Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Оралман ағайындар
Тақырып: Коныраттан ким бар


Авторы Xабарлама
Жолдас
zholdas@burgylau.kz
13-02-09 09:33
Мен казир мангыстау обл. Жанаозен каласында турамын.

Авторы Жауап
Дүйсенов Есет
7eset@mail.ru
19-12-16 06:02
ДӘУІТ БАТЫР

Біз таяуда ғана еліміздің тәуелсіздік алғанына ширек ғасыр толғанын атап өттік. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның жеткен табыстарын ешкім де жоққа шығара алмайды. Тәуелсіздіктің маңызын халықтың терең түсінуі үшін тарихтан тағлым алу артық етпейді. Осыған байланысты, еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен Дәуіт батырдың (1787-1874 жж.) туғанына 230 жылдығына орай, ол туралы нақты мәліметтермен халқымызды таныстыруды жөн санадық.
Дәуіт батыр (әулие, би) – еліміздің батыс өңірінде, XVIII ғасырдың 1787-жылдары дүниеге келген. Оның атасы Барақ батыр (1743-1840) мен әкесі Асау батырлар (1763-1843) XVII-XIX ғасырлар аралығында қазақтың солтүстік-батыс өңірін Еділ қалмақтары мен Ресей отаршылдарынан қорғаған, елге танымал қаhарман тұлғалар. Олар туралы «Егемен Қазақстан» газетінде (2013, 27-маусым) «Жаужүрек» атты көлемді мақала (авторы Кеңес Қайроллаұлы) жарияланды және «Азаттық үшін күрескен әулеттер» (Алматы, 2013, авторы Нұржан Жетпісбай) атты кітап жарық көрді. Ресей мұрағаттарынды сақталған деректер негізінде жазылған жазушы Ғалым Ахмедовтың «Жем бойында» атты романында Дәуіт атаның ел ішіндегі дау-дамайды шешкен билігі мен ел өміріндегі ерлігі баяндалады.
Барақ батырдың немересі атақты Дәуіт батыр Асауұлы өз ата-бабаларының ерлік жолдарын ғана емес, азаттық күрестердегі істерін де одан әрі жалғастырды. Дәуіт батыр 1822-1826 жылдардағы қозғалыс кезіндегі шабуылдарға қатысса, 1855-1856 жылдары Есет батыр бастаған күресті бірге ұйымдастырды.
Дәуіт батырдың елдің тәуелсіздігі үшін жүргізген күрестері, әсіресе, патша үкіметінің 1869 жылдың 1-қаңтарынан енгізілген жаңа «Ережеге» байланысты халық толқулары кезінде айқын көрінді. Жалпы, Ресей империясы алғашқы жасалған келісімдерге сәйкес, қазақтарға сыртқы жаудан қорған боламыз, қалалар саламыз, сауда-саттық орнатамыз дегенімен, біраз уақыт өте салысымен, яғни XIX-ғасырдың басында сауда-саттығы гүлденген қалалардың орнына көптеген әскери бекіністерін сала бастады. Қазақтар, әсіресе шепке жақын орналасқан рулар өздерінің ғасырлар бойы иемденіп келген төл мекендерінен айрылды. Бұған ең алдымен душар болғандардың бірі, қоныстарының көбі сол маңда орналасқан Табын қауымдары еді. Ресей отаршылдығы басталмай тұрғанға дейін олар Жайық, Елек, Қобда, Қалдығайты, Шыңғырлау бойларынан бастап арадағы Жем, Темір өңірлерін қоса, оңтүстіктегі Үстірт, Сам-Матай, Доңызтау, Қоңырат, Хорезм, Сырдарияның орта ағыстарына дейінгі аймақтарда басқа рулармен қатар емін-еркін көшіп-қонып жүретін. Өздерімен бауырлас, көршілес Жетірудың Тама, Жағалбайлы, Кердері; Әлімұлының Кете, Шекті; Байұлының Адай, Байбақты, Тана және басқа да руларымен етене араласып, жайылымдық жерлерді бірге пайдаланатын. Ресейдің отарлауы, жергілікті халықты ата-бабаларының кіндік қаны тамған қасиетті жерлерінен, ауыл-аймақтарынан айырды. Олар мұндай әділетсіздікке шыдай алмады, өздерінің төл мекендерін қайтаруды сұрап наразылық пен ашу-ызаға, сонымен қатар үмітке де толы хаттарын Орынбор әкімшілігіне көптеп жөнелтті. Бұл олардың қарулы қақтығысқа бірден бармай, мәселені мүмкіндігінше қантөгіссіз, бейбіт жолмен шешуді ойлаған байсалды қимылдары еді. Ресейлік патша үкіметі бұл өтініш-хаттарға жауап қайырмады, ондағы мыңдаған жандардың көз жасына құлақ аспай, өздерінің отарлау істерін жалғастыра берді.
Ал енді, Дәуіт ата қатысқан 1869 жылғы жаңа «Ережеге» қарсы көтеріліске келер болсақ, ол ел жадында «Ел ауа» көтерілісі ретінде сақталды. Толқулар кезінде мыңдаған шаңырақтан тұратын қалың ел Ресей билігін мойындамау үшін, онымен бүкіл қарым-қатынасты үзу үшін, жат ықпалдан тыс біртұтастық үшін өз жерлерінен ауа көшіп, Хиуа жеріне қоныс аударды. Жаңа «Ережеге» қысқаша тоқталсақ, оған сәйкес қазақ даласы облыстар мен уездерге, болыстар мен әкімшілік ауылдарға бөлінуі тиіс болды. Қазақтың батыс өлкесі қараған Орынбор аумағынан Орал және Торғай облыстарын бөлу көзделді. Орал облысы төрт уезден – Орал, Гурьев, Калмыков және Жем (Ембі) уездерінен, ал Торғай облысы – Елек (Ақтөбе), Ырғыз, Қостанай және Торғай уездерінен тұрды. Облыстарды әскери губернатор, уездерді уезд бастықтары басқаратын болды, бұлардың барлығы басқа ұлт өкілдерінен бекітілді. Жаңа «Ереже» бойынша қазақтар тек қана уезд бастықтарының кіші көмекшісі қызметіне жіберіле алды. Жергілікті ұлт өкілдері негізінен әкімшілік бөліністің төменгі сатысын құрайтын болыс басқарушысы (болыс) қызметтеріне қойылды. Жаңа «Ережеге» сай әрбір қазақ отбасынан жылына 3 сом мөлшерінде түтін салығы жиналатын болды. Қазақтар мекендеген жерлер жаңа «Ереже» бойынша мемлекеттік меншік болып есептелді және қазақтарға тек пайдалануға ғана берілді. Христиан дінін қабылдаған қазақтарға орыс елді-мекендеріне келіп тұру құқығы берілді. Халықты басқарып келген төре-сұлтандар билігі құлдырады. Ережені жасақтауда дала халықтарынан өкілдер қатыстырылған жоқ, жоба Петербургте жасалып, сол жерде қабылданды. Жаңа «Ереже» ел арасында үлкен дүрбелең туғызды.
Үстірт өңірлері де көтерілістің негізгі ошақтарының бірі болды. Үстірт, Хиуа аймақтарында көтерілістің негізгі көсемдері Барақ батырдың ұрпақтары – Дәуіт Асауұлы, Жәнібек Барақұлы батырлар, Байғана батырдың ұлы Алдаш батыр, Шекті-Қабақ руының белгілі биі Әзберген Мұңайтпасұлы, Есет Көтібарұлының баласы Назар және басқалар болды. Көтеріліс қимылдарына аталған жандармен бірге Дәуіттің інісі Бозай Асауұлы, ұлдары – Алданазар, Бекназар, Дәрібай, жалпы Барақ әулетінен көптеген адамдар қатысқан. Хиуа аймағындағы көтеріліс қимылдарына Кенесарының ұлы, атақты баhадүр Сыздық сұлтан да белсене араласқан еді. 1869 жылдың қаңтар айының басында Жәнібек Барақұлы мен Алдаш Байғанаұлы бастаған Шөмішті Табынның бірнеше өкілі және Шекті-Қабақ бөлімінің белгілі биі Әзберген Мұңайтпасұлы мен Есет батырдың ұлы Назар бастаған адамдар Хиуа ханына келіп, қазақтардың жаңа «Ережені» қабылдағылары келмей, орыс үкіметіне қарсы шыққандарын айтып көмекке әскер сұрайды. Хиуа ханы елшілерді жақсы қарсы алып, олардың өтінішіне сай келісімін беріп, наурыз айының басында екі мың түрікменнен, бір мың қарақалпақтан және үш мың өзбектерден тұратын барлығы 6 мың адамдық әскер жасақтайды. Сол жылы қыс айларында Қаналы сұлтан Арыстанұлы Дәуіт Асауұлына жаушы жіберіп, орыс үкіметіне қарсы бірігіп күресуге шақырады. Жаңа «Ережені» қабылдамауды ұйғарған ауыл-аймақтар 1869 жылдың сәуір айында біртіндеп өз мекендерін тастап, даланың оңтүстік өңірлеріне қоныс аудара бастайды. Қобда-Елек бойларынан оңтүстік аймақтарға қарай мыңдаған шаңырақ қозғалады. Жалпы, қазақтың батыс далаларынан Жем, одан әрі Үстірт, Хиуа иеліктеріне шамамен 8 мыңдай түтін қоныс аударған. Қоңырат маңында қыстаған ауыл-аймақтардан ең құрметті деген жандардан 150 адамдық делегация Хиуа ханымен жолығады.
Хан бұларды қарсы алып, оларға Әмудария бойынан қыстайтын жерлер бергізеді, біраз адамдарға сыйлықтармен қоса, атақ-дәрежелер де таратылады. Қазақ ауылдары Хиуа иелігінде ешқандай алым-салық төлемейді. Қазақ даласында Ресей үкіметіне қарсы орын алған кез келген оқиғаға бей-жай қарамайтын Хиуа хандығы осы жолы да шет қалмаған болатын. Аталған кездесуден соң хан Үрге деп аталатын жерден хандықтың солтүстік-батыс шекараларын қорғау мақсатында жаңа бекініс салу туралы шешім қабылдайды. Хиуа ханы Қаналыға, Әзбергенге және Саттыққа мыңбасы атағымен шендес саркердан атағын береді. Бұдан бөлек көптеген адамдарға түрлі сыйлықтар, соның ішінде Саттыққа күміс жалатылған қынапты қылыш, 100 тіллә алтын ақша және көшіп келген Табын ауылдарының басқарушысы (аталық) деген грамота сыйлайды. Саттық Тайұлы Қобда-Елек бойларынан келген билердің ішінде ең үлкені болатын. 1869 жылдың соңында толқулар біржолата дерлік тоқтайды, көтеріліс көсемдерінен тек Дәуіт Асауұлы, Қаналы Арыстанұлы және Әзберген Мұңайтпасұлы ғана көпке дейін өз қауымдарының «Ережеге» көнбеуіне байланысты қарсылықтарын тоқтатпаған. Оларға қарсы капитан Вогак бастаған отряд жіберілгенімен Хиуа кеткен күрес жетекшілері бой алдырмаған.
Дәуіт батырдың патша үкіметіне қарсы, 1855-1858 жылдар аралығындағы Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліске қатысуы туралы төмендегідей мәліметтер кездеседі. Алдыңғы кезеңдерде де орыс үкіметіне талай қарсылық танытумен көзге түскен Дәуіт Асауұлы аталған жылдары да үкіметке қарсы әрекеттерін жалғастырған. Деректерге қарағанда, Дәуіттің қол астындағы сарбаздар Шөмішті Табын, Адай және Таз руларынан құрылған 1 мың адамнан тұрған. Аталған қос батыр Ресей отаршылдарының жергілікті жандайшаптарына қарсы әрекеттер жасауға бекінеді. Олар алдын-ала келісіп, Есет Орта бөліктің аға сұлтаны Арыстан Жантөриннің ордасын, Дәуіт Батыс бөліктің аға сұлтаны Мұхамедқали Тәукеұлының ордасын бір мезетте шабуды жоспарлайды. Алайда, бұл жоспар туралы Тәукеұлы дер кезінде естіп қам жасап үлгереді. Есет бастаған 300 сарбаз 8 шілде күні (1855) Арыстан Жантөриннің ордасын шауып, сұлтанның өзімен қоса бірнеше адамды өлтіреді. Дерекке қарағанда, көтерілісшілер «Алаш» деген ұранмен шапқан. Аға сұлтан жанындағы казак отряды өздерін ғана қорғап, оған көмектесе алмаған. Сол тұста Есет, Дәуіт батырлар бастаған көтеріліске Ішкі Орда (Бөкей Ордасы) халқы да қосылуды жоспарлаған, осы үшін Халидолла Исатайұлы есімді адам бастаған 18 жаушы келген делінеді. Сонымен қатар, Ішкі Орданың Тәни және Шақшағай есімді адамдар бастаған 300 сарбазы Жем бойындағы Мәслихат аңғарында Әлім және Табын әскеріне қосылғаны туралы хабар берілген. 1855 жылы қазан айында Батыс бөліктің аға сұлтаны М.Тәукин, әскери старшина Серов бастаған казак әскері Дәуіт Асауұлының ауылына басып кіріп, оның әйелі Қалыны, ұлы Бекназарды, қызы Тәтішті және жасы 80-ге келген жақын туысы Майдос Айтқазыұлын тұтқындап алып кетеді. Бір мұрағат дерегіне қарағанда, ауылға шабуыл кезінде Дәуіттің Ербөлек есімді бір ұлы қаза тапқан. Дәуіттің өзі ауылда жоқ болған. Орынбор әкімшілігі оған сырттай егер айыбын мойындап өзі келмесе, ұлы мен туысының өлім жазасына кесілетінін, әйелі мен қызының мәңгі қамауда қалатынын жариялайды. Тұтқындар алдымен Орынбор түрмесінде ұсталса, кейіннен Оралға жіберіледі. Әскери сот Бекназар Дәуітұлын шпицрутенмен 500 адам арасынан 6 рет өткізіп дүрелеуге, сонан соң каторгалық жұмыстарға 15 жылға, Майдос ақсақалды жасына байланысты жазасыз Сібірге қоныстануға жіберу туралы үкім шығарады. Кейіннен Бекназардың жазасын жеңілдетіп, 200 адамның арасынан 3 рет өткізіп дүрелеп, 5 жылға каторгаға жіберуді шешеді. Бірақ бұл жазалар орындалмаған. Оралда ұсталып отырған тұтқындарды – Дәуіттің ұлы Бекназар мен қызы Тәтішті, әйелі Қалыны және Майдос ақсақалды Орынборға алдырып, оларға өз аттарынан Дәуітке хат жаздыру көзделеді. 1856 жылы мамыр айында аға сұлтан Тәукин Жылқышы Табын билерінің бірі Құлбай Омарұлы мен Алдаш Байғанаұлын Дәуіт ауылдарына аттандырып, оны өз ордасына шақырып әкелуді міндеттейді. Өз жақындары қамауға алынған Дәуітке үкімет тарапына барудан басқа амалы қалмайды. Мамыр ортасында ол Шөмішті Табынның бір топ билерімен бірге аға сұлтанның ордасына келеді. Орынборда генерал-губернатор Перовский Дәуіт Асауұлының өз еркімен айыбын мойындай келгенін, оның өз руластары арасындағы беделін және оның үкіметке мойынсұнуының алыстағы Шөмішті Табын қауымдарын үкімет билігіне бағындыруда қаншалықты пайдалы болатындығын ескеріп, оған кешірім береді. Генерал-губернатор Шөмішті Табын руының екі үлкен бөлімнен тұратындығын ескеріп, Дәуіт Асауұлын – Қарақойлы бөліміне, Алдаш Байғанаұлын – Асан бөліміне басқарушы билер ретінде бекітеді. Олармен еріп келген бес би ру тармақтарының старшындары болып тағайындалады.
Зерттеуші Сербариновтың жазуынша Дәуіт көтеріліс кезеңінде ел ішінде бұрынғыдан да биік мәртебеге ие болып, оның күреске қатысуының өзі, есімінің өзі көтерілген ауыл-аймақтар үшін байрақ есебінде болған. Өйткені, сол кезде оның жасы 80-ге тақаған болатын. Дәуіт елдің бүлініп, көтерілісті желеу етіп барымталарға, шапқыншылыққа ұрынуын мүлде қаламаған. Ол өз қауымдары арасында тыныштық орнатуға ерекше ұмтылған. Оның сол кезеңдегі ел ішіндегі тыныштық үшін жасаған істерінің қазіргі кезге дейін ел жадында сақталуы, оны халықтың «Әулие», «Дәуіт ата» деп құрметтеуінің дәлелі болса керек. Дәуіт батыр көтерілістен соң, бірнеше жылдан кейін 1874 жылы қайтыс болған. Әулие атанған Дәуіт Асауұлы қазіргі Өзбекстан Республикасы Қарақалпақстан аумағында, Қоңырат ауданына қарайтын Хорезм қақпасы деп аталатын жерде жерленген. «Дәуіт ата» қорымындағы батыр құлпытасы жергілікті халық сыйлайтын қасиетті орынға айналған.

Кеңес Қайроллаұлы, ҚазҰАУ-нің профессоры,
биология ғылымдарының докторы;
Нұржан Жетпісбай, Тарих және этнология
институтының ғылыми қызметкері.
Серик
seri1983@mail.u
09-10-16 09:54
ей қоңырат жігіттрі бабаларыңд жақсы танисыңдар ма бұл тақырыа қыздарына арналмағаа қоңыраттың жгіттеріне арналған бабаларыңды білмесіңдер
Нурболат
nurbolat_19_86@bk.ru
17-02-15 03:32
Менде конраттан жанаозенде турам
Аскар
Mr.makhambetkulov@mail.ru
05-02-14 14:59
Шымкенттенмiн коныратпын
AiNuRa
Ainura93_93_93@mail.ru
04-02-14 13:19
Менде Коныраттын кызымын.Бауырларым кайдасындар???-десен ия... Жанакорганда турам го...
бауыржан
bauka_-_kz
01-09-10 09:28
иен коныраттан кандагашта турамын
Мурат
astana_m@mail.ru
29-04-10 12:42
Салам жерлестер мен Конырат р-н устурт с\х боламын казир Астанада турамын
Ауылга бармагалы коп болды, ауыл калай болып жатыр екен?
Ержан
aljanove
19-04-10 19:10
Мен Кызылордаданмын, Жанакорганда турамын
АБАИ
22-03-10 00:25
МЕН КАЗИР АКТОБЕДЕ ТУРАМЫН
АБАИ
22-03-10 00:24
МЕН ДЕ МАНГЫСТАУ ОБЛ,ФОРТ-ШЕВЧЕНКА АУДАНЫНДА ЖУМЫС ЖАСАИМЫН
rynat
17-02-09 23:16
озенде каи жерде турасын жолдас



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов