Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Шежipe
Тақырып: Қыпшақтар.Ұзын қыпшақ.Тілеуімбет руы жайында.


Авторы Xабарлама
БибІжан Рүстемова
Rustemova_Bibi@ mail,ru
17-04-09 19:12
Менің атамның есімі -Рүстем Тұрлығұлұлы.Руы -Тілеуімбет/қотыран/Атам Рүстем Шеңбер деген жерде Ұлытау,Жезқазған жағында тұрған екен.Сонда туыстары бар болса,білгім келеді.

Авторы Жауап
Венера
maxambetovav@bk.ru
30-11-18 06:10
Мен де Қыпшақпын. Қыпшақтың ішінде Тоқпан руы.
Сымбат
Symbat_89kz@mail
18-11-18 15:50
Мен Қаз Жолдыбекпін. Қостанай обылысы Аманкелді ауданы Қабырға ауылы* крупскя) әлі сол жақта тұрамын.
Габит
gabit.bajmenov@mail.ru
17-07-18 23:12
Ассаламу алейкум Бауырлар менiм руым Жарбасты Узын Кыпшактан тараймын. Аманкелдi ауданында туып остiм казipгi тургылыкты жерiм Костанай каласы. Жарбастылардын шежipесi болса хабарласыныздар. 87755781897.
Асем
A-duisenbekova@mail.ru
15-01-18 19:03
Мен де Қыпшақпын оның ишинде Жарбасты руынанмын
Асхат
asxat_88_06@mail.ru
30-04-17 17:49
узын кыпшактын ишинде токпан руыннан адамдар болса жазындар
Мөлдір
batyrova.moldir_89@mail.ru
13-03-17 15:16
Менің руым Тілеуімбет(қотыран).Кыпшактан таралган.Мен Қостанай облысы,Арқалық қаласы,Қараторгай ауылынын тумасымын.Мен өз руым жайында толык мәлімет білгім келеді.
Данияр
Daniyar.kamitbek@mail.ru
16-02-16 04:38
Мен Костанай обл Торгай селосынын тургынымын руым кыпшак онын ішінде Тілуімбет котырын
Сарыбай
20-01-16 05:17
Тама қыпшақтардан бар ма? Тама қыпшақтар Жетiрудағы тамалардан басқа ру. Атам осылай айтып кеткен.
Жандарбек
28-11-15 04:47
БАҚАШЫЛАР шежiресi керек едi.
Ерсiн
22-11-15 19:10
Мен Бақашы қыпшақпын. Қотыр аталығынан тараймыз.
Жəнібек
zhako_92.kz@bk.ru
22-11-15 10:31
кыпшак жарбасты туыстар барма?
Жансерік
zhan_80.14@mail.ru
23-06-15 07:21
Сәлеметсіздер ма. Мен да қыпшақпын. Оның ішінде Қарақойлы.
Айтжан
210950@mail.ru
21-01-15 05:32
Қүлан қыпшақтын ішіндегі молла түқымынан кім бар, жауап беріңдер
сабыр
sabr82@list.ru
12-01-15 19:08
кыпшак бултын кусылбас коныр
ИМАНГАЛИ
imangali.bektauov@mail.ru
08-01-15 16:25
Агаиын бауырлар ,Жезказганнан болам ,Кыпшак -Каракыпшак-Узын-Сазан
Zhasulan
jaslan1983@mail.ru
04-01-15 17:23
Меным есымым Жасулан Нургалиев руым Кыпшак- Жарбасты
Жасулан
nurmagambetov.1976@mail.ru
31-10-14 10:13
Орта жүз қышақпын соны ішінде шалшы руынанмын
Нұрлан
27-10-14 15:43
Қыпшақ-Әбдірахман-Жетібай-Жантелі-Мамырбай-Текеман-Шәкір-Мұрат-Нұрлан
Абишев Жандос
dos_89@mail.ru
08-10-14 11:11
Мен Жолдыбек Казбын
рустем
medetoff@bk.ru
22-09-14 13:41
Салем казахтар !!!! Менинде руым жарбасты !!!! Кыпшак!
Әсел
assel91@bk.ru
13-08-14 18:09
Менде Қостанай облысы Аманкелді ауданында Қабырға деген жерде туғанмын.
Әсел
13-08-14 18:01
Ооо Дархан, Дарханбек біз туыспыз.
Бейсен
beisssen_87@mail.ru
15-05-14 19:46
Кыпшактын iшiнде Сары тымак боламын, хабарласындар

Нургуль
nurazhan_1989@mail.ru
11-05-14 14:02
Мен сары кыпшакпын
манара
Shikir.manara
06-05-14 13:23
Салеметсиздер ме?мен Торгайдын каз кыпшагымын.Туыстарымды издеудемин.Улкен атам ӘлІбайев Кәрім Торгайдын каз кыпшагы.Атам котерилис уакытында айдауга жиберилип тугандарынан айырылып калган.Атамнын тугандарын издеп табуга комек тесиниздерш.Менин бар билетиним атамнын теги гана.Әлібайев Кәрім.осы киси туралы естиген,билгендериниз болса хабарласыныздаршы.каз кыпшактын шежиресин билетиндериниз бар ма?сиздерден комек кутем.
Сайрагүл
saira-kazah-kyzy@mail.ru
30-04-14 13:38
Мен қыпшақбын ішінде қоңырат Бейсенәлі Қожағул осы 2 атамды ғана білеміню Алатаудың аржағынан келдім тегім туралы мәлімет жйнап жұрмін. мәліметтеріңіз болса
БЕКЖАН
28-01-14 08:58
МЕН САТПАЕВТЫН КЫПШАГЫ ОНЫН ИШЫНДЕ АЛТЫБАСПЫ

Дарханбек
darhan_jan7575
09-01-14 20:28
Дархан, менің руым Жарбасты, Арқалықта тұрамың. Бес ағайындымыз 1.Қырық жігіт. 2.Бердікей. 3.Құттық. 4.Күшік. 5.Жарбасты.
Бека
rab_allaxa_11@mail.ru
19-12-13 22:52
Менин руым КЫПШАК Онын ишинде К Ы Р Ж I Г I Т
қарлығаш
karlygash.malikzadievna@mail.ru
28-10-13 15:52
ким қыпшақтың нешеге таралуын,шешіресин біледі?Өтініш электронды поштама жибериниздерші
қарлығаш
karlygash.malikzadievna@mail.ru
28-10-13 15:50
салем,достар. Менде қыпшақпын Руым-Қайыпберлі..Қостанай облысы Амангелді ауданыда турамын. Қыпшақтар өз ішінде нешеге тарайды?Кім біледі?Білсеңіздер жауап ретінде жазыңыздаршы. Керек болып жатыр
Аққанат
akkanat-00@mail.ru
22-09-13 17:19
сәлеметсіздер ме?мен қыпшақ ішинде қазбын аталарымды білмеймін.Арғы атам-Есжан
Женiс
zhenis_95kz@mail.ru
09-09-13 18:42
Salam bauirlar!Men kipwakpn onin iwinde bes aris tuiaktimin.Kizilorda oblisi Shieli audaninan bolam
Айбек
allamzharov89@mail.ru
13-07-13 04:21
Салам бауырлар, есимим Айбек, руым канжыгалы кыпшак, ултым каракалпак. казирги кезде кыпшак руы жайлы малумат издестиру устиндемин, еситиуим бойынша кыпшак руы казахта каракалпакта немесе еш бир турктилдес халыктын еш бирине жатпайды екен. егерде бирге зерттегиси келетиндер болса, менин эл почтам: allamzharov89@mail.ru
Айжан
aijan-88-88
30-04-13 08:56
Салеметсиздерме?мен кыпшакпын онын ишиндеги кокмурыннын лагымын бауырлар болса хабарласындар!


Дархан
dake_kz89@mail.ru
28-04-13 18:18
Мен Костанай облысы Аманкелди ауданы Есир ауылынанмын, есимим Дархан руым Жарбасты. Жарбастылар жайлы толыгырак билгим келеди билетин кисилер болса хабарласыныздар...
АбылайХан
able_95@mail.ru
21-03-13 14:34
Әсел, екеуміз туыспыз
АбылайХан
able_95@mail.ru
21-03-13 14:31
Мен узын кыпшак онын ишиндеги Алтыстан ЖАРБАСТЫ руынан,жарбастылар болса хабарласындар!
Акбота
bota.96-96@mail.ru
21-02-13 20:29
Мен бұлтың қыпшақпын
Әсел
09-02-13 22:01
салем барине менде кыпшакпын ишиндеги жарбастымын бирак шыгу шежиресин билмеймин.
Aidos
r.aidos@list.ru
05-02-13 20:48
Ассалаумаалейкум баурларым қыпшақтар қалайсындар? Менде қыпшақпын ішінде бүлтыңмын Шыкент қаласынан
дидар
didar
13-12-12 20:36
тілеуімбет бақашы болса жазындар
гулзинат
gul_zinat@mail.ru
26-09-12 10:26
Мен кыпшакпын,ишинде кокмурын.
Маєжан
Mako-14.93
22-09-12 18:19
Меніѕ атым Маєжан,руым ќыпшаќ
Макпал
makpal.87@inbox.ru
11-05-12 07:48
Саламатсыздарма!
Менін руым ЛАК. Осы рудын шежіресін таба алмай отырмын, бар болса мына сайтка жіберініздерші
makpal.87@inbox.ru

Сайлаугазы ЕРКЕЖАН
eshli_vko_93@mail.ru
27-04-12 18:48
менин руым кыпшак,егер мына жерди билетин болсандар авто жибериндер!ШКО Жарма ауданы Белтерек
қаз
13-03-12 02:35
Қаз руы таралымы керек!
Саламат
12-03-12 22:40
Салам бауырлар менин руым канжыгалы кыпшак Мангистаудан
ӘБДІКӘРІМ ТАЛҒАТ
a.t.s_93@list.ru
25-12-11 10:54
салам бәріне. Мен Қаз Қыпшақпын! үлкен атам Жарылғамыс. Менің туысым болып шықсан осы логинге жибер жақынырақ танысайық!!!
Самеке
Sameke_1999
07-11-11 11:47
салем қыпшақтар ман оның ішінде қарасарымын
мейрамбек
mirosh840@mail.ru
06-11-11 23:15
ассаламуалейкум кыпшактар мен кызыл орда кыпшакгы Бултын Текебай руынан боламын егер казакстан баска ониринде осы рудан болса хабар жазындар!
Серик
Serik_ii@mail.ru
05-04-11 13:49
Орхон ескерткіштерінің толық атласы
І Том
Оқырманға ұсынып отырған “Орхон ескерткіштерінің толық атласы” Түрік қағанатының Орхон, Сэлэнгі, Тоғула /Тула/ дарияларының бойында қалдырған жазу үлгілерін, тарихи-мәдени мұраларын қамтиды.
Атласқа шығысы-Хянган жотасы, Сарыөзен, батысы –Еділ дариясы, түстігі-Ұлы қорған, терістігі – Лена дариясына дейін төрт құбыласын керіп, Еуразия даласына 300 жыл бойы билік жүргізген империяның Орда маңына қалдырған мұралары енгізілді.
Байырғы түріктер бұдан 1200-1500 жыл бұрын түріктік дүниетанымының алтын бағанасы –Бөгү (Тәңірлік) дінін ұстанып, елдік құрып, төр /үкімет/ орнатып, тілі мен ділінің, тарихы мен әдебиетінің алтын сандығы-байырғы түрік алфавитін /БТА/ жетілдіріп, далалық өмір мен қалалық салтты ұштастыра қалалар тұрғызып, сәулет өнерін шыңдап, өткен аруақтарына арнап мүсін қашап, ұрпағына байтақ тарихи-мәдени мұралар қалдырды. Ата тарихымызға, шежіремізге, тәрбие өнегесіне айналған байырғы түрік ескерткіштерінің жауынның, күннің астында, желдің, боранның өтінде қорғаусыз-күзетсіз, жанашырсыз-күтусіз соншама заманды өткізіп бізге жеткені таңқаларлық құбылыс. Өзінің мәңгілік ел орнатпақ идеясын, тарихын, дүниетанымын, ой-санасын, дәстүрін өшпестей етіп тасқа қашап кеткен байырғы түріктердің-бабаларымыздың жазу өнерін, мемлекеттігін, ел басқару жүйесін, ұрпағына мирас етіп қалдырған асыл өнегесін терең зерттеу – өзін тікелей мұрагер санайтын қазақ ғалымдарының ең жауапты міндеті, қасиетті борышы. Өзінен өзі сөйлеп тұрған тастардың тылсым сырларын аша түсетін мезгіл әбден жетті.
Орхон, Сэлэнгі, Тоғула бойында қалдырған мұралардан Орду-балық, Бай-балық, Қатын-балық, Тоғула-балық сияқты бес қала, 100-ден астам тәуетіп тасаттық беретін киелі орындар, 1000-нан астам мүсінтастар, балбалдар, қорымдар; брахми, соғды, ұйғұр, моңғол, кидан, манчжур, араб, қытай, БТА, (Байырғы түрік алфавиті) манихей алфавитімен жазып қалдырған жүздеген жәдігерліктер сақталып бізге жетті. Өкініші, ата тарихымызға қатысты құндылықтар, ескерткіштер, мұралар бүгінге түгел жетпеді. Себебі:
1. Сол тарихи-мәдени құндылықтарды жасаған халық ол жерлерден батысқа, оңтүстікке қоныс аударғандықтан, ата-бабадан қалған мұраға жанашырлықпен қарайтын ұрпақ жалғастығы үзілді, сөйтіп олар иесізденді.
2. Бөгү (Тәңірлік) діннің дүниетанымымен жасалған мәдени-тарихи ескерткіштерге жаңадан енген будда, ислам діні идеологиялық жау ретінде қарады. Осының салдарынан байырғы түріктердің тарихи-мәдени мұралары жаппай қиратылды.
3. Мыңдаған жылдар бойы ашық аспан астында боран мен желдің, ыстық пен суықтың, жауын-шашынның өтінде тұрып, табиғи эрозияға ұшырап үгітілді, қирады.
Міне, осындай себептермен, азуын айға білеген айбарлы көк түріктердің жасап кеткен ұшан-теңіз тарихи-мәдени мұраларының жұрнағы ғана біздің қолымызға жетті. Байырғы түрік мәдениетінің құндылықтарын танып, зерттеп зерделеу, ғылымға айналдыру, ұрпаққа жеткізу-ендігі қасиетті борышымыз.
Ешбір ұлт, ұлыс, этнос бір-ақ күнде ғасырлық дүние жасай алмайтыны түсінікті. Ерте орта ғасыр дәуірінде Қағанат орнатқан түріктер де әлем мойындаған соншама құнды мұраларды мыңдаған жылғы үзілмей келе жатқан дәстүр сабақтастығының нәтижесінде жасады, халық даналығының мол тәжірибесі негізінде жинақтады. Бұл ретте қауым мен жеке адамдардың ізденісі, халықтың шығармашылдық белсенділігі, тарихи-мәдени жады үлкен роль атқарды.
Дарынды түрік әулеті, түрік халқы Орхон, Сэлэнгі, Тоғула /Тула/ дарияларының бойына қала салып, хан ордасын сәулеттендіріп, тағзым етіп құлшылық ұратын ғибадатханасын (барық) тұрғызып, тас қашап, батырлары мен көсемдерінің, бабалары мен абыздарының бейнесін, мүсінін жасап, ұрпағының ұрпағына арнаған мың жылдық сөзін, тарихи манифестін көк тіреген көгілдір гранитке-мәңгіліктің «мәңгі тасына» қашап жазып кетті.
Сол тарихи-мәдени жәдігерлікте көшпелілер әулетінің елді, шаруашылықты басқару жүйесі, кәсібінің мәдени типтері, салт-дәстүрлері жайында мол деректер сақталған.
Демек Орхон бойындағы жәдігерліктер – өзіне дейінгі мың жылдықтардың тарихи тәжірибесін бойына жинап, өзінен кейінгі адамзат әулетіне оны тарихи-мәдени мұра етіп қалдырған аса бай құндылықтар қазынасы. Бұл қазына-байырғы түрік мәдениеті, байырғы түріктердің болмысы, рухы мен келбеті, ділі мен тілі, діні, зейін-жады, даналығы, дүниетанымы, мәдениетінің өшпес айғақтары, әлем өркениетіне қосқан үлесі.
Осыншама құндылықтарды өркениет тұғырына көтеруге әлем ғалымдары ғасырдан астам уақыт атсалысты, әлі де атсалысуда. Түркологияның негізін салған В.Томсен, В.В.Радловтардан бастап жүздеген ғалымдар алтын уақыты мен арман-мүддесін осы игілікті іске арнады.
Бұл еңбекте сол ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, ұзақ жылдар бойғы зерттеулеріміздің нәтижесін ортаға салдық.
1892-1899-жылдар аралығында басылып шыққан О.Гейкель, В.В.Радлов атластарынан кейін бір ғасырға жуық уақыт өтті. Осы аралықта Моңғол жерінен жаңадан байырғы түрік үлкен ескерткіштерімен қатар майда жазулар, мәдени-рухани мұралары молдап табыла бастады. Сол тарихи-мәдени құндылықтардың Орхон ескерткіштерінің Толық Атласын жасау, сөйтіп ғылыми игілікке айналдыру әлем түріктанушыларының кезек күттірмейтін міндеті, уақыттың талабы еді.
Осындай мақсатпен 1970-жылы Кеңес Одағы Ғылым Академиясы мен Моңғолия ҒA ұзақ мерзімді келісім шартқа қол қойып, нәтижесінде Кеңес-Моңғол тарихи-мәдеи экспедициясы құрылды. Экспедицияның эпиграфика тобының жетекшілігіне Моңғолия ҒА-ның тарапынан Қ. Сартқожаұлы, Кеңестер Одағы тарапынан Кеңес ҒА-ның шығыстану институтының Ленинградтық бөлімшесінің аға ғылыми қызметкері, түріктанушы С.Г.Кляшторный тағайындалды. Экспедиция 1975- 1990-жылдар аралығында бұрыннан белгілі байырғы түрік мұраларының орналасқан орнын анықтауда, жаңа жазба мұраларды іздестіріп табуда көп еңбек сіңірді. Бірақ бекітілген бағдарламасы, ғылыми әдістемесі және құрамында білікті мамандар болмағандықтан, экспедицияның жұмысы сәтсіз аяқталды.
Сөйтіп, Кеңестер Одағы ҒА-ның Шығыстану институты «Орхон ескерткіштерінің Атласын» дайындап шығару мүмкіншілігінен айырылды.
Біріккен экспедицияға (СМИКЭ) қатысқан Моңғолия ҒА-сының зерттеушілері нәтижесіз болған жоқ.
Сапасы төмен болса да фотосуреттер жасалды, кіші және үлкен жазулардың графикалық жаңғыртпасы жасалып, жазба мұралардың орны анықталып картаға түсірілді. Жаңадан жазу нұсқаларын тауып, Моңғолияның археологиялық картасына енгізді. Онымен қатар байырғы түрік жазба ескерткіштері туралы баспа бетінде жарияланған басылымдар мен дерекккөздерінің қоры жасалып, әдебиеттер тізімі түзілді.
1975-1990-жылдары Моңғолия ҒА-ның Тарих институты, Түріктану Орталығы (1989-1995 жж.) арнайы бағдарлама түзіп, байырғы түрік жазба мұралары мен археологиялық ескерткіштерді іздестіруге, зерттеуге қаржы бөліп, Орхон ескерткіштері атласының материалын жинастырды, экспедициялар ұйымдастырды. Бұл экспедиция Күлтегін, Білге-қаған кешендеріндегі ұстындардың мәтінін қолмен толық көшірумен, Түрік заманындағы археологиялық мұраларды іздестірумен, оларды зерттеумен шұғылданды.
Соның нәтижесінде Күлтегін, Білге қаған, Тұй-ұқұқ, Күүлі-чор, Теркін, Тэс, МШУ сияқты үлкен ұстындардың жазуымен қатар 31 жердегі 65 жазудың байырғы түрік мәтіндері көшіріліп, олар тексеріліп, бұрыңғы қателер түзетілді.
Жоғарыдағы кешендердегі ұстын мен кіші жазулардың сапалы фотосуреті жасалды. Мәтіндердің факсимильдіқ көшірмесі түсірілді. Үлкен кешендер түгел фотоға түсіріліп страграфикалық тексеру, бақылау жүргізіліп, сызба планы түзіліп, жекелеген мұралар арнайы, терең зерттеліп, сызба суреттері салынды.
Нәтижесінде 12 киелі кешеннің план-суреті жасалынып, 300-ге жуық мүсінтастардың орны анықталып, фото және сызба суреттері дайындалды.
Бір ғана Тайхар-чулу жартасында 30-ға жуық байырғы түрік жазуы бар. Бұл жартас байырғы түріктердің өмір шежіресі тәрізді. Тәмір өзенінің оң жақ жағасында оқшау тұрған 20 метрге жуық биік жартастың батыс – оңтүстік, оңтүстік және шығыс жақ етегіне байырғы түрік графикасымен сезім қылын шертіп, қайғы-мұңын, жұбаныш, қуанышын, өмірлік ұстанымын, жорық жолдарын, махаббат – сүйіспеншілігін жазып қалдырған.
Өкініштісі, 1960 – 1990 жылдар аралығында осы жартасқа келген туристер, көрермендер майлы бояумен өз аттарын жазып, байырғы түрік жазуының үстін басып, оны өшіріп жіберген. Қайтадан қалпына келтіру мүмкін емес.
Моңғол жеріндегі байырғы түрік жазу мұралары алтынға, күміске шыңау әдісімен жазылып сақталған. Ал, жартасқа бояулармен және арнайы өткір жүзді құралмен ойып жазылған. Үлкен кешендерге мәтін қашалған ұстын қойылған. Ұстынға арнайы тас таңдап, оның бетін өңдеп, тегістеп барып мәтінді қылауышпен жазған. Әріптердің биіктігі 2-3 см. Әріптерді ойып түсірген ойықтың тереңдігі 2-3 мм. Сөйтіп көк түріктер кейінгі ұрпағына өшпестей етіп мәңгілік өсиетін қалдырған.
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялағаннан бері ежелгі тарихына мықтап көңіл бөле бастады. Тарих – сол елдің рухани іргетасы, ұлттық мәйегі. Қазақ халқы тарихи тамырын ерте орта ғасырда әлемге әйгілі болған көк түріктерден, байырғы ғұндардан, ежелгі іш-оғыз (скиф), сақтардан желілейді. Өзге түрік тектес халықтар тәрізді қазақ халқы да сол тарихтың мұрагері. Әсіресе қазақ халқының тарихын байырғы түріктер тарихынан еш бөліп қарауға болмайды. Керісінше, сол байырғы түріктердің тікелей мұрагері – алдымен қазақ халқы.
Өйткені:
1. Түрік империясын құрған қыпшақтар, он оқ (үйсін, дулат), қаңлы, түргеш, басмыл, қарлұқ, сегіз-оғыз (найман), тоғыз-оғыз (керей), арғу (арғын), қият, қай, таз, әлім, шекті, адай, өзге де рулар кейін қазақ халқының этникалық ұйытқысына, мәйегіне айналды.
2. Түрік қағанаты алты кіші орда, алты кіші қағандықтан тұрған. Алты кіші хандықты – алты есір (тақ), алты кіші орданы алачу (алаш) деп атаған. Олар: Тоғыз-оғыз, түргеш (он оқ), отыз-оғыз, басмыл, қыпшақ, қарлұқтар еді. Осы алтауы бірігіп Түрік қағанатын құраған. Білге қаған қайтыс болғанда алты алаштың атын бірліктің, ынтымақтың белгісі ретінде тас ұстынға қашап жазып қалдырған. Сол алты алаштың алауыздығынан қағанат құлаған. Осы алты алаш кейін, өзге түрік тектес халықтардың емес, тек қазақ халқының ұранына айналған.
3. Байырғы түріктер өзінің астанасын – Орда, өкіметін төр деп атаған – «ел ордасы», «төр ағасы» деген ұғым содан қалған: алда жүретін сардарларын бөрі, қаршыға, қырғи деп атаған. Жана жылда көріскен. Қадірлі кісіге сый мүшесі етіп қойдың басын тартқан. Байырғы түріктердің ғибадатханасындағы қағандардың мүсінінің алдына сыйас ретінде күміс табаққа қойдың басымен қоса 12 мүшесі бірге қойылған. Малын, дүние-мүлкін шүлен таратқан; жылына дейін жоқтаған, ас берген. Күлтегін өлгенде оның төрт мың жылқысын, қазынасын, дүние-мүлкін таратқан. Мұның бәрі таста жазылған. Осы салт-дәстүр, рәсім байырғы түріктерден бізге мирасқа қалып, ұлттық менталитетіміздің негізін құрап отыр. Түріктер аңды асарлап аулаған. Жауды қоршап, иіріп жаулаған. Ту етіп бөрілі байрақ көтерген. Бұл салт қазақта бертінге дейін сақталған.
Сүйінбайдың: Бөрі басы – ұраным,
Бөрілі менің байрағым – дейтіні сондықтан.
4. Байырғы түріктер қарғаны (ұзақ) жыл басы наурызда келетін кие санаған. Кие тұтып, оның бейнесін қағандардың тәжіне салған. «Қарғам», «Қарғашым», «Қарға тамырлы қазақ», «Қарға адым» (қазақ «сиыр адым», «түйе адым», «қой адым», «бүркіт адым» демеген) деген ұғым сол заманнан мирас болған. Қарғаны кие тұту қазақтан басқа ешбір түрік халықтарында сақталмаған.
5. Түрік қағанатынан қалған ұлы даланы иеленіп қалған да, тек қана түрік тектес халықтармен шекараласатын да – қазақтар.
6. Байырғы түріктердің әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, тілін, шешендігін сақтап қалған да – бүгінгі қазақ халқы. Л.Гумилевтің: «байырғы түріктердің әдет-ғұрып, салт-дәстүрі, киім-киісі ХІХ ғасырдағы қазақтардан аумайды» дейтіні де, П.Мелиоранскийдің: «ежелгі түріктердің тілін таза сақтап қалған тіл – қазіргі қазақ тілі» дейтіні де сондықтан.
Бүкіл түрік дүниесіне ортақ, қазақ халқының тікелей ата-бабасы болған Күлтегін, Білге қаған, Тұй-ұқұқ, Күүлі-чорлардың рухымен жас ұрпақты тәрбиелеуді қазақ халқының бүгінде мұратына айналдыруының негізгі себебі әлігі жоғарыда айтылған дәлелдерден деп білу керек.
Қазақстан Үкіметі Орхон бойындағы Күлтегін ескерткішінің ғылыми көшірмесін жапон фирмаларына жасатып 2001 жылдың 18-мамыр күні Еуразия университетіне орнатып, «Байырғы түрік өркениеті – жазба ескерткіштер» атты халықаралық конференция өткізді. Бұл ғылыми конференция ел тарихын, түріктану ғылымының беделін Қазақстан Республикасында біраз биікке көтерді.
Еуразия ұлттық университеті 2002-жылы Моңғол жеріне арнайы экспедиция жабдықтап аттандырып, байырғы түрік жазба мұраларын фотоға, видеоға түсірді. Соның нәтижесінде көне мұраның ұлттық коллекциясы пайда болды. Сөйтіп түрік заманынан қалған ата-баба мұраларын зерттеудің жаңа дәуірі басталды. Бұл игілікті іске Қазақстан Республикасының Премьер Министрінің сол кездегі орынбасары И.Тасмағамбетов, түріктанушы профессор М.Жолдасбеков атсалысып, көп еңбек сіңірді.
М.Жолдасбековтің ұйымдастыруымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті жанынан Түрік әлемінің ғасырлар бойы қолданып келген алфавиттерінің «Жазу тарихы музейі», эпиграфика лабораториясы ашылды. Шетелден, республиканың түкпір-түкпірінен мамандар шақырылды.
Орхон ескерткіштерін әлем ғалымдары зерттегелі ғасырдан аса уақыт өтсе де, күні бүгінге дейін олардың толық сипаттамасы жасалмаған еді. Еуразия Ұлттық университетінің ғалымдары түпнұсқамен салыстыра зерттеп, Орхон ескерткіштерінің жаңа транскрипциясын, жаңа аудармасын және толық сипаттамасын жасады. Осы жолдардың авторларының ұзақ жылғы ғылыми жұмысының нәтижесінде «Орхон ескерткіштерінің толық Атласы» дайындалды.
Бұл ретте:
1. Байырғы түрік мәтіндерін қашап қалдырған ұстын, оны орналастырған кешендердің толық сипаттамасын жасап, бірін екіншісінен бөліп қарауға болмайтын тұтас бір жүйе ретінде ұсынуды мұрат тұттық. Ғалымдар мен оқырмандарға бірі арқылы екіншісінін құпиясын ашып тани алуына мүмкіндік жасауға тырыстық.
2. Ұстындарда жазылған мәтіндерді О.Гейкель, В.В.Радловтан кейін бір де бір зерттеуші қайта қарап тексермегендіктен, біз түрік кешендеріндегі әрбір мұраны қолмен ұстап, көзбен көріп өлшеп, ұстындағы мәтіннің әрбір графикасының орнын анықтап, қайталап көшіріп, эстампаж жасап, калькаға, фотоға түсіру арқылы өз вариантымызды дайындадық.
3. Бұрынғы зерттеуші ғалымдардың еңбегін мүмкіндігінше толық пайдаландық.
4. Байырғы түрік алфавитімен жазылған мәтіннің толық қанды транскрипциясы мен аудармасын жасап шықтық. Олардың түсініктемесін қоса беріп отырмыз.
Орхон ескерткіштері байырғы түрік алфавитімен мәтін қашап тұрғызған ұстын ғана емес, сонымен бірге оған: барық (храм), қорған, дәліз жол, текшетас, тутұғыр, бәйтерек орналасқан шарбақтас, мүсінтастар (адам және аңның) ансамблі, мәтін қашалған ұстын, олардың іргетасы-бақатас және жүздеген балбалдардан құралған кешенді мұра жатады. Атласымыздың кіріспесінде осы кешенді мұра,
Kharjaubay Sartkoja.

Жания
zhanya_1993@mail.ru
28-03-11 18:28
Менин руым кыпшак. Солтустик Казакстан Костанай обл-мын.Сонын ишинде Куланмын
Maldybai
malik
26-03-11 11:17
Менің руым Қыпшақ арғы атамыз Ұзын ,Қаз,оның ішінде Берді қаз. Торғай обылысының,Амангелді ауданы Қабырға ауылынан.
Karlygash
Karlygash090291@mail.ru
25-02-11 21:16
Men kypshak ruynanmyn kypshaktyn ishinde shli kaz
Сандуғаш
sash_ok@nur.kz
25-02-11 09:44
мен Алтыбас Қыпшақпын )))) Қызылорданыкімын , қазір Алматыда тұрамын .....
НҰРЛАН
nur_kvn
13-01-11 16:43
Менің руым Қыпшақ Алтыбас Саңай! Қажымұханнан тараймыз
Абзал
Abzik_E
13-01-11 13:05
Менін руым кыпшак оныѕ ішінде ќўлан ќыпшаќ. Біз жамбыл облысына Текес ґзенінен келгенбіз жеті атамыз Тілеу, Итбас, Мырзаєўл, Асубай, Тўрысбек, Еркімбек, Сейтхан болып келеді. Арєы аталарымды білгім келеді аєайындар.
КАЛДЫГУЛЬ
kaldygul@bk.ru
14-11-10 16:39
АЛТЫБАС ҚЫПШАҚ БАУЫРЛАР БОЛСА ХАБАРЛАСЫНДАР!
Әділхан
Bikenov_Adilkhan_94@mail.ru
07-11-10 19:08
менин руым Сары !!!!! Кыпшактын ишинде

талгат
NUR7704
13-10-10 07:51
МЕНІҢ ТАИПАМ ҚЫПШАҚ ҚЫПШАҚТЫҢ ІШІНДЕ ШЛИ ҚАЗБЫН. БІЗ БЕСКЕ БӨЛІНЕМІЗ. ШЛИ ҚАЗ. БЕРДІ ҚАЗ. ЖАЙЫЛҒАН ҚАЗ. ШОРА ҚАЗ. ЖОЛДЫБЕК.ТАҒЫДА ҚАЗДАР БОЛСА ХАБАРЛАСЫҢДАР.ТОРҒАЙ ОБЛЫСЫ АМАНГЕЛЬДІ АУДАНЫ БАИҒАБЫЛ АУЫЛЫ.
Мурат
murat247
06-10-10 22:45
Жолаба Кыпшак руы барма? Акмола облысынанмын
Самеке
Sameke_098
10-05-10 21:00
мен қыпшақпын
Мади
zhahmetov_mj@mail.ru
02-01-10 18:56
Канжыгалы ру, Нияздан тараймыз, аталарымыз Толыбай-Даукара-Жантай-Есей-Ескей. Ескейден-Баймен-Салмен-Ахмет-Наурызбай, Наурызбайдан мой дед Бейсембай Мы точно не знаем имя прадеда Наурызбай или Оразбай? Откликнитесь кто что-нибудь знает!
Мади
zhahmetov_mj@mail.ru
02-01-10 18:51
Толыбай-Даукара-Жантай-Ескей-Баймен-Салмен-Ахмет-Наурызбай
Улан
kuba86@mail.ru
15-12-09 15:31
Мен атым Ұлан, руым қыпшақ, қыпшақтын ішінде кім екенің білмеймін, ен улкен атамыз Құдайберген, Караганды обл, Шет ауданынан Арғын руынан қыз алған да , арғындармен қалған, білгім келеді мен қыпшақтын ішінде кім екенімізді. Менін жеті атам Адай-Малгеждар-Картай-Шербаха-Танқы-Айқара-Нияз-Тілеу
Бек
23-09-09 11:14
Мен Каракалпакстан Республикасынын Каракалпак рууым КыпчаК Канжыгалы
Талгат
kipchak-bushman@mail.ru
05-07-09 10:30
Салам Башкортостандан! Бибижан, я башкирский кыпсак, рода карый. У нас есть аул под названием Телэуембэт. Я, думааю не живут ли там башкиры из кипчакского рода Телэуембэт? Как вы думаете?



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube