Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Түс нені білдіреді


Авторы Xабарлама
Назым
айназ_2008
17-02-09 09:21
Бәріне сәлем! Менің түс көрмейтін күнім болмаған шығар. Түс туралы не білесіздер? Қай уақытта айтып, қай уақытта айтпау керек. Мысалы, түнде кешке айтпау керек, өңімде деп айтуға болады дейді. Ол нені білдіреді?

Авторы Жауап
Айко
akon_2002@mail.ru
11-11-17 02:55
Түсіңде сені жақыныңнан ұрлап бара жатса не болады
Арман
21-09-17 00:57
Егер түсінде сол қолын ит тістесе, бірақ қолын ит аузынан тартып суырып алса не болсды
Айман
ajman.kalieva@bk.ru
18-08-17 10:11
Тус тулкинин богы дейді аталарымыз Бирск как тустер омирде болы жатады мен ылги там кормим тусииди если Жангул апайга жорытамын жаксы жориды 87476000848номери
Гаухар
gaukos98@mail.ru
18-08-17 07:48
Мысык корсе не болады?мени тистеп кинап жатыр екен тусимде
несикон
20-05-17 06:39
тусімде жігітім тастап кетіпті ол ненің белгісі?
Бану
Laby _Banu_86@mai.ru
23-08-16 07:48
Каиыс болган курбым тусимде сауда сатып жур
Индира
Indikz678@gmail.com
12-06-16 14:52
Түсімде үйімді су алып кетіпті. Қайтыс болған ағам жүр
Мунира
munira97id@mail.ru
01-06-16 22:54
Тусымде Жана мектепке барыппын бырак ышынде ескы сыныптастарым да жур быр кезде бала алдырайын деппа бырденке ыстеп журмын жане болашак Енем мен женгем жур и жыгытыммен телефон аркылы сойлесып турады екем бырак машинасы уйде тур-???! Быр шытырман тус айтеуыр Тагы сол сыныптастарыммен кыдырыпын быр кластассым макал устап алып сонын магынасын сурап быз шыр-Пыр болып жур екенбыз машинамен сол таксистер туратын жерге келып токтадык!!!\' Жорып берсеныздер екен !!🙏
Акмаржан
08-02-16 05:51
Салеметсиздерме мен бугин тусимде акыргы кунди курдим жаз мезгили екен дим уйде жур едим далага шыгып кызымды издеп шыкка аспанда узгеристер пайда болды булттар кушип барады бир жагынан жанбыр жауып жатыр бир жагынан жулдыздар кушип жатыр кустар кашып барады екен аспанан найзагай ойнап аспанан от шашылып жатыр екен сузбен айтып жеткизе алмаймын уте коркынышты болды уйдегилерге шыгындар акырзаман келди деп жатырмын
Алмаз
Fc-shahter@mail.ru
24-11-15 10:06
Тусимде бурын унаткан кызым уйге келипти бирак оган жакындамаппын жакындагым келсе де. НЕ БОЛАДЫ ЕКЕН
алтыншаш
has.altyn@mail.ru
19-10-15 21:10
тусимде жакында кайтыс болган жас жiгiттi кордiм. Жузi жабырканкы болды. Бул ненi бiлдiредi?

алтынай
altynay-92.ru@mail.ru
25-09-15 11:31
Тусинде еки кабат айелди кору нени билдиреди
дико
14-09-15 08:14
Салеметсизбе анам тусинде пилди корген куалап жур дейди. Ал мен тусимде корпешелик ак гулди ени 50см мата алып журмиз 500тенге екен метр.\
\ Алдын -ала рахме
Диляра
Akzharkenova99@mail.ru
10-09-15 07:26
Менмен тусимде узын кара жылан кордим.ол нени билдиреди?
Орынкул
ashirbek_93@inbox.ru
01-09-15 02:59
тусммде кыз туыппын оте адеми сосын оянган сон оган катты бауыр басып каппын есимнен еш кетпей койды
айгул
aygul1988@inbox.ru
25-06-15 12:22
түсімде ақ той койлек киіп тойда жур екенмін.
Дармен
darmen_95.95@mail.ru
22-06-15 18:26
салеметсызбе тусынде аидахар корсен не болады жане жумырткасын корсен жане жана ткган кулын корсе
Айнур
09-06-15 06:18
Мысык корсе не болады
ансагаг
ansa@mail.ru
12-03-15 16:44
Мен тусымде жылан кордим не болады
Дулат
duka_92kaz@mail.ru
06-03-15 06:10
Егерде түсіңде жана туған күшік корсен, ол нені білдіреді?
Айнур
i_akonai@mail.ru
28-01-15 10:26
Бака корсе не болады?
гулим
17-01-15 07:04
Салеметсизбе мен буин тусимде ак койлек кейип айнага карап турдым ол нени билдиреди
Молдир
molzina@mail.ru
19-12-14 10:03
салеметсизбе. Тусимде бака кордим, ол нени билдиреди?
айдана
aidiko96@b. ru
09-12-14 13:06
Салеметсиздерме! Мен тусымде кара мысык жане кара тышкан кордым тышканды колыма устар катты коркып шошып ояндым осынын себебын айтсаныздар...

Азима
izimbekova_777@mail.ru
12-09-14 00:17
Салеметсизбе!жана жаман тус кордим.дал жума куни коргеним нени билдиреди?
Роза
roza96-96@bk.ru
04-09-14 09:46
тусинде бака тышкан корип устаса не болады жане джипп машина да кетип бара жатсан не болады билсендер айтындаршы
Дидар
20011990d@mail.ru
13-07-14 17:23
Түс көру. Түс көру – бұл адамның қоршаған ортамен қатысынан қалыптасатын күрделі психикалық құбылыс. Керең-мылқаулар айтарлықтай толық тұс көрмейді. Бұл түс көрудің ми қыртысы арқылы болатындығын дәлелдейді. Түс көрудің ең көп тараған түсініктерінің бірі – жүйкелік іздер теориясы. Егер М.И. Сеченов түс көруді «үйреншікті әсерлердің әдетте болмаған қисындауы» деп есептесе, И.П. Павлов бойынша, «түс көру көбінесе ескі тітіркендірулерден қалған ізден туады». К. Юнгтың айтуынша, «түс көру – ұйқы кезіндегі психикалық әрекеттің қалдығы және өткен күннің ой әсері мен көңіл-күйі». Түс көру барлық адамдарда болады, тек кейбіреулерде сирек байқалады. Ауырған кездерде, жағымсыз жағдайларда, неврозда түс көру жиілейді. Әйелдер жалпы жиі түс көреді. Жылдам ұйқы және онымен байланысты түс көру ортаға психикалық бейімделуде өте маңызды рөл атқарады. Ұйқының породоксальды фазасы бір жағынан мидың жоғары белсенділігін жүзкгк асырады, ал екінші жағынан оның бедерсіз күйінде басқа да мотивацмялық процестер тудырады. Физиологиялық көзқарас бойынша, түс көрудің себептері – сергектік жағдайдғы психикалық іс-әрекетті іске қосатын материялық құбылыстар. Ал З. Фрейдтің психоанализ қағидасы бойынша, түс көрудің себебі адам психикасының шаласаналық жүйсінің жеңе алмайтын инстинкті (ырықсыз сезімді) іс-әрекетінен туады. Адамның түстеріне жасалған талдау түс көрудің негізінде зерде іздерінің, эмоциялы өңделген оқиғалардың сөзсіз мәні барлығын дәлелдейді. Гионопедия (түсінде үйрету). Адам өзінің онсыз да қысқа өмірінің үштен бірін ұйқыда өткізеді. Сондықтан бір кезде уақытты ұтымды пайдалану үшін, ұйқы кезінде оқыту кеңінен тарады. Алайда, арнайы зерттеулер жаңа материалды ұғыну қабілеті және оны кейін еске түсіру тек сергек ұйқының немесе мүлгудің кезінде мүмкін екенін көрсетті. Демек, нәтижелі гипнопедия ұйқы кезінде кезінде емес, шындығында сергектік күйде, не қалғу кезінде болады. Ал терең ұйқы жағдайында ешқандай үйрету мүмкін емес. Өйткені ұйқының негізгі бір мақсаты – сергектік жағдайда қабылданған мәліметті өңдеу. Егер ұйқы небір материалды оқығаннан соң келсе, ол есте сақталады. Жаңа материалды жаттағаннан кейін 8 сағат жарамды ұйқы болса, оны еске түсіру толық және анық болады. Түсінде оқыту кезінде ұйқы шала, сергек болғандықтан адам жиі оянуға мәжбүр болады. Демек, бұл пайдалы болмайды, өйткені қалыпты ұйқы адамның жұмысқа қабілеттілігі бұрынғы жағдайына келуі үшін қажет. Сондықтан қазіргі кезде гипнопедия жиі қолданылмайды. Г) Гипноз және иландыру. Гипноз дегеніміз иландыру арқылы жасанды түрде туатын адамның ерекше рухани күйі. Оның мәнісі жағынан әдеттегі ұйқыдан өте көп айырмашылығы бар. Гипнозды үш сатыға бөледі. Сомнелеция (ұйқышылдық) – адам ауызша иландыруға әлі де қарсылық етуі және көзін ашуы мүмкін. Гипнотакция немесе жеңіл ұйқы (транс) – қол-аяғы қозғалмайды – каталепция, көзін аша алмайды, илануға бейім, бірақ гипноздан шыққанда амнезия (ұмыту) байқалмайды. Сомнабулизм (терең ұйқы) – гипноз жасаушыға толық бағынумен сипатталады және оянғаннан кейін адамдар бәрін ұмытып қалады. Сонымен гипноз құбылысының ұйқы мен сергектіктен өзгешелігі онда қабылданған мәліметтер іріктеліп барып өңделеді. В.М. Бехтеревтің айтуынша, гипноз – санаға ену немесе оған, әдетте, қабылдаушы кісінің еркінсіз және ықыласыңсыз, әрі көбінесе иландыруға ұғымсыз көрінетін бөтен ойды дарыту. И.П. Павловтың пікірі бойынша, гипноз кезінде сөз ми қыртысына, оның тежелуі мен тонусы төмендеген жағдайда әсер етеді. Бұл жағдайда ми қыртысыда пайда болатын қозу толқыны теріс индукция арқылы мидың көрші жерлерінде тежелу құбылысын тереңдетеді. Сондықтан сөз гипноз кезінде сыналатын адамға әдетте тыс күшті ықпал жасайды да, ұзақ із сақтайды, себепті гипноздық иландырудың емлеу нәтижесін қамтамасыз етеді. Иландыру – адамдардың өзара бір-біріне ықпалы, адамдардың өзара қатынасының нормасы – ол адамды бала кезден иландыратын ақиқаттар. Адамзат қоғамында әрбір сөз, ой, пікір, сана кеңінен тарайды және иландыру кезінде көптеген адамдарға дайын рухани байлықтарды пайдалануға мүмкіндік туғызады. Әртүрлі иландырудан басқа, өзін-өзі иландыру болады. Мұнда санаға тек бір жағдай емес, сонымен бірге шартты түрде эмоциялық әсерленушілік енеді. Жалпы барлық адамдардың гипноз ықпалына 20% - оңай, 55% - орташа, ал 25% - қиын көнеді. Гипнозға қабілеттілікке жоғары жүйке іс-әрекетінің типтік ерекшеліктері ықпал жасайды. Мәселен холериктер, меланхолик және флегматиктер. Ауызша иландыру арқылы жоғары жүйке қызметін өзгертуге болады. Гипноз кезінде иіс, дәм сезудің, көрудің сапасы, қарқыны мен мерзімі өзгеруі мүмкін. Сондықтан дәрігерлер гипнозбен иландыруды науқастарды емдеу шаралары ретінде жиі қолданылады. Сонымен қатар әртүрлі эмоциялық жағымды немесе жағымсыз, парасаттық өнегелі немесе әсемдік (эстетикалық) сезімдерге иландыруға болады. Гипноздық жағдайда адамның қимыл әрекеті және ойлау қабілеті өзгереді. Алайда ол бұл жағдайда «бұйырғанмен» жөнсіз немесе өнегесіз қылық жасамайды. Бүгінге дейін гипноз бен иландыру тетігі толық ашылған жоқ. П.В. Симоновтың пікірі бойынша, гипноз ұйқылы тежелу немесе ұйқы мен сергектік арасындағы күй емес, бұл сергкетіктің бір түрі. Жалпы алғанда, гипноз бен сергектіктің айырмашылығы – ми құрылымдары арасында өзге әрекеттік байланыстардың пайда болуында. Басқа әрекеттік байланысты ауыстырып қосу, ми аймақтары қызметінің салыстырмалы қарым-қатынасы үзілу арқылы жүзеге асырылады. Сөйтіп, сергектік күйден гипнозға ауысу ұйқының жеңіл сатысында (сомнолеция) ми құрылымдарының қарым-қатынасын үзіп, сергектіктің әрекеттік себептестік байланыстарын әлсіретеді. Бұл кейбір (шамасы лимбияда) жүргізгіш (тригерлік) тетіктер қозуынан мидың өзара бірігіп әрекеттесуін қайта ұйымдастыруға әкеліп соғады. Гипнозды көбінесе адам психикасының жұмбақты құбылыстарына жатқызады. Оған парапсихологтар зерттейтін әртүрлі экстрасенстік түйсіктер, телепатия, сәуегейлік, проскопия (зерделік), болжампаздық (біреудің болашақ ойын немесе оқиғаларын сезу), психокинез («ой күшімен заттарды орнынан қозғалту» қабілеті), парадиагностика тағы басқалар қосылады.
Марал
perevodmaral@mail.ru
11-07-14 21:13
Кайырлы кеш! Тусинде еки кабат айел корсен не болады?
Акош
Akow_akpeil
08-05-14 04:27
Тусімде көптеген құрттар жыбырлап жур және де кейбір усақ қоңыз секілді турлеры менің денемді шағып тастады.
Жамила
zhami93
09-04-14 09:08
Мен тусимде ак той койлек кип турмыска шыгып жатырм ол Нени билдиреди
айзада
aizada.kz-88
31-03-14 09:56
Тусынде бака корсе не болады
Guli
gulli_96
28-01-14 00:22
Салеметсіздерма!!! Азаны ұнатам алайда баска жігітпен журмек ойым бар Алла бұйыртса ол мені силап курметтейді. менің коргенім *Аза тусімде жігітіңді таста менімен жур деп артымнан калмай жур. жігітім Азадан коркып маған жакындай алмай жур. Аза мені катты құшакиап суйіп турған кезде ойанып кеттім бұл нені білдіреді екен? Ылайын өңімде бұлай болмасын!!!
Айжанат
aizhanat_94@bk.ru
27-01-14 07:49
Всем привет!мен тусимде уйленин деп жатыр екем бари уйленин деп жатыр екенсин кутты болсын дит ол нени билдирет
элмира
22-01-14 05:50
тусимде 8кг кыз туыппын оны емгизгим келмейди ол сойлейди екен онл нени билдиреди
асел
asel.kasenova@mail.ru
24-10-13 12:30
тусимде бака корсе не болады
асел
asel.kasenova@mail.ru
24-10-13 12:29
тусинде басында ормекши журсе не болады
Гульдана
gudy2012@mail.ru
11-07-13 12:03
еки кабат болып журсем нени билдиреди
Диана
moi_mir_diana
30-06-13 22:46
салеметсiздерме! Мен тусимде бiр жарыска барыппын бирак устиме ак той койлегин киiп жур екем осы тус нени билдиретинин жорып бериниздерши отинем
гулназ
gulnaz.nurymbetova@mail.ru
19-06-13 15:04
Ақ гул жасыл жапырақпен
айдана
aydana_mukataeva@mail.ru
17-06-13 14:57
салеметсиздер!мен тусимде жана машинада отырмын не болады.
Жания
jania1996@mail.ru
24-05-13 10:49
салеметсыздер ме? мен тусымде бесикты котерып баражатыр екем)))ол не магына беретынын б1лесыздерме?
Aizhuldiz
aizhuldiz_30@bk.ru
02-05-13 10:19
Салеметсиздерме мен тусимде уйленип жатыр екем тунде уйыктагалы жатсам синилим мени дукенге ертип акетти мен синилим осылай истегенине катты куаныппын жане уйленген адамыма ажырасайык деп отиниш билдириппин
Жулдыз
kozhahmetova-zhuldyz@mail.ru
03-04-13 11:37
тусимде шыны усактап шайнап тукирип, суык сумен аузымды шайкап тукигенде аздап канаган екен, бир неше рет шайкаганда канаганы токтапты не болады?
Асем
asemok.t@mail.ru
03-03-13 11:08
тусинде еки кабат айелдин аяк кимин кигизу нени билдиреди
Молдир
moldir.bisenhan
27-02-13 11:54
тусимде менимен бирге бир квартирада туратын д кызды еки кабат болып жургенин кордим ол нени билдиреди
Нургул
91-jan-91
26-12-12 09:51
менин суйген жигитим тусинде сойлейтин каскыр кореди унеми. Онын магынасы кандай?
чинар
china_life.rz
18-12-12 10:48
мен түсімде алтын жүзік тауып алыппын нені білдіреді
Гулзира
gulzira1116@mail.ru
15-12-12 06:18
мен бугин жаман тус кордим катты кинлдым тусимде бир мерей деген досм бар ед сонын уйне барыппын мамасы уйндекен мамасы кайтыс болган имамасы уйнде мени жибермит мен кашалмай журм папма эвондасам папам номерин тере алмай жатырм брак жатка блем айтеур кашп шыктымда корши уйге окирип жылап журм олар мени киргизип апты содан кейн бары басылып отсак жана мамасы кайтс болган мени издеп кеп тур мен жыла жатырм жибермендер деп мени деп катттты киналватырм екеем бир кезде кашайын десем аяк киымимди тыгып койыпты издеватсам касымдагылар бар бир таппайсын дид мен жок тауып алам дедм сойтсем касымдагылар кетип капты мени тастап мен ващщщще коркып шошып ояндым БУЛ НЕ МАГЫНА КАЛАЙ ТУСИНСЕК БОЛАД
Багдат
Irac_94@mail.ru
14-12-12 22:00
тусімде Жыландар коремін сосы Акыр заман боп жатажын Акыр заман боп жаткан сиякты кашып журемін жанеде тусімде оліп калла беремін жанеде тусімде Шайтандарды коремін жанымды катты кыйнайды ол ненін белгіссі жауап кутемін Irac_94@mail.ru ga jauabin kutem
Молдир
im_sweet_baby_94@mail.ru
10-12-12 18:58
тусимде ак койлек кордим
Салтанат
baltika.kozhabaeva@ail.ru
06-12-12 06:07
тусинде ормекши корсен не болады
маша
princessa_ms
09-11-12 20:29
тусимде кобнесе суда жузип жургенимди коремин
Динара
dikosha-1991
18-09-12 22:29
тусимде бака корсе не болады екен, коооп бакалар???жауап жазынызшы?!
Салтанат
1994-05@mail.ru
25-08-12 09:34
мен түсімде ақырғы заман болып, жерлердің жанып жатқанды көрдім. Енді осы түсім нені білдіреді?
айгерим
kulbaeva_95@mail.ru
08-08-12 07:01
сүйікті жігітінді корсен не болады?
айгерим
kulbaeva_95@mail.ru
08-08-12 07:00
салеметсіздер ме.мен түсімде унататын жігітімді кқрдім.ол менін бетімнен суйіп жатыр екен.осы тус нені білдіреді.соны айтып берініздерші
зарина
zarinoka.12@mail.ru
19-07-12 16:12
курметти кауым осы сурактардын барлыгына жауапты гуглдан таба аласыз ода барлыгы да жазылган
Жанна
s.jako_96@mail.ru
02-07-12 08:55
Егер тусинде жыланды корсе не болады?отинем жауап жазыныздаршы!
Жанна
s.jako_96@mail.ru
29-06-12 12:12
*Түсте үйленген жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде тілегіне жетеді.дейсіздер.егер өзіңнің ұзатылып жатканынды және сол кезде катты жылағанды корсен не болады?
Асел
a_asel86
02-06-12 10:05
Түсинде машина сыйласа түсі қызыл ол нені білдіреді.
Асел
a_asel86
02-06-12 10:03
Түсинде маман машина сыйласа түсі қызық ол ненің белгісі.
Моля
Moldir.97.97@mail.ru
24-04-12 14:01
BARINE Salem!Men tus korem da,birak umitp kalam,keide mulde tus kormeimin.Bul ne sebepti?
Акнур
aknur_k86@mail.ru
19-04-12 08:06
Басқа адам түсінде мені ұзын шашпен көрсе не болады?
Айгуля
n.aika.91
12-04-12 06:57
адам тусінде той койлек кисе не болады. кызыл гул де кордім

Индира
indi92_11@mail.ru
05-04-12 12:08
мен тусимди унеми бир баланын машинасынын арткы жагында отырамын!!! Бул тусти коргениме коп болды!! Кайда кайта корем!!! Осы нени билдиреди!!! И кобине тусимде машина айдап журемин!!! Бир созбен айтканда тусиме машина коп киреди!!!
жулдыз
tadjenova@mail.ru
19-03-12 21:19
мени тагымайтын адам ишымнен урып жатыр,ол маган кимнын баласы деп рып жатыр ишымдегы,ал менде одон бурын етеккир агып кетыпты.мен корсетпей жатыр екенмын.
Нуршат
nura_0502@mail.ru
13-03-12 06:33
мен түсімде адам өлтіріппін№ол нене билдиреди
Арай
araika.shakirova
04-02-12 11:41
саламатсызба менің түсімде мені танымайтын біреу алып кашып кетипти сөйтіп мен кашып кетиптим бірақ ұсталып калыптым.мени уйне апарыпты мен жылап журм бир карасам мамам жүр екен мамама кетем бул жигитке үйленбим десем мама каласын деп урсады.Ертесинде той болад екен мен ақ койлек фата киіп,жылап жур екем касымда падругам жур маган падругам кашып кетемиз дид сөйтип екеумиз кашып автобуска отырдык.Біз мінген автобуста менин сумкам жатыр ишинен соткам шырылдап жатыр.Соткамды алсам мамам екен мени издеп жаткан мен алып каз келемиз дептим сойтип подругама кери кайтайк дедим подругам жарайд онда кетейік деди екеумиз автобустан тусип кайтадан жанагы уйге бардык жане ол жигит бай турад екен.Жигиттин есими Аят екен.бул тусти калай жоруга болады?

маржан
marjina85
31-01-12 16:18
СӘЛЕМТСІЗДЕРМЕ Ттүсімде биик аппак кар баскан биик тауга ормелеп шыгып бара жатыр екенмин.Сойтсем таудың ортасынан уйыктап жаткан аппак таудын жартысымен келетин аппак жолбарыс шыгып маган карай атылайын деп жатыр екен.Мен ак жолбарыстан коркып кетип жаныма карасам жанымда бир агаш есик тур мен сол есиике тез кирип кетиппинн.Бул нени билдиреді?
Динара
93-s-d@mail.ru
24-01-12 18:29
түсімде тісім сынып калыпты не болады сонда?
Айтолқын
kayratovna89
17-01-12 09:28
Сәлеметсіздер ме!!! түсімде таныс бір жігіт алтын білезікті қолыма тағып жатыр... ол ненің белгісі???
Сапар
Sapar-b
29-12-11 14:19
Түсімде мені кенелер шағып жатыр екен ол нені білдіреді
Бота
journalist-smi@mail.ru
22-12-11 01:31
Мен тусимде кызыл койлек киіп озім танымайтын бір кісілермен сауык кешінде жур екенмін.ал шашым оте узын болып тогіліп тур екен. Бул нені білдіреді? сосын тагы бір куні тан азанда бір суйкімді нарестені оз баламдай кушып суйіп еркелетіп жатып оянып кеттіим.
Айдана
aidoka.jan.92@mail.ru
08-12-11 21:41
Сәлеметсіздер ме?түсімде шашым уыстап түсіп жатса не болады
Maksat
Super-2991@mail.ru
15-11-11 12:03
Tus ol ayan. Wynaiy tus, waitani tus dep te bolinedi. Wynaiy kelgen tus, tanga juyk, kara nurdan ak nu boline bastagan uakytta bolady jane tus korip jatyp, tusindi ayaktamai kenetten nemese bireu oyatyp jiberse sol wynaiy tus. Keibir kisilerge ayan arkyly, tus arkyly alda bolatyn jaittar beriledi.
Айша
aisha_muslim2010
15-11-11 10:20
Маған психологиядан үй жұмысын берді!))) түсінде адам жыласа не болады???
Абай Касымов
kasimov_abai@mail.ru
01-11-11 12:32
Мен тусимде иним екеумиз тогайда жур екенбиз. Бир мезде иним айкайлап кашып келе жатыр екен. Карасам каскырдан кашып келе жатыр екен. Сосын Колымда айыр бар екен (кайдагы айыр екенин билмим). Сол айырмен Каскырды туиреп. шаншып. Ален олтирдим. Осы Каскырды бурындары да олтирген сиактымын. Бул нени билдиреди.
айка
2003-1983@mail.ru
12-08-11 08:09
тусте кудайы тамактан ауыз тисе не болады.
меруерт
jan_mika90
15-06-11 07:44
өзим еки кабат айелмін.. тусімде кызыл машина корсем, жане куйеуімді урып кан таласын шыгарсам не болады?
Арайлым
zaria19_87
03-06-11 10:22
Салеметсіздер!!! мен тусімде мысық кордим, не болады екен?
назым
nazim_m.kz@mail.ru
26-05-11 13:47
салематсыздарма ,түсімде ақыр заман көрсе не болады айтыңыздаршы 2 рет қатарына көрдім,сіздерден сұрайтыным түс жори аладын адамдар маған кеңес беріңіздерші ,
Жанат
zhanat_murzalieva@mail.ru
10-05-11 13:10
Түсімде қамыр илеп, оны теп тегіс етіп жайып жатыр екенмін. Ол ненің белгісі екен?
мамлакат
maml_umirova
31-01-11 16:59
тусинде бесик корсе не болады
гуль
31-01-11 16:04
тусте тасбака кору нені білдіред
арай
Bayan-92@list.ru
29-01-11 10:33
түсімде сүйген жігітім менің үйімде отыр
Gen (Анарага)
13-08-10 13:48
ужастик киноларды аз кара,сосын бундай тустердиде аз коретин боласын)))))
сценарий жазып КЗда тунгыш ужас жанрындагы фильм тусируге болады екен)))))
Анара
anarka--89
12-08-10 12:03
Салем!Менін түсімде -биреулер менім көзінше басқаларды бауыздап өлтіріп жүр,сұсын папамды қастарында қалдырып,сұсын автобусқа барлық көрген адамдарды салып алыпты ішінде анамды көріп қатты жылап жүр екенмін. мені қастарына күштеп алкетіп рульға отырғызыпты дим,тиіскен жоқ сұсын солардың арасындағы 1 ұл ғана қалған сонымен тіл табысып кетіппіз оны олай істеуге мәжбүр болғанын айтты.автобус соғылыпты қасымдағы жанағы өлтіруші тірі қалыпты маған басқаларды құтқаруыма көмектес дегем,ол бұрылып кетіп қалды.мен оны кетип қалды ма десем,керісінше ол көмектесіп жүр екен.БҰНЫ ҚАЛАЙ ТҮСІНУГЕ БОЛАДЫ МАГАН ЖОРЫТЫП БЕРЕСИЗДЕР МА!!!!
soni1972
sveta7237@mail.ru
05-08-10 11:54
түсінде аюдан кашу нені білдіреді
Құралай
kura_09.63@mail.ru
01-08-10 21:08
Қорада байлаулы тұрған жылқы малы үш құлынымен,керемет әдемі көкшіл ала түсті бәйгеге шабатын порода болуы мүмін
asel
15-07-10 23:21
menin estuimwetusti arkimge aita beruge bolmait
asel
15-07-10 23:16
omiriniz uzak boladi!
Алма
apiko90@mail.ru
15-07-10 08:15
Түсінде өз өлімің көрсе не болады?
молдир
moka_8989
14-07-10 23:33
тусимде бир кемпір шіңдегі ұл бала. бірақ ол омір кормейди деген ол нені білдіреді
Bibi
bibigul90@gmail.com
11-07-10 12:10
Tusinde aksha jogaltsa ne bolady?
Алма
gul_66@.bk.ru
17-06-10 10:49
түсімде тасыған су үйлерді басып алган бірақ біздің пәтерге жетпеген екі рет көрдім нені білдіреді
Микош
mikosh-9323
29-05-10 16:56
Мен тусимде мамам ауруга шалдыккан екен, маган айтады,
-Врачтар 2 диагноз койды дейди да, аттарын атап еді, умытып калдым.
Если мына аурумен ауырган болсам коп узамаймын, ал егер мына диагнозбен
ауырган болсам онда емдеуге болады деп жатыр. Оянып кеттім. Бұны қалай
тусинуге болады?
Айгерім
rybka.17@mail.ru
22-05-10 12:32
тусімде мен анама, туған туыстарыма сыйлыққа бас киім сыйлап жур екенмін. сол нені білдіреді?
Лаура
laura-997@mail.ru
12-05-10 09:38
Әр түрлі
*Түсте биікке немесе тауға шығу-жақсы: ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.

*Егер кісі түсінде биікке шығатын болса, онда ол өңінде үлкен дәрежеге қол жеткізеді. Егер ол биіктен құлар болса, онда ол өңінде қапалы болады.

*Түсте жақсы көйлек кию кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді.

*Егер кісі түсінде өзінің өліп қалғанын көрсе, онда өңінде ұзақ жасайды.

*Егер кісі түсінде әйелдің қойнында жатса, онда өңінде оның дәулеті артады.

*Егер кісі түсінде тыржалаңаш жүрсе, онда ол өңінде барлық қайғы-мұқтажынан арылады.

*Егер кісі түсінде басына тәж кисе, онда ол өңінде байлыққа ие болады.

*Түсте сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау-бақытты болудың нышаны.

*Түсте жылау-өңдегі қуаныш.

*Түсте аспанда тұрған айды көру-өте жақсы. Мұндай түс көрген кісі мұратына жетеді.

*Түсінде күнді көрген кісінің мерейі өңінде дұшпандарынан үстем болып, дәулеті тасиды.

*Түсте жұлдыздарды көру де жақсы. Ондай түс көрген кісінің балаларының дәрежесі жоғары болады.

*Түсінде інжу мен маржан көрген кісінің үйінен байлық үзілмейді.

*Түсте көрген өзеннің суы мөлдір болса, онда бұл-өте жақсы. Егер оның суы лай және ащы болса, онда ол жақсы емес. Ондай адам бір сәтсіздікке ұшырайды.

*Егер кісі түсінде таза суға сүңгитін болса, онда ол өңінде ақталып, ел қатарына қосылады. Егер кісі лай суға түсетін болса, онда ол өңінде қайғылы күйге душар болады.

*Түсінде өзен көрген кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді. Егер адам түсінде өзеннен су ішер болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді, құрметке ие болады.

*Егер кісі түсінде қасиетті құдықтан зәм-зәм суын ішсе, онда ол өңінде барлық күнадан тазарады.

*Егер кісі түсінде өзеннен су ішсе, патша болады.

*Егер кісі түсінде құдықтан, арықтан немесе көлден су ішсе, онда ол өңінде әкім болады.

*Егер кісі түсінде суда жүзіп ойнап жүрсе, онда ол өңінде әкім болады.

*Түсте суда жүзу және оны кешу-жақсы нышан, тек кісінің басы судан жоғары болуы қажет.

*Түсте баққа кіріп, оны аралау-жақсылықтың белгісі.

*Егер кісі түсінде баққа баратын болса, онда ол өңінде байлықты иеленеді.

*Егер кісі түсінде бақ пен дала гүлдерін көрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.

*Егер кісі түсінде қызыл гүл көрсе, онда өңінде бай болады.

*Егер кісі түсінде өзіне беймәлім бақта қыдырып жүрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.

*Түсте аяқтың семіп қалуы өңде саяхатқа шығудың белгісін танытады.

*Түсінде бал арасын қуып жүрген кісі өңінде пайдаға жолығады.

*Түсте өлген кісіні көрудің зиян жоқ. Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол шындықты айтады.

*Егер кісіге түсінде өлген адам бірдеңе беретін болса, ондай ол өңінде ойда жоқта бірдеңе алады.

*Егер кісі түсінде одан өлген адамдар бірдеңе сұраса, ол өңінде шығынға ұшырайды.

*Егер кісі өлген адамды түсінде жақсы киімде көретін болса, онда бұл-жақсы. Егер кісі өлген адамды түсінде жаман киімде көретін болса, онда бұл жақсы емес.

*Түсте суда жүзіп жүрген балықты көру жақсы. Ондай түс көрген адам өңінде перзент сүйеді.

*Егер кісі түсінде өзінің ұйықтап жатқанын көрсе, онда өңінде жақсы табысқа жетеді.

*Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.

*Егер кісі түсінде аспанға көтерілсе, онда өңінде әкім болады.

*Егер кісі түсінде жаңбыр жауғанын көрсе, онда ол өңінде табысқа кенеледі.

*Егер кісі түсінде салқын жел есіп тұрса, онда ол өңінде жақсы да жайлық тұмысқа шығады.

*Егер кісі түсінде үйіне түскен ұрыны көрсе, онда ол өңінде табыс табады.

*Егер кісі түсінде шашын алдыратын болса, онда ол өңінде кедейленеді. Егер кісінің түсінде шашы өсіп кететін болса, онда ол өңінде байиды.

*Түсте үйленген жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде күміс ақша санайтын болса, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде алтын көретін болса, онда оған өңінде үлкен әкімдер шапағатын тигізеді.

*Егер кісі түсінде бақыр ақша санайтын болса, онда ол өңінде дұшпанының даттау сөзін естиді.

*Ерде кісі қыстыкүні түсінде жасыл жайлауды көретін болса, онда оған құдайдың мерейі түседі. Егер кісі жаздыкүні түсінде қар көретін болса, онда ол құдайдың қаһарына ұшырайды.

*Түстегі жағымсыз иіс-өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді.

*Түсте қол жуу-өңдегі мазасыздықтан арылу.

*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.

*Түсінде көпірден өткен кісі өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді.

*Егер кісі түсінде Нұх пайғамбарды оның жайдары қалпында көрсе, онда ол өңінде ұзақ та дәулетті ғұмыр кешеді.

*Егер кісі түсінде ағаш тасып жүретін болса, онда ол өңінде байлыққа кезігеді.

*Егер кісі түсінде әлдекімді ұрып-соқса, онда дұшпанын мұқатады.

*Түсте семсер немесе мылтық көру (ұстау) кісінің өңінде табыс тауып, дәулеті таситынын білдіреді.

*Түсте біреуді сабау өңде дұшпандардан үстем болып шығумен пара-пар. Ал, егер де кісі түсінде әлдебіреулерді өлтіретін болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді.

*Түсінде біреуден таяқ жеген немесе таяқтан өліп қалған жақсы емес. Ондай жағдайда құрбандық беруге тура келеді.

*Егер кісі түсінде Меккеге барса, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде Мұхаммед пайғамбардың қабіріне мәнәжіт етсе, онда оның өңінде дәрежесі өседі.

*Егер кісі түсінде азан айтып, намаз немесе құран оқыса, онда өңінде оның дәрежесі өседі.

*Егер кісі түсінде емен ағашын көрсе, онда ол өңінде өзінің сүйікті адамынан хабар алады.

*Егер кісі түсінде қарағайды көрсе, өңінде сүйіктісімен табысады.

*Егер кісі түсінде қайыңды көрсе, онда ол өңінде табысты болады.

*Егер кісі түсінде түтінсіз от көрсе, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде қарақошқыл түтін аралас от көрсе, онда бұл жақсы емес.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді-отты көру –жаман.

*Түсте тісін сындырып алу-өңде досын жоғалтып алу.

*Егер кісі түсінде бір қабырғасының алынып қалғанын көрсе, онда ол өңінде әйелінің өлгенін көреді.

*Егер кісінің түсінде күрек тісі сынатын бола, онда оның әйелі қатерге ұшырайды. Егер кісінің азу тісі сынса, онда оның балаларының бірі қатерге ұшырайды. Егер кісінің түсінде ең түпкі азу тісі сынатын болса, онда оның өзі бір қатерге кезігеді.


Акерке
11-05-10 16:03
Сәлеметсіздер ме! Мен тусимде базарга барып чешки издеп журмин,сосын бир сатушыга барып:
-Маган чешки бересиз ба? -десем.Ол маган чешки секилди, бирак жай маталы наски беріп жатыр, сосын мен:
-Жок маган табаны катты, узакка шыдайтын чешки керек!-деп букил базарды аралап, чешки таппай койдым, сойтип уйге шаршап-шалдығып, адасып арен жеттим. Сонда ол тус нени білдіреді? Айта алсыздар ма?

Еркебулан
adai.84
10-05-10 11:55
кашолок корсе не болады ішінде акша жок
Улбосын
bosia1981 @ mail.ru
10-04-10 06:31
Т‰сімде мµлдір суды кµрдім, біраќ сол суѓа батып шыѓа алмай жатып ояндым б±л нені білдіреді
Асем
_A_7_AI@mail.ru
25-03-10 17:47
1978-ге Түсінде тиін көрген жақсылықты білдіреді.Тиін еңбеккор, өздері тырпыңдап жаңғақ жинап, сол жаңғақты өздеріне қорек етеді. Сол себептен жақын арада сізді жақсылық пен байлық күтіп тр.
Асем
_A_7_AI@mail.ru
25-03-10 17:40
Мен тусімде Жер сілкінгенін және Жылан туралы тустерді көп көремін. Мысалы бүгін түсімде бұқадан қашып, талға шығып кеттім, содан төбесінде тұрсам Маған үлкен ерттелмеген ат келді, сол атқа мініп жатыр едім. маған артынша үлкен екі өркешті Түйе келді. Сол Түйеге мініп, бір үлкен үйге кірдім, сол үйде текіпшектермен көтеріліп жүрмін. Ішімнен ойлап отырмын мына түйенің ақылдысын қарашы деп. Сонда осы түсімді қалай жоруға болады?
1978
agatarigato@yahoo.com
29-01-10 09:05
Түсте тиін (ағашта журетін, жаңғақ жейтін) көрсе не болады екен?
Замира
LOLO_Forever@mail.ru
22-12-09 06:40
1)Түсімде бастықтан ұрыс естіп, жылап отырған нені білдіреді?
2)Ақша нені білдіреді?

ЗАРИНА
zarina-orazbai
26-11-09 09:43
МЕН ТҮСІМДЕ АЛЛА ТАҒАЛА МАҒАН ЖҰМАҚПЕН ТОЗАҚТЫ КӨРСЕТІП ЖҮР ЕКЕН СОЛ НЕНІ БІЛДІРЕДІ?СОНЫ МАҒАН ЖОРЫП БЕРСЕҢІЗ
Тұрмағанбет
turmaganbet@mail.kz
22-11-09 12:22
Құстар
*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.
*Егер түсінде кісінің басына құс қонатын болса, онда ол өңінде бір қызмет атқарады.
*Егер кісі түсінде самұрық құсты көрсе, онда өңінде оның басына бақыт, байлық, дәулет қонады.
*Түсінде қолына қаршыға немесе басқа бір кішкене құс ұстаған кісі өңінде дәулетті болып, бала сүйеді.
*Егер кісі түсінде таусты (қырғауыл тұқымдас ұзын құйрықты әдемі құс) көрсе, ол өңінде асқан сұлуға үйленеді.
*Егер кісі түсінде түйеқұсты көрсе, онда ол өңінде ақылсыз, надан адамдармен істес болады.
*Егер кісі түсінде қарақұсты көрсе, онда өңінде байлыққа кенеледі.
*Егер кісі түсінде қыранды көрсе, онда ол дәрежеге ие болады.

*Егер кісі түсінде лашынды көрсе, онда өңінде оның байлығы тасиды.
*Егер кісі түсінде қаршығаны көрсе, онда өңінде бақытты, дәулетті болады.
*Егер кісі түсінде тұрымтайды көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде тазқараны көрсе, онда ол өңінде дұшпандарын тізе бүктіреді.

*Егер кісі түсінде жезқұйрықты көрсе, онда ол өңінде қадірсіз болады.
*Егер кісі түсінде күйкентайды көрсе, өңінде қапа болады.
*Егер кісі түсінде көгершінді көрсе, онда өңінде оның ісі оңғарылады.
*Егер кісі түсінде көкекті көрсе, онда өңінде оның жоғы түгелденеді, табысы артады.

*Егер кісі түсінде қараторғайды көрсе, өңінде ол қуанышқа бөленеді.
*Егер кісі түсінде шымшықты көрсе, онда өңінде оның ісі оңғарылады.
*Егер кісі түсінде қырғауылды көрсе, онда өңінде барлық ісі ойдағыдай орындалады.
*Егер кісі түсінде сасық көкекті (бәбісек) көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде қазды көрсе, онда өңінде оның азық-түлік қоры көбейеді.
*Егер кісі түсінде үйрек көрсе, өңінде досының ісіне сүйсінеді.
*Егер кісі түсінде тауық көрсе, онда өңінде мұқтаждықтан құтылады.
*Егер кісі түсінде құмай құсты көрсе, онда өңінде тұрмыстың барлық мұң-мұқтажынан арылады.

Аңдар
*Ешқандай зиян-залалы болмаса түсте жылан көрген де жақсы.
*Түсінде өзін жылан қуып жүргенін көрген кісі өңінде зымиян қатындардан сақтану керек.
*Түсінде айдаһар көрген кісі өңінде бір мықты бастықты көреді.
*Егер кісі түсінде пілге не айдаһарға, арыстанға не жолбарысқа, барысқа мінсе, онда ол өңінде барлық жауларды тізе бүктіреді.

*Егер кісі түсінде қасқыр көрсе, онда өңінде дұшпанын арттырады.
*Егер кісі түсінде түлкі көрсе, онда өңінде оның адал досының орнын алаяқ алдампаз басады.
*Егер кісі түсінде доңыз көрсе, онда ол өңінде дұшпандарымен айтысып, тартысады.
*Егер кісі түсінде аюды көрсе, көлденең олжаға оралады.
*Егер кісі түсінде қоян көрсе, онда өңінде барлық тілектеріне жетеді.

* Егер кісі түсіне ақ қоян енсе, онда қыс қатты болады. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе, онда қыс жайлы болады.
*Егер жолаушылап келе жатқан кісі түсінде түлкі көретін болса, онда өңінде оның жолы болмайды, ал егер ол түсінде қасқыр көретін болса, онда өңінде оның сапары сәтті болады.
*Егер кісінің түсінде ит қабатын болса, онда ол өңінде бір қатыгез адамның жаласына ұшырайды.

*Егер кісі түсінде ит көрсе, онда ол өңінде кішігірім уайымға түседі.
*Егер кісі түсінде ит қапса, онда ол өңінде кішігірім шығынға ұшырайды.
*Егер кісі түсінде таутеке мен құлжа көрсе, онда ол өңінде тұрмыстың тауқыметін тартпайтын болады.

Төрт түлік
*Егер кісі түсінде атқа мініп, одан құламай, өзі түсетін болса, онда бұл жақсы. Өйткені халық түстегі атты өңдегі арман-тілекке балаған. Түсінде атқа мінген кісі өңінде арман-тілегіне жетеді. Егер де адам түсінде мінген атынан құлап қалса, онда ол жақсы емес, алда қауіп-қатер бар болғаны.

*Түсінде кісі ерттеулі атқа мініп жүрсе, ол өңінде тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде атқа мініп көкпар тартса, онда ол өңінде болыс болады.
*Егер кісі түсінде жабайы жылқыға мінсе, онда оның өңінде мал-мүлкіне зиян келеді.
*Түсте қой (отарын) көрген кісі өңінде халықты көреді. Сондықтан ел мұндай түсті жақсы деп есептейді.

*Егер кісі түсінде қой көретін болса, онда ол өңінде басшы қызметке тұрады.
*Егер кісі түсінде қой көрген болса, онда оның барша тілектері орындалады.
*Егер кісі түсінде ешкі көрсе, бұл жақсы емес.

*Егер кісі түсінде түйеге мініп жүрсе, онда ол - жақсы. Өйткені түйе - ұлық жануар. Түсінде түйеге мінген кісіні ұлы әулиелердің өзі желеп-жебейді. Жалпы, түсте көлікке мініп, құламай жүру - жақсы.
*Егер кісі түсінде түйеге мінетін болса, онда оны әулиелер қолдайды.
*Егер кісі түсінде қоңды түйеге мініп жүрсе, онда ол мұратына жетеді.
*Егер кісі түсінде қоңсыз, көтерем түйеге мініп жүсе, онда бұл жақсы емес.

*Егер кісі түсінде өзін қуып жүрген бураны көретін болса, онда ол ісіне қарай өңінде я жақсылыққа, я жамандыққа кезігуі мүмкін.
*Егер де кісі түсінде келеге түсіп, жараға бура қуалайтын болса, онда ол Құдай атына құрбандығын беру керек. Өйткені, оның түсінде көргені әзірейлінің өзі.

*Егер түске семіз сиыр енетін болса, онда арзаншылық болады. Егер түске арық сиыр енетін болса, онда қымбатшылық болады.
*Егер кісі түсінде қоңды сиыр малына (өгіз, бұқа) мініп жүрсе, онда оның билігі өңінде барлық халыққа жүреді.

*Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе, онда бұл өте жақсы. Ол сол күні-ақ дәрежеге ие болады.
*Түсте доңызды, қасқырды, қабланды, жолбарысты көру және оларды өлтіру - өңде дұшпаннан үстем болуды білдіреді. Егер бұл хайуандар кісіге ешқандай жамандық жасамайтын болса, онда ондай түс жаман емес. Түсте бұл жануарларды өлтіру - жақсы: ол өңде жауды жеңумен бірдей. Егер де кісі түсінде осы аталған хайуандарға мініп жүретін болса, онда оның дұшпандарының қолға түскені.

Тағамдар
*Түске бидай, арпа кіретін болса, онда азық-түлікке арзаншылық болады деген сөз.
*Егер кісі түсінде ас ішсе, онда ол өңінде мол дәулетке ие болады.
*Егер кісі түсінде піскен ет жесе, онда ол өңінде ішіп-жемінің көбейгенін көреді.
*Егер кісі түсінде палау, мәнті жеп, сүт ішсе, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде құрма жесе, онда ол өмірде ұзақ жасайды.
*Егер кісі түсінде жүзім жесе, онда оның өмірде бағы жанады.
*Егер кісі түсінде қауын немесе қарбыз жесе, онда оның досы байиды.
*Егер кісі түсінде алма жесе, онда ол өңінде тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде шабдалы жеп жүрсе, онда ол екі дүниеде бірдей шат-шадман ғұмыр кешеді. Бұл түс өңге айналу үшін аз дегенде бір күн ораза ұстау керек.
*Егер кісі түсінде грек жаңғағын жесе, онда өңінде оның ішім-жем қоры мол болады.
*Егер кісі түсінде анар жесе, онда ол өңінде байиды.
*Егер кісі түсінде бидай көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде тары көрсе, онда ол өңінде бақытты болады.

Айым
07-10-09 11:32
Менің түсімде маған бірге оқитын жігіт қып-қызыл раушан гүлін сыйлады.Ол менің қолымнан ұстаған кезде қолым күйіп кете жаздады.Оянып кетсем түсім екен.Қарасам ұстаған қолым әлі ыстық болып тұр екен.ал екінші қолым кәдімгідей салқын болып тұр.Ұйып қалған дейін десем,ешқандай да олай емес,қызық.Бұл сонда қалай?
Асылжанқызы
self-made89@mail.ru
07-10-09 09:41
Сәлеметсіздер ме?намазға жығылмаған адам, түсінде намаза оқып жатса қандай мағынаны білдіреді?
Назым
22-06-09 12:56
No name-ге: неге маңызды емес, өте маңызды, егер маңызды болмаса, мұнда адамдар жазбас еді, маңызды болмаса, сіз де жазбас едіңіз.Сіздің жазған сөздеріңізден сіздің ерігіп, кімге тиесеріңізді білмей, миыңыз айналып, жазып отырған секілдісіз.
777-ге: Басқа тақырыптар толып жатыр. Бірақ менің таңдаған тақырыбым, ұнамаса, өздеріңізге жеке тақырып ашып алыңыздар.

Ұлболсын
ulbosyn_94
18-06-09 16:43
сәлем!!!!!мен түсімде көбінесе мені ит қуалағанын көрем сол нені білдіреді?????Жауап күтем
no name
kazak
10-06-09 19:36
Казакша форумнын оз маныздылгы мен кундылыгын жогалтып бара жатканы сезіледі..... Болмайтын нарсені болмайтын адамдар гана айтады, себебі баска істейтін тірлігі жок, дурыс ойланатын миы жок!!!
777
777@mail.ru
10-06-09 19:32
Баска тема калмады ма????
Анар
mile.ru
07-06-09 17:53
Ай: Түнде жайсыз жатқаннан.
Қас
Жолымбет
05-06-09 12:40
Жадыра, Зираттың зианы жоқ. Қуаныш болар!
Жадыра
ospanova_zhadyra@mail.ru
02-06-09 08:20
Түсімде жігітім екеуміз орыс зиратынын басынан топырақ алып журміз. Осы түсімді жорып берінісші
Қас
Жолымбет
24-03-09 07:54
Айдана. Бас-аяғы жоқ неғылған қызыл раушан?
марат
20-03-09 10:04
Түс-түлкінің боғы
Айдана
кожкеноваӨайдана
20-03-09 09:34
қызыл раушан гүлі нені білдіреді?
Қас
Жолымбет
27-02-09 13:59
Жанат! Түсіңіз керемет жақсы екен! Дүниеде наннан асқан қасиетті нәрсе жоқ. Ақшаны да нан үшін табасыз ғой. Сізге бір жақсылық болайын деп тұр. Ұн сіздің Алла берген ризығыңыз. Демек табысыңыз артады. Ал құрттар тірлік-харекетіңіз, істеп жүрген ісіңізді білдіреді. Ісіңіз жыбырлап ұлғая береді, жемісі көбейе береді. Қорықпаңыз! Өте жақсы болады. Құлай тілеуіңізді береді! Аруақтарға құран оқытыңыз!
Жанат
Snoopy.0611@mail.ru
25-02-09 19:54
Түсімде қаптан ұн алып, қамыр ашытқалы жатыр екенмін. Бір қарасам, ұнның ішінде құрттар пайда бола бастады. Құрттарға назар аудармай, қамырды ашыта бермекші болдым. Қарасам, құрттар көбейіп әрі үлкейіп кетті. Қорққанымнан нан ашытпай қашып кеттім. Ол не екенін білмей, басым қатып отыр. Мүмкін сіз көмекке келерсіз?
Ай
24-02-09 09:33
Менің күйеуім ұйықтап жатып жаман түс көріп қианалады, мен ұйықтап жатсам да оны сезіп, оны оятып жіберемін. Түні бойы сөйлеп шығады. Міне осылай күнде. Не істеуге болады? Үйді аластау керек пе?
Қас
Жолымбет
23-02-09 14:15
Түс деген керемет нәрсе, ол Алланың адамзатқа берген ескерту аяны. (әрине, бәрі емес) оған сенбеуге болмайды. Бәрін Жаратушының қолына тапсырып, Исламға байлап қорқыта беру де үлкен күнә. Құдыреті күшті Алла Құранда былай дейді: Уа Раббым!маған патшалық бердің, түс жоруын үйреттің. (12\101 аяттар) Тағы бірде: Алла сендерге құлақ берді, көз берді және сана берді, ендеше неге ойланбайсың!--деп ескертеді. Демек Жаратушы бізге берген санасын пайдалануға біздің толық құқығымыз бар екен. Сондықтан кейбір мағыналы түстерді жақсылыққа жорып, абайлап сенуге болады. Ол адамның өз қасиеттерінің ашылуына байланысты нәрсе.
Назым
19-02-09 12:30
Рахмет Сізге Нәби аға, Бірақ мен жиі көретін түстер ақырзаман, су тасқыны туралы.Көргеннен кейін ертеңінде жаңалықтар бойынша басқа елдерде болғанын көрсетеді. Солай екі рет болды, бірақ бұл жай кездейсоқтық па. Қорқынышты түс көргенде шошып оянып, қайтадан ұйықтауға қорқамын. Ұйықтағаннан кейін сол түстің жалғасын немесе сол түсті қайтадан көремін. Түс туралы тағы да толығырақ білгім келеді.
Нәби
www.dinislam.kz
18-02-09 16:15
Уалейкум ассалам Назым

бірақ не болса да түсті жақсылыққа жору керек... әйтпесе Аллаһ сақтасын...

Түс жору кітаптарына қарағанда, білетін білімі бар, сенуге болатын адамнан сұраған дұрыс

Көрген түсіңізбен амал ету және оған сену дұрыс емес.

Исламда түс 3 түрлі:

1-Салих түстер
2-Шайтани түстер
3- Және өмір сүріп жатқан оқиғалардан пайда болған түстер


Түсіңізбен амал ету:

Ғұламалар үш шарты бар дейді, амал етуге болу үшін.
1-көрген түсіңіз дініміздің әмірлеріне қарсы келмеуі керек
2-Сенімді адамнан сұрау керек. Яғни, барлығына сенімді, дінді толық білетін кісіден
3-Түсте көргеніңізді әмір ретінде қабыл етпеуіңіз керек. Яғни, тек кеңес ретінде қарауыңыз керек
Арай
18-02-09 15:24
биреуге түсін туралы айтқан кезде түс түлкінің боғы деп барып айтат өйткені түс алдамшы болып келет түлкі сияқты бұрын әжелеріміз айтатын



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов