Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Қазақ радиосы қайда ???


Авторы Xабарлама
Айтбай
aytbay@126.com
26-10-05 18:39
«ҚазАқпарат»тың Қыркүйектің 26-сы санында “Сырттағы қазақ тілекшіміз, әрі тірегіміз болсын десек...” атты мақала жарық көрді. Бұл мақалада “Еуропадағы қазақтардың бүгінгі таңдағы рухани-әлеуметтік проблемаларының бірі - кейінгі жастарының ана тілін ұмытуға айналып, қазақтықтан алшақтай бастағаны болып отыр. Оның басты себебі - тарихи Отан –Қазақстанмен арадағы байланыстың алтын көпірі қызметін атқаратын газет-журналдардың, әдебиеттер мен оқулықтардың тапшылығы, яғни шетелдегі қазақтарға жетпейтіндігінде.” Деп өте тамаша аитылған. Бұл орынды сөз.
Мен осы оиға баиланысты тарихи Отан –Қазақстанмен арадағы байланыстың алтын көпірі қызметін атқаратын тағы бір үгіт ахпарат құралы, тіпті бір болсада бірегеи құралы – Қазақ Радиосы екенін аирықша ауызға алмақшымын.

Мен Қытайлық қандастарыңыздың бірі боламын.

Біз бір кездері Қазақ Елінің өз тіліндегі әуе Радйосын кеңістік арқылы тыңдап, Қазақ Мемілекетінің кұнделікті жалпы жағыдайынан хабардар болып тұратынбыз, қазір қалай екені белгісіз сіздердің Қазақ тіліндегі Радйоларыңыздың үні әуе бостығынан бізге мүлде табылмайды.

Қандай да бір мемілекет өз ықпалын әлемге әйгілеймін, арттырамын десе үгіт насйхатқа аирықша мән бергені абзал. Үгіт насйхатың қоғамды қозғау, дамыту, ұлтты ойату, ұйыстыру ролын әр қандай күш баса алмайды. Бұл жағында Қытай елі қазір алда келеді. Қазіргі мынау ай сайын алға ілгерілеп, кұн сайын жаңарып бара жатқан йнтернет дәуірінде де Қазақстанның өз тіліндегі йнтернет Радйосы йнтернет сайыттарынан мүлде табылмайды. [Мүмкін Радйоны ақылы тыңдау жолға қойылып отырса керек деп те оилаимыз, үгіт насихат құралын бүитіп шідерлеудің қажеті қанша? Оның кейінгі руханй өнімін ойлау керек ақ, егер шынында солаи болған болса, онда біз мәңгі тыңдаи алмауымыз мүмкн ]. Йнтернетен анау (www.kzchat.com саиытындағы) Орыс тіліндегі берілетін Қазақстан Радйосының біз сырттағы Қазақтар үшін ықпалы шамалы тіпті жоққа тең. Біз әуе жане йнтернет арқылы Азаттық Радиосын (www.azattyq.org), Лондоннан берілетін Bbc Қазақ Радиосын (www.bbc.co.uk/kazakh), Йран Қазақ Радиосын(www.irib.ir/worldservice/kazakhRADIO/ - 22k -), Қытай Қазақ Радиосын (http://kazak.chinabroadcast.cn/) тыңдап тұрамыз. Ал Қазақстанның Қазақ тіліндегі Радиоларын мұлде тыңди алмадық.

Қазақ мемілекеті қуатты, еңселі,егеменді ел болды. Бұл барша Қазақтың теңдессіз қуанышы. Біз алыстағы қандастарыңыз да осы бір ардақты абыройды айрықша қастерлейміз. Әманда Қазақтың қасйетті кок жалауы ашық аспан астында маңгі желбірей берсін деп тілейміз.

Қазақ Мемілекетінің ұлт жанды ардақты азаматтары, алыстағы қандастарыңыздың талабы төмендегідей:

Егер мүмкіндік болса [1] Қазақстанның Қазақ тіліндегі Радиоларын [Теле бағдарламаларын да] әуе кеңістігіне зор күшпен таратып берсеңіздер. [2] Қазақ тіліндегі Радиолармен [Теле бағдарламаларды] йнтернет саиыттарына тегін жалғап таратып берсеңіздер деп тылеиді ___ Қытайдағы қандастарыңыз...

Авторы Жауап
qqnq
qqnq@mail.ru
05-02-18 20:29
Мына сайтта Казакстаннын барлык радиостанциялары шогырланган http://kazradio.do.am/
жарқын
13-08-07 13:14
қытаида болсаңыз радионы fm101 теңшеңіз!қазақ радиосы н шаүешекте осы тыңдаимын.
Баhадүр
15-07-07 08:38
Осы Досай деген кім?
сара
10-07-07 08:36
казак ауены кор жерде таблмаиды, неге?
Досай
maza.77@mail.ru
10-07-07 07:16
...қарағым, Қазақ радиосының қазіргі басшылығы Нұртілеу деген кісі Президенттің "қазақстандық ұлт қалыптастыру" дегенін жүзеге асыру үшін шетелге шығартқызбай отыр...
Ереке
technosyndrom@yahoo.com
08-07-07 18:41
Мен BBC-дің қазақ редакциясын сүйіп тыңдайтынмын. Не керек, ол - жабылып қалды. Бір ішім күйетіні - қырғыз, өзбек редакциясы ашық...
Арман
Arni-71
01-11-05 10:45
25 желтоќсанда алѓашќы ќазаќстандыќ жер серігі (спутник)±шырылады.Одан кейін Ќазаќстаннан тарайтын ќазаќи баѓдарламаларды тыњдап, кµре алатын боласыздар.
Айжан
28-10-05 18:52
Өте орынды айтылған сөз. Қазақ елі тәуелсіз ел болғалы да 15 жылдың жүзі болды, Бір тәуелсіз мемілекеттің өз тілінде йнтернет не әуе радиосының болмауы шынында өкіншті ақ.

Дәулет
26-10-05 19:06
Өрелі де орыны сөз айқансыз ұлт жанде айаулы азамат. Бұл ұсынысыңыз Қазақстандағы Қазақ ұлтының атқа мінер азаматтарына ой салса йгі болар еді.



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube