-01-13 12:52
мен балталымын
Саяжан
naimanka_8888@mail.ru
15-01-13 13:47
Иа бiз Байжiгiттер Найманга сiнгенiмiз рас!Сарт деп жатырсыздар,бiреуi уйгыр екен дейдi.Осы сиякты турлi деректер бар.Айта кетерлiк сарт деген озбек те емес,уйгыр да емен,олар казiргi танда жойылып кеткен улт.Бурындары казактар кыздарын озге ултка бермеген,Байыс би кызын кайдагы бир сартка бермейтин шыгар.Бiреулер Токтаркожаны \"Кожа\"екен дейдi.Кожа руындагылар араб,сарт,т.б улттардан куралган ислам дiнiн таратушылар болган. Токтаркожа Кожанын сарты болуы да мумкiн.Бiреулер Токтаркожа Сайбекханулы Маскеудi жаулаган атакты Токтамыстын урпагы,ягни хан тукымынан торе дейдi.Барiн бiлгiмiз келедi арине,анализ днк тапсыру керек шыгар.Бастысы Байыс бабамыздын созiн жер етпейiк,ол Байжигитти болмендер деп айтып кеткен.
Бутабайкажытегi!(тiкелей урпагы)
Adil_z-97@mail.ru
15-01-13 12:00
Нурлан ага!сiзге де айтарым сол!Шежiренi айта кетсем,Бутабай,Зейнолла аталарыма карсы шыгып,соз кайтара алмаган адамдар коп.солардын бiрi Абаймен Кунанбай!
Бутабайкажытегi!(тiкелей урпагы)
Adil_z-97@mail.ru
15-01-13 11:48
Жаксылык Тусынхантегiне!агасы,айтатынызды айтып алып,логин e-mаil.iнiздi неге жасырып отырсыз?!казакта \"Мыкты болсан,Бетке айт\"деген соз бар!
Нұрлан
yessengazy@mail.ru
12-01-13 16:56
"Қабырғалы Қаракерейдің баласы сенен естісем, арманым жоқ еді. Келімсек сарттан естігенім жаныма қатты батты", - депті ғой Абайдың өзі
Нұрлан
yessengazy@mail.ru
12-01-13 16:52
Қиятқа Тобықты мен Байжігіттің ешқандай қатысы жоқ. Байжігіттер, біз кейіннен, Найманның Қаракерейдің шөбересі Байыстың қызы сарт Тоқтарқожаға тиіп, содан тараймыз. Сарттан екі ұл бірі Байжігіт, екіншісі Жанжігіт, Тоқтарқожамен еліне кеткен. Тоқтарқожалар қазір Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиясында, екі үкірдай ел...Біздің арғы тегіміз сарт!
жаксылык тұсынхантегі
12-01-13 10:03
,,АЛТЫН ОРДАДАН,, ҚИЯТ тайпасы үлкен орын алып ,батыстан днепрге дейін бйлігі жүрген, жер көлемінің үлкендігінен шашырап әлсіреген осы тайпа рулары ,,БАЙЖІГІТ,, Найманға, ,,ТОБЫҚТЫ,,АРҒЫНҒА сіңіп кеткен,
жаксылык тұсынхантегі
12-01-13 09:54
АБАЙ дай дара, ғұлама адам болмаған да, бір туары елінің ол дара АБАЙ!!!!!
Кожанапес
kozhanapes@Mail.ru
10-12-12 07:42
Менін руым НАЙМАН ЖАНЖІГІТ болам. ШКО Урджар ауданында турам. Менін есімім Кожанапес Есімім аргы аталарымнын есімі.Умытылмасын деп койган сиякты Бірак Жас кезінен жетім калып согыс уакытында шыгыс Казакстанда калып койыпты атам .Сол жерде уйленіп Атам отбасын курады.Мен оз есімімнін магынасын білгім келеді. Егерде Жанжігіт руын жаксы білетін адам болса комектесіндерші...
Мұқадас
03-12-12 11:15
Мен Тоқтарқожаның Жанжігітінен тараймын. Байжігіттериен арғы атамыз бір. Қазаққа сіңіп кеткендерің болмаса, барлығымыз бір Тоқтарқожадан тараймыз. бойымызда ұйғыр қаны бар екенін ұмытпайық!!!
Адiл
adil_z-97@mail.ru
01-12-12 16:33
Алiмбек.Бутабайдын елi Жумык!
Бұтабайдың баласы
adil_z-97@mail.ru
30-11-12 16:02
Жалпы,Тарбағатай өңірінде яғни,Бұтабай басқарған ел,әлі күнге дейін Бұтабайқажы Құнанюайға ырық бермегенін айтып жүр!Тіпті Абайдың өзі Бұтабай атама сөз қайтара алмаған!
Адiл
adil_z-97@mail.ru
30-11-12 10:35
ОУ.АМАНДЫК КАРАСУ!жауабымды окыдын ба?!
Мұқадас
28-11-12 19:19
Тоқтарқожа-Жанжігіт-Қансу-Сәйбіл-Мәутария-Қабнаби-Мұғни-Бөпинан-Мәутария-Жаңғұл-Құддұс-Мұқадас. Қытайдан 1955 жылда Тарғыбатайдың Ақжарына, Ақсуаттың Ойшілігіне өткен Байжігіттің Тоғас, Тәуке аталықтарынан туыстарымды іздеймін.
Dinara
dinka_love.jan
27-11-12 15:10
Салем менин бауырларым туыстарым мен НАЙМАНМЫН ЖАНЕДЕ НАЙМАН БОЛГАНЫМА ОКИНБЕЙМИН менин жети атамда текти Оразбайевтар аулетинен ШАРДАРАДАН
Amandyk
karasu1958@mail.ru
27-11-12 09:30
Жан шықпаған бел едің

Қазақтарға ортақ әдет-ғұрып заңына негізделген Ереженің жобасын Семей губернаторының тапсырмасымен 1885 ж. Абай жазып, ол Қарамола съезінде мақұлданғаны Абай өміріне байланысты жазбалардан мәлім. Осы жобаны дайындау үшін әр елдегі басты-басты адамдарға ұсыныстарын жазып, Абайға жіберуді хабарлайды.
Сонда бұрын аға сұлтан болған Өскемен оязының Шіліктісіндегі Бұтабай өз жобасын жіберіпті.
Арнай алып келген адамның көзінше Абай жобамен танысып шығып, көп кемшіліктерін көрген соң, ренішпен «әттең, надандық-ай!» - депті. Ол жобаны апарған адамнан Абайдың әлгі айтқанын естіген Бұтабай бастаған жоба иелері мұны өздерін кемсіту деп санап, намыстаныпты. Реті келсе, есе қайтармақшы да болып жүреді.
Осы елдің белгілі адамы, руы – Тәуке Кәдір Әліпкелұлы қажылыққа бармақ болып, қасына болыс Бөгісті ертіп (т.с.с. кісілер бар), Семейге келіпті. Абай да Семейде екен. Кәдір барар жолдың жобасын сыздырып алмақ мақсатымен Абай тоқтаған үйге түседі. Абай үйде жоқ екен, біраз тосқан соң келеді. Бөгістен басқалары
танымапты. Бөгіс тез тұрып, сәлем беріп, киімін шешуге көмектеседі. Кәдір Абай екенін сезеді, алайда тұрып сәлемдеспейді.
Жоғарыдағы жағдайға байланысты, Абайды бір мұқатып алмақшы болып:
-Бөгіс, мынауың кім еді? – деп, жорта сұрайды.
-Ой, Абай төре – осы, Абай төре, - деп сасқалақтап жауап беріпті Бөгіс. Сонда Кәдір Бөгіске:
-Ой, Бөгіс-ай, сайқалың-ай, жағымпазың-ай, залымың-ай! Арғынның Алшынбайы емес, Найманның Бұтабайы емес. Қарағай бөренеге қамыс тіреу бола ма? Кешегі ақ тобық аттың бәйгесіне келген жетім тобықтының баласына осынша жалпылдағаның не? Бұл – көк мойын жетім лақ емес пе, біз шалқып жатқан дария бұлақ емес пе?! – депті.
Абай ашуын ішіне сақтап, бірінші рет көріп отырған адамы, әрі өз үйінде болғандықтан ештеңе демеген екен.
Кейін семізнайманның бір болысына кездескенде Абай Кәдір қажының сөзіне байланысты өкпесін айтыпты:
- Қабырғалы Қаракерейдің баласы сенен естісем, арманым жоқ еді. Келімсек сарттан естігенім жаныма қатты батты, - депті. Бұл Абайдың Кәдір қажыны мұқатып, сөзіне қайтарған есесі еді. «Келімсек сарт» деп отырғаны Кәдір қажының арғы атасы Байжігіт, оның әкесі Тоқтарқожа Сәйбекханұлы Байыс бабамыздың қолына кеп, Мұрын анамыздың туған қызы Мақта апайға үйленген тәшкенттік жігіт екен. Абай соны айтқан. Осы сөзді әлгі болыстан естігенде Кәдір: «Абай сол жолы сөз таппаған жоқ. Ұлылығынан үндемеді. Мен оның алдында кінәлімін, кеш те болса, кешірім сұрауым керек, - дейді.
Кәдір қажы Меккеден қайта оралған соң, кешіктірмей, Абай ауылына сапар шегіп, былай деп кешірім сұраған екен:
-Абай мырза сен едің, жан шықпаған бел едің, жан татпаған көл едің. Көліңнен дәм татып, беліңе шығып дем алайын деп едім. Біз-Арқаның қазағы сөздің ауыр-жеңіліне қарамай айтып қалатынымыз бар. Анадағы сөзді көңіліңізге ауыр алмаңыз, - депті. Кәдір қажының өз айыбын өзі мойындағанына риза болған Абай:
-Кешірдім, кешірдім, - деп күле жауап берген екен. Кетерінде Абай Кәдір қажыға ат мінгізіп, шапан кигізіпті. Бұдан сыйластықтың тамаша үлгісін көрсеткенін танимыз.

Бақихан ақсақалдан жазып алып, ұсынушы
Совет Тоғызбаев, зейнеткер, ұстаз.

Бұтабайқажының тікелей ұрпағы
adil_z-97
21-11-12 12:16
Амандық Қарасуға!ағасы,Мұрын анамыз бен Байыс бабамыз дейсіз,демек, өзіңізде Байжігіт болдыңыз ғой!Өзге елдің басшыларын жақтап,қолдағанша Өз Еліңізден шықан Ұлы Бұтабай жайлы дәріптегеніңіз жөн болар еді!Кезінде Құнанбайқажы Бұтабайқажының алдында сөз бастамаған!Бұған дәлел менің Атамның әкесі Зәки ата(Бұтекеңнің немересі)әкемдерге кезінде осылай шежіресін сыр шертіп отыратын.Сол замандағы Көкпектідегі Көкиірім деген жерде съез болыпты,сол сиезге Абайда келіпті сонда сөйлеп тұрған Бұтабайды көрген Абайдың өзі Ойпырмай-ай!Бұтабай тұрғанда бізге сөз қайдан тисін,деп кері қайтып кетіпті!Өзім осы форумға техникалық ақауларға байланысты көптен кірмеп едім.
Осындай шежірелердің бірталайын білемін!!!
Amandyk
karasu1958@mail.ru
16-11-12 09:08
Бұтабай қажының тікелей ұрпағына. Менің білуімше Құнанбай, Абайлар Байжігіттерді сарт деп өткен.
"- Қабырғалы Қаракерейдің баласы сенен естісем, арманым жоқ еді. Келімсек сарттан естігенім жаныма қатты батты, - депті. Бұл Абайдың Кәдір қажыны мұқатып, сөзіне қайтарған есесі еді. «Келімсек сарт» деп отырғаны Кәдір қажының арғы атасы Байжігіт, оның әкесі Тоқтарқожа Сәйбекханұлы Байыс бабамыздың қолына кеп, Мұрын анамыздың туған қызы Мақта апайға үйленген тәшкенттік жігіт екен. Абай соны айтқан".
Лаур
aznabakiev.Laur@mail.ru
13-11-12 17:34
Максат Закиев!
Менин исмим Лаур.Шаджарам: Токтарходжа-Жанжигит-.....Якупжан-Азнабаки-Кахарман-Лаур. Сиз билан тонушушка боламду?
Ғопыр
gopyr1946@bk.ru
13-11-12 17:14
Менін есімім Гопыр, сіздер Байжігіт болсаныздар, мен де Токтаркожанын урпагымын, Жанжігіт боламын. Біз Байжігіттей өспегенімізбен, Шыңжаңда бір үкірдай елміз. Өзім Сәбетке келгелі Алматы қаласында тұрамын, балалы-шағалымын. Қайын жұртым сібе.
Бұтабайқажының тікелей ұрпағы
adil_z-97
12-11-12 10:29
Бұтабайқажы кезінде Құнанбайға ырық бермеген!Ел арасында жиын,той,ас берген кездерінде Құнанбайдың өзі:Найманның атақты биі Бұтабайқажы,Бұтеке сөз бастаңыз деп отырған екен.
Бұтабайқажының тікелей ұрпағы
adil_z-97
12-11-12 10:23
Ассалаумағалейкум Найман елі!өткенде озім айтқандай Ел басқарған киелі де қасиетті Аталардың баласымын.Толығырақ,қазіргі ШҚО Тарбағатай елді мекенін кезінде Ел басқарған,елі үшін жері үшін жанын пида еткен Тарбағатай ағасұлтаны ұлы мәртебелі Александр 2 патша қабылдауында болып,алтын зерделі құндыз жағалы тон киген,қажылық сапарға 2 рет барған,Орта жүздің төбе биі,Қасиетті Ұлы Бұтабайқажы және ол адамның ұлы Жәжең(Зейнолла)болыс.Осындай өте мықты болған би адамдардың нағыз тікелей ұрпағы мен боламын!Найманның Баласы Байжігіт ата туралы ізденіп және одан тарайтын ұлдары әрі ұрпақтары жайлы көп нәрсе жазып,туысқан болып бір-бірімізді тауып,табысып жатырмыз!өз басым бұған қуанамын,ал енді айтарым Найман елі!НАЙМАН бабамыз жайлы Байжігіт ата жайлы барлығымыз қосылып,ізденіп өте үлкен көлемдегі ШЕЖІРЕ жазсақ нұр үстіне нұр болар еді бұған өзімде қатысып,үлес қосып отырамын!бір бастасақ әрі қарай өзіміз-ақ жалғастырып ақылдасып жалғастыратынымызға күмәнім жоқ!Шежірені бастайық,АЛЛА ЖАР БОЛСЫН!!!сәттілік!
Арайлы Әленханқызы Закиева
araisyly@mail.ru
26-10-12 21:44
Қаракерей тайпасының Байжігіт руынан 3 ата тарайды: Мәмбет, Жұмық, Тоғас.
Жұмық-Саты- Бұрымбет- Құтымбет- Күшік - Жандарал- Жүнді - Бұтабай - Зейнолла - Зәки - Махмұт.
Зәки Махмұт ұрпақтары Дәлелхан, Әленхан, Шыңғысхан, Ербол, Ерлан, Нұрлан Семей қ., Абай ауданы өңірінде тұрады.
Дәлелхан - Мақсат, Руслан, Айжан, Еркежан
Әленхан - Әділ, Аяулы, Арайлы, Назерке, Әсел
Шыңғысхан - Жадыра, Жансая
Ербол - Гүлнұр, Жаннұр (Екібастұз)
Ерлан - Аңсар, Балауса, Балнұр
Нұрлан - Елшат, Ерзат
Адiл
adil_z-97@mail.ru
26-10-12 20:15
БУТАБАЙКАЖЫНЫН нагыз,тiкелей урпагымын!!!
Алтай
chultukov_as@enu.kz
25-10-12 15:41
Сайболат-Жақсылық-Мәметектен бері таратып жазып беріңіздерші. Рақмет
Еркебулан
erkebulan_toleuhanuly@mail.ru
22-10-12 11:03
ЖАЖЕН(ЗЕЙНОЛЛА) ата- біздің ұлы бабамыз.Ол кiсiнiң улы Қабден ата ,Қабден атадан Тілеухан, Мәуітхан деген екі ұл бар.Тілеухан- менің әкем.Тілеуханнан 4 ұл : Ардақ, Алмас,Айдын,Еркебулан!!! Тілеухан ұрпақтары ШҚО,Абай ауданында Қарауыл ауылында тұрады.
Адiл
adil_z-97@mail.ru
09-10-12 21:23
Ассалаумагалейкум Найман елi!мен НАЙМАН-БАЙЖiГiТ.БУРЫМБЕТ.КУШIК.ЖАНДЫАРАЛ.ЖУНДI.(агасултан.Орта жуздiн тобе биi.атакты.касиеттi)БУТАБАЙКАЖЫ.ол кiсiнiн улы (болыс болган.касиеттi)ЖАЖЕН(ЗЕЙНОЛЛА)ата.ол кiсiнiн улы Заки ата.Заки атадан улы Махмудбек.ол кiсiден 6 ул .осы 6 улдан мен Аленханнын улымын!ягни Бутабайкажынын нагыз,тiкелей урпагымын!!!
Адiл
adil_z-97@mail.ru
09-10-12 21:20
Ассалаумагалейкум Найман елi!мен НАЙМАН-БАЙЖiГiТ.БУРЫМБЕТ.КУШIК.ЖАНДЫАРАЛ.ЖУНДI.(агасултан.Орта жуздiн тобе биi.атакты.касиеттi)БУТАБАЙКАЖЫ.ол кiсiнiн улы (болыс болган.касиеттi)ЖАЖЕН(ЗЕЙНОЛЛА)ата.ол кiсiнiн улы Заки ата.Заки атадан улы Махмудбек.ол кiсiден 6 ул .осы 6 улдан мен Аленханнын улымын!ягни Бутабайкажынын нагыз,тiкелей урпагымын!!!
Сабитова Жансұлу
nurlan kaliev @bk.ru
05-10-12 20:19
Біздер Бйжігіт ұрпақтары Найман руына жатпаймыз біз қожалармыз тек наймандарға сіңгеніміз болмаса Біздің Тарбағатай ауданы соның ішінде мен туып өскен Жетіарал аудандарының тұрғындары барлығымыз қожалармыз соны біліңіздер
Қазбек
Kazbek_1983.83
16-08-12 20:57
Найман қожақул манбет есенаманмын
Әділет
adlet.kairatovich@inbox.ru
31-07-12 20:46
Байжігіт ұрпақтары http://naimankz.yvision.kz/ сайтындағы Камал Абдрахмановтын блогын оқыңдар
айман
ai.99
26-07-12 14:55
мында абайдын омыр байандары жок маган катты керек берындерша сендерге алгысым шексыз болад отынем ьауып берындерша маган катты-катты керек бересындер ме
ҚАЙРАТ
ҚАЙРАТ НАЗАРБЕКОВ
10-07-12 21:00
Қабден Құрманұлы «Тоғас шежіресі», 208 ж., Шәуешек, 394 бет. араб графикасымен басылған. қалай алуға болады?
Аян.С
sad_ayan
21-06-12 23:17
Сарт деп атау қателік болу керек өйткені оңтүстік жақтан келгендердің бәрін бірдей солай дейтін болған сияқты.Байжігіт Жошыдан тарайды деген әлсіз дерек бар.Жаугершілік заманда
бала Байжігіт өзбек жеріне кетіп бірақ тұрақтамай Тарбағатайдағы нағашыларына келіп жылқы бақты деген әңгіме бар.Мен Байжігіттен Жұмық,Саты,Бұрымбет деген елмін.
еркежан
erkezhan.kamza@mail.ru
02-06-12 09:31
мен негизи найманмын.бирак бир себептермен баска жерде остим.мени нагашы атам бакты.ол табын болатын.сол себептен табыннын шерисесин 5ке билемин.бирак наймандар туралы кишкене гана билемин.енди наймандар туралы билгим келеди.калай пайда болган,кимдерден тараган,калай шыккан.
Бектас
bektas-86@mail.ru
22-05-12 08:40
Біз Найманның Байжігітінен тараймыз. Елім Тоғас-Байбарақ. Туып өскен жерім Семей-Ақсуат ауданы Ойшілік (Комсомол) ауылы. Хат жазысып хабарласып тұрайық.
Толганай Тастанбекқызы
toki_1995@mail.ru
18-05-12 20:03
Сәлеметсіздерме мен Ақжар ауылынан боламын орта жуз наиман байжигит ТАУКЕМІН таукелерге улкен салем мен Қарасу ауылының тумасы Жумажанов ТОканнын немересимин оз акем Жумажанов Тастанбек!!!!
Айнур
ainur_tv@mail.ru
19-04-12 11:39
Сәлеметсиздер ме? Менің аты жөнім Искендирова Айнур, Кызылорда каласынан боламын. Мен Семей каласындагы Сартау тауы жайында мәлімет іздеп жур едим. Отиниш Сартау немесе Сартай тауы жайында билетиндер болса хабарласуларынызды сураймын.ainur_tv@mail.ru
Бауыржан
bauka_vko_87
04-04-12 15:29
Байжігіттің Таукесінен кім бар
Азамат Буратай
aza.401@mail.ru
03-04-12 01:06
Байжигит-Жумык-Сайболат-Жаксылык-Маметек-Буратай-Бабык-Өзенбай-Сәбит-Сайдахан-Кәслімхан-Еркін-Азамат

Сабитовтар!!!

Хабарласыныздар!!!
aza.401@mail.ru
Әділет
adlet.kairatovich@inbox.ru
28-03-12 13:32
Бекжаннан тарағандар болса хабарласайық
Әділет
adlet.kairatovich@inbox.ru
28-03-12 13:30
Тоқтарқожа-Байжігіт-Мәмбет-Қожақұл-Есенаман-Барақбай-Есіргеп-Бекжан
Нұрлан
yessengazy@mail.ru
24-03-12 11:04
Қабанбай Қожақұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз — батыр, талантты қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл. Қабанбай Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан.
Жеті жасында әкесі Қожақұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады. Он алты жасар бала жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін Зайсандағы Керей ішіне кетіп, жездесі Бердәулеттің қолында болды. Осында жүріп жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, “Қабан батыр” атанды.

Айнұр
kazainur@mail.ru
21-03-12 19:14
Осыдан тура елу жыл бұрын арғы беттен келген Байжігіттер, хабарласыңдаршы!!!
Нұрбек
nurbek_56@mail.ru
21-03-12 18:58
Ағайындар, Байжігіттер!!! Біздің Қытайдан келгенімізге елу жыл!!! "Елу жылда ел жана" деген, биліктегілер үнсіз. Қалай болғанда да атап өтілетін оқиға ғой.
Нұрлан
yessengazy@mail.ru
20-03-12 06:27
Қазақ халқының ұлт ретінде сақталып қалуына сүбелі үлесін қосып, ата-бабамыздың жерін жоңғар, қытай басқыншыларынан жан аямай қорғап, Қазақ Елінің Тәуелсіздігі үшін қасық қаны қалғанша күрескен Қаракерей Қабанбай батырдың атында қоғамдық қор құрылды.
Қордың ең негізгі міндеті – батырдың ат үстіндегі ескерткішін Боғас бекетіне орнату.

Реквизит:
ТОО Общественный фонд «Менің бабам – Қаракерей Қабанбай»
Гос. Регистрация: № 218-1917-ОФ от августа 2011 год
Место нахождения: 071500 ВКО, Тарбагатайский район,
с.Аксуат, ул. Кабекова-17
тел: 8(723-46)21025, 22475,
87771370114, 87774772021

РНН 181000212269
БИН 110840015287
ИИК kz836010261000108783, Кбе 18
Тарбагатайское Управление Регионального филиала «Семей» АО «Народный Банк Казахстан»

БИК HSBKKZKX
БИН 980341000593
РНН 182700003518
Кбе 14
КНП 890

«Менің бабам – Қаракерей Қабанбай» қоғамдық қорының төрағасы Ержан Кәрібайұлы Құттыбаев, 87751316518, 87771370114, 8(723-46)21025, 22475, e-mail : kuttibayev@mail.ru

рауан
rauankalkanov@mail.ru
19-03-12 09:13
Ассаламуалейкум!мен найманнан тарайтын Құттыбай елі туралы толығырақ білгім келеді комектесулеріңізді сұраймын
Абдумалик
alik.imanmalikov@mail.ru
14-03-12 18:49
менін руым найман қайқы құлқанамын манырақ ауылнда тұрған жарықтық Салихов Имаанмәлік(Иматай)немересімін қайқыларды іздеиміні
Әлімбек
ARAI_SABIRBAEVA@MAIL.RU
05-03-12 12:07
Саламатсыздар ма! Менің аты-жөнім Әлімбек Қажыбекұлы мен Бұтабай атамыздың жиенімін.Менің анам Бұтабайдың қызы есімі Қайса(Биғайша,Ағайша ел ишінде осылай аталып кеткен)Апайы Нұрқайса ол кісінің ұлдарының есімдері Жайсанбай,Ертісбай,Сәрсенбай бұл кісілер Қытай жерінде қалған .Осы аттары аталған кісілердің ұрпақтары болса маған хабарласуларыңызды сұраймын.Бұтабайдың елі Тоғас.Қыстағы Бұтабай Шілігі деп аталады.
Арай
arai_sabirbaeva@ mail.ru
05-03-12 10:44
Саламатсыздарма!Менің есімім Әлімбек Қажыбекұлы Менің анам Қайса(Биғайша,Ағайша атанып кеткен) Бұтабайдың қызы.Нұрқайса деген апайы бар.Осы апайының балаларының аты Ертісбай,Жайсанбай,Сарсенбай бұл кісілер Қытайда қалған.Туып өскен жері Бұтабай Шілігі.Осы Ертісбай,Жайсанбай,Сәрсенбай ұрпақтары болса хабарласуларыңызды сұраймын.
Мұратжан
Muratzhan68@mail.ru
06-02-12 17:03
ШҚО , Тарбағатай ауданынының шығыс жақ бөлігінде Жұмық және Тоғастың Ұрпақтары тұрады Ақжар,Қабанбай,Қарасу елді мекендерінде Тәукелер (Шахаман.Түке,Өтеп) Жетіарал , Құйған ауылдарында Сайболат, Болат ұрпақтары Жана-ауыл,Шілікті ауылдарында Бұрымбеттер және Қожандар бар Сарыөлең деген ауылда Қарашалар. Жаналықта(Кйров) негізіне Есенкелдімен ,Төлебайлар тұрады Манырақ деген ауылда Бұрымбет,Дәулетбайі басым .Ақжар ауылында Қайқылыр бар. Тұғыл ,Байтоғас,Зайсан көлінің жағасында және Комсомл,Партсезд аулдарында Тоғастар тұрады .Менім айтып отырғаным дәл осы ауылдарда осы рудың адамдары ғана тұрат деуден аулақпан Бұл елді мекендер сол рулардың ата жұрты деуге болады. Кеңестік дәуір кезінде колхоздандыру одан кейін савхозға айналдыру осының кесірінен әр ру өзінің меншікті жеріне айырылып қалған .Мен тарбағатай ауданының шығыс жағын қамтыдым ал батыс жағында Қаракерейдің басқа рулары тұрады.
Байжігіттен Жұмық,Тоғас,Мәмбет
Жұмықтан Болат, Сайболат,Саты,Қараша,Қожан,Тәуке.
Сатыдан Бұрымбет.Есенкелді,Дәулетбай батыр,Қайқы ,Төлебай.

Жұмықтың балаларын \"Алты Жұмық бес Саты\" депе атап кеткен МЕН жәй үстірт қана шолып өттім кейінірек толығырақ тоқталармын
maulen
maulenko@mail.ru
29-01-12 18:58
Тоқтарқожа бабамыз сарт көрінеді. Сарт деген өзбек пе, ұйғыр ма? Бізге қайсысы жақын?
Шынар
ranysh
28-01-12 10:38
Найман Байжігіт руы. Мейрам баласы Байысбайдың қолында өзінің қарындасы Мақта бар екен. Оның ауылына Түркістаннан Толымқожа, Тоқтарқожа деген екі жігіт келіп, сол ауылдың адамы болып кетіпті. Тоқтарқожа Байыстың жылқысын бағады екен. Бір жұт жылы Тоқтарқожа жылқыны алыс отарға бағып, аман алып шығыпты. Сол үшін Байысбай оған Мақтаны берген екен. Содан Мақта Мақта апай атаныпты. Тоқтарқожадан Байжігіт, Жанжігіт деген екі бала туады ... Тоқтарқожа қартайып еліне қайтқанда Жанжігітті алып кетіпті. Байжігіттен Жұмық, Тоғас туады. Тоғастан Байбол, Қадір деген балалар туады. Жұмықтан алты бала болып, «алты жұмық» аталады
Шынар
ranysh
28-01-12 10:34
Ақсуаттың Комсомолының Тоғасынан кім бар, хабарласыныздар. Наймандарга сәлем
Әділ
Adil_z-97
03-12-11 13:16
Ассалаумағалейкум Найман елі

жанна
zke
22-11-11 09:16
Найманың ішінде жәрке не болмаса ақболат руы барма
Талғат Халық Қинаятұлы
halykov.talgat@gmail.com
13-11-11 21:19
Қазақ,Орта жүз,Найман,Байжігіт,Сайболат,Қарақай, Шығыс Қазақстан обылысы,Тарбағатай ауданы,Жаңалық ауылы,
Arai
miss.ar4i@mail.ru
11-11-11 17:58
Ал мен қыржымын. Қыржы туралы нақты дерек аз. Сондықтан білсеңіздер жазып қалдырыңыздаршы. Рахмет

maulen
maulenko@mail.ru
03-10-11 20:56
Тоғастарды іздесендер, Шәуешектен, Шихудан, Аксуаттың Комсомолынан табасыңдар. Жалпы Байжігіттер негізінен Қытайда, Тарбағатайдың Ақжарында.
Сырым
smd-69@mail.ru
17-09-11 11:06
Байжігіттін акесінін кім екенін накты айту киын. Токтаркожаны сарт дейді. Сарт деп кімді айтамыз? Біреулер білмей сарт деп уйгырларды атайды. Сарт озбекке сініп кеткен найман болуыда мумкін. Біреулер тіпті Токтаркожа кожа екен дегенді айтады, акылга сыймайды. Кейбіреулер ханнын урпагы екен дейді, олай болса ол неге жалгызбас диуана боп журген? Сондыктан сарт екеніміз анык болса. сарттын кайсысы боламыз? Бірак Байыс нагашымыз, жарыктык, Байжігітті болмендер деп осиет айтып кеткен. Сондыктан бізге бул казакта ен жакын, жанашырымыз Мурындар болады.Кететін Токтаркожа Жанжігітті алып кетті, Байжігітті Байыс атамыз осірді, жеткізді, осіргенде калай осірді - Байжігіт калын ел болды. Сол себепті, біз Найманнын Каракерейінін Байысынанбыз! Байыстан-Байжігіт.
Дархан
tolegenov_darkhan@mail.ru
11-09-11 22:28
Сәлеметсіздерме! Сіздердің жазғандарыңызда оқып шықтым, қызық екен. Әсіресе Байжігіттің әкесі кім болғаны жайлы. Мен өзім Ақжарданмын, Байжігіт бабамыздан кейін Сатыдан тарағанмын. Елім Есенгелді. Сол осы Байжігіттің әкесі кім болғаны жайлы кім нақты айта алады, қызықтырып жібердіңіздер, айтып беріңіздерші :)))) Ырза болам!!!
Аян
Mamanovaian
19-06-11 22:01
9 Тоғасты тарататын кім барекен Тоғастан Медет /?????
Аян
Mamanovaian
19-06-11 21:57
тоғастан ,кабылан,медет,жаксыкул,даулет,шерубай,жайлау,айтбай,шурек,сартай, 9 ұл тарайды Медеттен тілеуке ,Тілеукеден бітік,байша,тоқ, Тоқтан Маман,Мырзәлі ,Әбхалам,Күлжамал, Маманнан Назыр, Назырдан Сейткамал,Сейтахмет, Сейтахметтен Аян,Улан,Думан 9 тоғасты таратып беретіндер барма
dauren
daurenko@mail.ru
17-06-11 20:07
1955 те граждан боп откен, 1962 де боскын боп откен Байжігіттер хабарласындар. Шауешектен кімдер барсындар?
Алтай
sip_18
13-06-11 10:36
Мен шежіреде Тоғас, Қасай, Даулеттен - Дербісалы, Үйсінбай, Нұрабай, Жалбас, Шегенай, Тыныбай, Байғали, Махмұт ұлымын, Қаракерей шежіресін қарап отырсам Қасай ұлы Даулеттен ары қарай жазылмаған , немесе өзім таба алмадым ба екен? Осы жайында білетін азаматтар хабарласса екен!
Алтай
sip_18
10-06-11 10:55
Тоғастан тарайтын ағайындарды іздеудемін!
Әділ
Zakiev80
30-05-11 15:50
Мен Бұтабайқажы, Жәжең(Зейнолла)Бабаларымның тікелей ұрпағымын.
БұтабайұлыЖәжең,Жәжеңнен Зәки,Зәкидің ұлы Махмет,Махметтен алты ұл:Дәлелхан,Әленхан,Шыңғысхан,Ербол,Ерлан,Нұрлан.
Мен Әленханның ұлымын.
Әділ
Zakiev80
30-05-11 15:37
Найманның баласы едім ішіндегі,
Байжігіт,Бұрымбет киелі елі
Бұтабай Жәжең атам болған қолдау,қорғау
Қасиетті Шілікті қара жері.

Нұрбек
nurbek_56@mail.ru
16-05-11 00:39
Рүстем, мына төмендегі дерек- мәліметтерге не дейсің? Сырымның жазғандарынан алдым.
Сырым
smd-69@mail.ru
Сүлеймен би Байжігіттің аталарын Тоқты хан-Тоқтамыс хан-Тоғас хан-Сәибек ханнан-Тоқтарқожаға былайша тоқталған.
Сәйбек хан,Жұпар ханым дүние салды,
Қозғалыс елге толқын болып қалды.
Сол тұста хан тұқымы асып еді,
Артылып шарасынан тасып еді.
Тағы да қырғын тауып,қашып еді,
Қойшы аға,Тоқтарқожа,Толымқожа
Қашып кеп Алатаудан асып еді.
Үшеуі үш тап елге үш бөлініп,
Тағдырға ырыздығын шашып еді.
Қойшы аға Матайға кеп тұрып қалып,
Қызайға дәм мен тұзын қосып еді,
Керейде Жантекейге Толым барып,
Өзінің сыйғызуға басын енді,
Баласы Толымқожо Меркіт дейді.
Бірталай ол да ел болып өсіп-өнді.
Бұрынғы айтылмаған мәселені
Сүлеймен баяндайды ашып енді.
Үшіншісі енді айтылсын Тоқтарқожа
Нәсілі хан баласы тегі таза
Сол күнде ханның халқын қалмақ шауып.
Қашқын боп шабындыдан келген бала,
Қашқын боп хан баласы келген шеттен
Байысқа бала болған келген беттен.
Байыстың ақырында қызын алып,
Сұлуға Мақта апайдай қолы жеткен.

Нұрбек
nurbek_56@mail.ru
15-05-11 23:26
Арғыннан тарайтын Тоқтарқожа бар шежіреде. Арғын одан Сіргелі одан Тоқтарқожа. Сәйбек ханның ұрпағы сол Тоқтарқожа болуы мүмкін. Менің ойымша: Дұрысы Тоқтар қожа болуы мүмкін. Демек Тоқтар қазақша мағынасы бар есім. Өзбектердің арасына барып қожа атанып кеткен. Одан қазақтардың арасына келгенде сарт атанып кеткен. Байыс бабамыз Мақта қызын қайдағы бір сартқа бере қоймас. Бұл жорамал да Тоқтарқожаның хан,қожа тұқымынан екенін растайды.Ал Сәйбек хан туралы деректерді таба алмадым. Құрметпен: Нұрбек
рустем
26-03-11 21:40
Біз Найман Қаракерейдің шөбересі Байыстың жиені Байжігіттің ұрпағы боламыз. Байыстың бәйбішесінен Сарымырза (Мұрын деп анасының атымен аталады) деген ұлы мен Мақта деген қызы туады. Байжігіттің әкесі Тоқтарқожа деген сарт. Ешқандай қожа да, төре де, ханның ұрпағы емес, қарапайым сарт. Байыс бабаның ұлылығы сол, ұрпақтарына Байжігітті бөлмеңдер деп өсиет айтып кеткен. Мақтаның Тоқтарқожадан тағы Жанжігіт деген ұлы болады, ол әкесіне еріп еліне кетіп қалған. Жанжігіттің ұрпақтары Қытайдың Шыңжаңына деген анықталмаған дерек бар. Байжігіттер Шығыс Қазақстан облысының Ақжарында (негізінен Қытайдан келгендер), Семейдің Ақсуатының Комсомолында, Талдықорған облысының Үшарал, Қабанбай аудандарын мекендейді. Байжігіт ағайындар Қытайда Шәуешек, Тарбағатай, Дүрбілжің, Шихо т.б. бірнеше үкірдай....
ГУЛЬМИРА
gulmira.tusupova@mail.ru
26-03-11 01:11
САЛЕМЕТСИЗДЕР МЕ?! МЕН НАЙМАН РУЫНЫЊ БУРЫМБЕТ АТАСЫНАН ШЫЌЌАНМЫН. МЕНІЊ БІЛЕТІНІМ, ОДАН ЄРІ Ќ¦ТЫМБЕТ, РАЙ, ЄСКЕН, Т‡СІП ЖЄНЕ МЕНІЊ ЄКЕМ КЄРІБЕК. СІЗДЕРДЕН С¦РАЙЫН ДЕГЕНІМ: Б¦Л ЕСІМДЕРДІЊ АРАСЫНДА КАЙСЫСЫ ЖОК? ЕГЕР БІЛЕТІН БІРЕУЛЕРІЊІЗ БОЛСА, ЖАЗЫП ЖІБЕРУЛЕРІЊІЗДІ ¤ТІНІП С¦РАЙМЫН. ‡ЛКЕН РАХМЕТ!
Мақсат
zakiev80@mail.ru
19-02-11 20:18
Бұл форумға тақырып жолдап, бірақ өзім көптен бері кірмей кетіп едім. Байқаймын біршама туыс іздеген бауырлардың бастары қосылған сияқты. Заңғар бауырда осында жүр екен. Тақырыпқа арқау болсын Байжігіттің Жұмығынан тарайтын атаның ұрпағымын. Одан бері Саты, Бұрымбет, Құтымбет, Күшік, Жандарал, Жүнді, аға сұлтан Бұтабай қажы, Жәжең(Зейнолла), Зәки. Мен Зәки атамыздың шөбересімін. Жәжеңнің ұлдары Зәки және Қабденнен тарайтын ұрпақтар бүгінде Семей өңірінде, оның ішінде Абай туған өлке Қарауылда қоныс тепкен. Кезінде аға сұлтан Бітабай қажы мен Абайдың әкесі аға сұлтан Құнанбай қажы екеуі жақсы қарым-қатынаста болған, Меккеге бірге барған деген дерек бар. Қиын-қыстау кездері бір бірлеріне демеу болған екен дейді бізге жеткен шежіре.
Бұтабай қажы заманының дүлділі болған азаматтардың бірі. Тарбағатай еліндегі сөзге есе бермес кей жиындарда «Кім едің сонша, әлде Найманның Бұтабайы не Тобықтының Құнанбайы әлде Арғынның Алшынбайысың ба?» деген сөздердің халық арасында айтылуы да ақиқат. Аға сұлтан Құнанбай қажымен болған отырыстарда да «алдымен Бұтекең сөйлесін» деп отырған көрінеді.
Тәукенің биі Шаянбай,
Сөз сөйлейді аянбай.
Жастан туған Бұтабай,
Тіл-көмей жоқ жез таңдай, - деген сөздерді әйгілі Сара ақын айтқан деседі.
Заңғардың осы форумда келтірген әңгімесіне арқау болған оқиғадан менің де хабарым бар. Естуім және оқуым бойынша патша үкіметінің Щербина бастаған комиссиясы 1899 жылы осы Тарбағатай өңіріне де келіп жетті. Олар Ертістің оңтүстігін тұтасымен Тарбағатай, Сауыр, Сайхан тауларының қойнауларын түгелдей картаға түсіріп, нақты көлемін өлшеп шықты. Шілікті алқабында көп аялдап зерттеу жұмыстарын тиянақтады. Бұтабайұлы Зейнолла болыстың ауылында болып, зерттеу жұмыстарын кең көлемде жүргізді. Сөйтіп патша үкіметі орыс көпестері мен помещиктеріне Зайсан, Тарбағатайдың ең шұрайлы, нулы жерлерін берген. Жергілікті қазақ халқы тау-тасқа ығыстырылды. Сол кездері орыс көпесі Сорокин аяғын алшаң басып келіп Шіліктіге қыстау салып орныға бастады. Мұндай озбырлыққа жергілікті ел ағалары төзбей қарсы тұрды. Өйткені жерден айырылу - бәрінен айырылу еді. Әсіресе, сол кездегі Шілікті болысы Зейнолла Бұтабайұлы аса үлкен табандылық көрсетеді. Ол Сорокинді сабап, Зайсанға қуып жібереді. Салған қыстауын тып-типыл етіп қиратып, күретіп тастап, ешбір белгі қалдырмайды. Содан Зейнолла болыс Зайсан түрмесіне қамалады. Түрмеден шыққаннан кейін Зейнолла болыс жер мәселесіне байланысты Әлихан Бөкейхановқа ақыл сұрап хат жазады. Әлихан Бөкейханов үйінде болып, ақ дастарханынан дәм татқан Зейнолла болыстың хатына жан-жақты жауап қайтарады. Оның хаты сол тұста Орынборда үзбей шығып тұратын «Қазақ» газетінің 1913-жылғы 36-санында «Зейнолла Бұтабайұлына жауап хат» деген атпен жарияланған. Ұлт қамқоры бұл жай бүкіл қазақ жеріне де ортақ екенін үлкен қынжылықпен айта келіп былай дейді: «Закон жолына салса 54-жайлауда артық жер жоқ. Мұнда күнелтетін қазаққа карта бойынша 13 мың 831 десятина жер сыбаға керек. 54-жайлаудан қазынаға жер алынбайды. «Палуан алып та жығады, шалып та жығады» дегендей, күшке салса онысын өзі біледі. Шілікті болысындағы төртінші ауыл Бұрымбеттің 16 қыстауы 55-ші жайлаумен бөліктес. Зейнолла Бұтабайұлының алдырып отырған жері 144-ші қыстау жерінде болса да 9-маусым 1909-жылғы Министрлер Кеңесінің насихат-бұйрығына сүйеніп қыстау тұрған жер – қой өрісі, көктеме, пішендік деп жолдауға ғана болады. Бай орысқа жер берем деп қыстаудан көшіретін Закон жоқ» деген көрінеді.
Сорокинді сабаған тұсына келсек орыс көпесі Сорокиннің Сарытұмсыққа сары ала қылышын асынған, соқа бұлығын тасыған, момын қазақты басынған сәті екен. Қолындағы күшіне сене ме, жолындағы ісіне сене ме, олар ойлағанына еркін кіріскен. Жер жыртып, астық егіп, бау-бақша отырғызып, иелік көлемін кеңейте берген. Байлықтың буы бұрқыраған қазаны қайнаған сайын орыс байы жан-жағын жайпап, жергілікті халықтың мазасын, ата-мекеннің аясын тарылтқан. Қытайға өтетін сауда, қытайдан келетін қора-қора, табын-табын мал Сауыр-Сайқанның қойын-қонышы, сай-саласына сыймаған. Сөйтіп, жарлы-жақыбай, ақ сақал, қара сақалдар, буырқанған намысты азаматтар өз болысы Зейноллаға көрген қорлық, тартқан азабын айтып мұңын шағып:
- Қарағым, Зейнолла-ау, мына қаба сақал Сорокин деген сары бас жылан суымызды тұнығынан, малымызды өрісінен бездіріп, бет алған жаққа айдады, туған жеріңнің, өскен еліңнің бұзыла ма қаймағы? – деп өксіген өкінішін жеткізді.
- Халқым, қандас бауыр, асыл ағаларым, бұл басынғандық менің жаныма батпай жүр дейсіңдер ме? Сәл сабыр сақтаңдар. Ертең қас қарая Бұрымбет пен Қожаннан басқа да ата-бабаларынан сақадай сайланған жігіттер осы ауылда бас қосыңдар, қалғанын іс үстінде қимылмен дәлелдейміз, – деп түйген екен Зейнолла-Жәжең болыс.
Уағдалы кеште атқа қонған атан жілік жігіттер Сорокин адамдарын шашау шығамай қолға түсіріп, он күндей «Сері қамауда» ұстап, жөндеріне қоя береді. Қора-жай, займкаларын тып-типыл етіп құртып, үстінен қора-қора қой, үйір-үйір жылқы, табын-табын сиыр, түйе айдатып жермен жексен етті. Дүние-мүлікті, астық пен малды ашынған халыққа бөліп, үлестірді. Бодандық бүргесі қанын сорған қазақ патша күшіне қалай шыдасын, Зейнолла-Жәжең болыс сегіз ай қамауда жатты.
Біраз әңгіме шертім қой деймін. Бұтабай қажы ұрпақтары болса, хабарласындар! Кем дегенде осы форум бетінде сыр шертейік. Жауап күтемін.
aitpai
aitpai@mail.ru
31-01-11 08:37
Жанжігіт бабамыздың ұрпақтарты туралы мәліметтер бар ма? Соңғы деректер бойынша Қытайдың Шыңжаң өлкесінің ұйғырлары көрінеді. Төреміз деп Шыңғысхан ұрпақтары, қожамыз деп араб болмаймыз. Төрелер шежірелерін түгендеп алды, бізге онда орын жоқ.
Рауан
rauan.b_1991
23-01-11 09:44
Байжігіт-Жұмық-Қожан :Есенғүл,Тілеумет,Қабали.
Есенғүл: Алыбай,Нүрыбай,ЖАМБАЙ
Жамбай:Бармақ.
Бармақ:Түменес,Борсыңбай,Сүиіндік,Көрпебай,Елікбай,Ермекбай,Құттыбай,ЖҰРЫН.
Жұрын:Бәбжін:Баянбай және Байышы-Құсайын-Тұрсынхан - Төлеухан
Зайсан өңірінен боламын.Баянбай ұрпқтарын іздеймін.
Даурен
daur_1712@mail.ru
13-01-11 23:49
Ассаламуалейкум! мен найман онын ішінде жылқыайдармын негізі сондай ру естіп көрмедім әлә
ayhen
zizzion2006@163.com
07-09-10 16:18
men heteayleh hazahpen. sizderden otinem: harakerey ixindegi hojambetten tarayten azamat bar ma eken.asirese,hojambettng ixinde estaba(istaban)degen eldi izdeymin.sone biletinder bolsa menimen habarlassa: zizzion2006@163.com. men hetaydeng shawexek halasenda turam
Самат Мүтәліпұлы Бұтабайқажытегі
Mutalipsa@yandex.kz
07-08-10 10:32
Найман,Байжігіт,Жұмық,Саты,Бұрымбет,Құтымбет,Күшік,Жандыарал,Жүнді,Бұтабайқажы (Орта жүздің төбе биі әрі ағасұлтан болған, орыс патшасынан алтын тон киген),Әзібай (Бұтабайдың 1-баласы Болыс болған), Қалимолла, Рахметолла, Мүтәліп (Мүтәліпте 3 ұл бар: Зинат, Самат, қуат; 2 қыз бар- Мира, Риза ), Самат.
...
Тегің кім? көгің кім? десе ұйалмай айтатын атаның ұрпақтарымыз. Бір кездері қолдан жасалған жаппай қырып жоюдың салдарынан берекелі шаңырақ тоз-тоз болды, жан мен бастың амандығын ойлап - от жағып, түтін түтетіп, күл төккен шұрайлы мекеннен, қан жаласып туысқан ағайын жұрағаттан бір жола айырылып Қытай асыппыз, біздің ол жақтағы тарихымыздың да ақтаңдақ беттері көп болды .....
Мен бәрін айтып тауыса алмаспын.

Зангер мырза сізден басымды иіп өтінерім қолыңыздағы тарихи суреттің Сканерленген нұсқасын жолдап бере алмайсыз ба?? Бабамыздың өз бейнесін көру біз үшін үлкен арман еді !!!...

сөз соңында айтарым байланыс жасайық, хабарласайық!!!
Менің мекен жайым: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы.

e-mail: Mutalipsa@yandex.kz
Kokbori@inbox.ru

қолфон: 87029800834
Берік
bielike@gmail.com
07-07-10 18:14
Найман,Байжігіт,Жұмық,Саты,Бұрымбет,Рай,құлмырза,жолдыбай,кеніш,абай,әбдеш,бердіқан,бердіқаннән қазыргі мен ,берік бердіқан ұлы

Мен қытайдан боламын.адырысым: қытай,шинжияң,тарбағатай,дұрбылжын ауданы

Қолфон:+8613999498094

bielike@gmail.com
bielike@mail.ru
bielike@sina.com
Қабар ласыңыз дар
Нұрбек
nurbek_56@mail.ru
23-06-10 00:08
Мен Байжігіттің ішінде Мәмбет одан Қарақұрсақ одан Дабынқара боламын.
Muhit
muhit928@bk.ru
15-06-10 06:59
мен Байжігіттен тараимын одан Жұмық - Сайболат- Жақсылық- тан Шотай боламын.
шотаилар хабарласынздар.... muhit928@bk.ru
Зангар
zangarastana@mail.ru
28-04-10 14:48
Бұтабай туралы ауыл адамдарынан естігенім бар ед. Аңызға бергісіз бір оқиға былай болыпты деседі. Бұтабай жаз жайлауда жатады екен. Ол кез мал тойынып, ел қызыққа батып, шаттыққа бөленген күндер екен. Бірде Торғайбулақ, Қандысудың бойынан келген бір жігітінен шіліктің бойын қарашекпенділер жайлап, там соғып алғанын естиді. Тез арада маңайындағы жігіттерге кісі шаптырып, жинап алып, ақылдасады. Енді не істеу керектігін ойласып, кеңеседі. Сөйтеді де тау арасында еркін жатқан бар жылқысын атақты Қандысудың бастауына қарай қаптатады. Бұтабай жігіттерінің қатты айғай-сүреңімен етекке құлаған қалың жылқы переселендердің қонысын жайпап өтеді. Ылғалды жердің шымынан тұрғызған аласа тамдар лезде топыраққа айналады, бау-бақшаның быт-шыты шығады, мұжықтар бас сауғалап қашып құтылады. Содан ол келімсектер Зайсандағы ұлықтарына \\"Бұтабай бізге сөйтті\\" деп шағым түсіреді. Осы іспен Бұтекең ауылына келген патша шенеуніктеріне Бұтабай өзінің ештеңе істемегенін, керісінше олардың келіп алып үй соқпағанын, бақша салмағанын айтып түсіндіреді, онысын \\"дәлелдеп\\" шығады. Мұжықтар үй салған жерге келсе, шынында да еш белгі жоқ. Құданың құдіреті-ай сондағы, ұлықтар Бұтекеңнің сөзіне иланып, келген ізбен кері қайтып кетеді. Кеткенде жай кетпей, \\"жалқау\\" мұжықтарын өздерімен бірге ала кетеді. Міне, елдегі ескілікті сөз осындай бір ғажайып сыр шертеді. Ел құрметтеген Бұтабай осындай болса керек-ті.
Зангар
zangarastana@mail.ru
28-04-10 13:53
Қазір жалпы қазақ Абай әкесі Құнанбай қажыны енді танып келеді. Сол сияқты ел басқарған атақты адамдардың бірі - Бұтабай Жүндіұлы. Шығыстағы Маңырақ, Сауыр, Тарбағатй тауларының ортасындағы Шілікті жазығының үйірлі жылқы айдаған бай. Руы Байжігіт ішіндегі Бұрымбет. Алып жазықтықтағы "Бұтабайдың шілігі" деген жер сол данқты адамның жайлаған өңірі. Менің қолымда бір сурет бар, ол суретте 1873 жылы қаңтар айында Ресей императоры ІІ Александрдың қабылдауында болған Алтай, Зайсан, Тарбағатай және Марқакөл қазақтары бейнеленген. Солдан оңға қарай – бірінші қатарда: 1) Ыбырай Сәттібаев, болыстың ұлы; 2) Жүніс Ыбырайымов, сұлтан, болыс; 3) Тәшкенбай Жұқышев, Көкпекті орыс-қазақ мектебінің оқушысы; 4) Ислам Әлиханов, аға сұлтан Әлихан Тілеубердиннің ұлы; 5) Жағыбай Доланов, би; екінші қатарда: 1) Құлеке Шыңғысов, сұлтан, Өскемен уезі бастығының кіші көмекшісі, хорунжий; 2) Бұтабай Жүндіұлы (Сегізбаев), Тарбағатай болысы; 3) Төгіс Шаянбаев, ел жақсысы; 4) Жансұлтан Жамантаев, төре, Кендірлік болысы; 5) Мұхамедсұлтан Дайыров, төре; 6) майор Тихонов, Зайсан приставы; 7) Қожамжар Жайықов, Найман-Қаракерей-Қожамбет биі; үшінші қатарда: 1) есауыл Власов; 2) Мәз Боқатаев, Найман-Төртуыл, Қара Ертіс болысы; 3) Досхан Майкөтов, болыс; 4) Мәжит Монкин, Шілікті болысының сот биі не болмаса Мырзахан Мотин, Арғанаты болыстығына кандидат; 5) Красильников, патша әкімшілігінің шенеунігі; 6) Билеуші Босқанбаев, Көкпекті орыс-қазақ мектебінің оқушысы; Мырзахан Мотин не болмаса Мәжит Монкин (?)
Арайлым
beautiful_girl-1@mail.ru
28-02-10 17:11
Хан Тоғасты білетіндеріңіз бар ма?
Раушан
intina16@mail.ru
20-01-10 12:16
Менің руым ТОҒАС- Тарбағатай ауданы, Тұғылданмын, Ақжарда тұрдық.әкем-Хасен Интин, шешем-Нұрзипа Қасым қызы.Жасым 60 -та.Тоғас бауырларым-аман болыңдар, асылдың тұяғысыңдарғой...Апайларың
Казима апай
glt-2008.74@mail.ru
15-01-10 20:47
Мен Найман-Байжигит-Тауке, Жантайлак кажы, Абылкас балалары Баяхмет жане Бияхмет урпактарын 1здейм1н, олар 1930-32 жылдары Кытайга кеткен . Мен1н шешем Абылкас кызы Шамшия куйеуде болып калып калган, ом1р бойы туыстарын корсемш1 деп армандап кетт1. Тарбагатай ауданы, Шорга ауылында турган.
Сауле
maishinova_saule
02-01-10 20:21
мен найманмын шүе байжігіт келіңдер шежіре жазайық
казак-ануар
14-12-09 15:19
баримиз биригип шежире курастырайык
казак
14-12-09 15:16
Биз туби ахметбулактанбыз.60 жылдары Акжарга каноыс аудардык.руымыз Найман-Байжигит-Бурынбет-Бокай-Жаманша-Жумабай-Нуракжан-Косман;
ememham muratbek le
emenhan@sina.com
09-12-09 17:59
men bayjigitten shotay bolamen daren bauerem senimen taneshem keledi!!!
Дастан
07-12-09 19:06
Байжігіттің балалары :Жүмық,Тоғас,Мәмбет
Мəмбет -> Күшік, Қожақұл, (Күдір палуан)Қарақұрсақ, Өмір.
Қожақұл -> Есенаман, Есенбай, Ерасыл (Қабанбай)
Есенаман: Құланбай, Бөкенбай, Ботақара, Барақбай
Ботақара: Жайлаубай
Жайлаубай: Төбет, Тікбай, Кісебай, Мұсабай, Сүбебай - әйелі (Бодау. Емшілік қасиеті болған.)
Сүбебай: Қабдолла, Әбікен, Сәмікен - әйелі Жаңылған. Руы Төртуыл - Ақболат.
Сәмікен: Бейсен, Серік, Берік
Серік: Елнұр, Әлішер
Берік: Наурызбай.
gulmiyra zada heze
emenhan@sina.com
07-12-09 09:02
mein bayjigitten jumeh .jumehtan hojan hojannan nurbay bolade.sol nurbaylarmen taneshem keledi
emenhan muratbekule
emenhan@sina.com
07-12-09 08:50
men emenhan muratbek ule .hiytay haleh recpubiliykasenan 2005jile talde horghan degen jerine koship keldin.ozim hiytaydeng shaueshek aymaghe dorbiljin degen audanenanmen .men hazahteng hara-kerey oneng ishinde baijigitten jumehteng balase bolamen ozim darigermin .mening ruem:nayman-tolegetay--kara-kerey--baytore--meyram--mahtahez--bayjigit...jumeh...saybolat....jaseleh...shotay....deng 17 balase bolghan :olar:(1)jantore(2)boran(3)bay merza(4)ahjan(5)iyitemgen(6)bojan(7)el emes(8)iyit hus(9)masa((10)jabahay(11)beken(12)jantay(13)lasbai(14)ermetai(15)joldebai(16)jelhe aydar(17)hoze baghar.men bosam shotaydeng ishinde lasbaie bolamen .al 17 shotaideng barleghe hitay haleh respubiliykaseneng tarbaghatay aymagheneng dobiljin audanenda turadekezinde dorbiljinning audan akiminen tartep olardeng arbir orendarneng basteghear-saladaghe mamandar tugeldey shotaylar bolghan .sol dorbiljin audaneneng hazahtareneng 80%ose shotaylar bolade .al dobiljin audanenda 200000 nan arteh halehbar oseneng ishindegi hazahtar 70-80% ustayde .asa hurmetti bayjigitting jigiteri mening senderden surayen degen bir suraghen bar?ol kezinde mahta hez anamezdeng jodase tohtar hoja alep ketken jan jigitjane oneng urpaghe hayda ?????habarlasep turayeh hurmetti bayjigiting urpahtare.uyitkeni biz bir ataneng balasemez.hanemez bir .mening telefonem:87013635637
Сырым
smd-69@mail.ru
28-11-09 17:53
Мерей бауырым Қожан :Есенғүл,Тілеумет,Қабали.
Есенғүл: Алыбай,Нүрыбай,Жамбай.
Жамбай:Бармақ.
Бармақ:Түменес,Борсыңбай,Сүиіндік,Көрпебай,Елікбай,Ермекбай,Құттыбай,Жүрын.
Түменес:Шұрымбай,Топай,Ұлыбай,Әпселең,Дүрім.
мерей
rahadilov_merei
21-09-09 10:21
Сырым аєа, сіз ќожаннан ары ќарай ќалай таралатынын білесіз бе? Білсеѕіз міндетті тїрде жазып жіберуіѕізді ґтінемін.
мерей
21-09-09 10:13
Байжігіттен ары ќарай ќалай тарайсыздар?
Altyn adam
04-09-09 22:40
Негізі сіздер төре руына жатасыздар:

http://www.elim.kz/forum/index.php?showtopic=2698
Отдельно по Кабанбай по М Тынышпаеву: Каракерей-Байторы- Байс-Мамбеткул(кэжы)-Макта(дочь)-Байджигит-Мамбет-Кабамбай батыр.
Примечание к шежире: Макта была замужем за сартом; сын Байджигит остался у киргиз,(имеется в виду казахи,прим.моё) а другой Ерджигит вместе с отцом Тахтарходжой ушел в Ургенч. Кабамбай (байджигит) один из славнейших батырей Аблайхана, его брат Омр после 1760 года умер и похоронен в Маканчах (около Урджара).Общий уран Каракереев – Кабамбай.

http://ru.wikipedia.org/wiki/Кабанбай

http://www.elim.kz/forum/index.php?showtopic=2741
4. Среди казахских найманов один из кланов имеет легенду о том, что их предком по мужской линии был шибанид (торе). У Каракерея был сын Байторе, у того сын Байыс. Дочь Байыса Макта Апай вышла замуж за Токтар-кожу, сына Сайбек-хана и родила от него двух сыновей - Ерджигита и Байджигита. Epджигит уходит с отцом в Туркестан, Байджигит остается здесь и становиться предком этого клана. К этому клану принадлежал Кабанбай батыр (Ерасыл, сын Ходжагула, сына Мамбета, сына Байджигита). На данный момент мы собираемся взять пробы у одного из представителей этого клана.

ҚАРАКЕРЕЙ ҚАБАНБАЙ БАТЫР (ЕРАСЫЛ)
Найман -> Кетбүқа (Теріс таңбалы Найман), Сарыжомарт
(Ергенекті Найман), Төлегетай.
Төлегетай -> Қаракерей, Матай, Садыр.
Қаракерей -> Байторы, Ерторы.
Байторы -> Мейрам, Аирам.
Мейрам -> Байыс -> Мəмбетқүл, Сыбан, Болатшы, Мүрын,
Шүрентай, қызы Мақта.

Байыс байға бір жылы Сəйбек деген ХАННЫҢ ТҰҚЫМЫНАН ағайынды екі жігіт Тоқтарқожа мен Толымқожа екеуі, Қаракерейге келіп сіңіп кетеді де, жылқысын бағады. Байыс бай Тоқтарқожаға қызы Мақтаны қосады. Олар Байжігіт, Жанжігіт деген екі үлды болады. Тоқтарқожа Жанжігітті ертіп еліне қайтып кетеді, ал Байжігіт Байыстың қолында қалып қояды. Байжігіт ер жетіп, үйленіп үш үлды болады:
Байжігіт -> Жүмық, Тоғас, Мəмбет.
Мəмбет -> Күшік, Қожақүл, Қарақүрсақ, Өмір.
Қожағүл -> Есенаман, Есенбай, Ерасыл (Қабанбай)

Ерасыл (Қабанбай) — \"Қарқаралы\" сыртында \"Қарағайлы\"
деген жерде қалмақтармен он жеті күн болған соғыста бір күні кешке дейін майдан алаңында жалғыз түрып жекпе-жекке шыққан алты қалмақты өлтірген еді дейді. Сонда Қалмақ Жамбын: \"Мынау алған беттен қайтпайтын нағыз қабан екен\", -
депті дейді. Осыдан кейін ол Қабанбай атанып кетіпті. Қабанбай батыр 1690 жылы Сыр бойында туған. Қалмақтарды көпқырғынға ұшыратқан, елін қорғаған қаһарман батыр 1769 жылы 79 жасында дүниеден өткен.

Теңізбай ҮСЕНБАЕВ (Теңізбай Үсенбай Ибн Көлдей Алшыни Əл-Арали)
АЛШЫН ШЕЖІРЕСІ
Қызылорда
\"Тұмар\"
2003 ж.
Кґѕілќош
mombaev.60@mail.ru
03-09-09 09:50
"Ќыржы емес, Мўрын сеніѕ жанашырыѕ.
Маќта аспай тілін алєан аєасыныѕ.
Сарымырзаныѕ мен де бір баласымын,
Сыйлаѕдар, ќарќарадай наєашыѕмын" Н.Сейілханов
Дарын
02-09-09 09:20
Мен Байжігіттен тараймын.Шотаймын.Ақжарда туылғанмын.
Сырым
smd-69@mail.ru
30-08-09 19:49
Мен Байжігіттен тараймын.Байжігіттің балалары :Жүмық,Тоғас,Мәмбет.
Жұмықтан: Сайболат,Саты,Болат,Қожан,Қараша,Тәуке.
Сайболат: Жақсылық,Жаныс,Қарабас,Жолымбет,Сүгір.
Жақсылық: Қошқарбай,Шотай,Мәметек,Тоқтанай,Әлімбет,Қазақбай.
Қошқарбай: Айшуақ,Жаншуақ,Игілік,Төлен,Құти,Теке,Өтес,Қуынақ,Байғожа,Бекқожа.
Айшуақ:Бітікей,Дос,Болатан,Байболат,Жанболат,Мырзақан,Қалқаман,Төрехан.
Бітікей: Тобышақ,Құлыншақ,Бәке,Тарпақ,Асау,Лау,Қарақүла.
Тобышақ: Елеу,Тоқтағүл,Тоқтамыс,Итжан,Бидайық,Көккөз,Шекебай,Оспан,Жақып.
Тоқтағүл: Ыбырай,Мейрамғали.
Ыбырай:Кітапбай,Ақай,Ақажан,Оралғазы.
Кітапбай: Дәулетхан
рустем
16-06-09 15:44
Маке!!! Мен тағы жазып отырмын. Мына техника дегенді қойсашы. Менің саған жіберген хатым барды ғой деймін. Мен де осы сайтқа тіркеліп алайын. Сосын хабарласамыз. Келін баланың халі қалай? Бәрі жақсы ма? Алматыда не жаңалық? Біз сол жүріп жатырмыз. Шойын әйелімен келіп кеткен. Сол өзің білетіндей басымыз қосылып, бірталай жерге барып қалыппыз. Зауке жұмысқа шығайын деп жатыр. Диас подготовительныйға (сенің құрдасың) барады. Дамир садикке барады. Жан хабарласқан. сол ана нағашысының баласының проблемасы бітпей қойды. Тегіне тартпаған бала екен. Шулатып жүр. Жаннан естірсің. Думан хабарласқан. Августте келемін дейді. Дидарлар шетелге ұшып кетіпті. Туған күніммен құтықтады. Бельгиядан ғой деймін. Сол мен жұмыста асығыс жазып отырмын. Ал Маке хабарласып тұр, жақсылық болсын.
рустем
16-06-09 15:31
Маке! Калайсың брат? Семейден үлкен сәлем!!! Елбасы Семейге кегелі жатыр. Өзің қалайсың? Мен Рустеммін. Неше күн іздеп, әйтеуір тауып алдым ғой деймін. Молодец, тегін білген тектілік дейді ғой, туыстарыңды іздеп жүр екенсің, жол болсын. Аман бол!!!
мерей
Rahadilov_Merei
08-06-09 12:41
Ассаламуалейкум брат! Мен Шіліктіденмін.ўлы Жјжен туралы аздап білерім бар.Оныѕ бейітіне барып ќўран баєыштаєанбыз.
Лейла
glt-2008.74
17-03-09 21:35
МЕНІҢ МАМАМ БАЙЖІГІТ Акжардан, ол туыстарын сіз сияқты іздеп жүр.



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов