Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Мәдениет, өнер, дәстүр, әдебиет, БАҚ
Тақырып: Қазақтың ырым-тыйымдары


Авторы Xабарлама
Нұржан
kelisnurzhan@mail.ru
30-10-05 19:17
маған осы тақырып бойынша мәліметер керек


Авторы Жауап
Уйсун Казак
s.alachorda.hpt@gmail.com
16-10-17 11:23
Атамыз қазақтан қалған даналық сөздер, мақал- мәтелдер, ырым- тиымдар, терме-толғау... т.б. ұмытпа. Өз салт-дәстүрін ұстанбаған адам Отанын қор етер түбінде. /КОНФУЦИЙ/. Қытай мемлекеті дүние жүзіне жар салмай ақ, тыныш қана өзінің мыңдаған жылғы салт-дәстүрін ұстанып отыр. Сол себепті ол қазір ең алдыңғы қатарлы елдің бірі. Қазақты тымағымен ақ ұрып ала алады. Көрінген жылтыраққа еліктей беру жақсылық емес.
Арыстан Нурымбек
10-09-17 16:26
Маған ауа райына байлансты тыйым создер керек
Айнур
10-09-17 12:31
Ауа райына байланысты тыйым создер
Асыл
asokotore@gmail.com
10-03-17 16:30
Маған жауын- шашынға мақалдар, жұмбақтар, ырымдар керек.
Сосын ауа райына байланысты ырымдар керек.
Бауыржан
sapar.bauyrzhan@mail.ru
07-02-17 17:13
Коктем мезгилине катысты кандай. ырымдары. билесиздео?
Ляйля
Laila@gmail.com
24-07-16 18:39
Торкиндеп келген кызга берилетин татти тагам не ол?журектин жогаргы жагындагы майдан жасайды екен?
биби
Bika Nuridinovna
13-04-16 16:58
табигатка байланысты ырымдар тауып бересіздерма
Раушан
Intimate 16mail.ru
19-02-16 12:36
Маған төрт-түлік туралы тиым сөз керек еді
гульмираш
10-02-16 16:30
Коктем мезгилине байланысты казак халкынын ырымдары
амина
87026596241
08-02-16 16:38
өтінем маған аңшылық туралы ырым сөздер тауып беріңіздерші дəл қазір керек еді🙏
Нази
Naz-96@mail.ru
02-02-16 19:37
21гасыр екен деп билгенди истеудин кажети жок,ырымды жай айтпаган билип айткан,арты немен аякталатынын болжап барып накты айткан,Алланын колында барлыгы,тек дурыс жолды тандау керек,ешким ырымнын барлыгын моиндарына асып койган жок,коптин ниетин бузбай тыныш отырындаршы отиниш,ырым ба ырым орындайсындарма жокпа оз ериктерин,ал мен ырымга сенем накты ырымдарга!
Зарина
Lady.abu@list.ru
17-01-16 14:12
Маган аспанга айга байланысты ырымдар керек де
Саида
Saida_16_01_90@mail.ru
11-01-16 20:46
Саламатсыздар ма! Менин он жак козимнин асты тарта берет!?Ол не магына?!
Қолғанат
ms.kolkaghat
09-12-15 07:26
мен сіздің топқа тіркелгім келеді
гаухар
gaukhar2002@gmail.com
21-10-15 13:43
Сандарга байланысты ырым- тыйым керек.
Jansaya
jansi_jan98@bk.ru
15-02-15 12:34
коктемге мезгіліне байланысты ырымдар керек еди
Атажан
nuranov.03
16-01-15 17:43
көп рахмет бәрінізге
Диля
dilbara84@MAIL.RU
08-01-15 07:09
Салеметсиздерме! менин сол козим неше куннен бери тартып жур коз тарту жонинде кандай ырымдар бар??????
Қарлығаш
rakhat7805@mail.ru
06-12-14 11:15
Қазақтың ырым-тыйымдары http://koshpendiler.ru/index.php/yrymtyjymdar/

жанжан
ai_jan01.01@mail.ru
29-11-14 05:56
маған су туралы тыйым сөздер керек еді, тауып беріңіздерші
AKNIET
aknIET
18-11-14 16:37
мен тыйымға сенемін
айнур
айнур2003
14-11-14 10:27
уйде колданатын ырымдар керек еды
айнур
айнур2003
14-11-14 10:26
неге тусындырмесы жок маган тусындырмемен керек
ернур аскаров
ernur-askarov@mail.ru
13-11-14 17:59
негизи ырымдарды жаксылыкка жору керек
гульсара байдилдаева
gulya_33_kz.bk.ru
13-11-14 17:52
Әр-түрлі ырымдар мен тыйымдар
Қазанды есік жаққа қаратып қисайта аспайды. Ол құласа: «Несібе төгіледі, ырыс далаға қашады. Отқа төгіліп, дән куйеді. Қазан шайқалса, ырыс шамданады» деп ырымдайды.

* * * * * * * *
Шәугімнің шүмегін ошақтың аузына қаратып аспайды. Шай тасыса - үйдегі қыз ащы азап арқалайды деп ырымдалады. «Тұз астың иманы, қыз - үйдің көркі». Дәм-тұз ауыспақ қыздан. Тұз шамданса - қыз шамданады. Дәм-тұз атқан адам өмір бойы оңбайды деп, сол ырымға нанады.

* * * * * * * *
Үйге кірген жыланды өлтірмейді. Басына ақ тамызып шығарып жібереді. Себебі, кейбір кездерде періштелер жылан бейнесіне кіріп, жер бетін шарлайды екен. Жыланды сол періште болар деп ойлайды. Ал даладан жылан көрсе - қуып журіп өлтіреді. Себебі, оны қастық жасайтын қара бас, шубар төс дұшпан деп қаралайды.

* * * * * * * *
Қорада тұрған ат иесін көргенде құйрығын көтеріп, борт- борт жел шығарса - сапар нышаны деп ұйғарылады. Ал аузын ашып есінесе - жақсылық нышаны. Жолға жургелі тұрған ат құмалақ тастаса - жолдың оңга бастағаны, олжалы болмақ. Қуаныш сыйлайды деп ырымдалады. Сүрінген атты ұрмайды. Қайта көзін оң қолмен сүртіп тазалайды. Онысы - сайтан аттың көзін басып тұрса, қашып кетсін дегені. Жолаушы келе жатып, атының сауырынан ұрмайды немесе қамшы салмайды. Себебі, жапанда жалғыз өзі келе жатқан жолаушыны қолдап, жебеген Қызыр пайғамбар аттың сауырында отырады деп жориды.

* * * * * * * *
Әдетте бұта, бүрген, ши түбіне саритын ит үй іргесіне сарыса «кұт кұйды» деп ырымдайды. Қазақ ырымында ит опадар саналады. Жеті қазынаның біріне косылады.

* * * * * * * *
Ит аспанға қарап ұлыса - сол шаңырак иесінің өіміне көрінеді, деп жаман ырымға жорылады. «Пәле өз басыңмен кетсін» деп итті карғайды. Қуып жүріп ұрып өлтіреді. Қара жерді терең казып көміп тастайды. Үстіне жеті адам кара тасты бастырады да, түкіріп безінеді. Онысы - иттің нәлесі өзімен бірге кетсін дегені.

* * * * * * * *
Ит адамға опадар саналады. Малды күзетіп, ит-құстан корғайды. Жаугершілік кезінде сактыкка себін тигізеді, жаудың келіп калғанын сездіреді. Осыған орай аңыз да бар. Мысық: «Күлден баска бермеді, тозақ отына күйдір» деп, иесіне опасыздык етеді екен. Аи ит кұйрығымен отқа су сеуіп, адамды тозақ азабынан құтқаруға ұмтылады деген сөз бар.

* * * * * * * *
Күн күркіреп, нөсер жауын, найзағай жаркылдаса - үйдің іргесі отпен аласталады. Адамдар «бисмилла, бисмилла!» деп, тәуба қып, иман келтіреді. Қазак ұғымында найзағай - алланың жын-шайтанға атқан оғы. Үй іргесін отпен аластаудың мәні - құдай тағала даладағы жын- шайтанды атқылағанда, олар қашып келіп үйдің іргесіне тығылмасын дегені. Сондықтан оларды отпен қоркытып қуу керек. Іргені отпен аластамаса үйге жасын түсүі ықтимал. Адамдардың сәл пәледен шошып, зәре-құттары қалмайды.

* * * * * * * *

Жайшылықта мініс атының жал-құйрығы күзелмейді. Себебі ат иесі өлсе- оның мініс аты тұлданып, жал-құйрығы күзеледі, қаралы күйге келтіріледі. Сондықтан жайшылықтағы мініс ат сондай күйде көрінбесін дегені.

* * * * * * * *

Аулдан атқа мініп аттанғанда артынан ит ере шықса, қуалап зорлықпен кері қайтармайды. Өйткені ит иесіне опадар. Мүмкін жолы болар деп, жақсылыққа жориды.

* * * * * * * *
Қазақ қыз баланы қорламайды. «Қыздың қабағында құт бар. Қыз қабағы күрен тартса – ел жұртқа шалдығады. Қыздың қабағы күлімдесе – құт қонады. Қызды жылатқаның қырсығы қырық есекке жүк болады» - деп ырымдап, қыз баланы адамның бақытына балайды.

* * * * * * * *
Адамның алақаны қышыса – ақша ұстайды, табаны қышыса – жол жүреді.

* * * * * * * *
Адам түшкірсе «жәрікімалла» дейді.

* * * * * * * *
Мойын құяңның салдарынан қарысып қалғанда, кербез кісінің сыртынан сәлем жасаса, жазылады.

* * * * * * * *
Қолынан іс келмейтін адам бір шаруа жасаса, жерден шөп алып сындырады.

* * * * * * * *
Тамақ ішіп отырған адамның ыдысына шыбын, көбелек т.б. жәндік түсіп кетсе, оның несібесі көп болады.

* * * * * * * *
Жаяу аттылы немесе көлікпен келе жатқан адам жығылатын болса, тұрғаннан кейін оны сол жерде «ұшық-ұшық» деп ұшықтайды.

* * * * * * * *
Адам құлағы шуылдағанда жанындағы кісі қай құлағы екенін дәл тапса, оны біреудің мақтағаны, ал таба алмаса, жамандағаны болып шығады.

* * * * * * * *
Бетті басуға болмайды. Қайғы-қасіреттен қажыған адам ғана бетін басады.

* * * * * * * *
Қолды тарақтауға, артқа қусырып жүруге болмайды. Бұл – қолы байланған тұтқынды еске салатын жаман ырым.

* * * * * * * *
Тізені құшақтамайды. Бұл –«Ұрпақсыз қалдым», «қу тіземнен басқа құшақтар қалмады» деген жаман ырымды білдіреді.

* * * * * * * *
Жуған қолды сілкісе, ырыс несібе кетеді.

* * * * * * * *
Адамға қарап қолды шошайту әдепсіздік болып саналады.

* * * * * * * *
Саусақты, қолды, орынсыз ауызға салуға болмайды, бұл да әдепсіздік белгісі.

* * * * * * * *
Екі қолды төбеге қойып отыруға болмайды. Басына қайғы-қасірет түскен адам ғана төбесіне қолын қойып отырады.

* * * * * * * *
Мықыныңды таянба. Бұл қайғы-қасірет шақырады деген жаман ырымды білдіреді.

* * * * * * * *
Есікті керме. Үйге ешкім кірмесін деген белгісі.
Дильназ
abenova0404@mail.ru
20-02-14 18:23
4 сынып оқитын балаларға керек!!әдибеттік оқудан!
Алдияр
aldiar_asa@mail.ru
14-02-14 08:18
ырым-ырым дейсіздер сол ырымдардын себебін білетін адам бар мекен
Мысалы*
Есікті керме.НЕ үшін
Сол
Алдияр
aldiar_asa@mail.ru
14-02-14 08:16
көктемге қатысты ырымдар керек еді

Ubа
Ubа.01@mаil.ru
14-02-14 06:32
Мен кобинесе ырымга сену керек деп ойлаймын.Бірак бәрі бір АЛЛАНЫҢ қолында
К@З@ШК@
saya.01
11-02-14 09:18
маганда коктемге катысты ырым керек)))
анаргул
anargul_03.01@inbox.ru
13-01-14 18:25
ой койындарш сол не керек сол ырым тыйымдар!вапше каз жирма биринши гаср ен дамыган гасыра сен дер ырым тыйымдар туралы айтп катсндар ешкимге сенбендер!
2004
малика
09-12-13 14:40
Сонда су туралы 7ак па маган 45 керек соншама тыйым соз су туралы кай мугалим беред 4класка ужас кой
erkebulan
erke.701@mail.ru
18-11-13 18:17
түс туралы тыйым сөздер керек
Меруерт
20-10-13 16:12
мен ырымдарға сенбеймін бірақ ата бабамыздан қалған мұралар болғандықтан құрметтеймін
кигач тың тентек баласы
nurhat.adai@MAIL.RU
12-04-13 11:28
ЫРЫМ КЕРЕК ҚҰСТАР ЖАИЛЫ
Меруерт
mika001612@mail.ru
28-02-13 17:38
менің ойымша ырымдарға сенуге болады.Бір-ақ бәріне емес. Мысалы ауа-райы туралы ырымдарға сенуге болады деп есептеймін. Бір-ақ бұл тек қана менің ойымша. Дұрысын тек Алла ғана біледі ғой.
Фатима
fatima_nurgereeva
22-02-13 15:26
Дастарханды, тамақты баспа.
Кісі мініне күлме, кемтарға күлме.
Малды, ыдысты, тамақты теппе.
Суды сапырма, суға дәретке отырма, суға түкірме.
Көкті жұлма, шашыңды жұлма.
Үй айнала жүгірме.
Босағаны керме, құшақтама.
Табалдырықты баспа, отырма.
Үйді сабама, малды басқа сабама.
Бейіт тұсынан шауып өтпе, жүгіріп өтпе.
Бейітке қолыңды шошайтпа, оған қарап түзге отырма.
Итке ожаумен ас құйма.
Түнде үй сыпырма, түнда тырнағыңды алма.
Үлкендердің жолын кеспе, сөзін бөлме.
Бүйіріңді таянба, жер таянба, иегіңді таянба.
Шашыңды жайма.
Бетіңді баспа.
Тізеңді құшақтама.
Өтірік жылама.
Жұлдызды, адамды санама.
Сыпырғышты тік қойма.
Қолыңды қусырма.
Адамға пышақ, мылтық кезенбе.
Бос бесікті тербетпе.
Құранды, тамақты баспа.
Жақын адамға пышақ сыйлама.
Тұзды, күлді баспа.
Отпен ойнама, оттан аттама, отқа түкірме.
Нанды жерге тастама, үстіне басқа затты қойма.
Бейуақытта жылама, ұйықтама.
Бейуақытта кісіге көңіл айтпа.
Бөркіңді теріс киме.
Үйде ысқырма.
Үйге жүгіріп кірме.
Мойныңа белбеу жіп салма.
Айды қолыңмен көрсетпе.
Құдыққа түкірме, ыдысқа түкірме, жоғары қарай түкірме.
Шелектегі суға аузыңды батырма.
Ақты төкпе.
Адамды айналма.
Адамға қарап түкірме, есінеме.
Жалғыз ағашты кеспе.
Пышақтың жүзін жалама.
Пышақты шалқасынан қойма.
Таңдайыңды қақпа, басыңды шайқама.
Қызды ұрма.
Кісіге, молаға саусағыңды шошайтпа.
Орынсыз күлме.
Кісі айыбын бетіне баспа.
Көп сөйлеме.
Адамға, малға зәбір жасама.
Балаңа басқа ұрма.
Ата-анаңа қарсы келме.
Түнде суға барма.
Бетіңді сызба.
Нанды бір қолыңмен үзбе.
Асты үрлеме, асты жамандама.
Тамақты сораптап ішпе.
Қолыңды төбеңе, желкеңе қойма.
Өтірік күлме, өтірік сөйлеме, өтірік жылама.
Ішегіңді тартпа, табаныңды тартпа.
Қыз ұлдың, ұл қыздың киімін кимесін.
Дініңді сатпа, ұлтыңды сатпа, арыңды сатпа.
Құдайға, пайғамбарға, әулиеге тіліңді тигізбе.
Қабірді баспа.
Аманатқа қиянат жасама.
Ант ішпе, әбес сөйлеме.
Өтірік куәлік жасама.
Намазды бұзба.
Құстың ұясын бұзба.
Құмырсқаның ұясын баспа.
Ұрлық қылма, зорлық қылма.
Тіліңді шайнама, тіліңді тістеме, шығарма.
Саусағыңды аузыңа салма.
Кісі үйінде түрегеп тұрма.
Түрегеп тұрып немесе жатып тамақ ішпе.
Саусағыңды кеземе.
Аяғыңды тұсама, қолыңды байлама.
Көп ішінде қатты сөйлеме, қатты күлме.
Желге қарсы түкірме, желге қарсы дәрет сындырма.
Үлкеннен бұрын сөйлеме.
Үлкеннен бұрын тамақ жеме.
Үлкеннен бұрын отырма, жатпа.
Үлкеннің бетінен алма.
Шақырмаған жерге барма.
Рұқсатсыз үйге кірме.
Жұрт көзінше кекірме, қасынба.
Жұрт алдында құлағыңды қасыма, мұрныңды шұқыма.
Жерді сабама, жерді тепкілеме.
Баланы шошытпа.
Атқа теріс отырма.
Қайықты тербелтпе.
Әдепсіз сөзді айтпа, өтірік айтпа.
Мақтаншақ болма, тәкәппар болма.
Әйелге күш көрсетпе.
Малды боқтама.
Асты қорлама.
Жәндікті жәбірлеме.
Уһілеме.
Маңдайыңды, басыңды ұрма.
Отты, ошақты аттама.
Дастарханды, ыдысты, тамақты аттама.
Жаман әдетті үйренбе.
Жаманат шақырма.
Жаман ырым жасама.
Етбетіңнен жатпа.
Ерсі қимыл жасама.
Шашыңды, тырнағыңды өсірме.
Кісі төсегіне отырма.
Теріс қарап отырма, жүреңнен отырма.
Сол қолмен тамақ ішпе.
Шалбарды басыңа жастама.
Қолыңды артыңа ұстама.
Түнде мал санама.
Түнде күл шығарма.
Таңертеңгі асты тастама.
Көзіңді жыпылықтатпа.
Қолыңды кеудеңе қойма.
Ерніңді шығарма.
Орындықта аяғыңды айқастырып отырма.
Бала бетіне үрлеме.
Тырнағыңды тістеме.
СаНИЯ
sako_0202
20-02-13 09:26
Қазақтың көптеген ырым тыйым сөздері көп ол ырым тыйым сөздері бізге жас ұрпаққа үлгі өнеге деп білемін бесікті бос тербетпе дейді ата бабамыз,мен бұл тыйым сөздердің бәрін үлгі тұтамын ,Қазақта тыйым сөздер өте көп;
Фатима
fatima _81
20-02-13 09:17
Қазақ халқы көшпелі халық болғандық тан бармаған тауы баспаған жері болмаған десе де болады. сондық тан әр жердің табиғатына жерінің құнарлығ шырайлығына қарап егіннің шығар шықпасын белгілеп ауа райын болжап сол арқылы неше түрлі ырым тыйымдар сала берген. қатып қалған қағида жоқ, сан ғасырлар бойы ата бабамыздың ұстанып келе жатқан ырым тыйымдарын біз қазіргі ұрпақ керек емес деп лақтырып тастай алмаймыз сол себепті шектен шықпай Аллаға серік қоспай пайдалана білу керек. Түнде тысқа шықпа" десе түнде қасқа қарайған соң шайтан атаулы жер жақанды аралап жүреді қараңғыда лас жерді басып кетсең жабысады, үйге қарай жүгірме десе жаугершілік заманда жаман хабар ды жеткізуші адам үйге жүгіріп келіп жау келе жатыр деп елдің зәре құтын қашырған.
Әйгерім Сырымқызы
jan_ai_gerim@mail.ru
15-02-13 20:06
Сенетін де, сенбейтін де ырымдар бар. Тіпті кей ырымдар шектен тыс шектеу қоя береді. Тек қана ниетіміз түзу болсын.
Karlygash
rakhat7805@mail.ru
26-01-13 20:52
http://koshpendi.kz сайтында қазақтың көп ырым-тыйымдары жазылған
тамирлан
24-01-13 19:18
ырым ол казак калкинда бщлади сондиктан ырымға сениндер
Гулмереке
Gulmereke_2000@mail.ru
12-01-13 08:54
Дастарханды, тамақты баспа.
Кісі мініне күлме, кемтарға күлме.
Малды, ыдысты, тамақты теппе.
Суды сапырма, суға дәретке отырма, суға түкірме.
Көкті жұлма, шашыңды жұлма.
Үй айнала жүгірме.
Босағаны керме, құшақтама.
Табалдырықты баспа, отырма.
Үйді сабама, малды басқа сабама.
Бейіт тұсынан шауып өтпе, жүгіріп өтпе.
Бейітке қолыңды шошайтпа, оған қарап түзге отырма.
Итке ожаумен ас құйма.
Түнде үй сыпырма, түнда тырнағыңды алма.
Үлкендердің жолын кеспе, сөзін бөлме.
Бүйіріңді таянба, жер таянба, иегіңді таянба.
Шашыңды жайма.
Бетіңді баспа.
Тізеңді құшақтама.
Өтірік жылама.
Жұлдызды, адамды санама.
Сыпырғышты тік қойма.
Қолыңды қусырма.
Адамға пышақ, мылтық кезенбе.
Бос бесікті тербетпе.
Құранды, тамақты баспа.
Жақын адамға пышақ сыйлама.
Тұзды, күлді баспа.
Отпен ойнама, оттан аттама, отқа түкірме.
Нанды жерге тастама, үстіне басқа затты қойма.
Бейуақытта жылама, ұйықтама.
Бейуақытта кісіге көңіл айтпа.
Бөркіңді теріс киме.
Үйде ысқырма.
Үйге жүгіріп кірме.
Мойныңа белбеу жіп салма.
Айды қолыңмен көрсетпе.
Құдыққа түкірме, ыдысқа түкірме, жоғары қарай түкірме.
Шелектегі суға аузыңды батырма.
Ақты төкпе.
Адамды айналма.
Адамға қарап түкірме, есінеме.
Жалғыз ағашты кеспе.
Пышақтың жүзін жалама.
Пышақты шалқасынан қойма.
Таңдайыңды қақпа, басыңды шайқама.
Қызды ұрма.
Кісіге, молаға саусағыңды шошайтпа.
Орынсыз күлме.
Кісі айыбын бетіне баспа.
Көп сөйлеме.
Адамға, малға зәбір жасама.
Балаңа басқа ұрма.
Ата-анаңа қарсы келме.
Түнде суға барма.
Бетіңді сызба.
Нанды бір қолыңмен үзбе.
Асты үрлеме, асты жамандама.
Тамақты сораптап ішпе.
Қолыңды төбеңе, желкеңе қойма.
Өтірік күлме, өтірік сөйлеме, өтірік жылама.
Ішегіңді тартпа, табаныңды тартпа.
Қыз ұлдың, ұл қыздың киімін кимесін.
Дініңді сатпа, ұлтыңды сатпа, арыңды сатпа.
Құдайға, пайғамбарға, әулиеге тіліңді тигізбе.
Қабірді баспа.
Аманатқа қиянат жасама.
Ант ішпе, әбес сөйлеме.
Өтірік куәлік жасама.
Намазды бұзба.
Құстың ұясын бұзба.
Құмырсқаның ұясын баспа.
Ұрлық қылма, зорлық қылма.
Тіліңді шайнама, тіліңді тістеме, шығарма.
Саусағыңды аузыңа салма.
Кісі үйінде түрегеп тұрма.
Түрегеп тұрып немесе жатып тамақ ішпе.
Саусағыңды кеземе.
Аяғыңды тұсама, қолыңды байлама.
Көп ішінде қатты сөйлеме, қатты күлме.
Желге қарсы түкірме, желге қарсы дәрет сындырма.
Үлкеннен бұрын сөйлеме.
Үлкеннен бұрын тамақ жеме.
Үлкеннен бұрын отырма, жатпа.
Үлкеннің бетінен алма.
Шақырмаған жерге барма.
Рұқсатсыз үйге кірме.
Жұрт көзінше кекірме, қасынба.
Жұрт алдында құлағыңды қасыма, мұрныңды шұқыма.
Жерді сабама, жерді тепкілеме.
Баланы шошытпа.
Атқа теріс отырма.
Қайықты тербелтпе.
Әдепсіз сөзді айтпа, өтірік айтпа.
Мақтаншақ болма, тәкәппар болма.
Әйелге күш көрсетпе.
Малды боқтама.
Асты қорлама.
Жәндікті жәбірлеме.
Уһілеме.
Маңдайыңды, басыңды ұрма.
Отты, ошақты аттама.
Дастарханды, ыдысты, тамақты аттама.
Жаман әдетті үйренбе.
Жаманат шақырма.
Жаман ырым жасама.
Етбетіңнен жатпа.
Ерсі қимыл жасама.
Шашыңды, тырнағыңды өсірме.
Кісі төсегіне отырма.
Теріс қарап отырма, жүреңнен отырма.
Сол қолмен тамақ ішпе.
Шалбарды басыңа жастама.
Қолыңды артыңа ұстама.
Түнде мал санама.
Түнде күл шығарма.
Таңертеңгі асты тастама.
Көзіңді жыпылықтатпа.
Қолыңды кеудеңе қойма.
Ерніңді шығарма.
Орындықта аяғыңды айқастырып отырма.
Бала бетіне үрлеме.
Тырнағыңды тістеме.
дана
dana_kabash
07-12-12 14:19
маган экологияга байланысты керек
камшат
2224444
30-05-12 19:46
жалпы ырымдарга сенуге болмайды!!!!!
карапайым кыз
55555555555555
30-05-12 19:43
жалпы ырымдарга сенуге болама,,,. осы сурактын жауабын билгим келеди!!!
адилжан
05-05-12 09:09
ырымга сенбендер биреуи отирик устинде ала тагала бар емес пе
Молдир
vjklbh 002
05-03-12 14:16
маган ырымдар керек
АКТОТЫ
03-03-12 21:53
ҚЫЗҒА ЫРЫМ-ТЫЙЫМДАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕНТ КЕРЕК
акмарал
ошрщшр
01-03-12 13:07
ќазаќ жігіттері ќандай болуы керек
deleted
deleted
01-03-12 13:04
кґп оттамандаршы басты ауыртпай, жазбаѕдар короче маза беріѕдерші?????
тоғжан
1999zhanula
25-02-12 15:39
табалдырықта тұрма
Ақылбек xD
akilbek_2002_03@mail.ru
22-02-12 07:42
Маған көктемге катысты қазақ ырымдары керек

Раушан
intina16@mail.ru
10-02-10 08:49
Атамыз қазақтан қалған даналық сөздер, мақал- мәтелдер, ырым- тиымдар, термелер, толғауларды ұмытпау қажет бұл тәрбие негізі.Қазақ боп туғанына мақтанбаған адам- өз Отанын қор етер түбінде.
Данияр
danyar-89
03-04-09 20:48
Кыздар,ырымга сенбендер? тек 1- АЛЛАХ-ка сениндер!!
зайсан тумасы
gazizovna@mail.ru
26-01-07 12:00
Дұрыс айтасыз Қазақ қызы! Ырымның бұрыннан келе жатқан және ойдан шығарылған жаңа түрлері бар. Әсірее кішкентай балалар мысық өтіп бара жатса түймеңді ұста да, бақыт сенікі жол менікі деп айт деп бір-бірін үгіттеп жатады. Алақаным қышып тұр деп түкіріп қолын қалтасына тыққыштайтындар да бар.
Ал мынадай тыйымдарға келсек, дастархан сүрткен сүрткішпен ас ішкен ыдысыңды сүртпе; пышақты нанға қадама; мықыныңды таянба; нанды бір қолмен үзбе дегендер жетеді. Бұлардың негізінде көп мән жатыр.
КАЗАК кызы
11-11-05 13:29
"Ырым - жын-шайтаннын азгын "ис-арекетинен" адамзатты сактайтын амал" - деп еди бир устазым. Ойланып карасам, жаны бар соз. Кай ырымды алсаныз да, тазалык, унемшилдик, адептиликти насихаттайды. "Инирде жылама" дейди, не купиясы бар десек, кешке жын-шайтан кошип журеди екен. "Отты сумен оширме" дейди. Казак адамнын омирин отпен байланыстырган, "шырагын сонбесин" деп жатады улкендер. Ендеше мунда да улкен ман бар: отка су куйып оширсен, оз бакытынды "оширгенин" деген наным гой.
Казаки ырымнан коркып кереги жок, тек "жана ырымдардан" сактану керек. Мысалы, кара мысык жолды кести деп, айналып оту акымактык. Мусылмандар мысыкты жаксы корген, Пайгамбарымыз /-с.-г.-с/ шапанында уйыктап жаткан мысыкты мазаламау ушин, шапанынын етегин кесип турып кетеди екен. Ягни, биздин салтымызда мысыктан корку болмаган. Ал "кара мысык" орыстан келген коп "адеттердин" бири. Сол сиякты каптаган: козин тартса куанасын-жылайсын, табанын кышыса жугиресин, шайына кобик туссе - акша деген сиякты сокыр нанымдардан аулак болган жон. Озиниз андап карасаныз шынайы ырымдардын сиздин денсаулыгынызга, жеке басыныздын тазалыгына айтарлыктай пайда бар, ал жасанды ырымдар /казирги замангы/ адамды шатастырып кана коймай, акымактыкка бой алдырады.



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов