Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Қазақ тілі
Тақырып: қазақ тілі жасасын!!!


Авторы Xабарлама
Нұрланби
nurlan-bi@mail.ru
18-03-09 16:04
Қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін: 1. барлық орыс және басқа тілдегі мектептерді жауып, қазақ мектептерін ашу; 2. орыс және ағылшын тілдерінің сағаттарын қысқарту, басқа тілдерді алып тастау; 3.заңды қазақша жазу, құжаттарды тек қазақша толтыру,қазақшы білмейтін надан мамандарды жұмысқа қабылдамау.

Авторы Жауап
Лейла
milashka_17.01@mail.ru
22-02-13 14:56
қазақтар өздері неге дұрыс қазақша сөйлей алмайды?
asilow_2001
асел
03-02-13 21:59
маган тіл туралы өлендер қажет
OTAN-ABIROI-ULT-SPORT
MUKHTAR_B@INBOX.RU
03-04-10 01:06
Kazaktar kazaksha soilesu tirisindar! Men soilesuge bastadim, baskalarda soilep ketedi.
рахметханов
haiyisha@yeah.net
12-03-10 17:25
қызықсыңдар ей!ең алғаш айтарым,жан бауыр,негізгі проблеманы көп-көрім бастағансың,ескерте кетерім,қазіргі көдекістерден қазақ тілінің жүлгесін іздемей-ақ қой,босқа әуре боласың,қайдан табасың?қазақ тіліндегі романдар,өлеңдер құрып қалған жоқ-қой.әуезовты, оралқанды оқы,одан қала берсе қажығұмар шабданды оқы,тұнып тұрған қазақ тілі,тілі емес жан-жүйесі,жүрегі...
е,не амал бар?ел орыс тілін сүйегіне сіңіріп бара жатыр.қайда барсаң қайсысын көрсең де шүлдір-шүлдір етеді.өз жерінде ешкімнің зорлығынсыз бұғаулығынсыз беймағлұм дүніеге сүйреп бара жатыр....бірақ...
әйтеу,қытайда болсамда өзім көргендерден,араласқандардан ешқайсысының жат тілмен сарнап,өз тілінен салт-санасынан бет бұрып бара жатқанын көрмедім.қайта бойларында қаны ыстық,айналасын аңғарған,алымдыларын көп ұшыратам.мен қазыр мен мынаған кесім айта алам!сенбесеңдер өз еркің,артымыздан бір ашулы үміт келеді жігер оты лауылдап.қазақты өзгертетін қоғамның аурыуын емдейтін дәрі жасалып жатыр...баба рухын ата жолын жалғайтын салт-саналы ұрпақ келе жатыр,ол қазақ топырағында!онда бола алмасада жұмыр жердің бетінде!
Жыгыт
fir0@rambler.ru
08-02-10 11:02
Нурланби, сыз казак тылын котеру ушын не истедыныз?
Sayan
Sayan999@nur.kz
06-02-10 14:32
тест режимінде www.kense.idhost.kz сайты ашлыд
Жан
zhazmur@mail.ru
09-04-09 14:49
Бүгін интернеттен қазақ тілінде жазылған кодекстерді іздеп тауып оқысам мен сияқты қазақ тілін орта менгегерген адамға арналмаған екен -ау деген ойға келдім. Түсінгенім ,казақ тіліндегі кодекс мақсаты қарапайым қазаққа мағынаны ыңғайлы жеткізу емес, негізі орыс тілінде жазылған кодекстін тек әйтеуір бір аудармасы сияқты болып көрінді маған. Ол бетті жауып тастап орыс тілінде оқыдым. Салыстырыңызшы:. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастарды еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең төмен кепілдіктерін белгілеуге бағытталған құқықтық реттеу болып табылады;Целью трудового законодательства Республики Казахстан является правовое регулирование трудовых отношений и иных отношений, непосредственно связанных с трудовыми, направленное на защиту прав и интересов сторон трудовых отношений, установление минимальных гарантий прав и свобод в сфере труда. Дегенмен,ана тіліміздің тіршілігімізде әр турлі эмоцияларын жақсысын тәтті қылып ,жаманын қатты қылып жеткізу шеберлігіне таңданамын. Жүрегің узіліп кетердей сүйсініп айтқан\"Айналайын\"немесе\"Жаным\"деген қарапайым сөздердің орыс тілінде теңдесі барма екен, дәл осындай сүйіспеншілікті жеткізе алармыз ба екен? Ия болмаса, естігенімше жерге кіріп кеткенім артық деп намысына тиер сөзді дәл осындай қаталдықпен жеткізе алмаспыз ау. Байлығы мол керемет тіл, бірақта оны өзге ұлт тугіл оз ұлтыңнын балалары меңгеруге құлшынатын мемлекетімізде стимул тудырмаған. Неге жок? Политика, экономика , өндіріс жағынан тәүелсіздігіміз жоқ шығар, сондықтан шетелдік инвесторлар қаптап кеткен, ал табысты көп табу ушін шетелдік кәсіпорынға орналасу керек, ол ушін ағылшын тілін білу керек. Жалпы, қазақшасын білмесе де , ағылшын мен орыс тілін білген қазақ озін өзі инвалид деп санамайды, керісінше бір елі жоғары сезінеді.Тағыда неге деген сұрақ. Өйткені, Қазақстанда қазақ тілсізде өмір сүруге болады екен, өйткені жел айдап ауыл маңайында бара қалсаң да , орысша білмейтін қазақ та сені тусініп асты- устіңе түсіп отырады, ата-анамыздың менталитеті осылай қалыптасқан, ал біз жас буын сутпен бірге сіңдіріп алдық .Өйткені Интеренеттен мағлумат іздесең де орыс тілінде табасың, барлық электронды білім, заманға сай жаңа технологиялар, ғарыш жобалары, биржа тағыда басқалары орыс тілінде.Болмасада орыстар аударып алады, аударуға , білуге талпынады.Жоғары білім орындарының қазақ бөлімінде оқитын студенттің өзі де орыс тілінен тақырыпты аударып алуға мәжбүр. Мінеки, білімге талпынған балаға орыс және ағылшын тілдері қажеттілеу болады. Ал кімде кім өз баласының заманға сай болмағанын қалайды. Барлық білімнің орыс тілінде түйілгені мумкін СССРдан қалған , жанға батар жарамыз болар. Үкіметтің әлсіз шаралары да орын алады.Қазіргі заманда информацияның 90 пайызы интернетпен теледидардан алынады, кітап оқып отырған жасөспірім сирек кездеседі. Егерде еліміздегі беделді телеарналарымызда қазақ әдебиетіміздің ірі тұлғаларын және олардың кітаптарын, әлем деңгейіндегі киножобаларды, қазақ тіліндегі ойын-сауық бағдарламаларын Якубовичтің\" Поле чудес\" деңгейіне жеткізсе,қаржыландырса, асыға кутіп,көретін қызығушылық тудырса біз қазақпыз деген мақтаныш сезім оянады ғой. Сонда қазақ тілін меңгерүдің модасы пайда болады. Ең болмаса, бірінші қадамымыз орысша сөйлетін қазақтар да казақшасын тең алып журсін. Қазақша білсе адам тарихын білуге ұмтылады, тарихын білген азамат қашанда өз ұлтын, өз туын биік ұстайды.
Жанна
Thanrs.-500
09-04-09 09:06
Шыныменде қазақ тілі біз үшін еліміз үшін керек емеспе! Еліміз мемілекеттік тілде неге сөйлемеіді.Бір елдің тіліне тәуелді болғаны ма?Қанша бізден басқа кішкене мемілекеттер өз мемілекеттік тілдермен сөйлейді екен басқа елдерде.
ayana
me_dark@mail.ru
21-03-09 07:09
жеке өзім екінші тіл қылып ағылшын тілін қалар едім.себебі орыс тілімен отыра берсек алға жылжымаймыз.еш дамымаймыз деп ойлаймын



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов