Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Шежipe
Тақырып: Асан-Бағаналы шежіре-кітабын жазып жүрмін, үн қосыңдар


Авторы Xабарлама
Жангелді Тілеубайұлы Естенбаев
zhan62liz@mail.ru
03-03-09 10:54
Асандар Найманның Бағаналы тармағынан тарайды. Өзімнің аталарым - АСАН - Ақшал - Жанпейіс - Байболды - Тауасар - Үкібай - Жақсылық - Қияқбай - Дүйсен - Естенбай. Естенбайдан - Тілеубай өз әкем. Екі ұлым бар - Дархан, Шерхан. Алматыда тұрып жатырмыз. Баспа ісімен айналысамын. Жорналшы-жазушымын. Асандар шежіресін жинап жүрмін. Хабарласыңдар. Өз аталарың туралы мүмкіндігінше толық жазыңдар. Естіген аңыздарың болса, қоса жазып жіберіңдер...

Авторы Жауап
Айдос
Omarov052_@mail.ru
07-12-17 17:33
Ассалаумағалейкүм. Келдібектен тараған Асандар барма?
Султан
kokzhal@126.com
30-10-17 03:01
Салем копшилик! Мен Найман-матай-Аталык-Шагыр урпактарын издеймин. Билетиндер хабарласыныздар: 87077789008
Leila
prince23.14@mail.ru
06-09-17 05:33
ЕРБОЛ 89 13. Сәлем, мен Қарағанды обл. Сәтбаев қаласынанмын.(Жезқазған)
ЕРБОЛ 89 13
асан токпак
28-08-17 09:57
Ассалаумагалейкум Асан токпактар ЛЕЙЛА АПШЕ СЫЗ КАЙ КАЛАДА ТУРАСЫЗ
ЕРБОЛ
13-07-17 18:32
Асан токпактар Иран емес Урандар Куалда Малаток
Лейла
prince23.14@mail.ru
25-06-17 18:57
Сəлеметсіздер ма, Асан Тоқпақтардың арғы тегі Ираннан.
Шолпан Қасенқызы
akhmetova_roo@mail.ru
02-05-17 11:01
Ағайындар, қателессем түзетулері мен толықтырулар еңгізулерінізді сұраймын:
Софы -мырза- Найман- Белгібай- Сүгірші - Төлеген - Уланбатыр - Қарақожа - Қарабек - Сарыжомарт - Бағаналы - Шаушек - Қызылтаз - Елтінді - Қожас - Жырық - Сарыбай - Өтеп - Байдаулет - Тұлақ - Құлшық - Кәлменде - Тықан - Қасен (өз әкем 1938 жылғы)
Шолпан Қасенқызы
akhmetova_roo@mail.ru
01-05-17 17:41
Кешіріңіздер, Төлек - Сандыбайдың әкесі
Шолпан Қасенқызы
akhmetova_roo@mail.ru
01-05-17 17:33
Әкем - Калменбаев Қасен Тықанұлы.
Найман - Баганалы - Жырык - Төбет- Байдәулет - екі ағайынды Төлек пен Тулақ. Төлек- Сандыбайдын атасы. Сандыбайдан - Ерден)
Төлектен- Құлшық, Құлшықтан Кәлменде, Кәлмендеден - Тықан,Жәлел, Мұқыш.
Тықаннан - Қасен.
Касеннен - Жанұзақ, Қобланды, Қажымұқан, Данияр, Әнуар.
Шолпан Қасенқызы
akhmetova_roo@mail.ru
30-04-17 20:03
Әкем Қасен Тықанұлы Калменбаев Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Пролетарка аулында мекендейді.
Шолпан Қасенқызы
akhmetova_roo@mail.ru
30-04-17 19:55
Сәлеметсіздер ме, қадірлі жамағат! Найман - Бағаналы - Жырықтан тараймыз. Әкем - Қасен. Әкемнің әкесі - Тықан, Тықанның әкесі - Калмен, атақты Ерден Сандыбайұлынан тарайды. Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет. Ерден Сандыбайұлы (1808-1862), ел қорғаған батыр, аға сұлтан, дуанбасы болған адам. Ұлытаудың түлегі. Найман руынан, Бағаналының төрт босағасының бірі атанған Сандыбай бидің баласы. Ерден батырлығы, көрегендігі, шешендігі, саяси танымы жоғарылығы, өзімен үзеңгілес ірі тұлғаларға сыйлылығы арқасында ел аузында қалған. Көп жыл болыс, тоғыз жыл аға сұлтан, дуанбасы болып ел билеген. Өз заманында Ерденді Арғын Қарауыл Орынбай ақын, төкпе ақын Бәлтекейұлы Мұқан жырға қосқан. Ерденнің Орынбор, Омбы губернаторларына сөзі өткен. Ол орыс билеушілерімен де, ұлт-азаттық қозғалысын басқарған Кенесары ханмен де тіл табысып, жақсы дипломатиялық қарым-қатынаста болған. 1829 жылы Қоқан хандығы (хандар: Шерәлі, Худояр) қазақ жерінің оңтүстігіне, Сыр бойына басып кіріп, Түркістанды басып алады. Әскерлер Шу бойына келіп, Қоңырат пен Қыпшақ ағайындарды шабады. Осы кезде 21 жастағы Ерден батыр қол жинап, Омбы мен Орынбордан әскер алдыртып, барлығы 3 косын әскермен Қоқанға қарсы жорыққа аттанады. Бір қосынды өзі, екінші қосынды Аманбай батыр, үшінші қосынды Лепесбай батыр бастап барып, Шу бойынан, Түркістан маңайынан Қоқандықтарды қуып шығады. Ол Шоқан Уәлихановпен бірге сайлауға түсіп, кейін Шоқан өзі оған жол берген. Санкт-Петербургке барып патша сарайында болған. Ерденнің зираты Қаракеңгір өзенінің сол жақ жағасында Жошы хан кесенесінің маңында тұр. Ерденнің атасы - Төлек батыр.
Алпысбай
alpysbay56@mil.ru
27-02-17 15:34
Біз Қызылордалық шүңғырлармыз Әлдекісіден тараған талаптарың оң болсын Әлдекісіден Жүмыр одан Азамат одан Бөлебай одан Шағыр ЩАҒЫРДАН МЕН АЛПЫСБАЙ ҰЛДАРЫМ БАГДАТ АЛМАТ
Болат
Dysebaev-b @mail.ru.
26-01-17 18:18
Ассалаумағалейкум! ағайындар Ақмешіттен Қарабала сәлем жолдайды! Жауғаштының ұрпақтары бір-бірлеріңізді іш-тартып іздегендеріңіз құптарлық іс. Мен, Жауғаштының Тілекесі боламын. Тілекеден Тауасар одан Барлыбай-Әуез-Есенбатыр-Жөкебай-Дүйсебай-Төлен-Бөлеген-Болат. Айтайын дегенім Сарыаталық балалары яғни Қарабала ұрпақтары биыл 7мамыр күні Түркістанда жиылып ата-бабаларға ас бергелі жатыр, соған ат салысыңыздар! Оразхан деген бауырларыңыз Қарабала шежіресін жасаймыз деп талаптанып жүр, соған мына нөмірге +77478388377 хабарласып әр әулет өз шежірелеріңізден мәлімет берсеңіздер жақсы болар еді. Сәлеммен Болат Дүйсебаев.
Аяука
Jarylkaganova
23-01-17 17:30
Салеметсиздерме менин руым асан
Вк-да
Аяука Жарылкаганова баринизди каблдаймын
Нурсултан
87788011660
20-10-16 17:15
Мен Асаннын ишинде болек Асан болам Казалыдан
Ербакыт
Doktor_erba@mail.ru
26-02-16 00:06
Агайындар саламатсыздар ? вконтакте асан деген тобымызды ашып жатрмыз косылыныз сол жакта анмелесейк
Нұртуған
08tur80@mail.ru
08-11-15 19:25
Бөлек асан туралы білетініңіз барма
жасұлан
zhasulan.madeniet@mail.ru
15-10-15 07:09
Менде Асанмын бірақ біздер Кіші жүзден байұлынан тарағанбыз
Алмас Жубанов
zhubanov-80@mail.ru
03-09-15 01:53
оралданмын руым асан тана. казир атырауда турамын келип жатырсаныздар хабарласыныздар.
Айнур
anek3622823
01-06-15 18:33
Болек асандар туралы кым быледы
Бек
dosan-erai@mail.ru
21-04-15 08:08
ассалаумағлейкум жамағат! менің руым найман. Найманның ішіндегі қарабаласы. Бірақ атамыз жетім өскеннен ата бабамыз жайлы толық білмейміз. Егер білсеңіздер Қарабала туралы толыққанды мәлімет ұсынсаңыздар демекпін.
Турсынали - Айкен
28-03-15 09:39
Кымбатты Бадана елинин урпактары!!! Биз Бадана елинин шежиресин жазып жатырмыз. Бизге коп акпарат керек. Мына номирлерге хабарласыныздар: сот. +7 705 793 23 58 дом. (Жезказганда) 8 (7102) 900274 Турсынали-Айкен
Нұрлан Жолаушыұлы
balnur.69@mail.ru
09-03-15 06:29
Бастамаңыз жақсы екен қостаймыз Атау осылай болғаны дұрыс
Жангелді Тілеубайұлы Естенбай
zet1962@mail.ru
15-02-15 09:23
Қымбатты Асан-Шұңғырдан тараған ағайын! Алла жазса, биыл Шежіремізді шығарайық. Оның негізіне \"Найманның бір баласы Бағаналы\" деген кітапты аламыз. Наурыз айынан бастап нақты кірісеміз, Алла жазса. Мен \"ТАРЛАН\" баспасын аштым. Сол баспадан шығаруды жоспарлап отырмын. Жеке сайт ашуға мүмкіндік бар. Мүмкін, атын НАЙМАННЫҢ БІР БАЛАСЫ БАҒАНАЛЫ деп қоярмыз. Ойласайық, ағайын!
Дулат
id255155059
14-02-15 19:08
Орталык Қазақстанда түбі Найманнан, Асан, Шұңғыр, Бекболат деген қазақтар баршылық! Мен Асан - Шұңғыр болам мысалы
Алихан Батырханулы
alihanbatyrhan@mail.ru
04-01-15 06:04
Мен Асан - Толек,Тауасар,Жақсылық,Укибай,Игилик,Шыбын осы 7 атадан тараганбыз.улкен атам Алимбектен Шарип,Жумабек тараган. Шариптен Ныгметжан,Самат, Батырхан туылган.Акемнин айтуынша Жумабек атамда бала болмаған сон Шарип атам оз балаларын сол кисинин атына жаздырган.бир жылдары акем улкен агасымен Кокшетау каласына туыстарымызды издеп барган таппады.менин Алимбек атамнын бауырлары тагы да балалары бар деп естигенбиз.Ныгметжаннан Омирхан, Саматтан Омиржан, Батырханнан Торехан Алихан туылган.Биз Жезқазған қаласы Улытау өңірінде турамыз.Асандар шежиреси туралы китапты кайдан алуга болады.Егерде кандайда бир деректер болып жатса маган хабарласуларынызды сураймын.тел: 8 777 611 5308, 8 702 660 0936
Алмат
a.toktamysov@list.ru
21-10-14 11:34
Ассалаумағалейкум, ағайындар!
Әлімдердің ішінде Асанмын, Кіші жүз!!! Жангелді айтқандай, Қызылорда облысындағы Қазалы ауданында Асандар көп. Жері де елі де сол жақ деп ойлаймын. Өйткені естуімше Қазалы ауданында \\"Асандар ауылы\\" бар, сол жақтан тараған. Жәнеде Әлімнен тараған Асандар, бізді \\"бұзық Асандар\\" деп атайды, неге десеңіз, Жангелді айтып кеткендей, Асандар көтеріліс кезінде, \\"сенің атаң (Асан болуы керек) самолетті таяқ лақтырып құлатқан\\" деп, анам жас кезінде жиі айтып тұратын, енді жиі немерелеріне \\"Бұзық Асандар\\" деп айтып тұрады, бұзақы жасаса)))
Ермухаммет
nahip_ermuhan@mail.ru
17-08-14 15:10
Мен Актаз Найманмын оның ішінде Балықшы. Бағаналы шежіресінде балықшының ұрпақтары толық жазылмаған білетіндер болса. Алдын ала Рахмет.
Raba
Rabnur@yandex.kz
15-08-14 13:55
Сарыдан : 1.Кәрішал, 2.Жауғашты, 3.Саламат, 4.Бекболат, 5.Асан, 6.Шұңғыр, 7.Әзеке, 8.Шағыр, 9.Бодық, 10.Елтінді болып он баланың ұрпағы бар.
Raba
Rabnur@yandex.kz
15-08-14 13:54
https://vk.com/public74701457 Қосыламыз
Жангелді Тілеубайұлы Естенбай
zhantileu62@mail.ru
24-06-14 12:58
Асан руы үш жүздің ру-тайпаларының ішінде бар рудың аты. Сондықтан, асан руын айтқанда, үлкен ата - ру-тайпаны, жүзді қоса айтқан абзал. Мәселен, Қызылорда облысындағы Қазалы ауданында Әлімдердің ішінде асандар бар. Олар 20 ғасырдың 30-жылдары болған "Асандар көтерілісін" жасап, "ақтаңдақ" тарихта аты қалды. Адам аты болғасын Асан есімі шежіреде кездеседі. Осыны ескеріңіздер, ізденуші ағайын. Тірлігіміз ірі, бірлігіміз жарасымды болсын!
Акерке
akerke-0091@mail.ru
02-03-14 21:51
Салеметс1здерме, менде Асан руынан боламын. Сондыктан Асан руы Кызылорда жакта кездесед1 деген рас.
Наурыз
nauriz-97baik@mail.ru
20-11-13 19:42
Саламалейкум ағайындар!Мен де асан руынан болам есімім Наурыз азда болсада мәлімет бергендеріңіздерге көп рахмет!!
Жанкелді Тілеубайұлы Естенбаев
zet1962@mail.ru
15-08-13 05:01
Ассалаумағалейкум, Ағайын!
Асандар туралы момын, шаруа адамдары болған дейді. Білмеймін, өкінішке қарай, Асан жалғыз үй болдық. Әкем Тілеубай жетім өскен. Асандар туралы ештеңе естімей өстік десем болады. Есімізді енді жия бастадық қой, несін айтасыз...
Әкем отыз жасқа жетпей жатып, ағайынын іздей бастапты. Сөйтіп, Жезқазғанға сапарлайды. Сәтпаев қаласын басқарған Мұзарап Ақанов деген көкемізге жолыққан екен. Обалы не керек, ол кісі елге шақырған көрінеді. Бірақ, төркінінің төрінде отырған шешемнен аса алмаса керек. Бір момындығын осыдан-ақ байқауға болатын шығар... Бірақ, шаруаға мығым болды. Есепке де жүйрік. Еңбегіне адал. Ешкімнің ала жібін аттаған жоқ. Жетім өссе де, жетілді, біздерді өсіріп, жетілдірді. Байыған ештеңесі жоқ. Аласапыран кезеңде ешкімге қол жайған жоқ. Аллаға шүкір, бұл күнде шешем екеуі бейнетінің зейнетін көріп отырған жайы бар...
Бұны айтып отырғаным - Асандардың момын ел екеніне қарапайым мысал ғой. Асандардың ішінде батырлығымен, не ақындығымен аты шыққан ешкімді естімеппін. Әнші, композитор, сал-сері де жоқ атағы шыққан. Алайда, ойға жүйрік, оқымыстылар болған дейді. Сонау бәлшебектер кезінде Асандардың ішінен бір оқымысты шығып, ол өкіметке қарсы болған ба, қуғын-сүргінге ұшырап, оның кесірі басқа Асандарға да тиген бе, Асан-Шұңғырлардың біразы қашып-пысуға мәжбүр болған деседі. Анығын білмедім, естуім солай. Білетіндер болса, дерегін айтса екен...
Жанкелді Тілеубайұлы Естенбаев
zet1962@mail.ru
15-08-13 04:21
Асандар Найманның Бағаналы тармағынан тарайды. Өзімнің аталарым - АСАН - Ақшал - Жанпейіс - Байболды - Тауасар - Үкібай - Жақсылық - Қияқбай - Дүйсен - Естенбай. Естенбайдан - Тілеубай өз әкем. Екі ұлым бар - Дархан, Шерхан. Алматыда тұрып жатырмыз. Баспа ісімен айналысамын. Жорналшы-жазушымын. Асандар шежіресін жинап жүрмін.
Расында да, Әбсадық жазғандай, \"1998 жылы шыққан 1000 беттік Бағаналының толық шежіресінде, Асандар 623 бетінен басталып толығымен дерлік таратылған\". Дегенмен, толық деуге келмейді. Өйткені, Асандар шашырап-пышырап кеткен екен. Мәселен, біздің туған жеріміз - Жамбыл облысы, Қаратау қаласы. Талас өңірі. Әкем Тілеубай осы өңірде туып-өскенін айтады. Аллаға шүкір, көзі тірі. Естелік кітап жазуда, ішінде шежіре келтіреді. Біздер Әбсадық айтқан шежіредегідей Тілеубайдан үш ұл емес, бесеу болғанбыз - Амангелді (жастай өлді), Жангелді, Жанболат, Нұрлан (сәби күнінде шетінеді), Сырым. Екі қыз және бар - Айгүл мен Айдана. Олар, әрине, шежіреге кірмейді. Сондықтан, керек деректердің барлығын сол кітаптан табуға болады деу артығырақ. Білуімше, Асандар шет елдерде де бар. Бірақ, нақты дерегін ешкім білмейді.
Мақтаныш етуге болатыны - Асандардан бір академик шыққан. Ол марқұм болған Әшім Құрамбайұлы Омаров.
Ел басқарған елағалардан Мұзарап Ақанов көкеміз бар. Оның ұлы Бейбіт - Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары. Одан үлкен ұлы Талғат Қазақмыс басшыларының бірі болған, бүгінгі таңда Бозшакөл директоры. Қызы Ләззат - композитор Сейдолла Бәйтерековтің жесірі, өзі де ән шығарып, шырқап жүр. Мұзарап көкеміздің басқа ұл-қыздары да қабілетті жандар...
Асан атамыз туралы мынадай аңыз бар дейді. Асан таң атпастан түзге шықса, шапанының үстіне бозторғай жұмыртқалап үлгеріпті. Атамыз байқамаған ба, шапанын сілкіп қалғанда, жұмыртқалар жан-жаққа пышырап ұшқан ғой. Осы оқиғаны үлкендер жаман ырымға балап, \"әй, Асан, оның қалай, енді сенің тұқымың да сол жұмыртқалардай пышырайтын болады\" депті. Содан ба, Асандар аз тұқымды боп қалған дейді. Алайда, өз басым осы аңыздың нақты дерегін таппадым. Шешемнің аузынан естіген едім. Шешем Ақтай - Кәрішалдың қызы. Бір қызығы, туған әжем Нәзипа да Кәрішалдың қызы еді. Қаратау қаласы мен 18 шақырым жердегі Көктал ауылында тұратын Бағаналы Наймандардың ішінде Естенбай әулеті - Асандардан шыққан жалғыз әулет. Осы өңірде негізінен Кәрішалдар мен Шағырлар тұрады. Естуімше, Асандар Шымкент, Қызылорда жағында да кездеседі екен...
Алла жазса, жан-жақтағы Асан, Шұңғырлардың басын қоссам деген арманым бар. Кімнің қандай дерегі бар шетте жүрген ағайындардан? Ойларыңызды ортаға салыңыздаршы, ағайын-бауырлар!..
Дархан
darhanto2@mail.ru
19-07-13 13:47
Ассалаумагалейкум Жангелди аға мен Дархан Куансейтұлы меним колымдагы шежирем Асан-Акшал-Жанпейс-Байболды-Абыл-Мамыр-Кыстаубай-Толек-Дуйсембай-Кожахмет-Хамит-Едилбай-Куансейт-Дархан-Жадигер улым болады
Ермухаммет
nahip_ermuhan@mail.ru
11-06-13 17:38
Найман - Бағаналы - Ақтаз - Балықшы шежіресі барма ?
Берік
narbaev-2011@mail.ru
09-06-13 15:21
Асалаумағалейкум ағайындар! Менің елім ойық-қарабас-көкшекөз, менің әкем Нарбаев Жақбек Жәнібекұлы - одан 3 -тұйақ тарғанбыз: Нарбаев Берік Жақбекұлы, Нарбаев Ермек Жақбекұлы, Нарбаев Батыр Жақбекұлы. Нарбаев Берік Жақбекұлынан тараған 2 тұйақ - Жақбек Діңмұхамед Берікұлы, Жақбек Диас Берікұлы. Нарбаев Ермек Жақбекұлынан тараған 2 тұйақ - Жақбек Досмаил Ермекұлы, Жақбек Ерасыл Ермекұлы. Осы жазылғанды шежіре кітабына еңгізуді сұраймын
Ербол
Ербол_.89
08-06-12 19:24
Menin Ruim Asan tokpak tubimiz Iranan dep estgem
Жангелді Тілеубайұлы Естенбаев
zet1962@mail.ru
20-01-12 09:04
Шұңғыр туралы естіген бір аңызда Шұңғырды бақырашқа сатып алған дейді. Соның мәнісін ешкім мандытып ашып бере алмады. Ойыңды қос, ағайын!
Қазақ
majestik01@mail.ru
16-01-12 19:53
Жангелді Тілеубайұлы, міне менің шежірем. Асан-Ақшал-Жанпейіс-Құлболды-Итқара-Қаратал-Сарт-Сиқым-Сайрамбай-Мақат-Баттал (менің атам). Қолымда \"Найманның бір баласы Бағаналы\" деген кітап бар. Мүмкін сізге қызық болатын шығар. Өзім Жезқазған қаласында туып өстім. Қазір Астана қаласында тұрамын. Сізді бұл мәлімет қызықтырса, хабарласыңыз =)
Анар Көпейқызы
asanka.84@mail.ru
29-05-11 14:56
Сәлеметсіз бе ағайлар,менің руым асан тоқпақ,мен Алматыда түрамын.
Сания
sony.89@bk.ru
26-01-11 06:53
Сәлеметсіздер ме қадірлі жамағат! Жалпы Асан руының шежіре кітабын қалай, қайдан алуға болады? Білсеңіздер айтыңыздаршы
НҰРЛАН
balnur.69@mail.ru
23-06-10 16:31
Ассалаумағалейкум Жангелді аға! Үй іштеріңіз тегіс аман ба? мен сізге Сұлтансейіт әкем берген өзіміздің шежірені жіберіп отырмын
Жанна
Saganai@mail.ru
14-01-10 10:51
Ақтаз-Бадана -Қоңырбай деген ру туралы білсеңіздер жазыңыздар. естуімше олардың көбісі Державин ауданында тұрады деп
Janar
Janarusik@mil.ru
09-11-09 01:27
Қарабала Жауғаштысын іздеймін
СЕЙИЛ
sryilqan@rambler.ru
09-10-09 16:55
Баганалылар шежиреси бар ма? Оны кайдан табамыз?
Рашит
23-09-09 14:32
державин ауданындагы кошек пен бадана деген рулар бар. менин ойымша олар найман насылы. бирак кайсына жататын екенин жауап бериндерши мумкиндгинше баганалыдан бастап таратып берсениз нур устине нур болар.
Нұрболат
nur_i_k61@mail.ru
19-09-09 19:19
Бағаналы баурларға дұғай сәлем! Майл.ру-сайтында \"Найман-бағаналы\" қауымдастығын (сообщество) қарағандылық Әнуәр бауырымызбен бірге құрдық. Ол қауымдастықты құру мақсаты - еліміздің, жеріміздің тарихын тереңірек білу, дінімізді, тілімізді, ата салт-дәстүрлерімізді сақтап әріқарай дамыту. Сол қауымдастықта өзім белсенділік танытып интернеттен бағаналы руына қатынасты біраз деректер тауып еңгіздім, сол деректермен өзім танысып, әсіресе жас баурларымыз біліп патриоттық рух пайда болуына әсер етсе екен деймін. Егерде қызықтыратын болса сол қауымдастыққа кіріп шығыңыздар. Баршыңызға ораза қабыл болсын, келер айт мұбарак құтты болсын!
НҰРЛАН
kasimbekov@inform.kz
12-05-09 09:30
АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ ӘБДІСАДЫҚ АҒА! ҮЙ-ІШІҢІЗ ТЕГІС АМАН БА?ҚАНДАЙ ЖАҢАЛЫҚТАРЫҢЫЗ БАР? бАБАЛАРҒА АС БЕРУ ЖӨНІНДЕ НЕ ХАБАР БІЛЕСІЗ?
НҰРЛАН.Жангелді ағама
balnur.69@mail.ru
28-04-09 13:52
Жангелді аға! Үй-ішіңіз тегіс аманба?Сізде қандай жаңалықтар болып жатыр? Біздің шежіреміз толығып, көбейіп жатырма?
НҰРЛАН.Абсадық ағама
balnur.69@mail.ru
28-04-09 13:48
Ассалаумағалейкум Абеке! Қуанышымызды бөліскеніңізге үлкен рахмет!Айтқаныңыз келсін. Барлық жақсылықты тілеймін! сізде де осындай қуаныштар бола берсін!
Абсадык
Нурланға
08-04-09 16:16
Нәресте Асланның дүниеге келген қадамы құтты болсын, бауы берік болсын!
Нұрлан Жолаушыұлы
balnur.69@mail.ru
07-04-09 09:27
Ағаларым! Бауырларым! Амансыңдарма ? Қандай жаңалықтар болып жатыр? Жангелді аға шежіреңізді қашан шығармақсыз? Сүйінші!!! Біздің ұрпаққа тағы бір Асан қосылды! Інім Ұлан ұлды болып, атын Астанада туған соң Аслан деп қойдық Өздеріңізде не жаңалықтар болып жатыр?
Абсадык
Нурболат Саркенге
31-03-09 17:58
Ассалаумағалейкум! Сенің жазған Сарыаталық - Жауғашты біздің өңірдегі Бағаналының бір белді руы. Жауғаштыны біздің бүкіл Бағаналы ҚАРАБАЛА деп атайды. Тұрғылықты жерлері Жезқазғаннан батысқа қарай Сарысу, Теректі өзендерін бойлап жатқан ел. Қарабала-Жауғаштының Күлеке тармағынан менің түп нағашыларым шыққан. Ішінде Асан деген де аталары бар деп естігенмін. Сен сол Асанмен біздің Асан-Шұңғырды шатастырып алуың әбден мүмкін.
Ал, кітап жайына келсек, ол кітап 2000 дана болып шыққан. Ел таратып алған. Бос данасы жоқ болу керек. Қолыма тисе хабарласармын.
Нұрболат Сәркен
nur_i_k61.&.mailt.ru
28-03-09 16:46
Ассалаумағалейкум, ағайындар! Мен солтүстік өңірінің бағаналысы боламын. Асан мен Шұғылдың әкелері Игілік біздің атамыз Мұқышпен бірге Байкөнектен туған. Мұқыштан Бақаш, одан Сарыаталық-Жауғашты-Күлеке-Дөңасар(Жакеңнің аталары Тауасармен бірге туған)-Ақылбек-Көрпетай-Досберген-Борлықбай-Барқыт-Мұқамедия-Сәруәр- мен Нұрболат, менің ұлым Айбек. Солтүстік өңіріне 18 ғ-да Корпетай-Досберген аталарымыз көшпен барып нағашылары керейде қоныстанып қалған. Қазыр мен Астанада тұрамын, қалған бауырлар СҚО-да. Бағаналылар шежіре кітабін тауып алуға көмектессеңдер алғысымды айтамын.Қателіктер болса кешірім сұраймын.
Нұрлан.Абдісадық ағама
balnur.69@mail.ru
24-03-09 13:44
Аға үлкен рахмет!Амандық болса кездесіп қалармыз Өте қуаныштымын. Үй-ішітеріңізге үлкен сәлем айтыңыз!Бауырларымыз аман болсын демекпін.
Абсадык
Нұрлан Жолаушыұлына
18-03-09 12:35
Иә, бізді Ұлытау өңірінің халқы Асан-Шұңғыр дейді, өйткені Асан мен Шұңғыр ағайынды болып келеді және әлі күнге дейін қыз алыспайды. Өзің айтқан Қарсақпайдағы Асандарды Асан-Тоқпақ дейміз. Бұдан басқа Асан-Балық дегендер бар. Бұл екі Асандар бізден бөлек, Бағаналының басқа тармақтарынан тарайды.
Ал, мына тақырыпты ашқан ағамыз Жангелдімен екеуміз де ағайынды болып келеміз. Шежіре кітапта Сұлтансейіттің тұсында "Көкшетау жағында" деген жазу бар. Ұмытпасам, сендер де барсыңдар, ертең қарап көрермін.
Ұлытаудағы Ағайынбек, Әліпбек ақсақалдармен (марқұм болғандар) жақсы араласқанбыз. Осы жылдың май айында Асан-Шұңғыр ас береміз деп дайындық жүргізіп жатыр деген хабар келді. Бұйыртып бара қалсаңыздар, сол жерде барлығымен танысатын мүмкіндіктеріңіз бар. Мен Алматыда тұрамын, баруға тырысамын. Хабарласыңыздар. Сау болыңыздар!
Нұрлан Жолаушыұлы
balnur.69@mail.ru
17-03-09 12:26
Абеке!Мен өте қуаныштымын сіз бізге жақын боласыз ба. Әкем ертеректе қайтыс болып, біз туыстармен араласа алмадық.Ұлытауда Асан-Шұңғыр дейді. Әліпбек әкеміз Асандармен сені таныстырамын деп жүргенде өзі өмірден озды. Жезқазғандағы туыстарымды білемін. Қазір Астанада тұрамыз.Біз Найман-Бағаналы-Сарымық-Асан-Төлек-Байболды-Қосшығұл-Жанахмет-Қасымбек-ЖОЛАУШЫ-НҰРЛАН,БАУЫРЖАН,ҰЛАН-Бауыржаннан-Жолкен болып тараймыз.Көкшетаудағы марқұм Сұлтансейіт Хамитұлы әкемізден жазып алдым.Осы дұрыс па?
Абсадык
abeke-t@mail.ru
14-03-09 07:42
Ассалаумагалейкум, Жаке! 1998 жылы шыққан 1000 беттік Бағаналының толық шежіресінде, Асандар 623 бетінен басталып толығымен дерлік таратылған. Сіздер ол шежіреде Тілеубайдан үш ұл - Жангелді, Жанбота, Сырым деп тоқтаған. Керек деректердің барлығын сол кітаптан табуға болады.
Абеке
13-03-09 08:20
Ассалаумағалейкум, аға! Мен Тортаев Абдісадық Закірұлы деген бауырыңыз боламын. Жезқазған өңірінде Бағаналының бүтін шежіресін тарататын кітап шыққан. 1000 беттен тұрады. Соның, жаңылмасам, 627 бетінен бастап (оншақты бетті алып жатыр) осы біздің Асанның шежіресі жазылған. Үкібай атамыздың тұқымдары да екжей-тегжейлі жазылған. Кітаптың бір данасы Алматыда да бар, ағамның үйінде. Менің тел.8 701 266 14 42, 8 777 196 50 18.
Нұрлан
balnur.69@mail.ru
13-03-09 06:55
Жангелді аға сізбен танысқаныма қуаныштымын!Мен Сары-Сарымықтан Асан-Шұңғырмын.Ұлытауданмын.Қарсақпайда да Асандар бар сіз қайсысы боласыз?
Нұр апа
10-03-09 14:32
Матай туралы білсең жазшы



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта — Марат Ижанов