Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Шежipe
Тақырып: қоңырсопы.бораи.жиембет


Авторы Xабарлама
нуридин
24-03-09 12:07
қонырсопы.бораи,жиембет,кырандарына жалынды салем

Авторы Жауап
Шаһизинда Жанәділов
janadilov7@yandex.kz
30-10-17 13:35
Асалаумаәлейкум құрметті бауырлар! Менің аты-жөнім жанәділұлы шаөизинда. Үш ата ақсақалдарының аманатымен 1991 жылдан бастап Үш ата шежіресін жинап, 2000 жылдан бастап жыл сайын шығарып клемін. Иқансуда тамыз айында, қазір интернет почта, ваттшап арқылы ақпараттарды алып толтырып отырамын. Егерде Үш ата шежіресі туралы қапрат керек болса шамам келгенше жауап беруге әрекет етемін. Ұялы телефным 8 701 827 21 80. Бүгін мен сіздерге Қоңырат және Үш ата туралы соңғы жинағанымды назарларыңызға ұсынып отырмын. Ізгі ниетпен Шаһизинда ағаларың.
Қоңырат туралы қысқаша мәлімет
Даланың ауызша тарихнамасында Қазақстандағы Қоңырат тайпасының түп атасы саналатын Нағанай бек шамамен 1298-1361 жж. өмір сүрген. Ол Жошы Ұлысының (Алтын Орда) билеушілері Өзбек (1313-1342) және Жәнібек (1342-1357) хандардың мәртебелі ұлысбектерінің бірі. Көне Қият (Бируни) қаласында дүниеден өтіп, өзінің пірі, сол кезеңдегі айтулы рухани ұстазға айналған Аббас-Уәлидің зиратының жанына жерленген.
Алатау батыр (шамамен 1560 -1640 жылдары) -қолбасшы, саяси қайраткер. Алатау батыр Тәуекел ханның Самарқан, Бұқараға жасаған жорығында бас қолбасшы болған. Кейін Есім ханның құба қалмақпен жорықтарында қазақ жасақтарының құрметті қарт ағасы атанған. Алатау батыр қырғыз, өзбек, түрікмен жасақтары арасында да кеңінен танымал болды. Самарқан шаһарына “қала-мемлекет” статусын әперіп, оған Жалаңтөс батырды әмір етіп қоюда Алатау батырдың Бұхара, Хиуа хандары алдындағы беделінің көмегі тиген. Алатау батыр есімі Қоңырат руының, бүкіл Орта жүздің ұранына айналған. Екі ескерткіште Түркістан қаласында орнатылған.
Қазақстандағы Қоңырат руы негізінен Мелде би бабамыздан дүниеге келген Тәңірберді және Құдайберді (Көтенші) деп аталатын екі атадан өсіп өнген. Мелде би бабамыздың жеңгелей алған нақсүйері Жезбике әжемізден тараған аталарды «Көктіңұлы» деп атау қалыптасқан. Оларға келесі аталар жатады: Құлшығаш, Қаракөсе, Байлар, Жандар, Оразкелді, Тоқболат, Алғи. Құндызай әжемізден тараған төрт атаны: Мақы, Сүпі, Шүйінші, Досымқұл қосып «Көтенші» деп атау қалыптасып кеткен. Көтенші бабаның Сүпісінен Маңғытай және Саңғыл, Шүйіншіден Божбан, Досымқұлдан Жетімдер аталары тарайды. Бұларды «Бес ата» деп қосып айтады. Мақыдан Қарақұдайберді дүниеге келген. Қарақұдайбердінің алты баласы болған. Олар: Жаулыбай, Аманбай, Сүйінбай, Сүттібай, Байқошқар, Аққошқар. Жаулыбайдан екі бала: Қоңыр және Жаманбай, Аманбайдан Қожамберді (Құйысқансыз), Сүйінбайдан Алтый және Қырғызәлі, Сүттібайдан Қараша және Қаракөкірек, Байқошқардан Борай және Жиенбет, АққошқарданАқмырза одан Ақболат және Қайрақ аталары өсіп - өнген. Бұл он бір атаны қосып «Жаманбай» деп атау қалыптасқан.
Қоңыр Бұқараға барып білім алған, кезінде Түркістан аймағында сопылықты таратуға еңбегі сіңген кісі болуына байланысты «Сопы» деген дәреже атты қосып, Қоңыр Сопы деп атау қалыптасқан. Қоңыр жастай жетім қалған немере інілері Борай және Жиенбеттің елін тауып, аяқтарына тұруға қамқорлық етеді. Ағасының қамқорлығына риза болған екі інісі Қоңырға жылқы сойып, қанына қолдарын батырып мәңгілік бауыр болуды ұсынады. Ағайынды үшеуі он жетінші ғасырда қасиетті Түркістан аймағының географиялық ортасы Иқансуда ұрпақтарына «бірлікті» аманатқа тапсырып осылайша баталасқан. Оған қазір төрт ғасыр болды. Сондықтан Қоңыр-Борай-Жиенбеттен тараған ұрпақтарды қосып «Үш ата» деп атайды.«Үш атадан» кімде-кім «бірлікті» бұзып, қыз алысып, бөліну туралы әңгіме шығарса қарғысқа ұшырайды.
Қоңырдан жеті ата: Қожа, Нияз, Тағай, Әлдекей, Қангелді, Дәуіті, Төлебай; Борайдан төрт ата: Елтүзер, Жантүзер, Жолболды, Құлболды; Жиенбет батырдан жеті ата: Тәңірберді, Көшей, Кенжеғұл, Айтқұл, Асан, Боқанай, Қармыс ұрпақтары өсіп-өнген. Осылайша «Үш атадан» қазіргі кезде он сегіз ата өсіп-өніп отыр.
Жаманбай батыр болған кісі. Осыған байланысты Қарақұдайбердіден тараған он бір ата «Жаманбайлап» ұран тастаған. Сондықтан бұл он бір атаны «Жаманбай» тобы деп атайды. Ол кісі Қаратаудың Жамантас асуында Жаманбай әулиеде жерленген. Осыларға байланысты Көтенші баба ұрпақтарын «Бес ата - Жаманбай» деп атайды. Жаманбайдан екі бала: Мәмбет (Қылбелбеу) және Құрбан дүниеге келген. Оларды Қылбелбеу - Құрбан деп қосып айтады. Алтый, Қырғызәлі, Қараша, Қаракөкірек, Ақболат және Қайрақты қосып «алты ата» деп атайды.
Қазақта әрбір рудың, үш жүздің әрқайсысының жеке таңбалары бар. Әрбір таңбаның өзіне тән ақпараттық мәні бар. Ұлы жүздің таңбасы арқан (шылбыр) , Орта жүздің таңбасы босаға , Кіші жүздің таңбасы жебе . Осыған байланысты қазақта: «Ұлы жүзді қауға берде малға қой, Орта жүзді қамшы берде дауға қой, Кіші жүзді найза берде жауға қой» - деген үш жүздің әрқайсысының негізгі атқаратын еңбегін, үш жүздің бірлігін көрсететін мақал қалыптасқан. Осы таңбалар жиынтығынан және мақалдан шығатын қортынды Ұлы жүзге қазақтың тіршілігін (мал табу), Орта жүзге күн көруін (отау құру, ұрпақ жалғастыру), Кіші жүзге қауыпсіздікті қамтамасыз ету арқылы ұлттың бірлігін, сақталуын жүзеге асыру жүктелгені байқалады. Адам табиғатта өзінен кейін ұрпақ қалдыруға жаратылғанын ескерсек, онда үш жүздің ішінде Орта жүзге негізгі міндет жүктелгені көрінеді. Сол себептен қазақ ұлтының жалпы таңбасы босаға болып табылады. Қазақ рулары ішінде босаға Қоңыраттың белгісі.
Қоңыраттан тараған ұрпақтарды шартты Көктіңұлы және Көтенші деп екі топқа бөлуінің ақпараттық маңызы өте зор. Адам заты табиғатына сай бірімен-бірі тығыз байланысты екі бөліктен: тән және кісіден тұрады. Тәннің негізін ата-анадан алынған тектік, гендік ақпарап, жан құрайды. Кісінің негізі Жалғыз аманатқа тапсырған әрбір адамның жеке рухы болып келеді. Тән биологиялық өмірдегі адам міндеттері тіршілік және күн көруді қамтамасыз етеді. Тіршілік тамақтану, ал күн көру ұрпақ қалдыру арқылы қамтамасых етіледі. Адамның тәні тіршілік етіп, күн көруін табиғи сыртқы ортаға бейімделу арқылы жүзеге асырады. Ал кісінің мақсаты оған Жалғыз аманатқа тапсырған жеке рухын кері қайтару болып табылады. Мұны имандылық деп атайды. Кісінің имандылығы көкпен басқарылады. Қазақтың балама атының Қоңыр аталуы осыған байланысты тәрізді. Бұдан шығатын қортынды Қоңырат руы қазақтың «қара шаңырағы» екенін көрсетеді.
Қоңырат руының таңбасы босаға біздің бабамыз Қоңырға тапсырылған. Ал Қоңыр Сопы бабамыз ол босағанының белгісін өзі жерге енген Түркістан аймағының географиялық ортасы Иқансуда тастан қалап кеткен. Ол туралы Қоңыр Сопы бабамыз мына сөздермен айтып кеткен:
«Қазақ ошағы бұзылмасын дегесін,
Шөберемді қазан астына тықтым,
Белгімді талға ілдім,
Босағамды тастан қаладым,
Менің енген жеріме табалдырықпен шығады».
Мына суретте Иқансуда жартаста Қоңыр Сопының аса таяғынан «өскен» дейтін алып ағаш сол тастан қаланған үлкен босағаның табылдырығында өсіп тұр. Оның қасында Үш атаның: Қоңыр-Борай-Жиенбеттің кіші босағасының таңбасы тұр. Ол кіші босаға таңбасының маңдайшасын Қоңыр бабамыздың тастан қаланған сүлбесі құрайды. Осыларға қарағанда бабамыздың Қоңыр аталуының және ағайынды үшеуінің қасиетті аймақтың бірі Түркістан аймағының географиялық ортасында баталасуның үлкен ақпараттық маңызы бар болып табылады.

Осы жазылған себептерге байланысты Қазақ ұлт болып қалыптасып, хандық кұрған кезден бастап хан ордалары негізінен Сығанақ, Созақ, Сауран, Түркістанда яғни қасиетті аймақтың бірі Түркістан аймағында орналасуы осы ақпараттық ерекшелікке байланысты болып келуі мүмкін. 380 жылдан артық (1465-1847 ж.ж.) тарихы бар қазақ хандығының 300 жылға жуық орталықтары Түркістан аймағында болған. Қазақстанда Үш жүздің өкілдері тек қана Созақ жерінде орын тапқан. Баба ата және Жылы бұлақта (Баба түкиі шашты әзиз) Ұлы жүздер, Шу бойында Кіші жүздер қалған бөлігінде негізінен Орта жүздің Қоңырат руынан тарағандар. Хан ордасы болған негізгі үш елді мекен де Қоңырат руының ата-бабаларының қоныстарында орналасқан.
Қоңырат тайпасын құратын екі ата: Көктіңұлы және Көтенші адам затындағы кісі және тән тәрізді бірігіп, Қазақ ұлтының сақталуын қамтамасыз етуі тапсырылуына байланысты Қоңыратқа киіз үйдің негізін құрайтын «босаға» таңбасы белгі есебінде берілген.
Қазақта көк тәңірі, көк бөрі, көк байрақ, көктің ұлы деген сөз тіркестері бар. Көк ұғымы адамдағы кісілік қасиеттің, рухани тазалықтың, мәңгіліктің белгісін білдіреді. Осыған байланысты көк ұғымы түркi халықтары үшiн қасиеттi болып саналады. Көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi.Хақ Елшісі Мұхаммедке (с.а.у) рухани тазалықтың белгісі ретінде жасыл түс берілген. Қазақ «жасыл» ұғымының орнына «көк» сөзін қолданады. Мысалы, Қазақ түсі «жасыл шөпті» «көк шөп» деп атайды.
Көтенші ұғымы тіршіліктік өмірді, ұрпақтың жалғасуын қамтамасыз ету үшін материалдық дүние жинау деген ұғым білдіреді. Осылайша Көктіңұлы және Көтенші қосылып бірлікті қамтамасыз етеді.
«Үш атадан» тараған ұрпақтар кешегі аумалы-төкпелі заманда аман қалып өсіп-өнді. Борай бабадан тарағандар күнгейде, Арыстанбабтың төңрегіндегі Қарақоңырда орналасты. Қоңыр-Жиенбет бабалардан тарағандар Теріскейде орналасты. Қоқан хандығы билеген кезде Қоңыр-Жиенбеттің басқарушысы Ердес датқа болды. Теріскей Орыс патшасының қол астында болған кезден бастап әкімшілік болыс түрінде ұйымдастырылды. Мың шаңырақтан асса бір болыс болып саналды. 1871 жылы Қоңыр-Жиенбет Саңғылмен қосылып Қаратау болысына қарады. Оның себебі бұл кезде Абақ батыр бастаған Жиенбеттердің бір тобы Ақтау, Қызылтау (Жезқазған) аймақтарында Арғын арасында болатын. 1872-1902 жылдар арасында Қаратау болысын негізінен Түкібайұлы Бейсенбі басқарды. Бұл арада Жүндібайұлы Қанқожа екі жыл, Түкібайұлы Ахмет екі жыл болыс болды. 1902-1906 жылдар арасында Өмірәліұлы Иса болыс болды. 1906 жылы Қоңыр-Жиенбет екі болыс болып бөлінді. Қаратау болысын Исаұлы Жанәділ басқарды. Ол болыстықты жиырма бір жыл атқарып, әділ болыс атанды. Жиенбет батыр ұрпақтары Сарыөзек болысын құрды. Сарыөзек болысын Есенбекұлы Нарыш он сегіз жыл басқарды. 1906 жылы «Үш ата» саны екі мың шаңырақтан асқан еді. Бұл кезде Теріскейде алты болыс ел болатын.
«Үш атаның» игі жақсылары. Шүренұлы Ердес датқа. Болыстар: Түкібайұлы Бейсенбі (26 жыл), Жүндібайұлы Қанқожа, Түкібайұлы Ақмет, Өмірәліұлы Иса, Исаұлы Жанәділ (21 жыл), Есенбекұлы Нарыш (18 жыл). Қажылары: Көбекұлы Өмірзақ, Биәліұлы Құлдан, Байәліұлы Ершелік, Әнетұлы Шора, Мақыұлы Бимеш, Әлдекұлы Шонабай, Арыстанұлы Арқабай, Бұйрабайұлы Таласбай, Әжіұлы Рыспанбет. Батырлары: Борай (Лашын), Жиенбет, Жетіммалай, Қожақай, Жабағыұлы Абақ, Есім, Жанайұлы Бекбота, Жармағамбетұлы Әбдулла. Социалистік Еңбек Ерлері: Әлібайұлы Бөрғазы, Байжанов Сырлыбек Досжанұлы, Бөрғазыұлы Көштен, Әділбекұлы Жотабай, Қарамолдаұлы Мінайдар.
Кешегі қиын-қыстау кездерде де «Үш ата» ұрпақтары аманатқа берік болып, бірлігін сақтап, қыз алыспай, қайда жүрсе де хабарлас болып келді. Ел есін жиып, кім екенін тануға әрекет басталған кезде жиармасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдары Қали Диханбаев мұрындық болып, Дүйсенбай Баймбетұлын қасына ертіп ата-бабалар жатқан жерлерін іздеуге, ағайынның басын қосуға әрекет етті. Соның нәтижесінде 1990 жылы Шымкент қаласында «Үш ата» ұрпақтарының бірінші бас қосуы болып, ұйымдастыру мәселері қарастырылды. Бұл жиында Д.Баймбетұлын басшы етіп сайлады. 1992 жылы Кентаулық ағайындар бір кісідей жұмылып ақсақалдар бастауымен Қоңыр Сопы қайтқан жерде Иқансуда «Үш атаға» сағана салды. Содан бері жыл сайын тамыздың үшінші сенбісінде Иқансуда «Үш атаға» арнап ас беріледі. Іздеп жүріп Борай бабаның және Жиенбет батырдың жерленген орындары табылды. Денсаулығына және жұмыстың күрделенуіне байланысты Д. Баймбетұлы орнына Жұмаділлаұлы Төлеген ақсақалымыздың ұсынуымен жаңа басшы сайланды. 2015 жылдан бастап Әліұлы Бекболат бауырымыз Иқансуды көркендеріп, сағынаны жаңартып, оны толық қанды зиярат орнына айналдыруға күш жұмсап келеді. Оған биыл Таласбай қажы шөбересі Батырханұлы Сейдахметте қосылып көркемдестіруге көп әрекет етті.
Жанәділ болыс ұлы Шаһизинда. Ұялы сым тетік 8-701-827-21-80, почта www.janadilov7@ yandex.kz.

Бағлан
Eraliev-baglan@mail.ru
25-10-17 15:27
Баршаңызға салем бауырлар!!
Elaman
Elaman@mail.runs
19-07-17 19:54
Жиембет руынан
Ассалаумағалейкум бауырлар 7 АТАМЫЗДЫ ЖАЗЫП ҚАЛДЫРАЙЫҚ
Құрманбек Өтеш Сансызбайұлы
Kurmanbek_otesh@inbox.ru
25-05-17 11:43
АССАЛАУМАҒАЛАЙКУМ ҚҰРМЕТТІ БАУЫРЛАРЫМ РУЛАСТАРЫМ!
Бибігүл
Bibka121@mail.ru
25-05-17 08:19
Сəлеметсіздер ме?! Аға, апке,сіңлі, інілер қалдарыңыз қалай? Жиенбеттерге Шымкент қаласынан сəлем!!😘😘😘😘😘
Ержан
3161611@mail.ru
18-07-16 20:49
Ассаламу алейкум бауырлар конырат жиенбет айткулы
данияр ахлаев курбантай улы
doni8686@mail. ru
23-09-15 20:18
Қоңырсопы əлдекей қотыр
Данияр бауырларың
Түркістанда отыр 87029918686
құрбан аиттарыңыз қабыл болсын
қазақ елі жасасын
Құндызай
kundizkudaibergen
31-08-15 10:35
Сәлеметсіздерме ағайындар!Мен Жиенбет руынан боламын, оның ішіндегі Тәңірберді. Араласайық. Хабарласыңыздар.87776026725.87027479052
Құрманбек Өтеш
Kurmanbek_otesh@inbox.ru
20-06-15 11:14
Ассаламуғалейкум барша жиенбет бауырлар ! Осында жазылған сіздердің сөздеріңізді оқып отырып көп сұрағыма жауап алдым, ия менде еститінмін ащсайдың маңында жиенбеттер ас береді деп бірақ қай кезде нақты қай жерде екенін білмейді екенмін ! Егер сіздерде жиенбеттің ватсапта группасы болса 8775-428-28-98 мені де қосыңыздаршы !
Қымбат
28-05-15 11:34
Сəлеметсіздерме бауырларым Жиенбет деп жазылады қателеспейікші Жиенбеттер Алғааа!
даулет
erboluly00mail.ru
08-02-15 11:38
барша қазақ данасы
үш атаның панасы
алдарыңда мен турған
қоңырсопы баласы
үш атаның балалары біздің рулық таңбамыздағы ұш алақан сияқты бірлігіміз берік болсын
Жанибек Рысберген
risbergen91@mail.ru
09-12-14 14:43
Assalama aleikumma assalam!! Men Борай urpagy bolamyn. Ishinde Шагырай bolamyn.men ОКО ОТЫРАР АУДАНЫНЫН ТУМАСЫМЫН. 3 ata osietteryn zhane shezhirdsyn kop okimin. Ihansuga baryp turamyn.
Асқар
chess_player@mail.ru
03-11-14 06:36
Айгерим! Туыстардың қаны араласқандықтан кеміс балалар туудың қаупі еселей түседі. Туыстардың арасында мұндай қатынастарды болдырмау үшін көптеген ұлттар мұндай некелерге тиым салған. Бұл - рулық экзогамия деп аталады. Оны сақтаған абзал. Болашақ ұрпақты да ойлау керек қой. Сезімдердің уақытша толқуына беріліп, болашақ ұрпақтарды қауіпке төндірмейік.
Айгерим
aigera_2398@mail.ru
28-10-14 13:54
менін айтайын дегенім кыздын руы жиембет ал ұлдыкы қоңыршынақ бірақ ол екеуі бір бірін қатты жаксы көреді олар косыламыз барі бір деп отыр менде ойлаймын бірақ бұл ойым үшін алдын ала кешірім өтінем сіздерден біз түркі тілдес халыктарымыз түркі тілдес халыктар өте коп емеспа мысалы түріктер тагы да баска түркі тектес ұлттар бір бірімен туыс болсада қыз алысып берісе бередіғой ал неге бізге болмайды мен ойлаймын бұл бұрында қалыптасып кеткен ырымдардың бірі деп
Айдар
aidar_baimbetov@mail.ru
27-10-14 20:43
Айгерим 3 атанын ұрпақтары қыз алыспайды
Айгерим
aigera_2398@mail.ru
27-10-14 10:30
мен жиембетпин сиздерден сурайын дегеним жиембетпен коныршынактар кыз алысып берісе берсе болама
Айгерим
aigera_2398@mail.ru
27-10-14 10:29
мен жиембетпин сиздерден сурайын дегеним жиембетпен коныршынактар кыз алысып берісе берсе болама
Айдар
aidar_baimbetov@mail.ru
24-10-14 15:39
Калайсындар бауырлар? Мен Жиенбетпін. Шежіре кітапты кайдан тапсак болады хабарласындар 87014777185
Султангазиев Наурыз
s_nauryzzz@mail.ru
15-09-14 04:53
Ассалаумагалейкум туыс бауырлар! Корип куанып турмын, жарайсындар. Мен Жиенбет онын ишинде Танирбердимин. Жиенбет Атага ОКО Созак ауданында Карабура кесенесинде Жиенбет Атага кок тас койылган жанеде Каратаудын етегинде Ащысайга жетпи Жиенбет Коныр Сопы аталарымыздын кесенеси бар. Жыл сайын ас бериледи. Араласып турайк туыскандар +77023330074 Есимим Наурыз. Конференция создавать етик.
Асқар
chess_player@mail.ru
25-07-14 12:18
Ассалаумуғалейкүм, Бауырлар!
Биыл Үш Ата үрпақтары тамыз айының 15-16 жұлдызында ас береді. Ағайындар Түркістандағы Ахмет Яссауи кесенесінің алдында орналасқан Үш Ата мешітінде жұма намазға жинилады. Содан түс қайта Иқансуға сапарға атанады. Кешкісін қонақ асы беріліп, ертеңіне үлкен ас тартылады.
Абаше Серік
Abashev_Serik@mail.ru
22-07-14 09:42
қалайсындар бауырлар. кім Шымыр. Жиембетпін. атам заманнан аңыз бойынша Боққайнат деп атайт. бар хабар беріндер. күтем
Асқар
chess_player@mail.ru
27-06-14 18:20
Ассалаумуғалейкүм, бауырлар!
Мен Қоңырсопы бабаның ұрпағымын. Жиенбет бабаның зираты Қарақалпақстанда емес, Қарағанды облысының Ақадыр стансасының маңында. Жыл сайын тамыз айында Кентау қаласынан 30 шақырым жерде Иқансудағы Үш ата кесенесінде үлкен ас беріледі. Асқа ОҚО мен Алматы қаласында тұратын бауырларымыз қатысады. 2013 жылы Қарағанды облысы мен Өзбекстанда тұратын қандастарымыз қосылды. Асты ОҚО аудандары мен Алматы қаласы жылсайын кезектесіп ұйымдастырады. 2014 жылы Сарыағаш ауданындағы бауырларымыз ас береді. Аста күрес, арқан тарту, гір тасын көтеру сияқты спорт ойындары мен концерттік бағдарламалар болады. Асқа келіңіздер! Бауырлармен танысыңыздар! Аста Үш ата шежіресіне құрастырушысы Шахизинда Жанадиловтің өзіне ұсыныс беріп, өзгеріс енгізу мүмкіндігі болады. Толығырақ мәліметті +7 777 718 1414 телефонына хабарласып, Тінәлі ағаларыңыздан алуларыңызға болады.
Жумагуль
juma mail ru
24-06-14 21:28
87021394748 Караганды каласында турамын!_Жиенбет руынанмын мактан тутамын!_Жиенбет ата батыр болган!_Жиенбеттер жасасын!_биз батырмыз,мыктымыз!
Жумагуль
juma mail ru
24-06-14 21:21
Жиенбет ата майити Караганды обылысында!_жатыр!_Жиенбет руы аз!_Улдары момын,_Кыздары пысык!_осыган козим жетеди
гульмира
salamagaleikum@mail.ru
06-05-14 20:31
мен гульмира Костанай каласынан руым жиембет онын ишинде умбет
Акерке
akosina_94@mail.ru
13-03-14 07:41
Улы жузден асатын,Киши жузди басатын,Орта жуздин руы,ЖИЕМБЕТТЕР ЖАСАСЫН!!!!!
Олжас
melenium_e280@.mail.ru
20-01-14 17:46
Салем бауырларым ЖИЕМБЕТТЕР
Aigul
aigulya-094
17-01-14 15:46
men Turkestanda turam! Jiembetter aralasaiik!
Aigul
aigulya-094
17-01-14 15:45
salem! Axa ia,jilda as berilmeima Jienbetter! Kitaptari da jilda janarip wigip jatirgoi
макпал
mikon_345@bk.ru
16-12-13 15:21
дастар жиембет онын ишинде кенжегулынан тараган урпактарын издеймин 87013250593

макпал
mikon_345@bk.ru
16-12-13 15:18
салем достар
мен
Конырат
Котенши
Жаманбай 4улы
Суймбайдын 1 улы
Жиембет онын з улы
Кенжегулынын урпагымын . Коныраттар аралысып турайык...

Жанали
zhanali_92
01-12-13 23:21
жиенбет ишиндеглер болыпта болинема не
Абашев Серік
Abashev_serik@mail.ru
29-10-13 07:17
ассалаумағалейкүм ағайындар мен бауырлар іні қарындастар., мен Шымыр. Шымырдан Бекболат. Бекболаттан Жиембетпін (Боққайнат).
нурсултан
nurbizhanov@mail.ru
11-10-13 04:17
Жиенбет баба бейтин жакында Туркестан каласынан 50 шакырым Каратаудан табылды деп естигем бирак казир Жиенбет Борай Коныршунак бабаларымызга коктас койылган Туркестан каласынан 70км дей Ащысай деген ауылга жетпей, Жылда сол жерде ас береди Казакстаннын тупкир тупкиринен келеди осы 3 баба урпактары
Aigulya
aigulya-094mail.ru
21-09-13 20:41
salem! Kalaisizdar? Men jiembet=>Aibekesimin
Мико
Микоша_мико@майл.ру
06-09-13 10:55
Салем Жиенбеттер Менде Жиенбет Ишнде Айбекеси болам

Аяужан
Aiau_0596.kz@mailaru
28-07-13 23:14
Ассалямуалейкум ага-апкелерiм, менде жиембетпин,Айбеке. Дегенимен бир рудан бола турып болiнгенiмiз жарамас.
Aigulya
real-girl.094
21-06-13 10:38
jiembet iwindegi Aibekelerine salem!
Шора
22-03-13 14:23
Жиембет баба зираты қайда, "Қарақалпақстанда" дегенi рас па?
Еркінбек
er...5212
21-03-13 19:28
assalaumagaleikum jienbet baurlar wimkentten salem
Жандос
jandos96kz@mail.ru
11-01-13 20:09
жиенбет)))) бауырлар арласайык...
Акма
akmaral_bankir@mail.ru
08-11-12 09:33
Менде жиенбетпін,салем)))))
Айгерим
aigerim.toktasynova@mail.ru
19-10-12 08:17
салем жиембеттер! Менде жиембетпин Кентау каласынан, шынында да жиембеттер аз, жане биз жайлы тарихымызда толык емес,улкен кисилер болса сурастырып,билгендеринизбен болиссениздер жаксы болар еди! Барлыктарынызга рахмет!
Айдар
aidar_baimbetov@mail.ru
17-03-12 14:10
Бауырлар жиембет емес жиенбет болады
Бейбарс Кален
bars_o.k.b@mail.ru
09-03-12 17:20
Ассалаума галейкум баурлар!!! Мен Жиембеттин Кошейимин онын ишиндеги Кулсырысы болам!!!
Айгерим
aiko_jiembet_92@mail.ru
15-02-12 20:01
салем жиембеттер!!!!!
Aigulia
Aigulya-094
14-02-12 20:06
Жиембеттер салем! Маган жиембет деген фота тауып бериндерши. Тапсандар aigulya-094 dr tastandarwi
Айдар
Aidar_baimbetov
05-09-11 21:29
Жиенбеттер алга
AYES
AYESSERIK
15-07-11 16:02
JIEMBETTIN ATASI tabildima BILMEIM BIRAK KENTAUDA BORAI JIEMBET KONIRSOPI ATalarimiz jatir
Olzhas
Parzhik@mail.ru
27-06-11 17:26
konyrattar krasavchiki)
Кайрат
consey@mail.ru
24-06-11 08:55
Салем Жиенбет Айбикелерге :)
Бейбарыс
reper-stan-beiba@mail.ru
29-05-11 20:44
Мен Жиембетпын бауырларыма салем!!!
жаннат
joanna07@mail.ru
04-05-11 13:43
Жиембеттерге салем Астанадан! Мен Жиембетпин
Алмаз
almaz@e-taraz.kz
31-03-11 14:16
Конырат проживали на территории Южного Казахстана, на южных берегах Сардарьи в её среднем течении, так же в предгорьях Каратау. В основно они проживали в Чимкенском и Первоском уездах, в Ташкентском уезде, в других регионах Средней Азии.Род Конырат жил на территорий современной Монголий. Мать и байбише(старшая жена) Чингисхана из рода Конырат. Коныраты перекочевали на терр. нынешнего СНГ в составе армий Чингисхана и сейчас встречаются в основном в среднем жузе казахского народа. Есть так-же и среди каракалпаков и ногайцев кавказа. Боевой клич \"Алатау\" хотя у разных родов были свой кличи. Одним из родов племени Конырат является род Конырсопы(Коныршунак) как и сами конырсопы так и другие рода используют оба названия .Родовыми землями рода Коныршунак(Қоңырсопы/Конырсопы) каз.Қоңыршүнақ являются берега речки Балдысу. Род коныршунак делится на 4 рода: Альдекей,Хангельды.... Причина по которой Конырсопы стали называть Коныршунак: В средние века когда междусобная война было обыденным делом Конырсопы(родоначальник рода Коныршунак)выехал в странствие из родных кочевьи(возможно по религиозным причинам)в его отстуствий на его родной аул напали и перебили всех живыми остались сноха спрятавшаяся в ошак(вид печи представляет собой рытвину служащую как стенки печи над которой и ставится казан) и внук которого она спрятала под перевернутым казаном. С тех пор в народе Конырсопы стали называть Коныршунак(шунак-куцый)имея ввиду что продолжение его рода висит на волоске-на единственном оставшемся в живых внуке.В то время Конырсопы был уже в почтенном возрасте. Поэтому по традиций(Аменгерлик-чтобы при многочисленных войнах где много юнош погибало восполнять численность населения и чистоту крови если умирал брат то на его жене должен был женится его брат или ближайший родственник,вне зависимости старшей женой или младщей..)аменгерлик наказал снохе взять сына и идти к Кылбельбеу Конырбаю жившему вдалеке. А сам отправился в поиски близких родственников. Но по дороге сноху Конырсопы незнавшую в лицо Конырбая обманул Жаутик сказав что он и есть Конырбай и женился на ней. Внука Конырсопы вырастил как прислужника-малай. За что в народе(в Шежире-родословной так же Жетим малай) его прозвали Жетиммалай от слова жетим-сирота и малай-прислуга.

Сам Конырсопы нашел брата Жиембета(12 лет от роду) и вместе с ним поехал к роду среднего жуза Найман забирать восьмилетнего Борая(Борай был у своих нагашы-родня со стороны матери. Найманы не хотели его отдавать. Решено было дать выбрать Бораю по одну сторону встали Найманы по другую Конырсопы и Жиембет. Борай пошёл в сторону Конырсопы и Жиембета. Раздосадованные этим Найманы прокляли Борая пожелав чтобы его род не превысил 100 домов(до сих пор Борай один из самых малочисленных родов) после этого Конырсопы стал их опекуном. Сделал обряд братства. С тех пор эти три рода Конырсопы,Жиембет,Борай называют баталаскан уш ата(смысл-побратимые)и каждый год во вторую субботу августа (никто никого не предупреждает все мужчины рода знают о курултае)все кто сможет прити (Конырсопы, Жиембеты и Борай)по умолчанию собираются у мавзолея Конырсопы(недалеко от города Кентау ЮКО) на родовой курултай(сход)
Алмаз
almaz@e-taraz.kz
31-03-11 13:59
БАУЫРЛАР БЫЗ АЗБЫЗ БА? ЖИЕМБЕТТЕР!!!
Акжан
akzhanes@mail.ru
31-03-11 11:22
Мен Жиембет Кошеймин!!! Жиембеттин атасы Косай
жанибек
janibek_jiembet
08-10-10 18:28
бауырларым бөліңбеңдер; үлкендер бір біріміздің ортамызға іріткі салмаңдар
Асќар
chess_player@mail.ru
31-07-10 18:25
Борай - аќылым, Жиембет - батырым!
Амансыѕдарма! Бауырларым!?
Най
05-12-09 21:32
Салем бауырларым, сендерди корип куанып кеттим, Барлык жиембеттер биригиндер!!!!!
Шолибай
09-10-09 16:24
Жиембеттин "атасы" табылды ма, осы? Сол жайлы жазсаныздаршы...
Улжан
uljan555@mail.ru
07-10-09 18:20
ооооо коныраттар жалынды салем барине=)))



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта — Марат Ижанов