Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Мәдениет, өнер, дәстүр, әдебиет, БАҚ
Тақырып: Мұқағалидің көктем жайлы өлеңдері керек


Авторы Xабарлама
Асель
t_z_asel@mail.ru
10-02-09 14:51
маған ақиық ақын мұқағалидің көктем жалы жазған өлеңдерін жазып беріңіздерші

Авторы Жауап
мадина
madina_19.09.74@mail.ru
12-02-16 18:18
үқысаң-озарсың
Зарина
zarok2001
04-03-15 18:32
Көктемнің сұлулығы.
Ерекше баурайды.
Жасылды - қызылды.
Құлпырып жайнайды.
сезім
sezim 2005
12-02-15 17:04
мұқағали мақатаевтың атын дұрыстап жассаңдар қайтеді
алижан
19-05-14 20:28
когилдир коктем един киялмаи кеткен един) ким аитат кандай атты??
Асылай
04-04-14 10:24
Өте жақсы өлеңдер
Анара
anara-2004@mail.ru
12-02-14 19:46
Біздің көктем
Мұқағали Мақатаев
Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт,
Таң-тамаша дүние, дабырлап жұрт.
Көктем келді. Өмірдің келешегі -
Көкпен бірге дүркіреп төл өседі.
Сағым қыздың ап қашып орамалын,
Асыр caп тентек жігіт - жел еседі.
Көктем келіп ауылға қыз көрікті,
Таң-тамаша дүние жүзге еніпті.
Асқар ала таулардан асып әрі,
Аяз атаң барады мұз бөрікті.
Көктем, көктем! Қыз - көктем ауылдағы
Өлең-жыр, әзіл-күлкі ауыл маңы.
Тиянақ таппай ұшқан көк көбелек,
Көк гүлге қонды-дағы дамылдады...
Көктем - ол қуаныштың ізгі лебі
Төлеген Айбергенов
Көктем - ол қуаныштың ізгі лебі,
Қызғалдақ қыздарға арнап үзіледі.
Аспанда жақсылықтың атын жазып,
Тырналар қатар-қатар тізіледі.
ЖАНАР
zmakenova@inbox.ru
28-05-13 11:48
Мұқағалидай және мухтар шахановтай журеги қазақ деп соғатын азаматтарымызға мың алғыс
dami
vip.damira.2001@mail.ru
06-04-13 11:06

Біздің көктем
Мұқағали Мақатаев
Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт,
Таң-тамаша дүние, дабырлап жұрт.
Көктем келді. Өмірдің келешегі -
Көкпен бірге дүркіреп төл өседі.
Сағым қыздың ап қашып орамалын,
Асыр caп тентек жігіт - жел еседі.
Көктем келіп ауылға қыз көрікті,
Таң-тамаша дүние жүзге еніпті.
Асқар ала таулардан асып әрі,
Аяз атаң барады мұз бөрікті.
Көктем, көктем! Қыз - көктем ауылдағы
Өлең-жыр, әзіл-күлкі ауыл маңы.
Тиянақ таппай ұшқан көк көбелек,
Көк гүлге қонды-дағы дамылдады...

Динок
dinok02
02-04-13 20:08
Мукагали атамыз кушті олендер шыгарган
Абзал
30-03-13 20:25
Мукан мыкты акын гой
ertore
ertore_shapyrashty@mail.ru
13-03-13 08:44
kushty olen eken bary
фархат
fara-_-kz1@mail.ru
16-02-13 15:39
salem dostar.bir kiz uirek bolyp wigadi sogan tanisitiru wugaryp bersizder me jenil bolsa jarap kaldy(kuttai kizga).sosyn bala karatorgai bolyp wigadi oganda dal sondai tanisitru.maksaty osy tanistirudan koktemnin uisi wigyp turu kerek 2-3 kundiktekerek bolup tur...
арайлым
arailim.janim@inbox.ru
15-01-13 18:39
не деген создер мынау! керемет жазыпсыздар
Айша
miss.dool@mail.ru
08-05-12 08:51
достар салем!маган срочно коктем анынын минусы керек былетндер немесе барлар болса совет берулерынды отынемын
аигерим
aigerim_99
16-04-12 21:00
аккогершин иле коктем туралы такпак бериндерши отниш ертенгедеин 17.4.2012 17 си недеин табындаршы
шыңғыс
chingo.kz
31-03-12 19:54
Керегі жоқ
Керегі жоқ
Керегі жоқ бәрінің
Иненіңде керегі жоқ
Керегі жоқ дәрінің
Кетсес егер пленканың
Үзілген бір әнімін
Қалсам егер қара жердің жалғыз түйір дәнімен
Бекмырза
Bekmyrza_00kz
15-02-12 18:35
Агайын жолдас неге оленди жазсандар такырыбын бирге жазбайсындар ендигиари жазып журиндер!!!!!
Маржан
shirailim88
11-02-12 20:58
Қазақта осыншама жүрегі таза, көңілі пәк, нағыз адам атына лайық Мұқағалидай ақын болғаны үшін мен қазақ боп туғаныма мақтанам. Жүрегіне кір жасырмай жазып қалдырған өлеңдері үшін, өмірдің тұңғиық сырларына бойлататын қарапайым да көркем өлеңдері үшін аяулы ақынымыздың тірі күнінде көрмеген құрметін көрсету --бәріміздің міндетіміз.
Маржан
shirailim88
11-02-12 20:50
Мұқағали Мақатаевтың Отан туралы өлеңі

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның құдіретті үнін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін жыбырлаған
Бәрі маған Отан деп сыбырлаған
Жаным менің кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған

ОТАН!!!
ОТАН!!!
БӘРІНЕН БИІК ЕКЕН;
МЕН ОНЫ МӘҢГІЛІККЕ СҮЙІП ӨТЕМ!!!!!
Маржан
shirailim88
11-02-12 20:41
Япыр-ай!
Неткен көктем!
Көктем!
Көктем!
Дүниу-ау,
Сен осылай көкпеңбек пе ең?!
қымырандай ашимын қырға шығып,
Өзегімді жалайды өткен-кеткен.

Мына дала, мына өлке -- жап-жас әлі,
Адамдардың жоғалды сан жасағы.
Бір ұрпаққа бір ұрпақ жалғасады,
Мына дала, мына өлке жап-жас әлі,

Жап-жас әлі.
Ой да жас, орман да жас,
Елтіп тұр.
Көктемеге болған ба мас?!
Көзге күйкі жалғыз-ақ -- қиырдағы
Құлазыған, мүжілген қорған-қораш.

Япырай!
Неткен көктем!
Көктем!
Көктем!
Дүние-ау, сен осылай көкпеңбек пе ең!
Мәңгі-бақи түлеген қаз қалпында,
Табиғат керемет ең неткен, неткен?!
ақерке
akerke_98.27@mail.ru
14-03-11 09:02
наурыз мейрамы құтты болсын!!!!!"
Жандаулет
m.j.m_98
09-02-11 05:17
Маған шындық туралы өлеңдер беріңіздерші,өтініш
асылай
aska__94
19-04-10 12:39
mukagali agamizdin kowedi olen nemese owedi olenin jazsanizdar
жанар
uzakzhanara@mail.ru
13-03-10 09:01
Көктемде келер,
Құстар да жетер ән салып.
Көктер де шығар,
Көгілдір нұрға тамсанып.
Сулар да тасар,
Кетпесе екен деп тіле,
Мұхиттар көлге қарсы ағып.
Наргизуля
nargiza98.98
15-09-09 10:55
Рахмет бәріңе
Курманай
kupmanal_60
31-03-09 09:51
шындық туралы мақалдар кімде бар? өтінемін? маған тез керек
Курманай
kupmanal_60
31-03-09 09:43
Тойға не болмаса қыз ұзату тойына жақсы тос жазып беріңізші
Курманай
kupmanal_60
31-03-09 09:35
Мұқағали Мақатаевтің мақал мәтелдері өмірге,отбасына арналған
өлеңдерін жазыңызшы
1314520
kazakh1314520@gmail.com
22-03-09 09:11
Көктемде келер,
От ойнар әлі аспанда.
Көгерер әлі:
Кәрі емен, қайың, жас тал да.
Дүлейдің шоғы түспесе екен деп тіле,
Аспанда апат зарядтар жағаласқанда.

Көктемде келер,
Құстар да жетер ән салып.
Көктер де шығар,
Көгілдір нұрға тамсанып.
Сулар да тасар,
Кетпесе екен деп тіле,
Мұхиттар көлге қарсы ағып.

Бұлттар да көшер,
Жыртық па, әлде бүтін бе?
Жауласа бермей,
Жайғасар, келер бітімге.
Ақ көңіл бұлттар,
Ақ нөсер төгіп өтсін де,
Айналып кетпей түтінге.

Келсе екен көктем,
Көк, жасыл шұғыла тартылса.
Көкжиек барып
Көкжиектерге артылса.
Көктем де келер,
Көрерміз әлі жазды да,
Осылай өмір,
Тұрса егер тыныш қалпынша.



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов