Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: PEPE.kz — интернет-бутик детской обуви. Бренды: VERSACE, PUMA, CAVALLI, VANS, CULT, NEW BALANCE.
Общение: Список форумов
Форум: Қазақ тілі
Тақырып: Биссмилла. Қазақ ұл қыздарына!


Авторы Xабарлама
Айша қажы Әбішкеліні
aisha.medrese1@mail.kz
21-04-08 09:46
Биссмилляһир раһманир раһим!

Қадірлі Мырза!!

Сіздің назарыңызға Қазақ Мемлекеттігінің негізін қалаушы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың анасы «Әлжан ана» атындағы қыздар Медреселерінің Астана қаласындағы және Елбасы туған жер Қарасай ауданы, Алматы облысындағы құрылыстары басталып, бірақ қаржаттың жоқтығынан жеті жылдан бері алға жылжымай тұрғанын ұсына отырып, өзін Отан тағдырына, әйел, ана, қыз бала тағдырына жанашырлықпен қарайтын ізгі адам ретінде мүмкіндігіңізше бұл құрылыстарды бастаған «Айша» қоғамдық қорына мұсылмандық көмек беруіңізді Аллаһ разылығы үшін өтінеміз! Мұсылманның төртінші фарзына жататын зекеттеріңіздің есебіне ниет етіп, бір жылда тапқан таза табысыңыздың қырықтан бірін есеп шотымызға аударсаңыз, иә шығаратын құрылыс материалдарыңызбен, иә жұмыс күштеріңізбен қолғабыс етсеңіз, яғни қолыңызда қандай мүмкіндік бар, сонымен көмектессеңіз Аллаһутағала қабыл еткен болсын! Сізге бұл Медреселер құрылыстарына Астана қаласы әкімдігінің, қасиетті мекен - Алматы облыстық Әкімдігінің және Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Төрағасы, Бас Мүфти Әбсаттар Дербісәлі қажының қолдау, бата беру хаттарының барын хабарлаймыз. Ел батасымен, халық қолдауымен ұлттық салт- дәстүріміздің, дініміздің өркендеуі үшін басталған құрылыс аяқсыз қалмайтынына, Ел ағаларының назарсыз қалдырмайтынына сенеміз! Ел аналары жыл сайын 12 ақпанда жиналып, “Бөбек” қорының төрайымы Сара Алпысқызының туған күнін тойлай отырып, ер-азаматтарға ұрпақ жалғайтын ер бала ұрпақ тілеп, бәйбіше-тоқалдардың, олардың балаларының бастары қосылып өткізілетін дәстүрлі “Бәйбішесі Қазақтың Ел Қамқоры” атты дәстүрлі имандылық тағлымдары мерекесі қарсаңында Сіздерге тағы бір хат- хабар жолдауды өзімізге Аллаһ алдындағы парыз санадық! Сіздерге аманат жеткізу бізден, орындау Сізден болсын! Ассалаумағалайкум!
Құрметпен, Айша қажы, қор жетекшісі,
Әлжан ана Медресесі құрылысынан
Мекен жайымыз: Астана қаласы, Оңтүстік Шығыс, 15- мр, 57- көше, 2- ғимарат , Әбіш Назарбайұлы ата Мешіті. Әлжан ана Медресесі құрылысы.Телефон: ф. 83172 34 39 42: Моб.8701 470 13 66. E-mail: aisha.medrese1@mail.ru

Ақпарат үшін: Рамазан айында жіберілген хатымызға Астана қаласындағы “НұрАстана”Мешіті жамағаттары, Астана қаласының құрылыс компаниялары көмектерімен Астанадағы Әлжан ана қыздар Медресесінің свайлары қағылды, иншалла! Алматы облыстық Әкімінің құрылыс департаментінен облыс құрылыс ұйымдарына құрылысты қолдау жөніндегі ұсынысы берілген хатының бір данасы ақпарат үшін бізге де келіп түсті. Иншалла, Алматылық азаматтардың да Қарасай ауданындағы Алматы “Әлжан ана” қыздар Медресесіне қолдау көрсететін күндері де жетер, әзірге құрылыс Астана “Әлжан ана” қыз балалар Медресесі аумағында өте баяу жүрсе де жүріп жатыр... Демеушілік көрсеткен ұйымдар: Қазақстан тау кен, металлургтер кәсіподағы , Хайвилл Корея-Қазақстан, АО”Стройконструкция”Буллер, АО”АқмолаНегіз” Э.Эмиров, АО”Ақмолақұррылыс” С.Манапов, Аруана ЛТД М. Аманбаев, “Жаңа жол” Жшс і Сағат, “КазГерСтрой” Германия-Қазақстан, “Қостанайдорстрой”Лазарев, “Лея” ЖШС і, “Ротор” ЖШС і, Алматылық ”Катек” ЖШС-і , АО “Ақсу” және Астаналық кәсіпкерлер Қалқаманмен Берік, теміржолшы Қабден қолдау көрсетті, Аллаһ олардан разы болсын!

Авторы Жауап
канат
massmedia.kz@gmail.com
24-03-12 15:12
арайлым
kydyrgalieva82
04-03-12 11:34
ассалумагалейкум сизге сурак койсам деймин мен Алматыдагы мадина апанын медресесинен дарис алсамба деймин аллах сатин салса осы жазга ниет етип отырмын соган аллах разылыгы ушин комек етсениз маган мадина апамен хабарласатын телефон номери немесе логини болса болганы мен Орал каласынан жазып отырмын есимим Арайлым
БҰЛ ПАРАҚТА ПІКІР ЖАЗУШЫЛАРДЫ ТОЙҒА ШАҚЫРУ
aisha.medrese1@mail.kz
21-02-09 15:15
Ассаламу алейкум, айналайын Ақтолқын! Хатыңды бүгін ғана көріп отырмын, Аллаһ разы болсын! Намаз оқыдың деп сөккен адамдарға өкпелеме, себебі олардың білгені сол. Бірақ Аллаһ әр кезде де тақуа адамдар жағында, уақытша сынаққа шыдаңыз, бір күндері сол ұстаздарыңның өздері намазға келеді, иншалла!
Ал енді Алматыдағы Медресе жайлы айтар болсам, ол әлі салынбай тұр. Қаражат, демеуші Аллаһ жіберген күні иншалла, болар, әзірге Астанада ғана құрылыс басталған, әттеген айы кішкене Мешіт, ішінде медресе бөлмесі бар, сондамыз, ал үлкен құрылысымыз, яғни құны төрт жарым миллион долларға бағаланған құрылысымыз өте баяу жылжуда... Аллаһ бұйырған сәт те жетер, соны күтудемін. Құрметпен, Айша Әбішкеліні.
Актолкын Сапарова
Такита-93 э майл ру (агылшынша шрифт жок)
12-11-08 21:18
Ассалямуьалейкум! сизге бир сауал койсамба деймин жаксы екен Алматыда кыздар медресеси бар ал мен Атырауданмын казир колледж студентимин Исламдамын бирак колледж орамалмен узын юбкамен руксат етпейди сиздердин Алматыдагы медреседе окысам арманым жок! заман не болып кеткен менин кунде мугалимдерден еститиним боска тонкандап жер искегенде бирдене шыктыма! Журегиме ауыр создер Аллахтан корыкса кайтеди!




Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube